Малайсары тархан



Малайсары батыр. Бұл тұлға туралы деректерді алғаш рет Шоқан жазбаларынан кездестіреміз. Ең алдымен оқырманға ескерте кететін нәрсе, Шоқан Уәлиханов зерттеулеріне қазақ тарихының басты оқиғалары мен ең шешуші тұлғалары іліккені. Қазіргі күні ғылыми тілде бұл мәселені түсіндіру қиын, мүмкін бұл қазақтың дана ұлының табиғи зеректігіне, терең түсінігі мен интуи­циясына байланысты болар, яғни ХVІІІ ғасыр үшін Малайсары батыр Абылай ханмен қатар аталатындай “знаковая фигура”. Ол сол заманның тыныс-тіршілігін, қазақ халқының сыртқы-ішкі жағдайын ашып бере алатын толыққанды тарих қайраткері. Шоқанның аз ғұмырында қазақ тарихының қалың қатпарларынан ең басты мәселелерді, сәулелі тұлғаларды іліп алған талғампаз, көрегендігіне таң қалмасқа болмайды.
Шоқан жинағының бірінші томында “Исторические предания о батырах ХVІІІ века” аталатын мақала бар. Мұнда ғалым ХVІІІ ғасырдың бетке ұстар ұлдарының көпшілігін қазақ аңыздарына сүйене отырып атап кетеді. Шоқан берген баға бойынша Малайсары батырдың тарихтағы орны Қаз дауысты Қазыбек, уақ Деріпсал, Баян батыр деңгейінде. Ғалым былай дейді:
“Когда спросили у Аблая, кого он из батыров более уважает из всех трех орд, он отвечал: “Из предшествовавших мне мужей двое заслуживают удивления: Казы­бек каракесековец, который возвратил от Галдана 90 своих пленных и Дерпсалы уаковец, также возвративший своих пленных. Первый возвратил просьбой и был сам у Галдана, а последний устрашил врага сидя в своем ауле. Из моих батыров басентииновец Малайсары по богатству, храбрости и по характеру, и уаковец Баян по уму и храбрости стоят выше всех” (Ч.Валиханов.Собр.соч. Т.1. с 125).

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Малайсары тархан

Малайсары батыр. Бұл тұлға туралы деректерді алғаш рет Шоқан
жазбаларынан кездестіреміз. Ең алдымен оқырманға ескерте кететін нәрсе,
Шоқан Уәлиханов зерттеулеріне қазақ тарихының басты оқиғалары мен ең шешуші
тұлғалары іліккені. Қазіргі күні ғылыми тілде бұл мәселені түсіндіру қиын,
мүмкін бұл қазақтың дана ұлының табиғи зеректігіне, терең түсінігі мен
интуи­циясына байланысты болар, яғни ХVІІІ ғасыр үшін Малайсары батыр
Абылай ханмен қатар аталатындай “знаковая фигура”. Ол сол заманның тыныс-
тіршілігін, қазақ халқының сыртқы-ішкі жағдайын ашып бере алатын толыққанды
тарих қайраткері. Шоқанның аз ғұмырында қазақ тарихының қалың қатпарларынан
ең басты мәселелерді, сәулелі тұлғаларды іліп алған талғампаз,
көрегендігіне таң қалмасқа болмайды.
Шоқан жинағының бірінші томында “Исторические предания о батырах ХVІІІ
века” аталатын мақала бар. Мұнда ғалым ХVІІІ ғасырдың бетке ұстар ұлдарының
көпшілігін қазақ аңыздарына сүйене отырып атап кетеді. Шоқан берген баға
бойынша Малайсары батырдың тарихтағы орны Қаз дауысты Қазыбек, уақ
Деріпсал, Баян батыр деңгейінде. Ғалым былай дейді:
“Когда спросили у Аблая, кого он из батыров более уважает из всех трех
орд, он отвечал: “Из предшествовавших мне мужей двое заслуживают удивления:
Казы­бек каракесековец, который возвратил от Галдана 90 своих пленных и
Дерпсалы уаковец, также возвративший своих пленных. Первый возвратил
просьбой и был сам у Галдана, а последний устрашил врага сидя в своем ауле.
Из моих батыров басентииновец Малайсары по богатству, храбрости и по
характеру, и уаковец Баян по уму и храбрости стоят выше всех”
(Ч.Валиханов.Собр.соч. Т.1. с 125).

