Исмаилизм: хасан ибн саббах және ассасиндер



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

II. Негізгі бөлім: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1 тарау. Исмаилизм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1. Исмаилиттердің 765.1171 жылдар аралығындағы тарихы ... ... ... 10
1.2. Исмаилизм діни философиялық ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21

2 тарау. Хасан ибн Саббах және ассасиндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.1. «Тау ақсақалының» өмірбаяны мен қызметі. Неоисмаилизм концепциясы ... ... ... .27
2.2 Аламут және ассасиндер мемлекеті және оның XIII ғасырдан кейінгі тағдыры ... ... ... .35

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
V. Қосымша мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
ИСМАИЛИЗМ: ХАСАН ИБН САББАХ ЖӘНЕ АССАСИНДЕР

Орындаған: Омарханова Г.Ж.

Алматы 2007

Жұмыстың мазмұны

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

II. Негізгі
бөлім: ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 6

1-тарау.
Исмаилизм ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 10
1.1. Исмаилиттердің 765-1171 жылдар аралығындағы
тарихы ... ... ... 10
1.2. Исмаилизм діни-философиялық
ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21

2-тарау. Хасан ибн Саббах және
ассасиндер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..27
2.1. Тау ақсақалының өмірбаяны мен қызметі. Неоисмаилизм
концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.2 Аламут және ассасиндер мемлекеті және оның XIII ғасырдан
кейінгі
тағдыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..35

III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..49

IV. Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

V. Қосымша
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 54

Кіріспе

Бөлініс – адамзаттың баяғыдан келе жатқан соры. Бірақ бұл
жаратылыстағы қозғалысты қамтамасыз ету үшін, яғни өмір-өлім айналымын
тудыру үшін қажет болғандықтан, адамдар еріксіз, тіпті бейсана қалыпта бұл
үрдіске тартылып кетеді.
Бөліністің бір түрі жаратушыны тану мәселесіне қатысты туындайды.
Осыған байланысты әлемде бірнеше дін пайда болды. Түп негізінің бір екені
мәлім болса да, адамдар топтарға бөлініп алып, дінді саяси билікке талас
құралына айналдырып, дүниені бөліп-жарып қақтығыс тудырады.
XXI ғасырдың басы діни көзқарастар айырмашылығы негізіндегі
қақтығыстарға толы екендігін көзімізбен көріп отырмыз. Мұның бәрі діннің
түпкі мәнін түсінбеушіліктен болып отыр.
Әлемдік тарихта, әсіресе Шығыста дін саяси-қоғамдық өмірде ежелден-ақ
шешуші роль атқарып келеді. Шығыс (Орта және Таяу Шығыс) пен Солтүстік
Африканың орта ғасыр тарихында дін тарих шеңбері айналуының басты факторы
болды. Бұл VII ғасырда Шығыста ислам дінінің пайда болуымен тығыз
байланысты. Ислам - иудаизм, христиандықтан кейінгі үшінші және соңғы
монотеистік дін.
Ислам дінін ұстаушылар үлкен екі ағым сүнниттер мен шииттер болып
бөлінеді. Қазіргі таңда шиизм Иран Ислам Республикасының ресми діни
ұстанымы болып табылады. Иранда халықтың 97 пайызын шииттер құрайды.21
Диплом жұмысының тақырыбы Исмаилизм: Хасан ибн Саббах және
ассасиндер деп аталады.
Бұл тақырыптың өзектілігі діни көзқарастарының айырмашылығы және
мұрагерлікке талас негізінде пайда болған шииттік ағымның исмаилиттік
тармағының шығу тарихы мен өзге діни ағымдардан айырмашылығы мен ұқсастығы
айқын баяндалатындығында болып отыр. Өйткені 2001 жылы 11
қыркүйек оқиғасынан кейін баспасөз беттерінде әлемнің түкпір-түкпірінде
белең алған мыңдаған бейкүнә жандардың мәнсіз өліміне себепші болып отырған
жанкештілердің өзін-өзі өлтіру сияқты адамгершілікке жат әрекеттерінің
төркінін тарихтан іздеп түсіндіру басталды. Олар көбіне ғасырлар бойы
негізінен сүннит мұсылмандары тарихшылары мен кресшілер жорығының еуропалық
тарихнамашыларының исмаилиттер жайлы қалыптастырған пайымдары мен
деректеріне сүйенеді. Ал бұл авторлардың антиисмаилиттік бағыт
ұстанғандығын білетіндіктен, мәліметтердің ақиқат ауылынан алыс болуы
мүмкіндігін ескеру керек.
Диплом жұмысының мақсаты шиизмнің бір тармағы исмаилизм тарихын
зерттеп, ондағы Хасан ибн Саббахтың атқарған ролін қарастырып, ассасиндер
мемлекетінің тарихын баяндау болып отыр.
Диплом жұмысының міндеттері:
1) Исмаилизм тармағының шығу тарихын нақтылап жазу;
2) Исмаилизмнің концепциялық ерекшеліктерін талдау;
3) Низариттік исмаилиттер мемлекетінің негізін қалаушы Хасан ибн
Саббахтың тұлғасын зерттеу;
4) Ассасиндер мемлекетінің тарихын жүйелеу;
5) Исмаилиттер имамдарының тізбегін қалыптастыру.

Диплом жұмысының құрылымы алты бөлім – кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды,
қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымша мәліметтер бөлімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде диплом жұмысына жалпы шолу жасалады. Негізгі бөлім 2
тараудан, әр тарау 2 тармақтан тұрады.
1- тараудың 1-тармағында исмаилизмнің 765-1171 жылдар аралығындағы тарихы
баяндалады. Исмаилизм тармағының пайда болуы, алғашқы исмаилиттердің
дава – үгіт-насихат жүргізу қозғалысын ұйымдастыру мен Фатимидтер
мемлекетінің пайда болу, даму және құлдырау кезеңі сөз болады.
1- тараудың 2-тармағында исмаилизмнің пайда болуының діни-философиялық
негізінің қалыптасуы мен оған әсер еткен әртүрлі ілімдер
қарастырылады.
2- тараудың 1-тармағында Хасан ибн Саббахтың өмірбаянымен қатар оның діни-
саяси қызметі талданады. Низариттік исмаилиттік ағымның
қалыптасуындағы Хасан ибн Саббахтың ролі аталып өтіледі. Хасан ибн
Саббахтың жаңа шақыру концепциясының исмаилиттердің ескі шақыру
ұстанымынан айырмашылығы баяндалады.
2-тараудың 2-тармағында Ассасиндер мемлекетінің 1090-1256 мен 1273 жылдар
аралығындағы тарихы баяндалып, Персия мен Сириядағы низариттік
исмаилиттердің дава – үгіт-насихат жұмыстарының қарқыны анықталады.
Моңғол шапқыншылығынан кейінгі низариттік исмаилитердің қауымы мен
мемлекетінің жағдайы сөз болып, Анджудан қайта өрлеу кезіндегі
исмаилизмнің суфизммен астасып, ортақ діни-философиялық көзқарастың
туындауы баян етіледі.

