Телебағдарламадағы журналистің позициясы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І тарау. ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАДАҒЫ ЖУРНАЛИСТІҢ ЖЕТЕКШІ РӨЛІ ЖӘНЕ СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

ІІ тарау. АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАДАҒЫ ЖУРНАЛИСТ ИМИДЖІ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 64
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗБЕГІ

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Журналистика факультеті

Телевизия және радиожурналистика кафедрасы

Карибаева Ботагөз Төреханқызы

Телебағдарламадағы журналистің позициясы
(“Қазақстан”телеарнасы 2006-2007)

Жоғары оқу орнын бітіру үшін
қорғалатын бакалавриаттық

Бітіру жұмысы

Ғылыми жетекшісі - ф.ғ.к., доц. Жидегүл Әбдіжәділқызы.
Ресми сарапшысы – Иманбай Жұбаев.
“Қазақстан” телеарнасының вице-президенті.

Телевизия және радиожурналистика кафедрасының
2007 жылғы ... ... ... ... . мәжілісінде
талқыланып, қорғауға жіберілді.

Кафедра меңгерушісі ... ... ... ... ... ... ... .. ф.ғ.к., доц.
Бейсенқұлов.А.

Мемлекеттік емтихан комиссиясының сараптауына қабылданды
Диплом қорғау күні: 2007 жылғы 12 маусым.

Комиссия хатшысы ... ... ... ... ... .. ф.ғ.к., доц.Шыңғысова.Н.

Алматы, 2007

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І тарау. ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАДАҒЫ ЖУРНАЛИСТІҢ ЖЕТЕКШІ РӨЛІ ЖӘНЕ СӨЗ
БОСТАНДЫҒЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .. 5

ІІ тарау. АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАДАҒЫ ЖУРНАЛИСТ ИМИДЖІ ЖӘНЕ КӘСІБИ
ДЕҢГЕЙІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 64
ҚОСЫМША
МӘЛІМЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 69
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗБЕГІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 78

КІРІСПЕ
Эфир – телевизияның айнасы. Біздің көз алдымыздан сол көгілдір экран
арқылы күн сайын сан миллиондаған көріністер сырғып өтіп жатыр, сол арқылы
сан алуан сәттердің куәгері болып, қаншама ақпараттар тасқыны адуындап
бойымыздан еніп, жан дүниемізге әсер етуде. Бірақ соның барлығының басы-
қасынан табылып, жинақтап, екшеп көрермен назарына ұсынушы журналист қауымы
екенін ешқашан есімізден шығара алмаспыз. Сондықтан журналисіне қарап
эфирін таны дейтін қағида ықылым заманнан күні бүгінге дейін өз мәнін
жоймай, қайта қазіргі кемелденген ақпараттық технология, ғажайып
жетістіктер заманында одан әрі қуат ала түскен сияқты. Құдіретті эфир қай
кезде болмасын оның иесінен ұстамдылық пен сабырлықты талап етеді. Егер
оның айналасында азғантай адамдардан ғана құралған топ қызмет етсе, арғы
жағында сан мыңдаған көрермен тұр. Сондықтан Телебағдарламадағы
журналистің позициясы деп аталатын тақырыпты бітіру жұмысына арқау етуіміз
ғажайыбы шексіз телевизия мен оның бас тірегі болар журналистің арасындағы
тығыз байланыс, көзге көрінбес сыры мол әдеп жиынтықтарын саралап, зерттеп
көруден туындап отыр. Тақырыптың маңыздылығы сол, бұған дейін қанша рет
қозғалып келсе де өзінің өзектілігін ешқашан жойған емес, сондықтан
телебағдарламадағы журналист позициясын әр қырынан аша түсіп, одан тың
жаңалық табуға талпындық. Демек эфир төрінен табылар журналист қауымының
өзіндік дара қасиеттері мен адамгершілік талап-тілектерін зерделеп, кәсіби
қызметіне тән адал ұстанымы мен бағыт-бағдарын салмақтап, ой таразысына
тартуды жұмыс барысындағы мақсатымыз бен міндетімізге жатқыздық. Бұдан
бітіру жұмысының өзектілігі айқындалса керек-ті. Зерттеудің өзектілігіне
үңілу барысында біз үшін алдымен бірнеше мәселенің басын қайырып, астарына
көз жүгіртуге тура келді. Яғни, телебағдарламадағы журналист позициясын ашу
біріншіден, журналистің бағдарламадағы жетекшілік рөлін сипаттап алуды
қажет етті. Сөйтіп, журналистің көтерер жүгі мен атқарар жауапкершілігін
екшеп алған соң, екіншіден, сөз бостандығы мәселесіне үңілуді жөн көрдік.
Өйткені эфирде сөз еркіндігінің жайы сол екен деп не нәрсені болмасын
көсіле сөйлеу – ол сөз бостандығы емес. Ал шын мәніндегі сөз бостандығы
одан да зор жауапкершілікті талап ететін кірпияз құрал. Бұл ретте
Қазақстан Республикасының Конституциясын назарға алып, мән-жайды одан әрмен
саралап көруге мүмкіндік туды. Міне осы аталғандардың түгелін салыстыра,
салмақтай келе телебағдарламадағы журналист позициясының қандай болу
керектігіне көз жеткіземіз. Түптеп келгенде сол позиция арқылы алдымен кез-
келген эфирдің бет-бейнесі қалыптасады, сосын журналистің имиджі және
кәсіби деңгейі дараланып шығатынын анық байқаймыз. Бұған бітіру жұмысының
Авторлық бағдарламадағы журналист имиджі және кәсіби деңгейі деп аталатын
екінші тарауы өздігінен мысал бола алады. Яғни бітіру жұмысының нысаны
негізінде қазақ телевизиясының қарашаңырағы – Қазақстан Ұлттық телеарнасы
таңдап алынып, ондағы жұрт назарына ұсынылып жүрген бірқатар
бағдарламалардың сыр-сипатын талдап көруге ұмтылдық. Нәтижесінде, шынымен,
қазіргі күллі қазақ шаңырағының төрінен рухани байлық сыйлап келе жатқан
телеарнаның ұлт мүддесі жолындағы бағыты оның хас шебер ілкімді
журналистерінің ұстанған көзқарасымен астасып, біте қайнасып жатқандығын
аңғардық. Бұдан шығар қорытынды бітіру жұмысының жаңалығымен де маңыздылығы
дәлелдей түссе керек. Яғни, кез-келген телеарнаның ерекшелігі сол, өзінің
әрбір журналисін дұрыс тәрбиелеуге шақырады. Бір сөзбен айтқанда, эфирдің
құдіретіне қарап журналист бой түзейді. Мәселен әр журналист Қазақстан
арнасының ұлттық болғандығы үшін позициясын жасауға қарекеттенбейді, сол
абыройлы атқа кір келтірмей, туын жықпас үшін талпыныс жасайды. Сондықтан
жұмыстың жаңалығы өз кезегінде кез-келген БАҚ өкілі үшін қажеттілік көзі.
Бұдан жұмыстың тәжірибелік құндылығы да анықталмақ. Жоғарғы оқу орны
студенттерінен бастап, өзін журналистика кәсібіне тәрбиелейтін әр жанның
пайдасына бұл еңбек көмекші құрал ретінде жарап тұр. Ал бітіру жұмысының
зерттеу әдісіне көбінесе салыстыру мен сараптама беруге мейілінше назар
аударылды. Сөйтіп жалпы жиыны 79 бетке тең еңбектің құрылымы кіріспе,
негізгі бөлім, қорытынды, қосымша мәліметтер және сілтемелер тізбегі мен
пайдаланған әдебиеттер жиынтығын қамтыды.

