Адам саудасымен күресудің халықаралық құқықтық механизмдері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ... ... ... ...7
1.1 Адам саудасымен халықаралық құқық арқылы күресудің тарихы ... ... 7
1.2 Халықаралық құқықтағы адам саудасының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... .19

2. АДАМ САУДАСЫМЕН КҮРЕСУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ ... ... 25
2.1 Адам саудасымен күресу мақсатында құрылған әмбебаптық ұйы ... ... ... ... .мдар 27
2.2 Адам саудасымен күресу мақсатында құрылған аймақтық ұйымдар ... 33

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ САУДАСЫ ... ... ... ...39
3.1 Қазақстан Республикасындағы адам саудасымен күресудің құқықтық негіздері ... ..39
3.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметі ... ..50

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

ҚОСЫМША

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1 Адам саудасымен халықаралық құқық арқылы күресудің тарихы ... ... 7
1.2 Халықаралық құқықтағы адам саудасының түсінігі
... ... ... ... ... ... ... .19

2. АДАМ САУДАСЫМЕН КҮРЕСУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МЕХАНИЗМДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 25
2.1 Адам саудасымен күресу мақсатында құрылған әмбебаптық
ұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 7
2.2 Адам саудасымен күресу мақсатында құрылған аймақтық ұйымдар ... 33

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ САУДАСЫ ... ... ... ...39
3.1 Қазақстан Республикасындағы адам саудасымен күресудің құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
3.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметі ... ..50

