Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Бюджет процесін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

2 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.1. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2 Мемлекеттік баждар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.3 Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен
рөлі ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Бюджет процесін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
МЕН
ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 21
2.1. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен
шығыстары ... ... ... ... ... ... .. ...21
2.2 Мемлекеттік
баждар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...29
2.3 Бюджет балансы. Бюджет
тапшылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...35

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-қимыл бағдарламасында орта
мерзімді кезеңде мемлекеттік қаражатты жұмсаудың басым негіздері, ішкі және
сыртқы борыш жөніндегі мемлекеттік міндеттемелерді мүлтіксіз орындау, жаңа
берешектердің жинақталуына жол бермеу, әлеуметтік сипаттағы шығыстарды
оңтайлы қамтамасыз ету, зейнетақымен қамсыздандару реформасын қолдау және
инвестицнялық қызметті жандандыруға көмектесу болып табылатындығы
көрсетілген.
Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер
есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты
мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз
етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік
саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстъщ
маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.
Қазақстандық бюджет республикалық стратегиялық
басымдықтарын жүзеге асырудың негізгі құралы болып келеді, өйткені ол елдің
ең маңызды қаржы ағымдарының қозғалысын реттейді. Келешек көкжиектегі
салықтық-бюджеттік реформалаудың негізгі бағыттарына салықтық, әкімгерлеуді
жақсарту және бюджеттік бағдарламалау тәсілдерін ендіру кіреді.
Бұл курстық жұмыста мемлекеттік бюджеттің экономикалық, мазмұны,
кірістері мен шығыстарынын құрамы мен құрылымы көрсетілген.
Қазақстая Респуибликасының бюджет жүйесі, жаңа бюджеттік процестің
мазмұны баяндалған.

1МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру-мен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
"мемлекеттік бюджет " үғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек,
мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны
ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттаңдыру мақсаттарына
пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде
мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын
экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және
оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты
бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі
үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де,
өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып
жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттай түрінде болады: бюджет катынастары мемлекеттің
орталъщтандырылган ақша қорында— бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің
кәрінісін табады. Бюджеттік қор— бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстьщ
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өңдіріс,
халыққа әлеумсттік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы құнды бөлу жәнс қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретіндс жалпы қаржы сияқты
бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы,
мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен
айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол,
қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың
секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында бөлінеді. Мемлекетік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы
қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Сонымен
бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджст
бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық
табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және
ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша
қаражаттарының ор-талықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау
жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет
қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының
қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын
анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек
экономикалык, категория және мемлекеттің орталықтандырылган ақша қоры
ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-
экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық үғымы ретінде қарауға
болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық
процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары —
салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар
және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің
негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір
жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған
қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі
қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды
орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ
қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары
мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы
жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын
Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы
ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджетгің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымсн жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының
бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заң).
Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған
жөн (1 сызбаны қараңыз).

Негізгі қаржы жоспары Қондырма
бөлігі
Субъективтік
жағы
Мемлекет заңы
Әлеуметтік-экономикалық дамуды
басқару механизмі

Мемлекттік бюджет
Базис Мемлекеттің
бөлігі орталықтандырылған ақша Ресурстар
Объек- қоры
тивтік
жағы
Экономикалық категория Қатынастар

Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай-ақ
денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға
бағытталуы тиіс.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына
және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді.
Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола
отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен
етене байланысқан.

1.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың
барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде
аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық
бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды
және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды
қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің
жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды
теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара
қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы — бюджет жүйесін
ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен
байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы — бюджет
құрылысын құрайды,
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемелекеттің
құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және
нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер
бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын
білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің
жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйтксні олардың
аумақтык құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан
түрады:
мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің
бюджеті;
федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та — штаттардың, ГФР-да—жерлердің
(ландтардың), Канадада — провинциялардың, Ресейде — федерация
субъектілерінің бюджеттері);
жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі
қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті
бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттсрдің оқшаулану мен дербестігінің түрлі
дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық
процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі
бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте
сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрлымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан — федералдық емес, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер
жұмыс істейді (2 сызбаны қараңыз):

2 сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Қазақстаң Республикасының
бюджет жүйесі

