Тұк дамушы нарықтарқа кіруінің стратегиялары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.5

I.ТАРАУ. ТҰК ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ..6.22
1.1. ТҰК ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ РӨЛІ ... ... ... ... ..6.9
1.2. ТҰК ОТАНДЫҚ СЕКТОРЫНЫҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10.15
1.3. ТҰК ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ ... ... ... 15.18
1.4. ТҰК ДАМУШЫ НАРЫҚҚА КІРУІНІҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫ ... ... .18.22

II.ТАРАУ. ТҰК ДАМУШЫ НАРЫҚТАРҚА КІРУІНІҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫ ... ... ... ...23.35
2.1. ТҰК ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ... ... ... ... ...23.27
2.2. ТҰК ҚАЗАҚСТАН НАРЫҒЫНА ШЫҒУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫ ... ... ... ...28.35

III.ТАРАУ. ТҰК.Ң ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ПРОБЛЕМАМАЛАРЫ
МЕН БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36.42
3.1. ТҰК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... .36.42

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43.46
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47.50
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50.52

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
тақырыбы:
Жаңа дамушы нарықтарға кірудегі ТҰК-ң стратегиялары

Орындаған: Әлемдік экономика
мамандығының 4 курс студенті
Сейтжанов Ержан
_______________________________

Ғылыми жетекші:
Әлемдік экономика кафедрасының оқытушысы
Садыханова Д.А.
_______________________________

Қорғауға жіберілді:
_______________________________
________ ______________2006ж.
Әлемдік экономика кафедрасының
меңгерушісі э.ғ.к., доцент Тұмбай Ж.О.

Алматы, 2006

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5

I-тарау. тұк ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .6-22

1. ТҰК ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ РӨЛІ ... ... ... ... ..6-9

2. ТҰК ОТАНДЫҚ СЕКТОРЫНЫҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .10-
15

3. ТҰК ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІН

ҰЙЫМДАСТЫРУдың МАҢЫЗДЫ ФАКТОРы ... ... ... ... ... ... ... ..15-18

4. ТҰК ДАМУШЫ НАРЫҚҚА КІРУІНІҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫ ... ... .18-22

II-тарау. ТҰК ДАМУШЫ НАРЫҚтарҚА КІРУІНІҢ

СТРАТЕГИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 23-35

2.1. ТҰК ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ...23-27
2.2. ТҰК ҚАЗАҚСТАН НАРЫҒЫНА ШЫҒУЫНЫҢ

СТРАТЕГИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...28-35

III-ТАРАУ. ТҰК-Ң ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ПРОБЛЕМАМАЛАРЫ
МЕН БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36-42

3.1. ТҰК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ..36-42

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 43-46

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...47-50

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...50-5 2

КІРІСПЕ

Жергілікті ұлтаралық (елдер арасында) интеграция процестері бүкіл
әлемде қарқынды жүруде. Шаруашылық процестерінің ұлттандырылуы жеке
капиталистік мемлекетаралық интеграциялық үрдістердің нәтижесінде
тереңдетіліп жатыр. Ерекше маңызға әлемдік кеңістіктегі кең таралған
нарықтық құрылым болып табылатын трансұлттық корпорациялар ие болуда. 80-ші
жылдардың аяғында трансұлттық корпрациялардың үлесіне тауар мен қызмет
көрсетудің әлемдік өндірісінің 15 % астамы келді. ТҰК ұлттық экономикаларды
географиялық белгісіне (ортақ шекараларды есепке ала отырып) ғана қарай
емес, сондай-ақ терең экономикалық, ұдайы өндіріс қарым-қатынастар
негізінде де біріктіреді. Бүгінгі таңда әлемде шамамен 44 мың трансұлттық
компаниялар бар. Ұлттық экономикалардың даму қарқыны құрылымдық
өзгерістерге, әрдайым шектеулі қордың салалық қосымшаларындағы таңдап
алынған артықшылықтардың негізділігіне тәуелді болып келуде.
Бүгінгі таңда ТҰК – әлемдік қоғам мен әлемдік экономика ғаламдануының
негізгі және нақты факторы ғана емес, сондай-ақ әлсіз ұлттық экономикаларды
тежеп, олардың дамуына мүмкіндік бермейтін және ғаламдандырылған әлемдік
кеңістікте мемлекеттер деңгейінде Кедейлер кедейлене, байлар байи түседі
деген әйгілі классикалық капиталистік принципті бекітетін ауқымды
масштабтағы саяси биліктің орталықтары да болып табылады.
Сондықтан ұйымдастыру-басқару экономикалық жүйесі тұрғысынан алғанда
ТҰК мәселесі теориялық және практикалық аспетілерде де аса маңызды. Оның
ғылыми зерттемесі Еуропалық Одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы,
Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық сияқты нақты жобаларды дұрыс түсінуде
(қоғам және мемлекеттің саяси элитасымен) маңызды. ТҰК халықарлық еңбек
бөлінісінің маңызды факторы бола бастаса, Қазақстанға осы әлемдік
экономикалық кеңістікте өз орнын алу қажет. 90-шы жылдардың басынан бастап
Қазақстан Республикасының нарығына негізінен жер асты өндірісімен басым
айналысатын ТҰҚ үлкен саны кірді. Жоғарыда айтылғандардың барлығы бітіру
(дипломдық) жұмысының маңыздылығын айқындайды.
ТҰК зерттеу жұмыстарының объектісіне шамамен XX-шы ғасырдың 50-ші
жылдарынан бастап айналды. Ол кезеңде ТҰК әлем бойынша АҚШ-та ең алғаш рет
пайда болса, қазіргі шарттармен алғанда Xerox, IBM, General Electric,
Dupont, General Motors, Coca Cola тәрізді ғаламдық-жүйелік ұйымдастыру
құрылымдары түрінде қызмет жасады. ТҰК мәселесі мен оның қолданбалы
зерттемесі (ең алдымен 70-90-шы жылдардағы өтпелі экономикаларға арналған)
жөнінде көлемді еңбек жазған неміс зерттеушісі П.Фишер 1960-шы жылдан 1991-
ші жылға дейінгі уақытта осы феноменға қатысты пайда болған зерттеу
парадигмаларының тізімін келтіріп, оның экономика, маркетинг, халықаралық
бизнес, халықаралық экономика, саясаттану[1] пәндерінің шеңберінде
зерттелгендігін айтады. Осы парадигмалардың әрқайсысына баға бере отырып,
П.Фишер олардың барлығы ТҰК-ұйымдастырушы құрылымдар мен тікелей шетелдік
инвестициялау (ТШИ) процестерінің арасындағы тығыз қарым-қатынасты
көрсететіндігін атап өтті. Нақтылай айтқанда, қазіргі таңдағы экономикада
шешуші рөл ойнайтын тікелей шетелдік инвестициялардың дамуы ғаламдық
жүйелік ТҰК пайда болуына міндетті деген тезисті ұстанды. Осыдан келіп
қазіргі таңдағы экономика – бұл ТҰК бағытталған экономика, ал шетелдік
тікелей инвестициялау тек қана мемлекет-донорларға (инвестиция келетін
мемлекет) ғана емес, сонымен қатар мемлекет-қабылдаушыларға (инвестиция
алатын мемлекет) да тиімді деген қорытынды шығады. Алайда бұл зерттеу
жұмыстарында ТҰК ұйымдастырылған түрлері маңызды болса да, арнайы түрде
қарастырылмайды, өйткені олардың құрамында қазіргі экономикада инновациялық
менеджмент (басқару) жүйесіне, мәдениет аралық (көпұлттық) бизнестің
ұйымдастырылу түрлеріне көшу ТҰК бағытталған экономика тұрғысынан
қарастырылатын тиімді экономикалық модель тудырады деген қалыптасқан ой
бар. Шынымен де Триада мемлекеттерінің - үлкен жетінің тиімді
экономикаларының (дамыған елдердің) қалыптасуы озық (ғаламдық жүйелік) ТҰК
алдымен АҚШ-та (50-ші жылдар), одан кейін (70-80-ші жылдар) Жапония мен
Еуропада (Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Испания) пайда болуымен
қатар жүріп келе жатыр. Осылайша, нарықтық шаруашылықтың әртүрлі деңгейде
таралған субъектілері болып саналатын ТҰК-ды микроэкономикалық дәрежедегі
ғаламданған (ақпараттық-қарым-қатынастық) экономикалық кеңістіктің тиімді
ұйымдастырылуына әсер ететін жүйелер деп айтуға болады. Олар әлемді өз
саудасының мәдениет аралық нарығымен ғана емес, сонымен бірге ақпараттық-
қарым-қатынастық ұйымдастыруымен әлемді біріктіретін конвергенттік
технологиялар. Қысқаша айтқанда, олар ноу-хау көмегімен ғаламданған
экономикалық кеңістікті ұйымдастырушылар қызметін атқарады.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасын мысалға ала
отырып дамушы нарықтарға кіру кезеңіндегі ТҰК-ды зерттеу.
Жоғарыда аталған мақсатқа сай төмендегідей мәселелер (тапсырмалар)
туындайды:
- экономикадағы ТҰК-дың мәні мен рөлін айқындау;
- ТҰК отандық секторының даму мүмкіндіктерін зерттеу;
- ТҰК-ды әлемдік шаруашылық жүйесін ұйымдастырудың маңызды факторы
ретінде қарастыру;
- ТҰК-дың дамушы нарықтарға кіруінің стратегияларын анықтау;
- Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы ТҰК-дың даму
мәселесіне сараптама жасау;
- ТҰК-дың отандық нарыққа шығуының стратегияларын қарастыру;
- ТҰК-дың Қазақстандағы даму болашағын айқындау;
- қабылдаушы мемлекеттегі ТҰК қызметінің оң және теріс нәтижелерін
анықтау;
-ТҰК қызметін тәртіптеудің халықаралық-құқықтық және ұлттық
механизмдерін қарастыру.
Зерттеу жұмысының объектісі: трансұлттық корпорациялар (ТҰК).
Зерттеу жұмысының пәні ТҰК-дың дамушы елдердің нарығына кіру кезінде
пайда болатын экономикалық қарым-қатынастар.
Бітіру (дипломдық) жұмысын жазу барысында таңдап алынған тақырыпқа
байланысты көптеген әдебиет зерттелінді. Мәселен, Қазақстан Республикасы
экономикалық теориясының маңызды проблемаларын зерттеуде Аубакиров Я.А.,
Ашимбаева А.Т., Байзақов С.Б., Батыршаұлы С., Елемесов Р.Е., Есентүгелов
А.Е., Жатқанбаев Е.Б., Кенжегузин М.Б., Кошанов А.К., Кубаев Е.К.,
Мухамедиев Б.М., Нарибаев К.Н., Нурланова Н.К., Нысанбаев С.Н., Оспанов
С.С., Рамазанов А.А., Сухова Л.Ф., Шеденов У.К. және т.б. сияқты отандық
экономистер үлкен үлес қосты.
Соңғы жылдарда ТҰК-дың жеке теориялық және практикалық аспектілерін
Амренова М., Баильдинова Е., Баймұратова У.Б., Бейсенова Л., Берентаева
К.Б., Егармина И., Карабасова И., Кенжебаева С, Кожакулова О., Кулекеева
Ж.., Мауленова К.С., Музапарова Л., Сайрамбаева Ж.Т., Сидоренко Е.Н. және
тағы басқалардың еңбектері қамтиды.
Дипломдық жұмыс құрамына кіріспе және қорытынды, үш бөлім, алты
бөлімшелер, әдебиет тізімі мен қосымшалар кіреді.

