Баспасөз жарияланым аттарының тілдік – стильдік ерекшеліктері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

БІРІНШІ ТАРАУ.
1.1. Мерзімді баспасөз жарияланым аты. Ат ұғымының тақырыптан айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2. Жарияланым аттарын қоюдың негізгі талаптары ... ... ... ... ... ... 18
1.3. Жарияланым аттарының тілдік . стильдік ерекшеліктері ... ... .28

ЕКІНШІ ТАРАУ
2.1. Тіл біліміндегі стандарттық ұғымының жарияланым аттары ретінде көрініс табуы ... ..40
2.2. Баспасөз жарияланым аттарының фразеологиялану ерекшеліктері ... ... ... .48
2.3. Баспасөз жарнама аттарына қойылатын талаптар. Жарияланым аттарының логоэпистемалық трансформациялануы ... ... ... ... ... ... ... ..55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69
Қосымша материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 72

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Журналистика факультеті
Мерзімді баспасөз кафедрасы

Баспасөз жарияланым аттарының

тілдік – стильдік ерекшеліктері

Жоғары оқу орнын бітіру үшін
қорғалатын

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

021040

Ғылыми жетекшісі - ф.ғ.к., доц.
Ресми сарапшысы – Ана тілі ұлт газетінің
Бас редакторы Мақсат Тәж - Мұрат

Кафедра меңгерушісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Мемлекеттік емтихан комиссиясының сараптауына қабылданды
Диплом қорғау күні:

Комиссия хатшысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Алматы, 2007
МА З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

БІРІНШІ ТАРАУ.

1. Мерзімді баспасөз жарияланым аты. Ат ұғымының тақырыптан
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..10

2. Жарияланым аттарын қоюдың негізгі
талаптары ... ... ... ... ... ... 18

3. Жарияланым аттарының тілдік – стильдік ерекшеліктері ... ... .28

ЕКІНШІ ТАРАУ

2.1. Тіл біліміндегі стандарттық ұғымының жарияланым аттары

ретінде көрініс
табуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40

2. Баспасөз жарияланым аттарының фразеологиялану

ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .48

2.3. Баспасөз жарнама аттарына қойылатын талаптар. Жарияланым
аттарының логоэпистемалық
трансформациялануы ... ... ... ... . ... ... ... .55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..6 2
Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..67
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69
Қосымша материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 72

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Баспасөз қай заманда болса да, қай кезеңде де
қоғамға қызмет ететін өзіндік ақпараттар ағыны. " Газет - халықтың көзі,
құлағы һәм тілі " деп, Ахмет Байтұрсынов айтпақшы бұқараны ақпаратпен
баулитын да – баспасөз. Әлемді ақпарат билеп тұрған бүгінгідей заманда
ақпараттың құндылығы оны таратушының беделі мен бет-бейнесінен көрінері
анық. Яғни баспасөз атауы, жарияланым атауы оның имеджі, нарықтық
бәсекелестік заманда оның жолашар визиткасы болмақ. Бітіру жұмысына арқау
болып отырған Баспасөз жарияланым аттарының тілдік – стильдік
ерекшеліктері болғандықтан жарияланым атын алу себебім, осы уақытқа
дейін тіл мамандарының болсын, журналист – публицистердің болсын зерттеу
нысанына айналуы қажет мәселенің бүгінге дейін көтерілмеуі мені
толғандырды. Ресей ғалымдары XX ғасырдың елуінші жылдары шығарма аты
мәселесін зерттей бастаса, қазақ ғылымында атау түбегейлі зерттелмеген деп
айтуға болады. Мерзімді басылым жариялымдарының жарты жүгін арқалайтын
аттардың ( тақырыптардың ) атқарар қызметі орасан зор екеніне қарамастан
зерттеулер мен ғылыми еңбектер жоқтың қасы.

Бітіру жұмысының мақсаты. Негізінде баспасөз жарияланымының атауы,
оның тақырыбы мен мазмұнын анықтайды. Ат ( тақырып ) арқылы негізгі түйін
ой көрініс тауып, оқырманды өзіне тартады. Жарияланым атын (тақырыпты)
өңдеуде оны шығармашылық деңгейге көтеруде қандай әдіс тәсілді қолданады,
ол автордың өзіне тән ерекшелік. Тілдік , стильдік ерекшеліктер арқылы
материял аты ( тақырып ) түрлене түседі. Атаудың автор көзқарасымен
сәйкесуі сәттілік. Журналистік жұмыс – творчестволық жұмыс. Ол үнемі
ізденуді, өмірге ілесу емес, өмірден ілгері болуды талап етеді. Ол
ізденімпаз жаңашыл болу керек деген сөз - дейді Профессор Т. С.
Амандосов. Журналистиканың өзі үнемі ізденуді талап ететін ғылым. Баспасөз
барша аудиторияның кездесер кемесі ретінде кемелді болуы шарт. Біз жазатын
тақырып, оқырман оқитын жариялым сауатты, сапалы болуы керек. Қай оқырман
болмасын, баспасөз ақпарат құралдарынан алдымен өзіне қажет ақпаратты
іздейді. Айқайлап тұрған жариялым атын, тартымды тақырыпты көзімен сүзіп
қана өтпей, материялды толық оқуға жетелейді. Себебі жариялым атынан
мәтіндегі айтылатын ойдың негізгі көрінісі табылуы тиіс.
Баспасөздегі ақпараттық жарияланым аттары бірінші типті оқырманға
қоғамда болып жатқан бүгінгі оқиғаларды түсіндіріп, сәтсіздіктерден шығуға
көмектеседі. Сонымен қатар оқырманға бұрын – соңды ол естімеген, білмеген,
көрмеген жаңа хабарды танытуы қажет. Газет, журнал жарияланым аттары
өмірдің сан – саласынан хабар беретін ақпараттар ағыны. Қоғамдағы
әлеуметтік саяси, экономикалық, мәдени т.б. өзгерістер, халық өміріндегі
жаңалықтар мен рухани жетістіктер міндетті түрде газет журнал жарияланым
аттарының арқауы. Жарияланым аттарының арқалар жүгі де ауыр деген сөз.
Мысалы: қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына орай, Отан, тіл туралы
жазылған атаулар: Ана тілі басылымында жарияланған Ана тілі – ардың ісі
атты ҚР Ұлттық банкінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Борис
Ізбасарұлымен сұқбат (2006) №47 саны, осы басылымның дәл осы санында жас
журналист Мақпал Жұмабайдың Тіл туралы жаңа Заң + Тіл инспекциясы =
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ деген жаңа формадағы жақсы мақала аты жарық көрді. Оқыған
оқырманның көзін өзіне тартатын бұл мақалада: ...осыдан алты жыл бұрын
Елбасы атына Ашық хат жарияланды. Онда " Тіл заңының орындалу барысын
бақылап,заң жолымен жауапкершілікке тартып отыратын тіл полициясын құратын
уақыт келді " ( М. Құлкенов, 11.01.2001ж.) делінген еді. деп жариялымды
жандандыра түссе, мына бір мақаланың мәйекті жері атауды аша түседі: ...
" Тіл туралы " Заңы мемлекеттік тілді шын қорғай алатын елдерде мәселе
осылай шешіледі. Заң Тілді, ал Заңды Тіл инспекциясы қорғайды. дейді.
Яғни ұлт мәселесін көтерген жарияланыдарының аттары арқылы ары қарай
оқуымыз мүмкін. Кейбір сәтсіз атаулар жақсы жарияланым аудиториясы аясын
азайтып тастауы ықтимал. Сондықтан бітіру жұмысымның мақсаты атау
таңдаудағы талапты күшейту, сапаны сауттылық пен қатар алып жүру, жариялым
атауын публицистика ғылымының бір тармағы ретінде зерттеу нысанына
айналдырып оқырманға оқуға тұрарлық дүние ұсыну.