І тарау. ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАДАҒЫ ЖУРНАЛИСТІҢ ИМИДЖІ ЖӘНЕ СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ
Журналист қандай болуы керек? Оның кәсіби шеберлігінің сыры неде
деген сұрақтар әлі де зерттелу үстінде. Ғылыми коммунизмнің негізін
салушылар бұл жөнінде талай-талай құнды пікірлер жазып қалдырды. Ф.Энгельс
“Коммунистер және Карл Гейнцен” деген мақаласында публицистің кәсіби сипаты
қандай болуы керектігін тұжырымдай келіп: “белгілі бір көзқараста болу,
игілікті пікірде болу...жеткіліксіз. Ол үшін терең ойшылдық пен ақыл, ашық
та айқын пікірлі ой, жарасымды стиль және білімділік керек,-деп жазды.”
Пікірде әдеби-публицистикалық, қоғамдық қызмет адамдарының бойынан табылуға
тиісті қасиеттер айқын көрсетілген. Өз дәуірінің көкейкесті проблемаларын
қозғап, қоғамдағы алуан түрлі аудиторияны әлеуметтік, саяси және басқа
арнаулы хабармен қамтамасыз ету, жұртшылықтың қоғамдық пікірін, көзқарасын
қалыптастыру сияқты маңызды да жауапты жұмыс шынайы кәсіптік даярлықты,
үлкен шеберлікті талап етеді.1
Талантты тележурналистер өз хабарларында сөз, музыка және бейне
көріністерді шебер қиюластыра, өмірдің айшықты суретін экранда нанымды етіп
береді. Бізді қоршаған орта нағыз шынайы өмір. Замандастарымыздың әрбір
күні әсемдік әлемімен, ән-күймен, өнермен, күрделі проблемалармен етене
байланысты. Кез келген еңбек адамының образын, тұрмыс-салтын бейнелеуде,
рухани жан дүниесін бар қырынан, нанымды етіп ашып көрсетуде, оның өнерге,
жаңалыққа, болашаққа деген құштарлығына, ой-сезімдеріне терең барлау
жасамай болмайды. Себебі, замандастырымыздың асқақ бейнесін жасауда, оның
егемен елдің адамына тән идеялық сенімін, рухани кемелдігін көрсетіп,
бойындағы ең тамаша қасиеттерін аша білуіміз қажет.
Өмірден үйрену, көрген –білгенді зердеге тоқу, сөз өнерінің қыры мен
сырына терең бойлау тележурналистің басты қасиеті болуға тиіс. Бұларсыз ол
өмірдің өз тілімен сөйлеп, көпшілікті айтқанына сендіре алмайды. Эфирден
берілетін әр сөзіне жауапкершілікпен қарау, хабарының көрерменін
жалықтырмайтындай болуын көздеу, деректің нанымдылығы сияқты мәселелерге
журналист жоғары талғаммен қарауы тиіс.
“...Біз журналист шеберлігін қойған мақсатының айқындығына қарап,
пәнді меңгере білуіне, мазмұнды жазып, оған жарасымды форма табуына және
оның жазу әдісінің барған сайын жетіле түсуіне қарай бағалайтын боламыз”,-
дейді профессор Тауман Амандасов. Тележурналистің шеберлігі оның
ұйымдастырған хабарынан, микрофон алдында сөйлеу мәнерінен, кейіпкерлерін
әңгімеге тарта білу қабілетінен көрініп тұрады.1
Телевизиялық журналистке жүктелетін міндет те өзің өмір сүріп отырған
қоғамның толғақты проблемаларын тап баса отырып, көпшілік пікіріне
жолбасшы, бағыт берер бағдаршам болуда екен.
Теледидардағы бағдарламалардың қызғылықтығы мен кейіпкерлер бейнесінің
ашылуы, көрерменнің ойын оятып, оның өмірінде қандай да бір өзгерістерге
жол ашса, ол өзіне жүктелген міндет пен уақыт үдесінен шыққан болады.
Позицияға Сағымбай Қозыбаев өзінің Журналистика Казахстана
энциклопедиясында мынандай мағына берген:
Позиция -1)орны, орналасуы.
2) жұмысқа деген көзқарасы, журналистің іс-әрекеті.
2
Ал, Құдайберген Тұрсын мен Жарылқасын Нұсқабайдың “Көгілдір экран
құпиясы” атты сөздігінде, позицияға мынандай анықтама берілген.
“Позиция-бағыт белгілі бір мәселеде ұстанған жол” .3
Журналистика әлемі –алып мұхит. Арпалыс пен айқасқа толы, буырқана
бұлқынып, шарпысып жатқан сезімтал әлем. Ол күн сайын бізді өзінің түпсіз
тұңғиық құпиясына еріксіз тарта береді. Ал, сол әлемнің шыңырауына түсіп
кетпеу үшін де даралық пен қабілет, пайым, парасат пен байқампаздық керек.
Ізденімпаз жанға нәтиже-мол білім, тынымсыз еңбек, өз ісіне деген
сүйіспеншіліктің арқасында келеді. Ізденіс пен азапты арпалысты өз
өмірінің кредосы етіп алған журналист қауымның қалам тербемейтін,
араласпайтын саласы жоқ. Бәрінде де іс-әрекеттерді өз жан дүниесімен
сезіне өз биігінен баға беріп, ой-тұжырым жасайды. Парасат әлеміндегі
кейіпкерлерінің көңіл-күйіне ене отырып солармен бірге тыныстап, сезім
шуағына бөленеді. Осының бәрі де “шеберлік” дейтін мәнді ұғыммен етене
байланысты. Шеберлік жоқ жерде ойлы да көркем дүниенің өмірге келмейтіндігі
әлімсақтан белгілі. Десек те,бізде күні бүгінге дейін тележурналистикадағы
жекелеген даралықтардың методологиясы тиянақты зерттеліп, қорытылған емес.
Қазақ тележурналистері бұл саланың жетістіктерін толық меңгеріп, игеріп
кете алған жоқ.
Өнер қай кезеңде де мәңгілік. Ол- миллиондар жүрегіне жылу беретін,
халық санасындағы өткен кезеңдердің сұрыпталған көркем бейнесі. Осы көркем
бейнелерді өмірге әкеліп, оған түр мен сымбат дарытатын-талант иелері. Шын
мәнінде, қырық жылға жуық тамаша тарихы бар қазақ теледидары таланттардан
кенде болған емес. Замана ағымына, уақыт тынысына орай сол кезеңдердің
өткір де толғақты проблемаларын, хабарларының алтын арқауына айналдырған
Совет Масғұтов, Қадыр Даутов, Марат Барманқұлов, Сұлтан Оразалин, Шерхан
Мұртаза, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы, Қынабай Аралбаев, Бейбіт
Құсанбек теледидардың қиын да қызықты тарихының куәгерлері. Теледидарға
өзіндік бет тауып, соны соқпақ салып, мәнерлі үн мен сөйлеу тілін
қалыптастыру таланттардың ғана ақыл-ойынан суарылып барып өмірге келетіні
анық.
Өмірде қадамын жаңа бастаған жас журналистерді тақырыпты қайдан
аламыз, материалды қалай жинақтаймыз, кейіпкерлермен қалай әңгімелесеміз,
сюжет және композицияны қалай құру керек, қалай жазуымыз керек және
жазылғандарды қалай өңдейміз, жалпы, сценарий жазу технологиясы қандай?-
деген мың сан сауал ойландырады. Шын мәнінде, шебер журналист боламын деген
жастың құпиясы мол, ағыны қатты, иірімі терең, қатпарлы да қалың дүние
жайлы сәттілік ойлардың құрсауынан өмір бойы босап шыға алмасы анық. Ол,
кімді болсын, өзінің қайнарлы, терең иіріміне үздіксіз тарта береді.4
Бүгінгі таңда қай салада болмасын бағалауды қажет ететін жайлар