I-ТАРАУ. ТҰК ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1. ТҰК экономикадағы түсінігі, мӘні жӘне рӨлі

Әлемдік экономиканың интернационализациялану шарттарында моноұлттық
әлеуметтік-экономикалық одақтар түрі жағынан интернационалдық болып қалған,
ал құрамы жағынан біртекті болып келетін саяси мемлекеттік құрылымдарға
біртіндеп айналуда. Өндірісті әлемдік деңгейде арнайландыру және
кооперациялау қағидаттары бойынша қызмет жасайтын көпсалалық құрылымдар
пайда болып жатыр. Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) деп аталатын бұл одақтар
әлемдік шаруашылық қарым-қатынастарының негізгі қозғаушы күшіне айналды.
Әлемдік экономикада ең кең таралған нарықтық құрылымдар болып саналатын ТҰК
үлесіне XX-шы ғасырдың 90-шы жылдарының басында тауарлар мен қызмет
көрсетудің ғаламдық өндірісінің 15-20% келді. Олар ұлттық экономикаларды
географиялық қана емес (шекаралардың ортақтығы), сонымен қатар терең қайта
жандандыру қарым-қатынастарының негізінде де біріктіреді.
ТҰК капитал мен өндірістің шоғырландырылу мөлшері мен деңгейіне,
халықаралық экономикалық қатынастарға ықпал етуіне, орналасқан мемлекет пен
қабылдап жатқан мемлекеттің экономикасына қарай бірдей болып келе бермейді.
80-ші жылдардың аяғында екі немесе және одан да көп мемлекеттерде
филиалдары бар 11 мың корпорация есепке алынған. Бірақ БҰҰ-ның сарапшылары
ең ірі деген ТҰК-ға негізінен көңіл аударды. 1989-1990-шы жылдар аралығында
олар сату мөлшері 1 млрд. АҚШ долларынан асатын 600 ТҰК-ды зерттеген. Ал
200-ге шақ ТҰК-дың 20-дан астам мемлекетте филиалдары болған.
80-ші жылдары трансұлттық корпорациялардың біріктірілу түрлері
белсендіріле түсті. Ғылыми-техникалыық жұмыстардың жаңа сатысы,
бәсекелестің күшеюі ТҰК ғаламдық одақтарының қалыптасу бағытын туғызды.
Аталған процесс әлемдің озық елдері АҚШ, Жапония, Еуропа елдерінде
байқалуда. Әлемнің ең ірі 100 ТҰК 44-і АҚШ-та, 18-і Жапонияда 7-і
Германияда, 6-ы Англияда, 5-і Францияда, 4-і Оңтүстік Кореяда, 3-і
Италияда, Канадада және Нидерландыда қызмет жасайды.

Кесте 1. Шетел активтерінің мөлшері бойынша сұрыпталған ірі ТҰК

ТҰК рейтингі ТҰК Мемлекет
Кіші кәсіпорындар (200 жуық 91 12,8
жұмыскерлер)
Орта кәсіпорындар (200-500 7,4 9,8
жұмыскерлер)
Ірі кәсіпорындар (500 астам 1,6 77,4
жұмыскерлер)

Ескерту – Кесте 2005ж. ҚР статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері
бойынша құрастырылды.

Кестеде 2 Қазақстан экономикасы өндірісінің шоғырландыру деңгейі
көрсетілген. Көргеніміздей, кәсіпорындардың жалпы санының 1,6% құрайтын ірі
кәсіпорындар республиканың барлық өнімінің 77% өндірген, ал Испат-Кармет
ірі корпорациясының үлесіне мемлекеттің барлық жалпы ішкі өнімінің 10%
келеді [5, Б, 98, 99]. Жоғарыда аталған корпорациялардың ең ірілері
(олардың саны оннан асады) экономиканың нақты секторындағы төлем мүмкіндігі
сұранысын қамтиды. Олардың қатарына ҚазақОйл, Харрикейн Құмкөл Мұнай,
Шымкентмұнайоргсинтез, КЕГОК, Испат-Кармет, Қазақмыс корпорациясы,
Қазцинк, Қазақстан Алюминийі, Өскемен титан-магний комбинаты,
Қазхром тәрізді жанар-жағар май мен шикізат экспортерлары кіреді.
Қазақстанның қаржы саласында екі ең ірі банкті бөліп көрсетуге болады:
құнды қағаздары (еуробондат, GDR) Еуропа мен Азия елдерінің қор
нарықтарында айналып жүрген Қазкоммерцбанк және барлық жеке тұлғалар
салымының 65% бар Қазақстанның Халық банкі. Қазақстанға қаржы жүйесін
нөлден бастауға тура келді, ал оның кәмелетке жетуі үшін тағы да 10-15
жылдай қажет. Шындығында дамыған Қазақстан қаржы нарығының бар екендігі
жөнінде сөз қозғау мүмкін емес. 2005-ші жылға арнаған статистика жөніндегі
агенттіктің мәліметтері бойынша мемлекеттің ірі және орта кәсіпорындарының
жартысына жуығы аз табыс әкеледі немесе мүлде әкелмейді. Жоғарыда аталған
корпорациялардың көпшілігі бюджетке қарыз. Оларға корпоративтік басқарудың
әлсіздігі тән. Осы корпорациялар арасында әлемдік кластағы корпорациялар
жоқ, өйткені олар негізгі капиталының кішкене мөлшерімен және нарықтық
капитализацияның төменгі деңгейімен сипатталады, сондықтан
геобәсекелестіктің талаптарына сай келмейді (капитализация деңгейі 1 млрд.
АҚШ доллары).
Осы құбылыстардың барлығы өндіріс пен капиталдың одан әрі шоғырлану,
банктік және өндірістік капиталдың қосылу, дамыған қаржы жүйесінің
қалыптасу процестерін тежейді, бұл әрине қаржы-өндірістік топтар мен
трансұлттық корпорацияларды ұйымдастыру үшін тиімді жағдайлар жасамайды.