Біздің ойымызша, Малайсары 1708 жылдары Сырдың бойында Түркістан
атырабында туып, кейін Арқаға көшкен. Әкесі түйені көтерген, жолбарысты
жалаң қолымен жарып өлтіретін Тоқтауыл батыр. Малайсарының шешесі қалмақтың
атақты нояндарының қызы, түп-тегі хошоуыт тайпасы болса керек. Шежіреге
қарасақ, аты – Молдыр. Қалмақтың тілінен аударғанда асылтас деген ұғымды
білдіреді. Малайсары батырдың анасының атымен аталатын елді мекен, қоныс
атауы Павлодар облысы, Май ауданының картасында кездеседі.
Малайсарының Сырдың бойында туғанына дәлел – інілерінің аттары.
Бірінің аты – Бағыс, екіншісінің аты – Қарнақ. Бұл екі жер де тарихи
орындар, қазақ баласына белгілі. Бағыс осы жақында ғана Қазақстан мен
Өзбекстан арасындағы шекара мәселесіне байланысты елдің құлағында, ал
Қарнақ Әзіреті Түркістанға 25 шақырым жерде орналасқан қала. Бұл Қарнақта
қасиетті Әзіреті мешітіндегі қазанның жасалғаны, революцияға дейінгі
заманда Қарнақтың бір өзінде қазақ балаларын дін жолына тәрбиелейтін 22
медресенің болғаны бәрімізге белгілі.
Шоқан жинағының үшінші томында “Черновой набросок о древних грамотах”
дейтін мақаланың тарихи құндылығы өте күшті. Мақаланың мазмұны қазақ
хандарына, батыр-билеріне сыртқы елдерден (қалмақ, қытай) келген грамоталар
жөнінде. Шоқанның жазуына қарағанда Абылай немерелерінің қолында көптеген
тарихи мұралармен бірге Қытай императорлары Цянь-Лун, Цзя-Цин атынан келген
грамоталар сақталған. Бұлардың деректік қабілеті ХVІІІ ғасыр тарихын
зерттеу үшін өте күшті: “грамоты эти писаны на маньчжурском, калмыцком и на
так мало известном (тюркском) языке, на которым говорят жители Малой
Бухарии, или китайского Туркестана, и потому имеют немалый интерес для
наших ориенталистов”, – дейді зерттеуші.
Шоқан қолындағы грамотаның бірі Жоңғар қонтәжісі Қалдан Сереннің
Малайсары батырға “тархан” атағын беру туралы жарлығы. Бұл грамота қалмақ
тілінде “тодо бичиг” жазуымен жазылған (“төте жазу” – деген сөз осыдан
шығады). Шоқан Малайсарыға берілген грамотаны батырдың ұрпақтарынан алып,
өз туысы Абылай Ғаббасұлына оқытады. Ғаббас (қазақ ішінде Ғаббас хазірет
дейді) Уәли ханның Ғұбайдолладан кейінгі екінші ұлы, дипломатиялық қызметке
жас кезінен бастап дайындалған, Қытайда оқыған адам. Оның баласы Абылай да
бірнеше тілде сөйлеп, жаза білетіні ғылыми деректерден белгілі. (Қазақ
төрелерінің ішінде өз балаларына аты шыққан, ұлы аталарының атын беру жиі
кездеседі. Бұл қалыптасқан дәстүрге ұқсайды. Мысалы Абылай (Әбілмансұр)
генеалогиясын қарайық: Шыңғыс хан ® Жошы ® Орда Ежен ® ... Есім ® Салқам
Жәңгір ® Аула Бақи ® Абылай (Қанішер) ® Уәли (Көркем) ® Әбілмансұр (Абылай)
® Уәли ® Ғаббас ® Абылай, және т. с. с). Шоқан осы мақалада Малайсарыны
“киргизский родоначальник (бий и батыр)” деп атайды. Бұл мысал Абылай
тұқымының Малайсары батырдың тарихтағы орнын толық белгілегенін, жоғары
баға бергенін көрсетеді.
Қалдан Серен грамотасының негізгі мәтінімен қатар Шоқан Малайсарыға
қатысты бірнеше тамаша анықтама береді. Оның жазуынша ол Абылай заманындағы
батырлардың ішіндегі ең белгілісі: “Малай – Сара, по калмыцкому
произношению Малай - Шора, был одним из самых (влиятельных) биев и батыров
Средней Орды во времена ханов (Абульмамбета) и Абылая. Малай - Сара
происходил из басен­тийнского рода аргынского племени”(Ч.Ч.Валиханов.
Собр.соч. т. 4. с. 302).