жеткілікті. Дегенмен, әдебиетті және өнерді деректендіру сыры неде?
Біріншіден, өскелең уақытқа орай көрермен де өзгерді. Олар ақпараттар
тасқынының молдығынан білім мен мәдениеттің шырқау биігіне көтеріліп, көп
мәселелерде өздері байлам, қорытынды жасайды. Оларға теледидар, радио және
газет ақыл-ойға нәр беретіндей дерек, факті және ақпараттарды үздіксіз
беруде. Осы себептерге сүйене отырып, публицист және аудармашы Л.Гинзбург
өз ойын құбылысты “шындыққа жалпы жақындау” деп қорытты.
Екіншіден, елуінші жылдардың екінші жартысында өмірімізге кіріккен
ғылыми-техникалық революция-фото, кино, радио, теледидар және видео
саласында кереметтей таңдайқаққызарлық жаңалықтарға жол ашты. Адамзат
баласының ақыл-ойының дамығандығы соншалық, бүгінде жаңалықтарды игерудің
мамандарға да мүмкін болмай отырғандығы. Ақпарат әлемі шетсіз-шексіз мұхит
іспеттес. Онда жағалаулар байқалмайды. Оған себеп, бізге бүгінгі күні
ертең аласа көрініп, басқа бір ойлар үстемдік алады. Өйткені, ақпараттар
тасқынының ғарыштық жылдамдықпен құйылуында. Деректерге жүгінсек, жыл сайын
ғана “деректі” ақпарат 7 миллиард беттен астам, ал жоспарлы-басқару жазба
құжаты 60 миллиард бетке кобеюде.
Күн сайынғы телебағдарламадағы хабарлар көлемі 2000 сағаттан астам.5
Ақпараттар тасқынының молдығы адамның саяси санасының дамуына да
әсерін тигізуде. Ол адамдардың кәсіптік шеберлігі мен қоғамдық бағдарына да
әсер ете отырып, оның жан-жақты қалыптасуына көмектесуде.
Теледидар төрінде қара сөздің құдіретіне айрықша мән берген. Сағат,
өмірде де сөз тылсымына ерекше бас иіп өтті. “Ой биік те терең ғой, тек
соны жеткізетін сөз болмай тұр-ау!”,- деген қаламгерлерді Лев Толстой қатты
кінәлап: “Ой табылып, соған лайық сөз табылмады дегенге сенбеймін”,-деген
болатын. Демек, өмірдің көркем шындығын кернеуін келістіре, дәуір көшіне
ілестіре отырып, тап басу қажет екен. Ұшқыр ой мен салиқалы талдау да
публицист қаламының қарымдылығына тікелей байланысты.
Журналист тақырыпқа бірден ұмтылмай, оның ішіне жайлап, жан-жағына көз
сала бәрін байқай отырып, аса сақтықпен енуі керек. “Жай жүрсең –алысқа
жетесің” деген қағиданы тележурналистердің жұмыс барысында басшылыққа алуы
еш артықтық етпейді.
Журналистика-өте жауапты өндіріс алаңы. Онда кез-келген жағдайда да
сабырлылық керек. Егер журналист шешімі солқылдақ әрі іс-әрекетінен
кемшіліктің белгісі аңғарылып тұрса оған деген теріс көзқарас қалыптасады.
Іске селқостық қатынасы, жұмыс барысында үлкен кемшіліктерге әкеліп
соқтырады. Материал жинау кезінде оған бетпе-бет келген адамдар екі ұшты
ойда болады. Оған шындықты айту қажет пе, әлде жалған сөйлеу яки қажетті
мағлұмат беру әлде бермеу керек пе, әңгімеге араласу керек пе, жоқ па?-
деген сияқты. Қашанда шешімділік пен жинақылық, тиянақтылық пен парасат өз
бойыңнан табылып, іскерлік үстем болуы тиіс.
Сапар барысында материалды артық әлде толық емес күйінде жинақтаудың
қайсысы қажетті? Шын мәнінде бұл автордың жеке өзіне қатынасты жайт.
Біреулері-қажетті деректердің ішінде жүзіп жүргенді қалайды. Ал, басқалары
керісінше. Дұрысы қайсы? Осы орайда, М. Горькийдің Г.Фишуға жазған хатында:
“Аз да болса ойды іркіңкіреу қажет, ол оқырманның өз миын әрекетке
келтіруін туындатады, ол солай етіп үйренуді түсінеді ”-деген.6 Осы ойдан
шығатын қорытынды: хабарға материал жинақтаудың жетімсіздігі немесе
көрерменге толық емес хабарлаудың қайсысы қажет? Егер журналист толық әрі
қажетті материалды жинамаған жағдайда ақыл-ойын, миын қозғалысқа келтіріп,
жағдайды мүмкіндігінше терең түсініп, көп тоқуы қажет. Соңында, өзінің өмір
тәжиребесі, ойлау қабілеті мен ой қорытуы бос материалдың орнын толықтыруға
көмекке келеді. Егер хабар барысында оқиға желісі көрерменге түгел
айтылмаса, олар біздің ойымызды толық айтуды көздемегендігіңді сезінуі
қажет. Алайда, қандай жағдайда да өзің материалда беретініңнен көп
жинақтауың ешқандай да артықтық етпейді.
Эфирдегі жекелік-журналистке қажетті қасиеттерді бойға жинақтау
мүмкіндігін береді. Тек қана –жекелік! Ол қайбір істе де алғашқы!
Журналистикада кез келген жағдайда да жекелікке қысым жасамау қажет.
Теледидардағы жекелік-даралықтың туындысы.
Соған қарамастан тележурналистер өз мүмкіндіктерін жан-жақты жетілдіре
түсіп, шеберлік мәселелерінің теориялық тереңіне бойлай беруін уақыттың
өзі қажет етіп отырғандығы айқын. Күрделі де күрмеуі мол шеберлік
мәселелерін зерттеуші Б.И.Бурсов былай түсіндіреді: “Шеберлік-өз ісіңді
шебер меңгеру, қандай жағдайда, қандай кезеңде болсын еңбегіңнің жемісті
шығуына жетіле беру керек деген сөз. Сондықтан шеберлікті белгілі бір
әдіспен, тәсілмен, тәжірибемен келген икемділікпен қатар қоюға болмайды.
Шеберлік дегеннің өзі істің мәнін айқын түсіну, жазайын деп отырған
шығарманың мазмұнын, бағытын, атқаратын міндетін жан-жақты айқындап, оны
терең және нәзік сезіну, сөйтіп көздеген мақсатқа жету жолында мамандықтың
әр түрлі әдіс-тәсілін меңгере білу. Шығарма жазудың барысында осы жайларды
ескере отырып, шеберлікті барған сайын жетілдіре беру керек. Өйткені,
еңбек жемісі адамның күш-қуатының нәтижесінде пайда болады. Міне, осы еңбек
жемісінің сапасын көріп, біз енді соны шығарушының шеберлігін байқаймыз...”
Сөйтіп, шеберлік дегеніміз- әрқайсысы бөлек-бөлек мақсат та, мазмұн да, пән
де, түр де емес, керісінше, бұлардың барлығын тұтас қалпында жан-жақты
меңгеру екен. Сондықтан олардың бәрін бірлікте алып, қарастырып, оған жазу,
сөйлеу әдісін, хабарды даярлау шеберлігін қосу керек. Сонда біз өзіміздің
журналистік шеберлігімізге қойған мақсатымыздың айқындығына,
сценарийіміздің мазмұнын жазып, жарасымды түр табуына және экрандағы сөйлеу
әдісіне қарай түстеп, бағалайтын боламыз.
Тележурналистің жұмыс уақытының ең өнімді, негізгі бөлігі адамдар
арасында өтеді. Ал адамдармен түсінісу, оларға белгілі ықпал ету, пікір
алмасу іскер әңгіме арқылы ғана мүмкін болатын нәрсе. Сондықтан да
адамдармен еркін араласып, тіл табысып, сенімді сөйлесудің, олардан шынайы
