Психологиялық қызмет көрсету



Кіріспе

I Негізгі бөлім
«Психология» ғылымының қалыптасуының теориялық аспектілері
1.1 Кеңес беру қызметі және оның мақсаты
1.2 Кеңес беру процессінің құрылымы
1.3. Кеңес беруші психотерапевтің жеке тұлғалық келбеті және моральдық тұрғыдағы ерекшелігі.
1.4 Психотерапевтің кәсіби дайындық дәрежесі

II Психологиялық қызмет көрсету
2.1 Психотерапевттік кеңес берудің жалпы стратегиясы
2.2 Кеңес беру жолдарының принциптері
2.3 Психотерапиялық процестің кезеңдері

III Нейро.лингвистикалық бағдарламаның кеңес беру барысында қолданылады.
3.1 Н.Л.Б.ны шығу тарихы мен жұмыс принциптері
3.2 Н.Л.Б.ны жүргізудің тәсілдері
3.3 Н.Л.Б.ның техникаларын кеңес беру процесінде қолданудың жолдары

IV Қорытынды

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
I Негізгі бөлім
Психология ғылымының қалыптасуының теориялық
аспектілері
1.1 Кеңес беру қызметі және оның мақсаты
1.2 Кеңес беру процессінің құрылымы
1.3. Кеңес беруші психотерапевтің жеке тұлғалық келбеті
және моральдық тұрғыдағы ерекшелігі.
1.4 Психотерапевтің кәсіби дайындық дәрежесі
II Психологиялық қызмет көрсету
2.1 Психотерапевттік кеңес берудің жалпы стратегиясы
2.2 Кеңес беру жолдарының принциптері
2.3 Психотерапиялық процестің кезеңдері
III Нейро-лингвистикалық бағдарламаның кеңес беру
барысында қолданылады.
3.1 Н.Л.Б-ны шығу тарихы мен жұмыс принциптері
3.2 Н.Л.Б-ны жүргізудің тәсілдері
3.3 Н.Л.Б-ның техникаларын кеңес беру процесінде
қолданудың жолдары
IV Қорытынды

