Қазақстан Республикасындағы анықтау органдарының түсінігі, құрылымы және өкілеттілігі



I. Кіріспе бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

II. Қазақстан Республикасындағы анықтау органдарының түсінігі, құрылымы және өкілеттілігі ... ... ... 6
а) Қазақстан Республикасындағы анықтау органдарының түсінігі және қызметі мен мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ә) Анықтау органдарының түрлері және өкілеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ...13
б) Анықтаушының құқықтары мен міндеттері. ... ... ... ..38

III. Алғашқы анықтау кезеңіндегі туындайтын мәселелер.
а) Алғашқы анықтау кезеңіндегі дәлелдері іздеп табу мен бекітуді рәміздеу құжаттарының процессуальдық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ..44
ә) Анықтау жүргізуді қолданудың осы кезеңдегі мәселелері ... ... ... ... .50

IV. Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
V. Қолданған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының анықтау органдары

Жоспар:
I. Кіріспе бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. Қазақстан Республикасындағы анықтау органдарының
түсінігі, құрылымы және
өкілеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
а) Қазақстан Республикасындағы анықтау органдарының түсінігі және қызметі
мен
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..8
ә) Анықтау органдарының түрлері және
өкілеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... 13
б) Анықтаушының құқықтары мен міндеттері.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

III. Алғашқы анықтау кезеңіндегі туындайтын мәселелер.
а) Алғашқы анықтау кезеңіндегі дәлелдері іздеп табу мен бекітуді рәміздеу
құжаттарының процессуальдық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... .44

ә) Анықтау жүргізуді қолданудың осы кезеңдегі
мәселелері ... ... ... ... .50
IV. Қорытынды.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 54
V. Қолданған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56

I. Кіріспе бөлімі

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негізінде жаңа
конституциялық құқық түзілді, оған сәйкес біздің мемлекетіміз үшін неғұрлым
қолайлы президенттік басқару нысаны берік орнықты. Мемлекеттік біртұтас
биліктің үш тармаққа бөлінуі жүзеге асты. Тұрақты жұмыс істейтін қос
палаталы Парламент күннен-күнге жемісті жұмыс істеуде. Атқарушы билікті
нығайту және жетілдіру жөнінде шаралар қолданылады. Біртұтас сот жүйесі
құрылды, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар
қабылданды.
Жеке меншік, азаматтық қоғам, еркін кәсіпкерлік қатынастарын
реттейтін азаматтық құқық одан әрі дами түсті. Қылмыстық құқықта адамның
табиғи, ажырамас құқықтары мен бостандықтарының басымдылығына негізделген,
қорғалуға тиіс әлеуметтік құндылықтардың түбегейлі жаңа сатысы айқындалды.
Әлемдік қоғамдастықта орныққан принциптерге едәуір сәйкес келетін
азаматтық іс жүргізу, қылмыстық-атқару заңнамасы елеулі өзгерді. Соттар мен
құқық қорғау органдарының құқық қорғау қызметінін тиімділігін арттыруға
бағытталған қайта құру реформаның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Судьялар корпусын жасақтауда биліктің барлық тармақтары мен
қамтамасыз етілу деңгейін көтеретін басқа да шаралар іске асырылды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясына сәйкес қылмыстық істер
бойынша анықтау мен алдын ала тергеуді арнайы органдар жүргізеді әрі олар
сот пен прокуратурадан бөлінген.
1998 жылдың қаңтар айының бірінші жұлдызынан бастап Қазақстан
Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі өзінің заңды күшіне енді.

Жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексін қабылдауға арқау болып, негіз берген
– Қазақстан Республикасының Конституциясындағы, елімізді құқықтық
реформалаудың Мемлекеттік бағдарламасындағы, Қазақстан – 2030 атты
елбасының Қазақстан халқына арналған жолдауындағы егеменділік,
демократиялық құқықтық мемлекеттің идеялары мен қағидалары көрсетілген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде халықаралық
қауымдастықтың мүшесі болғандықтан басқа шет елдермен, оның ішінде бұрынғы
кеңес одағынан бөлініп шыққан Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін
елдермен де бірігіп қылмыстылықпен күресу мақсатында өзара байланысып
әрекеттенуі үшін жаңа, осы жағдайлар ойластырылған Қылмыстық іс жүргізу
кодексін қабылдау қажеттігі пайда болды.
Жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексінің басты мақсаттарының бірі
қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеудің тиімділігін қамтамасыз ету. Бұл
үрдісте тергеушілер, анықтаушылар, соттық сарапшылар, жедел қызмекерлер,
маман-криминалистер ерекше орын алды.
Қылмыстық іс бойынша жүргізілетін барлық әрекеттер процессуалдық
болды, өйткені олар Қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттелген. Осыған орай
қылмыстық іс бойынша тергеушінің жүргізетін барлық процессуалдық
әрекеттерін тергеу әрекеттері деуге болмайды. Тергеу әрекеттері – бұл
қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді жинауға, яғни оларды табуға, алуға және
бекітуге бағытталған әрекеттер. Міне, тергеу әрекеттерінің басқа
процессуалдық әрекеттерден айырмашылығы осыда. Ал, процессуалдық әрекеттер
жоғарыда айтылғандай мазмұнына тек қана тергеу әрекеттерін кіргізіп қана
қоймай, басқа да іс бойынша қабылданған шешімдерді және жүргізілетін
әрекеттерді білдіреді.

Мысалы, қылмыстық істі қозғау, бұлтараптау шарасын қолдану және т.с.с.
Біздің ойымызша қылмыстық іс жүргізу заңдарын одан әрі жетілдіру
қажеттігіне байланысты анықтау жүргізуді қолдану саласын кеңейту, сондай-ақ
анықтау және алдын ала тергеу рәсімдерін жеңілдету мынадай бағыттар бойынша
жүзеге асырылуы тиіс:
1. қылмыстық жазаланатын ауыр емес және орташа ауыр іс-әрекет жасаған
адамдардың жауапкершілігі туралы мәселені жедел қарау үшін
қылмыстың жекелеген құрамдарын әкімшілік құқық бұзушылық санатына
жатқызу арқылы қылмыстық сипаттан артылу жөніндегі жұмысты
жалғастыру;
2. қылмыстық процестін тиімділігі мен жеделдігін арттыру үшін бұл
тәртіпті ең алдымен дәлелдерді іздеп табу, бекітуде және бағалауда
күрделілік тудырмайтын істер бойынша жүргізу;
3. алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және анықтау жүргізумен
шектелетін істердің тізбесін кеңейту.
Осы орайда мен өзімнің бітіру жұмысым ретінде алынған Қазақстан
Республикасының анықтау органдары тақырыбына қазіргі күні анықтау
органдарындағы анықтау жүргізуді қолданудың мәселелерін жан-жақты
қарастырып, ашып көрсету мақсатым болды.