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

ҚОСЫМША

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі: Қазір жақсы қалыптасқан адам саудасының
жүйесі бар. Оларды тек қана жыныстық қанауға,ауыл шаруашылығына т.б
мақсаттарға емес,сонымен қоса,адам мүшелерін ауыстырып салу мақсатында да
пайдалану үшін саудаға салады. Адам саудасы-құлдықтың жаңа нысандарының
бірі,оған ''потогондық жұмыстар'', үй құлдығы, мәжбүрлі неке, мәжбүрлі
еңбек, адамның физиологиялық параметрлерін трансплатациялау, жыныстық
эксплуатациялау т.б түрлері жатады. Бұл күннен-күнге қанат жайған
халықаралық сипаттағы қылмыстардың бірі. Бұл келеңсіз құбылыстың тоқтаусыз
өсуі бірнеше факторлармен түсіндіріледі:сауда-экономикалық байланыстардың
ғаламдануы, әйелдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендеуі,осы
бизнетің шексіз пайда әкелетіндігі, үкіметтің әрекетсіздігі, тіпті,
лауазымды тұлғалардың да қатысы болуы. Адам саудасы халықаралық қауымдастық
тарапынан қатты айыпталатын әрекеттің бірі,қоғамға қауіптілігі жағынан
есірткі саудасынан да жоғары. Себебі есірткіні бір-ақ рет сатуға
болады,әйелдің көрсететін қызметін әлденеше рет сатуға болады.
Адам саудасы феномені халықаралық ұйымдасқан қылмыстылықтың
өркендеуімен байланысты. Олар әдетте шет елге студент, жұмыс
күшін,туристерді жеткізуші фирма ретінде бүркемеленеді. Яғни жақсы ниетпен
шет елге қызықтырады,бірақ ақыры бір-ақ нәтижеге тоқтайды. Трансұлттық
қылмыстылық көші-қонның артылықшылықтарын пайдаланады. Мысалы Кеңес Одағы
ыдырағаннан кейін, одан Израильге қоныс аударушылар легі ағылды (1989
жылдан бастап 800 мың адам). Ресей және Украиндық қылмыстық топтар сек
индустриясы үшін алып өтілген 10 мың адамды осы процеспен бүркемеледі. Олар
тіпті барған соң бір жеңгетайдан екінші жеңгетайға сатылған. Адам
саудасының негізгі құрбандары-жыныстық қанауға ұшырайтын әйелдер мен
кәмелетке толмаған қыздар, бірақ оның құрбандығына ер адамдар да ілікпейді
деген сөз емес. Еуропалық Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымның берген
мәлеметтеріне сүйенсек, құлдыққа сатылғандардың шамамен 2% ер адамдар.
Медициналық хирургия саласында қол жеткен жетістіктері: адам мүшелерін
мен тіндерін ауыстырып салу мемлекеттер арасында адам ұрлаудың,кісі
өлтірудің және ауыр дене жарақатын салу қылмыстарының тағы бір түрін өмірге
алып келді. адамның физиологиялық параметрлерін трансплатациялау (лат.
tasplatantare-ауыстыру,мүшелер мен тіндерді ауыстырудың синонимі) деп зақым
келген немесе бұрыннан жоқ тіндерді өзінің тіндерімен немесе мүшелермен
ауыстыруды түсіндіріледі, (күштеу донорлық) үшін адам мүшелерін
алу,суррогаттық ана мақсатында әйелді қолдану,жаңа ұрықтың клеткаларын алу
мақсатында күштеп жүктілікті тоқтату т.б. Осыған орай мүшелер мен тіндерді
ауыстырып салудың қажеттілігі мен мұқтаждығы артты. Бірақ дүние жүзіндегі
сұранысты әлемнің әр түкпіріндегі заңды донорлардың өзі қанағаттандыра
алмайды. Ал соңғы фактор пайданың көзі заңсыз донор тасудың жолдарын ашады.
Дәл сол сияқты,мемлекетте жезөкшелікті,жеңгетайлықты және борделдер
(притондар) ұстауды заңдастыру осы индустрия үшін адам саудасының негізгі
себептеріне айнала алады. Себебі,тауар,ал тауар болған соң,оның иелері
оларды заңды болсын,заңсыз болсын арзанға сатып алуға тырысады.
Адам саудасы туралы заңдардың дүние жүзінде жоқтың қасы,көбіне
қылмыскерлерден гөрі,олардың құрбандары жазаланып жатады,тіпті,кейбір
елдерде ол қылмыс емес. Зерттелген 27 мемлекеттің барлығы бірдей адам
саудасын қылмыс деп тани бермейді екен. Тек солардың он екісінде ғана адам
саудасы толыққанды қылмыс болып табылады (Венгрия, Молдава, Испания,
Бельгия, Қырғызстан, Румыния, Словения, Хорватия, Франция, Швейцария), оның
өзінде де кейбір елдерде ол туралы нормалар ескірген (Румыния) немесе нақты
емес (Хорватия). Ал бес мемлекетте адам саудасы жартылай ғана
қылмыстандырылған, яғни өзге бір қылмыстық әрекеттермен байланыста
қарастырылады (Германия, Латвия,Литва,Түркия және соның ішінде Қазақстан).
Ал кейбір мемлекеттерде оны әлі қылмыс деп танымайды. Қазақстан
Республикасының заңдары бойынша тікілей адам саудасын жазалайтын арнайы заң
жоқ. Дегенмен,мұндай әрекет түрі жартылай болса да Қылмыстық кодексте
көрініс табады. Адам саудасы және оған байланысты қылмыстардың ТМД-ң өзге
елдеріндей Қазақстанда да белең алуы тежелмей отыр. Осындай мәселеге
байланысты заңнаманы қайта қарау қажеттілігі байқалады.
Өкінішке орай,адам саудасына көптеген елдерде мемлекет және қоғам
тарапынан жеткілікті назар аударылмай отыр. Тіпті көптеген мемлекеттер оны
қылмыс деп танымайды. Бұл аталған әрекеттің қоғамға қауіпсіз екендігінен
емес,оған мемлекет тарапынан жеткілікті назардың аударылмай отырғандығынан.
Иә құлдық дәуірдің заманы өтті,бірақ адамдық ресурстар қазіргі күні өзге
бір жұмыстарға,жай ғана емес,көп пайда әкелетін жұмыстарға тартылуда.
Сондықтан да құлдықтың жаңарған нысандары әлемнің әр түкпірінде пайда
