Валюта шотындағы қолма-қол ақша есебі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1.2
1. Касса операциясының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.8
2. Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру ... ... ... ... ... ... ... ... .9.10
3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру ... ... ... ... 11.14
4. Валюта шотындағы қолма.қол ақша есебі ... ... ... ... ... ... ... ..15.16
4.1.Валюталық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
4.2. Шетел ел валютасын сатып алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
5.Банк кассасынан қолма.қол ақшаларды қабылдау және беру есебі...29.20
5.1. Ақша және басқа да құндылықтарды сақтау ... ... ... ... ... ...24.25
5.2. Инкассоланған қолма.қол ақшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ..26.27
5.3. Касса тексеру (Ревизия) ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...28.39
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30.31
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1-2
1. Касса операциясының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-8
2. Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру ... ... ... ... ... ... ... ... .9-10
3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру ... ... ... ... 11-14
4. Валюта шотындағы қолма-қол ақша есебі ... ... ... ... ... ... ... ..15-16
4.1.Валюталық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
4.2. Шетел ел валютасын сатып алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
5.Банк кассасынан қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру есебі...29-20
5.1. Ақша және басқа да құндылықтарды сақтау ... ... ... ... ... ...24-25
5.2. Инкассоланған қолма-қол ақшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ..26-27
5.3. Касса тексеру (Ревизия) ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...28-39
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30-31
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Кіріспе

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын
сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмілелер
тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма-қолсыз ақша аудару жолымен.
1. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін
Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
1) ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп
айырысу шоттарын;
2) шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке
алу үшін заңды тұлғаларға валюта шоттарды;

3) бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша,
қоғамдың ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке
тұлғаларға ағымдық шоттарды;
4) республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік
шоттарды;
5) Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік
шоттарды ашады.
Касса — есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды
тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді.
Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп
айырысуың жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап, әр түрлі
мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын
қадағалайды. Банк арқылы қолма-қолсыз ақша аудару жолымен төлем жасау есеп
айырысудың негізгі нысаны болып табылады.
Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбекақы бойынша қолма-
қол есеп айырысу үшін, қолма-қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп
беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы
айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша
қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді.
Ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың және несие операцияларының
бухгалтерлік есебінің міндеттері:
1. Қолма-қолсыз ақша аудару жолымен және қолма-қол ақшамен қажетті есеп
айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу;
2. Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу
операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету;

3. Бөлінген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын
мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау;

3. Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың
жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу.
4. Мерзімі кешігетін дебиторлық және кредиторлық берешектердің туындауын
болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру;
5. Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа
шоттардағы ақшалардың бар-жоғы мен сақталуына бақылау
жасау;
6. Есеп айырысу — төлем тәртібінің сақталуына, материалдық құндылықтар мен
қызметтер үшін сомалардың уақтылы
аударылуына, сондай-ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының
қайтарылуына бақылау жасау.

1. Касса операцияларының есебі

Қолма-қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық
субъектісінде касса болады. Касса — бұл қолма-қол ақшалар мен өзге
құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы
жабдықталған, оқшауланған үй-жай. Касса операцияларының есебі ҚР Ұлттық
банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі № 24 хаттамасымен бекітілген
ҚР хш касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне сәйкес жүзеге
асырылады. Касса арнайы жабдықталған, яғни дабылдама (дыбыстық белгілер,
сигнализация) орнатылған, және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде
орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақшалар касса қызметкерінің мөрі
сүргіш (сургуч) арқылы басылып жабылатын сейфте сақталуы тиіс. Бұл сейфтің
кілті мен сүргіш (сургуч) басатын мөр касса қызметкерінде, ал кілттің
екінші данасы арнайы ыдысқа салынып кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысында
сақталады. Касса қызметкері әрбір жұмыс күнінің соңында кассаны жауып
күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшалардың түгелдігіне касса қызметкері,
яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда кассирлік
жұмысқа қызметкер орналасқан уақытта, яғни ұйым басшысы касса қызметкерін
тағайындау туралы (жайлы) бұйрыққа қол қойғаннан кейін кәсіпорынмен касса
қызметкері арасында материалдық жауапкершілікке келісімшарт жасалуы қажет.
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол
есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана
ала алады.
Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды-жауапты
адам болып табылады да (онымен толық материалдық жауапкершілік шарты
жасалады), ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады.
Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады.
Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорынның касса қызметкері чек
кітапшасындағы парақты толтырады. Бұл чек парағын толтыру барысында чекке
банк мекемесінен алынғалы отырған, яғни кәсіпорынның жұмсауға тиісті нақты
ақшаларының сомасы және бұл соманың қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып
көрсетілуі тиіс. Толтырылған чекке кәсіпорынның бас бухгалтері және басшысы
қол қойып, осы ұйымның мөр таңбасы басылады. Барлық толтыруға тиісті
ақпараттар толтырылмағанша, чекке қол қоюға болмайды. Сонымен қатар чекке
лауазымды адамдардың, яғни қол қоюға тиісті адамдардың қолы қойылмаса (екі
адамның қолдары қойылмайынша), мөр басуға рұқсат етілмейді.Кәсіпорындар мен
ұйымдардың касса қызметкері банк мекемесінен нақты ақша аларда банк
бақылаушысының қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк
мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні кәсіпорындар мен ұйымдардың
кассасына кіріске алынуы керек.

Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы
құжаттар болып табылады. Колма-қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер
немесе ол өкілеттік берген тұлға қол қойған КО № 1-нысанындағы кіріс касса
ордері бойынша жүргізіледі. Қолма-қол ақшаларды кассадан беру КО № 2-
нысанындағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордерінің (ШКО)
мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі,
қолма-қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. Кассир
кассалық кіріс ету ордерін толтырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазады.
Кәсіпорынның кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни қабылдау
үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету
ордеріне қол қоюы керек және ақша төлеген заңды немесе жеке тұлғаға осы
толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты
ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне
ұйымның аты, ақша төлеуші заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні, қандай
мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақшаның төленген уақыты
(күні, айы, жылы) жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы
қажет. Кассалық кіріс ету ордері мына үлгілі түрде болады:

ККК фирмасы ККК фирмасы
ұйымның аты-жөні ұйымньщ аты-жөні
№ 55 кассалық кіріс ету № 55 кассалық
ордері кіріс ету
25 03 2004 ордеріне квитанция
күні, айы, жылы 25 03 2004
күні, айы, жылы
Коррес- кімнен қабылданды:
Алматы
понден-Талда- Төленет сауда қаржы
ін Мақ- банкісінен
циялаушмалық сома саттыққандай максатқа:
ы шот есеп коды іссапар шығындары
коды үшін
1040 77 10000007 сомасы жазумен:
бір милпион
теңге 00 тиын
кімнен қабылданды: Алматы Бас бухгалтердің
сауда-қаржы қолы:
Банкісінен
қандай мақсатқа: іссапар Нурхан
шығындары үшін
сомасы жазумен: бір миллмон Касса
теңге қызметкерінің
қолы:
қосымша: Айгүл
Бас бухгалтердің қолы: 25.03.2004 жыл.
Нурхан_
Касса қызметкерінің қолы: Мөртаңба орны
Айгүл

Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан нақты ақша кассалық шығыс ету ордері
немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу тізімдемелері,
сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы мен бас бухгалтерінің қолдары
қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар және тағы да басқа
құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің деректемесі
(реквизиті) керсетілген мөртаңба (штамп) басылуы керек. Егер кассалық шығыс
ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда кәсіпорындар мен ұйымдардың
басшысының рұқсат етемін деген жазуы және қолы қойылған болса, онда
кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері
бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның төл
құжатын немесе өзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етуі
керек. Сонымен қатар касса қызметкері осы көрсетілген құжаттарда жазылған
деректерді, яғни ақша алушы адамның аты-жөнін, құжатының нөмірін және ол
құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету
ордеріне жазуы тиіс. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету
ордеріне алып жатқан сомының теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен
көрсетеді. Кассалық кіріс ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ
кассалық шығыс ету ордері және оның орнына жүретін немесе оған қосымша
тіркелетін құжаттарды кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері
сиямен немесе шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары қажет. Бұл
құжаттарды өзгертуге олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге
ешқандай рұқсат етілмейді. Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету
ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын
бухгалтерия қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады. Кассалық шығыс
ету ордері мына үлгілі түрде болады:

ККК фирмасы
ұйымнын аты-жөні
№60 кассалық шыгыс ету ордері
13 12 2004
күні, айы, жылы

КорреспонденциялаТалдамалыТөлене тінМақсаттық
ушы шот қ есеп сома коды
коды
1251 77 10000 7
Берілсін: Романға
қандай мақсатқа: іссапары үшін аванс
ретінде
сомасы (жазумен): он мың теңге оо тиын
Ұйым басшысының қолы
Нұржан Бас бухгалтердің қолы:
Нұржан Алдым: Он мың тенге 00 тиын. 13.12.
2004 жыл Роман Құжат: 1999
жылы 5 тамызда ҚРІІМ берген жеке куәлік бойынша
Касса қызметкерінің қолы:
Айгүл

ККО мен ШКО кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс
касса ордерлерін тіркеу журналында тіркелінеді. Операциялар жасалғаннан
кейін ордерлерге кассир қол қояды, ол оған қоса берілген құжаттар мөртаңба
қоюмен немесе күні көрсетілген төленді жазуымен өтеледі.

Ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жұмсалуы жөніндегі барлық операцияларды
кассир КО №4-нысанындағы касса кітабына жазады. Ол тесіліп байланған,
нөмірленген және мөрленген болуға тиіс. Ондағы парақтардың саны басшы мен
бас бухгалтерлердің қолдарымен расталған болу керек. Жұмыс күнінің соңында
кассир күн бойындағы операциялардың жиынын касса кітабына жазады да,
кассада келесі күнге қалатын ақша қалдығын шығарады. Касса кітабындағы
жазулар көшіру қағазы арқылы 2 данада жүргізіледі.
Екінші даналары жыртпалы болады және кассирдің есеп беруіне қызмет
етеді. Егер кәсіпорында аздаған касса операциялары жасалатын болса,
кассалық есеп беру үш-бес күнде бір рет жасалуы мүмкін. Кассирден
қабылданған есептеме деректерін бухгалтерия қызметкерлері тексереді.
Кассада алушының ШКО қолхатымен немесе басқа құжатта расталмаған ақшалар
берілгендігі анықталса, бұл сома жетіспеушілік болып саналып, кассирден
өндіріліп алынады. Егер қолма-қол ақшаның сомасы ККО-мен расталмаса, онда
олар кассаның артық ақшалары болып саналады және субъектінің кірісіне
есептеледі. Кассадағы ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын есепке
алу үшін активтік 1010,1020-шоттар қолданылады. Бұл шоттардың дебеті
бойынша ақшаның кассаға түсуі, кредиті бойынша — берілуі көрсетіледі.
Валюталық кассадағы есеп субъектінің кассадағы есебіне ұқсас жүргізіледі,
бірақ ККО-де, ШКО-де және касса кітабында қаражаттардың шетелдік валютадағы
және теңгелік баламасындағы сомасы көрсетіледі. Валюталық касса үшін жеке
кассалық кітап ашылады. Шетелдік валютадағы қолма-қол ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы ақпаратты теңгелік бағасы және номиналы бойынша жинақтауға
Кәсіпорынның валюталық қаражаттарына талдамалы есеп жүргізу карточкасы
арналған. Ол шетелдік валютадағы бастапңы талдамалы есеп пен теңгедегі
жинақтамалы есептің арасындағы аралық буын болып табылады. Қажет болған
жағдайда көлік пен байланыстың объектілері 1010-шотта мынадай суб-шоттар
аша алады: 10101 — субъект кассасы, 10102 — операциялық касса.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жәрдемақы,
сыйақы, еңбекақы төлеу үшін төлеу тізімдемелері қолданылады. Бұл
тізімдемелер тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп,
үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық кіріс ету немесе
кассалық шығыс ету ордерлері, сондай-ақ олардың орнына жүретін құжаттар