Жұмыстың міндеті. Бұл жұмысты жаза отырып, мен өз алдыма мынадай
міндеттер қойдым:
- Жарияланым аты дегеніміз? Оның қандай түрлері бар? Тақырыптың
жарияланым атынан айырмашылығы қандай ? Осы сауалдарға жауап беру;
- Жарияланым аттарының атқаратын қызметі мен сипаттамасы;
- Баспасөз жарияланым аттарының тілдік және стильдік ерекшеліктері
қандай ? Оны баспасөз бетінен нақты мысалдармен салыстыра талдау;
- Жарияланым аттарын қоюдың негізгі талаптары;
- Жарияланым аттарындағы кемшіліктер? Осыған нақты мысалдармен
дәлелдеу;
- Тілдік тұрғыда стандарт бірліктердің жарияланым атына айналуы;
- Тұрақты тіркестердің дайын құрылыс материалы ретінде жарияланым
атына айналуы;
- Мақал-мәтел, қанатты сөздер мен өлең жолдарының, шығарма
аттарының логоэпистема арқылы трансформациялануы;
- Мерзімді басылымдағы арнаулы беттердің аттары мен айдар аттарының
берілуіндегі ізденіс пен сәтсіздік;
- Жариланым аттарының жарнамалық қыры;
Аталған міндеттерді зерттеп, тілдік – стильдік тұрғыда бітіру
жұмысымның тақырыбы мен атын толық ашуға тырыстым.

Бітіру жұмысының нысаны. Жұмыстың нысаны ретінде мерзімді баспасөз
жарияланым аттарын ғылыми тұрғыда қарастыруды мақсат тұттым. 1998-2007
жылдар аралығындағы Ана тілі ұлт газеті, Жас Алаш газеті, Айқын
республикалық қоғамдық – саяси күнделік, Жас Қазақ газеті, Парасат,
Қазақстан әйелдері, Арай журналдары негізге алынды. Сондай - ақ,
салыстырмалы түрде облыстық және аудандық газеттердегі жарияланым аттары
кемшіліктері нақты мысалдармен көрсетілді. Тек мақала аттары ғана емес,
арнайы бет, айдар атаулары да қарастырылды.

Бітіру жұмысының ғылыми-әдістемелік негізі. Жарияланым аттары туралы
жекеленген ғылыми әдебиеттердің болмауына байланысты, дипломдық жұмысымның
барысында баспасөз беттеріндегі жарық көрген жарияланымдар аттары талданды.
Жеке ізденіс барысында публицист – ғалымдармен негізінде алынған
пікірлері мен ат туралы түйген ойлары пайдаланылды. Сонымен бірге,
баспасөзге, газет ісіне қатысты шетеледік және отандық авторлардың еңбегі
басшылыққа алынып, атаудың қызметін арттыру үшін қандай шаралар атқарылуы
керектігі талқыланып отыр.
Жұмыс барысында мынадай журналист-қаламгерлердің естеліктері мен
еңбектері пайдаланылды:
- Қажым Жұмалиевтың зерттеу мақалалары;
- Рабиға Сыздықованың еңбектері;

- Профессор Т.Амандосовтың еңбектері;
- Тақырыпты тауып қой Кәкімжан Қазыбаевтың ғылыми мақаласы;
- Бағдан Момынова Газет лексикасы жүйесі мен құрылымы;
- Қ. А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің
оқытушысы Р.Т. Қожабекованың монографиясы;
- Г.Ихсангалиева дисертациясы;
- Төлеубай Ыдырысовтың Шеберлік бастауы еңбегінен;
- Ләззат Дүйсембекованың еңбектері;
- Бове Арене Современная реклама;
- Д. Әшімханұлының еңбегі;

Бітіру жұмысының жаңалығы. Біз мерзімді баспасөз жарияланым аттары
туралы жалпылама теориялық тұрғыда білгенімізбен, нақты жарияланым
аттарының міндеттері, қызметінін, тәжірибелік тұрғысында зерттелді.
Жарияланым аттарын ( тақырып) газет материялдарын зерттеп сәтті қойылған
ізденіс пен және кемшілік жалпылама мәтіннің мазмұнын ашпайтын жарияланым
аттарын көрсеттім.
Жарияланым аттары туралы жеткілікті зерттеу еңбектері болмағандықтан ,
тіл тарихы беттерінен және журналистердің пікірінен алынған деректердің
барлығы дерлік оқырман қызығушылығын оятатын жаңалықтар десе болғандай.
Сондықтан медиа-нарықтағы жарияланым атының қызметі баспасөзде ерекше екені
айта қаларлық жайт.

Жұмыстың тәжірибелік құндылығы. Журналистика факультетінің студенті
ретінде жыл сайын облыстық, аудандық газеттерде төрт жылдан бергі уақыт
аралығында өндірістік тәжірибемді өтіп келемін.Тілші, редактор міндетін
уақытша атқарушы. Әрине, осы уақыт аралығында мен баспасөздің барлық қыр-
сырын меңгеріп алдым деуден аулақпын, бірақ, зерттеуді сырттай емес, өзің
күнделікті жұмыс істеп, ауасымен тыныстап жүрген газет ішінде отырып
жүргізген анағұрлым дәл, әрі маңызды болмақ.
Диплом жұмысым барысында баспасөз беттерінен деректер мен дәлелдер,
мысалдар келтіріледі. Сондай-ақ, баспасөздің бәсекеге қабілетті болуы үшін
жарияланым аттарының алар маңызы зор екендігі белгілі. Өндірістік
тәжірибеде редактордың уақытша қызметін атқара жүріп, Түпқараған аудандық
Ақкетік арайы газетінде Қазақстан Республикасының президенті Н.
Назарбаевтың 2007 жылғы 28 – ақпан күнгі Қазақстан халқына жолдауын
насихаттаудың 2007 жылғы 1- жарты жылдығына арналған МЕДИА – ЖОСПАРДЫ
жасақтадым. Жоспар газеттің әр санына берілетін жолдауға қатысты тақырыптық
атаулардан тұрады. Бұл еңбегімді дипломдық жұмысқа Қосымша ретінде беріп
отырмын..

Зерттелуі және зерттеу әдісі. Профессор Т.Амандосовтың Совет
журналистикасының теориясы мен практикасы кітабында түрлі анықтамалар мен
атауды тақырып деп берген аз ғана мәліметтер алынды. Оның құрылымы мен
қызметі мен артықшылықтары талқыланса, Р.Т.Қожабекованың Баспасөз
бетіндегі тақырыптардың фразеологиялану ерекшелігі еңбегінде атау
граматикалық тұрғысынан сипатталады. Сондай-ақ, К.Қазыбаевтың Тақырыпты
тауып қой атты мақаласында зерттелген. Сонымен бірге, ф.ғ.к. орыс
тіліндегі Г.Ихсангалиеваның Функционально – прогматический анализ
заголовков тақырыбында жазған диссертациялық жұмысы осы тақырыптағы іргелі
зерттеудің бірі.
Жұмыс барысында ақпарат жинаудың сұрау салу, сұхбат және сауалнама
секілді әдіс-тәсілдері пайдаланылды.

Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе мен қорытынды, екі тараудан –
негізгі бөлім, қорытынды және сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер
тізімінен, қосымша материялдардан тұрады. Кіріспеде қазіргі жарияланым
аттарының қарастырылды. Негізгі бөлімде диплом жұмысының атын тілдік
тұрғыда талдап, оның өзіндік қырлары және тақырып пен жарияланым атының
айырмашылығы жайында ғылыми пікірлер келтірдім. Сондай-ақ, атты жариялымға
берудің әдіс-тәсілдері мен атаудың бүгінгі баспасөзде көрініс табу
мәселелері тілге тиек етіледі.Тіл біліміндегі стандарт тілдік бірліктердің
атауға айналуы зерттеу жұмысымның қызықты бөлігі. Қорытындыда атаудың
өзектілігі мен маңызы жайында әңгіме қозғалады.

БІРІНШІ ТАРАУ
1.1. Мерзімді баспасөз жарияланым аты. Ат ұғымының тақырыптан айырмашылығы
Ақпарат саласында мерзімді баспасөздің атқаратын қызметі өте зор.
Баспасөз барлық уақытта идеялық – саяси өзгерістер алаңы. Қазақ халқының
ағартушылары Абай, Ыбырай, іргетасын қалаған қазақтың ұлттық жазба әдеби
тілі жаңа сатыға көтеріліп, сала жағынан да, қазір сан жағынан да өсіп
дамуда. Қоғам дамуының нәтижесінде ғылым мен техникағ экономика мен
мәдениеттің өзгеруіне байланысты туындайтын жаңа сөздерді ғана пайдаланып
қоймай, қазақ халқының төл сөз байлығын қазіргі мерзімді басылымдар сарқа
пайдалануда. Қазақ совет энциклопедиясында Баспасөз - өмір айнасы,
қоғамдық күрестің құралы деген анықтама береді. Ал БАҚ туралы ҚР заңында
Мерзімді баспасөз – тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты
жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың
қосымшасы делінген. [1,9] Диплом атын ашу үшін жеке анықтама берген жөн.
Жарияланым – баспасөз бетінде көрініс тауып жүрген әр түрлі жанрдағы,
әр түрлі атаулы мәтіндер. Жарияланымның негізгі мақсаты мен атқарар қызметі
– қалың бұқараға жария болар жаңалықты жазып, мәселе көтеріп, ақпарат беру
арқылы көпшілік көкейіндегі сауалға жауап іздеп баспасөз бетіне шығару.
Жарияланым аты – шығармаға арқау болар тақырыптың тоқсан ауыз сөзін
тобықтай түйінге сыйғызып, жрияланымның жарасымды айдары болу. Бүгінге
дейін атау сөзін тақырып сөзімен мағына беріп, ауыстырып қолданып келдік.
Бірақ тақырып сөзіне ғалымдардың пікірі әр түрлі . Негізінен ғалымдардың,
публицистирдің барлық анықтамалары жарияланым аты сөзінің аясына келіп
саяды.
Әдебиет теориясының зерттелуіне алғаш қадам басқан ғалым Ахмет
Байтұрсынов Әдебиет танытқыш еңбегінде тақырып ( ат, М.Е. ) сөзіне былай
деп анықтама береді Тақырып - әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол
нәрсе шығарманың тақырыбы болады. Мәселен, пікір жаз ( жыл мезгілі ) туралы
болса, шығарманың тақырыбы Жаз болады. Той туралы болса, тақырыбы той
болады, ат туралы болса, тақырыбы ат болады. Әңгімедегі пікір не туралы
екенін күн ілгері білдіру үшін, шығарманың тақырыбы басынан қойылады.
Айман-Шолпан, Бақытсыз Жамал, Қобыланды батыр, Атымтай Жомарт
турасында айтылатын әңгімелердің басында тұрады. Әңгіме басында тұрған
Айман-Шолпан яки Бақытсыз Жамал деген сөздерді көріп, кім туралы
айтылатын әңгіме екенін бірден білеміз. Бірақ шығарма сөздің бәрінің де
басына тақырыбы қойыла бермейді. Көбінесе өлең сөздердің басына тақырыбы
қойылмайды, өйткені бір өлеңнің ішінде бірнеше нәрселер туралы пікір
айтылып келеді. Тақырыбы бар сөздер Айман-Шолпан, Бақытсыз Жамал деп
тақырыбы аталғанда, тақырыбы басына қойылмаған сөздер, мәселен, өлеңдер
бастапқы жолындағы сөздермен аталады. Абайдың өлеңдерінде тақырып
қойылмаған сөздер көп. Оларды атағанда, алдыңғы сөздерін айтып атаймыз:
Өзгеге көңілім тоярсың деген сөзі, Келдік талай жерге енді деген өлең
дейміз. [2,12] Ахмет Байтұрсынов Шығарма сөз зерттеуінде шығарма
сөздің бәрінен бұрын байқалатын тысқы нәрселері. 1. Тақырыбы 2. Жоспары 3.
Мазмұны 4.Түрі деп бөледі, бұл жерде ғалым атаудың (тақырыптың А. Б. )
басты шығарма сөздің яғни жариялымның басты міндеті екенін айтады.
...материалдың мазмұны өз алдына, сіздің алғаш көзіңізді тоқтатып,
көңіліңізді аударған тақырыптар, сол тақырыптардың жақсылығының күші.
Тақырыпқа назар аудару, беттегі материалдардың тақырыбына қарай талғау­ әр
оқушының міндеті. Ендеше тақырып қоя білуге тапқырлық, білім керек.
Тақырып­ газет материалының бірінші жаршысы ...
Қазақ ұғымында тақырып деген сөздің екі мәні бар. Бірі – кең
көлемде, орысша тема деген ұғыммен тектес. Мысалы, ауыл шаруашылығы
тақырыбына, өнеркәсіп тақырыбына, саяси тақырыпқа десек, онда белгілі
аумақты мәселені түсінеміз. Ал екінші ұғымы – бір ғана хабардың, мақаланың,
очерктің, фельетонның, әңгіменің аты жайлы. Мына фельетонның тақырыбы
жақсы екен деген сөзді жиі естисіз. Сонда сөз соның аталуы, сол
фельетонға қойылатын ат жайлы болып отыр. Яғни, бұл ұғым орысша заголовок