болуда. Сол себепті бұл проблемаға жеңіл-желпі қарамауымыз керек.
Есірткі тәрізді адам саудасы бүгінгі күні тек бүкіл дүниежүзілік
қауымдастықты ғана емес,сонымен қатар мен сияқты әрбір қарапайым халықты
айрықша алаңдатып отыр. Бұл тақырыпты таңдауымның себебі, адам саудасы
мәселесі-XXІ ғасырдың мәселесі, кішкентай балалар,қыздар,әйелдерді
қанау,құлдарша ұстау,жыныстық үшін саудаға салу жанымды түршіктіреді. Менің
бұл ғылыми жұмысым алдағы уақытта,адам саудасымен күресуде бірде-бір көмек
болса және болашақта бұл салада еңбек сіңірсем деп үміттенемін.
Диплом жұмысының зерттелу дәрежесі: Адам саудасы ежелгі заманданның
өзінде де ғылыми тұрғыдан зерттелініп келді,түрлі пікірлер
жасалында,баспасөздерінде көрініс тапты. Тіпті жезөкшелікке қатысты жеке
жинақ та болып шықты. Мысалы,Депюн Е. Проституция в древности и половые
болезни. СПб 1907,Блох И. История проституций. СПб 1913,Обозненко П.Е.
Поднадзорная проституция. С. Петербург ... СПб 1896. Кеңес Үкіметі кезінде
Елистратов А.И. Проституция в России. М:1927, Флекснер А. Поституция в
Европе. М:1926, Ирвинг А, Федеровский А.Н, Вислоух С,Баткис Г.А,
Белостоцкий М.Ю т.б зерттеушілер жезөкшелік феноменнің қыр-сырын ашып
көрсетуге көп еңбек етті,бірақ жезөкшелік құбылыстың Қылмыстық кодекспен
байланыстырған жоқ. Қазақстанда Кеңес Үкіметі кезінде бұл мәселе тіпті
қолға алынбады. 1930-1980 жылдар аралығында баспа сөз беттері мен көркем
әдебиеттерде жезөкшелік тақырыбын қозғауға тіпті тыйым салынды. Қазақстанда
адам саудасы жаңа пайда болғандықтан,адам саудасын жалпы қамтитын
диссертациялық жұмыс тіпті мүлдем жоқ деуге болады. Тек адам саудасын жеке
бөліктерін құрайтын ҚР ҚК 270,271 баптары бойынша жезөкшелікке тарту және
жезөкшелік үшін притондарды ұстау туралы 2003 жылы Иксатова С.Т
''Жезөкшелікпен айналысуға тартқаны және осы іс-әрекеттерге арналған
притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны үшін қылмыстық жауаптылық'' атты
диссертациялық жұмысы жарық көрді. Онда жезөкшелікті тудыратын
факторлар,күресу мәселелері,алдын-лу шаралар,270,271 баптарға талдау жасау
т.б көрініс табады.
Диплом жұмысының пәні мен обьектісі: пәні-адам сатумен халықаралық
құқық арқылы күресу (Қазақстан Республикасының тәжірбиесі). Обьектісі -
халықаралық және ұлттық дәрежеде мемлекеттер , халықаралық
органдар,халықаралық үкіметтік,үкіметтік емес ұйымдар және арнайы мекемелер
арасындағы адам саудасымен күресуде туындайтын қатынастар.
Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері: мақсаты-адам саудасымен
күресу құқықтық механизмдерді анықтау және адам саудасымен күресу жолдарын
табу. Диплом жұмысының міндеттері:
• адам саудасымен күресу тарихына шолу жасау;
• халықаралық құқықтағы адам саудасының түсінігін ашу;
• адам саудасымен күресуде әмбебаптық және аймақтық ұйымдардың рөлін
анықтау;
• адам саудасымен күресуде Қазақстан Республикасының құқықтық негіздерін
айқындау;
• адам саудасымен күресуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік
органдарының қызметтерін ашып көрсету.
Диплом жұмысын орындау барысындағы қолданылған әдістер:
• тарихи әдіс;
• құқықтық салыстыру;
• сараптама мен синтез.
Диплом жұмысының қорғауға шығарылатын ережелер:
• Қазақстан Республикасы адам саудасына қатысты халықаралық құқықтық
құжаттарын ратификациялау жұмыстарын тездету: БҰҰ ‘’ТрансҰлттық
Қылмытылыққа қарсы күресу туралы’’ Конвенция, ''Адам саудасымен және
үшінші жақтардың жезөкшелікті қанауымен күрес’’ туралы Конвенция,
Халықаралық Еңбек Ұйымының ‘’Бала еңбегінің кауіпті түрін жою
туралы’’Конвенция, ''Адам саудасы,соның ішінде әйелдер мен балалар
саудасын алдын алу, жою және жазалау туралы'', Заңсыз мигранттарды
құрлық, теңіз, ауа кеңестіктерінде тасымалдауға қарсы'' ТрансҰлттық
Ұйымдасқан Қылмыстылыққа қарсы күресу туралы Конвенцияға Қосымша
Хаттамаларға қосылу және ратификациялау.
• адам саудасын алдын-алу үшін адам саудасының құрбандарын қорғау
механизмін жасау. Қазақстан Республикасының әрбір түкпірінен
реабилитациондық орталықтар ашу және кеңейту, адам саудасы туралы халықты
хабарландыру. Баспа құралдары арқылы (газет, журнал, радио, теледидар
т.б) арқылы түрлі бағдарламалар жасау. Адам саудасының құрбандарына
көбіне хабарсыздығынан ауылдық жерлерде тұратын әйелдер,қыздар
ұшырайтындығын біле тұра, сенім телефондар тек ірі қалаларда емес,сол
сияқты ауылдық жерлерде орнықтыру.
• трафик мәселесі Қазақстан Республикасында жаңадан пайда
болғандықтан,тергеуші органдар адам саудасын тергегенде қажетті
мағлұматтар мен тәжірбилері жоқ. Сондықтан қылмыс түрлеріне қатысты
тергеу жұмыстары туралы методикалық оқулықтар шығару және арнайы
дайындықтардан өткізу;
Диплом жұмысының құрлымы мен көлемі: диплом жұмысының құрлымы зерттеу
негізгі мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Кіріспеден, 3 бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 61
беттік диплом жұмысы қойылған талаптарға сәйкес келеді.

