Конфедеративтік мемлекеттердің құрылымдық ерекшеліктері



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Конфедерацияның түсінігі және түрлері
1.1 Конфедерация . мемлекеттік құрылым нысаны ретінде ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Конфедерацияның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

2. Конфедеративтік мемлекеттердің құрылымдық ерекшеліктері (салыстырмалы негізі)
2.1 Конфедеративтік мемлекеттер және олардың халықаралық деңгейі ... ... ...8
2.2 Мемлекеттердің қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

3. Қазақстандағы президенттік институттың даму кезеңдері ... ... ... ... ... 18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Конфедерацияның түсінігі және түрлері
1.1 Конфедерация – мемлекеттік құрылым нысаны
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Конфедерацияның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...6

2. Конфедеративтік мемлекеттердің құрылымдық ерекшеліктері (салыстырмалы
негізі)
2.1 Конфедеративтік мемлекеттер және олардың халықаралық
деңгейі ... ... ...8
2.2 Мемлекеттердің
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .12

3. Қазақстандағы президенттік институттың даму
кезеңдері ... ... ... ... ... 18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе

Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның қалыпты
тіршілігі мен дамуын қамтамасыз ететін, өзінде тұрып жатқан азаматтар мен
халықтардың құқықтарын, бостандықтарын, әрі заңды мүдделерін қорғайтын,
мемлекеттің өз ішіндегі және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетін
институт.
Мемлекет - белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көндіріп
отыратын, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын,
барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын,
халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.
Мемлекет мәні – оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін, яғни билік және
оның тиесілік мәселелерін анықтайтын басты ерекшелік. Мемлекет мәнін
қарастыру барысында оның екі жағына назар аудару қажет. Біріншіден, әрбір
мемлекет саяси билікті ұйымдастырушы болып табылады. Бұл мемлекет мәнінің
формалды жағы көрсетеді. Екіншіден, бұл ұйым кімнің мүддесіне қызмет
ететіндігін анықтау қажет, бұл оның мәндік жағын білдіреді.
Мемлекет теориясында аталған екі негізгі: таптық және жалпы әлеуметтік
қөзқараспен қатар, мемлекет мәнін анықтаудың діни, ұлттық және нәсілдік
көзқарастары да танылған. Басқаша айтқанда, мемлекет мәні көпжақты.
Мемлекет мәнін анықтайтын теориялар:
-                 элита теориясы;
-                 технократиялық теория;
-                 плюралистік демократия теориясы.
Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына қатысты мәселе қарастырылғанда,
көпшілік формациялық көзқарасқа жүгінетіндігіне қарамастан, оның да кем
соғатын тұстары бар екенін ескеру қажет. Оған алдымен, шығыстық
мемлекеттерді типтеу мәселесі жатады. Мемлекет типологиясындағы келелі
мәселелердің бірі ретінде өтпелі мемлекет түсінігінің де толық бағасын
алмағанын атап кетуге болады. Бұндай мемлекеттер жалпы ұлттық мүддені:
тәуелсіздік алу, ұлттық экономиканы, мәдениетті көтеру мақсатын көздейтін
блоктардың жиынтығы ретінде қалыптасады да, өз мүддесін қанағаттандырғаннан
кейін саяси аренадан кетеді.
Ғылыми жұмыстың мақсаты. Конфедерацияның мәнін, түсінігі және түрлерін,
мемлекеттік құрылым нысаны ретіндегі міндеттерін т.б. зерттеу.
Конфедерация (кейінгі лат. conferencier - одақ, бірлестік) -
мемлекеттік құрылым формасы, бұл ретте конфедерация құрушы мемлекеттер
өздерінің тәуелсіздігін толығымен сақтап қалады, әрқайсысының өзіндік
мемлекеттік билік жүйесі және басқару органдары болады; арнайы бірлескен
органдар тек белгілі бір (әскери, сыртқы саяси, т.б.) мақсаттағы іс-
әрекеттерді үйлестіріп отыру үшін жасалады.