II. Қазақстан Республикасындағы анықтау органдарының түсінігі, құрылымы
және өкілеттілігі.

Қылмыстық сот ісін жүргізу заңдылықпен құқық тәртібін нығайтуға,
қылмысты болдырмауға, қоғамның мүдделерін, азаматтарын құқылары мен
бостандықтарын қорғауға, азаматтарды заңдарды бұлжытпай сақтау, тұрмыс
ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге жәрдемдесуге тиіс.
Қылмыстық істі толық, жан-жақты, шындыққа сай жүргізудің қоғамдық
маңызы бар.
Өйткені сондай жағдайда ғана еліміздің азаматтарын мемлекет
тарапынан, олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғудан
сақтауға болады.
Алдын ала тексеру қылмыстық істің дұрыс шешуін қамтамасыз етеді және
Әрбір қылмыс жасаған адам жауапкершіліктен құтылмауға тиіс деген ұғым іс
жүзеге асады.
Іс жүргізудің басқа сатылары сияқты алдын ала тергеу сатысында да
демократиялық, заңдылық принциптері орындалады. Бұл принциптер азаматтарды
заңсыз, орынсыз, негізсіз жауапқа тартуға үзілді кесілді тиым салады.
Азаматтардың құқылары мен бостандықтары бұзылмайтынын баяндайды, іс
бойынша азаматтардың тілектерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Қылмыстық істер жүргізуде анықтама екіге бөлінеді.
Оның біріншісі – алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын
істер бойынша жүргізіледі. Бұл орайда анықтама жүргізу дегеніміз –
қылмыстың іздерін анықтау және баянды ету жөніндегі кідірілмейтін тергеу
әрекеттерін жүргізу.
Кідірілмейтін тергеу әрекеттері іске тергеуші кіріспей тұрып
жүргізіледі, алдын ала тергеумен қоса және іс бойынша тергеудің бірыңғай
тізбегін құрайды.
Егер жағдайға байланысты істі кешіктірмей қозғауға және тергеуші іске
кіріскенге дейін кідірілмейтін тергеу әрекеттерін бастауды талап ететін
болса, анықтама кез-келген қылмыстық іс бойынша жүргізілуі мүмкін.

а) Қазақстан Республикасындағы анықтау органдарының түсінігі және
қызметі мен мақсаттары.

І. Қылмыстың сипатына қарай анықтау органдарына:
1. заңмен белгіленген құзыретіне сәйкес қылмыстың белгілері мен оларды
жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында
қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру шараларын қолдану;
2. алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша осы кодекстің 200-
бабында көзделген тәртіппен қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру
әрекеттерін орындау;
3. осы Кодекстің 288-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда
алдын ала тергеу жүргізу жүктеледі.
ІІ. Мыналар анықтау органдары болып табылады:
1. Ішкі істер органдары;
2. Ұлттық қауіпсіздік органдары;
3. Сотты құрметтеуге және сот шешімдерін атқарылуы тәртібін бұзуға
байланысты қылмыстар туралы істер бойынша - әділет органдары;
4. Қаржы полициясы органдары;
5. Контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару туралы істер
бойынша – кеден органдары;
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан
Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе
келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген әскери қызметшілер;
әскери жиындарды өткеру кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлімдердің,
құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған барлық қылмыстары
туралы істер бойынша әскери полиция органдары;

7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңдарды бұзу
туралы істер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континентальдық
шельфінде жасалған қылмыстар туралы істер бойынша – шекара бөлімдерінің
командирлері;
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан
Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе
келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген өздеріне бағынышты
әскери қызметшілер, сондай-ақ олар әскери жиындар өткеру кезінде запастағы
азаматтар жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша; әскери
бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған
қылмыстары туралы істер бойынша - әскери полиция органы болмаған жағдайда
әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, әскери мекемелер мен
гарнизондардың бастықтары;
9. Өздерінің қызметкерлері болған елдерінде жасаған қылмыстар туралы
істер бойынша – Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің,
консулдық мекемелерінің және өкілетті өкілдіктерінің басшылары;
10. Өртке байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша –
мемлекеттік өртпен күресу қызметінің басқару органдары мен бөлімшелері.
Анықтау органының барлық қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі
іс жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу қимылдарын орындау жөніндегі
құқықтары мен міндеттері сол сияқты алысқа жүзу сапарындағы теңіз
