Мемлекеттің бюджет жүйесі: құқықтық негіздері, құрылымдық элементтері, жалпы сипаттамасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4

І. Тарау. Мемлекеттік қаржылардың түсінігі, мемлекеттің қаржылық қызметі және оның құқықтық негіздері
І.1. Мемлекеттік қаржылардың түсінігі мен мәні ... ... ... ..5.16
І.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ...16.19

ІІ. Тарау. Мемлекеттің бюджеттік жүйесі: құқықтық негіздері, құрылымдық элементтері, жалпы сипаттамасы.
ІІ.1.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі ... ... ... ... 20.24
ІІ.2. Бюджеттің құрылымдық элементтері ... ... ... ... ... ... ...24.43
ІІ.3. Бюджет саласындағы мемлекеттік басқаруды іс . жүзіне асыратын органдардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43.57

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58.59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60.61

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

инвестициялық және қаржылық құқығы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мемлекеттің бюджет жүйесі: құқықтық негіздері, құрылымдық
элементтері, жалпы сипаттамасы.

Орындаған: Әли Е.Р.
Ғылыми жетекші: з.ғ.к.,
доцентХаджиев А.Х.

Жұмыс қорғауға жіберілді_____________
кафедра меңгерушісі заң ғылымдарының
кандидаты, доцент Рахметов Е.Ш.

Алматы 2006 ж.

Жоспар.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 3-4
І. Тарау. Мемлекеттік қаржылардың түсінігі, мемлекеттің қаржылық
қызметі және оның құқықтық негіздері
І.1. Мемлекеттік қаржылардың түсінігі мен мәні ... ... ... ..5-16
І.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-
19
ІІ. Тарау. Мемлекеттің бюджеттік жүйесі: құқықтық негіздері, құрылымдық
элементтері, жалпы сипаттамасы.
ІІ.1.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі ... ... ... ... 20-24
ІІ.2. Бюджеттің құрылымдық элементтері ... ... ... ... ... ... ...24-43
ІІ.3. Бюджет саласындағы мемлекеттік басқаруды іс – жүзіне асыратын
органдардың құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .43-57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..58-59
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 60-61

Кіріспе

Дипломдық жұмысымда мемлекеттік қаржылардың түсінігі, қоғамдағы
орны, маңызы мен мақсаты қарастырылады. Бюджет қызметінің бағыт-бағдарлары
және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және
саяси жөүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылардың мемлекетіміздегі
алатын орын мен маңызы өте зор екендігі белгілі. Бюджетті қаржылар
мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен
функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді.
Бюджеттік қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын
алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының
өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан
бюджеттік қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады
және базистің құрамына жатады.
2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы орта
есеппен 30 пайызға көбейтуді; 2006 жылдың 1 шілдесінен арнайы әлеуметтік
жәрдемақы мөлшерін; соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға 2,4 есе
(2472 теңгеден 5974 теңгеге дейін); соғыс мүгедектеріне теңестірілген
адамдарға 1,2 есе (5871 теңгеден 7313 теңгеге дейін); Ұлы Отан соғыс
кезеңінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне 1,6 есе (2781 теңгеден
4326 теңгеге дейін); қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің
отбасыларына бір жарым есе (2884 теңгеден 4429 теңгеге дейін); қайтыс
болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне, ерлеріне 2,7 есе (927 теңгеден 2472
теңгеге дейін); Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі үшін бұрынғы КСР
Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ
тылда алты айдан аз емес уақыт жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдарға екі
есе (1030 теңгеден 2060 теңгеге дейін); 1988 – 1989 жылдардағы Чернобыль
АЭС – індегі апат зардабын жоюға қатысушылар қатарындағы адамдарға төрт есе
(515 теңгеден 2060 теңгеге дейін) көбейтуге тапсырамын. Биылғы жылдың 1
шілдесінен бастап әлеуетті құрылымдардың зейнеткерлері үшін зейнетақы
мөлшерінің бір жолғы сараланған өсімі жүүргізілсін. Сонымен қатар мен
Үкіметке республикамыздағы әлеуметтік жүйені жақсарту үшін тағы да бірқатар
шараларды іске асыруды жүктеймін: 2007 жылдан бастап зейнетақылық және
әлеуметтік төлемдерді ағымдағы айдан кешіктірмей төлеуді жүзеге асыруға
көшіру керек, бұл мақсатқа шамамен 30 миллиард теңге бөлінсін деп Елбасы
Жолдауында мәлімдеді.[1]
Мемлекеттің дұрыс дамуы үшін экономикалық және технологиялық
алғышарттар орындалуы қажет, сондай-ақ, институционалды шарттар да сақталуы
керек, яғни, жоғарыдағы алғышарттардың сақталуын қамтамасыз ететін нормалар
мен ережелер анықталып, олардың ролі нақты көрсетілуі керек және
қабылданған заң актілерінің жүзеге асырылуы жеткілікті деңгейде
қаржыландырылуы қажет. Бұл мәселелер бюджеттердің көмегемен жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік бюджет кез-келген мемлекеттің өмір сүруінің міндетті шарты
болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлуді және пайдалануды
ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, мемлекеттің негізгі қаржылық заңы болып
табылады. Мемлекеттік бюджет мемлекеттік органдарға өз функцияларын
орындауды қамтамасыз етеді. Бюджет мемлекеттің ішкі жэне сыртқы саясатын
жүргізу үшін экономиканың барлық секторларының қаржаттарын жинақтау құралы
ретінде қолданылады. Бюджеттің көмегімен ұлттық табысты сектораралық,
салааралық, территорияаралық қайтабөлу, экономиканы мемлекеттік реттеу және
ынталандыру, әлеуметтік саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады

І. Тарау. Мемлекеттік қаржылардың түсінігі, мемлекеттің қаржылық қызметі
және оның құқықтық негіздері
І.1. Мемлекеттік қаржылардың түсінігі мен мәні.