Мемлекет – мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын
бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік міндеттерді
орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік органның
айрықша маңызды белгісі биліктік өкілетіктермен қамтамасыз етілуі болып
табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа
ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілетіктері оның құзыреті шеңберінде
жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу құралының,
құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
- конфедерацияның түсінігі және түрлерін;
- конфедерация – мемлекеттік құрылым нысаны ретіндегі орнын;
- конфедеративтік мемлекеттердің құрылымдық ерекшеліктерін
(салыстырмалы негізі);
- конфедеративтік мемлекеттер және олардың халықаралық деңгейін
зерттеу.
Ғылыми жұмыстың құрылымы. Кіріспе, үш бөлім, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Конфедерацияның түсінігі және түрлері

1.1 Конфедерация – мемлекеттік құрылым нысаны ретінде

Конфедерация (кейінгі лат. conferencier - одақ, бірлестік) -
мемлекеттік құрылым формасы, бұл ретте конфедерация құрушы мемлекеттер
өздерінің тәуелсіздігін толығымен сақтап қалады, әрқайсысының өзіндік
мемлекеттік билік жүйесі және басқару органдары болады; арнайы бірлескен
органдар тек белгілі бір (әскери, сыртқы саяси, т.б.) мақсаттағы іс-
әрекеттерді үйлестіріп отыру үшін жасалады. Конфедерацияға мүше елдердің
бәріне бірдей ортақ заң шығарушы орган, ортақ азаматтылық, территория,
әскери күштер, салық жүйесі болмайды. Осындай егемен елдер одағына мүше
әрбір мемлекет өкілдері конфедерация органдарын құрады, олар қабылдаған
шешімдер одақтас мемлекеттердің үкіметтері және заң шығарушы органдарының
келісімі мен бекітуі арқылы жүзеге асады. Конфедерация құру туралы келісім
конфедерацияның құрылуының құқықтық негізі болып табылады.
Конфедерация қаржысы оған мүше мемлекеттердің жарналарынан құралады.
Конфедерация бірқатар проблемаларды шешуде оң рөл атқарады. Атап айтқанда,
ажыратылған ұлттарды біріктіру процесінде (мысалы Корея Республикасы мен
ҚХДР); жаһандық интеграциялық процестер шеңберінде бірнеше мемлекеттерді
халықаралық құқықтық, аймақтық бірлестіктерге біріктіруде (мыс, Еуропалық
одақ негізіндегі Еуропалық конфедерация) тиімді рөл атқарды немесе атқаруы
мүмкін. Тарихта Рейн конфедерациясы (1254 - 1350), Еаней лигасы (1367 -
1669), Швейцария (1291 -1798 және 1816 - 1848), Нидерланд (1579 - 1795),
АҚШ (1781 - 1789), Германия Конфедерациясы (1816 - 1848), Америка
конфедерациялық штаттары болды. Сондай-ақ, конфедерация федеративтік
мемлекеттің құрылуына алғышарттар қалыптастырады. 1918 - 1922 ж., КСРО
құрылғанға дейін, ұлттық республикаларды біріктірудің бастапқы кезеңінде
конфедерация және федерация элементтерінің үйлесуі орын алды. Сонымен қатар
"Конфедерация" термині кейде одақ мағынасында әр түрлі ұйымдардың атауы
ретінде де қолданылады (мыс, Франциядағы Жалпыға бірдей еңбек
Конфедерациясы, Британия өнеркәсібінің Конфедерациясы, Италиядағы
Конфиндустрия, т.б.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, өзінің егемендігін сақтаған
конфедерациялық мемлекеттік бірлестіктердің көптеп кездесетіндігін көре
аламыз. Мұндай мемлекеттік бірлестіктер тарихи даму кезеңдерінің әрбір
тұсында ұшырасып отырады. Кейіннен олар жойылып кетіп отырды немесе
федеративтік мемлекеттік құрылымға ауысып отырған жағдайлар көптеп
кездеседі.

1.2 Конфедерацияның түрлері

Тарих тереңіне үңілетін болсақ, конфедеративтік құрылымдардың
негізгілерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады.
