Шал мырза



Жоспар:

І. Негізгі бөлім.
«Сыр өңірінің теңдессіз, ақиық, дәулескер күйшісі . Мырза Тоқтаболатұлы»
а)Күйшінің өмірі мен шығармашылығы;
ә)Мырза күйлерінің орындалу ерекшеліктері;
б) «Бұғының күйі» және «Ташауыз» күйлерінің шығу тарихы

ІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақтың рухани мәдениеті – шытырман тарих қойнауында, ерекше ахуал үстінде туып қалыптасқан мәдениет. Түрік нәсілінің қыпшақ әулетінен тарайтын жауынгер халық өзін – өзі қазақ атап, азаматтық тарихының алғашқы бетін ашқаннан бастап ел үшін, жер үшін, байырғы ұлттық намыс пен ар – ождан үшін, бостандық үшін тынымсыз күрес үстінде болды. Сол себепті қазақтың рухани мәдениетінде ешбір мәдениетке ұқсамайтын ерекше сипат қалыптасты. Ән – күй, жыр – дастандар сияқты көне күндерден жеткен қасиетті жәдігерлер бізге осыны паш етеді.
Міне, осы мыңдаған жылдар бойы сайын сахара төсінде дүбірлі дәурен сүрген бабаларымыздан қалған қисапсыз рухани мұраның үлкен бір саласы – Сыр бойының күйшілік дәстүрі.
Аралдың Қарақұм аймағында Жыланды деген жер бар. Бұйырғын мен жусаны жайқалған боз дала... Мырза күйші осы жерде дүниеге келіпті. Жыландыда алғаш қолына домбыра ұстап, тырнақалды туындыларын қасиетті аралдың жағасында толғапты. Күйші домбырасының қос ішегі өр мінезді тәкаппар теңіздің көк бұйра толқындарының сылдыры мен Сырдың сары қамысының сыбызғы сазын күй тілімен тербеді. Ол, Арал теңізінің бағы таймаған, айдыны шалқыған, шағаласы қалқыған көрікті кезінде дүниеге келген. Бұл 1850 (кейбір деректерде 1844) болса керек. Көнекөздердің куәләндіруі осылай.
Көбік атқан асау толқыны екі жағасына кезек ұрып, жорғадай тайпала ағып жататын килі көк теңіз... Ертеден кешке дейін теңіз жағалап, қамыс ат мініп ойнаудан жалықпайтын кәдуілгі ойын баласының тірлігін Мырза да басынан кешірді. Күйшінің жастық шағы баба – теңіздің қиыршық құмды жағалауында өтті.
Мырза - күй өлкесіндегі ескерусіз келген есім. Ол жөнінде жазылған деректер де таласты пікірлерге толы. «Ленин туы» газетінің» 1978 жылғы басылымында жарық көрген Ж. Жақыповтың «Күйшіден күйші жайлы сыр төгілген» атты және Қ. Сайжановтың «Күйші Мырза Тоқтаболатов» жарық
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Берік Жүсіпов «Жиделі Байсын күйлері» А., 2000.
2. Қарасай Сайжанов «Жетіқарақшы» Астана 2005.
3. Б.Мириманов «Өнердің ықшам тарихы» А., 1989.
4. «Ғасырлар пернесі»

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Шал Мырза

Жоспар:
І. Негізгі бөлім.
Сыр өңірінің теңдессіз, ақиық, дәулескер күйшісі –
Мырза Тоқтаболатұлы
а)Күйшінің өмірі мен шығармашылығы;
ә)Мырза күйлерінің орындалу ерекшеліктері;
б) Бұғының күйі және Ташауыз күйлерінің шығу тарихы

ІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақтың рухани мәдениеті – шытырман тарих қойнауында, ерекше ахуал
үстінде туып қалыптасқан мәдениет. Түрік нәсілінің қыпшақ әулетінен
тарайтын жауынгер халық өзін – өзі қазақ атап, азаматтық тарихының алғашқы
бетін ашқаннан бастап ел үшін, жер үшін, байырғы ұлттық намыс пен ар –
ождан үшін, бостандық үшін тынымсыз күрес үстінде болды. Сол себепті
қазақтың рухани мәдениетінде ешбір мәдениетке ұқсамайтын ерекше сипат
қалыптасты. Ән – күй, жыр – дастандар сияқты көне күндерден жеткен қасиетті
жәдігерлер бізге осыны паш етеді.

Міне, осы мыңдаған жылдар бойы сайын сахара төсінде дүбірлі дәурен
сүрген бабаларымыздан қалған қисапсыз рухани мұраның үлкен бір саласы – Сыр
бойының күйшілік дәстүрі.