Диплом жұмысынын жазу барысында зерттеу еңбектері, оқу құралдары,
мерзімді басылымдар мен интернет ресурстары қолданылды.
Зерттеулер ішінен диплом жұмысын жазу барысында қолданған бірнеше
еңбекті бөліп айтуға болады. Солардың бірі – Фархад Дафтаридің Традиции
исмаилизма в средние века1 атты еңбегі. Бұл автор исмаилизмді зерттеу
институтының академиялық зерттеулер мен басылымдар бөлімін басқарады. Автор
бұл еңбегінде мұсылман тарихшылары мен еуропалық кресшілер жорығы кезі
тарихнамашыларының деректерін салыстыра отырып, ғасырлар бойы исмаилиттер
жайлы қалыптасқан жалған ой, теріс пікірге тойтарыс беріп, шындықтың бетін
ашуға тырысқан. Автор баяндауындағы исмаилиттер қанішер ассасиндер емес,
тәуелсіздік үшін басқыншылармен күрескен низариттік исмаилиттер бейнесінде
көз алдымызға келеді. Біз автор сараптамасымен келісіп, оның көзқарасын
қанағаттандырарлығ деп бағалаймыз.
Екінші еңбек – И.П. Петрушевскийдің Ислам в Иране в VII-XV веках5
атты кітабы. Бұл кітапта жалпы исламның пайда болуы, оның әртүрлі
ағымдарының туындауы және Иранда шиизмнің басты ағымға айналуы туралы толық
мәлімет беріледі. Автор өз еңбегінде тарих пен философияны астастырып, әр
ағым туралы біртұтас ұғым қалыптастырады. Еңбектің Кеңес заманында
жазылғандығына байланысты қолда бар мәліметтер біркелкі баяндалып,
объективтілік толық сақталған.
Үшінші еңбек - Әл-Хасан ибн Мұса ан-Наубахтидің Шиитские секты4
атты кітабы. Бұл еңбекте шиизм ағымының пайда болу тарихы мен шиизмнің әр
тармағының туындауының себептері мен салдарлары, айырмашылықтары мен
ұқсастықтары кеңінен баяндалып, әр тармақтың кейінгі тағдыры сөз болады.
Автор өзі орта ғасырда өмір сүргендіктен оның берген мәліметтері құнды
деректер болып табылады.
Төртінші еңбек - В.Бартольдтың Культура мусульманства6 атты
кітабы. Бұл еңбекте ислам мәдениеті мен философиясының қалыптасуына әсер
еткен барлық факторлар жүйелі түрде қарастырылып, ортағасыр мұсылман
билеушілері тұсында өмір сүрген мәдениет қайраткерлері туралы мол мағлұмат
беріледі. Автор баяндауында ислам мәдениеті адамзат тарихының ажырамас
бөлігі, өркениет пен мәдениет алмасуының заңды жалғасы ретінде көрініс
табады.
Бесінші еңбек – П. Куслийдің Ассасины у границ России10 атты
мақаласы. Бұл мақалада соңғы жылдары халықаралық ылаңкестік мәселесі
әлемдік қауымдастықты қатты алаңдатып отырғандығы туралы айтыла келіп,
ылаңкестік актілерін орындайтын радикалдық діни ұйымдар өкілдері мен
мұсылман әлемінде XI ғасырда пайда болған саясатта кісі өлтіру тактикасын
қолданған ассасиндер салыстырылған.
Сонымен қатар М.С. Ивановтың История Ирана3 атты очеркі мен
Фархад Дафтаридің тағы бір Краткая история исмаилизма2 атты еңбегі
кеңінен пайдаланылды.

Диплом жұмысының қорытынды бөлімінде исмаилиттер тарихының өткені
қайта сараланып, бүгінгісі таразыланады.

Негізгі бөлім

Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Ислам әлемі өз біртұтастығын
жойды. Оның бірден бір себебі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан аумақты
мемлекетті саяси және діни тұрғыда басқаруды кімге тапсыру керек деген
сауал төңірегінде болды. Әрине алғашқы төрт халиф кезінде барлық назар
мемлекет аумағын кеңейту, ислам дінін тарату - шапқыншылық-басқыншылық
істерге аударылып ішкі іріткі көзден таса болып қала берді, бірақ бір
мезет те толастамады. Алғашқы бөлінушілік басшы тандау (билікке таласу)
ісінде болды:
1. сахабалар (пайғамбардын жақын достары) басшылыққа пайғамбарға
жақын, дін таратуда айтарлыктай үлесі бар, ел ішінде беделді сахабалар
арасынан бір адам таңдалу керек деп есептеді;
2. ансарлар (пайғамбар және оның жақтастарына Медине қаласында пана
беріп көмектесушілер) ел билеуге олар да қатысуға құқылы деп санады;
3. хариджиттер (шетке бөлініп кеткен, теңдікті ұран еткен топ) ел
басқаруға тек сахабалар мен ансарлар ғана емес, жалпы бүкіл ел қатысып,
пайғамбар үмбеті арасынан лайықты адам тандалуы керек деп есептеді;
4. шииттер (пайғамбардың күйеу баласы Әлиді жақтаушы топ) билік
пайғамбар ұрпақтарына, атап айтқанда, пайғамбарға ең жақын және ізбасарым
деп пайғамбардың өзі нұсқап кеткен Әлиге беріліп, оның ұрпақтарына мұра
етіліп қалу керек деп санады.
Осындай көзқарас айырмашылықтарына қарамастан, барлық мұсылман қауым
төрт халифті заңды деп таныды.
VII ғасырдың орта шенінен бастап Ислам әлемінде тұғырнамалық
айырмашылығы бар екі үлкен ағым – сүнниттер және шииттер қалыптасты.
Сүнниттер негізгі бес парызды бекем ұстап, Құран Кәрім мен Мұхаммед
пайғамбар хадистерін қасиетті деп танып, соған берік сенеді.
Ал шииттер осы бес парызға алтыншы имамат атты ұғымды енгізіп, Құран
Кәрім, хадистермен қатар ахбарға (пайғамбардың жақын жолдастары куә болып
баян еткен) сенім артты. Шииттер үшін пайғамбардың туысы ретінде және
Алланың нұры жауған адамы ретінде Әли ибн Әбу Тәліп Мұхаммед пайғамбармен
тең дәрежеде орын алады.
Шииттердің діни ағымы мен доктринасы Хұсейн ибн Әлидің қаза болған
кезінен (680 ж.) бастап Аббасидтер әулетінің билікке келуі (74950 ж.)
жылдары арасында қалыптасты.
Шииттік діни доктринаның негізін қалаушы – Абдолла ибн Саба. Ол халиф
Осман кезінде қызмет жасаған. Аңыз бойынша, ол Йемендік иудей болыпты.
Кейін ислам дінін қабылдапты. Иудей, христиан және мұсылман ілімдері туралы
білімі мол болыпты. Дін тақырыбында пікір таластыруды ұнатады екен. Ибн
Саба ұлы пайғамбарлардың барлығының көмекшісі және өкілі – васидің
болғандығы туралы айтады. Мысалы, Мұсада – Аарон, Йеремийде – Варух, Исада
– апостол Петр. Дәл сондай васи Мұхаммед пайғамбарда Әлиден басқа ешкім де
бола алмайды дейді. Сонымен қатар Ибн Саба Мұхаммед пайғамбардың қайтып
келуі – раджа туралы ілім енгізді. Ол Исаның қайтып келуге тиістілігі
сияқты Мұхаммед те қайтып келуге тиіс деп пайымдады. Кейіннен осы ілім
шеткі (радикал) шииттерде Мұхаммед пайғамбардың Әлиде қайта туып (жанданып)
және Әлидің жанының кейінгі имамдарда көрініс беруі туралы ілімдерге
ұласты.5,39-40
Абдолла Ибн Саба шеткі (радикал) шииттердің бастаушысы ғана емес, ол
Әлидің құқығын жақтаумен қатар оны құдайылық дәрежеге дейін көтерді.
Имамат діндарлары өз ұстанымдары ретінде бес негізгі сенім
догматикасын алға тартады:
1. таухид (құдайдың бірлігін мойындау) – құдайдың бірлігі;
2. адль (әділеттік) – құдай сотына сену;
3. набувват (пайғамбарлық) - Мұхаммед және оның алдындағы
пайғамбарлардың миссиясын қабылдау;
4. имамат - Әли әулетінің мұрагер имамдарының қауымға қажеттілігін
мойындау, қабылдау;
5. кийамат (қайта тірілу), басқаша маад (құдайға қайтып келу орны)
- өлімнен қайта тірілуге сену, қиямет күніне және өлімнен соңғы
өмірге сену.
Бес негізгі догматтың төртеуін – таухид, адль, набувват және кийаматты
сүннитер де қабылдайды. Бірақ адльді шииттер мутазилиттер түсіндірмесінде
қабылдайды, яғни алдын-ала жазылып қою дегенді теріске шығарады.
Имамат ілімі туралы шииттер мен сүнниттердің ойлары тоғыспайды.
Шииттер имамның таңдамалылығы туралы принципті қабылдамайды. Олар бойынша
мұсылман үмбетінің басшылығының жоғары билігі құдайдың тағайындауы
арқасында заңды деп есептелінеді.
Шииттердің имамат-халифат ұғымы туралы түсінігі:
1. исма – халиф-имамның күнәдан тазалығы және ешқашан күнәһар
болмайтындығы;
2. зухур (көріну, көрініс беру) – құдайдың мәңгілік нұры туралы ілім. Ол
ілім Нури Мухаммади, яғни Мұхаммед пайғамбар нұры деп аталады. Ол
бойынша Мұхаммед пайғамбар нұры Әлиге беріліпті, содан кезекпе-кезек
имамдарға беріліп отырған. Кейіннен бұл хулуль – тікелей құдай етуге,
құдай деп есептеуге әкеліп соқтырды.
3. заман имамы - әр адам өз жанын құтқару үшін өз заманының имамын
қабылдауға тиісті болды.
4. иджма – белгілі бір заманның ең беделді адамы. Сол заманның имамы
шииттер үшін ең беделді адам болып есептеледі.
5. құпия білім – барлық имамдар Мұхаммед пайғамбардан Әлиге, атадан
балаға беріліп келе жатқан Құранның ішкі (батин) сырын біледі.
Имамдар өткенді де, болашақты да біледі деп есептелді.
6. ғайба туралы ілім – ғайыптағы имамға сену. Махди өлген жоқ, ол жерді
жасырын бақылап отыр. Кейде таңдаулыларға, мысалы рухани жетекшілерге
аян береді.
7. шахидтер культы - Әли мен Хұсейн қайтыс болғаннан кейін шииттер
арасында дін жолында жанын пида ету ұғымы пайда болды. Барлық Әли
ұрпақтары дін үшін өлуге туған деген ұғым қалыптасты. Олардың
жерленген орындарына зиарат ету басталды.
8. раджа – ғайыптағы имам Махдидің қайтып келуіне сену. Махди келген
кезде әлемде әділеттік орнайды деп сенді.
9. шииттер сенім символы ретіндегі Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед –
оның елшісі деген мұсылман формуласына және Әли – Алланың жақын
әулиесі деп қосады.5, 263-269

