Тіл саясатының республикадағы ұлтаралық қарым-қатынастарға ықпалы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ .ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ТІЛДІҢ ЖӘНЕ ТІЛДІК САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ...8
1.1Тіл мәселелерін зерттеудің кейбір теориялық және методологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2Тілдің саясатқа байланысты рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

2.ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСТАРҒА ЫҚПАЛЫ ... ... ... ... ... ... ..26
2.1 Мемлекеттік тіл.қазақ тілінің ұлтаралық қарым.қатынастардағы интегративтік рөлі ... ... ... ... ... ... ..26
2.2 Әкімшіліктермен мекемелердің тіл саясатын жүзеге асырудағы міндеттері ... ...30
2.3 Республикадағы аз ұлт тілдерін дамыту саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2.4 Тіл тазалығын және мәдениетін сақтау сааясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ –ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ТІЛДІҢ ЖӘНЕ ТІЛДІК САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ...8
1.1Тіл мәселелерін зерттеудің кейбір теориялық және методологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2Тілдің саясатқа байланысты
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11
1.3 Қазақстан Республикасының тіл туралы
Заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

2.ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРҒА
ЫҚПАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 26
2.1 Мемлекеттік тіл-қазақ тілінің ұлтаралық қарым-қатынастардағы
интегративтік
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .26
2.2 Әкімшіліктермен мекемелердің тіл саясатын жүзеге асырудағы
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.3 Республикадағы аз ұлт тілдерін дамыту
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.4 Тіл тазалығын және мәдениетін сақтау
сааясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...57

КIРIСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Көпұлтты мемлекеттерде этностардың
қалыпты өмiр сүруi, тұрақты және бейбiт карым-қатынас жасауы, әлемдiк
тәжiрибе көрсеткеніндей, ең алдымен, тiл саясатына байланысты.
Полиэтникалық Қазақстанның да егемендi мемлекет ретiндегi тұрақтылығы
демократиялық жаңа принциптер негiзiнде жүргiзiлетiн тiл саясатымен
шарттас. Бiрақ бұл өзiнен-өзi ешқандай қиыншылықсыз жүзеге асып кететiн
мәселе емес. Оның көп кырлары бар және жеткiлiктi зерттелмеген. Курстық
жұмыстың такырыбы осы күрделi мәселелердiң бiр бөлiгiн — Казакстандағы тiл
саясатының аралық карым-катынастарға ықпалын зерттеуге арналған. Ал,
бүгінге дейiн тiл мәселесi өз алдына, ұлтаралық қарым-қатынастар мәселесi
өз алдына жеке-жеке, бiр-бiрiне байланыссыз зерттеліп келдi. қазiргi кезде
бұл мәселелердi тұтастай карастырмай болмайды. Президент Н.Ә. Назарбаев
атап көрсеткенiндей: “Этникалық тұтастықтың түп негiзi тiл болса, ондай
тiлсiз ұлттық тұтастықтың да болуы мүмкiн емес. Бүгiнгi аз ғана шоғыр қазақ
қажет деңгейде ана тiлiн бiлмегенi үшiн жазықты емес. Қазіргi
оралымдылыққа, ақпараттық мүмкiндiкке көп ретте орыс тiлi қолғанат болып
отырды. Былайша айтканда, бұл артта калған тiлдiк саясат дәуiрiнiң iздерi.
Ал бүгiнгi таңда ана тiлiн бiлу әрбiр қазақтың парасаттылық және ұлттық
қажеттiлiгi болып отыр” [1].
Ұлттық процестерге тең түрлi этникалық-тiлдiк өзiндiк қасиеттер болады.
Соның бiрi - ұлттық аса қажет атрибуты - тiл. Әр ұлттық материалдық, рухани
құндылығы өзiндiк ұлттык ерекшелiгiмен дараланатьш болса, оп сол ұлттың
тiлi аркылы жасалады, әрi нығая түседi. Ұлт мәдениетiнiң ерекшелiгi озiн
тугызган тiлде сақталады. Тiл — ұлттық сана-сезiмдi қоздыратын, өршiтетiн
фактор.
Кез-келген тiлдiң дамуына немесе жойылуына тiл саясатының тигiзетiн
ыкпалы өте күштi. Дүниежүзiндегi әр елдiң тiл саясаты өзiнiң ұстанған
идеологиясына орай әр түрлi сипатта болып келедi. Демократиялық қоғам
құруға талпынып отырған тәуелсiз Қазақстан үшiн ұлт саясатындағы аса бiр
нәзiк мәселе — тiл саясатының дұрыс өмір сүргiзiлуi өте маңызды. Бұл
орайда, мемлекеттiк тiл саясатын түбегейлi демократияландыруды қажет етедi.
Бүгiнгi күнi Қазақстанда iс жүзiнде тiлдердiң сан алуандылығы орын алып
отыр. Бұл тiлдердiң әрқайсысын дамыту былай тұрсын, олардың сақтап калудың
өзi аса күрделi мәселе.
Әрбiр қоғам өз дамуында жаңа мәселелердi шешу iсiмен бетпе-бет келедi.
Тәуелсiздiк алған Қазақстан да өтпелi кезең деп аталатын соңғы он жылдан
астам уақыт беделiнде басқа да мәселелермен катар ұлтаралық қарым-
қатынастардың тiл саясатының орны мен қызметiн және оның басым бағыттарын
анықтауда көптеген нәтижелерге қол жеткiздi. Тiл туралы Заң қабылданып, ол
жүзеге асырылу үстiнде. Тiл саясатын жүзеге асыру бағытында Республикада
атқарылып жатқан оң тәжірибелердi, бiздiңше, жоққа шығаруға болмайды.
Мемлекеттiк тiл саясаты тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010
жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы негiзiнде жүзеге асырылып
келедi. Қазiр елімiздiң 4 облысында iс кағаздары қазақ тiлiнде жүргiзiледi.
Орталық басқару органдарында мемлекеттiк тiлде жүргiзiлетiн кұжат айналымы
орта есеппен 17 %-тi кұрайды. 2006 жылы 110 мың бала қазақ тiлiнде, 53 мың
ұл мен қыз орыс тiлiнде мектеп бiтiрдi. Қазақ тiлiн оқып үйрену төңiрегiнде
бiрқатар шаралар атқарылуда. Мемлекеттiк тiлдi дамыту, оның қолдану аясын
кеңейту жолында жылына бiр мәрте тiл фестивалi, өзге ұлт елдерiнiң арасында
қазақ тiлiнiң сайысын өткiзiлiп келедi. Бiрақ, осыған қарамастан өмiрдегi
өзгерiстер бұл саладағы күн тәртiбiне жаңа әрi күрделi мақсаттар мен
мiндеттер қоюда.
Тiл саясатының ұлтаралық қарым-қатынаспен байланысын жою ғана бiлiп қою
жеткiлiксiз. Тiл саясатының ұлттық және ұлтаралық қатынастарға ықпалы
әлдеқайда терең және салдарлы. Олардың деформациялануы күткендегiден
әлдеқайда ауыр зардаптарға ұшырауы мүмкiн. Мiне, осыны ғылыми анытап алмай
өз дәрежесiндегi тiл саясатына, тiлдердiң дамуына қол жеткiзу мүмкiн емес.
Бітіру жұмысының өзектілігі:
Қазақ тiлi әлi де болса коғамдық өмiрдiң барлық салаларында қолданылмай,
ұлтаралық қарым-қатынас тiлiне толық айналмай келедi. Мемлекеттiк тiлдiң
мемлекеттiк басқару тiлi ретiнде қолданылуы толық қамтамасыз етiлмей отыр.
Қоғамдық өмiрдiң барлық саласында мемлекеттiк тiлдi жаппай қолданысқа
енгiзу, оның үйрету, ұлттық тiлдегi терминологияны калыптастыру,
ономастикалық жұмыстарды жандандыру — осы турасында шешiмiн таппаған
мәселелер жеткiлiктi.