сыр тарта білудің маңызы үлкен. Осы арада журналистің шеберлігі байқалады.
Егер ол шын шебер болса әңгіме үстінде өзін де, кейіпкерін де қинамайды,
тұйыққа да тіремейді. Іскер әңгіменің тілін өмірдің өз тілі деуіміз керек.
Өйткені, онда ешқандай жасандылық болмайды.
Телебағдарламадағы журналист айналасындағы оқиғаларды өзінің
қабылдауы, өмірге көзқарасы және әлеуметтік позициясы тұрғысынан бағалайды.
Ал оның дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасын өзі өмір сүріп отырған
қоғамдық орта қалыптастырады. Шындығында, уақыт өмір сахнасына шығарып
отырған әрбір құбылыспен қабыса отырып, ол жайлы көрерменге түсінікті
тілмен және әсем айшықтармен жеткізе білу өмір талабы. Әр журналистің
жасаған хабарлары терең де, жан-жақты талдауларға, жаңалықтарды, шындықты
таба білу, аңғару дәрежесіне көтерілуге тиіс. Автор-сценарист өмір
материалдарын зерттеп, дәлелдерін сипаттап, тақырыбын таңдап, деректерді
жинақтап, қорытындыға келгенде де белгілі бір принципті басшылыққа алады.
Материалдың жүйелі қиюласуы, оның шеберлігіне, тәжірибесіне, өмір шындығын
саралай, талдай білуі мен деректерді іріктей білу әдісіне де тікелей
байланысты.
Телехабардағы жүргізушілерді әрбір елде әрқалай атайды. Мәселен,
Германияда оларды “модератор”, АҚШ-та “шоумен”, Англияда “энкормен”
деген есімдері теледидар көрермендеріне жақсы таныс. Энкорь сөзінің түбі
“якорь” (зәкір). Ол хабардың барлық тыныс-тіршілігін қолында ұстаушы, соған
бақылау жасаушы.
Шетелде “шоумен”, “энкормендердің” жүргізушілік даралығы, шеберлік
қарымы, алымдылығы мен шалымдылығы жүз миллиондаған көрермендердің көз
алдында тікелей өтіп жатады. “Энкормендер”- теледидардың қоғамға, халыққа
әсер етуінде теңдесі жоқ ерекше, зор құбылыс. “СИ-БИ-ЭС”-тің жаңалықтар
қызметіндегі Дэн Разер “энкормендердің” немесе “тележұлдыздардың” бірі.
1984 жылы Разердің жылдық табысы 2,2 миллион долларды құраса, 1990 жылы бұл
көрсеткіш 4 миллионға немесе аптасына 76 мың долларға жеткен.
Дэн-аса талантты, қарымды, өткір тұлға. Ол өзі жүргізетін әрбір
хабарға мұқият дайындала, оны қызғылықты жайлармен әрлей, өте тартымды, аса
тартысты жүргізеді. Тікелей оқиға өтіп жатқан “отты нүктелерден” репортаж
бере отырып, әлем таныған ірі, айтулы тұлғалармен экранда бетпе-бет келіп,
азулы айқасқа түседі. Білімі мен біліктілігін, өзі ұстанған позициясын,
таланты мен танымын әрбір хабарда соңына дейін сарқа пайдаланады.7
Шындығында, бағдарлама жүргізушісі болу - аса ауыр әрі азапты жұмыс.
Күн сайын әлденеше миллиондаған көз сенің әрбір қимылың мен сөзіңді, ақыл-
ойың мен парасат-пайымыңды қалт жібермей қадағалап, таразылап, ой-өлшеміңе
баға беріп жатады.
Тележүргізушінің шеберлігі мен біліктілігі жылдар бойы қалыптасады.
Тапқырлық пен әдістерді меңгеру ауқымды ізденіспен, ауыр еңбекпен келеді.
Гарри Кингтен, “Телебағдарламадағы журналистке қандай қасиеттер
керек?” дегенде, ол: “Біріншіден-қызығушылық, екінші-әңгімелесуші адамын
тыңдай білу, ал қалғанын үйренуге болады”,-деп жауап берген. Осы
қасиеттердің бәрі де тележүргізушілер үшін ерекше құнды. Эфир кезінде
қонақтарды байыптылықпен, сабырлылықпен тыңдай білу де үлкен өнер.
Жалпы, журналист қай кезеңде де қоғамды толғантып, отырған мәселелерге
үн қоса, соны шешу, шешілу жолдарын іздестіреді. Әңгіменің өн бойындағы
ойлар мен пікірлерді, елдің ертеңіне қызмет жасауға икемдейді. Жүректерді
мазалаған жалынды ойлар, мейлі ол президент не премьер болсын, сол биіктегі
дәрежелермен иық теңестіре отырып, ой алыптарымен майдан төріндегі айқасқа
алып келеді. Жалғыз ауыз сөзімен, қас-қағым сәттік ойлы орамдармен алып
елдердің мемлекет не үкімет басшысын ой додаға қосу да, одан тұщымды, ойлы
жауап алу да оңай шаруа емес. “Журналист актер, спортшы немесе дәрігер
сияқты әрқашан жақсы формада болуы керек. Оған жайбарақаттық сезім
лайықсыз, өйткені, өмір алға қарай тоқтаусыз жылжиды. Ал журналист сол
өмір ағымына өзінің білімімен ғана емес, шеберлігімен де сай болуға тиіс”,-
деп ой тұжырымдамайды Ю. Летунов. Журналист іскерлігінің сыры, оның табысқа
жету құпиялары жайлы талай жылғы тәжірибесіне сүйене отырып, ол кәсіптік
даярлықты шыңдаудың бірден-бір жолы талмай үйрену, нысанды жалықпай зерттеу
екенін дәлелдейді.
Шеберлік қырларының бірі-тележурналистің өзінің ұстанған позициясы,
стилі. Хабардың өн бойында көрермен түсінігіне жақын стиль табу қажет-ақ.
Алайда, біздің редакторларымыз не жүргізушілеріміз хабар жасауды өз стилін
жасаудан бастамайды. Ұзақ жыл істеген сақа не кеше келген жас жазсын,
олардың позициясы, стилі, тілі, тақырыбы, жанрларының қауызынан шыққандай
тым ұқсас. Бұл сценарий жаза білмеуден емес, әрбір редактордың өз стилін
жасауға немқұрайдылығынан. Соның салдарынан бізде тақырып ұқсастығынан
туатын жайлар тым көп. Ол тақырыптың аздығынан емес, жас редакторлардың
ізденіске жоқ, не болмаса қажетті нәрсесін білмеуінің белгісі. Тақырыптан
жұрдай болған редактор не айтарын білмей, нәрсіз риторикаға немесе
шаблондық аллегорияға салынады. Ал риторика болса ойдың кедейлігінен
туады. Ұлттық теледидарымыздың биікке шыға алмай жатқаны да, ізденістен
іркілістің, даралықтан “орта бойлы дембелшелердің” экран бетіндегі
талғамсыз көптігінен. Өзіндік беті, соны соқпағы, айтар ойы, жеке даралығы
болмаған “дарынсыздар” теледидардың алтынға бағаланар уақытын тақырып
тарлығымен, ойсыз, нәрсіз ойларымен, жылуы жоқ, жылтыр сөздермен толтырып,
сан миллиондаған көрермендерінен айырылып отыр. “Таланттарды жас кезінен
тани біліп ”, мәпелеп, баптап, жарауын келістірсе, күні ертең-ақ от ауызды,
орақ тілді шешендер теледидар төрінде көсіле сөйлеп, айызыңды қандырып,
мерейіңді биіктетері ақиқат.
Телевизиялық публицистика жанрының көп қырлығы-жүргізуші шеберлігін
шыңдап, дүние әлемін тереңдетіп, ой-өрісін кеңейтеді. Эфирдегі
комментатордың мағыналы ойлары көп нәрсені аңғартады. Көрерменге айтылатын
әрбір сөз өз жүрегінен, оның қатпарлы қабаттарымен қатар өріліп, қабыса
қиюласа шығуы керек.