Шоқан зерттеуіне қарағанда Малайсарының аты шыға бастаған уақыт XVІІІ
ғасырдың бірінші жартысы, қазаққа төрт құбыланың бәрі жау болып, жан
қысылған уақыт: “Когда джунгары, буруты (қырғыз – авт.), каракалпаки,
башкиры, русские казаки, волжские калмыки со всех сторон теснили и грабили
беззащитный народ, в это-то время неурядиц, смут, голодных годов и начинает
возвышаться Малай - Сары, один из первых сподвижников султана Абылая...”
(Ч.Ч.Валиханов.Собр. соч. 302).
Абылай маңында бұл кезеңде бірнеше саяси бағыт, мүдде, қөзқарас
көрініс таба­ды. Солардың ішінде отаншыл бағыттағы топтың (Шоқан жазуынша
“патриоттық партия”) көсемі Малайсары болғанға ұқсайды. Ресей бағытында ол
кезде Орта жүздің Шақшақ Жәнібек сияқты батыры, ірі ру басшысы болды. Шоқан
жазба­ларына, басқа да деректерге қарағанда орыс партиясының ел арасындағы
беделі онша болмаған сияқты. Шоқан “русская партия была ничтожна” деп
жазады.
Бір ғажабы Шақшақ Жәнібектің Ресейден, ал Малайсарының Жоңғариядан
“тархан” атағын алуы қатар болған. Бұл кездейсоқтық емес екені айдан анық.
Қазақ басшыларының алдында Шоқан айтқандай екі кеменің біреуінің құйрығын
ұстау міндеті тұрды. Бірақ Абылай өзінің кемел ақыл-парасатының,
ұстамдылығы мен кемеңгерлігінің арқасында екі жаққа да бой алдырмай,
мемлекет тәуелсіздігін қорғай білді.
Шоқан Малайсары туралы жақсы бағасын бұл қолжазбада да қайталайды:
“Малай - Сары пользовался уважением в народе и у самого Абылая, ибо был
богат, умен и храбр – достоинства, которые редко соединяются в одном лице”.
Енді архив деректеріне келейік. 1743 жылы қыркүйек айының 22-інде Орта
жүзге арнайы тыңшылық сапармен барған башқұрт Тоқан Балтасевтың
мәлімдесінде казақ – қалмақ одағының нығайғаны, Қалдан Сереннің Абылайды
тұтқыннан босатып, сый құрметпен еліне аттандырып салғаны жазылады. Сонымен
бірге бұл мәлімдемеде Малайсары аты да аталады: “Аблай и приехавший с
Абульмамбетевым сыном киргизец Малай-Сары утверждали, что когда они
приедут, то Бараков сын, конечно, отдан будет... Галдан - Чирин причем им
награждение учинил, а именно: Аблаю и Малай-Сары — одного знатного
ташкентского сарта, который живет у него во владении, Галдана - Чирина, по
дочери в замужестве дал, и сверх того, Аблаю обещал дать в Ташкенте
несколько в вотчину... А Малай-Сары пожалован в ближние к себе четырем
человеком да сто кобылиц за то наипаче...” (Казахско-русские отношения в
ХVІ-ХVІІ в., 1961. с. 297).
Бұл дерек ұзақ жылдарға созылған қазақ-қалмақ жаугершілігін тоқтатуға
себеп болған үлкен мәмілегерлік келісімнің болғанын, қазақтың үш жүзінен
барған тоқсан жақсының ішінде Малайсарының жоғары тұрғандығын көрсетеді.
Бұған себеп Малайсарының қазақ пен қалмаққа танылған ерлік даңқы, ақылы мен
парасаты, қалмақ ішіндегі жиендік беделі. Батырдың анасы қалмақтың белгілі
нояндарының қызы деп жоғарыда айтқанбыз.
Баяндалған оқиғаға қатысты кейбір деректерді орыстың Абылайға келген
елшісі капитан Яковлев жазып алады. Деректі айтушы Бөгенбай мен Жәпек
батырлар. Бөгенбай қазаққа да, оның сырт көршілеріне де белгілі батыр –
қолбасшы, ал Жәпек атығай руынан, Абылайдың сенімді нөкері, тұтқында бірге
болған, тағдыры бір адамдар. Олардың баяндауынша Қалдан Серенге қазақтың
тоқсан жақсысы Абылайды босату үшін Әбілмәмбет баласы Әбілпейізді аманатқа
алып келгенде Қалдан қатты ашуланса керек. Оның түсінігінде Абылайды босату
үшін қазақ елі өзінің басты-басты адамдарының балаларын қалмақ ордасына
аманатқа түгел беруі керек еді. Қазақтың игі жақсылары осы сәтте
қаңтарылып, үндемей қалға­нында қонтәжіге жауапты Малайсары береді: “у нас
и в Россию со всех родов в аманаты не требуют, а ты де хочешь быть больше
Великорусского государства”. А.И.Яковлевтің жазуына қарағанда әңгіме осылай
болған-мыс.
