Ежелгі Греция мемлекетіндегі негізгі заңдар



1.Тезей заңдары.
2.Солон заңдары.
3.Клисфен заңдары.
4.Драконт заңдары.
5.Сот процессі.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Тезей заңдары.
2.Солон заңдары.
3.Клисфен заңдары.
4.Драконт заңдары.
5.Сот процессі.

Тезей реформалары.

Бүкіл Афин біріктірген Тезей деген басилевс,ол барлық белгілі
рулардың басын қосты.Тезейдің саясаты “синойкизм” деген терминмен
аталады,бұл сөз “біріктіру” деген мағынаны білдіреді.Гректердің төрт руының
қосылуына объективті сипаттері бар.Оңтүстіктен Гректерге дорийцтардың соғыс
ашу қаупі төнген еді.Тезейдің екі реформасынан бұрын Афина қалаларын
басқару өз бетінше жүргізілді,тек соғыс уақытында болмаса,барлығының бас
қосуы сирек еді.Жаңа біріккен үкіметтің басында рулардың ақсүйектері тұрды.

Грекияның халқы:эвпатридтер,геоморлар және демиургтар болып үш
бөлікке бөлінді.

Эвпатридтер-ақсүйектердің балалары,олардың әкесі де,атасы да ақсүйек
әулетіне жатады.Ақсүйектерді біріктіретін байлығы.бәрі де ірі жер иелері
болған.

Геоморлар-жер иеленушілер де,демиургтер-қол өнершілер.

Аттиканың бірігуі және эвпатриттердің күшеюі олардың жаңа органға
ұйымдасуына себеп болды.Оның аты- Ареопаг,Арес-соғыс құдайы.Ареопаг Арес
тауында жиналды.Бұл кезеңде Афинаның рулық құрылысы өзгеріп,ол енді 4
филлаға бөлінді,әрбір филла 3 фратрияға бөлінді,фратрия 30 рудан,бір ру 30
еркек адамнан тұратын болды.афина құдайы,бүкіл Аттиканың құдайы деп
саналды.

VII ғасырда Афины өкіметті 12 навкарияға бөлінді,әрбір навкария соғыс
уақытында бір кеме жабдықтайтын.Бұл да мемлекет болудың белгісі еді.

Афинада ең жоғарғы орган болып халық жиналысы саналды.Бірақ оны
атқаратын ролі төмендей бастады да,бірінші орынға Ареопаг шықты.Ареопагты
рулардың ақсүйектері қолдады.Ареопагтың қолында сот билігі де,әкімшілік
билікте,дін әкімшілігі болды.Сотты былай өткізді:айыптаушы кешірмеу тасына
тұрып айыптайтын сөзін айтса, айыпкер өкпе тасына тұрып сөзін айтады. Екі
жақ та шындығын айтып тұрғаны туралы құдайға ант береді. Ареопагтың
мүшелері өздерінің дауыстарын екі урнаға: қайырым ету урнасына және ажал
урнасына бөліп салатын.

Бұрын бүкіл халыққа тиісті күш енді тек қана евпатридтердің қолына
көшті де, солардың нарықтық жағдайын қорғады. VIII ғасырда бүкіл Афин
аумағы 48 навкарияларға бөлінді,әрбір навкария үкіметке бір кеме беретін
болды және архонттармен навкариялар кеңесі деп аталатын жаңадан екі алқа
құрылды. Бұл сала аумақтық бөліске жататын дербес мемлекеттік белгіге
айналған еді.

Ареопагтан басқа архонттың жаңа қызметі де мемлекет құрамына
енгізілді, олар атқарушы үкімет болды. Бұл қызметке алған адамдар 10 жылға
сайланатын еді. Уақыт өте келе олар бір жылға сайланатын болды.

Архонттардың саны тоғызға жетті:архонт-эпоним, архонт-базилевс, архонт-
полемарх, қалған алты архонт-фесфометтер қызметін істейтін, осы
архонттардың бәрі ареопагқа кірді.

Солон реформалары.