Қаржылардың қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны,
олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атақаратын рөлі өте зор екені
әркімге белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және
тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды
қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Қаржылық құралдар арқылы
мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді, пәрменді түрде
ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде, тіптен өндіріс
аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетінін айта
кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функциясын білмейтін адамдар кемде-кем
шығар. Ақшалар құн өлшеу, айналым, айырбас және т.б. құрал ретінде жалпыға
бірдей құндылық баламасын көрсетеді.
Ал қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген функцияларды
орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып саналады,
сондай-ақ сатып-алу, сату, айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге
асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшаларды пайдалану А-Т және Т-А
процесінде, тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса, ал мемлекеттік
қаржыларды жұмсау – бөлу нысанында жүзеге асырылып, тікелей пайда табу
көзделмейді. Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттары мен
қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша қаражаттарының
қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің өте кең мағынада
болатынын байқаймыз.
Өркениетті, нарықтық мемлекеттердің өзінде де қаржыларға айрықша көңіл
бөлінеді. Себебі, осы дамыған елдердің қаржы жүйесі арқылы ұлттық табысты
қайта бөлу көрсеткіші елу проценттен асып отыр. Осыған байланысты,
олардың мемлекеттік бюджеттерінің көлемі де күрт өсіп отырады.
Сонымен, қаржылардың көпқырлы ұғым екенін байқадық. Сондықтан, оның
мәнін ашып көрсету мақсатында оны бірыңғай термин ретінде қарастырсақ онда
негізгі үш қырынан көрініс табатынын көреміз.
Біріншіден, қаржылар деп өндіріс және тұтынуда экономикалық
ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды және ақша
қаражаттарын айтуға болады. Осы өндіріс пен тұтынудың ақшалай нысанадағы
ресурстары, жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық ресурстар болып есепетелінеді.
Олар мемлекетте немесе шаруашылық субъектілерінің қарамағында әртүрлі ақша
түріндегі табыстардың, аударымдар мен түсімдердің есебінен қалыптастырылып,
қоғамның әлеуметтік және басқа да мұқтаждықтарын қанағаттандыруға,
жұмыскерлерді материалдық жағынан ынталандыруға, өндірісті ұлғайтып,
жетілдіруге пайдаланылады.
Екіншіден, қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде қаржыландыру
терминімен байланысты болады. Сондықтан болар, бұл жерде қаржы термині
мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерелерді, аумақтарды, әлеуметтік-
экономикалық т.б. бағдарламаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудің
қайнар көзін, көлемін, түрлерін және тәсілін білдіреді.
Үшіншіден, арнайы және дербес экономикалық категория ретінде қаржылар
бөлу қатынастарын көрсетеді. Нақты бағыттарға арналып ақша бөлу түрінде
жүзеге асырылатын қаржыландырудың өзі бөлу болып табылады. Қаржылардың
арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлімдерінде және шаруашылықтың
әрбір деңгейінде қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлу процестері жүзеге
асырылады. Жасалған ұлттық табыстың құнын қайта бөлу ақшалай табысты
мемлекеттік деңгейде, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет деңгейінде
бөліктерге бөлу арқылы жҹргізіледі және осы жағдайларда туындайтын
көптеген қатынастар қаржылық қатынастар деп аталады. Сонымен қаржылардың
ақшалармен өте тығыз байланыста болатынын және ақшалардың қаржылар
болмысының міндетті көрінісі ретінде сипатталатынын білдік. Ақшалардың
тауар айырбасында, өзіндік айналымда болуы, қолдан-қолға өтуі ақшалай
қатынастар түріндегі айрықша нысандағы процестермен көрсетіледі.
Осы айрықша нысандағы экономикалық қатынастар қаржылар болып саналады.
Сонымен, қорыта келіп айтсақ, экономикалық категория ретіндегі қаржылардың
өте маңызды белгілері қаржылық қатынастардың бөлу сипатында болуы, ақша
нысанындағы құнның тек біржақты қозғалысын білдіруі. Қорытынды ретінде тағы
бір айта кететін жәйт, қаржылардың материалдық негізі өндіріс болып
табылады. өйткені шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары мен
экономикалық өнімді жасау және оны өткізу нәтижесінде құралады. Сонымен
бірге, қаржылар сол өндіріс аясының өзіне қызмет көрсетеді, яғни өндірістің
ұлғайтылуына, дамуына және құрылымдық өзгертулеріне жағдай жасайды.
Қаржылардың арқасында мемлекеттің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, әртүрлі
меншік нысанына негізделген шаруашылықты дамытуға, аумақтар арасындағы
экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға қажетті ақша қаражаттарын
мемлекет қарамағына жұмылдырады. Қаржылардың негізінде, олардың көмегімен
шаруашылық қызметтердің нәтижелерін тексеру және бақылау жүзеге асырылады.
Енді осы қаржылар жөнінде оқымысты ғалымдардың көзқарастарына көз
жүгірте отырып, салыстырып көрейік. Қаржылық құқық саласының көрнекті
ғалымы Худяков А.И. “қаржы” термині латынның “финис”, яғни қандай да істің
бітуі, ақыры немесе төлемнің, жалақының төлену мерзімі деген сөзінен
туындаған дейді. Орта ғасырлық латын тілінде fіnatіo, fіnancіo деген сөздер
міндетті ақшалай төлем деген мағынада айтылған болатын. Он сегізінші
ғасырда француздар fіnancе, яғни финанс деп мемлекеттің кіріс және шығысын,
мемлекет мҹліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын
болған.
Қазіргі кезде “финанс” – қаржы терминінің мағынасы ақшалармен тығыз
байланысқан. Сондықтан болар, көптеген жағдайларда азаматтар қаржыларды
қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақшалар деп түсінеді. Ал экономистер
азаматтардың қаржылары; мемлекеттің қаржылары, заңды тұлғалардың
қаржылары деп бөледі. Кейбіреулер тар мағынада қаржылар тек мемлекет пен
заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп түсіндіреді.
Осы терминнің тағы бір сирек айтылатын мағынасы “мемлекеттік ақшалар”
түсінігімен сәйкес келеді.
А.И.Худяковтың айтуынша қаржы термині қандай да болмасын мағынада
түсіндірілсе де, ең дұрысы мемлекет қарамағындағы ақша қаражаттары деген
тұжырым.
Егер арнайы мағынада қаржыларды – мемлекеттік қаржылар десек, яғни
белгілі бір қорларға бөлінетін, мақсатты бағыты болатынын, пайдаланылу
тәртібі белгіленетінін және оларды қалыптастырып, бөлетін органдардың бар
екенін байқаймыз деп жалғастырады, өз ойын А.И.Худяков. Осы қорларға
жиыстырылған ақша қаражаттары әрдайым мемлекеттік меншік нысанында болады.
Сондықтан, материалдық мағынада қаржылар деп, мемлекет меншігіндегі ақша
қаражаттарының жиынтығын айтамыз.
Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық
мағынада қаржылар деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және
пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек
айтсақ экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Қаржыларға
байланысты тағы бір көңілге қонбайтын, санаға симайтын нәрсе олардың
құрамында ақша қорларын пайдалану жөніндегі қатынастардың енгізілуі.