1.3. ТҰК Әлемдік шаруашылық жүйесін ұйымдастырудың маңызды факторы

Трансұлттық компаниялар мемлекеттердің бәсекелестік мүмкіндіктерін
қалыптастыру мен халықаралық нарықтарда олардың бәсекелестік мүмкіндіктерін
жүзеге асырудың негізгі факторлары болып саналады. Техникалық даму,
өндіріс, сату, тәуекел қабылдаудағы мүмкіндіктер мен қызмет оларды әлемдік
нарықтағы негізгі қатысушылар және осының барысындағы тікелей жеңіске
немесе жеңіліске жетушілер етеді. Мемлекеттің өркендеуі біршама деңгейде
оның территориясында қызмет ететін ТҰК сәттілігіне тәуелді, алайда бұл
жерде де үлкен рөлді мемлекеттік экономикалық саясат ойнайды. Осыдан келіп
ТҰК бір жағынан, мемлекеттік институттар мен ұйымдармен екінші жағынан
өзара қарым-қатынас туындайды.
Халықаралық корпорациялар – осы процеске қатысатын арнайы қызмет
жасайтын тұлғалар. Олар өзге экономикалардың бәсекелестік мүмкіндіктерін
қалыптастыратын факторларға нарықтық механизмдер арқылы шешуші ықпал ететін
рөлді алған мемлекеттің экономикалық агенттері болып табылады. Бұл ықпал
етілген мемлекеттердің салыстырмалы артықшылықтарына өзгеріс енгізуге
мүмкіндік береді. Мұндай жағдай осы және басқа мемлекеттің мүдделеріне сай
келмей, онымен жанжалдық жағдайға да келуі мүмкін. ТҰК халықаралық
бәсекеге әрқалай және әртүрлі деңгейде түседі. Мемлекеттер деңгейінде олар
жергілікті компаниялармен немесе нарық үшін халықаралық компаниялармен, ал
кейде жергілікті демеу қаржысы немесе жеңілдіктері үшін бәсекеге түседі.
Сондай-ақ халықаралық деңгейде де бәсекелеседі.
Аталған күрделі әрі жанжалды жүйе шеңберінде ТҰК мен мемлекет және
үкімет арасындағы қарым-қатынастың екі саласы бар. Біріншісі –
корпорацияның отандық құрылымы мен оның отанының үкіметімен арасындағы,
екіншісі- компания мен қабылдаушы мемлекет арасындағы қарым-қатынас. Аналық
компания және отан.
Қызметін басқа мемлекеттерде таратқан көптеген корпорациялардың тарихы
қарапайым формуламен сипатталатын: сатып алушы нарық артынан жүреді, жалау
сатып алушы артынан жүреді, ал әскер жалау артынан жүреді. Қазір бұл
формуланы ешкім негізге алмайды. Бүгінгі таңда ұлттық мемлекет билігін
кеңейтуде ТҰК үкімет арқылы қолданылуының айқын мысалдары жөқ.
ТҰК мен оның отаны арасындағы қарым-қатынасты сипаттайтын халықаралық
деңгейдегі ортақ формуланы табу мүмкін емес. Үкімет пен кәсіпкерлік
арасында тарихи тығыз қарым-қатынас болған мемлекеттерде ондай қатынас ары
қарай жалғасын таба береді, сонда корпорация өз қызметін ұлттық шекарадан
тыс кеңейтеді. Бұл сатыда әскер арсеналындағы соңғы құрал болып және
азаматтар өмірін қорғау ТҰК мүдделерінен жоғары болған ерекше жағдайларда
щақырылады.
ТҰК мемлекеттік экономикалық қолдаудың әртүрлі формаларын қажет етеді.
Ол ғылыми-зерртеу және тәжірбиелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ)
қолдау, белгілі бір жоғарғы технологиялық салалардың пайдасына шешілетін
арнайы субсидиялар, бизнес облысында жиі трансұлттық компанияларға
айналатын ұлттық чемпиондарды қалыптастыру болуы мүмкін. Ақпарат, өнім
өндіру саласын талпыныру, дипломаттық құралдар мен отандық қызметтердің
көмегімен трансұлттық корпорацияларға тікелей қолдау жасаудың мысалдары да
белгілі.
Жеке мемлекеттерде (мысалы, АҚШ) ұлттық стратегиялық мүдделерге шетел
инвестицияларынан келетін шығынның алдын алу маңызды мәселеге айналды.
Америка әкімшілігі саяси және стратегиялық себеп – жаумен сауда заңының
көмегімен АҚШ территориясында қызмет жасайтын шетел ТҰК саудасы мен
инвестициясына әртүрлі тыйым салуды күшейту мүмкіндігін дәлелдеді. Осы заң
мен оның нұсқалары (өзгерістерімен) АҚШ пен ЕО жанжалдың көзі болып Куба
еліне қарсы дауда қолданылды.
ТҰК қабылдаушы мемлекеттердің көпшілігінен экономикалық жағынан
басымдырақ болып келеді. ТҰК өз күшін налық деңгейін төмендету, қаржы
саласында жеңілдіктерге қол жеткізу, нарықты қорғау үшін жергілікті
үкіметке қысым көрсету және т.б. мақсаттарында қолданады. Жауап ретінде
үкімет тыйым салу мен шектеу шараларын қолданады, тіпті меншікті ұлттандыру
мен экспроприация жұмыстарын жүргізеді. Трансұлттық компаниялар жергілікті
үкімет саясатына араласып, өз талаптарын орындайтын жаңа үкімет құруға
байланысты кампаниялар бастаған жағдайлар да таныс. Кейбір бұрынғы
социалистік мемлекеттердегі жекешелендіру трансұлттар арқылы жергілікті
компанияларды сатып алуда болған пара беру мен коррупцияның мысалы бола
алады. Кейбір ТҰК сауда барысында қызығушылық білдіргендері үшін
жауапкершілік тартпайтындығы туралы айтады. Олардың ойынша жергілікті
қауымның дәстүрлерін сақтаған жағдайда ғана кәсіпкерлік қызмет мүмкін
болады. Мұндай жағдайда жергілікті және шетел жауакершілігін айыру қиын.
ТҰК стратегиясында маңызды рөл мемлекеттік тәуекелдердің
қысқартылуына беріледі. Капитал импортына ықпал ететін негізгі саяси,
экономикалық және адами факторлар:
– Қабылдаушы мемлекеттердегі саяси тұрақтылық, тиісті заң мен
экономикалық саясаттың сипаты, оның ақиқаттылығы мен болжамдылығы.
– Ұлттық және шетел компанияларына қатысты қабылдаушы үкіметтің
позициясы мен саясаты.
– Ұлттық және халықаралық нарықтық жағдайлар мен бағыттарды есепке
алғандағы экономикалық саясат шеңберіндегі мемлекеттің нақты және дұрыс
құрастырылған стратегиялық мақсаттары, оларды жүзеге асыру құралдарының
баршылығы.
– Өндірістің жергілікті факторлары мен ресурстарға деген бағаны
мемлекеттің халықаралық стандарттар бойынша төменгі деңгейде сақтауы.
– Жұмыс күші мен кәсіпкерлердің еңбек қабілеттерінің деңгейі, оларды
жетілдіретін институттардың бар болуы, еңбек тәртібі мен моралдық-
этикалық стандарттары.
– Саясатқа ықпал ететін қауым мен институттардың щетелдік компанияларға
деген қарым-қатынасы.
1990-шы жылдардағы ТҰК қызметі қабылдаушы мемлекеттің экономикасына
әрқалай әсер етті. Бір жағынан, олардың мемлекетте болуының жағымды
нәтижелері айқын болды: капитал мен экспорт деңгейі көтерілді, басқару мен
маркетинг тәсілдері жаңартылды, жаңа технологиялар тез қарқынмен енді, ішкі
нарыққа келетін қойылым жақсарды, жергілікті өнімді әлемдік нарыққа шығару
үшін күш салу қажет емес, ТҰК басып алған нарыққа шығады, халықаралық
нарықта құрметке ие болған ТҰК сауда маркасы қолданылады, халықаралық
компанияларға жұмысқа қабылданғандардың табыстары артты.
Екінші жағынан, ТҰК болуының жағымсыз нәтижелері де болды:
– ТҰК ғаламданған сектор болатындықтан экономикаға өзгеріс әкеледі,
табыс теңсіздігі мен тыйым салуларға алып келетін олардың даму
деңгейлері мен қабылдаушы мемлекеттің ұлттық экономикасының басқа
секторларының арасында үлкен айырмашылық. Мақсаты мемлекеттің ішкі
нарығын жаулап алу болатын корпорациялар осы мемлекетке импорт қарқынын
өсіргені және жергілікті тауарлар мен компанияларды тыс қалдырғаны үшін
сынға түседі;
– Басқа, ортақ макроэкономикалық проблема да бар: ТҰК арқылы болатын
халықаралық экономикалық интеграцияның деңгейі жоғары болған сайын
мемлекетте осы корпорациялардың халықаралық нарықтық қысым, айналымдық
өзгерістер, бәсекелестіктер, алыпсатарлық өзгерістер сияқты
стратегиялары да еркін таралады;
– ТҰК бірқатар проблемалар мен дилеммаларға тап болады: қабылдаушы
мемлекеттерде тәртіптеуден басқа еңбек қатынастары, қоршаған ортаны
қорғау және басқа да проблемаларға байланысты келісімдер мен ережелер
бар. Көп жағдайларда ТҰК мұндай проблемаларды шешуге талпынбайды және
олардың себебінен аналық компанияның отанында жұмыс істеуді тоқтатады;
– ТҰК өз отанының территориясынан шыға отырып оның төлем балансына
нұқсан келтіреді;
– ТҰК қабылдаушы мемлекетке өзінің тікелей және портфельді
инвестицияларымен келе отырып елдің стратегиялық мүдделеріне зиян
келтіруі мүмкін
Қазіргі әлемде қабылдаушы мемлекеттің әлсіздеуі ТҰК мүддесіне сай
келмейді. Олар, керісінше бөлімшелері орналасқан мемлекеттің экономикалық,
саяси және әлеуметтік тұрақтылығын қалайды. Екінші жағынан олардың қызметі
ауру экономикасы бар әлсіз елдерді құтқарудың құралы емес. Қабылдаушы
мемлекеттердің үкіметі әкімшілік мүмкіндіктер, әлемнің басқа
мемлекеттерінің ТҰК жұмыс істеу тәжірибесі сияқты көптеген тәсілдер
көмегімен ТҰК жұмысының тиімсіз нәтижелерінен алыс бола алады.