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ

1.1 Адам саудасымен халықаралық құқық арқылы күресудің тарихы

Жүйелі түрде қалыптасқан адам саудасы-құлдықтың жаңа нысандарының
бірі, халықаралық қауымдастық тарапынан қатты
айыпталатын әрекет болып табылады. Адам саудасы туралы
заңдардың дүние жүзінде жоқтың қасы,көбіне қылмыскерлерден гөрі
олардың құрбандары жазаланып жатады, тіпті, кейбір елдерде ол
қылмыс емес.[1] Дейтұрғанмен адам саудасымен күресу үшін халықаралық
актілерде жоқ емес.
Адам саудасы адамзаттың пайда болу кезеңнен бастап пайда болды десек
қателеспейміз. Қандай да болмасын дәуірді алмасан да
құлиелеленушілік, феодалдық, капиталистік, тіпті, қазір бейбітшілік заманда
өмір сүрсек те, адам саудасы өз жалғасын табуда. Құлиеленушілік, феодалдық
дәуірде адам саудасы (құл саудасы) қалыпты жағдай, адам құқықтары
жөніндегі құқықтық акт болғанымен, адам саудасына тыйым салатын бірде
бір құқықтық акт болмаған. Қарапайым халық феодалдардың езгісіне түсіп,
құлдарша еңбек еткен. Тек бұл саудаға тыйым салатын бірінші құқықтық
актіге капиталистік дәуір түрткі болғандықтан,адам саудасын қалыптасу
тарихын 3 кезеңге бөліп қарастырамыз:
1. XVІ-XІXғ
2. XXғ 1 жартысы-екінші дүниежүзілік соғысқа дейін
3. екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
Халықаралық қатынастар тарихында жаңа кезең XVІғ пайда болды.
Еуропада әлеуметтік - мәдени, экономикалық - саяси қатынастарының жаңа түрі-
капитализм дамыды. Капиталистік қатынастар үлкен географиялық ашылулар мен
отаршылдық саясатының дамуына түрткі болды. Бірінші рет отарлау саясаты XV-
XVІғ капитализм дәуірінде көрініс тапты. XVІ-XІXғ жаңа
территорияларды игеру мен тәуелді отарларын кеңейтуге жұмсалынды. Товар,
ақша қатынастарының дамуына байланысты
Еуропада XVІғ құнды метал-алтынға зар болды. Отарларды қанау, құлдық
саудасы капитал жинаудың,пайда табудың нағыз көзі болып табылды. Ірі
отаршыл мемлекеттерге (Англия, Испания, Франция, Португалия), отарланған
мемлекттерге (Африка, Азия, Америка) жатты. 1658 жылы Кромвелдің өлімінен
кейін Англия, Америкадағы құл саудасының орталығы Ямайка аралын басып алып,
кірісі мол бұл сауданы өз бақылауына алды.[2] Англияның бірінші отарлаған
елі-Вирджиния еді.
1776 жылы солтүстік Америкада Англияның 13 отары, Англияға қарсы
шығып,алғашқы рет Америкада АҚШ 13 жеке,тәуелсіз мемлекеттері құрылды.
Континенттік конгрессте бірінші америкалық көтерілістен кейін,13 АҚШ-мен
Ортақ Декларация жасалынды. Бұл Декларация Англиядан бөлініп, 13 тәуелсіз
мемлекеттердің құрылғандығын жариялады. Сонымен қатар бұл құжатта өмірге
(құқық,бостандыққа) деген жаңа қағидалар көрініс тапты. Дейтұрғанмен сол
кезде Америкада плантациялық құлдық және заңдастырылған негрлерді
эксплуатациялау, қызыл терілерді (индейцтерді) жаппай тонау мен жою қала
берді.
Наполеон соғыстары аяқталғаннан кейін, 1815 жылы Вена Конгрессі жаңа
Еуропа жүйесінің негізін калады. Вена Конгрессі-алғашқы ұжымдық
дипломатияның көрінісі болып табылды. Бұл Конгресске Еуропадағы 216
мемлекеттердің (Түркиядан басқа) өкілдері қатысты. Негізгі саяси және
территориялық сұрақтарды шешуден басқа, Вена Конгрессі Негізгі трактатқа
қосымша бірнеше актілер қабылдады. Соның ішінде маңыздысы 1815 жылы 8
ақпанда қабылданған ’’Негр саудасын жою’’ туралы Декларация.[3] 1899 жылғы
Лондон Конференциясы ''Жыныстық қанау мақсатында әйелдерді саудаға салумен
күресуге шақыру'' туралы Декларация.
Дәстүрлі халықаралық құқықтарға тек ұлттық мемлекеттер арасындағы
қарым-қатынастарды реттейтін құқық деген анықтама беріліп келді. Бұл жерде
халықаралық құқықтар аясына кіретін және заңды құқықтары бар мемлекеттер
жөнінде ғана сөз болып отыр. Осы қалыптасқан анықтама бірінші дүниежүзілік
соғыстан кейін жаңадан құрылып, танылған халықаралық құқықтар шеңберінде
құқықтары аса шектеулі әртүрлі үкіметаралық ұйымдармен біршама кеңейтілді.
Жеке азаматтар тиісінше халықаралық заңды құқықтарға толықтай ие болады деп
саналмады: олар халықаралық құқықтың субьектісінен гөрі обьектісі делініп
келді. Халықаралық құқықтың берік орныққан қағидасы бойынша,мемлекет өзінің
егемендігін нендей бір шартқа қол қою арқылы шектей алды және осылайша
халықаралық заң тарапынан реттелмеген кейбір мәселені басқа бір мемлекеттің
немесе халықаралық ұйымның бақылауындағы мәселеге айналдырды. Мәселен, егер
бір мемлекет басқа мемлекеттен өздерінің азаматтарына адамгершілікпен қарау
және оларға белгілі бір құқықтарын беру жөнінде шарт жасаса,олар сол
мәселені осы шарттың шеңберінде бір-бірінің бақылауында етті. Екі
мемлекетте сол сәттен бастап,оның өз азаматтарына деген көзқарасы тек
өзінің құзырына жататын мәселе деп заңды түрде мәлімдей алмады. Бұл қағида
адам құқықтары жөніндегі халықаралық заңның дамуында және адам құқықтарын
қорғау мәселесінің бірте бірте дүние жүзі қауымдастығы бақылауында болуы
үшін үлкен маңызға ие болды. Адам құқықтары жөніндегі кезекті шарттар
күшіне енген сайын,адам құқықтарын интернацияландыру процесі одан әрі
жүруде және бұл процесс бүгінге дейін жалғасып жатса да,ол XІX ғасырда
құлдарды сатуға тыйым салған шарттардан және Оспан империясында христиан
дініндегі аз ұлттарды қорғауға бағытталған халықаралық келісімдерден
басталған еді.[4] Адам саудасына қатысты: 1904 жылғы мамыр айының 18-
жұлдызындағы ''Ақ Күңдер саудасымен күрес'' туралы Халықаралық Келісім,
1910 жылғы мамыр айының 4-жұлдызындағы ''Ақ Күңдерді саудаға салумен
күрес'' туралы халықаралық Конвенция қабылданған еді.[5] Ұлттар Лигасының
жарғысы болып табылатын 1920 жылғы келісім Лиганы құрды. Соғысаралық
кезеңде әрекет еткен Халықаралық Үкіметаралық Ұйым еді. Құрылтайшылар
болып, Германияға қарсы соғысқан мемлекеттер мен жаңа құрылған
Польша,Хиджас,Чехословакия мемлекеттері Ұлттар Лигасының Статутына алғашқы
кезде Версаль бейбітшілік келісімнің негізгі бөлігі ретінде 44 мемлекеттер
қол қойды. АҚШ ратификацияламағандықтан Ұлттар Лига мүшелігіне
кірмеді. Ұлттық Лигасының жарғысы Конституция ретінде қызмет етті ,оған
адам құқықтары жөніндегі жалпы ережелер кірген жоқ. Дегенмен де,шартта адам
құқықтары туралы халықаралық заңның дамуына ықпал еткен екі ереже 22 және
23 баптар болды. Жарғысының 22-бабына сәйкес,Лиганың мандаттар жүйесі
жасалды. Бұл ереже тек бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тапкан
мемлекеттердің бұрынғы отарларына қолданылды. Құлдық, ұлттық, этникалық
кемсітулер, жергілікті халықты қанау, зорлық әрекеттері жүргізілмес үшін,
осы ережеге сәйкес, аталған отарлар жеңген державалар басқаратын Лига
мандаттарына жататын аумақ ретінде қайта құрылды. Жеңген державалар Лигамен
аталмыш аумақтарды ''жергілікті халықтардың гүлденуі мен дамуын қамтамасыз
ету өркениетті мемлекеттердің қасиетті борышы болып табылды'' деген
қағидаға сәйкес басқаруға келісті. Мандат иесі державалар Лигага өздерінің
міндеттемелерін қалай жүзеге асырып жатқаны жөнінде жыл сайын есеп
беріп отыруды міндетіне алды. Бұл есептерді Лиганың Мандат комиссиясы
қарап отырды. Ұлттар Лигасы Жарғысының 23 бабында,аталған
еңбекте,''ерлерге, әйелдер мен балаларға әділ де адами жағдайлар жасау''
туралы сөз етеді. Онда еңбек етуге, жұмыс түрін еркін таңдауға, әділ және
қолайлы еңбек жағдайына, жұмыссыздықтан қорғалу, нендей бір кемсітусіз тең
еңбек ақы алу құқықтары көрініс тапты. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін
Лигамен шамамен бір уақытта дүниеге келген Халықаралық Еңбек Ұйымы өз