кемелерінің капитандарына, геологиялық барлау партияларының осы баптың
екінші бөлігінде аталған анықтау органдарынан алыстағы басқа да мемлекеттік
ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларына да, көлік қатынасы болмаған
кезеңде жүктеледі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабына
сәйкес анықтау органдарының алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып
табылатын істер бойынша қызмет мына төмендегідей:
1. Алдын ала тергеу жүргізу міндеті болып табылатын қылмыс белгілері
болған кезде анықтау орны қылмыстық іс қозғауға және қылмыстың ізін анықтау
мен бекіту жөніндегі кейінге қалтыруға болмайтын тергеу іс-әрекеттерін:
қарауды, тінтуді, алуды, куәләндіруді, сезіктілерді ұстау мен олардан жауап
алуды, жәбірленуші мен куәләрден жауап алуды жүргізуге құқылы. Анықтау
органы байқалған қылмыс пен қылмыстық іс қозғалған туралы прокуратураға
дереу хабарлайды.
2. Кейінге қалдыруға болмайтын тергеу іс-әрекеттерін орындағаннан
кейін, бірақ іс қозғалған күннен бастап бес тәуліктен кешіктірмей анықтау
органы істі тергеушіге беруге, бұл туралы 24 сағат ішінде прокурорға
жазбаша хабарлауға міндетті.
3. Істі тергеушіге бергеннен кейін анықтау органы ол бойынша тергеу іс-
әрекеттерін және іздестіру шараларын тек тергеушінің тапсырмасы бойынша
ғана жүргізе алады. Қылмыс жасаған адамды анықтау мүмкін болмаған да, істі
тергеушіге берген жағдайда анықтау органы қылмыс жасаған адамды анықтау
үшін іздестіру шараларын жүргізуге, тергеушіге нәтижелер туралы хабарлауға
міндетті.
Алдын ала тергеу қылмыстық істер жүргізудің екінші кезеңі, екінші
сатысы, қылмыстық істер жүргізу заңдарымен реттеледі, заңда көрсетілген
тәртіппен жүргізіледі. Қылмысты дер кезінде ашып, айыпкерді жауапқа тартуды
көздейді, қылмыстың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды
анықтайды.
Алдын ала тергеу сатысы дегеніміз жұртшылықтың көмегімен, ҚІЖК-де
көрсетілген тәртіпке сәйкес қылмыстық іс бойынша тергеуші мен анықтама
органы жүргізетін әрекеттер. Бұл әрекеттер қылмысты ашуға, оның алдын
алуға, айыпкерді анықтап, оны жауапқа тартуға арналған.
Алдын ала тексеру сатысының құқықтық маңызы мынада: тергеуші
дәлелдемелер жинап, сол дәлелдемелердің көмегімен айыпкерді Қылмыстық
кодекстің тиісті бабы бойынша жауапқа тартады. Алдын ала тергеу басқа
адамдарға тоқтау жасайды, басқа қылмыстарды болдырмауға себепкер болып
келеді. Қандай да болмасын қылмыс өткен уақытына қарамастан ашылуға тиіс
деген ойлардың тәрбиелік маңызы бар.
Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу екі түрде жүргізіледі. Оның
бірі – анықтау (дознание) деп аталады (қылмысты алдын ала тергеуге
байланысты әрекеттердің бір түрі). Екінші түрі – алдын ала тергеу
(предварительное следствие).
Қылмыстық істерге байланысты алдын ала тергеу жүргізудің айтылған екі
түрінің өзара қарым-қатынастарының негізгі түрлеріне тоқтала кетейік.
Қылмыстық сот өндірісі тарихында анықтама жүргізу тәртібі процестен
тыс әкімшілік-полициялық қызмет түрінде пайда болды. Сол себепті бастапқыда
Ресейде анықтаманы жүргізуді және іс жүргізу заңдары мүлдем қолданылмады.
Ал іс жүргізу заңдары қолданылмаған соң мұндай жағдай заңсыздық пен
дөрекілікке кеңінен жол ашты. Кеңес өкіметі алғашқы жылдары қылмыстық іс
жүргізуге арналған әдебиеттерде анықтауға әкімшілік тергеу деп қарау
байқалды. Алайда, кеңестік заң шығарушы орган бұл мәселеге мүлдем басқаша
бағыт берді. Тиісті лауазымды адамдардың қызметіндегі заңдылықты нығайту
мақсатында анықтама алдын ала тергеу түрінің бірі деп танылып, оның
шарттары, түрлері және өндіріс тәртібі айқын белгіленді. Сөйтіп, анықтама
органдарына заңда көрсетілмеген құқықтарына қысым жасайтын іс-әрекеттер
жасауына жол бермейтін болды. Осы себепті біз әркез алдын ала тергеу
жүргізуді де іс жүргізу қызметі ретінде қарап білдік. Ол қатаң түрде заңға
сәйкес жүзеге асырылып, олардың материалдарының айғақтық мәні бірдей
дәрежеде қаралады. Қылмыстық істер жүргізудегі алдын ала тергеудің осы екі
түрінің принципиалдық жалпылығы міне осымен түйінделеді, тергеушісіне
жөнелтуге жататын іс бойынша да жүргізуге болады.
Анықтаманың екінші түрі алдын ала тергеу жүргізу міндетті болмайтын
істер бойынша жүзеге асырылады. Заң шығарушы орган мұндай істер қатарын
бірнеше айтара өзгертті. Анықтаудың бұл түрін көбінесе ішкі істер
органдарының қызметкерлері жүргізеді және алдын ала тергеумен қатар өз
бетінше қолданылады. Анықтаманың бұл түрі іс бойынша толық жүргізіп, іс
тергеушіге берілмейді. Тергеу әрекеттерін анықтама жүргізетін адам толық
жүргізеді де, істі сотқа жібереді, не болмаса қысқартады. Осыған орай
кейбір ғалымдар анықтаманың бұл түрін алдын ала тергеумен бірдей деген
пікір айтады.