1.4. ТҰК дамушы нарықтарға кіруінің стратегиялары

Капиталды елден алып шығу ТҰК ішкі экономикалық қызметінің басты
формасы болып табылады. Шетелдегі тікелей шетел инвестицияларының 90 %
жуығын 400 ТҰК басқарса, оның 60 осы инвестициялардың жартысын бақылауға
алады. Халықаралық несиелердің басты бөлігі 20 трансұлттық банкілердің
бақылауында.
Дамушы елдердің жаңа нарықтарына кіруде ТҰК қолданатын бірнеше
стратегиялар бар, олар: өндірістік кооперация, тікелей инвестиция,
транзиттік стратегия және т.б.
Шетел бөлімшелерінің ТҰК аналық компаниялармен біріккен өндірістік
кооперациясы қарқынды формаларға ие болуда. Мәселен, соңғы 20 жылдарда
машина жасау компаниялары әлемдік нарыққа біріккен өнім шығаратын және
аналық компаниялардың кәсіпорындарымен қамтамасыз етілетін бөлшектерден ТҰК
қатысты шетелдік жинау кәсіпорындарда ішкі нарық үшін дайындалатын біртекті
айналыммен (циклмен) өндірудің ғаламдық конвейрлерін дамытуда.
Өндірістің біртекті айналымын құру 12 дамушы елдерде, мысалы американдық
ТҰК жылына 3 млрд. доллар көлемінде қосымша табыс әкеледі. Басты артықшылық
шетел бөлімшелерінде жұмыс істейтін жұмыс күшінің арзандығы. Оған қоса,
территориясындағы экологиялық проблемаларды төмендету мақсатында АҚШ
өндірісінің бөлігін басқа мемлекеттерге көшіру арқылы тағы бір нәтижеге
жетеді.
Осындай халықаралық кооперацияның даму нәтижесінде ішкі сауданың
біршама бөлігі ішкі фирмалық саудаға айналып жатыр, тауарлар мен қызмет
көрсетулердің әртүрлі мемлекеттерде орналасқан бір компанияның бөлімшелері
арасында айналуы. Дамушы елдерің территорияларында жинаушы цехтар ашу осы
мемлекеттермен болатын тауар айналымын 10% дейін жеткізеді.
Тікелей шетелдік инвестициялау процестері ғаламдық масштабқа көшуде.
Осы процестегі АҚШ орны өсуде, дегенмен басқа мемлекеттерден келетін
халықаралық инвестиция саласының кеңеюіне байланысты АҚШ-тың салыстырмалы
салмағы төмендеуде. Егер 1960-шы жылы әлемдік тікелей инвестиция мөлшерінде
АҚШ үлесі 60% болса, 2005-ші жылы ол 25% дейін төмендеген, алайда бұл
көрсеткіш тікелей шетел инвестициялаудың әлемдік мөлшеріндегі ең жоғарғы
салыстырмалы салмақ (2-ші орын алатын Жапонияның үлесі 11% құрайды)
Тікелей инвестициялардың басым бөлігі 35% ғылыми саланы қосқандағы
өңдеу өндірісінде шоғырланған. Американдық ТҰК тікелей шетел
инвестициясының 50% астамы Батыс Еуропа мемлекеттерінде шоғырланса, оның
30% Ұлыбританияның үлесіне келеді.
ТҰК шетел инвестицияларынан келетін табыс шетел компанияларының
қызметін қаржыландырудың мүмкіндіктерін арттырып, халықаралық қауымдастық
пен дамудың негізі болып табылады.
Шетел мемлекеттеріне ТҰК инвестиция жасау қарсы капитал салымына тап
болуы мүмкін. Мысалы, соңғы 15 жылда АҚШ компанияларының шетелге
жіберілетін тікелей шетел инвестицияларының мөлшері 250 млрд.АҚШ долларына
жетсе, АҚШ келетін тікелей шетел инвестицияларының мөлшері 190 млрд.АҚШ
долларына жеткен. Мемлекет капиталының шетелдік салымдарының мөлшері ТҰК
мөлшері мен күшіне тікелей тәуелді болып келеді.
Әлемдегі капиталдың ең ірі экспортерлары болып АҚШ, Англия, Жапония,
одан кейін Германия, Швейцария, Нидерланды, Канада, Франция, Италия, Швеция
саналады.
Соңғы 10 жылда АҚШ экономикасына тікелей шетел инвестициясының әлемдік
мөлшерінің 20%, ал 65% Батыс Еуропа мемлекеттерінен келген. АҚШ-ғы ең ірі
инвестор болып британдық ТҰК есептеледі, олардың үлесіне 2005-ші жылы
олардың үлесіне осы мемлекеттерге келетін тікелей шетел капитал
салымдарының барлық мөлшерінің 23,6% келген. АҚШ-ғы тікелей шетел
инвестицияларының мөлшері бойынша екінші орынды 19,4% Жапония алады. АҚШ-ғы
тікелей шетел инвестицияларының басты бөлігі өңдеу өндірісі (37 %) мен
сауда саласында (15 %) шоғырланған.
ТҰК бір бірімен қиылысатын біріккен экономикалық кеңістікте ТҰК,
әсіресе американдық интеграцияның басты қозғаушы күші, экономиканы
ғаламдандыру процесінің басты құралы болып қалуда.
Трансұлттық корпорациялардың тікелей инвестицияларының қозғалысы
капиталдың мөлшерден тыс жиналуымен ғана ынталандырылмайды. Ынталандырушы
күш болып өндірістік күштердің халықаралықтануы, капитал мен өндірістің
халықаралық шоғырлануынан болатын ұлттық шекаралар шеңберінде капиталды
қайта жандандыра алмау мүмкіндігі болып саналады.
ТМД елдеріндегі сарапшылар ұлттық экономикаларды әлемдік шаруашылық
жүйесіне кооперативтік-корпоративтік шаруашылық мәдениетін дамыту арқылы
қосу қажет дегенді айтады. Сарапшылар қазіргі экономиканың корпоративті
сипатын оның сипаты деп есептейді. Олардың ойынша, жай корпорациялар емес,
ТҰК (мультинационалдар деп аталатын) қазіргі шаруашылық қарым-қатынастары
түрінде кооперативтік артықшылықты негізге алады: Кооперация әлемдегі
мемлекеттердің корпорациялары мен ТҰК қызметінің, олардың тиімді дамуының
негізі. Мемлекетте қызмет салалары жағынан трансұлтты болып келетін және
жалпы ұлттық мәнге ие ірі корпорациялардың болуы елдің экономикалық күшін
айқындайды. XX ғасырдың соңғы онжылдығында корпорациялар мемлекеттің
экономика құрылымы мен оның дамуы және инновациялық-инвестициялық
динамиканың шапшаңдау процестерінің ұйымдастыратын негізіне айналды7.
Мамандардың айтуы бойынша технологиялық альянстарды құруды осы саладағы
барлық өндірушілер (өндіріс озығы – фин компаниясы Nokia басқа) жоспарлап
отыр, болашақ біріктірулердің қатысушысы "Motorola" (АҚШ), "Mitsubishi
Electric" (Жапония), "Samsung" (Оңтүстік Корея) болуы мүмкін. Мұндай
бағыт әлемдік шаруашылықтың қазіргі жүйесін оның шешуші механизмі –
бәсекелестік кооперация, қауымдастық, әлеуметтік келісім тәрізді өзіне тән
емес коммунитарлық ынталандырудың жаңа деңгейінде жүзеге асырылатын нарық
болып қана емес, сонымен бірге ғаламданған нарық (ТҰК арқылы) ретінде де
сипаттайды [29].
Трансұлттық және трансконтиненталдық технологиялық біріктірулердің
қазіргі әлемдік бағыты ТМД елдері үшін ақпаратталған. Әлемнің көптеген
мемлекеттерінде ТМД экономикалық кеңістігіндегі бүгінгі ұқсас транзиттік
жағдайға ұқсайтын көлемді әлеуметтік-экономикалық реформаларды өткізген
