О. Досбосыновтың айтыстарындағы троптар



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 АЙТЫС ЖАНРЫНЫҢ ӨТКЕНI МЕН БҮГIНI
1.1Айтыс жанрының зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.10
1.2 Қазіргі заман айтыс ақындарының тілдік ерекшеліктері ... ... ... ... ... . 11.15

2 О.ДОСБОСЫНОВТЫҢ АЙТЫСТАРЫНДАҒЫ ТРОПТАР
2.1 Өлеңмен өрнектелген өмір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15.16
2.2 О. Досбосынов тіліндегі троптың түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2.1 Метафоралы сөз қолданысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.23
2.2.2 Ақын тіліндегі метонимия мен синекдоха ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24.27
2.3 О. Досбосынов тіліндегі көркемдік тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.3.1 Теңеудің алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29.34
2.3.2 Эпитеттің қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35.37

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 38
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 39.40

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Айтыс ақындар тіліндегі троптар (О.Досбосынов шығармалары бойынша)

Кiрiспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3

1 АЙТЫС ЖАНРЫНЫҢ ӨТКЕНI МЕН БҮГIНI

1.1Айтыс жанрының
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . 4-10

1.2 Қазіргі заман айтыс ақындарының тілдік ерекшеліктері
... ... ... ... ... . 11-15

2 О.ДОСБОСЫНОВТЫҢ АЙТЫСТАРЫНДАҒЫ ТРОПТАР

2.1 Өлеңмен өрнектелген
өмір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15-16

2.2 О. Досбосынов тіліндегі троптың түрлерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

2.2.1 Метафоралы сөз
қолданысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
-23

2.2.2 Ақын тіліндегі метонимия мен синекдоха
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24-27

2.3 О. Досбосынов тіліндегі көркемдік тәсілдер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28

2.3.1 Теңеудің алатын орны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
29-34

2.3.2 Эпитеттің қолданылуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35-
37

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .. 38

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 39-40

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Сөз өнерінің, көркем сөз тігісінің, образдың,
көркем ойлардың, сөз шешендігі мен шеберлігінің тілдік көрінісін айтыс
өлеңдерінен байқаймыз. Айтыстарда көркемдік бейнелеу, көріктеу тілі өз
алдына, түлеп ұшқан тың өткір, ұтқыр тіркес аса мол болды. Айтысқа қатысқан
екі ақынның қайсысы болса, халықтың тіл байлығын молынан пайдалана отырып,
неше түрлі әдемі теңеу, сөз образдарын жасайды, айтайын деген ойын әрі
ашық, әрі терең мағыналы етіп жеткізеді. Қазіргі кезеңде кемеліне келген
әдеби тіліміздің ілгері басып, дамуына ақындық теңізі сияқты айтыс
өлеңдерінің орны ерекше. Айтыс - өлеңді қолма-қол суырып салып айтатын өнер
сайысы, синкреттік сипаты басым жанр. Айтыс тілінің көркемдік әлемі – оның
бүкіл болмысын танытады. Көркем сөз өнеріне елеулі үлес қосқан айтыскер
ақын О.Досбосыновтың шығармашылығын тілдік тұрғыдан талдап көрсете отырып,
әдеби тілдің көркемдік нормаларын, соған сәйкес эстетикалық принциптерді
қалыптастырудағы орнын анықтау зерттеудің өзектілігі деп білеміз. Ақын
тіліндегі троптардың түрлеріне кеңінен тоқталып, өзге айтыс ақындар тілінің
ерекшеліктерімен салыстара зерттеу маңызды болмақ.
Зерттеу нысаны: Жұмыстың зерттеу нысаны ретінде – О.Досбосынов
айтыстарындағы троптың түрлері мен көркемдік тәсілдердің ерекшеліктері
алынды. Сол арқылы айтыс тіліндегі троптарды зерттеу нысаны көзделді.
Ақынның кейбір сөз қолданысындағы ерекшеліктерді анықтауда олардың
қағысулары мен қайымдасулары, басқа да айтыс ақындарымен салыстырылды. Және
де ақын айтыстарымен бірге өзінен бұрынғы өмір сүрген айтыскер ақындар
Біржан мен Сара, ұлы ақын Абайдың өлеңдері, түркі жазба ескерткіштері
тілдік салыстырулар ретінде қарастырылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің негізгі мақсаты –
айтыс ақындар тілінің лексикалық ерекшеліктерін, яғни стильдік-
семантикалық, құрылымдық жағын, көркемдік амал-тәсілдердің экспрессивті,
эмоциялық бояуын, фразеологизмдердің сөз саптауда әр түрлі семантикалық,
тұлғалық, өзгеріске ұшырап жаңаруын, сондай-ақ морфологиялық, кейбір
синтаксистік ерекшеліктерді және өлеңнің құрылысын анықтай отырып, ақындар
айтысындағы троптарды О.Досбосынов тілі бойынша зерттеп, маңызын анықтау.
Жұмыстың зерттеу әдістері: Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдері –
стильдік-семантикалық талдау және баяндау, салыстыру, ғылыми тұрғыда
талдау. Сондай-ақ, жалпы тіл білімінде қолданылатын лингво-стилистикалық
әдістер басшылыққа алынады.
Жұмыстың жаңышылдығы: Зерттеу негізін құрайтын “Айтыс тіліндегі
троптар” О.Досбосынов шығармалары бойынша зерттеліп, алғаш рет айтыскер
ақынның көркем сөз образдарының тілдік бейнесінің мәні туралы пайымдаулар
жасау үлкен маңызға ие. Ақын тіліндегі троптардың қолданыс аясын зерттеу
арқылы бүгінгі айтыс тіліндегі троптардың ерекшеліктерін анықтайды