Швейцария конфедерациясы (1891 - 1798 жж. және 1815 - 1848 жж.);
Америка Құрама Штаттары (1781 - 1887 жж); Америка конфедерациялық штаттары
(1861 - 1865 жж); Нидерланды провинцияларының біріккен Республикасы (1579 -
1795 жж).
Соңғы кезеңдерде, яғни XX ғасырларда да конфедерациялық құрылымдарды
құру жалғасуда. Мұндай соңғы кезеңдегі әрекеттердің біріне, Сенегамбия, [1,
162-163 66] Гамбия және Сенегал мемлекеттерінің қосындысынан тұратын
конфедерациялық құрылымды жатқызамыз. Әрине, бұл конфедерация 1981 жылдары
таратылған болатын.
Одан бірнеше уақыт бұрын, 1958 жылдың ақпан айында Египет пен Сирия
конфедерациялық негізде Біріккен Араб Республикасын құрған болатын. [2, с.
3] Бұл мемлекеттердің Одағы онша көп уақыт өмір сүре қоймады. 1961 жылдың
қыркүйек айында төңкерістің нәтижесінде Сирия мемлекеті өзінің конфедерация
құрамынан шығатындығын және тәуелсіз Сирия Араб Республикасын құратындығын
мәлімдеді. [3, с 128].
Конфедеративтік мемлекеттің кейбір элементтерін Біріккен Араб
Әмірліктерінен де көруге болады. [4, с 37]. Яғни екі мемлекет - Обу Даби
мен Дубай - өздерінің егемендік құқықтарын сақтаған. Оларға абсолюттік вето
құқығы берілген. Олардың өзіндік әскері және ақша жүйесі бар.
Бүгінде (1980, 1995 жж) Канада провинциясы Квебекте екі рет, яғни
оларға кең құқық беру жөнінде (оның ішінде Канададан бөліну құқығы)
мемлекеттік референдум өткен болатын. Бірақ та, егеменді - ассоциация
жобасы екі рот Квебек тұрғындары тарапынан қабылданбады. [5, с 183].
Қазіргі кезеңдерде Батыс Европаның елдері конфедерациялық құрылысқа аяқ
басуда. Конфедерация классикалық түрде әлемдік тәжірибеде бүгін жоқ.
Мәселен, 1999 жылы қабылданған конституциясына сәйкес Швейцарияның тікелей
аты Швейцария конфедерациясы болып табылуына қарамастан, оның шынайы
мемлекеттік құрылымы федерация болып табылады[6, с 220]. Мұндай жағдайды
Канададан кездестіреміз. Ел ішінде "конфедерация" сөзі қолданғанмен, нақты
іс -жүзінде федерация [7, с 12] екені белгілі.
Конфедерацияның орта ғасырда дамыған мемлекеттік құрылым болғанына
қарамастан, көптеген зерттеушілер әртүрлі ежелгі дәуірлердегі мемлекеттік
бірлестіктерді мысалға көбінесе алға тартады. Оның ішінде Ахейлік одақты
көптеген ғалымдар конфедерацияның классикалық үлгісі деп есептейді. Мысалы,
И. Маевский Ахейлік және Этомийлік одақты конфедерация ретінде таниды[8, с
6]. Ал, А.Ященко оларды федеративтік мемлекет [9, с 259], - деп санайды.
Қазір біздің ойымызша, бұл таласты мәселені шешудің тек тарихи маңызы
ғана бар. Ол мемлекеттік одақтар егемендік және конституция сияқты
түсініктер қалыптасқанға дейін өмір сүрген болатын. Сондықтан да, қазіргі
кезеңдердегі мемлекеттің құрылымның ерекшеліктерін айқындау әдістерін
ежелгі одақтарға тікелей қолдану мүмкін емес.
Кезіндегі кеңестер одағында конфедерацияны буржуазиялық мемлекеттерге
тән [10, с 120] құбылыс ретінде бағалау үстемдік құрған болатын. Бұрын
теорияда орын алған көзқарастарда: "Буржуазный ученый, даже наиболее
современный, берет эти различные виды государственных объединений всех
исторических и даже доисторических эпох и ищет в них общие признаки,
пытается свести их всех к единой абстрактной формуле. Такая работа
бесплодна и нечего дать не может, кроме более или менее удачных,
остроумных, даже блестящих формул без всякого содержания, [11, с 84] -
деген ой үстемдік құрды. Сондықтан да, ежелгі антика дәуіріндегі
конфедерацияға қатысты пікірлер негізге алынбады.