Кіріспе

XXI – ғасыр негізінен бірқатар жаңа өзгерістерді ғылымға алып келді.
Ғылым әрқашан өзгеріп отырады, өйткені мұнда қарастырылатын мәселелер өте
көп немесе бұл мәселе шешімін тауып отыруы тиіс. Жаңа ғасыр ағымымен бірге
психология ғылымының өркендеуі дамуы кең өріс алып қарқынды келуде. Жаңа
заман ағымы, жаңа дін, жаңа тұрмыс тіршілік, жаңаша мәселелердің туындауына
ағылып келді.
Футурологтардың айтуы бойынша болашақта жер бетінде тіршілік етіп
жүрген адамдар екі маңызды мәселелерді шешуге мәжбүр болады:
I. Қоршаған ортамен қолайлы қарым-қатынасты орната білу мәселесі және
II-і адамның өзінің ішкі жан дүниесінен үйлесімді байланысты орната білу
мәселесі өзінің сан ғасырлық өмір сүру жағдайында көптеген мәселелерді
шешіп отыруға мәжбүр болған әлемнің екі моделіне сүйене отырып көптеген
мәселелер: шешімін тапты.
Олар: хилотропты (грек тілінен алынған. hile-материя, немесе trepein
- қандайда бір белгілі бағытта қорғалу) – күнделікті сана сезім
материясына бағытталу. Шындықтың нақты шынайы бейнесін құру, яғни әлем жеке
материалдық элементтерден құрылатындығын айқындайды.
Сол сияқты уақыт-ағымды, кеңістік-шексіз, адам – физикалық белгілі бір
құрылым және өзінің мүмкіндіктері мен жағдайлар, себеп-салдары бар
байланыс. Материя тығыздықтан екі объект кеңістікте бір жерде бола алмайды;
өткен оқиғалар қайта оралмайды, болашақта болатын құбылысты айқындау тек
тәжірбиенің жемісі арқылы ғана белгілі жерде ғана бола алады, индивид бір
ғана уақытта кеңістікте өмір сүре алады, тұтас бүтін бөлшектен көп;
Холотропты (грек тіл. holos - бүтін) хилотропты қарама-қарсы, ол
сананың шексіздігін айқындайды. Мұнда сананың тәжірбиесі альтернативті:
материяның тығыздығы мен дискреттілігі – иллюзия кеңістік пен уақыт
тұрақты, бір ғана кеңістікте бірнеше объектілер қызмет атқара алады,
өткен мен болашақты нақты өмірде көруге болады. Адам өзін бір уақытта әр
түрлі жерде қабылдай алады, бір уақытта әр түрлі уақыт жүйесін қабылдауға
болады; бір кезде бөлшек бүтін, ақиқат және ақиқат емес болуға болады.
Адамның санасында бұл екі модус тығыз қатынаста болады. Бірақ батыс
мәдениетінде тек хилотропты сана ғана өмірдің объективті шындығын
көрсетеді. Дегенмен орта деңгейдегі дені сау адам психологиялық,
тосқауылды, қорғанысты орната біледі. Ерте кезден бастап адамдар холотропты
модустың терапевтік және рухтың потенциалын көре білген. Адамның санасының
микро әлем деңгейіне дейін ене алу мүмкіндігін ерекше құбылысты
қалыптастыра білуге үйретті. Макро әлемде жаңаша бағыттар ашыла бастады.
Адамның рухани қанағаттануы ерекше құбылыс болып табылады, себебі рухани
жетілген адам өзінің сана сезімін толық басқара білуге мүмкіндігі бар.
Әр түрлі ағымдағы сәйкес адам өзінің рухани сезімін толықтыру үшін
ғылыми техниканы барынша пайдаланып отырды. Мұнда: телевидение, компьютер
немесе әр түрлі нашақорлық заттардың атқаратын қызметтері басым болып
отырды. Бірақ адамдардың өзінің рухани байлығын мұндай жолдармен
қанағаттандырып отырулары кері, нанымсыз сандарға алып келуде. Жаңа жүз
жылдық көптеген өзгерістерді алып келумен қатар бір қатар мәселелерді
күрделендіріп жіберді. Жаңа ағым ғылыми техникалық прогрессті барынша
дамытуда бірақ адамның материалдық қажеттілігін қанағаттындырғанмен ол
рухани қажеттілігін азғындыруда. Жаңа ғасыр өзімен бірге бір қатар
мәселелер алып келді, бұл мәселелер тікелей жеке тұлғамен тығыз байланысты,
адамдардың материалдық қажеттіліктерін толықтыра алмауда. Бұл мәселені бір
ғана жолмен шешуге болады және мұнда адамның дамуына кең мүмкіндіктер
ашылды. Рухани меселелерді ерте кезден бастап адамдар шешуге талпынған,
немесе әр түрлі әдістерді ұйымдастырумен шұғылданған.
Қазіргі таңда бұл мәселемен психология ғылымы айналысады.
Психологияның ғылым ретінде құрылуы негізінен қажеттіліктің туындауынан
болып табылады. Мұндағы рухани қажеттілік қазіргі кезде әрбір жеке тұлғаға
қажет.
Адамның жеке басының күрделі мәселелерін шешудің түрлі жолдары бар.
Психология өзінің алғаш құрылуынан бастап атқаратын функционалдық
қызметін түрлі салаларға беріп арнайы ғылыми негіздерге сүйене отырып
өзінің теориясымен практикасының негізін қалыптастырады. Ғалымдардың айтқан
болжамдары қазіргі кезде нақты күшіне еніп отыр. Өткен ғасырдың ойшылдары:
Психология болашақты өте маңызды ерекше қызметті атқарады-деген болатын.
Себебі ол адамның ішкі жан дүниесінің оның рухани дамуын зерттейтін ғылым
болып табылады.
Біздің қазіргі өміріміздің өте күрделі және көп қырлы сондықтанда адам
алдында үнемі кәсіби немесе жеке бас мәселесі туындап отырады. Бұл
мәселелер бір –бірімен шиеленісіп отырады, адам мұндай жағдайда өзінің
рухани қажеттілігін толық шешу мақсатында болған жағдайда толық түсіну үшін
әр түрлі іс-әрекеттерге барады. Мәселен түрлі қателіктерді жіберу арқылы
адам тәжірбие жинақтауы мүмкін бірақ жүйке-жүйенің жұтаңдауына алып
келеді. Ең тиімдісі өзіндік мінез-құлық әрекетттеріне немесе өзгелердің іс-
әрекеттеріне анализдік талдау жүргізіп отыру қажет, ***** іс-әрекеттердің
соңғы нәтижесін көре білу, өзгелермен қарым-қатынасты қалыптастыру
жолдарын қарастыру қажет, индивид мінез-құлық іс-әрекеттерді, эмоциялық
сезімдерді, өзгелермен қарым-қатынасты дұрыс қалыптастыра білуге жаттығуы
тиіс. Мұндай мәселелерді шешуде психологиялық дайындықтың маңызы зор.
Осы орайда жалпы психологиялық білім не үшін қажет болып отыр? деген
сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сұрақтың жауабы мынадай әрбір жаңа заман
ағымына сәйкес жаңа ғылым пайда болып өзінің нақты қасиеттілігімен
тұрақталады. Сол сияқты психологияның қажеттілігін ерте кезден бастап
ойшылдар түсіне білген, ал қазіргі таңда заманның талабымен адамның
қажеттіліктеріне сәйкес. Психология ғылымы өзінің функционалдық қызметін
кезінен атқаруда. Психологияның маңызды белгісі, адамның рухани жан
дүниесінің маңызды мәселелерін шешіп отырады. Психологиялық білімді
