Түркменстандағы жаңалану, жалпы тенденциялар мен даму үрдісінің болашағы



I. Кіріспе
1. Түркменстан жаңалануының бастапқы кезеңі
1.1. Түркменбашы режимінің жүйелік ерекшеліктерінің мемлекет жаңалануына әсері
1.2. Сыртқы әлеммен қарым.қатынасының дамуы
2. Түркменстанның мемлекет басшысының ауысуына қатысты жаңалану жолындағы процесстер
2.1. К.Бердімұхамедов тұсындағы Түркменстандағы жаңалану

II. Қортынды
III. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТІЛДЕР УНИВЕРСИТЕТІ

Факультет: Шығыстану Кафедра: Әлемдік мәдениет және өркениет

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі Есеркепова Ж.О.____________________

Жоба жұмысы

Жоба тақырыбы: Түркменстандағы жаңалану, жалпы тенденциялар мен даму үрдісінің болашағы.
050209 -Шығыстанушы мамандығы бойынша

Орындаушы: Копбаев С.А.
Сейдаева Э.А

Ғылыми жетекші:
с.ғ.к.Қағазбаева Э.М.

Алматы, 2013
Жобаның аты: Түркменстандағы жаңалану, жалпы тенденциялар мен даму үрдісінің болашағы.
* Мәселе: Түркменстан мемлекетіндегі жаңалану процесстерінің барысы
* Жобаның басты ойы: Түркменстан мемлекетінің жаңалану процесстерін жалпы тенденцияларын ашып көрсету.
* Жобаның мақсаты: Түркменстан мемлекетінің жаңалану процесстеріне аналитикалық талдау жасай отыра, жалпы дамуына жаңа жолдар қарастыру.
* Жобаға қойылған тапсырма:
1 - С.Ниязов тұсындағы Түркменстан мемлекетінің жаңалануы
2 - Түркменстанның сыртқы саясатындағы жаңалану процесстері
3 - К.Бердімұхамедов тұсындағы Түркменстанның жаңалануы

Құрамы

I. Кіріспе
1. Түркменстан жаңалануының бастапқы кезеңі
1.1. Түркменбашы режимінің жүйелік ерекшеліктерінің мемлекет жаңалануына әсері
1.2. Сыртқы әлеммен қарым-қатынасының дамуы
2. Түркменстанның мемлекет басшысының ауысуына қатысты жаңалану жолындағы процесстер
2.1. К.Бердімұхамедов тұсындағы Түркменстандағы жаңалану
2.2. Түркменстандағы жаңаланудың жалпы тенденциялары