бойышпа кассаға ақша қабылдауға және кассадан ақша төлеуге тек қана осы
құжатгар толтырылған күні ғана рұқсат етіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың
кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында
(кассир) касса қызметкері кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету
ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бұл құжаттарда ұйымның басшысы мен бас
бухгалтерінің қолдарының болуын, және ордерлерде көрсетілген қосымша құн
түгелдігіне тексеру жүргізуге, қадағалауға міндетті. Бұл операциялар
орындалғаннан кейін құжаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын
қоюы керек. Касса операцияларының есебі кассалық кітапқа тіркеліп отырылуы
тиіс. Бұл кітапты касса қызметкері жүргізеді. Кассалық кітаптың беттері
(парақтары) нөмірленіп және оған жіп өткізіліп, кәсіпорын басшысы мен бас
бухгалтері қолдарын қойып, куәландыруы керек. Кәсіпорынның кассасына келіп
түскен, кірістелген немесе кәсіпорынның кассасынан төленген, яғни шығыс
етілген ақшалардың кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін
төленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың нөмірі
және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кіріске алынған, сондай-ақ шығыс
етілген сомалар кассалық кітапқа жазылуы тиіс. Күн сайын кәсіпорынның касса
қызметкері кассадағы нақты ақшалардың қалдығын жұмыс күнінің соңында санап
және оның сомасын кассалық кітапқа жазады. Бұл кассалық кітаптағы
деректерге өзгеріс енгізуге, өшіруге, түзетуге жол берілмейді және касса
операциялары мен ондағы жүргізілетін, толтырылатын құжаттардың дұрыстығына
ұйымның бас бухгалтері бақылау жасап отыруы керек. Кәсіпорынның кассадағы
шетелдік валюта түріндегі нақты ақшаларының есебі үшін өз алдына кассалық
кітап ашылады. Сонымен қатар бұл жағдайда кассалық операциялар бойынша
толтырылатын барлық құжаттарда кіріске алынған, яғни келіп түскен және
шығыс етілген, кассадан төленген ақшалардың сомасы шетел валютасымен және
сол күнгі бағам (курс) бойынша ұлттық валютаға (теңгеге) айналдырылып
жазылады.
Тауар кеңселерінің, пристаньдардың және пайдаланудағы учаскелердің,
аялдама, өзен өткелдерінің кассасындағы билет және багаж кассаларындағы,
порттар мен вокзалдардың, байланыс бөлімшесінің кассаларындағы ақша
қаражаттарының қолда бары мен қозғалысы 10102-шотта ескеріледі.
1010-1020-шоттар бойынша шаруашылық операциялары.
1. Кассаға сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден
ақша қаражаттары түсті Д-т 1010, 1020 К-т 1210.
2. Вексель бойынша түсті Д-т 1010, 1020 К-т 1210.
3. Алынған қарыздар бойынша келтірілген залал үшін жұмсалмаған есеп беру
сомаларын қайтару Д-т 1010, 1020 К-т 1251.
4. Еншілес кәсіпорындардан және өзге серіктестіктерден
берешектің түсуі Д-т 1010, 1020 К-т 1210-1220.
5. Банк шоттарынан қолма-қол ақшаның түсуі (чек бойынша) Д-т 1010, 1020
К-т 1050, 1040.
6. Қолма-қол ақшалардың құрылтайшылардан түсуі Д-т
1010, 1020 К-т5020.
Займдар қолма-қол ақшамен алынды Д-т 1010, 1020 К-т
4030.
Жалдық ақы, байланыс қызметі түсімдері және осы кезеңде басқа да
төленгендер Д-т 1010, 1020 К-т3520.
Өнімдерді, құжаттарды, қызметтерді, тауарларды қолма-
қол ақшаға сату Д-т 1010, 1020 К-т 6010.