Аралдың Қарақұм аймағында Жыланды деген жер бар. Бұйырғын мен жусаны
жайқалған боз дала... Мырза күйші осы жерде дүниеге келіпті. Жыландыда
алғаш қолына домбыра ұстап, тырнақалды туындыларын қасиетті аралдың
жағасында толғапты.
Күйші домбырасының қос ішегі өр мінезді тәкаппар теңіздің
көк бұйра толқындарының сылдыры мен Сырдың сары қамысының сыбызғы сазын күй
тілімен тербеді. Ол, Арал теңізінің бағы таймаған, айдыны шалқыған,
шағаласы қалқыған көрікті кезінде дүниеге келген. Бұл 1850 (кейбір
деректерде 1844) болса керек. Көнекөздердің куәләндіруі осылай.

Көбік атқан асау толқыны екі жағасына кезек ұрып, жорғадай тайпала
ағып жататын килі көк теңіз... Ертеден кешке дейін теңіз жағалап, қамыс ат
мініп ойнаудан жалықпайтын кәдуілгі ойын баласының тірлігін Мырза да
басынан кешірді. Күйшінің жастық шағы баба – теңіздің қиыршық құмды
жағалауында өтті.

Мырза - күй өлкесіндегі ескерусіз келген есім. Ол жөнінде жазылған
деректер де таласты пікірлерге толы. Ленин туы газетінің 1978 жылғы
басылымында жарық көрген Ж. Жақыповтың Күйшіден күйші жайлы сыр төгілген
атты және Қ. Сайжановтың Күйші Мырза Тоқтаболатов жарық көрген
еңбектерінде күйшіні Қазалы ауданының Басығара, Аралдың Шижаға деген
жерінде дүниеге келген деп куәлендіреді. Екі еңбекте де Мырзаның туған жері
жаңсақ көрсетілген. Біз аталмыш еңбек авторларының мырзатанудың алғашқы
қарлығаштары екенін ескерсек, бастамалы еңбектің балаң болуы, жаңсақтық
кетуі заңды. Кіші жүз Төртқара руының Шал аталығынан өрбігендерінің
қазіргі қонысы – Қазалының Басығара, Құмжиек, Қарақойсойған, Сарытоғай
деген жерлер. Әйткенмен, өткенге көз жіберіп, ой аралаталық. Үстіміздегі
ғасырдың басына дейін Әлім елінің Ақтөбе мен Ор бойын, Жайықтың жағалауын
жайлап жүргендігін көреміз.

Шежіреге сүйеніп сөйлесек, Қарамашақ ағайындардың ата қонысы – Ырғыз
бойы, Жем мен Қарабұтақ. Ол заманда Төртқараның Шал аталығы Қарақұмды
жайлап, Тоқтаболат бидің ықпалында болған. 1860 жылдардың шамасында
Тоқтаболат би өзіне қарасты Шал руының көптеген шаңырағын Қарақұмнан
көшіріп, Қазалының Басығара, Құмжиек деген жеріне қоныстандырған. Бұл көші
– қоннан қалып қойғандары сол Қарақұм аймағында, оларды Қырдың Шалы деп
атайды. Шежіренің берген куәлігі осылай сыр шертеді. Ел ішінде бүл аталықты
ерекше құрмет тұтқан.

...Мен өзім араладым Жалаң ішін,

Жалаңның көріп келем жарамдысын.

Қаратай, Әбдірахман, Молда Жәдік,

Олар да көрсетіп ет адам ісін.

Бар ел бар мына жақта Шал, - деп айтты, -

Егер де жолың түссе бар, - деп айтты, - Қашаннан
бақыт құсы ұя салған, Біз – төбе, олар – асқар
жал, - деп айтты, -

деп, Базар жырау жырына қосқандай, Шал руынан қашан да бақыт құсы ұясын
алшақ салған емес.

Мырза күйшінің аты – жөнінде де жаңсақ мәліметтер бар. Кейбіреулер
Шал Мырза мен Мырза екі басқа адам деп те түсінеді. Біреулер халықтың
еркелеткенінен Шал Мырза атанған екен дейді. Негізі күйші Шал руынан
шыққаннан кейін Шал Мырза атанған. Сыр бойынан өткен Мырза есімді күйші
біреу ғана. Бұл – басы ашық әңгіме.

