Жаһандану процесі және оның Қазақстанға ықпалы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І тарау. Жаһандану процесінің теоретикалық . методологиялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1. Жаһандану процесінің посткеңестік кеңістікте зерттелу деңгейі ... .9
1.2. Жаһанданудың негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3. Жаһанданудың әлемдік жүйеге ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.4. Жаһандану және интеграция процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ІІ тарау. Жаһандану процесі және оның Қазақстанға ықпалы ... ... ... ... 24
2.1. Жаһандану әлемдегі Қазақстанның саяси бағыты ... ... ... ... ... ... ...25
2.2. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту жылындағы Қазақстан ... ... ... ... ...36
2.3. Жаһанданудың Қазақстан эканомикасына әсері ... ... ... ... ... ... ... .45
2.4. Жаһандану жағдайындағы Қазақстан мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... .49

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау. Жаһандану процесінің теоретикалық – методологиялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1. Жаһандану процесінің посткеңестік кеңістікте зерттелу
деңгейі ... .9
1.2. Жаһанданудың негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3. Жаһанданудың әлемдік жүйеге ықпалы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.4. Жаһандану және интеграция процесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

ІІ тарау. Жаһандану процесі және оның Қазақстанға ықпалы ... ... ... ... 24
2.1. Жаһандану әлемдегі Қазақстанның саяси
бағыты ... ... ... ... ... ... ...25
2.2. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту жылындағы Қазақстан
... ... ... ... ...36
2.3. Жаһанданудың Қазақстан эканомикасына
әсері ... ... ... ... ... ... ... .4 5
2.4. Жаһандану жағдайындағы Қазақстан
мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ...49

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .58
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .63

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың тақырыбы Жаһандану процесі және оның Қазақстанға
ықпалы.Бұл жұмыс жаһандану процесіне әлемдік қауымдастықтағы ролі, соның
ішінде Қазақстандағы жаһандану көріністерін анықтауға бағыталған.
Жаһандану халықаралық қатынастағы және әлемдік қауымдастықтан үстем
етуші фактор екені белгілі. Расында да жаһандану процесі қоғамның саяси,
экономикалық, әлеуметтік, мәдени т-б салаларын қамтиды. Елу жылда ел жаңа
дегендей, ХХІ ғасырда да өзінің жаһандану талаптарымен ерекшеленіп отыр. Ал
жаһандану кезеңі – адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар
кеңістігінде жан – жақты бірігуімен, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық
рыногқа айналуымен ерекшеленеді. Жаһандану біреулер үшін қолайлы да тиімді,
алайда біраз себептерге байланысты, біреулердің көңілін көншітпейді.
Әлемдік қауымдастық енді – енді біріге бастауға немесе бірігуге ден қоюда,
бірақ әзірше көптеген нәрселер жүзеге аса қойған жоқ.
Тақырыптың өзектілігі; Қазіргі кезеңде жаһандану процесіне
мемлекеттердің, әлемнің, азаматтардың қатысу жағдайы өзекті мәселе болып
отыр. Жаһандану экономикалық даму мен мемлекеттердің өзара бірлесе әрекет
етуінің жаңа мүшкіндіктерін аша түседі, бірақ санымен қатар, қазіргі кезде
белгілі болып отырғандай, халықаралық деңгейдегі қауіпсіздік мәселесін
ушықтырып,адамзат баласының алдына көптеген ғалымдар сұрақтарды, да
көлденең тартады.
Әзірше бүкіл мемлекеттерді түп – түгел интеграцияға ынталандыратындай
жаһандық дүние реттеудің әмбебап нысаны болмай тұрған да сияқты. Себебі,
жаһанданудың барлық нысанына қолдануға жарайтындай бәрін қамтитын идеяда,
сындарлы тетік те жоқ. Оның үстіне адамдардың бірлігі мен ұлт іргетасының
нысаны тұрғысындағы мемлекет идеясы беделден жұрдай болып қана қойған жоқ,
сонымен бірге өзінің болашақтағы өміршеңдігін де көрсетіп отыр.
Жаһандану мәңгі шиеленістің әлемі, себебі әзірше таза және қалаулы
қалпында жаһандану жүзеге аспайды; жаһандану мен мемлекеттілік идеясы өлмей
тұрып, регионализм өлмек емес.
Сондықтан, әлемнің жаһандану процесіне қатысуын зерттеу ғылымның
маңызды да өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі; Жаһандану әлемдік құрылысқа әсер ететін
фактор бола отырып, жаңа мәселелерді күн тәртібіне шығады. Міне осы жаңа
құбылыстар мен үрдістер әлемдік саясаттың өзекті проблемаларына қатынаста
жаңа уағдаластықтарды, көпжақты пікірлерді, тетіктерді қайта ой елегінен
өткізуді және тыңайта беруді талап етеді.
Жалпы, жаһандану процесі зерттеу отандық, ресейлік, батыстық
зерттеушілермен кеңінен жүргізілуде. Бүгінгі күні зерттеушілермен жаһандану
процесін зерттеу әдістері, оны болжау мүмкіндіктері туралы тұжырымдар
қалыптастырылған. Жаһандану теорияларын зерттеген П.Катценштейн, Р.Кохэйн,
С.Краснер еңбектерінде жаһандануды траспарентті шекара ұғымымен
байланыстырады.
Ресей зертеушілеріне келетін болсақ, А.Уткин жаһандануды саясатты алға
бастайтын құбылыс деп түсінеді. Ал, Қ.С.Гаджиев жаһандану – адамзат
қоғамының дамыған кезеңі, яғни жаңа әлемдік тәртіптің орнауы дейді.
Ал қазақстандық зертеушілерге келетін болсақ, Ашимбаев М.С, Нысанбаев
Ә,Арыстанбекова А.Х, Қуанова Р. секілді зертеушілер еңбектерінде жаһандану
процесінің зерттелуіне ерекше көңіл бөлген.Мәселен, отандық зерттеушілердің
бірі Е.Т.Іңкәрбаевтың пікірінше, жаһандану - өте күрделі, қарама – қайшы
процесі; оның алары да, берері де мол. Cондай – ақ, елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың пікірінше, жаһандану – ұлттық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігіне аса жоғары талап қоюшы фактор. Ал, бәсекеге қабілетті болу
үшін ғылым мен білімді, жаңа технологияларды дамыту қажет.
Негізінде, ғылыми зерттеулердің басым көпшілігінде авторлар жаһандану
процесін тек өз зерттеу объектілерінің шеңберінде қарастырады.
Тақырыптың мақсаты: Әлемді жаһандануға алып келген негізгі себепкер
факторларды анықтау, жаһандану процесінің зерттелу деңгейіне ерекше көңіл
бөлу, жаһанданудың Қазақстандағы көріністерін ашып көрсету, сондай – ақ,
жаһандану процесінен қашып құтылу мүмкін деген сұраққа жауап іздеу.
Зертеу міндеттері: Аталмыш тақырыпты зерттеу жұмысының мақсаты да
жаһандануды және оның Қазақстандағы сипатын терең әрі жан – жақты зерттеу.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер айқымдалады:
- Жаһандалу процесін қарастыру барысында қалыптасқан
көзқарастарды жүйелі түрде зерттеу.
- Қазіогі заманда қалыптасып отырған жаһандану туралы
тұжырымдарды талдау
- Әлемнің, мемлекеттердің және азаматтардың жаһандық тәртіпке
қатысуын анықтау
- Жаһанданудың негізгі бағыттарын айқындау.