Жергілікті бюджет

Мемлекеттік (төтенше
мемлекеттік) бюджет

Жергілікті бюджет

Республикалық бюджет

Республикалық
маңызы бар қала
бюджеті

Астана бюджеті

Облыстық бюджет

Ауданның
(облыстық
маңызы бар
қаланың)

Республикалық
маңызы бар қала
ауданының
бюджеті

Астана
ауданының
бюджеті

Ауылдык
округтер мен
кенттердің
бюджеті

Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік
бюджеттің әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге
ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа одақтас
республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік
бюджетіне кірді, оңда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішіндс ауылдық
және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15
одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік
бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың
республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында
болды.
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет—араларындағы өзара өтелетін
операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді
біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге
жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер
кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің
орталық буыны болып табылады. Бюджет—мемлекеттің қажетті атрибуты және оның
егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және
муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы
маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың
қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса
ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру
мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет — бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық
бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен
қамтамасыз етуте және мемлскеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын
жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері)—облыстық
бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың
(облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік
органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға
ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуте және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте
мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры
облыс бюджеті, республиксшық маңызы бар қала, астана бюджеті болып
табылады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне
кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі,
дәйектілігі, жариялылығы және т.б. қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық
орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет
жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті
органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену
жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат біршама әлсіреді.
Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге
бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің
жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс
көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына,
төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға,
сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын
жасауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі бірыңғай бюджет заңнамасын қолданумен,
соның ішінде Үкімет бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптамасын, бюджет
процесін жүзеге асырудың бюджет рәсімдерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі.
Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-
экономикалық саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты
болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды.
Бюджеттердің дербестігі қағидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы
түсімдерді тұрақты бөлуді белгілейді және оларды жұмсаудың бағыттарын
анықтайды.
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады.
Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді
шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы
барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражаттарының
бос қалдықтарын жоғарғы бюджетке алып қоюға, тиісті өтемсіз жергілікті
бюджеттерге қосымша шығыстарды жүктеуге жол берілмейді. Сонымен бірге
бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың (аймақтың) әлеуметтік-
экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты
функцияларымен, құзырымен анықталады. Бюджет қаражаттарын пайдалана отырып,
өзара талаптарды есепке алу сияқты бюджет қаражаттары бойынша талаптардан
да шегінуге жол берілмейді.
Бюджеттің толықтығы (толымдығы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы
операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын
шығыстарының, Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында
белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақстан
Рсспубликасының Ұлттық қорында міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз
етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық
кірістері мсн шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік
қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін,
сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси
ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке
алу қажет. Дүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл
қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп
көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп
есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың
орталықтаңдырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап
мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың—зейнетақы, әлеуметтік
сақтандыру және т.б. қорлардың қаражаттары енгізілген.
Реалистік қағидаты—параметрлердің экономиканың ағымдағы жай-күйінің
көрсеткіштеріне, сондай-ақ Қазақстанның және аймақтардың параметрлеріне
және әлеумсттік-экономикалық дамуының бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің
реалистігіне ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы
Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік
жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметгік
бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі.
Сондықтан оның көрсеткіштері көпнұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс,
бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы
жоспарларына жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке
алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын
ағымдағы жылға, анағұлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы
жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жьшы ішіңде түзетуді пайдаланады.
Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және жалпы
тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.
Реалистік қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және
бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының
шынайы көрсетілуін, бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың
атқарылуына сәйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылық дамудың болжамдары
мен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік
резервтердің болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздері мен шығыстар
бағыттарының есеп-қисаптарының негізділігімен анықталады.
Транспаренттілік қағидаты—бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік
құқықтық актілерді, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы
есептемелерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа ақпаратты
міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық
бақылауды жүргізу.
Дәйектілік қағидаты дегеніміз мемлекеттік басқару органдарының бюджет
қатынастары сферасында бұрын қабылдаған шешімдерінің сақталуы.
Тиімділік пен нәтижелілік қағидаты—бұл бюджеттік бағдарламалардың
паспорты қарастырған нәтижеге жету үшін қажетті бюджет қаражаттарының
оңтайлы көлемін пайдалана отырып белгілі бір нәтижелерге жетудің
қажеттігіне қарай бюджеттерді әзірлеу және атқару.
Басымдық қағидаты—Бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың
әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына сәйкес жүзеге асыру.
Жауапкершілік қағидаты—бюджеттік процеске қатысушыларды бюджет
заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту.
Бюджеттердің жариялылығы қағидаты бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы
жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы
туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және
бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында
және Бюджет кодексінде, "Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы",
"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлексттік басқару туралы" арнайы
заңдарда және басқа да заңнамалық актілерінде қамтып көрсетілген.
Нақтылы жағдайда бұл қағидаттардан жиі ауытқиды. Мысалы, кейде
бюджеттің бірлігі қағидатынан аутқиды, өйткені көптеген арнаулы және
бюджеттен тыс қорлар пайда болады. Нақтылық қағидаты да өзінің маңызын
жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеуі мүмкін, олар
арқылы мемлекет қаржы қатынастарын саралауға ұмтылады.
Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және аймақтық
бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын
барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-қимылына негізделген.
Бюджеттік алынымдар — заңнамалық актілермен немесе мәслихаттардың
шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттердің жоғарғы
бюджеттерге беретін ресми трансферттері.
Субвенциялар-төемнгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерден заңнамалық
актілермен және маслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде
алатын ресми транферттері.
Реттеуші кіріс көздері бекітіліп берілген және реттеуші болып бөлінеді.
Бекітіп берілген кірістер - бұл түгелдей немесе ішінара белгілі бір
бюджетке берілетін бюджет қаражаттары.
Реттеуші кірістер — жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке нығайту үшін
бағытталатын қаражаттар.
Бекітіп берілген және ретттеуші кірістердің тізбесі бюджет заңнамасында
белгіленеді.
Егер биліктің әрбір деңгейінде жиынтық бюджеттердсгі түсімдердің көлемі
жалпы алғанда олардың функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті болса
бюджет жүйесі сатыластығы жағынан баланстандырылған деп есептеледі.
Деңгейлес теңгерімділік— биліктің тиісті деңгейлерінің жеке аймақтары мен
аумақтарының бюджсттеріндегі кірістер мен шығыстардың жалпы сәйкестігі.
Сатылас теңгерімділікке жету—жалпы теңгерімділіктің I-кезеңі, ал
деңгейлес теңгерімділікке жету - теңдестірудің II-кезеңі, ол Қазақстанда
бюджеттік алынымдар мен субвенциялар арқылы жүзеге асырылады.
Бюджетаралық қатынастарда түрлі деңгейлер бюджеттерінің қаржы
өкілеттіктерінің келісілмегендік және олардың өкілеттіктері мен кірістерін
қамтамасыз ету проблемалары бар: аумақтық бюджеттердің нашар салық базасы;
қайта бөлу саясатындағы тұрлаусыздық. Бюджетаралық қатынастар жоғарғы
бюджеттердің төменгі деңгейдің бюджеттерін орталықтандырылған нығайту
негізінде құрылады. Мұндай саясат аумақтарды шығыстардың неғұрлым жоғары
нормативтерін қаққылауға бағдарлайды. Жоғарғы органдар "тағдырды шешушіге"
айналады, бұл жемқорлыққа негіз қалайды.