Адам атына туған жерін, шыққан руын қосып айту – шығыста қалып қалған
дәстүр. Әл – Фараби, Әл – Тарази, Әл – Тарази, Әл – Қашқари, Әл – Дулати
болып келетін есімдер – сөзіміздің айғағы. Бұл Шығыс салты болғанымен,
қазақ топырағында байыздап, тұрақты өмір салтына айналған. Тегінде
сахараның өнер өкілдерін Тек қана руы мен жер аттары ғана емес, кісінің
түрлі нышандары да атына қоса айтылатын болған. Рәсім көбіне көне ұғым –
түсініктермен тығыз байланысты, мифологиялық астарлы. Мысалы: Қарасақал
Ерімбет, Жалды Құрманғазы, Сары Жырау (Жансүгір), Соқыр Есжан, Нышан – Әз,
Таз бала (Есбай), Нақып қожа, т.с.с. Шал Мырза да – осындай дәстүрлі атау.

Қазіргі зерттеушілік ағым қазақтың күй өнерін Арқа, Қаратау, Батыс,
Шығыс, Жетісу өлкелеріне тән күйшілік мектептер деп жіктеп жүр. Бірақ қазақ
музыка зерттеушілерінің арғы – бергі тарихында Сыр бойының күйшілік дәстүрі
хақында сөз қозғағандары санаулы. Сырдың күй мұралары мен күйшілік
мектептері күнгей бетте қалып, назардан тыс келіпті. Сырдың күйшілік өнері
арнайы зерттеу нысанасы болған емес. Солардың бірі – Мырза Тоқтаболатұлының
шығармашылық өмірі.

Белгілі ғалым Тарақты Ақселеу: ...Бұл өңірдің ғажайып күйшілік
дәстүрі де із түспеген, зерттелмеген күйінде жатыр. Арал төңірегінде
өзіндік саз – сарыны дара, қағыс – қайырымы бөлек, көркем үлгісі оқшау
күйшілік дәстүр тым ерте қалыптасқан... дегенде, осы Мырза сияқты
дәулескер күйшілер шығармашылығын меңзеп айтса керек.

Сыр бойының музыкалық мұраларына ерекше ынта қойып, ән мен күйдің
тынысына құлақ түре білген бірегей ғалым Ә. Қоңыратбаев Сырдың ән –
күйлерінің жүйелену, жиналу жағын әңгімелей келе: Арқаның асқақ әнін,
Жайықтың иқырлы домбырасын қандай қадірлесек, Сыр елі жыршыларының ән –
күйлерін де дербес байлық деуіміз керек, - деп, Сырдың музыкалық
мұраларына ерекше міән берген болатын.

Дегенмен, Ә.Қоңыратбаевтың өзі де көптеген әнші, күйшілерге жолыға
алмай қалғандығын өз еңбектерінде ашып айтты. Көптеген өнерпаздар өкіметке
деген наразылығынан білгенін бүгіп қалды. Өйткені, кеңестік жүйеде әсіресе
халық өнерінің өкілдеріне құрмет болмады. Оларды ауданға барып бір өлең
айтасың, облысқа барып бір өлең айтасың, сосын үйіңе қайтасың дегеннен әрі
асырмады.

Егер қазақ өнерінің бар болуы, өсіп – өркендеуі, сақталынуы тікелей
өнерпаздың басының амандығымен байланысты екенін ескерсек, қазақ өнері –
шығынның небір сорақы түрлерін көріп келе жатқан өнер. Сахарадағы қанды
қисапсыз жорықтар... Зұлматты аштық жылдары... Ұлы Отан соғысы деп
аталған қанды қасап... Отыз жетінші жылдың сергелдеңі... Айта берсек, көп –
ақ.

Міне, қазақ тарихының тайғақ кешулі тарихы осындай қшы – қиыры жоқ
шытырман тізімге толы. Қасіретті өлкенің бірі – тілге тиек етіп отырған
Сырдың бойы. Тоталитарлық жүйенің тұсында бұл өлкеде ұлт мәдениеті ең
алдымен тындыруға тиіс жинау жұмысының өзі жөнді іске асырылмапты. Ұлттық
өнер салғырттықтың салқынына шалдықты. Әсіресе, дәстүрлі орындаушылар
жетпісінші жылдарға дейін ортамызда келді. Тіптен Нартай мен
Жаңабергендердің елуінші жылдардың ортасына дейін көзі тірі болатын. Бірақ
бұл кез қазақтың төріндегі қара домбыраның орнын гитара алмастырған
алмағайып кезең еді...

Сонымен Сыр бойының ән – күйі зерттелмек түгілі әуелі дұрыс жиналмай
да қалды. Оның ішінде Мырза Тоқтаболатұлының шығармалары көп шашыраңқылық
көрді. Соңында қалған мол мұра халық күйі деген атқа зорлықпен таңылды.
Көптеген шығармаларын өзінен кейінгі шәкірт – күйшілері иеленді. Бұл мәселе
әлі күнге дейін сол жабулы қазан қалпында келе жатыр. Сондықтан Мырза
шығармалары – әуелі халық күйі деген бүркеншік аттан, содан соң өзге
күйшілерге телінуден бас азаттығын тілеп тұрған дүниелер.

