Кеңестік дәуірдегі ауыз әдебиетіндегі қазақ тарихының зерттелу мәселелері



КІРІСПЕ

І АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ХХ ғ. БАСЫНА ДЕЙІНГІ ЕҢБЕКТЕРДЕ СИПАТТАЛУЫ
1.1.Ауыз әдебиеті . қазақ тарихының қайнар көзі
1.2. Ш.Уәлиханов пен Г.Н.Потаниннің еңбектеріндегі ауыз әдебиеті мен тарих мәселесі

ІІ КЕҢЕСТІК ДӘУІРДЕГІ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Қазақ ауыз әдебиетіндегі тарихилық мәселесі кеңестік уақытта
2.2 Қазақ ауыз әдебиетіндегі этнология мәселелері

ІІІ ЖАҢА ТАРИХИ КӨЗҚАРАС НЕГІЗІНДЕГІ МӘСЕЛЕНІҢ СИПАТТАЛУЫ
3.1 Әебиеттегі тарихилық мәселесінің бүгіні
3.2 Дәстүрлі тарихи дерек көздердің сыныпталу мәселесі және оның тарихнамасы
3.3 XIX . XX ғасыр басындағы оқиғалар: ұлт азаттық көтерілістер тарихы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Егемендік алып, ұлттык мемлекет болған елдер
өзінің төл тарихы, ұлттык мәдениеті, оның дүниежүзілік мәдениеттегі орнын
анықтауға жан-жақты ықылас бөле бастады. Қазіргі заманғы өзгерістер тарих
ғылымының зерттеулер аумағындағы деректер жүйесін қайта қарап, оны зерттеу
әдістерін жетілдіріп, жаңа түсініктер қалыптастыруды, бұрыннан зерттеліп
келе жатқан мәселелерді жаңаша талаптар тұрғысынан қарастыруды талап етіп
отыр. Бүгінгі күнде, осы үрдіс барысында, кезінде ауызекі сақталып, қағаз
бетіне түсірілген ұлттық мәдени мұраның маңызды бір саласы, ауызша тарихи
мәліметтердің жазба нұсқасы - қазақ қолжазбаларына әділ бағасы беріліп,
ғылыми қолданылымға енгізілуіне мол мүмкіндіктер туып отыр. Тарихи зерттеу
жұмыстарының сапасын көтеріп, маңызын зерттеу үшін дерек көздік қорын
кеңейтіп, зерттеу аясына жаңа тарихи деректерді тарту ісі қазіргі
қазақстандық тарих ғылымының маңызды міндеті. Қазақ халқының тарихын
зерттеу қазіргі кезге дейін негізінен сыртқы деректерді пайдалану арқылы
жүргізіліп келді; сыртқы деректер дегеніміз шығыс немесе орыс, т.б. шет
тілдерінде жазылған тарихи шығармалар, саяхатшылар, тыңшылар жазбалары,
мұрағат құжаттары. Ендігі жерде, ұлттық мәдени мұраның көрнекті бір бөлігі
— жергілікті дерек көздерді, яғни халықтың ауызекі тарихи деректерін тарихи
зерттеулер ауқымына қосу ісі маңызды болып отыр.
Қазақ тарихын зерттеу барысында ауызекі тарихи деректерді жекелеген
мәселелерді шешу ісінде дерек көзі етіп қолдану талабы ғасыр басында қолға
алынса да, осы күнге дейін өз деңгейінде мән берілмей отыр. Тарихшылар да,
этнографтар да осы тәрізді деректердің тарихи зерттеулерде белгілі бір
маңыздылығын мойындаса да, оны қолдануға ерекше сақтықпен қараған. Ауызекі
тарихи деректерді қолданудың бағалылығы мен маңызы күмән туғызбайды,
өйткені, онда халықтың ұрпақтан ұрпаққа жеткен жүйеленген тарихи білімі
көрініс тапқан.
Қазақ қоғамы тарихын зерттеу үшін тек жазба деректерді пайдалану
жеткіліксіз, өйткені, қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрлі төл мұрасы
ауызекі деректер. Заманалық сұраныс тарих ғылымының дамуы барысында тарихи
деректердің шеңберін кеңейту мен оны зерттеу әдістерін жетілдіруді талап
етіп отыр. Тарихи санасы сергек, шежірешіл қазақ халқы әр уақытта басынан
кешкен тарихын сұрыптап, әңгіме, жыр, өлең тіліне салып ұрпағына қалдырып
отырған.
Жұмыстың өзегі ретінде - ата-бабаларымыздың ерлік істерін өлең-жырға,
аңыз-әңгімеге, ертегіге қосып мақтаныпшен әңгімелейтін қазақ халқының
ерекше есте сақгау қабілеті арқасында ел арасында кең таралған, кейіннен
қағаз бетіне түсірілген тарихи жады - қазақтың дәстүрлі ауызекі тарихи
шығармашылығы алынып отыр.
Қоғамдық құрылым ішкі байланыстардан, сырт көзге түсе бермейтін қоғамдық
қатынастардан тұратындықтан, халықтың ішкі жан дүниесі, қоршаған ортаға
деген түсінігі, руханияты туралы мәліметті сыртқы деректерден таппаймыз,
оларды тек жергілікті, төл деректерден, халықтың төлтума тарихи
шығармаларынан ғана алуға болады.
Қазақ қолжазбаларында сақталған жергілікті ауызекі тарихи шығармаларды
тарихи зерттеу жұмысының дерек аясын кеңіту мақсатында дербес тарихи дерек
көзі ретінде пайдалану бітіру жұмыс тақырыбының өзектілігін айқындайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу ісі шын мәнінде
кеңестік дәуірде қолға алынып, ғылыми жолға қойылды. Бұл кезде ауыз
әдебиетін зерттейтін- фольклористика деп аталатын- ғылым қалыптасты,
фольклорист ғалымдар қатары өсіп келеді. Осының нәтижесінде жалпы қазақ
ауыз әдебиеті мен және оның жеке түрлерінің туу, қалыптасып даму тарихы
жайында газет-журналдық мақалалар, үлкен ғылыми зерттеулер жазылып, баспа
жүзіне жариялануда. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы шығарған
"Қазақ әдебиетінің тарихы" дейтін күрделі еңбектің бірінші томы ауыз
әдебиетіне арналған.
Әрине, қазақ ауыз әдебиетін зерттеу ісі кеңестік дәуірде жүзеге асты
деуімізбен бұл салада революцияға дейін жүргізілген жұмыстарды жоққа
шығармаймыз.Бұл жөнінде жоғарда атап өткеніміздей, Ш. Уәлихановтың, В.
Радлов пен Г. Потаниннің, И. Фалев пен П. Мелиоранскийдің т.б. ғалымдар мен
ағартушылардың жалпы қазақ фольклоры туралы және оның кейбір жанрлары
туралы жайында айтқандары да бар еді.
Белгілі қазақ ғалымы Ш. Ш. Уәлихановтың гылыми зерттеулері [1; 2.] қазақ
халқының тарихын зерттеудегі баға жетпес қазынасы іспеттес. Әсіресе, оның
қазақ халқының шығу төркінін, жүздердің және олардың рулық құрамын, әскери
ұйымдасуын, тактикасын т.б. зерттеу еңбектерінің маңызы зор. Мәселен, ол
"Ұлы жүз қазақтарының аңыздары мен әңгімелері" атты еңбегінде қазақ ауыз
әдебиеті дәстүріңде тарихи элементтің ерекше орын алатынын атап өткен. Ш.
