1998-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан мұрағаттарының рөлі
1.1.Отан тарихына жаңаша көзқарас және мұрағат құжаттарын жариялау мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2.«Қазақстан Республикасының мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»
Заңын қабылдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2 1998.2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары
2.1.1998 жылы іске асырылған Қазақстан Республикасының мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2. 2001.2005 жылдар аралығындағы Мұрағат ісін жетілдіру бағдарламасы және Мәдени мұра бағдарламасы аясында іске асқан елеулі өзгерістер ... ... ... ... ... ..27


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Қысқарған сөздер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53

Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан мұрағаттарының рөлі

1.1.Отан тарихына жаңаша көзқарас және мұрағат құжаттарын жариялау
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2.Қазақстан Республикасының мұрағат қоры және мұрағаттар туралы
Заңын
қабылдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2 1998-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары

2.1.1998 жылы іске асырылған Қазақстан Республикасының мұрағат ісін
дамытудың негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...18
2.2. 2001-2005 жылдар аралығындағы Мұрағат ісін жетілдіру
бағдарламасы және Мәдени мұра бағдарламасы аясында іске
асқан елеулі
өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..51

Қысқарған сөздер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 53

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54

К І Р І С П Е

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасаның бүгінгі таңдағы
экономикалық дамуы ол тікелей елбасымыздың ұстанған жаңа бағыттағы саясаты
десек болады. Мінекей, осындай жаңа бағыттағы саяси, экономикалық мәдени
жүйеде елдің ел болып қалуы тікелей оның мәдени құндылықтарына байланысты.
Ал мәдени, тарихи құндылықтың қайнар көзі мұрағаттарда екені мәлім. Ендеше
мәдени байлықтарымызды көздің қарашығындай сақтап келген мұрағаттардың өз
тарихын зерттеу біздің сол құндылықтарымызға көзқарасымызды көрсетсе керек.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мұрағат ісін зерттеу; оның даму
деңгейін бағамдау ол әрбір мұрағатшы мамнның міндетіне айналса керек.
Себебі мұрағатшылардың зерттеу - объектісі болып табылатын мұрағат ісі,
оның ішінде өзіміздің төл тарихымызға қатысты мұрағат ісінің даму тарихын
зерттеу ол болашаққа батыл қадам жасауға мүмкіндік береді.
Осындай өзектілікті туындатқан тақырыбымызды диплом жұмысы ретінде
қарастыру арқылы тым болмаса аса күрделі мәселенің бір шетін табуға
ұмтылдық.
Диплом жұмысының мақсаты - тақырыптың осындай өзектілігінен туындайды.
Мұрағат ісінің тарихы Отандық тарихта осы кезге дейін арнайы
қарастырылмағандықтан, оның көптеген мәселелері әлі күнге дейін беймәлім
қалып келеді. Дегенмен өзіміздің мұрағаттық деректердегі материалдар
негізінде және жаңаша аспектіде қарастыру – дипломдық жұмыстың басты
мақсаты болмақ.
Зерттеу міндеттері:
-Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан мұрағаттарының рөлі
анықтау,
-Қазақстан Республикасының мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңына
кеңірек тоқталу,
-1998 жылы іске асырылған Қазақстан Республикасының мұрағат ісін
дамытудың негізгі бағыттарын көрсету,
-2001-2005 жылдар аралығындағы Мұрағат ісін жетілдіру бағдарламасы және
Мәдени мұра бағдарламасы аясында іске асқан елеулі өзгерістерді жан-жақты
қарастыру,
- Мұрағат ісінің және құжаттама саласындағы негізгі құқықтық актілеріне
тоқталу.
Зерттеу объектісі: Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы мұрағат ісі. Оның
қалыптасуы және дамуы.
Зерттеу әдістері: Зерттеудің міндеттері және мақсаттарына сәйкес, ғылыми
таным әдістерінің өзара байланысты жиынтығы қолданылды. Оған тарихи,
жүейлілік т.б. әдістер кірді
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тек деректердің негізінде шынайы, өз
ұлтыңның тарихын жазу мүмкін болмақ. Ал бұндай тарихи деректердің басым
бөлігі – мұрағат қорларында сақтаулы. Елімізде деректану ғылымының
теориялық жағынан терең зерттеп жүрген ғалым Қ.М.Атабаевтың [1] еңбектерін,
мақалалаларын диплом жұмысында тиімді пайдана алдық. Мұрағат құрылысын
зерттеу, ондағы әрбір тарихи оқиғаларға және оның өрбу барысына баға беру
үшін жан-жақты зерттеу мұрағатшылардың алға қойған басты мақсаты болып
табылады. Сондықтан отандық мұрағат қызметкерлері өз қызметінің аясында
ғылыми жұмыстармен айналысып келеді. Мәселен, бүгінгі таңда Р.Х.Сариева,
Л.М.Грибанова, Б.Жанаев сынды мұрағатшы мамандардың басты еңбектері мұрағат
саласындағы өзекті мәселелерге арналған. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы
мұрағат қызметінің дамуы, ондағы іс-шаралар мен сан-қилы мәселелерді
бүгінгі таңда Р.Х.Сариева [1], Ғ.Исахан[2], А.Абдуллина, Г.Сексенбаева[3]
сынды мұрағатшы мамандар мақалалары мен еңбектерінде жиі кездеседі.
Дегенмен де біз диплом жұмысын жазуда негізінен нормативтік құқықтық
актілерге көп сүйендік. Әсіресе, Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар
туралы [4] Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заң негізінде пайда
болған көптеген методикалық ұсынымдар мен ережелерге баса назар аудардық.
Диплом жұмысы барысында мемлекеттік бағдарламалар атап айтқанда, Мәдени
Мұра [5] Мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік
Бағдарламасын [6], осы бағдарламаның Мұрағат ісін дамытудың 2007-2009
жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасын [7] да қарастырдық.
Тәжірибелік құндылығы. Диплом жұмысының негізгі нәтижелері, ережелері
және ұсыныстары:
-Диплом жұмысы өзінің жүйелілігімен және қызықты ақпарат беруімен
ерекшеленеді,
-Диплом жұмысын жазу барысында соңғы жаңалықтар мен ақпараттарды қолдану,
өзекті тақырыптарды зерттеуі оның қолданыс аясын кеңейтеді.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен, қысқарған сөздер тізімінен, қосымшадан
тұрады.
Кіріспеде тақырып көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты мен
міндеттері анықталған, оның тәжірибелік маңыздылығы көрсетілген. Диплом
жұмысының негізгі мәселелерінің ғылыми шешімі зерттеу объектісінің дамуының
өткені мен қазіргісін және құқықтық базасын талдауды талап етті. Осыған
байланысты диплом жұмысының негізгі мазмұны үш тарау түрінде жасалды.
1-тарауда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан мұрағаттарының
рөлі. Және де мұрағат ісіндегі өзгерістер мен барлық елең еетр жаңалықтар
ой елегінен өткізілді. Отан тарихына жаңаша көзқарас және мұрағат
құжаттарын жариялау мәселесі бірінші тарауда негізгі орынды алады. Ал
Қазақстан Республикасының мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңын
қабылдау және ондағы мұрағат ісінің нюанстары осы тарауда қарастырылды.
2-тарауда 1998-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары және
оларды шешу жолдарына және 1998 жылы іске асырылған Қазақстан
Республикасының мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттарына жеке-жеке талдау
жасалды.
3-тарауда 2001-2005 жылдар аралығындағы Мұрағат ісін жетілдіру
бағдарламасы және Мәдени мұра бағдарламасы аясында іске асқан елеулі
өзгерістерге кеңінен тоқталынған.