Қазақ тiлiн мемлекеттiк тiл деп бекiткен он жылдан аса уакыт iшiнде
жоғары деңгейге әлi жеткен жоқ, оның ел iшiндегi және халықаралық
жағдайдағы орны мен рөлi төмен. Бұл ренс, Қазақстандағы тiл саясатының
алдында күрделi мiндеттер тұр. Турасын айтканда, бұл салада бiраз оң
шаралар жузеге асырылғанымен, жағдай қанағаттанарлыктай емес. Мемлекеттiк
тiл саясатының алдында бiрнеше мiндеттер тұр. Бiрiншiден, қазақ ұлтының
өзiн ұлт ретiнде топтастыру (консолидациялау); екiншiден, қазақ тiлiн
мемлекеттiк тiл ретiнде республикадағы ұлтаралық қарым-қатынастардың
құралына айналдыру; үшiншiден, оның халықаралық қарым - қатынастардағы
рөлiн арттыру.
Республикада колданылатын тiлдер арасында қазақ тiлiмен қатар орыс тiлi
үлкен орын алады. Қазақ тiлi мемлекеттiк тiл болғанына қарамастан, бұрынғы
кеңестiк дәуiрден қалған дағды бойынша орыс тiлi өмiрдiң көптеген саласында
басымдық бағытқа ие. Бұл екi тiлдiң арасындағы бәсекелестiк жағдай көптеген
пiкiрталастардың объектiсiне айналып отыр. Қазақстандағы этникалық
орыстардың және аз ұлт өкiлдерiнiң өз тiлдерiмен қатар мемлекеттiк тiлдi
игеруi өз алдына күрделi мәселе күйiнде қалуда Республикадағы орыс ұлты
өкiлдерiнiң мемлекеттiк тiл — қазақ тiлiн бiлу дәрежесi өте төмен. Соңғы
санақ бойынша олардың 14,9%-i ғана қазақ тiлiн бiледi. Аз ұлт өкiлдерiнің
30,6%-i орыс тiлiн ана тiлiм деп есептейдi.
Қазақстанның тәуелсiздiгi жағдайында қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл
ретiнде қоғамды ықпалдастырушы (интеграциялаушы) қызметi елi де жете
зерттелмеген. Басқаша айтқанда, қазақ тiлiнiң Қазақстандағы 130 ұлт
өкiлдерiн саяси және ұлттық біріктірудегі рөлiн ашып көрсету өте өзектi.
Мемлекеттiк ресми тiл саясатын ғана зерттеп қоймай, қайта, сонымен қатар
қоғамымымызда орын алып отырған басқа да балама бағыттарды да зерттеу
актуальды.
Қазiргi жағдайда тiл саласында әлiпбидi өзгерту мәселесi актуальды сипат
алып отыр. Бұл жөнiндегi әртүрлi пiкiрлер тиiсiнше зерттелiп, өз бағасын
әлi ала алған жоқ. Мәселе бұл жерде тiл саясатының әлiпбиге қатысты
жақтарын және оның ұлтаралық қарым-қатынастарға тигiзетiн ыкпалын аныктап
алуда болып отыр.
Қорытып айтқанда Қазақстанда тiл мәселелерi бүгінге дейiн тек
лингвистикалық немесе тiл саясаты немесе ұлт саясаты тұрғысында жеке дара
қаралып келдi. Ал жоғарыда атап көрсеткен өзектi мәселелер әлi де
жеткiлiктi зерттелмей келедi. Сондықтан қазiр Қазақстандағы тiл саясатын
және оның ұлтаралық қарым-қатынастарға ықпалын тереңiрек зерттеу кажеттiгi
туып отыр.
Тақырыптық зерттелу деңгейi. Осы бітіру жұмысының тақырыбына байланысты
Тiл саясаты мәселелерiне Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.
Назарбаевтың еңбектерiнде ерекше көңiл бөлiнген [3]. Олар теоретикалық-
методологиялық және қолданбалы жағынан маңызды.
Қазақ тiлiн дамыту жолында Л.Ә.Байділдинов, А.Байтұрсынов,М.Шаханов,М.
Әуезов, С. Аманжолов, I. Кеңесбаев, М. Балакаев, М. Қабдуллин, Е. Мусабаев,
М. Қаратаев, Т. Дүйсенбаев, М. Базарбаев, О. Шәрiпов т.б. үлкен еңбек
сiңiрген. Ол дәстүрдi кейiннен Р. Сыздықова, Ш. Сарыбаев, Е. Жанпейiсов, Т.
Жанұзақов, Е. Жүнiсбеков және т.б. жалғастырды. Олардың еңбектерiнде қазақ
тiлiн дамыту мәселесi қозғалған..
Зерттеудiң мақсаты мен мiндеттерi. Бітіру жұмысының негiзгi мақсаты
Қазақстандағы тiл саясатымен қазақ тiлi мен орыс тiлiне және басқа да аз
ұлт тiлдерiне катысты кырларын кешендi түрде зерттей отырып, оның
этносаралык карым-катынастарға ыкпалын аныктау болып табылады.
Бұл максатка жету үшiн төмендегiдей мiндеттер айкындалады:
-тiлдердiң және тiл саясатьның ұлтаралык қарым-катынастардағы ролi мен
кызметiн зерттеудiң теориялық және методологиялык принциптерiн анықтау, тiл
кызметiнiң саяси күрес құралы ретiндегi ерекшелiктерiн талдау;
- Қазакстан Республикасының тiл туралы саяси-құқықтык құжаттарының
жетiстiгi мен кемшiлiктерiн талдау және оны жетiлдiрудiң жолдарын аныктау;
- казак тiлiнiң мемлекеттiк тiл ретiндегi жетiстiктерi мен кемшiлiктерiн
талдап, оны жетiлдiрудiң жолдарын аныктау;
- орыс тiлiнде ресми тiл ретiндегi Казакстандағы аз ұлт тiлдерiнiң жай-
күйiн және оның ұлтаралык карым-катынаска ыкпалын анықтау, оның ұлтаралык
келiсiм кепiлiне айналдыру мәселелерiн қарастыру;
Зерттеу жұмысының нысаны. Казакстан тарихындағы кейiнгi тәуелсiздiк
алған жылдардағы тiл саясатының жетiстiктерi мен кемшiлiктерi оның
ұлтаралык карым-катынастарға ьқпалы.
Зерттеу жұмысының пәнi. Казакстандағы тiл саясатының қазақ, орыс және
өзге ұлт тiлдерiне катысты кырларын зерттеу.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы:
Жұмыстың ғылыми жаңалығы-Қазақстандағы тіл саясатының және оның
ұлттық,тіл қызметінің саяси күрес құралы ретіндегі ернкшеліктері талданған;

Орыс тілінің ресми тіл ретіндегі Қазақстандағы қолданысының мәні мен
ерекшеліктері қаралып,ол жөніндегі саясатты жетілдірудің жолдары
қарастырылған;
Қазақстандағы аз ұлт тілдерінің жай-күйі және оның ұлтаралық келісім
кепіліне айналддыру мәселелері қарастырылған;
Қорғауға ұсынылатын негiзгi тұжырымдар:
Мемлекет тарапынан тiлдер жөнiндегi саясат пен Тiлдер туралы Заңының
ұлтаралык қарым-катынастарды реттеуге үлкен ыкпалы болды. Бiрақ Казакстанда
бiрыңғай тiл саясаты мықтап орын тептi деп айту қиын. Тiл жөнiнде ресми
саясаттан басқа да әртүрлi тiл саясаты орын алып отыр. Мысалы, кейбiр
саясаткерлер орыс тiлiне ресми мәртебе берiлдi, сондықтан ол мемлекеттiк
тiл - қазақ тiлiнен жоғары тұр деп ресми өкiмет, президенттi бiр жағынан
сынға алады.
Кейбiр зерттеушiлер қостiлдiлiктi “зиянды құбылыс, казак тiлiнiң дамуына
кедергi келтiрiп отыр” деген пiкiрде. Ал, орыстар және орыстiлдiлер өз
тарапынан “бiз Казакстанда аз емеспiз, орыс тiлiне мемлекеттiк мәртебе
берiлмеуi кемсiтушiлiк” деп өкiметтi екi жағынан сынға алып, саясат
жүргiзбекшi болады.