Уәлиханов қазақ фольклорында тарих аңыз бен әңгімелердің барлығын бірінші
болып байқаған зерттеуші. Тарихи жырға арналған еңбектерінде Ш. Уәлиханов
өмірде, дәлірек айтсақ XVIII ғ. болған қоғамдық мәні бар оқиғаларға және
оларға белсене қатысқан тарихи қайраткерлер - батырлар жайлы шығармаларды
қамтып, олардың шындыққа негізделгенін жазған.
Тарихи жырдың Г.Н. Потанин зерттеген нұсқалары 1972 жылы шоғырланып
"Казахский фольклор в собрании Г.Н. Потанина" [3; 4.] атты жинақта жарық
көрді. Ол халық шығармашылығын жинақтауда мол еңбек сіңірді, Шыңғыс-хан, Ер-
Көкше, т.б. жайындағы аңыздардың тарихилығына мән беріп, өзінің
салыстырмалы еңбектерінде кеңінен пайдаланған.
Қазақтың дәстүрлі тарихи үлгідегі шығармаларын жинап, жариялап, зерттеу
ісіне ұшан теңіз үлес қосқан, белсеңді қызмет еткен Әбубәкір Диваев. Бұл
дәуірдегі қазақ фольклористикасының қалыптасу, даму, өсу жолын шартты түрде
үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезең-20-30 жылдар арасында.
Екінші кезең-соғыс жылдары.
Үшінші кезең-Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар.
20-жылдардың бас кезінде-ақ қазақ халқының ауыз әдебиеті жайында
мәселелер көтеріліп, фольклор туралы газет-журналдарда үлкенді -кішілі
мақалалар жариялана бастайды. Аманғали Сегізбаев "халық пен әдебиет" дейтін
мақаласында, Бейсенбай Кенжебаев "Абай өлеңдерінің 1923 жылғы басылуы
туралы" дейтін мақаласында ауыз әдебиетінің негізгі иесі ееңбекші халық
екенін айтады.
Аталған кезде қазақ ауыз әдебиетін зерттеу жұмысына тіл ілімінің
мамандары Құдайберген Жұбанов ,Сәрсен Аманжолов, Шамғали Сарыбаев,Ісмет
Кеңесбаев, Мәулен Балақаев, Нығымет Сауранбай т.б
қатысады.Олар,әсіресе,ауыз әдебиетінің сөздік байлығына,тілдік және
көркемдік ерекшеліктеріне көңіл аударады,соларды тексереді.
Ауыз әдебиетін зерттеу соғыс жылдарында да ілгері дамиды.Соғыс
жылдарындағы фальклористикамыз біріншіден халықтың ерлік,патриоттық
дәстүрін зерттеуді басты мәселе етіп көтерді.Сонымен қатар ауыз әдебиетінің
жанырларын мифалогиялық көлемде зерттеу ісін қолға алды.Бұл ретте қазақтың
айтыс өлеңдері туралы С.Мұқновтың[5], Т.Нұртазиннің, М.Әуезовтың[6],
Қ.Жұмалиев пен Е.Ысмайловтың қазақ халқының эпостық жырлары туралы[7;11]
Ә.Марғұланның,Б.Кенжебаевтің,шешені к сөздер туралы[8;10.] Әмина
Мәметовалардың еңбектері жарық көрді.
Кеңес үкіметі кезеңінде М. Әуезов, С. Мұқанов , Ә. Марғұлан, Қ. Жұмалиев,
Б. Кенжебаев, М. Ғабдуллин, Н. Смирнова және де басқа көптеген ғалымдар
ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісіне қатысты. М. Әуезов, М. Ғабдуллин, Ә.
Қоңыратбаевтар [12] тарихи фольклор түрлерін жеке жанрлық тұрғыдан
қарастырып, тарихилық сипатын ашуға жол салған.
Соғыстан кейінгі жылдары қазақ фальклористикасы әдебиеттану ғылымының
басты бір саласына айналды.Осы кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясы құрылды.Әдебиет институты ашылды.Бұл институт қазақ әдебиеті
тарихын жан-жақты алып зерттеуді жүргізе бастады,брнеше зерттеулер
жарияланды.

Халық мұрасын зерттеу ісі М. Тынышпаев [13], А. Байтұрсынов [14], X.
Досмұхамедұлы сиякты зерттеушілер назарынан тыс қалмаған. X. Досмұхамедұлы
қазақ халық ауыз әдебиетіне айрықша маңыз беріп, қарымды еңбектерін арнаған
[15], оның қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің ерекше бір естелігі іспеттес
құбылысы екендігіне баса назар аударған.
Осы бағытта айтулы еңбек қалдырған ғалымдардың бірі Ә.Х. Марғұлан "Қазақ
эпосының сипаты мен тарихи шарттылығы жайлы" атты еңбегінде ол батырлар
жырының шығу тарихын зерттей отырып, жырларды кезеңдерге бөледі. Ғалым XIX
ғ. жырларының тарихи іздері айқын екенін көрсетіп, ендігі жерде тарихи өлең
пайда бола бастайды деген болжам айтады.
Қазақстандық кәсіби тарихшы-ғалымдардың ішінде бірінші болып халықтың
дәстүрлі шығармашылығы деректерін тарихи зерттеулерде пайдаланған Е.
Бекмаханов болды, осы сипаттағы деректердің қазақ тарихын жазудағы
маңызының айрықша зор екеңдігін атап: "Тарихи ірі оқиғалар ұрпақтан ұрпаққа
жеткізіліп отырған халықтың ауызша шығармашылығы: дастан, өлең, қисса,
батырлар жыры, ертегі, аңыз т.б. арқылы қазақ халқының есінде сақталған.
Осы материалдарда қазақтардың қоғамдық және әлеуметтік құрылысы, тұрмысы
мен әдет-ғұрпы және ақырында, халықтың өміріндегі аса маңызды тарихи
оқиғалар айқын бейнесін тапқан" [16].
Аталып өткен ғалымдар қазақтың тарихи ескерткіштеріне үлкен мән беріп,
ғылыми зерттеулеріне деректік негіз етіп алу әрекеттерін жасағанымен,
күшінде болған саяси-идеологиялық шектеулер себебінен бұл жұмысты атқара
алмады, осындай еңбектері үшін кейбірі қудалауға ұшырады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Тарихи зерттеу жұмыстарының сапасын
көтеріп, маңызын арттыру үшін дерек көздік қорын кеңейтіп, зерттеу аясына
жаңа тарихи деректерді тарту ісі қазіргі қазақстандық тарих ғылымының
маңызды міндеті. Ауызекі тарихи білім - ерекше, дерек көздік бағыттағы
тарихи дәстүр.
Зерттеу жұмысының басты мақсаты жергілікті деректерде сақталынған тарихи
білім көзі - қазақ ауыз әдебиеті және олардағы тарихи мағлұматтарды ғылымии
таным арнасына тарту болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі
міндеттерді жүзеге асыру қажет:
* Дәстүрлі қазақ дерек көздерінің осы күнге дейінгі тарихи ізденістердегі
зерттеліну дәрежесін анықтау;
* қазақтың жалпы ауызекі шығармашылық дәстүрінен тарихи дерек көздерін
бөліп альш, оларға жалпы сипаттама беру;
* ауызша тарихи дерек көздерді жасаушылардың атқарған рөлін айқындау;
* тарихи зерттеулердің өзекті мәселесі дерек көздік негізін кеңіту
мәселесінде қазақтың дәстүрлі тарихи білімінің дербес тарихи дерек көзі
ретіндегі маңызын ашу.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Жұмыстың деректік негізін тақырыбына
сәйкес ауыз әдебиетіндегі тарихи дерек көздер кешені кұрады. Қазақтың
дәстүрлі ауызекі таратылатын тарихи дерек көздері қағаз бетіне түсіріліп,
ТМД және шет ел мұрағат, қолжазба қорларында - Түркия, Франция елдерінде,
Санкт-Петербург, Москва, Омск, Томск, Қазан, Уфа, Орынбор, Ташкент, Алматы
қалаларында, Қазақстанның облыстық, аудандық тарихи-өлкетану
мұражайларында, мұрағаттарда, жеке адамдардың қолдарында сақталуда.