“Сөз өрнегін салу, сөз айшығын жасау-үлкен өнер. Бұл сөз қорын мол
игеріп, оларды шебер қалай білу, шебер тіркестіре, үйлестіре алу, сөзді
ырыққа көндіріп, көңілдегі көрікті ойды көркем жеткізуге қызмет еттіру”,-
дейді профеесор Темірбек Қожакеев.
Танымал ғалым Н. Омашұлы “Журналист-қоғамдық тұлға, қайраткер. Қазір
журналистиканың бағы ашылып, жұлдызы жанған кезең деп білген жөн. Бұрынғы
қырсық тым идеологияшылдық, партияшылдық, тақырыптық диапазон тарлығы,
жазар обьектінің аздығында еді. Қазір кемшілік журналистер қауымының
мамандық мүмкіншілігін толық пайдалана алмай отырғандығында ... Ұшқырлық,
тездік, батылдық, қандай да проблеманы ашық жазу, астарына үңілуге ұмтылу
журналистикамыздың жаңа сипаттары деуге саяды. ” Осыдан түйіндейтін ой,
біріншіден, журналистердің қоғам алдындағы жауапты мамандығына селқостығы,
екіншіден, басшылық пен продюссер тарапынан тікелей, күнделікті бақылаудың
жоқтығы, үшіншіден, орыс тілі басымдық танытатын арналарда, ұлттық
тіліміздегі хабарларға деген жауапсыздықтың белең алуы. Сондықтан, теле
эфирдегі бағдарламаларды министрлік тарапынан бақылайтын арнайы орган
құрылып, ол материалдың сапасы мен мазмұнына, тілі мен тақырыбына дейін
саралап отыруы керек. Көрермен талғамы мен талабы жыл сайын артып отырған
кезеңде, телеарналарды тілге салғырт қарайтын, мазмұнға мән бермейтін
жауапсыздардан тазалап отырған артықтық етпейді.8
Сөз бостандығы деген не?
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабында былай делінген:
1.Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым
салынады.
2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін
ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.
3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның
тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты,
әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты,
сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе
үгiттеуге жол берiлмейдi. 
2-бап.
1. Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа
арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған
кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының
Конституциясында кепiлдiк берiледi. 
Цензураға тыйым салынады.
2. Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар мен
бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматты оның құқығы мен мүддесiне
қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн
қамтамасыз етуге мiндеттi. 
3. Мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын
мәлiметтердi жария eтуге, экстремизм немесе терроризмдi насихаттауға және
ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың
техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есiрткi
құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, сондай-ақ порнографияны
насихаттауға жол берiлмейдi.9
Тәуелсіздіктің бұғанасын бекіту, елдікті нығайтуға атсалысу
тележурналистиканың тікелей міндеті. Биліктің талабы мен халықтың тілегі
бір арнада тоғысқан кезеңде, мемлекет мүддесі мен көрермен мүддесі де
жақындаса түсіп отыр. Сөйтіп, қоғам сан алуан пікірлер тоғысы мен ой-идея
еркіндігіне бет бұрғанда, қазақ тележурналистикасына да осы бағытта алдыңғы
шепке шығу қажеттігі айқындалды. Сан миллиондаған көрерменнің ғасырлар
бойына қалыптасқан кеңестік түсінік пен ұғым идеясынан, бірден арылуы да
бірер жылдың аясына тарлық етері анық. Оған ондаған жылдар бойына сана-
сезімі мен ойлау процесін демократия үрдісіне қарай ойыстыруға оңтайлы
тетік тапқан, дарынды үрдісіне қарай ойыстыруға оңтайлы тетік тапқан,
дарынды, тегурінді, аудиторияны сендіре әрі айтқанына ұйыта білетін
талантты жүргізушілер шоғыры керек.
Елбасы Н.Назарбаев демократиялық қоғамға шынайы ақпараттық керек
екенін айта келіп: “Біріншіден, азаматтардың нақты өмірдің, сондай-ақ,
көпірме сөздің қайда екенін, екіншіден, ақиқаттың және қарақан бастың қамы
үшін бұрмалаушылықтың қайда екенін, үшіншіден, іскерлік, парасат, сондай-
ақ, пысықайлық қайда екенін, төртіншіден халыққа қызмет етудің, сонымен
бірге билік үшін лас әрекеттің қайда екенін білуге мүмкіндік береді.
Халыққа осынау мәселелерді ақиқат түсінуге көмектесіңіздер”,-деді.10
Жаңа қоғамда, қазақ тележурналистикасы әлі кәсіби шеберлігі,
техникамен жарақтандырылуы жағынан олқы соғып жатты. Сексенінші жылдардың
орта шенінде қазақжурналистерінің шығармашылық бағытын өзгертуге жасалған
әрекет өз нәтижесін бере қоймады. Кадрларды жаңалау тәуелсіздіктен кейін
мықтап қолға алынды. Тәжірибелі газет журналистерінің эфирге келуі,
ақпаратқа шапшандық беріп, кең ауқымда ойлайтын, әрі қоғам толғатып отырған
мәселелерді көтеретін жаңа бір лекті сахнаға шығарды. Бір мезгілде
мемлекетке ең ықпалды күш теледидарды сақтап қалу да қажетті еді.
Сондықтан, демократиялық қоғамда мемлекеттік теледидарды сақтау:
біріншіден, атқарушы орган, Парламенттің көпшілік ақыл-ойы мен саяси еркін
толықтай білдіруге әлі де дәрменсіздігі; екіншіден, Бақ халық пен өкімет
арасындағы дәнекерші рөлін атқаруы; үшіншіден, теледидар көпшіліктің саяси
және экономикалық саладағы сауаттылығын ашып, азаматтық қоғам түзуге жәрдем
көрсетіп, демократияның нығая түсуіне көмек жасауы; төртіншіден, жаңадан
орнығу үстіндегі демократиялық үрдістерді орнықтырудан туындады. Сөйтіп,
әлеуметтік институттарға қолдау білдіріп, олардың сөз бостандығын
конституциялық шеңберде пайдалануына бақылауды босаңсытпауды-кезең талап
етті.
Бүгінде елімізде әлеуметтік жаңару үрдістері күрделі әрі шиеленісті
жағдайда жүріп жатыр. Қоғам бір-бірімен кереғар идеялар мен пікірлер
тайталасының алаңына айналды. Бір жәйт айқын: қоғам дамуындағы күрт
бетбұрысты кезеңде жоғарыдағы биліктердің бір-бірімен тығыз байланысы мен
ынтымағынсыз мемлекет еркін тыныс ала алмайды. Бұған соңғы жылдары бұқара
санасында пайда бола бастаған төртінші билік-БАҚ билігінің күшін қоссақ,
қоғам дамуындағы онды өзгеріс аясының кеңейе түсері ақиқат. Әңгіме, осы
құбылыс механизмі тетігінің қалай айналуында, оның қалай қабылдауында болып
