Қазақ хандығының жылнамасы



Қазақ хандығының жылнамасы
1456 — Қазақ хандығы құрылды. Ел бастаған Керей хан мен Әз.Жәнібек хан Шу, Талас алқабына ірге тепті.

1456—1470 шамасы — Керей хан билік құрды. Орда орнықты.
1460 — Керей хан мен Әз.Жәнібек хан Моғолстанның Есен.Бұға ханымен одақтаса отырып, қалмақ (ойрат) шабуылының бетін қайырды.
1465 — Керей ханның туы астындағы жұрттың саны екі жүз мыңға жетті.
1470 — Керей хан мен Әз.Жәнібек хан [[Сырдария|Сыр бойына қайтып оралды. Түркстан өңірінің біраз аймағы Қазақ Ордасының құрамына қосылды.
1471—1480 шамасы — Әз.Жәнібек хан билік құрды. Орда іргеленді. Сыр бойындағы кенттер үшін күрес басталды.
1480—1510 — Бұрындық хан билік құрды. Орда нығайды. Сырдария алқабы, Түркстан өңірі үшін қантөгіс майдан ашылды.
1486 — Қазақтар Шәйбани ханды ауыр жеңіліске ұшыратып, Хорезмге тықсырды.
1491 — Қазақтар екі үлкен ұрыста моғолдарды жеңді.
1510 — Қасым сұлтан қысқы соғыста Шәйбани ханды біржола талқандап, ұлыс шегінен асыра қуды. Түркстан уәлаятына қарасты қалалардың көпшілігі Қазақ Ордасының құрамына енді.
1511—1520 — Қасым хан билік құрды. Ежелгі Көк Орда жерінің басым бөлігі және Жетісу Қазақ Ордасының иелігіне айналды, халықтың саны бір миллионнан асып, әскер саны үш жүз мыңға жетті.
1511 шамасы — Қасым хан Қазақ Ордасының «Қасқа Жол» аталатын ең алғашқы заң жүйесін қабылдады.
1512 — Қасым хан Сайрам қамалын алды, Ташкентке жорық жасады.
1521—1522 — Момыш хан билік құрды.
1523—1533 — Тайыр хан билік құрды.
1525 шамасы — Екі жүз жылдық ойрат.қазақ соғысы басталды.
1533—1537 — Тоғым хан билік құрды.
1537 шілде 27 — Сан.Таштағы төрт халықтың соғысында қазақ.қырғыз әскері түгелімен қырылды, Тоғым хан тоғыз ұлы және әскербасы отыз жеті сұлтанмен бірге шәйіт болды.
1537—1559 — Бұйдаш хан билік құрды. Орда оңалды. Ойратпен арадағы соғыс созылмалы, қатаң сыпат алды.
1556 — Бұйдаш хан Ноғай Ордасының шығыс бөлегін Қазақ Ордасына қосып алды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ хандығының жылнамасы
1456 -- Қазақ хандығы құрылды. Ел бастаған Керей хан мен Әз-Жәнібек хан Шу, Талас алқабына ірге тепті.