Қазақтың дәстүрлі ауызекі таратылатын тарихи дерек көздері қағаз бетіне
түсіріліп, ТМД және шет ел мұрағат, қолжазба қорларында - Түркия, Франция
елдерінде, Санкт-Петербург, Москва, Омск, Томск, Қазан, Уфа, Орынбор,
Ташкент, Алматы қалаларында, Қазақстанның облыстық, аудандық тарихи-
өлкетану мұражайларында, мұрағаттарда, жеке адамдардың қолдарында
сақталуда.
Қазақстанның тарихы мен мәдениетінен мәлімет беретін арнайы ғылыми
зерттеулер пайдаланылды. Осы уақытка дейін халықтық дәстүрлі тарихи
деректерді тарихи ізденістерде пайдаланудың өзіндік тәжірибесі қалыптасқан.
Атап өтер болсақ, ежелгі заманның ғұламалары Геродот [17], Диодор
Сицилийский , Страбон [18], т.б. өз еңбектерінде фольклор сюжеттерін
пайдаланған. Осындай үлгілерді біз ортағасырлық тарихшылар, саяхатшылар
еңбектерінен де көреміз. Мысалы, Рашид ад-Диннің "Жами ат-Таварих" [19],
Әбілғазы [20], Хафиз-и Таныш [21], Қ. Жалайырдың [22], т.б. шығыстық
тарихшылар шығармаларында ауызекі таралған тарихи дерек көздер кеңінен
пайдаланылған. Аталған ғұламалар дәстүрлі деректерді шынайы мәлімет ретінде
қолданудың алғашқы тәжірибесін жасады, бірақ ол мәліметтер ғылыми
ресімделмеген еді.
Алтын-Орда заманындағы еуропалық саяхатшы-миссионерлер Марко Поло [23],
Гильом Рубрук, Плано Карпинилер [24] өз еңбектерінде әрдәйім көшпелі
халықтар туралы жиған мәліметтерін жергілікті аңыздармен астастырып
отырған.
Қазақтың тарихи жыр үлгілерін жинап, оны жарыққа шығару ісінде аса көп
еңбек сіңірген ғалым - академик В. В. Радлов [25]. Ол өзінің атақты 10
томдық жинағының [26] 3 томына қазақтың бірнеше тарихи жырын енгізген. В.
В. Радлов батырлық және тарихи жырларды "Қазақтың бұрынғы батырлары туралы
сөз" деп атаған, ал жекелеген тарихи жырларды қысқа қиссалар тобына
жатқызады. Қазақ қоғамының ХУШ - XIX ғасыр басындағы өмірі мен тұрмысына
арналған маңызды жұмыстардың бірі - тарихи-этнографиялық мәліметтердің ең
бай деректерін топтастырған А. И. Левшиннің "Описание киргиз-казачьих или
киргиз-кайсацких орд и степей" деген 3-томдық еңбегі [27].
Бұл еңбекте дерек көздер мен мұрағат құжаттары, ауызша айтылған
әңгіме-аңыздар негізінде қазақ қоғамының ортағасырлық тарихы зерттелген,
аталған еңбектің жекелеген бөлімдері қазіргі кезде дерек көз сипатын алып
отыр. Дегенмен, А. И. Левшиннің "... а предания,... так многоразличны и
большею частью так нелепы, что ничего целого из них составить нельзя" деген
пікірі, оның ізін басқан кейінгі буын зерттеушілердің ұстанған тұғыры
болды.
В.В. Вельяминов-Зерновтың "Исследование о Касимовских царях и царевичах"
[28] деген еңбегінде шығыс дерек көздеріндегі қазақ халқына қатысты
деректерді орыс тіліне аударып, пайдаланған және алғашқылардьщ бірі болып,
деректерде сақталған тарихи фактілер негізіңде қазақ хандығының тарихын
жазу шарасын қолға алған.
Қазақтың шығу тегін зерттеп, осы салада халыктық деректерді мол
пайдаланып, деректік маңыз берген А.Н. Харузин [29], Н.А. Аристов [30],
А.П. Чулошников [31], М.П. Вяткин [32] еңбектерін атап өту қажет. Белгілі
шығыстанушы В.В. Бартольдтың [33] ғылыми ортада беделі зор еңбектеріңде
Қазақстан тарихынан мәлімет беретін шығыс тарихшыларының деректері
қорытындыланып, талданып, зерттелген.
Жоғарыда аталып өтілген саяхатшылар, әкімшілік қызметкерлер, ғалымдар мен
шығыстанушылар еңбектерінде қазақтың ауызекі тарихи дәстүрінің қалыптасқан
түрлері барын атап өтті, алғашқы болып нұсқаларын жинақтап, жазбаша
сақталуына зор үлес қосты, өз шығармаларында қажетті деп санаған дәрежеде
пайдаланды. Бірақ, бұл ғалымдар халықтық ауызекі дәстүр деректері
мәліметтерінің шынайылығына, сенімді дерек көз бола алатындығына күмәнмен
қарады. Дәстүрлі тарихи ауызекі деректерді шығыстық жазба деректерімен,
батыстық тарихи дәстүрмен сабақтастыра зерттеген алғашқы деректанушы ғалым
Мәшһүр Жүсіп Көпеев [34]. Ол қолжазбаларды жүйелеуде, сұрыптауда,
кезеңдерге бөлуде, хронологиялық жүйе ретімен баяндауда батыс үлгісін,
тарихты баяндау барысында шығыстық тарихи дәстүрді негізге алған.
Соңғы жылдарда кейбір шығыстық дерек көздердің ашылып, зерттелуі
қазақ халқында ауызекі тарихи білімнің, атап айтқанда нақты тарихи
оқиғалардан мәлімет беретін аңыз-әңгімелердің болғандығы туралы тұжырымдар
жасалуына алып келді. Халықтың ауызекі тарихи шығармашылығының бұл саласын
М.Қ. Әбусейітова ішкі (жергілікті) деректер деп атайды, оларды сыртқы
деректерге (шығыстық жазба және шет ел мұрағат құжаттары, саяхатшылардың
естелік-жазбалары, хаттар т.б.) қарағанда тарихи фактіні бағалауда әділетті
болып келеді - деп, жоғары бағалайды.
Сондай дерек көздердің ең бір айқын көрінісі - белгілі қазақстандық
шығыстанушы В.П. Юдин аударып, зерттеп, 1992 ж. жарық көрген авторы
Хорезмнен шыққан Өтеміш Хажы ибн Маулана Мұхаммад Достының Шыңғыс-наме
[35] атты еңбегі. В. П. Юдин Шыңғыс-наменің Қазақстан тарихындағы ерекше
рөлін атап өтіп, тарихи деректердің қазақ мәдениеті, генеалогиясы, өрбімелі
тарихтың мәселелері мен хронологиясы бойынша әлі күнге дейін жете
зерттелмеген үлкен жаңа кенін ашты. Ең бастысы В. П. Юдин бірінші рет
далалық ауызекі тарихи айту (историография) дәстүрін тұжырымдады. Қазақ
тарихын зерттеу ісінде ауызекі тарихи дәстүрдің маңызын ерекше атап, ғылыми
айналымға "ауызекі тарихи білім" (устная историология) түсінігін енгізіп
кеткен
В. П. Юдиннің еңбектерінің маңызы зор [36.].
Деректанулық түрғыдан терең, ғылыми деңгейлі зерттеулердің көрнекті
үлгісі болып табылатын Н. Н. Мингулов, В. П. Юдин, К. А. Пищулина, С. К.
