Вашингтон конференциясы және «Тоғыз держава келісімі»



КІРІСПЕ

І . ТАРАУ. ВЕРСАЛЬ БЕЙБІТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
І.І. Париж бейбіт конференциясы
Париж бейбіт конференциясы (18 қаңтар . 28 маусым 1919 ж.)
І.ІІ. Ұлттар лигасының құрылуы

ІІ.ТАРАУ. ВАШИНГТОН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ «ТОҒЫЗ ДЕРЖАВА КЕЛІСІМІ»
ІІ.І. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси және дипломатиялық күрес
ІІ.ІІ. Вашингтон конференциясы (1921 ж. қараша . 1922 ж. ақпан)

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Диплом жүмысының өзектілігі. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
әлемді қайта реттеу мақсатында жүргізілген Версаль-Вашингтон жүйесінің
тарихта алатын орны ерекше. Соғыстың аяқталуы халықаралық дипломатия және
саясатта жаңа жолдың басталуына түрткі болды. Соғыста жеңгендер мен
жеңілгендер арасында дипломатиялық шиеленістер мен қайшылықтар
төңірегінде саяси ойын басталды. Соғыста жеңген елдер Версаль-Вашингтон
жүйесі бойынша халықаралық қатынасын бекіте түсуге қадам жасады.
Сонымен, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемді бейбіт жолмен
реттеу проблемасы бойынша жеңген елдердің басшылары: Францияның премьер-
министрі Ж.Клемансо, Ұлыбританияның премьер-министрі Ллойд Джордж, Америка
Құрама Штаттарының президенті В.Вильсон тарихта Версаль-Вашингтон жүйесі
деген атпен танымал болған халықаралық бейбіт конференция ұйымдастыру
жұмысын жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл соғыстан кейінгі ұлы державалар
арасындағы дипломатиялық шайқас болды. Күн тәртібіндегі басты мәселе
Франция үшін жеңілген Германия, Австро-Венгрия, Түркия сияқты империялардың
территориясын бөлшектеп, отарларын иемдену болса, Ұлыбритания үшін Еуропада
өзінің бұрынғыдай алып держава орнынан айырылмау болды, ал АҚШ үкіметі бұл
Париж конференциясында Ұлттар лигасын құру және қарусыздану мәселесін
ұсынумен болды.
Сөйтіп, соғыс аяқталысымен 1918 жылы 11 қараша айында Компьен
орманында Францияның сыртқы істер министрі Фош Германиямен бейбіт келіссөз
жүргізу мәселесі бойынша құжатқа қол қойды. Сонымен герман мәселесін
талқылау үшін бейбіт конференция 1919 жылы 18 қаңтар күні Парижде осыдан 48
жыл бұрын Германия империясының құрылғанына куә болған Версаль сарайының
Айналы залында ашылды. Жиналыстың ашылу барысына сөз алған президент
Пуанкаре өз сөзінде соғыстың кінәлілері мен жаңа соғысқа жол бермеу
мәселесін айтып өтті. Париж конференциясына 27 мемлекеттен делегаттар
келді, сонымен бірге 5 мемлекет - АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия,
Жапония державалары конференцияда бестіктер кеңесін құрып, оған Франция
төрағалық жасады. Бұл Версаль-Вашингтон конференциясының тарихта алатын
орны ерекше, мұнда соғыс өртін бастап, адамзат өміріне үлкен қайғы-қасірет
алып келген Үштік одақ державалары мәселесі бойынша арнайы келіссөздер
жүргізді. Осы Париж конференциясында төрағалық құрып отырған Франция
қаралар мәселенің көп жағын немістерден өш алу жағына бұра берді, ал
соғыста жеңілген германия үшін бұлай арттан соққы алулары өте ауыр
қасірет болды. Әрине, мұның да өзіндік ерекшелігі бар еді, яғни сонау
Франкфурттан кейінгі француздардың немістерге деген өшпенділігі орынды да
еді. Сонымен бірге бұл конференцияда АҚШ президенті В.Вильсон барлық
халықтардың халықаралық тағдырлары мен мүдделерін бірінші орынға қоятын
Ұлттар лигасын құрып Жарғысын қабылдау, мандаттық жүйе енгізу сияқты
мәселелерді алға тартты. Мұндай ұсынысты бастапқы кезде Франция мен
Ұлыбритания өкілдері қабылдаудан бас тартты. Өйткені барлық халықтардың
мүдделері мен тағдырларын бірінші орынға қоятын жарғы талаптары еуропалық
ұлы державалардың басты тізгін етіп ұстап отырған территориялық және
қаржылық саясаттарынан оп-оңай айырылып қалғылары келмеді.
Сонымен, 1919 жылы Париж конференциясында көп жағынан оқшаулана берген
АҚШ мемлекеті енді (1921 аяғы -1922 басы) Вашингтонда өздері бейбіт
конференция ашты. Бұл конференцияда ең басты қаралған мәселе соғыстан
кейінгі қарусыздану проблемасы болды.
Соғыстан кейінгі әлемді қайта реттеу мәселесі бойынша жүргізілген
Версаль-Вашингтон жүйесінің тарихта алар орны ерекше. Бұл мәселеге қатысты
халықаралық, дипломатиялық, саяси, сол кездегі халықтың әлеуметтік-
экономикалық жағдайын, осы мәселелер төңірегінде көптеген Ресей
тарихшылары, алыс-жақын шетел тарихшылары, экономистер, саясаткерлер өз
пікірлерін жазған болатын. Оған байланысты әртүрлі тұжырымдар да жасалынды.
Сол себепті біз өзіміздің диплом жұмысымыздың тақырыбын "Версаль-
Вашингтон жүйесі" деп алдық.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысын жазуда алдымызға
қойған мақсатымыз — Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемді қайта бейбіт
жолмен реттеуге бағытталған Версаль-Вашингтон жүйесінің халықаралық
сахнадағы орнын танып білу болып отыр. Мұнда ұлы державалардың келіссөздер
шешімін өздеріне тиімді жолмен жүргізу саясатының мән-мағынасын анықтау
басты мақсаттарымыз болмақ. Осындай күрделі мәселерді қарастыру жағдайында
алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
• Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
Париж бейбіт конференциясын ашу жолындағы қиындықтарды
талдау;
• Конференция қызметі барысындағы "ондық Кеңестің" шешімдеріне
анализ жасау;
• В.Вильсонның конференцияда Ұлттар Лигасын құру ұсынысы мен
оған қарсы шиелестің етек алуын талқылау;
• Мандаттық жүйе, герман мәселесі, орыстар мәселесіне қатысты
іс-шараларды талдау;
• Вашингтон конференциясындағы "Төрт держава
трактатының" қабылдануына баға беру.
Біз диплом жұмысымызды жазу барысында өз мақсатымызға жету үшін тарих
ғылымында қалыптасқан талдау, салыстыру, әдістемелік-методологиялық, сыртқы
зерттеу әдістерін пайдаландық.
Жұмыстың тарихнамасы. Диплом жұмысын жазуда көптеген арнаулы зерттеулер
мен оқу-құралдары, деректік материалдар мен мерзімдік басылымдар, арнаулы
зерттеулер пайдаланылды.
Бұл бітіру жүмысын жазуда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Версаль-
Вашингтон жүйесінің саясатына қатысты жазылған бірқатар деректерді мысалға
келтіре кетсек болады. Айта кету керек, диплом жұмысына тікелей қатысты