мойына алған болатын. ХЕҰ Лигадан кейін де өмір сүрді және бүгінгі таңда ол
БҰҰ мамандандырылған мекемелерінің бірі болып табылады. Халықаралық еңбек
стандарттарын сақтауға бақылау жасайтын жүйе, еңбек жағдайларын жақсартуға
және адам құқықтары туралы халықаралық заңның дамуына маңызды үлес қосты.
Адам саудасына қатысты:
• 1930 жылы ''Мәжбүрлі еңбек'' туралы Конвенция;
• 1921 жылы қыркүйек айының 30 жұлдызындағы ''Әйел және бала саудасымен
күрес'' туралы Халықаралық Конвенция;
• 1926 жылы қыркүйек айының 25 жұлдызындағы ''Құлдық туралы'' Конвенция;
• 1933 жылы қазан айының 11 жұлдызындағы ''Кәмелетке толмаған бала және
әйелдер саудасымен күрес'' туралы Халықаралық Конвенция.
1937 жылы Ұлттар Лигасы жоғарыда аталған актілердің іс-әрекеттер өрісін
Ковенция жобасын дайындап, жаңадан пайда болған факторлар аталған актілерді
біріктіріп, 1937 жылғы Конвенция жобасының негізгі ережелері мен қоса қажет
деп саналған ескертпелер енгізілген жаңа Конвенция жасауға мүмкіндік
туғызған. 1949 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 317(ІV) қарары бойынша
желтоқсан айының 2 жұлдызында ’’Адам саудасымен және үшінші жақтардың
жезөкшелікті қанауымен күрес’’ туралы Конвенция қабылданды.[6]
Адам құқықтары жөніндегі осы заманғы заң екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін пайда болған еді. Дүниежүзілік қауымдастыққа осы заңды жасауға түрткі
болған нәрсе-Гитлер билігі кезінде адам құқықтарының жан түршілікпен аяқ
асты етілуі, егер адам құқықтарын қорғаудың тиімді халықаралық жүйесі
Ұлттар Лигасы өмір сүрген кезден бастап, жасалғанда, бұл қанқұйлы
жауыздықтардың, мүмкін соғыстың өзінің де, алдын алуға болатын еді деген
сенім еді. АҚШ президенті Ф.Д Рузвельт өзінің адам құқықтарын халықаралық
тұрғыда қорғауды қолдайтынын 1941 жылы қысқа нұсқа сөзбен паш еткен еді.
Осы шақыру, соғыс кезінде Германияға және оның одақтастарына қарсы бірге
соғысқан барлық мемлекеттерге жар салу, БҰҰ негізін салды. БҰҰ Жарғысы 1945
жылы маусым айының 26 жұлдызында қабылданып, 1945 жылы қазан айының 24
жұлдызында күшіне енді. БҰҰ жарғысы қазіргі халықаралық адам құқықтары
жөніндегі заңның құқықтық және тұжырымдамалық негізін салды. 55-56 баптары
адам құқықтары мен бостандықтарына арналған.[7] Адам құқықтары жөніндегі
халықаралық билль, БҰҰ Жарғысының адам құқықтары жөніндегі ережелерге
толықтыру: Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясынан, адам құқықтары
жөніндегі екі халықаралық пактіден және азаматтық және саяси құқықтар
жөніндегі пактіге қосымша хаттамалардан тұрады. Сан-Францискода өткен
конференцияда БҰҰ Жарғысына ‘’Құқықтар жөніндегі билльді’’ немесе
‘’негізгі адам құқықтарының декларациясын’’ қосу керек деген ұсыныстар
жасалды, алайда, бұл ұсыныс қабылданған жоқ. Бұл мәселе БҰҰ бірінші
отырысында қайта қаралды. Көп ұзамай, жаңадан құрылған адам құқақтары
жөніндегі Комиссияға ‘’Халықаралық адам құқықтары жөніндегі бильдің’’
жобасын жасау тапсырылды. Комиссия Декларацияның үгіт сырындағы мәтінін
қабылдау біраз жеңілдеу болады деп білді. Алайда, заңдық тұрғыдағы міндетті
шартты тұжырымдау жөніндегі келісімге келу әлдеқайда күрделі болатыны
белгілі еді. Сондықтан Комиссия алдымен Декларациямен жұмыс істеуге,сонан
соң шарттың бір немесе екі жобасын жасауға тоқтам жасады. Бұл жұмыс 1948
жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған, Адам құқтарының
жалпыға бірдей Декларациясын дүниеге әкелді. Келесі екі шарт пен қосымша
хаттаманы, оларды Ассамблея қабылдап, қол қоюға дайын болғанға дейін 18
жылдан астам уақыт өтті. Он жылдан кейін, 1976 жылы екі шарт күшіне
енгенге дейін 10 жыл өткен еді.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы-бұл жалпыға бірдей
халықаралық ұйым жариялаған адам құқықтары жөніндегі тұңғыш құжат. Уақыт
ағымында өзінің моральдік мәртебесіне және заңдық, саяси маңызға ие
болуының арқасында бұл құжат Еркіндіктін Ұлы Хартиясы,Адам құқықтары
жөніндегі Француз Декларациясы және Американың Тәуелсіз Декларациясымен
терезесі тең тұрды. Бұл тарихи құжаттарда (Ұлы Хартия мен Француз
Декларациясында) адам құқықтары мен бостандықтары көрініс тапса да, адам
саудасына қатысты мәселелер қарастырылмаған. Декларацияға аталмыш тарихи
құжаттар ықпал етті. Адам өзінің Декларацияда көрсетілгендей, құқықтары мен
бостандықтарын әлеуметтік және халықаралық тәртіпте толықтай жүзеге
асыруына құқылы делінген. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы
құқықтың екі категориясын жария етеді:
▪ азаматтық және саяси құқықтар
▪ экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар.
Азаматтық және саяси құқықтар тізіміне адамның өмір сүру,
еркіндік,қауіпсіздік құқығы, құлдыққа, азаптау мен қаталдыққа, адамға жат
немесе қадір қасиетін қорлауға тыйым салу, тұтқындалмау, қудаланбау, әділ
сотқа жүгіну т.б кіреді. Декларацияда адам саудасына қатысты 4 бабы бар:
’’Ешкімде құлдықта немесе кіріптарлықта ұсталуы тиіс емес, құлдық пен құл
саудасына, қандай түрде болса да тыйым салынады’’ делінген. Адам
құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы келісім шарт емес. Оны заң күші
жоқ қарар ретінде БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдады. Кіріспе бөліміне сәйкес,
оның мақсаты адам құқықтары мен бостандықтарды БҰҰ Жарғысында
көрсетілгендей, адам құқықтары ‘’баршанын түсінуін’’ қамтамасыз ету және
‘’барлық халықтар мен ұлттардың қол жеткізетін жалпыға бірдей үлгі
ретінде‘’ қызмет ету.[8]
БҰҰ Бас Ассамблеясы азаматтық және саяси құқықтар, экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Пактіні 1966 жылы желтоқсан
айында қабылдады. 35 мемлекет,яғни Пактіні күшіне енгізуге қажетті сан
мөлшері екі құжатты бекіткенше тағы он жыл өтті. Шартқа айналған Пактілер
қатысушы-мемлекеттер үшін құқықтық міндеттер жүктеуге жол ашты.
Сондықтан,олардың арасындағы Пактілер кепілдік беретін адам құқықтарын
сақтау мен жүзеге асыруға қатысты мәселелер халықаралық деңгейде қаралып,
бұдан былай мемлекеттің ішкі құзырына жатпайтын болды. Бұл Пактідегі
азаматтық және саяси құқықтардың тізбесі,құқықтық тұрғыдан мұқия
әзірленген,мұнда адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясына
қарағанда,құқықтар саны едәуір көп. Адам саудасына қатысты мәселелер осы
азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Пактінің 8 бабында көрініс табады.
Онда қандай да болмасын адамның құлдықта ұсталуына және ықтиярсыз
немесе
мәжбүрлі еңбекке мәжбүрленуге тыйым салатынын жария етеді. Азаматтық және
саяси құқықтар жөніндегі Пактінің қолда бар мүмкіндіктерге қарай бірте-
бірте орындауды көздейтін, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар
жөніндегі пактіден өзгешелігі, ол қатысушы-мемлекеттерден өзі жариялаған
құқықтарды ‘’құрметтеу мен қамтамасыз етуді’’ жедел орындауды және осы
міндеттемелерді орындау үшін барлық шараларды қабылдауды талап етеді.
Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Пакт,адам құқықтары жөніндегі
Комитетті құрды, оған қатысушы-мемлекеттер келісімді бекіте отырып, мойына
алған міндеттемелерін сақтауды қамтамасыз ету үшін оған әртүрлі міндеттер
жүктеді. Бұл міндеттер есеп беру жүйесіне және мемлекетаралық шағымдарды
қарау ісін жүзеге асыруға басшылық етуден тұрады.
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық Бильге қосымша ұзақ жылдар
бойы адам құқықтары бұзылуының әр түрімен, соның ішінде әйелдерді кемсіту,
адам саудасы, геноцид, нәсіліне қарай кемсіту,апартеид т.б сияқты құқық
бұзушылық жөнінде қаралатын көптеген шарттарды жариялады.