II. Қортынды
III. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тәуелсіз және бейтарап Түркіменстан бүгінде дамушы елден дамыған мемлекет қатарына қосылды. Өткен 16 жыл ішінде ұлттық экономикаға 50 миллиард долларға жуық инвестиция бағытталды. Осы жылдың тоғыз айындағы қорытынды бойынша, экономикада оң үрдіс сақталып отыр. Елдің сыртқы сауда айналымы да еселеп артып келеді. Мысалы, 2006 жылы сыртқы сауда айналымы 10 миллиард долларды құрады. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2,3 есе өскендігін білдіреді. Осы тұста атап кетер жайт, өндірген өнімдерді экспортқа шығару тұрақтанды, біраз жылдан бері экспорт импорттан асып түсуде.
Түркіменстан тәуелсіздігін алғаннан бастап, халықты әлеуметтік-экономикалық жағынан қорғау ең басты мәселенің бірі болып келеді. Ел тұрғындары 1993 жылдан бастап табиғи газды, электр энергиясын, ауыз суды, ал 1994 жылғы ақпаннан бері ас тұзын тегін пайдаланады. ХVІ Халық мәслихатының (Халх маслихаты) шешімі бойынша бұл жеңілдіктер 2020 жылға дейін ұзартылды. Жыл сайын мемлекет тұрғындарға 4 миллиард текше метр газ және 2 миллиард квтсағат электр энергиясын тегін босатады. Түркіменстанда білім алу мен денсаулық сақтау тегін, мәдениет пен ғылымды дамытуға мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлініп келеді. Елде, сондай-ақ жылма-жыл 70-80 миллиард текше метр газ, 10 миллион тонна мұнай, 1 миллион тоннадан астам астық және 1-1,5 миллион тонна мақта өндірілуде. Бүгінде Түркіменстан президенттік бағдарлама бойынша туризмді дамытуға баса назар аударып отыр. Осыған байланысты Каспий теңізінің жағалауында "Абаза" еркін туристік аймағын құру жобасы қолға алынды.
Жыл сайын 12 желтоқсанда Түріменстан мемлекеттік мереке - Бейтараптық күнін кең ауқымда атап өтеді. Бұл мәртебе 1995 жылы БҰҰ шешіміне сәйкес бекітілген, әрі ол ел саясатының кепілі болып табылады. Осының негізінде өзге елдермен қатынастар орнатып, саяси әріптестікті, экономикалық байланыстарды дамытып келеді. Жалпы, Түркіменстанның сыртқы саясаты өзара түсіністік пен достық қарым-қатынастарға негізделген. Бүгінде елде отандық білім жүйесі мен денсаулық сақтау саласы реформаланып, зейнетақы жүйесі жандана түсті. Сондай-ақ нарық жағдайында аграрлық сектор, көлік коммуникациясы және байланыс жүйесі дамытылып, жаңа ғылыми-техникалық саясат енгізілу үстінде. Өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық аясы айтарлықтай кеңейіп келеді. Әсіресе, бұл көмірсутегі ресурстарын игеру, энергетика көздерін әлемдік рынокқа тасымалдауда ерекше байқалып отыр.
Халықаралық ынтымақтастық ел мен елді тығыз байланыстырады, әртүрлі саладағы, дәлірек айтқанда, экономикадан бастап, жергілікті өзін-өзі басқаруға дейінгі әлемдік тәжірибе алмасу - Түркіменстан Президенті Гурбангулы Берды­мұхаммедовтің алғашқы кезден-ақ ұстанған саясаты. Мемлекет басшысы бұл жөнінде бірқатар елдердің президенттерімен, ұлттық парламент мүшелерімен, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесулерінде ашық мәлімдеді. Биылғы жылдың өзінде ғана Түркіменстан басшысы шетелдерге 12 рет ресми сапар жаса­ды. Ал елге мемлекеттік деңгейде 340 делегация сапармен келді. Оның 13-і мемлекет басшыларының, 10-ы үкімет басшыларының сапарлары. Осы барыс-келістер барысында жалпы көлемі 10 миллиард долларға жуықтайтын келісімдерге қол қойылды. Олардың ішінде Түркіменстан - Қазақстан - Қытай, Түркіменстан - Ауғанстан - Пәкістан, сондай-ақ Түркіменстан - Қазақстан - Ресей Каспий маңы газ құбыры жобалары бар.