Ибрагимовтер құрастырған "Қазақ хандығы тарихының материалдары" жинағы да
жоғарыдағы тұжырымның дәлелі .
Тарихи ауызекі генеалогиялық аңыздарға көп кеңіл бөліп өз еңбектерінде
негізгі дерек көз ретінде пайдаланған қазақстандық ғалымдардың бірі Ю. А.
Зуев [37], шежірелік аңыздарды өз еңбектерінде Қытай жазба деректерімен
салыстыра пайдаланып, деректік шынайылығына күмән келтірмейді.
Қазақ тарихын зерттеу ісінде деректанушылық еңбек етіп, шығыстық дерек
көздермен қатар, ауызекі тарихи деректерді молынан пайдаланып жүрген ғалым
Т. И. Сұлтанов [38]. Белгілі тарихшы Б. Ирмухановтың Қазақстанның тарихи
өткенінің жазба нұсқаларына арналған ғылыми зерттеулерінде де жергілікгі
түркі, қазақ тілді қолжазбаларға арнайы тоқталып өтеді [39.].
Қазақстан тарихын зерттеу ісінде көптеген тарихшы ғалымдарымыз белсенді
еңбек етіп, тарих ғылымының дамуы үшін ерекше маңызды жаңа деректерді
зерттеп, ғылыми айналымға қосу саласында, теориясын қалыптастыруда үлкен
қызмет етуде, атап айтсақ ұстазымыз Қ. Атабаевтың еңбектері [40] соның
дәлелі. Этнографиялық салада дәстүрлі дерек көздерді пайдалану тәжірибесін
жасап жүрген Ж. Артықбаевты [41] да атап өткен жөн.
Қазақ қолжазба кітабының көрнекті үлгісі "Әділ сұлтан" эпикалық жырын А.
И. Исин [42] зерттеп ғылыми айналысқа енгізіп, деректанулық талдауын
жасады. Жазба деректердің ауызекі тарихи негізде, яғни болған оқиғалардың
тікелей қатысушылары мен куәгерлері, далалық ауызекі тарихи деректердің
негізінде жазылатынын Ж. М. Төлебаева да өз еңбегінде атап көрсетеді.
Қазақ қолжазбаларының деректік байлығын ғылыми тұрғыдан зерттеп, ғылыми
айналымға енгізуде ҚР БҒМ М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
қызметеерлерінің еңбектері мол, атап өтер болсақ Б. Уахатов [43], Е.
Тұрсынов [44], С. Дәуітов [45], М. Шафиғи, М. Жармұхамедұлы [46] т.б.
көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектері.
Соңғы жылдары ауызекі тарихи дәстүрдің жекелеген салаларын тарихи дерек
ретінде ғылыми айналымға тартқан зерттеу жұмыстары жүргізіліп жүр, олардың
ішінде Р. Айтбаева "Ауызша тарих айту дәстүрі бойынша XVIII ғ. қазақ қоғамы
тарихының негізгі мэселелері" [47], 3. Елешованың "ХҮ-ХУП ғғ. қазақ
тарихының фольклорлық нұсқасы" [48], М. Алпысбестің, "Қазақ шежіресіндегі
Қазақстан тарихы (тарихтың зерттелуіндегі шежіре орны)" , Л. Жүсіпованың,
"Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының "Қазақ түбі" үлгілері - тарихи дерек көзі
ретінде" [49] атты зерттеулерін атап өтуіміз абзал.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының деректанушылық қызметінің маңызын көтеріп,
қолжазбаларын ғылыми айналымға қосып, зерттеуде, ғұламаның тікелей
ұрпақтары Жүсіповтер әулетінің қызметін [50] ерекше атап өту қажет.
Әрине, басқа да көптеген ғалымдарымыз өз еңбектерінде ауызекі тарихи
нұсқалар деректерін қолданып, қазақы деректердің тарихилық маңызын атап
жүр.
Шолу жасалынған еңбектердің бәрі де ауызекі тарихи дерек көздердің қазақ
тарихы мен мәдениетін зерттеуде атқаратын ерекше роліне назар аударады,
бірақ осы күнге дейін, осынау дерек көздердің ғылыми жүйеленуі жасалынған
жоқ.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі Қазақстандық тарих ғылымында
зерттеулердің әлі де игерілмеген және кезінде идеологиялық шектеулер себеп
болған, ғылыми қолданылымға тартылмаған әдіснамалық жолдары баршылық. Соның
ішінде, қазақтың төл тарихын халықтың өзіндік мәдениетінің құрамдас бөлігі
– ауыз әдебиеті тарихи дәстүр негізінде жазу мәселесі тұр. Осындай маңызды
дерек көздер қорын тарихи зерттеулерде пайдаланудың методологиялық
ұстанымдары әлі бекітілмеген. Сондықтан, бітіру жұмыстың методологиялық
негізіне қоғамдық ғылымдар аясында көпшілік сүйенетін - сыни және тарихилық
принцип негізге алынып отыр. Тарих ғылымының ортақ принциптерін басшылыққа
ала отырып, Қазақстанның өткен тарихына далалық тарихи дәстүрді ұстанушы,
қазақ қоғамындағы халықтың дүниетанымы тұрғысынан зер салуға талпынамыз.
Танымал тарихшылардың ғылыми-зерттеу әдістері, тарихи фактілерді орынды
пайдалану, тарихи оқиғалардың дамуын хронологиямен қабыстыру, қолданылған
әдебиеттерге дұрыс сілтеме жасау т.б. басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Бітіру жұмысы қазақ ауыз әдебиетіндегі
тарихи дәстур мәліметтерін тарихи дерек көздік тұрғыдан зерттеуге талпынған
еңбек болып отыр.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Зерттеу тақырыбы қазақ ауыз
әдебиетінде сақталған тарихи дерек көздері көбірек қамтыған 20-ғасырда
зерттелген еңбектерде негізделген.
Менің (Ауыз әдебиетіндегі қазақ тарихының зерттелу мәселелері(
тақырыптарындағы көтерілген тақырыптың күрделігімен, келтірілген
фактілердің қызықтылығымен оқушы көпшіліктің назарын аударар деген
үміттемін.
Мұндай асыл мұрамызды зерттеп тарих ғылымының қажетіне жарату
бүгінгі таңдағы басты міндетіміз.
Бітіру жұмысында әлде де зерттеп, терең қатапарларына үңілітеін
ауыз әдебиетіндегі қазақ тарихының зерттелу мәселелерін ашуды мақсат етіп
қойдық.
Құрылымдық жағынан, бітіру жұмысы кіріспеден, 3 тараудан,
тараушалардан, қорытынды бөлімнен және пайдаланған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
"Кіріспеде" зерттеу жұмысы тақырыбынның маңыздылығы ашылып, зерттелу
деңгейі, мақсаты мен міндеттері сараланған. Сондай-ақ, бітіру жұмысының
деректік көздері, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңызы көрсетілген

І АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ХХ ғ. БАСЫНА
ДЕЙІНГІ ЕҢБЕКТЕРДЕ СИПАТТАЛУЫ

1.1.Ауыз әдебиеті – қазақ тарихының қайнар көзі

Қазақ ауыз әдебиетін неғұрлым нақты, жүйелі зерттеудің жолдары көп.
Өскелен дәуіріміз бен талғамы күшті жұртшылдығымыздың биік талаптарына
жауап бере аларлық жаңа ізденістер жүргізу қажеттігі кәміл. Ол үшін ауыз
әдебиеті туралы ғалымдар да жетілдіре, оның методикалық тәсілін кеңейте,
кемелдендіре түсу шарт.