Серпін атты еңбегінде Е.Көшербаев Қазалы өңірінің өткені мен
бүгінгісін ңгімелей келе кітаптың Бұлбұлды мекен деген бөлімінде:
Кешегі өткен Жаппарберді, Кәрібоз, Жәмет жыраулар, сөз дүлейін туғызған
Қарасақал Ерімбет, Жалғасбай, Байназар ақындар, күйшілер – Мырза мен
Жалдыбай, қобызшы Дайрабай қадау – қадау дара туған өнер пірзадалары емес
пе, - деп Мырза күйшіні алғашқылардың бірі болып тілге тиек еткен еді. Бір
өлкедегі күй өнерінің темірқазығына айналған Мырза күйші өнер пірзадасы
деуге әбден лайық. Дүйім жұрт күйшіні көзі тірісінде – ақ күй дариясы
атандырды.

Мырзаның әкесі Тоқтаболат Ырғыз бен Сырға дәрпі тегіс жайылған, Әлім
мен Шөмен елінің таразысын тең ұстап билеген қабырғалы биі еді. Ол елге аса
қадірлі, беделі басым адам болған. Халық арасында ол туралы желілі
әңгімелер айтылады. Соның бірінде Тоқтаболат Шал Пана батырға араша түсе
Майдан Жанқожа батырдың алдына барған екен деседі...

...Қаракесек Ақтан батыр бастаған қалың қол Хиуаға аттанғанда, Шал
Пана батыр мінерлік ат – көлік таба алмапты. Сөйтіп, Майдан елінің бір
байының түндігін кесіп, жылқысын айдап әкетіпті - міс деген әңгіме бар.
Қолға түскен Пананың жазасына Майдандар қылыш қандамақшы болғаны. Батырдың
жағдайын, Қарақұмдағы Тоқтаболат естіп, Жанқожа батырдың алдына жүгініске
келіпті. Тоқтаболат Майданға өкіл күйеу екен. Бидің сөзіне әбден құлақ
қойған Жанқожа:

- Қой, болмас! Тоқтаболаттың өзі келді ғой... Пайғамбар сыйлаған
күйеу еді бұл. Бірақ алдымен көрейін сол Панасын, - депті. Алдына келген
Панаға Жанқожа ұзақ қарап отырып, қайрат – қажырына, келімі келген
келбетіне риза болып:

- Көзінде от бар екен. Болса, болар, босатындар шіркінді! – деген
екен. Әйтсе де, Пана батырдың дауы малға бітіспей, Майдан елі түндігін
даулапты. Ақыры Тоқтаболат өз түндігін беріп бітіскен екен. Бұл би өмірінің
бір сәті ғана.

Тоқтаболат би дүние салғаннан кейін Әбдіқожа дейтін қорымға
жерленген. Бұл, Қазалы ауданы, Құмжиек совхозынан күншығыс бетке қарай алты
– жеті шақырым жерде. Бидің басына белгі қойылған. Тоқтаболаттың мырзалығы
мен қонақжайлығы ерекше болған. Бидің төрі босамапты. Елдің сорпа бетіне
шығарыларының бірі аттанып, бірі түсіп жатады екен. Мырза ес білгеннен
осындай адамдармен дәмдес болды. Жақсылардың өнегесін алып, қызмет қылды.

Бұл шаңырақтың тұрақты меймандары – елдің қобыз бен домбыра арқалаған
өнерлілері еді. Олар айлап жатып, сауық – сайран құратын. Содан да болар,
Мырза ән – жырға ерте машықтанады.

Ел арасында Мырза туралы аңыз – әңгімелер көп. Солардың бір тарауы –
күй өнерінің Мырзаға бала кезінде қалай қонғандығы туралы. Бұл әңгімелер
әрқалай айтылып, мың құбылғанымен, оқиға желісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың күй өнері және күйшілік мектептері
Тарихи-мекендік аңыздар
Өлеңге тоқтамайды шал дегенiң
Қазақ жырының Қадыры
Шал ақын және оның шығармашылығы
ХV - ХVІІІ ғасырларда қазақ әдебиетінің поэзиясы
Аркадий Гайдардың шығармашылығы
Жұмекен Нәжімеденовтің философиялық лирикасы
Қазақ тіл біліміндегі антонимдердің зерттелуі
Әдеби тілде ұшырасатын сөздердің мағыналық айырмашылықтары
Пәндер