Ендi бiреулер ағылшын тiлiн мыктап игерiп, орыс тiлiн ығыстыра түсу
керек деген саясатты ұстанады.
Қазiргi казак тiлiнiң жағдайы патшалы Ресей мен кеңестiк дәуiрден алшақ
карастырылады. Ал кейде оған дейiнгi қазак тiлi дамуының мыңдаған жылғы
тарихы тiл саясаты тұрғысынан қарастырылмай келедi. Бұл, бiздiңше, дұрыс
емес. Қазақ халқының дамьш, өзiнiң тiлiнiң қалыптасу барысында небiр
ауыртпалыктарды басынан кешiрсе де өзiнiң бай мазмұнын сақтап қалған.
Тiлдердiң және ол жөнiндегi саясаттың көпұлтты Қазақстан қоғамын
біріктірудегі ролi ерекше. Бұл жолда бұрыннан қордаланып калган қателiктер
мен келеңсiздiктердi жою үшiн тiл саясатының жаңа принциптiк негіздерін
жүзеге асыру қажет.
Қазақстан халықтары Ассамблеясының 2007 жылға дейiнгi стратегиясы мен
“Казакстан халыктары туралы” Ережесiнде азаматтык бiртұтастық, қазақстандық
патриотизм, рухани-мәдени өзара iс-қимыл мен ұлтаралык катынастардың
қалыптастыра нығайту, мемлекеттiк тiлге қолдау көрсету кажеттiлігi атап
көрсетiлген. Бұның бәрiнiң негiзi халықтың ең жоғарғы құндылығы, асыл
мұрасы — тiлiнде жатыр. Қай елде болса да ең басым бағыт болып сол елдiң
төл ұлтының тiлi мен құндылықтары саналатын. Қандай заң, мейлi
экономикалык, мейлi рухани, мейлi “БАК туралы” Заңы қабылдағанда қазак
тiлiнiң дамуына баса мән беру керек. Әрбiр азаматтың бейбiт өмiр сүруi мен
еңбек етуiнiң толық кепiлi, мемлекет тұтастығы мен игiлiгiнiң бастауының
негiздерiнiң бiрi де бiрегейi болып табылатын мемлекеттiк тiлдi бiлуге әр
азаматты құлшындыру — тiл саясатының басты мiндетi. Әрбiр қазақстандық өз
ана тiлiмен қатар қазак тiлiн меңгеруi қажеттiлiк.
Бітіру жұмысының құрылымы мен көлемi. Бітіру жұмысының құрылымы мәселені
ашудың iшкi қисыны мен алға қойылған мiндеттердiң сипатымен
байланыстырылған. Бітіру жұмысы :кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

1.ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ТІЛДІҢ ЖәНЕ ТІЛДІК САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
ЖәНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1.Тiл проблемаларын зерттеудiң кейбiр теориялық және
методологиялық негiздерi
Планетамызда 6 миллиардтан астам адам мыңдаған ұлт, этникалык
қауымдастық құрылымына енедi. Олардың ұзын саны 4 - 5 мыңға дейiн жетедi.
Олар 230 дай мемлекетте мекендейдi. Қазiргi кезде әлемде 2500 — 3000 - га
жуық тiлдер бар. Мысалы, ғалымдар жер бетiнде өмiр сүрiп отырған
2676 тiлдi есепке алған. Осыларды зерттеудiң теориялық және
методологиялык негiздерi бар. Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей “Ұлтты
күшейтудiң бiрiншi тетiгi, әрине, тiл. Өйткенi толыққанды тiлсiз толыққанды
ұлт болуы мүмкiн емес” [8]. Сонымен, тiл дегенiмiз - нақтылы әлеуметiк өмiр
тәжиiрибесi, адамдар қарым - қатынасының маңызды құралы. Ол тарихи, мәдени,
ғылыми, әдеби және т. б. ақпараттардың өте бай қоры. Осы ретте оны қоғам
өмiрiнiң айнасы деуге болады. Тiл қарым—катынас, информацияны жинақтау мен
сақтаудың құралы ретiнде қоғамға қызмет етедi. Жалпы сақталуы да, жоғалуы
да тiлге байланысты. “Сөзi жоғалған ұлттың өзi де жоғалады” деп тегiнге
айтылмаған. Қазiргi кезде ұлтты күшейтудiң бiрiншi тетiгi тiл. Тiлсiз ұлт
болуы мүмкiн емес.
Тiлдiк саясат терминi алғашында “ұлттык саясат”, "саясат” терминдерiмен
қатар пайда болып, өзiнiң мазмұны жағынан партиялык және мемлекеттік
саясаттың ұлт мәселесiндегi тiлге қатысты жағын бiлдiрген. Ал кейiнiрек бұл
терминнiң мазмұны кеңейтiлiп, әлеуметтiк сөйлеу дәстүрiн саналы бiр бағытта
басқару деп түсiндiрдi. Баскаша айтканда тiлдiк даму процесiн және оның
баскарудың стихиялығына жол бермеудi көздеген саясат болды. Толығырақ В.П.
Григорьевтің сөзiмен айтканда, “Тiл саясаты”
— тiлдiк дамуға қоғамның саналы ықпал етуiнiң теориясы мен практикасы,
яғни қолданыстағы тiлдердi белгiлi бiр мақсатта және ғылыми негiзде басқару
және тiлдiк жаңа қарым-қатынас құралдарын жасау больш табылады” [9].
Қазiргi кезде ұлт тiлдерi мәселесi ерекше өткiр қойылуда. Адамзат
тарихында жүздеген тiлдер жойылып, “өлi тiлдерге” айналып кеттi. Бәрiнiң де
жойылуының бiр себебi - одан зор тiлдiң шығуы больш табылады. Ал оның өзi
әдiлетсiз тiл саясатының салдары. Әйтсе де, қазiргi уақытта ата - баба
тiлiн жоғалту ұшырасып жатады. Қазір өз тiлдерiн жаңғырту үшiн күресiп
жатқандары баршылық. Мәселен, еврейлер - иврит тiлiн, мексикандықтар майя,
үндiстер хинд тiлiн, перулiктер - адтек тілін т. б. тiрiлтуге әрекет
жасауда.
Тiл мен саясат тығыз байланысты: тiл - саясатының әрi нысанасы
(объектiсi), әрi құралы. Тiл саясаты - тiл тағдырын белгiлейтiн мемлекетгiк
шаралар жүйесi. Осы ретте тiл мәселесi әлеуметтiк лингвистика шеңберiнен
шығып, саясатқа айналады.
Тiл - ұлтаралык қатынастардың жүйелi әлеуметтiк танымының құралы
ретiнде мемлекеттiк саясаттың күрделi мәселелерiнiң бiрi болып табылады.
Ал, оньщ ерекшелiгi сол ылғи да ұлттык қатынастардағы демократиялык
элементтерге сүйене бермейдi. Оның қайшылықты жағы да осында. Екiншi
жағынан, ол ғасырлар бойы қалыптасқан әдет- ғұрыптардың, салт -
дәстүрлердiң, мiнез — құлык ережелерiнiң, тұрмыс қалпының, саяси құкықтық,
адамгершiлiк көзкарастардың бейнесi, айнасы больш табылады. “Тiл, -
профессор Т. Кәкiшев айткандай, - бүкiл тұрмыс— тiршiлiктiң, адами арман-
тiлектiң тiрегi, халыктың рухы, қаны” [10]. Оны қысқартып айтсак ана тiлi -
ұлттың ең басты белгiсi. Тiл үшiн күрес - жеке адамның, бүкiл бiр ұлттың
өмiрлiк мәнiн, менталитетiн, ақыл-ойын, парасатын бiлдiретiн саясат.