1 АЙТЫС ЖАНРЫНЫҢ ӨТКЕНI МЕН БҮГIНI

1.1Айтыс жанрының зерттелуі

Қазақ тарихында халықтың әлеуметтік – тұрмыстық ерекшеліктеріне сәйкес
туып қалыптасатын фольклорлық мұраның қайнар көзі саналатын айтыс өлеңдерін
зерттеу - қай кезеңде болмасын маңызды.
Айтыс - өлеңді қолма-қол суырып салып (импровизация) айтатын өнер сайысы
синкреттік сипаты басым жанр. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда айтыстың
алғашқы үлгілерінің тууына тұрмыс-салт жырлары негіз болған. Батыс түрік
қағандығы кезінде (6-7 ғ) Қытай жылнамаларының деректерінде “түріктер бие
сүтінен жасалған қымызды ішіп алған соң, ән шырқап бір-бірімен өлең
айтысады” деп жазылған. Тіпті оның түп-тамырын “алғашқы қауымның әлеуметтік-
экономикалық тіршілігінен іздеу керек” деген де тұжырым бар. Қалай десек те
айтыс әріден – көне дәуірден тамыр тартады.
Халық өмірінен мәнді орын алып, күні бүгінге дейін толастамай ие бола
жалғасып келе жатуы айтыстың өміршең екендігін көрсетеді. Ауыз әдебиетінің
ең мол жанры ретінде айтыс, тек XIX ғасырдың ортасында былайғы қарайғы
кезеңде ғана жазылып, жарық көріп түрлерге бөлініп, халыққа кеңінен таныла
бастайды. Бұл іске Т.А.Сейдалин, С.А.Жантөрин, Б.Дауылбаев, Ж.Шайхысламов
т.б. қатарлы жазушылар ат салысқан. Белгілі зерттеушілер Ш.Уалиханов,
В.Радлов айтыс жанры жайында бағалы пікірлер айтқан. Өткен ғасырдың 20-30
жылдары А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Диваев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров
қатарлы белгілі адамдар елеулі еңбек еткен. Кейінгі жылдары М.Әуезов,
С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ы.Ысмайлов, М.Қаратаев, Ә.Тәжібаев, М.Ғабдуллин,
Б.Кенжебаев, Р.Бердібай, М.Дүйсенов, М.Жармұхамедов, Н.Төреқұлов т.б.
ғалымдар арнайы ебектер жазып, айтыс табиғатын жан-жақты қарастырған.
Қазақ еліндегі айтыс жеке ақындарға тән өнер түрі болуымен қатар, ол ең
алғашқы туыс-бітімінде көптік жанр. Айтыстың әуелден кең өркендеп дамуына
әркез бүкіл халық болып ат салысып келген. Халық бойындағы осы поэтикалық
дарындылықты қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уалиханов айрықша атап көрсеткен. Ол
сахарадағы мал баққан қазақ пен арап (бәдәуи) поэзияларының өзара
ұқсастықтарына үлкен мән бере отырып: “Поэзияға, әсіресе суырып салма
ақындары Европалықтарға қашаннан таныс. Аравияның шетсіз шөлдері мен ондағы
жұрттың баспана шатырларының бәрін де өз көзімен көрген саяхатшылардың бәрі
де жартыла жалаңаш араб балаларның өздеріне қойылған сұрақтарға төрт
тақтасы жатық өлеңмен мүдермей жазып жүр. Бұл монғол түркі ұрпақтарына тән
қасиет десе, қазақ халқының әдеби мұраларын көп жинаған, зерттеуші ғалым
В.В.Радлов: “Қырғыз өзі тектес басқа халықтардан айрықша сөз мәнерлігі
ғажайып шешендік тапқырлығымен дараланып көзге түседі. Қазақтар қашан да
мүдермей ерекше екпінмен сөйлейді. Тіпті ауызекі сөйлесіп отырғанның өзінде
оның сөйлемі мен ой кестесі өлең жолдары мен шумақтары секілді ұйқасып,
үйлесіп келтіні сонша, нағыз өлең екен деп таң қаласыз”,- деді.
Айтыс өнері халық бойындағы өнерді сарапқа сала отырып, заманның
тыныс-тіршілігін танытатын фольклордың ең маңызды саласы болғандықтан ол
туралы зерттеу, пайымдаулардың мәні де зор.
Қазақ айтыстарының жеке жинақ болып та әртүрлі газет-журнал,
хрестоматияларда үзінді күйінде де басылып жарық көру мерзімі XIX ғасырдың
екінші жартысынан басталады. Бұлардың ішінен В.В.Радлов құрастырған халық
әдебиеті нұсқалары жинағын айрықша атаған жөн. В.В Радлов өзі жинағына
қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жанрлық жағынан өзінше топтастыра
отырып, Ұзатқан қыздың өлеңі деген тарауда жар-жарды, сондай-ақ қайым
өлең деген бөлімде Жанақ пен Түбектің айтысы, Ұлбике мен Күдері қожа,
Мөнек пен Оспан қыз, Шортанбай мен Орынбай айтыстарын, ал Жұмбақ
деген бөлімде қыз бен жігіттің жұмбақтасу айтысын алғаш рет орыс таңбасымен
қазақ тілінде бастырады. Бұл шығармалар жыршы қалай айтса, дәл солай...
жазушы жағынан да тұңғыш жанрлық топтастырылуы тұрғысынан да құнды. Мұнда
В.В.Радлов өзі жинаған қайым өлеңдердің өзге нұсқаларының сипаты мүлде
басқаша, дербес жеке бір жанр екенін дұрыс аңғарған.
Сонымен қатар қазақтың тұңғыш педагог ағартушысы Ы.Алтынсарин өз
хрестоматиясында Жанақ пен баланың айтысы, ал Я.Лютись құрастырған
хрестоматияда Орынбай ақынның Қожамен айтысқаны, Болық-Толық пен
Әзілкештің айтысқаны, Айдос пен Қарашаштың айтысқаны секілді айтыстардың
жарық көруінің де мәні зор.
Қазақ айтыстарын мол жинаған кісінің бірі – Ә.Диваев. Ол қазақ
айтыстары жөнінде арнайы пікір айта қоймаса да, революцияның алғашқы
жылдарында Қызылорда, Жетісу төңірегін аралап, көптеген айтыс үлгілерін
хатқа түсіреді. Мәселен, ол М.Әуезов зерттеуінде аталатын Орынбай мен
Кеншімбай, Бақтыбай мен Байтоқ, Күдері мен Ұлбике айтыстарынан тыс,
Сырдария облысы Перовск уезі, Сырқұдық облысының ақыны Жұманазар
Үрімқұловпен атақты Бұдабай ақынның айтыстарын және Сыр еліндегі Жар-жар,
Бәдік үлгілері мен әр түрлі қыз бен жігіт қақтығыстарын, сондай-ақ Түбек,
Жанақ, Шернияз, Бармақ ақынның айтыс өлеңдерін жазып алады. Ал, Жетісу
өлкесіне жасаған сапарында ол Сүйінбайдың Тезек төреге айтқаны,
Сүйінбайдың Найман қызымен айтысы, Құлан аяқ Құлмамбет, Жансай мен
Тезек төре және басқа көптеген айтыстарды қағазға түсірген.
Айтысты жинап бастыру ісінде жазушы С.Сейфуллин де айрықша еңбек
етті. Ол Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары атты жинағында Орынбай мен
Шөже, Балта мен Шөже, Кемпірбай мен Шөже, Жанақ пен Түбек, Орынбай
мен Серәлі, Орынбай мен Тоғжан т.б. көптеген көркем де көлемді айтыс
үлгілерін енгізді. Жалпы алғанда бұл жинақ әдеби мұраларды оның ішіндегі