2. Конфедеративтік мемлекеттердің құрылымдық ерекшеліктері (салыстырмалы
негізі)

2.1 Конфедеративтік мемлекеттер және олардың халықаралық деңгейі
Швецария - федеративтік парламенттік республика. Мемлекет басшысы -
Президент, жоғарғы заң шығарушы органы - екі палаталы Федералдық жиналыс
(Ұлттық кеңес пен кантондар кеңесі). Мемлекеттік тілі - неміс, француз,
италиян тілдері. Ұлттық мейрамы - Конфедерацияның негізі қаланған күн, 1
тамыз (1291).
Швейцария - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымның, Еуропалық
кеңестің (1963) мүшесі. Ақша бірлігі - швейцария франкі.
ХҮІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХҮІІІ ғасырларда үш орталық Европалық
конфедерациялар халықаралық деңгейде мойындалды. Олар 1648 жылғы Қасиетті
Рим империясын бөлу жөніндегі Вестфаль шарты негізінде қалыптасқан болатын.
Оның біріншісі - Герман ұлтының Қасиетті Рим империясы болып табылды.
Кейбір авторлар Герман ұлтының Қасиетті Рим империясын өзінің нысаны
бойынша мемлекеттегі "мемлекет" деп санайды. Мұндай мемлекет өзінің билігін
сюзеренитетке негіздей отыра, өзінің вассалдарына билік жүргізеді.
Сюзеренитет құқықтық режим ретінде XX ғасырдың басында протекторатқа
эволюциялық жолмен қатысқан болатын. Герман ұлтының Қасиетті Рим империясы
1806 жылға дейін өмір сүргенін біз білеміз. Неміс ғалымдары оны сондықтан
да одақтас мемлекет (федерация) деп санай отыра, 1806 жылдары қайта
құрылған мемлекеттердің одағы (конфедерация) деп мойындайды. Кейбір
ғалымдар оны ежелгі Герман конфедерациясы деп те санайды. Ресей авторлары,
оның ішінде Е.Р. Кастель Герман ұлтының Қасиетті Рим империясы федеративтік
құрылысқа негізделген мемлекет деп тануға ешқандай негіз жоқ деп санайды
[12, с 19].
ХVIII ғасырдағы конфедерациялардың ішінде 1579 - 1795 жж. Біріккен
провинциялар -Нидерландыны ерекше атап өтуге болады. Бұл конфедерация
өзінің таза конфедеративтік сипаты бойынша Швейцарияға, АҚШ - қа және
Герман Одағына ғана орын берді. Әдебиеттерде Нидерланды конфедерация мен
федерацияның ортасындағы мемлекет немесе мемлекеттер одағы деген
көзқарастар кездеседі. А.Д. Градовский Голландия Республикасын басқа да
конфедерациялармен салыстыра қарай отыра, оны құру жөніндегі 29 қаңтар 1579
жылғы Утрехт унии жөніндегі шартқа сүйене келе, одақтық мемлекеттердің
ерекшеліктерін табады[13, с 103].
Провинциялардан құрылған Республикалардың ерекшелігі олар мемлекет
мәртебесін иеленген болатын. Жоғарыдағы айтқан 1648 жылғы Вестфаль шартының
негізінде жаңа мемлекеттердің тәуелсіздігі мойындалды. Осы шарттың
негізінде бірнеше тәуелсіз мемлекеттер (провинциялар) біріктірілді. Оны
А.С. Ященко былай бағалайды: "Соединенные государство, предполагалось, не
образовывало суверенитет отдельного и отвлеченного от суверенитета
провинций, и оно считалось лишь потому суверенным, поскольку составляющие
его провинции были суверенны". [14, с 643] Біріккен провинциялардың
республикасында мемлекеттің мәртебесі Герман ұлтының Қасиетті Рим
империясына қарағанда мемлекет сюзеренитеті ретіндегі феодалдық
қатынастардың сарқыншағы болып табылған жоқ. Біріккен провинциялардың
республикасы бірнеше коллонияларды иемденді. Осы қырынан олардың біртұтас
мемлекеттік сипаты көрінетін болған.