Тiл бiлiмi қоғамдық ғылым саласының бiр бөлiгi бола отырып, онда ерекше
орын алады. Себебi сөзсiз ешнәрсенi айтып жеткiзе алмайсың. Көрнектi ғалым
К. Леви - Строс тiл бiлiмi, оның қоғамдагы орны жөнiнде былай дейдi:
“жаратылыстану ғылымдарында ядролык физика кандай роль атқарса, қоғамдық
ғылымдарда тiл бiлiмi соншалыкты жаңартушылық роль аткара алады” [11]. Ал
ол жөнiндегi саясат, бiздiңше, тiлдiң өзiндiк лингвистикалык мағынасынан
артык болмаса, кем емес. Бiздiң бұдан былайғы зерттеулерiмiздiң мақсаты -
тiл саясатының ұлт пен ұлтаралык қарым-қатынастарға қаншалықты ыкпал
ететiнiн көрсету. Ал тiл кұдiретi туралы О. Сулейменов былай деп жазды:
“Адам кiшкентайынан сөз аясына түседi. Сөз оны емiрiнiң соңына шейiн үнемi
жаншиды, биiкке көтередi, жылытады, күйдiредi немесе мұздатады. Сөз оның
табиғатка, өз-өзiне деген щығармашылык қөзқарасын, дүниетанымын, сана-
сезiмiн калыптастыруда үлкен роль аткарады. Жазбаша және ауызша сөз, ана
сөзі достық етсе жаудың сөзi, дарынды немесе дарынсыз сөз адамды не енжар
күйге тусiрiп,
көңiлшек кылып, оның жан - дүниесi мен санасын өсіртпейдi, немесе оның
қарсылығын күшейтiп, мiнезiнiң қырларын айкындап, бекемдiгiн күшейте
түседi” [12]. Бейнелеп айтылган автордың бұл пiкiрiне косыла отырып, сөздiң
оймен байланысты екенiн айтпай кетуге болмайды. Ой мен сөз бiрiне бiрi
байланысты. Ойды да сөзден бiлу керек. Адам не нәрсенi белгiлi бiр тiлде
ойлайды. Ал тiл дегенiмiз - сөз. Сөз ұйыктап жаткан небiр Ойды түрткiлеп
оятады. Ой максатка жетуге деген сенiмдi бекiтуге мүмкiндiк туғызады. Ал
тастүйiн беки алган сенiм адам бойына тылсым күш құюға құдiреттi. “Тiл тас
жарады, тас жармаса бас жарады” деп қазақ мақалында тегiннен-тегiн
айтылмаған. Мұнда көп мағына жатыр.
Көптеген сөздер, ұғымдар, терминдер бiр мағынада түсiнiле бермейдi. Бұл
жөнiнде Т. Гоббс былай дейдi: “Бiр адамның данышпандық деп түсiнгенiн
екiншi бiр адам қоркыныш дейдi, бiр адамның қатыгездiк деп түсiнгенiн,
екiншi бiреу әдiлеттiлiк деп санайды, бiреудiң шыншылдығын екiншi бiреу
дархандык десе, бiреудiң байсалдылығын екiншi бiреу топастык деп санайды”
[13]. Осының бәрi, бiздiңше, ана тiлiнiң қуатында, оның тазалығында, оның
психологиялық нәзiктiлiгiнде. Мысалы, сөздiң’ психологиялық әсерлерiн Ж.
Аймаутов былай түсiндiредi: құбылыистың өзiн әр адам әртүрлi түйсiктеуi
анық; өйткенi әркiмнің тәжiрибесi әртүрлi. Бiр үйден өрт шыққанда,
шешесiнiң қолында отырған жас бала жаркылдаған жалыңға қарап мәз болған.
Қоңыраулары қаңғыр - күңгiр етiп, өрт сөндiрушiлер келгенде, қоңырау
дауысынан шошып, бала үрейленiп, талып қалған. Ұғымсыз дыбыстың баланы
қатты қорқытқандығы мәлiм. Баланың әке- шешесi, үй iшiнiң өрт шыққандағы
сезiмi, өрт сөндiрушiнi естiгендегi сезiмi баланың сезiмiне қарсы болатынын
мәлiм. Түйе көрмеген орыстың баласы да түйе даусын естiгенде ? жылап
жiбередi, ал поездың даусын естiсе дәнеңе етпейдi. Қазақтың баласы қалаға
келсе, көргеннiң бәрiн “құбыжық” көрмей ме? Ол түгiлi, бiр кiсiнiң өзi бiр
түрлi әсердi әр кезде әртүрлi түйсiктейдi. Ол неден болады десеңiз, әр
уақытта ойдың ағымы, көңiлдiң күйi әр түрлi болғандықтан” [14]. Бұл да,
бiздiңше, ана тiлiмен келетiн түйсiктер. Ал тiл мен тiл саясатының
байланысы өз алдына мәселе.
Н.Ә. Назарбаев Тарих толкынында деген кiтабында дауға алмастай қиған,
сезiмге салса қырандай қалқыған, өмiрдiң кез - келген орайында әрi қару,
әрi қалқан болған, әрi байырғы, әрi мәңгi ) жас, отты да ойнақы Ана тiлiнен
артық қазақ үшiн бұл дүниеде қымбат не бар екен?” [1, 61- б] деп туган
тiлдiң құдiретiн асқақтата көрсетедi.
Тiлдiң бұл айтылған қасиеттерiнiң саясатпен байланысы туралы “Российская
газета” ресейлiктердiң шет тiлдердi бiлмеуi салдарын зерттеп, оның
экономика мен азаматтардың денсаулығына тигiзетiн зардаптарын анықтаған. Ол
бойынша тiлдi математика мен тарихты бiлгендей аз - маз бiлу жеткiлiксiз.
“Не сен ол тiл арқылы ойлайсың, оқисың, жаңалықтарды тiкелей бiлiп
отырасың. Не олай емес. Әрине, ол үшiн күнiге ұзақ дайындық қажет” [15].
Осы айтылғандардан көрiп отырғанымыздай, тек қана шет тiлдерiн оқыту
мәселесiнiң өзi мемлекеттің тiлдер жөнiндегi саясатына тiкелей байланысты.
Ал, мемлекеттiк тiл саясаты мұнымен ғана бiтпейдi,ол өте күрделi.
Сөз ретi келгенде айта кету керек, Швейцарияда мемлекеттiк тiл үшеу:
немiс, француз, итальян тiлдерi. Ежелгi замандардан бұл жерде роман және
герман мәдениеттерiнiң, протестанизм мен католицизмнiц жолдары түйiсiп
жатқан. Қазiр де ел халкының 46%-i коталицизмдi, 40%i протестанизмдi
ұстанады. дiни христиандықтың қос тармағы болғанда тiлi де әрқилы:
немiсше сөйлейтiндер, яғни германошвейцарлықтар 63% төңiрегiнде,
франкошвейцарлықтар, яғни французша сөйлейтiндер 19%, италошвейцарлықтар 6%
маңайында, аздаған реторомандықтар бар. Оның үстiне әлгi үш тiлде
сөйлейтiндер соншама жақындасып та кете қоймаған:
немiсше сөйлейтiндер Германия төңiрегiндегi кантондарды, французша
сөйлейтiндер Франция жақты, италянша сөйлейтiндер елдiң оңтүстiгiн мекен
етедi екен. Сол сиякты мемлекеттерде бiрiншi және екiншi ресми мемлекеттiк
тiлдер белгiленген (мысалы, Сомалиде), - ендi бiреулерiнде бiр тiл
мемлекеттiк, екiншiсi ресми болып жарияланған (мысалы, Пакистанда урду-
мемлекеттiк, ағылшын тiлi - ресми тiл). қайсыбiр елдерде бiрде - бiр тiл
мемлекеттiк емес, ал бiрқатар елдерде мемлекеттiк тiл бiрнешеу. Бiр тiлдiң
бiрнеше елде мемлекеттiк тiл болып жарияланатын жағдайлары да кездеседi
(мысалы, әдетте бiр батысевропалық тiл). Жалпы әлемдегi үш мыңдай ұлттың
160-тан астамының өз мемлекетi бар, 100-ден аса тiлдiң мемлекеттiк статусы
бар. (Европада - 30-дан аса тiл, Африкада 20-дан аса, Америкада - 10-нан
аса, Анстралия мен Океанияда —5 тiл)” [16]. Тiлдердiң арақатынасын реттеуге
байланысты әлемдегi )жоғарыдағыдай тiл саясаты туралы деректердi
келтiргенде, бiз оның бәрiн Қазақстан жағдайында қолдануға болады деген
ойдан аулақпыз. Бұл реттегi мақсат әлемдегi тiл саясатының күрделi де қиын
екенiн, оның ұлтаралық қарым-қатынастарға ықпалын көрсету.