іргелі жанр – айтыстарды халық игілігіне айналдыру талабында жасалған
алғашқы адым, тың бастама еді. (1.26)
XIX ғасырда қазақ сөз өнерінің үздігі айтыс айрықша салтанат құрды.
Зерттеуші ғалымдар осы бір өзгеше өнердің жанрлық сипаты, түрлері, тілдік
ерекшеліктері жөнінен ілгеріден айтып келген. Шоқан Уалиханов қазақ
әдебиеті үлгілерін жинау барысында әйгілі айтыс ақындары Шөже, Орынбай,
Жанақ, т.б. туралы алғашқы жазба деректерді ұсынды. В.В. Радловтың 1870
жылғы III томында бірнеше айтыс ақындары аталып, айтыс мәтіндері беріледі.
XX ғасыр басында айтыс үлгілерін теориялық жақтан жүйелеуді мақсатты түрде
қолға алынып, зерттеуші ғалымдар өз ғылыми еңбектерінде зерделеп
қарастырады.
Айтыс – қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан жанр.
Мысалы, “жар-жар”, “аужар”, “бәдік” айтыстарын алсақ, олар ерте заманда
шыққанға ұқсайды. Бірақ ерте заманда шыққан айтыстардың шыққан мезгілін,
шығарушысын шамалау қиын, бұлар ауыздан ауызға көшіп ел мүлкі, ел қазынасы
болып кеткен.
Айтыс жазба тілі дамып, тарихы әріден келе жатқан, мәдениетке ерте
суарылған елдерде (грек, рим т.б.) ұшыраспайды. Тек ескі мәдениетті
елдерде кездеседі. “Айтыс” бар ел – араб елі. Арапта біздің “айтыстағыдай”
өлеңмен сөйлесу “мұғалақат” көбінесе көшпенділер арасында ұшырасатын
көрінеді.
Айтыс жанры атына тығыз байланысты. Қазақ тұрмысының жағдайында,
жазба тіл тумаған кезде ақынға “ақын” деген атақ әперетін ең басты поэзия -
айтыс болған. Ақын болу үшін ақынға өзінің ақындық күшін көп алдында
таныту керек; ақындығын жарыстырып, көптің сынына түседі.
Қазақтың ескі тұрмысында ақындардың айтысы жүйрік аттардың бәйгесімен
бірдей болған. Жарыста озғанға бәйгі беру сияқты айтысушы ақындарға да
бәйгі тігіліп, бәйгіні қай жеңгені алған.
Қазақтың ескі әдебиетінде жарысқа түскен жүйрік те, айтысқа түскен
ақын да өз намысы үшін емес, ел намысы үшін түседі.
Ахмет Байтұрсынұлының “Әдебиет танышқыш” атты еңбегінде: “Айтыс – екі
балуан күрескен сияқты, екі ойыншы ұстасқан сияқты, екі батыр жекпе-жек
ұрысқаны сияқты, екі ақынның көз жүзінде аңдып, бірінің-бірі қапысын
тауып жеңу үшін айтатын өлеңдері,- ” деген пікірі айтыстың мәнін аша
түседі. Демек, ақынға ақындық атақ әперетін поэзия жанры – айтыс.
“Айтыс” қазақтың төл сөзі, ежелден айтысу, сөз жарысы, пікір таласы
деген ұғымда қолданылып келген. Қазақта айтыс шешендік қара сөзбен де,
өзара күй тартысумен арқылы да, кезектесіп айтылған суырып салма өлеңмен де
болуы мүмкін. Мұның қай түрін алсақ та, аса сезімтал тапқырлық пен
алғырлықты, қиынынан қиыстырар шеберлікті керек етеді. Ерте заманнан-ақ
“өнер алды- қызыл тіл” деп, сөз өнерін қадір тұтып қастерлеген қазақ халқы
жалпы бұл асыл мұраға, оның ішінде өрнек-айқышы мол ақындар айтысына
айрықша мән беріп, оның өзінің рухани мол өмірінің жарқын көрінісі,
көнермес асыл мұрасы тұрғысында буыннан-буынға үлгі етіп отырған. (2.4)
Ақындар айтысының бәр дерлік жұрт бас қосатын ойын-сауық, үлкен жиын
ас-тойларда қолма қол суырып салып айтылатыны мәлім. Сол шаршы топта олар
өз елінің намысын қорғаушы ақынның қарсыласына сөз есесін жібермей, қалай
да жеңіп шығуын тілейді. Сөз жоқ, бұл айтысушы екі ақынның да сурып
салмалық дарынымен қатар, өз заманының тоқығаны мол, білімді, зерделі
адамдар болуын талап етеді. Мұның үстіне айтыс қазақ тұрмысында ежелден
ақынның атын әйгілеп, даңқын шығаратын өнер мектебі тәрізді. Сол себепті
ақындар айтыстың қай тақырыпта боларын күні бұрын білмесе де, ел өміріндегі
елеулі оқиғалардың бәрін тізіп, бұған алдын-ала іштей дайындалып жүреді.
“Айтыс” – “айт” етістігінен туған зат есім, өз мағынасымен алғанда
“айтыс” – екі кісінің сөйлесуі. Бұл сөйлесу қазақ арасында көп ұшырасады.
Айтыстың мағынасы осындай кең болғанымен “айтыс” ұғымындағы сөздердің
ішіндегі ең басымы өлеңмен айтысу.
Зерттеуші С.Мұқанов өз еңбегінде “Айтыс жанрының туу, даму, өркендеу
процестерін айрықша зерттеу – қазақ халқының поэтикалық түсінік түйсігі мен
талап талғамының жетілу жолдарын айқындап алуға мәнді арнаның бірі болары
анық” деген еді. Демек, айтыстың туу, даму, өркендеуімен бірге айтыс
ақындарының сөз қолдану аясын, тілдік ерекшеліктерін зерттеп, зерделеу сол
заманның поэтикалық өнерінің қырын ашуда маңызды болмақ.
Шалқыған, шабыттан туған суырып салма өлең жолдарының айтыстан кейін
жаңа бір кезеңі туады. Табиғи дарын – қабілетті әртүрлі екі ақынның тікелей
бір-біріне қарсы айтылған айтыс өлеңдері енді өзара тығыз жымдасып, бөлуге
келмейтін бас аяғы тұтас бір шығармаға айналады. Мазмұн – сипаты бір-біріне
қарама-қарсы құралған осы айтыс мәтіндерін жымдастыра теліп, тұтас, дүние
етіп тұрған дәнекер не деген мәселеге келсек, ең алдымен бұлардағы
логикалық ішкі байланыстың мәнін айрықша атап көрсету керек. Айтыста
беталды мақсатсыз айтылған пікір-таластың орын алуы мүмкін емес. Әрбір жеке
сөз, саралы ой үнемі жүйелі бір мәселенің төңірегінен табылып, әріде түпкі
нысанаға қызмет атқарып тұруға тиісті. Қарсылас екі ақын осы принципті
ұстанғандықтан, сол айтыс үстінде өзектесе туған жырлар кейіннен жеке-дара
өмір сүре алмайтын тұтас туындаға айналады да, осы күйінше ел арасына
кеңінен танылып отырады. (4.18)
Айтыстың ауызекі, яки жазба күйінше таралу жолдары да әр алуан. Мұнда
ең әуелі елге жайып тарату міндеті негізінен сол айтысушы әрптес ақындардың
үлесіне тиген сияқты. Айтыстан кейінгі әр түрлі басқосу, үлкен жиындарда
қаумалаған көптің қолқалауымен осы екі ақынның қайсысы болса да, әркез
қайта жаңғыртып отырған. Әрине, айтыс үстінде экспромтпен айтылған жыр
жолдары сол жағдайда жолма-жол, қаз-қалпында қайталанады дей алмаймыз.
Мұнда да жалпы ауыз әдебиеті үлгілеріне тән қайсыбір өзгеріс ауытқулардың