Осы жерде 1367 - 1669 жж аралығында өмір сүрген Ганзей лигасы туралы
айта кеткен жөн. Оны көбінесе конфедерацияға жатқызады [15, с 3]. Кейбір
авторлар мұндай пікірмен келіспейді. Г.Еллинек оны ортағасырлық қалалардың
одағы деп бағаласа [16, с 566], ал А.А. Жилин болса, Ганзей мемлекетаралық
емес, аймақтық деңгейдегі одақ болып табылды деп санайды[17, с 130-131].
Қазіргі кезеңдегі Герман федеративтік республикасының федерация
субъектісі болып табылатын екі қаласы - Гамбург пен Бремен бүгінде
"Ганзейлік" қалалар деп ресми түрде аталады.
Конфедеративтік мемлекеттің кең тараған үлгісі әдебиеттерде кеңінен
айтылып жүрген Швейцария болып табылады. Швейцарияда конфедеративтік
мемлекет 1291 жылғы үш кантонның, яғни Ури, Швица және Унтервальденнің
арасындағы одақ құру жөніндегі шарттың негізінде қалыптасқан деп саналады.
Кейбір авторлар Швейцариядағы конфедерацияның құрылуын 1315 жыл деп
санайды, яғни Моргартенде Австриялық әскерді кантондардың жеңуімен
байланыстырады[18, с102]. Немесе 1648 жылғы халықаралық мойындаудан
Швейцария конфедерациясы бастау алатындығын да қолдайтын авторлар бар. XI
ғасырдың аяғы мен XII ғасырдың басында Швейцария аумағындағы ең ірі
феодалдық герцогтерге Церинген, Кибургтер, Савойскилер, Габсбургтердің
иеліктері жатқан болатын. Габсбургтер Ури, Швица және Унтервальдердің орман
кантондарын өзіне бағындыруға тырысты. XIII ғасырдың ортасындағы
Габсбургтермен арадағы күрестің нәтижесінде А.Н. Чистозвоновтың айтуы
бойынша мынандай келісім жасалды: "лесные кантоны заключили между собой в
августе 1291 года "вечный союз", заложивший основы Швейцарского Союза
(Швейцарской Конфедерации) как фактически самостоятельного государства в
рамках "Священной ; Римской империи". [19, с 25] Қазіргі кезде 1 тамыз
Швейцарияда конфедерацияның құрылған күні ұлттық мереке ретінде аталып
өтіледі.
Императорлар өздерінің кантондарының империяға тәуелділігін сақтай
отыра, Габсбургтердің билігінен 1291, 1297, 1309 жылдардағы граматолар
арқылы арылған болатын. Габсбургтің ормандық 1 кантондарды бағындыруға
деген әрекеттері 1315 жылғы Моргартендегі соғыстың нәтижесінде I
сәтсіздікке ұшырады.
ХІҮ - ХҮ ғасырларда Швейцария Одағы аумақтық және әскери-саяси тұрғыдан
күшейе түсті. Швейцария Одағының құрамына Габсбургтер билігіндегі Люцерн
1332 жылы кірсе, 1351 жылы I Цюрих, 1352 жылы Гларус пен Цуг, 1353 Берн
кірген болатын. Швейцария Одағының одан ары дамуы Р.В. Поповтың айтуы
бойынша былай өрбіді: "Конфедерация формировалась в постоянных войнах с
Габсбургами, стремившимися вновь подчинить освободившиеся земли. В 1386 г.
Союзники разгромили войска Габсбургов при Земнахе, в 1388 г. при Нфельсе.
Габсбурги вынуждены были признать существование Конфедерации 8 кантонов
(1389 г.). в 1481 г. к Союзу присоединились Фрибур (Фрибург) и Золотурп.