ә). Анықтау органдарының түрлері және
өкілеттілігі.

ҚР ҚІЖК-нің 285 бабында алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес
істер бойынша анықтаудың тәртібі мен мерзімдері көрсетілген.
1. Осы баптың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші,
сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде көрсетілген қылмыстар туралы істер
бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және анықтау материалдары
істі сотқа қарауға негіз болып табылады.
2. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің
104, 106, 107 (бірінші бөлігінде), 108, 109, 110, 115, 116 (бірінші және
екінші бөліктерінде), 117 (бірінші және екінші бөліктерінде), 118, 119,
123, 124, 126 (бірінші бөлігінде), 128 (бірінші бөлігінде), 132 (бірінші
бөлігінде), 134-137, 139, 140, 141 (бірінші бөлігінде), 144, 145 (бірінші
бөлігінде), 175 (бірінші бөлігінде), 178 (бірінші бөлігінде), 181 (бірінші
бөлігінде), 183 (бірінші бөлігінде), 185 (бірінші бөлігінде), 186 (бірінші
және екінші бөліктерінде), 187 (бірінші бөлігінде), 230 (бірінші
бөлігінде), 251 (бірінші және төртінші бөлігінде), 252 (бірінші және
төртінші бөлігінде), 253, 254 (бірінші бөлігінде), 257 (бірінші бөлігінде),
258, 259 (бірінші бөлігінде), 261 (бірінші бөлігінде), 262 (бірінші
бөлігінде), 263 (бірінші және екінші бөліктерінде), 264 (бірінші
бөлігінде), 265, 266 (бірінші және үшінші бөлігінде), 270, 271 (бірінші
бөлігінде), 272-274, 275 (бірінші бөлігінде), 276, 287 (бірінші бөлігінде),
288 (бірінші бөлігінде), 290, 291, 292 (бірінші бөлігінде), 293, 296
(бірінші бөлігінде), 297, 298 (бірінші бөлігінде), 299 (бірінші бөлігінде),
300 (бірінші бөлігінде), 302 (бірінші бөлігінде), 317, 323, 324, 326, 327
(бірінші бөлігінде), 328, 329, 332-334, 342, 358 (бірінші бөлігінде), 359,
360, 362, 369 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген қылмыстар туралы
істер бойынша жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (бірінші
бөлігінде), 214-бабында (бірінші бөлігінде), көзделген қылмыстық істер
бойынша анықтауды, егер ішкі істер органдарының тергеу жүргізуіне
жатқызылған қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуімен тікелей
байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп шығаруға
болмайтын болса, ішкі істер органдары жүргізе алады.
3. Қаржы полициясының органдары анықтауды 176 (бірінші бөлігінде),
190 (бірінші бөлігінде), 192, 208, 221 (бірінші бөлігінде), 222 (бірінші
бөлігінде).
4. Кеден органдары анықтауды ҚРҚК-нің 214 бабының бірінші бөлігінде
көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жүргізіледі.
5. Әскери полиция органдары анықтауды ҚРҚК-нің 367 (бірінші
бөлігінде), 370 (бірінші және екінші бөлігінде), 371, 372 (бірінші және
үшінші бөлігінде), 373 (бірінші бөлігінде), 377 (бірінші бөлігінде), 378
(бірінші бөлігінде), 379 (бірінші бөлігінде), 387 (бірінші бөлігінде), 388,
389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), баптарында көзделген
қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ осы баптарда көрсетілген.
Әскери қызметті шақыру немесе келісім шарт бойынша ҚР Қарулы Күштеріне
ҚР басқа да әскері мен әскери құрылымында өткеруші әскери қызметтердің,
запастағы азаматтардың, олардың әскери жиындардан өту уақытында; әскери
бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматты қызметкер адамдардың
өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы
бөлімдердің, құрамалар мен мекемелердің орналасқан жерінде жасалған туралы
істер бойынша жүргізеді. ҚР ҚІЖК-нің 285 бабына сәйкес анықтау органдарына
ішкі істер органдары, қаржы полициясының органдары, кеден органдары, әскери
полиция органдары, әділет органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет
органдары жатқызылып, оларға өз өкілеттігіне орай анықтама жүргізілетін
қылмыстар саны көрсетілген.
Анықтау жүргізуде барлық анықтау органдары арасынан ішкі істер
органдарының үлесі жоғары.
Ішкі істер органдарында анықтауды анықтау органының бастығының
тапсырмасы бойынша кез келген анықтау органының қызметкерлері жүргізеді.
Егерде ҚР Ішкі істер органы саласын алып қарасақ анықтауды ішкі істер
бөлімінің бастығының тапсырмасы бойынша жедел уәкілдер, аумақтық учаскелік
полиция инспекторлары, көші-қон тобының полиция инспекторлары, кезекші
бөлімнің инспекторлары жүргізеді.
Қазіргі қолданыстағы ҚР ҚІЖК-нің 67-бабы анықтаушының құқықтары мен
өкілеттілігін ашып көрсеткен. Анықтаушы анықтау органы бастығына әкімшілік
жағынан да, процессуальдық жағынан да тәуелді себебі сотқа дейінгі іс
жүргізуді анықтау органдары жүзеге асыратын қылмыстар туралы істер бойынша
анықтау органының бастығы анықтаушылардың іс-әрекеттерінің уақтылығына және
заңдылығына бақылау жасайды және:
1) олардың іс жүргізуіндегі істерді тексеруге;
2) жекелеген тергеу және өзге де іс жүргізу әрекеттерін жүргізу,
айыпталушы ретінде тарту, қылмысты саралау және айыптаудың көлемі туралы,
істерді (материалдарды) бір анықтаушыдан екіншісіне беру туралы нұсқау
беруге;
3) анықтауды бірнеше анықтаушыға тапсыруға;
4) қылмыстық іс қозғауға және істі өзінің жүргізуіне қабылдап не
жекелеген іс жүргізу әрекеттерін орындай отырып анықтауды жеке-дара
жүргізуге құқылы
Анықтау органының бастығы қылмыстық іс қозғау немесе оны қозғаудан бас
тарту, тінту жүргізу және мүлікке тыйым салу туралы, айыпталушыны
қызметінен шеттету, айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қамауға алу түріндегі
бұлтартпау шараларын таңдау, өзгерту немесе тоқтату туралы, іс бойынша іс
жүргізуді қысқарту, тоқтата тұру, жаңғырту қамауға алынбаған айыпталушыны
(сезіктіні) стационарлық сот – медициналық немесе сот психатриялық
сараптамалар жүргізу үшін медициналық мекемеге жіберу, айыпталушыны
(сезіктіні) қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы, айыпталушыны этаппен
жөнелту, оған іздеу жариялау туралы қаулыларды бекітеді, қылмыс жасады деп
күмән келтірген адамдарды ұстау туралы хаттаманы, айыптау хаттамасын
бекітеді; қылмыс жасауға жағдай туғызатын жағдайларды жою жөнінде шаралар
қолдануда қамтамасыз етеді; прокурорға айыптау хаттамасын бірге қылмыстық
істі жолдайды.
Жоғарыдағы аталған мән жайларға талдау жасайтын болсақ анықтаушыны іс
жүргізудегі процессуалдық жағдайының тікелей анықтау органының бастығына
тәуелді екенін көрсетеді. Мұның өзі анықтаушының өз өндірісіндегі қылмыстық
істің немесе материалдың жан-жақты объективті түрде қаралып заңды шешім
қабылдауына кері әсер тигізері сөзсіз.
Қылмыс ізін, өзге материалдық объекілерді анықтау. Сондай-ақ іс үшін
маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған
жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау
органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жердің, үй-жайлардың,
заттардың, құжаттардың, көзі тірі адамдардың, мәйіттердің жануарлардың
қарауын жүргізеді. Қараудың жүзеге асыратын адамның нұсқалары сол тергеу
әрекетіне қатысушылардың барлығы үшін міндетті.
Қылмыстық істі қозғау туралы шешім шығару қаруды жүргізбейінше мүмкін
болмайтын жағдайларда ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