- Жаһандану мен интеграцияның ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын анықтау
- Қазақстанның жаһандық әлемге енуін аймақтық салыстыру
негізінде зерделеу
- Жаһанданудың Қазақстанның әр саласына ықпалын ашып көрсету
Зерттеу әдістері: Тақырыпқа зерттеу жүргізу барысында жаһандану туралы
тұжырымдар мен болжамдар басшылыққа алынады. Зерттеуде жүйелік, логикалық,
социологиялық (сауалнама жүргізу), статистикалық, салыстырмалы әдістер
кеңінен қолданылады. Сонымен бірге, зерттеу жұмысында негізінен басшылыққа
алынған салыстыру әдісін қолдануға отандық және шетелдік зерттеушілер
еңбектерінің ықпалы зор болды. Зерттеу жұмысында салыстырмалы әдістің
бинарлық және аймақтық сияқты тәсілдері де жан – жақты пайдаланылады. Бұл
өз кезегінде объективті қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Деректемелік негізі: Аталмаш тақырып бойынша тақырыптың деректемелік
негізін отандық және ресейлік авторлардың еңбектері, Қазақстандық
бағдарламалық құжаттар, архив материалдары құрайды.
Сонымен қатар, зерттеу жұмысына Қазақстан саясаттанушылары мен
сараптамашылар ассоциациясы, ҚР мәдениет және ақпарат министірлігі, сондай
– ақ тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері негіз болды.

І тарау
Жаһандану процесінің теоретикалық-методологиялық аспектілері

Бүгінгі таңдағы әлемдік қауымдастықтың өмірінің барлық тұстарын қамтып
отырған жаһандану әлемдік саясаттағы және халықаралық қатынастардағы үстем
факторға айналуда. Жаһандану-әлемнің экономикалық, саяси әлеуметтік мәдени
т.б. салаларын қамтитын, дүниежүзілік сипат алатын маңызды аспект болып
табылады.
Жаһандану терминінің өзі ғылыми айналымға кеңінен 1990 ж енді.
Қазіргі кездегі жаһандану түсінігінің әлемдік саяси, экономикалық және
әлеуметтік ой-пікірі, әр түрлі мемлекет пен қоғам өміріне дендеп енгені
соншалық, оған ешқандай балама жоқтамай көрінеді. Шынымен де бұл процесті
ауыздықтау мүмкін емес пе? Бүгінгі әлем дамуының мәндік сипаттамасын
анықтайтын жалғыз жаһандану ма? Олай болса, неге белгілі бір мемлекеттер
үшін ол өркендеудің сара жолы іспеттес, ал екіншілері үшін күрмеуі көп
мәселелердің шешуін табу былай тұрсын, елдерін кедейшілік пен оқшаулыққа
бастап, қоғамның әртүрлі мүшелерінің ашу-ызасын туғызуда?
Жаһандану процесі елдердің арасындағы әкімшілік кедергіні азайтып,
аймақтық қаржылық рыноктарды ғаламдық деңгейде қауымдастырып, бүкіл
адамзаттың іс-әрекетін білдіретін қаржылық-ақпараттық біртұтас кеңістік
қалыптастырады, - деп сипаттаушы ресейлік зерттеуші М. Делягиннің пікіріне
сілтеме жасай отырып, белгілі қазақстандық ғалым, профессор Ә. Нысанбаев
десек те, дәл бүгінгі күні жаһанданудың дүние жүзі мойындаған концепциясы
жоқ. Бұл термин әр елде, әр қоғамда, әр аймақта әртүрлі тұрғыда ұғынылып
жүр. Жаһандану процесі біздің ойымызша, әлі де теориялық тұрғыдан көп
талқылауды, көп нақтылауды қажет етеді, - деп ой түйеді1.
Расында да, жаһандану өте күрделі, қарама-қайшылықты процесс.
Сондықтан да, жаһандану ұғымын қалай түсінесіз деген сұраққа жауап алу
үшін, Қазақстан даму институты және Саясат ақпараттық-сараптама журналы
Алматы тұрғындарының арасында 2005 жылдың соңында сауалнама жүргізген
болатын. Зерттеу барысында алынған нәтижелер сауалнамаға қатысушылардың
жаһандану түсінігін анықтауда қиналатынын байқатты. Олардың берген жауабы
төмендегідей:
- респонденттердің 36,4 % - і жаһандану – ғаламдық экономикалық және
саяси мәселелерді шешетін процесс деп есептейді;
- 33 % - і жаһандануды қаражат-ақпараттық ресурстар технологиясы
негізінде бітұтас жалпы әлемдік кеңістікті қалыптастыру деп түсінеді;
- 17 % - і жаһандануды халықаралық интеграция процесі деп қарастырады;
- 2,3 % - і жаһандану дегеніміздің мәні – дамыған елдердің артта
қалушы елдерге қысым жасау деп қабылдайды.
Расында, жаһандану деген не? Ондай заманда адам дербес дами ала ма?
Жарты ғасыр өткеннен кейін әрбір ұлттық мемлекет өз тәуелсіздігін,
ұлттығын, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтап қала ала ма? Осы сауалдарға
дәлелді жауап табу-қазіргі замандағы қоғам алдында тұрған өзекті мәселе.
Бүгінгі күні әлемді аралап кеткен жаһандану құбылысының жүзден аса
әртүрлі анықтамалары бар екен, оның бір-біріне ұқсас түсініктері болуымен
қатар, өзара бірін-бірі жоққа шығарып жататындары да бар екендігін
ескерсек, бұл процестің біртекті еместігін аңғару қиын емес.
Мәселен француз зерттеушісі Б.Бади жаһандануды тұрақты түрде өтетін
тарихи процесс деп түсінсе, ресейлік зерттеуші К. Гаджиев жаһанданудың
астарынан экономикалық және әлеуметтік құбылысты қарастырады.
Сондай-ақ жаһандануды әлемдік тұрғыдағы біркелкілендіру деп
қарастырсақ, онда мұны жаңа колониализм немесе мәдени империализмнің жаңа
бір түрі деп түсініп қалуға әбден болатындай. Өйткені, жаһандану туралы
теориялық еңбектердің авторлары, негізінен американдық, ағылшындық,
австриялық ғалымдар. Сондықтан да басқа ел ғалымдары мұны олардың өз
пікірлерін өзгеге таңып телуі деп қабылдап жүр. Содан да болар, қазіргі
ғылыми әдебиеттерде жаһандану мен батыстандырудың ара қатынасы жайлы екі
түрлі көзқарас қалыптасқан. Бірінші көзқарасты жақтаушылардың көзқарасы
бойынша, жаһандану-модернизацияның жалғасы, ал модернизация – Батыс
өркениетінің жемісі. Демек, мұны кеңейтілген батыстандыру, яғни Батыстың
капитализмі мен институттарының қанатын кеңге жаюы деп түсіну қажет. Ал,
бұларға қарсы көзқарас иелерінің айтуына сүйенсек, жаһандану –
батыстандырудан әлдеқайда кең, тереңғ көпқырлы процесс, соның дәлелі –
Шығыс Азия елдері. Олардың дәлелденуінше, Шығыс Азия елдері өздерінің
менталитеттерін сақтап қалды, батыстандыруға ұрындырған жоқ.
Ал, француз зерттеушісі М. Весестің пікірі бойынша жаһандану тек
әлемнің күрделенуімен байланысты. Ол жаңа қауіптердің жүзеге асып отырғанын
дәлелдеуші процесс дейді2.
Дегенмен, жаһандану ұғымына қатысты зерттеушілердің көптеген бөлігіне
тән түсінік жаһанданудың қоғам өмірінің барлық саласында (экономикалық,
әлеуметтік, саяси, рухани) интернационалдаудың тым жедел даму қарқынын
сипаттайтын әлемдік дамудың жаңа дәуірі екендігі.
