Еңбекақы жүйесі және оның түрлері мен нысандары. Еңбекақы есебін ұйымдастыру



Кіріспе 7

1 Бөлім Еңбекақы жүйесі және оның түрлері мен нысандары
1.1 Еңбекақының ғылыми . теориялық сипаттамасы 11
1.2 Енбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың түрлері мен нысандары 14
1.3 Субъектідегі жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақыты 18

2 Бөлім Еңбекақы есебін ұйымдастыру
2.1 Шаруашылық субъектісінде еңбекті нормалау және тарифтеу 25
2.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі 28
2.3 Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдар 41
2.4 Еңбекақы есебін компьютерлендіру 49

3 Бөлім Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың аудиті
3.1 Еңбекақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері және мақсаттары 55
3.2 Еңбекақының дұрыс есептелуін және олардан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдардың заңдылығын тексеру 61
3.3 Шаруашылық субъектінің еңбекақы қорын талдау 62

Қорытынды 66
Қолданылған әдебиеттер тізімі 68

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
7

1 Бөлім Еңбекақы жүйесі және оның түрлері мен нысандары
1.1 Еңбекақының ғылыми - теориялық сипаттамасы
11
1.2 Енбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың түрлері мен
нысандары
14
1.3 Субъектідегі жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақыты
18

2 Бөлім Еңбекақы есебін ұйымдастыру
2.1 Шаруашылық субъектісінде еңбекті нормалау және тарифтеу
25
2.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және
синтетикалық есебі
28
2.3 Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдар
41
2.4 Еңбекақы есебін компьютерлендіру
49

3 Бөлім Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың аудиті
3.1 Еңбекақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің
ақпараттық көздері және мақсаттары
55

3.2 Еңбекақының дұрыс есептелуін және олардан ұсталынатын
ұсталымдар мен аударымдардың заңдылығын тексеру
61

3.3 Шаруашылық субъектінің еңбекақы қорын талдау
62

Қорытынды
66

Қолданылған әдебиеттер тізімі
68

Кіріспе

Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында шаруашылық субъекті
қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес шаруашылық
субъектісі басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастыруына
мән беріп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа
бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң
әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде, ол шет ел
инвесторларымен қарым-қатынастарының нығайуы кезеңінде маңызды болып
саналады. Қазақстан Республикасының территориясындағы барлық субъектілер
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруі негізінде жүргізіледі. Сондай-ақ,
1996 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің
“Бухгалтерлік есеп туралы” жарлығы күшіне енді. Бухгалтерлік есеп
мәліметтерінің арқасында субъектінің табыстары мен шығыстары есептелінеді.
Салықтың барлық түрлерін есептеп, есепке алумен бизнес жоспары жасалынады.
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады.
“Бухгалтерлік есепке алу” заңының талаптарына сәйкес субъектінің басшысы өз
қажеттеріне сай келетін есепке алу жүйесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Басшы есепке алу жұмысыныњ көлеміне қарай:
1. Құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызметті құра алады.
2. Бухгалтерлік есепке алу ісін жүргізуде шарттық негізде
мамандандырылған бухгалтерлік фирмаға немесе маман бухгалтерге бере
алады.
3. Бухгалтерлік есепке алуды тікелей өзі жүргізе алады. Сондықтан да
шаруашылық басшысы есеп жұмыстарын ұйымдастыруға толық жауапты. Сол
себепті шаруашылық субъектісінің басшысы қаржылық басқару есебін
ұйымдастыруды толық меңгере білулері тиіс.
1997 жылдың 1 қаңтарынан барлық субъектілер жаңа бухгалтерлік
стандартқа көшті. Бұл стандарттың бұрынғы нұсқаулардан айырмашылығы ол есеп
жұмысын түрлі варианттарында жүргізе алатындығында.
Кез келген субъект шаруашылық операцияларды бухгалтерлік шоттар
көмегімен жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
жөніндегі ұ¦лттық комиссияның 1996 жылғы 18 қарашадағы № 6 қаулысында
бекіткен (1997 жылы 10 қаңтардағы № 8 қаулысы бойынша өзгерістер енгізген)
бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары қарастырылған. Бұл шоттар болған
шаруашылық операцияларды көрсету тәртібін анықтайтын нормативтік шот болып
табылады. Сондықтан нарықтық қатынастарға көшу арқылы қандай қызметпен
шұғылданса да олардың өз өндірісінің нәтижесінде жауапкершілігі күшейіп
келеді. Осыған байланысты әр кәсіпкер өзінің қолында бар мүмкіншіліктерін
ұтымды пайдалану арқылы табысты молайту жолдарын іздеуде. Бұл ізгі ниетке
жету үшін тек мақсат қою немесе әдеттегі қара күш пен пысықтық аз. Ендігі
жерде өндірістік кооперативтің қай мәселесі болса да экономикалық тұрғыдан
болжап отыруды есептеуді және бағалауды керек етеді. Яғни әркімге
экономикалық білім, оның ішінде есеп қажет.
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын
жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып,
экономикалық әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам
құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшіреді. Осы негізде
әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талаптарының
бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика елімізде түбірлі
өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда
болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты.
Сонымен қатар, еңбекақы және еңбек қатынастарын реттеудің бұрын
қолданып келген әкімшілік әдістері заман талабына сай келмей қалды. Сонда
да бұл саланы түбегейлі реформалау, яғни еңбек қатынастарын реттеудің
нарықтық әдістеріне көшу күн тәртібіне қойылады. Еңбекақы төлеу мәселесі –
тек экономикалық ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік мәселе. Бүгінде
Қазақстандық жұмысшылардың жиынтық табысының көп бөлігін осы жалақы
құрайды, ал жалақыдан тыс түрлері соңғы жылдары біртіндеп көбейіп келе
жатқанымен, олардың жалпы табыс көлеміндегі алатын үлесі аз.
Республикамыздағы еңбек қатынастарын 2000 жылға дейін 1972 жылы қабылданған
Кеңестік “Еңбек туралы” заң кодексінен келді. Тек 2000 жылдың 1 қаңтарынан
бастап Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы” жаңа заңы күшіне енді. Бұл
заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына
конституциялық куәлігін іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын
реттейді. Бұл заңның негізінде “әлеуметтік серіктестік туралы”, “Еңбекті
қорғау туралы”, “ұжымдық келісімдер туралы” заңдарды қабылдау жоспарланған.
Қандай шаруашылық субъектісі болмасын, бухгалтерлік есепті
ұйымдастыруда ең қажеттіліктердің бірі болып еңбекақы болып саналады, яғни,
барлық субъектілерде міндетті түрде еңбекақы есептелінеді. Менің дипломдық
жұмысқа “Жұмысшы қызметкерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысу есебі”
тақырыбын таңдап алу себебім, өйткені бүгінгі таңда еңбекақы мәселесі тек
экономикалық және әлеуметтік емес, сонымен қатар, жеке адамдардың да
күрделі мәселелерінің бірі. Жалпы еңбекақы мөлшері жұмыскерлердің тек
физиологиялық қажеттіліктерін ғана қанағаттандырып қоймай, сонымен бірге
оның кәсіптік білім алуына, жанұясын асырауына, адамның басқа да көптеген
жалақының ең төменгі деңгейі жұмысшы қызметкерлердің жай ұдайы өндіруін
қамтамасыз етуі, яғни жұмыс күшін қалпына келтіруге жететіндей маманда
болуы керек.
Еңбекақы төлеуді әркімнің қоғамдық өндіріске сіңірген еңбектерінің
санына және сапасына сәйкес дұрыс ұйымдастыру үшін қолданылатын еңбек
сипаттарын дұрыс анықтай білген жөн. Өндіріс процессінде атқаруға тиісті
жұмыстардың өзі күрделілігі жағынан әр қилы. Сондықтан оларды атқаруға
тиісті еңбектерді жай жұмыс және күрделі жұмыс деп бөлінеді. Сондықтан
еңбекақы төлеудің жүйелері әрбір кәсіпорынның және оның салаларының
ерекшеліктерін толық ескеру негізінде қолданған жөн.
Берілген жұмыстың объектісі болып шаруашылық субъектілерде қызмет
жасайтын қызметкерлердің, жұмысшылардың еңбекақысы, ал субъектісі ретінде
жұмыс күшін жалдайтын шаруашылық кәсіпорындар болып табылады.
Осы дипломдық жұмысты жазудағы мақсатым – зерттеу объектісі ретінде
алынған еңбекақы төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып, талдап
оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу
бағыттарын зерделеу болып табылады.
Бұл жұмыс келесі ұйымдық - құқықтық негіздерге сүйенеді: Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексі, “Салықтар және бюджетке төленетін
басқадай міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексі
(Салықтық Кодекс), Қазақстан Республикасының 10.12.1999 жылғы ”Қазақстан
Республикасы еңбек туралы” заңымен сәйкес жүргізілуі тиіс.