деген ұғыммен тектес. [3,173]
Осы орайда К. Қазыбаев тақырып туралы сөз ете отыра тақырып деген
сөздің ат, атау сөзімен ұштасы екенін дәлелдеп, орысша заголовок сөзін
екенін ашық түсіндіреді. Жарияланым аты – тілші шығармасының ең түп
тамыры, темір қазығы. Газет материялдарының аттары өмірдің сан – саласынан
хабар беретін ақпараттар ағынының түйіні.
Олай болса ат сөзін дәлелдеу үшін бізге осындай тұжырымды ой қажет,
сол ойды орағыту үшін ат сөзіне өз тарапымыздан жоғарыда сөз еткен
анықтамадан бөлек өз тарапымнан бірнеше пікірлерді беріп отырмын:
1. Ат яғни заттың аты, адамның аты, баспасөз аты, оның ішінде
жарияланым аты. Ат арналып қойылған есім. Қазақта бір – біріне келемеж
етіп немесе өз атын, есімін бұрмалап айтқанда Азан шақырып қойған
атым бар емес пе? деп өкпелеп жататыны бар. Әр затты өз атымен
атағанда ғана қателеспеуге болады. Сол сияқты басылым Ана тілі
газеті, Қазақ әдебиеті газеті, Жас қазақ газеті, Жас алаш
газеті, немесе Парасат журналы, Қазақстан әйелдері журналы,
Ара журналы болса бұл сол басылымдардың арнайы қойылған аттары.
Яғни, біз сол аттарын атап қана сол басылыммен таныса аламыз. Ал сол
басылым беттерінде орналасқан жариялымдарға көз жүгіртпес бұрын
байыпты оқырман басынан яғни, алдымен шығарма атымен танысады.
2. Аттың ( тақырыптың ) өзінің – тіл мен стильі болады. Себебі әр адамды
немесе затты, немесе баспасөз жарияланымын бірінен ажырату үшін
арнаулы қойылатын аттар сол затты, сол жариялымды ерекшелеу үшін өзіне
өзгенің қызығушылығын тудыру үшін қойылады.
Ғасырдан да ұзақ ғұмыры бар қазақ баспасөзі тарихының әлі де болса,
терең зерттей түсуді қажет ететін тұстары баршылық. Алайда газет
жарияланым аттарының тілі мен стильінің негізгі лексикасы сөздердің
жүйесіз жиынтығы емес. Газет тілі өзінің пайда болып, қалыптасқан бүгінгі
күнге жеткен өз тарихы бар ақпарат саласы. Бүгінгі баспасөз аралық қызу
бәсекелестікті ескерсек, өз оқырманын жоғалтып, алмаудың бірден – бір
кілті – газет материалдарының аттары қызғылықты әрі түсінікті болуы.
Нарық пен техника дамып, компьютер байланысы әлемді шырмауықтай қаптаған
заманда қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік құбылыс ретінде газет жарияланым
аттарының тілі де өзіндік ерекшеліктерге ие болуда.
Баспасөз - өмір айнасы қағидасын тереңірек қарастырсақ, өмірдің
уақытқа тәуелділігін ескере отырып, күнделікті тіршілікке негізделген
қоғамның бір күндегі, тіпті апта, ай, жылдарындағы өзекті мәселері
күнделікті баспасөздің қалам арқауы болады. Егер бұрынырақта оқырмандар
әдеттегі – күнделікті тұрмыстық, жеңіл хабарламалар тапшылығын сезіне
отырып, міндетті телерадиохабарларымен жарнама апталықтарын сатып алатын
болса, ал бүгінде мұндай басылымдар ұшан – теңіз. Оқырман баспасөздегі
неғұрлым елеулі мәселелерге және тартымды жарияланым аттарына көңіл
бұрады. Газет оқырманы – мінезі әр қилы, мамандығы әр түрлі, әлеуметтік
жағдайы да бөлек адамдар аудиториясы. Ал газет жарияланым аты болса
ақпарат құралының бір бөлшегі ретінде, осы аудиторияға мейлінше аз
сөзбен, түсінікті етіп, сан қилы ақпаратты жеткізуі қажет. Аз сөзбен
жеткізуге тырысатын жарияланым аттарының өзіндік ерекшелігі де осы
қағидаға негізделеді.
Бұдан біз қамтылған ойдың жүздеген, мыңдаған есе қысқартылғанын – сөз,
сөз тіркесі, не сөйлем күйіндегі көрінісінен аңғарамыз. Ғылыми немесе
көркем әдебиет мәтіндерімен салыстырғанда, газет мәтіні де материал аты да
оқуға жеңіл келеді. Газет бетіндегі мақаланың атының берілу формасының
құндылығы – оның графикалық безендірілуі, мәтін композициясының дұрыстығы,
жарияланым аттарының сәтті шығуы, негізгі ойды айқын шрифтімен әрлеуі
сияқты түрлі тәсілдері де ықпал етіп, газет өнімінің сұранысын
жылдамдататыны даусыз. Ал бұл мәселелерді зерттеу бүгінгі күні журналистика
ғылымында өзекті мәселелер мен міндеттердің бірі болып отыр. Бұл мәселені
ғылыми терең зерттеу үшін жарияланым атының қызметтеріне тоқталған жөн. Мен
оқып зерттеген еңбектерде жарияланым аттарының қызметін екі түрлі деп
қарастырады. Ал өз басым осы зерттеулерді алға тартып, көзқарастық және
прагматикалық деп қосымша екі қызметін дәлелдеп ұсынуды жөн көрдім.
Жарияланым атының қызметтері:
1. Ақпараттық қызметі;
2. Жарнамалық қызметі;
3. Көзқарастық қызметі;
4. Прагматикалық қызметі;
Ақпараттық қызметі – қоғамда болып жатқан жаңалық немесе елге қызықты
дүние.
- Мәтін туралы белгілі бір деңгейдегі ақпарат жариялым атауы арқылы
алдын ала, яғни мәтінмен таныс болмай тұрып беріледі;
- Баспасөз жариялымынан алар ақпаратты атаудан түйін ретінде алуға
болады;
Мысалы: Түркістан газетінің 22.09. 2005 жылғы санында Жақында 15-
миллионыншы қазақ дүниеге келді деген атпен материал жарық көрді.
Статистикалық мәліметті мақала атына арқау еткен бұл тілдік тұрғыда сан