1.1. Жаһандану процесінің посткеңестік кеңістікте зерттелу деңгейі
Кеңестік кеңістіктегі жаһандануға қарсылық және бір сәттік проблемалар
мен өткінші мәселелердің толқыны, қалай дегенмен де, бүгінгі геосаяси ахуал
да әлдебір жарастық құрылымын жасақтаудан жалтартпай қойған жоқ. Ондай
социзм Кеңестер Одағынан мұра болып қалған мәдени, кеңістіктік,
конфессиялық, қоғамдық және идеологиялық әртектіліктің жайдасыз мол
мүддесіне жауап берген болар еді.
Анығын айтқанда, бізге ашық та демократиялық қоғамды кезең-кезеңімен
қалыптастыруда, нәрсіздеу десе де болғандай процестерді қаперге ілу ғана
емес, олардың қажеттілігін де мойындау керек болды, сонымен бірге қазіргі
жер-жаһандық және аймақтық қоғамдастықтардың геосаяси трансформациясы мен
динамикасындағы мейлінше әртекті әрі тұрақсыз процестерін анықтап алу қажет
еді.
Кейінгі уақыттарға дейін, яғни жаһандануға қарсы жаппай қозғалыстар
өрістегенше саяси зерттеулер жүйесінде жаһандану түсінігі негізінен
идеология мен саясаттағы үстем неолибералдық ағымға сүйеніп дамыды. Жалпы
жаһандану процесінің тұжырымдамаларының ішінде ең кең тарағаны
неолибералдық ағым, ол бойынша бүкіл әлемдік процес ретінде жаһанданудың
болмай қоймайтыны ақиқат, ол әсіресе халықаралық қатынастардың жеке
субъектісі – ұлттық мемлекеттік құрылымдарға қатысты айқын аңғарылады3.
Оның белең алған кезеңі ХХ ғ 70-жылдарының соңында отаршылдық жүйе құлап,
осы азат етілген елдердің дербес дамуы бұрынғы әлемдік экономикада
қалыптасқан ахуалды өзгертумен анықталады. Германия мен Жапониядағ
экономикалық ғажайыптар олардың халықаралық аренадағы жағдайының күшеюіне
жағдай жасады, мұнда Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған уақыттан бері АҚШ
пен оның одақтастарының өкімі жүретін. Германия мен Жапония секілді
бәсекелестердің нығаюы жаңа әлемдік шаруашылықтың нобайын және соған сай
саяси және экономикалық реттеу тетіктерінің жаңаша қарым-қатынасын айқындап
берді.
Реалистер мен неореалистер әлемдік тәртіптегі өзгерістерді мойындай
отырып, жаһандануды әлемнің эволюциялық даму процесі ретінде қарастырады.
Және ол екі әлемдік жүйеге көптеген жаңа туындылар алып келді, сондықтан ол
адамзат қоғамындағы үлкен бір серпілік дейді. Ал, онда жауапкершілікті
мемлекет атқарады дейді. Неомарксистер жаһандануды капитализмнің дамуының
соңғы сатысы және ол саяси тұрақсыздық нәтижесі деп түсінеді. Сонымен
бірге, ол экономикалық параметр бойынша әлемнің поляризациялануы деп
тұжырым жасайды4.
1.2. Жаһанданудың негізгі бағыттары

Жаһандану - әлеуметтік жүйелердің жаңару, заманымызға бейімделу
процесі, ол күшті мәдениеттер атынан айтылған жай талап емес. Едәуір
дәрежеде оны дүниеге әкелген ішкі факторлар, оның тарихи қажеттілігі де
осыдан туындайды. Әрине, жаһандану бір жылда бола қалған дүние емес, оның
туындауына себепші болған факторлар: капиталдың еркін қозғалысы, адамдардың
кедергісіз жүріп-тұруы, тауарлардың елдер мен экономиканы секторлары
арасындағы қозғалысы, халықаралық валюта рыноктарындағы валюталық
операциялардың жоғарғы қарқынмен дамуы, ақпарат пен интеллектуалдық өнім
идеялардың еркін қозғалысы5.
Ал жаһанданудың негізгі бағыттарына келсек олар:
- бүкіл әлемдік қаржы мен экономиканың интеграциялануы;
- мемлекеттік реттеуге келмейтін және нұсқауға бағынбайтын қаржы
ақпараттық трансшекаралық ағымдардың белең алуы;
- мемлекеттің дәстүрлі құндылықтарының әлсіреуі және мемлекеттің
ұлттық егемендігінің шектелуі;
- саяси, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, идеологиялық және т.б.
процестер негізінде ішкі және сыртқы шекаралардың жойылуы;
- бүкіл әлемдік батыс құндылықтарының (әсіресе американдық) таралуы;
- АҚШ жетекшілігіндегі батыстың абсолюттік билігінің орнауы.
Жаһанданудың әкелері де, берері де мол. Мәселе жаһанданудың
заңдылықтарын байыппен зерттеп, оларды дұрыс пайдалана білуде. Интернеттің
электрондық поштаның, халықаралық телефон мен ұялы телефонның жедел
таралуына байланысты дүние жүзіндегі елдер бір-біріне жақындай түсті. Осы
прогрестің адымдап алға кетуі адамзат баласының алдына жаңа әлемдік даму
стратегиясын жасау қажеттігін көлденең тартты6.
Алғашқыда жаһандану ең жаңа технология мен қаржы-ақпараттық
ресурстардың негізінде біртұтас жалпы әлемдік кеңістікті қалыптастыруды
көздесе, уақыт өте келе бірқатар ұлттық экономика мүдделерінің өз шегінен
асып кетуі халықаралық сауда көлемінің ұлғаюына байланысты елдердің өзара
тәуелділігін арттыруға жағдай жасайды. Ол тек қана тауар айырбастау емес,
қызмет көрсету, капитал ағымын да кеңінен қамтыды. Анығында жаһанданудың
негізгі белгілерінің бірі – қаржы ресурстарының тым шапшаңдығы. Оның
үстіне, алдыңғы қатарлы технологиялар, транспорт, телекоммуникациялық және
басқа да есептеулерді қысқарта отырып, ұлттық рыноктардың ғаламдық
интеграциясын жеңідетеді. Сонымен бірге, жаһандану еңбек күшінің ауыс-
күйісі, капиталдың шекарадан өтуі секілді кедергілерді жеңілдетеді.
Жаһандану процесі, сонымен қатар, қоғамның әлеуметтік мәдени саласын да
қамтып, нәтижесінде саяси деңгейге көтеріледі.
Егер, әлемдік шаруашылық жүйесін сауда-өндірістік, қаражат, ақпараттық
– коммуникациялық байланыстар арқылы біріккен елдердің ұлттық
шаруашылықтарының жиынтығы деп есептесек, олардың барлығы нарықтың
экономикалық заңдарымен дамып, ретке келтіріліп отырады. Әрбір ел немесе
оның сыртқы экономикалық субъектілері халықаралық еңбек бөлінісіне қатыса
отырып, пайда табуға ұмтылады. Оның экономикадағы серіктестерінің де
көздеген мақсаты осы. Мұндай өзара біріккен іс-әрекеттердің арқасында
тараптар екі жаққа да пайдалы бір ынтымақтастыққа келеді, көздеген
мақсаттың жүзеге асуынан әлемдік қауымдастықтың да ұтатыны белгілі.
Осы атап өткендей ақпараттық және өзге де технологиялардың дамуы,
экономикалық байланыстардың күшеюі, шегі жоқ әлемдік рынокқа шығу, бүкіл
әлем елдерімен сауда жасау мүмкіндіктері, бөтен елде білім алу – қазіргі
заманғы әлемнің халыққа берген мүмкіндіктері. Осы мүмкіндіктерді пайдалану
және олардан елдер мен оның халқы үшін пайда түсіру өте маңызды. Бұған
қарапайым мысал ретінде Үндістанды алуға болады. Бұл ел компьютерді
бағдарламамен қамтамасыз етуде әлемдегі жетекші елдердің бірі. Үнді
бағдарламашылары бүгінгі күнде өте белелді және олар көптеген беделді
компанияларда жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Үндістан жылына шамамен 7 млрд
доллар көлемінде жоғары технологиялық өндірістерді шығарады.