Қорытында зерттеу нәтижелері шығарылып, негізгі тұжырымдамалар жасалған.
Қазақстан мұрағат ісін дамытудың өзекті деп табылған жақтары барынша
ашылған.
Қолданылған құжаттар тізімінде дипломдық жұмысқа қолданылған басылымдар
жүйелілік тәртіппен көрсетілген.
Қысқартылған сөздер тізімінде мұрағат саласындағы барлық қысқарған
сөздердің тізімі келтірілген.
Қосымшаға сызба нұсқалар мен 1991-2006 жылдардағы мұрағат ісіндегі елеулі
өзгерістер тізімі диплом жұмысының текстін растау ретінде кіреді.

І.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан мұрағаттарының рөлі

1. Отан тарихына жаңаша көзқарас және мұрағат құжаттарын жариялау
мәселесі.

Мұрағатқа берілген баға өлшеусіз. Кезінде академик Е.В. Тарле "Құжатсыз
тарих жоқ, тарихсыз мемлекет, ұлт жоқ" деген. Ал мұрағат сол тарих үшін
жинақталған құжаттар қоймасы. Сондықтан да ол жеке тұлға мен коғамның,
мемлекеттің тыныс-тіршілігімен бірге тыныстап, өмір сүріп халқына,
мемлекетке, қоғамға қызмет етеді.
Сондай мұрағаттың бірі 1794 жылы өмірге келген Қазақстан Республикасының
мұрағаты.
Қазақстан мұрағатының тарихы соңғы үш-төрт жылға дейін В.И. Лениннің
"Россия Социалистік Федеративтік Кеңес Республикасында мұрағат ісін
орталықтандыру және қайта құру түралы Декретінен басталады"- деп
дәріптелді. Мұндай тұжырым Коммунистік партия идеологиясының өсерінен, не
мұрағат кұжаттарын терең зерттемеуден туды. Оған дәлел жеткілікті.
Кеңес үкіметі құрылғаннан кейінгі Бөқей губерниялық мұрағаты бюросының
тұңғыш бастығы Михаил Корнеевич Дацконың "...Мұрағаттағы деректерге
қарағанда Бөкей архиві 1794 жылы құрылған", — деп көрсетуі нақты айғақ
болады. Екіншіден, М.К. Дацкодан кейін болған архив меңгерушісі И.В. Жабин
баяндамасында. "...Бөкей губернесінің мұрағаты Ішкі Қырғыз Ордасы кезінен
бері, яғни, 1794 жылдан бастап ұйымдастырылды, бірінші архивті хан күрды.
Ол хан жаныңда болды", — деп тайға таңба басқандай етіп жазғанымен оған
назар аударылмады, мән берілмеді.
Тек Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін Орал облыстық
мемлекеттік мұрағат қызметкерлері ВА. Иночкин мен М. Ащығалиевтің Астрахань
мұрағатынан "Бөкей архиві Ішкі Қырғыз Ордасында 1794 жылы ұйымдастырылды
және ханның жанында ұйымдастырылып, оның кезінде өмір сүрді" - деп жазылған
деректі құжатты тапқаннан кейін еліміздің мұрағатының тарихы 1994 жылы екі
ғасырға бір-ақ көтерілді.
Осы нақты деректерге байланысты Қазақстанда 1995 жылдың 25-29 қыркүйек
күндері Қазақстан мұрағатының 200 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-
практикалық конференция өтті[1-8].
Конференцияда "Егеменді мемлекет жағдайындағы Қазақстан мұрағаты" деген
тақырыпта баяндама жасалып, жиырма бір хабарлама тыңдалды. Сөйтіп Қазақстан
мұрағатының екі ғасырлық тарихы әлемге танылды.
1990 жылы Одақтың таралуына байланысты Қазақстан мұрағаттарының рөлі
өзгерді. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1995
жылғы 19 қазандағы Жарлығы бойынша (№ 2541) Қазақстан Республикасының
министрлер кабинеті жанындағы мұрағаттар мен құжаттама Бас басқармасы болып
қайта құрылды.
Дегенмен Қазақстан мемлекеттілігінің мәртебесі өзгеруіне байланысты
мұрағат мекемелерінің де жүйесі өзгеріске ұшырады. 1996 жылы 29-қазанда
президент Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Бас мұрағат басқармасы жойылып, оның
өкілеттілігі Орталық мемлекеттік мұрағатқа берілді. Сол кезден бастап,
яғни 1997 жылдың 28- сәуірінен Бас мұрағат басқармасы Орталық Мемлекеттік
мұрағат деп атала бастады. Басқару жұмысы жаңа арнаға түсті. Мұрағат
мекемелерінің құрылымы, штат кестесі едәуір ықшамдалды.
Қазақстан мұрағаттарының үлкен байлығы - жеке тұлғалардың құжаттары.
Жеке тұлға мұрағат қорын сөз еткенде, ең алдымен Исатай Таймановтың жеке
архивінің болғандығын мактаныш етуге болады. Көтеріліс кезінде ол мұрағат
Исатайдың үйінен алынып, Орынбор мұрағатында сақталған. Өкінішке орай ол
қазір қолда жоқ. Егерде ол мұрағат табыла қалса, Қазақстан Республикасы
Орталық Мемлекеттік мұрағат қорының жеке тұлғалар мұрағатының басы болатыны
сөзсіз.
Дегенмен еліміздің 1000-ға тарта коғам, мемлекет қайраткерлері мен
ғылымға, мәдениетке, әдебиетке, өнерге, халық шаруашылығының салаларына
ерен еңбегі сіңгендердің өмірі мен шығармашылығына, қызметіне қатысты 130
мыңға жуық істер мемлекетіміздің тарихын толықтыратын мол мұра архив
қорында сақтаулы.
Олардың қатарында еліміздің түңғыш академигі, Қазақ ССР Ғылым
Академиясын ұйымдастырушы Қ.Сәтбаев, Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте
алған Т.Бигелдінов, Кеңес Одағының Батыры, аты әлемге аңыз болып тараған
қолбасшы Б.Момышүлы, Социалистік Еңбек Ері, жазушы Ғ.Мүсірепов, Социалистік
Еңбек Ері, сахна саңлағы С.Қожамқүлов, тарихшы Е.Бекмаханов, архитекторлар
М.Мендіқүлов, Г.Герасимов, қылқалам шеберлерлері Ә.Қастеев. А.Ғалымбаева,
қоғам, мемлекет қайраткерлері I.Омаров, Ө.Жәнібеков, ақын О.Сүлейменов,
композиторлар М.Төлебаев, Е.Брусиловский, т.б. құжаттары құнды шежіре.
Қазақстанның мұрағат мекемелері деректі фото құжатты көрмелер
ұйымдастырып, ақпарат құралдары арқылы хабарлар жариялап, жеке тұлғалар мен
мекеме, ведомстволардың сұраныстарына жауап бере алатын, ғылыми-практикалық
конференция өткізетін қуатты органдарға айналды. Бұл әсіресе әлемдік
дәрежеде өткен Абай, Жамбыл, Мұхтар мерекелері тұсында көзге түсті.
1940 жылы Қазақстан мұрағат қызметкерлері жұртшылықтың 1076 ғана
сұранысына жауап берсе, соңғы екі жылда Кеңес үкіметінің куғын-сүргініне
ұшырағандар мен әлеуметтік құқық мәселелері бойынша 325 мың 860 сұранысқа
анықтама берді.