есімнен жасалған. Атты журналист алыстан іздемей, мақаласына дәлел болар
дәйекті бекіткен. Және автор орынды қолданған, біріншіден, оқырман бүгінгі
қазақтардың саны туралы ақпарат алды. Екіншіден, жарияланым аты қызықты
өзіне тартып, оқып шығуға сұранып тұр. Және оқырман дүниеге келген 15-
миллионыншы қазаққа мемлекет қандай сыйлық жасады екен, қай жерде дүниеге
келді деген сауалдар үшін мақаланы оқып шығады.
Жарнамалық қызметі – нарықта кез келген тауардың өтімін арттыру,
сапасын салыстыру, тұтынушыны тарту мақсатында қызмет атқаратын бағыт.
- Белгілі бір баспасөз жариялым атауы оқырманын орағытып алып оқуға
жетелесе, атаудың жарнамалық қызметінің жүзеге асқаны;
- Кез – келген келісті қойылған атау жақсы жарнама;
Мәселен, бүгінгі баспасөзге көз жүгіртсек басылымдардың алғашқы
беттерінде Бүгінгі нөмірде:, Бүгінгі санда: деген айдарлар бар. Дәл осы
бағытта газеттің сол санының жарияланым аттарын ұсынатын қазақ басылымдары
санаулы. Мәслен, Ана тілі газеті, Қазақ әдебиеті, Түркістан,
Жұлдыздар отбасы журналы, Арай журналы кейде беріп тұрса өалған жоғары
да аталған санаулы басылымдарда тұрақты түрде беріліп жүр. Ондай үрдіс
оқырман уақытын үнемдеп, таңдап қалаған жарияланымын оқуға мүмкіндік
туғызады. Мысалы: Түркістан халықаралық саяси апталығында сол нөмірдің
саны жазылып, жарнамалық жарияланым аттары беттерімен беріледі. Бұл
басылымда Бүгінгі нөмірде:деп жазылмаса да мақала аттары беріледі. 2006
жылдың №42 санында Барлық қандастың басын қазақ тілі біріктіреді6 бет,
Кітап шығаратын баспа көп, бірақ оқулық жетіспейді... 8 бет, деген
жариялым аттары берілді.
Осы үрдістің жаңа түрін Ана тілі ұлт басылымы өзгеше беріп жүр. Бұл
басылымның алғашқы бетінде Бүгінгі нөмірде: деп және Келесі нөмірден
оқитындарыңыз: деп екі нұсқада бір санынында беріп жүр. Келесі нөмірде
оқитындарыңыз:деп беретін айдары күні бұрын газеттің келесі санына шығатын
материалдарды жарнамалайды. Анонстық аңдатпа түрінде беру. Яғни оқырман
сол жарнамалық аңдатпадан кейін газеттің келесі санынын асыға күтеді. Бұл
маркетингтік тұрғыда редакция ұжымының нарыққа беиім жұмыс жасауы. Газеттің
өтімділігін арттыратын бірден – бір тәсіл.
Көзқарас – белгілі бір құбылысқа жеке пікір беріп, өз көзқарасын
білдіру.
- Әр атау әр автордың журналистің көзқарасы болып табылады;
- Көзқарас көрініс табатын ат көкейге қонымды болған кезде бұл қызмет
атқарады.
Баспасөзде көптің көзқарасын өзгертіп, ойландыратын жариялым аттарын
кезестіреміз. Ондай материял аттары сұраулы сөйлем арқылы немесе ой
толғатып берілуі мүмкін. Мысалы: Түркістан халықаралық саяси апталықтың №
49,2006 жылғы санында Есенгүл Кәпқызының Қаржы қайда ктіп жатыр? деген
сыни мақаласы жарық көрді. Мақала мазмұны кино өнеріне, мультфильмдерге
бөлініп жатырған еселі қаражат қайда, балаларға екі ғана қазақ мультфильмі
ұсылды деп автор ашына жазады. Оқырманға сауал арқылы ой салып, көзқарас
тудырады. Сол тәрізді Ана тілі басылымының №4 қаңтар айындағы 2007жылғы
санында Мақсат Тәж- Мұраттың 2007. Ана тілінің жылы бола ма? деген
сұраулы жарияланымының аты шынымен осы жыл қазақ тілі үшін қандай болмақ
деген көзқарас тудырады. Бұл мақалада Мәдениет және ақпарат министрлігі
аясында биылғы жылды Қазақ тілінің жылы деп жариялау ұсынылғанын
айтады.Оған әрине оқырмандар көзқарасы оң.
Прагматика – қабылдауға байланысты қатынас.
- Адманың баспасөз жарияланым аттарынан алатын әсері;
- Жарияланым аттарының өзінен біршама әсер алу осы қызметте атқарылады;
Баспасөз бетінде әсерде қалдыратын әр түрлі жарияланым аттары бар. Бірі
жақсы прагматикалық қатынас туғызса, екіншісі жаман болсада ұмытылмай есте
қалады. Мысалы: Жас Алаш газетіндегі Терминаторлар тербеткен ұлт бесігі
Т. Меңдекенің 2004 жылы шыққан проблемалық мақаласының аты бірден баурап,
мазмұнда айтар ойды анық жеткізіп тұр. Бүгінгі қоғам терминатордың кейпімен
көгілдір экран арқылы таныс. Сол кішкентай төртбұрышты жәшіктің үйдегі өсіп
келе жатқан жеткіншекке кері әсері бар екенін дәлелдейді. Жариялым атының
прогматикалық әсері күшті. Көп ата – аналар балаларын үйге құлыптап өздері
күйкітірлік соңында жүргенде, теледидарға телмірген тентектер ертең өз
ұлтының соры болмай ма? Автор алған аты әсерлі. Себебі ол, жастар тілінде
беріп, ұлттың болашағын мақала арқылы жүктейді.
Керісінше, жаман әсер қалдыратын жарияланым аттары кездеседі. Бұл
жерде де прагматика өз қызметін атқарады. Мысалы: Махаббат таблойдтты
шымкенттік басылымның бір санынан кезіктіргеніміздей ат баспасөз мәдениетін
таптап тұр. Мысықтың ашынасы ат баспасөз мәдениетіне жатпаса да,
жатталуға тез, прогматикалық әсердегі жарияланым аты.
Баспасөз жарияланым аттарының қызметін осылай қарастырып қана қоймай
нақты мысалдар келтіріп өттім.