Осы жетістіктерге қарамастан, жаһанданудың келеңсіз жақтары да бар.
Олардың қатарына соңғы жалдар жер-жерде бой көтеріп, зардап шектіріп жүрген
лаңкестікті, өршіп тұрған есірткі саудасын жатқызуға болады. Адамзатпен
бірге жасасып келе жатқан эпидемиялар жаһанданудың әсерінен қауіпке
айналды. Жаһанданудың келеңсіз жақтарын экологиялық апаттар, ақпараттық
соғыстар да жатқызылады. Сонымен бірге, әлемдегі әлеуметтік-экономикалық
дамудың әркелкілігі күшеюде. Жаһанданудың тиімділігін әзірге әлемдегі ең
дамыған мемлекеттердің аз тобы ғана сезінді және де аз иеліктеріне
пайдалануда. Өкініштісі, дүниежүзілік ортақ өркендеу кеңістігі орнына
бірқатар өңірлерде қайыршылық кеңістігі мен әлеуметтік құлдырау орнын
алуда. Сонымен қатар, жаһандану халықаралық өте қатал бәсекелестікті ала
келді. Экономикасы дамыған елдер дамуы төмен елдерді ығыстырады. Ал, әзірге
ғаламдық деңгейде бұл теңсіздіктерді теңестіру үшін құралдар мен
механизмдер жоқ және де бұл жағдайлар жуық арада өзгереді деп те айту қиын.
2000 жылы БҰҰ-ң баяндамасында көрсетілгендей, жаһанданудың бүгінгі күндегі
келеңсіз салдары, зардаптары планета халықтарының көптеген бөлігі үшін
тереңдетілуде. Мамандардың пікіріне сүйенсек, жуық арадағы 30-50 жылда
артта қалған елдердің дамыған елдердің деңгейіне жету мүмкіндігі іс жүзінде
жоғалады, ол әлемде жаңа қарама-қайшылықтар мен шиеленісулерді туғызады.
Бұл проблемаларды шешуде БҰҰ басты роль атқарады. БҰҰ-ң бас
Ассамблеясының 54-сессиясында ұсынылған ұйым қызметі жөніндегі
баяндамасында бас хатшы жаһандану қойып отырған, мемлекеттердің өз күшімен
шеше алмайтын мәселелер көпжақты бірлестіктерді күшейту қажет екендігін
ескертті. Осы тұрғыда, БҰҰ басқа да көпжақты ұйымдармен біріге отырып,
әлемдік экономикалық әділ және көбірек тиімді іс-қимылына жәрдемдесетін
нормативті, құқтықтық және ұйымдық шеңберінде күшейтуге ұмтылады.
ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап БҰҰ-ң Бас Ассамблеясы үкіметаралық
деңгейде жаһандану мәселелерімен белсенді түрде айналыса бастады.
Жаһанданудың тағы бір келеңсіз нәтижесі болып табылатын экологиялық
проблемалардың күшеюі де БҰҰ назарынан тыс емес. 2003ж БҰҰ-ң инициативасы
бойынша шақырылған Иоханнесбургтегі халықаралық кезеңде мемлекет және
үкімет басшылары тұрақты даму халықаралық күн тәртібіндегі негізгі элемент
екенін атап көрсетіп, кедейшілікпен күресуге, қошаған ортаны және су
ресурстарын қорғауға міндеттеледі. БҰҰ-ң Бас Хатшысы жариялағандай: Біздің
де міндетіміз – жаһанданудың бүкіл әлемге игіліктер алып келуін және
әлемнің бүкіл халықтарына әрқашан мүмкіндіктердің ашылуын, оларды
қауіпсіздік тұрғысынан қамтамасыз ету7.

1.3. Жаһанданудың әлемдік жүйеге ықпалы.
ХХІ ғасыр өзінің қоғамға адып келген жаңалықтарымен ерекшеленеді.
Өйткені, дүниежүзілік қоғамдық қауымдастықта жаһандану процесі жүру
үстінде.
Осы арада мынадай үрдісті де атай кеткен артық болмас. Қоғамда
вестернизация (батыстану) деген термин бар, бұл бүкіл әлемді батыстың
үлгісімен дамыту мүддесін білдіреді. Жаһандану процесі өмірдің барлық
саласын қамтиды, әрі одан тыс қалатын ел де болмайды, өйткені ешбір
мемлекеттің оқшаулықта өмір сүруі мүмкін емес. Мәселен, осы тұрғыда келсек,
ғаламдастырудың әрбір ұлттық әлеуметтік және рухани болмысына тигізетін
әсерін тілге тиек етіп, өткір де өзекті мәселенің өзіндік салдарын
қарастыру заңды құбылыс деу орынды.
Жаһандану барлық елдер мен халықтар үшін ортақ та жазмыштық құбылыс
емес. Саяси құрылымдағы және экономикалық ықпалдастықты кеңейтуде байқалып
отырған кейбір үрдістер жаһандану процесіне үйлесе алмайтын немесе ол үшін
қандай бір гоесаяси, яғеи экономикалық мүдделесті туғызбайтын елдерді қамти
алмайды. Бір сөзбен айтқанда, жаһандану процесіне етене кіргізу немесе
барлық күш-қуаттар мен одан сырт қалуға тырысу-мұның бәрі әлемдегі көптеген
елдердің ішкі және сыртқы саясатына бірден-бір байланысты.
Әрбір мемелекет әлемдегі қауымдастықта болып жатқан өзгерістерге назар
аударады. Әлемдік саяси жүйенің трансформациясы және әлемдік
қауымдастықтағы болып жатқан терең өзгерістер бір тарихи кезеңнің аяқталып
жаңа кезеңге көшкенін көрсетеді. Бұл кезеңде мемлекеттер арасындағы өзара
жақындасу деңгейі айқын аңғарылады. Бұрын мемлекеттер мәселелерді өз алдына
жеке дара шешсе, бүгінгі күнде олар туындаған келеңсіздіктерді бірігіп
шешуге тырысады.
ХХІ ғасырдағы әлемдік дамудың басты ерекшелігі экономиканың жаһандануы.
Бұрын әлемдік экономика тек егемен мемлекеттер аясындағы жай құбылыс болса,
бүгінгі күнде ол ұлттық мемлекеттер аясында ықпал ететін жеке дара
субьектке айналады. Бұрынғы кезде әлемнің экономикалық кеңістігі тек жеке
мемлекеттердің экономикасынан (яғни ірі және аз, басқарушы және тәуелді,
жоғары және аз дамыған) тұрса, қазіргі кезде бірде-бір мемлекет, тіпті АҚШ-
та, өз тағдырын шешуде өздігінен әрекетсіз. Экономиканың жаһандануы қазіргі
әлемдік дамудың құбылысы ретінде жалпы сипат алды. Бүгінгі күнде
экономикалық ғылым өзінің басты назарын мына бағыттарға аударды: қаржылық
жаһандану, көп ұлтты корпорациялардың қалыптасуы, экономиканың аймақтануы,
әлемдік сауданың қарқынды дамуы.
Халықаралық ақшалай және қаржылай тұрақсыздық қаржылық жаһанданудың
ерекше сипатымен көрінеді. Сондықтан ғылыми орталықтарда әлемдік масштабта
қосымша құралдарды реттеу жөніндегі мәселелер қозғалуда. Бұл тұрғыда, ХХІ
ғасырдың негізгі мәселелерінің бірі – кейбір ұлт екендігін қаржылық
біріңғайланумен сәйкестіру қабілетін табу.