Қазақстан мұрағатының соңғы жылдарғы дамуына Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" Бағдарламасы және 1997 жылды
"Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін кұрбандарын еске алу жылы",
1998 жылды "Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы" деп жариялаған Жарлықтары
елеулі әсер етті.
Орталық мұрағат органы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейханов, X.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, т.б.
ардагерлердің өмірі мен шығармашылығы жөнінде көрмелер ұйымдастырып,
ақпарат құралдарында материалдар жариялады. Республикалық ғылыми-
практикалық конференциялар өткізіп, халықаралық ғылыми конференцияларға
қатысты. Атап айтқанда: 1997 жылы 2 қазанда "Мұрағаттар мен
кітапханалардағы қолжазба мұраларды сақтаудың проблемалары" атты
конференцияда Қазақстан Республикасы мұрағат қорларын сақтауды қамтамасыз
ету жөніндегі өзекті мәселелер деген тақырыпта хабарлама жасалды.
1997 жылы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі - Ғылым
Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Герман
және Шығыс-Еуропа зерттеу институты — Геттинген Зерттеу Орталығы (Германия)
және Қазақстан Республикасының немістер Кеңесі бірлесіп ұйымдастырған
Орталық Азия немістерінің тарихы атты Халықаралық ғылыми конференцияға
"Патша әкімшілігінің Қазақстаңдағы неміс халқына қолданған саясаты"
(Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағат материалдары бойынша)
деген тақырып бойынша қатысты. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік
мұрағаты 1997 жылы 5 желтоқсаңца Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі —
Ғылым Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
институтымен бірлесіп, Алашорданың 80 жылдығына арналған "XX ғасырдың бас
кезіндегі казақ реформаторларының қозғалысы" атты халықаралық ғылыми-
теориялық конференция өткізді. Онда "XX ғасырдың бас кезіндегі оппозициялық
қозғалыс жөніндегі архив құжаттары".
1998 жылы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі — Ғылым
Академиясының Тарих және этнология институты мен Алматы қаласы әкімінің
аппараты ұйымдастырған "Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы: проблемалар
және оларды шешудің жолдары" атты ғылыми-практикалық конференцияда "Верный
қалалық басқармасының қоры — Алматы қаласы тарихының қайнар көзі" деген
тақырыптарда ғылыми хабарламалар жасады.
Қазақстан Республикасы Президентінің "1998 жылды Халық бірлігі және
ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы" Жарлығын және осы Жарлыққа
байланысты жылды өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің
20.12.1997 жылғы 141869 санды қауылысын Республиканың Орталық Мемлекеттік
мұрағаты өз қызметінің басты нысанасы етіп қабылдады. Атаулы жылды өткізу
жөнінде комиссия құрды. Жарлықты жүзеге асыру жөнінде нақтылы жоспар-шара
жасады. Оны жасауға елімізге танымал тарихшылар мен архив қызметкерлері
қатысты. Ғылыми кеңесте 1998-2005 жылдар арасында жарияланатын, баспадан
шығарылатын мұрағат құжаттарының республикалық жоспары бекітілді. Жасалған
жоспар мен шара Республиканың мұрағат мекемелеріне жіберілді.
Соның нәтижесінде еліміздің мұрағат мекемелерінің қызметтерінде Халық
бірлігі мен ұлттық тарих жылын өткізу елеулі орын алды. Оған 1998 жылдың
алғашқы жарты жылдығында-ақ республикалық, облыстық, қалалық, аудандық 34
ғылыми-тәжірибелік конференция өткізгені нақты дәлел.
Ось шаралардың ішінен 1998 жылы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы
Орталық мемлекеттік архивінің Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі —
Ғылым Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
институтымен бірлесіп "Мұрағаттар: Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы"
деген тақырыпта өткізген республикалық ғылыми-практикалық конференцияны
ерекше бөліп айту ләзім.
Бұл конференцияға еліміздің академиялық институттары мен мұрағат
мекемелерінің басшылары, республиканың Бас прокуратурасы, Ішкі Істер
министрлігі, Қауіпсіздік комитеті, жоғарғы оқу орындары мен ғылыми
мекемелердің, ұлттық мәдени орталықтары мен шетел зерттеушілерінің
өкілдері, барлығы 250-ден астам адам қатысты.
Конференцияда жоғарыда аталған институттың директоры, Қазақстан
Республикасы Ғылым Академиясының академигі М.Қ.Қозыбаев "Дүниежүзі өркениет
тарихындағы қазақтардың орны туралы мәселеге қатысты ой" деген тақырыпта
баяндама жасады. М.Қ.Қозыбаев баяндамасында ұлттық тарихты зерделеуде
мұрағат материалдарын игеру, тарихи құжаттарды пайдаланудың өзекті
мәселелерін жан-жақты талдады. Сонымен катар бұл конференцияда мұрағат
құжаттарына сүйенген он бір тарихи хабарлама тындалды.
Бұл ғылыми практикалық конференция архивті насихаттау, оған қоғамдық
пікір қалыптастыру және оның келелі мәселелеріне назар аудару тұрғысында
қатысушыларға ой салды. Конференцияның өтуі, көтерген мәселенің
көкейтестілігі баспасөзден кең қолдау тапты. Республиканың көптеген газет-
журнал беттерінде, теле-радио арналарында кең түрде жазылып, халыққа
хабарланды.
Мемлекет Басшысының "1998 жылды Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы деп
жариялау туралы" Жарлығы, "Қазақстан — 2030" стратегиялық даму Бағдарламасы
және оның негізгі Ережелері, оны іске асыруға байланысты [9] республика
халқына арнаған Жолдауы еліміздің мұрағат жүйесіне деген халықтың
көзқарасын оятты. Бұқараның тарихи санасы, патриоттық сезімі дами түсті.
Мемлекеттік архивтердің оқу залынан АҚШ, Канада, Қытай, Жапон, Ресей,
Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен келген зерттеушілер жиі көріне
бастады.
Республиканың ақпарат қүралдары арқылы 1998 жылдың тек алғашқы жарты
жылдығында 300-ден астам мақала, 400 шамасында теле-радио хабарлары
таратылды.
Орталық мұрағатының "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Қазақ
әдебиеті", "Ана тілі", "Ваше право", "Заң", т.б. газеттер мен журналдардың
беттерінде ашқан айдарымен "Алашорда басшылары", "Түркістан тарихы" туралы,
қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары, ашаршылық, т.б. тақырыптар бойынша
материалдары жарияланды [10].
"Қазақстан-1", "Хабар", "КТК", "Таң", "Рахат-АТВ" телеарналарында ұлттық
тарихымыздың маңызды мәселелері жайында хабарлар берілді. Халықаралық
ынтымақтастық жыл санап дами түсуде. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекет басшьшарының Минскі шарты көлемінде және ТМД мемлекеттері
мұрағат қызметінің өзара ьштымақтастық келісімі бойынша Ресей Федерациясы
мұрағат қызметі және Өзбекстан Республикасы мемлекеттік мұрағатымен
бірлесіп Түркістан қаласы тарихына қатысты құжаттарды табу жөнінде жүмыстар
жүргізілуде.
Еліміздің тарих ғылымының базалық көзін кеңейту мақсатында Омбы облыстық
мемлекеттік мұрағатымен мұрағат құжаттарының көшірмелерін алмасу жөнінде
келісім шарт жасалды.
Республиканың мұрағат жүйелерінің материалдық-техникалық базасын
нығайту, мұрағат ісін дамыту, келешекте реформалау мәселесі Мемлекет
Басшысына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министріне баяндалды. Осы мәселе
Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет және Білім, мәдениет, денсаулық
министрліктері мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі
агенттігі мен облыс әкімдері алдына да қойылды.