1 Еңбекақы жүйесі және оның түрлері мен нысандары
1.1 Еңбекақының ғылыми теориялық сипаттамасы
Халық шаруашылығының барлық салаларын алып қарастырсақ та еңбекақы
негізгі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Кез келген еңбектің
тиімділігі белгілі бір операцияны орындау мерзіміне, жұмыс сапасына тағы
басқа факторларға байланысты ауытқып отырады. Қоғам мүшелері арасында
материалдық игіліктерді бөлу оның еңбекке қарай бөлудің объективтік
экономикалық заңы негізінде жүргізіледі. Қызметкерлердің еңбекақысы алынған
нақты өніммен тығыз байланысты болуын қамтамасыз ететін ақы төлеу жүйесі
бұл заңға неғұрлым сай келеді. Еңбек адам мен табиғат арасында
мақсаткерлікпен жасалатын тоқтаусыз процесс. Сонымен қатар әрбір тіршілік
иесінің табиғат берген күш - жігері, табиғатты өзгерту арқылы қоғамның және
жеке тұлғалардың қажетін өтеуге жұмсалатын процесс. Әрбір тарихи кезеңнің
еңбек процесінің қоғамдық дамуымен өз әдіс - тәсілдері қалыптасуына
материалдық негіз қаланған. Еңбектің мұндай формасы тарихи кезеңнің өз
дәуіріне сай пісіп - жетіліп болған соң өзіне керексізін сылып тастап, ең
қажетті дегенін ғана сақтап қалады. Жалпы еңбек және оған еңбекақы төлеу
қай кезде болмасын күрделі мәселе. Өйткені еңбекақы мөлшері әрбір
еңбекшінің тағдыры. Мысалға, Интерфакс, ТМД мемлекетаралық статистикалық
комитетінің деректеріне қарасақ ТМД елдеріндегі орта айлық жалақы мөлшері
төмендегідей:
ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы. (АҚШ доллармен)
Қазақстандағы орташа айлық жалақы графиктегі 9 елдің ең жоғарғысы.
Әрине, бұл цифрлар еліміздің күн көріс жағдайы біршама жоғары екендігін
көрсетеді. Мұнда ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы көрсеткіштері АҚШ
долларына шағып алынған.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының үкіметі қолданыстағы заңнамаға
сәйкес бюджеттен қаржыландыратын мекемелер қызметкерлерінің жалақысын 2006
жылы 30% өсіруді қамтамасыз етеді. Тұтыну бағасының өсу темпі еңбекақы
темпінің өсуіне байланысты өсіп отыр. Нәтижесінде нақты

