Сот жүйесінің адам құқын қорғау жүйесіндегі орны



Жоспар:
Кіріспе

1. Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің жүйесі
2. Құқық қорғау органдарының адам құқын қорғаудағы ролі
3. Сот жүйесінің адам құқын қорғау жүйесіндегі орны

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
1. Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің жүйесі
2. Құқық қорғау органдарының адам құқын қорғаудағы ролі
3. Сот жүйесінің адам құқын қорғау жүйесіндегі орны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер


Адам және азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтары

Мақсаты - Қазақстанда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамсыз ету проблемаларын тиімді шешу. Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесін ашып көрсету. Халықаралық адам құқықтары мен бостандықтарының мән мазмұнын сипаттау. Құқық қорғау органдарының адам құқын қорғаудағы ролін салыстыру. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі өкілетті органдарының қызметтеріне талдау жасау. Сот жүйесінің адам құқын қорғау жүйесіндегі орнына құқықтық баға беру.

Кіріспе

Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық ретінде мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының өктемдігінің жолында тосқауыл болуға, мемлекеттің қоғамды шексіз билеп-төстеуіне кедергі қоюға тиіс.
Құқықтар мен бостандықтар көп жағдайларда адамның қоғамдағы орнын, оның мемлекетпен өзара байланысын анықтайды. ҚР Конституциясының 1-бабында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп бекітілген. ҚР Конституциясының негізгі идеясы мен адам мүдделерінің жалпыға бірдей презумпциясы болып табылады. Адамның құқықтары - бүкіл адамзаттың ажырамас, бөлінбес игілігі. Бұл дүниеде қандай да оқиғалар мен әрекеттер орын алмасын, қандай да ғылыми жаңалықтар ашылмасын, олар адамның жағдайына, оның құқықтары мен бостандықтарына жағымсыз әсер етпеуге тиіс. Қоғамдық процестердің дамуында құндылық бағдар адам құқықтарын ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық дамудың барлық процестерін адаммен өлшеудің мәні осында.
ҚР Конституциясында тек әлеуметтік мелекеттің ғана емес, сонымен бірге құқықтық мемлекеттің де қағидалары дамытылды. Тұңғыш рет мемлекет пен тұлғаның өзара қарым-қатынасы сот негізіне қойылды, барлық құқықтар мен бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік органдар, азаматтар және олардың бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды сот жолымен шешу қағидасы енгізілді.
1997 жылы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдардың қабылдануына орай 1995 жылғы Конституцияның талаптарына сай адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдік кеңейтілді. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі келесі маңызды қадам - ҚР Конституциясының қабылдануы болды.
Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі бекітілген. Бұл арада ҚР Конституциясында адамның құқықтары мен бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып, бекітілуінің аса маңызды факт екенін атап өткен жөн. ҚР Конституциясында бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың, мемлекеттік билік органдарымен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінің мәнін, мазмұны мен қоданылуын белгілейді. Конституция құрамындағы бұл маңызды ережелер мемелекттік органдардың қызметін реттейтін бөлімдердің алдында келтірілген, бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылықтар деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары қоятынын білдіреді.
ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін, жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымның рөлін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың маңызды алғы шарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасауы егеменді Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы.
Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуына көмектесетін адам құқықтары мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл каталог жалпы халықаралық стандарттарға сай келеді. Оның үстіне, Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды қорғаудың және кепілдік берудің нақты механизмі бар. Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді.
Қазіргі жағдайда адамның бостандығы біршама басқаша түсініледі. Адамның бостандығы тек белгілі бір әрекеттер жасау және оларды іске асыруда кездесетін кез келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс табатын маңызды тұстардың бірі - жауапты шешімдерді қабылдау еркіндігі. Бұл адамның санасы мен мәдениетінің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді.
Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да, мемлекет те сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамның табиғи құқықтары деп атайды. Ол еш уақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен бостандықтар берді деп ешкімге бас июге, ешкімнің алдында өзін мәңгілік борышкермін деп сезінбеуге тиіс. Олар оған оның тек адам болғаны үшін ғана тиесілі.

Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары
мен бостандықтары және Конституциялық міндеттері

Жеке адамның Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары тұжырымдамасына негізделген және халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы (1995ж.) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен принциптеріне сүйенеді. Аталған және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды: кез келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, қадір - қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қорғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін алмастыруға және таңдауға құқылы; кез келген адам өзінің, отбасының және басқаларының денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің адамға және азаматқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады (12-бап, 2-тармақ ). Бұл адамның табиғи құқын мемлекеттің тануы және бастау алар қайнар көзі болып табылады және Конституцияның Адам және азамат деген II тарауының мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқымен бірге азаматтың да құқы мен міндеті туралы айтылады. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады (12-бап,3- тармақ). Сөйтіп, аталған бөлімде Қазақстанның конституциялық заң тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары және міндеттерімен бірге адам құқы ұғымы бір - біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген - адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматқа да қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкім айыра алмайтын құқық пен бостандық Қазақстан Республикасының азаматына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтар мен бостандықтар шетел азаматтарына және азаматтығы жоқтарға да берілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат құқының негіздеріне оларды нығайтатын және олардың құқықтық мәртебесінің жүзеге асырылуына ықпал ететіндей негіз боларлық принциптерді жинақтайды. Мұндай принциптердің қатарына мыналар жатады:
1.Адам құқы мен бостандығының айнымастығы. Табиғи танылған құқық мемлекеттің сыйы емес. Ол оны тек таниды, атайды және олардың жүзеге асырылуына, сақталуына кепілдік жасайды.
2.Конституция құқықтар мен бостандықтарды теріс пайдалануға тыйым салады. Адамның және азаматтың бірінің құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы екіншісінің құқықтарымен бостандықтарын бұзбауы, конституциялық құрылысқа және қоғамдық ізгілікке нұқсан келтірмеуі тиіс екендігі Конституцияда анық жазылған. Әр адам мен азаматтың құқы мен бостандығының теңдігі бұған олардың бәрінің де иелігін білдіреді.
3. Конституциялық құқық пен бостандықтың заңсыз шектелуіне тыйым салынады. Сонымен бірге Конституция шектеудің шегі мен негізін де көрсетеді. Біріншіден, адам мен азаматтың құқы мен бостандығын тек заң ғана шектеуі мүмкін. Екіншіден, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты сақтау, қоғамдық тәртіпті, адам құқы мен бостандығын, халықтардың денсаулығы мен ізеттілігін қорғау үшін қажеттілік деңгейінде шектелуі мүмкін. Үшіншіден, азамат саяси құқықтар мен бостандықтарды шексіз пайдалана алады. Конституция саяси себептер бойынша адамдардың құқы мен бостандығын қандай да бір жол бермейтіндігін анық көрсеткен. Конституция қағидасының тағы бір құндылығы осында.
4. Адам мен азаматтың құқы мен бостандығының тікелей қолданылуы принцип ретінде онымен өзінің құқығы мен бостандығын пайдалану мүмкіндігі мен ақиқаттығын білдіреді. Конституцияда әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар екендігі жазылған.
5. Олардың тең құқылығы адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды принципі болып табылады. Конституцияда осы принцип адам мен азаматтың қызмет өмірінің барлық салаларына орай орнықтырылды.
6. Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының мазмұны мен қолданылуын қамтамасыз ету принципі. Бұл Конституцияда жарияланған адам құқығы мен бостандығы осы құқық пен бостандықты жүзеге асыру жағдайы мен тәртібін белгілейтін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау кезінде ең басты негізге алынатындығын білдіреді.
7. Құқықтың, бостандықтың және міндеттіліктің бірлігі, бөлінбестігі адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің басты принципі болып табылады. Әркім де Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауы тиіс. Адамдар құқықтар мен бостандықтарды тең иеленіп қана қоймайды, сондай-ақ бір-біріне, қоғамға, мемлекетке қатынастары бойынша оларға бірдей міндеттілік жүктеледі.
