Шәкәрім Құдайбердиев



1 Кіріспе
1 Шәкәрімнің әдебиет, өнер, ғылым саласындағы жаңалығы, озық даралық ерекшелігі
2 Шәкәрім . ақын, ойшыл, тарихшы, дінтанушы, әрі сегіз қырлы бір сырлы өнер иесі
2 Негізгі болім
1 Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығының халықпен қайта қауышуы.
2Ақын шығармашылығының тәуелсіздік алғаннан кейінгі қайта танылуы
3 Қорытынды

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
1 Кіріспе
1 Шәкәрімнің әдебиет, өнер, ғылым саласындағы жаңалығы, озық даралық ерекшелігі
2 Шәкәрім - ақын, ойшыл, тарихшы, дінтанушы, әрі сегіз қырлы бір сырлы өнер иесі
2 Негізгі болім
1 Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығының халықпен қайта қауышуы.
2Ақын шығармашылығының тәуелсіздік алғаннан кейінгі қайта танылуы
3 Қорытынды
1 Шәкәрім мұрасының негізгі құндылықтары
1 Шәкәрімнің әдебиет, өнер, ғылым саласындағы жаңалығы, озық даралық ерекшелігі
Шәкәрім Құдайбердиевтің әдеби мұрасы өте бай. Ол көптеген өлеңдер, поэмалар, мысалдар, нақыл сөз, әңгімелер, роман, мақалалар жазып, аудармалар жасады. Шәкәрімнің жан-жақты қаламгер болып қалыптасуына, қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Махамбет Өтемісов пен ұлы Абай, шығыс пен батыс әдебиеті айтарлықтай әсер етті.
Шәкәрім шығармаларында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері бейнеленді. Әдетте, ғылым, өнер қайраткерлерінің өмірі мен мұрасының кейбір қырларына байланысты аңыз, қауесет ел арасында молынан шығарылып, тарап жүретіні бар. Олардың біразы шындыққа, ақиқатқа жақын. Ал біразы әсірелегендік, ойдан шығарылып қолпаштағандық көріністері екені байқалады. Қалай болғанда да Шәкәрімнің жеті жастан бастап әкесіне екі-үш ауыз өлең арнауы шындыққа жанасады деп сенуге болар.
Шәкәрім жастарға арнап бірнеше өлең жазды, оларға сенді, көп жүк артты, қоғаның өрге өрлеуі келешек ұрпақтың еңбеккер, ақылды, саналы, ойлы, білімді, мәдениетті, мінез-құлқы жарасымды, тәрбиелі, үнемі іздену үстінде болуына байланысты деген идяены, ұғымды уағыздады. Оның аңсағаны: Ер қайда сыр-сымбаты түгел сайлы, ар қайда, ақыл қайда, намсы қайда, біздің ойды сіз де ойлар болса заман, сөзімді ұқса, ойланар кейінгі жас.
Енді бірде ақын:
Еті кетіп, қауқиған сүйегім бар,
Жай таппай жанып жүрген жүрегім бар,
Жайлаған таза жүрек, талапты жас,
Ұғар деген сөзімді тілегім бар,
дейді.
2 Шәкәрім - ақын, ойшыл, тарихшы, дінтанушы, әрі сегіз қырлы бір сырлы өнер иесі.