Шииттердің басқа да ұстанымдары туралы:
1. такийа – саналылық, сақ болу. Шииттер оппозицияда болғандықтан, басқа
топ өкілдері арасында қуғынға ұшырамау үшін өзінің шын ұстанымын
жасыруына болады.
2. іштей жасырын түрде дұшпандарға қарғыс айту шииттер үшін моральды
міндет болып табылады. Мысалы, Сефевидтер кезінде Абу Бекр, Омар,
Османға халық көзінше қарғыс айту болыпты.

Әли қайтыс болғаннан кейін, халифатты Омейядтар әулеті басқарып
тұрғандығына қарамастан, шииттер оның ұлдары Хасан мен Хұсейнді екінші және
үшінші имам деп таныды. Кейінгі имамдарды тану-мойындау барысында шииттер
ағымында имаматты басқаруда мұрагерлікті айқындау турасында
келіспеушіліктер туындады. Олардың біразы шииттік ағым құрамындағы жеке
топтарға айналып кетті. Мұның өзі шиизмді ұстамды және шеткі (радикалды)
деп бөлінуге алып келді.
Шииттік ағымның тармақтарға бөлінуінің басты себебі – имам мұрагерін
айқындау кезінде туған келіспеушіліктер.

Шиизмдегі негізгі тармақтар:
1) Төртінші имам ретінде имам Әли ибн Әбу Тәліптің үшінші ұлы Мұхаммед
ибн Ханафияны рухани мұрагер деп танушылар. Бастаушысы атымен
кайсаниттер атанып кетті. Ұстамдыларға жатады.
2) Имам әл-Бәкір тұсында оның ырықсыздығына қарсы шығып, оның бауыры Зейд
ибн Әлиді жақтаушылар. Бастаушысы атымен зейдиттер атанып кетті.
Ұстамдыларға жатады.
3) Әли ұрпақтарының мұрагерлік жолмен имаматты иеленуін жақтайтындар.
Олар Мұхаммед ибн Әли әл-Бәкірден кейін оның ұлы Джафар ибн Мұхаммедті
алтыншы имам деп таныды. Оларды имамиттер деп атайды. Ұстамдыларға
жатады.
4) Джафар ибн Мұхаммед ас-Садықты құдайлық дәрежеге көтеріп жібергендер.
Бастаушысы - Әбу-л-Хаттаб. Оларды хаттабия деп атайды. Шеткі шиизмге
жатады.
5) Джафар ибн Мұхаммед ас-Садықтың қайтыс болған ұлы Исмаилды
жақтаушылар. Олар Исмаилдың ұлы Мұхаммедті жетінші имам деп таныды.
Оларды исмаилиттер деп атайды.

Шиизмнің барлық тармақтары арасынан ең үлкен екі топты ерекше атап
көрсетуге болады:
1. Он екі имамды қабылдайтын имамиттер тобы. Оларды иснаашарит деп
атаған.
2. Жеті имамды қабылдайтын исмаилиттер тобы. Оларды сабийа деп
атаған.

Исмаилиттер тарихы төменде баяндалады.