Ауыз әдебиетінің мұрасының өзіндік өзгешілігін анықтауға аса қажет
тәсілдің бірі –салыстырмалы-тарихи әдіс. Орыс фольклортану ғылымы ауыз
әдебиеті шығармаларын осы тәсіл негізінде тексеріп, күрделі нәтижелерге
жетіп жүргені белгілі. Шынында да фольклор материалына кең де жүйелі
салыстырулар жасамай, ондағы үндес қайталама фактілерді тексермей,
олардың заңдылықтарын және ерекшеліктерін есепке алмай ауыз әдебиетінің
табиғатын түсіну қиын.
Бұл мәселені теориялық жағынан дәлелдеп, арнаулы еңбек жазған
көрнекті кеңес фольклоршысы Б.Н. Путилов ( ... В широком смысле под
типологией следует, очевидно, понимать закономерную, обусловленную рядом
объективных факторов повторяемость в природе в обществе, которая
обнаруживает себя в предметах и явлениях, в свойствах в отношениях, в
элементах и структурах, в процессах и состояниях(,-деп көрсетеді [52].
Түптеп келгенде салыстырмалы-тарихи әдістің мақсаты жеке фактілердің
ұқсастығын немесе сәйкестігін анықтау ғана емес, ортақ заңдылықтар мен
процесстерді табу болмақ.
(Фолькор(- ағылшын сөзі. Ол –халық творчествосы, халықтың ауызша
тудырған көркем шығармасы, халық даналығы деген ұғымды білдіреді.
Ғасырдан ғасырға өтіп, мұра болып келе жатқан ауыз әдебиеті немесе
фольклорының маңыздылығы сонда, ол халық тарихымен тығыз байланысты дамып,
белгілі кезеңдегі тарихымен тығыз байланысып дамып, белгілі кезеңдегі
халықтың тарихи оқиғаларын, әдет-ғұрпын елестетеді.
Міне сондықтан ауыз әдебиетін зерттеу, оны бүгінгі заман тұрғысынан
бағалау әдебиет тарихы үшін де, қазақ халқының тарихы мен этнографиясы
үшін де өте маңызды болмақ. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің туындылары
жайында сөз еткенде, ең алдымен , ауыздан –ауызға ауысып, жатталып,
ұрпақтан –ұрпаққа жетіп келе жатқан тамаша эпостық жырларымызды, ұмытылмас
ертегілеріміз, нәзік лирикалы өлең-әңгімелерімізді еске аламыз. Ал, осы
таусылмас, ортаймас асыл қазынаны ұрпақтан ұрпаққа жеткізушілер, ұзақ
жылдар бойы оны ойында мүлтіксіз сақтап келушілер кімдер деген мәселе
жайында көп айта бермейміз.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Ахмет Байтұрсынов өзінің ( Әдебиет
танытқыш( еңбегінде қазақ әдебиетінің жанрлық формаларын топтап, жіктеп
берудегі ғалым даналығына таң қаласың. Эпосты-әуезе, лириканы толғау,
драманы-айтыс деп бір қайырып алып, сала-салаға жіктеп әкетеді: шежіре,
заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, саясат шешен сөз, билік
шешен сөз, қошамет шешен сөз, ділмар шешен сөз, уағыз, көсем сөз (
публицистика). Ауыз әдебиеті түрлері былай жіктеледі: ертегі, аңыз-әңгіме,
өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш бұлар бір топ. Батырлар жыры,
тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, үміт өлең, толғау, терме-бұлар екінші
топ. Мысал, дімар сөз, тақпақ, мақал-мәтел бұлар үшінші топ. Тойбастар,
жар-жар, некеқияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата-бұлар төртінші топ.
Жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыры –бұлар бесінші топ [53].
Сан алуан фольклорлық шығармаларды топтап, саралауға мүмкіндік беретін
сауықтама, сырдама, салттама, ғұрыптама, қалыптама деген терминдер қазіргі
ұғымдарға өзі сұранып тұр.
Ауыз әдебиетіндегі қазақ тарихының зерттелу мәселесіне келетін
болсақ-бұл бұрыннан келе жатқан тарихы бар көп қырлы, әр дәуірде өз
актуалдығымен көрінетін бірден-бір (мәңгілік( проблема, құбылыс.
Революцияға дейінгі және кеңес дәуірінде, әсіресе тәуелсіздік алған
жылдардан бергі уақытта фольклортану ғылымы осы проблеманы зерттеуге
мүмкіндік беретін көптеген материалдар жинады. Бұл заңды да, себебі
фольклордан шығу көзі туралы, оның тарихқа, мәдениетке және халық тұрмысына
қатынасы туралы мәселе- фольклор туралы ғылымның негізгі мәселесі десе
де болады, оны дұрыс түсіну фольклористиканың көп проблемасын шешуге
байланысты.
Өткен ғасырда қазақтың салқар сахарасын аралаған саяхатшылар,
этнограф ғалымдар қазақ ауыз әдебиеті, өнері, тарихы туралы жазған
жазбалары, хаттары, күнделіктері, этнографиялық еңбектерінің өте бағалы
екендігін айтқан жөн. Мұнда, әсіресе, Ш. Уалиханов, Г. Н. Потанин, Ы.
Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы, М.Ж. Көпеев, Ә. Диваев сияқты
озық ойлы азаматтар қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, ауыз әдебиеті
жайында тарих, этнография ғылымы үшін маңызды пікірлер қалдырды.
Қазақ халқы ықылым замандардан ауыз әдебиетін, өнерін, өте жоғары
бола алған. Оған дәлел ретінде Шоқанның досы Г.А. Потанин ( Қазақтың
соңғы ханның үйінде( деген мақаласында өнер иесінің яғни ақын, жыршы,
хиссашылардың өзге адамдармен халық алдында беделдерінің артық екенін,
оларды көпшілік қауым құрмет тұтып, ардақтайтынын жазады.
Қазақ халқының өткен ғасырдағы күн көрісі, әдет-ғұрпы туралы
құнды деректер қалдырған адамдардың бірі-поляк демократы Адольф Янушкевич
Ол 1830-1831 жж. Польша ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқаны үшін Сібірге
жер аударылған болатын. Айдауда жүрген ол қазақ даласында болып,
халқымыздың ауыз әдебиетіне бай, өнерге бейімді екенін жазумен қатар
ақындар айтысын, халық тұрмысын, мейрам салттарын, ауруды емдеу әдістерін,
халықтың діни-сенімдерін жазды. Сол А. Янушкевич (бұратана( халықтың
көкірек тынысын, жүрек дүрсілін түсіне білген. Күнделігі мен хаттарында
мынандай сөздер қалдырды:
(...Осыншама қабілет дарытқан халық цивилизацияға жат болып қалуы
мүмкін емес, оның рухы қазақ даласына аспандай көтеріліп жарқырап сәуле
шашатын болды. Сормандай құл-құтандарды менсінбейтін Үндістан жоғары
касталары сияқты өзінен жоғары қарайтын халықтар арасынан бұл
көшпенділердің де құрметті орын алатын кезі болды(- деп үкен көрегендікпен
халқымыздың келешегіне зор сенім білдірген еді [54].
Халқымыздың өткен өмірі шежіресі іспеттес болған фольклорды
зерттеудің негізін қалаған XIX ғасырда қазақ халқының өз ішінен шыққан
ғалымдары Ш. Уалихановты, Ы. Алтынсаринды үлкен мақтанышпен айта аламыз.