Азаматтардың басты міндеттері туралы. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының дербес мәні болғанымен (оны азаматтар өз қалауларымен пайдаланулары мүмкін), оларды азаматтардың міндеттерінен бөлек қарастыруға болмайды. Әр адамның басқа адамдардың алдында, қоғамның алдында, мемлекеттің алдында белгілі бір міндеттері бар. Әр адамның өмір сүруге, өзінің денсаулығын сақтауға, өз еңбегінің жемісін көруге табиғи құқығы бар. Нақ осылай өмір сүруге, денсаулығын, меншігін және басқаларын сақтауға құқылы басқа адмдар да бұл құқықты құрметтеуі керек. Адамдардың табиғи міндеті осылайша табиғи түрде пайда болады. Адамдар да олардың өмір сүруінің нысаны болып табылатын және ол туралы қамқорлық жасауы тиіс қоғамның алдында, мемлекетінің алдында міндетті. Бұл міндеттердің маңыздылығы сондай, ол заңмен бекітіледі. Міндеттемелерді орындамаудың оны бұзғандар үшін елеулі зардаптары болады.
Азаматтарға көптеген құқықтық міндеттер жүктеледі. Оларды Конституцияда көзделген міндеттерге және конституциялық заңдарда көзделген міндеттерге бөлуге болады. Конституциялық міндеттер басты міндеттер болып табылады. Оған мыналар жатады:
А)Конституция заңдарын сақтау. Конституция - Қазақстан мемлекетінің негізгі заңы, ол халықтың еркін білдіреді, мемлекеттің құқықтық негізін, азаматтардың құқықтық жағдайын белгілейді. Конституция - мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін бекітетін ең маңызды мемлекеттік акт. Міне, осылардан келіп, ешкімді алаламай, лауазымды адамдардың Конституцияны сақтау міндеті туады. Егер олай болмаса конституциялық нормаларды бұза отырып, азаматтар, мұны қалай ма, мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне, оның іште де, халықаралық қатынастарда да беделі түсуіне әрекет қылған болып шығады. Сондықтан қоғамда қандай орын алса да, қандай лауазымды қызметті атқарса да Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеу және оны мүлтіксіз сақтау әр азаматтың қасиетті міндеті болып табылады.
Республиканың заңдарын сақтау азаматтардың конституциялық міндеті болып табылады. Сақтау дегеніміз бір жағынан, заң талаптарын бұзбау, мысалы, әкімшілік, тәртіптік теріс қылықтар жасамау; екінші жағынан, жүктелген міндетті орындау.
Ә) Азаматтардың тағы бір конституциялық міндеті - басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Азаматтарға осындай міндет жүктей отырып, Конституция ең жоғары құндылық ретінде азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне айрықша мән береді.
Б) Салықтар және алымдар төлеу міндеті. Мемлекеттің, барлық адамдардың, мемлекет қаржыландыратын ұйымдар мен мекемелердің өмір сүруінің маңызды құралы салықтар мен алымдар болып табылады. Рыноктік қатынастарға көшу, жеке кәсіпкерлікті дамыту жағдайында салықтар мен алымдардың ең негізгі бөлігі жеке адамдардан, азаматтардан түседі. Салықтар мен алымдарды дер уақытында саналы түрде төлеу қажеттігін адамдар көбірек сезінген сайын мемлекеттің де қуаты арта түседі, адамдардың өмірін жақсартуға, білім, ғылым, денсаулық салаларын дамытуға, зейнетақы төлеуге қаржы көбірек жұмсалатын болады.
В) Меншікті дұрыс пайдалану. Қазақстан қоғамының экономикалық негізін меншіктің екі түрі: мемлекеттік және жеке меншік құрайды. Мүліктік меншік - ол материалдық құндылық және пайдалану үшін, яғни, пайдалы қасиеттерін алу үшін құрылады. Меншік иесі өз мүлкін пайдалануға құқылы. Бірақ меншікті пайдалану қоғам шеңберінде, адамдар арасында жүргізілуі және оларға, олардың заңды мүдделеріне зиян келтірмеуі тиіс.
Меншік міндет жүктейді,оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет теуге тиіс (Қазақстан Республикасының Конституциясы,6-бап).
Г) Қазақстан Республикасын қорғау - Республика азаматының конституциялық қасиетті борышы. Барлық азаматтар өздерінің әскери борышын өтеуге міндетті.
Әскери қызмет - республика азаматтарының Қарулы Күштер қатарында өздерінің әскери борышын өтеуіне қатысты мемлекеттік қызметтің ерекше нысаны.
Әскери қызметтің түрлері мынадай:
солдаттардың, матростардың, сержанттардың және старшиналардың аз мерзімдік әскери қызметі;
солдат,матрос,сержант және старшина қызметінде келісім - шарт бойынша орындалатын әскери қызмет;
әйелдердің бөлімдерде келісім-шарт бойынша орындайтын әскери қызметі;
әскер оқу орындары курсанттарының әскери қызметі;
прапорщиктер мен мичмандардың әскери қызметі;
офицер құрамының әскери қызметі;
Әскери міндетін өтеуден мынадай:
16 жасқа дейінгі және 50 жастан асқан ер адамдар;
18 жасқа дейінгі және 40 жастан асқан әйелдер босатылады.