Тiлдiң саясатпен байланысы көпжақты. Ерте заманнан-ақ тiл халытқтың, сол
сияқты патшалардың, хандардың, төрешiл аппараттардың, белгiлi бiр топтың
қолындағы күш болды. Осының бiр мысалы мына бiр ел аузындағы аңыздан-ақ
бiлуге болады. “Ертеде қылышынан қан тамған бiр зұлым патша жоқты
сылтаулатып, жазықсыз халықты жазалай берiптi. Сол елде адал еңбегiмен күн
кешкен ақылды Таймас деген жiгiт болыпты. Жұрт дау - дамайын шешу үшiн
үнемi соған келiп жүгiнедi екен. Әлгi патша халықтың өзiнен емес Таймастан
ақыл сұрайтынына намыстанып, оның көзiн жоймақ болып, талай рет жала жауып,
тұзақ құрса да тапқыр Таймас құтылып кете берген. Әбден айласы таусылған
патша барлық уәзiрлерiн жинап алып ақылдасып, оны құртудың амалын тапқандай
болады. Таймасқа өтiрiк жала жауып зынданға тастайды да, халыққа патша
былай деп хабарлайды: -Уа халайық, үкiмiм әдiл болуы үшiн, екi жапырақ
қағаздың бiреуiне өмір екiншісіне “өлiм” деп жазамын да Таймасқа
усынамын. Ол екi қағаздың бiрiн алуы тиiс. Сонда не жазылса, Таймасқа
кескен ең соңғы жазам сол. Бұл жолы да құтылып кетсе, өмiрбақи оған
тиiспеймiн. Бiр күнi патша бүкiл халықты жинайды да, Таймасты жазалауға
кiрiседi. Жұрт алдында жендеттер бүктелген екi қағазды ыдысқа салып
ұсынады. Таймас патшаның арам ойын бiледi де қағаздың бiреуiн алып, аузына
салып шайнап - шайнап жұтып жiбередi. Бұған хан да жұрт та таңдаңады. Оның
бұл тосын қылығын күтпеген хан не iстерiн бiлмей сасып қалады. Сонда
халықтың арасынан бiр қария шығып: Уа, падишах, жігіт қағаздың бiреуiн
жұтып қойды, сол қағазды алды деп есептейiк. Ендеше қалған қағазды ашып
оқиық та, жiгiттiң жұтқан қағазында не жазылғанын бiлейiк”- дептi. Екi
қағазға да өлім деп жазған патша амалсыз қалған қағаздағы сөздi оқуға да
мәбүр болады. Сөйтiп тапқыр Таймас патшаның зорлык-зомбылығынан бiржола
құтылып кетiптi” [17]. Бұл да саясатта тiлдi пайдаланудың бiр мысалы ғана.

1.2. Тілдің саясатқа байланысты ролі
Мемлекет қалыптасуы кезiнде және оның шекараларын белгiлеуде, көптiлдi
қоғам ыдырағанда немесе кей салаларда белгiлi бiр саясат жүргiзген кезде
тiл мәселесi үлкен рөл атқарады. Қысқасы, тiлдiң саясатқа байланысты рөлiне
келетiн болсақ, ол мемлекеттің қалыптасуына жәрдем беретiнiң немесе
қалыптасуына кедергi келтiре алатынын көруге болады. [18]. Оның мысалдары
тарихтан белгiлi. Қазiргi көптiлдi мемлекеттердi үш топқа бөлуге болады.
Олар былай сипатталады: 1) үстем тiл және бiр немесе бiрнеше аз тiлдер; 2)
екi немесе бiрнеше сан жағынан салыстыруға келетiн топтар; З) тiлдiк
бытыраңқылық. Бiрiншi топқа тән басты саяси мәселе - аз этникалық топтарға
әдiлеттi көзқарас және олардың бiр-бiрiне сәйкестiгi. Екiншi топтағы
мемлекеттерге тән қасиет: топаралык теңдiктi сақтау және саяси тұрақтылық.
Үшiнші топтағы’ мемлекеттер үшiн басты мәселе әйтеуiр бiр тiлдiң көмегiмен
жүзеге асатын тиiмдi коммуникация.
Көпұлтты және көптiлдi мемлекеттерде бiрыңғай пiкiрдегi үкiметтi
қалыптастыратын қоғамдық пiкiр болуы мүмкiн емес, дейтiн авторлар да бар
(джон Стюарт Милль). Бұған керiсiнше әр түрлi тәсiлдердiң талап -
тiлектерiн қанағаттандыра алмаған мемлекет өзiне-өзi құритын үкiм шығарады
және өзiн-өзi басқаруға моральдық құқығы жоқ дейтін пікірлер де бар
(Эктон). Осындай жағдайда тiлдiк айырмашылықтар баска да бөлiнiп -
жарылулардың тұрақты көзi болып табылады. Ал олардың ашық немесе латенттi
түрде көрiнiс беруi көп факторларға байланысты: экономикалық және тiлдердiң
әлеуметтiк статусы, модернизациялану және урбанизациялану деңгейi,
тiлдердiң жинақы немесе бытыраңқы таралуы, көршi елдердегi топтардың өзара
туыстығы, халықаралық жағдай т. б.
Тiлдер дамуы оның географиялық таралуына қарай да ерекшеленедi. Аумақтық
принцип тiлдiң бiр жерде тұтас қолдануын белгiлейдi немесе анықтайды. Ал,
персоналды принцип тiлдiк құқықтардың немесе оның белгiлi бiр саяси
құрылымда қолданылуын анықтайды [18, 2196]. Көптiлдi қоғамдарда мемлекеттiк
сферадағы жұмыс тiлi маңызды болып табылады. Ал кейбiр жағдайларда жеке
секторларда тiлдiң реттушiлiк қолданысын анықтайтын заңдар да қабылданады.
Халықтардың тiлiнiң бiр-бiрiне генетикалық жақындығы жөнiнде сөз
еткенде, олардың этникалық және тiлдiк ерекшелiктерi бiр-бiрiне мүлдем
сәйкес келе бермейтiнiн де еске алу қажет. Мысалы, бiр тiлде екi немесе
бiрнеше халыктар сөйлейтiнi белгiлi. Улыбританияның тұрғыны өзiнiң ана
тiлiн ағылшын тiлi дей тұра, өзiн ағылшынмын немесе шотландықпын, немесе
уолстерлiкпiн немесе уельстiкпiн дей алады. Ал осы ағылшын тiлiнде
американдықтар, Жаңа зеландиялықтар, австралиялықтар сөйлейдi. Латын
Америкасында испан тiлiнде аргентиналықтар, боливиалықтар, чилилiктер,
уругвайлықтар, перуандықтар, венесуелдiктер жене т. б. Көптеген халықтар
сөйлейдi. Бұдан бiз тiлдiң интеграциялық функциясын көремiз. Ал, осыған
керiсiнше бiр этникалық қаумдастықтың мүшелерi әртүрлi тiлде сөйлей бередi.
Мысалы, ирландыктардың негiзгi бөлiгi ағылшын тiлiнде сөйлейдi, ал
қалғандары гэльдiк тiлде сөйлейдi. Ресей жағдайында да осындай процестер
орын алуда. Мордналықтардың екi әдеби тiлi бар: эрзя-мордналық,
“мокщамордналық” комилықтарда да, таулы марийлықтарда да сондай Негiзiнен,
халыктың аты мен тiлi сәйкес келуi тиiс. Жоғардағы жағдайлардың болуы жалпы
ережеден тыс нәрсе.