көрсететін негізгі мынадай 3 компонентті атап көрсетуге болады.
1. Психологияялық мәдениет – бұл адамның психикалық, денсаулығы
жөніндегі қамқорлығы, яғни психикалық денсаулықтың негізі мұнда: өзін-өзі
тану, өзге адамды тану, адамдар мен қарым-қатынас жасау процесіндегі өзінің
мінез-құлық әрекеттерін дұрыс қалыптастыра білу мәдениеті болып табылады.
2. Психологиялық компетенттілік – психология жөніндегі білім мен
дағдалардың жиынтығы. Мұндай компонент әр түрлі салада орын алып отырған
мәселелерді шешуге қажет болып табылады. Әр бір маманның өзіндік
психологиялық құрылымы болады, сондықтанда мұнда сол білімдерді меңгеру
қажет. Әсіресе қазіргі таңдағы: менеджмент, маркетинг, гуманитарлық
медициналық технологиялық мамандық бойынша мамандарды дайындаудың
қажеттілігін қанағаттандыру мәселесін шешу қажет.
3. Адамның өзін көрсете білуі – қазіргі қоғамның өмір сүру жағдайында
өте қажетті немесе үлкен маңызға ие.
Әсіресе Ж.О.О.-ның жаңа бітірген студент әрқашан өзін көрсете білу
қажет. Өзінің іскерлігін, біліктілігін көрсете білуі де дайындықты
тәжірбиемен қажет етеді.
Әрбір индивид өзінің күшті немесе әлсіз, жақтарын білуі маңызды.
Шығармашылық табыстарға жете білу үшін адамға іскерлік қажет, ал мұндай
білімдерді ізденуші білімгер білім алу процесінде тәжірибелі психология
пәні бойынша игеруіне мүмкіндіктер мол.
Қазіргі таңда жоғары мектептерде білім-берудің күрделі жүйесі
ұйымдастырылуда. Сондықтанда кәсіби іс-әрекет бағытын таңдау мүмкіндіктері
шектеулі.
Жас ұрпақ өзінің индивидуалды қабілет пен мүмкіндіктеріне сәйкес өз
қалауындағы кәсіпті таңдауға мүмкіндік алып қана қоймай еркін іс-әрекетте
жүзеге асыруына мүмкіндігі мол. Мұнда психология ғылымы маңызды рольді
атқарады, себебі ол адамдардың индивидуалды дамуына қолайлы жағдайды
ұйымдастырады. Онымен қатар шығармашылық потенциалды ашуға мүмкіндіктерді
беріп отырады. Психология ғылымы көптеген мәселелерді тереңінен
қарастыруды көздейді. Заман талаптарына сәйкес түрлі мәселелер барлық
салаларда туындап отыр, ең алдымен психологияның функциональдық қызметінің
негізгі мазмұнына кіру үшін біз жалпы психология ғылымының қалыптасуының,
құрылуының негізгі себебін ашып алуымыз қажет.
Психология – адам жанын зерттейтін ғылым оның негізгі тарихи қалыптасу
сатысы ерте кездегі философияның, медицинаның өзін - өзі бақылау іс-
әрекеттерінің нәтижесінде жалпы адамның өзінің рухани әлемін танудан бастау
алады. Психология ғылым ретінде тек өткен жылдың жүз жылдығында
эксперименттік базамен табиғи – ғылыми, физиологиялық негізінің
қалыптасуының нәтижесінде қалыптасты.
Ғылыми психологияның құрылуы жеңіл болған жоқ, алғаш кезде теориялық
тұлғада құрылған дәлелдемелер, практика жүзінде нақты айқындалған жоқ, тек
өндіріспен техниканың дамуының нәтижесінде практикалық мәселелер туындай
бастады мұның шешімін психология тек тәжірибе арқылы ғана шешуі қажет
болатын, сондықтанда теорияны практика жүзінде тексеріп дәл нақты
дәлелдемелерде алудың нәтижесінде ғана психология өзінің ғылым ретіндегі
жүйесін қалыптастырып құрды.
20-ғасырдың орта шегінде психология ғылымының түрлі салаларға белсенді
түрде дифференциациялау процесс байқалды.
Психология ғылымы өзінің қажеттілігіне байланысты түрлі салаларға
бөліне бастады: жас ерекшелік, ψ, медициналық ψ, инженерлік ψ, әлеуметтік
ψ, педагогикалық ψ, космостық ψ, спорт ψ, шығармашылық ψ, заң психологиясы
немесе т.с.с.
Теориялық негізде бастау алып дамыған психология қазіргі кезде
практикалық тұрғыда қарқынды дамуда. Тәжирбелі психологияның
методологиялық негізі ғылыми қажеттіліктің салдарынан жинақталып отырады.
Адамның жеке басына қатысты өмірлік маңызы бар мәселелерді шешу үшін түсті
салалар бойынша білім қорын жинақтаудың нәтижесінде психология ғылымынан
жаңа сапа бөлініп шықты. Ол практикалық психология деп аталады.
Практикалық психологияның еркі неде немесе оның мәні қандай? деген
сұрақ туындауы мүмкін. Атақты психологтар Ю.М. Забродин және В.В. Новиков:
теориялық ғылыми – зерттеушілік немесе ғылыми практикалық психологияның
айырмашылығын зерттеу объектісіне байланысты. Ғылыми-практикалық
психология әр қашан шынайы объектімен тікелей байланысты іс-әрекетті
атқарады. Себебі оның зерттеп отырған объектісінің жеке құрылымы, өзіндік
динамикасы және функционалды, психикалық жүйесі бар.
Ғылыми практикалық психология сапасы тікелей нақты объектімен жұмыс
жасайды, мұндағы объект жеке тұлға болып табылады. Жеке тұлға әрқашан
өмірлік іс-әрекеттерді құрушы белсенді қызметті атқарып, өзіндік
ерекшеліктері немесе өзіндік мекемелері бар тіршілік иесі болып табылады.
Мұнда тәжірбиелі психология мен психологтың атқаратын қызметі жеке тұлға
мәселесінің шешімін табуға көмек көрсету, бағыт беру, шиеленіскен
жағдайдың рационалды бағытын қарастыру немесе жүйке – жүйесінің зардап
шегуіне жол бермеу.
Осылайша практикалық психология түрлі сала бойынша білімдерді
жинақтай отырып өмірде орын алған мәселелерді шешудің жолын көрсетіп,
себебін айқындайды.
Тәжірбиелі психология негізінен 4 бөлімнен тұрады.
1. Индивидуалдық психология
2. Топ арасындағы және топ ішіндегі өзара бірлескен іс-әрекеттермен қарым-
қатынастар психологиясы
3. Кәсіби іс-әрекет психологисы
4. 4. Жеке немесе тұрмыстың өмір психологиясы
Тәжірбиелік ψ, мұндай бөлімдерге бөлінуінің себебі: индивид өзінің
ерекшеліктерімен қалыптасады, өзін өзі өзгелерді тани білуі қажет. Адам әр
қашан көпшілік ортасында өмір сүреді, сондықтан түрлі жағдайлар орын алуы
мүмкін. Қарым-қатынас жөнінде бірқатар заңдылықтар бар, сол заңдылықтарға
сәйкес адам өзінің мінез-құлық әрекеттерін дұрыс бағытта қалыптастыруы
мүмкін.
Практикалық психология саласы негізінен маңызды таңда барлық бағыттағы
мәселелерді қарастырып рационалды іс-әрекеттерді ұйымдастыруы қажетті
барлық теорияның, тәжірбиелік методологиялық базаны қалаған. Тәжірибелік
психология XXI-ғасыр ағымына өте қажетті сала б.т. және де оның атқаратын
функционалды қызметі күн сайын артып келеді.