ТМД елдерінің салыстырмалы диаграммасы
еңбекақының базалық индексі, сатып алу қабілеттілігі нақты оның деңгейімен
сипатталатын деңгейден төмен. Мысалға: егер, 2007 жылы Республикада
өнеркәсіптегі жұмысшылардың нақты орташа жалақысы 120% өссе, онда осы
мерзімдегі нақты еңбекақы индексі 102,2%-ке ғана көтерілді. Осыдан
өнеркәсіптің машина жасау, электроэнергетика, құрылыс материалдары
өнеркәсібі, жеңіл, орман немесе тамақтандыру өнеркәсіп салаларында ол
бірліктен төмен болып отыр. Бұл осы кезеңде тауарларға және қызмет
көрсетілуде тұтыну бағасының индексі 117,4%-ке дейін өскен. Мысалы,
тұтынушылар үшін ақылы қызмет көрсету өрісінде баға және тарифтер 38,8%-ке
ғана өсіп отыр, сондай-ақ балаларды мектепке дейінгі жасқа күтіп қарау
мекемелерінің төлемі 42%, байланыс қызметтері 46%, көліктік тұтынушыларды,
денсаулық сақтауда және мәдениетте 18%. Нәтижесінде үй коммуналдық реформа
жүргізуде электр энергиясын қолдану төлемі 60,5%, суық су 48,9%, ыстық су
42,1%, көгілдір отын 28,4%-ды қамтиды және т.б. Ендігі үш бөлігі пәтердің
міндетті тұрғын үй коммуналдық төлемінің шығыны 26,5%-ға жетіп отыр. Бұның
бәрі нақты жағдайда болуда, егер орташа бір адамның айлық ақшалай табысы,
еңбек табысының құрамында 70% 7500 теңгеге теңесті немесе 37,7$, төменгі
орташа айлық күн көріс мөлшері, тұтыну деңгейінің төменгі мөлшерінен
есептеп алынған, – 8650 теңгені құрайды (46,4$). Осыдан жалақының төменгі
нақты орташа мөлшері 2007 жылға 3484 теңге өндірістегі жұмысшылардың орташа
айлық нақты мөлшерінен 6,2 рет және Республиканың бір адамға шаққандағы күн
көрістің төменгі мөлшерінен 39,9% төмен.
Көріп отырғанымыздай бұған қарамастан еңбекақының төменгі мөлшері,
жұмысшылардың ұдайы өсуін дамыту үшін жұмысшыларды барлық қызмет
көрсетулермен қамтамасыз етуге шақыру. Өндірістік өрістерде мынандай
жағдайлар болуда, еңбек төлемі жұмысшылардың кәсіби мамандықтарына
қарамастан, еңбек сиымдылығы, қиыншылығы, еңбектің сапалық және нәтижелің
дәрежесінде қамтамасыз етілмеген. Өз кезеңінде, бұл еңбектің сапасына және
санына байланысты тұрақты еңбекақы беріп тұратын көптеген мамандардың
қысқаруына әкеліп соғады. Материалдық шығындар құнының көлемді өсуінде
еңбек күшінің бағасы ауыспай (өзгермей) қалады, нәтижесінде өндірістегі
шығындар құрамында жалақының үлес салмағы жүйелі түрде төмендейді, нақты
еңбекақы деңгейінде мықты сақталады. Нарық қатынасы жағдайында еңбектің
мәні мен мазмұны өзгереді. Осы кезеңдегі еңбек жалпы халықтық сипат алып
қоғамның әрбір мүшесіне еңбек ету құқысы беріліп міндеттелсе, екінші жақтан
әрбір еңбекке жарайтын қоғам мүшесі қоғамға пайдалы еңбектен сырт қалмауы
керек. Біздің қоғамымыз нарықтың жаңа кезеңіне аяқ басты. Осыған сәйкес
еңбектің мазмұны да түбірімен өзгеріп, ол ғылыми техникалық прогресті
жетілдіруде басты құралға айналды. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың
нәтижесінде оның сипаты жаңа сатыға көтерілді. Осы ретте экономиканы
басқаруды қайта құрудың пайдасы ұшан теңіз. Ол барлық шаруашылық тетігін
дамыту арқылы кәсіпорын ұжымында әрбір жұмысшының еңбегін бағалауды бірте -
бірте жақсартуға қол жеткізеді.
Жұмысшы қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстары
толтырылған алғашқы құжаттар жұмыс уақытының алғашқы табельдері
оларға еңбек ақы есептеу және оны төлеу үшін шаруашылық
субъектінің цехынан бөлімшелерінен бригадаларынан субьектінің
әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түсіп отырады. Бұл
айтылған еңбек ақы есептеу үшін алғашқы құжаттар және табельдер
олардың дұрыс толтырылуы жағынан тиісті және лауазымды тұлғалардың
қолдарының қосылуы және шифрларының болуы жағынан мұқият
тексеріледі. Сондай – ақ, бұл құжаттағы еңбек ақы төлеу және сыйақы
есептеу қағидаларына сәйкес келуі қажет. Тексеріліп болғаннан кейін
бұл құжаттар бойынша шаруашылық субьектісінің жұмысшы қызметкерлеріне
еңбекақы соммалары әр түрлі белгілер негізінде есептелініп және
оның нәтижесін қорытындылауға қажетті мақсаттарға қолданылады.
Олардың ішінде жұмысшы қызметкерлерден заңға сәйкес сомаларды
ұстауға болады. Міне, осы бағытта өндіруші тарапынан еңбектің көлемі мен
сапасына тағы басқа бүгінгі талап тұрғысынан бағалаудың маңызы артуда. Ал,
еңбек мөлшері дегеніміз – дидактикалық өлшем арқылы тауарлы еңбектің саны
мен сапасын анықтау. Міне, сондықтан, қазіргі уақытта экономиканы
интенсивті жолмен дамытудың өте маңыздылығы, белгілі болып отыр.

2 Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың түрлері мен нысандары

Жұмысшы қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстары
толтырылған алғашқы құжаттар жұмыс уақытының шаруашылық субъектінің цехынан
бөлімшелерінен бригадаларынан субъектінің әкімшілігі белгілеген мерзімде
бухгалтерияға келіп түсіп отырады. Бұл айтылған еңбекақы есептеу үшін
алғашқы құжаттар және табельдер, олардың дұрыс толтырылуы жағынан тиісті
және лауазымды тұлғалардың қолдарының қосылуы және шифрларының болуы
жағынан мұқият тексерілді. Сондай-ақ, бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс
қойылуы олардың жүмысшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу
қағидаларына сәйкес ақы соммалары әр түрлі белгілер негізінде есептелініп
және оның нәтижесін қорытындылауға қажетті мақсаттарға қолданылады. Олардың
ішінде жұмысшы қызметкерлерден заңға сәйкес соммаларды ұстауға болады.
Жалпы жұмысшы қызметкерлерге есептелінетін еңбекақы негізгі және қосымша
болып екіге бөлінеді.
Негізгі еңбекақы – жұмысшы қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған
уақытына яғни олардың істеген жұмысына төленеді. Негізгі еңбекақы мерзімді,
кесімді, сыйлықтар мен сыйақылар және үстеме сыйлықтар сияқты нысандардан
тұрады.
Қосымша еңбекақы – шаруашылықта нақтылы жұмыс істелінбеген уақыттар
үшін есептелінген еңбекақыдан тұрады.
1. Жұмысшы қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.
2. Жұмысшы қызметкерлердің мемлекеттік қоғамдық жұмыстарға атқарғаны
үшін төленетін төлемдер.
3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа баланы тамақтандыру үшін
берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
4. Жасөспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
5. Жұмысшы қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалуына уақытқа
төленетін төлемдер.
6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметкерлер мен заттың
құны.
7. Жоғарылауға немесе арнаулы оқу орындарында немесе басқа да мамандығын
көтеру курсына жіберілген уақытына жұмысшы қызметкерлердің төленетін
төлемдер.
8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай – ақ, демалыс немесе мейрам
күндері кезекшілікті атқарғандығы үшін төленетін төлемдер.
Шаруашылық субъектісінде еңбекақы төлеудің екі түрі қолданылады:
кесімді және мерзімді.
Мерзімді еңбекақы – календарлық жұмыс істеген уақытта сағаттық немесе
күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне
қарамастан және жұмыс істегені немесе істемегеніне ешқандай байқауынсыз
төленеді. Мерзімдік еңбекақыны есептегенде жұмысшы қызметкерлердің нақтылы
жұмыс істеген уақытын мамандық дәрежесінің дұрыс берілуін, адам санының
нормативін, қызмет ету нормативін, нормаланған тапсырманың орындалуын және
оның қабылдануын бақылап отыруы керек. Мерзімдік еңбекақының жай мерзімді
және мерзімді сыйлықты болып екіге бөлінеді.
Жай мерзімді жүйесі бойынша жұмысшы қызметкерлерге еңбекақы жұмыс
істеген уақытына тарифті немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша
төленеді.
Мерзімді сыйлықты жұмысшы қызметкерлеріне тұрақты еңбекақы мөлшеріне
тарифте немесе штатта көрсетілген еңбекақысына қосымша өндірген өнімнің
көлеміне, санына, сапасына, тағы басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық
беріледі.
Кесімді еңбекақы – жұмысшы қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруде,
өнімді өндіруге шығаруға кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру
мақсатында қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін
қолданғанда жұмысшы қызметкерлердің жеке өндірген өнімінің көлеміне,
мөлшеріне тікелей байланысты өндірген өнімнің санын, оның өлшем бірлігіне
қарастырылған, яғни, белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады.
Кесімді баға қолданып жүрген уақытта мөлшермен өндірілген өнім көлемі мен
негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни,
қажет болатын, адамсағат, адамкүн өлшемінде көрсетілген уақыт болып
табылады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшы қызметкерлердің белгілі бір уақыт
ішінде істеп шығарылатын, өндірілетін өнімнің саны мен көлемімен
анықталады. Кесімді еңбекақының: тікелей кесімді, кесімді сыйлықты, үдемелі
кесімді, акордтық, жанама кесімді сияқты жүйелері бар.
Жұмысшы қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі
бойынша – бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің істеген
жұмысының бары бір еңбек бағасы мен есептелінеді. Бұл жүйе бойынша еңбекақы
мөлшері – бұл құжатта көрсетілген өндірген өнімнің санын сол өнімнің бір
данасына қаралған, яғни, белгіленген еңбек бағасын көбейту арқылы табылады.
Халықшаруашылық саласында, яғни, шаруашылық субъектісінде жұмысшы
қызметкерлерге өндірісте сандық және сапалық жоғарғы көрсеткіштерге жеткені
үшін белгіленген үдемелі белгілерін өнімнің үдемелі өндіру мөлшері артық
орындағаны үшін өндірісте өнім өндіру барысында шикізаттар мен
материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін
оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы төленеді. Шаруашылық
субъектісінде немесе оның бөлімшелерінде жұмысшы қызметкерлерге сыйақы
төлеуде сыйақыны қалай берілуі керектігі көрсетіліп, құжат толтырылуы қажет
және ол құжатты шаруашылық субъектісінің басшысы бұйрықпен бекітуі
міндетті болып табылады.
Шаруашылық субъектісінде жұмысшы қызметкерлерге кесімді еңбекақыны
есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша - өнім өндірумен белгіленген
мөлшерін артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы төленеді. Бұл
жүйе көбіне – көп жағдайда қиыншылығы операциялары көп жұмыстарды
орындағаны және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындауға
болмайтын өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген
шаруашылық субъектісінде қолданыла бермейді.
Кесімді еңбекақы акордтық жүйесі шаруашылық субъектісінде жұмысшы
қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылатын кесімді еңбекақының бұл жүйесі
жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне
жинақталған кесімді баға қоюды қажет етеді. Кесімді еңбекақының акордтық
жүйесі бойынша – жұмысшы қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс
салушы шаруашылық субъектісінде және жүктерді тиеп, түсірумен айналысатын
өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу
шаруашылықта жұмысшы қызметкерлер санын қысқартып, еңбек өнімділігін
арттыруда мүмкіншілік береді.
Шаруашылық саласындағы шаруашылық субъектісінде жұмысшы қызметкерлерге
кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйе болып
табылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы шаруашылықтың негізгі жұмысшы
қызметкерлерге емес, оларға қызмет ететін көмекші жұмысшы орындарына
есептеп көрсетіледі, яғни, бұл жүйе бойынша еңбекақы есептелінетін жұмысшы
қызметкерлерге шаруашылық субъектісіндегі станоктарды жөндейтін және оларды
жұмысқа дайындайтын металдарды жинақтайтын тағы басқа ж ұмысшы қызметкерлер
жатқызылады.