Бұл жерде былайша түсіндіруге болады: ақшалардың өзіндік тұтынушылық
күні жоқ болғандықтан оларды пайдалану тек айырбастау қатынастарында немесе
экономист айтқандай, “А-Т”, “Т-А” қатынастарында жүзеге асырылады. Алайда
бұл қатынастар тауар-ақша қатынастары болғандықтан, қатысушы екі жақтың заң
жүзіндегі тең құқықтылығына негізделеді. Ал қаржылық экономикалық
қатынастардың бір жағында оның тұрақты субъектісі ретінде әрдайым
мемлекеттің біртұтас өзі немесе мемлекет уәкілдік берген мемлекеттік
өкілетті органы тұрады және осы қатынастар қаржылық құқықтық нормалармен
реттеледі. Сонымен қатар, қаржылық-экономикалық қатынастардың бір жағында
әрқашанда билікші субъект тұрғандықтан екі жақтың тең құқықтылығы жөніндегі
сөз қозғалмайды. Ал тауар-ақша қатынастары, яғни сату-сатып алу қатынастары
азаматтық құқық, еңбек құқығы және тағы да басқа құқық салаларының
нормаларымен реттеледі. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекет
қаржыларды пайдаланудан өзін аулақ ұстағанымен олардың жұмсалу процестеріне
ат үсті қарай алмайды. өйткені қаржылар өзінің ақша қаражаттары
болғандықтан, олардың талан-таражға түспей, заңды негізде, мақсатты
бағытта, ұтымды және тиімді түрде пайдаланылуын (жұмсалуын) ұйымдастырады.
Қаржылар мемлекттің өсіп-дамуының материалдық негізі болып табылады деп
жоғарыда айтып өткенбіз. Сондықтан қаржылардың атсалысатын басты бағыт –
қажеттілігі мемлекетті және қоғамды ақшалай қамтамасыз ету.
В.И.Белинский қаржыларды экономикалық категория ретінде және қаржылық
ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады. Осы автор қаржыларды
ақша қҗжаттары қорларын құру және оларды орталықтандырылған, сондай-ақ
орталықтандырылмаған негізде бөлу жөнінде туындайтын экономикалық
қатынастар деп түсіндіреді. Қаржылардың материалдық негізі өндірістік
қатынастар болып табылады. Сонымен қатар қаржылардың туындауының және
өмірден орын алуының бірден-бір шарты тауарлық өндірістің және айналымның
өздеріне тән құндылық категорияларымен болуы. Кейбір экономистер қаржыларға
ақша қаражаттарын, натуралды ресурстарды, кіріс және басқа игіліктерді
немесе кіріс және шығысты, сондай-ақ, ақша қорларын жатқызады.
Қаржылардың құндық экономикалық категория емес екеніне ешкімнің күмәні
жоқ болғандықтан, олардың шынайы нақты объектісі ақша қорлары болып
табылады.
Ал қаржылардың пайдалану негізіне белгілі бір кезеңдегі, яғни қазіргі
кездегі объективтік құндылық заңының әрекет ықпалы және қоғамның тауарлық
өндірісінің дамуы жатады. Бұл жерде құн екі нысанда көрініс табады – тауар
және ақша ретінде. Ал ақша айналымы (А – Т - А) җдайы өндірістің бір
ерекшелігі, яғни үзбей жүргізілетін қоғамдық қызметтің саласы болып
есептеледі. Осы ақша айналымының негізінде екінші рет құн нысандары
туындайды және олардың әрқайсысы айрықша қоғамдық қатынастарды
көрсеткендіктен шаруашылық механизімінің белгілі бір элементтерін құрайды.
Қаржылар осы нысандардың бірі ретінде ақшалай-қаржылық қорларды
қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақшалай қатынастардың жүйесі болып
табылады.
Бұл жерден байқайтынымыз, қаржылардың ақшалай қатынастарға
негізделетіні және күнделікті өмірде, іс жүзінде ақша ресурстары ретінде
көрініс табуы.
Тағы бір айта кететін жәйт, ақшалардың өзі немесе ақша қаражаттары
қаржылар жөніндегі ғылымның объектісі болып табылмайды. Қаржылардың
құрамындағы ақша қаражаттарының атқаратын функциясы ақшалардан бөлек
болады. Сондықтан, ақшалар және қаржылар өз алдына бөлектенген экономикалық
категориялар болып табылады. Негізінде қаржылардың өзіне тән функциясы –
бөлу (жиынтық өнімді және таза табысты) және бақылау функциясы бар. Бұл
жерде автор үшінші функция жөнінде, яғни жұмылдыру функциясы туралы сөз
қозғамаған. Ал ақшалар тауар – ақша қатынастары жағдайында бірнеше функция
атқарады: құн өлшемі ретінде; төлем құралы ретінде; айналым құралы ретінде;
қазына құрау құралы ретінде; дүниежүзілік ақша ретінде.
Ақшалар жалпыға бірдей құндылық баламасы ретінде шаруашылық айналымына
қызмет етеді және мемлекет аумағындағы барлық айналымдар мен әрбір
шаруашылық операциясын тексеруге мүмкіндік береді.
Қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан айырмашылығы,
олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бөлу немесе пайдалануға байланысты
ақшалай, яғни экономикалық қатынастардың ерекеше аясын көрсетеді. Алайда
қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық маңызын айқындай алмайтын сияқты.
Себебі мемлекеттік бюджетте, кредиттік және кассалық жоспарларда,
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарларында қатынастар
емес белгілі бір мөлшердегі ақша қаражаттарының сомасы көрсетіледі. Бұл
сомалардың шаруашылық қызметтердің қаржылық нәтижесі екені белгілі.
Сондықтан қаржылық ресурстар деген ұғымды қарастырсақ, онда оның
мемлекет қарамағындағы немесе қандай да болмасын меншік нысанындағы
кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттары қорларының жиынтығы екенін
байқаймыз, деп тұжырымдайды Белинский В.И.
Ресейлік ғалым Горбунова О.Н. қандай да болмасын мемлекетте жиынтық
қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу, сондай-ақ қайта бөлу процестері
ақшалай нысанда болады, ал “қаржы” термині француздың финанс, яғни
кәсіпорын, мемлекет қарамағындағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы мен
оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жүйесі болып табылды дейді.
Мемлекеттік қаржыларды өзінің материалдық мәні бойынша ақша
қаражаттары қорларынан тұрады және олар орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларын жұмылдыру (жинақтау), қайта
бөлу, сондай-ақ пайдалану процесіндегі қоғамдық экономикалық қатынастардың
атқарылуымен тікелей байланысты болады.
Горбунова О.Н. мемлекет өзінің экономикалық және әлеуметтік процестерін
басқару жөніндегі қызметтерінің барысында кіріс және шығыстарға ақша
нысанында, әртүрлі ақша қорларын құра отырып есеп жүргізгендей, қаржыларды
ақша қаражаттары емес, олар тек ақша қаражаттары қорларын жинастыру, қайта
бөлу және пайдалану жөніндегі адамдардың арасындағы қатынастар болып
табылады деген. Бұл жердегі көзге түсіп отырған кемшілік қаржылар
экономикалық тұрғыдан алғанда, жәй ғана қатынастар емес арнайы экономикалық
қатынастардың жиынтығы. Ал материалдық мағынасына келсек, онда қаржы тек
мемлекеттің меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығы деп айта
аламыз.
Қаржылар жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты білетін
экономикалық құрал болып табылады.
Мемлекетті басқарудың ең жақсы тәсілі ақша қаражаттарының көмегімен
басқару болып есептелінеді. Ақша қаражаттарын реттей және ақша қорларын
құруға бағыттай отырып кейіннен сол құрылған қорлардан қажетті, белгіленген
тараптарға қаражаттарды біліп, пайдалану арқылы мемлекет көптеген аялардағы
қызметтерді ынталандырады немесе кейбір бағыттар бойынша тежей алады.
Ресейлік оқымысты заңгер А.Жданов қаржыларды мемлекеттің және
жеке мекемелердің ақша қорларын құру, білу және пайдалану жөніндегі
экономикалық қатынастар, ал қаржы жүйесін қаржылардың әртүрлі буындарының
өзара байланыстары мен жиынтығы ретінде түсіну қажет деп көрсеткен.