Так называемая Швейцарская или Швабская война 1499 г. закончилась
установлением фактической независимости Швейцарии от империй. В 1501 г. в
Союз были приняты на*правах кантонов Базель и Шафхаузен, в1513 г. -
Аппенцелль, таким образом, образовалась Конфедерация 13 кантонов
(просуществовавшая до 1798 г) . [20, с 18]" Швейцария конфедерациясының
құрамына өздерінің сыртқы және ішкі саясатын шешуде дербестігі бар
кангондармен қатар одақтық жерлер (Санкт-Галлен, Граубюнден, Женева т.б.)
енді.
Конфедерацияда 1798 жылға дейін орталық мемлекеттік органдар жүйесі
болған жоқ, оның орнына ара-кідік жалпыодақтық Сейм - Тагзатцунги шақырылып
отырған. Бұл Сеймде тек толық құқылы кантондардың ғана шешуші дауысы болды.
Жалпы одақтың әкімшілік, әскер, қаржы т.б. органдары болмады. Ары қарай
Швейцария конфедерациясы мына бағытта дамыған болатын: "Весной 1798 г.
французские войска вступили в Швейцарию, 5 марта заняли Берн. Конфедерация
13 кантонов распалась. 12 апреля в городе Ааргау при поддержке Франции была
провозглашена Гельветическая республика (в состав ее, наряду с прежними 13
кантонами, вошли Вале, Леман, Ааргау, Беллинцона, Лугано, Реция, Зарганс,
Тургау и Сант - Галлен), введена конституция (составлена по образцу
французской Конституции 1795 г.). Швейцария становилась централизованным
унитарным государством. Одновременно в Швейцарии развертывается и борьба
между унитариями и федералистами. В феврале 1802 г. была принята новая, так
называемая Мальмезонская конституция (от названия города Мальмезон, где
происходили переговоры унитариев с федералистами), предоставлявшая кантонам
ограниченное самоуправление. 19 февраля 1803 г. Наполеон I издал "Акт о
медитации", восстанавливающий (с некоторыми изменениями) существовавшее до
1798 г. государственное устройство Швейцарии. Кроме прежних 13 кантонов, в
состав Союза включались Граубюндсн, Ааргау, Тургау, Санкт-Галдлен, Тичино".
[21, с 102]
Кейіннен Наполеонның империясы құлай бастағанда Швейцарияның Одақтық
Сеймі "Медиация туралы актіні" жойды. Швейцария 1813 жылдың 29
желтоқсанында нейтралитет (қалыс қалу) ұстайтындығын жариялады. 1815 жылғы
20 наурыздағы Декларациямен Швейцария "мәңгілік нейтралитет" ұстайтындығын
негіздеді.
1815 жылғы тамыз айында мақұлданған жаңа одақ туралы шартқа сәйкес
Швейцария конфедерациясының құрамындағы кантодар өздерінің тәуелсіздігін
сақтап қалды. Швейцария 22 тәуелсіз кантондардың бірлестігі болып табылды.
Кантондардың өздері шығаратын ақшалары, өздерінің азаматтықтары болды.
Сыртқы елдермен сауда - саттық қатынастарына дербес өз аттарынан түсе
алатын. Сонымен бірге, мемлекеттің ішкі құрылысын, басқару жүйесін дербес
анықтай алатын еді. Бір кантонның тұрғындары араларында өзара келісім
болмаса, екінші бір кантонға барып тұра алмайтын еді. Одақтық билікке
негізінен саяси және әскери мәселелерді шешу берілген. Швейцария парлам
Сейм өкілді орган емес, кантондардың уәкілетті жиналысы қызметін атқарды.
Сеймнің сессиялары беделді үш кантон - Берн, Цюрих, Люцернде өткізілді.
Конфедерацияның Үкіметі - Атқару Кеңесінің ешқандай өкілеттігі болмады.
Одақтың қаржылық негізі болған жоқ. Қоғам өміріндегі экономикалық және
саяси мәселелердің барлығын кантондар шешкен болатын. Сондықтан 1815 жылы
Швейцарияда конфедерациялық құрылым қайтадан орнына келтірілді. Көптеген
авторлар Швейцариядағы 1815 - 1848 жылдар аралығындағы құрылымды
Конфедерация деп толығымен мойындайды. Швейцарияда 1291 және 1798 жылдар
аралығында, 1815-1848 жылдарда конфедерациялық құрылым үстемдік құрды.