1.2. Жарияланым аттарын қоюдың негізгі талаптары

Газет, журнал, жалпы баспасөз үлкен трибуна. Егер сіз, әдетте белгілі
бір аудиторияда сөйлесеңіз, алдыңызда ең арысы мың адам болуы мүмкін. Ал
газет бетінен сөйлегенде сіздің тыңдаушыңыз-оқушыңыз өте көп болады. Сіздің
жазғаныңызды мыңдар, миллиондар оқиды. Сол мыңдар, миллиондар сынайды.
Ендеше әрбір ойға, әрбір жолға жауапты қарау керек. Ал бүкіл жазғанның
эталонындай болып тұратын атауға тіпті жауапты қарауға тура келеді., Кейбір
жақсы мақала мен корреспонденцияны сәтсіз қойылған аттың оқытпауы мүмкін.
Ал кейбір орта қол жазылған мақала мен корреспонденцияны жақсы қойылған
атау оқытуы да мүмкін.
Бірақ бұдан тек жарияланым атына ғана назар аударып, бар күшті
жарияланым атына сал деген ұғым тумасқа керек. Ат пен баспасөзде
жарияланатын материалдың мазмұны егіздің сыңарындай бір-бірінен ажырағасыз,
бір-бірімен ұдайы кірігіп тұратын, бірін-бірі ұдайы толықтырып тұратын,
бірін-бірі ұдайы насихаттап тұратын біртұтас нәрсе.
Кейбір баспасөзде атты айқайлатып беріп, әйтеуір назар аудартамыз
деген пиғыл басым болады. Сол себептен де олардың газет, журналдарында
жүректі тырнайтын, көзге сорақы көрінетін жариялым атаулары қаптап жүреді.
Ал беделді, журналистиканың майын ішіп мамандандырылған баспасөздің
табиғаты одан мүлдем басқа. Ұстамдылық, жылылық, халыққа түсінікті
қарапайымдылық - міне, біздің баспасөзде кездесетін атаулардың
ерекшкліктері осындай. Осы дәстүрге әрдайым берік болу жаңа жаза бастаған
жас тілшінің де, қаламы төселген қарт журналисттің де асыл парызы. Осыған
мысал ретінде Егемен Қазақстан газетінде жақсы жарияланым аттары жиі
кездеседі. Мәселен, жақсы жылы, ұстамды жарияланым аттарын қоятын журналист
Мейрамбек Төлепберген. Мәселен, Рухани ізгілік – басты тақырып деген
мақаласының аты одан басқа да көптеген дәлелдер осы газеттен табылады.
Мерзімді баспасөзде көптеген жылдар бойғы тәжірибеде қалыптасқан,
сіңіскен жарияланым аттарын қоюдың мынадай негізгі қағидалары, қойылатын
талаптары бар:
Тартымдылық. Қандай жарияланым аттары тартымды болады? Ойы бар,
көркемдігі бар аттар тартымды болады. Барлық жарияланым аттарын тартымды
ету мүмкін емес деп дауласушылар да кездеседі. Бұл пікірге біз қосылмаймыз.
Кез келген атты тартымды жасауға болады. Мысалы, Маңғыстау облыстық "
Маңғыстау " газетінде ауыл жылы аясында деген айдармен "Ауылым, аялы
алтын бесігім ", деген атпен өскен ауылды сыйлау, оның мүддесін көздеу
жөнінде Е. Іңірбайұлының Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер
қайраткері Р. Батыршеевамен тартымды сұқбаты жрияланды.. Жоғарыдағы аттың
өзінде қандай жылылық жатыр. Сенің өскен ауылының аялы алтын бесігің, ол
бесікті әрдайым қастерле, сол бесік болмаса, сен ержетер ме едің, өсер ме
едің, ендеше ержеткенде де оны әрдайым есте ұста деген ұғым тұрған жоқ па.
Дәл осы атауды "Ауыл мүддесін әрдайым есте ұстайық!" деп беруге де болар
еді. Бірақ мұның жылылығы жоқ, тым жүдеу, жүрекке "аялы алтын бесік"
дегендей әсер етпейді. Көрдіңіз бе, бір мәселені, бір мақаланы екі түрлі
атауға болады. Бірақ екеуінің оқушыға ететін әсері екі басқа.
"Құрыққа берме ырықты " атты Ана тілі басылымында Балнұр
Ахметованың Валнтин әулие - өз жерінде әулие деген жарияланымы жарық
көрді. Жоғарыдағы " Құрыққа берме ырықты " деген аттың айналасындағы үш
сөзде қаншама ұғым, үн жатыр. Мұндай атпен берілген мақаланы қалай да оқып
шығуға асығасың. Бүгінгі жастардың еліктегіштігін, адасқандардың арбалуын
білуге тырысасың. Бұл атау бүкіл оқырман қауымды "мені оқы" деп шақырып
тұрғандай. Атау күші, тартымдылығы деп осыны айтады.
Тағы Жас Алаш газетінен Есей Жеңісұлының "Адамның көңілі" деген
атты мақала көрдік. Атының өзінде лирика, айтылар ойдың нәзік бір тізбегі
жатыр. Адамның көңілі тұнық нәрсе. Оны лайлап алу оқыс қимылдан ғана болуы
мүмкін. Ал көңіл үшін сондай оқыс қимыл жасап, опасыздық етуге бола ма?
Қазақта адам көңілі бір атым насыбайдан дейді, біреудің көңілін жаралау
орны толмас олқылық. Осындай әрі әдеби, әрі философиялық үлкен мәні бар
жайды атаудың аңғартып тұрғаны, сонымен тартып тұрғаны қандай ғанибет.
Қойылған аттың өзіне қарап-ақ көңіл шынысын сындыратындарға реніш білдіре
бастайсың. Бұл, сізге мақаланы оқырдан бұрын келетін ой. Ал оқып шыққаннан
кейін ше?
Тартымдылық жөнінде көптеп мысалдар келтіруге болар еді. Өйткені
баспасөз бетінде бұған ерекше назар аударылады. Әсіресе, көркем жанрлар -
очерк, әңгіме, фельетон, новелла, памфлет, өлең жанрларында атауың тартымды
болуы ең басты шарт.
Кәкімжан Қазыбаев өзінің Тақырыпты тауып қой атты мақаласында дәл
осы тұсқа тартымды мысал келтіреді: Мақаламыздың бас жағында "Советская
Россия" газетін тақырып қоюға өте жауапты қарайтын газеттердің бірі дедік.
Соның бір-екі мысалын айта кету артық болмас. Алдыңызда сын мақала. Бұрын
кездеспей жүрген тақырып. Ұғымның қиысуы, сөздің іріктелуі мүлде басқаша.
Бұл берілу жаңалығымен де назар аударады. Қойшы, сонымен қандай тақырып
дейсіз ғой. "Несиеге берілетін алғыс". Бұл тақырыпты оқысымен ойланасыз.
Ойландыратын не? Тегінде алғыс ардақтыларға беріледі. Ардақтылар әрқашан
қарыздар болмайды. Өйткені өздерінің Отан алдындағы болсын парызын
кіршіксіз болсын, семьясы алдындағы болсын парызын кіршіксіз өтегендіктен
де ардақты олар. Ендеше алғыс пен несиенің арасындағы бұл арадағы алшақтық
оларды тіпті бір-бірімен жақындастырмайтын секілді.Десе де мақаланың
тақырыбы солай қойылған. Және құлаққа түрпідей тиіп тұрған жоқ, аса бір
құпия сырға үңіл деп шақырып тұрғандай. Мұны саған білу пайдалы, сен
мұндайдан аулақ бол деп тұрғандай. Сөйтсек, әңгіме алғысты беріп алып, сол
адамдардан ақы сұрайтын кейбір тайыз ойлы басшылар жөнінде екен. Міне
біздің қоғамымызға, біздің адамдарға жат осындай әдеттен бүкіл мақаланың өн-
бойы емес, тақырыбының өзі-ақ сені жирендіріп тұрады. Тауып қойылған
тақырып, оқуға тартатын тақырып (ат, М.Е. ).