Ресейлік ғалым О.Н. Горбунова қаржы жүйесін екі тұрғыдан
қарастырған:
а) әрқайсысы тиісті ақша қорларын құратын және пайдаланатын қаржылық
институттардың жиынтығы;
ә) өздерінің құзыреттерінің шегінде қаржылық қызметті жүзеге асыратын
мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы ретінде.
Ал қаржылық институттардың жиынтығы өзіне орай мемлекеттің қаржы
жүйесін құрды. Қаржы жүйесі мемлекеттің нарыққа өту жағдайында дамуының
өзгешеліктерін көрсете отырып мынадай буындардан тұрады:
1) Федералдық, федерация субъектілерінің бюджеттерінен және муниципалдық
бюджеттерден тұратын бюджет қоры;
2) Бюджеттен тыс орталықтандырылған мақсатты қорлар;
3) Бюджеттен тыс орталықтандырылмаған мақсатты қорлар;
4) Шаруашылық субъектілер мен салалардың қаржысы;
5) Мүлікті және жеке басты сақтандыру;
6) Мемлекеттік және банктік кредит.
Қаржы жүйесі мемлекеттің қаржылық қызметін тікелей жүзеге асыратын
қаржылық органдар мен кредиттік, яғни мемлекеттік органдар мен
мекемелердің жиынтығы деген пікірге көптеген авторлар қосылуда. Худяков
А.И. ұйымдастырылуы бойынша қаржы жүйесін мемлекеттің қаржылық мекемелері,
яғни қаржылық ведомстволар, салық органдары, мемлекеттік банктер,
мемлекеттік сақтандыру компаниялары құрайды деп түсіндіреді.
Қаржылық органдар жүйесін әдетте қаржы министрлігі басқарады. Қаржы
министрлігі, қаржылық басқармалар, аумақтардағы қаржылық басқару органдары,
қазынашылық, қаржыларды басқаратын бірыңғай мемлекеттік басқару
органдарының жүйесі болып табылады. Ұлттық (орталық) банк басқаратын
кредиттік мекемелер, қаржыларды жұмылдыруға ат салысатын салық органдары
мен кеден мекемелері де қаржылық қызметті жүзеге асырады.
Негізінде “қаржылар” ақша түріндегі қоғамдық өнімдерді білуге
байланысты экономикалық қатынастардың едәуір аумағын қамтиды. Қаржылардың
ақша сипатында болуы, олардың экономикалық құндылық категориясына
жататындығын және оларды жүзеге асыру нысаны болып табылатындығын
көрсетеді. Қаржыларды экономикалық категория қатарына біліп, жеке-дара
шығаруымыз үшін олардың мағынасын зерттеп, зерделеп білуіміз қажет.
Экономикалық теория курсынан қоғамдық қатынастар құрамына кіретін
ақшалай қатынастарды экономикалық қатынастар деп айтатынын білгенбіз. Ал
экономикалық қатынастар өндірістік қатынастарға қосылатындықтан қоғамдық
қатынастар өндірістік қатынастардың бір білігі ретінде базистік
қатынастарға жатады.
Қазақстандық экономист-ғалым Мельников В.Д. қаржылардың қаржылық
қатынастардың қалыптасуын және туындауын былайша көрсетеді: қоғамдағы ұдайы
өндіріс процесі бір-бірімен тығыз байланысқан және өзара тәуелді төрт
сатыдан тұрады: өндіру (өндіріс); білу; айырбастау; тұтыну.
Осы ұдайы өндірістің төрт сатысы арқылы қоғамдық өндіріс процесіне
қатысушылардың арасындағы тауарлық қатынастардың бар жоғы анықталады,
өйткені өндірілген өнімдер бұл жерде сату-сатып алуға жататын тауарға
айналады. Бұл өнімдер тұтынудан бұрын білу ғана емес, солармен қатар
қатынасқа қатысушылардың да талаптары мен мүдделерін қанағаттандыруға
тиісті. Осыдан байқайтынымыз өндірілген материалдық немесе материалдық емес
өнімдер, көрсетілген қоғамдық өнім ретінде заттай және ақшалай тҹрінде
көрсетіледі.
Қоғамдық өнімнің жаңағыдай екі формаға қалыптасуы, олардың әрбір
қоғамдық өндіріске қатысушылардың мұқтаждықтарын өтеу үшін ақша, баға,
өзіндік құн, қаржы, жалақы төлеу және тағы басқа құндылық категорияларын
пайдалануларына жол береді.
Бұл жерде өндірілген өнімдер мен басқа да қажетті заттар, қызметтер –
ақшаның, яғни жалпыға бірдей балама және құндылық өлшемінің көмегімен
өлшенеді. Қаржылардың экономикалық категория ретіндегі қызметтері қоғамдық
жиынтық өнімді білу кезінде анық көрінеді.
Қаржылардың мағынасын түсіну үшін жекеленген кәсіпорынның өндірістік
қорларын өзіндік айналымынан шығарылатын өнімдерді өткізу (сату) кезіндегі
ақша түріндегі дербес қозғалысымен және құнның біліну мезгілінен бастап
қарастыру қажет.
Кәсіпорын осы өнімдерді өткізу барысында тиісті ақша қаражаттарын
немесе ақша қорларын құрайды. Бұл жерде оның ақша қорлары ретінде айналым
қорын, амортизациялық қорды, жалақы төлеу қорын, әлеуметтік бағыттағы
қорларға аударымдарын, пайда және т.б. атап өтуге болады.
Табылған пайданың немесе табыстың бір бөлігі орталықтандырылған
қорларды қалыптастыру үшін мемлекет қарамағына аударылады да, ал екінші ең
көп бөлігі өндірушіде қалады. Өндіруші оны өз қалауы бойынша пайдаланады.
Көбінесе пайда мен табыстың қолдағы біліктері өндірістік процесті үзбеуді
қамтамасыз ету мақсатында еңбек құрал-жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ
пайданың және бір бөлігі өндірістің басты факторы – негізгі қорларды
қалыптастыруға жұмсалады. Сонымен материалдық өндіріс аясында
(кәсіпорындар, өнеркәсіптер т.б.) жасалған құнның бір бөлігі өндірушілерде
қалса, едәуір бөлігі жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру
мақсатында мемлекет қарамағына берілетінін білдік.
Бұл құндар ақша түріндегі дербес қозғалысқа ие болғаннан кейін
мемлекеттік кіріс ретінде мемлекеттің қаржылық қызметінің аясына қосылады.
Бұлардан басқа, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардан, мемлекеттік емес
заңды тұлғалардан, акционерлік, кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындар мен
ұйымдардан түсетін (салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер түрінде)
қаражаттар мен мемлекет тарапынан халықтан ерікті түрде жұмылдырылған
(мемлекеттік заемдар, мемлекеттік лотореялар, жинақ банктеріндегі салымдар
(аманаттар) және т.б.) қаражаттар арқылы мемлекет деңгейіндегі