Осы кездесуде жоңғар қонтәжісі тарапынан Малайсарыға тархан атағының
берілуі Орталық Азияны мекендеген көшпелі қазақ және қалмақ елдерінің
бейбіт қатынасының тамаша бір дәлелі. “Тархан” атағы көнеден келе жатқан
лауазым, дәреже, бұл атақтың иелері алым-салықтан босатылады, анау-мынау
ұсақ қылмыс бойынша тек хан алдында ғана жауап береді. Көне түркілік
“тархан” дәрежесі XVІІІ ғасырда Жоңғария мемлекетінде барынша көрініс
табады. Мысалы қалмақ қонтәжісі Батыр қонтәжінің ұлы Сенге 1663 жылы лама
дінінің ірі өкілі Кэлэмурчиді шақырып, оған “дархан” атағын тапсырып тұрып
былай дейді: “Сэнге щедро одарил их подарками и пожаловал им достоинство
дарханов, объявив (при этом): “(Отныне) в нашем (джунгарском) хошуне, если
(у вас) лошадь выбьется из сил, то берите (безвозмездно) другую, а если (у
вас) кончится провиант, то можете (безвозмездно) брать себе еду” (Норбо Ш.
Зая-пандита) Материалы к биографии. (Элиста, 1999. с. 100).
Тарихи деректерге қарағанда Жоңғар мемлекетіндегі күрделі дағдарыс
1745 жылы Қалдан Серен өлімінен кейін басталады. Құдіретті жоңғар
басшысының соңында үш ұл бала қалған: “Оның үлкені күңнен туған Лама Доржы,
одан кейін кәмелетке толмаған Цэван-Доржы (13 жаста) және кенжесі сегіз
жаста қалған еді”. Жоңғар “Заргосының” хан (хан кеңесі) шешімімен таққа
ортаншы ұл отырып, бірақ билік жасай алмай, ақыры 1750 жылы Лама - Доржыға
тақты берді. Осы кезде елдің берекесі, ынтымағы кете бастаған еді. Даваци,
Әмірсана сияқты ұлыс басшылары ханға қарсы болып, азамат соғысы басталып
кетті. Ақыры Әмірсана мен Даваци (Лабашы) қашып келіп қазаққа тығылды. Міне
Малайсарының архив қағаздарына тағы да түсетін тұсы осы кезең.
Бұл екі қашқын қазақ арасына 1751 жылдың қара күзінде келіп, Жоңғария
шека­расына жақын орналасқан Қайып батырды паналады, бірақ Абылаймен ылғи
да байланысып, қамқорлық көріп отырды. Қазақтар қалмақтың екі ірі ноянының
жан­сауғалап келгенін ырым көріп, қолда барын беріп көмектесті, таршылық
көрсеткен жоқ. Даваци мен Әмірсананы қолда ұстап отыру Абылайға да өте
тиімді көрінді. Бұл бағытта Абылайды Бөгенбай батыр, Дәуіт тархан, Жәпек
батыр, Ералы сұлтан, Төле би (хат арқылы) қолдап отырды.
Ал Әбілмамбет хан, Малайсары батыр, тағы басқалар Даваци мен
Әмірсанадан гөрі Лама Доржымен қарым-қатынасты жақсартқан дұрыс деп
есептеді. Жоңғария қанша жерден саяси дағдарысты басынан кешкенмен, жыланды
үш кессең де ке­сірткедей әлі бар дегендей, әл-қуаты күшті мемлекет
болатын. Даваци мен Әмір­сананы бермеген күнде екі арада жаугершілік
болатыны сөзсіз еді. Осы себептен Малайсары Лама Доржыдан 1752 жылғы келген
Бекей бек бастаған алғашқы елші­лікті күтіп алып, өзінің баласы Тілеуқабыл
мен Жәпек батырдың ұлын қосып Қайып ауылына жұмсады. Бірақ Қайып
Малайсарының “қалмақпен текке жанжалдас­пайық, қантөгіс болады” дегенін
керек қылмай, қайта екі жас жігіттің өтінішіне мойынсұнбай “Малайсары
жоңғар жағына болыспасын” деп шығарып салды.