1 – тарау
Исмаилиттердің 765-1171 жылдар аралығындағы тарихы

Исмаилизм діни-саяси қозғалысының қалыптасуының бастапқы кезеңі
құпияға толы. Бұл исмаилит ойшылдары өз ілімін жасырын ұстауы мен имамит
немесе сүннит бағытын ұстаушы ғалымдар еңбектерінде исмаилизм туралы теріс,
кейде бопса мәліметтердің көптігіне байланысты.
Исмаилизм деген ұғым бұл діни-саяси қозғалысқа кейіннен берілген
атау болып есептеледі. Исмаилды жақтаушылар өздерін алдымен мубаракийа,
кейіннен карматтар деп атаған 3, 134.
Исмаилизм тарихы VIII ғасыр ортасында алтыншы имам Әбу Абдолла
Джафар ибн Мұхаммед ас-Садықтың мұрагерін анықтау барысында туындаған
даудан басталады. Джафар ас-Садық өзінің отыз жылдық имаматы кезінде ел
ішінде дін ілімі саласындағы танымының жоғарылығымен ерекше әйгілі болған.
Оның кезінде шииттердің иснаашарит (он екі имамды қабылдаушылар) және
исмаилит ағымдарының өркен жаюына мүмкіндік берілді. Джафар ас-Садықтың
айналасына әртүрлі ұстанымдағы интеллектуалдар жиналған еді. Ол өз ымырашыл
саясатымен әртүрлі топтардың теориялық ұстанымдарының ресми дін мен
көпшілік мұсылман қабылдайтын шектен шығып кетпеуін қадағалап отырды.
Басында имам Джафар ас-Садық өзінің мұрагері ретінде өзінің үлкен
ұлы Исмаилды тағайындайды. Имаматты басқаруды кейінгіге беру насс принципі
бойынша жүзеге асырылды. Ол бойынша имам Алланың еркімен өз мұрагерін тура
атап көрсететін болған. Мұндай жолмен мұрагерді анықтау шииттер арасыда
ешқандай шәк тудырмайтын. Сөйтіп, имам Джафар ас-Садыққа Исмаил мұрагер
болуы керек еді. Бірақ ол кезде Исмаил бұл өмірде жоқ-тын, ол әкесінен
бұрын қайтыс болған. Имам мұрагерінің өлімі Джафар ас-Садық жақтастарының
арасында оның діни танымы мен имаматты басқару құқығына күмән туғызды.
Алланың өзімен жетекшілік етіліп отырған имам Джафар ас-Садық мұрагерлік
істе қателік жіберді. Сөйтіп, имамның көзінің тірісінде-ақ шиит
имамиттердің бір тобы одан бөлініп кетті. Исмаил шарап құмарлығының
арқасында имаматты басқару құқығынан айырылды деген болжамдар бар. Бірақ
имам Джафар ас-Садықта бұдан гөрі ауырырақ себептің болғандығы анықталды.
Ол үлкен ұлының экстремистік топпен байланысы болуынан сескенді. Имам
Джафар ас-Садықтың үлкен ұлының өлімінен кейін басқа ұлын мұрагерлікке
тағайындағаны туралы мәлімет жоқ. Иснаашариттер мұрагерлікке Джафар ас-
Садықтың кіші ұлы Мұсаны тағайындауды талап етті. Негізі мұрагерлікке
Джафар ас-Садықтың қалған үш ұлы да таласты. Бірақ ешқайсысы нақ өзінің
тағайындалғандығын дәлелдеп бере алмады. Сол себепті имамиттік шииттер
алтыға бөлініп кетті. Оның екеуі исмаилизм қозғалысының негізін қалады.
765 жылы алтыншы имам Джафар ас-Садық қайтыс болды. Джафар ас-
Садықтың қайтыс болғандығына бір топ сенбеді, олар имамның махди ретінде
қайтып келуін тосуға бекінді. Олар өз көшбасшыларының Абдолла ибн ан-Навус
атымен навусия атанды. Екінші бір топ Мұса ибн Джафардың туған бауыры
Мұхаммед ибн Джафарды қолдап, көшбасшысы Йахйи ибн Әбу аш-Шумайта есімімен
шумайтия атанды. Джафар ас-Садықтың жақтастарының көп бөлігі Исмаилдың
туған бауыры Абдолла ал-Афтахты қолдап, афтахия атанды. Бірақ Абдолла ибн
Афтахтың әкесінен кейін тез қайтыс болып кеткендігіне байланысты оның
жақтаушылары имамиттердің жетінші имам деп танып ал-Казим деп атап кеткен
Мұса ибн Джафар тарапына шықты.
Осы кезден бастап Исмаил ибн Джафарды қолдаушы екі топ имамиттерден
бөлініп шықты. Олар негізі Исмаил өлімінен кейін пайда болған еді, бірақ
тек имам Джафар ас-Садық қайтыс болғаннан кейін ғана имамиттерден бөлініп
кетті. Бірінші топ Исмаилды Джафар ас-Садықтың құқылы мұрагері деп танып,
оның өлімін қабылдамай, махди ретінде келуін күтуге бекінді. Бұл топтың
айтуы бойынша, Джафар ас-Садық Исмаилдың өлімін ұлын қауіптен сақтап,
мұрагердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында жария етті. Бұл топты
белгілі тарихтанушылар ан-Наубахти мен әл-Кумми нақ исмаилиттер - әл-
исмаилийа әл-халиса деп атады. Исмаилды имамдар тізбегінің ең соңғы имамы
ретінде танығаны үшін бұл топ әл-исмаилийа әл-вакифа есіміне ие болды.
Екінші топ имам Джафар ас-Садықтың кезінде-ақ Исмаилдың өлімін
қабылдап, оның ұлы Мұхаммед ибн Исмаил имаматтығын қолдады. Олар Джафар ас-
Садық үлкен ұлы Исмаил қайтыс болғаннан кейін өз немересі Мұхаммедты имам
етіп тағайындап кетті дегенге сенді. Мұхаммед ибн Исмаилды жақтаушылардың
пікірінше, Мұхаммед пайғамбардың немерелері Хасан мен Хұсейн жағдайынан
кейін (шиизмде тек Алланың нұры жауған Әлидің балалары болғандықтан, Хасан
мен Хұсейн бірінен кейін бірі имаматты басқару құқына ие болды, олардан
кейін имамат Хұсейн ұрпақтары арқылы жалғасын тауып, атадан балаға беріліп
отырды) имамат ағадан ініге беріле алмайды. Осы себепті олар Исмаилдың
басқа ағайындарының имаматтыққа таласуын заңсыз деп тапты. Бұл топты
тарихшылар мубаракийа деп атайды. Әл-Мубарак (қасиетті) Исмаил ибн Джафарға
берілген эпитет болса керек. Мубаракиттер Джафар ас-Садықтың Исмаилға
имаматтықты тапсырып кетуін бұлтартпас дәйек деп біледі, сондықтан
мубаракийа тобын исмаилийа қозғалысының бастамасы деп айтуға болады.
Исмаил ибн Джафардың өмірбаяны толық мәлім емес. Джафар ас-Садықтың
бірінші әйелі Фатимадан (Хасан ибн Әлидің немересі) Исмаил мен Абдолла,
екінші әйелінен Мұса, Ысқақ, Мұхаммед атты ұлдары болған. Исмаилдың нақты
туған жылы белгісіз. Шамамен 699-702 жылдар арасы. Оның нақты қайтыс болған
жылы да белгісіз. Тек әкесінен бұрын қайтыс болғандығы ескеріліп, шамамен
762-763 жылдар арасы деп көрсетіледі. Исмаил Мединеде қайтыс болып, Баки
зиратында жерленген. Исмаил әл-Муфаддал ибн Омар әл-Джуфи баскарған шеткі
шииттер құрамында болып, антиаббасидтік әскери бүлікке қатысқан. Әл-
Муфаддал Джафар ас-Садықтың оқушысы және Әбу-л-Хаттабтың жақтасы, кейіннен