қаржылық қатынастардың формасы пайда болады. Осы қаржылық қатынастар
орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын – республикалық және
жергілікті бюджеттерді, сақтандыру қорларын бюджеттен тыс қорларды
қалыптастырады.
Экономика өмірінде ақша қаражаттары, әдетте, құнның баламалығы
(эквиваленттілігі) негізінде, яғни тауар және ақша түріндегі құнның
қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалық принцип басқа да экономикалық
категорияларға – баға, өзіндік құн, жалақы төлеу, несие және т.б. тән болып
табылады.
Қаржылық қорды басқа ақша қаражаттарынан ерекшелендіріп тұратын
өзгешелік, олар (қаржылар) экономиканы басқарудың қандай да болмасын
деңгейіндегі ақша түріндегі құнның біржақты қозғалысының негізінде
құралады.
Сонымен, қаржылардың айрықша экономикалық категория ретіндегі
өздеріне тән ерекшеліктері ақша түріндегі құнның міндетті түрдегі бір
жақты, баламасыз қозғалысы болып табылатынын айқындадық.
Қаржылардың экономикалық табиғатына келсек, онда олардың тауар-
ақша қатынастары мен құн заңының әрекет етуінен туындайтынын байқаймыз.
Ақаша қаражаттары қорларының қалыптастырылуы және олардың тауарлық
қатынастарда (А-Т) пайдаланылуы қаржылардың көмегімен жҹргізіледі.
Орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру жөніндегі
міндетті түрдегі субъектісі, әрқашанда мемлекет болып табылатынын білдік.
Мемлекеттен басқа қоғамдық өндіріске қатысатын субъектілердің ақшалай
қызметтері, қаржылық қызметке жатпайды, ал олардың қаражаттары немесе
ақшалай ресурстары (“А-Т”, “Т-А”) процесіне қатысатындықтан қаржы
түсінігімен қамтылмайды деген тұжырымға келеміз.
Сонымен, қорыта келгенде қаржылар деп, мемлекеттің ақшалай кірістерін
жиыстыру, білу және пайдалану процесінде туындайтын экономикалық
қатынастардың жүйесін айтамыз.
Енді осы жоғарыда айтылған барлық ғылыми көзқарастарды тұжырымдасақ
“қаржы“ терминінің екі мағынасы бар екенін көреміз: 1)
материалдық; 2) экономикалық категория ретінде. Материалдық мағынада
“қаржы” деп мемлекеттің өз қарамағындағы ақша қаражаттары қорларының
жиынтығын айтамыз.
Мемлекеттік қаржылық ресурстарды әрдайым белгілі бір ақша қорлары
ретінде көрсетілгендіктен оларды жоспарлау, есепке алу және мақсатқа сәйкес
жұмсау процестерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және жеңілдетеді.
Экономикалық категория ретінде “қаржы” деп, мемлекеттің ақшалай
ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және білетін, сондай-ақ олардың
пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.
Қоғамның экономикалық және әлеуметтік құрылымын қалыптастыру және
дамытуда қаржылық жүйені және оның құрамына кіретін мемлекеттің бюджетін
мемлекеттік реттеу үлкен роль атқарады, ол мемлекетке экономикалық және
әлеуметтік саясатын жүргізуге әсерін тигізеді. Мемлекеттік бюджет арқылы
мемлекеттің ақша қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың бағытталған
қызметі жүргізіледі.[2]
Экономикалық құрал ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің ақшасының
пайда болуын және жұмсалуын көрсетеді, ол мемлекеттің алдындағы тұрған
міндеттер мен функциялары қаржылармен қамтамасыз етуге арналған. Осы
міндеттерге байланысты бюджет екі функцияны: бөлу және бақылау функцияларын
атқарады.
Бөлу функциясының мазмұны мемлекеттің территориялары, экономиканың
салалары, қоғамдық қызметтің салалары арасында қаржылық ресурстардың қайта
бөлінуі процесстерімен анықталады. Сала-аралық бөлу бір жағынан, бюджетке
экономиканың әртүрлі салаларындағы кәсіпорындармен ұйымдардың енгізетін
төлемдеріне, екінші жағынан – бюджеттік қаражат есебінен арнайы мақсаттағы
әртүрлі қорлардың қалыптасуы және олардың кейінгі қолданылуына негізделеді.
Территорияаралық қайта бөлу белгілі бір территориялық бірліктердің
бюджетіне белгілі бір міндетті төлемдердің аударылуы және бюджеттік
реттеудің әртүрлі формалары арқылы жүзеге асырылады: ол әрбір әкімшілік
территориялық бірлікке өзінің ақша қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бюджеттің бөлу функциясы экономикалық және әлеуметтік дамудың өзекті
мәселелеріне ақша қаражаттарын бағыттауға, қоғамдық өндірістің дамуына
жоғары жетістіктерге жетіп, оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бақылау функциясының негізінде сәйкес бюджеттік түсімдердің және
шығыстардың көрсеткіштері көрсетілетін бюджеттік ресурстардың қозғалысы
жатыр.
Бюджеттік көрсеткіштердің нақты адрестік сипаты материалдық өндіріс
және материалдық емес саладағы әрекеттердің жағдайын бақылауға мүмкіндік
беретін құрал болып табылады.[3]
Бюджетке түсетін төлемдердің уақытылы немесе толық түспеуі, бюджеттік
қаржылардың рұқсатсыз қолданылуы және біркелкі қолданылмауы өндірістік
жоспарлардың орындалмауын, мемлекеттегі экономиканың тұрақсыздығын
көрсетеді. Мұндай жағдайда бюджеттік көрсеткіштер тек қана экономиканың
инидкаторы болып қана қоймай, бұл жіберілген қателіктермен кемшіліктерді
жоюға бағытталған нақты шараларды дайындаудың және қолданудың негізі болып
табылады.
Бюджеттің бақылау функциясы әрекет етуінің өте кең көлемімен және
барлығын қамтитындығымен ерекшеленеді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық мағынадағы қаржылық қатынастардың
жиынтығы ретінде бірнеше ерекшеліктермен сипатталады:
1. бюджеттік қатынастар бөлу сипатында болады;
2. олар тек қана ақшалай нысанда жүзеге асырылады;
3. бюджеттік қатынастар мақсатты ақша қорларын қалыптастыру және
пайдалануға байланысты болады.
Бұл белгілер басқа да қаржылық қатынастарға тән болуы мүмкін, бірақ,