ІІІвейцариядағы экономикалық дағдарыстың өрши түсуі 1829 жылдары Жаңа
Одақтық билік жүйесін қалыптастыруды алға тартты. Оның негізі болып 1787
жылғы АҚШ Конституциясындағы билік жүйесі алынды. Швейцариядағы әртүрлі
саяси теке-тірестердің нәтижесінде 1848 жылы Конституция қабылданады. Оған
сәйкес Швейцария мемлекеттердің одағынан (stuutenband), одақтық мемлекетке
(Bundesstat) айналады. Яғни, бұл Швейцарияның федеративтік мемлекет
болғандығын білдіреді. 1848 жылғы конституцияға сәйкес Швейцария біртұтас
федеративтік мемлекет болды. Орталық заң шығару органы-федеративтік
жиналыс құрылды. Ол екі палатадан тұрды: Ұлттық Кеңес және Кантондар
Кеңесі. Атқару билігін федеративтік кеңес жүзеге асырды. Астанасы-Берн
қаласы болып белгіленді. Ал 29 мамыр 1874 жылы конституция орталық билік
органдарының өкілеттігін кеңейтті. Шіркеудің қызметін шектеді, федеральдық
сотты құрды.
Конфедерациялық мемлекеттер көріп отырғанымыздай, біркелкі құрылып өмір
сүрген жоқ. Олар негізінен сол кезеңдердегі өзгерістерге бейімделе отыра,
бірде гүлдене түсе, бірде жойылып кетіп тұрды.

2.2 Мемлекеттердің қызметтері

Билiк - қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету”
сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану, саясаттану
ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр.
Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық,
ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің,
зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-
құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың
пішімі.
Билік - көп қырлы ұғым. Ол қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік-
табиғи айырмашылықтарға, субьективті-обьективті қарым-қатынастарға
байланысты қалыптасады. Оның мақсаты - қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету,
ал ішкі мән-мазмұны - үстемдік пен бағыныштылықты орнықтыру. Экономикалық,
саяси, құқықтық, әскери, рухани және отбасылық билік түрлерінің арасында
қоғамдық дамудың ұйытқысы әрі саяси күрестің негізгі нысаны болып саналатын
мемлекеттік биліктің маңызы ерекше. Өкіметтің ерік-қалауын топтастыру,
айрықша басқару аппаратын иелену, арнаулы органдар дербестігін қамтамасыз
етіп, қоғамдық тұрмысты тәртіпке келтіру ісіне дара иелік ету, қоғам мен
жеке тұлға қарым-қатынасында мәжбүрлеу мүмкіндігіне жету билікке тән
белгілер болып табылады. Субьектінің мақсатына орай биліктің нысанына ықпал
ету үшін пайдаланылатын құралдардың барлығы “билік ресурстарын” құрайды.
Мысалы, қоғамдық өндіріс пен тұтынымға қажетті материалдық игіліктер, ақша,
құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар, т.б. — биліктің экономиялық ресурсы, ал
әлеуметтік, әскери, т.с.с. ресурстарды туындатушы әмбебап қор саналатын
адамзат баласы демографиялық ресурс ретінде бағаланады.
Биліктің негізгі міндеті — қоғамды басқарудың стратегиясын айқындап,
дамудың негізгі бағыттары бойынша нақты шаралар қолдану, әлеуметтік
процестерді шұғыл басқарып, дамудың орнықтылығы мен сындарлылығының маңызды
өлшемдеріне бақылау орнату, ал ең басты принципі — оның заңдылығы
(легитимділігі). Билік әлеуметтік құрылымның ең күрделі әлеуметтік және
саяси қарым-қатынастарын қамтитын қоғамдық, ұжымдар мен олардың арасындағы
қарым-қатынастарды қамтитын көпшілік немесе қауымдық және жеке адамдық,
шағын топтық деңгейлерінде салтанат құрып, қызмет атқарады. Саясаттану
ілімінде биліктің пайда болып, жүзеге асуының әр қилы пішімі зерделенеді.