(ҚР ҚІЖК-нің 221-бабы).
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде тергеулік қарауды тергеулік
тексеру деп берген. Тексеру тергеулік қараудың мазмұнын толық аша алмайды,
ол тек бақылау, зерттеу сияқты тергеулік қараудың тәсілдері қатарына
жататындықтан ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі тексеру деген сөзді
қарау, яғни тергеулік қарау деп түсіну керек.
Тергеулік қарау қылмыстық іс үшін маңызы бар объектілерді, олардың
белгілерін, сипаттарын, жағдайларын және өзара орналасуын анықтау мен
тексеруден тұрады.
Тергеулік қарау - өз алдына жеке тергеу әрекеті басқа тергеу
әрекеттерімен, мысалға тергеу эксприменті, тінту сияқты әрекеттермен ұқсас
жерлері бола тұра, тергеулік қараудың, өзінің процессуалдық жағдайы бойынша
да және жүргізу тактикасы бойынша да түпкілікті айырмашылығы бар. Тергеуші
қарау кезінде өзінің сезім мүшелері арқылы дәлелдемелік фактілердің
болғандығына және сипатына тікелей көз жеткізеді. Көптеген тергеу
әрекеттері сияқты тергеулік қарау танымдық әрекет болып әр түрлі танымдық
тәсілдер арқылы жүргізіледі. Қарау – бұл тек қана бақылау емес, сонымен
қатар әр түрлі өлшеулер мен есептеулерді жүргізу, бақыланатын объектілерді
өзімен және басқа да объектілермен, құбылыстармен салыстыру және
зерттелетін объектілермен белгілі бір деңгейде тәжірибе жүргізу және де
тергеушінің, басқа да қатысушылардың тапқандары мен анықтағандарын баяндап
жазу және басқа да тәсілдермен бекіту. Тергеулік қарауда криминалистиканың
арнайы тәсілдері кеңінен қолданылады, әсіресе іздермен және басқа да
дәлелдемелік заттармен жұмыс істеудің техника-криминалистикалық тәсілдері
кең пайдаланылады. Қарау кезінде тергеушінің материалдық әлемінің,
объектілері мен құбылыстарын сезімдік танымы логикалық ойлаумен, қараланып
жатқаны бағалаумен, талдаумен ұштасады, басқаша айтқанда қараланып жатқан
объектілерді бақылау нәтижелері тергелініп жатқан оқиғаға немесе іс бойынша
жиналған басқа да деректермен байланысын анықтау мақсатында логикалық
өңдеуден өткізіледі. Сондықтан қарау кезінде тек қана танымның сезімдік
нышанымен ғана байланысты деп ойлау қате, бірақ ол осы тергеу әрекетінде
маңызды роль атқарады.
Тергеу барысында тергеулік қараудың маңызы өте зор. Қарау кезінде
қылмыстың, қылмыскерлердің іздерінің және де басқа да дәлелдемелік
заттардың елеулі бөлігі болып табылып зерттеледі. Қарау нәтижелері, әсіресе
қараудың түрі ретінде оқиға болған жерді қарау тергеушіге тергеу бағытын
дұрыс анықтауға, тергеленіп жатқан оқиға механизімін қайта құра алуға,
қылмыскерлердің тұлғасын айқындауға мүмкіндік береді. Көп жағдайларда,
жүргізілген тергеулік қараудың сапалылығы тергеу барысын анықтап береді.
Бірақ осы тергеу әрекетінің маңыздылығына да қарамастан, тергеу тәжірибесі
мен криминалистика ғылымының тергеулік қараудың тактикасын тағайындауға
елеулі түрде бөліп отырған назарына да қарамастан, тергеуді жүргізу
барысының жек жағдайларына қараудың маңызы мен мүмкіндіктері жеткілікті
бағаланбайды. Осының салдарынан кейде қарау асығыс үстірткі жүргізіледі.
Бұл алдын ала тергеудің сапасын төмендетуге әкеліп соғады, істі жүргізу
нәтижесінде қателіктер мен кемшіліктер пайда болады, ал оның нәтижесінде
қылмыс ашылмай қалуы мүмкін. Сол себепті, тергеу мен анықтама органдарының
қазметкерлеріне тергеулік қарауларды жоғары сапада жүргізу және де
тергеушінің және басқа да тәсілдермен бекіту. Тергеулік қарауда
криминалистиканың арнайы тәсілдері кеңінен қолданылады, әсіресе іздермен
және басқа да дәлелдемелік заттармен жұмыс істеудің техника-
криминалистикалық тәсілдері кең пайдаланылады. Қарау кезінде тергеушінің
материалдық әлемінің, объектілері мен құбылыстарын сезімдік танымы
логикалық ойлаумен, қараланып жатқанды бағалаумен, талдаумен ұштасады,
басқаша айтқанда қараланып жатқан объектілерді бақылау нәтижелері
тергелініп жатқан оқиғаға немесе іс бойынша жиналған басқа да деректермен
байланысын анықтау мақсатында логикалық өңдеуден өткізіледі. Сондықтан,
қарау кезінде тек қана танымның сезімдік нышанымен ғана байланысты деп
ойлау қате, бірақ ол осы тергеу әрекетінде маңызды роль атқарады. Тергеу
барысында тергеулік қараудың маңызы өте зор. Қарау кезінде қылмыстың,
қылмыскерлердің іздерінің және басқа да дәлелдемелік заттардың, елеулі
бөлігі табылып зерттеледі. Қарау нәтижелері, әсіресе қараудың түрі ретінде
оқиға болған жерді қарау тергеушіге тергеу бағытын дұрыс анықтауға,
тергеленіп жатқан оқиға механизмін қайта құра алуға, қылмыскерлердің
тұлғасын айқындауға мүмкіндік береді. Көп жағдайларда жүргізілген тергеулік
қараудың сапасы тергеу барысын анықтап береді. Бірақ осы тергеу әрекетінің
маңыздылығына да қарамастан, тергеу тәжірибесі мен криминалистика ғылымының
тергеулік қараудың тактикасын тағайындауға елеулі түрде бөліп отырған
назарына қарамастан, тергеуді жүргізу барысының жеке жағдайларына қараудың
маңызы мен мүмкіндіктері жеткілікті бағаланбайды. Осының салдарынан кейде
қарау асығыс үстірткі жүргізіледі. Бұл алдын ала тергеудің сапасын
төмендетуге әкеліп соғады, істі жүргізу нәтижесінде қылмыс ашылмай қалуы
мүмкін. Сол себепті тергеу мен анықтама органдарының қызметкерлеріне
тергеулік қарауларды жоғары сапада жүргізу қажеттігі туралы айтылып
отырады.
Заң анықтағандай тергеулік қараудың мақсаттары мыналар:
1. Қылмыс іздері мен басқа да дәлелдемелі заттарды табу;
2. Оқиға ортасын анықтау;
3. Іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды айқындау;
Осылайша, тергеулік қараудың мақсаттарын анықтай отырып, олар
дәлелдемелерді жинау мен зерттеуден тұрады десек болады. Қарау кезінде
жиналған дәлелдемелердің негізінде тергеуші тергеленіп жатқан оқиға мен
оған қатысушылары туралы, қылмыскерлердің жасырынған жерлері туралы,
ұрланған мүліктер мен басқа да дәлелдемелік маңызы бар объектілердің
тығылған орындары жайлы, қылмыстың салдары және басқалар туралы версиялар
құрады. Сонымен қатар тергеулік қаруды жүргізгенде қылмыс істеуге себін
тигізген жағдайларды анықтау мақсаты көзделеді. Көп жағдайларда тергеулік
қарау тергеуші басқа жолдармен ала алмайтын деректерді алудың негізгі
құралы болып табылады.
Бұлар тергеушімен оқиға ортасын тікелей бақылауының нәтижелері, осы
ортаның жиынтығына байланысты маңыз алатын негативті жағдайлар туралы
мәліметтер. Сондықтан да қарауды тергеу әрекеті ретінде басқа да тергеу
әрекетімен ауыстыруы мүмкін емес, басқаша айтатын болсақ, тергеушінің
объектілерді немесе олардың арасындағы байланысты тікелей бақылауын, осы
объектілерді көрген адамдардың жауабымен, тәжірибелік әрекеттер жүргізу
үшін ортаны реконструкциялаумен, басқа да тергеушінің қолы жететін
дәлелдемелерді жинау мен зерттеу құралдарымен ауыстыруға болмайды.
Қарау тергеу әрекеті ретінде тергеушінің тергеленіп жатқан оқиға
туралы ақпараттар алудағы маңызды құралы болып табылады. Бұл ақпараттар
қарау кезінде жиналатын және зерттелетін дәлелдемелерде болады, сонымен
қатар оқиға болған жерлерді қарауға дайындық кезіндегі тергеушінің алған
мәліметтерінде болады (көрген адамдарды сұрастыру, оқиға ортасын шолу
кезінде пайда болған ішкі ойлары және т.б.).