кезде Қытай, Үндістан, Бразилия, Ресей және Қазақстан болмасын әрбір ұлттық
транзиттік экономиканың өз реформалық стратегиясы болуы қажет деген ой
дұрыс. Алайда белгілі бір ұлттық транзиттік стратегияға қатысты тиісті
әдебиет көздерінен бұл стратегия берілген әлеуметтік мәдени дәстүрге,
тәртіпке және саяси дәстүрге негізделуі тиіс деген жалпы түсініктен басқа
мәлімет алу мүмкін емес.
Транзиттік ТҰК стратегиясы берілген транзиттік мемлекеттің ғылыми-
технологиялық мүмкіндігінің негізіне қарай әртүрлі бола алады және болуы
тиіс. ТМД кеңістігіндегі, Қазақстанды қосқанда, ғылыми-технологиялық
тоқырау жөнінде көп жазылды, Кеңес одағы дәуіріне тән ағымнан
транзиттікке көшу кеңес одағы құлағаннан кейінгі өндірістік тоқыраудың 40-
50% тең. Транзиттік кезеңдегі бұрынғы кеңес одағының ғылыми-технологиялық
мүмкіндікті дұрыс пайдаланбау, фундаменталды ғылымды8 жеткіліксіз
қаржыландыру, жоғары мамандандырылған жұмысшылардың елден кетуі9 деген
статистикалық мәліметтер ТМД елдерінің қандай мақсатта жоғарыда
айтылғандарға қол жеткізбеді деген ой салдырады. ТМД саяси элиталары
қарқынды дамып жатқан ірі ұлттық экономикалардың (Қытай, Бразилия, Мексика,
Үндістан және т.б.) біреуінде жоқ жоғарғы деңгейдегі ғылыми-технологиялық
стратегиялық ресурстың бар екендігін және оның дамушы мемлекетердің ғылыми-
техникалық деңгейімен тең келетінін түсінген жағдайда ғана бұл стратегиялық
ресурстың ТМД кеңістігіндегі барық субъектілердің негізгі транзиттік
стратегиясы ретінде қызмет атқаратындығына үміттенуге болады.
Қазақстан экономикасында әлемдік класстағы корпорациялардың жоқ
екендігін атап өткен жөн, дегенмен әлемдік рейтингтерге (Moody's, Standard
& Poor's, Tomson Bank Watch) кіретін үш банктің (Қазкоммерцбанк, Халық
Банкі, Тұран-Әлем Банкі) халықаралық қауымдастықпен қабылдануға
мүмкіндіктері бар. Л.Мұзапарова мен Е.Кариннің ойы бойынша Қазақстандағы
корпоративтік саланың басты артықшылығы ондағы шетел капиталы қатысуы
үлесінің біршама қарқынды деңгейде артуы. Статистика жөніндегі комитеттің
мәліметтеріне сүйенетін болсақ негізгі қаржы құрылымындағы шетел меншігінің
салыстырмалы үлесі 2005-ші жылы 10,6% болса, ал өндірістік өнім
құрылымындағы шетел үлесі 14% болған. Қазақстан экономикасына қатысу
мөлшері бойынша алдыңғы орынды АҚШ, Ұлыбритания және Жапония компаниялары
алады10. Қазақстанның бірқатар авторлары Ресей және ТМД зерттеушілері
сияқты Қазақстанда біріккен корпоративтік құрылымдарды қалыптастыруды
тежейтін ұқсас себептерді атайды, олар: ұйымдастырушылық, технологиялық,
нарықтық, басқару, кеңестік халықтық шаруашылығының жалғасуы, ішкі және
сыртқы инвестициялардың тапшылығы, қаржы инфрақұрылымы мен қор нарығының
дамымауы, үлкен мөлшердегі мерзімінен шыққан несиелік қарыздар және т.б.
Мұның бәрі Қазақстан экономикасындағы корпоративтік саланы интеграциялау
алғашқы қалыптастырудағы негізгі тежеуші себептердің трансұлттық сипатқа ие
болуына әкеп соқты. Осы себепті Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің
көпшілігі сияқты Қазақстанның да үкіметі өзінің нарықтық өзгерістерге
қатысты күн тәртібіне инвестициялық бағдарламаны тездету мәселесін
кіргізді, - дейді Л.Бейсенова11.
Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінің жанындағы
инвестициялар жөніндегі комитеттің мәліметтері бойынша 2002-2005 жылдары
инвестициялық артықшылықтарды алуға қатысты 345 келісім жасалынып, негізгі
капиталға келетін инвестиция мөлшері 2 403 300 мың АҚШ долларын құраған.
Жүзеге асырылған инвестициялардың нәтижесінде 60 951 жұмыс орны ашылған.
Қазақстандағы (1995-2005 жылдар аралығындағы) шетел инвестицияларының жалпы
мөлшері 12 532,4 млн. АҚШ долларын құраған. Осы жылдар аралығында негізгі
капиталға келетін мөлшері 938 531 мың АҚШ долларын құрайтын 23 шетел 70
ортақ кәсіпорындар құрылған. 2001-ші жылдың өзінде инвестиция мөлшері 738
млрд. тенгені құраған, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 15,2% жоғары. Мұнай
және табиғи газ шикізатын өндіретін кәсіпорындардың үлесіне жалпы
республикалық инвестиция мөлшерінің жартысы келеді. Аймақтық көрсеткіштер
бойынша Қарағанды мен Алматы облыстары біраз үлесті алады [24, Б. 22-23].
Инвестициялық саясат мемлекеттің ұлттық мүдделерін есепке ала отырып
жүргізілуі тиіс.
Қазақстан жыл сайын шетел мемлекеттерінен 1,3-1,8 млрд. АҚШ доллары
көлемінде несие алатын болса, мұндай сомаларды пайызбен қайтару мемлекет
үшін оңай емес [26, Б. 65]. Қазақстан болашақта ТҰК тек қана қаржымен
қамтамасыз етушілер тұрғысынан қолданбай, олардың көмегімен қазіргі
технологияларға қол жеткізіп, ұйымдастыру-басқарушы ТҰК-жүйелерінің
халықаралық тәжірибесін зерттеуі тиіс. Тікелей шетел инвестицияларын
салалар бойынша қарастырғанда – олар әдетте мұнай газ комплекстері деген
Ресей тәжірибесін еске ала отырып, тікелей шетел инвестицияларының салалық
құрылымдарына өзгертулер енгізу керек. Бұл жерде нақты оң бағыттар
(байланыс, қаржы саласы, химиялық өндіріс) байқалды, деген олар әзірге
жеткіліксіз. Ғылыми әдебиетте кіші және орта бизнесті дамытатын орта
мөлшердегі тікелей шетел инвестицияларының нашар тартылуы туралы да айтылып
жүр.
Әрине, Инвестициялар жөніндегі жаңа заң ТҰК мәні мен құқықтық
табиғатын нақты айқындайды және біздің ойымызша, мемлекеттің инвестициялық
процесстерді (салалық және аймақтық аспектілер) тиімді бақылауында,
ғаламдық инвестициялық орталықтар тұрғысындағы ТҰК ұйымдастыру құрылымдарын
зерттеуде оның рөлін белсендіреді. Жергілікті (ұлттық) нарықтың жағымсыз
жағдайларына тәуелді болып келмейтін ТҰК инвестицияның сенімді көзі және
экономиканы тұрақтандыратын фактор бола алады.
Халықаралық тәжірибені қарастыра келе тікелей шетел инвестициясы
Қазақстанның қазіргі экономикасының маңызды мәселелерінің бірі, ал тікелей
шетел инвесторлары тұрғысындағы ТҰК біріге жұмыс жасау мемлекет
экономикасында құрылымдық өзгерістер жасаудың, отандық өндірістің
жандануының жолы деген қорытындыға келуге болады.