бюджеттік қатынастар мемлекеттің қолында бағаланатын қоғамдық өнімнің
шоғырлануына және олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді
қанағаттандыруға қолданылуына әсерін тигізеді.
Мемлекеттік бюджеттің өмір сүруі ерекше экономикалық нысандар –
бюджеттің кірістері және шығыстарына байланысты болады. Кірістер мемлекетті
қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, ал шығыстар
орталықтандырылған ақша қаражаттарының мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес
бөлінуін көрсетеді.
Бюджеттік байланыстардың мақсатты бағытталған сипаты, мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қаражат қорларының қозғалысының нысандары бюджеттік
байланыстардың сәйкес қаржылық жоспарларда көрсетілуіне әкеледі, осы жерден
мемлекеттік бюджеттің құқықтық мазмұнын көреміз.
Соныменен, бюджетте – мемлекеттің бюджетке салық төлейтіндермен және
салықтық емес төлемдерді төлейтіндермен, сондай-ақ, бюджеттік қаржыларды
алушылармен қаржылық қарым-қатынасы, яғни, мемлекеттің халықпен және
шаруашылық субъектілермен бюджеттік қаржыларды қалыптастыру және бөлуге
байланысты өзара қарым-қатынасы көрсетіледі.
Ақша қаражаттарын бюджетке жинақтау мемлекетке мәдениетті, білім беру
саласын, денсаулық сақтау салаларын дамытуға, кірістері шағын отбасыларына
көмек көрсетуге, тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік
бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ақша ресурстарын жинақтай және бөле отырып, мемлекет өзді-өздігімен
реттелетін рыноктық механизмнің әрекет етуін ретке келтіріп отыру
мүмкіндігін алады. Мемлекеттік бюджет арқылы жинақталған ақша қаражаттары
жеке кәсіпкерлік арқылы қанағаттандыру мүмкін емес, жалпы мемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады. Оларға мемлекеттік басқару,
азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігі, әлеуметтік бағдарламалар, экология,
қорғаныс жатады.
Мемлекеттік бюджеттің құқықтық мазмұнын толығырақ және дәлірек ашу
үшін, біз мемлекеттің қаржылық қызметінің түрі ретіндегі – қаржылық
жоспарлаудың түсінігін ашуымыз керек.
Мемлекеттің қаржылық қызметі, яғни мемлекеттің және мемлекеттік
органдардың, сондай-ақ, мемлекетпен өкілеттілік берілген тұлғалардың
мемлекеттің ақша қаражатын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыруы
әрдайым жоспарлы сипатта болады.
Мемлекеттің ішкі өнімінің айналымы материалды – заттай және бағаланатын
нысанда жүзеге асырылады. Бағаланатын нысандағы ішкі өнімнің айналымы
нәтижесінде қаржы қатынастарының пайда болуы, қайта бөлінуі, және
пайдаланылуының ұйымдастырылуы қатынастары пайда болады, осы мемлекеттің
қаржылық қызметінің мәнін көрсетеді. Ал, қаржылардың пайда болуы, бөлінуі
және қайта бөлінуі, пайдалануды ұйымдастыруы процесстерін басқару қаржылық
жоспарлаудың көмегімен жүзеге асырылады, оның объектісі мемлекеттің ақша
қорлары және бірінші кезекте мемлекеттік бюджет болып табылады.
Қаржылық қызметтің осы түрі – қаржылық жоспарлардың жасалуы, бекітілуі
және орындалуын ұйымдастыру процесстерін көрсететін қызмет болып табылады,
себебі қаржылық жоспарлау қаржылық жоспарлардың жүйесі арқылы қамтамасыз
етіледі.
Қаржылық құқық теориясы қаржылық жоспарлаудың екі түрін атайды.
Бірнішіден, ол тікелей дерективті жоспарлау. Жоспарлаудың ондай түрі
мемлекеттік меншікке негізделген экономикалы мемлекеттерге тән. Ондай
жоспарлау мемлекетті басқарудың шектен тыс номенклатуралығына, қатаң
иерархиялық сипатына байланысты. Ол жоспарлық міндеттемелердің
мәжбүрлілігімен сипатталады. Бұл әртүрлі теріс әсерлерге: тауар
өндірушілерді дербес емессіздікке, ынтасыздыққа алып келеді. Бірақ, кейбір
ғалымдардың пікірі бойынша, мұндай жоспарлаудың түрінде жақсы жақтарда бар,
себебі ол қаржылық процесстерді жеткілікті түрде нақты, тез және тиімді
басқаруға мүмкіндік береді.[4]
Нарықтық экономикалы дамыған мемлекеттерде қаржылық жоспарлау жоспар -
болжам қағидасына негізделіп жүргізіледі. Бұл жоспарлаудың түрі
экономикалық процесстерге жеңіл әсер етеді. Бұл жерде бағдарламалы
–мақсатты тәсіл қолданылады, және мұндай жоспарлаудың міндеті: экономиканың
тиімділігін арттыруға белсенді әсер ету; қаржылық және басқа да
ресурстардың экономикалық және әлеуметтік бағдарламалармен үйлесімділігін
қамтамасыз ету; қаржыларды жұмсауда қажетті пропорция мен үстемділік
анықтау.
Мемлекет экономикаға әсер ететін әртүрлі әкімшілік, қаржылық,
экономикалық, ақша-кредиттік тәсілдерді қолданады. Солардың біреуі
фискалдық саясат болып табылады. Фискалдық саясат ретінде өндірістің нақты
көлемінің өзгеруіне бағытталған, еңбекпен қамтамасыз етуді көбейтуге және
инфляцияға бақылау жүргізуге бағытталған, салық салу саласындағы және
үкіметтік шығындар саласындағы шаралардың жиынтығын айтамыз. Бюджеттік
саясаттың ірі бағыты ретінде ақша қаражаттарын экономикалық ілгерілеуге,
экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа бағытталған мақсаттарға қолдануды
айтамыз. Осы мақсатта соңғы уақытта ғылыми-техникалық прогреспен,
экономиканың құрылымдық қайта құрылуымен байланысты ұзақ мерзімді салымдар
жүргізілуде.
Мемлекеттік қаржылардың экономикаға әсерін екі негізден көреміз:
1. Мемлекеттік шығындардың өсуі экономикадағы сұраныстың көбеюіне,
яғни, өнімдерді шығарудың және еңбекпен қамтамасыз етудің өсуіне
алып келеді.
2. Салық салуды көбейту жеке үй шаруашылық кірістерінің азаюына,
өнімдердің шығарылуының және еңбекпен қамтамасыз етілудің азаюына
алып келеді.
Сондықтан, мемлекет өзінің фискалдық саясатын анықтауда және жүргізуде
өте мұқият болуы, мүмкін деген шаралардың барлығын қолдануға тиісті.