болуы заңды, әйтсе де ақын сол айтыстағы түйінді-түйінді ой өзегін көшелі
сөз жүйесін өз сөз саптауына қарай толық сақтау міндетті.
Қайталап айту кезінде негізгі салмақ жырлаушының алғырлық – зейіні
мен дарын-қабілетіне байланысты. Рас, уақыт озып, айтыс мерзімі ұзаған
сайын, оның дәуір талабына сай өзгеріп, жаңарып отыруына ешбір дау жоқ.
Айтыстағы ақындық тәсіл жеңу-жеңілу жүйесін әңімелегенде, айтпай
кетуге болмайтын бір мәселе бар. Бұл – айтыс үстіндегі ақындардың шындықтан
жалтармай, жолына жығылу жайы ертеден жалғасып келе жатқан дәстүрлі әділдік
жайы. Айтыста жүйесіз құрғақ мойынсынудың өзі көп артық, бұдан оның ақындық
атақ абыройы арта түспесе кемімейді, сондай-ақ бұл жайт ақынды үнемі
шындыққа, әділеттікке тәрбиелеп отырады.
М.Әуезов өзінің “Қазақ әдебиеті тарихының” алғашқы кітабы мен соңғы
басылуындағы айтысқа байланысты жазған тарауларында айтыс өлеңдерін ірі екі
топқа бөліп қарастырған. Олар: 1. Әдет-ғұрып айтысы; 2. Ақындар айтысы.
Автор әдет-салт айтысына “бәдік” пен “жар-жарды”, ал ақындар айтысына
рушылдық, жұмбақ, дін айтыстарын жатқызады. Сондай-ақ М.Әуезов ақындар
айтысын түре, сүре айтыс деп екі жүйеге бөледі. Түре айтыс бір-бір ауыз
өлеңмен қысқа, шапшаң жауыптасып отыратын, көбінше, ақындар мен қатар жалпы
көпшілік қолданатын жалпылық түр. Сүре айтыс тек суырып салма өлеңге әбден
төселген, ысылған нағыз ақындардың әр кезекте ұзақ сөйлеп, көп жыр төгіп
көсіле жырлайтын түрі болады. Бұл қазіргі заманға дейін жеткен айтыстың кең
таралған түрі, яғни ақындар айтысы.
Айтыс – өлеңдерінің ең көлемдісі, тақырыбы мен мазмұны жағынан
күрделісі, көркемдік жағынан әдемілері – ақындар айтысы.
Ақындар айтысы жұрт бас қосқан жиын-тойда екі адамның кездесоқ
кездесуімен де, яки бір елде аты шыққан ақынды екінші біреуінің арнайы
іздеп келіп қақтығысуымен де, тіпті өрен жүйрік әйгілі екі ақынды дүйім
жұрттың алдында әдейі табыстыруы арқылы да өтуі де мүмкін. Алайда мұның
қайсысының болса да, сол айтыстың мазмұн – көлемі мен көркемдік дәрежесіне
тигізер әсері аз. Бұл – сөз сайысына түсуші екі ақынның суырып салма
өнеріндегі табиғи дарын-қабілетіне, өмірлік білім – тәжірибесі мен
шыңдалған шеберлігіне тікелей байланысты.
Шаршы топта өнер жарысына түскен екі ақын да бір-біріне оқыстан
қойылған сұраққа, не тағылған айып-сынға қолма-қол жауап беруге тиісті.
Түйдек-түйдегімен ағылған сөз нөсері неғұрлым нысанаға дөп тиетіндей
әсерлі, жүйелі де уәжді болса, ақын соғұрлым жүлделі жеңіс сәтіне жақындай
түспек. Бұлтаруға ырық бермейтін ащы шындық ұтымды дәлел, аталы сөз ғана
қарсыласының жеңілгенін ашық мойындауға мәжбүр етпек. Қазақ ақындарының
дәстүрінде қаншалық қиын өткінші болса да, өзінің сөзден тосылып жеңілгенін
мойындау ар саналмаған. Ел қабылдаған осы әділ дәстүрдің өміршеңдігі
туралы: “Айтысқа түсіп жүрген суырып салма ақын, тегінде өлең таба
алмағандықтан, ұйқасты сөз таба алмағандықтан жеңілмейді,”- деп көрсетеді
М.Әуезов,- айтыстары бізге жеткен, өз тұсындағы ірі ақындардан жеңілгендер
сол тұстарда өлең сарқылып қалғандықтан емес, бәрі де жеңілгенде ұтымды
дәлелден атсырап, жүйеге жығылып, дау сөзінің логикалық жағынан ұтылып
барып жеңіледі. Жеңуші жақ өзінің қарсы ақынына бет бұруға, жалтаруға ерік
бермей, өмірлік, логикалық бір шындықтар табады. Дәлелдермен тұтасып,
тұқыратып көркем тілмен тұқыратып тастайды. Ондай өмір шындығы дауласуға
келтірмейтін айқын, мықты дәлелдер құр шешендікпен, құр ұйқас сөз айтқанмен
әлсіремейді, мұқалмайды. Сондықтан көлденең тыңдаушы – сыншы жұрт та, жол
білетін ақын бұл тартыста жеңілгендікті айқын ұғынып, еріксіз тастайтын
болады”.(6.23)
Айтыстың ауызекі, яки жазба күйінше таралу жолдары әр алуан. Мұның ең
әуелі елге жайып тарату негізінен сол айтысушы әріптес ақындардың үлесіне
тиген сияқты. Халықтың ақынды жақсы көруіне себеп – ақынның тіл шешендігі
ғана емес, ақынның халыққа сүйкімді, сүйікті болуына басты себеп – олардың
айтыста, я басқа шығармаларында халық тұрмысының шындығын көркем суреттеуі,
халықтың қуанышына да, қайғысына да шын көңілмен ортақтасуы.
Ең алдымен қазақтың айтыс ақындары туралы ескерте кететін бір жағдай,
әзірге біз білетін ақындардың көпшілігі еңбекші халықтан шыққан. Халық
арасынан шыққан ақындардың көпшілігі өзінің өнерін, талантын сол халыққа
арнаған, халық өмірін жырлаған. Сонымен қатар, олар байлар табының, оның
өкіметінің қанағыштығын ашып халық алдында әдемі теңеулер арқылы айшықтай
білген. (11.47)
Айтыс өлеңдерінің идеялық бағыты біркелкі болмауы сияқты, оның
көркемдік дәрежесі де әр түрлі. Айтыс өлеңдерінің ішінде олпы-солпы құрала
салғандары, көркемдік жағынан төмендері де бар. Бұған қарап оларды “өлең
емес” деуге де болады, олар да өлең, халық әдебиетінде ауызша шығарылған
өлең үлгілері. Мұнымен қатар, айтыс өлеңдерінің ішінде нағыз ақындық
шабыттан туған асылдары, әсерлілері - әдемілері, жазба поэзияға бара-бар
келетіндері де бар. Айтыс жанрының тарихына үңілсек, Кемпірбайдың Әсетке
айтқаны, Біржан мен Сараның айтысында жиі кездесетін айшықты, маржандай
тізілген әдемі шумақтар мұның мысалы бола алады. Оларды шын мәніндегі
көркем, нағыз шебердің ақындық қиялынан шыққан асыл қазына деп қараймыз.
Ақындар айтыстарының ішінде ең көркем тілге бай үлгі “Біржан мен Сара
айтысы”. Бұл жағынан алғанда, ол шын мәніндегі көркем шығарманың бірінен
саналады. Айтысқа қатысқан екі ақынның қайсысы болса да халықтың тіл
байлығын молынан пайдалана отырып, неше түрлі әдемі теңеу сөз образдарын
жасайды, айтайын деген ойын әрі ашық, әрі терең мағыналы етіп жеткізеді.
Бұл айтыстан үздік теңеу, әдемі сөз айшықтары, эпитет, метафоралар
жиі ұшырасады. Мысылы:

Ақ иық, Мұзбалақпын, жерге түспес,-

немесе:
Қырандай желді күнгі аспандаймын,- дейтін эпитет, метафоралары жүйелі
қолданылғанын байқаймыз. Мұнда ақын өзін “желді күнгі қыранға”, “кең қолтық
арғымаққа” балай отырып, үздік эпитет, әдемі метафора жасайды. Бұл ретте
өзіне тән ерекшелігі күрделі метафора, яғни метафораның ұлғайған түрін
жасауында да ерекшелік бар Мәселен:
Жорғамын шаршы топта самғайтұғын.
Бәйгі аттай шаршы топта самғайтұғын,
Әнімді он екі звод жіберейін,
Есіңнен өле-өлгенше қалмайтұғын.
Ежелден құлаш мойын көк айылмын,
Ылауға алты күнде талмайтұғын.
Болатпын екі жүзді, жетем құрыш

Шапса да қара тасқа таймайтұғын...

Ой желке, қамыс құлақ, қара көкпін,
Тұнықтан жүзіп ішпей қанбайтұғын,-
деп, Біржан әрі күрделі, әрі ұлғайған метафора тудырады. Мұндай үздік
метафоралар, сөз образдары, теңеулер Сараның сөздерінен де орын алады. Сара
өзін сипаттағанда:
Тамағым жас баланы білегіндей,
Иығым тік сандалдың тірегіндей.
Бет алдым кеудесіндей қоңыр қаздың,
Тал бойым жолбарыстың жүрегіндей,- дейді.
Біржан мен Сараның ақындық тіліндегі ерекшелік бұл ғана емес. Олар
ақындық тілдің бір түрі болып саналатын ирония мен сарказмды да орынды
қолданады.
Мәселен, осы ирония сарказм арқылы Жиенқұл бейнесі шебер суреттеледі.
Мысалы, Біржан: “Жиенқұлды шақырт,”- дегенде, Сараның айтқан сөзі ирония
мен сарказмге құралады:
Онда Сара:
Көрінсін Біржан салға ай секілді,
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді.
Ұсынса қол жетпейтін, арғымағым,
Біржанға баламаймын тай секілді...
Асылым, құда берген өз бағыма,
Тең келмес жеті Біржан тырнағына.
Найманда ұлы дария сияткерім,
Балық боп ілінгенмін қармағына,-
дейді.
Әрине, айтыстың көркемдік ерекшеліктері туралы сөз болғанда тек
Біржан мен Сара айтысын ғана айтып қоя салу аздық етеді. Дегенмен, айтыс
өнерінің тарихында елеулі орын алатындығын мойындау қажет. Мұндай көркемдік
ерекшеліктер бүгінгі заман ақын айтыстарына тән. Ақындар ұтқыр ой мен
көркем образдар, теңеулер арқылы көпшіліктің жүрегіне жақындай түсіп,
өздерінің сөз қолдануларындағы шеберліктерін айқындай түседі. (12.63)
Айтыс өлеңдерін зерттеп, зерделеуде көптеген ғалымдар еңбек сіңірген.
Байқағанымыздай, айтыс өнері әдебиет тұрғысынан толыққанды зерттелгенімен,
тілдік жағынан, әсіресе қазіргі ақындардың тілдік ерекшеліктері туралы
еңбектер аз екендігі шындық.
М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, М.Жармұхамедовтен басқа бірнеше
ғалымдар зерттеу еңбектер басып шығарған. Оларға жоғарыда нақты тоқталған
болатынбыз.
Зерттеуші С.Дуанаева “Қазіргі ақындар айтысы” атты қолжазбасы 1997
жылы 150-бет көлемде жарық көрген. Бұл көлемі аз болса да, бүгінгі айтыс
тілін зерттеуге арналған алғашқы бастама еді.
2004жылы академик М.Жолдасбеков жалпы редакциясын басқарып,
И.Нұрахметұлы, С.Дүйсенғазин т.б жинап бастырған “Қазіргі айтыс” атты 2
томдық еңбектің де мәні зор. Бұл ата-бабадан келе жатқан айтыс өнерінің
бүгінгі жай-күйін танытады. Дегенмен айта кететін бір жайт, бүгінгі таңда
айтыстың тілдік ерекшеліктері, ақындардың көркем сөз кестелері әлі
зерттеуді, зерделеуді, бағалауды қажет етіп отыр.

1.2 Қазіргі заман айтыс ақындарының тілдік ерекшеліктері

Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Әр
халықтың туа бітті болмысына, өмір кешу жағдайына орайлас қалыптасқан осы
дәстүрлердің озығын уақыт өзі екшеп, озығын ел кәдесіне жаратып жатса,
мұның өзі адамзат көшінің жарасымымен ілгері озуына септігін тигізбек.
Үшінші мыңжылдықтың аясында өз кемесінің желкенін керіп шыққан қазақ
халқының ешкімге ұқсамайтын бітімі мен болмысын ажарлайтын ұлттық қадір-
қасиеті аз емес. Сондай-ақ, ерте заманда замандарда туып, қалыптасып, дамып-
жетіліп, бүгінгі күннің де қажетіне жарап отырған ұлттық қадір қасиетінің
бірі де бірегейі, өміршең жанры – айтыс.
М.Әуезов “Айтыс – қай қалықтың алдында мақтануға тұрарлық өнер”
демекші, бүгінде айтыстың абыройын асырып жүрген А.Әлтаев, М.Қосымбаев,
А.Леубаева, М.Тазабеков, К.Оралова, С.Құсанбаев, А.Тұрсынбаева,
О.Досбосынов, Б.Шойбеков, Р.Зайтов, Д.Кәпұлы секілді даусыз дарындар жаңа
жыр өрнегін тудырды.
Айтыстың көркемдік дәрежесін жаңа сатыға көтеріп, суырып салма
дәстүрді жаңартып, ел рухын биіктетуде айтарлықтай үлес қосып жүрген төрт
бірдей айтыскерге - Ә.Қалыбековаға, Ә.Беркеноваға, Қ.Әбіловке,
Ә.Қосбасаровқа – Қазақстанның халық ақыны деген құрметті атағы берілді.
Шығыс Қазақстандық А.Кәкенов Қазақстан жастар одағы сыйлығын иеленсе,
А.Әлтаев пен М.Тазабеков жастардың мемлекеттік “Дарын” сыйлығының иегері
атанды. Бірнеше өнерпазға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
қайраткері атағы берілді. Осының бәрі атамұра өнерге, сөз құдіретіне
көрсетілген лайықты құрмет. Жыл өткен сайын айтыс қанатын кеңге жайды.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, дербестігін жария еткеннен бері Абай мен
Жамбылдың 150 жылдық, Түркістанның 1500 жылдық, Тараздың 2000 жылдық
мерейтойына орай өткізілген республикалық жыр сайыстары айтыстың жаңа
сапалық дәрежеге көтерілуіне игі ықпал тигізді.
1989 жылы Монғолияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Ресейдің
айтыскерлерінің қатысуымен Алматыда төрт күн бойы өткен халықаралық айтыс
ұлт өнерінің ел мен елді жалғастыратын жасампаздық құдіретін жалпақ әлемге
паш етті. Іле-шала ақындар айтысы Ташкентте, Бішкекте ту тігіп, бауырлас
халықтардың арасындағы рухани көпірге айналды. Осы жыр думандарын өткізуге
Р.Бердібай, Т.Кәкішов, Н.Ғабдуллин, М.Дүйсенов, С.Қирабаев секілді ғалымдар
мен М.Әлімбаев, Қ.Мырзабаев, Т.Молдағалиев секілді айтулы ақындарымыз халық
өнерінің абыройын асыруға өз үлестерін қосты.
Осы күнгі ақындар айтысы мазмұн, түр, тілдік ерекшеліктері жағынан
өзгерді. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап айтыстың ежелгі дәстүріне
құрмет көрсетіліп, айтыскерлердің еркін ой толғап, кең көсіле құлаштауына
жол ашылды. Тілінің тұсауы кесілді. Соның нәтижесінде айтыс өнері тұла
бойындағы қасиетін сақтай отырып, халқымызбен қайтадан, жаңаша қауышты.
Ақындардың ойы мен сөз қолдану аясы кеңейді. Еркін ойлайтын, батыл
айтатын кең тынысты жас буын ақындар келді. Олар қоғамдық, әлеуметтік
саладағы көлеңкелі тұстарды дөп танып, жетер жеріне жеткізіп айтуға
тырысты.
Ақындарға бұл тұста атар тақырыпты да дәуір өзі даярлап берді. Арғы
бодандық қамытын алғаш киген кезеңді айтпағанда, кеңестер одағының
құрамында болған 70 жылдық саяси тар шеңбер, экономикалық қысым, рухани
бұғаудан босаған халық өмірі ақындардың айтыстарында көрініс тауып жатты.
Сөйтіп, ақынның айтамын, жеткіземін дегенін заман өзі жасап берді.
Сондықтан айтыскерлер ел өмірінде қатысты кемшіліктерді айта қалса, жұрт
қолдап әкетіп отырды. Бұл ақындардың ел алдындағы беделін көтерді. Еркін
ойды ақтара айтқан, көкейіндегісін тапқан ақындарын жұрт әрдайым қолдап
отырды. Айтыста көркемдік тәсілдерді пайдалануда теңеу, метафора, эпитетті
сөздерді қолдану кең етек алды. Айтыскерлер өлеңдерінде логикалық бірлікке
мән берді, сөйтіп өлеңнің ішкі тұтастығын сақтауға тырысты.
Айтыста өлең айту өз алдына, айтқан сөзін халыққа жеткізе білу
ақыннан үлкен шеберлікті талап етеді. Біреу осал сөздің өзін жеткізіп
айтып, жұрт ықыласын аударып жатса, біреулер жақсы ұйқасты сөздерін жеткізе
алмай жатады.
Айтыскерлердің ішінде ерекше бағалауға болатын жігіттердің бірі –
Бекарыс Шойбеков. Ол ұтымды, нақты сөздерімен халыққа ұнайды.
Әсиямен айтысында жасы келіп қалғандығын “Базардан келе жатып
жолықтың-ау, Базарға бара жатқан баламенен” деп әдемі айтады. Бұны
метонимияға жатқызуға болады.
Айтыстың көркемдік әлемі – оның бүкіл болмысын танытады. Айтыстарда
көркемдік бейнелеу, көріктеу тілі өз алдына, түлеп ұшқан тың, өткір, ұтқыр
тіркес аса мол болады.