Б.д. дейінгі 630 жылы эвпатридтерге қарсы Килон қуғын-сүргіні болып
өтті. Бірақ ол жеңіске жете алған жоқ. Б.д. дейінгі 594 жылы архонт болып
Солон сайланды. Оның алдында екі мақсат тұрды: Афина полисін басқару және
Саламин аралын жаулап алып, Мегара қаласын Афинаға бағындыру. Саламин аралы
Афинаның Пирей шығанағына кіретін жолын бақылауға қолайлы орналасқан,
сондықтан оны өзіне қаратудың Афина үшін маңызы ерекше болды. Солон
Кодрид даңқы елге жайылған Афина базилевсі. Бірақ мүліктік жағдайы
бойынша Солон іс жүзінде демостың орта жігіне жататын, өйткені ол
саудамен айналысатын (сол саудадан байыған) олон жіберген афин отряды бұл
тапсырманы орындады.ол саяси тақырыпқа өлеңдер шығаратын елге белгілі ақын
әрі философ еді. Солон өзінің реформалар үшін шығарған заңдарын өлеңмен
жазған. Бұндай талант Солонның атағын ,халық алдындағы беделін жоғары
көтерді.Солон істеген елеулі жұмыстарының бірі- заң қабылдау. Солонның
реформаларын нарықтық және саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретінде
Солон селолық , негізінен ауқатты қалалық демостың және оларға қосылған
эвпатриттердің мүддесін жақсы сезініп,нарықтық мәселелерді айқын түсінетін.

Бірінші шешілуші мәселе-салық және жер болды.евпатриттер өзінің
көршісіне қарыз берген кезде оның жер үлесіне қарыздың бағасы көрсетілген
тас бағана қоятын.жер үлесінің иесі алған егіннің алтыдан бірін эвпатритке
тапсыруға тиіс болатын.Ал егер оған шамасы келмесе,оның жері қарыз берген
қожаның қолына өтуі шарт.Одан кейін қарызды өтей алмаған адамдар өзінің
жеке бостандығын кепілдікке салып,ұзақ мерзімге қарыздары үшін құлдыққа
түскен.Мұндай жағдайда олар шетелге сатылып кетуі мүмкін еді.Солон бұл
мәселені шешу үшін “сисахфия” деген реформа өткізді. “Сисахфия” дегенде
“ауыр жүкті сілкіп тастау”дегенді білдіреді.Ол бойынша жер учаскісінде
орнатылатын бағалар жойылды.Сөйтіп,шаруалардың қарыздары жойылды.

Қолөнер мен сауданы өркендету мақсатында Солон мынадай заң
шығарды:егер кезінде әкесі баласына мамандық беріп,қолөнерге
үйретпесе,баласы әкесі қартайғанда жәрдем көрсетуден бас тарта алды.

Солон бүкіл елге ортақ өлшем енгізіп,ақша реформасын жүргізді.Бұл
реформа бойынша жаңа жеңіл евбей таланты қарым-қатынасқа енгізілді.Солон
Аттиканың нарықтық өмірін жандандырып,нысапсыздыққа қарсы күресті.Ол сый-
сияпатпен жерлеуді,қымбат мазарды салуды және тасаттық беруді тыйды.Солон
қарыз берушіге 9 проценттен артық өсім беруге тыйым салды.Солон өткізген
нарықтық реформалардан кейін құлдарды тек ғана шетелден әкелетін
болды,Аттиканың азаматтарын құл ету мүлде тоқтатылды.

Солонның нарықтық реформасы саяси реформалармен толықтырылып
отырылды.Ол генократияны рулық аристократтардың билігін жойып,оны
тимократиямен, яғни дүние,мүлік цензісіне негізделген билікпен
алмастырды.Ол осы арқылы ақсүйектерді рулық құрылыстың ескі әдет-
ғұрыптармен байланыстағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомия терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ
Англияның үндістандағы отарлық саясаты
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
Рим құқығының тарихы
МЕМЛЕКЕТТЕР ТИПОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, ЖІКТЕУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Әлем кереметтері
Славяндар қазіргі Орталық, Оңтүстік және Шығыс Еуропа халықтарының арғы тегі және тайпалар тобы
ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙДЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Құқықтық мемлекет белгілері
Пәндер