муфаддалийа тобын құрып Әбу-л- Хаттабтан бөлініп кеткен. Сонысымен-ақ
консервативті және пассивті имам Джафар ас-Садықтың наразылығын туғызған.
Исмаилиттердің жетінші имамы Мұхаммед ибн Исмаил өмірбаяны да құпияға
толы. Өйткені ол ел өмірінде белсенді түрде атсалыспаған. Сондықтан
ешқандай мұсылмандық тарихи әдебиетте аты аталып көрініс таппаған. Мұхаммед
- Исмаилдың үлкен ұлы. Атасы Джафар ас-Садық қайтыс болған кезде Мұхаммед
жиырма алты жаста еді. Ол ағасы Мұса ибн Джафардан сегіз жас үлкен болған.
Осыған сәйкес Мұхаммед шамамен 738 жылы дүниеге келген деуге болады. Ол
ағасы Абдолла әл-Афтах қайтыс болғаннан кейін Джафар ас-Садық жанұясының
жасы үлкен азаматы саналып, Фатимид-Әлидтер үйінің құрметіне бөленген.
Бірақ Джафар ас-Садық жақтастарының көп бөлігінің Мұса әл-Казим имаматтығын
қабылдап кеткенінен кейін Мұхаммедтың туған Хиджаздағы жағдайы қиындап
кетеді. Осы кезде Мұхаммед Мединені тастап, шығысқа қарай жол тартып, ғайып
болып кетеді. Осы кезден бастап оған әл-Махтум (ғайып) деген эпитет
беріледі. Бұл шара бір жағынан оны Аббасидтер тарапынан қудалаудан
сақтануға көмектесті, екінші жағынан Куфа қаласында орналасқан мубаракийа
және басқа да шииттік топтармен байланыс орнатуға көмектесті. Кейіннен
қайда тұрақтағаны туралы мәлімет жоқ, тек алдымен оңтүстік Иракта, сонан
соң Персияға жол тартқаны белгілі. Мұхаммед өмірінің бір бөлігін Персияның
оңтүстік-батысында орналасқан Хузистанда өткізген. Онда Мұхаммадтың
жақтаушыларының біраз бөлігі шоғырланған еді. Жетінші имам сол жерден
жапсарлас жатқан аудандарға өз миссионерлері- даилерді жіберіп отырған.
Мединеде өмір сүрген кезінде оның екі ұлы – Исмаил мен Джафардың бары мәлім
еді, жер аударылғанда оның тағы төрт ұлы болған. Соның ішінде Абдолла,
кейінгі исмаилиттердің пікірінше, әкесінің өкілетті мұрагері болып
танылған. Мұхаммед ибн Исмаилдың нақты қайтыс болған жылы белгісіз. Ол
Харун ар-Рашид халифаттығы кезінде, 795-796 жылдардан кейін ар-Рашидтің
антиалид саясаты негізінде Мединеде Мұса әл-Казимді ұстап, Иракка жер
аудару кезінде қайтыс болған деген пайым бар.
Мұхаммедтың бұл қоныс аударуы ерте (алғашқы) исмаилизм тарихының жана
дәуір – жасырын дәуір – даур ас-сатрдың басталғандығын білдіреді. Бұл дәуір
Фатимидтер халифатының орнағанына дейін жалғасады.
Исмаилизмнің Мұхаммед ибн Исмаил қайтыс болғаннан кейінгі тарихы
туралы IX ғасырға дейін нақты мәліметтер жоқ. Жетінші имам қайтыс болғаннан
кейін мубаракийа тобы арасында бөлініс пайда болды. Бір топ имамның
ұрпақтарының имаматына қызмет етуін тоқтатпады. Бұл жайлы толығырақ Фатимид
халифатының негізін қалаушы Ұбайдолла әл- Махдидің исмаилизм доктринасына
өзгеріс енгізіп өзінің және өз ата-бабасының имаматтыққа толық құқығы барын
жария еткенде мәлім болды.
Мубаракийа тобының көп бөлігі жетінші имам Мұхаммед ибн Исмаилдың
өлімін қабылдаудан бас тартып, оны махди немесе каим (қайта тірілуші)
ретінде келуін күтетін болды. Олар басқа имамның пайда болуын мүлде
қабылдамады. Осы топ шииттердің тағы бір тармағы карматтардың негізін
қалады. Карматтар мубаракийа тобынан бастау алып, исмаилиттердің негізін
қалады. Олар өз имамдар тізбегін жеті санымен шектеді. Сондықтан
исмаилиттерге қосымша сабийа деген ат берілген. Жеті имам мыналар: 1) Әли
ибн Әбу Тәліп, 2) әл-Хасан ибн Әли, 3) әл-Хұсейн ибн Әли, 4) Әли ибн әл-
Хұсейн Зейн әл-Абидин, 5) Мұхамед ибн Әли әл- Бәкір, 6) Джафар ибн Мұхаммед
ас-Садық, 7) Мұхаммед ибн Исмаил ибн Джафар.
IX ғасырдың екінші жартысында шамамен жүзжылдық заңсыз өмірден кейін
исмаилиттер қозғалысы тарих сахнасына шықты. Бұл қозғалыс бір орталықтан
басқарылатын тармақталған миссионер–даилар жүйесінің үгіт-насихат
жүргізетін революциялық ұйымы- дава (шақыру) ретінде көрініс тапты. Осы
кезеңде әлі де Мұхаммед ибн Исмаилдың келуін күтетін әл-карамита
(карматтар) есімімен мәлім исмаилиттер ел ішіне аты таралып, Аббасидтер
билік органдарының көзіне түсе берді. Карматтардың ол кезде саны 100000
адамға жетіпті. Көп ұзамай исмаилиттер қозғалысы бұрын соңды болмаған
жеңіске жетті. Бірнеше онжылдықта оңтүстік-батыс Персия мен оңтүстік Ирак
территориясынан шығып, мұсылман әлемінің басқа аймақтары- Йемен, Бахрейн,
Сирия, Джибал, Хорасан, Мауренахр, Синд және Солтүстік Африка жеріне
таралды. Басты мақсаты - ел басқарушы Аббасидтерді құлатып, әділетті қоғам
орнататын жасырын имам Мұхаммед ибн Исмаилдың келуін күту. Қозғалысқа
негізінен Аббасидтер билігінен жәбір көрген Иран мен Ирактың қарапайым
халқы мен 874 жылы имамсыз қалған иснаашарит өкілдері мен биліктен қағылған
тайпа көсемдері тартылды. Үгіт-насихат жасырын жүргізіліп,
құпиялылық–такийа толық сақталды. Қозғалыс бастапқы кезде Хузистаннан,
кейіннен Сирияның Саламия қаласынан жасырын имам атынан худжжа- өкілетті
өкіл-жетекші арқылы басқарылып отырды. Иракта дава 874 жылы
иснаашариттердің он бірінші имамы қайтыс болып, он екінші имамы ғайып болып
кеткеннен кейін басталды. 877-878 ж.ж. әл-Хұсейн әл-Ахвазидің көмегімен
Хамдан Кармат исмаилизмге тартылды. Бұл әйгілі даи исмаилимзді насихаттау
үшін оңтүстік Иракка жіберілді. Ол Куфа маңы ауылдарында дава ұйымдастырды.
Ол исмаилизмге көптеген адамды тарта білді. Олар бастаушысы атымен
карматтар аталып кетті. Кейіннен Хамдан Карматқа қатысы жоқ исмаилит
қозғалысы ішіндегі автономды бөлік карматтар атауына ие болды. Хамданның
басқару орталығы Бағдадта болды. Ол орталықтан үнемі нұсқау алып отырды,
бірақ басқарушы есімі жасырын түрде қалдырылды. Персияның оңтүстігінде үгіт-
насихат кармат көшбасшыларының басқаруымен жүргізілді. 879-880 жылдары дава
жүргізу үшін Йеменге даилар Ибн Хаушаба мен Ибн Фазла жіберілді. 894 жылы
дава Шығыс Арабияда жүргізіле бастады. Оңтүстік Персияда жақсы
жетістіктерге жеткендігі үшін даи Әбу Саид әл-Джаннаби Бахрейнге жіберілді.