отыр.
Төртінші билік шындық па, әлде елес пе -осы идеяны тұжырымдық тұрғыдан
негіздеуге ұмтылған ғалымдар мен журналистер соңғы уақыттарда газет-
журналдарда өз ойларын ортаға салып, пікірлер сайысына шақырып келеді.
Шынайы сөз еркіндігіне тұсау салынып отырған қоғамда баспасөздің толық
тәуелсіздікке ұмтылуы заңды. “Төртінші билік” заң жүзінде бекітілген жоқ,
оның міндеттері негізделмеген. БАҚ туралы республика Заңы баспасөздің,
радио мен теледидардың қоғамдағы орнын өз мүддесіне сай бір арнаға
бағыттап, журналистердің құқығына ішінара ғана кепілдік берді, олардың
міндеттерін тар шеңберде белгіледі. Онда БАҚ-тың билік өкілеттігі жөнінде
сөз жоқ. Демек, журналистика әлемін “төртінші билік” елесі кезіп жүр.
Жаңа өрлеу үстіндегі қоғамда өзінің мақсаты мен міндеттеріне сай жаңа БАҚ
саны аз мемлекеттік телеарналарға ең жоғары әлеуметтік саяси жауапкершілік
жүктеледі. Демократияландыру жолына түсе отырып, олар бағдар жаңартудың,
ескіше ойлау тәсілін аластаудың кездеспей қоймайтын қиындықтарын бастан
кешіріп, әдеттегі таптаурын тәсілдер мен әлеуметтіктен бастартты.
БАҚ-тың төртінші билік екеніне жетудің бес алғы шартын атауға болады.
“Ең алдымен, әділ де адресті сынға көтерілу керек. 2) Журналистердің
Конституция мен БАҚ туралы заңда көрсетілгендей, “заң жүзінде тыйым
салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуына және таратуына”, оларды
терең зерттеп, ықпалы, әсері күшті материалдар жазуына мүмкіндік беру
керек. 3) Журналистің өз шеберлігін жетілдіріп, жазу, сөйлеу мәдениетін
арттыру. Оғаштығы, олақтығы көзге жиі ұрады. Журналистерден айшықты сөзді,
айқын бейнені, мәселені терең білуді, кәсіби шеберлікті, материалды
талантты түрде, жүрек лүпілімен жеткізуді меңгергені орынды. 4) Пікір
таласына, теориялық, практикалық айтыстарға батыл да жиі бару. Бұл –ақпарат
құралдарының айбынын арттырудың, шындыққа жетудің, қате-кемшіліктердің
бетін ашудың, берілетін материал, хабарларды қызықты, тартымды етудің жолы.
5) Үкімет, тиісті орындар тарапынан ақпарат құралдарына қолдау көрсетіп,
назар аударып, мән беріп, қорытынды шығаруды әдет-дағдыға айналдыру керек
екендігін естен шығармау лазым. Кеңес өкіметі, компартия басшылығы тұсында
жоғарыдан Бақ ісі жөнінде ақыл айту, үйрету, нұсқау хаттар жіберу, қаулы
–қарар қабылдау жақсы жолға қойылған еді.11
Қазіргі заманғы телевизия – күнделікті тіршілігіміздің айнасы,
бүгінгі тұрмыста сананы билейтін ой-өрісімізді, өмірге көзқарасымды
орнықтыратын ақиқат аралы. Тәуелсіздік аясында айтылар әңгіме, көтерілер
тақырып сан алуан. Сол көп қырлы идеология жалпы жұртшылық түсінігіне
ұғыныңқы, тарихтан тамыр алатын ізгілік жалғастығы болғаны шарт.
Теледидардың тәуелсіздіктен кейінгі даму кезеңін ғалым Ғ.Ыбраева
шығармашылық және технологиялық жағынан екі кезеңге бөліп қарастырады:
• 1991 жылдың желтоқсан айынан 1994 жылдың сәуір айына дейін –бірінші
кезең;
• 1994 жылдың сәуір айынан 1995 жылға дейін –екінші кезең.
Олай болса, Ғ.Ыбраеваның бірінші-екінші кезеңі тәуелсіздікпен қатар
келеді. Үшінші кезеңді 2001-2004 деп бөлуге болады. Оған себеп республика
теледидары тәуелсіздіктің он жылында күрделі жолдардан өте отырып, уақыт
кезеңіне сай өзінің даму бетін айқындады. Әрі зерттеуші екінші кезеңді
шартты түрде ғана алған. Себебі зерттеуші еңбегі жарыққа 1995 жылы
шыққандықтан, ол екінші кезеңді осы мерзіммен аяқтаған.
Қоғамның ықпалды күштерінің алдыңғы сапында БАҚ жүреді.
Мемлекетіміздің өркендеу дәуірінде теледидардың елеулі қызмет етуін
дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас. БАҚ-тың жаңа мемлекет, жаңа қоғамды
қалыптастыру жолындағы қыруар істері жөнінде Н.Назарбаев үнемі айтып
келеді. 2003 жылдың 4 сәуіріндегі Президенттің Қазақстан халқына
Жолдауында: “Біздің бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамымызды
демократияландыру барысындағы рөлі мен орнын айқын анықтап алуымыз керек”,-
делінген. Осы талаптың өзі өмірдің, бүгінгі қоғам дамуының құбылыстарынан,
сұраныстарнынан туындап отырған қажеттілік.
Қазақстандағы сөз бостандығын қорғайтын Әділ сөз ұйымы 2007 жылдың өткен
4 айына жүргізген зерттеулерінің қортындысын жариялады. Атылмыш ұйымның
дерегі бойынша, биылғы жылы Қазақстанда 1 журналист жоғалып, 6 журналист
қылмыстық қудалау көрген екен.
Сөз бостандығының жай-күйіне зерттеу жасап отырған Әділ сөз ұйымының
өкілдері Қазақстандағы сөз еркіндігінде өткен жылмен салыстырғанда
айтарлықтай ілгерілеушілік байқалмайды, есесіне қорқыту-үркіту, неше түрлі
келеңсіз жағдайларға бару жылдан-жылға артып келе жатыр дейді. Аталмыш
ұйымның президенті Тамара Калеева:
Биылғы жылдың 4 айында өткен жылға қарағанда қылмыстық
жауапкершілікке тарту оқиғасы көбейді. Біздің жеткен жетістігіміз бен артып
отырған үмітіміз - ол жаңадан дайындалған БАҚ туралы заңмен байланысты.
Біздің армандағанымыздай аталмыш заң парламентке жолданған қалпында
қабылданатын болса, онда журналисті қылмыстық жауапкершілікке тарту жайлы
бап алынып тасталмақ. Егер жүзеге асатын болса бұл үлкен жетістік болар
еді, - дейді.
Әділ сөз ұйымының деректеріне жүгінсек, биылғы жыл басынан бергі
өткен 4 ай ішінде Қазақстанда 1 журналист жоғалып, 3 журналист қорқыту-
үркітуге тап болған, 4 рет редакцияға шабуыл жасалса, журналистің кәсіби
қызметіне кедергі жасаудың 8 оқиғасы тіркелген. Ал 6 журналист қылмыстық
қудалау көрген, БАҚ пен журналистке қойылатын азаматтық-құқықтық
талаптардың саны 40-қа жеткен, оның 37-сі – ар-намысты қорғау жөніндегі
талап. Ар-намыс пен іскерлік беделге келген шығынның сомасы 37 млн. 150 мың
теңгені құраған.
Қазақстандағы сөз бостандығының жай-күйі алаңдарлық жағдайда екендігі
Баспасөз бостандығы күні қарсаңында жарияланған халықаралық Фридом Хауз
ұйымының биылғы жылғы баяндамасында да айтылды.
Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев Қазақстанда
белгілі бір деңгейде сөз бостандығы бар деп есептейді. Алайда, қысым
көретін телеарналар мен басылымдар да бар екенін, сөз еркіндігі