конференция келісімдері: "Версальский мирный договор" 1 және "Нейский
мирный договор" 121 "Сен-Жерменский мирный договор" 3, "Трианонский
мирный договор" 4, "Хрестоматия по новейшей истории" 151, "Хрестоматия по
истории международных отношений" 61, "Внешняя политика Советского Союза"
III "Вашингтонская конференция по ограничению вооружений и тихоокеанскому и
дальневосточному вопросам" 8 тағы басқа көптеген еңбектер жарық көрген.
Осы құжаттық еңбектерде негізінен Версаль-Вашингтон жүйесінің қалай
сарынмен жүргізілгені туралы көптеген мағлұматтар алуға болады. Сондай-ақ,
осы соғыстан кейінгі халықаралық сахнада өз мемлекеттерінің әлемдік
үстемдігі үшін барын сала жұмыс жүргізген мемлекет қайраткерлерінің
естеліктері мен заманхаттарын айтуға болады. Олар: II Вильгельм 191,
Гинденбург П. 10, Кейнс Д. 11, Ллойд Джоржд Д. 12, Пуанкаре Р. 13,
Фош Ф. 14, Черчилль У. 15, Эррио Э. 16 т.б. болып табылады. Бұл
еңбектерде бастапқы кездегі Париж конференциясын ұйымдастыру жұмыстары,
оған қатысушы державалардың бағдарламалары жайында қарастырылған.
Құжаттардан сонымен бірге, бейбіт келіссөздерге байланысты "орыс
мәселесінің", "еуропалық мәселенің" "неміс мәселесінің" қалай
"шешілгендігі" туралы анализ жасауға болады.
Ал енді арнаулы зерттеулерге жеке-жеке тоқталып өтетін болсақ, бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі болған Версаль-Вашингтон жүйесіне қатысты
Алданов М. 17, Прицкер Д.П. 18, Бэккер Р.С. 19 еңбектерінің орны
ерекше. Бұл ғылыми зерттеулерден Париж бейбіт конференциясында төрағалық
жасаған Францияның премьер-министрі Клемансо, сонымен бірге Ұлыбританияның
премьер-министрі Ллойд Джордж және Құрама Штаттар президенті Вильсонның
әлемді бейбіт жолмен реттеуге байланысты саяси-дипломатиялық идеяларына
анықтама жасалған.
Сонымен бірге, Америка Құрама Штаттарының президенті В.Вильсонның
ұсынысы бойынша Париж бейбіт конференциясының пленарлық мәжілісінде Ұлттар
Лигасын құру туралы ұсынысы талқыланды. Әрине, бұл Еуропада өз үстемдігін
орнатып отырған Франция мен Ұлыбританияның саясатына қайшы келуі әбден
мүмкін еді. Өйткені лига "жарғысына" сәйкес олар өздеріне тиесілі
территориялық және қаржылық операцияны іске алмауы да ғажап емес. Дегенмен,
Ұлттар лигасын құру идеясы іске асып, оның "Жарғысы" да қабылданды, сонымен
бірге Лига талабына сай бірінші рет мандаттық жүйе енгізілді. Осы мәселе
жөнінде ғалымдар Вововозов В.В. 20, Илюхина Р.М. 21, Иванов Л.Н. 22,
Ходнев А.С. 23 ғылыми еңбектерінің орны ерекше. Авторлар өз ғылыми
еңбектерінде барлық халықаралық мәселеге халықтар тағдыры мен мүдделерін
ортақ қып отырған бұл халықаралық ұйымның құрылу тарихына үлкен мән берген.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде үлкен өзгерістер етек ала
бастады. Бұл әсіресе Еуропада жаңа мемлекеттердің құрылуына тікелей
байланысты еді. Осы мәселе бойынша: Беляева В.И. 24, Ванечек В. 25,
Ефимовский Е.А. 26, Котяревский С.А. 27, Писарев Ю.А. 28, Шмераль
Я.Б. 29 сынды ғалымдар өз еңбектерінде баян етеді. Бұл зерттеулерден
соғыстан кейінгі словян, хорват, словак корольдықтарының бір мемлекет
болып, яғни Югославия деп атау алғанын, сонымен бірге чехтар мен
славяндардың бірігіп - Чехословакия деп аталуы Шығыс Еуропадағы Балқан
мемлекеттері ішінде ұзақ жылдарға дейін халықаралық шиеленісті, даулы аймақ
болып келгені көпшілікке аян. Авторлар еңбектерінен осы мәселенің алғашқы
тарихи кезеңдерінен үлкен мағұлыматтар алуға болады. Айта кетсек,
Еуропадағы бүл саяси картаның осылай өзгеруінің ақыры ұзаққа созылған үлкен
даулы мәселеге айналды 30. Сонымен ғасыр басында басталған ұлттық мәселе
туралы тамаша еңбектер де бар 31 .
Бейбіт конференцияда "жеңімпаз" одақтастар "жеңілген" елдердің
мәселесін талқылауда аянбай жұмыс істеді. Соғыс отын тұтандырып отырған
Германия империясының соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси
жағдайы адам айтқысыз күйге түсті. Германия үшін соғыстан кейінгі бейбіт
келіссөздер шешімдерінде қарастырылған репарация мәселесі де үлкен ауыр
болып тиді. Одақтастарға төлейтін шығын неміс халқын әбден әлсіретіп
жіберді. Әрине бастапқы кезде неміс үкіметінің басшылары елдің ішкі саяси
және экономикалық әлсіреуін және елдегі революциялық жағдайды алға тартып
шығын төлеуден бас тартпақ та болды. Алайда мүндай мәселе одақтастардың
көңілінен шыға қойған жоқ. Әсіресе Франция мемлекетінің. Мұндай қайшылықты
даулы мәселе жағдайы ұзаққа барған жоқ. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін
адам айтқысыз табысқа қол жеткізіп, "кредитор" мемлекетке айналған АҚШ
үкіметі немістерге де өз көмегін аяған жоқ. Бұл мәселе төңірегінде Кобляков
И.К. 32, Клейменов Е.Н. 33, Сидров А.Ю. 34, Уткин А.И. 35 ғылыми
еңбектерінен қарастыруға болады.
Жұмыстың қүрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыс тақырыбының өзектілігі жөне тарихнамаға шолу жасалды.
Бірінші тарауда - бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемді бейбіт
жолмен реттеу мәселесі бойынша Версаль конференциясын шақыру мәселесі
арастырылды. Мұнда конференция қарсаңындағы одақтастар арасындағы
шиеленісті мәселе, сонымен бірге француздар мен немістер арасындағы
қайшылықтар мен саяси дау туралы болды. Сөйтіп, бұл тарауда Париж бейбіт
конференциясының ашылуы мен ондағы президент В.Вильсонның Ұлттар лигасын
құру идеясы, мандаттық жүйе, территория мәселесі, отар мөселесі, жаңа
мемлекеттердің құрылуы, репарация, контрибуция т.б. сында мәселелер жан-
жақты қаралды.
Екінші тарауда — Парижде көп даулы мәселеге араласа алмай қалған
Америка өз елінде Вашингтон конференциясын шақырумен болды. Бұл
конференцияда ең басты қаралған проблема қарусыздану мәселесі болды. Әрине
мұнда тек АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Италия мүдделері ғана
қарастырылды. Теңіз қаруын қысқарту, жаяу әскер санын қысқарту, сүңгуір
қайық санын көбейтуге тыйым салу т.б. сынды мәселе төңірегінде үлкен
шиеленісті мәселе осы Вашингтон конференциясында көтерілген болатын.
Ең соңында диплом жұмысымызды қорытындылай келе Қазақстан көлемінде
табылатын кеңестік, шетел және қазіргі жаңа тұрғыда жазылған Версаль-
Вашингтон жүйесінен көптеген мәлімет беретін әдебиеттер тізімін бердік.