Жаһандану әлемдік сахнаға, сонымен бірге, әлемдік процеске ықпал ететін
халықаралық қатынастың, халықаралық шешімнің негізгі жеті жаңа
субьектілерін алып келді. Олар: халықаралық ұйымдар (Халықаралық Қаржы
Қоры, Әлемдік банк, ЮНЕСКО, Халықаралық сауда Ұйымы), аймақтық ұйымдар
(шамамен 60 ұйымдар), көпұлтты корпорациялар (шамамен 60 мың),
институционалдық инвесторлар (зейнетақы және инвестициялық қоры,
қауіпсіздік компониялары), үкіметтік емес ұйымдар (гринпис т.б) ірі қалалар
(Лондон, Нью-Йорк, Токио, Франфурт, Париж), және тұлғалар (ғылыми
қызметкерлер, университет процессорлары, әртістер т.б).
Сонымен бірге, ұлттық қауіпсіздік саласында да өзгерістер туындап
жатыр. Мәселен, бұрын әлемдік аренада билік үшін күрес мемлекеттердің
әскерлерді және идеологияларды қолдануы арқылы жүргізілсе, ал бүгінгі күнде
ол рынок эфективтілігі, валюта бағамы, пайыздық мөлшер саласына көшкен
басқаша айтқанда, американдық шолушы М.Хирш жазғандай, ескі ойын жаңа
тәртіппен жүргізіледі. Біздің болашағымыз енді бұрынғыдай қаруын кезеп
тұратын әскерлерге емес, күшіне 24 сағат іс жүргізіп отыратын
қаржыландырушыларға байланысты. Себебі, олар компьютер түймесін бір басумен-
ақ әлсіз валютаға атака жүргізуге және салықты көбейтуге қабілетті. Басқа
сөзбен айтқанда, қырғи қабақ соғысы кезінде экономиканы және ғаламдық
стратегияны әскери шындық анықтаса, енді әлемді экономикалық шындық
анықтайды және қалыптастырады. Осы процеске бағдар жасай отырып, Р.Туз
халықаралық экономика түсінігін әлемдік саяси экономика түсінігімен
алмастыруды ұсынды.
Сарапшылар көзқарасы бойынша, ХХІ ғасыр ұлы трансұлттық концерндер, ұлт
үсті институттар мен ұйымдарды құру белгісін сипаттаумен өтеді. Жаһандану
әлемдік экономика дамуының басты тенденциясы болады, сондай-ақ еңбек
бөлінісі әлемдік масштабта өзінің эффективтілігін дәлелдеді.
Сондай-ақ өнеркәсібі өркендеген елдердің тарихында халықаралық еңбек
бөлінісінің жедел қарқынмен дамыған, капиталды сыртқы шығару көлемінің
ұлғайған кезеңдері аз кездеспейді. Бірақ оның артынан кері кету немесе
әлемдегі көптеген мемлекеттердің автаркияға бағыт алуының күшеюі (әсіресе,
екі әлемдік соғыстың қарсаңында немесе сол жалдары) байқалды. Қазіргі
уақытта мәселе интернациаланудың сапалы да жоғары деңгейіне көтеріліп,
оқшау дамуға кедергі келтіретін кең көлемді процестер жөнінде көтерілуде.
Бүгінгі күндегі әрбір мемлекеттің алдына қойған ең басты мақсаты –
жаһандық әлемге енудің нақты формуласын табу, оған икемдену, ғаламдық
бәсекелестіктің күшеюі аясында әлемдік экономикалық ьжәне саяси жағынан
ұтымды позицияны иемдену.
Дегенмен, дүние жүзіндегі қоғамдық даму қарама-қайшылқтары, адам
баласының қоршаған ортаға әсер ету көлемінің шұғыл өсуі, елдер мен
аймақтардың ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономиқалық дамуындағы
әркелкіліктер бүгінгі күннің ғаламдық мәселелерін дүниеге әкеліп отыр. Сол
себепті қазіргі күні көптеген елдің ғаламдары жаһандануды бақытсыздық деп
қабылдауда. Өйткені, олардың пікірінше, жаһандануға түрлі елдер мен
мемлекеттер бірдей даярлықпен келген жоқ. Бір елдің экономикасы жоғары
дамыса, екіншілерінікі бұған керісінше. Бір елдің әскери-стратегиялық күш-
қуаты өте зор, екіншісінікі өте әлсіз. Жаһандану кезінде бұл айырмашылықтар
жойылмайды, керісінше, өсіп, өрши түседі. Сөйтіп, байлар мен кедейлер
арасындағы айырмашылық одан әрмен тереңдеп, жанжал, шиеленіс күшейеді.
Табиғи байлық талан-таражға түсіп, қаржылық алаяқтық аярлық, халықаралық
қылмыс пен лаңкестік өршиді, экономикалық басқындардың саны артады, әр
ұлттық ұлттық-мәдени құндылықтарына, өркениет ерекшеліктеріне үлкен қауіп
төнеді, т.б. Шынында да осылай болуы мүмкін бе? Егер жаһандануды тек
нарықтық жаһандану ретінде қарап, әлемдік капиталистік жүйенің ықпалына
бойұсынсақ, бұлай болуы әбден мүмкін. Сондықтан барша адамзат жатырқамайтын
жаһандану үлгісін тапқан жөн, ол мәлени жаһандану болмақ мәдениетті, шын
мәнінде, жаһанданудың шешуші аспектісі ретінде қарастырған жөн. Әртүрлі
елдердің мәдениеттері мен өркениеттерінің тайталасы – бүгінгі көп қырлы
әлемнің басты факторы, сондықтан бар әлемді қанағаттандыратын жаңа ұстаным
түзу қажет. Дей тұрғанмен, қазіргі жаһандану өркениеттерінің, ұлттық
мемлекеттердің, мемлекеттігі жоқ халықтардың өз тарихын түзуге ғаламат зор
жағдай жасайтындығын жоққа шығаруға болмайды8. Өйткені, жергілікті халықтың
ұлттық дәстүрлері мен ерекшеліктерін сақтап қалуы бүгінгі таңдағы ғаламдық
феномен дәрежесіне көретілген – бір қызығы, жаһандану ұлттық мемлекеттерді
нығайта отырып, бұған инвестиция, жаңа технолгия, капиталдың келуін де
қосқан абзал. Бірақ, сонымен бірге, мемлекеттердің дәстүрлі тіреніш-
таянымында мынадай екі процесс бар және олар оған зор ықпал етеді, яғни,
біріншіден, жаһандану ықпалымен ұлттық мемлекеттердің егемендігі мен
автономдығы бәсеңдейді, екіншіден, халықаралық кооперация мен интеграция
әлгі мемлекеттердің өзінің ұлттық және стратегиялық мүдделерін барын салып
қорғауға мәжбүр етеді. Ал, әлемдегі, көші-қон, эмиграция, иммиграция,
туризмнің жапай өрістеуі аса зор көлемдегі экономикалық-ақпараттық
байланыстың дамуы, сөз жоқ, ұлттық мемлкет туралы дәстүрлі ұғымды
өзгертеді. Жаһандану әлемдегі келісім мен үйлесімді тұрақтандырумен бірге,
екінші жағынан ұлтшылдық пен этноаппаратистік ахуалды да қоздырып отырады.
Ұлтшылдықтың өрістеуін белгілі бір дәреже жергілікті ұлттық дәстүрдің
жаһандануға қарсы күресінің бір түрі деп қабылдауға болатындай. Шынында
ұлттық мемлекеттедің ұзақ тармихы даму барысында жаһандану аспектісі
ретінде өсіп-жетілгендігі белгілі. Сондықтан ғаламдық даму ұлтшылдық
көріністерімен бірге дамиды деуге болады. Гринпис секілді үкіметтік емес
ұйымдар, әр түрлі қозғалыстар кейде жеке тұлғаларға ұлттық мемлекеттердің
саяси жүйесінен тыс саяси мәселелерді шешуге қатысуға мүмкіндік жасайды,
мұндай тәсіл субсаясат деп аталады, әрі оны жеке тұлғалар жасайды. Ал
жаһандану жеке тұлғалардың маңызын арттырады. Бұлар интернет арқылы әрекет
етеді.