Соның арқасында жоғары және жергілікті өкімет орындарының архив ісінің
маңызын түсінуі және олардың көмегі мұрағаттарының нәтижелі жүмыс жасауына
елеулі әсері тиді.

1.2. Қазақстан Республикасының мұрағат қоры және мұрағаттар туралы
заңын қабылдау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың заң жобаларының жоспарына
Ұлттық мұрағат қоры және мұрағат туралы заң жобасының қосымша енгізілуі,
бұрын жабылып қалған Ақмола облысы мен Жезқазған қаласында мұрағат ісі
басқармасының қалпына келтірілуі, ең бастысы — Астана қаласында Орталық
Мемлекеттік мұрағат үйінің қүрылысын жобалау және құрылыстың 1998 жылы
басталу мәселесінің нәтижелі шешілуі — соның айғағы. Қанша дегенмен күні
кеше ғана тәуелсіздік алған Қазақстан мемлекетінің мұрағат жүйесі
өркениетті елдер мұрағат дәрежесінен әлде қайда төмен. Осыған байланысты
келешекте мұрағат ісін өркениетті елдердегі мұрағат ісі дәрежесіне көтеру,
мұрағат құжаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік
мұрағаттарды компьютермен жабдықтау міндеті түр.
Соңғы уақытқа дейін Қазақстан мұрағат органдары КСРО Үкіметінің архив
органдарына арналған заң актілерін басшылыққа алып келді. КСРО өз өмірінде
350-ден астам заң актілерін шығарғанмен мұрағат ісі туралы заң
қабылдамаған.
Бүрынғы КСРО тарағаннан кейін тәуелсіздік алған Қазақстан
Республикасынан басқа мемлекеттер мұрағат ісі туралы арнаулы заң қабылдап
үлгірді. Ал бізде бүл мәселе кешеуілдеп келеді. Бұл архив ісін ұйымдастыру,
дамытуға елеулі қиындық туғызуда.
Ең бастысы Мемлекеттік мұрағаттар мен республика тарихының бірден бір
көзі — ведомстволық мұрағаттарды дамыту, ұйымдастыру және сақтаңудың тиімді
жолын айқындайтын заң ауадай қажет.
Екіншіден, шет мемлекеттірдегі Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды
айтпағанда, ТМД мемлекет басшыларының 1992 жылғы келісімі бойынша Қазақстан
аймағындағы космосы игеру, геологиялық ресурстар, табиғи ортаны қорғау,
геодезия, картография, киноматография саласындағы құжаттар мен негізгі
өнімдер бұрынғы Одақтық ведомствалық мұрағатттарда қалып қойды. Бір жағынан
бұл заңдылық әрі заңды. Бірақ олардың көшірмелерін мемлекетімізгі алу
мәселесі күн тәртібінен түспейтін күрделі іс.
Ұлттық мұрағатты ұйымдастыру, дамыту және пайдалануды жақсарту мәселесі
халықаралық қатынасқа датікелей байланысты екені сөзсіз.
Өркениетті елдерде мұрағат ісі, барлық мұрағат қоры және құжаттама
басқару аспектісі мемлекеттік қызметтің дербес саласы болып табылады.
Ал Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты Қазақстан
Республикасы Үкіметі құрамына кірмейтін Орталық атқарушы орган болғандықтан
әрі архив туралы Заңның болмауы ЮНЕСКО-ның мүшесі деп танылған халықаралық
мұрағаттар Кеңесіне (ХМК) қатысуы, шет елдердегі құнды құжаттарды
халықаралық дәрежеде іздестіру мәселелері қындай түседі.
Республика мұрағат ісін дамутудағы 1998 жылдардағы басты мәселесі-қаржы
тапшылығы еді.
Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатқа 1998 жылға бөлінге
қаржы 21 млн. 871 мың теңге. Ол мұрағат қызметкерлерінің еңбек ақысынан
және коммуналдық қызмт көрсетуге қажет төленетін қаржыдан артылмайды.
Ең бастысы мұрағатты өркениетті ел дәрежесіне жеткізетін алғы шарт-
республикалық мемлекеттік мұрағаттарды компьютермен және басқа да
мұрағаттық техникалармен жабдықтауға, мұрағат қоймаларын өрт апатынан
қорғауға, ауа, жылу, ылғалдық режимдерін сақтауға қаржының бөлінбеуі
мемлекеттік байлықты қолдан жою деген сөз. Бүл мүқтаждықты шешу үшін 101
миллион теңге, облыстық әкімшіліктер қарауындағы мемлекеттік мұрағаттарға
385 млн. теңге қажет.
Қаржы тапшылығынан Қазақстан тарихына қатысты шет жұрттағы құнды мұрағат
деректерін іздестіруге, кері қайтарып алуға, жеке тұлғалардың қолындағы аса
құнды қүжаттарды сатып алуға мүмкіндік тумай отыр.
Оның үстіне мерзімі өткендіктен және ауа, ылғал, жылу режимдерін
сақтауға мүмкіндік жоқтықтан бүлінген, өшуге айналған құжаттар аз емес.
Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағат пайдалануға берілген
1962 жылдан бері күрделі жөндеуден өткізілген жоқ екен. Кондиционерлер,
желдеткіштер, режимдік приборлар істен шыққан. Ал оларды тезірек жөндеуден
өткізбесе республика тарихының мол құнды деректерінің өмірден өшетінін
айтып жеткізу қиын.
Еңбекақы мөлшерінің аздығы мұрағаттарды қажетті кәсіби білімді
мамандармен қамтамасыз етуге елеулі қиындық туғызуда.
Мұрағат қызметкерлерінің мемлекеттік қамқорлыққа алынбауы, жеңілдіктерге
ие болмауы қынжыларлық. Мүның келешекте мұрағат ісін дамытуға елеулі кесірі
тиетіні сөзсіз. Қазіргі мұрағат қызметкерлерінің көпшілігі гуманитарлық
білім саласындағы мамандар және егде тартқан адамдар. Оларды кәсіби
мамандықтары бар жастармен ауыстыру басты міндеттің бірі. Кәсіби
мамандардың жоқтығынан шет елдердегі қүжаттар бьшай түрсын, республиканың
архив қоймаларында жатқан қытай, монғол, манжур, түрік, парсы, араб, т.б.
шет ел тілдеріндегі көне заман қүжаттары игерусіз жатыр.
Қазақстан рухани байлығының қара шаңырағы — мұрағатының құрылғанына 200
жылдан асты. Осы мерзімде Қазақстан Республикасының мұрағаты құрылымы,
басқару жүйесі, жұмыс әдіс-тәсілі әлденеше сатылардан өтті. Тарихи
кезеңдердің дауылына сәйкес кұлдырау сәттерін де бастан кешірді.
Өзгерістерге үшырады.