1.3 Субъектідегі жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақыты

Еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, оның
сапасын арттыруға, еңбек тәртібін нығайтуға есеп біршама септігін тигізуге
тиіс. Субъектінің шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлер жұмысқа
қабылданып және жұмыстан шығарылып жатады, олардың саны өзгеріп отырады,
жұмыс бабына қарай ауыс - түйістер болып тұрады. Қызметкерлер құрамына
есебін кадрлар бөлімі (кадрлар жөніндегі инспектор немесе басшы осыған
өкілетті етіп қойған басқа бір адам) жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі, оның
құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің саны және оның өзгеру
себептері, жынысы, жас мөлшері, категориялары, кәсіптері, қызмет орындары,
мамандықтары, біліктілігі, жұмыс стажы, білім және басқа белгілері бойынша
қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді.
Жұмысқа жаңадан қабылданғандарды “Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен
(үкімімен)” (№ Е-1 үлгімен) құжаттайды; кадрлар бөлімінің қызметкерлері
мұны барлық қызметкерлерге толтырады. Кадрлар бөлімінің бастығы немесе
жұмысқа қабылдауға жауапты адам бұрыштама қойған бұйрықтың (үкімнің)
жобасы, қажетті жағдайларда, келіссөз жүргізуге жолдама және жұмыс
жағдайларымен таныстыру үшін құрылымдық бөлімшелерге жіберетін рұқсат қағаз
болып табылады. Құрылымдық бөлішенің бастығы - мастері оны жұмысқа
қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды: бұйрық жобасының сыртқы
жағында жалданушы қандай разряд бойынша не, қандай айлық жалақымен, қандай
жұмысқа қабылдануына болатындығы көрсетіледі. Осында сынақ мерзімінің
ұзақтығы да көрсетіледі. Қызметкерлердің жұмыс жағдайларымен келісімі,
келіссөз, дәрігерлік тексеріс нәтижелері, техника қауіпсіздігі, өрттің
алдын алу шараларының минимумы бойынша нұсқаулар берілгені туралы белгілер
және басқа да белгілер үлгінің сыртқы жағына қойылады. Жұмысқа алу туралы
бұйрықтың жобасында кәсіпкердің айлық жалақысы белгіленіп, бос тұрған
қызмет орнын және штат кестесі бойынша белгіленетін айлық ақыны растау үшін
шаруашылық субъектісінің тиісті ќызметкерлері бұрыштама қояды. Шаруашылық
субъектісінің басшысы қол қойған бұйрық қызметкерлерге хабарланып, одан
қолхат алынады. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде
жеке карточка толтырады, жұмысқа қабылданғаны туралы еңбек кітапшасына
белгілейді, ал бухгалтерия дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат
жасайды.
Барлық категориядағы қызметкерлерге, оның ішінде жоғары және арнаулы
орта білімі бар мамандарға “Жеке карточка” (№ Е-2 үлгі) толтырылады. Жеке
карточканы кадрлар бөлімінің қызметкерлері қызметкерлердің өзінен сұрап
отырып жеке куәлік, әскери билет, еңбек кітапшасы, оқу орнын бітіргендігі
туралы диплом және басқа тиісті құжаттар негізінде бір дана етіп жазады.
Кәсіп пен мамандық кодтары жұмысшылардың кәсіптерінің, қызметшілердің
қызмет орындарының және тарифтік разрядтардың, білім бойынша алған
мамандықтардың классификаторлары бойынша анықталады. Қызметкерлер туралы
деректердің (білімі, тұрғылықты жерінің ауысуы т.б.) бүдан былайғы барлық
өзгерістері жеке карточкада жүйелі түрде көрініс тауып отырады. “Жалпы
мәліметтер” деген бөлімін толтырғаннан кейін жұмысқа қабылдаушы адам
карточкаға қол қойып, толтырған күнін жазады.
Жұмысқа қабылдануы, басқа бір тұрақты жұмысқа ауысуы және жұмыстан
босатылуы туралы бұйрықтың негізінде еңбек кітапшасына енгізілетін әрбір
жазбаны әкімшілік сол кітапша иесіне таныстырып, карточканың тиісті
жерлеріне қол қойғызып отыруға міндетті. Ғылыми қызметкерлерге “ғылыми
қызметкерлердің есеп карточкасы” (№ Е-4 үлгі) жазылады.
Қызметкерлердің бір цехтан(бөлімнен, учаскіден) екіншісіне ауыстырғанда
“басқа жұмысқа ауыстыруы туралы бұйрық” (№ Е-5 үлгі) жазылады. Оны кадрлар
бөлімінің қызметкері бір дана етіп толтырады. Бұйрыққа бұрынғы және жаңа
жұмыс орындағы құрылымдық бөлімше бастығы бұрыштама соғады да шаруашылық
объектісінің бастығы қол қояды. Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықтың
негізінде кадрлар бөлімі және карточкаға, еңбек кітапшасына және басқа
құжаттарға белгілер соғады. Үлгінің сыртқы жағына қызметкерлердің бұрынғы
жұмыс орны бойынша жауапкершілігінде тұрған, тапсырылмаған мүліктік -
материалдық және басқа да бағалы заттар туралы белгілер қойылады.
Заң актілері мен ережелеріне, ұжымдық шарттар мен демалыстар
кестелеріне сәйкес, қызметкерлерге берілетін жыл сайынғы және басқа
түрлердегі демалыстарды құжаттау үшін “Демалыс беру туралы бұйрық” (№ Е-6
үлгі) қолданылады. Екі дана етіп толтырылады, бірі кадрлар бөлімінде
қалады, екіншісі бухгалтерияға беріледі. Құрылымдық бөлімше бастығы мен
шаруашылық субъектісінің басшысы қол қояды. Демалыс беру туралы бұйрықтың
негізінде кадрлар бөлімі қызметкерлердің жеке карточкасына белгілер соғады,
ал бухгалтерия демалыс үшін тиесілі жалақы бойынша есеп айырысады.
Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда “Еңбек шартының тоқтатылуы туралы
бұйрық” (№ Е-7 үлгі) қолданылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері барлық
қызметкерлерге екі дана етіп толтырады, бірі кадрлар бөлімінде қалады,
екіншісі бухгалтерияға беріледі. Құрылымдық бөлімше бастығы немесе
шаруашылық субъектісінің бастығы қол қояды. Бұйрықтың (№ Е-8 үлгінің)
негізінде бухгалтерия қызметкермен есеп айырысады. Жұмыстан өз еркімен
шыққанда қызметкер үлгінің бет жағына арыз жазады.
Жұмыс істелінген уақыт көрсеткіші жұмысшы қызметкерлердің еңбек
уақытына қарай есептеуге, оларға өндірілген өнімнің өнімділігін есептеуге
және жұмысшы қызметкерлердің белгіленген нормасын орындау барысын
анықтауға, сонымен қатар, жұмыс істегені жайлы статистикалық көрсеткіштерді
алуға, жұмыс күнінің балансын жасауға қолданылады. Жұмыс істелінген уақыт
есебі жұмысшы қызметкерлердің жұмысқа келуімен жұмысқа қайтуы арқылы