НҚ, МЕА, БҚ қолма-қол ақшаға сату Д-т 1010, 1020 К-т
6210.
Акциялар бойынша дивидендтер келіп түсті Д-т 1010, 1020 К-т 6110.
12. Оң бағамдық айырма Д-т 1010, 1020 К-т 6250.
Алынған айыппүлдар, өсімақылар, тұраңсыздық айыптары Д-т 1010, 1020 К-т
6110

14. Есеп беретін сомалар кассадан берілді Д-т 1251 К-т 1010, 1020
15. Сақтандыру полистері сатып алынды Д-т 1620 К-т 1010, 1020.
16. Болашақ кезеңдер үшін төленген жалдық төлемдер
Д-т 1620 К-т 1010, 1020.
17. Аванстар берілді Д-т 1610К-т 1010, 1020.
18. Қолма-қол ақша банктегі шотқа өткізілді (қолма-қол
салуды мәлімдеу бойынша) Д-т 1050-1040К-т 1010, 1020.
19. Займды қайтару Д-т 4010,4030К-т 1010, 1020.
20. Дивидендтерді төлеу Д-3110 К-т 1010, 1020.

21. Жеткізушілердің, мердігерлердің шоттары қолма-қол
ақшамен төленді Д-т 3310 К-т 1010, 1020.
22. Жалақы берілді Д-т 3350 К-т 1010, 1020.
23. Теріс бағамдық айырма Д-т 7430 К-т 1010, 1020.
24. Кассаға түгендеу жүргізген кезде аныңталған ақша қаражаттарының
жетіспеушілігі Д-т 1284 К-т 1010, 1020.
А) егер кінәлы адам анықталмаса немесе сот оны өтеп беруден бас тартса Д-
т 7210 К-т1284.
ә) егер кінәлы адам анықталса Д-т 1310 К-т 1284.

2. Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру

Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру Қазақстан Республикасындағы
бухгалтерлік есептің № 3 стандартында ашылып көрсетіледі. Бұл — стандарт
бағалау әдісі. Есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер
анықталғанда және түзетілгенде қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы
есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың сыныптамасын
белгілейді.№3 БЕС 2003 ж. 17 қаңтарында өз күшін жоғалтты. № 3 БЕС 2003 ж.
17 қаңтарында өз күшін жоғалты.
Кіріс пен шығыс туралы есеп беруде мынадай баптар ашылып көрсетіледі:
негізгі қызметтен (өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді
сатудан) алынған табыс;
* сатылған өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны;
* жалпы кіріс;
кезең шығындары. Оған енетіндер: жалпы және әкімшілік
шығындары, проценттерді төлеу шығындары, сату жөніндегі
шығындар;
* негізгі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;
салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс
немесе зиян;
* табыс салығы;
салық салудан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс
немесе зиян;
* төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян;
* таза кіріс немесе зиян.

Стандарт төтенше жағдай деп аталып жүргендерге түсінік береді. Бұл
кәсіпорынның әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе операция. Яғни
олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты болып отырмайды. Төтенше жағдайда
кірістің немесе зиянның мәні мен сомасын түсіндірме жазуларда бөлек ашып
көрсету керек.
Стандарт сондай-ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді. Бұны
тоқтатылған операциялар бойынша кәсіпорын: филиалының сатылуымен немесе
таратылуымен түсіндіруге болады.
Түсіндірме жазуда мыналар ашылуға тиіс: тоқтатылған операцияның мәні,
тоқтатылған операцияның сомасы мен географиялық ауданы, операцияның нақты
тоқтатылған күні, операцияны тоқтатудың әдісі (сату немесе тарату және
олардың себебі), тоқтатылған операциядан алынған кіріс немесе зиян,
өнімдерді сатудан немесе есепті кезеңдегі кәсіпорынның әдеттегі қызметінен
алынған кіріс немесе зиян.
Стандарт бағалауды өзгертудің әдістерін және олардың кіріске немесе
зиянға әсерін қарастырады. Есептік бағалаудағы өзгерістердің нәтижесі таза
кірісті немесе зиянды анықтаған кезде мыналарға қосылады:
* есепті кезеңге, егер өзгеріс осы кезеңге ғана әсер етсе;
* өзгеріс болған есепті кезеңге және келесі есепті кезеңге,
егер өзгеріс оларға да әсер етсе.
Кірістер мен зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы өзгерістердің мәні
мен көлемі де түсіндірме жазуларда көрсетілуге тиіс. Сонымен қоса
стандартта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері
қарастырылады. Елеулі қателік дегеніміз есепті кезеңде анықталған,
маңыздылығы соншалық, тіпті бұрынғы жылдардың қаржылық есептемелері
жарамсыз деп санауға әкеп соқтыратын бұрынғы жылдардың қателіктері. Бұрынғы
жылдардың қаржылық есептемесін жасау кезінде жіберілген қателікке
жасалған түзетудің сомасы есепті кезеңнің кірісше немесе зиянына екі
әдіспен қосылады:

* бөлінбеген кірістің бастапқы сальдосын өзгерту жолымен;
* есепті кезеңнің таза кірісіне немесе зиянға енгізу жолымен, бұл орайда
түсіндірме жазуларда мыналарды ашу керек:елеулі қателіктің сипаты, есепті
кезең және әрбір бұрынғы кезең үшін түзету сомалары, қайта есептелген
салыстырмалы деректер немесе себептер, есеп саясатындағы өзгерістер.
Қателіктің бұрынғы жылдардың кірісіне немесе зиянына қалай әсер еткенін
көрсету үшін қосымша ақпарат кесте түрінде тапсырылуы мүмкін.
Есеп саясаты Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі
департаментінің талабы бойынша немесе егер мұндай өзгерту неғүрлым дұрыс
ақпарат алуға мүмкіндік жасайтын болса, кәсіпорынның өзі өзгертуі мүмкін.
Есеп саясатын өзгерту нәтижесінде туындаған түзету сомасы бөлінбеген
кірістің бастапқы сальдосын өзгерту жолымен есеп беруде көрсетіледі және
есепті кезеңнің таза кірісін немесе зиянын анықтаған кезде ескеріледі. Егер
есеп саясатындағы өзгерістер есепті кезеңге, алдыңғы кезеңге және кезекті
есепті кезеңдерге елеулі түрде әсер ететін болса, онда түсіндірме жазуларда
есеп саясатының өзгеру себебі, есепті кезең және әрбір бұрынғы кезеңдер
үшін түзету сомасы, таза кірісті немесе зиянды анықтаған кезде ескерілген
түзету сомасы, қайта есептелген салыстырмалы деректер немесе олардың қайта
есептеудің мүмкін болмау себептері ашылып көрсетіледі.

3.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру — бұл ақша қаражаттары
мен олардың эквиваленттерінің келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша
эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары (мерзімі бір жылдан
кем) және облигация, қазынашылық векселі және т.б. сияқты өтімді бағалы
қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат, біріншіден, кәсіпорынның
ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша
түсімдерін пайдаланудағы кәсіпорынның мұқтажын бағалауға көмектеседі.
Екіншіден, кәсіпорынның таза активтеріндегі өзгерісті, оның қаржы
құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабілетін бағалауға көмектеседі.
Үшіншіден, әр түрлі кәсіпорындардағы операциялық қызмет туралы есеп
берулерді салыстыруға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруде 3 түрге бөлінетін ақша
түсімдері көрсетіледі:

* негізгі қызметтен түскен ақша түсімдері;
* инвестициялық қызметтен түскен ақша түсімдері;
* қаржыландыру жөніндегі қызмет.

2003 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есеп беру

Негізгі қызметтен түскен ақша 2 000000
түсімдері
Таза кіріс
Таза кірісті операциялық қызметтен
алынған қолма-қол төлемдермен
салыстыруға жасалған түзетулер
Тозу 200 000
Амортизация
Активтер мен міндеттемелердегі
өзгерістер:
Дебеторлық берешектің кемуі (өсуі) 1000000

ТМК, кемуі (өсуі) 5 000 000
Басқа активтердің кемуі (өсуі) 1 000 000
Кредиторлық берешектің кемуі (өсуі) 500 000
Қ,ысқа мерзімді берешектің кемуі 500 000
(өсуі)
Салықтарды төлеу жөніндегі берешектің 4 000 000
кемуі (өсуі)
Өзге міндеттемелердің кемуі (өсуі) 5 000 000
Операциялық қызметтен алынран
қолма-қол ақшамен
таза төлемдер 300 000
Инвестициялаудан алынған ақша
түсімдері
Негізгі құралдардағы өзгерістер 1 250 000
Материалдық емес активтердегі 900 000
өзгерістер
Инвестициялауда пайдаланылған,
қолма-қол
ақшамен жасалған таза төлемдер 2 150 000
Қаржыландырудан алынған ақша түсімдері
Төленген дивидендтер 0
Ұзақ мерзімді берешектің өтелуі 1 000 000
Қысқа мерзімді берешектің таза өсуі 0
(кемуі)
Үзақ мерзімді қосымша берешектер 0
Қаржыландыруда пайдаланылған, қолма
қол
ақшамен жасалған таза төлемдер 1 000 000
Ақша қаражаттарының таза өсуі (кемуі) 1 850 000
Кезең соңындағы ақша қаражаттарының 3 000 000
сальдосы
Кезең басындағы ақша қаражаттарының 4 850 000
сальдосы
Ақша қаражаттарының таза өсуі (кемуі) 1 850 000


Операциядан түсетін ақша түсімдері негізінен кәсіпорынның табыс келтіретін
негізгі қызметінің барысында пайда болады. Негізгі қызмет жөнінде мысал
болып табылатындар:
— тауар сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақша түсімдері;