Мұндай киындықтарға қарамастан, Қазақстанның мүрағат қорларында қазіргі
танда 15 миллионнан астам істі құрайтын құжаттар сақталуда. Бұл
құжаттардан: отарлаушыиардың қазақ даласындағы басқыншылық саясатын,
отарлауға қарсы хандар мен батырлардың күресін, тіл жеткісіз қиянатқа
ұшыраған елдің көз жасын, еш уақытта ақтауға болмайтын қанқұйлы саяси қуғын-
сүргінді, қолдан жасалған ашаршылық нәубетті, сатқындықты, тарихтың
ашылмаған құпиясын, атажүрттан еріксіз босқандардың мұң-зарын, ата-тек
шежіресін, рухани байлық — ән мен күйге, тіл мен дінге, шекараға, бір
сөзбен, айтқанда халықтың тыныс-тірлігіне қатысты деректердің бәрін де
табуға болады. Бүл рухани байлық мұрағат-шылардың жанқиярлық еңбегімен
жиналды. Бірақ солай болса да еліміз егемендік алғанша республикамыздың
мұрағаты өзіндік заң, ереже, нүсқаусыз өмір сүрді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 1998 жылы 22
желтоқсанда "Ұлттық мұрағат қоры жөне мүрағаттары туралы" [11] қазақ
тарихында мүрағат жөнінде тұңғыш Заңға қол қойды. Бұл Заң Қазақстан
мұрағатының өркендеуі мен дамуына айқын жол ашты. Осы Заң негізінде 1999
жылдың мамыр айында, республика мұрағаттарын басқару органы — Қазақстан
Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің
Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитет кұрылды. Комитет көп
кешікпей Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласынан
басқа облыстардың бәрінде бұрын қысқартылып кеткен Мұрағаттар мен
құжаттаманы басқару жөніндегі басқармалар мен бөлімдерді қайтадан қалпына
келтірді. Комитет республиканың мұрағат мекемелері басшылыққа алатын
бірнеше жарғы, ереже, нұсқауларды өмірге әкелді. Қазақстан Республикасы
мұрағатшыларының республикалық қоғамын ұйымдастырды.
Республикамыздағы оң өзгерістер мұрағат ісін жетілдіруді, оның
бағдарлары мен басымдықтарын анықтауды біздің алдымызға кезек күттірмейтін
мәселе етіп қойды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында мұрағат ісін
дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Бұл
тұжырымдама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қаңтардағы №146
қаулысымен бекітілді. Осы қаулы негізінде "Қазақстан Республикасында
мүрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі 2001 жылы 11 маусымдағы № 797
қаулыны жарыққа шығарды. Тұжырымдама мен бағдарламада мемлекеттік
мұрағаттың негізгі мақсаттары мен міндеттері, күтілетін түпкі нәтижелер,
оларды қаржыландыру айқындалды.
Үкіметтің мүндай шараға баруының басты себебі республикалық мүрағатқа
сақтауға түскен ақпараттық құжаттардың шамадан тыс көбеюіне қарамастан,
оның материалдық-техникалық базасы тозды. Қазіргі талап пен стандартқа
сөйкес емес. Орталық мемлекеттік мүрагатта және Атырау, Жамбыл, Қарағанды,
Солтүстік Қазақстан облыстық мүрағаттарында қүжаттардың көлемі мөлшерден
асып кетті. Соңғы 20 жылдан астам уақыттан бері үлгілік жобамен мұрағат
ғимараттары салынбады. Алматы облысы мен Астана қаласы мұрағаттарының жеке
ғимараттары жоқ.
Мұрағаттарда қазіргі өрт сөндіру, күзет, өртке қарсы сигнализация
құралдарының тозығы жеткен. Құжат сақталатын қоймаларда температуралық-
ылғалдылық режимін сақтауға, құжаттардың физикалық-химиялық сақталуын
қамтамасыз етуге, техникаларды, аспабтарды жаңартуға жыл сайын қаржы
тапшылығы мүмкіндік бермей келеді.
Осындай себептерден Ұлттық мүрағат қорының аса құнды құжаттарының
тұпнүсқаларын бүлінуден сақтау, сақтық қорын ұйымдастыру үшін құжаттардың
көшірмелерін алу, құжаттардың сақталу көлемін ықшамдау үшін осы заманғы
электрондық жеткізуші кұралдарға көшіру жүзеге асырылмауда. Жеке меншік
мүрағаттарда, шет мемлекеттердің мұрағаттарында Қазақстан тарихына қатысты
ғылыми-техникалық және тарихи, мәдени құндылықтары бар құжаттарды
(көшірмелерін) алуға (сатып алуға) қаржы жоқ.
Тәуелсіздік алған жылдары мемлекеттік мұрағат мекемелеріндегі штаттар
саны екі есеге жуық, яғни мамандар 1905-тен 1093-ке дейін қысқарды.
Мемлекеттік органдар құрылымына бірнеше рет оңтайландыру жүргізілген кезде,
құралған және сақтауда тұрған құжаттар көлемі көбеюіне қарамастан, мүрағат
саласындағы қызметкерлер қысқартуға ұшырады. Оның үстіне республика
көлеміндегі мұрағаттық мекемелерде небәрі 160 ғана компьютер есепте бар.
Республика көлеміндегі ақпараттық құжаттардың орталықтандырылған деректер
базасын күру, қорларды жинақтау, оларды жүйелеу, іздестіру, пайдалану
елеулі қиындық туғызуда. Сондықтан мұрағат ісін дамытудың 2001-2005
жылдарға арналған Үкімет бекіткен тұжырымдама мен бағдарлама осы
кемшіліктерді жоюға және мұрағат ісін өркениетті ел мұрағаттары дәрежесіне
көтеру мақсатынан туды.
Осы мақсаттарды жүзеге асыруға 142 миллион теңге бөлінбек. Бұл сөзсіз өз
нөтижесін береді. Осы орайдағы алғашқы қадам ретінде Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтың Францияға барған
сапарында еліміздің ардақты азаматы, қызыл империяның қуғынына ұшыраған
Мұстафа Шоқайдың мұрағатын тауып, елімізге қайтару жөніндегі өнегелі ісін
орындауға біздің кірісуімізді айтуға болады. Мемлекетіміздің тәуелсіздік
алғанына он жыл толуын атап өту қарсаңында шетелдермен өзара тиімді қарым
қатынас орнатып, мөдени байланыс жасау бұрынғыдан да өрістеді. Оның бірден
бір дөлелі Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат жөне қоғамдық
келісім министрлігінің Германия, Египет, Арабия және Иран Ислам
Республикасымен мәдениет бағытындағы қарым қатынас жасау келісіміне
еліміздің мұрағат саласы енгізілді. Осыған байланысты қазір сол елдердің
мұрағат саласымен тығыз байланыс жасау, құжаттар алмасу сияқты игілікті
мөселелерді жүзеге асыру жөнінде жанжақты дайындықтар жүргізілуде.
Алайда жоспардың нөтижесі жыл сайын бөлінетін қаржыға тікелей байланысты
екені сөзсіз. Қазір республика көлеміндегі кезек күттірмейтін шұғыл
шараларға жұмсалатын бюджеттік қаржының көлемін анықтауға, бекітуге
республикалық бюджеттік комиссия іске кірісті. 2002 жылға бюджеттік
қаржының қайда, қанша белінетіндігі сол комис-сияның шешіміне тікелей
қатысты. Республикамыздың рухани байлығының алтын көпірі-мұрағаттардың
келешегіне бөлінетін қаржы мөлшері бүгінгі Қазақстан Республикасы Үкіметі
мүшелерінің, Сенат пен Парламент депутаттарының қолдауына байланысты болып
отыр.