I. Психология ғылымының қалыптасуының
теориялық аспектілері

XX-ғасырдың аяғында психология ғылымында екі өте маңызды тенденциялық
пайда болды. Алғашқы бағыт зерттеу объектісіне байланысты дефференцация **
*** зерттеу объектісінің дифференцация жеке бөліктерінің интеграциясы
ретінде қарастырылады. Екінші тенденцияға деген қызығушылықтың арту
себебі, бұл бағыт адамның өмірінің индивидуалды ақиқатын ғылыми білім
тұрысында қарастырып отырды.
Интегралды ғылым: интегралды медицина, экология, өмір сүру
психологиясының пайда болуымен гуманизациялық ғылыми зерттеудің ғылыми
келбетін айқындады.
Психология ғылымының жан-жақты салаға бөліне бастауы заман талабына
сәйкес интенсивті жетіліп келді. Психотерапияның негізінді қазіргі таңда
бір қатар мәселелерді шешуге болады ол ең алдымен тәжірбиелік психологияның
мәселелерін шешеді. Олар:
1. Индивидуалды
2. Тұрмыстың
3. Кәсіби
4. Қарым-қатынас мәселелерді бойынша түрлі іс-әрекеттерді
ұйымдастырып, адекватты шешімдерді шығаруға мүмкіндік береді.
Психотерапия - грек тілінен аударғанда жанды емдеу деген ұғымды
білдіреді. Ол ауырған адамға қайырымдылық мәселелері мен шараларын
қарастырады.
Психотеропияның негізі – логопедия (сөзбен әсер ету) К.С.
Станиславскийдің Театр киім ілгіштен басталады деген сөзі ауруды емдеу
тіркеуден, қабылдау бөлімінен, дәрігерді күтуден басталады деген пікірмен
аталып жатыр.
Ю.В. Коннабих: Психотерапия дегеніміз – ауруларды емдеуге психикалық
әдістерді жоспарлы түрде қолдану дейді. Психотерапияда ауруға себепші
болатын психиканың әсерлері аурудың түріне, адамның ерекшелігіне қарай
жоспарлы жүйелі немесе біртіндеп жүргізілуі керек. Дәрігердің ауырған
адаммен күнделікті жұмысы психотерапия. Психитерапия ерте заманнан белгілі
ерте кезде бір адамның келесі адамға көрсететін ықпалы ерекше сөздер
арқылы құдіретті күшті Алла тағаланың қатысуымен деп есептеледі.
Психотерапиялық әсерлер жалбарыну, үшкіру, денені ұйыту, сендіру арқылы
беріледі. Бағзы заманан-ақ адам психикасына әсер еткен ықпалдарының
бейнесі өнер туындыларында да жақсы сақталған. Орта ғасырда адамдардың бір-
біріне ықпалы сиқыршылық немесе көз байлау деп бағаланады. Философтар,
діндарлар, емшілер мен дәрігерлер темірдің магнитке тартылуы – магнетизмге
тән деп, табиғаттың ерекше құрлысы ретінде қарады. Магнетизм туралы
трактаттар жазылды, осы құбылысты ұғындыру үшін көптеген зерттеулерде
түсініксіз табиғаттан тыс күштер туралы айтылады. Магнетизм құбылысына XVI
ғасырдың белгілі дәрігері және табиғат зерттеушісі швецариялық Парацельс
(1493-1541) көңіл аударды. Оның ойынша магниттің құпия күшін, емдеу ісіне
пайдалануға болады. Магнит темірдің кесегін өзіне тартқандай ауруды өзіне
ауруды өзіне тартып, организмді аурудан босатады. Парацельс дифтериядан
тыныс тарылған, миына қан құйылған, өлім халінде жатқан жандарды емдеуге
магнитті қолданған. Парацельстің тәжірбиесінде магнитті қолдану арқылы
сіңірдің түйілуі мен құрысып қалуды, тоқтатты, сөйлеу қабілетін жоғалтқан,
сал болып жүрген адамға көмектесті. Мұндай өзгерістер истериялық сал
аурумен истериялық тіл байлану кезінді болатыны қазір белгілі. Нәтижелі
зерттеу аз болды, бірақ олар туралы лақап жылдам тарады. Әсіресе бұл
мәліметтер жын-шайтан мен құдайға сенетін адамдарға ерекше әсер етті.
Магнит күші арқылы емдейтін Парацельстің даңқы арта бастады. Тек
ғалымның мерзімсіз өлімі бұл салтанатты тоқтатты. Парацельс өлген соң
магнетизм қайтадан астрологтар мен философшылардың қолына ауысты.
Екі ғасырдан соң 1765 ж Веналық дәрігер Франц Месмер
Планеталардың адамға әсері деген тақырыпта медицина ғылымының докторлық,
дәрежесін алуға диссертация қорғады. Мұнда ол әлем магнетизмі жайында және
планеталар мен алыс жұлдыздардың адамға әсер етуі туралы жазады.
Месмер медицинада ғана емес заң мен философия саласында да, танымал,
әмбебап ғалым. Ол Венаның бай адамдарының бірі, әуезшілердің ***** Леапольд
Моцартпен немесе оның шыны гармоникада жақсы ойынымен таңдандырған
данышпан. Баласы Вольфганг Амадеймен бірге әуезбесі шұғылданады. Ғылымнан,
концерттерден қолы бос уақытта ол дәрігерлік қызметті атқарды. Месмер де
магнитпен емдеудің тәсілін байқап көруге шешім қабылдады. 15-20 адамның 2-3
–уі жеңілденіп, 1-2-уі жазылды. Осыдан соң Месмердің даңқы, елге жайылып,
жан-жақтан адамдар ағыл-тегіл келе бастады.
Екі ғасыр ішінде Франц Месмердің еліне байланысты түсініксіз, ғажап
күші бар магниттік флюид ілімі тарады. Месмердің түсінігі бойынша біздің
айналадағы ортада флюид сұйық ретінде тараған. Оны табуға, өлшеуге,
сезінуге болмайды, әлем осы сұйыққа толы, он планеталарға немесе жердегі
адамдар тағдырына ғана әсер етеді, сезілместен сәуле ретінде де тарайды,
адамдардың қарым-қатынасын осы сәуле билейді деп тұжырымдады.
Месмер магнитпен емдеу кезінде магниттік теорияға қайшы болатын
құбылысты байқады. Кейбір ауру адамдардың айығуы, айықпауы магниттің
жанасуы мен жанаспауына байланысты емес екендігін айқындаған. Емшіні
көргеннің өзі сырқаттан жеңілдегендей әсер еткен. Месмердің қолындағы
магнитпен кебісіндегі алтынға қол тигізіп, жанасуды ғана ойлайды. Месмер
әбден абыржыған болатын.
Парацельстің магниттің қандай ауруларға немесе қалай қолдану керектігі
жайында айтқандарын ойына түсірді. Онда әр мүшеге магниттің қалай әсер
ететіндігі туралы ашық жазылғанды. Алайда ол магнитсіз де жердің болатына
көз жеткізді.
Месмер емдеуге шөпшекті бақты пайдаланады, оларға өзінің флюидін
беріп, әлемнен қайтадан флюидті жинайды. Барлық емдеу жағдайы құпия
сақталды. Магниттік бөлімнің төріне құрылған шымылдықтың ар жағынан
ұнамды әуез естілісімен, үстіне алтынмен апталып, күміспен қапталған
камзолы бар, қолы гауһар сақинаға толы Месмер бір топ шәкірттерімен
сахнаға шығады. Ол әуез болғанмен ауру ** - деп сипап өтеді. Осы кезде
бірнеше әйелдерде истерикалық дерт қозады. Олардың бұл күйі, аурудың
дағдарыс кезеңі деп саналып, осыдан кейін аурудан айықты деп есептелген.
Айтарлықтай нәтиже бармеген мен, ел арасында Месмердің даңқы арта
бастайды. Ол белгілі дворян отбасыларының құрметті қонақтардың біріне
айналады. Венадан Парижге келіп Людовик XVI - Копольдің сарайында құрметті
қонақтардың бірі ретінде қабылданады. Сыры беймәлім осы түсініксіз
құбылыстарды әуес көретін аристократтар сарайлары мен ***** Месмердің
есімі ғана айтылып жүреді.
Ол кезде итальяндық Калистро сияқты адамдардың тағдырын болжап дұға
оқып, есіртке беретін. Месмерден кейін оның жолын қуушы, әуесқой магнатезер
Пюисегюр мүлде күтпеген жерден гипноз ілімінің ең маңызды мәселесі