Қарау барысында алынған ақпараттардың
1. Қылмыс іздері мен басқа да дәлелдемелік заттарды табу;
2. Оқиға ортасын анықтау;
3. Іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды айқындау.
Осылайша тергеулік қараудың мақсаттарын анықтай отырып, олар
дәлелдемелерді жинау мен зерттеуден тұрады десек болады. Қарау кезінде
жиналған дәлелдемелердің негізінде тергеуші тергеленіп жатқан оқиға мен
оған қатысушылар туралы, қылмыскерлердің жасырынған жерлері туралы,
ұрланған мүліктер мен басқа да дәлелдемелік маңызы бар объектілердің
тығылған орны жайлы, қылмыстың салдары және басқалар туралы версиялар
құрады. Сонымен қатар, тергеулік қаруды жүргізгенде қылмыс істеуге себін
тигізген жағдайларды, тергеулік қарау тергеуші басқа жолдармен ала алмайтын
деректерді алудың негізгі құралы болып табылады.
Бұлар тергеушімен оқиға ортасын тікелей бақылауының нәтижелері, осы
ортаның жиынтығына байланысты маңыз алатын негативті жағдайлар туралы
мәліметтер. Сондықтан да қарауды тергеу әрекеті ретінде басқа да тергеу
әрекетімен ауыстыру мүмкін емес, басқаша айтатын болсақ, тергеушінің
объектілерді немесе олардың арасындағы байланысты тікелей бақылауын, осы
объектілерді көрген адамдардың жауабымен тәжірибелік әрекеттер жүргізу үшін
ортаны реконструкциялаумен, басқа да тергеушінің қолы жететін
дәлелдемелерді жинау мен зерттеу құралдарымен ауыстыруға болмайды.
Қарау тергеу әрекеті ретінде тергеушінің тергеленіп жатқан оқиға
туралы ақпараттар алудағы маңызды құралы болып табылады. Бұл ақпараттар
қарау кезінде жиналатын және зерттелетін дәлелдемелерде болады (көрген
адамдарды сұрастыру, оқиға ортасын шолу кезінде пайда болған ішкі ойлары
және т.б.). Қарау барысында алынған ақпараттардың дәлелдемелік сипаттары
болған жағдайда тергеуші оларды дәлелдеу кезінде пайдаланады;
ақпараттар процессуалдық емес қайнар көздерден алынған болса, онда олар
тергеушіге іс бойынша версиялар құрған кезде немесе қылмысқа қатысқандарды
анықтаған кезде жүргізілетін тергеу әрекеттерінің кезектегі мен
тактикаларын анықтағанда көмегін тигізеді. Қарау кезінде дәлелдемелік
ақпараттар араға уақыт салмай, қысқаша уақыт аралығында алынатын
болғандықтан, оларды бақылау бұрмаланбай сол қалпында жүргізіледі десе
болады. Ондай ақпараттарды тергеуші қараудың барлық уақытында алып отырады.
Ақпараттарды алумен қатар тергеуші оларды жаңа ақпараттардың жиналуына,
іріктелуіне және өңделуіне негізделген бағалаудан өткізіп отырады.
Тергеулік қараудың ақпараттық маңызы осыда.
Жеке тергеу әрекеті ретінде қарау басқа тергеу әрекеттерінен
айырмашылығы бар. Әсіресе қарауды тінтуден және тергеу экспериметінен айыра
білу керек, өйткені кейде тәжірибеде оларды шатастыру кездеседі.
Қарауды тінтуден ең алдымен мақсаттары бойынша ажырату керек.
Қараудың мақсаттары тінтуден ең алдымен мақсаттары бойынша ажырату керек.
Қараудың мақсаттары тінтуге қарағанда кең, тінту тек қана іс үшін маңызы
бар заттарды іздеп табу мен алуды ғана көздейді. Сонымен қатар тінтуге тек
қана белгілі бір адамдардың иелігіндегі немесе қарамағындағы объектілер
тексеруге ұшырайды. Қарау мен тінтудегі объектілердің құқықтық жағдайдағы
айырмашылықтары оларды жүргізудің процессуалдық айырмашылығына байланысты;
тінту мәжбүрлі сипатта болғандықтан арнайы процессуалдық кепілдемелермен
байланысқан; қарау құқықтарды шектеу үшін емес, қайта бұзылған құқықты
орнына келтіру үшін жүргізіледі.
Қараудың тергеу экспериментінен айырмашылығы ең алдымен мынада десе
болады, қарау кезінде тергеуші оқиғаның өзін бақыламайды, ал экспериментте
оқиға (яғни тәжірибелік оқиға) және оның нәтижелері бақыланады.
Қарау кезінде тергеуші тек қана материалды іздермен, объектілермен
жұмыс істейді; экспериментте материалды іздер қалдырмайтын жағдайлар мен
құбылыстар анықталуы мүмкін. Қарау шарттарының бірі тікелей бақылауда
объектілерді тергеуші қалай тапса, сол қалпында зерттейді. Тергеу
экспериментінде тап сол оқиға емес, тек соның негізінде тәжірибе жүзінде
жүргізіліп отырған жаңа, басқа оқиға, құбылыс бақыланады.
Тергеулік қарауды жауапты оқиға болған жерде тексерумен нақтылау
сияқты тергеу әрекетін де айыра білу керек. Жауапты оқиға болған жерде
тексеру мен нақтылаудағы тергеушінің әрекеттерінде осы тергеу әрекетін
қараумен жақындастыратын біраз элементтер бар; тергеуді жүргізуші тұлға
жауабы тексеріліп жатқан адамның көрсеткен жерлерін және үй-жайлары
куәгерлердің қатысуымен қатал тексеріледі. Бұл тәсіл кейде тергеушінің осы
жерлерді сипаттағандағы айтылған белгілердің бар екендігіне көз жеткізуіне
көмегін тигізеді. Бірақ жауапты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың
мазмұны осындай бақылаулармен шектелмейді. Сонымен қатар тергеулік қараудың
мазмұнына куәлар немесе айыптаушылардың заттарды немесе жерлерді көрсету,
олардан істің мән-жайлары туралы жауап алу кірмейді, оған қоса қарау
кезінде орта куәлердың немесе айыптаушылардың жауаптары бойынша бекітіледі.
Тергеулік қараудың келісім түрлері бар:
оқиға орнын қарау;
заттарды қарау;
құжаттарды қарау;
жануарларды қарау;
оқиға орны болып табылмайтын жерлер мен үй-жайларды қарау.
Тергеулік қараудың, түрлерінің өзінің ерекшеліктері бар, соған сай
оларды жүргізудің тактикалары анықталады. Бірақ тергеулік қараудың барлық
түрлеріне ортақ және көрсетілген тергеулік қараулардың кез келген
түрлерінде тең, қолданылатын процессуалдық және тактикалық сипаттағы
бірнеше ережелер бар. Осылайша, тергеулік қарау бұл тергеушімен немесе
анықтамашымен қылмыс іздері мен басқа да заттай дәлелдемелерді алу,
оқиғаның мән-жайын, сонымен қатар іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды
анықтау мақсатында тікелей қабылдауы, сараптау мен бекіту арқылы
жүргізілетін тергеу әрекеті.
Тергеулік қараудың мақсаты:
- тергелінетін оқиғаның мән-жайы сипатын анықтау үшін ортамен тікелей
танысу;
- қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелерді табу, бекіту, алу және баға
беру;
- жалпы және жеке версияларды шығару үшін бастапқы ақпараттарды алу;
- қылмыскерлерді іздестіруді ұйымдастыру үшін ақпараттарын жинау.
Тергеулік қараудың түрлерін жіктейтін болсақ, оларды келесідей бөлуге
болады:
1. Қарау объектілері бойынша жоғарыда көрсеткеніміздей:
- оқиға жерін қарау;
- табылған жерінде мәйітті сырттай қарау;
- заттай дәлелдемелер болуы мүмкін нәрселерді қарау;
- жануарларды және олардың өліктерін қарау;
- оқиға жері емес жергілікті жерлер мен орын жайларды қарау;
- қылмыс іздерін немесе ерекше белгілерін анықтау үшін куәландыру
(адамның денесі қарау).

