Мемлекет нысанының түсінігі



ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І.ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ ... ... ... ... ... .. 5
1.1. Мемлекеттің пайда болу теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Мемлекеттің түсінігі және белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

ІІ.ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1. Мемлекет нысанының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2. Басқару нысаны: монархия, республика. Олардың түрлері, даму тенденциясы ... ... ... 14
2.3. Мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация ... ... . 16

ІІІ.ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ ТИПОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.1. Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс.тәсілдері ... 20
3.2. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері ... ... ... ... ... ... 25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ ... ... ... ... ... .. 5
1.1. Мемлекеттің пайда болу теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Мемлекеттің түсінігі және белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ-ТАРАУ. Мемлекет нысанының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... 12

2.1. Мемлекет нысанының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2.2. Басқару нысаны: монархия, республика. Олардың түрлері,

даму
тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .. 14

2.3. Мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация ... ... .
16
ІІІ-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ
ТИПОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.1. Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері ...
20
3.2. Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық
түрлері ... ... ... ... ... ... 25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30

КІРІСПЕ

Соңғы он бес жыл ішінде біздің республикамыздың мемлекеттік саясатында
және мемлекеттік құрылымында елеулі өзгерістер болуда. Бұл өзгерістердің
негізгі себептерінің бірі – тоталитарлық жүйенің апатқа ұшырауы, КСРО-ның
күйреуі және оның сынықтарында жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы.
Қазіргі ыдыраған мемлекет пен құқықтың дамуында күрделі процестер, қазіргі
заманның азаматтық қоғамының талаптарына сәйкес келетін жаңа тәуелсіз
мемлекеттерде мемлекеттік және құқықтық жүйенің қалыптасуы жүріп жатыр.
Мемлекет нысаны атты жұмысымыздың тақырыбы өте қызықты да күрделі
болып табылады. Бұл тақырыпты пайымдай отырып қазіргі кезеңде дербестігін
алған біздің мемлекетіміздің қандай екенін, оның қалыптасуын ұғынуға
болады. Мемлекетіміздің республика екендігі атынан айқын болса, унитарлық
екендігін біз Конститутциямыздан айқын көре аламыз. Енді міне бұл
терминдердің астарында не жатқанын зерделеп, оның маңызы мен мәндерін
түсінуге күш саламыз. Осы жұмысты атқара отырып біз өз мемлекетімізді,
оның атқару органдарының алатын орнын білетін боламыз. Сондықтан біз
зерттеуіміздің арасында мемлекеттердің ерте заманғы нысандарын да сөз
арасында келтіреміз.
Бастапқы айта кететін жайт мемлекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы
туралы сұрақ бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа бөлінеді:
мемлекеттің пайда болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы мәселені қамти
алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп
аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің
дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп
отырған нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы
сұрағы болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті
түрде оның нысандары мен типологиясы зерттелуі қажет. Әрине, соншама
ауқымды тақырыпты бірден түпкілікті саралау қиынға соғады. Алайда берілген
жұмысымда аталған сұрақтардың барлығын да құрастырғым келеді.
Мемлекетте яғни қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзінде
асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым болып табылады. Осыған
байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдерінде орай олардың өздеріне тән
типтері бойынша қалыптасады. Мемлекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз
байланысты. Мемлекет және құқық теориясында жетістіктерін пайдалана
отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіріледі: 1.
Формациялық; 2. Өркениттік
Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән
экономикалық тән құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүлдесіне қызмет
ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типология
негізінде марксистік ілімге тән марксизм- ленинизмнің саяяси- құқықтық
ілімі адамзат тарихында пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық-
экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына
көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда-
мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды.
Формациялық мағынада мемлекетің тарихи типтері схема жүзінде былайша
көрініс береді:
Алғашқы Құл иленуші Феодалдық Буржуазиялық Социалистік
қауымдық экономикалық экономикалық экономикалық экономикалық
құрылыс формация формация формация формация
Қоғамдық Құл иленуші Феодалдық Буржуазиялық Социалистік
өзін- өзі типтегі типтегі типтегі типтегі
басқару мемлекет мемлекет мемлекет мемлекет

Мемлекеттің формациялық типтерінің қоғамдық- экономикалық формацияның
өндірістік қатынастарының жиынтығы (базисі) құрайы. Марксистік ілім бойынша
қоғамдағы өндіргіш қарама- қайшылықтар пайда болғанда әлеуметтік төңкеріс
болып, жаңа қоғамдық- экономикалық формация пайда болады. Бұл процесс жаңа
формацияға сәйкес келетін мемлекеттік типін қалыптастырады.