XX бас кезінде қазақ ауыз әдебиеті, ондағы тарихи оқиғалар жөнінде
еңбектер біршама көбейеді. Өткені, ол кезде Орынбордың архив комиссиясы,
Иператорлық орыс география қоғамы қазақ халқының әдет-ғұрпы, өнерін, ауыз
әдебиетін үлгілерін зерттей бастады. Мерзімді баспа сөз беттерінде ауыз
әдебиеттеріндегі тарихи жырлар, эпостар , олардағы тарихи оқиғалар жөнінде
мақалалар жарыққа шықты. Сол кезде газет-журналдар, 1989 жылы шыққан
(Этнографиялық шолу( журналы, ( Орынбор өмірі( газеті, (Айқап( журналы
тарихқа, этнографияға қатысты ауыз әдебиеті үлгері жиі жариялап тұрды.
XIX ғасырдың аяғында Қазан, Орынбор кітап баспаларынан халық
аузынан жинақталған батырлар жыры шыға бастады. Қазақ халқының әдет-ғұрпы
мен фольклорлын жинауда, зерттеуде орыстың алдыңғы қатарлы озық ойлы
ғалымдары В.В. Радловтың, Г.Н. Потанинның, Ә. Диваевтың еңбектері өте көп
Ауыз әдебиеті мұраларын жинауда Ә.Диваевтың еңбегі зор. Оның қолымен
жүздеген мақал-мәтелдер, тарихи жырлар т.б. ауыз әдебиеті үлгілері жазып
алынды. Ә.Диваев ауыз әдебиеті нұсқаларын тарихпен, этнографиялық
материялдармен байланыстыра жинады. Ол халық әдебиетін халықтың тұрмысын,
тарихынан бөле қарауға болмайды деп біледі. 1920-1922 жылдары Ә Диваев
бастаған Жетісу, Сырдария экспидицияларының іс- тәжірбиелері осыны
айғақтайды.
Ауыз әдебиетіндегі қазақ тарихының зерттелуі мәселелері әсіресе
Кеңестік дәуірде, тәуелсіздік жылдарда жаңа методикалық шептерге шыға
бастады. Ә.Марғұланның ( Ежелгі жыр, аңыздар ( ( Алматы, 1985) ( Қазақ
фольклорының типологиясы( ( Алматы, 1981), ( Қазақ фольклористикасының
тарихы( ( Алматы, 1988) , (Фольклор шындығы( ( Алматы,1990), Айтаева Р.Т.
(Ауызша тарих айту дәстүрі бойынша XVIII ғ. Қазақ қоғамы тарихының
мәселелері( (Алматы, 1992 ) , Е.Е. Ысмайлов, М. Әуезов, Ә. Қоңыртаев,
С.Мұқанов, Ш. Ибраев, М. Әуезов, М. Мұқанов, және көптеген ғалымдардың
еңбектері ауыз әдебиеті мұрасын толық әрі жан-жақты меңгеруге
көмектетесті.
1.2. Ш.Уәлиханов пен Г.Н.Потаниннің еңбектеріндегі ауыз әдебиеті мен тарих
мәселесі

Фольклордың тарихпен байланысы туралы мәселе - бұрыннан келе жатқан тарихы
бар көп қырлы, әр дәуірде өз актуалдығымен көрінетін бірден-бір мәселе,
құбылыс.
ХІХ ғасырдағы қазақ ауыз әдебиетін зерттеушілердің мұрасына көз
салсақ, фольклордың тарих пен әлеуметтік шындықпен байланысы туралы
мәселенің Ш. Уәлиханов пен Г. Н. Потанин еңбектерінде кең де, жемісті
қарастырылғанын байқаймыз. Ш. Уәлиханов (ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары) пен Г.
Н. Потаниннің (ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы) жинаушылық пен
зерттеушілік қызметі отандық ғылым, оның ішінде тікелей фольклористикалық
еңбектердің кемелденуі өткен ғасырдың екі кезеңіне сәйкес келеді. Бірақ,
олардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің ұқсастығы қазақ фольклорын және
ондағы тарихи оқиғаларды зерттеудегі үндестікке алып келді.
Ш. Уәлиханов жинаған материалдары бойынша бір ізге түсірілген
фольклорлық жинақ немесе монография жазып үлгерген жоқ. Дегенмен Ш.
Уәлихановтың флоьклордың тарихқа қатынасы туралы мәселені қалай қарағанын
ғалымның бізге жеткен саяхат күнделіктерінен және тарих, этнография, заң
туралы еңбектерінде кездесетін фольклор жайлы тұжырымдарынан көруге болады.
Оның үстіне атап айтатын нәрсе, Шоқанның фольклортанудағы үлгере алмаған
істері мен ой-пікірлері оның досы және пікірлесі Г. Н. Потаниннің жинақтары
мен мақалаларында, монографиясында көрініс тапты.
Мысалы, қырғыз халқының айтулы мұрасы "Манас" жырын бірінші рет қағаз
бетіне түсіріп, оны әдебиет дүниесінің белгілі бір кеніші еткен әу баста
жас ғалым Шоқан еді. Бірақ Шоқан жазып алған "Манас" жырының қырғыз тексті
көп заман белгісіз боп жатты. Бұл версияны жарыққа шығаруға шығыс әдебиетін
зерттеуші ғалымдардың талай уақыттарын бөлген. Шоқанның еңбектерін бірінші
баспаға дайындаған Н. И. Веселовский 1902 жылы 21 март күні Археология
қоғамының шығыс бөлімінде болған мәжілісте ғалымдарды Шоқанның "Манас"
жырынан аударған үзіндісімен таныстырып, жырдың қырғыз текстінің жоғалып
кеткеніне қатты күйзелген болатын. "Көкетай ханның ертегісі" деп аталатын
бұл жырды тегінде Шоқан толық аудармаған және бұл аударманың өзін Г. Н.
Потанин болмағанда табу оңай емес еді. Аударма Шоқанның ескі досы К. К.
Гутковскийдің үйінен табылады. "Көкетай" жырының бұл үзінді аудармасын Н.
Н. Веселовский қысқаша коментариймен шығыс бөлімінің журналында бірінші рет
жарыққа шығарды [55]. Одан кейін Шоқанның аудармасы баспадан бірнеше рет
шығып, Европа ғалымдары "Манас" жырымен ең алғаш осы арқылы танысты.
Алайда, Ш. Уәлиханов пен Г. Н. Потаниннің еңбектеріндегі фольклордың
тарихқа қатынасы туралы мәселенің қалай қаралғанын зерттеу тек тарихи
тұрғыдан ғана қажет емес, бұл - өткендегі мұрамен жалғасқан қазіргі
фольклортану ғылымының талабы. Бұл мәсәлені шешу үшін Ш. Уәлиханов пен Г.
Н. Потанин фольклор табиғатын - бірыңғай тарихтың сәулесі, зерттеліп
отырған халықтың тұрмысы және дүниетанымы ретінде түсінеді. Озық ойлы,
қоғамдық-саяси мәселерге ағартушы ретінде қарайтын демократ Ш. Уәлиханов
фольклордың тарихилығын алғы шарт деп санады. Оның айтуынша: "Көшпелі, жазу-
сызуы болмаған халықтардың тарихы фактыдан гөрі аңыздарында көбірек
сақталған"[56]. Өзінің басқа еңбектерінде де Ш. Уәлиханов осы пікірін
дәлелдеуге тырысады: "Көшпелі якут, қалмақ, монғолдардың, дейді ғалым, - ...
өз поэзиясы бар. Демек, олардағы өзіндік ... интеллектуалдық, прогрессивтік
өмірі де бар... Якут поэмаларының көркемдік қасиеттерімен бірге тарихи да
маңызы бар. Бұл поэмалардың әрқайсысы халық өмірінің әр дәуіріндегі белгілі
тарихи оқиғаларды өшпес етіп кетті"[57].