Болмаса "Жастықпен алты ғасыр бірге" деген мақаланың тақырыбына (ат,
М.Е. ) зер салайық. Бұл Польшадағы көне қалалардың бірі Краков қаласы
жөнінде. Бір кезде бұл қала тарихтың талай тауқыметін тартқан қала. Бірақ
соның бүгінгі өмірі, сол қалаға деген жастардың бүгінгі сүйіспеншілігін
беретін жоғарыдағы тақырып (ат, М.Е. ) мазмұны жағынан да, есітілуі жағынан
да қандай тартымды! [ 4,177]
Бір сөзбен айтқанда жарияланым атауын қоярда оның барлық бояуын -
ұғымын, есітілуін, жинақтылығын, дәлдігін, бәрін ескеру керек. Сонда ғана
тартымды ат таба аласыз.
Нақтылық, өткірлік. Тартымды болумен бірге газет, журнал
материалдарының аты нақты, өткір болуға тиіс. Жалпылыма қойылған ат қашан
да жалықтырады. Мәселенің үстінен дәл түсірмейді. Нақтылық, өткірлік
тартымдылықтың жан серігі. Мұнсыз аттың тартымды болуы мүмкін емес.
Міне, сіздің алдыңызда газет. Бірнеше жақсы жариланым аттарын көріп,
мақалаларды оқып шықтыңыз. Көзіңіз мына бір атқа ерекше түсті. "Ащы да
болса айтар шындық". Бұдан бірден аңғаратыныңыз әңгіменің кемшілік жайлы
болатындығы. Және анау-мынау кемшілік емес, үлкен кемшілік, көптеп орын
алып жүрген, ет үйренуге айналған, содан барып жұрт елеуден қалған, ақыры
үлкен дерт болған кемшілік. Жарияланым аты осыны саған айтып тұр. Ар жағын
оқымасыңа қояр емес. Шынында, шымбайға батар шындық екен. Мал мамандары
фермаға келеді, кемшілікті көзімен көреді, блокнотына түртіп алады,
орталыққа жеткіземін, көп кешікпей қарық боласың деп малшыға уәдені береді.
Сөйтеді де кетеді. Іс тынды, малшылардың арасында болдым, малдың халін
көрдім деп орталыққа өз бағасын арттырады. Бірақ соның жүрген жерінде
қалған із жоқ, іс жоқ. Осы бір маманның ғана емес, мал шаруашылығында
жүрген бар маманның әдетіне айналып кеткен жұмыс стилі. Барған жерде
байыпты көмегі болмаса, көрген кемшілікті түзеуді жалма-жан қолға алмаса -
оның несі маман. Мал мамандарының осындай сүле-соқтығы, ат үстінде жүріп
қана ақша тапқысы келетіндігі, іске бел шешіп араласпайтындығы олардың
беделін түсіріп бара жатқан жоқ па?!
Автор осындай-осындай пікірлер қозғайды. Және бипаздап, жай ғана
айтпайды, жаны ауыратын адамның жүрегімен қынжыла, қамыға жазады. Сол
себепті де мақала жақсы оқылады. Жоғарыдағы кемшілікті көріп жүргендер де,
көрмей жүргендер де тебіренеді. Көріп жүргендер "жаса азамат, жаның ашитын
адам екенсің" дейді. Ал көрмей жүргендер "қап, мына жайды ескермеппіз ғой
өзі" деп селт етеді. Мәселе де нақты, жазылуы да өткір, тақырыбы да өткір.
Кейде журналистер арасында сын мақалалардың тақырыбын аса ашулы
қоймау керек деген пікір таласы туып қалады. Ашынатын, ашық айтатын жай
болса, оның атауын жұмсартқаннан не ұтамыз? журналистерге үлкен сенім
білдіреді. Халықтан кемшілікті жасырмауға үйретеді. Ендеше кемшілік жайлы
өткір атау қоюдан қорқуға ешбір негіз жоқ. Мырзан Кенжебайдың Ана тілі
басылымында жарық көрген проблемалық мақалалары журналистік зерттеу ретінде
жазып жүрген жариялымдарының атауы шыңғырған шындықты меңзейді.
"Салтанат үшін емес, сабақ алу үшін!" осындай тақырыпты тағы да
"Советская Россия" газетінің бетінен оқыдық. Жиналыстардың шақырылуы, онда
айтылатын ойлардың мәртебелі болуы жайлы әңгіме қозғалады. Жөнсіз, уақыт
алатын жиналыстарды азайту жөнінде мәселе көтереді. Жиналысты жұрт сағынып
тұруы керек, сабақ алатын жиын деп ұғуы керек. Жалығатын, бір айтылған
сөзді мың тыңдайтын, мезі болатын ұғымда қабылдамауға тиіс.
Қандай мәнді мәселе. Біз тегінде кемшіліктен де, жетістіктен де сабақ
аламыз. Ал олар көп жиналған жерде ортаға түседі, айтылады. Көп адам алтын
уақытын қиып жиналады. Ендеше сол уақыттың пайдамен өткеніне, сабақ
болғанына не жетсін.
Уақыт демекші осы газет 1965 жылы "Директордың уақыты" деген
тақырыпта өте мәнді мәселе көтерді. Ондағы айтылатын ой совхоз директорында
бір жағынан уақыт жетпей жатса, тағы бір жағынан уақыттары пайдасыз босқа
кетіп жатады. Демек, оны қалай реттеу керек? Мәселе, міне осылай қойылған.
Біз директордың жұмыс стилі, адамгершілігі, іскерлігі жайлы
материалдарды оқып жүрміз. Ал директордың уақыты жайлы дәл осы мақалаға
дейін мәселе көтеріле қойған жоқ шығар. Қарап отырсаңыз өте мәнді мәселе.
Біз ысырап атаулыға қарсымыз. Бірақ уақыт ысырабын, әсіресе, директорлар
секілді басшылық жұмысында жүрген кадрлардағы уақыт ысырабын көрмейді
екенбіз. Жалпы мақаланың мазмұны жағынан ой салатыны өз алдына, тақырыбы да
жақсы қойылған. Нақты мәселенің төңірегінде нақты пікір бар бірден
аңғарылады. Дәл айтылған нақты пікір қашан да қызу қолдау табады. Осы
тақырып бойынша газет бетінде үлкен ойлардың қозғалуы соның айғағы. [5,179-
180] Нақтылық, өткірлік тақырыпқа әрдайым ажар береді, бедел әкеледі.
Қысқалық. Атқа үшінші бір қойылатын талап - қысқа болуы, аз сөзбен
көп жайды аңғартуы. Қысқа аттар баспасөз бетінде полиграфиялық жағынан да
қолайлы. Оларды жақсы әріптермен көрнекті беруге мүмкіндік туады. Қысқалық
сонымен бірге жеңіл оқылады, тез қабылданады.
Ана тілі ұлт газетін парақтап отырып, біздің көзімізге мынадай бір
ат түсті: ". Жас алаш газетінде жарық көрген Қ. Ырысбекұлының Бекзат
Саттарханов туралы жарияланған Бәһадүр атты очеркі небәрі бір сөзден
тұрса да, осында зор ұғым жатыр. Біріншіден, қазақ батырды бәһадүр деген.
Біртуар Бекзаттың ерлігін батырдың бейнесінде автор атауды ұтымды
қолданған. Мәнін шұбыртып айтып жату жоқ, аз сөзбен ғана айқын айтып тұр.
Жас қазақ газетінде 2006 жылғы қараша айындағы санында " Әлеуметтің
әмияны" атты экономикаға қатысты,қаржы мәселесі көтерілген екі сөзден
тұратын нақты қысқа атау берілді. Дәл осы санында " Кедейлер кеселі " деген
атпен панасыз қаңғыбастардың ауруы дерті туралы жазылса. " Ақиқаттың
алдаспаны " т.б. атаулар алыстан шақырғанымен бірге қысқалығымен көз
тартады.
Соңғы кезде баспасөз бетінде атты қысқа берудің жаңа бір түрі
қолданылып жүр. Бұрын мұндай форма газет үшін қолайсыз секілді көрінуші