Айтыс қашанда халық өмірінің айнасы дегенде айтыста көтерілетін
әлеуметтік тақырыптарға байланысты ғана емес, айтыста тіл тазалығы ерекше
көңіл бөлуге тұратын фактор. Бұл жағынан Оразалы Досбосыновтың көбінен
шоқтығы биік. Әсіресе ауыл өміріне қатысты келісімді сөз тіркестерін, ұмыт
болып бара жатқан ескі сөздерді тірілтіп ұтымды пайдаланып, халқтың образды
сөйлеу үрдісін айтыста тапқырлықпен жетілдіріп жүрген бірден-бір ақын. Оның
шығармашылығындағы көркемдік тәсілдер туралы алдағы тарауларда кеңінен
тоқталмақпыз.

Қазірі айтыстарда бұрынғыдай ақындардың бірін-бірі кеміту, азаттық
намысына тиетін ауыр сөз айту жоқ. Бұл айтыстың моральдық жақтан толысып,
кемелдене түскенін көрсетеді. Баяғы айтыстарда ақындар рудың сөзін сөйлеп,
айылын соғатын; сондықтан рудың намысына тиетін ауыр сөздер айтылатын.
Қазіргі ақындар ру атынан емес, ұлт атынан сөйлеу дәстүрге айналды.
Айтыс – биік, іргелі өнер. Ол – сөз бен ойдың, тапқырлықтың биік
шыңы. Сондықтан да айтыскерлерге терең білім, үлкен даярлық керек. Айтысқа
әр ақын өзінше дайындалады. Бұл ежелден солай болған. Тарихты зерделейді.
Қоғамдық ой қалыптастырады. Ата сөзін жинайды. Шежіремен танысып, көркем
тіркестер іздейді. Соның нәтижесінде түрлі теңеулер пайда болады. Айтысқа
ерекше дайындықпен келетін ақындардың бірі – Мұхамеджан Тазабеков. Әр
кезекте өзі туралы, қарсыласы туралы және тыңдарман жұрт туралы қатарынан
ой қозғап отыру Мұхамеджанның айтыстағы өзіндік стилі болып қалыптасты. Осы
заманның көшбасшысы болған ақынның тілдік көркемдігі де ерекше: Серкесіз
өрген қойдай бытырайды, Ақылсыз айтылған сөз айтыстағы,- дегені ақынның
айтыстағы ұстанымын танытады. Әр ақында осындай талап, ұстаным болса, айтыс
жанрының көркемдік-тілдік ерекшеліктерінің мәні зор, мазмұны кең болмақ.
(8.13)
Айтыс мазмұнының дамуына, қарсыласының сыны мен сауалына орай ойдағы,
әсіресе, теңеу мен метафора және т.б. бейнелі сөздер белгілі бір жүйемен
келтіріледі.
Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі айтыс мектептерінің тілдік
ерекшеліктерінің өзіндік белгілері де жоқ емес. Бұл ежелден келе жатқан
айтыс дәстүрінің жалғастығын танытады. Арқа мен Шығыстың ақындарының
өлеңдері баяғы Дулат, Кемпірбай, Әсет, Кәрібай, Біржан, Ақан, Арғынбектер
салған жолмен төрт аяғын тең бастырып айтатын, ұйқасы да, логикасы да шымыр
өлең өлшемімен көрінсе, Оңтүстік Қазақстанда Сүйінбай, Жамбылдар салған
төкпе, шұбыртпалы ұйқасты, кең тынысты жыр үлгісі тараған. Батыс
Қазақстанда жыраулық пен жыршылдықты қатар ұстанған эпикалық сарын басым.
Осы дәстүрді ұстанған Мэлс Қосымбаевтың айтыста өз өрнегі бар. Жауаптасудың
арасында еркін көсіліп, толғау айтып отыратын айтыстағы бұл үрдіс те
көркемдікті талап етеді. Бұл ретте Шығыс пен Батыстың дәстүрін қатар
ұстанған Дәулеткерей Кәпұлын ерекше атауға болады.
Қазақ айтысының заманға сай жетістіктерінің бірі – тыңдаушысын
күлкіге қарық ететін сатиралық деңгейінің айтарлықтай жоғары көтерілуі. Бұл
қыз бен жігіт әзілдерінде көп қолданылатын бұрыннан бар үрдіс. Бұл күндері
Балғымбек Имашев пен Есенқұл Жақыпбековтердің айтыстарында сатираның орны
бөлек. (23.3)
Бүінгі айтыс жайын сөз еткенде Оразалы Досбосыновтың айтыстағы сөз
қолданысына тоқталмай кетпеу мүмкін емес.
Белгілі ғалым М.Жармұхамедовтың: Қашанда айтыс – қоғамдық-әлеуметтік
болмыстан тыс дамымайды. Оның құндылығының өзі де сол өмірдің шындығын
қаншалықты терең әрі шебер бейнелейтіндігімен сипатталып отырады. Қарсылас
екі ақын айтысында да сол шындық басты өлшемге айналады,- деген тұжырымы
дәлелді тұжырым. Демек, айтыс ақыны - өз дәуірінің ақ берен рухты адал
перзенті. Оразалы да қазақтың маңдайына біткен осындай адал перзент. Оның
айтыстарындағы тілдік ерекшелік поэтиканың қайталанбас бөлшегі. Өлең
тармақтарының мағыналық мәні зор.
Орзалы айтыстарындағы қарсыласына қарата жырлаған өлең тармақтарының
поэтикалық мағанылық астарлары қазіргі жаңаша түлеген қазақққа ұлттық
серпіліс ықпалын жасады. Мысалы:
Бел кетпес, кетпесе егер белбеу еріп, Қанжығаға көкбарды
өңгерелік, Өрмекші торындағы шыбындай ғып, тұрқыңды тастайын ба сөзбен
өріп, Өрт болсам, кетіп жүрме сен де өртеніп, ішінде қалың оттың
дөңгеленіп, Пернедей шығара бер сөз асылын, етек те жабыспайды жеңге
келіп, Құнды сөзді қорада тулатайық, құрық тимес құланның құлынындай,
Ағаштағы кеш піскен алмадайсың, Баладай ботқасына тойып алған, Тұрсаң
да тулап бүгін қанша аттай боп, жұмыларсың жырыма саусақтай боп, Табағыңа
салайын сөздерімді балшындай, Қатып-семіп қалмағын, сарғайып тұрған
күздегі атаңның ескен қайысындай т.б. небір көркем баламаларды айқын
аңғарасыз.
Оразалы – қазақтың ақындық өнеріндегі бұрынғы және қазіргі көркемдік
дәстүрді жалғастыру жауапкершілігін перзенттік, отаншылдық сезімімен
жырлаған ақын. Ол айтыстарында қазақтың мыңдаған жылдардан бері ұрпақтарды
тәрбиелеп келген поэзияның киелі құдіретін нағыз, сыршыл, ұлттық көңіл-күй
тебіренісінің терең мағыналы бейнеліліктермен жырлады:
Тұлпардың таққанда боп түсіне мін,
Білметін жөн-жосықты кісі ме едің.
Кешегі Сүйінбайдың тайындай боп,
Шұрқырап салған жерден кісінедім.
Қатағандай өзіңді құлатармын,
Өйткені Сүйінбайдың тұқымы едім!
немесе:
...Маңызды сөз айталық марқасқалық,
Аталар салған жолдан алжаспалық!
Барымтаға келген соң өлеңменен,
Балуандай батырлық қыл жамбасқа алып!
Жағың түсер жаста да жаутаңдамай,
Отыратын түрің бар жаңғақ шағып.
Қаншама жорытқанмен кәрі қасқыр,
Ін қазады-дейді ғой аулақ барып,-дейді.
Оразалының айтыстарында қазақ ұлтының мыңдаған жылдар бойы
қалыптасқын асыл қасиеттерінің бүгінгі және болашақтағы ұрпақтарына
жалғасуын ардақ тұтқан азаматтық, перзенттік махаббат сыры бейнелі
өрнектермен төгіледі. Отанды, атамекенді, тілді, дәстүрді, сүйген қазақтың
ұлттық болмысын танытатын лирикалық қаһарманнның жүрек сыры Оразалының
жырларында азаматтық үні болып естіледі. Мысалы:
Ау, шежіренің шын көзіндей,
Кемпірлері ар-ұяттың ілгегіндей,
Ерін сыйлар келіндер пірлеріндей,
Ерлері елін сүйген Күлтегіндей.
Оразалының айтыстарындағы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған жаңа
тарихының алға өрлеген жолындағы болып жатқан уақытша қиындықтарды
реалистік жырмен өрнектеледі.