шектелетінін де айтады
Әр журналистің іштей өз цензурасы бар, ол көзге көрінбейді.
Себебі, кейбір журналистер батыл тақырыптарға бармайды, оны көтермейді, -
дейді Сейітқазы Матаев.
Сentral Asia Monitor басылымының суретшісі Еркін Нұразхан сөз
бостандығы деген ұғымды әркім өзінің жеке мүддесіне пайдаланбау керек деген
пікірде.
- Мен мынау үкіметтік газет-журналдарды, өздерін тәуелсіз санайтын
басылымдарды үнемі қарап отырамын. Олардың кез-келгенінде шын, әділ сөздер
айтылып жатады. Кейде елдегі ресми басылым саналатын Егемен Қазақстанның
өзінде де ашынған, шындықты айтқан материалдар шығып жатады. Сөз еркіндігі
дегенде, менің ойымша, әркім өзінің жеке мүддесін, бас пайдасын ойлап
біреуді қорлап, ар-ұятына тимеу керек. Ортақ істі айту керек, - дейді Еркін
Нұразхан.12
– Менің жақсы көретін Владимир Познер деген ағамның бір айтқаны бар
еді. Өз сөзінде ол былай дейді: Сөз бостандығы деген – ақ қағазға не
ойлайсың, соның барлығын жазып, мықтылап бір жерге тығып қою деген сөз.
Шын мәнінде, сөз бостандығы жоқ деп ойлаймын. Мәселен, мен кейбір жайттарды
ең жақын көретін адамыма да айта алмаймын. Жаман жаңалықты таратпауға және
барлық нәрседен жақсы нәрсені көруге тырысамын. Негізінен, журналистер көп
нәрсені біледі, бірақ айта бермейді. Сөз бостандығын өз басым әрбір сөзіне
жауап беру деп түсінемін,-дейді “Хабар” агенттігінің тілшісі Бейсенбек
Құранбек.
Ал қатардағы азаматтар сөз бостандығын жай күйіне қандай баға береді?
Алматы тұрғындарының пікіріне назар аударсақ:
Журналистерді төртінші билік болу керек дейді ғой. Міне, сол
дәрежесіне жетпей тұр. Журналистердің жазғанына орай, шара қолданып, нәтиже
шығарудың орнына оны қайта басып тастайды. Қанша жамандасақ та Кеңес
үкіметі кезінде бастық пен шыбынды газетпен өлтіруге болатын еді, - дейді
Сәулебек есімді зейнеткер.
Қазақстандағы сөз еркіндігі даму үстінде. Менің пікірімше, сөз
бостандығы деген ақпаратты кім қалай жеткізеді деген мәселе. Кез-келген
үкіметтік және оппозициялық басылымдар нені қаласа соны жазады. Бұл енді
сөз еркіндігі емей немене?, - дейді Сержан Молдасанұлы есімді азамат.
Дүниежүзілік Баспасөз бостандығы күні ЮНЕСКО бастамасымен 1991 жылдың
мамыр айының 3-і күні қабылданған Виндхук декларациясына арналып
белгіленді. Аталмыш декларация дүние жүзіндегі тәуелсіз баспасөздің маңызды
рөлін баяндау үшін жазылды. Ол құжатта барлық елдердің үкіметтерін өз
елдерінде баспасөз бостандығын кепілді түрде қамтамсыз етуге шақырған.13
Сөз бостандығы – рухани бостандықпен қайнар бұлағы, адамзаттың
жанкештілікпен қажымай-талмай ізденіп келе жатқан құндылығы. Сөз
бостандығының ең беделді көрсеткіші-елдегі БАҚ тыныс-тіршілігімен тікелей
байланысты. БАҚ бүгінгі қоғамдық дүниетанымның қалыптасуына әсер ететін,
кейде соны тікелей қалыптастыратын ұтқыр құрал. Бірақ солай екен деп БАҚ-ты
тек өздерінің ғана пікірін шегелеп сіңіруге талпынса, ол әділетсіздік
болар еді. Әрі Бақ-ты дамыту айқындамасының маңыздылығы-біртұтас ақпарат
кеңістігін қалыптастыру ұстанымы болуға тиіс. Қоғам тірлігінің осынау
маңызды саласын әдетте заң реттеп отырады. Ол ақпаратты ұйымдастыру мен
жеке адамдардың заң тиым салмаған кез келген жолмен, кез келген тәсілмен
таратуына құқық береді. БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат тәуелді елдің
ақпарат айдыны ұлттық мүдеге қызмет ететіндей болып жүргізілуі керек.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 желтоқсандығы “Қазақстан
Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы” жарлығы,
міне осы мәселені шешуге қызмет етуі тиіс. Онда республиканың Ақпарат
және қоғамдық келісім министрлігі арқылы біртұтас коммуникациялық орта
жасақтап, республиканың кешенді ақпарат кеңістігін қалыптастырудағы
мемлекеттік шаралар айқындалған.
Қазақстан саясаттанушылардың көзқарасы бойынша, өтпелі кезеңнің басты
белгісі-екіұштылық. “Түрлі әдет ғұрыптардың бірлігі және көптеген
формациялардың элементтерінің тоғысуы өз кезегінде конгломераттарды
өмірге әкеліп, қарама –қарсы бірліктегі эклектиканы туындатады.
Көпшілігінде, басшылықтың әкімшілік-бюрократтық әдісі орын алып,
демократиялық процесті жүзеге асыру кезеңінде белгілі бір формализм
үстемдік құрып, әрі халықтың өзі-өзі басқаруы, патернализм, ойлаудағы
инерцияның пайда болуы, шығармашылықтағы шыншыншылдық өмірге келеді. Осының
бәрі де, қоғамдағы тұрақсыздықты туындатып, кризистік құбылысты одан әрі
тереңдете түседі.14Тәуелсіздігімізді алып, демократиялық даму жолына
түскен кезеңде республикамыздың жүріп өткен жолдарын былайша жүйелеген
орынды. ”
Бірінші кезең (1985 тамыз-1990жылдар) партия, комсомол, кәсіподақ
секілді ірір әлеуметтік күштердің сахнадан кетуі. Жаңа тәуелсіз БАҚ-тың
пайда болуы.
Екінші кезең (қыркүйек 1990-наурыз 1995 жылдар) КСРОазаматы аталған
үрдістің тәуелсіз Қазақстан азаматы аталуымен аяқталуы. Осы кезеңде
қоғамдық-саяси және ұлттық қозғалыстардың жандануы.
Үшінші кезең, саясаттанушылардың пікірі бойынша (сәуір 1995-қыркүйек
1998 жылдар) жалпы қазақстандық азаматтық теңдікті орнықтыруға бет ала
отырып, Қазақстанның тұрғын емес халықтарында идентификациялық сезімді
орнықтыруға бағыт ұстануы.
Төртінші кезең, Н.Назарбаевтың 1998 жылдың қырқүйегіндегі Қазақстан
халқына Жолдауынан бастау алады. Бұл кезең қазақстандықтардың құндылықтарды
өзгертуге бағыт алуымен айқындалады.
Біздің теледидар зерттеушілерінің бір олқылығы телетуындыларда
қатарласа, қабаттаса көрінетін ұқсас мәселелердің ұқсаса шешімдерін, ұқсас
бейнелерді дара-дара талдап, олардың өміршендігін тереңнен ашып
көрсетпеулер болып табылады. Сондықтан экрандағы бүгінгі хабар таратудағы
кемшіліктерді былай атап көрсетуге болады: а) арналар санының шектен тыс
жылдам өсуі және хабар таратудағы бәсекелестіктің әлсіздігі;
ә) біртектес, арзанқол хабарлардың өсу бағдарының байқалуы;
б) телесериалдар кейіпкерлеріне еліктеген жастар арасында қылмысты
істердің көбеюі; в) жасөспірімдерге арналған бағдарламалар санының