Адам саудасына қатысы бар халықаралық құжаттар:

• Адам саудасымен және үшінші жақтардың жезөкшелікті қанауымен күрес туралы
Конвенция (1949);
• Құлдық, құл саудасы және құлдыққа ұқсас әдеттер мен институттарды жою
туралы Қосымша Конвенция (1956);
• Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрін жою туралы
Конвенция (1979);
• Нәсілдік кемсітудің барлық түрін жою жөніндегі Конвенция (1965);
• Бала құқықтары туралы Конвенция (1989);
• Жұмысбастылыққа ықпал ету және жұмыссыздықтан қорғау туралы Конвенция
(1979);
• Бала порнографиясы,бала жезөкшелігі,бала саудасына қатысты Бала
құқығы туралы Конвенцияға Қосымша Хаттама (2000);
• БҰҰ ТрансҰлттық Ұйымдасқан Қылмыстылыққа қарсы күресу туралы Конвенция
(2000);
• Адам саудасы,соның ішінде әйелдер мен балалар саудасын алдын алу,жою және
жазалау туралы ТрансҰлттық Ұйымдасқан Қылмыстылыққа қарсы күресу туралы
Конвенцияға Қосымша Хаттама (2000);
• Заңсыз мигранттарды құрлық, теңіз, ауа кеңестіктерінде тасымалдауға қарсы
ТрансҰлттық Ұйымдасқан Қылмыстылыққа қарсы күресу туралы Конвенцияға
Қосымша Хаттама (2000);
• Халықаралық Еңбек Ұйымының ‘’Бала еңбегінің кауіпті түрін жою туралы’’
Конвенция.
Адам саудасымен және үшінші жақтардың жезөкшелікті қанауымен күрес
туралы Конвенция.[9] Бас Ассамблеяның 317(ІV) қарары бойынша 1949 жылы
желтоқсан айының 2 жұлдызында қабылданып, 1951 жылы шілде айының 25
жұлдызында күшіне енді. Бұл Конвенция адамның тұлғалық қадір-қасиеті мен
құндылығына кереғар ететін жезөкшелік,онымен сабақтасып жататын зұлымдық
жезөкшелік мақсатын көздейтін адам саудасымен күресу үшін қабылданған. Бұл
адам саудасына қатысты негізгі құжат болып табылады,28 баптан тұрады. Бұл
Конвенцияға қатысқан жақтар:
• жезөкшелікті көздеп, жеңгетай болып, азғырып, біреуді жолдан тайдырған
әрбір адамды, бұл іс сол адамның келісімімен жасалған күннің өзінде де;
• біреудің жезөкшелігін қанайтын әрбір адамды, бұл іс сол адамның
келісімімен жасалған күннің өзінде де;
• жезөкшелер үйін ұстайтын немесе оған басшылық ететін, немесе оны саналы
түрде қаржыландыратын немесе қаржыландыруға қатысқан әрбір адамды;
• үйді немесе басқа бір орынды, немесе оның бір бөлігін, оларды үшінші
жақтар болашақта жезөкшелікті меңзеп пайдаланатынын біле тұра,
жалгерлікке беретін, я болмаса жалгерлікке алатын әрбір адамды
жазаға ұшыратуға міндеттенеді. Аталған іс-әрекеттерге қатысу жазалануға
жататын қылмыс болып табылады. Осы Конвенция бойынша өздері мойнына алған
міндеттемелеріне сәйкес жезөкшелікті көздейтін жалпы адам саудасына тыйым
салу үшін барлық шараларды қолданып, іске асыруға міндеттенеді. Ішінара:
• иммигранттар мен эмигранттарды, оның ішінде әсіресе әйелдер мен
балаларды,келген жерлері мен кеткен жерлерінде және жол бойы оларды
қорғау үшін қажет барлық қаулыларды шығаруға;
• сөз болған сауданың қаупі турасында жұртшылықтың бәрін тиісінше құлақ
қағыс ету шараларын қолдануға;
• темір жол бекеттерге, әуежайларға, порттар мен басқа да қоғамдық
орындарға, жол бойына бақылау жүргізуді, сондай-ақ, жезөкшелікті
көздейтін халықаралық адам саудасының алдын-алуды қамтамасыз ететін
тиісті шараларды қолдануға;
• қолдағы бар мәлеметтер бойынша,prіma facіe,яғни, осы сауданың бас
айыпкерлері,қосалқа қатысушылары немесе құрбандары болып табылатын
тұлғалардың, келуі жайлы тиісті өкіметтерді хабардар ету мақсатында,
барлық шараларды қолдануға;
• жезөкшелікті көздейтін халықаралық адам саудасының құрбаны болып, зардап
шегуші тұлғаларды репатриациялау жөніндегі шараларды ақыр сонына дейін
оларға уақытша көмек пен қолдау көрсетуге міндеттенеді.
Құлдық, құл саудасы және құлдыққа ұқсас әдеттер мен институттарды жою
туралы Қосымша Конвенция Женевада 1956 жылы қыркүйек айының 7 жұлдызында
қабылданып, 1957 жылы сәуір айының 30 жұлдызында күшіне енді. Адам
құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей Декларацияға,1930 жылы ''Мәжбүрлі
еңбек'' туралы Конвенцияға назар аудара отырып, 1926 жылы ''Құлдық туралы''
Конвенцияға қосымшалар енгізе отырып, ‘’Құлдық, құл саудасы және құлдыққа
ұқсас әдеттер мен институттарды жою туралы’’ Қосымша Конвенция қабылданған.
Конвенцияға қатысушы мемлекеттер бірте бірте аз уақыт ішінде төмендегі
құлдыққа ұқсас әдеттер мен институттарды толықтай жою үшін барлық қажетті
шараларды қолданады. Құлдық институттарға:[10]
1. борыш тәуелділік қарызды өтеу үшін,өз жеке еңбегін кепілге беру
нәтижесінде пайда болатын жағдай;
2. крепостнойлық жағдай-жерді пайдаланушы тұлға заң, әдет немесе келісім
бойынша сыйақы немесе сыйақысыз басқа бір тұлғаның меншігіндегі жерде
тұрып, жұмыс істеуге міндетті;
3. Басқа институттар:
• әйелдің ата-анасы, отбасы, қамқоршысы оның келісімінсіз сыйақыға басқа
бір тұлғаға беру құқығы;
• әйелдің күйеуі,оның отбасы,әйелін сыйақы үшін басқа тұлғаға беру құқығы;
• күйеуі қайтыс болғаннан кейін,мұрагерлікпен әйелді беру құқығы;
• он сегіз жасқа толмаған баланы ,оның отбасы, ата-анасы, қамқоршысы сыйақы
үшін, баланы немесе оның енбегін эксплуатациялау үшін, басқа тұлғаға беру
құқығы. Бұл Конвенция қандай да болмасын транспорттық құралдарды
пайдаланып,бір мемлекеттен екінші мемлекетке тасымалдау немесе
тасымалдауға талаптану әрекеттерді қылмыс деп таниды, бұл әрекеттерді
жүзеге асырған тұлғаларды қылмыскерлер деп танып, қатаң жазаға ұшыратады.
Конвенцияға қатысушы мемлекеттер өз мемлекеттерінің шеңберінде құл
саудасын, құлдыққа ұқсас әдеттер мен институттарды алдын-алу, жою, қандай
да болмасын транспорттық құралдармен тасымалданбауы үшін,барлық шараларды
қолданады және қатысушы мемлекеттер арасында құлдықты жою үшін, өзара
көмек көрсету шараларын қолданады.
Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою туралы
Конвенция БҰҰ Бас Ассамблеясы 1979 жылы 18 желтоқсанда қабылдап, 1981 жылы
күшіне енді. ӘКТЖ Конвенция әйелдерге қатысты, саяси, экономикалық,
әлеуметтік, мәдени, азаматтық бостандықтарын жүзеге асыруға нұқсан
келтіретін ''жынысқа қарай кез-келген айырмашылық жасау,ерекшелеу немесе
шектеу'' деп анықтама берілгендерге қатысты кемсітуді үзілді-кесілді жоюға
бағытталған (1 бап). Сонымен қатар,әйелдерге қатысты кемсітуді айыптау
міндеттемесі мен қатар шартқа қатысушы мемлекеттердің Конституцияларына
немесе сол сипаттағы заңына еркек пен әйелдің теңдік принципін енгізуді,
сондай-ақ қажет болғанда,әйелдерге қатысты кемсіту атаулының бәріне тыйым
салуға қажетті санкциялар енгізе отырып,заңдық актілерді қабылдауға немесе
басқа шараларды қолдануға міндеттейді (2 бап). Конвенция сонымен
бірге,қатысушы мемлекеттерден саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени
салаларда әйелдердің өмірдегі барлық саласында тең құқыққа ие болуына
мүмкіндік жасайтын шараларды қолдануды талап етеді. Адам саудасына қатысты
бұл Конвенцияда 6 бабында: ''Қатысушы мемлекеттер ,әйел саудасы мен
әйелдердің жезөкшелігін қанаулының барлық түріне тыйым салу үшін заң шығару
шараларымен қоса,барлық тиісті шараларды қолданады'' деп көрсетілген.[11]
Нәсілдік кемсітудің барлық түрін жою жөніндегі Конвенция БҰҰ Бас
Ассамблеясы 1965 жылы қабылдап,1969 жылы күшіне енді. 1 бабында көрсетілген
осы Конвенцияның мақсаты ''Нәсілдік кемсіту'' деген сөйлемше, саяси,
экономикалық, әлеуметтік, мәдени немесе қоғам өмірінің кез-келген басқа
саласындағы адам құқықтары мен негізгі бостандықтардың тең жағдайда
пайдалануынын немесе жүзеге асырылуын нәсіліне, түр-түсіне, рулық, ұлттық
немесе этникалық тегіне қарап кемсіту немесе жоққа шығаруды көздейтін
немесе өз нәтижесінде осыған әкеліп соғатын кез-келген алалаушылықты,
ерекшелікті, шектеуді немесе артықшылықты білдіреді. Адам саудасына қатысты
бұл Конвенцияда нәсілдік топ немесе топтар мүшелерінің еңбегін қанауды,
