Шеміршек регенерациясы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Шеміршек тіні.
2. Шеміршек тінінің регенерациясы.
3. Сүйек тіні.
4. Сүйек тінінің дамуы.
5. Сүйектің физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регеннерациясы.
6. Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар.
7. Сүйек байламдары.
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Шеміршек, регенерациясы. Сүйек және оның эктоптикалық дамуы. Сүйектің
физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регеннерациясы. Сүйек құрылысының
қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар. Сүйек байламдары.

Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Шеміршек тіні.
2. Шеміршек тінінің регенерациясы.
3. Сүйек тіні.
4. Сүйек тінінің дамуы.
5. Сүйектің физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регеннерациясы.
6. Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар.
7. Сүйек байламдары.
ІІІ. Қорытынды

Қаңқа тіндері
Қаңқа тіндері – ағзада тіректік және механикалық қызмет атқаратын тығыз
орналасқан жасуша аралық заты бар: шеміршек пен сүйек тіндері. Бұл тіндер
басты қызметінен басқа су мен тұздың алмасуына да қатысады.

Шеміршек тіндері.
Шеміршек тіндері тыныс алу жүйесінің мүшелерінде, буындарда, омыртқа
аралық дискілерде жіне т.б. кездеседі. Бұл тіндердің негізін хондроциттер
мен хондробласттар және серпімділігімен ерекшеленетін жасуша аралық заттар
құрайды. Шеміршек тіндерінің тіректік қызметі дәл осы қасиетіне байланысты.
Шеміршек тінінің құрамында 70-80%су, 10-15%органикалық заттар мен 4-
7%тұздар болады. Шеміршек тінінің құрғақ затын 50%-дан 70%-ға дейін
коллаген құрайды. Шеміршек тінінде қантамырлар болмайды, қоректені шеміршек
қабы арқылы жүзеге асады. Шеміршек тіні мезенхимадан дамиды.
Жіктелуі. Шеміршек тіндері: гиалинді, эластинді, талшықты болып
жіктеледі. Мұндай жіктелу шеміршек тінінің жасуша аралық затының құрылыс-
қызметтік ерекшеліктеріне, құрамындағы коллагендік және эластиндік
талшықтардың болуына және қатынасына байланысты.

Шеміршек диффероны және хондриогистогенезі.
Шеміршек тіндерінің дамуы ұрықтық және постэмбриональды, яғни
регенерациялық кезінде, жолдармен жүзеге асады. Шеміршек тінінің
мезенхимадан даму барысында шеміршек диффероны түзіліп, дифферон қатарынан
бағаналы жасушалар, жартылай бағаналы жасушалар, хондробласттар,
хондроциттер пайда болады.
Бағаналы жасушалар дөңгелек пішінімен, ядросы мен цитоплазмасының
қатынасы өте жоғары болуымен, ядросындағы хроматиннің диффузды орналасуымен
сипатталады. Цитоплазмасындағы органеллалары нашар дамыған. Жартылай
бағаналы жасушаларда бос рибосомалардың саны көбейеді, түйіршікті
эндоплазмалық тордың мембранасы пайда болады, жасуша пішінісозылыңқы болып,
ядросы мен цитоплазмасының қатынасы төмендейді. Бағаналы жасушалар сияқты
жартылай бағаналы жасушалар да жоғары пролиферациялық қасиет көрсетпейді.
Хондробласттар – жас, пішіні жалпақ, пролиферация мен шеміршектің аралық
затын (протеогликандарды) синтездеуге қаьілетті. Бұлар фибробласттардың бір
түрі болып саналады. Цитоплазмасында жақсы дамыған түйіршікті, түйіршіксіз
эндоплазмалық торлары, Гольджи аппараты бар. Бояғанда хондробласттар
ццитоплазмасы РНҚ-ға өте бай болуына байланысты базофильді боялады.
Хондробласттардың қатысуымен шеміршектің перифериялық (аппозициональді)
өсуі жүреді. Бұл жасушалар шеміршектің дамуы барысында хондроциттерге
айналады.
Хондроциттер – шеміршек тінінің ең негізгі жасушалары. Дифференциацияға
байланысты сопақша, дөңгелек, кқпбұрышты формалы болып келеді. Жасуша
аралық заттың ерекше аймақтарында (лакуналарда) жекеленіп немесе топтасып
орналасады. Ортақ аймақта орналасқан жасушаларды изогенді деп атады. Олар
бір жасушаның бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Изогенді топтағы
хондроциттердің үш тобын ажыратады.
Бірінші топтағы хондроциттердің ерекшеліктеріне ядросы мен
цитоплазмасының қатынасының жоғары болуы, пластинкалық комплексінің
вакуолярлы элементтерінің дамуы, цитоплазмасында митохондриялары мен бос
рибосомаларының болуы жатады. Бұлармен қоса митоз жолымен бөліну жақсы
дамыған. Сондықтан мұндай хондроциттер изогенді топты түзетін жасушалар
болып табылады. Бұл хондроциттер жас шеміршек тінінде көп болады.
Хондроциттердің екінші түрі ядросы мен цитоплазмасының қатынасының
төмендеуімен, ДНҚ синтезінің нашарлауымен, РНҚ-ның жоғары деңгейде
сақталуымен, түйіршікті эндоплазмалық тордың және Гольджи аппаратының
барлық компоненттерінің интенсивті дамуымен ерекшеленеді. Бұл
протеогликандар мен гликозамингликандардың түзіліп, жасуша аралық затқа
секрециялануын қамтамасыз етеді. Хондроциттердің үшінші түрі – ядросы мен
цитоплазмасының қатынасы өте төмен, бірақ цитоплазмасында күшті дамыған
және ретімен орналасқан түйіршікті эндоплазмалық торлары болатын жасушалар.
Бұлар белок синтезі мен оның секрециясына қатысады.