Мемлекет тарихын келешек ұрпаққа жеткізетін, ғалымға қанат, халыққа
бірлік беретін мұрағаттардың мұратын ескермесек, ұтымды сөтте оны қаржыдан
қыссақ, арты орны толмас өкінішке соғары сөзсіз. Себебі, 200 жылдан бері
сары майдай сақтап келген құжаттардың, мүнан былай өмірін жоғалтып алсақ,
онда ондай кұжаттардың орнын таяу жүз жылда емес, мың жылда да қалпына
келтіре алмайтынымызға имандай сенуге болады. Сондықтан бұл бір ғана
Мұрагаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеттің жанайқайы емес,
бүкіл рухани байлықтан сусындайтын қауымның жанайқайы. Сол үшін де, Үкімет
жанында кұрылған республикалық бюджеттік комиссия, Қазақстан
Республикасының Үкіметі мүшелері, Сенат пен Мөжіліс депутаттары рухани
байлықтың қара шаңырағы—мемлекеттік мұрағатты камқорлықтан қағажу қалдырмас
деп сенемін. Қазақстан мұрағаттарының үлкен байлығы - жеке тұлғалардың
құжаттары. Жеке тұлға мұрағат қорын сөз еткенде, ең алдымен Исатай
Таймановтың жеке архивінің болғандығын мактаныш етуге болады. Көтеріліс
кезінде ол мұрағат Исатайдың үйінен алынып, Орынбор архивінде сақталған.
Өкінішке орай ол қазір қолда жоқ. Егерде ол мұрағат табыла қалса, Қазақстан
Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағат қорының жеке тұлғалар мұрағатының
басы болатыны сөзсіз.
Дегенмен еліміздің 1000-ға тарта коғам, мемлекет қайраткерлері мен
ғылымға, мәдениетке, әдебиетке, өнерге, халық шаруашылығының салаларына
ерен еңбегі сіңгендердің өмірі мен шығармашылығына, қызметіне қатысты 130
мыңға жуық істер мемлекетіміздің тарихын толықтыратын мол мұра архив
қорында сақтаулы. Олардың қатарында еліміздің түңғыш академигі, Қазақ ССР
Ғылым Академиясын ұйымдастырушы Қ.Сәтбаев, Кеңес Одағының Батыры атағын екі
мәрте алған Т.Бигелдінов, Кеңес Одағының Батыры, аты әлемге аңыз болып
тараған қолбасшы Б.Момышүлы, Социалистік Еңбек Ері, жазушы Ғ.Мүсірепов,
Социалистік Еңбек Ері, сахна саңлағы С.Қожамқүлов, тарихшы Е.Бекмаханов,
архитекторлар М.Мендіқүлов, Г.Герасимов, қылқалам шеберлерлері Ә.Қастеев.
А.Ғалымбаева, қоғам, мемлекет қайраткерлері I.Омаров, Ө.Жәнібеков, ақын
О.Сүлейменов, композиторлар М.Төлебаев, Е.Брусиловский, т.б. құжаттары
құнды шежіре.
Қазақстанның мұрағат мекемелері деректі фото құжатты көрмелер
ұйымдастырып, ақпарат құралдары арқылы хабарлар жариялап, жеке тұлғалар мен
мекеме, ведомстволардың сұраныстарына жауап бере алатын, ғылыми-практикалық
конференция өткізетін қуатты органдарға айналды. Бұл әсіресе әлемдік
дәрежеде өткен Абай, Жамбыл, Мұхтар мерекелері тұсында көзге түсті.
1940 жылы Қазақстан мұрағат қызметкерлері жұртшылықтың 1076 ғана
сұранысына жауап берсе, соңғы екі жылда Кеңес үкіметінің куғын-сүргініне
ұшырағандар мен әлеуметтік құқық мәселелері бойынша 325 мың 860 сұранысқа
анықтама берді.
Қазақстан мұрағатының соңғы жылдарғы дамуына Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" Бағдарламасы және 1997 жылды
"Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін кұрбандарын еске алу жылы",
1998 жылды "Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы" деп жариялаған Жарлықтары
елеулі әсер етті.
Орталық мұрағат органы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейханов, X.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, т.б.
ардагерлердің өмірі мен шығармашылығы жөнінде көрмелер ұйымдастырып,
ақпарат құралдарында материалдар жариялады. Республикалық ғылыми-
практикалық конференциялар өткізіп, халықаралық ғылыми конференцияларға
қатысты. Атап айтқанда: 1997 жылы 2 қазанда "Мұрағаттар мен
кітапханалардағы қолжазба мұраларды сақтаудың проблемалары" атты
конференцияда Қазақстан Республикасы мұрағат қорларын сақтауды қамтамасыз
ету жөніндегі өзекті мәселелер деген тақырыпта хабарлама жасалды.
1997 жылы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі - Ғылым
Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Герман
және Шығыс-Еуропа зерттеу институты — Геттинген Зерттеу Орталығы (Германия)
және Қазақстан Республикасының немістер Кеңесі бірлесіп ұйымдастырған
Орталық Азия немістерінің тарихы атты Халықаралық ғылыми конференцияға
"Патша әкімшілігінің Қазақстаңдағы неміс халқына қолданған саясаты"
(Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағат материалдары бойынша)
деген тақырып бойынша қатысты. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік
мұрағаты 1997 жылы 5 желтоқсаңца Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі —
Ғылым Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
институтымен бірлесіп, Алашорданың 80 жылдығына арналған "XX ғасырдың бас
кезіндегі казақ реформаторларының қозғалысы" атты халықаралық ғылыми-
теориялық конференция өткізді. Онда "XX ғасырдың бас кезіндегі оппозициялық
қозғалыс жөніндегі архив құжаттары", 1998 жылы 21 ақпанда Қазақстан
Республикасы Ғылым Министрлігі — Ғылым Академиясының Тарих және этнология
институты мен Алматы қаласы әкімінің аппараты ұйымдастырған "Халық бірлігі
мен ұлттық тарих жылы: проблемалар және оларды шешудің жолдары" атты ғылыми-
практикалық конференцияда "Верный қалалық басқармасының қоры — Алматы
қаласы тарихының қайнар көзі" деген тақырыптарда ғылыми хабарламалар
жасады.
Қазақстан Республикасы Президентінің "1998 жыдды Халық бірлігі және
ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы" Жарлығын және осы Жарлыққа
байланысты жылды өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің
20.12.1997 жылғы 141869 санды қауылысын Республиканың Орталық Мемлекеттік
мұрағаты өз қызметінің басты нысанасы етіп қабылдады. Атаулы жылды өткізу
жөнінде комиссия құрды. Жарлықты жүзеге асыру жөнінде нақтылы жоспар-шара
жасады. Оны жасауға елімізге танымал тарихшылар мен архив қызметкерлері
қатысты. Ғылыми кеңесте 1998-2005 жылдар арасында жарияланатын, баспадан
шығарылатын мұрағат құжаттарының республикалық жоспары бекітілді. Жасалған
жоспар мен шара Республиканың мұрағат мекемелеріне жіберілді.
Соның нәтижесінде еліміздің мұрағат мекемелерінің қызметтерінде
Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылын өткізу елеулі орын алды. Оған 1998
жылдың алғашқы жарты жылдығында-ақ республикалық, облыстық, қалалық,
аудандық 34 ғылыми-тәжірибелік конференция өткізгені нақты дәлел.
Осьшардың ішінен 1998 жылы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық
мемлекеттік архивінің Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі — Ғылым
Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен
бірлесіп "Мұрағаттар: Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы" деген тақырыпта
өткізген республикалық ғылыми-практикалық конференцияны ерекше бөліп айту
ләзім.
Бұл конференцияға еліміздің академиялық институттары мен архив
мекемелерінің басшылары, республиканың Бас прокуратурасы, Ішкі Істер
министрлігі, Қауіпсіздік комитеті, жоғарғы оқу орындары мен ғылыми
мекемелердің, ұлттық мәдени орталықтары мен шетел зерттеушілерінің
өкілдері, барлығы 250-ден астам адам қатысты.