2. Кезектегі бойынша:
- бастапқы;
- қайтадан, бұрын жүргізілген тергеу қайта жүргізілсе.
3. Көлемі бойынша:
- негізгі;
- қосымша, алдыңғы тергеулік қараудың қаралмаған жерлерін қарайтын
болсақ.
Барлық тергеулік қарау кезіндегі ҚР ҚІЖК-нің 221-227 баптарында
көрсетілген тергеулік қарауға арналған жалпы процессуалдық ережелерін
сақтап жүргізу керек.
Процессуалдық сипаттағы жалпы ережелер:
Қарау бұған қажеттілік пайда болған кезде, әдетте, кейінге қалдырмай
жүргізіледі.
Қылмысты ашу үшін тергеу талап етілетін қылмыс туралы арыз немесе хабар
алғаннан кейін тергеуші оқиға болған жерге дереу келіп, қарау жүргізуге
тиіс.
Тергеуші уақытында келе алмайтын жағдайда қарауды анықтаушы немесе оған
арыз не хабар келіп түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары
қызметкері жүргізеді.
Анықтау органының қызметкерлері тексеру жүргізген кезде жәрдемдесушіге
және тергеушінің тапсырмасы бойынша оқиға болған жерді күзету, көрген
адамдарды және қылмыс жасаған адамдарды анықтау қажет. Сонымен қатар ұстау,
зардабын толтыру, қаза болғандарды тасымалдау, жалғасып жатқан қылмыстардың
жолын кесу және олардың қайталануынын алдын алу, оқиғаның өзге зардаптарын
жою жөніндегі қажетті шараларды жүргізуге міндетті.
Тергеу әрекеттерінің бірі ретінде тануға ұсынуды атап өтуге болады.
Ертенің өзінде үлкен қалаларда (әсіресе, базарларда) қылмыстың құрбаны
болған адам өзінің мұқтажын айтып шағынып, билік жүргізетін адамдарға
қылмыскердің бет әлпетін сипатып, жаза қолдануын өтінетін болған. Кейіннен
бұл криминалистика ғылымымен реттеліп келген тергеу әрекеті қылмыстық
істерді жүргізу заңына еңгізілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексі осы тергеу
әрекетінің егжей-тегжейін толық қамти алмайды. Сондықтан, осы тергеу
әрекетін криминалистка ғылымында қарастыру өте орынды. Ал, екінші жағынан
бұрын криминалистикадағы осы тергеу әрекетіне қатысты тактикалық
тәсілдердің біразы заңға айналды.
Тануға ұсыну жеке тергеу әрекеті ретінде бірден еңген жоқ.
Жәбірленушілердің қылмыскерлерді тану мүмкіншілігін қолдану Кеңес
үкіметінің алғашқы жылдарындағы тергеу тәжірибесінен белгілі болып,
тергеуде кең қолданыла бастады.
Осылай, 1918 жылы ұсталған анархисттердің арасынан қарақшыларды тану
үшін, қару қолданып шабуыл жасаудан зардап шеккен азаматтарды қылмыстық
іздестіру бөліміне шақырған. Бұл шақырулар газет беттерінде басылып,
ертеңіне милицияға келген ондаған анархисттер арасынан өздерін тонаған
қарулы қарақшылар мен кісі өлтірушілерді таныған. Бұл жерде тану үшін
сезіктілер ғана емес, қарусыздандыру кезінде ұсталынған барлық анархисттер
көрсетілді. Кейінгі жылдары тәжірибемен тануға ұсынудың өте тиімді
тәсілдері өңделіп, заңмен бекітілді.
Тануға ұсыну – бұл куәге, жәбірленушіге, сезіктіге немесе айыпкерге
адамды, заттарды, не болмаса басқа объектілерді тождества бар немесе жоқ
екенін анықтау мақсатында көрсетуден тұратын тергеу әрекетін айтамыз (ҚР
ҚІЖК-нің 228-229 баптары).
Тергеу тәжірибесінде танудың екі түрі бар:
1. анализдік – танылатын объектінің жеке белгілерін ойда бөлу негізінде
қорытындылады, сосын ол жалпы образға синтезделіп тануға ұсынылған
объектінің бұрын бақылаған объект арасында ұқсастықтын бар немесе
жоқ екендігін анықтайды;
2. синтездік – объектіні, оның белгілерін талдамай-ақ жалпы қабылдау
негізінде қорытынды шығарылады, яғни танылатын адам болса, онда
оның белгілерін көрсетпай-ақ таниды: Мысалы, туыстары немесе жақын
таныстары. Тергеу үшін анализдік тану тиімді, өйткені ол жеке және
нақты белгілерге негізделген. Егер тану адамның не заттың нақты
белгілеріне негізделмей, нақты емес белгілеріне негізделсе, онда
оның дәлелдемелік маңызы жоқ (мысалы, ол адамды бойынан немесе дене
бітімінен, не болмаса ақшыл шаштарының т.б. тани аламын десе, онда
бұндай танудың дәлелдемелік күші жоқ). Танудың субъектісі кім
болады? ҚР ҚІЖК-нің 228-бабына сәйкес тану субъектісі ретінде
танушылар: жәбірленуші, куә, сезікті, айыпкер болады. Олар ересек
адамдар және танылатын объектілерді дұрыс қабылдай алатын және олар
туралы мәліметтерді айтып бере алатын кәмелетке толмағандар.
Танудың объектісі деп нені айтамыз? Тану объектісі болып мыналар
табылады:
1. адамдар, заттар, қылмыс құралдары;
2. қылмыс әрекетінің объектілері (мысалы, ұрланған заттар);
3. бойында қылмыс іздерін сақтаған объектілер;
4. қылмысты ашуға ықпал ететін кез-келген басқа да заттар.
Адамдарды және заттарды тану тек қана нақты жеке белгілері бойынша
жүргізіледі. Ал адамның немесе заттың жеке белгілері анықталмаса, онда не
істейміз? Мұндай жағдайларда тану үшін көрсету жүргізілмейді. Егер адамда
немесе затта танушы көрсеткен сирек кездесетін ерекше белгілері болса, онда
не істейміз? Бұл жағдайда адамның куәландірілуі немесе заттың қаралуы
жүргізіліп, айрықша белгілерінің бар жоғы анықталады. Тануға ұсынудың
түрлері:
1. Адамды тану үшін көрсету.
2. Мәйітті және оның мүшелерін тану үшін көрсету.
3. Заттар мен оның құжаттары тануға ұсыну.
4. Жануарларды тану үшін көрсету.
5. Жергілікті жердің бөліктерін құрылыстарды, үй жайларды тану үшін
көрсету.
6. Суреттерді және бейне фильмдерге бейнелері бойынша объектілерді тану
үшін көрсету.
Осы объектілерді тану заң негізінде жүргізілсе, онда оның дәлелдемелік
күші бар.
Тергеу әрекеті ретіндегі тануға ұсынуды тәжірибеде көп кездесетін
қарапайым танудан ажырата білу керек.
Мысалы:
1. Жәбірленуші қылмыскерді көшеде кездейсоқ кездестіріп қалып таныса
немесе одан өзінен ұрланған заттарын көріп таныса;
2. Қылмыскерді баспасөз ақпараттарынан көріп таныса;
3. Тінтуді жүргізу кезінде куәгер ретінде қатысқан көрші пәтерінен
ұрланған заттарын танығанда және де басқа да жағдайларда.
Бұл қарапайым тану осы мәліметтер жауап алу хаттамасында бекітіледі.
Сонымен қатар, тергеу әрекеті ретіндегі тану жедел іздестіру қызметінің көп
адамға суреттерді көрсетуден тұратын тактикалық тәсілдерден айырмашылығы
бар. Тәжірибеде жедел іздестіру қызметкері жәбірленушіні өзімен ертіп алып