Шеміршек тінінің изогенді тобы

Эмбриональді хондрогистогенез.
Шеміршек тіндерінің даму негізі мезенхима болып табылады. Бірінші сатыда
ұрықтың шеміршек түзілетін аймақтарында мезенхима жасушалары өздерінің
өсінділерін жоғалтып, қарқынды көбейіп, бір-біріне тығыздалып орналасады.
Осының нәтижесінде белгілі бір кернеу – тургор пайда болады. Бұндай
аймақтар хондрогендік аралшалар деп аталады. Олардың құрамындағы бағаналы
жасушалар хондробласттарға дифференцияланады. Бұл жасушалар шеіршек тінінің
негізгі құрылыс материялы болып табылады. Олардың цитоплазмаларында алдымен
бос рибосомалардың саны көбейіп, кейін түйіршікті эндоплазмалық тор пайда
болады.
Келесі сатысы – алғашқы шеміршек тінінің құрылуы. Хондроциттердің
пішіндері дөңгеленіп, мөлшерлері өседі. Коллагеннің синтезі мен
секрециясына қатысатын түйіршікті эндоплазмалық тор дамиды. Келесі сатысы –
шеміршек тінінің дифференциалдануы сатысында – хондроциттер
гликозамингликандарды синтездеу қабілетін иеленеді.
Дамып келе жатқан шеміршекті жабатын, екі қабаттан – ішкісі
камбиальды(хондрогенді) және сыртқысы талшықты қабаттардан тұратын,
мезенхимамен шектелген шеміршек қабы қалыптасады. Камбиальды аймақтағы
жасушалар қарқынды бөлінеді. Синтезделген заттардың секрециясы мен
шеміршекке қабаттануы нәтижесінде жасушалар өз қызметтерінің өнімдерімен
толтырылады. Бұл – аппозициональды өсу.
Жас шеміршектің ортасындағы шеміршек жасушалары қандай да бір уақытқа
дейін бір аймақта (лакунада) митоздық жолмен бөліну қабілеттілігін және
екінші типті коллаген бөлу қабілеттілігін сақтайды. Осы жасушалардың
санының көбею салдарынан шеміршек салмағы ішінен ұлғаяды, бұл
интерстициальды өсу деп аталады. Интерстициальды өсу эмбриогенез кезінде
және шеміршек тінінің регенерациясы кезінде байқалады.
Шеміршектің өсуі мен дамуы барысында оның орталық аймақтары жақын жатқан
қантамырлардан алыстап, диффузды түрде шеміршек қабы арқылы қоректенуі
қиындайды. Сондықтан хондроциттер өсу қабілеттілігінен айырылып,
кейбіреулері бұзылады, ал протеогликандар альбмоидтерге айналады.