Жаһандану – қазіргі заманғы халықаралық қатынастағы әлемдік
экономикалық жүйесінің нақты және маңызды аспектісі, әлемдік экономиканың
олан ары даму барысын анықтайтын ықпал етуші күш деп айтса да болады.
Себебі, жаһандану көп аспектісі сипат алатын барлық елдердің экономикасына
ықпал етеді. Мысалы: экономикалық жағынан дамыған елдерге жаһандану көп
жағдайда оң ықпалын тигізеді, одан ары дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Дамушы елдер үшін жаһанданудан келген пайда технологиялық процесс және
сауданы одан ары ырықтандыру арқасында жоғары өрлеу қарқынының жетістігімен
тұжырымдалады. Либералды экономикалық саясатты жүргізе отырып дамушы елдер
қысқа мерзім ішінде-ақ экономикалық прогреске қол жеткізе алады.
Дүниежүзілік Банк және Халықаралық Валюталық Қор өткізген зерреулерге
қарағанда, өздерінің экономикалық жағын дамытып келе жатқан Қытай және т.б.
Оңтүстік шығыс Азияның елдері экономикалық дамудың жоғарғы темпте болуына
қол жеткізуде.
Жаһандану индустриялды дамыған елдерде үлкен пайда әкеледі. Олар жарты
технологиялық өнімдерді дайындауға мамандандырылған. Ал, арзан жұмыс күші
бар дамушы елдер болса стандартталған технологиялық процесстерді қолданып,
тауарларды үлкен еңбекпен шығарғанмен, нәтижесінде мұндай тауарлардың
бағасы әлемдік рынокта төмендейді. Ал, бұл дамыған мемлекеттер үшін мұндай
тауарларды импорттауға үлкен көмегін тигізеді. Әйтсе де, жаһандану дамыған
және дамушы мемлекеттер арасындағы кіріс алшақтығын сипаттаумен көзге
түседі. Жаһанданудың нәтижесі болып бадылатын мүмкіндіктер мен пайдалар
бұрынғысынша дамушы елдердің шағын көлеміне сай шоғырланған және осы
елдердің өзінде әркелкі үлестірілген. Бай және кедей елдер арасында әл-
ауқат деңгейінде алшақтау өсуін жалғастыруда, теңсіздік кең етек алуда,
абсолютті жоқшылықта өмір сүруші тұрғындардың үлесі төмендемеуде. Мысалы,
егер 1960 ж жер шарындағы тұрғын халықтың 5 баюшы бөлігі мен 5 кедей бөлігі
арасындағы кіріс айырмашылығы 30:1 арақатынасында болса, 2000 ж ол 2 есеге
жоғарылады, яғни 74:1 арақатынасында болды9.
БҰҰ-ң деректеріне сүйенсек, әлемнің тұрғын халықтарының шамамен жарты
бөлігі дерлік әлі күнге дейін 2 $ - мен күнелтсе, шамамен 1,2 млрд халық
күніне 1 $ - мен күн көруге мәжбүр болып отыр10.
Сонымен бірге, болашақтың геосаяси және геостратегиялық жүк арқалайтын
басқа да аспектілері бар. Бұл проблемалар планетаның барлық тұрғындарына
қатысты: азон қабатының улануы, экологиялық дағдарыстар, табиғи
ресурстардың сарқылуы, демографиялық проблемалар.
Болжам бойынша, 2015 жылы планета тұрғындарының тең жартысы таза су
тапшылығын көреді. Бұл кезде қазіргі 6,1 миллиард адамның өзінің саны 7,2
миллиардқа жететін болады.
Жаһанданудың тағы бір келеңсіз жақтарының бірі – халықаралық сахнадағы
ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне аса жоғары талаптар қойып
отыр. Сондықтан, бүгінде бәсекеге қабілетті ғаламдық экономика мен
саясаттағы ықпалды тұжырымдардың бірі болып саналады. Ал, жаһандану
заманында бәсекеге қабілетті болу үшін ғылым мен білімді, жаңа
технологияларды дамыту қажет.
Жаһандану жағымды және келеңсіз жақтарымен қатар, қорқынышты да
туғызады және әр мемлекет одан әртүрлі себеппен қорқады. Дамыған елдер
дамушы елдердің арзан жұмысшы күшінен қорқады, дамушы елдер мәңгілік арзан
өнім өндіруші болып қалудан қорықса, аз дамыған елдер осы екеуінен де
қорқады. Бірақ, осы қорқыныштың өзі ғаламдық экономика көшбасшыларының
әлемдік экономикадағы ролін және орнын бағалауға міндеттейді.
Әлемдегі тәртіп үшін текетіреске түскен күндер тарих қоймауына кеткен
соң, ғаламдық дағдарыс қатерін сезген мемлекет пен үкімет басшылары өзара
ортақ мәселенің шешімін табу мақсатында бас қосуға ерік білдіреді.
1997 ж әлемнің 179 мемлекетінің өкілдері Рио-де-Жанейро қаласында
(оның ішінде Қазақстан да бар) бас қосып, әлемдік экономиканың дамуы мен
адамзатты қауіпсіз болашағын қамтамасыз етуі қажет деген шешімдер қабылдап,
әлемдік қаумдастықтың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақты
дамуының жобасын талқылап, ұсыныстар енгізіп, қолға алды.
1.4. Жаһандану және интеграция процесі
ХХІ ғ интеграция және жаһандану процестерінің ары қарай дамуымен
сипатталады. Бұл екі процесс те бір-біріне ұқсайды. Дегенмен, олардың
арасында өзара айырмашылықтары да бар.
Ежелгі заманнан бері адамзат соғысты, дауларды, экономикалық
дағдарыстарды, қаржы дағдарыстарын қалай болдырмауға болады және әлемде,
аймақтарда бейбітшілік пен прогресті қалай қамтамасыз етуге болады деген
сұрақтарға жауап іздеді. Жауабы: интеграциялану.
Интеграция туралы алғаш ой ежелгі Греция және Рим кезеңіндк пайда
болды. Орта ғасырларда дамып, ХХ ғ 50 жылдарынан бастап жүзеге аса бастады.
Интеграция – елдердің бірігуі, яғни саясатта, экономикада қоғамның,
мемлекеттің ішкі жағдайын сипаттайтын немесе одан үлкен ұлтаралық
қоғамдастықты, интеграцияланған мемлекетті сипаттайтын процесс. Демек,
аймақтағы елдер қандай да бір саладағы мәселелерін жалғыз шеше алмаған
жағдайларда бірлесу арқылы жеміске жету болып табылады, яғни ол
мемлекеттердің экономикалық, экологиялық, саяси, әлеуметтік т.б.
мәселелерді шешу тәсілі десе де болады.
Негізінде интеграция терминін ІІ д.ж. соғыстан кейін халықаралық
ынтымақтастықтың түрлі жағдайларын сипаттау үшін қолданған. Ал, бұл
ынтымақтастық экономика, техника, халықаралық ұйымдар және мемлекетаралық
қатынастардың облыстарын қамтиды 1950 жж неолибералдық бағытта жұмыс
істеген ғалымдар нарық концепциясын қолданып, интеграцияны бірнеше елдерден
тұратын біртұтас геоэкономикалық кеңістігінің құрылуы деп түсінді. Ал, ол
мақсаттарға жету үшін сыртқы саяси және валюталық сфераларын мемлекет
бақылауынан босату керек болды11.