Конференцияда жоғарыда аталған институттың директоры, Қазақстан
Республикасы Ғылым Академиясының академигі М.Қ.Қозыбаев "Дүниежүзі өркениет
тарихындағы қазақтардың орны туралы мәселеге қатысты ой" деген тақырыпта
баяндама жасады. М.Қ.Қозыбаев баяндамасында ұлттық тарихты зерделеуде
мұрағат материалдарын игеру, тарихи құжаттарды пайдаланудың өзекті
мәселелерін жан-жақты талдады. Сонымен катар бұл конференцияда мұрағат
құжаттарына сүйенген он бір тарихи хабарлама тындалды.
Бұл ғылыми практикалық конференция архивті насихаттау, оған қоғамдық
пікір қалыптастыру және оның келелі мәселелеріне назар аудару тұрғысында
қатысушыларға ой салды. Конференцияның өтуі, көтерген мәселенің
көкейтестілігі баспасөзден кең қолдау тапты. Республиканың көптеген газет-
журнал беттерінде, теле-радио арналарында кең түрде жазылып, халыққа
хабарланды

2 1998-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту мәселелері

2.1. 1998 жылы іске асырылған Қазақстан Республикасының мұрағат ісін
дамытудың негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы 1998
жылды Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланған Қаулыысн,
еліміздің қауіпсіздігі мен бүкіл қазақстандықтардың тұрмысын жақсартып, оны
одан әрі гүлдендіру жолындағы Қазақстан – 2030 стратегиялық даму
бағдарламасының негізгі ережелері туралы Президенттің республика халқына
арнаған жолдауынжүзеге асыру мұрағат қызметкерлеріне ерекше жауапкершілік
жүктеді.
Жергілікті жерде мемлекеттік мұрағат ісін жетілдіру, мұрағаттардың
материалдық техникалық базасын ньғайту, мұрағаттардағы материалдарды
пайдалану және оның сақталу жағдайы жөнінде облыстық әкімдер мен Қазақстан
Республиикасы үкіметіне жүйелі түрде хабарлап отыру, ұсыныстар кою
жергілікті мұрағат басқармаларымен Орталық Мемлекеттік мұрағаттардың басты
міндеті болып саналады.
“Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы" негізінде Қазақстан ұлттық,
тарихына байланысты шетел мұрағаттарындағы, мұражайлар мен
кітапханаларындағы құжаттық материалдарды табу, анықтау және олардың
көшірмелерін алу, мұрағаттық матертериалдарды жариялаудың 1999-2005 жылға.
арналған бардарламасын жасау қажет.
Қазақстан тарихына қажетті құжаттар мен мұрағаттары бар жеке азаматтар
мен ұйымдарды іздестіру мақсатында шетелдегі қандастарымыздың өкілдерімен
байланыс жасау онан әрі жалғастырылды.
Мәселені ғылыми кеңес алқасында шешу жұмысын жетілдіру керек. Онда
мұрағат ісінің ең тиімді күрделі мәселесімен ғылыми-әдістемені
жетілідірудің мәселелері талқыланды.
Мұрағат мекемелерінде есеп жүргіз мен есеп беру жане жоспарлау жұмыстарын
жан-жақты талдау қажет. Тексеру корытындысы мен айтылған ұсыныс
пікірлер негізінде мұрағат мекемесіндегі жоспарлау, есеп-қисап құжаттарын
жетілдірурге нақты ұсыныстар дайындау қажет.
Шетелдер мен достастық саласында тәуелсіздік мемлекеттер достастығы
мемлекеттері басшылары кеңесінің шешімдерін жүзеге асыруға, Ресей, Украина,
Молдавия және Қырғызстан мұрағат мекемелері мен "Қазақстан-Сорос қоры” мен
қарым-қатынас жасауға басты назар аударылады.
Өзбекстан мұрағат басқармасымен ынтымақтасын бірлесіп жұмыс жасау
жөнінде қол қоюға келісім шарт дайындалды.
Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты халықаралық мұрағат
кеңесі мүшесі ретінде қажетті жұмыстарды орынадайды.
Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды мемлекеттік есебін жүргізу,
сақталуын қамтамасыз ету және оған ғылыми анықтамалық аппарат құру.
Республика мұрағат мекемелерінің жұмысы Қазақстан Республикасы
мемлекеттік мұрағат қорларында салалық жоспарлар оойынша 1994-2000 жылдарға
және 2010 жылға дейін мұрағат қорларын сақтауды қамтамасыз ету және оны
ұйымдастыру ісін жетілдіруте бағытталады,
Мұрағатта сақталынатын құжаттарға колайлы жағдай туғызу мақсатында
жергілікті орындушы органдар мен бірлесе отырьш Алматы қаласының Бостандық,
Медеу аудандарының мұрағатқа, Алматы облыстық мемлекеттік, орталық
мұрағатына, Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Аятөз және
Зайсандағы филиалдарына, осы облыстың Қатонқарағай аудандық мұрағатына,
Қостанай обылысының Қарабалық, Қарасу, аудандық мұрағатына, Маңғыстау
облысының Жаңаөзендегі филиалы мен Түпқарағандағы мұрағат қоймаларына жаңа
үй беру мәселесі шешілді. Рудный (Қостанай облысы) Абай, Осакороп
(Қарағанды облысы) Қызылқоға, Исатай (Атырау облысы) аудандық
мұрағаттарының қоймаларына қосымша үй 6өлінді.
Қаржы тапшылығына қарамастан Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан,
Алматы облыстары мен Алматы қаласы мен мұрағат үйлері жедел жөндеуден
өткізілді.
Мұрағаттарда өрт апатынан сақтаудың нақты шаралары жасалды. Әсіресе,
өрт сөндіру құралдарының қалқанымен СОТ, генераторымен Өртсөндіргіш
қоймалары жабдықталды, қызметкерлерді өрт сөндіру ісіне үйрету-оқыту іске
асты. Қазақстан мұрағаттарының үлкен байлығы - жеке тұлғалардың құжаттары.
Жеке тұлға мұрағат қорын сөз еткенде, ең алдымен Исатай Таймановтың жеке
архивінің болғандығын мактаныш етуге болады. Көтеріліс кезінде ол мұрағат
Исатайдың үйінен алынып, Орынбор архивінде сақталған. Өкінішке орай ол
қазір қолда жоқ. Егерде ол мұрағат табыла қалса, Қазақстан Республикасы
Орталық Мемлекеттік мұрағат қорының жеке тұлғалар мұрағатының басы болатыны
сөзсіз.
Дегенмен еліміздің 1000-ға тарта коғам, мемлекет қайраткерлері мен
ғылымға, мәдениетке, әдебиетке, өнерге, халық шаруашылығының салаларына
ерен еңбегі сіңгендердің өмірі мен шығармашылығына, қызметіне қатысты 130
мыңға жуық істер мемлекетіміздің тарихын толықтыратын мол мұра архив
қорында сақтаулы. Олардың қатарында еліміздің түңғыш академигі, Қазақ ССР
Ғылым Академиясын ұйымдастырушы Қ.Сәтбаев, Кеңес Одағының Батыры атағын екі
мәрте алған Т.Бигелдінов, Кеңес Одағының Батыры, аты әлемге аңыз болып
тараған қолбасшы Б.Момышүлы, Социалистік Еңбек Ері, жазушы Ғ.Мүсірепов,
Социалистік Еңбек Ері, сахна саңлағы С.Қожамқүлов, тарихшы Е.Бекмаханов,
архитекторлар М.Мендіқүлов, Г.Герасимов, қылқалам шеберлерлері Ә.Қастеев.