Тағы бір маңызды адам құқықтарының бірі отбасының құқықтық негізі.
А. Отбасы - қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім кімнің болсын сырттан заңсыз араласуынан қорғайды. Әрине, некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттеме қабылдайды. Мұндай талаптар кездей-соқ емес, олар азаматтардың, сондай-ақ қоғамның мүдделерінен туындайды. Сондықтан отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау қажет. Некеге отыру жасы ерлер үшін - 18 жас, ал қыздар үшін 17 жас болып белгіленген. Кейбір жағдайларда әйелдің жасы бір жасқа кемітілуі мүмкін. Неке жасын кеміту туралы өтінішті тұрмысқа шығатын қыздың өзі жазуы керек. Мұндай өтінішті ата-аналары, қамқоршылары да жаза алады, бірақ ол үшін қыздың өзінің келісімі керек. Некеге тұру жасын қысқарту туралы мәселені жергілікті әкімшілік шешеді.
Ә. Отау құрғаннан кейін ерлі-зайыптылардың құқығы мен бостандығы пайда болады. Егер некелескенге дейін ер адам мен әйел адамның арасындағы қатынас ізгілік нормаларына негізделсе, некелескеннен кейін олардың арасында заң нормаларына негізделген құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Ерлі-зайыптылар арасындағы құқық екі топқа: жеке құқыққа және мүліктік құқыққа бөлінеді. Жеке құқық адамның өзімен байланысты, оны одан бөліп, тартып алуға болмайды. Оған тегін, мамандығын, жеке қалауы бойынша қызмет тандау құқығы жатады. Заң бойынша әйел қыз кезіндегі тегін сақтауға немесе ерінің тегін алуға құқылы. Отбасылық өмірдегі мәселелерді шешкен кезде ерлі-зайыптылардың бірінің өз пікірін екіншісіне тануға құқығы жоқ, әйтпесе, ол жеке бостандықты шектейді. Ерлі-зайыптылардың бірінің екіншісінің мамандық, қызмет орнын таңдауын шектеуіне құқығы жоқ. Бұл мәселелер мәжбүрлеусіз, бір-бірінің бостандығы мен қадір-қасиетін құрметтей отырып шешілуі тиіс. Конституция бойынша еңбек етуге, мамандық, қызмет түрлерін және т.б. таңдауға әйелі мен ері тең құқылы.
Б. Ата-аналардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттері.
Ата-аналар балаларын оқыту және тәрбиелу үшін мектеп жасына дейінгі мекемелерге, оқу орындарына беруге құқылы. Ата-аналар балаларын кәмелеттік жасқа жеткенше және арнаулы білім (орта, жоғары)алғанға, жеке өмір сүруге қалыптасқанға дейін оқытып, тәрбиелеуге тырысады.
Қазақстан Республикасы заңдары бойынша балалардың орта білім алуы міндетті болғандықтан, олардың білімін алуын қамтамасыз ету, қажетті жағдай туғызу ата-аналардың міндеті болып табылады. Ата-аналар балаларын мемлекеттік мектептермен бірге жеке мектептерде де оқытуға құқылы.
Әке мен ана тең құқылы. Сондықтан екеуі де кәмелетке толмаған балаларының заңды өкілдері болып табылады.
Ата-аналық құқықтан айыру ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынасты тоқтатады. Сот ата-аналық құқықтан айырған бұл ата-аналар бала (балалар) тәрбиелеу құқын, сондай-ақ басқа да жеке құқықтарын жоғалтады, ол басқа адамнан баланы талап ете алмайды, заңды өкіл ретінде олардың мүддесін қорғай алмайды, басқалай да құқықтардан айрылады. Ата-аналық құқықтан айрылғандар балаға материалдық көмек көрсетуден босатылмайды. Егер ата-аналар (ата-ана) өзінің тәртібін түзесе, олардың ата-аналық құқығы қалпына келтірілуі мүмкін. Ата-аналық аялаудан айрылған балаларға қамқорлық жасау, оларды асырау мен оқыту - мемлекеттің, қоғамның абыройлы міндеті.
В. Балалардың міндеттері. Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 27-бап). Заң міндетті белгіленгендіктен, онда ол орындалуға тиісті болатын шарттарды да белгілейді. Кәмелеттік жасқа толған балалар, егер ата-аналары еңбек етуге қабілетсіз болып қалса және өмір сүруге қажетті қаражаты болмаса оларды асырауға міндетті.