Қазақстанда дәл сондай болмағанмен қалада тұратын қазақтардың өздерiн
қазақпын деп орыс тiлiнде ғана сөйлейтiндерiнiң келешегi ойландырмай
қоймайды. Кейбiр деректерге сүйенсек республикадағы қазақтардың 40%-i қазақ
тiлiн мүлдем бiлмейдi немесе шала бiледi. Бұның белгiлi бiр заңдылық деуге
болмайды. Шындығында ол ауытқушылық. Ал бiрақ оны түзетуге болашақта тиiстi
шаралар қолданылмаса жоғарыда келтiрiлген мысалдарға ұқсап кетуi мүмкiн-ау
деп қаласыз.
Тiл саясаты әлеуметтiк фактор ретiнде ұлттық мәселелердi шешуде белсендi
рөл атқарады. Ал, тiлдiң, тiл саясатымен әлеуметтiк фактор болуы қоғамның
әртүрлi құрылымдарынын жүйелi ұйымдастырылған әлеуметтiк iс қимылын
бiлдiредi. Мысалы бұл саладағы саясаттың әлеуметтiк менiне және
ерекшелiктерiне идеологиялық ыкпалы зор. Мемлекеттiк тiл саясаты әр ұлттың
ұлттық мүдделерiне, түрлi өмiрлiк мұқтаждықтарын орындау iсiне қызмет ете
алады. Ол белгiлi бiр танымдық, идеологиялық, адамгершiлiк— эстетикалық
мазмұндағы мақсатты iс-кимылды бiлдiредi. Сөйтiп, ол тұтас бiр
тұжырымдаманы айкындай отырып, тiлге ықпал етедi, оның тағдырының бүгiнi
мен ертеңiн анықтайды. Дұрыс жүргiзiлген ұлт саясаты, оның iшiнде тiл
саясаты әртүрлi тағдырмен ашуға айналған аз халықтардың жазу сызуша ие
болуына, әдеби тiлiнiң қалыптасып, дамуына мүмкiндiк жасайды. Мiне, тiл
саясатының әлеуметтiк фактор болуы осында.
Ұлттық сана-сезiмнiң өсуi мен өшуi бiр жағынан, ана тiлiнiң тағдырын
анықтаса, екiншi жағынан, керiсiнше, ана тiлiнiң даму дәрежесi ұлттық сана
сезiм деңгейiнiң өлшеуiшi болып саналады. Ана тiлi мен ұлттық сана-сезiм
өзара тығыз байланысты. Тiлдiк козғалыс ана тiлiн жоғалту каупi туған
жерде, мемлекеттiк тәуелсiздiк пен ұлттық өзiн - өзi басқаруы үшiн күрес
үстiнде пайда болады. Шет елдерде “ұлттық сiңiсуi” (ассимиляция) мен
сiңiсуi” (жұтылуы) деген ұғымдар бар және ол екеуiн бiр кұбылыс деп
пайымдау жиi кездеседi. Кез келген көп тiлдi қоғам мен мемлекетте тiлдiң
сiңiсуi немесе жұтылуы табиғи, кейде зорлықпен де жүргiзiледi. Мемлекеттiк
тiл арқылы көпұлтты елдiң күллi халқы саяси - медени бiрлiкке жиыстырылады.
Кейбiр елдерде (мысалы, Пакистанда) оған қарсы шығуға болмайды, өйткенi
олай әрекет ету мемлекетке карсы шығу деп бағаланады.
Бұрынғы езiлген халықтардың ұлттық сана-сезiмi оянған дәуiрде ұлттық
өзiн-өзi билеуi және көпұлтты мемлекеттердегi ұлттық қарым - қатынастар күн
тәртiбiне өткiр түрде қойылады. Ал оның бәрi көп реттерде тiл мәселесiн
шешуге байланысты.
Тiлдердiң қалыптасуы үшiн дифференциялды процестермен қатар
интеграциялық процестердiң де рөлi үлкен [20]. Көп реттерде туыстас және
туыс емес тайпалардың тiлдерi бiрiне - бiрi елеулi ықпал жасай отырып, жаңа
тiлдердiң дүниеге келуiне жағдай жасайды. Олай болса, тiл саясатында осы
факторлардың ықпалын еске алған жағдайда ғана, қайсыбiр ұшқарлыққа жол
бермеуге болады.
Тiл мәселесiн сөз еткенде, оның әрқырлы функциялары еске алынбай жүр.
Тiл мәселесiн тек сөз бен сөйлемдi дұрыс ұйымдастыра бiлуге ғана әкелiп
тiреу жеткiлiксiз. Тiл арқылы адам ойлауға дағдыланады. Диалектика iлiмi
ақиқатсыз, ақталып адасуымызға болмайтындығын дәлелдеген. Осылардың бәрi
тiл арқылы бейнеленедi. Тiл арқылы құбылыстарды бiлу адамның ойлау
кызметiнiң жемiсi. Ой әлемiндегi ең ұлы жетiстiктер тiл арқылы келедi. Ой
мен тiл коғамды өзгертушi күні бола алады.
Тiл әмiр қажеттiлiгiнен туған, сондықтан ол өмiр шындығын бейнелей
алады. Дегенмен ол консервативтi, әрi прогрессивтi рөл атқарады. Олай
болмаған жағдайда тiлдiң қоғамдық өмiрдегi, қала бердi ұлттық
қатынастардағы рөлi нашар болар едi. Соны бiз тарихи тәжiрибеден көре
аламыз. Көне грек дәуiрiнде жастарға бiлiм берiп, дербес ойлауға үйретiп,
қоғамға лайықты азамат етiп шығару тек ойшыл ұстаздардың қолынан келетiнiн
бiлдi. Мұндай дана ұстаздар (дана, данышпан грек тiлiнде “софия”),
“софистер” деп аталды. Бiрақ, олардың жастарды оқытып, тәлiм - тәрбие
беруде негiзгi ұстаған бағыттары дұрыс болмай шықты. Өйткенi олар ең
алдымен жалаң ойлауға, сөз бен сөйлемдi дұрыс ұйымдастыра бiлуге ғана
айрықша назар аударды. Әмiр шындығын, тарихтың мәнiн ашуға көңiл бөлмедi,
пiкiр мен ақиқаттың арасын аша алмады. Ал қәзiргi заманда нағыз ойшылдар
бiлiмнiң тiлiн пайдалана отырып, ақиқат пен адасушылықты талдай алады,
олардың диалектикалық өзара байланысын анықтауға жәрдемдеседi. Алайда
тiлдiң сонымен катар таным процесiнде көрiнiп калатын тар өрiстiлiк жақтары
да бар. Өзi талдаған категориялардың бәрiн бiр жүйеге енгiзiп, оларды
шектеп, ойдың, тiлдiң кең өрiс алуына бөгет жасауы да мумкiн. Сондыктан да
бұл мәселенi теориялық ойлаудың шығармашылығын дамыту процесiнде еске алған
дұрыс. Күнi өткен ескiрген әдет-ғұрыптармен тығыз байланысты болып,
догматизмге алып келедi. Бұл қандай да болмасын ойлау процесiнiң
шарықтауына қауiптi. Адамдар омiр бойы уйренiп қалған нәрседен арылта
алмай, ескi көзқарастың құрбаны болып, жаңаны, прогрессивтi ағымды
түсiнбеуi мүмкiн. Адамның бойындағы барлық кеселдi касиеттер табиғи және
биологиялық қана емес, олар коғамдық негiзде де пайда болатынын ғылым
дәлелдеп отыр. Ойдағы қателiк сөздегi қателiқтi тудырады, ал сөздегi
қателiк iстегi қателiктi тудыратыны белгiлi. Адамның ойындағы, бойындағы
аса қауiптi әрi зұлым әрекеттер мен әдетке айналған көзқарастар тiл арқылы
көрiнiс бередi. Осы тұрғыдан алғанда азатың “басы бәле тiлден” деген мақалы
ойға оралады.