қысқаруы; г) теледидардың сапалық ұстанымы “хабардар ету, білім тарату,
көңіл –көтерудің ” бедел соңынан қуушылық нәтижесінде орындала
бермеушілігі; д) теледидарда талғамсыз хабарлар санының өсуі; ж) хабар
тарату саласында салиқалы мемлекеттік саясаттың, арнайы заңның жоқтығы.
Ашық қоғам құру-күрделі, ұзаққа созылатын әрі қиын міндет. Егер жаңа
демократиялық елдермен бірге Қазақстан өзінің қол жеткен бостандығын
сақтап, өркендетер ниеті болса, онда қоғамдық, сондай-ақ жекеменшік салада
сөз бостандығын паш етіп, қолдап отыратын институттар құруы қажет. Ал
барша мүдделі жақтар, журналистер, саясаткерлер, ресми адамдар еркін және
ашық қоғам жағдайындағы іс-қимылдың, өзара түсініктің күрделі өнерін
меңгеруі шарт. Тіпті көне демократияның өзінде бұл кәсіп өкілдерінің өзара
қарым-қатынасының қарсы шығу немесе тіптті тайталаса сипаты да болды. Қай
кезеңде де БАҚ-ты дамытудағы басымдылық мыналарға берілуі керек.: БАҚ
қызметінің заңдық негіздерін жетілдіру; салықтың жеңілдік жүйесі мен
коммуникациялық желілерге шетелдік несиені кеңінен пайдалану; еңбекті,
қаржыны бір қолға шоғырландыратын біртұтас ірі ақпарат концеріне біріктіру
арқылы жалпыұлттық БАҚ-ты мемлекеттік реттеу; ҚР ұлттық ақпарат саясатының
жаңа айқындамасын жүзеге асыру.
Өмірімізге “тәуелсіз баспасөз” бен “пікір алуандығы” деген ұғымдардың
енуі аса маңызды оқиға болып табылады. Мұның өзі –демократияландырудың және
адам мен қоғамды саяси әлеуметтендірудің айқын мысалы. Журналистер өзінің
бағдарын батыл көрсетіп, жаңа мемлекеттік құрылыстың, болашақ Қазақстанның,
ұлтаралық және азаматтық келісімнің, дамудың қазақстандық төл жолын таңдау
мен жүргізіліп жатқан реформаларды тереңдету қажеттігінің ең бір көкейсті
мәселелері жөніндегі көзқарастары арқылы бір-біріне жақындаса түсті.
Қазақстан теледидарының демократиялық қоғам кезеңінде жаңаша бағытқа
бетбұрғанын байқау қиын емес. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері елдің,
жердің, мемлекеттің тыныс-тіршілігінды білдіретін, ішкі-сыртқы хабарлар
жеткізіп отыратын электронды ақпарат құралдарының өрісі кеңейіп, қатары
толығып келеді. БАҚ-тың алуан үнділігі барған сайын сындарлы сипат ала
бастады. Қазақстанның электронды ақпарат құралдарының беріктігіне көрші
Ресейде адамдардың санасында бұрынғы ескі идеяны жандандыруға тырысқан
коммунистік күштердің қуатты қысымына төтеп беру өзіндік бір емтихан
болды. Барлық арна журналистерінің ең айбынды бөлігі Қазақстан халқының
жалпыұлттық мүдделері мен тәуелсіз мемлекеттік құрылысты қорғауға жанын
салды. Олар жалаң сынның желеуінен арылып, халықтың экономикалық және
әлеуметтік саладағы қиын-қыстау жағдайының себептерін айтып қана қоймай,
жұртпен бірге болып, елді терең дағдарыстан шығарысуға әзір екенін
білдіріп, жауапкершілікті өз мойындарына алды. Сөйтіп, журналистердің
обьективті бағдар мен этикасы алдымен мемлекеттік тәуелсіздіктің іргетасы
болып табылатын республиканың кінәратсыз ақпарат кеңістігін қалыптастыруға
ықпал етті.
Бақ-тың басты міндеті –қоғамда болып жатқан өзгерістерді әділ әрі
шынайы жеткізу, сол арқылы демократияық қоғамның негізгі құндылықтарына
қатысты белгілі бір келісімнің құрылуына ықпал жасау болып табылады. Дәл
осы келісімнің болуы азаматтық қоғамның беріктігі мемлекеттің
тұрақтылығының маңызды алғышарттарын құрайды. Біздің қоғам мен мемлекет
баспасөздің, теледидардың осындай билігін, оның бостандығы мен
тәуелсіздігін қаншалықты түсінсе, соншалықты шынайы демократия, құқықтық
тәртіп бекитін болады, әрі ұлттық қуаттылығы артады. БАҚ-тың осындай
міндетті орындауға сай болуы үшін тиімді құқықтық негіз жасау –мемлекет
парызы. Мұны тәуелсіз Қазақстанның 1991 жылы 28 тамызда “Баспасөз және
басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Заңының қабылдануымен
түсіндіруге болады. 1999 жылы 23 шілдеде отандық масс-медианың әрі қарай
дами түсуіне, мемлекеттік емес БАҚ-тың артуына, ірі медиа- құрылымдарының
қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен жаңа заң қабылданды. 2001жылы оған
бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мамандардың бақылауынша,
АҚШ-та радио хабар таратушылар өз тұтынушыларының санын 50 миллионға 38
жылда, теледидар 13 жылда, ал Интернет төрт-ақ жылда жеткізіпті. Ғаламдық
ақпараттық қоғам қалыптасуының жылдамдығы осындай. Бүгінде, Қазақстанның
әлемдік ақпараттық кеңістікке кіруі, қазіргі заман технологиясын белсенді
пайдалану медиа нарықтың тұтас бөлігін, мысалы телерадио хабарларын тарату
саласының, құқықтық реттеуден тыс қалуына әкеліп соқтырды.
Ақпарат министрлігі тарапынан жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесі
бойынша (репрезентативті таңдау бойынша республиканың барлық аймағынан 1200
адам сұралынған), қазақстандықтар БАҚ жұмысындағы мынадай жайларға:
а)жарнаманың негізсіз көптігіне; ә)қоғам мен мемлекеттің нағыз ділгер
мәселелеріне назар аудармауға, олардың мүддесін өздерінің меншік иелерінің
мүддесімен ауыстыруға; б)БАҚ-тың билік орындарына тәуелділігіне; в) жалған
ақпараттың таратылуына көңілі толмайтынын білдірген. Осындай себептердің
салдарынан маңызды әлеуметтік институт ретінде БАҚ-қа қоғамдық сенімінің
төмендеуінің орын алуы мүмкін. Жаңа заңды әзірлеу қажеттілігі жеке тұлға,
қоғам мен мемлекет мүдделерін сақтаушы демократия институты ретінде БАҚ
қызметіне қолайлы жағдайды құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіре түсуден
туындайды.15
Ал, енді журналистің телебағдарламадағы мәдениеті туралы сөз
қозғасақ.
Эфир қай кезеңде болмасын онда жұмыс істеушілерден ұстамдылық пен
сабырлықты талап етеді. Мұнда тәрбиелік те аса қажетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұхбат түрлері
Сұхбат жанрының енуі
Медиабілім беру білім беру саласының арнайы бағыты ретінде
Көркем деректі жанр түрлері
Тележурналистика жүйесіндегі сұхбат жанры
Теледәрігер бағдарламасында
Телевизия – синтетикалық өнер
Журналистика және қоғам
Баспасөз бостандығының келелі мәселелері
Сұхбат негізінде ақпараттық жанр
Пәндер