Ш. Уәлиханов фольклордың тарихи негізін сөз еткенде, тарихты кең
мағынада түсінеді. Сонымен қатар ғалым тарихты белгілі бір халықтың өткен
өмірі ретінде ғана емес, өмір шындығы, қоғамдық қарым-қатынас, әдет-ғұрып
пен сенімнің идеалдық жиынтығы ретінде қарастырады. Ол былай деп тегін
жазған жоқ "... қазақтың поэзиясы - халық өмірінің, түсінігінің, қоғамдық
қарым-қатынасының шын айнасы, оның өте көптеген қызғылықты шақтары бар"
[58].
Шоқанның фольклордың тарихилығын осылайша түсінгендігін оның қырғыз
халқының "Манас" эпосы туралы айтқан пайымдауларынан да көреміз: "Манас -
қырғыз халқының географиялық, діни, ақыл-санасының және әдет-ғұрыптарының
энциклопедиясы... ", - дейді ғалым [59]. Ал, Г. Н. Потаниннің фольклордың
тарихилығы жөніндегі көзқарасы Ш. Уәлихановқа жақын. Оның халық ауыз
әдебиетін жинау мен зерттеудегі еңбегінде фольклор - тарихтың, тұрмыстың
және дүниетанымның көрінісі деген тұжырым айқын көрінеді. Көкшетау өлкесіне
экспедицияға шығар сапарында ол былай деді: " Менің Көкшетау өңірін
таңдаудағы мақсатым, бұл жер өткен ғасырда хан ордасы болған: Бұл жер қазақ
халқының өмірі туралы, сондықтан осы жерден қазақ халқының өмірі туралы
біраз тарихи естеліктер табуға болатын сияқты ".
Қазақ халқының ауыз әдебиеті әдеби немесе фольклорлық - тарихи
шындықпен және оның көркем көріністерінің әртүрлі әдістерімен ерекше
қатынаста болады. Сондықтан осы мәселе бойынша Ш. Уәлиханов және Г. Н.
Потанин еңбектерін зерттеуді эпикалық жанрдың көне түрлерінен, яғни миф,
космогониялық, топонимикалық, этнологиялық аңыздар мен әпсаналардан бастау
керек сияқты.
ХІХ ғасырдағы көптеген зерттеушілер сияқты Ш. Уәлиханов пен Г.Н.
Потанин мифтің шығуын этнографиялық тұрғыдан қарайды. Олардың ойынша көне
мифология - алғашқы адамдардың күнделікті өмірді және қоршаған табиғатты
танудағы түсінігінің сәулесі. Хайуанаттар эпосының тууын Г.Н. Потанин
алғашқы адамдардың өзін қоршаған жануарлар әлемін, қимылдарын, істерін
түсінуге тырысқанынан пайда болған дейді.
Г. Н. Потанин Ш. Уәлихановтың космогониялық миф пен әпсаналар ертедегі
адамдардың дүниетанымы және күнделікті өмірінің тәжірибесі негізінде
құрылған деген ойын қолдайды. "Темірқазықтың қозғалмай тұруын, - дейді ол,
- көшпенділер мен аңшылар көрген, сондықтан ол Солтүстік Азия аңыздарында
орын тепкен" [60]. Ол басқа бір еңбегінде тағы да былай дейді: " Солтүстік
Азия тұрығындары Темірқазықты Темір немесе Алтын қазық деп атап қана
қоймай, сонымен бірге көптеген нанымдарды осы жұлдыз атымен байланыстырады.
Қазақтар Темірқазықты екі атты арқандап қойған қазық деп біледі".
Ал енді, тікелей ауыз әдебиетіндегі тарихи шындық мәселесіне келетін
болсақ, Ш. Уәлиханов пен Г. Н. Потаниннің топонимикалық аңыз бен
әңгімелердің өмірге қатысы туралы айтқан ойлары да қызғылықты. Ш.Уәлиханов
топонимикалық аңыздардың жасалуындағы нақты - тарихи фактінің роліне ерекше
көңіл бөледі. Мысалы, ол Ыстықкөл жайлы аңыз туралы айта келіп, бұл аңызда
вулканның тас атқылау кезінде жер сілкінуден қираған қалалар туралы айтады.
Өзінің басқа бір еңбегінде ғалым Сантас қорғанының неге бұлай аталатынын
түсіндіре келе, ақсақ Темір жайындағы аңызға тоқталады. Қытай императорының
қызын өз гареміне алмақ болып келе жатқан Ақсақ Темір әскерлеріне бір - бір
тастан бір жерге үйдіртеді. Қайтып келе жатып ол әскеріне тасты екінші
жерге қойдыртады. Көтерілмей қалған тастар арқылы қанша адам жоғалтқанын
біледі. Бұл аңыз туралы Ш. Уәлиханов былай дейді: "Бұл аңыз тарихы шындыққа
қарама - қайшы, Ақсақ Темірдің Қытайға жорыққа аттанғаны рас, бірақ ол
Самарқандтан көп ұзамай-ақ Отырар шаһарында өледі"[61].
Ш. Уәлиханов, Г. Н. Потаниннің тарихи аңыз, әңгімелер туралы айтқан
ойларының ерекшелігі бар. Ш. Уәлиханов фольклор мен тарихи шындық
арасындағы байланыс туралы айтқан ойларын дәлелдей келе былай дейді: "ХҮІІІ
ғасыр - өзара соғыс пен қиыншылық уақыты болады. Осы кезеңге қатысты
аңыздардаң көпшілігі қайғылы, қасіретті болып келеді. Шапқыншылардың
кесірінен туған жерлерін тастап қашу... Осы дәуірдегі қазақтардың аңыздары
қаншалықты қайғылы, мұңды болса, қалмақтардың аңыздары соншалықты қуанышты,
көңілді болып келеді" [62].
Ш. Уәлиханов аңыз, әңгімелердің тарихпен байланысын айтып қана қоймай,
осы байланыстың ерекшеліктеріне тоқталады. Ғалым қазақтың тарихи аңыздары
қоғам прогресін, өмірді, сезімді дамытатын халық даналығынан шыққан
шығармалар. Бір кісінің аузынан шыққанмен бүкіл елдің атынан айтылатын
шығармалар. Сондай-ақ оларда қиял - ғажайып элементтер де жоқ емес деп
тұжырымдайды.
Ал, Г. Н. Потаниннің тарихи аңыздар мен әңгімелерге көқарасы бұдан
сәл басқаша. Өз еңбектерінде Шыңғыс хан мен Едіге туралы аңыздарын талдай
отырып, Шыңғыс пен Едіге тәрізді тарихи адамдарды ертегі кейіпкерлеінен
айыра білу қажет. Оның ойынша Шыңғыс хан мен Едіге туралы аңыздар мен
әпсаналар осы адамдардың тарихи сахнаға шыққанға дейін пайда болған. Ол
былай деп жазды: "... Шыңғыс деген сүйек (ру) бұрыннан болғандықтан бұл
атауды (есімді) өте көне деуге болады. Кез - келген рудың осы аттас бабасы
болған, ал ол туралы аңыз да болған. Сондықтан Шыңғыс туралы аңыздардағы
біраз нәрсе ХІІІ ғасырдан ерте пайда болған. Шыңғыс хан - деген атау, оны
Тэмучжин хан болғаннан кейін өзіне кемелденген. Ол есімді ол өзі ойлап
шығарған жоқ, есім елге бұрыннан белгілі. Міне, осы есімге байланысты
аңыздар ежелден болған болу керек, олар баба аруағын дәріптеген. Бұл
аңыздар Шыңғыс атауымен бірге Тэмучжинге де көшкен" [63].
Ертедегі Шыңғыс хан мен Едігенің тарихтағы осы аттас адамдардан бұрын
пайда болғанын дәлелдеу үшін Г. Н. Потанин осы геройлар атымен байланысты
аңыздардың туу негіздерін табуға тырысады. Ол негіздер оның ойы бойынша -
монғол халықтарының діни, табыну нанымдары және осымен байланысты
хикаяттар.