II-ТАРАУ. ТҰК ДАМУШЫ НАРЫҚТАРҒА КІРУІНІҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

2.1. ТҰк дамуының Әлемік тӘжірИбе ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ Қазақстанның ұлттық
экономикасы

Тікелей шетел инвесторларының ірі ТҰК-экспортерлар түріндегі ТМД
елдеріне деген қызығушылығын Қазақстан Республикасын мысалға ала отырып
қарастырайық. Қазақстан Республикасының нарығына төмендегідей салмақты ТҰК
АҚШ –тан [25, Б. 38-45] келді: AES – АҚШ-тың ең үздік 50
мультинационалдарының тізіміне (әйгілі General Electric кейін) кіретін
жеке электроэнергия өндіруші және көптеген біріккен кәсіпкерліктердегі
негізгі акционер тұрғысындағы жылдық айналымы 4 млрд. АҚШ долларын құрайтын
Access Industries. Екі жағдайда да тікелей шетел инвестициялары
Қазақстан үшін бірігу формасында емес, қабылдау формасында жүзеге асты. Бұл
біріккен және қабылданған кооперанттардың салмақ көрсеткіштеріндегі
айырмашылық туралы айтады. Кез келген дамыған ТҰК бағытталған ұлттық
экономика тікелей шетел инвестицияларының ірі импортеры да, ірі экспортеры
да болып табылады, сондықтан оның кез келген субъектісі қабылдаған,
қабылданған және біріккен кооперанттың рөлінде бола алады. Қазақстан
Республикасының ұлттық экономикасының ТҰК төменгі деңгейі мұндай
экономикаға тікелей шетел инвестицияларын эспорттаумен салыстырғанда
тікелей шетел инвестицияларының импорттау мүмкіндіктерін арттырады,
сондықтан оның субъектілері жиі қабылдау (немесе бірігу) объектілеріне
айналаса, өздері мүлде қабылдаушы рөлін орындамайды. Мәселен, 90-шы
жылдардың аяғында Екібастұз ГРЭС-1 қабылдау үшін американдық
электроэнергетикалық корпорация AES 90 млн. АҚШ долларын жұмсаған.
Нәтижесінде Қазақстанда біршама несиелік қарызы, жалақы бойынша қарызы,
құрал-жабдықтарының техникалық жағдайы нашар бұрынғы станцияның орнында
Қазақстан қауымына жаңа ұйымдастыру мәдениетін әкелген AES Екібастұз атты
кәсіпорын құрылды.
Бұл тұрғыда AES Екібастұз ТҰК-ұйымдастырушыға тән компанияның
тапқырлылығымен ерекшелінетін қызметті қалай ұйымдастыру керек екенін
көрсетті. Осы кәсіпорынның ақпарат қызметінің [52, Б. 38-42] айтуы бойынша
AES Екібастұз интеллектуалды компания: оған инвестицияланған 90 млн.АҚШ
долларының біршама бөлігі халықаралық компаниялардың жетекші мамандарымен
өткізілетін жұмыскерлерді оқытуға жұмсалған, нәтижесінде компания екі жаңа
базалық лаборатория сатып алған, 1999-шы жылы AES бизнесіне оқытудың
Орталығы ашылған, оның мұғалімдері АҚШ пен Ұлыбританиядағы AES түрлі ТҰК
станцияларында оқудан және конкурстық негізде өткен AES Екібастұздің
жұмыскерлері болған. ТҰК менеджментіне тән және Достастық мемлекеттерінің
көпшілігі сескенетін AES Екібастұзда болған бұл жағдай жоғары маманданған
жұмыскерлердің кетуінің (өз мемлекетінің территориясында, алайда
қабылданған кәсіпорынның шетел территориясына) кішкентай моделі болып
саналады. Үндістандағы 1990-шы жылдардың басында мемлекеттің тікелей шетел
инвестицияларына көшуде (ТҰК бағытталған экономиканы құруда) жоғары
маманданған жұмыскерлердің шетелге кетуі (интеллектуалды мүмкіндіктің
экспорты) экспорттық-бағытталған, яғни дамыған ұлттық экономиканың
қалыптасуының міндетті алғашқы сатысы болды.
Зерттеушілердің байқауы бойынша осыған байланысты бағдарламашылардың
әлемдік элитасының көпшілігі Үндістан елінен шыққандар: Силикон шығанағында
бүгінгі таңда 300 мың үндістандықатр жұмыс жасайды, олардың 5 мыңы
миллионерлер болса, 7% телекоммуникациялық компанияларды басқарады.
Силикон аңғарында Үндістаннан шыққан азаматтар 774 компания ашқан, ал
олардың ішіндегі 15 компанияның айналымы 100 млн. – 1 млрд. АҚШ долларын
құрайды. Ең бастысы осы интеллектуалдық диаспора өз отанындағы жоғары
технологиялық өндіріс пен білім беру саласының дамуын да қолдайды.
Мәселен, Қытай реформаларының басында ең алдымен АҚШ тәрізді дамыған
елдерден келетін тікелей шетел инвестицияларының келімін Қытай экономикасы
үшін аша отырып АҚШ-ғы Қытай диаспорасы (хуацяо) сәтті бизнес жасап отыр12:
- бизнес және қамтамасыз ететін серіктестері (арасында ЖШС "Богатырь
Аксес Көмір", ЖШС "Разрез "Северный", ЖШС "Разрез "Восточный" сияқты
қамтамасыз ететін серіктестер) және бәсекелес серіктестері (Ақсу ГРЭС эәне
Екібастұз ГРЭС-2) үшін жүйені кеңейтетін әлеуметтік-адаптивті компания;
- жұмыскерлерінің түрлі мәдениет, дәстүр және тәртіптермен тікелей
танысу тәжірбиесі негізінде AES мәдени-толерантты стратегиямен таныстыру
мақсаттарында өз қызметкерлері үшін жылына екі рет конференция өткізетін
коммуникациялық компания, AES Екібастұз жұмыскерлерінің көпшілігі АҚШ,
Аргентина, Бразилия, Венгрия және т.б. әлемнің түрлі мемлекеттерінде (AES
ТҰК станциялары бар мемлекеттерде) өткен ұқсас конференцияларға қатысты,
1998-ші жылы мұндай халықаралық конференция шетел қонақтарының (бұрынғы
кеңес мемлекеттерінде, Түркия, Қытай, Венгрия, Пәкістанда орналасқан AES
ТҰК станцияларының жұмыскерлері үшін) Қазақстан мәдениетімен танысу
мақсатында алғаш рет Алматыда ұйымдастырылды;
- әрбір қызметкердің бизнес-шешім қабылдау процесіне (сонымен бірге бұл
қызметкерлерді оқытудағы стратегия – шешім қабылдауға қажет анализ процесі
оқытады) қатысатын федеративті құрылым, AES ТҰК дәстүрі бойынша барлық
шешімдер Арлингтонда (ТҰК штаб-квартирасы орналасқан) емес, орналасқан
орындарда - станцияларда, соның ішінде AES Екібастұзда қабылданады;
- кооперанттар мен мемлекеттердің стратегиялық табысы болып табылатын
тиімді ұлттық нарықтарда қабылдау, біріктіру, халықаралық шаруашылық
кооперациясының басқа да түрлерін жүзеге асыра алатын елдерден келетін
импортқа ТМД экономикаларының тікелей шетел инвестицияларына ашылуы;
________
12 Астапович А. Иностранные инвестиции в России. Отдельные факты и
тенденции. -М., 1995.

