Табиғатты қорғау түсінігі



І.Табиғатты қорғау түсінігі
ІІ.Табиғатты қорғау мәселелерін шешу алгоритмі.
ІІІ.Ауаны, суды, жерді қорғау.
ІV.Табиғатты қорғайтын ұйымдар.
V.Табиғат.тал бесік.

Пайдаланған әдебиеттер

Мазмұны:

І.Табиғатты қорғау түсінігі
ІІ.Табиғатты қорғау мәселелерін шешу алгоритмі.
ІІІ.Ауаны, суды, жерді қорғау.
ІV.Табиғатты қорғайтын ұйымдар.
V.Табиғат-тал бесік.

Табиғи ортаны зиянды қалдықтармен ластау, табиғи ресурстарды тауысу
және табиғатта экологиялық байланыстардың бұзылу қаупі қоғам мен табиғи
ортаның өзара әрекеттілігінің табиғатты қорғау деп аталатын нысанын
тудырды. Бұл нысан-адамның қоршаған ортадағы бұзу-бүлдіру әрекеттілігіне
қарсы жауап қату болып табылады. Пайдаланудан айырмасы, бұл қоғамдық және
мемлекеттік әрекеттіліктің табиғи ресурстарды сақтау мен қайта өндіруге
бағытталған саналы нысаны.
Табиғатты қорғау идеясы сонау ерте заманда-ақ пайда болып,табиғат
мұраларын,оның ескіден қалған жұрнақтары мен көрнекті объектілерін
адамзаттың бүлдіруінен, залал келтіруінен қорғау ретінде қарастырылады.
Біртіндеп табиғи ортаны қорғау идеясы табиғатты қорғау әрекетінің
басқа нысандарына өтті. Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігінің екінші
нысаны бола отырып, табиғатты қорғау табиғи ортаны тұтыну мен пайдаланудың
өсу шамасына қарай пайда болып,дамыды. Әрине,егер табиғатқа ешкім
де,ешнәрсе де залал тигізіп, бүліншілік әкелмесе, оны қорғау қажеттілігі
туындай қоймайды. Қорғау табиғи ортаны бүлдіру жүретін, табиғатты тұтыну
туындап, дамитын жерде пайда болын, жетіледі. Табиғатты қорғау мемлекеттің
табиғатты қорғау әрекеттілігінің нысаны ретінде, оның функциясы ретінде
өндірістік күштердің өсуінің, өндірістік ауқымдардың артуының, табиғи
ортаның үстінен экономикалық қысымның күщею шамасы бойынша дамып,жетіледі
деп тарихи тұжырымдалады.
Жиырмасыншы ғасырда табиғи ортаны консервативтік қорғаумен қатар
қоршаған ортаны қорғаудың табиғи ресурстарды орынды пайдалануы деген ат
лаған екінші нысаны дамиды. Орынды ұғымына экономикалық қана емес,
экологиялық деген мән де саяды. Басқаша айтқанда, орынды-бұл табиғи
шикізаттардың, табиғи ресурстардың қайнар көздерін қоршаған ортаны
қорғаудың талаптарын санатқа ала отырып, үнемді, құнтпен пайдалану қоршаған
ортаның жай-күйіне терең теріс із қалдырса, оны орынды деп санауға
болмайды.
Жиырмасыншы ғасырдың ортасынад (1950-1960жылдары) табиғи ресурстарды
орынды пайдалану мәселесі табиғатты қорғау нысаны ретінде адамды қоршаған
ортаны қорғау, сауықтыру мәселесіне айналды. Қорғаудың тікелей объектілері
табиғи объектілер мен олардың ресурстары болған алдыңғы нысандардан
айырамсы, мұнда қоршаған табиғи ортаны қорғау тікелей қоғау объектісі
ретінде адамды, оның өмірін, оның денсаулығын, оның ектік болашағын алға
шығарды. Біртіндеп бұл қорғаныс нысаны басты, әрі айқындауыға айналды.
Адам денсаулығы мен жақсы тұрмыс халі қоршаған ортаны қорғаумен
тікелей байланысты. Сондықтан қазіргі нормативтік құжаттарда табиғатты
қорғаудың бірлігі байқалады, яғни олардың аттарының өзінде табиғатты қорғау
туралы айтылады.
Қоршаған ортаның өзгеруі зиянды заттарды шығарумен және төгумен ғана емес,
әсіресе, өндіріс жағдайларында және ландшафтардың бағытты қайта түзілуінде
өзгерулерімен байланысты (қалаларды,өнеркәсіптік кешендерді, ашық
кеніштерді,су қоймаларын слу, ормандарды кесу,т.б). Осының нәтижесінен
көлемді аумақтарда климаттық өзгерістер,топырақ эрозиясы, жасанды жер
сілкіністері, қолдан жасалған шөлдер пайда болады. Қоршаған ортаның
сапасының жергілікті өзгерістері ғаламдыққа айналып, дағдарысты экологиялық
жағдай күйін тудыруы мүмкін.
Кетенің жоғарғы бөлігі әрекеттіліктің түрлі салаларының табиғи
жүйелерді өзгерту
және оларға қалдықтардың түсуі салдарынан қоршаған орта үшін мүмкін
негативті
салдар тудыратынын көрсетеді. Бұл үрдістер түрлі негативті салдармен
қосарланады.
Төменгі үш блок туындап отырған мәселелерді шешу мақсатында табиғатты