Интеграциялық құрылымдар қарама-қайшылықтарды және келіспеушіліктерді
жоймайды. Мысалы, француз саясаткері Шевеман Европалық Одақ құрылып жатқан
кезде былай дейді: АҚШ пен Жапонияның арасындағы мүдделер қақтығысуына
қарамастан, Американ-Жапон комдоминиум пайда болуына ешбір кедергі жоқ және
ол Европаны шеттетуге мүмкіндігі бар12.
Интеграциялық ғимарат бірнеше деңгейде болу керек: Саяси одақ,
Валюталық экономикалық одақ, Ортақ нарық, Кедендік одақ, Еркін сауда.
Интеграция процесіне қосылу үшін елдердің деңгейі сол деңгейлерге дейін
көтерілу қажет. Сонымен бірге, мемлекеттердің тәуелсіз, егемен болуы керек.
Сонымен, Интеграцияның артықшылықтарына келсек, олар:
- елдердің экономикалық және әлеуметтік прогресін қамтамасыз етеді;
- табиғи байлықтарды тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік береді;
- техникалық дамуына жағдай жасайды;
- ғылыми ізденістерді жалғастыруға мүмкіндік береді;
- мәдениет өзара баййды;
- адамзат үшін қауіпті даулар мен сағыстарды болдырмайтын жағдай
жасайды;
- бүкіл әлемде демократияның орнауына көмектеседі;
Интеграциялық процесте тек мемлекет қатысады. Интеграциядық бірігу
халықаралық қауымдастықты қамтамасыз етеді және ол төменнен жоғарыға қарай,
яғни экономикадан саясатқа қарай өрлейді.
Интеграция - ізденістерге, қарама-қайшылықтарға, қаржы, экономикалық,
әлеуметтік, құқықтық, саяси т.б. тәжірибелерге толы объективті көпқырлы
күрделі процесс. Интеграцияның даму нәтижесін қарасақ, ол әлем
қоғамдастығының, елдер мен мемлекеттер дамуының әлеуметтік-экономикалық,
саяси, мемлекеттік, құқықтық және мәдени тұрғыда жоғары деңгейін білдіреді.
Интеграция процесінде тату көршілестікке, өзара түсінікке және сенімге
негізделген әлемдік қоғамдастықтың барлық мүшелерімен тең және тепе-теңдік
қарым-қатынас адастырмас нысана болуға тиіс. Интеграция халықаралық
қаумдастықта ортақ және ғаламадық проблемаларды шешуде мемлекеттер
қатынасын жақындастыра түседі. Оның жаһандану процесімен ұқсастығы да осы.
Интеграция – ортақ тіл табысу, тығыз байланыс жасау, бірігу деген ұғымды
білдірсе, жаһандану әлеуметтік, саяси-экономикалық процестер дамуынң
қоғамдық, өмірлік көріністеріне, іске асу барысына тікелей қатысты ұғым.
Жадпы, бұл екеуі де ұлттық құндылықтардан бастау алады.
Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдетілуі, әлемнің көптеген
аймақтарында өзінің өміршеңдігін көрсетіп үлгерген интеграциялық
бірлестіктердің де құрылуы жаһандану нәтижесі болып табылады. Әйтсе де,
әлемдегі халықтар мен елдердің өзара тәуелділігі артқаннан кейін, жаһандану
мен интеграция, экономикадағы объективті процесс ретінде айтарлықтай жедел
даму үстінде. Бірақ, жаһанданудың күрделі де ауқымды процесс екенін
түсінген жөн.
ІІ тарау
Жаhандану процесі және оның Қазақстанға ықпалы

Жаhандану процесі етене кірігу немесе барлық күш – қуаттар мен одан
сырт қалуға тырысу – мұның бәрі елдердің ішкі және сыртқы саясатына
байланысты. Сондықтан, біз үшін мәселенің мәні бір ғана сұраққа
мүмкіндігінше дәл жауап беруде болып отыр. Жаһанданудың әлемдегі саяси
жүйесі мен әлемдік трансұлттық экономика процесіне тартылудан Қазақстанды
қолдау керек пе, қорғау керек пе?
Бір сөзбен айтқанда, біз үшін ұлт болмысына шипа болатын антибиотик
іздеуге мәжбүр ететін де, жаһандану деген алапат індет пе, жоқ әлде,
мемлекетімізбен экономиканың айдарынан жел естіретін, былайша айтқанда,
біздің халықтың мүддесіне сай келіп, дем беретін шапағат нұры ма? Біздің
мызғымайтын және дау – дамайы жоқ өзекті ойымыз: ұлттың қауіпсіздігі мен
мемлекетіміздің сақталуы. Сөйте тұра, бұл мәселеде толып жатқан
түсіндірулер мен нұсқалары баршылық. Қазақстан халықтарының қауіпсіздігі
қалай және қандай тәсілдермен қаматамасыз етуге болады, сөйте отырып
мемлекеттік ыдыруға ұрындыратын немесе мемелекеттікті, тәуелсіздікті және
дербестікті әлсірететін сүргінге жоламаудың жолы қайсы? бұл сұрақтарға
жауап беру үшін, ең алдымен, жаһанданудың Қазақстанға қалай ықпал ететінін
анықтау қажет. Сол себепті, жаһанданудың Қазақстанға әсері жайлы
көзқарастар мен пікірлерін білу үшін алматы тұрғындары арасында жүргізілген
сауалнама нәтижесінде респонденттердің жауабы төмендегідей:
- қоғам өмірінің барлық саласын қамтиды – 68,2%;
- экономикаға әсер етеді – 25%;
- саясатқа араласады – 23,9%;
- ақпаратқа әсерін тигізеді – 12,5%;
- әлеуметтік саланы қамтиды – 10,2%;
- экологияға әсері бар – 9,1%;
- жауап беруге қиналатындар – 2,3%;
Жаһанданудың Қазақстанға әсері туралы қойылған сұраққа жауап берушілер
өздерінің пессимистік пікірде екенін байқатты. Оның себебі, жаһанданудың
әлемнің екінші және үшінші елдеріне жағымсыз жағдайлар таңатыны немесе
дамыған елдердің жаһандану идеясын қолдауда жетекші рольге иелік етуі болуы
мүмкін13.
Бірақ, бүгінгі күнде Қазақстанның хал ахуалы Орталық Азияның басқа
мемлекеттерімен салыстырғанда жаман емес. Дегенмен, Қазақстанның алға
қойған мақсатары әлі де көп. Соның ішінде, ең басты стратегиялық мақсат –
таяудағы 10 жыл ішінде Қазақсатнды әлемді бәсекеге барынша қабілетті 50
елінің қатарына енгізу.
Жаһандану көшінен қалмау үшін Қазақстан мына мәселелерге басты назар
аудару керек. Капиталдың еркін қозғалысы; адамдардың кедергісіз жүріп –
тұруы; тауарлардың елдер мен экономика секторлары арасындағы қозғалысы;
халықаралық валюта рыноктарындағы валюталық операциялардың жоғары қарқынмен
дамуы; ақпараттың, интеллектуалдық өнім мен идеялардың еркін қозғалысы.
Міне, осы факторларды қамтып, жүзеге асырса Қазақстанның өркендеуіне жол
ашылады. Сонымен бірге, өздігімен даму мен өздігінен шыңдалудың ішкі саяси
секторы да әрі айқын, әрі ақиқат болмақ – белгілі бір социум ретінде
тәуелсіз де тұрақты Қазақстанды орнату бағдарламасына қатысты үштіктің
біртұтастығы тұғыр бола алады, олар: ұлттық – азаматтық келісім, саяси
жүйенің эволюциялық дамуы және ашық та өркениетті типке бағытталған
экономиканың толассыз трансформациясы. Осылар, Қазақстанның қоғамдық
менталитетімен, азаматтық – саяси статусымен синхромды келе жатқан, ішкі
резервтер мен сыртқы байланыстар есебінен бірте – бірте әрі тұрақты түрде
өздігінен дамуына септігін тигізеді14.