Шәкәрім өзіне-өзі "Мұтылған" (ұмытылған) деп ат қойған. Біздіңше, бұл псевдоним. Мәселенің байыбына барсақ, ақынның өзіне осылайша ат қоюында мән бар. Оның дәлелін "Мұтылғанның өмірі" деген толғау-өлеңнен табамыз.
Жаралы жаным шықсын деп,
Қара жер мені жұтсын деп,
Өлген соң елім мұтсын деп,
Атымды қойдым: "Мұтылған".
Бүгінгі тілмен айтсақ, Шәкәрім өз заманының плюралист ойшылы, ол өкіметпен, партия саясатымен келісімге келіп отырған жоқ. Ол, керісінше, "ноқталы ойға" қарсы. Сондықтан өз заманынан бұрын кемеңгердің біршама уақытқа ұмтылатыны да заңды. Оны ұғатын ұрпақ өсіп жетпейінше, ол ұмыт боп қала береді. Шәкәрімнің иман туралы ой-толғамы да назар аударарлық. Ақын "сау ақыл менің иманым, аламын соған сыйғанын" -- деп ашық айтқан. Демек, оның сенері -- имандылық. Оған жетудің жолы ақыл. Иманға нандыратын -- ақыл. Әрине, имандылыққа тек ақыл арқылы жету деген мәселе талас тудырары сөзсіз. Бірақ мәселе онда емес, сөз ақынның иман туралы өзіндік концепциясында. Шәкәрім иманды жалпы халыққа ортақ мәнінде емес, әрбір адамның жеке басына қатысты іс ретінде түсінген. Бұл орайда біз Шәкәрім дүниетанымының ерекше қыры туралы сөз етеміз. Ол иманды жеке адамның қабылдауына қатысты мәселе деп түсінген. Яғни иман, яки имандылық деген дүниетаным деген сөз. Адамның өз иманын тануы -- онын дүниетанымының қалыптасуы деген сөз. Көп адамда дүние - таным емес, дүниеге көзқарасы ғана болады.
Мұтылған деген сөздердің астарында ұмытылмайтын мән жатыр. Ұмытылатыны немесе ұмытылмайтыны қайсы. Әркім өзі ойлануы керек. Өз-өзінен жапырақтың сарғайып, жерге кеуіп түскеніндей, құмды жерге нөсердің із-түссіз сіңіп кеткеніндей болмыста ұмыт болып жататын жайлар аз ба?! Оған кім пәлендей мән берген? Немесе Адам атадан тараған сансыз ұрпақтың қайсыбірінің есімі жұрт есінде қалды? Оның ұмыт болғандары да орынды. Есте қалатын адам есімі емес, оның ұзақ кешкен ғұмыры емес, Абай айтқандай, артына өлмейтұғын сөз қалдыруы. Бірақ сол сөз қалдырғандар да ұмыт болады екен. Осындай жайлар, негізінде, ұмыт болу деген тарихтан, халық санасынан мүлдем жойылу емес. Ел өзінің есін жиған кезінде ұрпағы есіне алатынына сенім білдіру. Сол үшін Шәкәрім өз ғұмырын тиянақты түрде өлең етіп жазып қалдырған. Бұл ес жинағанда елі ұмыт болғандарды есіне түсірсін деген ниет.
1 Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығының халықпен қайта қауышуы

Қазақтың ғұлама ақыны, ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби бай мұрасының еліміздің рухани игілігіне айналуы - бүгінгі тәуелсіздігіміздің жемісі. Алайда, тәуелсіздікке жеткізер жолдың оңай болмағанын жақсы білеміз. Шәкәрімнің тыныштық жағдайда өмір сүріп, шығармашылық жұмыспен алаңсыз шұғылдануына дұшпандары, бай қалдықтары, молдалар, ойы таяз белсінділер мүмкіндік бермегені баршамызға аян. 72 жасқа келгенде Шәкәрім сол сұмдықтардан аулақ болуға, табиғат тыныштығы аясында өмір сүруге бел байлап, Шыңғыс таулары бөктерінде оңаша тұрады. Оның қасында өмір тауқіметін бірге көрген серігі Әупіш қана болатын, оған арнап ақын Серігім жалғыз Әупіш қасымдағы деген өлең шығарған.
Серігім жалғыз Әупіш қасымдағы,
Ертеден жолдасымсың жасымдағы.
Таза жүрек, ойында арамдық жоқ
Қайғымды сен ұғасың басымдағы...
Шәкәрім өмірінің соңғы кезеңдері секілді ақын мұрасы тағдырының да тар бұралаң соқпағы, тауқіметі зор болды. Шәкәрімді ақтау, оның әдеби асыл қазынасын халыққа қайтару жолындағы үлкен бір ұмтылыс 1950-1960 жылдары басталды. 1951 жылы Мұхтар Әуезовтің ғылыми жетекшілігімен ғалым Қайым Мұхаметханұлының Абайдың әдебиеттік мектебі деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғауы қазақ баспасөзі бетінде қызу айтыс туғызды. Қазақ КСР Ғылым Академиясындағы бірлескен жиында қазақтың бір жазушысы Абайдың ақын шәкірттері туралы шығып сөйлеп, Шәкәрім 1929 жылы бай-кулактарды бастап, Шыңғыстау ауданында Совет өкіметіне қарсы құралды көтеріліс жасап, жазықсыз талай адамды өлтіріп, өзі атыста оққа ұшты. Бұндай бандитті, ол атылып өлгеннен кейін де, Мұхтар Әуезов жолдастың 1934 жылы да, 1940 жылы да Абай шәкірттерінің тізіміне қосып мақтауы ойға сыймайды деген екен.
Абайдың әдебиеттік мектебіне байланысты айтыстың ақыры Әуезовтің Алматыны еріксіз тастап, Мәскеуге барып қызмет етуіне, ал Қайым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларының тәрбиелік қызметі
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеялары
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Шәкәрім Құдайбердиев аудармаларының ерекшелігі
Шәкәрім Құдайбердиев - өмірі мен қызметі
Шәкәрім шығармаларының дені
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны
Шәкәрім шығармалары
Пәндер