І - ТАРАУ. ВЕРСАЛЬ БЕЙБІТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

І.І. Париж бейбіт конференциясы

XIX ғасырдың соңында еуропалық ұлы державалардың арасында қайта
топтасы процесі басталды. Тіпті 1882 жылдың өзінде герман-италия-австрия,
яғни Үштік одақ құрылған болатын. Ал келесі Үштік келісім - Англия, Франция
және Ресей көпжылдық шиеленістен кейін бір-біріне жақындай түсті. Олардың
арасындағы байланыс еш келісім шартсыз формальды түрде ғана болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс өзімен бірге үлкен қайғы қасірет әкелді.
Онда тек адам шығынының өзі 10 миллион қаза болғандар мен 20 миллион
жараланған, мүгедектерді қүрады. Соғыс жағдайында германдық блоктан 20 млн.-
ға жуық адам көшірілді. Ал Антантада бұл көрсеткіш - 48 млн-нан жоғары
болды. Соғыс керек-жарағы үшін соғысушы елдердің барлық материалдық
шикізаттары пайдаланылды. Адам айтқысыз шығын тіпті Ұлыбритания мен
Францияның өзін қазырға белшесінен батырды. Осындай қымбат жеңіске қолдарын
жеткізген Антанта елдері соғыстан кейінгі әлемнің тағдырын өз қолдарына
алды 1,12. Антанта мен герман блогының арасындағы келісім 36 күнге
созылды. Осы уақыттың ішінде Германия бес рет өз пайдасына келісім жасау
жағын ұсынып бақты. Мүндай жағдайға Антанта бұған әрине келісімін берген
жоқ. Оның арнайы емес жауабында: Вильсонды күтеміз, деген болатын. Әрине
іс Вильсонға қарап тұрған жоқ, өйткені ол Парижге келуге тіпті де асыққан
жоқ, тек 1918 жылы 13 желтоқсан күні ол Парижге келді. Тағы бір халықаралық
мәселе, жеңімпаздар әлем талаптарын талқыға салуға әлі дайын емес еді.
Германияға қарсы соғысқан үлкенді кішілі 27 елдің астаналарында дайындық
жұмыстары жүріп жатты. Әртүрлі мәселелерге анықтамалар жасады, баяндама
қолхаттарын құрастырды, тарихшылар мен экономисттерге ескі келісімдер және
дипломатиялық қүжаттардан осы мәселелердің негіздемесін жасау үшін
тапсырмалар берілді. Румыния өз алдына жеке линия жасауды ұсынды,
Чехословакия, Югославия және Грецияның жағдайы да осындай күйде болды.
Парижбен Лондон үзіліссіз мәжіліс жасаумен болды. Екі державаның арасында
тынбай дипломатиялық курьерлер жүрді. Лондонға Франция және Италияның
премьерлері мен министрлері барумен болды. Бейбіт келісімнің кейбір баптары
қауіпті шиеленістер туғызды. Болып жатқан жағдайға байланысты жасалған
құпия келісімдер мен олардың хаттамалыры сыртқа тарап отырды 20,145.

Англия мен Францияны бәрінен бұрын Түркия иелігінің жағдайына қатысты
мәселе мазаландыра түсті, яғни ол 1916 жылы мамыр айында Сайкс-Пикодағы
құпия келісім бойынша бекітілуі тиіс болатын. Танымал болғандай, италиян
құпия келісімі туралы естіп бір жылға жуық уақытқа дейін өзін Түркия
иелігін бөлу операциясына қатыстыруды талап етумен болды. 1917 жылы сәуір
айында Ллойд Джорджға Таяу Шығыста итальяндықтардың көмегі ауадай қажет
болды, тап осы кезде ол Италияға Смирна мен басқа түрік иеліктерін берем
деп уәде берді. Сонымен Сен-Жан-де-Мориенн келісімінде де ағылшындар мен
француздар Смирнаны итальяндықтарға берміз деп шешім қабылдады. Алайда, бұл
әлі жеткіліксіз болды. Олар гректер мен түріктердін қонысындағы
территориялардан қосымша жер үлесін алуды қолға алды 2,45. Келіссөздер
1917 жылдың тамыз айына дейін жалғаса түсті. Дегенмен келісімді тек Ресей
келісімін бергеннен кейін ғана өз күшіне енеді деп хабарлады. Алайда
Ресейдің жағдайы мәз емес еді ондағы Уақытша үкімет 1917 жылы қазан айында
жойылды. Енді қайта сұрақ туды, яғни ол итальяндықтарға берген уәдені
міндетті түрде орындау керек пе? Бұдан кейін келіссөздер тоқтамай жалғаса
берді, тек Германия жеңілгеннен кейін ғана күн тәртібі өзгеріп шыға келді.
1918 жылы желтоқсанда Клемансо Лондонға табан тіреді, ондағы басты мақсат
Сен-Жан-де-Мориенн жерінде жасалған келісімнің күшін жою болатын. Және
сонымен бірғе Ұлыбритания әскері ұстап тұрған Килики және Сирияны Франция
мүддесіне беру туралы мәселені көтерді. Ллойд Джордж осы кезде Клемансоға
қарсы жүрді, дегенмен өз кезегінде ол Англияның пайдасы үшін Мосул және
Палестинаны қалдыруда ұсынған болатын. Ұлыбритания мен Франция арасындағы
құпия келісімдер 1918 жылы 2-ші және 3-ші желтоқсан аралыында жүргізілді.
Осы кезде Франция ойламан жәйсіз күйге тап болды. Өйткені Италия өзіне уәде
етілген Смирнаны талап ете бастады. Осыдан кейін халықаралық сахнадағы
саяси шиеленіс өрши түсті десе де болады.