бақылау жүргізіледі. Жұмыс істелінген уақыт есебі жұмысшы қызметкерлердің
жұмысқа келуі, олардың жұмыс істеуі, жұмыстың тоқтап қалуы, және де жұмысқа
келмеген жұмысшы қызметкерлердің категориялары бойынша табельдердің
алфавиттік номерінің реттік санына ќарай жүргізіледі. Жалпы табельдер жұмыс
істеген уақыты бойынша жұмысшы қызметкерлердің еңбекақы бойынша арналған.
Үлгі түрі № 12 табель – еңбекақы жайлы есептік мәліметтерді есептегіш
машиналарға санауға арналған.
Үлгі түрі № 13 табель тек қана жұмыс істеген уақытты есептеп санауға
арналған.
Үлгі түрі №14 табель тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы қызметкерлердің
жұмыс істеген уақытын есептеуге арналған.
Бұл табельдер шаруашылық субъектісінің әр құрылымының өкілдері бойынша
жұмысшы қызметкерлердің жұмысқа келгені, жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап
қалғаны тағы да басқа жағдайларға байланысты белгіленген шартты белгілерді
қою арқылы толтырады. Жұмысшы қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай
қалғаны туралы құжаттары осы табельге қосымша тіркелінеді. Жұмысшы
қызметкерлердің демалысқа шығуы, іс сапарында болуы, жұмысқа себепсіз
кешігуі тағы басқа жағдайлар табельде тиісті белгілермен
белгіленеді.Табельде жұмысшы қызметкерлердің тек қана жұмысқа келген немесе
жұмысқа келмеген күнін белгілеп қана қоймай олардың жұмысқа кешіккенін
мерзімінен тыс жұмыс істеген уақытын жұмыс істеудің белгіленген уақытын
тағы басқа себептерді яғни жағдайды есептеу үшін белгілер қойылады. Бұл
ретте шартты белгінің қасына белгіленген жұмыс уақытын ауытқулар жазылады.
Жұмыс істелінген уақыттағы ауытқыған уақыт табельге жазылмас бұрын арналған
алғашқы құжаттарға жазылуы қажет.
Шаруашылық субъектiсiндегi жұмысшы қызметкерлердiң еңбекке уақытша
жарамсыздығына және оларға сырқаттанған жанұя мүшелерiнiң күтiмi үшiн
берiлетiн уақытқа жәрдем ақы төлеу: “Әлеуметтiк қамсыздандыру мәселесi
бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы” 1998 жылдың 17 желтоқсанындағы №323-1 Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап мiндеттi
әлеуметтiк қамсыздандыру “Мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру кепiлдiгi”
бойынша борыштарды өтеу бағдарламасына сәйкес мемлекеттiк бюджеттiң
қаражаты есебiнiң өтелiнетiн яғни өтелiнетiн болып бекiтiлдi.
Бұл жоғарыда аталған заңды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы
үкiметiнiң 1999 жылғы сәуiрдiң 13 жұлдызындағы №411 қаулысымен “Мемлекеттiк
бюджет қаражаты есебiнiң мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша жәрдем
ақыларды тағайындау және төлеу жағдайларының тәртiбi туралы” уақытша Нұсқау
бекiтiлген болатын. Ол нұсқау 1999 жылғы 1 қаңтардан 17 сәуiр аралығындағы
уақытта мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк жәрдем ақыны
тағайындау және төлеу барысында қалыптасқан қатынастарды реттейдi. Сондай-
ақ ол уақытша нұсқаулықта қарастырылған әлеуметтiк жәрдемақылар, әлеуметтiк
қамсыздандыруға жататын жұмысшы қызметкерлерге олардың негiзгi жұмыс
орнынан мынандай тәртiп бойынша төленiледi:
▪ Мемлекеттiк шаруашылық субъектiсiнде Қазақстан Республикасының
бюджеттiк шығындарын экономикалық жiктеудiң 113-ерекшелiгi
бойынша еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу есебiнен.
▪ Ал өзге де жұмыс берушi заңды тұлғаларда өз қаражаттары есебiнен.
1999жылғы мамырдың 25 жұлдызындағы №242-шi Қазақстан Республикасының қаржы
министрлiгi бекiткен “Мiндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша жұмыс
берушiлердiң жұмысшы қызметкерлерге жәрдем ақы төлеу және шығындарын өтеу
тәртiбi” бұйрығына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздыққа, жүктiлiкке жєне
балалы болу кезеңiне, сондай-ақ жерлеуге т.б. төлемдер Республикалық бюджет
қаражаты есебiнен өтелiнедi.
Қазақстан Республикасының үкiметiнiң 1999 жылғы маусымның 11 жұлдызындағы №
731 қаулысымен “Әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдем ақыларды жұмыс
берушiнiң қаражаты есебiнен тағайындау және төлеу” туралы Нұсқау
бекiтiлген1. Нұсқау бойынша жоғарыда аталған уақытқа, яғни 1999 жылғы 18
сәуiрден бастап жұмыс берушiнiң яғни жұмысшы қызметкерлердiң негiзгi жұмыс
орны бойынша мына тәртiппен реттеледi:
Мемлекеттiк шаруашылық субъектiсiнде тиiстi ерекшелiк бойынша және
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есеп беру кезеңiнде есептелген
әлеуметтiк салық сомасының тағайындалған мөлшерi осы есеп беру кезеңiнде
уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi және балалы болғаны бойынша жұмысшы
қызметкерлерге төленiлген сомаға еңбек ақы қорының 1,5 процент мөлшерi
шамасында азайтылады.
Өзге де жұмыс берушiлерде өз қаражаты есебiнен яғни салық төлеушi заңды
тұлғалардың жылдық жиынтық табысы есебiнен еңбекке уақытша жарамсыздығы,
жүктiлiгi мен балалы болуына байланысты жұмысшы қызметкерлерiне төлеген
сомалары есеп беру кезеңiнде шаруашылық субъектiсiн есептелiнген есеп
айырысу қорының 1,5 процент мөлшерiнде әлеуметтiк салық сомасынан
азайтылады.
Жұмысшы қызметкерлердің мерзімнен тыс жұмыс істегеніне ай бойына немесе
басқа да есептелінетін уақытқа арналған ведомость толтырылады. Шаруашылық
субъектісіндегі жұмыстың тоқтап қалуы еңбекақы есептеуде алдымен жұмыстың
тоқтап қалуы туралы қағазда жазылып көрсетіледі. Табельдегі толтыруға негіз
болатын жоғарыда айтылған құжат табельдер мен бірге бухгалтерияға
тапсырылуы тиіс. Табельдер мен оларға негіз болған алғашқы құжаттар ең
алдымен жұмысшы қызметкерлеріне пайдалану үшін алынады. Сонымен қатар
шаруашылық субъектілер бойынша жинақтап қорытындылап жұмыс уақытының
балансын жасауға, статистикалық есеп берудің нақтылы жұмыс істелінген
уақыты жайлы көрсетіледі, толтыруға пайдаланады. Бұл көрсеткіштер еңбектің
өнімділігін анықтап жұмыс уақытын пайдаланады, жақсарту үшін шаруашылық
субъектісінде кеңінен қолданылады.