ҚР Құқық қорғау органдарының адам құқын қорғаудағы ролі.

Мемлекет пен оның органдарының қызметінде басым бағыттардың бірі ретінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тұрақты әрі дәйекті дамуын, халықаралық аренада Қазақстанның қызметін құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыру орын алатыны белгілі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп айқын жазылған. Бұл мемлекеттің мемлекеттік және өзге де органдар атынан өз қызметін құқықтық нормалар, Заңның үстемдігін қамтамасыз ету, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекет пен азамат арасында өзара заң жауапкершілігін белгілеу негізінде жүзеге асыратынын айғақтайды.
Көптеген мемлекеттік органдар үшін олардың қызмет ауқымы, әрине, аталғандарды, аса маңызды болса да, бірақ нақты шектелген міндеттер - құқық тәртібі, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстар мен өзге құқық бұзушылықтарға қарсы күрес міндеттерін шешумен бітпейді, құқық тәртібі мен заңдылықты қорғау жөніндегі кейбір функцияларды олар өздерінің негізгі міндеттерімен қатар жол-жөнекей орындайды.
Құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз етумен арнаулы органдар тобы айналысады. Оларды құқық тәртібін қорғау оргнадары, яғни ҚР Конституциясымен, басқа да заңнамалық және құқықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты халқаралық қалыптық ережелер
Қазақстанның сот жүйесінің құрылу тәртібі мен мәселелерін анықтау
Сотталғандардың құқығы мен міндеттері
Адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары
«Қылмыстық атқару-құқығы» пәнінен лекциялар
Халықаралық адам құқықтары мен бостандықтар
Салық құқығын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандытары
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Мемлекет органы - мемлекет қызметін жүзеге асыруға көмектесетін мемлекет механизмінің құрылымдық бөлігі
Пәндер