Ол онда 899 жылы екі ғасыр өмір сүрген тәуелсіз мемлекеттің негізін қалады.
Біртіндеп исмаилизм Персияның солтүстік-батыс, батыс және орталық бөлігін
жайлады.
899 жылы исмаилиттер арасында бөлініс пайда болды. Бұл Ұбайдолла әл-
Махди есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің және өз ата-бабасының
имаматтыққа толық құқығы барын жария етіп, исмаилизм доктринасына реформа
енгізді. Ол өзінің Әлидтер үйіне қатыстылығын былай түсіндірді: Мұхаммед
ибн Исмаил өз мұрагері етіп үлкен ұлы Абдолланы (кейіннен ар-Ради деген
атты алған) тағайындаған.Ол исмаилиттік жеті имамның екінші тобының бірінші
имамы. Абдолла Аббасидтердің қудалауынан арылу және өз шығу тегі мен діни
мәртебесін жасырын сақтау үшін ар-Ради деген атты алып, таңдаулы шағын
топқа сеніп Персияға бас сауғалап кетеді.Ол Хузистандағы Ахваз қаласына
қоныс тепкен. Содан Иракка жол тартқан. Кейіннен Сирияның солтүстігіндегі
Саламия қаласына аттанды. Бірнеше онжылдық Саламия қаласында болып Абдолла
исмаилит давасының бас пәтерін құрды. Имам сауда-саттықпен айналысатын
қарапайым хашимит ретінде өмір сүрген. Шамамен 827-828 жылдары имам Абдолла
өлерінің алдында өз мұрагері ретінде Ахметті атап кетті. Ахметтің мұрагері
– әл-Хұсейн. Әл-Хұсейннің мұрагері – Абдолла (Әли). Оның Сейед деген аты да
бар еді. Кейіннен ол Ұбайдолла әл-Махди есімімен әйгілі болды. Ұбайдолла
873-874 жылдары дүниеге келген. Әкесінің өлер алдында шамамен 881-882
жылдары Ұбайдолла сегіз жаста еді. Ұзақ уақыт бойы бала әке жағынан ағасы
Мұхаммед ибн Ахметтің қолында болады. Ұбайдолла қауымның жетекшілігіне
келмес бұрын ағасы бірнеше рет билікті өз балаларына алып бермекші болған.
Бұл Фатимидтердің ресми ұстанымы ретінде қабылданды. Бұған дейін
исмаилиттердің қауымы худжжа арқылы басқарылып келіп еді. Худжжа жасырын
имам Мұхаммед ибн Исмаилдың толық құқылы өкілі болатын. Ұбайдолла реформасы
қауым мүшелері тарапынан аса қатты қарсылыққа ұшырамады. Өйткені бұрын
басқарған худжжалар бүкіл билікті өз қолдарына шоғырландырып алып, тек сөз
жүзінде ғана Мұхаммед ибн Исмаилға сілтеме жасап отырған болатын.
Убайдаллах өз реформасымен өзін және өз ата-бабасын жасырын имам Мұхаммед
ибн Исмаилдың худжжасы лауазымынан имам дәрежесіне дейін көтерді. Бұл өз
кезегінде махди Мұхаммед ибн Исмаилды күтуден бас тартуды білдіреді.
Алғашқы исмаилиттер ұстанымынан алшақтау осылай басталды.
Ұбайдолла өзін Әли ибн әл- Хұсейн ибн Ахмет ибн Абдолла ибн Джафар ас-
Садықпын деп жариялады. Қызығы Ұбайдолла өзінің ата-тегін Исмаил ибн
Джафардан таратпай, оның туған бауыры Абдолла есімін атайды. Ұбайдолла
Абдолланы ас-Садықтың заңды мұрагер-сахиб әл-хакк деп таниды. Өз шешімін
Ұбайдолла былай түсіндіреді: Мұхаммед ибн Исмаил есімі барлық шын өмір
сүрген имамдарға, Исмаил атын алған Абдолла ұрпақтарына берілетін болған.
Такийа принципі бойынша, Абдолла ұрпақтары Мұхаммед лақап атын иеленіп
худжжа дәрежесін алған. Убайдаллах бұл жайлы Йемен исмаилиттеріне жолдаған
хатында баян етеді.
Ұбайдолланың бұл доктринадық реформасын Фатимид халифатының төртінші
халифі әл-Муизз қайта өзгертіп, фатимидтер ата-тегін Исмаил ибн Джафар мен
Мұхаммед ибн Исмаилдан бастады. Мұхаммед ибн Исмаил қайта ал-каим деп
танылды, бірақ ол толық жасырынған-жоғалған күйде деп есептеліп,
материалдық дүниенің соңына дейін оның фатимидтік исмаилиттерден шыққан
орынбасарлары-хулафа елді басқаруы керек деп ұйғарылды. Әл-каим Мұхаммед
ибн Исмаилдын келуін күтпей-ақ қою ұсынылды.
Имам Мұхаммед ибн Исмаилды жоққа шығару исмаилиттердің екі фракцияға
бөлінуіне әкелді. Бірінші фракция исмаилит қауымының басында тірі имам
отыруы керек деп тапты. Олар фатимидтік исмаилизмнің ресми имамат
доктринасын қабылдады. Фатимид халифтерін өздерінің имамдары деп таныды.
Хамдан Кармат пен Абдан бастаған оппозициялық топ, оларға Әбу Саид әл-
Джаннаби де қосылды, Ұбайдолланың имаматтыққа таласын құптамады. Олар
бұрынғы доктринаға сүйеніп, жасырын имам Мұхаммед ибн Исмаилдың келуін
күтумен болды. Осы кезден бастап оңтүстік Ирак, Бахрейн және Персияның
бірнеше аудандарындағы фатимидтік халифтерді имам деп қабылдамаған
исмаилиттік топтар карамита-карматтар деп аталып кетті.1,75
902 жылы бөліністен кейін Ұбайдолла өз өмірі үшін қауіптеніп
Саламиедегі даваның орталық пәтерін тастап кетуге мәжбүр болды. Ол
Солтүстік Африкаға жол тартты. Бұл аймақ исмаилит давасының шарпуына
іліккен болатын. Солтүстік Африкадағы исмаилиттік даваны даи Әбу Абдолла
аш-Ши басқарды. Ол Мағрибқа 892 жылы жіберілген болатын. Ол кутама
берберлері арасында исмаилиттік үгіт-насихат жүргізіп, Ұбайдолланың келіп
фатимид халифатын құруына жақсы негіз жасап берді.
909 жылы исмаилиттер тарихының алғашқы кезеңі аяқталып, фатимидтік
исмаилиттер кезеңі басталды.
909 жылы Убайдаллах Солтүстік Африкада Фатимидтер халифатының негізін
қалады. Фатимид халифаты 909-1171 жылдар аралығында өмір сүрді. Ифрикияда
Фатимид халифатын басқарған халиф-имам Ұбайдолла әл-Махди мен оның үш
мұрагері мемлекетті біртұтастандыру барысында көптеген қиындықтарға тап
болды. Олар халифаттыққа таласқан Аббасидтер мен Испаниядағы Омейядтармен
қақтығысумен қоса византиялықтармен соғыс алаңында кездесіп отырды.
Хариджит берберлердің көтерілісі мен маликит Ифрикия қалаларындағы
заңгерлерінің ықпалындағы сүнниттердің наразылығын тоқтатуға көп күш
жұмсалды. Мұның бәрі Фатимидтер үшін Ифрикиядан тысқары жатқан Мағриб
аймағын қол астында ұстап тұруды қиындатты. Мағриб аймағында дава – үгіт-
насихат жұмыстары нәтиже бермеді. Бірақ енді исмаилиттер өз территориялары
аймағында үгіт-насихат жұмыстарын ашық түрде жүргізуге мүмкіндік алды.
Мемлекеттен тысқары аймақтарда такийа- саналы түрде өз дінін жасыру әдісін
қолдануға мәжбүр болды.
Даваны жүргізудің қалыптасқан жүйесі болды. Тәжірибелі даилардың бір