1кесте
2007жылға арналған жұмыс уакытынын баланысы*
Ай, тоқсан,40 сағаттық жұмыс аптасы 36 сағаттық жұмыс аптасы
жарты жыл, Айдың 1-күнінен соңына дейінгі Айдың 1-күнінен соңына
жұмыс кестесі дейінгі жұмыс кестесі
9 ай, жыл Бес күндік Алты күндік Бес күндік Алты күндік
Күн-дер Сағаттар Күн-дер
1 1.0 12 2.20
2 1.07 13 2.37
3 1.15 14 2.55
4 1.24 15 2.74
5 1.33 16 2.95

*№82 орта мектептін жалпы еңбекақы бойынша қысқартылған тарифтік кесте*

Қазіргі нарықтық экономика кезінде еңбек ақы 3 негізгі қызмет атқарады:
мемлекеттің төменгі еңбек ақы болып есептеледі; халықты әлеуметтік қорғауға
байланысты әлеуметтік жәрдемақы және басқалай төлемдер; белгіленген
норматифтер бойынша айын, салық және басқа да жинақтаушы. 2007 жыдың 1
қаңтарынан бастап 2007жылдың республикалық бюджетке сәйкес ең төмен айлық
5000 теңге көлемінде еңбек ақы белгіленеді. Тарифтік жалақы және лауазымына
байланысты жалақы белгіленген 1-разрядты тарифтік жалақы бойынша
есептеледі. Жұмысшылардың жалақысы жалпы тарифтік кесте бойынша тарифтік
кесте жалақысын тарифтік коэффициентке көбейту арқылы есептелінеді.

Еңбек ақы формасы штаттың кесте лауазымды жалақы мөлшері, сыйлық
жүйесі және де басқа көтерме төлемдер мекеменің еңбек ақы қорының өз алдына
белгіленген мөлшерде жүргізіледі.

Жоғарыда айтып өткен еңбек ақы формасының бірнеше түріне мысал келтіре
кетсек.

а) Мерзімді еңбек ақы есептеу бойынша жұмысшыға тұрақты лауазымды жалақы
бекітілген, егер ол бір айда белгіленген барлық жұмыс күшін орындаса, онда
оған нақты жұмыс күніне жалақы есептелінеді:

Мысал. Алдонғаров Д – 5 разрядты слесарь. 2000 жылдыњ қањтарында –168 сағат
жұмыс уақыты атқарылды. Ал ақпанда –100 сағат. Мекемеде жұмыс тәртібі
сменалық жєне аптасына 5 жұмыс күні. Еңбек ақы түрі – мерзімді. Қажыгуловқа
– қаңтар, ақпан айларына еңбек ақы есептеу қажет. Қаңтар айына жалақы
есептейміз. Жоспар бойынша қаңтар айына жұмыс уақыты 168 сағат, айлық
тарифтік жалақы –2680 теңге. Жалпы тарифтік кесте бойынша 2680 теңге
көбейтеміз 1.33 ол тең 3564.40 теңге. Сонымен айлық жоспарлы уақыт нақты
орындалғанын білеміз.
Қазақстан Республикасының “Кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет” туралы
заңына сәйкес кәсіпорындар еңбекақы төлеу түрлері мен жүйелерін тарифтік
ставкалар мен окладтар жүйесін құрудың негізі болып Қазақстан Республикасы
үкіметі белгілеген “Ең төменгі еңбекақы” есептеледі. Анығырақ айтқанда,
заңды негізде белгіленген орташа айлық жұмыс уақытының ұзақтылығы мен ең
төменгі еңбекақыдан барып бірінші разрядтық сағаттық тарифтік ставкасының
ең төменгі мөлшері анықталады. Ең төменгі жалақы мөлшері 4141тг. (шартты)
және орташа айдағы жұмыс уақыты 169,2 сағат болғанда (40 сағаттық жұмыс
аптасында) сағаттық тарифтік ставканың ең төменгі мөлшері (4141 69,2) 20,4
теңге. Өнімнің бірлігін жасауға жұмсалған еңбек шығыны өлшемін белгілеуді
немесе белгілі бір ұйымдастыру техникалық жағдайларда берілген жұмыс
көлемін орындауда көздейтін еңбекақы төлеуді ұйымдастырудың маңызды
элементі болып – еңбекті нормалау саналады. Еңбекті нормалау – еңбекті
ғылыми ұйымдастырудың маңызды құрамды бөлігінің бірі. Ол екі көрсеткішті
енгізеді: орындау нормасын және уақыт нормасын. Орындау нормасы уақыт
бірлігінде (сағат) ауысым (смена), қалыпты жұмыс жағдайында жасалынуға және
алынуға тиісті натуралды өнім бірлігінің (дана, м, т) саны белгілейді.
Уақыт нормасы белгілі бір ұйымдастыру техникалық жағдайларда (мин, сағ)
орындалатын жұмысқа қажетті уақытты көздейді. Соңғы жылдары жұмыскерлерге
жалпы табыстан еңбекақы төлеу кеңінен таралуда. Еңбекке ақы төлеудің бұл
жүйесі шығынға қарсы сеніді механизм. Алынған жалпы табыс үшін басшыларға,
мамандарға және қызметкерлерге еңбекақы төлегенде жылдың ішінде белгіленген
лауазымдық окладынан, сондай-ақ біліктілігі, мамандығы мен лауазымын бірге
атқарғаны үшін қосымша ақысының 80 % көлемінде аванс төлейді. Жылдық
жұмыстың қорытындысы бойынша алынған жалпы табыс үшін оларға белгіленген
норматив бағалар бойынша еңбекақы есептелінеді және төленім есептелген
сомасы мен жылдың ішінде төленген авансының айырмашылығын анықтайды.
Айырманы бөлу еңбекке қатысу коэффициентін қолдана отырып есептелген
авансқа пропорционалды жүргізіледі.