- бұл механизмдердің әртүрлі мемлекеттердегі тиімділік дәрежесі
әртүрлі. Оларды қалыптастыру процесі Достастық елдерінің біреуінде де
аяқталмаған. [7, Б. 123].
Осындай баға берулермен келісетін Қазақстанның ғалымдары интеграциялық
процестерді шапшаңдатудың әртүрлі нұсқаларын ұсынады, мәселен, ұлттық
капиталдың ұлттық нарықтарға шығуы және әлемдік экономикалық кеңістікпен
танысуда ұлттық кәсіпкерлікті саяси қолдау үшін жағымды халықаралық климат
қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылдау [12, Б. 95-107].
Басты тапсырма – Қазақстанның ұлттық мүдделерін есепке ала отырып,
әлемдік тәжірибені қолдану және ТҰК-жүйелерін тиімді басқару. Қазақстан
экономикасының стратегиялық тапсырмасын жүзеге асыру үшін ескі, кешегі
салалық құрылымды өндіретін салаларға (және ауылшаруашылық) қарағанда
өңдейтін және қызмет көрсету саларының (ең алдымен ақпараттық-
технологиялық) дамуын көздейтін бағыттармен сәйкестендіру және ең алдымен
осындай қайта құрылыс процесінің инвестиция мәселесін шешіп алған дұрыс.
Сондықтан қазақстандық сарапшылар 1990-шы жылдардағы өтпелі кезеңдегі
терең ұлттық экономикалық тоқыраудан кейінгі 2003-2005 жылдардағы Қазақстан
Республикасы экономикасының күрт өсуі тұрғысындағы жеңіс сезімімен
қанағаттанбау керек деп ескертеді [17, Б. 29-50]. Бұл ескерту Қазақстан
Республикасының экономикасына стратегиялық инвестициялаудың жағдайлары
жасалмағандықтан өсімнің тұрақсыз болатындығын білдіреді.
Бұл мәселенің шешілмеуінің басты себебі Қазақтан экономикасының
шикізаттық болып қалуында, ал XXI ғасырдың әлемдік экономикасының
артықшылықтарына бағытталған ірі инвесторлардың Қазақстанды арзан шикізат
көзінен басқа пайдаланудан ұзақ мерзімді қызығушылықтары болмайды. Шетел
үлесі бар жүзеге асып жатқан инвестициялар 40 млрд.АҚШ долларына
бағалануда. Қазақстан экономикасына инвестицияның көп бөлігін Шеврон,
Бритиш Газ, Аджип, Сумитомо корпорейшн, Эльф Акитен, БМВ, Туркие
Проллери, Оман Ойл Компани, Джапан Петролеум Эксплорейшн сияқты әйгілі
ТҰК енгізді. Аталған шетел корпорациялары республикадағы басты өндірушілер
болып саналады.
Бүгінгі таңда АҚ Шымкентмұнайоргсинтез 90%-ы - Витол Мұнай
(Швейцария) фирмасына, АҚ Южнефтегаз 90%-ы - Харрикейн Құмкөл Лтд
(Канада) фирмасына, АҚ Ақтөбемұнайгаз 60%-ы - Қытай ұлттық мұнай газ
корпорациясына, АҚ Маңғыстаумұнайгаз 60%-ы - ЦентральАзия ЛТД Петрол
Индонезия компаниясына, АҚ Қаражанбасмұнайгаз 95%-ы - Тринтон (Канада)
фирмасына сатылды. Павлодар мұнай өңдеу зауыты CCL (Ресей-Швейцария)
фирмасының бақылауына берілді. Сарапшылардың бағасы бойынша республиканың
өндірістік потенциалының (негізінен қара және түрлі-түсті металлургия,
жанар-жағар май және энергетикалық комплекс, көмір және химиялық өндіріс)
80%-ы шетел инвесторларының қолында, бұл мемлекеттің экономикалық
қауіпсіздігіне, әрине, үрей төндіреді [41, Б. 101-102].
Қазақстанға ТҰК түрінде келген инвесторлардың барлығы Қазақстанның
шикізат салаларымен ғана айналысады. Қазақстанға келген осындай ТҰК
жүргізетін саясатының нәтижесінде Қазақстан жақын болашақта аграрлық-
шикізат саласында мамандандырылатын үшінші әлем мемлекеттеріне тән елге
айналып, осындай қалыпта белгісіз мерзімге дейін қалуы ықтимал. Шикізатқа
бағытталған салалық құрылым сияқты Қазақстан экономикасының стратегиялық
мәселесін шешу үшін оны өндіру мен ауылшаруашылық салалармен салыстырғанда
өңдеу және қызмет көрсету салаларының (ең алдымен ақпараттық-технологиялық
салалар) дамуын көздейтін артықшылықтарға қарай сәйкестендіру және осындай
қайта құрылымға инвестиция жасау мәселелерін шешіп алу қажет. Өңдеу
салаларына бүгін де, ертең де келмейтін шетел инвестицияларының салымдарын
күтпей ақ, толықтай алғанда корпоративтік құрылымы бар қазіргі экономиканы
және жекелей алғанда қаржы-өндірістік топтар құрылымына негізделген
макроэкономикалық құрылымды күшейткен жөн, олар болашақта халықаралық және
АҚШ, Жапония, Германия сияқты дамыған экономикалар талаптарына жауап
беретін, Қазақстанда орналасқан ТҰК құрудың ортасы бола алады.
Ірі корпорациялар мен кәсіпорындардың экономикалық қызметін трансұлттау
ұлттық капиталдың әлемдік экономикаға тиімді қатысуының маңызды әрі қажет
шарты. Өзіміз білетіндей, әлемнің көптеген елдерінің ұлттық стратегиясының
даму тұрғысындағы халықаралық басып алу процесі жүзеге асудан бұрын болады.
Сондықтан, Қазақстан экономикасының тоқыраушылық жағдайына қарамастан елдің
мемлекеттік ішкі саясатының бөлігі ретіндегі Қазақстан капиталының әлемдік
нарыққа шығуының ғылыми-негізделген стратегиясын қазір зерртеу маңызды.
Алға қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру үшін ұлттық капиталдың әлемдік
нарыққа шығуы үшін жағымды халықаралық климат қалыптастыруға бағытталған
шаралар комплексін өткізу керек, оның жетістігі ең алдымен мемлекеттің
халықаралық әлемдегі орнына және әлемдік экономикалық кеңістікпен
танысудағы ұлттық кәсіпкерлікті қолдаудың саясатына тәуелді болады.
Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша ТҰК дамуының қазіргі
заңдылықтары:
– капиталды шоғырландыру (бөлу және біріктіру, стратегиялық альянстарды
құру);
– қызметті ғаламдандыру (тауарлар мен қызмет көрсету жүйесін тарату, ең
тиімді шетел нарықтарында бөлімшелер ашу);
– капиталдың халықаралықтануы (трансұлттық компаниялардың артуы, шығатын
мемлекетіне қарамастан ең арзан инвестицияларды тарту);
– өндірістік және қаржылық капиталың интеграциясы;
– қызмет түрлері мен бағыттарының өзгеруі;
– компания активтерін қорғау;
– төлем құралдары мен аймақтарының жаңа түрлерін құру мен басқаруда жаңа
ақпарат технологияларын қолдану;
– ұлттық нарықтарды тәртіпке келтіретін халықаралық стандарттар
талаптарын есепке алу13.
Қазақстан экономикасының корпоративтік дамуының жағдайы күрделі сипатқа
ие. Бұл құқықтық негіздің, қаржы-экономикалық жағдайда, қаржы жүйесінің
әлсіз дамуында айқын көрінеді. Сондықтан Қазақстанның корпоративтік
құрылымдарын шетелдік корпорациялармен шынайы салыстыру мүмкін емес. Оған
қоса бұған ақпараттың жалпы жеткіліксіздігі мен отандық құрылымдардың
ақиқат болмауы кедергі келтіреді.
Әлемдік экономика үздіктерімен бір деңгейдегі Қазақстанның қаржы-
өндірістік топтары бірнеше және әдеттегідей бас кәсіпорыны Ресейде.
Осылайша, жоғарыда айтылғандардан төмендегідей қорытынды жасауға
болады:
1. Қазақстанның корпоративтік дамуының ұлттық моделі қалыптасу
сатысында, ол кеңес кәсіпорнының өндірістік-технологиялық генетикалық
негіздері мен әртүрлі нарықтық ұйымдастыру-құқықтық және институтционалдық
элементтерден (германиялық, американдық және жапониялық) тұрады.
2. Қазақстандық компаниялар экономикалық өсімнің төменгі сапасымен,
кәсіпорындардың қайта құрылу стагнациясымен, тұрақты менеджмент
проблемаларымен танысумен сипатталады (жоғарыда айтылғандай Қазақстандық
корпоративтік құрылымдар мен шетел корпорацияларын нақты салыстыру мүмкін
емес).
Үшінші әлемнің көптеген мемлекеттерімен салыстырғанда Қазақстан
өндірістің шоғырландыру деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленсе де, өз
экономикасын қаржы-өндіріс базасына, кейіннен ТҰК базасына көшірудегі ең
алғашқы сатыда тұр.
Республикада ірі қаржы-өндіріс топтарын құруға деген талпыныс үкімет
ұйымдары тарапынан ұлттық экономиканы дамытудағы оның мәнін түсінбеуден
сәтті болмай жатыр.
Енді қалыптасып жатқан Қазақстандық біріктірілген корпоративтік
құрылымдарға мемлекет тарапынан болатын қолдау мен шетел қаржы-өндіріс
топтары мен ТҰК тәжірибелеріне сүйене отырып корпоративтік құрылым мен оны
басқаратын жүйе қалыптастырған жөн. Жанар-жағар май және энергетикалық
комплекс, металлургия, химиялық өндіріс және машина жасау салаларында ірі
корпорациялар ұйымдастыру сала аралық және шаруашылық аралық қарым-
қатынастарды бекітуге мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде, республика
аумақтарындағы кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуіне, өнім өндіру өсіміне,
оның пайдалылығын арттыруға көмек етеді.