кәсіпорындарды аралап шығар есіктерінің алдында тұрып қарапайым тануды,
яғни көзбен шолуларды жүргізеді. Тануға ұсынудың маңызы мынада, ол жеке
тергеу әрекеті ретінде дәлелдемелер жинаудың бір түрі болып табылады,
сонымен қатар тану мыналарды тексеру үшін қажет:
1. Тергеу версияларын тексеру;
2. Қарау нәтижелерін тексеру;
3. Жауаптарды тексеру;
4. Тінту нәтижелерін тексеру.
Осылайша тану үшін көрсету дегеніміз – бұрын көрген объектінің дәл сол
екендігін немесе оның айырмашылығын анықтау мақсатында анықтаушы, тергеуші
тану үшін куәге, жәбірленушіге, сезіктіге немесе айыпталушыға адамды немесе
затты көрсете алады. Танымақшы болған адамдардан, олар қандай жағдайларда
сол адамды немесе затты көріп білді, қандай ерекшеліктер мен белгілері
бойынша тани алатындығын туралы жауап алу керек. Тануға көрсетілетін
адамдардың саны үштен кем болмауы тиіс. Танылатын адамдар танылуға тиіс
адаммен бір жыныста, әрі сырт пішіндері мен киімдерінде қатты айырмашылық
болмауы керек.
Тану үшін көрсету куәгерлердің көзінше жүргізіледі. Танушының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ дауыс, сөйлеу, жүріс
ерекшеліктері бойынша тану кезінде адамды тану үшін көрсету танылуға тиіс
адамды көрмейтіндей жағдайда жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда куәгерлер
тануға ұсынылған адамның бір жерде тұрады. Тануға ұсынылған адамның
куәгерлерге тану үшін көрсетілген адамдарды жеткілікті көріп байқау
мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс. Тануға көрсетілген адамды сол белгілері
бойынша танушының қайталап тануы жүргізілмейді. Тану үшін көрсету туралы ҚР
ҚІЖК-нің 203-бабының талаптарын сақтай отырып, хаттама толтырылады.
Хаттамада танудың шарттары, барысы, нәтижелері көрсетіледі және танушы
адамның түсініктемелері мүмкіндігінше сөзбе-сөз жазылады.
Қылмыскер өзінің және қылмысқа қатысушылардың әшкереленбеуі үшін қылмыс
құралдарын, қаруларын, қылмысты айқындайтын іздерді, құжаттарды және
қылмыстық жолмен табылған заттарды мұқият жасыруға тырысады. Ал бұл
заттардың толық және дер кезінде табылуы қылмыстық іс бойынша дұрыс, яғни
әділ шешім қабылдау үшін маңызы өте зор.
Қандай қылмыс жасалса да қылмыскер осы қылмыстың ашылуына, оның ізін
жасыруға әр түрлі әрекет жасап, қылмыстың ізін суытып, дәлелдеме заттарды
тығып, жоюға тырысады. Сондықтан тергеу қызметкерлерінің міндеті қалай
болғанда да қылмысты ашуға керекті дәлелдемелерді, айғақ заттарды тез арада
тауып алуға көмектесетін тергеу әрекеттерінің бірі – тінту. Тінтуді уақыт
өткізбей дер кезінде жүргізу керек, себебі тергеу әрекеті неғұрлым кеш
жүргізілсе, соғұрлым оның нәтижесі кемиді. Яғни, қылмыскер тінтудің
болатынын сезіп, дәлелдемелік заттардың көзін жоюға немесе орнын ауыстырып
жасыруға тырысады.
Тінту тек қана жеткілікті негіздер болған жағдайда ғана прокурормен
санкцияланған тергеуші немесе анықтамашының шығарған қаулысы бойынша
жүргізіледі. Жеткілікті негіздер деп тергеу кезінде анықталған немесе жедел-
іздестіру шараларын жүргізгенде алынып, кейін процессуалдық жолмен
тексерілген мәліметтерді айтамыз, яғни бір адамда немесе бір жерде қылмыс
қарулары мен құралдары, құжаттар, заттар мен бағалы заттар және басқа да іс
бойынша маңызы бар объектілер болуы мүмкін деп ойлайтындай мәліметтер
жеткілікті болғанда ғана жүргізіледі.
Тінту іс үшін маңызы бар заттарды немесе құжаттарды табу және алу
мақсатында жүргізіледі. Тінту жүргізуге аталған заттардың немесе
құжаттардың белгілі бір үй-жайда немесе өзге орында не нақты адамда болуы
мүмкін деп болжауға жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады.
Тінту іздестіріліп жатқан адамдардың немесе мәйіттерді табу үшін де мүмкін
(ҚР ҚІЖК-нің 230-бабы).
Сонымен тінту дегеніміз – бұл іс бойынша маңызы бар объектілерді тауып
және оларды алу үшін тінтілетін адамның және оның жанұя мүшелерінің
қарамағындағы мекен-жайларды, ғимараттарды, жер аймақтарын күшпен тексеруге
бағытталған тергеу әрекеті.
Сонымен қатар тінту іздестіріліп жүрген адамды табу мен өлген адамның
мәйітінің жатқан жерін анықтау мақсатында да жүргізіледі. Тінтудің ерекше
түріне жеке адамды тінтуді жатқызсақ болады, өйткені басқа тінтулерге
қарағанда ол адамның денесінен, оның киімінен және бойынан іс бойынша
маңызы бар заттар мен құжаттарды іздеп табуға бағытталған тергеу әрекеті.
Ал мұны жүргізу заңдылықтарының ерекшелігі – бұл тінтулуші адам мен
тінтушінің жынысы бір болуы және тергеу әрекетіне қатысушы куәгерлер мен
мамандардың да жыныстары бір болуы керек. Немесе тінтудің анықтамасын былай
берсек те болады, тінту – бұл жеке адамды, тінтілетін адамның және оның
жанұя мүшелерінің немесе ұйымның қарауындағы мекен-жайларды, ғимараттарды,
жер бөліктеріндегі қылмыс қаруларын, қылмыстық жолмен табылған заттар мен
бағалы заттарды басқа да іс бойынша маңызы болуы мүмкін объектілерді табу
алу үшін күшпен тексеруге бағытталған тергеу әрекетін, тінту ізделініп
жүрген адамды, мәйітті және оның бөліктерін табу мақсатында да жүргізілуі
мүмкін.
Алу іс үшін маңызы бар белгілі бір заттар мен құжаттардың қайда және
кімде екені анық болғанда, оларды алып қою мақсатымен жүргізіледі (ҚР ҚІЖК-
нің 231-бабы).
Алу – бұл тергеушімен жеке немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқықтың түсінігі
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы туралы
Қазақстан Республикасының аймақтарында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Мемлекеттік аппарат туралы түсінік
Қазақстан Республикасының кеден органдар қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі
Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары туралы
АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Заң шығарушы органдар
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік бірлігінің конституциялық-құқықтық сипаттамасы
Конституциялық бақылаудың Қазақстан Республикасында пайда болу тарихы мен оны жүзеге асыру
Пәндер