Жеңген елдер арасындағы одақтық келісім: вместе бить, врозь идти
деген принцип бойынша жүрді. Соғыстан кейін одақтастар арасындағы шиеленіс
бірте-бірте өрши түсті десе де болады. Мұны бәрінен бұрын Германия өз
пайдасына шешуді кездеді. Көп жылдарға дейін дипломатия тарихшылары
Антантаның шешімдеріне көңілдері толмай келгені белгілі. Өйткені соғыстан
кейінгі Германияның тағдырын дұрыс шешкен жоқ деген болатын. Бүған
немістердің өздері де ат салысты, олар Германияны версальдық диктаттың
бақытсыз қүрбанындай көрсетті. Сонымен бірге Антантаның жақтастары да
бейбіт талаптарға келіскен жоқ. Сөйтіп, Германияны мойнына пышақ ұстап
түрған жуас қойдай қылып көрсетті. Ал бұл жараланған хищник болатын,
ауыруын қайтарған соң шайқасты қайта бастаудан тайынбады. 1918 жылдың
желтоқсан айында Германияның Жоғарғы Қолбасшылығы барлық армияны Рейнге
апаруға бел буды. Дегенмен оның бірде бір бөлімшесі тұтқынға түскен жоқ.
Осыдан кейін Германияның билеуші топтары жеңіл дем алды: армияны сақтап
қалу жоспары іске асты. Шындығында армия бұрынғыдай емес еді: олар
революция әсерінен тез басылып кетті. Дегенмен, армия сақталып қалды және
керек кезде қарсыластық көрсете аламыз деп жеңімпаздарды қорқыта алардай
қауқары бар еді. Әскердің бір бөлігі революциялық толқынның орталығына
айналған Берлин түбінде болды. Үкімет Жоғары Қолбасшылықтан армия Берлинге
кірмей тұрып қарусыздануын талап етті, ал армия басшылары болса ең бірінші
Берлиндегі жүмысшылардың қарусыздануын талап етті. Осы кездері армия
басшыларының ұйымдастыруымен Германияда ерікті армиялар да жасақтала
бастады 1,25.

Мысалы айта кетер болсақ Росбах, Лютцов, Эппа, Эрхард бригадасы,
Балтық қарулы күші және тағы басқа ерікті жасақтар болды. Осы ерікті
жасақтадың барлығы Германиядағы революцияны басу үшін күресуге дайындалып
жатты. Осы кезде герман басшылығы елдегі революциялық жағдай өрши түскен
жағдайда оның басқа елдерді жай-күй қалдырмайтынын айтумен болды. Осыдан
кейін Антанта елдері мен Германия арасында Компьенен бейбіт келісім жасау
талаптарын қарастыра бастады. Ол кезде Германия әлі Француз тұтқындарын
еліне қайтармаған болатын, сонымен бірге басқа мемлекеттерден тасымалдаған
құнды заттарды да қайтарып үлгерген жоқ, су асты қайықтары мен оқ өтпейтін
крейсерлерді де тапсырамыз деген уәделерін үнемі кейінге қалдырумен болды.
Бұл аз болғандай, Германия су асты сүңгуір қайықтарын жасау ісін әлі де
тоқтатқан емес, дегенмен бейбіт келісім талабы бойынша ол барлық су асты
сүңгуір кемелерін тапсыруға міндетті болатын. Неміс верфяхтасында 64 кеме
жасалып жатқан болатын. Сонымен бірге Германия локомотив пен вагондарды да
тапсыруды қолға алған жоқ, өткізген паравоздардың өзі техникалық жағынан
істен шыққан болып шықты. Гофманның күнделік жазбаларындағы хабарламадан
үзінді келтіре кетсек; Я думаю, что пока Антанта не имеет никакого
представления, что делается у нас, иначе она давно потребовала бы, чтобы мы
прекратили плутовать. Антанта все еще полагает, что у нас сохранилась
крепкая армия и что мы играем с ними комедию 30,26.

Дегенмен бейбіт келісім уақыты таяп қалды. Осы кезде бейбіт
келісімнің белгіленген уақытын кейінге шегеру туралы Антантадан ұсыныс
келіп түсті. Бұл үндеу Германияның Жоғарғы Қолбасшылығына бағытталып
жазылған болатын. Неміс әскерилері мүны тиімді пайдалануға кірісті, яғни
Англия Берлин үкіметімен санасқысы да келмейтіндей етіп көрсете білді.
Германия делегациясымен қайта кездескен мәжілісте Гинденбург бейбіт
келісімді кейінге қалдыру талаптарын орындаған күнде, ол мына жағдайлар
орындалуға тиіс екенін баса айтты: Рейннің оң жағалауындағы бейтарап аймақ
жойылады; Шекара Рейн арқылы өтеді жөне Германия мен оккупациялық
аймақтардың арасында байланыс сақталып қалуға тиіс; оккупациялық армия саны
қысқартылуға және блокада алынып тастауы тиіс. 1918 жылы 12 және 13
желтоқсанда Трирде германдық делегация Фошпен келіссөз жүргізді. Маршалдың
қарсылығын ескере отырып бейбіт келісімге байланысты Эрцбергер хабарлады,
яғни берілген уақыт өте қысқа, сонымен бірге Антанта Германияға азық-түлік
беру уәдесін де орындаған жоқ деп баса айтты. Сонымен бірге Эрцбергер
елдегі революцияның қаупін де айта кетті: армия мен ел өте ауыр күйде тұр,
мүмкін төңкеріс болуы да ғажап емес деді. Мүны Фош тек айғақ ретінде ғана
қабылдады. Трир келіссөзі бойынша бейбіт келісім тағы бір айға ұзартылды,
яғни 1919 жылдың 13 қаңтарына 19,241. Жаңа кепілдеме ретінде одақтастар
Рейннің оң жағалауындағы бейтарап аймақты иемдену қүқығын алды, ол кельндік
көпір мен голландтық шекараны жалғастырып түрған территория болатын.
Оккупацияға дейін алты күннің ішінде қолхат беріп үлгерулері керек болатын,
әрине мүндай талапқа Германия көнді.

Сөйтіп аяқ асты одақтастар Данцинг пен Вислаға өтетін еркін жолға ие
бола кетті. Данцингке генерал Галлердің басшылығындағы армияны жіберу қолға
алынды, яғни ол Францияда жасақталған болатын. Одақтастар поляктар мен
болыпевиктер арасындағы күрес үшін плацдарм даярлай бастады, дегенмен
немістер мұны өз қолдарына алуды жөн көрді; одақтастардан құпия түрде
жасырын олар поляктармен келіссөз жүргізе бастады. Сонымен бұл жөнінде
Гофман өз күнделік жазбаларында былай деп жазды: У нас были очень
интересные переговоры с поляками. Они предлагают удержать Вильно против
большевиков, если мы разрешим им провести войска на Варшавы в Вильно. Я
всецело за это, так как наши войска не желают болыпе сражаться. Как решит
правительство, я еще не знаю 14,27.