2.2. ТҰК Қазақстан нарығына шығуының стратегиялары

Қазақстанның ұлттық байлығының қазіргі құрылымында меншіктің басым түрі
болып жеке меншік табылады. Мемлекет меншігінің үлесі 18,8% құрайды (Кесте
3).

Кесте 3. Меншік түрлері бойынша Қазақстан Республикасының негізгі
құралдары, жыл аяғында
2002 2003
Барлық негізгі құралдар 2717,2 2879,7
Мем-тік Жеке Шетел
Барлығы 513044 1489 441294 69261
Тау-кен өндірісі кәсіпорындары 290376 276912 13464
алған кіріс (шығыс), млн. тенге
Кәсіпорындар саны 1062 4 1008 50
Орта кіріс, млн. тенге 273,4 274,7 269,3
Өңдеу өндірістері кәсіпорындары 124321 350 88516 37455
алған кіріс (шығыс), млн. тенге
Кәсіпорындар саны 15163 378 14203 582
Орта кіріс, млн. тенге 8,20 0,93 6,23 64,36
Электроэнергия, газ және су -13610 -1805 -7617 -4188
өндірісі мен бөлінісі саласында
алынған кіріс (шығыс)
Кәсіпорындар саны 1569 347 ,1202 20
Орта кіріс, млн. тенге -8,67 -5,20 -6,34 -209,40

Ескерту - [49, б. 198, 390] мәліметтері бойынша саналды

Өндірістегі кәсіпорындардың саны мен көлемдерін салыстыратын болсақ,
олар да мемлекеттік кәсіпорындардың үлесіне келмейді. Мәселен, 1062 тау-кен
өндірісі кәсіпорындарының 3 ғана мемлекеттік, соның ішінде 3 кіші және 1
орта кәсіпорын, ал 100% шетел капиталына жататын 100 кәсіпорын қызмет
жасайды, олардың 7 ірі болса, шетел қатысы бар 118 кәсіпорынның 18 ірі
болып саналады [5, Б.198].
Тау-кен өндірісіндегі шетел меншігіндегі кәсіпорындармен салыстырғанда
жеке меншік түріндегі кәсіпорындардың орта деңгейлік табысы жоғарырақ.
Кесте мәліметтерінен көретініміздей, энергетикалық сектор
(электроэнергия, газ және суды өндіру және бөлу) үшін шетел компанияларының
қызметі мемлекеттік және жеке салалармен салыстырғанда нашар нәтиже берген.
Сондықтан шетел капиталы тек қана тиімі деген белгілі бір ғана тұжырымда
болған дұрыс емес.
Мысалы, әлемнің 25 мемлекетінің газ және электроэнергия салаларында ірі
жобаларды жүзеге асыратын энергетикалық саладағы стратегиялық серіктес
Холдингтік топ Трактебельмен біріге жұмыс жасағанда Қазақстан бірқатар
проблемаларға соқтықты. Трактебель Бельгия өндірісінің озығы, топқа
капиталының жалпы айналымы 10 млрд. АҚШ долларына жететін 140 астам
бөлімшелер кіреді.
Қазақстанға Трактебель 1995 жылы келіп, электроэнергетикалық
кәсіпорындарды қолдану жөнінде келісімерге қол қойды.
Қазақстан нарығына шығудың стратегиясы Қазақстан Республикасының
энергетикалық саласындағы ірі компаниялар акцияларының бақылау акция
пакеттерін сатып алу арқылы шығу болды. Үкімет компания сұранысын
қанағаттандырды, нәтижесінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республиксының дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері
Халықарылық маркетинг
Халықаралық маркетингтің қазіргі проблемалары туралы
Халықаралық маркетингтің ерекшеліктері және оны қоршаған орта
ГАТТ Кеңесі және ГАТТ келісімдер
Бизнесті тарату стратегиясы
Әлемдік сауда: жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы
ҚР сыртқы сауда саясаты
Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің ролі
Ғаламдану әлемдік экономиканың интернационалдануының ең жоғарғы кезеңі ретінде
Пәндер