1456 -- 1470 шамасы -- Керей хан билік құрды. Орда орнықты.
1460 -- Керей хан мен Әз-Жәнібек хан Моғолстанның Есен-Бұға ханымен одақтаса отырып, қалмақ (ойрат) шабуылының бетін қайырды.
1465 -- Керей ханның туы астындағы жұрттың саны екі жүз мыңға жетті.
1470 -- Керей хан мен Әз-Жәнібек хан [[СырдарияСыр бойына қайтып оралды. Түркстан өңірінің біраз аймағы Қазақ Ордасының құрамына қосылды.
1471 -- 1480 шамасы -- Әз-Жәнібек хан билік құрды. Орда іргеленді. Сыр бойындағы кенттер үшін күрес басталды.
1480 -- 1510 -- Бұрындық хан билік құрды. Орда нығайды. Сырдария алқабы, Түркстан өңірі үшін қантөгіс майдан ашылды.
1486 -- Қазақтар Шәйбани ханды ауыр жеңіліске ұшыратып, Хорезмге тықсырды.
1491 -- Қазақтар екі үлкен ұрыста моғолдарды жеңді.
1510 -- Қасым сұлтан қысқы соғыста Шәйбани ханды біржола талқандап, ұлыс шегінен асыра қуды. Түркстан уәлаятына қарасты қалалардың көпшілігі Қазақ Ордасының құрамына енді.
1511 -- 1520 -- Қасым хан билік құрды. Ежелгі Көк Орда жерінің басым бөлігі және Жетісу Қазақ Ордасының иелігіне айналды, халықтың саны бір миллионнан асып, әскер саны үш жүз мыңға жетті.
1511 шамасы -- Қасым хан Қазақ Ордасының Қасқа Жол аталатын ең алғашқы заң жүйесін қабылдады.
1512 -- Қасым хан Сайрам қамалын алды, Ташкентке жорық жасады.
1521 -- 1522 -- Момыш хан билік құрды.
1523 -- 1533 -- Тайыр хан билік құрды.
1525 шамасы -- Екі жүз жылдық ойрат-қазақ соғысы басталды.
1533 -- 1537 -- Тоғым хан билік құрды.
1537 шілде 27 -- Сан-Таштағы төрт халықтың соғысында қазақ-қырғыз әскері түгелімен қырылды, Тоғым хан тоғыз ұлы және әскербасы отыз жеті сұлтанмен бірге шәйіт болды.
1537 -- 1559 -- Бұйдаш хан билік құрды. Орда оңалды. Ойратпен арадағы соғыс созылмалы, қатаң сыпат алды.
1556 -- Бұйдаш хан Ноғай Ордасының шығыс бөлегін Қазақ Ордасына қосып алды.
1558 -- Қазақ Ордасы Бұқар хандығын тықсыра бастады.
1559 -- Бұйдаш хан шәйіт болды.
1560 -- 1580 -- Хақ-Назар хан билік құрды. Қазақ Ордасы ежелгі қуатын қалпына келтірді.
1569 -- Хақ-Назар хан Ноғай Ордасын қиратып жеңді.
1570 -- Қазақ Ордасы Ойраттардың бір бөлігін бодандыққа түсірді.
1579 -- Хақ-Назар хан Түркстан мен Сауранды, Оңтүстік өңірдегі тағы біраз қонысты қайтарып алды.
1580 сәуір 23 -- Хақ-Назар хан шәйіт болды.
1580 -- 1582 -- Шығай хан билік құрды.
1582 маусым -- Тәуекел сұлтан Түркстан түбінде Ташкент уәлаятының әміршісі Баба сұлтанды талқандады.
1583 -- 1598 -- Тәуекел хан билік құрды. Қазақ Ордасы өзінің әскери, саяси қуатының шарықтау шегіне жетті.
1586 -- Тауекел ханның Мәуреннахрға қарсы алғашқы шапқыны.
1594 -- 1595 -- Тәуекел хан Русияға елші аттандырды; жауап елшілік.
1598 ақпан. Тәуекел хан Ташкент түбінде Абдолла ханның негізгі күштерін талқандады.
1598 жаз -- Тәуекел ханның Орта Азияға] жеңісті жорығы.
1598 күз -- Тәуекел хан шәйіт болды.
1598 -- 1643 -- Еңсегей бойлы Ер Есім хан билік құрды. Қазақ тарихының қаһармандық кезеңі.
1598 күз -- Бұқар-Қазақ бітімі нәтижесінде бүкіл Оңтүстік Қазақстан және Ташкент уәлаяты Қазақ Ордасының құрамына қайта қосылды.
1599 шамасы -- Есім хан Ескі жол аталатын жаңа заң жүйесін орнықтырды. Қазақ Ордасының астанасын Түркістанға көшірді.
1603 -- Екінші қазақ-бұқар соғысы басталды. Айғыр-жар ұрысында қазақтар жеңіске жетті.
1604 -- Есім хан ойраттарды күйретіп жеңді.
1613 -- Есім хан Самарқан түбінде бұқар-ауған әскерін талқандады.
1619 -- 1624 -- Есім хан Шығыс Түркістан үшін күрес жүргізді.
1620 -- Есім хан ойраттарды кезекті жеңіліске ұшыратты.
1624 -- Есім хан Ферғанадағы майданда жеңіске жетіп, Екінші қазақ-бұқар соғысын аяқтады.
1627 -- Есім хан бүкіл алаш жұрты түп көтерілген ұлы жорықта Ойрат Одағын қиратып, босқынға ұшыратты.
1627 -- Ташкент уәлаятының әміршісі опасыз Тұрсын хан Қазақ Ордасындағы азамат соғысына жол ашты, Түркістанды шапты.
1627 -- Сайрам түбінде Тұрсын хан бастаған екі сан қатаған қазақтар мен Есім хан бастаған үш сан алаш қазақтар арасында қантөгіс ұрыс болды, Есім хан басым түсті, Тұрсын хан әскерінен айрылып, Ташкентке келіп тығылды.
1627 -- Есім хан Ташкентті алды, Тұрсын ханның басын шапты, қатаған руы жазаға тартылып, қырылганнан қалғаны басқа рулар ішіне таратылды. Есім хан жазылмас дертке ұшырады.
1635, жаз -- Жәңгір сұлтан торғауыт Хо-өрлік тайшының ұлысын шапты, Жемнен өткеріп, батысқа қарай тықсырды.
1643 -- Есім хан дүние салды.
1643 -- 1652 -- Салқам Жәңгір хан билік құрды.
1643 желтоқсан -- Қоңтажы Батұр ойраттар, халхалар, торғауыттар -- бүкіл моңғол жұртынан құралған қалың әскермен Қазақ Ордасы құрамындағы қырғыз жеріне басып кірді.
1644 қаңтар -- мамыр -- Кең көлемді қазақ-моңғол соғысы.
1644 маусым, шілде -- Салқам Жәңгір хан екі үлкен ұрыста біріккен ойрат-халха әскерін қиратып жеңді, соңғы шайқаста қазақ әскеріндегі жаңа шерік-мылтықпен қаруланған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арғы түркі - Түркі - Қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
«ЗАР ЗАМАННЫҢ» БIР АҚЫНЫ – МАЙЛЫҚОЖА
Абылай хан тұсындағы қазақ елі
Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Өтеміс қажы
XV ғасыр – XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығы
Қазақтардың этникалық тарихының деректері
Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті жайлы
Қожа Ахмет Иасауи ғимараты
Пәндер