ретінде жасанды сомнамбулизм (ұйқы ауруы) құбылысын ашты. Ол дененің қатты
дірілі, истериялық булығу кезінде магнитті қолдаған. Бұл орайда ауырған
адамның ерекше ұйқыға кеткені байқалады.
Оны ояту мүмкін емес, бірақ ол адам берілген, нұсқауларды орындайды.
Лунатиктер сияқты орнына тұрады, есітпейді.
XIX–ғасырдың 40-жылдары Манчестердегі француз магнатезері Шфель
Лафоитен келді, оның Джемс Брэд қатысты. Ол магнетизмнің ғылымға қайшы
екенін әшкерледі. Гипноз құбылысына ғылыми тұрғыдан қарау осы кезден
байқалған еді. Гипноз (грекше - ұйқы) терминін тапқан – Брэд өзінің
нейрогипнология деген кітабында Брэд гипнозды физиологиялық құбылыс деп
қарады.
Жылтырағыш затқа ұзақ қадалып қарағаннан көру мүшесі нашарлап, гипноз
пайда болады дейді ол. Брэд өзінің хирургиялық практикасында гипнозды
анестезияның (жайсыздандырудың) тиімділігін арттыруға қолданады.
XIX ғасырдан белгілі Сальпетриер неврологиялық клиникасының директоры,
француз невропотологы М.Ж. Шарконың (1825-1893) тексерулері гипноздың
психофизиологиялық негізін ашуға көмектесті. Шарко гипнозды - жасанды,
неврозды (гипноз кезіндегі истериялық булығу), нерв жүйесінің зақымдану
деп қарады. Бұл гипнозға деген ғылыми көзқарастың жетілуін тежеді.
Франциядағы Нанси мектебінің бастығы Беренгейн жоғарыда
айталғандарға қарсы шықты. Беренгейіннің айтуы бойынша, гипноз -
үйретуден, болған ұйқы. Алайда осыған дейін француз дәрігері Льебо да
осылай айтқан.
А. Льебо Нанси мектебінің гипноз туралы теорияның негізін қалаушы
тұлғалардың бірі, жиырма жыл өткеннен соң ғана Льебоның еңбегінің жемісі
ақталды. Атақты дәрігер Д. Дюман А. Льебоның консультацияларына қатыса
отырып, оның қолданатын әдіс-тәсілдерінің тиімділігіне көз жеткізуге
тырысатын болатын.
1881 ж Д. Дюман гипноз арқылы үш *** көлемінде аяғын судорга ұстап
қалып отыратын ауру қызды емдейді. Сонымен қатар гипноз арқылы ол
истериялық талма ауруы бар әйел адамын емдеген болатын.
Н. Дюман өзінің бақылау, зерттеу жұмыстарының нәтижесін Нансидегі
клиникалық факультетінің профессоры И. Беригеймерге хабарлайды. М. Дюманың
мұндай жұмыс бағыына қызығушылығын танытып тәжірибесін іс жүзінде көрсетіп
беруін өтінеді. Медицина қызметкерлерінің қауымдасқан жиынында Н. Дюман 4
адамға гипноз жасап көрсетіп береді. Жақсы көрсеткен тәжірбиеге
қауымдастықтың қызығушылық таныта бастайды.
Нанси аймағында бір әйел адам көп жылдар бойы ишмас ауруынан жазыла
алмай жүрген, әйел ауыл аймағында тұратын дәрігердің бір сеансына қатысып
ауруынан жазылады, кезінде ол әйелді атақты профессор И. Беригемер емдей
алмаған болатын. Мұнадай жаңалықты естіген Беригемер А. Льебоның гипноз
арқылы емдеу тәсілін алаяқтық деп, оны әшкерлеу мақсатында екі күн
көлемінде оның жұмысын бақылауға алады, бірақ Беригемер А. Льебоныың
жұмысының терапевтік әдісінің өте маңызды және тиімді екендігіне көз
жеткізді.
1882 ж Н. Беригеймер А. Льебоның Нанси қаласына көшіп келуіне ұсыныс
жасайды. А. Льебоның келісімімен ол екеуі Нанси мектебінің негізін
қалайды, нәтижесінде бұл мектептен көптеген гипнотерапевтер шығады.
Алғашында гипнозға скептикалық көзқараста болып келген И. Беригемер кейінен
гипнотерапияны белсенді дамытып, жетілдірумен айналысады.
1884 ж О внушенний в гипнотическом и в бодрствующем состояний деген
үлкен еңбекті жарыққа шығарады, мұнда ол анимистикалық теориялық негізін
қалайды. Күнделікті тәжірибеде психоневрологиялық ауытқуларды
гипнотерапиялық жолмен емдеу қажеттілігін көрсетеді.
Нанси мектебінің негізін қалаушы ғалымдар гипноздың тек емдік
әсерін ғана емес сонымен бірге оның ғылыми тұрғыдан негізін құруды
көздейді. Нанси мектебінің медицина факультетінің профессоры А. Бонис
өзінің лабораториясында барлық құралдарды пайдалану арқылы зерттеумен
шұғылданады.
Қорытынды мәліметтер объективті дәлел болып шығады. А. Бонис гипноз
иландыру әдісінің көмегімен адамның организміндегі барлық процесстерге
әсер етуге болатындығын дәлелдеді.
1885 ж Франция қаласында Гипнотизм - исследования физиологические и
психологические атты кітабында өзінің зерттеу жұмыстарының нәтижесін
баяндайды.
Нанси мектебінің негізін қалаған ғалымдар 1880 ж Обозрение
гипиотизма атты арнайы журналды жарыққа шығара бастайды.
Осы кезде Шарко ауру адамдарды түрлі материалдармен емдеу мүмкіндігін
зерттеумен шұғылданды. Шарко клиникалық бақылау жұмыстарын жүргізумен
бірге лабораториялық әдістерді пайдалану арқылы эксперименттік жұмыстарды
жүргізеді.
1885 жылы невролог З. Фрейд Париж қаласына келіп Ж.Шарконың гипноздың
жұмысын зерттеумен айналысады. 1887 жыл Шарконың шәкірттері А. Бина мен Ш.
Фере Животный магнитизм атты трактатты жарыққа шығарады, мұнда олар
Сальпетриер мектебінің теориясын дамытады. Сальпетриер мектебінің
теориясы бойынша гипнотикалық феноминге ой ешқандайда әсер етпейді.
Керісінше, флюидтың әсері немесе кейбір металдар, магнит организмнің
бірінің бірін әсер етуі мүмкін деген тұжырымды ұстанады. Ж. Шарко шынайы
гипноз тек истериялық аурумен ауыратын адамдарда ғана орын алады деп
есептейді. Ж. Шарконың мектебі гипнозды тек арнайы истериялық сипаты бар
іріктелініп алынған жас әйелдерге ғана тәжірбие жүзінде жүргізіп
отырды. Париж қаласында
Ж. Шарконың әрбір сейсенбі күндері лекция сабақтарын өткізіп отырған
гипнозды Ж.Шарконың асисстенттері жүргізген.
1884 ж З. Фрейд қаласына келіп А. Льебо мен И. Бернгеймердің гипноздың
техникасын жетілдіруге келеді. Фрейд Бернгеймердің кітабын неміс тіліне
аудырып, Нанси мектебінің гипноздың әдістерін тиімді деп тұжырымдайды. 1890
ж Сальпетриер және Нанси мектептері жақын байланысты бола бастайды.
Психоанализдің негізін қалаушы И. Бернгемер адамның ерекше сана сезімі
жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Ж. Шарконың теориясына қолдау
көрсетіп, гипноз жөнінде бір қатар еңбектерді жарыққа шығарады.
Швецария қаласының атақты психиаторы, невропотологы А. Форель,
гипноз әдісін тиімді ұстана отырып, гипноздың 3 негізгі сатысын
ажыратып көрсетеді.
1. Ұйқысырау
2. Гипнасия
3. Сомнамбулизм
I. сатыда – бұлшық еттер еркін ұсталып адам жай ғана ұйқыға енеді,
мұнда гипноздалушы тұлға өз еркімен көзін ашып, тұрып және сеансты
жалғастырудан бас тарта алады.
II. сатыда – бұлшық еттер толығымен босайды. Дәрігердің санағынан
бастап, адам өзінің сезімдерін айта бастайды, мұнда ол терең бейсаналыққа
еніп тек дәрігердің сөзін ғана естуге қабылдауға бейім болып отырады.
III. сатыда – мұнда гипноздың күйдің терең деңгейі орын алады,
гипноздалушы тұлға тек гипноздаушы дәрігерге ғана бағынып бұйырылған
барлық іс-әрекеттерді орындауға бейім болып отырады, гипноздалушы өзге
сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтармайды, гипнозалушы терапевт тек
өзінің сөзі арқылы әсер ете біледі.
XX – ғасырдың алғаш кезінен бастап неміс ғалымдары Г. Левенфельд, А.
Молля гипноз әдісінің бір қатар мәселелерімен айналысып еңбектерін
қолданады. Олар гипноздың теориясымен практикасын жөніндегі білімдерді
жалпылайды.
Неміс ғалымы Ф. Энгельсте Естествознания в мире духов (1878) атты
еңбегінде гипноз құбылысына өзіндік анықтама береді.
XIX – ғасырдың аяғы мен XX – ғасырдың басында гипнозды психологиялық
немесе физиологиялық тұрғыдан пайдалану жөнінде арнайы жұмыстар
жүргізіледі. Сендіру, түсіндіру сияқты әсерлерді қолданылатын
психотерапиялық әдістің бір түрі – рационалды психотерапия туралы алғашқы
сөз осы кезде айтылады. Бұл ілімді жинаушы неміс физиологы Э. Дюбуа –
Рейман былай дейді: Ауру адамдардың өз ауру туралы теріс пікірін өзгерту
үшін оған дау-дамайларды ақылымен шешуді түсіндіру және үйрету керек.
Орыс клиницестері ауырған адамға психотерапиялық жерді қолданды.
Бұдан жүз жыл бұрын М.Я. Мудров: Өнер арқылы қайғырушыны жұбатуға,
шыдамсызды тыныштандыруға, қорқақты батыр, тұйықты ашық, өткір сезімді
етуге болды. Бұл өнер дененің ауырғанын және зарыңды жеңеді деген.
Ауру адамға дәрігердің игілікті әсері туралы орыс клиницистері В.А.
Манассейн, С.П. Боткин, Г.А. Захарин, Б.С. Карсаковтар жазған. Психотерапия
мен гипнотерапияны практикада іс жүзінде пайдалануда.
А.А. Токарский көп еңбек сіңірді. Ол Ресейде I – і болып Мәскеу
университеттерде гипнология кафедрасын ашты В.Н. Мясищев, м.С. Лебединский,
Н.В. Иванов, В.Е. Рожнов және басқалар психотерапия саласында көп еңбек
сіңірді. И.П. Павлов сендіру мен гипноздың физиологиялық механизмін ашты.
И.П. Павловтың ілімі И.М. Сеченовтың орталық нерв жүйесіндегі қазу мен
тежеу процестеріне негізделген.
Физиологиялық тұрғыдан гипноз – ми қыртысындағы клеткаларда болатын
тежеу процесіне негізделген жарым-жартылай – ұйқы. Мұнда ми қыртыс
клеткаларының бәрі тежелмейді, тек бір бөлігі ғана тежеледі, яғни кезекші
нүктелер ұйықталмаған жағдайда дәрігер мен аурудың арасындағы қатынас
сақталады. (көпір, раппорт). Психотерпияның әдістерінің әрі ретінде
гипнозтерапияны арнайы дайындықтан өткен дәрігерлер жүргізеді.
3. Фрейд тазалану (Аристотельдің термині катарзис) принципіне
негізделген.
Психоталдауды қолданады. Катарзис әдісіне сүйене отырып Фрейд
артынан санасыздық туралы ойды дамытып психоталдау әдісін құрады.
Мәдениетті психоталдау, Психодрама психоталдаудың өзгерткіш түрлері.
В.М. Бехтереев психоталдаудың объективтік бөлігі Психоанализимді кең
түрде пайдаланды.
Психотерапияның әсерлерінің ішінде өзін-өзі жаттықтыру үлкен орын
алады. Бұл әдісті ұсынған неміс психотерапевті Генрих Шульц 1932 Шульц бұл
жөніне көлемді еңбек жазды. Өзін-өзі жаттықтырудың техника тамырлары ақыл-
ойдың дене қызметіне әсерін зерттейтін үнділік діни ілім, Хатжа-Иога
жатты.
Бірақ Шульцтің әдісінде иогтардың діни мистикалық ілімінің
элементтері мүлде жоқ. Тән жаннан айырылған соң әлем рухымен қосылып,
иогтардың дене тұрқы ерекшеленіп, өз назарын бір нүктеге аударып тынысын
өзгертіп, айналадағылардан жекешеленіп, ерекше бір иогтар өзін-өзі
ұйытады.
Иогтар жаттығудың арқасында тыныс алуы жүрек соғуына және соматикалық
қызметтерді өзгерте алады. Шульцтің жаттығуы арқылы бұлшық еттерді ***
салмақ пен жылыны, ішкі жайбарақаттылық пен жеңілдікті сезінуге болатынын
көрсетті. Қазір өзін-өзі жаттықтыру арқылы әр түрлі жүйке-психикалық
дақылданудың алдын алуға болады.
Психотерапевтік әсер дегеніміз – адамды емдеу үшін қолданылатын
ғылымға негізделген жүйелі психикамыз әсер. Мұның негізі - сөзбен әсер
ету.
Психотерапияда сөзбен де басқа көптеген факторлар қолданылады.
Психотерапияның арнайы түрлері гипноз, өзін-өзі жаттықтыру, тәжірибелі
бұл саланың арнайы тәсілдерін игерген психотерапевтер жүргізіп отырады.
Психотерапиялық қызметтің құрылуына үлес қосқан. Ресей ғалымдарының
зерттеу жұмыстарының маңызды б.т.
Терапиялық көмек көрсету бағытында гипнозды қолданудың теориялық және
практикалық бағыттары Ресей мемлекетінде де жүргізіледі. Еуропа
мемлекеттерде гипнозды қолдану бағыты табиғи жолмен жүргізіліп
отырса, Ресейде де емдік тәсіл ретінде қолдануға қатаң тыйым салады. Нанси
мектебінің құрылуына дейін Харьков университетінің професоры В.Я.
Данилевский гипноздың табиғатын экспримент жүзінде негізін түсіндірді.
1891 ж. Мәскеу қаласында орыс дәрігерлерінің қауымдастығының алдында
Единство гипнотизма у человека и животных атты баяндамасында жүргізген
эксперименттік жұмыстарының нәтижесінде қорытындылап айтқан болатын.
Данилевский гипнозды табиғи құбылыс деп түсіндіріп ол тек адамдарда
ғана емес жануарларда да байқауға болатындығын дәлелдеді.
Ғылыми клиникалық гипнологияның негізін қалаған ғалымдардың бірі орыс
невропотологы және психиаторы Бехтерев болды.
1902 жылы ол алғаш сендіру, илану және гипноз терминдерінің
айырмашылығын айқындап көрсете білді. Академиктің клиникалық бақылау
жұмыстарының емдеу бағытында тиімді нәтижесінде гипнозды ұжымдық емдеу
тәсілі ретінде, алкоголизммен нашақорлықты емдеу бағытында тиімді жүргізіп
отыруға мүмкіндіктер ашылды.
Психотерапияның маңызды функциональды қызметінің құрылуына И.П.
Павловтың гипноз жөніндегі зерттеу, эксперименттік жұмыстары елеулі орынды
атқарды.
Психология ғылымында психотерапия саласында кең өріс алып дамуына
Ресейдің атақты ғалымдары да өз үлестерін қосты.
А.А. Ухтомский, В.П. Протополов, И.В. Веденский, И. Сеченов
эксперименттік зерттеулерді жүргізіп, гипноздың теориялық және практикалық
тиімділігін тексерумен шұғылданады. Осы кезде Еуропа мемлекетінде бір қатар
өзгерістер пайда болды. 1910 И.Бернгемермен зейнетке шықты, А.Льебо болса
осыдан 6 жыл бұрын қайтыс болған болатын. Екі мектеп арасындағы бақталас
осылайша аяқталды.
Э.Куэ позитивті сендіруді интенсивті түрде қолдану арқылы ол өзінің
теориясын қалыптастырды. Оның идеялары АҚШ-да кезінен жарияланып
көптеген психологиясынның мектептердің құрылуына себепші болды.
АҚШ-та Дж. Бред пен И. Бренгейменнің еңбектері елеулі орынды алып
отырды.
Б.Франклиннің және Дж. Вашингтонның заманнан бастау алған
гипнотерапия кейінен М. Эриксонның еңбектерінде жалғасын тапты. М.Эриксон
психиатор маманы бола отырып классикалық гипноз бен үнді медицинасымен,
Бейтсонның жүйелі ойлау атты экологиялық бағдарламасына қатысумен
шұғылданады. 1958 ж Американың медицина академиясы гипнозды медициналық
терапия тұрғысында қолдануға қол қойды.