Бір айға созылға бейбіт келісім тағы да жетпей қалды; ал осы уақытқа
дейін одақтастар алдын ала келіссөздер жүргізген жоқ. Ал бұл кезде Франция
асыққан жоқ, немесе бейбіт келіссөз Фошты армияны таратып жіберуге көндірер
еді, немесе бейбіт келіссөз солдатқа қару ұстап түруға рұқсат береді.
Сонымен жаңа ұзарту керек болды, өйткені осы кезде Германияда революциялық
қозғалыс өршіп кеткен болатын; Берлинде Эрцбергерге вокзалға бару үшін жаяу
баруына тура келді, аудан көшелерінде күрес болып жатқан еді. 1919 жылы 14
қаңтарда Касселде үкіметтік делегация өкілдері герман Жоғарғы
қолбасшылығымен кездесті. Кейбір мәселелерді талқылауды қолға алды. Елдегі
революциялық жағдайды алдын алу үшін жеңімпаз елдерден Германия әскери
басшылары көмек сұрады. Олар тіпті, Берлинге Антанта армиясын енгізуге даяр
екендерін де білдерді. Бейбік келісімді ұзартуға байланысты болған
келіссөздер кезінде Фош немістерден локомотивтер және вагондар және 58 ауыл
шаруашылық машиналарын бермегені үшін айыппұл төлеулерін талап етті.
Сонымен бірге, маршал Германиядағы орыс әскери тұтқындарын қайтарып беруді
талап етті, одақтастар комиссиясы Германияға тез арада Солтүстік Франция
мен Бельгидан тасымалданған мүліктерді қайтаруды ұсынды, сонымен бірге
Германияға және Еуропаның басқа елдеріне азық-түлік жеткізу үшін неміс
сауда флотын беруді талап етті. Бүған жауап беру үшін немістерге 24 сағат
уақыт берілді. Эрцбергер уақытын ұзартуды сүрады; ол барлық баптарға өз
қарсылығын білдірді. Маршал өз айтқанынан қайтқан жоқ. Сонымен Эрцбергер
енді бұрынғы сынақтан өткен жағдайды пайдалануға кірісті: германдық
өкілетті мамандар одақтастарды революциямен қорқыта бастады, сонымен бірге
большевизммен күрес жүргізу үшін өз талаптарынан бас тартқан жоқ.

Осы кезде Германиядан ақпарат келіп түсті, яғни армия Берлинге кірді
және жұмысшыларды қарусыздандыру ісін бастап жатыр. Неміс әскери басшысы
Эрцбергер Германияда Карл Либкнехт пен Роза Люксембругтің өлтірілгенін
естісімен маршал Фошқа қарай асықты. Бүлтуралы Эрцбергер өз мемуарында
былай деп жазады: Я отправился в 11 часов к маршалу Фошу на вокзал, где
сообщил противникам только что полученное известие произвело на всех
присутствующих глубокое впечатление. Я тотчас заявил, что выдача
сельскохозяйственного материала до 1 марта 1919 г. невыполнима: она
разрушила бы немецкого сельское хозяйство и сделала бы невозможной будущую
жатву 31,28.

Дегенмен бұл жолы да Фош өз айтқанынан қайтқан жоқ, ол ауыл
шаруашылық машиналарының 50 пайызы тез арады жеткізілсін деп сөзін аяқтады.
Ал ауыл шаруашылық машиналарының тасымалдану уақытының соңы 1 мамыр болып
белгіленді, алайда мұның өзі принцип құрбаны болған еді. Сонымен герман
дипломатиясы бұған да көнулеріне тура келген күй кешті.

1919 жылы 16 қаңтар күні Германиямен болатын бейбіт келісім тағы да 1
айға үзартылды, яғни 1919 жылдың 17 ақпаны болып белгіленді. Фоштың
талаптары да қабылданды: немістер өздерінің барлық сауда флотын Германияны
азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін одақтастарға берулеріне тура келді.