2.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі

Жұмыс берушінің актілері – жұмыс берушінің (жұмыс берушінің үкіметінің)
шығаратын актілері (бұйрықтары, үкімдері, нұсқаулықтары, ішкі еңбек
тәртібінің ережелері).
Жеке еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша
нысанында жасалатын екі жақты келісім, ол бойынша қызметкер жұмыс берушінің
актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым
бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге
жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделмеген өзге де
ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы
заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге
міндеттенеді.
Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады, кемінде екі дана етіліп
жасалады және оған тараптар қол қояды. Жеке еңбек шартын жасасу үшін жұмыс
беруші қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды, жеке басының
куәлігін (төл құжатын), әлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куәлікті,
зейнет ақы шартын, он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлігін,
білімі немесе кәсіби даярлығы туралы құжатты және заңдарда көзделген өзге
де құжаттарды талап етуге құқылы.
Жұмысқа жаңадан қабылданғандарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен (№
1Е-1 үлгі) құжаттайды, кадрлар бөлімінің қызметкері мұны барлық қызметкерге
толтырады. Кадрлар бµлімінің бастығы немесе жұмысқа қабылдануға жауапты
адам бұрыштама қойған бұйрықтың жобасы, қажетті жағдайларда, келіссөз
жүргізуге жолдама және жұмыс жағдайларымен таныстыру үшін құрылымдық
бөлімшелерге жіберетін рұқсат қағаз болып табылады. Құрылымдық бөлімше
бастығы оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды: бұйрық
жобасының сыртқы жағында жалданушының қандай разряд бойынша, не қандай
айлық жалақымен қандай жұмысқа қабылдануына болатындығы туралы көрсетіледі.
Осында сынақ мерзімінің ұзақтығы да көрсетіледі. Қызметкердің жұмыс
жағдайлары мен келісімі, келіссөз, дәрігерлік тексеріс нәтижелері, техника
қауіпсіздігі туралы белгілер үлгінің сыртқы жағына қойылады. Жұмысқа алу
туралы бұйрықтың жобасында кәсіпкердің айлық жалақысы белгіленетін айлық
ақыны тастау үшін субъектінің тиісті қызметкерлері бұрыштама қояды. Кадрлар
бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде жеке карточка толтырады,
жұмысқа қабылданғаны туралы еңбек кітапшасына белгілейді, ал бухгалтерия
дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.
Барлық категориядағы қызметкерлерге, оның ішінде жоғары және арнаулы
орта білімі бар мамандарға және училищелерді, кәсіптік -техникалық білім
беретін мектептерді тағы басқа бітірген жас жұмысшыларға да “жеке карточка”
(№ Е-2) толтырады. Жеке карточканы кадрлар бөлімінің қызметкері
қызметкердің өзінен сұрап отырып, паспорт (жеке куәлік), әскери билет,
еңбек кітапшасы, оқу орнын бітіргендігі туралы диплом (куәліктер) және
басқа тиісті құжаттар негізінде бір дана етіп жазады. Кәсіп пен мамандық
кодтары жұмысшылардың кәсіптерінің, қызметшілердің қызмет орындарының және
тарифтік разрядтардың (ОКПДТР), бөлімі бойынша алған мамандыќтардың (ОКСО)
классификаторлары бойынша анықталады. Қызметкер туралы деректердің (білімі,
тұрғылықты жерінің ауысуы т.б.) бұдан былайғы барлық өзгерістері жеке
карточкада жүйелі түрде көрініс тауып отырады. “Жалпы мәліметтер” деген
бөлімін толтырғаннан кейін, жұмысқа қабылдаушы адам карточкаға қол қойып,
толтырған күнін жазады.
Жұмысқа қабылдануы, басқа бір тұрақты жұмысқа ауысуы және жұмыстан
босатылуы туралы бұйрықтың негізінде еңбек кітапшасына енгізілетін әрбір
жазбаны әкімшілік сол кітапша иесіне таныстырып, карточканың тиісті
жерлеріне қол қойғызып отыруға міндетті. Ғылыми қызметкерлерге “ғылыми
қызметкерлердің есеп карточкасы” (№ Е-4 үлгі) жазылады.
Қызметкерлерді бір цехтан екіншісіне ауыстырғанда “басқа жұмысқа
ауыстыру туралы бұйрық” (№ Е-5 үлгі) жазылады. Оны кадрлар бөлімінің
қызметкерлері бір дана етіп толтырады. Бұйрыққа бұрынғы және жаңа жұмыс
орнындағы құрылымдық бастығы бұрыштама соғады да субъект басшысы қол қояды.
Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі жеке
карточкаға, еңбек кітапшасына және басқа құжаттарға белгілер соғады.
Үлгінің сыртқы жағына қызметкердің бұрынғы жұмыс орны бойынша
жауапкершілігінде тұрған, тапсырылмаған мүліктік - материалдық және
басқадай бағалы заттар туралы белгілер қойылады.
КЗОТ - қа күші бар заң актілері мен ережелеріне сәйкес, қызметкерлерге
берілетін жыл сайынғы және басқа түрлердегі демалысты құжаттау үшін
“Демалыс беру туралы бұйрық” (№ Е-6 үлгі) қолданылады. Екі дана етіп
толтырылады. Бірі кадрлар бөлімінде қалады, екіншісі бухгалтерияға
беріледі. Құрылымдық бөлімше бастығы мен субъект басшысы қол қояды. Демалыс
беру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі қызметкердің жеке
карточкасына белгілер соғады, ал бухгалтерия демалыс үшін тиесілі жалақы
бойынша есеп айырысады.
Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда “Еңбек шартының тоқтатылуы туралы
бұйрық” (№ Е-8 үлгі) қолданылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері барлық
қызметкерге екі дана етіп толтырады. Бірі кадрлар бөлімінде қалады,
екіншісі бухгалтерияға беріледі. Құрылымдық бөлімше бастығы немесе субъект
басшысы қол қояды. Бұйрықтың негізінде бухгалтерия қызметкерімен есеп
айырысады. Жұмыстан өз еркімен шыққанда қызметкер үлгінің бет жағына арыз
жазады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін
сақтап жүруін бақылау, жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу, еңбек
төлемі бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөнінде статистикалық есеп