А.Ғалымбаева, қоғам, мемлекет қайраткерлері I.Омаров, Ө.Жәнібеков, ақын
О.Сүлейменов, композиторлар М.Төлебаев, Е.Брусиловский, т.б. құжаттары
құнды шежіре.
Қазақстанның мұрағат мекемелері деректі фото құжатты көрмелер
ұйымдастырып, ақпарат құралдары арқылы хабарлар жариялап, жеке тұлғалар мен
мекеме, ведомстволардың сұраныстарына жауап бере алатын, ғылыми-практикалық
конференция өткізетін қуатты органдарға айналды. Бұл әсіресе әлемдік
дәрежеде өткен Абай, Жамбыл, Мұхтар мерекелері тұсында көзге түсті.
1940 жылы Қазақстан мұрағат қызметкерлері жұртшылықтың 1076 ғана
сұранысына жауап берсе, соңғы екі жылда Кеңес үкіметінің куғын-сүргініне
ұшырағандар мен әлеуметтік құқық мәселелері бойынша 325 мың 860 сұранысқа
анықтама берді.
Қазақстан мұрағатының соңғы жылдарғы дамуына Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" Бағдарламасы және 1997 жылды
"Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін кұрбандарын еске алу жылы",
1998 жылды "Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы" деп жариялаған Жарлықтары
елеулі әсер етті.
Орталық мұрағат органы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейханов, X.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, т.б.
ардагерлердің өмірі мен шығармашылығы жөнінде көрмелер ұйымдастырып,
ақпарат құралдарында материалдар жариялады. Республикалық ғылыми-
практикалық конференциялар өткізіп, халықаралық ғылыми конференцияларға
қатысты. Атап айтқанда: 1997 жылы 2 қазанда "Мұрағаттар мен
кітапханалардағы қолжазба мұраларды сақтаудың проблемалары" атты
конференцияда Қазақстан Республикасы мұрағат қорларын сақтауды қамтамасыз
ету жөніндегі өзекті мәселелер деген тақырыпта хабарлама жасалды.
1997 жылы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі - Ғылым
Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Герман
және Шығыс-Еуропа зерттеу институты — Геттинген Зерттеу Орталығы (Германия)
және Қазақстан Республикасының немістер Кеңесі бірлесіп ұйымдастырған
Орталық Азия немістерінің тарихы атты Халықаралық ғылыми конференцияға
"Патша әкімшілігінің Қазақстаңдағы неміс халқына қолданған саясаты"
(Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағат материалдары бойынша)
деген тақырып бойынша қатысты. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік
мұрағаты 1997 жылы 5 желтоқсаңца Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі —
Ғылым Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
институтымен бірлесіп, Алашорданың 80 жылдығына арналған "XX ғасырдың бас
кезіндегі казақ реформаторларының қозғалысы" атты халықаралық ғылыми-
теориялық конференция өткізді. Онда "XX ғасырдың бас кезіндегі оппозициялық
қозғалыс жөніндегі архив құжаттары", 1998 жылы 21 ақпанда Қазақстан
Республикасы Ғылым Министрлігі — Ғылым Академиясының Тарих және этнология
институты мен Алматы қаласы әкімінің аппараты ұйымдастырған "Халық бірлігі
мен ұлттық тарих жылы: проблемалар және оларды шешудің жолдары" атты ғылыми-
практикалық конференцияда "Верный қалалық басқармасының қоры — Алматы
қаласы тарихының қайнар көзі" деген тақырыптарда ғылыми хабарламалар
жасады.
Қазақстан Республикасы Президентінің "1998 жыдды Халық бірлігі және
ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы" Жарлығын және осы Жарлыққа
байланысты жылды өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің
20.12.1997 жылғы 141869 санды қауылысын Республиканың Орталық Мемлекеттік
мұрағаты өз қызметінің басты нысанасы етіп қабылдады. Атаулы жылды өткізу
жөнінде комиссия құрды. Жарлықты жүзеге асыру жөнінде нақтылы жоспар-шара
жасады. Оны жасауға елімізге танымал тарихшылар мен архив қызметкерлері
қатысты. Ғылыми кеңесте 1998-2005 жылдар арасында жарияланатын, баспадан
шығарылатын мұрағат құжаттарының республикалық жоспары бекітілді. Жасалған
жоспар мен шара Республиканың мұрағат мекемелеріне жіберілді.
Соның нәтижесінде еліміздің мұрағат мекемелерінің қызметтерінде
Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылын өткізу елеулі орын алды. Оған 1998
жылдың алғашқы жарты жылдығында-ақ республикалық, облыстық, қалалық,
аудандық 34 ғылыми-тәжірибелік конференция өткізгені нақты дәлел.
Осьшардың ішінен 1998 жылы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық
мемлекеттік архивінің Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі — Ғылым
Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен
бірлесіп "Мұрағаттар: Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы" деген тақырыпта
өткізген республикалық ғылыми-практикалық конференцияны ерекше бөліп айту
ләзім.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік Кинофотоқұжаттары мен дыбыс
жазу мұрағаты нитрон негізден өртенбейтін (400Э ед. хр) пленкаларға
көпіруді одан әрі жүргізді. Жаңадан түскен фотодокументтердің өртке
қауіптітілігін (жанғышытығьн ІСХХ) ед.хр) тексеруден өткізген.
Барлық мұрағат мекемелері санэпидстанция мен тұрақты түрде шартқа
отырьш, мұрағат қоймаларын дезинфекция және дезицекциядан өткізуді
жоспарлар, қоймалардың температурасын (ылғал, жылу, жарық) нормаларының
сақталуын қатаң бақылады.
Текстері өшуте айналған 3865 парақты калпына келтіру, 174493 істі
қаттау, 85570 істі түптеу, 263247 парақ құжатты қайта қалпына келтіру іске
асты.
1млн. 155 мың 596 жоспарлы түрде қағаз негізі тексерілді және
документтердің орнын ауыстыруға байланысты бар жоғы анықгалды. Сондай-ақ
кинодан 2629 іс, фотодан 29347 іс дыбыс жазу документтерінен 966 істің
ылғалдылығы тексерілді. 1987-1997 жылдар арасындағы құжаттардың жағдайы
және олардың бар жоғы тексеру қорытындысы бойынша жиінақталъш шъгғарылды.
Айрықша құнды құжаттар, әсіресе партиялық аныктау жүргізілд. 43748 іс қағаз
негізінде, 2510 аудиовизуалдық құжаттар тексеруден өткізу жоспарланып, іске
асты.
Қаржы тапшылығымен байланысты сақтандыру қорын кұруды тек Шығыс
Қазақстан және Қарағанды облыстық мемелекеттік архивтері ғана жүзеге
асырды. Бұдардан басқа фото дыбыс жазу құжаттары бойынша сақтандыру қорын
құру үшін Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофото құжаттары мен
дыбыс жазу мұрағаты жасады.
1993 жылы мұрағат мекемелерінің тиімділігіне байланысты бірсыпыра
жойылатын мекемелер мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиовизуалды мұрағат құжаттарын пайдаланудың қазіргі заманғы технологиялық және құқықтық негіздері
Мұрағат ісін ұйымдастыруда іс –шараларды жүргізу
Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдау
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Кинофото құжаттары және дыбыс жазбалары
Қазақстандық археография
Тәуелсіздіктің жасампаз 21 жылында мұрағат ісінің қызметі мен жетістіктері
«Мәдени Мұра» және «Асыл Мұра» бағдарламалары: аудиовизуалды құжаттар мәселелері
Қазақстан Республикасында басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету: дамуы және проблемалары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы
Пәндер