Келісім талаптары танымал болғандай бейбіт талаптарды айқындай түсті.
Бұл талаптар дәлірек айтқанда алдын ала даярланып қойған болатын. Ол тек
үнемі өзгертулермен ғана толықтырылып отырды. Француз үкіметі германияны
бөлшектеп тастауға дайын ұтрды. Олар германияны сонау алысқа апарып
тастауға дайын тұды, яғни сонау бүрынғы Франкфурт бейбіт келісіміне.
Өйткені осы уақытқа дейін Франция басшысы Клемансо өзінің әр кездегі
кездесуде Франкфуртты аузынан тастамай айтып жүруі де тегін болған жоқ.
Сөйтіп ол кейбір қол қою тұстарды да үнемі кейінге қалдырумен болды.
Сонымен Францияның Германияға деген шынайы көзқарасы қандай болды? Мүны
1917 жылы ақпанда болған Франция мен патшалық Ресей арасындағы құпия
келіссөздер арқылы ғана білуге болады, яғни патшалық тақтан құлар алдындағы
оқиға болатын. Мұнда Ресей француздардың жоспарына өз келісімін беруге даяр
тұрды, егер Франция патшалық Ресейге Константинопольді алуға және батыстық
шекара ретінде Ресейге шығанақтарды толық игеруіне уәде берген кезде. Осы
құпия келіссөз барысында Франция эльзас пен лотарингияны және бүкіл тас
көмір бассейіні болып тұрған Саар даласын алды. Германия шекарасы рейн
арқылы өтті. Рейннің сол жағалауындағы герман территориялары Германиядан
бөлініп қалды, сөйтіп олар автономиялы және бейтарап аймақтарға айналды.
Бұл территорияларда Франция өз әскерлерін ұстап тұрды, яғни Германия бейбіт
келісімнің барлық талаптарын орындап біткен соң ғана кетеріне уәде берді.
Әрине бұл өмір бойғы оккупация емес, сондықтан Германия жағы мұндай талапты
орындауға да барды. Бұл құпия келісімді ресейлік большевиктер газет
беттерінде жарияланған соң көпшіліктің наразылығын тудырғаны да рас. 1917
жылы 19 желтоқсанда ағылшындардың сыртқы істер министрі Бальфур Қауым
палатасында берген хабарламасында: Мы никогда не давали своего согласия на
это дело... Никогда мы не желали этого, никогда не покровительствовали этой
идее 35,28. Ал осы кезде француз прессасы мұның бәрі ресейлік
большевиктердің ойдан шығарған ісі деумен болды. Дегенмен Рейнмен арадағы
шекара мәселесі француздардың күн тәртібіндегі мәселеден түскен емес. Бұл
мәселені әсіресе француз генералдары көтеріп отырды. Сонымен 1919 жылы 19
сәуірдегі маршал Фоштың Тітез газетінің корреспонденттеріне берген
сұхбатын бүкіл Ұлыбритания оқыды. Онда: француз маршалы картадғы Германия
мен Францияның арасындағы шекараны карандашпен сызып тұрып көрсеткен
болатын. Яғни маршал Фоштың пайымдауынша: Здесь никаких естественных
преград вдоль всей границы. Неужели здесь мы должны будем удерживать
немцев, если они снова нападут на нас? Нет! Здесь! Здесь! Здесь! — деген
болатын 17,29. Алайда Рейнмен арадағы шекара Францияның алдағы барлық
бағдарламасын әлі де толық шеше қойған жоқ. Бүл екі арадағы шекара мәселесі
мен халықаралық саяси байланыстарды бақылап тұру үнін Франция мемлекеті,
өзіне тиімші іс-шараларға кірісе бастады. Бұл үшін оларға өздеріне жақын
елдер, яғни Полыпа мен Чехословакияны қалпына келтіру керек болды, сөйтіп,
бұған қоса Румыния мен Югославия мәселесін де жақсарта түсу франция үшін өз
жағына тиімді болары анықболды. Үлкен көлемдегі контрибуция мен
репарациялар нәтижесінде француздықтар Германияға экономикалық көмек
көрсету мәселесін кейінге қалдырумен де өз пайдасын асырып отырды. Осы
кезде Германияның Африка мен Түркия жеріндегі отарлары есебінен Францияның
отарларының саны да біраз өсе түскені жасырын емес. Осы жоспарды іске асыру
үшін, яғни Орталық бізге белгілі Шығыс Еуропаны, Балканға ену, Африка мен
Таяу Шығыстағы нақты позициясы Францияның Еуропада беделінің арта түсері
даусыз еді. Осының бәрін Франция үкіметі бейбіт конференцияда іске
асыруға кірісті. Клемансоның пайымдауынша: ...бұл бейбіт конференция, яғни
басқа келісімдер сияқты соғыстың жалғасы болып қала бермек... - деген
болатын.
Париж бейбіт конференциясы (18 қаңтар - 28 маусым 1919 ж.)
Парижде болатын бұл бейбіт конференцияға мыңнан астам делегаттар
келді. Әрине оларды үлкен көлемдегі қызметкерлер бастап алып жүрді: ғылыми
эксперттер - тарихшылар, заңгерлер, статисттер, экономисттер, геологтар,
георгафтар және тағы басқалар-аудармашылар, хатшылар, стенографистер,
машинисткалар тіпті солдаттар да болды. Америкадан В.Вильсон өз
оққағарларымен келсе, Ұлыбританиядан Ллойд Джордж тап солай болып келді.
Конференцияға қатысу үшін арнайы тіркелген журналистердің өзі басқа да
ақпарат алушылар мен суретке түсірушілерді есептемегенде 150-ден аса
болды. Сонымен бірге делегаттардан бөлек бұл бейбіт конференцияға қатысу
үшін Парижге отар елдердің, кіші державалардың және жаңадан құрылған
мемлекеттердің, қоғамдық ұйымдардың де бірқатар өкілдері шақырылды. 1919
жылы 12 қаңтар күні Кэд Орсэде премьер-министрлер, сыртқы істер
министрлері, яғни бес басты дердаваның көмекші делегаттарының бірінше
мәжілісі болды. Мұнда төрағалық қүрып отырған француздық сыртқы істер
министрі Пишон конференцияның жұмысын анықтап алу мәселесі туралы ұсынысын
жасады 20,78.
Мұнда ең басты мәселе болып, яғни конференцияның хаттамалары мен
болашақ мәтіндерді анықтау үшін конференцияның қай тілде жүргізілуі туралы
сөз қозғалды. Клемансоның ұсынысы бойынша бұрындары конференциялар француз
тілінде жүргізілген болатын енді оны өзгертудің еш қажеті жоқ деп түйін
тастады. Ал Ллойд Джордж болса ағылшын тілін ұсынды, өйткені жербетінің
жартысы осы тілде сөйлейді. Ақырында стандартты тіл ретінде француз және
ағылшын тілдерін белгіледі.
Тіл мәселесі шешілген соң, енді конференцияның регламент мәселесін
талқылау қолға алынды. Бұл өте күрделі болды, өйткені барлық 27 ұлт өз
өкілдерін конференцияның әрбір мәжілістері мен шешімдеріне ұсынуды алға
татқан болатын. Бүл мәселені шешу үшін тарих қойнауын қайта қазбалай
бастады, сонымен табан тіреген мәселе Вена конгресінің ұйымдастырылуын еске
алды. Сондықтан бұл жерде сол үлгідегі сияқты етіп төтреудің немесе
сегіздің комиссиясын құруды қолға алды. Ал Клемансоның ұсынысы бойынша ең
алдымен ұлы державалардың пікіріне назар аудару керектігі ұсынылды.
Я до сих пор постоянно держался того мнения, что между нами
существует соглашение, в силу которого пять великих держав сами разрешают
важные вопросы прежде, чем входят в зал заседаний конференции. В случае
новой войны Германия бросит все свои армии не не Кубу или Гондурас, а на
Францию; Франция будет снова отвечать. Поэтому я требую, чтобы мы держались
принятого предложения; оно сводится к тому, чтобы происходили совещания
представителей пяти названных великих держав и, таким образом, достигалось
разрешение важных вопросов. Обсуждение второстепенных вопросов должно быть
до заседания конференции предоставлено комиссиям и комитетам 30,3. Ал