ішінара олардың мәжбүрленген еңбегін пайдалану мәселелері қарастырылған.
Конвенцияға қатысушы мемлекеттер өз аумағында нәсілдік кемсітуді жоюға және
әртүрлі адам құқықтарын пайдалануда және жүзеге асыруда нәсілдік кемсітуге
жол бермеуді қамтамасыз ететін заңдар қабылдануға құқықтық міндеттеме алды.
Конвенцияда бұл міндеттемелерге қатысты негізгі азаматтық, саяси,
экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтардың ұзақ тізімі берілген.
Тізімге адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы мен екі Пактіде
көрсетілген құқықтар да кірген. Конвенцияны жүзеге асыратын 18 мүшеден
тұратын нәсілдік кемсітуді жою жөніндегі Комитет бар.[12]
Бала құқықтары жөніндегі Конвенция БҰҰ Бас Ассамблеясында 1989 жылы 20
қарашасында қабылданып,1990 жылы 2 қыркүйегінде күшіне енді. 1994 жылға
дейін Конвенцияны 150-ден астам ел бекітті. Конвенцияны бекіте отырып,
мемлекет ''баланың немесе оның ата-анасының немесе заңды қамқоршысының
нәсіліне, терісінің түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа
көзқарастарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүлік
иелігіне, денсаулық жағдайына, туылуына немесе басқа да жағдайларына
қарамастан'' өз елінде балаларға кең ауқымды азаматтық, саяси,
экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар беруге өзіне міндеттеме алады
(1 бап). Осы Конвенцияның анықтамасына сәйкес он сегіз жасқа толмаған, оған
қолданылатын заң бойынша кәмелетке жету жағдайын қоспағанда, кез-келген
адам бала болып табылады. Бұл Конвенция баланы тұңғыш рет халықаралық
ұйымдардың қорғауындағы халықаралық құқықтың субьектісі ретінде бөліп
көрсетіп отыр. Конвенция балаларды еш қамсыз тіршілігіне аса қауіп
төндіретін әрекеттерден, соның ішінде экономикалық қанаудан, есерткіні
заңсыз қолданудан, жыныстық пайдаланудың барлық түрінен және жаман
әдеттен,балаларды сатудан қорғауға ұмтылады. Конвенцияның 34, 35, 36
баптары бойынша қатысушы мемлекеттер, баланы нәсіпқұмарлық қанаудан және
нәсіпқұмарлық азғырудың барлық түрлерінен қорғауға міндеттенеді. Осы
мақсатта қатысушы мемлекеттер:[13]
• баланы кез-келген нәсіпқұмарлық қатынастарға иландыруға немесе мәжбүр
етуге;
• бала енбегін жезөкшелік немесе басқа да заңсыз нәсіпқұмарлық
тәжірбиесінде қанап пайдалану мақсатында;
• бала еңбегін порнография мен порнографиялық басылымдарда қанап
пайдалануға жол бермеу үшін ұлттық дережеде керекті екі жақты және көп
жақты шаралар;
• балаларды ұрлау, бала саудасына немесе балаларды кез-келген мақсатпен
және кез-келген түрде контрабандалау әрекеттерге жол бермеу үшін ұлттық
дәрежеде екі жақты немесе көп жақты шаралар қолданады. Қатысушы
мемлекеттер,баланы, бала игілігінің кез-келген аспектісіне нұқсан
келтіретін қанаудың басқа түрлерінің бәрінен де қорғайды. Конвенция Бала
құқықтары жөніндегі Комитетті құрды.
Жұмысбастылыққа ықпал ету және жұмыссыздықтан қорғау туралы Конвенция
1991 қазан айының 17 жұлдызында күшіне енді. Әрбір мүше мемлекет,
жұмыссыздықтан қорғау жүйесі мен жұмысбастылық саласындағы саясатын
үйлестіру үшін,мәжбүрлі еңбекпен күресу үшін тиісті шараларды қолданады.
Өздерінің ұлттық заңдары мен тәжірбиесіне сүйене отырып,қосымша жұмыс
орындары мен жұмысбастылық мәселесіне ықпал ететін,сондай-ақ жағдайы төмен,
қалыпты жұмысбастылыққа ие боларда белгілі бір қиындықтарға ұрынып немесе
соған кезігуі мүмкін тұлғалардың, оның ішінде, әйелдердің, жас
еңбекшілердің, мүгедектердің, қарт еңбекшілердің, ұзақ уақыттан бері
жұмыссыз жүргендердің, өмір сүріп жатқан елінде заңды тұрып жатқан мигрант
еңбекшілердің, өнімді де еркін таңдалған, жұмысбастылыққа қол жеткізуге
мүмкіндік беретін арнаулы бағдарламаларды енгізуге тырысады.[14]
Бала порнографиясы, бала жезөкшелігі, бала саудасына қатысты Бала
құқығы туралы Конвенцияға Қосымша Хаттама 2000 жылы мамыр айының 25
жұлдызында қабылданып,18 қаңтар 2002 жылы күшіне енді. Бұл Қосымша Хаттама
Бала құқығы туралы Конвенция ережелеріне бала саудасы, бала
порнографиясы,бала жезөкшелігі туралы қосымшалар енгізді, бала саудасына
қатысты нақты анықтама берді.[15]
БҰҰ ТрансҰлттық Ұйымдасқан Қылмыстылыққа қарсы күрес туралы Конвенция
15 қараша айында 2000 жылы қабылданып, 29 қыркүйек 2003 жылы күшіне енді.
Барлық мемлекеттер үшін ұйымдасқан қылмыстылық өзекті мәселе екенін тани
отырып,бұл Конвенцияның алға қойған мақсаты, ТрансҰлттық Ұйымдасқан
Қылмыстылықпен күресу үшін, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жағдай
жасау. Бұл Конвенция ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы ең алғашқы халықаралық
күресу құралы болғандықтан, Конвенция және оған Қосымша Хаттамалар бұл
мәселемен күресу үшін, құқық қорғау органдарына және сот биліктеріне
күресудің ең тиімді шараларын ұсынады. Конвенцияның қабылдану мақсаты -
ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы күресу жолында ұлттық, саяси, заңи,
әкімшілік және құқық қорғау шараларын тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету.
[16]
Адам саудасы, соның ішінде әйелдер мен балалар саудасын алдын алу,
жою және жазалау туралы БҰҰ ТрансҰлттық Ұйымдасқан Қылмыстылыққа қарсы
күресу Конвенцияға Қосымша Хаттама 15 қараша 2000 жылы қабылданып, 25
желтоқсан 2003 жылы күшіне енді. Бұл Хаттама алғашқы рет адам саудасына
халықаралық анықтама берді (азғырып көндіру, адам саудасы, адам саудагері,
құлдық, адам саудасының құрбаны, жөнелткен,белгіленген,транзиттік
мемлекеттер т.б). Мақсаты:
• әйелдер мен балаларға аса көңіл бөле отырып,адам саудасымен күресу және
алдын алу;
• толықтай құрметтей отырып, адам саудасының құрбандарын қорғау және көмек
көрсету;
• адам саудасымен күресу жолында мемлекеттер арасында халықаралық
ынтымақтастықты дамыту. Хаттама адам саудасына қатысты әр елде қолданып
жүрген заңдар мен тәжірбиелерді гармонизациялайды және жалпы
терминологияны анықтайды.[17]
Заңсыз мигранттарды құрлық, теңіз, ауа кеңестіктерінде тасымалдауға
қарсы ТрансҰлттық Ұйымдасқан Қылмыстылыққа қарсы күресу туралы Конвенцияға
Қосымша Хаттама 15 қараша 2000 жылы қабылданып, бірақ әлі күшіне енбеді.
Бұл Хаттаманың мақсаты мигранттарды заңсыз тасымалдауды алдын алу, күресу
және қатысушы мемлекеттер арасында заңсыз әкетілген мигранттардың
құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету кезінде, бұл мақсаттарға жету үшін,
өзара ынтымақтастықты қолдау. Адам саудасына қарсы Конвенция мен Хаттамалар
сияқты, бұл Хаттаманың бірқатар ережелері, ұжымдық халықаралық шаралардың
тиімділігі мен әрекет етуін көтеру мақсатында, мүше мемлекеттердің ішкі
заңдары мен құқық қорғау режимдерінің шегінде қабылданатын шараларды
үйлестіру үшін қолданылады.[18]
Қорыта келгенде, адам саудасы,адамзаттың пайда болған кезеңнен бастап
пайда болған. Қандай дәуірді алмасанда құлиеленушілік, феодалдық,
капиталистік, тіпті, демократиялық адам саудасы (құл саудасы) болған, бар.
Адам құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттар болғанымен, адам саудасына
тыйым салған ең алғашқы құжат ''Негірлерді сатуды жою'' Декларациясы Вена
Конгрессінде 1815 жылы қабылданған. Уақыт өте дүниеге ''Ақ күңдерді сатумен
күрес'', Әйел мен бала саудасымен күрес'', ''Құлдық туралы'', Мәжбүрлі
еңбек'' туралы Конвенциялар қабылданған. Жоғарыда аталған Конвенциялар
қабылдануында Ұлттық Лига ерекше роль атқарған. БҰҰ құрылғаннан кейін,
жаңадан пайда болған факторларға байланысты жоғарыда аталған халықаралық
құжаттарды біріктіріп,1949 жылы БҰҰ адам саудасымен және үшінші жақтардың
жезөкшелікті қанауымен күрес туралы Конвенция мен одан басқа адам
саудасымен күресетін бірнеше халықаралық құқықтық актілер қабылданды және
өз тізімін толтыруда.