І-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
1.1. Мемлекеттің пайда болу теориялары

Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық құрылымды объективті түрде
қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының
бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен –тологиялық теория ол мемлекеттің
пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі
идеология Августин (554-450) және Фома Аквинский (1225-1274жж) болып
табылады. Оның негізгі мынандай постулаттық бар, мемлекеттің айнымайтындығы
және қасиеттілігі, барлық билік құдайшылық бастаушылардан шықты, оны ешкім
де шайқала алмады. Осы теорияға сәйкес барлық мемлекеттер басшылары
өздерінің биліктерін құдайдың ерік-жігерін орындаушылар ретінде жүзеге
асырады. Патриархалық теориялар мемлекет отбасының өсіп -өркендеуінің пайда
болады да түсіндіріледі. Оның өкілдерінде ежелгі грек философы Аристотель
б.д.д. 384-322 жж сонымен бірге оырс социологы Михайловский (1842-1904жж)
жатады. Мемлекеттілік құрылысының орнына келеді. Алғашқы қауымдық теңдік
пен шешеннің қоғамдық формасы өз-өңірін ескереді де қашан әлеуметтік
қабаттарда бөліне бастайды. Ұжымдық өндірістік қатынастар қалыптан тыс
шығады. Оның еңбек бөлінісі келеді, тайпалық құрлым қиындай түседі.
Мемлекетт қоғамының ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін ішкі
эволюцияда мемлекет қоғамды басқару үшін қажет ұйым ретінде, билік ету
механизмі ретінде жұмыс жүргізді.1
Мемлекеттік биліктің өзіндік белгілері жалпыға бірдейлік және (барлық)
әмбебаттық болып табылады. Жалпыға бірдейлік бар аумақтық және бар
тұрғындарға таратылудан , ал әмбебаптық ортқ мүдделерді қорының кез келген
мәселелерді шешу мүмкіндігінен көрінеді. Бұқаралық билік мемлекеттік
орындарды жүзеге асады және мемлекеттік билік ретінде іс-әрекет жүргізіді.
Оны мен аппаратын құрайтын адамдардың ерекше санына жүргізе арттырады.
Құқық мемлекет сияқты қоғам дамуының белгілі бір кезеңдегі өнімі болып
табылады. Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың пайда болуы бір
әлеуметтік топ үшін нысардарға иелік ету және пайдалану белгілі бір
әлеуметтік топ үшін нысандарға иелік ету және пайдалану мүмкіндігін
қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Жалпылардың көмегі арқылы аталған
әлеуметтік әлеуметтік топтың сұраныстары қанағаттандырылып, мүделері жүзеге
асырылады. Құқықтың дамуы мемлекеттің дамуымен нағыз байланысты. Мемлекет
белгілі бір кезеңде осы маңызды әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық
нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз етеді. Сонымен, бірге құқықтық жаңа
нормаларын анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Құқық нормасы мемлекетпен
рұхсат етілмей немесе белгіленеге жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыру
барысындағы міндетті немесе мүмкін құран ретінде шартты түрде
бекітемінжалпыға бірдей міндетті мінез-құлықтардың ережесі. Құқықтық
қатынастар – құқық нормаларымен реттелген, құрамында өз ара алмастырып
отыратын құқықтар және міндеттермен айшыққан құқық субъектілері арасында
заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Құқықты қатынастардың
субъектілері (қатысушылары) құқық қаблеттілігі бар нақты және заңды
тұлғалар бола алады.
Құқық қаблеттілігі деген құқыққа және міндетке не болу қаблеттілігі,
ал әскет қаблеттілігі деген олар жүзеге асыру қаблеттілігі. Құқықтық
қатынастардың пайда болуы, өзгерілуі және нақтылануы заңдық жағдайлармен
заңдық маңызы бар нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы
құқық субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы. өзгерілуі
және тоқтатылуын байланыстырады.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып,
өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік
факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық,
әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде
мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.
Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында кайшылықтар
басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, еділеттілікті, тендікті сақтау
үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп
елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория — XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч.Тард,
Л.И.Петражицкий. Коғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық
біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі — бәрі келісіп ұжымдық
түрде басқаруы. Коғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму
заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
Күштеу теориясы — XIX ғ. қалыптаскдн пікір. Өкілдері: Л. Гум-плович, К.
Каутский, Е.. Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес
әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып,
бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады — деп түсіндіреді.
Материалистік теория — мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық
тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша
өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа
бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен қққықтың мазмұнының
тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып,
өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік
факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық,
әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде
мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.
2
Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен
жетістіктері бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың пайда
болуын, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін — тарихи материалистік
теория. Бұл теория мемлекет және құқық тарихи туынды-қоғамның антагонистік
тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді. Ол дұрыс.
1.2 Мемлекеттің түсінігі және белгілері