* сыйақылардың, комиссия ақысының және басқа табыстардың ақшалай түсімдері;
* тауарлар мен қызметтер үшін жеткізушілерге төленген
ақша төлемдері;
* қызметкерлерге ақша төлемдері;
* ақша төлемдері немесе табыс салығын өтеу, егер олар
қаржыландыру жөніндегі қызметпен және инвестициялық қызметпен байланыссыз
болса;
— шарттар бойынша ақша түсімдері немесе төлемдер.
Инвестициялық қызмет — бұл ұзақ мерзімді активтердің
және ақша эквиваленттеріне қатысы жоқ басқа инвестициялардың сатып алынуы
немесе шығарылуы.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде туындаған ақша түсімдеріне мыналар
мысал болып табылады:
негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және өзге де ұзақ мерзімді
активтерді сатып алу, сату кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері;
меншікті капиталды немесе басқа кәсіпорындардың қарыз міндеттемелерін,
сондай-ақ бірлескен кәсіпорындардағы қатысу
үлесін сатып алу кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері;
басқа кәсіпорындарға аванстық төлемдер және берілетін
қарыз;
басқа кәсіпорындарға ұсынылған аванстық төлемдерді
өтеуден алынған ақша түсімдері.
Қаржыландыру жөніндегі қызмет — бұл нәтижесі меншікті капитал мен қарыз
қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс болып табылатын қызмет.
Қаржыландыру жөніндегі қызметке мыналар мысал болып табылады:
— акциялар немесе меншікті капиталдың басқа элементін
шығарудан түскен ақша түсімдері;

— акция сатып алған кездегі немесе меншікті акциялардың темін төлеп
алған кездеп акционерлерге ақша төлемдері;
* қамтамасыз етілмеген қарыз міндеттемелерін, займдарды, вексельдерді,
облигацияларды, басқа да қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді займдарды
шығарудан түскен ақша түсімдері;
* алынған займдарды өтеу есебіне ақша төлемдері;
* қаржыландырылатын жолмен, яғни ұзақ мерзімді жалмен байланысты ақша
төлемдері мен түсімдері.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру екі әдіспен жасалады:
тікелей әдіс және жанама әдіс.
Тікелей әдіске басымдылық беріледі, өйткені ол болашақ ақша түсімдерін
бағалауда тиімді болатын ақпаратпен қамтамасыз етеді, ал оны жанама әдіс
бере алмайды.
Тікелей әдісті қолданған кезде ақша қаражаттарының барлық түрдегі
түсімдері мен олардың төлемдері туралы ақпарат екі тәсілмен алынуы мүмкін:
біріншіден, журналдар, қосымша ведомостер бойынша кәсіпорынның есептік
жазуларынан;
екіншіден, сату көлемін, сатылған өнімнің өзіндік құнын және есепті
кезең ішінде тауарлы-материалдық қорларды, дебиторлық және кредиторлық
берешектердегі өзгерістерді ескеріп, шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы
есеп берудегі басқа баптарды түзету жолымен;
— басқа да ақшалай емес баптардан;
— инвестициялық қызметтен немесе қаржыландыру
жөніндегі қызметтен болған ақша қаражаты қозғалыстарының
нәтижесінде ақша әсері туындайтын басқа баптардан. Жанама
әдіс бойынша операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттарының таза түсімі
таза пайданы немесе зиянды түзету жолымен анықталады. Мұндағы
ескерілетіндер:
— есепті кезең ішінде тауарлы-материалдық қорлардағы және операциялық
қызметтен алынған дебиторлық және кредиторлық берешектерде болған
өзгерістер;

— тозу, амортизация, резервтер, салықтар, бөлінбеген пайда сияқты
ақшалай емес баптар;
— инвестициялық қызметтен, сондай-ақ қаржыландыру жөніндегі
қызметтен алынған ақша қаражаттарының қозғалысы нәтижесінде алынған ақша
әсері туындайтын өзге де баптар.
Түсіндірме жазбада кәсіпорындағы ақша қаражаттары мен олардың
эквиваленттерінің маңызды сомалары ашылып көрсетіледі.
Кәсіпорынның қалауы бойынша өтімділіктің қаржы жағдайын анықтау үшін
пайдаланушыларға қажетті болып табылатын қосымша ақпарат алынып
көрсетіледі.