тобы жаңа адамдарды тарту үшін жұмыс істеді. Олардың оқуы бірнеше сатыдан
тұрды. Олар жаңа тартылған адамнан заман имамына адал болуға және исмаилизм
ілімін құпия сақтауға ант алып оқытуды бастаған. Екінші топ исмаилиттердің
өзімен жұмыс жасаған. Олар заман имамы атынан тараған әртүрлі доктриналық
өзгерістер мен жарлықтарды түсіндіретін болған. Даилер сабағы даналық
сессиялары маджалис әл-хикма деп аталған.
Фатимид халифтері исмаилизмді таратып, әлемде Әлидтердің билігін
орнату мақсатында дава- үгіт-насихат жұмыстарынан бас тартпады. Өз
территориясында дава жүргізу оларға қиын болды. Тек бірнеше онжылдықтан
кейін ғана Солтүстік Африканы бағындыра алды. Тек төртінші халиф- имам ал-
Муизз исмаилиттік даваның сәтті нәтижелерін ескере отырып әскери әрекет
пен дипломатияны ұштастыра білді. Ол Фатимидтер билігін өз бақталастары
испандық Омейядтар, византиялықтар мен Аббасидтер территориясына таратуды
басты мақсатым деп білді. Оның тұсында исмаилиттердің заң кодексі толық
қалыптасты. Оның негізін танымал фатимидтік заңгер кади ан-Нуман қалады.
Кодекс Даим әл-ислам(Ислам негіздері) деп аталады.1,86
Алғашқыда карматтардың Фатимид халифтерін қабылдамауы фатимидтік
исмаилиттер давасының үгіт-насихат жұмыстарына кедергі келтірді.Бір жағынан
сүнниттер карматтарға қарсы антиисмаилиттік әдеби кампанияны бастады.
Сүнниттер исмаилиттерді қаралап, оларды діннен алшақтады деп есептеді. Бұл
кампания карматтар 930 жылы Меккеге шабуыл жасағаннан кейін ұлғайып кетті.
Әл-Муизз Аббасидтермен күресте карматтар күшті көмек бола алатынын жақсы
түсінді, сондықтан ол карматтарға жағу үшін алғашқы исмаилиттер іліміне
негізделген доктринаға өзгерістер енгізді. Ол 912 жылы кармат даи Мұхаммед
ан-Насафи ұсынған неоплатонистік космологияны қолдады. Әл-Муизздің исмаилит
мемлекетінен тысқары жүргізген дава стратегиясы өте сәтті болды. Даи Әбу
Йакуб ас-Сиджистанидің арқасында Хорасан, Систан, Мекран мен Орта Азияның
көп бөлігі фатимид имамын қабылдады. 958 жылы Үндістанның солтүстігіндегі
Синд аймағында фатимидтік даилердің көмегімен исмаилиттер иелігі құрылды.
Орталығы Мултан қаласында болды. Бұл иелік 1005 жылы Мултанды сұлтан Махмұд
Ғазнави жаулап алғанға дейін өмір сүрді. Бірақ Синд исмаилиттері тәуелсіз
Сумрас династиясының қолдауына ие болып тірі қалды.
Әл-Муизз Бахрейн карматтарымен одақ құра алмады, сондықтан Фатимид
халифатының Шығысқа экспансиясы жүзеге аспай қалды. Әл-Муизз Мысырға көз
тікті. Ол кезде Мысырды Ихшидидтер басқарып тұрған еді. Мысырға жорықтың
бастығы дарынды әскер басшысы Джаухар еді. Ол Әл-Муиззге Солтүстік Африканы
бағындырып берген болатын. 969 жылы Джаухар Мысырдың астанасы Фустатқа
басып кірді. Мысырға исмаилиттік масхаб тек үстіртін енгізілді. Ешқашан
шиизм Мысырда тұрақ таппады. Онда шафииттік сүнниттер мен копт-христиандар
басым болды. Шииттер азшылық болып қала берді. 973 жылы Әл-Муизз
Ифрикиядан Джаухар салғызған Фатимид халифатының жаңа астанасы Каирге қоныс
аударды. Каир өз әл-Азхар мешітімен исмаилиттік даваның орталығына
айналды.
975 жылы Әл-Муизз қайтыс болды. Ол Фатимид халифатын үнемі ұлғайып
тұрақты даму жолындағы ұйымдастырылған дава жүйесі бар державаға
айналдырды.
Фатимидтік дава алтыншы халиф-имам әл-Хаким тұсында Ирак пен Персия
территориясында тұрақты түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп отырған.
Олар Ирактың тайпа көсемдерінің қолдауына сүйене отырып, Аббасидтер
империясының шаңырағын шайқалтты. Бұл кезде даи Хамид ад-дин әл-Кирманидің
еңбегін ерекше атап өту керек. Ол бүкіл фатимид заманының ең білімді
исмаилит ғалымы болған. Ол Ирак пен Персия территорияларында даилық етті.
1011 жылғы Аббасидтерің исмаилиттерді даттау Бағдад манифестін
жариялағаннан кейін әл-Кирмани Каирге шақыртылып алынды. Ол
шеткі(радикал) шииттерден бастау алған друздар қозғалысын басу үшін
шақыртылды.
Дава-үгіт-насихат жұмыстары Ирак, Персия және басқа да шығыс жерлеріне
1055 жылы Аббасидтердің орнына Селжұқ сүнниттері келген кезінде де сәтті
жалғасын тапты.
Исмаилиттік даваны ұйымдастырып тарату ісі фатимидтік халиф-имам әл-
Мустансирдің кезінде кемелдендірілді. Ол исмаилит давасын тарату аймағын он
екіге бөліп, арал-джазира деп қарастырды.2,100 Аралдарға мына аймақтар
жатады: Рұм (Византия), Дайлам (Персия), Синд, Хинд (Үндістан), Чин (Қытай)
және арабтар, нубийлар, хазарлар, славяндар, берберлер, африкандықтар
(зиндж), аббасиндер (хабаш). Әл-Мустансир кезінде аталған аймақтарда
тұрақты исмаилиттік қауымдар құрылған. Ал карматтар қауымы тарап кетті
немесе фатимидтік дава құрамында жұмыс істей бастады. Персияның Фарс
аймағында үгіт-насихат жұмыстары Буидер сарайында қызмет еткен даи әл-
Муаййад фи-д-Дин аш-Ширазидің арқасында сәтті өтті. Ол Буидтер әмірі Әбу
Калиджара Марзубанды исмаилиттер қатарына тартты. Бірақ Аббасидтердің
қудалауынан сақтанып әл-Муаййад фи-д-Дин аш-Ширази Каирге кетіп, фатимидтік
мемлекет-давла мен даваны басқаруға өмірінің соңына дейін атсалысты. 1058
жылы әл-Муаййадтың көмегімен Селжұқтар мен Аббасидтерге қарсы фатимидтер
мен түріктердің әскерін басқарған Арслан әл-Басасири Ирактың бірнеше
қалаларын жаулап алып, Бағдадқа басып кірді. Бір жыл бойы Аббасидтердің
астанасы Бағдадта әл-Мустансир есімімен құтпа оқылды.
Исмаилиттер давасы Селжұқтардың Персиядағы иеліктерінде де таралып
жатты. 1070 жылы жергілікті исмаилиттер құпия пәтері Исфаханда орналасқан
даи Абд әл-Малика ибн Атташтың қарауында болды. Әйгілі ғалым-теолог,
дарынды ұйымдастырушы Абд әл-Малика ибн Атташ өзінің болашақ мұрагері
низариттік исмаилизмнің давасы мен мемлекетінің негізін қалаушы Хасан ибн
Саббахтың мансап жолында көтерілуіне көп ықпал етті.
1052 жылдан бастап атақты Мысырға сапарынан қайтып келгеннен кейін
әйгілі парсы ақыны, теолог, философ Насыр Хосроу Хорасанда дава- үгіт-