Мемлекеттің пайда болуын оқып-білу үрдісі тек қана танымдылық және
ғылыми тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге саяси тұрғыдан қарастырылады. Ол
мемлекеттің әлеуметтік жағын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен
бірге, мемлекеттің гүлденуі мен дамуының себептері мен жағдайларын
сараптауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттілік рулық-тайпалық кұрылымның орнына келеді. Бұл даусыз
ақиқат болса, оның қалыптасу барысының ерекшеліктері әлі күнге дейін толық
зерттеліп бітпеген және ортақ келісімге келмеген өзекті мәселелердің бірі
болып отырғандығы белгілі. Дегенмен де, осы күрделі мәселенің барынша кең
таралған көрінісін қарастырып көрейік. Алғашқы қауымдық ұжымдық өндірістік
қатынастар уақыт өте келе өзгеріп, бұзыла бастайды. Қоғам өмірі күрделене
берген кезеңде ондағы еңбек түрі де көбейіп, түрлене береді. Ірі еңбек
бөліністері, яғни мал шаруашылығының бөлініп шығуы, колөнердің егіншіліктен
ажырауы, сауда-саттықпен айналысатын адамдар тобының қалыптасуы, сондай-ақ
еңбек құралдарын жетілдіру мен тәжірибе жинақтау еңбек өнімділігінің
артуына әкелді. Бір рудың бір ғана шаруашылық түрімен басьм түрде айналысуы
және кұралдардың жетілдірілуі еңбек өнімділігін арттырады. Нәтижесінде
артық өнім пайда болады. Рулық қауымда барлық жиналған өнім ру мүшелерінің
ортақ меншігі болса, енді еңбек өнімділігінің артуына байланысты пайда
болған артық өнім жеке адамдардың, жеке отбасының меншігіне айнала
бастайды. Ақырында ру қауымының ортақ меншігінің орнына жеке адамдардың
меншігі пайда болып, меншіктің ерекше түрі - жеке меншік қалыптасады. Осы
кезеңнен бастап қоғамда маңызды қызмет түрімен айналысатын, бірақ
материалдық өндіріске тікелей қатыспайтын адамдар тобын ұстап тұруға
мүмкіндік пайда болады. Қоғамдық еңбек бөлінісі коғамдық өмірді
ұйымдастырудың мазмұны мен нысанын өзгертеді. Рулық-тайпалық құрылым
күрделене түседі, әлеуметтік қызмет бөлінісі дамиды. Бір кезде қауымның
өмір сүруіне кажетті әрекеттің барлық түрімен айналысқан адамдар ендігі
жерде әрекеттің бір ғана түрімен айналыса бастайды. Осындай маманданудың
нәтижесінде материалдық құндылықтарды жасауға қатыспайтын адамдардың
арнаулы тобы пайда болады. Олар әскери, соттық, полицейлік қызмет
атқарумен, яғни мемлекеттік билікке тән қызметтердің түрімен айналыса
бастады. Рулық - тайпалық құрылымдардың теңдік жағдайынан алыстап кетуіне
күшейе түскен билікті бір қолға шоғырландыру үрдісі де әсерін тигізді. Бір
жағында қолында құралдар, өндірілген бұйымдар шоғырланған байлар, екінші
жағында кедейлер тобы пайда болады. Соның нәтижесінде рулық қауым өзіне тән