Орыс деректерінде бұл әңгіме былай суреттеледі: “Послан был от
зенгорского владельца Бекей-бек во сто человеках калмык для разведывания о
ноенах Дебачи и Амурсаны, где и у кого они находятся по надежде к
киргизскому старшине Ма­лай-Сары - батырю, которой-де и люди его частые
приезды в Зенгорские владение употребляют и приказал им быть у него с месяц
и заподлинно о них разведать и как возможно привесть в ургу”.
Абылай Лама Доржыға қарымта елшілік жұмсап Давациді арнайы
шақырма­ғандығын, бірақ ұстап та бермейтіндігін білдірді. Екінші елшілік те
осындай нәтижемен аяқталды. Абылайдың жинаған 70-тен астам ел басшылары —
батырлар мен билер, қашқындарды ұстап бермеуді жақтап шықты.
Қалмақ осы оқиғадан кейін бүлінеді. Қазақ арасына Даваци мен
Әмірсананың жақтастарының қашып келуі көбейді. Екі ноян алғашқы уақыттағы
Еділ бойына қашамыз деген жоспарынан айнып, енді Абылайдан Лама Доржымен
соғысуға көмек сұрай бастайды. Лама Доржы көз алдында болып жатқан
бүліншілікті тоқтатпақ болып Саин - Белек бастаған 20 мың әскерді қазақ
даласына, Даваци мен Әмірсананы күшпен алып келуге жұмсады. Қазақ-қалмақтың
арасындағы кезекті соғыс осылай басталды. 1752 жылдың қыркүйегінде
басталған соғыс 1753 жылдың қаңтарында Лама Доржының өлімімен аяқталды.
Ханды өлтірген Даваци мен Әмірсана бастап қалмақ ордасына жаугершілікке
барған қазақ жауынгерлері еді.
Бұл жерде кім дұрыс, кім бұрыс деп топшылаудың өзі қиын. Егер
Әбілмәмбет пен Малайсары ойлағандай болса, Жоңғария мемлекет есебінде
көбірек өмір сүрер ме еді, кім білсін?! Жоңғарияның қазақ даласына шығыстан
қалқа болып Қытайдың айдаһарынан қорғап тұрғаны да пайдалы шығар?! Бірақ
тарихтың қайта шегінер жолы жоқ, болған іс болды, Жоңғария келе-келе жер
бетінен мемлекет, ел есебінде өшті.
Енді қазақ шежіресіне келейік. Оның классикалық нұсқалары (Мәшһүр
Жүсіп Көпейұлы, Шәкәрім, т.б.) тарихи аңыздар мен әңгімелерден, жеке
тұлғаларға қатысты қанатты сөздерден тұрады. Бұл қазақ халқының бірнеше мың
жыл бойы жинақтаған тарихи білімінің қорытылған, нығыздалған түрі. Шежіре
нұсқаларын ақтара отырып Малайсарыға қатысты бірсыпыра деректерді Мәшһүр
Жүсіп жазбаларынан кездестіреміз.
Мәшекең Малайсары батырға қатысты қызықты әнгімелерді қазақ
батырларына, оның ішінде Олжабайға арналған аңыздар топтамасында келтіреді.
Шежірешінің айтуына қарағанда: “Осы Малайсары өз заманында епетейсіз ірі,
дөкей батырдың бірі есепті болған” – деп суреттейді. Одан әрі былай деп
жазылған:
“Малайсары... баласы Тілеуқабылды қалмаққа ақ үйліге бермек болып, ақ
мылтықтың аузын жаласып, анттасып қайтқан екен. Сонан үйіне келіп жаңа “үһ”
деп демін алып отырған үстіне қалмаққа қосын жасап, ту тігіп Абылай хан
келіп қалыпты.
– Отырма, атқа мін, жүр! – дейді ғой.
Малайсары:
– Мені қой, мен бармаймын, қалмақпен жауласпаймын деп ақ мылтықтың
аузын жаласып, анттасып қайтқан едім. Антқа ұшырап қалармын, – дейді.
– Қалмақ шіркіннің анты не қылар дейсің, жүресің, бармасаң болмайды,–
деп еркіне қоймай ертіп алып, аттанып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малайсары батыр
Серіктас тауындағы қазақ- жоңғар соғысына қатысқан батырлар
ЖӘНІБЕК ТАРХАН
Қазақ - Жоңғар шапқыншылығындағы Шақшақ Жәнібек батырдың алатын орнын айқындау
Бұланты маңындағы шайқас
Шақшақ Жәнібек батырдың өміржолы мен ұрпақтары
Кіші жүз ханы Әбілқайыр
Серектас тауының Қалмаққырылған аталуы
Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан
НАЙМАНТАЙҰЛЫ БАЙҒОЗЫ
Пәндер