Г. Н. Потаниннің ойынша аңыздарда Шыңғыс атымен тірі онғон
түсіндіріледі. Онғон дегеніміз - көп жағдайда өлі, ал кейбір уақытта ғана
тірі заттар. Семьялық, тайпалық және халықтық онғондар болады. Ғалымның
ойынша Шыңғыс хан халықтық онғон, себебі сол өмір сүрген уақыт монғолдарда
қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман, алтын ғасыр саналған.
Ш. Уәлиханов эпикалық Едігенің тарихи нақты өмір сүрген адам екенін,
ол туралы халықта аңыздар қалыптасқанын айтқан. Ол былай деп жазады:
"Тоқтамыс хан мен Ақсақ Темір сияқты Едігенің өмір сүргені анық. Ол тек
халық аңыздарымен ғана емес, жазба деректермен де дәлелденді" [64]. Немесе
"Қазақ тарихы жырларының көркемі - Едіге .., бұл кәдімгі Тоқтамыс
жарлығында кездесетін Едіге, Әлеку, Едігей" [65]. Шоқан Уәлихановтың осы
пікірін ескере отырып, Г. Н. Потанин өз пікіпінде қалады.Ол "Ш.Уәлиханов,
қазақ ертегісінің тарихи Едігеге қатысы бар деп ойлаған болуы керек" [66] -
деп жұмсақ түрде ғана ескертеді.
Г. Н. Потаниннің тарихи аңыздар, әсіресе фольклордың тарихилығы туралы
айтқан ойлары даусыз емес. Бүгінгі күнге дейін фольклор шығармаларындағы
тарихилық, реальдық, фантастикалық, ертегілік деген құбылыстар,
фольклористиканың өзекті мәселелері ретінде әртүрлі бағытта қарастырылады.
В. М. Жирмунский - Едіге Алтын Орданың ірі қоғамдық қайраткері болған,
ал оның Тоқтамысқа қарсы күресі эпикалық шығармаларға негіз болған тарихи
фактор дейді. Эпикалық әсірелеу арқылы батыр бейнесі фольклорлық
элементтермен толықтырылып, тарихи оқиғалар оның өмірінің бір қыры ғана
болып қалады. Осыдан В. М. Жирмунский батырлық эпос біртіндеп ертегіге
айналады деген қорытынды шығарды.
Сондықтан көптеген фольклор зерттеушілердің еңбегінен эпос- тарихтың,
ал эпикалық қаһарман - нақты тарихи - адамның көшірмесі емес екенін көруге
болады. Өзінің қалыптасуында эпос белгілі бір тарихи оқиға, түсінік,
қатынас және бейнелерге сүйенеді. Сонымен қатар халық оны көркемдей,
әсірелей отырып, өзінің көп ғасырлық идеалын, арманын білдіреді. Сондықтан,
біздің ойымызша Г. Н. Потаниннің тарихи және эпикалық Шыңғыс хан мен
Едігенің айырмашылығын және олар туралы тұжырымдары өте дұрыс.
Г. Н. Потаниннің Шыңғыс хан жайлы тарихи аңыздар, құдай, аспан баласы
Шыңғыс жайлы көне мифтерден кейін туды деген ойы революцияға дейінгі және
кеңес заманындағы фольклор зерттеушілерінен қолдау тапса, ғалымның Едігені
космогониялық немесе шамандық жолмен туды деуі, біздің ойымызша, ешқандай
тарихи негізсіз.
Ш. Уәлиханов пен Г. Н. Потаниннің Шона батыр (Қарасақал) жайлы тарихи
аңыздарға көзқарасы өте қызғылықты. Екі зерттеуші де Шона батыр жайлы
аңыздардың әр тілді халықтар ауыз әдебиетінде кең тарағанын атап өтеді. Ш.
Уәлиханов былай дейді: "Шонаны кең даланың әр бұрышында біледі... ол туралы
естеліктер алтайлық қалмақтар, қазақтар және Еділ бойындағы қалмақтарда да
поэтикалық шығарма түрінде сақталған, қазақтар тек Сна батыр дейді...(?)...
Шона батыр туралы ең үлкен әңгіме алтай қалмақтарында сақталған" [67]. Г.
Н. Потанин де Шона батыр туралы аңыздардың Еділ бойындағы қалмақтар мен
қазақтар, алтайлықтар, татарлар, буряттар, хакастар ортасында кең
сақталғанын айтады.
Бірақ Ш. Уәлиханов пен Г. Н. Потанин түркі - монғол халықтары арасында
Шона батыр жайлы аңыздардың көп тарағанын айта келіп, аңыздың өзі мен оның
қаһарманы жайына келгенде келіспейді. Ш.Уәлиханов Шона батыр жайлы
аңыздарға арнап жеке еңбек жазған. Ол үшін Шона батыр - ең алдымен тарихи
адам, оның есімімен белгілі нақты оқиғалар байланысты. Ол былай деп жазады:
"Атақты адамдардың қатарына Қарасақал да жатады. Ол 1740 жылы башқұрт
халқын шулатқан және өзін сол кездегі жоңғар қонтайшысы Галдан-Цереннің
інісі Шонамын деп атаған. Далада қоныс тепкен ол Россиямен қатар Жоңғарияға
да қауіпті болды: біріншісі тағы башқұрт халқын көтереді деп, екіншісі оның
өзін Шона деп атағанынан қорықты...(...)... замандастары оның өтірік немесе шын
Шона екенін біле алмады...". Ш. Уәлихановтың ойынша, Шона мен Қарасақал - екі
адам, олардың өмірде болғаны анық, тек мәселе олардың кім екендігінде? Оның
Шонаны "Жұмбақ жан әрі бақытты авантюрист" немесе өзінің батыл ойымен
Галдан-Церенді қорқытқан "жұмбақ башқұрт" деп атауы тегін емес. Көріп
отырғанымыздай Ш. Уәлиханов Шона туралы аңызды нақты адаммен және сол
уақыттағы оқиғалармен тығыз байланыстырған. Сонымен бірге оның, даланың
нағыз тұрғындары үшін тек жалғыз Шона бейнесі ғана сақталып, ал Қара -
Сақал аты жайылған деген ескертпесі де қызғылықты. Өкінішке орай Ш.
Уәлиханов ол ойын ары қарай дамытпаған.
Г. Н. Потанин Шона батыр жайлы аңыздарды басқа жағынан зерттейді.
Ғаламның ойынша Шона туралы аңыздардың тарихпен байланысы үзілген,
сондықтан ол оңтүстік сібір вариантын Шуно атты баба-қасқыр туралы
аңыздармен байланыстырады. Жалпы алғанда Г. Н. Потанин Шона батыр туралы
аңыздарды фольклордағы әлемдік сюжеттердің кең тарайтынын көрсетеді деп
санайды. Г. Н. Потанин еңбектерінде Шона бейнесінің эпикалық жинақтылығы
барынша шегіне жеткендігін және тарихи шындықтан мүлде алшақтағанын
көреміз.
Бұл кезеңде Ш. Уәлиханов, Г. Н. Потанинмен қатар қазақ ауыз
әдебиетіндегі тарихи мәселелерді өз еңбектерінде зерттеген ғалымдар
В.В.Вельяминов - Зернов, А.П. Харузин, В.В. Григорьев, А.Е. Алекторов, Ә.
Диваев, В.В. Радлов сияқты т.б. толып жатқан адамдардың қазақ фольклоры мен
этнографиясын жинауға ат салысуы осындай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ әдебиеті және Зәки Ахметов
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Қазақ әдебиетін тарихи дәуірлеу
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Қазақ фольклорының тарихы
Пәндер