белгілерінен айырылып, оның орнына жеке меншікке негізделген, ерекше екі
үлкен топтан тұратын коғам қалыптасты. Сонымен, жоғарыдағы айтылғандарды
ескере отырып мемлекеттің пайда болуының экономикалық себептерін қысқаша
былай көрсетуге болады:
- ірі еңбек бөліністерінің болуы;
- еңбек өнімділігінің артуы;
- артық өнімнің пайда болуы;
- жеке меншіктің пайда болуы.
Мемлекеттің пайда болуының әлеуметтік себептеріне келсек, жеке
меншіктің ру ақсақалдары, көсемдерінің колына шоғырлануы, тең дәрежеде
еңбек еткен руластарының наразылығын туғызады. Енді меншік иелері
-байлардың басқа ру мүшелерімен - кедейлермен мәселелерді бірлесіп, тең
негізде шешуден бас тартуы көтерілістерге әкеліп соғады. Ру ақсақалдары,
көсемдері өздерінің экономикалық және саяси үстемдіктерін сақтап калу үшін
жаңа жүйе кұруға мәжбүр болады. Мүдде кайшылықтарын бір негізде шешуге
арнаулы аппарат қажет болады және құрылады. Ол мемлекет еді.
Мемлекет дегеніміз3 - қоғамдағы аса маңызды таптық қатынастарды және
өзге де жалпы адамзаттық мәселелерді шешуді және орындауды қамтамасыз
ететін, тарихи қалыптасқан қоғамды ұйымдастыратын бірден-бір жан-жақты
әмбебап саяси ұйьм. Мемлекетті алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік
өкіметтен ажырататын мынадай негізгі белгілері бар:
- Қоғамнан ажыратылатын ерекше көпшілік (жария) биліктің болуы.
Жария билік алғашқы қауымдық қоғамда да танылған, бірақ оның ерекшелігі
ол қоғамнан ажыратылмаған еді, оны жүзеге асыруға қоғамның барлық
мүшелері қатысатын. Ал, кез келген мемлекетте шынайы билік мемлекеттік
аппаратпен жүзеге асырылады. Ол адамдардың басқарумен айналысатын ерекше
тобынан құралады және қоғамның белгілі бір бөлігінің ғана мүддесін
көздейді. Мемлекеттік биліктің ерекше белгісі - оның жалпылық және
әмбебаптық сипатында.
- Тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуы. Мүшелері руға, тайпаға тән
болу сипатына қарай бөлінетін алғашқы қауымдық қоғамға қарағанда,
мемлекеттілік тұрғындар белгілі бір аумақта өмір сүру белгісіне
байланысты бөлінеді. Бұл салықтарды алу қажеттілігіне және басқаруды дұрыс
жолға қою шарттарына жауап береді. Себебі, рулық қауымның ыдырауы
халықтардың өзара араласуына және көш-қонға әсер еткен еді. Мемлекеттік
билік тек мемлекет аумағында өмір сүріп жатқан тұрғындарға ғана тарайды.
- Тұрғындардан салықтарды жинау. Салықтар мемлекетпен
қалыптастырылып, мәжбүрлі түрде алынады. Мемлекеттің осындай кірістері
әскерді, мемлекеттік аппаратты, құқық қорғау органдарын және әлеуметтік
салаларды, мемлекеттің өзге де қажеттіліктерін өтеуді қаржыландыруға
кетеді.
- Мемлекетте арнаулы мәжбүр ету аппараты болады. Тек қана мемлекет