1.3 Бюджет процесін ұйымдастыру

Бюджеттік процесс — бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару,
нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен
есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге
байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет
заңнамасымен регламенттелінген қызмет. Бюджеттік процестің барлық
стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық процестерін ғана
емес, сонымен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс Бюджет кодексіне, "Қазақстан
Республикасының жергілікті мемлекетгік басқару туралы", жыл сайынғы
"Республикалық бюджет туралы" заңға және Қазақстан Рсспубликасының басқа
заңдарына сәйкес жүргізіледі. Бұл зандар әр түрлі деңгейдің бюджеттерін
қалыптастыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді,
республикалық және жергілікті бюджеттерді өзірлеу, қарау, бекіту, атқару
және бақылау тәртібін белгілейді.
Бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау
және атқару жөнінде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан
Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрады, ол туралы қағиданы
бекітеді, оның құрамын анықтайды.
Бюджеттік комиссиялардың құзырына мыналар кіреді:
алдағы үш жылдық кезеңге орта мезгілді фискалдық саясат жөнінде
ұсыныстар талдап-жасау;
тиісті қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін
айқындау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;
алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылында
қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды іріктеу, орта мерзімді
фискалдық саясатты негізге ала отырып, оларды іске асыру механизмін
айқындау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;
республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды
немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердін
жобалары бойынша ұсыныстар талдап-жасау;
тиісті қаржы жылына арналған бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар
талдап-жасау;
бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін қарау
және олар бойынша ұсыныстар талдап-жасау және өзге де өкілеттіктер.
Бюджеттік жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет
түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау
жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.
Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған
бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған
бюджеттің болжамы жасалады.
Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан
Республикасының Президенті айқындайды, жергілікті бюджеттердің жобаларын
әзірлеу тәртібін Үкімет айқындайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, Үкіметтің алдағы үш
жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясаты, мемлекеттік,
салалық (секторалдық) бағдарламалар, Президенттің Қазақстан халқына елдегі
ахуал және республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары
туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және ағымдағы қаржы жылдарындағы
республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері, республикалық бюджеттік
бағдарламалардың тиімділігін бағалау алдағы қаржы жылына арналған
республикалық бюджет жобасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Республикалық бюджет жобасын әзірлеу прцессі мынадай кезеңдерді
кіріктіреді:
1) алдағы қаржы жылына арналған түсімдердің болжамды көрсеткіштерін
айқындау;
2) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму
бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерін айқындау;
3) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік
өтінімдерді жасауы;
4) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік
өтінімдерін қарау;
5) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын әзірлеу.
1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган үш жылдық
кезеңге бектілген бюджеттік алынымдар көлемін ескере отырып және орта
мерзімді фискалдық саясат негізіңде бюджет құрылымына сәйкес алдағы каржы
жылына арналған республикалық бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін
айқындайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына
жібереді. Ол ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейін алдағы қаржы жылына
арналған республикалық бюджет
түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін қарайды және олар жөнінде шешім
қабылдайды.
2. Республикалық бюджет шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің болжамды
көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, теріс
операциялық сальдоның жол берілетін шекті мөлшері, орта мерзімді фискалдық
саясатта айқындалған басқа да көрсеткіштер, республикалық бюджет
тапшылығының ұйғарымды шекті мөлшері және орта мерзімді жоспарда
айқындалған басқа да макроэкономикалық көрсеткіштер, Республикалық бюджет
комиссиясы мақұлдаған алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеткс
түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштері негізінде қалыптастырады.
Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына
дейін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік даму бағдарламаларына
арналған шығыстардың лимиттерін қарайды және мақұлдайды.
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталықты уәкілетті орган
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық
жобалар (бағдарламалар) бойынша өтінімдерін қарау нәтижелері, заңи
тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы
жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық
негіздемелері негізінде және Республикалық бюджет комиссиясы айқындаған,
бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимитері шегінде:
1) ағымдағы қаржы жылы мемлекеттік, салалық, (секторалдық)
бағдарламалар бөлінісінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды
(бағдарламаларды) ескере отырып, басым инвестициялық жобалар
(бағдарламалар) тізбесін;
2) заңи тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға
қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі
ұсыныстарды қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылдың 15 маусымына дейін
Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Республикалық бюджет комиссиясы жоғарыда көрсетілген тізбе мен
ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзі мен тетігін және оларды іске
асыруға жауапты болатын республикалық бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілерін айқындайды.
3. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік
өтінімдері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген
тәртіппен: бірыңғай бюджеттік сыныптама;
ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстардың лимиті;
басым бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесі;
өткен қаржы жылында Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған үш
жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінім;
орта мерзімді жоспар;
орта мерзімді фискалдық саясат негізінде жасалады.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерді республикалық
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 25 маусымынан кешіктірмей
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеті орган белгілеген кестеге
сәйкес ұсынады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың
бюджеттеріне берілетін мақсатты трансферттерді және бюджеттік кредиттерді
қаржыландыруды жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеті органға облыстар,