2 О.ДОСБОСЫНОВ АЙТЫСТАРЫНДАҒЫ ТРОПТАР
2.1 Өлеңмен өрнектелген өмір

Қазақ көркемсөз өлеңмен жырлаған, қара сөзбен ауызша әңімелеген
түрлерін жылдам көзбен көруге, құлақпен естуге құмар халық. Көркем сөзді
санаға сіңіру, оны жадқа сақтау қабілеті айрықша дамыған қазақтың осы
ұлттық ділі, психологиясы басқа халықтардан ерекшелендіріп тұрған дара
қасиеті. Халқымыздың ғасырлар қойнауынан бүгінге жеткен қазірі ұлттық ояну
кезеңдері ұшқын атқан ой оттарының жалын боп лаулауына қозғау салушылардың
бірі де бірегейі – Оразалы Досбосынов.
Оның жырларындағы ерекшелік - көркемдік тәсілдердің, әсіресе троп
түрлерінің мол ұшырасуы ақын тілін зерттеуді қажет ететінін аңғартады.
Оның айтыстарында қазақтың кең далада еркін өскен ерке мінез
арманшыл, қайсар тұлғасы танылады. Оның жырларынан сонау ежелгі сақ, ғұн,
түркі, Қазақ хандығы замандарынан бергі байтақ даланы ақ назаның ұшымен, ақ
білектің күшімен сақтаған батыр бабалардың өр рухы сезіледі. Жырларынан кең
даланың қаз-қатар ақбоз үйлер тігілген, төрт түлік малы қаптаған, айлы
кеште алтыбақан, ақсүйек ойнаған, тойларында, астарында бәйге, көкбар,
күрес өткізген, өткені мен бүгінін, болашағын Нартәуекел – Кемеге артқан
Нар – Қазақтың ғасырлардан қайыспай өткен жарқын келбеті Орзалының айтыс
тілінде ерекше көрініс табады. Өйткені Оразалының тілі – қазақтың кешегісі
мен бүгінгісін танытатын айшықты тіл.
О.Досбосынов 1975 жылы 15 қарашада Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Тегістік ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Қасиетті Тәңіртау
баурайында туып, Мұқағали жырымен сусындап өскен тарланбоз ақын бала
жасынан суырып-салма ақындығымен ел назарын өзіне ерте аударған. Мектеп
қабырғасында жүріп-ақ республикалық ақындар айтысына қатысып, топ жарған.
Оразалы 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің
филология факультетіне түсті.
Құлмамбеттен қалған құлынмын деп құлдырыңдап сөз бастаған бала ақын
шыңының дара биігіне көтерілді. Еліміздегі айтыс додаларында жұлдыздай
жарқыраған бауырымыз Қырғыстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай мемлекеттерінде
өткен аламандарда да шамасына шаң жұқтырмай, қаймағын бұзбай, тілімен
темір қорытып, ат тағалаған, киелі ақындық өнердің ақ сүтін арда емген
асыл да, дархан мінезді ақынның өмірі, амал қанша, ұзақ болмады. Отызға
келер келместен фәни дүниеден бақиға аттанды.
Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, жазушы Н.Оразалин Жеткіншек
жырдың жұлдызы десе, Ж.Әміреев Айтыстың ақтаңгері Оразәлі, Б.Халиолла
Кемел шағында сүрініп кеткен ертөбел деп ақынның құйрықты жұлдыздай
ғұмырында артына қалдырған бай мұрасының мәнін аша түседі.
Отызға толмай жатып, есімі жалпақ жұртқа танылған, өмірге қайта келіп,
өрісі кеңейген айтыс өнерінің үні жарқын шыққан, жыр жалауын биіктен
желбіреткен, тыңдаушыларының таңдайын қақтырып, жан-жүрегін елжіреткен,
елінің еркесіне, кестелі сөздің серкесіне айналған ақын 20-дан аса ірі
айтыстарға қатысып, көпшілігінде жүлдемен қанжығасын майлап қайтқан.
Ақынның мақсаты жүлде алу емес, айтыстың мәнін қыздыра түсу, халықтың
шынайы үнін көркем тілмен жеткізу.
Ақын бір айтысында өзі туралы:
...Атым Ораз болғанмен,
Отыздан жасым аспаған,
Иегін сақал жаппаған.
Сүйінбаймын, Жамбылмын,
Таңжарықпын, Шарғынмын,
Басымнан сөз аспаған.
Көдектен қалған бір ұлмын,
Қаймықпай сөйлер патшадан,
Қызай мен қытай арасы,
Жырларын жата жастаған
Құлмамбеттен қалған құлынмын,
Халықтың өзі баптаған, - деп туған халқына деген өр рухтың сарынын
әдемі жеткізеді.
Ақындар өздерінің жырларының туған халқына мәңгілік рухани азық, демеу
болуын ойлайтын қамкөңіл, алаң ойдың құрсауында жүретін өзгеше бітімді
тұлғалар. Оразалы да осынау жалған фәни мен мәңгілік бақи дүние жалғасының
арасында өткен қас қағымдай қысқа ғұмырында халқының алдындағы азаматтық,
перзенттік парызын былайша жырлап өтті:
Өтерсің жалған бес күнім,
Армасыз сенен өтті кім?!
Айтайын, жұртым, естіген,
Тумайды бұлай көп күнім, - деп өз өмірінің жолы ұзақ болмайтынын
сезгендей.
Артында өлмес өрнектері, ел көңілінде жұрттың жүрегінде жатталып
қалған айшықты айтыстары, мөлдір поэзиясы, сахна төрінде жылжып қана
отыратын ерке мінезі қалды. Қазақтың рухани мәдениетінің саф алтындай
сипатын, ата-бабалардың өр рухын кешеден бүгінге жеткізген, енді болашаққа
ұластыратын дәстүрлі ақындық поэзиямыздың Оразалыдай тұлғалары – біздің
ұлттық мақтанышымыз. Оразалының жарқыраған көркем жырлары алтын маржандай
өлең өрнектері халқымен мәңгі жасай береді.