прокуратура, сот, ішкі істер органдары, қауіпсіздік органдары тәріздес
органдар мен материалдық қосымшаларды (әскер, түрмелер және тағы басқа)
кұра алады. Олар мемлекеттік шешімдерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді,
қажетті жағдайларда мемлекеттік мәжбүр ету құралдарын пайдаланады.
- Жалпыға міндетті нормативтік актілердің болуы. Мемлекет өз елінің
барлық тұрғындарына арналған заңдар және басқа да нормативтік актілер
қабылдайды.
- Мемлекеттің келесі негізгі ерекшелігі - егеменділігінің болуына
байланысты. Мемлекет егемендігі - мемлекеттік биліктің саяси-құқықтық
ерекшелігі, оның ішкі басқа биліктен және шет мемлекеттерден тәуелсіз өз
мақсаттарын шешуге құқығы және еріктілігі.
"Мемлекет бұл тәуелсіз адамдардың қоғамдық одағы. Өзара келісілген
тәртібі мен мемлекет органымен бекітілген құкығы бар. Мемлекеттің негізгі
атқаратын бағыттары олардың барлық бірдей қызметтері туралы аныктау және
олардың негізгі орны мен қызметін қоғам өмірімен саяси жүйеде орналастыру.
Мемлекет пен құқық сарапшыларының арасында қазіргі кезде және алдыңғы
уақыттарда да мемлекеттің пайда болуы туралы ортақ көзқарастары болмаған.
Осы сұрақты карастырсақ, мысалы, әйгілі тарихи жағдайларға сүйене отырып
ежелгі Грецияда, Египетте, Римде және басқа да елдерде алғашқы мемлекеттік
- кұкықтық жүйе, кұлиеленушілік жүйе болды. 4
Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер
бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген
теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман
заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге
әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу
үрдісі туралы өз пайымдаулары бар.
Адамдардың қарым-қатынас жасауының алуан түрлі формаларының ішінде
бірінші кезекті маңыз, даусыз жағдайда мемлекет үшін карым-қатынасқа
берілуі тиіс. Ол адам өмірінің барлық жақтарын қамтыды, өйткені антикалық
әлемде адам айрықша түрде мемлекеттің азаматы болып саналады. Қандай
жағдайда болсын адамзат тарихы басты түрде мемлекеттің қызметімен жасалады.
Сондықтан да, қандай бір құбылысты зерттей отырып, жұртшылықтың мемлекеттің
қызметі мен ұйымдарының формалары туралы сұрақтармен тұрақты түрде бетпе-
бет келуіне тура келеді. Біз осыған дейін ұзак уақыт айтып келгендей,
мемлекет, саясат туралы ілім, жұртшылық, қоғам таралуы барлық ілімді
козғады. Осындай жағдайларда мемлекеттің жалпыға бірдей танылған анықтамасы
көп уақыт бұрын-ақ жасалуға тиіс болатын. Оның үстіне біз әдебиеттерден
мемлекет анықтамасының көп алуан түрлілігін кездестіреміз. Бұл мынадай
жағдайлармен түсіндіріледі: көпшілік жағдайларда мемлекет анықтамасына
мүлде оған жатпайтын міндеттерді танытады.