Мысалы, тiл аркылы адамдар келешегi бұрмаланған адамда төрешiлiк
апараттардың, белгiлi партияның топтық, тағы басшыларының қолдарындағы
конформистке айналды. Осындай жатсынудың зардабы адамдардың тағдыры мен
еңбегiне ерекше есер еттi. Адамның жатсынуы алдымен жағымдылығы
қатынастарды түгелдей түп—тамырымен өзгертiп, олардың терiс бағытқа түсуiне
жол ашады. Осындай құбылыстар тiл арқылы болғандықтан, оны қоғамдық
қатынастарға, оның iшiнде этникалық қарым—қатынастарға да” немесе терiс
ықпал ете алатын күш, құрал дей аламыз. Тiлдің осындай қайшылықты жақтарын
саясатта да көрiнiс берiгiсі келедi. Белгiлi жазушы Әкiм Тарази тiл
жөнiнде, әсiресе интеллигенцияның, тiлдiк құдiретi ) жөнiнде мынадай бiр
ерекше пiкiр айтқаны белгiлi: “Нағыз интеллигенция билiк үшiн қауiптi.
Барлық уақытта солай болды және бола да бередi... Жалпы интеллигенция атом
бомбасынан да қатерлiрек. Бiр жақсысы оның жоғарыдағылар түсiнген сияқты.
Ондағылар 97 жылдан бастап интеллигенцияға бет бұра бастады. Бiрақ
бұрынғыша күмәнмен қарады. Оның бәсекелестiгiнен, беделiнен, ықпалынан
қорықты. Интеллигент адамның армиясы, милициясы жоқ. Бiрақ оның сөзi бүкiл
бұрынғы өмiрдi қас-қағымда жерлейтiн, қиратушы күшке айналуы мүмкiн” [21].
Тiлдiк саясат құрылыстың сипатына қарай демократиялық және
антидемократиялық, интернадионалшыл немесе ұлтшылдық, конструктивтi немесе
деструктивтi, орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған болуы мүмкiн.
Олар аралас турде де кездеседi. Көп жагдайда идеологиялық концепциялар тiл
арқылы насихат құралдарына айналдырылады. Сөйтiп, ол белгiлi бiр
идеологияны бiлдiредi. Жазушы Герольд Бельгер айтқандай “Қазақ тiлiнiң өзi
ұлттық идеология” [22]. Тiл мен идеологияның өзара қарым - қатынасы
диалектикалық процесс ретiнде жүзеге асырылады. Ол белгiлi бiр тiлдi
қолданатын адамдарға идеологиялық әсер етедi. Бiр-бiрiмен дау-жанжалдағы
этнос өкiлдерi жалпыға ортақ тiлдiң орнына айырмашылығы күштi сөздердi
пайдалана отырып, өз ұлтының “өркениеттiлiгiн”, өзгенің “жабайы” екендiгiн
дәлелдеуге тырысады. Тарихи тәжиiрбелерден БАҚ құралдарында “геноцид”,
“фашизм”, және т.б. сөздер пайдаланылғаны белгiлi. Осындай ұғымдар арқылы
“қанқұйлы жау” жөнiнде бейне тудырып, олардың бiр-бiрiне өшпендiлiгiн
қоздыру әдiстерi қолданылған. Мiне, тiлдiң және тiл саясатының халықтардың
өмiрiне ықпалы осыған дейiн барады. Бұны дәлелдейтiн мысалдар көп. Мысалы,
Англия мен Аргентина арасындағы Фолкленд оқиғасын алуға болады. Осы кезде
халықтың санасына бұл соғыс барлық британ ұлтықты әдiлеттi соғысы деген
ұғым насихатталды. Г.Ж. Ибраеваның бұл) жөнiнде мына бiр пiкiрi орынды
айтылған: “Особая роль в создании этих мифов отводилась языку, который
использовался в качестве инструмента убеждения и внушения ложных
представлений о реальных событиях и процесах, поскольку фолклендская война
была грубейшим нарушением общепринятых норм международного гуманитарного
права и все пропагандистские усилия были направлены на то, чтобы скрыть
истинный характер возникшего конфликта и легализовать тот милитаристский
курс, который возглавила премьер - министр М. Тэтчер в борьбе за британскую
колонию” [23]. Сондай-ақ АҚШ-тың Ираққа қарсы жiберiлетiн солдаттардың
арасында да мұсылмандарға қарсы “дiни-христиандық әдiлеттi күрескерлердің”
— деген уағыз жүргiзiлген.
Тiл арқылы көрiнiс беретiн саяси идеялар мен мақсаттар өмiрдiң жай ғана
бейнеленуi емес, ол сонымен қатар әртүрлi саяси факторлардың өмiр шындығын
өз ыңғайларына сай түсiнуге және талдауға көмектесетiн саяси құралдар мен
әдiстер кызметiн де атқарады. Ұлт пен ұлттың, мемлекет пен мемлекеттің
арасындағы дау-жанжалда ол қарсы жақ өзiнің акциясын моральдық жағынан
ақтау үшiн тiл арқылы идеологиялық айлаға барады. Ол тiптi нәзiк насихат
материалы арқылы бұлыңғыр, имплициптi түрде берiледi. Мiне бұл тiлдiң
идеологиялық позициясын бiлдiредi, Сөйтiп, тiл иесi халықтың сана-сезiмiне
үлкен әсер етедi. Ол арқылы шындықты көрсетуге де, жалған нәрсенi шындай
етiп елестетуге де болады. Яғни, нақты қара, қараны ақ ету деген сөз.
Насихат кампаниясы кезiнде тiлдiк бейнелеудiң ерекше әдiстерi (мысалы,
эмоцианалдық) қолданылады. Мұндайда жоғарғы қоғамдық құндылықтарды
бейнелейтiн сөздер, мысалы, “демократия”, “ар-ұят”, “халық құқы” т.б.
сөздер пайдаланылады. Ал, бұл тыңдаушылары мен оқушыларына катты
психологиялық әсер етедi.
Сарапшылардың пiкiрiнше, Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс әскерлер мен халықты
демократияландыру сөз құралдарын пайдаланған алғашқы соғыс болды. Алғаш рет
арнаулы саяси насихат ұйымдары пайдаланылды, баспасөз үгiтiн таратудың
техникасы жасалды, сөйтiп “сөз соғысы” ұйымдары қалыптасты [24]. Мысалы,
Төртінші және үшінші дүниежүзiлiк соғыстар өздерiнiң алғашқы насихат
орталықтарын ашқаны белгiлi. Фашистiк коғам құрылымында насихаттың рөлi
ерекше болды. АҚШ-тың информациялық құралдары, және соғысты” еске алайық.
АҚШ телевидениесiнiң әскери компанияларды көрсетуi (мыс. Си-би-Эс) және
тағы басқалар өз мақсаттарын көздедi. Осының бәрiнде тiлдiң атқарған рөлi
ерекше болды. Қысқасы, насихат ылғи да сөз өнерiне негiзделедi. Мемлекет
пен мемлекет арасындағы бәсекелестiк дау жанжалдары тiл туралы арқылы
өршiтiледi немесе реттеледi.
Фашистiк коғам құрылымында сөз құдiретi кеңiнен пайдаланылғаны мәлiм.
Адамдарды кырғын соғыстарға, небiр құрбандықтарға баруға итермелейтiн тiл
арқылы жалган сенiмдер мен нанымдарды қалыптастыра алды. Мысалы, О.
Шпенглердiң ой жүйесi, Д.А. Волкогоновтың пiкiрiнше, бүкiләлемдiк тарих
халықтар тарихы емес, соғыстар тарихы дегенге саяды. Осындай пiкiрдi
нацистер өз идеологиясының методологиялык базасы етiп алды. И.Геббельстiң
насихат жөнiндегi бөлiмi кеңестiк аудиторияға ықпал етудi көздедi. Ал,
Гитлер таңдаулы нәсiлдiң социализмi дегендi дәрiптедi. Оның негiзi
тоталитаризм, саяси террор, ұлтшылдық делiндi. Негрлер, еврейлер, словяндар
төменгi нәсiл деп саналды [24, 466]. Осының бәрiнiң немен тынарын бiлмей
Германия халқы тiл арқылы жүргiзiлген саяси үгiт насиқаттың шырмауына
тустi.