1.1.Түркменбашы режимінің жүйелік ерекшеліктерінің мемлекет жаңалануына әсері
С.Ниязов режимі ашық жазалау сипатында болды. Бұл объективті себеппен байланысты болып - билік үшін күрес және мемлекеттік режимді нығайту, сонымен қатар Түркменбашы жеке басының таза субъективті ерекшеліктерімен де байланысты болды. С.Пейруз айтып кеткендей, Ниязов басқаруы тұсында оның билігіне ешкім қауіп-қатер тигізе алмайтын. Сәл ғана қоғам наразылығын кезбе мемлекет сөндіріп тастайтын. Бірлеспеген оппозиция тек қуғында болып әрекет етуі мүмкін еді, ал рулық қауым президентке қарсы біріге алмайтын еді.
1990 ж қазан айында С.Ниязов президент болғаннан бері, оның командасында айтарлықтай өзгерістер болып өтті. Бұрынғы министрлер кабинеті құрамынан біреуі де қалмады. Өзінің билік еткен алғашқы жылдары өзінің айналасындағы марый, кизил-арват, балқан мен чарджоу топтамалары өкілдерін қуып жіберіп, С.Ниязов өзінің айналасына көбінесе жерлестерін - ахал-текиліктерді жинап алды. Олар бүкіл әлеуетті ведомстволарды, негізгі экономикалық министрліктерді, прокуратураны, сотты басқарды. Соның өзінде Түркменбашы оларды, бәсекелестіктен сақтану үшін, әр жарты жыл - бір жыл сайын ауыстырады.
Осы жылдары 70-тен кем емес вице-премьер, 130 министр, 30 облыс басшылары, 200 мемлекеттік комитет төрағасы мен оның мәртебесімен бірдей басқармалар, ассоциациялар ауысты. Солардың бір бөлігі жасанды айыптар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталып, түрмеде ұзақ мерзімдерін өтеп жатыр. Басқалары өз қызметтерінен басқарушы қызметтерде орын алу құқығынан айырылып қана емес, сонымен қатар ешбір жұмыс орынсыз босатылды. Лондондік университеттің Корольдік колледжінің Халықаралық түрмелік зерттеу орталығының мәліметтері бойынша, Түркменстанның әрбір 200-ші тұрғыны түрмеде отырып шыққан. Бұл Азияда ең жоғарғы көрсеткіш болды.
Түркменстандағы жағдай бірнеше орнықты факторларға негізделді. Біріншіден, режимнің түркмен элитасы өкілдеріне бұрын болмаған қысым көрсетіп, тұтқынға алулары, қызметтерінен босатылулары, қайта тәрбиеленуге айдап жіберілулері болды. Ниязов ішкі саясатта, іс жүзінде түркмен топтарының негізгі тайпаларының арасындағы мүдделер балансының саясатынан бас тартып, одан ары ашық, өзінің Ашхабадтың айналасындағы астана аймағында тұратын ахал-теке елінің өкілдеріне сенімін артады. Негізгі жазалау шаралары дәл аймақтық элитаға қарсы бағытталған болатын. Сәйкесінше, йомуд, эрсари, геклен, алиили түркмен тайпалары өмір сүретін аймақтардағы ахал-текелердің озбырлығынан наразылық өсуі тиіс еді. Түркменстанның стратегиялық артықшылығы - табиғи газдың едәуір мөлшерінің бар болғанында. Ниязов режиміне осы факт Ресей, Украина, Иран, АҚШ пен Түркия мүдделері арасында шеберлігін пайдануға мүмкіндікті қамтамасыз етті. Алайда, режимнің үдемелі жексұрындығы шеберлікті пайдалану мүмкіндігін едәуір төмендетті.
Ниязов тұсындағы Түркменстан классикалық шығыс үлгідегі тайпалық мемлекетке айналды. Бұл мемлекетте ахал-текелер тіпті басым болды. Олар астаналық облысының негізгі тұрғындарын құрап, қауіпсіздік күштері мен армияны құрды. Олар үшін Ниязов билікті, беделді, басқа түркмендерге қарағанда аса үлкен табысты қамтамасыз ететін тайпа көшбасшысы болды.
Жалпы, Түркменбашының кадрлық саясаты келесі ерекшеліктермен сипатталады: 1) жергілікті (хякимдер) билік өкілдерінің, сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік блогының министрлері жүйесіз және жиі ауысуы; 2) армиядағы бейберекет процесстермен қоса, арнайы қызметтің жоғарғы кадрлық құрамының тұрақсыздығы. Бұл ретте Түркменстандағы маңызды кадрлық орын ауыстырулардың ресми түрде сан-алуан түрлі себептері аталды.

1.2.Сыртқы әлеммен қарым-қатынасының дамуы
С.Ниязов тұсындағы Түркменстан АҚШ-тың көз қарасы бойынша, терроризмге қарсы одақтың белсенді қолдауынан бас тартқан, есірткі контрабандасына тартылған, мемлекет ішінде қатаң қуғын-сүргін саясатын жүргізетін, ал сыртқы саясатында Иранмен жақсы қатынастарды үзбей отырған әдеттегі аластатылған мемлекет ретінде көрінді. Түркменстан терроризмге қарсы одақ бойынша батыс одақтастарына, Ауғанстандағы халықаралық контингентке көмегін тигізетін ұшақтарға тірек пунктін пайдалануға беруге бас тарқаны жайлы жұртқа мәлім. Бұл ретте Ашхабад өзінің халықаралық бірлестік алдында белгілі міндеттемелерді жүктейтін бейтарап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркменстан мемлекетінің экономикалық жаңалану мәселелері
Педагог-психологтың ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы іс-әрекеті
Мектепішілік басқарудағы тың енгізулер бағдары
1996 - 1999 жылдар Қазақстан қоғамын реформалау кезеңіндегі білім - ғылым жүйесі
Орталық азия аймағындағы қытайдың экономикалық ұстанымдары
Жоғары мектепте оқытудың ерекшеліктері
Android операциялық жүйесінің артықшылықтары
1970-80-ж.ж. БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ БІЛІМ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Өндіріс факторлары туралы
Отын – энергетикалық кешен
Пәндер