республикалық маңызы бар қалалардың, астана бөлінісінде осы бюджеттік
бағдарламалар бойынша негізделген есептеулерді ұсынады.
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік
өтінімдері және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның
олар бойынша қорытындысы, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті органның облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін
мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемі жөніндегі ұсынысы
ағымдағы қаржы жылының 15 шілдесінен бастап Республикалық бюджет
комиссиясының қарауына енгізіледі.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы
жылының 15 тамызына дейін республикалық бюджеттік бағдарламалар
паспорттаның жобаларын және шығыстарды есептеулерді Республикалық бюджет
комиссиясының шешімдерін сәйкес келтіреді және оларды бюджеттік жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
5. Бюджеттік жоспарлау женіндегі орталық уәкілетті орган алдағы қаржы
жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде
алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын
жасайды және ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде
оны Үкіметтің қарауына ұсынады.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын
Үкімет ағымындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан
Республикасының Парламентіне енгізеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының бүкіл
аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығы не Қазақстан
Республикасының бірнеше өңірінің аумағында төтенше жағдайды енгізу төтенше
мемлекетгік бюджетті әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Төтенше мсмлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттсрдің
негізінде қалыптастырылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының
мәтінінде:
алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кірістерінің, шығындарынын,
операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің, қаржы активтерімен
жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің),
тапшылығын қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемдсрі;
жалақының, зейнетақының, айлық есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшері;
жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алынымның
көлемі;
республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік
субвенциялар көлемі;
Үкіметтің резерві мөлшері;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бойынша
міндеттемелерді орындау сомасы;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;
үкіметтік борыш лимиті және басқа да қағидалар болуға тиіс.
Бюджет процесінде маңызды рөл бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті органға беріледі, ол тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы зандардың
жобаларын әзірлейді және оларды қарауға Үкіметке табыс етеді, бюджеттік
өтінім жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын
Үкімет жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен
кешіктірілмей енгізеді. Жоба Парламент палаталарының бірлескен отырысында
кемінде екі оқылымда қаралады.
Таяқылау Үкімет уәкілеттік берген адамның (адамдардың) Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары,
орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі, Ұлттық банк
Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ
Парламенттің палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша
қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.
Бірінші оқылымда республикалық бюджет кірістерінің, шығыстарының,
операциялық сальдосының, таза кредит беруінің, қаржы активтерімен
жүргізілетін операциялар бойынша салъдосының, тапшылығының (профицитінің),
тапшылығын қаржыландырудың (профициті пайдаланудың) жалпы көлемдері
бектіледі. Келесі оқылымда тиісті жылға арналған республикалық бюджет
туралы заңның жобасы баптңның жобасы бапттіледі.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Парламент
палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі .оқылымда және ағымдағы
жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі. Тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджетті бекіту Парламент палаталарының бірлескен
отырысында заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Парламен ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы қаржы жылына
республикалық бюджет туралы занды қабылдамаған жағдайда Президент алдағы
қаржы жылының I тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы
жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджетті Парламент бекіткенге
дейін қолданылады. Бұл республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30
желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық
бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде бектіледі. Бұл жағдайда осы
қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан
кешіктірілмей бекітілуге тиіс. Бұл ретте аталған қаржы жылына арналған
республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық
қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.
Алдағы қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заң
қосымшаларымен, Президенттің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына
арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен
бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар
қаланың) бюджеттік комиссиясы қабылдаған шешімдері негізінде алдағы қаржы
жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана
бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасап, оны облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар
қала, астана бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау
жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 15 қыркүйегінен, ал
аудандікі (облыстық маңызы бар қаланікі) 1 қазанынан кешіктірілмей
аяқталады.
Шешім жобасының мәтінінде:
алдағы қаржы жылына арналған бюджет кірістерінің, шығындарының,
операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің, қаржы активтерімен
жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің),
тапшылығын қаржыландырудың, (профицитті пайдаланудың) көлемдері;
облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне
берілетін бюджет субвенцияларының көлемдері және аудандар (облыстық маңызы
бар қалалар) бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алынымдар көлемдері;
жергілікті атқарушы органның резерві мөлшері;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органның тиісті қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша борыш
лимиті және басқа да қағидалар болуға тиіс.
Жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында
қаралады.
Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылау
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган
уәкілеттік берген адамның (адамдардың) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің
орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзімді
фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің
жобасы бойынша баяндамаларын, соңдай-ақ мәслихат уәкілеттік берген
адамдардың жергілікті бюджеттің жобасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның бюджет жүйесі
Қазақстан Республикасынының бюджет жүйесі
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Салықтық емес түсімдер
Бірыңғай бюджеттік жіктеу
Мемлекеттік бюджеттің мәні
Бюджет жүйесінің экономикалық мәні мен құрылымы
Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
Пәндер