бір жағынан ағылшын доминиондары өздерін жеке тәуелсіз мемлекет ретінде
қарауды талап етті. Мысалы Канададан келген делегат: Біздің Португалия
сияқты маңызымыз бар деп ұсыныс айтты. Ал Вильсон мұндай аз ортада
конференцияның мәселесін талқылауға қарсы болды, дегенмен ағылшын премьері
Клемансоның ұсынысын құптайтынан жасырған жоқ.
Сонымен ұзаққа созылған талқылаудың аяғы француздардың жобасы болып
бітті, оны Бертело құрастырып бекітті. Конференцияға қатысушы барлық
мемлекеттер төрт категорияға бөлінді.
Біріншісіне соғысушы державалар кірді - АҚШ, Британ империясы,
Франция, Италия және Жапония. Бұл мемлекеттер конференцияның барлық
жиналыстары мен комиссия құрамында үнемі болады.
Екінгиі категория: соғысушы державалар - Бельгия, Бразилия, британдық
доминиондар және Үндістан, Греция, Гватемала, Гаити, Геджас, Гондурас,
Қытай, Куба, Либерия, Никарагуа, Панама, Полыпа, Португалия, Румыния,
Сербия, Сиам, Чехословакия республикасы болды. Олар конференцияның өздеріне
қатысты жақтары бар мәжілістеріне ғана қатысуларьна тура келді.
Үшінші категория: соғыс кезінде герман блогымен қарым-қатынасын үзген
державалар - Эквадор, Перу, Боливия және Уругвай болды. Бүлардың
делегаттары да өздерінің елдеріне қатысы бар мәжілістерге қатысуға ғана
рұқсат етілген болатын.
Төртінші категория: бұрын соғыс кезінде барлық бейтараптық саясатты
үстанған державалар мен мемлекеттер құрамы кірді. Олар конференция талабы
бойынша ауызша немесе жазбаша түреде комиссия құрамындағы ұлы бес
державаның біреуіне ұсыныстарын білдіре алатын болды. Ал Германия мен оның
одақтастары регламентте еске де алынған жоқ 35,37.
Конференцияға қатысушы елдер арасындағы өкілдер былай белгіленді: АҚШ,
Британ империясы, Франция, Италия және Жапония елдері бұл бейбіт
конференцияға бес өкілетті делегаттарын жіберді; Бельгия, Барзилия және
Сербия - үш делегаттан; Қытай, Греция, Геджас, Польша, Португалия, Румыния,
Сиам және Чехословакия республикасы екі делегаттан жіберді; Британ
доминиондары (Австралия, Канада, Оңтүстік Африка) және Үндістан, яғни олар
да екі делегаттан жіберуге тиіс болды; Ал қалған барлық мемлекеттер тек бір
делегаттан жіберулеріне құқық алды. Ал Ресейге келер болсақ, онда:
конференцияда Ресейге қатысты мәселе қаралған кезде ғана қанша делегат
жіберуі туралы қайтамыз деген болатын.
Бейбіт конференцияның бағдарламасына сәйкес мұны, яғни конференцияны
Француз республикасының президенті Клемансо ашуға тиіс болды. Ал
конференцияны осы кезде француз Кеңесінің министрі уақытша басқара тұрады.
Хаттамаларды толтырып отыру үшін басты бес державадан бір-бірден арнайы
хатшылар тағайындалды. Одан әрі карай хаттамаларды жүргізу, қүжаттарды
сақтау,петицияны қалай ұсыну керектігі т.с.с. жұмыстар жүйесі анықталды.
Сонымен конференцияда қатысушы елдердің категорияларға бөлінуі жөне
елдер арасында мандат бөлу сияқты жұмыстар бейбіт келісім жұмысын қиындата
түсті. Бастапқы кезде бұл ондық Кеңесіне жүктелді, яғни бес ұлы
державаның премьер-министрлері мен сыртқы істер министрлеріне жүктелді.
Олар: АҚШ-тан - президент Вильсон және статс-хатшы Лансинг, Франциядан -
премьер-министр Клемансо және сыртқы істер министрі Пишон, Ұлыбританиядан -
премьер-министр Ллойд Джордж және сыртқы істер министрі Бальфур, Италиядан
- премьер-министр Орландо және сыртқы істер министрі барон Соннино,
Жапониядан - барон Макино және виконт Шинда болды. Ал қалған өкілетті
делегаттар конференцияның пленарлық мәжілісіне ғана қатысты, яғни жарты
жылда оның жұмысы жеті рет қана болды 3,45. Конференция бағдарламасы
бекітілді.
Германиямен бейбіт келіссөзге қол қою үшін болатын конференция тап сол
күні, яғни 1919 жылы 18 қаңтарда, 48 жыл бұрын Германия империясының
құрылғанына куә болған Версаль сарайының Айналы залында ашылды. Жиналыстың
ашылу барысына сөз алған президент Пуанкаре өз сөзінде соғыстың кінәлілері
мен жаңа соғысқа жол бермеу мәселесін айтып өтті.
Сонымен бірге Пуанкаре Германияны бөлшектеу мәселесін тағы алға
тартты, әрине мұны бастапқы кезде ешкім қолдай кеткен жоқ. Дегенмен, үлкен
елдердің делегаттары Францияның бұл позициясьша карсылықтарын да білдірді:
олардың өз жоспарлары болатын. Мысалы Вильсон бірінші кезекте Ұлттар
Лиғасын құру мәселесін алға тартты. Кеңестің басқа мүшелері ештеңе айта
алған жоқ. Өйткені олар Ұлттар Лигасының жарғысынан бас тартқан еді, яғни
ондағы басты мәселе территориялық және қаржылық проблема жүйесіне өзгеріс
енгізілері даусыз еді. Бейбіт конференция пленумы бағдарламаны бекітті, ол
бойынша конференцияның президенті - Клемансо, ал вице-президенттері —
Лансинг, Ллойд Джордж, Орландо және Сайондзи тағайындалды. Пленумнан кейін
төрт күн бойы ондық Кеңестің ұзаққа созылған пікірталасы болды. Вильсон
Ұлттар Лигасы мен бейбіт келісім бірге жүруі керек деп түрып алды. Ал Ллойд
Джордж болса Ұлттар Лигасы мен бейбіт келісім жарғысын бекітуге ғана
келісті. Франция болса Ұлттар Лигасы мен бейбіт келісімді бір-бірімен
байланыстырудың керегі жоқ екенін айтумен болды. Дегенмен француз жағыныкі
дұрыс еді, өйткені лига мен келісім екеуі екі түрлі мәселе. Сонымен Ұлттар
Лигасы мәселесі үшін арнайы комиссия құрамыз деп шешті. Сонымен 1919 жылы
17 ақпан күні Германиямен бейбіт келісімге қол қойылып бітті. Келіссөз
кіріспесі маршал Фош қолында болды. Алайда франция премьер-министрі
Ондықтар Кеңесіне Германиямен келіссөз жүргізу жұмыстары әлі жалғаса
бететінінен құлаққағыс етті. Мұнда басты мәселе енді Германияны
қарусыздандыру болатын. Маршал Фош 14 ақпан күні Трирға келді. Онда
Германиямен келіссөзді ұзартуға байланысты үшінші рет қол қойылды. Фош
немістерден бұрынғы талаптарды орындауға ұсыныс жасады. Сонымен бірге Фош
Германия жағына Познандағы, Шығыс Пруссиядағы және жоғарғы Силезидағы
поляктарға шабуыл жасай беруін тоқтатуды талап етті. Және бұл жерлерді
неміс әскерлерінен тез арада тазарту мәселесі қаралды. Бастапқы кезде бұл
талаптар Вильсон ұсынысына қайшы келген жоқ. Ал шындығына келгенде бұл жаңа
талаптар болатын. Өйткені Познань мен Силезияны немістерден тазарту деген,
яғни Франция мұны поляктарға беруді ойластыруда дегенмен бірдей еді. Неміс
делегациясының төрағасы Эрцбергер бұл талаптарға қарсы шықты. Оның айтуынша
Германия әскерді таратып болайын деп қалды, қазіргі күннің өзінде бар
болғаны 200 мың адамда ғана қару бар. Сондықтар Эрцбергер Германияның одан
әрі қарусыздануына үзілді-кесілді қарсы болды. Сонымен бірге ол герман
әскери тұтқындарын қайтаруды да талап етті. Ол Германияға азық-түлік жіберу
керек екенін де Фошқа ескерте түсті, және 1871 жылы Бисмарк француз
үкіметінің ұсынысы бойынша аш қалған Париж халқына азық-түлік жібергенін
де баса айтып, ескертті.