4.Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының барлығы, нормативтік
актілерде қарастырылғаннан басқасы, тек теңге түрінде жүргізілуі тиіс.
Қазақстан Республикасындағы резиденттер және резидент еместер арасындағы
валюталық операциялар Ұлттық банктін нормативті-құқықтық актілерінде, салық
пен кеден заңдарында, қарастырылғаннан басқа жағдайларда, өкілетті банктер
және банктік емес каржылық мекемелер арқылы жүргізіледі.
Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1
"Валюталық ретту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001
жылғы №115 Ұлтгық банкінің Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында
валюталық операцияны жүргізудің Ережесі" негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық
банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз
жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер
заңды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.
Заңды тұлғалар — резиденттері өкілетті банктердегі шетелдік валютада және
оларды жабуы 2 маусым 2000 жылғы №266 "Қазақстан Республикасының
банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері
туралы" Нұсқауда қарастырылған болатын.
Заңды тұлғалардың өкілетті банктердегі есеп шоттарына қолма-қол ақшасыз
тәртіппен келіп түскен шетелдік валюта шектеусіз түрде есепке алынады.
Заңды тұлға-резиденттердің экспортталған тауары (кызметі, жұмысы) үшін
төлем ретінде алған валютасы, 120 күннен аспайтын мерзімді, міндетті түрде
банк шоттарына кірістелуі керек.
Заңды тұлғалар-резиденттер, резидент еместердің пайдасына төлемдер
жүргізген кезде, өкілетті банктерге тиесілі тәртіп бойынша әзірленген
құжаттарды (келісімдер, контрактілер, инвеойстар, коносаменттер, т.б.)
тапсыруы тиіс. Лицензия немесе бұл бойынша талап Ұлттық банкіде тіркелгені
жөнінде куәлік талап етілетін операциялар жүргізілген жағдайда заңды тұлға-
резиденттері өкілетті банкке тиісті құжаттарын тапсыруы тиіс.
Өкілетті банктер валюталық заңдарды сақтауға байланысты қосымша
ақпараттар мен құжаттарды талап етуге құқылы.
Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша төлемдер
екі жақтын кез келген валюта түріндегі келісімдері бойынша жүзеге
асырылады. Резиденттер мен резидент еместердің өкілетті банктер арқылы
жүзеге асырылатын ағымдағы операциялары шектеусіз жүргізіледі.
24 желтоқсан 1996 жылғы "Валютаны реттеу туралы" Заңдарына және 31 наурыз
2001 жылғы №88 ҚР ҰБ басқармасының қаулысымен бекітілген "Капитал
қозғалысымен байланысты валюталык операцияларын тіркеудің Ережелеріне"
сәйкес қаражаттардың резидент еместерден резиденттердің пайдасына көшуін
(орын ауыстыруын) қарастыратын капитал қозғалысына байланысты
операциялардың есебін жүргізу және ұйымдастырудың тәртібі сол аталған
қаулымен белгіленген.
Капитал козғалысымен байланысты Қазақстан Республикасына келіп түсетін 100
мың АҚШ долларынан астам немесе соған сәйкес басқа валюталық
операцияларынан түскен қаражатгар (мүліктерді) міндетті түрде тіркеуге
жатады:
* резидент еместерден 120 күннен астам мерзімге алынған несиелер, лизингіні
де коса алғанда;
* резидент еместердің экспорттық-импорттық мәмілелеріне сәйкес алған
несиелері;
* резидент еместердің төлем ретінде интеллектуалды меншік объектісін толық
әрі айрықша құқын берген жағдайда;
-резидент еместердің төлем ретінде қозғалмайтын мүлікке қатысты мүліктік
құқын берген жағдайда.
Бұл операцияларды тіркеу дегеніміз, ондағы тиесілі келісім-шарттарды
тіркеу және әрекет етіп тұрған заңмен белгіленгендей, келісім-шарттардың
тіркелген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарының есебі
Ақшаны есепке алу
Ақша қаражаттарының есебі туралы ақпарат
Жолдағы ақша қаражаттарының есебі
Ақша қаражаттарының қолдану тәсілдері
Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі. Ақша қаражаттарының есебі
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
Банктегі ақша қаражатының есебі
Ақша қаражатының есебі
Ақша қаражаттарының сипаттамасы
Пәндер