Әлеуметiк тартыстар ұлтаралық қарым-қатынастарға терiс әсер етедi. Оның
көпшiлiгiне тiл ықпал етедi. Ұлт өкiлдерi арасындағы карым - қатынасты
қандай фактор ұйықтыруы мүмкiн?” деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың
54,7%-i өзге ұлттың тiлiн бiлмеу деп, 29,5 %-i ұлттық салт-дәстүрлер
арасындағы өзгешелiктер деп, 15,8%-i өзге ұлттың салт дәстүрлерiн
сыйламау деп жауап берген . Бұдан, бiздiңше тiлдiң этносаралық қарым-
қатынастарды шиеленiстiре алатын кугв екендiгiн көруге болады. Ұлтқа тiл
тигiзгенде сезiмi козып, ұрыс-керiске баратыны; ең жақсы көрген немесе жек
көрушiлiк сезiмдер де тiл арқылы жеткiзiледi. Оның мысалдарын әдеби
шығармалардан көптеп келтiруге болады. Ал тiлдiң ұлттық болмысқа ол ықпалын
айтқанда, оның ой-сана мол мiнез-құлыққа әсерiмен қатар адамдардың өте
күрделi жан-жүйесiне, сезiмiне әсер ететiнiн айтпай кетуге болмайды.
Мысалы, тiл арқылы аралас некедегi әртүрлi ұлт өкiлдерiнiң тiл табысуы. Тiл
арқылы басқа ұлттардың рухани құндылықтарымен таныса алуы, оған
қажеттiлiктерiнiң артуы, әрбiр халықтың мәдениетiнiң дамуына обьективтi
керсеткiштерiн бiлiп, бар ұлттық шектен шығуға болады. Осының бәрi өлi
толық зерттелмеген. Оны тереңiрек зерттемейiнше Қазақстандағы тiлдердiң
және тiл саясатының этносаралық қарым-қатынастарға ықпалын толық ашып
көрсету мүмкiн емес. О. Айтбайұлы тiл мәселелерi туралы айта келiп былай
дейдi: дыбысталу жүйесiне, лексикологиясына, грамматикалық құбылыстарына,
әдеби тiлдiң тарихы мен диалектологиясына, фразеологиялық тiркестер мол
терминологиялық лексикаға, тiл мәдениетiне т.б. толып жатқан мәселелерге
байланысты әрi теориялық, әрi практикалық мәнi зор қаншама зерттеулер
жазылып, жарияланып, ғылыми жұртшылық қолына тидi. Лексикографиялық
жұмыстар өз алдына бөлек ештеме. Қолдың қысқалығынан, қаржының
тапшылығынан, мамандар жетiмсiздiгiнен жiпсiз байланып тұрған қаншама шаруа
бар” [26].
Халықты отансүйгiштiк рухта тәрбиелеп, ұлттық топтасуға жетелейтін де
тiл. Бiрақ ылғи да олай бола бермейдi. Корпоративтi бағыт ұстанған
олигархтарға жалданған журналистер қазiргi кездегi демократия мол
плюрализмдi, журналистер тәуелсiздiгiн желеу етiп ұлтаралық қатынастарға
және ұлттық топтасуға үлкен залалын тигiзуде. Осындайлар еркiндiктi
анархиямен шатастырады. Сөйтiп ұлы ақын Рудаки Әбiлхасан айтқандай:
“Сөйлеген жан бар” таусалмай тiлiне, бұғаулатар екi анғын түбiнде” деген
калге жететiнiн ойлай бермейдi.
Н.Ә. Назарбаев БА-тардың кей жағдайлардағы келеңсiз қылықтарына жол
беруге болмайтындығы жөнiнде былай деп атап көрсеттi: “Мен безбiреулер
айтқандарын дамуының сипаты туралы немесе соның түсiнiгi дұрыс пiкiр болып
шығуын қалайтынын түсiнемiн. Мұндай жағдайда мемлекет әрдайым өз
азаматтарының мүддесiн қорғайтын болады. Сондықтан да ол қай кезде де саяси
күрестiң құралы ретiнде пайдаланылмай, тұтастай алғанда бүкiл қоғамның
мүддесiне қызмет етудiң құралына айналуына ұмтылатын болады. Өйтпесе мұның
өзi ақпарат алаңындағы хақымыздың журналистерге де, капиталға да, билiкке
де сенiмiнiң жоғлуына соқтырады. Ал бұл дегенiмiз - мемлекеттiк негiздердi
шайқау, тәуелсiздiкке және елiмiздiң болашағына төнетiн қатер.
Мемлекеттiк тiлдiң негiзгi мiндетi республика ауқымында қатаң тiлiнiң
ұштастығын сатпау болып табылады. Оның мәнiсi мынада: мемелекеттiк тiл бiр
аймақта үстемдiк етедi, ал екiншi бiр аймақта толық iске қосылмай қалуына
жол бермеу; Оңтүстiк аймақта өзбек тiлi, солтүстiк аймақта орыс тiлi
қолданыста басым болып жатса не болмақ? Бұл қазақ тiлiнiң Республиканың
барлық аймақтарында бiрдей тұтастығын сақтау туралы мәселе. Ал, екiншi
мәселе — қазақ тiлiнiң өмiрдiң барлық салаларында қолданылуы. Бiрақ ол әлi
де болса азаматтарымыздың және мемлекеттiк ұйымдардың карым-катынастарында
тиiстi дәрежеде қолданыс таппай келедi. Казак тiлi түркi әлемiндегi ең бай,
таза тiл деп есептелiнедi. Олай болса, мемлекеттiк тiлге көшудi? жүйелi
жүзеге асырудың негiзгi жолы, ол: “Казакстан Республикасьшдағы тiл туралы”
заңның 23-бабыда көрсетiлген, - “... тiлдiң дамуы мемлекеттiк тiлдiң
басымдығын және iс кағаздарын жүргiзудi қазақ тiлiне кезең-кезеңiмен
көшiрудi көздейтiн Мемлекеттiк бағдарламамен камтамасыз етiледi” — деген
кағидасы. Тiл туралы заңның және Казакстан Республикасы Президентiнiң 2001
жылғы 7 ақпандағы Х550 Жарлығымен бекiтiлген “Тiлдердi қолдану мен
дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының”
талаптарына сәйкес жоспарлы түрде жүзеге асырылатын болады. Бiрақ осының
бәрiне қарамастан тiл туралы Заң мемлекеттiк тiлдiң жүзеге асуы,
республикадағы тiлдiк ахуалды толык реттей алатын дәрежеде емес. Нақтырақ
айтқанда барлық тiлдердiң дамуына бiрдей жағдай жасай алады деуге болмайды.
Тiл саясатың аныктайтын тұжырымдамада және Заңда көптеген олқылықтардың
жiберiлгенiн бiздiң зерттеулерiмiз көрсетiп отыр. Тiлдердi игеру мен
дамытудың еркiн негiзде жүргiзiлуi деген оның стихиялы түрде немесе күштеу
әдiсi арқылы өрбуi деген сөз емес. Мәселе тiлдiк процестердi ғылыми негiзде
реттеуде болып отыр. Ендi осы жерде сол кемшiлiктердiң кейбiр тұстарына
тоқтала кетейiк. Қазақстан Республикасының тiл туралы Заңының 11-шi бабында
көрсетiлген “Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда және дiни
бiрлестiктерде тiлдердiң қолданылуын реттемейдi” деген тұжырымды қалай
түсiнесiз? деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 69,2%-i заңын
демократиялығы деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының бүгінгі тәжірибесі негізінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті
Қазақстандағы тіл саясатын Қазақстан халқының рухани негізгі принциптерін жүзеге асыру құралы ретінде кешенді түрде зерттеу
Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі
Мемлекет алғашқы президенті
Қазіргі таңда Қазақстанның саяси және экономикалық өрлеу кезеңінде ҚХА құрылу және даму қажеттілігі
Жастардың қазіргі қоғамымыздағы саяси және әлеуметтік орны
Саяси құндылықтар жүйесі
Қазақстандағы ұлт саясаты: мәселелері және келешегі
Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы
Пәндер