Ал осы кезде Фоштың жаңа талаптары Берлинді дабыл қақтырды. Сыртқы
істер министрі Брокдорф-Рантцау тіпті отставкаға кетуге бел буды. Дегенмен
осы кезде Берлинда АҚШ-тың ресми емес өкілдері болатын. Герман үкіметінің
басшылары солармен жолықты. Олардың немістерге берген мәліметі
бойынша: яғни Жоғарғы Силезия мәселесін бейбіт конференция
әлі шешкен жоқ, тіпті ол поляктар пайдасына шешіле кетуі мүмкін емес.
Версаль бейбіт келісімі талабы бойынша Германия Францияға Эльзас пен
Лотарингияны 1870 жылғы шекарасы бойынша және Рейн арқылы өтетін барлық
көпірлерін қайтарып берем деп міндет алды. Саар тас көмір бассейіні де
Францияның жеке меншігіне берілді, алайда ол жерді басқару 15 жылға Ұлттар
Лигасына берілді. Рейннің сол жағалауын да 15 жылға Антантаға берілді.
Рейннен шығысқа қарай 50 шақырым территория түгел әскерилерден тазартылды.
Эйпен мен Мальмеди айналасында плебисцит жүргізілді, нәтижесінде бұл жерлер
Бельгияға өтіп кетті. Шлезвиг-Гольштейн ауданының тағдыры да тап осындай
болды, Бұл жерлер Дания қүрамына берілді. Германия Чехословакия мен
Польшаның тәуелсіздігін мойындады, және сонымен бірге немістер Жоғарғы
Силезияның оңтүстігіндегі Гульчинск ауданынан, Померанияның кейбір
аудандарынан, Познаньнан, Батыс Пруссия иен Шығыс Пруссияның бір бөлігінен
Польша мүддесі үшін бас тартты. Жоғарғы Силезия тағдыры плебисцит арқылы
шешілмек болды. Данцинг облыстарымен бірге Ұлттар лигасы құрамына берілді,
сөйтіп бұл жер еркін қала деп жарияланды. Ол Полыланың Кедендік жүйесіне
енгізілді. Сондықтан Польша Данцинг коридорындағы жемір жолдарға бақылау
жасау құқығына ие болды 12,321.
Сонымен Германиядан территориясының сегізден бір бөлігі, жергілікті
халықтың он екіден бірі кетті. Одақтастар Германияның барлық отарларын
иемденді. Ұлыбритания және Франция мемлекеттері Камерун мен Тогоны өзара
бөліске салды. Оңтүстік-Батыс Африкадағы неміс отарлары Оңтүстік-Африка
Одағына берілді; Австралия - Жаңа Гвинеяны алды, ал Жаңа Зеландия - Самао
аралына ие болды. Шығыс Африкадағы герман отарларының көп бөлігі
Ұлыбританияның үлесіне тиді, бір бөлігі - Бельгияға, ал Кионга үшбұрышы -
Португалияға берілді. Германияға тәуелді болған, экватордың солтүстігіндегі
Тынық мұхитындағы аралдар, Киао-Чао облысы және Шаньдундағы герман
коғщессиясы Жапонияның иелігіне айналып шыға келді.
Германияда жалпыға бірдей әскери міндеткерлік жойылды. Өз еркімен
жасақталған армия саны 100 мың адамнан аспауы және оған офицерлер құрамы,
яғни 4 мың адамнан аспауы керек болды. Армияның Бас штабы таратылды.
Германияға сонымен бірге үлкен оқ өтпейтіп кемелер, крейсерлер, мина
ұстайтын кемелер, мина алып жүретін кемелер, және су асты кемелерін ұстауға
тыйым салынды. Ал қолда бар әскери кемелер одақтастарға берілді немесе
қирату үшін берілді. Германияға қандайда бір әскери немесе теңіз авиациясын
ұстауға тыйым салынды. Алайда Германия оккупациядан босатылды.
Бейбіт конференцияның экономикалық талаптары төмендегідей болды.
Ерекше репарация комиссиясы 1921 жылдың 1 мамырына дейін уақытта
Германияның отыз жыл ішінде контрибуция суммасын анықтау керек болды.
Германия Одақтастарға 20 миллиард марканы алтынмен, тауармен жөне қүнды
қағаздармен өтеуі міндеттелді. Сонымен бірге суға батырып жіберген
кемелердің шығыны үшін Германия одақтастарға өзінің 1 600 тоннадан жоғары
сауда кемелерін беруге міндетті болды, яғни 1 мың тонна кеме, балық аулау
кемелері, және бес жыл бойы одақтастарға жылына 200 мың тонна сауда
кемелерін салып беруге міндетті болды. Ал 10 жыл бойына Германия Францияға
140 млн. Тонна тас көмір жеткізіп тұрады, сондай-ақ Бельгияға -80 млн.,
Италияға - 77 млн. Германия одақтас мемлекеттерге өзінің химиялық және бояу
заттарын, азық-түліктің төрттен бір бөлігін беріп тұруы керек болды.
Германия Қытайға, Сиамға, Либерияға, Мараккоға, Египетке өз құқығын жойды,
сонымен бірге Мароккоға Францияның, ал Египетке Ұлыбританияның
протекторатын мойындады. Германия сонымен қатар Түркия және Болгариямен
арадағы келісімді мойындауына да тура келді. Келісім талабы бойынша
Германия Ресейге де реперация төлеуге міндетті болды25,65.
Сен-Жерменде, Нешде және Трианонда қол қойылган келісімдер.
Германиямен мәселені аяқтаған соң жеңген елдер енді Германияның
одақтастарына қарай бұрылды. 1919 жылы 10 қыркүйек күні Сен-Жермен
сарайында Австриямен бейбіт келісімге қол қойылды. Бұл келісім бойынша
Австрия Крайна мен Каринти, Кюстенланд және Оңтүстік Тироль провинциясының
бір бөлігін Италияға беруі керек болды. Ал Югославия болса Крайнаның ең
үлкен бөлігін, Далмацияны, Оңтүстік Штирияны жөне Оңтүстік-Шығыс Каринтияны
алды. Клагенфуртта плебисцит өткізу керек болды: Ол өз кезінде Австрияның
пайдасына шешілді. Буковинаны Румынияға берді. Чехословакия құрамына
Богемия, Моравия, төменгі Австрияның екі қауымы және Силезияның бір бөлігі
берілді. Австрияға енді Германиямен бірігуге тыйым салынды. Сонымен бірге
Австрия 30 мың армия ұстауға құқық алды. Өзінің әскери және сауда флотын
Австрия жеңген одақтастарға берді. Габсбургтер империясы өз өмір сүруін
тоқтатты.
1919 жылы 27 қараша күні ұзаққа созылған келіссөздерден соң, бейбіт
конференциядағы болгарлық делегациялар дәлелдей түсті, яғни соғыс Фердинанд
ханзаданың саясаты екенін дәлелдеп берді. Сонымен Нейиде Болгариямен бейбіт
келісімге қол қойылды. Румыниямен арада достық байланыс орнатылды. Болгария
өзінің территориясының бір бөлігін Югославияға берді. Фракия жеңген елдер
қолында қалды, кейінірек оны Герецияға берді. Бүл Болгарияның Эгей теңізіне
шығу жолын кесіп тастады. Сонымен бірге Болгария өзінің барлық әскери және
сауда флотын одақтастарға беруге міндетті болды, және 2,5
млрд. алтын франк контрибуция төлеуі жүктелді. Болгарияның қарулы
күші тек 20 мың адамнан аспауы керек болды.
Кейінірек революцияны бастан кешірген Венгриямен бейбіт келісім
жасалды. 1920 жылы 4 маусымда Версальдағы ең үлкен Трианон сарайында
Венгриямен бейбіт келісімге қол қойылды. Словакия мен Прикарпаттық Русь
Чехославакия қүрамына берілді. Хорватия мен словения Югославия қүранына
кетті. Румыния ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындысы
Америка Құрама Штаттарының Версаль келісімінен кейінгі сыртқы саясаты
Версаль бейбіт конференциясы. 1919-1925 жылдардағы соғыс қорытындысын шығару үшін жиналған конференциялар мен келісімдерде жіберілген қателіктер салдарын танып-білу
Париж конференциясы
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі
ХХ ғ. 20 ж. Еуропадағы буржуазиялық революциялар
Версаль-вашингтон жүйесі жайлы мәлімет
Тегеран, Қырым және Потсдам конференциялары
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Неміс мәселесіне қатысты АҚШ және Ұлыбританияның ұстанымы
Пәндер