ІІ-ТАРАУ. Мемлекет нысанының түсінігі

2.1 Мемлекет нысанының құрылымы

Конституциялық құқықта мемлекет нысанын жіктеудің өзіндік
ерекшеліктері бар. Ол мемлекеттік биліктің бөлінуі және тұтастығы осы
тұрғыдан қарағанда мемлекет нысанын поликратиялық (көп билікті)
монократиялық (жеке адам билігі) деп ажыратады.
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі
байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани
мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар
тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс
мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет
(Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Монтескье,
Локк, Вашингтон, де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген.
Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз
байланыста дамиды.
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының
орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция
мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік
республиканың саяси жүйесі құрылды.
Поликратиялық мемлекет нысаны – биліктің мемлекеттің әртүрлі
органдарының арасында бөлінуі (парламент – заң шығарушы, мемлекет басшысы
және үкімет-атқарушы, соттар – сот билігі) өзін-өзі тежеу мен тепе-теңдік
принциптерімен, аумақтың өзін-өзі басқару арқылы жүргізіледі.
Монократиялық мемлекет нысаны - белгілі бір органның немесе лауазымды
тұлғаның жеке билігімен сипатталады.
Мемлекет нысаны мынадай сұрақтарға жауап береді. Мемлекеттік билік
қандай принциптерге және қандай территориялық ерекшелікке байланысты
құрылған, мемлекеттің жоғары органдары қалай құрылады, олар өзара және
халықпен қандай байланыста жұмыс істейді, олар қандай әдістермен жүзеге
асырылады.
Мемлекет нысаны дегеніміз – басқару нысанына және саяси (мемлекеттік)
режиміне сәйкес мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы, мемлекет формасы сол
мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының нақты тарихи жағдайына байланысты
болады, оған мемлекеттік тарихи типі мен мәні әсерін тигізеді. Мысалы
феодалдық типтегі мемлекетке басқарудың монархиялық формасы сәйкес келді,
ал буржуазиялыққа республикалық. Мемлекет формасы көп жағдайда елдегі саяси
күштерге байланысты дамиды. Мысалы: буржуазиялық революциялар (Англиядағы)
буржуазия мен феодалдық келісімге келуіне әкелді, соның нәтижесінде
конституциялық монархия пайда болды. Мемлекет формасына мемлекеттің ұлттық
құрамы, тарихи дәстүрлер, мемлекеттің территориялық көлемі, басқа да
факторларға әсер етуі мүмкін. 5
Мемлекет формасы мына мәселелерге жауап береді: мемлекеттік билік
қандай принципке сүйеніп, қандай территориялық негізге құралған,
мемлекеттің ең жоғарғы билік органдарының құрылысы, олардың арасындағы және
халықпен өзара байланыстылығы.1
Мемлекет формасы ретінде мемлекеттік басқару формасына, мемлекеттік
құрылысына және саяси режимге байланысты мемлекеттік билік ұйымдарының
құрылуы түсіндіріледі.
Мемлекет формасы нақты тарихи қалыптасуы мен даму жағдайларына
байланысты.
Мемлекет формасы мемлекеттік ұлттық құрамы, тарихи дәстүрлері, елдік
теориялық көлемі және тағы басқа факторлар әсер ете алады. Мемлекет
басқару формасы мен саяси өкіметтің негізгі институттарының құрылысына
қарай да әр түрлі болады.
Мемлекеттік нысаны (формасы) дегеніміз адамдар арасындағы, адамдар
мен мемлекет арасындағы, мемлекет пен адамдар арасындағы оларды басқару
процесінде (саяси режим) өзара саяси қарым-қатынасына айқындайтын (басқару
нысаны) және мемлекеттік әкімшілік аумақтық бөлінуін аймақтық құрылым
ұйымдастыра алатын мемлекеттік құрылымы болып табылады.

2.2 Басқару нысаны: монархия, республика.