Гиалинді шеміршек тіні.
Гиалинді шеміршек тіні, мөлдірлігіне және ақшыл-көк түсіне байланысты
шыны тәрізді деп те аталатын, ағзада ең көп таралған шеміршек тіні түріне
жатады. Ересек адамдарда гиалинді тін қабырғалардың төс сүйегімен
байланысқан ұштарында, көмекейде, тыныс алу жолдарында, жілік сүйектерінің
буындық беттерінде кездеседі.
Әр түрлі ағзалардың гиалинді тінінің ұқсастықтары көп болғанымен, олар
жасуша аралық затының құрылысына, жасушаларының орналасуына байланысты
ерекшеленеді. Адам организміндегі гиалинді тіннің көп бөлігі шеміршек қабы
– перихондриймен қапталған.
Шеміршек қабы екі қабаттан құралған: сыртқысы құрамында көптеген
қантамырлары бар талшықты дәнекер тінді; ішкісі хондробласттар мен
прехондроблаттардан құралған жасушалы. Шеміршек қабының астындағы аралық
қабатта ұзын осьтері шеміршек бетімен бағыттас ұршық тәрізді жас
хондроциттер орналасады. Төменгі қабаттарында шеміршек жасушалары сопақша
немесе дөңгелек пішінді болады. Бұл жасушалардың синтетикалық және
секреторлық қызметтері нашарлағандықтан, олар бөлінгеннен кейін ажырамай, 2-
4 хондроцииттерден тұратын изогенді топтар түзеді.
Дифференциалданған шеміршек жасушалары және изогенді топтарды базофильді
боялған жасуша аралық зат қоршайды. Бұндай қасиеті жасуша аралық заттардағы
химиялық компоненттер – ақуыздар мен гликозамингликандардың біркелкі
орналаспауына байланысты.
Кез келген гиалинді шеміршектің территориялық аймағы, яғни матриксі
болады. Мұнда екінші типті коллагендік талшықтар мен шеміршек жасушалары
бар. Олар изогенді шеміршек жасушаларын қоршап, механиалық қысымнан
қорғайды. Коллагендің құрылымдар арасы протеогликандармен толтырылып
тұрады.
Шеміршектің жасуша аралық затының құрылысында хондронектин ерекше рөл
алады. Бұл гликопротеин жасушаларды өзара және басқа субстраттармен
байланыстырады. Шеміршек тінінің тіректік қызметі оның талшықты каркасының
ғана емес, гидратация дәрежесі жоғары гидрофильді протеогликандардың
болуына да байланысты. Жасуша аралық заттың гидрофильді болуы қоректік
заттар мен тұздардың, газдар мен метаболиттердің еркін диффузиясына
мүмкіндік береді. Бірақ антигендік қасиеті бар жоғары молекулалы ақуыздар
өте алмайды.
Шеміршектердің барлығының құрылысы бірдей емес. Гиалинді шеміршектің
буындық бетінің буын қуысына қараған бетінде шеміршек қабының болмауы оның
құрылымдық ерекшелігі болып табылады. Буындық шеміршек үш қабаттан тұрады:
беткі, аралық және базальды.
Беткі қабатында майда, аз маманданған хондроциттер орналасады. Аралық
қабатындағы хондроциттер ірірек, дөңгелек пішінді болады. Оларың
митохондриялары үлкен, түйіршікті эндоплазмалық торы мен Гольджи аппараты
жақсы дамыған. Базальды қабат базофильді сызықпен екі қабаттқа бөлінеді,
екінші қабатында қантамырлар болады.

Гиалинді шеміршек тіні:
1. Шеміршек қабы;
2. Жас хондроциттер;
3. Меншікті зат;
4. Изогенді топтағы хондроциттер.

Эластинді шеміршек тіні.
Эластинді шеміршек тіні шеміршек пішіні иілген бөліктері бар мүшелерде
кездеседі.Түсі сарғыш, гиалинді тін сияқты мөлдір емес. Жалпы құрылысы
гиалинді тіннің құрылысына ұқсас. Сырты шеміршек қабымен қапталған.
Шеміршек жасушалары капсулаларда бір-бірден немесе изогенді топтармен
орналасады. Эластинді шеміршек тінінің ең негізгі ерекшелігі – жасуша
аралық затында коллагендік талшықтармен қатар эластинді талшықтардың болуы.
Шеміршек қабына жақын жатқан қабаттарындағы эластинді талшықтар үзіліссіз
шеміршек қабына өтеді. Гиалинді шеміршекке қарағанда құрамында липидтер,
гликоген мен хондроитинсульфаттар аз болады.

Эластинді шеміршек тіні:
1. Хондроциттердің изогенді топтары;
2. Эластинді талшықтар.

Талшықты шеміршек тіні.
Талшықты шеміршек тіні омыртқа аралық дискілерді, талшықты тіннің
гиалинді тінге ауысатын жерлерінде, қозғалысы аз байламдарда кездеседі.
Жасуша аралық затындағы параллель орналасқан коллаген талшықтары біртіндеп
сиректеп, гиалинді шеміршекке өтеді. Жасушалары – хондроциттер жекеленіп
те, топталып та орналасады.

Талшықты шеміршек тіні:
1. Коллаген талшықтары;
2. Хондроциттер.

Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі.
Организнің қартаюына байланысты шеміршек тініндегі протеогликандардың
концентрациясы азаяды және соған байланысты гидрофильділігі төмендейді.
Хондробласттар мен жас хондроциттердің бөліну құбылыстары нашарлайды. Бұл
жасушалардың цитоплазмасындағы Гольджи аппаратының, түйіршікті
эндоплазмалық тордың, митохондриялардың көлемі азаяды және ферменттерінің
белсенділігі төмендейді.
Жасуша аралық заттар мен жасушалардың дистрофиялық өзгерістерінің
резорбциясына хондрокласттар қатысады, олар морфологиялық құрылысы бойынша
остеоклаттармен бірдей. Хондроциттердің өлімінен кейін лакуналар аморфты
заттар мен коллаген жіпшелеріне толады. Жасуша аралық заттың кейбір
бөліктерінде кальций тұздарының шөгінділері пайда болып, шеміршек лайланып,
мөлдірлігі жоғалып, түсі өзгереді; қатайып, тез сынғыш болады. Аталған
өзгерістерге байланысты шеміршекке қантамырлары өтіп, шеміршек сүйекке
айналуы мүмкін.

Шеміршек тінінің регенерациясы.
Шеміршектің регенерациясы шеміршек қабындағы аз маманданған жасушалары
және шеміршектегі прехондробласттар мен хондробласттардың бөлінуі мен
дифференциациясына байланысты жүреді. Бірақ бұл құбылыс өте баяу өтеді.
Буындық емес шеміршек тіні жарақатының регенерациясы шеміршек қабының
қатысуымен жүреді.
Буындық шеміршектің жарақатының регенерациясы оның тереңдігіне байланысты
әр түрлі болады. Егер жарақат терең болмаса, регенерация тек изогенді
топтардың көбеюіне байланысты болады. Ал егер шеміршек терең жарақатталса,
онда регенерацияға субхондриальді сүйек тінінің камбиальді жасушалары да
қатысады.
Кез келген жағдайда тікелей жарақат аймағында дистрофикалық құбылыстар
орын алады, кейіннен көбеюші хондроциттер орналасады.
Жарақат алғаннан кейін алғашқы 1-2 айларда жас фибробласттардан тұратын
тін пайда болады, ол протеогликандар мен коллаген талшықтарын белсенді
түрде синтездейтін шеміршек тәріздес тінмен алмастырылады. 3-6 айдан кейін
регенерат гиалинді-фиброзды тінге ұқсас жас шеміршекке айналады.

Шеміршек тіндері метаболизмінің реттелу факторлары.
Шеміршек тіндерінің реттелуі механикалық күшке, гормондық және жүйкелік
факторларға байланысты болады. Шеміршек тініне күш түсу мен оның әлсіреуі
суда еріген қоректік заттар, метаболизм өнімдері, шеміршек қабы
капиллярларының гормондық-гуморальдық реттеушілері үшін үнемі қызмет
атқаратын факторлар болып табылады. Сонымен қатар хондроциттердің қандағы
бірқатар гормондарға (СТГ, тироксин, инсулин, т.б.) арналған
циторецепторлары бар.
Гипофиз гормондары – соматотропин мен пролактин – шеміршек тіндерінің
өсуіне ықпалын тигізеді, бірақ олардың дамуына ісер етпейді. Қалқанша
безінің гормондары – тироксин мен трийодтиронин – хондроциттердің
дифференциалдануын жылдамдатады, бірақ шеміршектегі өсу процесін
баяулатады. Қалқанша безінің және қалқанша маңы безінің гормондары –
кальцитонин мен паратгормон – өсу процесін стимулдайды. Ұйқы безінің
эндокринді гормоны – инсулин мезенхиманың дифференциалдануын тездетеді.
Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондары – глюкокортикоидтар және
жыныс гормондары эстрогендер – хондроциттердегі коллаген мен
гликозамингликандардың синтезделуін тежейді, концентрациясы жоғары болса,
шеміршектің қартаюына әкеледі. Жыныс гормоны – тестестерон – шеміршектің
дамуының тежелуіне әкеліп соғатын сульфатталмаған гликозамингликандардың
синтезделуіне қатысады. Шеміршек тінінің дамуындағы, метаболизіміндегі
гормондардың орны үлкен болғанымен, хондроциттердің қызметтері ағзаның
эндокринді жағдайына және хондроциттердің құрылымдық жағдайына байланысты
екенін айта кеткен жөн.

Сүйек тіні.
Сүйек тіні – дәнекер тінінің жоғары маманданған, жасуша аралық заты
минералданған түрі. Жасуша аралық затының 70%-ы бейорганикалық
қосылыстардан, негізінен кальций фосфаттарынан тұрады. Бұдан басқа сүйек
тіні құрамында организмдегі метаболизм процестерінде аса маңызды орын
алатын 30-дан астам микроэлементтер бар:мыс, мырыш, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі
Шеміршек. Жасқа байланысты гистологиясы
Шеміршек. Жасқа байланысты гистологиясы. Регенерациясы
Дәнекер тіндері
Гистология мен цитологияның қысқаша даму тарихы, эпителий және дәнекер ұлпалары
Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы
Электронды микроскоптың гистологиялық зерттеулер
Цитология және гистология түсінігі
Жасушалар мен тканьдердің патологиясы
Лимфа жуйесінің қызметі
Пәндер