2.1. Жаһандық әлемдегі Қазақстанның саяси бағыты
Бүгінгі күнде Қазақстан Орталық азия елдерінің ішінде тұрақтандырғыш
рөлін атқарады. 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақсатан
Республикасы үшін инфрақұрылымды, сондай – ақ елдің сыртқы саясатын дамыту
стратегиялық мәндегі басты міндеттердің бірі болып табылды. Бұл тұрғыда
Қазақстан Республикасы өзінің шетелдік әріптестерімен, олардың
тәжірбиесіндегі артықшылықтарды пайдалана отырып, достастық райында
белсенді әрекет жүргізді.
Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президент Нұрсұлтан
Назарбаев өзінің 1992 жылғы мамыр айында шыққан Қазақстанның егеменді
мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуынын стратегиясы атты еңбегінде атап
көрсетті. Еліміз өзінің геосаяси жағдайын, этнодемографиялық және басқа
факторларды ескере отырып, көп бағытты дипломатияны жүзеге асыруға кірісті.
Мұның мәні — әлемдік деңгейдегі істерде елеулі орын алатын және еліміздің
нақты мүдделері тоқайласатын мемлекеттердің бәрімен достық және өзара
сенімділік сипатындағы қарым-қатынастарды дамыту деген сөз.
Шетелдік ықпалдастармен қарым-қатынастың құқықтық негізін жасақтау
қажет болды. Қазақстанға инвестиция тарту үшін, ең алдымен, екі жақты
дипдоматиялық қатынас орнату шарты алға қойылды.
Сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңі мынадай өрелі міндеттерді жүзеге
асырудан басталды. Біріншіден, мемлекеттің шын сипатын таныту, екіншіден,
Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық
тұтастырын қамтамасыз ету қажет болды. Үшіншіден, әлемдік шаруашылық
жүргізу мен экономикалық байланыстарға белсене араласу қажет болды15.
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда, әрине, Президент Нұрсұлтан
Назарбаевтың еңбегі аса зор. Қазақстанның қуаты мен мүмкіндіктерін
шетелдерге кеңінен насихаттау үшін дүниежүзі мемлекеттері басшыларымен
тікелей жеке байланысқа шықты, Қазақстан әлемдік, қауымдастыққа тең құқылы
және тәуелсіз әріптес ретінде танылды. Тәуелсіздік алғаннан кейін екі айдың
ішінде әлемнің 92 мемлекеті елімізді таныды. Қазақстанның сыртқы дүниемен
өзара қарым-қатынасының шарттық-құқықтық базасы жасалды және дамыды,
ядролық державалар — АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция тарапынан
қауіпсіздік кепілдігі қамтамасыз етілді.
Бәсекелестік әскери саладан саяси және экономикалық салаға ауыса
бастауына байланысты шет мемлекеттермен тату көршіліктің қалыптасуына бар
күш-жігер жұмсалды. Осыған орай сыртқы саяси қызметке басымдық берілді.
Сыртқы істер министрлігін құру оңай іс болған жоқ. Сыртқы саяси қызметтің
тиімділігі көбіне дипломатиялық кадрларға байланысты шешіледі. Сондықтан
алғашқы кезде КСРО Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында және
шетелдерде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар еліміздің сыртқы саяси
ведомствосына қызметке шақырылды. Республикаға он екі жоғары маманданған
дипломаттар келді, солардың бірі — Қасымжомарт Тоқаев. Ол — 1994 жылдың
қазан айынан бастап еліміздің Сыртқы істер министрі. 1992 жылғы 2 шілдеде
Республика Президенті Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігі туралы Ереже қабылданды. 1997 жылғы қарашаның 12-нде
Дипломатиялық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.
Онда дипломатиялық қызмет органдарына мынадай міндеттер жүктелді: Қазақстан
Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасымен негізгі бағыттарын
әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті
ұсыныстар жасау; дипломатиялық құралдар мен әдістер арқылы Қазақстан
Республикасының егемендігін, қауіпсіздгін, аумақтық тұтастығы мен
шекараларының мызғымастығын қорғауды, басқа мемлекеттермен өзара
қатынастарда және халықаралық аренада оның саяси, сауда, экономикалық және
өзге де мүдделерін қамтамасыз ету тағы басқалар.
Қазақстанның Стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеу мен қысқарту
туралы шартқа, орта және таяу қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шартқа,
Еуропалық кәдімгі қару-жарақ күштері туралы шартқа қатысуы, сондай-ақ 1993
жылғы желтоқсанда ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы — еліміздің
әлемдік қауымдастыққа тұтасуының жаңа мүмкіндіктерін ашты.
Қазақстан өзінін. сыртқы саясат тұжырымдамасында көрші мем-лекеттермен
арадағы өзара қарым-қатынасқа айкын басымдык берді.
Ресей Федерациясымен 1992 жылы 25-мамырда Достық, ынтымақтастық және
өзара көмек туралы шартқа, 1994 жылы 28-наурызда Интеграция және
экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы шартқа, 1995 жылы
20-каңтарда Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету
туралы бірлескен декларацияға қол қойылып, оларда мемлекеттік егемендікті
және аумақтық тұтастықты өзара сыйлау, күш қолданбау, мәселелерді бейбіт
түрде шешу, теңдік және бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпаушылық, адам
құқын жүзеге асыру принциптерін басшылыққа алатындықтарын жариялады.
Қазақстан мен Ресей ұлттық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу,
жеке бастың құқығы мен бостандығын қатаң түрде сақтау, екі ел арасындагы
ғылыми, мәдени байланыстарды дамытуға зор көңіл бөлулері атап көрсетілді.
Алдағы уақытта да ұлттық экстремизмнің, сепаратизмнің кез келген
көріністеріне табанды түрде қарсы шығу қажеттігі аталды.
Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты (28
наурыз, 1994 жыл) басшылыққа ала отырып, екі ел аймақтық қауіпсіздікті
бірлесіп нығайту және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту
принциптерін бекітті.
Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы алдындағы басты міндеттің бірі
— Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі (статусы)туралы конвенцияны жасау
болып табылды. Мұны Каспий жағалауына қатысты мемлекеттер, яғни Әзірбайжан,
Ресей, Қазақстан, Түрікменстан, Иран белгілеуге тиіс. Құқықтық мәртебеге:
кеме қатынасы, биологиялық және минералдық ресурстарды пайдалану, экология,
теңіз деңгейінің көтерілуін қоса алғанда, жағалау бойындағы мемлекеттер
юристикциясының шектерін де белгілеу мәселелерін реттеу кіреді. Каспийді
тек бейбіт мақсаттарда ғана пайдалану; осы теңізді бейбітшілік, тату
көршілік, достық пен ынтымақтастық аймағы ретінде сақтау; Каспийге
байланысты мәселелердің барлығын бейбіт құралдармен шешу; қоршаған ортаны
қорғау және Каспий теңізінің ластануын болдырмау, оның биологиялық
ресурстарын сақтау, ұдайы өндірісі және оларды ұтымды пайдалану; Каспий
жағалауы мемлекеттерінің қоршаған ортаға және бір-біріне теңізді пайдадану
және оның ресурстарын игеру жөніндегі қызметінің нәтижесінде келтірген
зияны үшін жауапкөршілігі; Каспий жағалауы мемлекеттерінің сауда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану процесінің Қазақстанға жағымды әсері
Алматылық журналист Галина Дырдинаның айтуынша, бұның себебі қазақ тіліне сұраныстың жоқтығы
Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік саясаты
Қоғам, дін және мәдениет
Қазіргі әлемнің геосаяси бейнесі
Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
Орталық азия елдері арасындағы интеграциялық процестегі Қазақстанның орыны мен рөлі
Жаһандану
ҚР кәсіпкерлік қызметін дамытуғадағы мемлекеттік қолдау
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар
Пәндер