2.2. О.Досбосынов тіліндегі троптар

Айтыс өлеңдеріндегі сөз кестесін, өлең сөздің суреттілігін, бейнелік
сипат-қасиеттерін сөз еткенде ауыспалы астарлы мағына туғызатын бейнелі
сөздерге тоқталу маңызды. Сөзді түрлендіріп, мағынасын өзгертіп, кеңейтіп
қолдануда айтыс өлеңдерінде әр ақынның өзіне тән стильдік-тілдік
ерекшеліктері байқалады. Көркемдік тәсілдер Орхон-Енисей көне түркі жазба
ескерткіштерінен бастап тұрмыс-салт жырларында, эпостық-батырлық жыр-
дастандарда, махаббат-жыр өлеңдерінде, азаматтық-поэзия үлгілерінде көптеп
кездеседі. Айтыс ақындары өздеріне дейінгі осы поэзия дәстүрін әр түрлі
троптар, теңеу, салыстырулар, бейнелі сөздерді молынан пайдалана отырып,
жаңаларын жасаған. Осы жайлы Р.Сыздықова: ...Үлкен айтыстарда ақындар
қарсыласын жеңу үшін тек тақырып, факт, логика, аргумент мықтылығын ғана
көздеп қоймайды, сөз – образдардың орынды, әсерлі әрі соны болуына да қам
жейді. Ол үшін тілдік – көркемдік дүниенің дәстүрлі түрлерін пайдаланумен
бірге, жаңаларын да тудыруға тырысады, - дейді (3. 216)
О.Досбосынов айтыс өлеңдеріндегі қолма-қол суырылып айтылған бейнелі
сөздер көркемдік қасиеттерімен қатар қарсыласының сұрағына дөп тиетіндей
әсерлі де ұтқыр болуымен құнды. Оның өлеңдері халықтың тіршілік-тұрмысымен,
тарихи-қоғамдық жағдайларымен тығыз байланысты, сондықтан халықтық, ұлттық
бояу-өрнектерінің айқындығымен көзге түсетін бейнелі сөздер – халықтың ой-
санасындағы, көркем ұғым-түсініктеріндегі ұлттық сипаттардың көрінісі
байқалады.
Теңеу, метафора, метонимия, эпитет және т.б. бейнелеу, көріктеу
тәсілдері екі нәрсені салыстыру түрінде жасалады, не болмаса, екі нәрсенің
арасындағы жалғастық, ұқсастық ескеріліп, соның негізінде ауыспалы, астарлы
мағынасы бар бейнелі сөз туады. Кейбір айтыс өлеңдерінде көркемдік тәсілдер
бір-бірімен астасып, ұштасып жатады. Метафора немесе теңеу бірнеше
эпитетпен жалғасып, ұласып келіп күрделі метафора, күрделі теңеу, эпитет не
тұтасқан сөз өрнегі жасалады. Көбінесе эпитет пен теңеу, эпитет пен
метафора, бір-бірімен жалғас, қабаттасып алынып қолданыла береді. Мысалы,
Оразалыда Көсем сөзге келгенде, көк найза едім толғаулы дегенді алсақ,
найза едім – метафора, көсем сөз, көк найза деген сипаттама сөз – эпитет.
Мұндай көркемдік тәсілдер ақынның айтыстарында мол кездеседі.
Ақын айтыстарында жеңу-жеңілу дәстүрінің өзі бірде жүйріктер
бәйгесіне, бірде табиғат құбылыстарына, бірде аң ілдіріп құс салу өнеріне
ұқсату арқылы негізгі ойды астарлап беруде жүзеге асады. Я болмаса, шебер
тілімен өзінің жақсы қасиеттерін мақтап, қыран құсқа, жүйрік арғымаққа,
жаратылыс суреттеріне, жанды-жансыз заттарға қаратылып айтылуы балама,
салыстырулармен беріледі. Айтыс мазмұнының дамуына, қарсыласының сыны мен
сауалына орай ойдағы әсіресе, троптарды және бейнелі сөздерді белгілі бір
жүйемен келтіреді.

2.2.1. Метафоралы сөз қолданысы

Метафора термині ежелгі Үнді, грек заманындағы зерттеу еңбектерінен
белгілі. Метафораны орыс тілінде М.В.Ломоносов, А.А. Потебня, Б.С. Мейлах,
Е.Г. Черкасова және т.б. ғалымдар зерттеген.
Зерттеулер мен оқулықтарда метафораны алғаш сөз еткен ерте дүниенің
данышпан ойшылы Аристотель (б.э.д. 384-322ж.) деп жүр. Ол метафораны
поэтикалық творчествоның ең бір көрнекті саласы ретінде бізге дейін толық
қалпында жетпеген, риторика сабағына арналған конспектісінің тезистері
ретінде бағалай отырып, метафораны алғаш сөз еткен. Бірақ Аристотельдің
баяндауларына қарағанда, ғалымның алдында жалғыз аяқ та болса тарихи
зерттеу жолы болған. (20.73)
Грек ғалымдарының зерттеуі метафораның басқа тілдерде де зерттелуіне
әсерін тигізді.
Ал метафораның ежелден ауызға алынуы сол замандағы сөз сайыстыруға,
шешендікке үйретуге байланысты пайда болса керек.
Шетел филологиясында метафора жөніндегі әдебиеттер көп-ақ, бірақ
олардың саны сапасына кері пропорционал, бастысы тағы тіл білімі
Аристотельдің схемалық түсінігінен әрі аса алмады, метафораның тіл
дамуындағы рөлін дұрыс түсінбеді.
Метафораны орыс тілінде алғаш зерттеушілердің бірі М.В. Ломоносов
Краткое руководство к риторике деген еңбегінде оны сұлу сөйлеу тәсілі
ретінде пайымдайды. Ал көрнекті ғалым А.А. Потебня метафораның кездейсоқ
сөз саптаудан емес, қажеттіліктен туатындығын атап көрсетті. Бірақ
жиырмасыншы жылдардағы формализм метафораны көркемдік, образдылық туғызудың
бірден-бір тәсілі ретінде уағыздаған. Олар поэзияның шын қасиетін тек
метафоралылығында деп тапты. Алайда Аристотельдің сөйлеген сөзіміз түгелдей
астарлылыққа құрылса, не жұмбақ, не варваризм болып кетеді деуі, метафора
сәнді сөйлеу үшін керек деген М.В. Ломоносовтың өзінің оны жиі қолданудан
анықтықы емес, күңгірттік пайда болатынын ескеруі дұрыс айтылған жүйелі
сөздер болса керек. Өйткені көркем шығармадағы эмоционалдық,
экспрессивтілік, образдылық тәрізді сапаның жасалуына нақты көңіл бөлмей,
суреттеу тәсілдері мен бейнелеу элементтерінің сандық шамасына бір жақты
назар аударудан дұрыс нәтиже шықпайды, онымен әдебиет тиісті бағасын алып,
автордың стильдік ерекшеліктері анықталуы мүмкін емес. Ал арифметиканы
жалаң бухгалтерлік баланс ретінде емес, санды сапаға шағу ыңғайында ғана
пайдалануға болар.
Метафораның мәнін ғылыми тұрғыдан зерттеуде проф. Б.С. Мейлахтың
едәуір жұмыс жасағандығын айрықша атау қажет. Б.С.Мейлах метафораны тек
көркем әдебиеттің емес, жалпы ойлаудың, тілдің түбірлі категориясы
екендігін, көркемдік жүйесінің элементі болып табылатындығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ айтысы
Кеңес дәуіріндегі айтыстар
Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ поэзиясындағы отаншылдық рухтың жырлануы
Қазіргі айтыс ақындарының сөз қолданымы
Айтыс жайында
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Шәкәрім лирикасындағы тілдік-бейнелілік аспектілер
Табу мен эвфемизмнің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Ақындар айтысындағы әзіл-әжуа
Қазақ ескілігінің бір үлкен саласы айтыс өлеңдер
Пәндер