І.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
Мемлекеттік ақша қорлары, әрқашанда мемлекеттің қаржылық қызметінің
түпкілікті объектісі болып есептелінеді. Қаржылық қызметінің процесінде
қаржылардың үш функциясы жүзеге асырылады. Олар мына төмендегідей болып
келеді:
1) ақша қорларын жұмылдыру (жиыстыру) функциясы;
2) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды (материалдық өндіріс
аясындағы және аясында емес) ақшалай қамтамасыз ету функциясы;
3) бақылау функциясы;
Бірінші функцияның мәні мынада: жаңа, қаржылар туралы сөз
қозғағанымызда мемлекеттің өз меншігіндегі ақша қаражаттары болмай,
мемлекет бола алмайды дегенбіз. Ендеше осы функция арқылы мемлекет өз
мұқтаждықтарын өтеуге қажетті ақша қаражаттарын жиыстырады және осы
қаражаттарды ақша қорларына қалыптастырады, яғни мемлекет өтеуге қажетті
ақша қаражаттарын жұмылдырады.
Бірақ біз мемлекеттің алға қойған негізгі мақсаты – тек ақша
қаражаттарын жиыстыру ғана емес екенін білеміз. Сондықтан екінші функция
мемлекеттің өзіне және өз тарапынан жасалатын қызметтеріне жұмсалатын
шығындарды өтеуге байланысты ақша қорларын пайдаланудан тұрады.
Үшінші функция мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және білу, сондай-
ақ қандай да болмасын шаруашылық субъектілерінің осы қорлардан алған ақша
қаражаттарын мақсатқа сай пайдалануларын кезіндегі барлық әрекеттерінің
дәрыс және заңды болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған функциялар
туралы айта кететін бір жай бар.
Қаржылардың функциялары жөніндегі оқымысты ғалымдар әлі де пікір- талас
тудырып ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, қалыптасқан көзқарасқа келе алмай
жатқан жәйттер бар. Қазіргі қаржылардың функциялары турасында – білу және
ұдайы өндіріс атты екі концепция өмірден орын алып отыр.
Бірінші концепцияны жақтаушылар, қаржылар қоғамдық ұдайы өндірістің
екінші, яғни білу сатысында, ақша түріндегі қоғамдық өнімнің құнын білу
процесінде пайда болғандықтан, оларға тек білу функциясы ғана тән болады
деп есептейді.
Осы концепцияға сай қаржылар білу және бақылау функцияларын ғана
атқарады. Бұл жердегі қателік бірден көзге түсіп тұр, өйткені қаржылардың
басқа да білу процесіне қатысатын экономикалық (баға, ақша, жалақы төлеу,
несие т.б.) категориялар бар екенін білеміз.
Осы білу функциясының көмегімен жалпы қоғамдық өнімді және оның ең
басты білу және қайта білу процестері жүзеге асырылады. Бөлу функциясы
қаржылардың бөлу категориясы ретіндегі мағынасын ашып көрсетеді. Бақылау
функциясы, осы бөлу және қайта бөлу процестері кезінде заңдылықтың, сондай-
ақ мақсатқа сәйкестіліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Ал екінші, ұдайы
өндіріс концепциясы бойынша қаржылардың үстінде аталып, қарастырылған үш
фукнциясы көрсетіледі. Бұл концепцияны қолдаушылар, қаржылар, қоғамдық
ұдайы өндіріс сатыларын (бөлу, айырбастау және тұтыну) бәрінің категориясы
болып есептелінетіндіктен, оларды тек бөлу категориясымен шектеу
дұрыс емес деп тапқан.
Олар келтірген дәлелдер мына төмендегідей болып келеді:
1) қоғамдық ұдайы өндірістің сатылары бір-бірімен тығыз байланысқан;
2) қаржылар тек қана ұдайы өндіріс сатыларын ғана қамтамасыз етіп қоймай,
қоғам өмірінің барлық аяларын қамтиды;
3) қаржылар қоғамдық өнім қозғалысының барлық сатыларында пайдаланылатын
жан-жақты бақылау құралы болып табылады.
Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырудың (жиыстыру) тікелей
түсім көзі материалдық өндіріс аясында жасалатын ұлттық табыс болып
есептелінеді.
Ұлттық табысты бөлу кезінде мемлекеттің, кәсіпорындар мен
бірлестіктердің және азаматтардың кірістері құралады.
Мемлекеттің қарамағында ең мол ақша қаражаттары қорлары – бюджеттен бар
екенін білеміз. Бюджет арқылы, әр түрлі ақша қорларын құру нәтижесінде
қоғамдық өндіріске қатысушылар тапқан кірістер басқа қатысушылардың
мұқтаждықтарына пайдаланылады. Қаржылардың бақылау функциясы бар екенін
бірі мойындайды. Қаржылар белгілі жүйеден құрылатынын білеміз.
Қаржы жүйесі деп, мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, білу және
пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын және әрқайсысы белгілі бір
қаржылық құқықтық институттардың материалдық көрінісі (қорлары) болып
табылатын қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығын айтамыз.
Ал қаржылық-экономикалық институттар дегеніміз мемлекеттің ақша
қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда
болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Орталықтандыру дәрежесі мен
осы институттарға жататын ақша қорларының түрлері бойынша Қазақстан
Республикасының қаржы жүйесінің институттары қаржылары орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған болып екіге бөлінеді.
Орталықтандырылған институттар (қаржылар) мына төмендегідей болып
келеді:
1. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған қаржылар республикалық бюджет
арқылы көрсетіледі.
2. Жергілікті орталықтандырылған қаржылар. Жергілікті өкілді
органдардың бюджеттері арқылы көрсетіледі. Жергілікті бюджеттерге
мыналар жатады: облыстық бюджеттер; Астана және Алматы қалаларының
қалалық бюджеттері; қаладағы аудандық бюджеттер; аудандық бюджеттер.
3. Мемлекеттік банктердің қаржылары. Осы банктердің ақша қорлары
мынадай көрініс табады: жарғылық қор; резервтік қор; өндірістік-
әлеуметтік даму қоры; қысқа мерзімге несиелеу қоры; ұзақ мерзімге
несиелеу қоры; валюталық аударым қоры; материалдық марапаттау қоры
және т.б. Бұл қорлар мемлекеттің орталықтандырылған несиелеу
қорларын қалыптастырады.
4. Мемлекеттің мүлікті жүне жеке басты міндетті сақтандыру қаржылары,
мынадай сақтандыру қорларымен көрсетіледі: жарғылық қор; сақтандыру
резервтік қоры; ағымдағы түсімдер қоры; сақтандыруды дамыту қоры;
әлеуметтік-мәдени шаралар қоры; алдын алу шараларын қаржыландыру
қоры; сақтандырудың қалпына келтіру түрлері бойынша запастағы қорлар
жүйесі; әлеуметтік бағыттағы: мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қоры; жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры және т.б. қорлар.
Мұнда айта кететін бір жәйт бар. Банкілердің қаржыларын оқулықтарда,
көбінесе, банкілік кредит деп айтатынын көріп жүрміз. Былайша айтқанда,
банкілік қызметтің кредит (несие) беру жағымен ғана шектелген. Бір жақты
көзқараспен шектеліп қоймай, бұл қаржыларды қаржы жүйесінің институты деп
алып қарасақ, онда олардың тек банкілердің ссудалық қорларын кредит беру
түрінде жұмсайтын институт ғана емес, сонымен қатар осы қорларды
қалыптастыратын да институт екенін көреміз. Сондай-ақ бұл институт тек
мемлекеттік банкілердің қызметі мен солардың ақша қорларын қамтиды.
Ал мемлекеттік емес банкілердің қызметтері қаржылық қызметке
жатпайды. Жеке басты және мүлікті міндетті сақтандыру институты туралы да
осыны айтуға болады. Бүл институт қаржы жүйесінің ерекше институты ретінде
қалыптасады және оның әрекеттері мемлекеттің қаржылық қызметі болып
есептелу себебі, аталмыш қызмет мемлекеттік сипатта болады, сондай-ақ
мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады.
Сақтандыру қызметімен айналысатын мемлекеттік емес заңды ұйымдар мен
мекемелердің әрекеттері қаржылық қызметтің құрамына кірмейді, сондықтан бұл
қызметтер қаржылық құқықтың пәніне жатпайды.
Негізінде, мемлекеттік емес заңды ұйымдар мен мекемелердің және
азаматтардың ақшалай қорлары мен қаражаттары қаржылар жүйесінің құрамына
кірмесе де, олардың ақша жөніндегі қызметтері азаматтық-құқықтық
нормалармен реттелетінін білуіміз керек. Азаматтық-құқықтық әдістермен
реттеу реттеу арқылы өнім (тауар) өндірушілердің құқықтарымен мүдделері
қорғалады. Ал егер құқықтық реттеу қаржылы құқықтық әдістері арқылы жүзеге
асырылса, онда ол мемлекет мүддесін көздеу болып табылады.
Қаржылық қатынастардың тауар-ақша қатынастарынан туындайтынын және
оларға қызмет ететінін білеміз. Сондықтан мемлекеттің қаржылық қызметінің
мақсаты тек қаржыларды қалыптастыру емес екені белгілі.
Орталықтандырылмаған институттарға (қаржыларға) мыналар жатады:
1) Мемлекеттік басқару органдарының қаржылары. Министрліктердің,
ведомстволардың және басқа да басқару орталықтарының орталықтандырылған
ақша қорларын білдіреді. Бұл салалық орталықтандырылған қорлар халық
шаруашылығы саласының немесе басқа да шаруашылық жүйелерінің орталық
басқару звенолары болғандықтан министрліктер мен ведомстволардың қарамағына
берілген ақша қаражаттарынан тұрады.
2) Мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің қаржылары. Осы субъектілердің,
яғни мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорларын білдіреді:
жарғылық қор, өнеркәсіпті, ғылымды және техниканы дамыту қорлары;
резервтік қорлар және т.б.
3) Мемлекеттік қазыналық ұйымдар мен мекемелердің қорлары. Осы
субъектілердің ақша қорларымен көрсетіледі.
Қаржы жүйесі жөнінде кейінгі кезде қалыптасқан көзқарастарды салыстырмалы
талдау жасау мақсатында қарап өтеміз. Е.Б.Стародубцеваның айтуынша қаржы
жҹйесі жалпы мемлекеттік, салалық және қоғамдық қаржылық қатынастардан
тұрады, сондай-ақ оның құрылу негізіне функционалдық бағдары, аумақтар,
жүйенің бірыңғайлығы сияқты үш элемент жатады.