тиімді пайдалануды басқару жолдарын көрсетеді. Сол жақтағы төменгі блокта
негативті
салдарды жеңуге немесе орнын толтыруға болатын, яғни экологиялық
мәселелерді шешу-
ге болатын әрекеттіліктің кейбір мүмкін бағыттары көрсетілген.Әрине, бұған
ең оңай
жол-ресурстарды пайдалануды азайту есебінен жетуге болады.

1-кесте.Табиғатты қорғаудың мәселелерін инженерлік және ұйымдастырушылық
шаралардың негізінде шешу алгоритмі.

Қоршаған ортадағы негативті Мекен ортасына әсер ету формалары: Негізгі салдар:
үрдістердің көздері: -табиғи ортаға ластанған заттарды -қоршаған ортаның химиялық өзгеруі;
-өнеркәсіптік өндіріс; шығару; -экологиялық жүйелердің өнімділігінң
-транспорт; -Табиғи жүйенің өзгеруі мен бүлінуі. төмендеуі, аштық қаупі;
-ресурстарды алу мен дайындау; -халық денсаулығына зардабы;
-энергетика; -тектік қордың жойылуы.
-мал шаруашылығы;
-тұрмыстық шаруашылық;
-ауыл шаруашылығын химияландыру.

Табиғатты қорғау аспектісінде Міндеттерді шешу мен мақсатқа жету Негізгі қол жететін нәтижелер:
табиғатты пайдаланудың міндеттері: жолдары: -мекен ортасының жоғарғы немесе
-технологиялық үрдістерді жетілдіру; -ақпа сулар мен газ-тозаңды жеткілікті сапасы,
-ресурстарды үнемдеу; шығарындылардан тазалау; -осы және келешке ұрпақ үшін табиғарт
-стратегияны оңтайландыру; -энергияның альтернативті көздерін ресурстарын сақтау;
-қоршаған ортаның ластануын нормаалу пайдалану; -ауылшаруашылық және орман өндірісінің
және шектеу; Қалдықтары екінші реттік материалдық өнімділігін сақтау және ұлғайту;
-құрал-жабдықтардың штаттық жұмысын ресурстарға айналдыру; -биосфераның тектік қлрын сақтау.
қамтамасыз ету. -қорықтық іс;
-табиғатты қорғауды экономикалық
басқару;
-құқықтық механизмдер.

Табиғат-бізді қоршаған орта болғандықтан, біз қоршаған ортаны
құраушылардың
бірнешеуіне жеке тоқталуды жөн көрдік.
Ауаны ластанудан қорғау шаралары:
-қоршаған орта мониторингін жүргізетін біртұтас кешенді бақылау
жүйесін құру және қабылданған заңдардың сақталуын қатаң бақылау;
-өндіріс орындарында атмосфераға уытты, зиянды қалдықтар жібермейтін
тазартқыш қондырғылар орнату;
-елдімекендерде санитарлық қорғау аймақтарын қатаң сақтау;
-автокөліктер және жанармайлар сапасын арттыру, олардың жүрісін
реттеу, зияны мейлінше аз жанармайлар шығару, жанар-жағар май
сапасының төмен болмауын қадағалау;
-автокөліктерді техникалық тексеруден дұрыс өткізіп, уыттылықты
өлшейтін арнаулы құралдармен қамтамасыз етілуіне қол жеткізу;
-ескірегн, артта қалған технологияларды жаңартып, қалдықсыз, қалдығы
аз технологияларға көшу;
-халықтың экономикалық сауаттылығын арттыру.