еді, енді сіңісіп кетті. Айталық, "Ой. Тәжірибе. Міндет". "Іздену. Еңбек.
Жаңалық". Міне, осындай өз алдына жеке-жеке, салалап-салалап, жіктеп-жіктеп
айтылатын мәселелерді жинақтап, бір атауға ғана сыйыстырып қою өзін-өзі
өмірде ақтады. Сол себепті бұрын мұндай тәсілге бірен-саран ғана емес,
сонымен бірге дәлдігінде, түсініктілігінде, беруге жеңілдігінде де.
"Абайла! Алдыңда адам тағдыры". Бұл да ұзақ атау емес, қысқа атау,
сыйымды, сыры мол атау. Оқушының мақаланы оқуына жетектеп тұрған атау.
Тегінде журналистің өзге қалам иелерінен өзгешелігі қысқа жазуға шеберлігі.
Аз ғана көлемде көп оқиғаны көрсете алатын қабілетін ол шыңдай беруі керек.
Журналистердің бар мақсаты - оқырманға қызмет ету. Оқырманды ұзақ оқылатын
материалмен жалықтырмау, қисынсыз пікірлер айтып қинамау, жаңалықты айтып
жанын жадырату. Тіпті газетте әріптерді іріктегеннің өзінде, "осы оқушыға
жеңіл оқыла ма, жоқ па" деп сол жағы да ескеріледі. Тым ұсақ әріптер
оқушыны қинайды, оқылуға қиын болады деген сөздерді жиі естиміз. Дәл осы
дәлел төңірегінде Айқын республикалық қоғамдық – саяси күнделікті
газеті түбегейлі мысал бола алады. Бұл басылым жариялымдарының атаулары
шұбаланқы, ұзақ – сонар болып келеді. Мәселен: Айқын газетінің "Ақ сөйле
!" бетінде берілетін барлық атаулардың шұбаланқы келетінін көп оқырман
біледі. Тіпті 4,5 жол 16-17 сөзден тұратын атаулар басын оқып, соңынан не
туралы оқығанаңды ұмыттыруға дейін апарады. Мысал келтіріер болсақ осы
жылдың сәуір айында шыққан №75 санында Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы
төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтың сұқбаты берілді.
Сұқбат атауы 15 сөзден тұрады. Қазақтың үштен бірінің шашырап жүргені өз
алдына, дүниежүзінде үш әліпбиде отырған жалғыз ұлт біз ғана деген. Сұқбат
алушы Айгүл Аханбайқызы журналист ретінде атауды арнайы сұқбат берушімен
келісе отыра түзетуге, нақтылауға болушы еді. Яғни журналистің кінәсі.
Себебі бұл бет журналист, публицистер емес шенеуніктер, лауазымды
қызметкерлер мінбері. Өңдеуге сұранып тұр. Мұндай атаулар оқырманды ат
басын бұрғызбай іргесін аулақ салғызады. Себебі көп оқырман психалогиясын
зерттейтін болсақ, оқуға қызықтылығымен қоса қолайлығына да аса мән береді
екен.
Ал атауды қысқа етіп беру де оқушыға осылайша қызмет етудің бір түрі.
Оның тез оқып, көп нәрсені аңғаруына жету деген сөз. Бірақ сөзің қысқа
болғанмен ойың терең болсын.
Ұстамдылық. Бұл жалпы баспасөздің табиғатына ажар беретін принцип.
Мәселені көтеру, жазу барысында қандай ұстамды болсақ, атау қоюда да сондай
ұстамды болуымыз керек. Үстірттік, жеңіл-желпілік біздің баспасөздің
табиғатына ешбір жанаспайды. Лыпылдама, тыз етпе, айқайшыл тақырыптарды,
мақалаларды баспасөз бетінен өте сирек кездестіретініміз де сондықтан.
Мақаланың да, корреспонденцияның да және т.б. тақырыптардың ұстамды
болуы саяси сауаттылыққа байланысты. Істің байыбына бару, жете тексеру
совет журналистерінің өмірлік серігі. "Әйтеуір бір шу болсыншы" деген пиғыл
оларда ешқашан болмайды.
Дегенмен кейбір тілшілер иә бір қуаныштың, иә бір реніштің үстінде
отырып, мақаласына, корреспонденциясына ақылға сыймайтын ат қойып жіберетін
жайлары кездеседі. Мұндай тақырыптар кейбір газет беттерінде кетіп те
қалады. Мәселен, Жас Алаш газетінде Жұлдыз Әбділдәнің Ит жетектеген
әйел деген атпен мақаласы жарық көрді. Мақаладағы ит жетектеген кім деген
сауалға автор Дариға Назарбаеваны айтады. Автор бұл жерде не ашудың
үстінде, не тапсырыспен жазған тәрізді. Яғни артық қылам деп, тыртық қылған
тәрізді. Біріншіден, журналистика әдебіне кесел тигізссе, екіншіден, көптің
арасында дау туғызды. Мұндай атаулар үнемі саясат ойыны. Бір – біріне
қастық, қаралау ниетте жазылады. Көбіне сайлау нуқаны кезінде т.б. саяси
тартыстар кезінде көрініс табатын атау.
Кейде мынадай жағдай болады: адамның өз ойы өзіне қатты ұнайды.
Тапқан атауы да тартымды секілді боп тұрады. Бірақ сол ойды қоғамдық
биіктен өлшегенде қандай болады? Бірқатарымыз осыған назар аудара
бермейтін болсақ керек. Ал газет, журналдың қоғамдық трибуна екенін
ескерсек, оған жеке ойды, жеке пікірді тануға ешбір болмайды. Атау танудың
ең жауапты жері осы ұстанымдылықты өлшеуде. Әдеби жағынан тартымды болуы
мүмкін. Бірақ ұстанымдылығы жетпей тұрса, ол атауды тағы да ойлану керек.
Ұстанымдылық - қандай тақырыпқа арналған болса да қойылатын басты
шарт. Яғни тақырып ұғымы жағынан да, салмағы жағынан да, айтылу ырғағы
жағынан да, алар орны жағынан да сайма-сай болуы керек.
Сауаттылық. Біздің бұл жерде айтпағымыз стиль сауаттылығы жайлы.
Кейде сөз тіркестері бір қарағанда білінбей, жан-жақты болып тұрады. Ал
үңіле келсек, ұғым жағынан қарама-қайшылық, болмаса үйлеспеушілік
аңғарылады. 1966 жылы республикалық газетердің бірінде "Жайлау көктемі"
деген очерк шықты. Сырт қарағанда сөздері қысқа, очерк тақырыбы секілді. Ал
ұғымына үңілсек: халықта жайлауды жазда болатын жер, көктеуді көктемде
болатын жер, күздеуді күзде болатын жер дейді. Ал сонда жайлаудың көктемін
қалай түсінуге болады? Біздіңше очерктің авторы да, редакциядағы
қызметкерлер де тақырып қоюға салақтау қараған. Әңгіме адамдар жөнінде.
Жайлауға да, көктемге де телімей-ақ, тіпті сол очеркке басқа ат қоюға
болғандай екен.
Немесе мына бір тақырыптағы сөз тіркестеріне зер салайық: "Сыр
арнасы ақ толқыны ырыстың, сырдың бойы ақ маржаны күріштің". Осындағы
екінші сөйлемде атауы басқа болғанымен ақ маржан мен күріш бір ұғымда ғана
тұр. Ырғақтың ығымен ұғымдық салмақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адманың баспасөз жариялым атауынан алатын әсері
Сөйлеу тілі
Қысқарған сөздердің жасалу ерекшеліктері
Даулы мәтіндердің авторизациясы: ХХ ғасырдың I ширегі
Тілдік норма және тіл мәдениеті
Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы
Тілдік норма
Қазақ тіліндегі балағат лексикасы
Әліпби тақырыбының қазақ баспасөзінде жазылу мәселелері
Сөз және оның контекстегі қолданылуы
Пәндер