Ол басқару пішіміне орай — монархиялық (абсолюттік және конституциялық),
республикалық (президенттік және парламенттік); мемлекет құрылысының
пішіміне орай — унитарлық, федеративтік, конфедеративтік; саяси режиміне
орай — тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық; саяси ағымына орай
консервативтік, неоконсервативтік, либералдық, неолибералдық, социал-
демократиялық болуы мүмкін. Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот қызметі
тармақтарына бөлу жаңа дәуірдің үлкен теориялық жаңалығы болды. Олардың
арасында тежеу мен тепе-теңдік жүйесінің болуы, яғни дербес билік
тармақтарының өзара үйлесімділігін сақтау, олардың заңға бағынуын
қамтамасыз ету принципі демократиялық, азаматтық қоғам орнатып, құқықтық
мемлекет құруға берік негіз қалайды.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы
қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ.
Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар
мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар
бар:
Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын
ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға,
тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін
бірігуінен деп санайды.
Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций,
Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың
келісімі арқылы пайда болды.
Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский.
Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.
Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович,
К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде
арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.
Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев,
Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен
деп түсіндіреді.
Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі
бақи тән болған дегенді айтады.
Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған
дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап,
басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.
Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде,
татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді
асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет
негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып,
ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.
Мемлекеттің мынадай белгілері болады:
1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің
өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке
байланысты аумақтық бөлінуге әкелді. Аудан, облыс, штат, т.с.с. пайда
болды.
2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу
үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу,
баспасөз, т.б. құралдар қажет болады.
3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол – ішкі және сыртқы істерін
атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.
4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс
жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.
5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады.
6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол
елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды[22].
Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа ұйымдардан ерекшелендіреді.
Мемлекеттің ішкі, сыртқы қызметтері болады.
Ішкі:
Экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде
мәселелерді шешеді. Экономикалық бағдарламаны жасайды. Халық шаруашылығының
әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық
интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін
енгізуге, т.с.с. қатысады.
Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін
көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді
жетілдірумен айналысады.
Заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға,
қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік – зорлыққа жол бермеуге
басшылық етеді.
Мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу-ағарту
ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.
Сыртқы:
Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау.
Өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым-
қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін
қамтамасыз ету.
Өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, өтімділігіне,
тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер
кезінде мәліметтер беру және т.б.
Жалпы азаматтық, аймақтық саяси негізде интеграциялық процестерді
дамыту.
Қорытындылай келе, мемлекеттің ең басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын
орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, жіктерге
бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттің түрлері
Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және
мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Мемлекеттің үш жағы
бар:
Басқару түрі.
Саяси тәртібі.
Мемлекеттік құрылысы.
Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді.
Монархия деп – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір
билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін
айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді. Абсолюттік
монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де
шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылысты айтады. Мысалы: Ресейдегі
Романовтар әулеті. Қазір басқарудың мұндай түрі жоқ.
Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң
шығаратын билік парламентпен шектеледі. Қазір Бельгия, Голландия, Дания,
Иордания, Испания, Норвегия, Люксембург, Морокко, Жапонияда сақталған.
Республика деп – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі
бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын
мемлекеттік басқарудың түрін айтады.
Республика президенттік және парламенттік болып бөлінеді.
Президенттік басқаруда мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент
болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлайды. Егер президентті
парламент сайласа, парламенттік президент дейді. Конституция бойынша
президентке белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конфедеративтік мемлекеттер бірлестігі
Мемлекет түсінігінің пайда болуы
Мемлекет нысаны ұғымы
Мемлекет және азаматтық қоғам. Азаматтық қоғам ұғымы
Мемлекет нысанының элементтері
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
Мемлекетің құрылым нысаны
ТМД - ның қалыптасуы мен даму проблемалары
Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны түрлері
Мемлекеттің құрылымдық нысаны
Пәндер