беру үшін “жұмыс уақыты есебінің табелінде” (№ Е-13 үлгі) жұмыс істеп
жүргендердің барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі
жүргізіледі. Оны өкілеттілік алған адам бір дана етіп жасайды, тиісінше
құжатталған соң бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы
немесе жұмыс күшінің толық істелмегені туралы, мерзімнен тыс істелінген
жұмыс туралы жєне басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауытқушылықтар жөнінде
дұрыс толтырылған құжаттар (жұмысқа жарамсыздық парағы мемлекеттік не
қоғамдық міндеттерді орындағандығы туралы анықтамалар) негізінде ғана
табельге белгілер қойылуға тиіс. Бухгалтерияға келіп түскен жұмыс уақыты
мен өндірілген өнім есебі жөніндегі құжаттарды тексереді де, тек содан соң
есептік өңдеуге жібереді.
Әрбір жұмысшыға 1 ай ішінде бірнеше құжаттар жазылуы мүмкін.
Бір айлық жалақыны есептеу үшін жалақы есебінің жинақ карточкасы
қолданылады. Онда қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, табельдік номері,
цех, учаскі құжаттың толтырылған күні мен номері, сағаттық норма әрбір
құжат бойынша есептелген жалақы сомасы, төлемдердің басқа да түрлері
көрсетіледі. Карточка деректерін есеп айырысу төлеу тізімдемесін жасау үшін
пайдаланады. Есеп жүргізу ісі компьютерленген жағдайда жинақ карточкалары
ведомостар сондай-ақ есеп айырысу төлеу тізімдемелері әдетте, бір ғана
жұмыс күнінде жасалады. Жұмыс уақытын пайдалану есебі табельдерде
қызметкерлердің жұмысқа келген келмегендерін ал бухгалтерия демалыс үшін
тиесілі жалақы бойынша есеп айырысады. Жұмыс уақыты табельдері (№ Е-13, № Е-
13а үлгілері) деректерді автоматты түрде өңдеу жағдайында қолданылады.
Ішінара реквизиттермен толтырылған табель бланкілері компьютерлік тенхника
құралдарының көмегімен жасалуы мүмкін. Мұндай реквизиттерге жататындар:
субъектінің құрылымдық бөлімшелері, цех, қызметкердің тегі, аты, әкесінің
аты, кєсібі, табельдік номері т.б. Мұндайда табель үлгісі деректерді
өңдеудің қабылданған технологиясына сәйкес өзгереді. Бірақ мұндай үлгіде
жұмыс уақытын пайдалану есебі көрініс беретіндей мүмкіндік қамтамасыз етуге
тиіс.
Деректерді қолмен өңдегенде жұмыс уақытының есебі жєне жалақы бойынша
есеп айырысу табелі (№ Е-12 үлгі) қолданылады, ол (№ Е-13 және № Е-13а)
үлгілердегі табельдермен ұқсас.
Тұрғындарды жұмысқа орналастыру, қайта оқыту және кәсіптік бағдар беру
жөніндегі орталыққа немесе жұмысқа орналастыру жөніндегі бюроға
субъектілердің үш күндік мерзімде мәлімет беру үшін жұмысқа қабылданған
(оқу орындарын бітіргендердің ішінен жолдама бойынша, басқа субъектілерден
ауыстыру тәртібімен, ұйымдық қабылдаулар және басқа ұйымдық жолдамалар
бойынша қабылданғандардан өзге) әрбір қызметкерге Ақпараттық карточка (№ Е-
62 үлгі) жазылады. Дербес есеп карточкасын жабуға азаматтық жұмысқа
орналасқандығын, өндірістен қол үзіп оқуға түскендігін, басқа жерге қоныс
аударғанын растайтын ақпараттың, азаматты жұмысқа орналастыру қажеттігінің
жоқтығын растайтын басқадай да ақпараттың алыну негізі болып табылады.
Жұмысқа алу үшін шаруашылық субъектілеріндегі жолданған жолдама Жұмысқа
жолдама туралы хабарлама қағазбек (№ Е-63 үлгімен) құжатталады. Жұмысқа
орналастыру үшін өздері таңдап алған субъектілердегі орталыққа өтініш
айтқан азаматтарға олардың келісімдерімен беріледі. Өтініш айтқан кезде
жұмыс істеп жүрген азаматтарға қосымша жұмысқа жіберілгендерден, сондай-ақ
шаруашылық субъектісінің таратылуына, қызметкерлер санының немесе штатының
қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерден өзгелеріне,
хабарлама қағаз берілмейді.
Өндірім мен еңбек төлемі есептері өндірілген өнім саны, аяқталмаған
өндіріс пен шығарылған жарамсыз өнім туралы уақытында және дәл деректер
алуды қамтамасыз етуге, әрбір қызметкердің өндіріміне сәйкес еңбектөлемінің
мөлшерін дұрыс және уақытында анықтауға, өндірілген өнімнің материалдармен
өңдеуге жіберілген шала өнімдердің санына сәйкестігін бақылауға,
өндірістегі детальдардың, бөлшектердің және агрегаттардың қозғалыстарын
қадағалап отыруға қажет.
Өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастыруға, еңбек төлемінің
қолданылатын жүйесіне, өнім сапасын бақылауға, есеп пен басқа да жайларды,
компьютерлендіру деңгейіне қарай, бастапқы құжаттар есебі мен үлгісінің әр
түрлі әдістерін қолданады. Әр түрлі өндірістегі өндірім мен еңбек төлемі
есебінің ұйымдастырылуын қарастырсақ, мысалы жаппай толассыз өндірісте және
еңбекті бригадалық әдіспен ұйымдастыруда өнім өндірімі ең еңбек төлемі
есебін әдетте соңғы операцияда өткен өнімді қабылдап алудан бастап
жүргізеді. Бригаданың әрбір мүшесінің өнім өндіруі мастер немесе бригадир
толтыратын өндірім туралы жарты айлық рапортта көрсетіледі. Жұмысшыға еңбек
төлемін оның операциялары бойынша өндіріміне сәйкес есептейді. Бұл
мақсаттар үшін төмендегі өндірім рапорттары мен ведомстарын қолданады.
Бригаданың өндірімі туралы рапортты (№ Е-17 үлгі) өндірілетін өнімнің
белгілі бір түріне жазады, оның бір данасына өңделуі бойынша баға
белгілейді. Ай бойы немесе басқадай мерзімде бригада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Кит со» ЖШС еңбекақы есептеу және еңбекақының «1С бухгелтерия» жүйесінде жүргізілуі
Қызметкерлерге төленетін қосымша төлемдер есебі
Еңбекақы есебі және еңбекақыдан ұсталынатын төлемдер
Құрылыс ұйымдарындағы қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебі
Еңбекақы төлемінің аккордтық жүйесі
Нарықтық экономикадағы еңбекақы
Уақытша еңбекке жарамсыздығына төлем
Еңбектің және оның төлемақы есебенің принциптері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру
Еңбекақының нысандары мен жүйелері
Пәндер