2. Халықаралық құқықтағы адам саудасының түсінігі

''ТрансҰлттық Ұйымдасқан Қылмыстылыққа қарсы күресу'' туралы БҰҰ
Конвенциясы, сонымен қатар ''Адам сатуды алдын алу, соның ішінде әйелдер
мен балаларды және жазалау'',''Заңсыз теңіз,құрлық,ауа кеңістіктерінде
мигранттарды тасымалдауға қарсы'' Қосымша Хаттамаларында бекітілген адам
саудасына қатысты қолданылатын ұғымдар[19]
Тарту(вербовка) - жалдау,белгілі бір іске жинау немесе белгілі бір
қызметке тарту,азғырып көндіру,соның ішінде құқыққа қайшы;
Белгіленген мемлекет – адам саудасының құрбандарын эксплуатациялау
немесе мәжбүрлі жұмыстарға тарту әрекеттері жүргізілетін мемлекет;
Жөнелткен мемлекет – адам саудасының құрбандарын қандай да бір
қызметпен айналасу үшін,тарту жүргізілетін жәненемесе адам саудасының
құрбандарын тасымалдауын жүзеге асыратын мемлекет;
Транзиттік мемлекет – осы мемлекеттің территориясы арқылы адам
саудасының құрбандарын тасымалдауы жүргізілетін мемлекет;
Борыш тәуелділік – қарызды өтеу үшін,өз жеке еңбегін кепілге беру
нәтижесінде пайда болатын жағдай (егер орындалатын жұмыс үшін белгілі бір
баға қарыздың өтелуіне есептелінбесе немесе егер жұмыстың ұзақтылығы
мерзімсіз болса,немесе сипаты анықталмаған болса);
Адам саудасының құрбаны (адам саудасында құрбан болған тұлға) келісімі
бар,жоғына қарамастан,қандай да бір қызметке тартылған,
тасымалданылған,сатылған,берілген(ұ сынылған) тұлға;
Еріксіз күй– мұндай қызметке келісім бермесе де тұлғаның кез-келген
жұмыспен айналасуы немесе зорлық,қорқыту арқылы оны кез-келген қызмет
көрсетуге тарту. Адам саудасымен күресу–адам сатуды алдын алу,жою,пайда
болуына қарсы әрекеттер жасау,адам саудасының құрбандарына көмек көрсету;
Құлдық–жеке меншік құқығына қатысты кейбір немесе барлық құқықтық
әрекеттерді тұлға жағдайына қолдану;
Бала–он сегіз жасқа толмаған тұлға;
Адам саудасы–эксплуатациялау мақсатында қандай да бір қызметке тарту,
тасымалдау, басқа біреуге беру,жасыру немесе зорлық,қорқыту арқылы қызметке
тарту, азғырып көндіру, ұрлау, сатып алу, алаяқтық, құқыққа қайшы
әрекеттер;
Адам саудагері–адамды сату ұғымына қатысты кез-келген әрекеттермен
айналасатын физикалық, заңды тұлға немесе ұйымдасқан топтық тұлғалар;
Бопса(шантаж)–адам саудасының құрбандарын немесе оның туыстарын
масқаралайтын мағлұматтарды таратамын деп әшекерлеп қорқыту;
Эксплуатация–мәжбүрлі еңбек немесе қызмет,құлдық немесе құлдыққа ұқсас
әдет,еріксіз жағдай немесе және адам мүшелерін алу тұлғаларды жезөкшелік
қызметке немесе басқа да жыныстық сипатқа ие әрекеттерге эксплуатациялау.

Пайда табу мақсатында адамды эксплуатациялау мынадай түрлерге бөлінеді:
• адамның физиологиялық параметрлерін эксплуатациялау–трансплатациялау
(күштеу донорлық) үшін адам мүшелерін алу,суррогаттық ана мақсатында
әйелді қолдану,жаңа ұрықтың клеткаларын алу мақсатында күштеп жүктілікті
тоқтату т.б;
• күнделікті тұрмыста (үй және күнделікті тұрмыста) қызмет
көрсету,өндірісте,ауыл шаруашылық жұмыстарда,қылмыстық бизнестерде қарулы
күштердің құрылуына қатысу,заңсыз өнімдерді шығару, заңсыз қызметтерді
көрсету мақсатында еңбекті эксплуатациялау;
• жыныстық сипатқа ие қызметтермен айналасу үшін тұлғаны эксплуатациялау.
Нақты бір істі адам саудасына жатқызу үшін,егер эксплуатациялаудың
жоғарыда көрсетілген кез-келген нысаны қолданылытын болса, адам
саудагерінің және оның сыбайластарының адам саудасының құрбанының
келісімі болса да ескерілмей, әрекеттеріне ақталуына негіз бола алмайды.
Нақты әрекеттерді адам саудасына жатқызу үшін мынадай белгілері болуы
тиіс:
• физикалық, психикалық немесе экономикалық зорлық-зомбылық, қорқыту,қауіп-
қатерлерді қолдану;
• адам саудасының құрбаны болған тұлғаның,оның жеке басын куәландыратын
құжаттарын тартып алу;
• борыш тәуелділікке еліктіру;
• еңбекке мәжбүрлеу;
• еркін қозғалу құқығына шек қою;
• алдау және сенімді теріс пайдалану;
• тұлғаны құқыққа,қоғамға қайшы әрекеттерге тарту;
• бала асырап алу,қамқорға алу немесе некеге отыру (соның ішінде фиктивтік)
қатысты тұлғаның тәуелді жағдайын қолдану;
• адамға қауіпті, әсерлі есірткі, алкоголдық ішімдіктер мен медициналық
құралдарды,құқыққа,қоғамға қайшы қызметтерге тарту үшін қолдану.
Адам саудасымен күресу әрекеттері мынадай мақсатта жүргізіледі:
• адам саудасының қандай да болмасын түрінен мемлекетті, қоғамды, жеке
тұлғаны қорғау;
▪ адам саудасын алдын алу, пайда болған жағдайда салдарын азайту, жою.
Бұл мақсаттарға жету үшін:
▪ адам саудасының пайда болу салдары, ондай қызметпен айналасуға түрткі
болған жағдайларды анықтау, оларды жою үшін шаралар қолдану;
▪ халық пен жеке тұлғаларды адам саудасының құрбаны болу тәуекелдігін
болдырмау,азайту;
▪ адам саудасының құрбандарын құқықтық және әлеуметтік реабилитациялау.
Адам саудасымен күресу әрекеттері мынадай қағидаларға негізделеді:
• адам саудасының құрбандарын дискриминацияламау;
▪ адам саудагерлерін жазалау;
▪ адам саудасының құрбанына адамша қарау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
▪ адам саудасымен күресу әрекеттерін,адамның негізгі құқықтары мен
бостандықтарын қорғау нысаны ретінде қарастыру;
▪ әлеуметтік әріптестік және қоғамдық бірлестіктер, ұйымдармен
ынтымақтасу.
Адам саудасының құрбандарына көмек және қолдау көрсету орталықтары:
▪ оларға түсінікті тілде, адам саудасының құрбандарының мүдделерін
қорғайтын әкімшілік және сот процедуралары туралы ақпарат беру;
▪ психиатриялық және медициналық көмек көрсету;
▪ адам саудасының құрбандарын отбасына, қоғамға реинтеграциялануына
жағдай жасау.
Адам саудасының құрбанына уақытша тұру үшін баспана беру
Адам саудасының құрбанына уақытша тұру баспанасы-адам саудасының құрбанына
тұру жағдайын жасау, тамақ, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық,
психиатриялық, әлеуметтік, юридикалық т.б көмек көрсету, қауіпсіздікті
қамтамасыз ету және отбасы, тума-туыстарымен байланыстыруға жағдай жасау
мақсаттарында құрылады. Баспана адам саудагеріне қарсы куә беру, бермеуіне
қарамастан адам саудасының құрбанының жеке сурауы бойынша беріледі.
Әлеуметтік реабилитациялау адам саудасының құрбанын қалыпты өмір сүру
жағдайына қайтару мақсатында жасалынады. Оған: медициналық, психологиялық,
құқықтық көмек көрсету жұмыспен қамтмасыз ету, баспана беру жатады. Адам
саудасының құрбандарына халықаралық стандарттарға сай мемлекеттік атқарушы
органдар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ
АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Адамды саудаға салу қылмыс құрамын шетелдік қылмыстық заңнамалармен салыстырмалы түрде талдау
Адам саудасы және онымен күресудің өзекті мәселелері
Адам саудасы қылмыстарына қарсы күрес мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау, әсіресе, Қазақстандық және халықаралық дәрежеде осы мәселенің шешілу жолдарын көрсету, адам саудасы қылмыстарының пайда болуының себептері мен олармен күрес жолдарын көрсету
«Адамдарды саудаға салумен күрестің қылмыстық – құқықтық және криминологиялық проблемалары»
Халықаралық қылмыстардың топтастырылуы
Адам саудасы қылмысыбойынша жазалау мәселесі
Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрестің халықаралық реттелуі
Бас бостандығынан заңсыз айыру және адамды саудаға салу
Пәндер