1. Кеңес беру қызметі және оның мақсаты

Психология ғылымының тарихи қалыптасу процесінде бір қатар
жаңалықтар ашылды. Ғылымға еніп, отырған жаңалықтар ғылыми тұрғыдан
дәлелденіп, қажеттілікпен қолдануға ендірілді. Жоғарыда атап кеткеніміздей
психология әртүрлі бағыттарда жұмыс істей отырып салалаға бөліне бастады.
Дегенмен әуел бастан психология адам жанын зерттейтін ғылым болып
құрылғандықтан оның зерттеу объектісі жеке тұлға б.т. Адам өзінің табиғи
жаратылысы бойынша өте күрделі механизмге ұқсайды. Сондықтан тылсым,
құпияға толы құбылыстың құрылымын зерттеу мақсатын ұстанатын ғылымның
принципіне сәйкес. Адам жанын ұғыну ерте заманнан бастап зерттелген. Тек
соңғы 100 жылдық көлемінде алынған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде
ғылыми тұрғыда нақтыланып, қазіргі таңда объективті бағалануда. Адам жанын
– түсіну бұл оның психикалық ерекшеліктері туралы ақпаратты алу, оның
ішкі күйін түсініп, әр түрлі өмір жағдайында орын алып отыратын іс-әрекет
қимылдарын мінез-құлықтарын түсіндіру болып табылады.
Адам психологиясы деп аталған түсінік негізінен психикалық таным
процестері, көңіл-күйі, өзгелерге деген мінез-құлықтың қарым-қатынасының
жүйесі болып табылады. Таныс процестері деп – қабылдау, зейін, ес, қиял,
ойлау, сөйлеу көңіл-күйге – эмоциямен, мотивация жатады. Психикалық
құрылым - бұл қабілет, темперамент мінез-құлық әрекеттері б.т.
Адамның жеке басының психологиясының ерекшеліктерін білу арықлы
адамның табиғи жаратылысын түсінуге қажетті болып саналады. Адамның
танымдық процесстерінің деңгейін білу арқылы оның мүмкіндіктерін бағалауға
болады. Психологиялық ерекшеліктерді зерттеу, бақылау процесінде жағымды
және жағысыз қасиеттерді көруге, эмоционалды қалыпты күйінің деңгейін
білуге, ішкі жай-күйінің белгілерін, зейіннің ерекшеліктерін, эмоциясының
ерекшеліктерін: аффект, сезім, құмарлық, стресс жағдайын білуге
мүмкіндіктер бар. Адамның мотивациялық сезімін зерттеу арқылы оның
қажеттілік пен қызығушылықтарының бағыт-бағдарын анықтауға болады.
Адам психологиясын түсіну үшін оның барлық құрылымдық
ерекшеліктеріне мән беріп, зерттеу қажет. Темпераменттен бастап барлық
психикалық процестеріне көңілді көбірек бөлу керек. Мұндай жұмыстармен
әрине психолог мамандары шұғылданады. Әрбір адам жеке тұлға ретінде
қалыптасқан кезінде өзін-өзі және өзгелерді түсініп, танып білуге
ұмытылады. Осы кезде адам мынадай ерекшеліктеріне назар аударып ұғынуға
тырысады: өзгелермен қарым-қатынас жасауына көңіл толады ма? Өзіне деген
көзқарас қандай? Адамдармен қарым-қатынас жүйесінде өзінің қоғамдық роліне
қандай қатынаста? Психикалық физикалық қауіпті тұрпатына қанағаттанадыма?
Әлде керісінше ме? Мейірімді немесе қатыгез бе? Көпшіл ме әлде тұйықпа?
Қарым – қатынас жасау коммуникативтілігі қандай деген т.с.с. ерекшеліктерін
ұғынуға тырысады. Жалпы қарастырар болсақ адамның психологиясын ұғынып,
зерттеу не үшін қажет? – деген сұрақ туындайды. Әрине, қажет себебі жаңа
ғасыр өзіндік ерекшеліктерімен бізге көптеген өзгерістерді алып келумен
қатар, біздегі бар мәселелерді күрделене түсті. Өмір жағдайына байланысты
түрлі мәселелер туындайды, оның ішінде адамға қажетті көмек көрсету жұмысы
да қажет. Кез-келген құбылыстың құрылымын білу арқылы, қажетті түзету
жұмыстарын жүргізуге болады. Дәл осылайша адамдардың психологиялық
құрылымын білу арқылы оған қауіп тиген жағдайда қажетті көмекті көрсетуге
мүмкіндіктер кеңінен ашылады.
Адамның психикалық жай күйін білу арқылы онымен қарым-қатынас жасау
жағдайын білу қажет, адаммен коммуникативті байланысты позитивті
ұйымдастыру үшін оның сол кездегі көңіл-күйіне байланысты қатынасқа түсу
қажет. Сонымен бірге мотивация мен қызығушылықтары, қажеттіліктері туралы
мәліметтер арқылы онымен ортақ әңгіме құрып, тіл табуға болады.
Темперамент пен мінез-құлық ерекшеліктері жөніндегі ақпаратты алған
жағдайда оның жауабын болжауға болады.
Темперамент пен мінез – құлық, қабілеттер тұрақты болғандықтан ол
адаммен іскер іс-әрекеттерді ұйымдастыру мәселелерін жеңіл шешуге
мүмкіндіктерді туындатады. Нәтижесінде адамның өзіне және өзгелерге деген
позитивті қатынасы арқылы тиімді қарым-қатынас байланысын орнату
мүмкіндігі артады, ал егерде кері көргіштік байқалған жағдайда түзету
жұмыстарының көмегімен дұрыс бағытқа бұру процесін ұйымдастыру қажет. Біз
жалпы жеке тұлға жөнінде ақпаратты көбірек білуіміз керек, себебі мұндай
ақпаратты біз келешекте өмір ағымында қолдануымызға тура келеді. Осы
кезде адам психологиясы жөнінде ақпаратты мүмкін. Әрине жоқ өйткені 1-
ден адамның психологиясы үнемі өзгеріп отырады, сондықтан да біз 2-ден
барлығымыз білу міндетті емес, ең қажетті болып табылатын минимум
ақпараттың өзі жеткілікті болып табылады.
Психология ғылымы заман талабына сай қажетті ғылым ретінде өзінің
статусын қазіргі таңда дәлелдеді. Ғылым тек теориясымен шектеліп қана
қоймай практика жүзінде барлық ақпараттың базалы іске асыруда. Адам
психологиясын зерттеп, қана қоймай оған қажеті бар көмек көрсету түзету
жұмыстарының методологиялық базасын құрастырады. Психодиагностикалық
көмегімен тұрмыстық немесе өмірлік психология жөніндегі білім ғылыми
білімді меңгеруге мүмкіндіктер берді. Ғылыми тұрғыдан білім объективті
және оны индивуалды тәжірбиеге тәуелсіз болып табылады. Сонымен бірге 1-ден
ақиқатқа да, шындыққа ***, 2-ден өмірдегі құбылысты нақты және дәл
бейнелейді.
Ғылыми білімді практикада жиі қолданады және оның нәтижесі нақты
көрсеткіштерді көрсетеді.
Психодинамикалық әдістерді қолданып жеке тұлға жөнінде дұрыс
ақпаратты алу үшін ғылыми білімнің меңгерілуі тиіс.
Қазіргі таңда психология кең ауқымды мәселелердің шешілу жолдарын
меңгерген. Ол түрлі салада қызмет атқарады. Кез келген орталықта психология
қызмет көрсетеді. Ғылыми базасы нақты құрылғандықтан ол жеке, индивидуалды
қызметтерді атқарады. Мұндай қызметті жеке кеңес беру деп атайды. Кез-
келген психолог теориялық және практикалық білімді ұштастыру арқылы,
тәжірбиеден өткен соң, мұндай қызмет түрін жеке жүргізе алады.

Психологиялық кеңес беру және оның мақсаты

Психологиялық кеңес беру практикалық психологияның жаңадан бөлініп
шыққан бір сапасы, ол негізіннен психотерапияның бағыты бойынша бөлініп
жұмыс істейтін сала. Қазіргі таңда заманның қажеттіліктерінен туындаған бұл
сала өз алдына мамандық ретінде қалыптасқан. Кеңес беру қызметі клиникалық
ауытқуы жоқ бірақ психикалық көмекті қажет ететін адамдардың
қажеттілігмен құрылған. Сондықтанда кеңес беру кезінде біз үнемі жеке
тұлғамен объекті ретінде жұмыс жасаймыз. Ол адамдар күнделікті өмірде,
тұрмыста қиындықтарға тап болып. Мәселенің шешілу жолдарын іздестірумен
болады. Мұндағы мәселелердің ауқымы әр түрлі және өте кең болуы мүмкін.
Мәселен: жұмыс барысындағы қиындықтар (жұмысқа деген қанағаттанбаушылық,
басшымен, құрдастарымен конфликтіге түсіп отыру, және т.с.). жеке өмірдің
болмауы, отбасылық шиеленістер, сабақ үлгілерінің дұрыс болмауы, өзіне
деген сенімсіздік, тұлға аралық, топ аралық қарым-қатынас байланысын орната
алмау және т.с.с практикалық психологияның сапасы кеңес беру шектеулі емес,
жұмыс процесінде көптеген және әр түрлі мәселелерді шешу қажеттілігі
туындап отырады. Бірақ АҚШ-дағы қызметкерлер мен **** ассоциоциясының
лиценциондық коммиссиясы жеке практиканы жүргізуіне рұқсат беруі шешімін
қабылдайтын комиссия мүшелері: Кеңес беру қызметіне мынадай анықтама берді.