Олардың түрлері, даму тенденциясы

Басқару нысаны - жоғары мемлекеттік билікті ұйымдастырумен оны құру
тәртібі. Басқару нысанының сипаты түптеп келгенде қоғамның түріне
байланысты болады. Айырбастың экономикалық арқауларына қатысы жоқ және
орталықтандырылған мемлекеттік биліктің күшімен бірігуге мәжбүр қоғамда
басқарудың табиғи тұрпаты монархия болып табылады. Басқару нысаны жерге
феодалдық меншік жүйесінің иерархиясымен және монархтық меншікпен тұтасып
жатпаса ол деспоттық түрге ие болады. Ептің саяси жағынан тең субъектілер
меншік иелері арасындағы алмасуға негізделген қоғам үшін басқарудың
республикалық нысаны тән.
Басқару нысаны, сондай-ақ, әлеуметтік-саяси күштерге және өзара
күрестің нәтижелеріне, жекелеген елдердің тарихи ерекшеліктеріне, елге
саяси процестердің ықпалына да байланысты қалыптастырады. Айталық, Ресейде
басқарудың демократиялық тұрпатын қалыптастырудағы қиындықтар оның қоғамдық
құрылысындағы өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып отыр. Әлеуметтік
факторларға негізделген саяси режим мемлекеттегі нақты қалыптасқан тарихи
жағдайларға сәйкес басқару нысанына ықпал етеді. Бұл ретте әлемдік және
жеке халықтардың тәжірибелері де пайдалануы мүмкін.
Басқарудың тарихи нақты қалыптасқан нысандарына байланысты мемлекет
теориясы басқаруды бірнеше түрге бөледі. Оның ішінде ең көп тарағаны
мемлекеттің нысанын билеушілердің санына қарай бөлу. Егер билік, бір
адамның қолында болса - монархия көп адамда болса - демократия, халықта
болса - демократия немесе республика.
Мемлекеттің тура аттарын жіктеуді Геродот та айтып кеткен екен.
Мемлекеттің түрлеріне байланысты басқа да пікірлер көп. Дегенмен,
Геродоттың басқару нысаны бөлу жөніндегі пайымдаулары бізге дейін жетті.
Геродот айтқан аристократтық нысаны мемлекеттің дамуы барысында
ығыстырылып, қазір монархия мен республиканың айырмашылығы туралы
тұжырымдар қалыптасты.
Монархияның екі түрі бар: шексіз (абсолюттік) монархияда монарх
мемлекеттегі жалғыз жоғары басқарушы орган болып табылады. Бұндай жағдайда
монарх заң шығару функциясын жүзеге асырады, атқарушы органдардың қызметіне
басшылық жасайды, сот билігіне бақылау жасайды. Басқару нысаны ретінде
Республиканың мынадай ерекшелік белгілері болады:
1) мемлекеттік органдардың белгілі бір мезгілге сайлануы;
2) мемлекеттік басшының белгілі бір мезгілге сайлануы;
3) мемлекеттік биліктің өз құқықтары бойынша емес, тәуелсіз халықтың
тапсыруы бойынша жүзеге асырылуы;
4) мемлекет басшысының заңды жауапкершілігі болуы;
Қазіргі кездегі республикалық басқару үшке бөлінеді: парламенттік,
президенттік, аралас. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы: жоғары билік
органдарының парламент немесе президенттің қайсысы үкіметті құрайды және
оның жұмысына бағыт береді және қайсысының алдында үкімет жауапты,
парламенттің бе, әлде президенттің бе, осыған байланысты.6 Парламенттік
республикада, парламент тек қана заң шығарушы өкілетікке ие болып қоймайды,
сонымен қатар үкіметті отставкаға жіберу құқығына ие болады, оған
сенімсіздік білдіре алады. Үкімет парламент алдында өз қызметі үшін
жауапты. Бұндай жағдайда Президент тек қана мемлекет басшысы болып
есептеледі, үкімет басшысы бола алмайды. Президенттік республикада
президент үкіметті құрайды, бақылау жасайды, үкімет президент алдында өз
қызметі үшін жауапты. Аралас президенттік - парламенттік республикада
парламент те, президент те үкіметке қатар бақылау жасайды, үкіметке қатысты
екеуі де жауапты болады.

2.3 Мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация

Осы заманғы теория бойынша мемлекеттік құрылым унитарлық және
федеративтік болып бөлінеді.
Унитарлық мемлекеттің ішкі аумақтың құрылымында басқа мемлекеттер
болмайды. Осы мағынады унитарлық мемлекет біртұтас мемлекет болып
табылады. Унитарлық мемлекет тек әкімшілік - аумақтық бөлшектерге
бөлінеді де, мемлекеттік ішкі әкімшілік - аумақтық құрылымын құрады.
Әкімшілік-аумақтық құрылымдарға ерекше құқықтық мәртебе берілмейді. Мұндай
мемлекеттерде бір ғана конституция, бір заң шығаратын жоғарғы орган, бір
жоғарғы басқару органы, біртұтас азаматтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
Құқық теориясы
Мемлекетің құрылым нысаны
Мемлекеттік басқару нысаны
Мемлекет басқару нысаны ретінде
Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті басқару нысаны
Мемлекет басқару нысанын зерттеудің теориялық құқықтық негіздері
Мемлекет нысанының элементтері
Мемлекеттің құрылымдық нысаны
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi мен мазмұны
Пәндер