Су қорларын қорғау және үнемді пайдаланудың
жолдары:
-су көздерінің сапасын жүйелі және қатаң бақылап отыру;
-қондырығыларды, машиналарды, жабдықтарды су орнына ауаны пайдаланып
салқындатуға көшу;
-кәсіпорындарда, коммуналды шаруашылықта су тазартқыш қондырғылар
орнатып, ластанған су қалдықтарын түгел тазартудан өткізу;
-техникалық қажетке, көше, машина, жабдықтар жууға таза су
пайдалануды тоқтатып, тазартудан өткен суларды пайдалануға көшу;
-өзендерді, жылғаларды, батпақтарды ластауға, құрғатуға, шаруашылық
қажетіне пайдалануға тыйым салу;
-тазартылған суды өзендерге, көлдерег жібермей, қайта пайдалану
немесе егістік жерлерді суаруға жұмсау;
-су тазартқыш қондырғылары жоқ кәсіпорындардың жұмыс істеуіне тыйым
салу;
-теңіздер мен мұхиттарда жүзетін кемелерді мұнай мен май қалдықтарын
жинайтын ыдыспен қамтамасыз етіп, жиналған қалдықтарды жағадағы
қабылдау орнына тапсыру.

Жер, оның ішінде топырақты эрозиядан
қорғау:
-топырақтың ерекшелігін ескере отырып, егістіктерді айналмалы жүйе
бойынша орналастыру;
-жерді топырақтың түріне сәйкес әдіспен жырту;
-топырақты қорғайтын көпжылдық шөптер егу;
-агротехникалық, гидротехникалық шараларды жүзеге асыру;
-су эрозиясымен күресу үшін көлбеулігі екі градусқа жететін
беткейлерді көлденеңінен жырту керек. Ал көлбеулігі екі градустан
артық жерлерде көлденең су жинатын микролимандар, қатарларды реттеу
сияқты агротехникалық шаралар жүргізеді. Мұндай жағдайда көлдеенң
жүргізген әр боразда мен жыртылған арықтың қырлары суға тосқауыл
болады, өсімдік суды жақсы сіңіреді және құнарлы топырақ ағып
кетпейді;
-Шортандыдағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
топырақ эрозиясына қарсы жерді аудармай жырру әдісін ұсынды.
Аталған әдісті пайдалану;
-мал жайылатын жерлерге қорғаныс тоғайлар өсіріп, мал жаюды оқшаулау.
Гурьев, Қызылорда, Жезқазған сияқты шөлді облыстардағы қорғаныс
тоғайлары үшін қандым, жыңғыл, сексеуіл өсімдіктерін пайдалануға
болады;
-суармалы жер үшін бір қауіпті құбылыс-сортаңдану. Оны болдырмау үшін
ғылыми негізделген мелиоративтік шаралар жүргізу керек;
-топырақты зиянды заттармен ластанудан сақтау үшін миералды
тыңайтқыштарды есеппен пайдалану, технологиялық және тұрмыстық
қалдықтарды дұрыс тазарту және жою жұмыстарын жолға қою керек.
Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау шаралары.
Қорықтар-бұл табиғат объекттерін, оның ішінде жануарлар мен
өсімдіктерді қорғаудың ең жоғарғы фрмасы. Қорық териториясы
шаруашылық айналымынан босатылып, онда табиғатқа зиян келтіретін әр
түрлі жұмыстар жүргізуге тыйым салынған. Қорық ұйымдастырылған
жердің табиғаттағы сол аймақтың ландшафтфқ-географиялық белдеуінің
үлгісі, эталоны ретінде қорғалуы керек.
Қазақстан Республикасында 9 қорық, 6 ұлттық бақ, 55 зауазник және
24 табиғат ескерткіштері бар. Ел территориясына шаққанда қорғалатын
жер 3 пайызды ғана құрайды. Мұның өзі табиғат қорғау проблемасының
әлі де толық шешімін таппай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Экологияның заңдылық жүйесі. Көздері және жіктелуі
Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары
Экология құқығының объектілері
«Экологиялық – құқықтық реттеудің түсінігі, мәні. Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы.»
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Экологиялық құқық түсінігі және жүйесі
Табиғатты пайдалану құқығы: құқықтық сипаттамасы
Экологиялық аудит
Экологиялық құқық пәнінен дәрістер
Пәндер