Кеңес беру – бұл арнайы ұйымдастырылған процедуралар. Кәсіби бағыт
бойынша тұрмыс құру және отбасы мәселесі жөнінде, жеке немесе тұлға
аралық мінез-құлық іс-әрекеттеріндегі мәселелерді шешу 1979 ж Н.М. Bercs
пен B. Staffire кеңес берудің кең ұғымдық анықтамасын берді. Кеңес беру
бұл клиентке деген кеңес берушінің квалификациясы кәсіби қатынасы. Ол
негізінен индивид индивид қатынасында жүреді немесе кейбір жағдайда бір
неше адамның қатысуымен жүріп отыратын процесс болып табылады. Кеңес
берудің басты мақсаты - клиентке өмірде болып отыратын жағдайлардың
мәнісін түсінуге көмек беру және бастапқы *** бойынша қарастырылған
мақсатқа саналы түрде **** жеткізу болып табылады. Кеңес беру жөнінде
бір қатар анықтамалар бар. Олар:
1. Кеңес беру адамға өз бетінше іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді.
2. Кеңес беру жаңа мінез-құлық іс-әрекеттерін қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
3. Кеңес беру – жеке адамға өсіп, даму мүмкіндігін ұйымдастырады.
4. Кеңес беру процесінде клиент өз қалауы бойынша шешімдерді
қабылдайды, ал кеңес беруші оған тек бағыт бағдар беріп, қолдау
көрсетеді.
5. Кеңес беру – бұл объектігі жағымды, позитивті ықпал етіп әсер
ету болып табылады.
Атақты американдық психотерапевт С.Rogers негізгі принципті атап
көрсетеді.
1). Әрбір индивидтің өзіндік құндылықтары бар, сондықтанда оны
құрметтей білу қажет.
2) Әрбір индивид өзіне жауап беруге тұрарлық
3) Әрбір индивидтердің өз бетінше мақсат пен құндылықтарды таңдау
және өз бетімен шешімін қабылдау мүмкіндігі бар.

Психологиялық кеңес берудің мақсаты

Клиенттердің қажеттіліктеріне байланысты кеңес берудің мақсаты
күндегі болып табылады, мұндағы шешімін табуға тиісті мақсат кеңес алуды
қажет етіп отырған тұлғаның мәселесіне тікелей байланысты. Кеңес беру
процессінің түрлі мақсаттарымен алдында. 1990 ж George мен Cristioni-дің
кеңес берудің мақсат жастындағы өте маңызды мәліметтерін атап көрсету
қажет.
1. Клиент болшақта өмірден рұқсат, ләззат алып сенімді түрде өнімді
жұмыстарды атқару үшін, оның міне-құлық әрекетінің өзгеруіне ықпал ету.
2. Өмір жағдайында кездесіп отыратын қиын жағдайларға төзе білу мен
қиыншылықтарға мойынсұнбауға үйрету.
3. Өмірлік маңызды шешімдерді тиімді қабылдай білуге үйрету.
4. Тұлға аралық қарым-қатынастарды орната білу мен қарым-қатынас
әрекетін дамыту.
Адамдардың сана сезімінің төмен болуынан ол күнделікті өмірде,
әлеуметтік орталық мүшелерімен тіл табыса алмай, дау-дамайға кезігіп
отырады. Осындай жағдайларды шиеленістірмеу үшін эмоционалды тұрақтылықты
қалыптастыра білу қажет.
5. Жеке тұлғаның потенциалды деңгейін көтеріп, оны барлық мүмкіндікті
бере білу керек.
Blocher-дің айтуынша Кеңес беру кезінде клиентке барынша еркіндік
беру қажет. К. Мау (1967) Балаларға кеңес беру процесінде, кеңес беру
мақсаты тиімді жүзеге асыру үшін, айнала қоршаған әсер етушілердің өзгеруін
ұйымдастыру қажет деп айтады.
Кеңес беру қызметтері мақсаттардың ортақ болуына қарамастан, мектептер
арасындаы кеңес берудің мақсаттары әр түрлі.

Психоаналитикалық бағыт бойынша кеңес берудің мақсаты:

Бейсанаға ығыстырылған ақпаратты, саналы түрде жандандырып, клиентке
өткен тәжірибе негізінде дау-дамайға аналитикалық теңдеу жасауға көмек
беру, жеке тұлғалық жаңа келбетін қалыптастыру.

Адлердің бағытын ұстанушылар. Кеңес берудің мақсаты

Клиенттің өмірлік мақсатын жаңаша қалыптастырып әлеуметтік маңызды
мақсаттарын жинақтауға, қате түсініктегі мотивациясына түзету жұмыстарын
жүргізу, өзгермелер тең дәрежелі ұғындыру.

Мінез-құлық терапия бойынша
Кеңес берудің мақсаты – кері мінез-құлық іс-әрекетін түзету және
тиімді мінез – құлық әрекеттерін үйрету.

Рационалды – эмоционалдық терапия бойынша
Кеңес берудің мақсаты - өмірге деген толерантты рационалды қатынасты
қалыптастыру, мінез-құлықтық және эмоционалдық мәселе барысында, ғылыми
әдістерді қолдана білуге үйрету.

Клиентке бағытталған терапия ( C Rogers)
Кеңес берудің мақсаты – тиімді және қолайлы кеңес беру жағдайын
ұйымдастыру. Жеке тұлғаның өсуіне кедергі келтіріп отырған. Факторларды
ажыратып, өз бетінше астыңғы мүмкіндіктерді ұйымдастыру. Клиенттің іс-
әрекеттерін, жасаған қауымдастарын, сенімділігіне көңіл бөліп қолдану
көрсетіп отыру.

Экзистенциальді терапия
Кеңес берудің мақсаты – клиентке өз мүмкіндіктерімен еріктілігін
ұйымдастыру, жауапкершілігін сездіру, еркіндікті шектеп отырған факторларды
жою.
Кеңес беру процесінде кеңес беруші мен клиенттің мақсаты ортақ бағытта
ұмтылады. Кеңес беруші психологтың мақсаты теориялық бағытта қалыптасады,
ал клиенттің – мақсаты индивидуальды, дегенімен осы екі мақсат бір жұмысты
жүзеге астыру процесіне айналады.
Психолог мақсатын жүзеге асыру алдында, клиенттің қажеттіліктері,
қиындықтары және оның кеңес алу процесінен күтіп отырған ақпаратты алу
қажет. Ең алдымен Сіз біздің ортақ іс-әрекетімізден нені күтесіз Сіздің
қандай қалауыңыз бар? –деген сұрақтан бастап психолог ақпарат алу қажет.
Көпшілік клиенттер кеңес беру жөнінде тек жалпы мәліметтермен хабардар.
Кеңес алу жөнінде қажетті, топырақ мәліметті білген жағдайда клиент өз
мақсатын дұрыс ұйымдастыра алады. Кеңес алуға келуші клиенттер бірден тез
арада қажетті көмекті аламын деп ойласа керек. Бірақ кеңес беру процесі
бірден орындалып, аяқталады.
Психолог, психотерапевт кеңес беру процесінде мына жағдайды
ескеруі қажет – кеңес берудің мақсаты - мәселен тек өзі ғана шешіп, дұрыс
шешім қабылдауға және өз мүмкіндіктерін тиімді жүзеге асырып өзгеруіне тек
клиенттің өзі ғана міндетті болатындығн түсіндіріп жүргізу қажет.
Кеңес беру мен психотерапиялық көмек көрсету бағытының мақсат-
міндеттері қандай? Деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл екі бағыт негізінен
практикалық бағытта жұмыс атқаратындықтан кеңес беру мен психотерапияда
көмек көрсету процедурасы және кеңес беруші психологтың жеке бас
ерекшеліктеріне қойылатын талаптар бір. Көмек көрсету процесінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың әлеуметтік кызметтері
Қазақстан Республикасындағы жастарға арналған қызмет көрсету жүйесі
Қазақстандағы нарықтық әлеуметтік қызмет жағдайлары мен проблемалары
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ қысқаша лекция курсы
Мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру проблемалары
Қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Басқару функциялары - берілген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мақсатты қызметтің нақты түрлері
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен объектісі
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі
Пәндер