насихат жұмыстарын жүргізе бастады. Бұл кезде Саманидтердің көбі
исмаилизмді қабылдап қойған еді. Насыр Хосроудың Хорасандағы бас пәтері
Балх қаласында орын тепті. Сүнниттердің жаулық әрекеттерінен кейін Насыр
Хосроу Хорасанды тастап, Бадахшандағы Йумган даласына қоныс тебуге мәжбүр
болды. Бірақ ол Каирдегі бас пәтермен қатынасын үзген жоқ. Қазір
Бадахшандағы жергілікті барлық исмаилиттер мен Хунза және Пәкістанның
басқа аймақтарындағы қауымдар Насыр Хосроуды өз діни қауымдастықтарының
негізін қалаушы деп есептейді.
Исмаилиттер давасы Фатимидтер кезінде Йеменде кең өркен жайды. Ондағы
даваны даилар Ибн Хаушаб Мансур әл-Йаман мен Ибн әл-Фадл басқарды. Мұнда
исмаилизм ұстамды ағым ретінде қалыптасты. Әл-Мустансир билік басына
келместен бұрын Йеменде исмаилиттік даваны бану хамдан көсемі даи Әли ибн
Мұхаммад ас-Сулайхи басқарды. 1038 жылы ол Хараз таулы аймағында көтеріліс
жасап, Сулайхидтер династиясының мемлекетін құрды. Ол Фатимид халифатының
суверенитеттін мойындады. Сөйтіп, бір адамның қолында ел билігі мен дава
билігі шоғырланды. Мұндай жағдайға кейіннен жол берілмеді. 1063 жылы Әли
ибн Мұхаммад ас-Сулайхиге бүкіл Йемен бағынды. Яғни бұл жерде исмаилиттік
дава-үгіт-насихат жұмыстары ашық жүргізіле бастады. Әли ибн Мұхаммад ас-
Сулайхи Каирмен, ол кездегі дава бастығы әл-Муаййадпен тығыз байланыс
орнатты. 1067 жылы Әли тайпалық кек себебінен өлтірілгеннен кейін елді оның
ұлы Ахмет ибн әл-Мукаррам басқарды, ал йемендік даваны даи Ламак ибн әл-
Хаммади өз қарауына алды. Йемендегі билікті негізі Ахмет ибн әл-Мукаррамның
әйелі әл-малики ас-Саййида Хурра жүргізді. Ол йемендік даваның өркендеуіне
үлкен үлес қосты. Сондықтан оған йемендік даваның худжжасы деген дәреже
берілді. Бұл әйел адамды жоғары дәрежеге көтерудің бірегей жағдайы болды.
Әл-Мустансир оған Үндістандағы даваны да басқаруды тапсырды. Сулайхидтер
Фатимидтердің Үндістанға исмаилизмді тарату ісіне ерен еңбек сіңірді. 1067
жылдан бастап Сулайхидтер Гуджаратқа йемендік даиларды жіберу ісімен
айналысты. Бұл даилар онда исмаилиттік қауым құрды, кейіннен бұл қауым
бохра тайибиттері қауымына айналды.
Әл-Мустансир билігінің соңғы онжылдықтарында Фатимид халифатында
дағдарыс байқалды. Фатимидтер Мысыр мен Ливанның кейбір жағалау маңы
аудандарынан басқа территорияларының бәрінен айырылып қалды. 1094 жылы Әл-
Мустансирдің қайтыс болуы мұрагерлік туралы талас тудырып, Фатимид
халифатындағы дағдарысты одан әрі ушықтыра түсті. Әл-Мустансирдің үлкен ұлы
Низар сол кездегі уәзір әл-Афдалдың сұрқия саясатының арқасында заңды
мұрагерліктен шеттетіліп, оның орнына әл-Мустали биллах атағымен кіші
інісі Ахмет билікке келді. Оны Каирдегі орталық дава қолдады. Низар
мұрагерлік құқығының бұзылуына қарсы Александрияда көтеріліс жасады, бірақ
ол аса қатігездікпен басылып тасталды. Низар 1095 жылы өлім жазасына
кесілді. Бұл оқиға исмаилиттік дава мен қауымды мәңгіге екі фракцияға бөліп
жіберді. Фракциялар билікке таласқан Әл-Мустансирдің ұлдарының атымен
мусталийа және низарийа деп аталды. Фатимид тағына отырған әл-Мустали
имаматтығы Каир орталық дава ұйымы тарапынан заңды деп танылғаннан кейін,
Мысыр, Йемен, Үндістан және Сирия исмаилиттерінің біраз бөлігіне бас пәтер
болып қала берді.
Бірақ ислам жерінің шығысында жағдай мүлде басқаша болды. Мұнда
Фатимидтер өз саяси ықпалынан айырылған еді. 1094 жылға дейін Селджұқтар
қол астындағы территориядағы Персия исмаилиттерін дарынды стратег және
ұйымдастырушы даи Хасан ибн Саббах өз қарауына алып алған еді. Осыған дейін
ол Мысырда үш жыл болып, Фатимидтер халифатының жағдайынан іштей хабардар
болып, дағдарыс жағдайындағы мемлекеттен көмек күтудің қажеттігі шамалы
екендігін пайымдап қайтқан. Мұрагерлікке талас туған шақта ол бірден Низар
жағына шығып, Фатимидтер халифатынан толық қол үзді. Бұған Хасанның әл-
Афдалдың әкесі Бадр әл-Джамалимен келіспеушілігі де өз ықпалын тигізбей
қойған жоқ.
1101 жылы әл-Мусталидің мезгілсіз қазасынан кейін мусталиттік
исмаилиттер арасында бөлінушілік пайда болды. Мусталиттік исмаилиттер имам
ретінде әл-Мусталидің ұлы мен мұрагері әл-Әмірді таныды. Йеменнің басшысы
малика Саййида да фатимидтік Мысыр мен сулайхидтік Йемен арасында келісімге
сәйкес әл-Әмірдің имаматтығын қабылдады. 1130 жылы имам әл-Әмірдің
өлтірілуі мусталиттік дава мен қауым арасында дағдарысты ұлғайта түсті. Осы
кезде Фатимид халифаты өздігінен құлдырап бара жатыр еді, Сулайхидтер де
көптеген қиындықтарға тап болған болатын. Әл-Әмірдің өлімінен кейін оның
әке жағынан ағасы Абд әл-Маджид регент ретінде билікке келді. Әл-Әмірдің
кәмелетке жетпеген мұрагер деп тағайындалған ұлы ат-Таййиб белгісіз
жағдайларда жоғалып кетті. Көп ұзамай 1132 жылы Абд әл-Маджид Фатимид
халифатында толық билікке қол жеткізіп, әл-Хафиз ли-Диналлах атағымен
мусталиттік имаматты басқарды. Оны Каирдегі орталық дава қолдады, сондықтан
Мысыр, Сириядағы мусталиттік қауым да қолдау көрсетті. Кейіннен әл-Хафизді
қолдаған мусталиттік исмаилиттер хафизийа атанып кетті. Әл-Хафизді Йеменнің
Сулайхидтерден бөлініп кеткен Зурайд Адан бастаған шағын мусталиттер тобы
қолдады. Сулайхидтер басшысы ас-Саййида Хасан ибн Саббах секілді
Фатимидтермен өз байланысын үзіп, әл-Әмірдің ұлы ат-Таййибтың имаматтығын
қабылдады. Оны Гуджарат исмаилиттері де қалтқысыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдегі ҰЛТТЫҚ ТЕРРОРИЗМ
III – VII ғасырлардағы иран
Селжұқ мемлекетінің ұлы уәзірі Низам әл-Мүліктің өмірбаяны
«Шиға ағымынан болған имамия мазһабі»
ИТИҚАДТЫҚ ИСЛАМ МАЗХАБТАРЫ
Терроризмге қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі
Ислам фундаментализмі
Мухаммед Насыреддин Әт-Туси ғылым-тәлім тур алы (1201-1274)
Шиалық атаудың қалыптасуы
Ислам ойлау жүйесіндегі пайғамбарлық
Пәндер