ІІ. Тарау. Мемлекеттің бюджеттік жүйесі: құқықтық негіздері, құрылымдық
элементтері, жалпы сипаттамасы.
ІІ.1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

Бюджет мәселесі мемлекет және қоғам үшін өте маңызды. Себебі
мемлекеттік бюджет – бұл қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік
қатынастарды реттейтін басты механизмдердің бірі. Қазақстанда өткізілетін
экономикалық және саяси реформалар мемлекеттің қаржы сферасын, соның ішінде
бюджеттік жүйесін қозғамай өте алмайды. Мемлекеттік бюджет Үкімет
басшылығына экономиканы қадағалауға, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды
қаржыландыруға, жағдайы төмен адамдарға жәрдем беруге мүмкіндік береді.
Қазақстанның бюджеттік жүйесі қалыптасқан. Республикалық бюджет туралы
заң жыл сайын қабылданып тұрады. 2004 жылы Қазақстан Республикасының бюджет
кодексі бекітілді. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi, Бюджет Кодексінен өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. Егер Қазақстан Республикасы
бекiткен халықаралық шартта өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық
шарттың ережелерi қолданылады. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданыста болады және барлық
жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергiлiктi
бюджеттерден тиiстi қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актiлерi, осы
актiлердiң қайтарымды негiзде ақша бөлу туралы ережелерiн қоспағанда,
ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жояды. Тиiстi қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы заңдар, тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы
мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
мәслихаттардың шешiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
жергiлiктi атқарушы органдардың оларды iске асыру туралы актiлерi тиiстi
қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi. Егер заң
актiлерiнде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде Қазақстан
Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетiн ережелер көзделсе, онда
Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелерi қолданылады. Бюджет
жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi: 1) бiрлiк принципi - Қазақстан
Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк
заңдарының қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет
процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету; 2)
толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық
түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке
алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге
жол бермеу; 3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген)
бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан
Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi
жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де
құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының
бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген
(нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы
есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты
мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы
бақылауын жүргiзу; 5) дәйектiлiк принципi - бюджеттiк қатынастар аясында
бұрын қабылданған шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы; 6)
тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттiк бағдарламалар
паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу қажеттiлiгiн
негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткiзу үшiн қажеттi
оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе бюджеттiк
қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi қамтамасыз
ету; 7) басымдық принципi - бюджеттiк процестi республиканың немесе
аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге
асыру; 8) жауапкершiлiк принципi - бюджет процесiне қатысушыларды Қазақстан
Республикасының бюджеттiк заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту; 9)
бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында
түсiмдердiң тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және заңға сәйкес
олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттiк басқарудың барлық
деңгейлерiнiң заңға сәйкес бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы,
жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi,
заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi бюджеттер қаражатының
бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi,
тиiстi өтемсiз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол
берiлмейтiндiгi. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын
ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн Қазақстан Республикасы
заңдары жобаларының ережелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң оң
қорытындысы болған жағдайда ғана енгiзiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары
ескерiле отырып жасалады. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң
шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн Қазақстан
Республикасы Президентiнiң жарлықтары және Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң қаулылары жобаларының ережелерiн Республикалық бюджет
комиссиясының мiндеттi түрде қарауына жатады. Заңда көрсетiлген актiлер
жобаларының ережелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (Республикалық
бюджет комиссиясының) қорытындысы ағымдағы жылдың бiрiншi жартысында
берiлген жағдайда қолданысқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық есебінің мәні
Қаржы құқығы пәнінен оқу - әдістемелік кешені
Шаруашылық қызметінің аудиті
Казакстан Республикасында мынадай кедендік баждар мен міндетті төлемдер
Қазақстан Республикасының бюджет қазынасын толтырудағы салық жүйесі мен салық салу
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы
Мемлекетті басқарудың теориялық астары
Мемлекеттік қаржылық реттеудің экономикадағы құрама бөлігі – салықтық реттеу
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Пәндер