Жерге меншік құқығы



Кіріспе 2

1. Жерге меншік құқығының түсінігі және оның түрлері 3
2. Жерге мемлекеттік меншік құқығының және жер учаскелеріне жеке меншік құқығының пайда болу негіздері 7
3. Жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығының объектілері 9
4. Жерге мемлекеттік меншік құқығының мазмұны 9
5. Жерге жеке меншік құқығының мазмұны 11

Қорытынды 13
Әдебиеттер: 14

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 2
1. Жерге меншік құқығының түсінігі және оның түрлері 3
2. Жерге мемлекеттік меншік құқығының және жер учаскелеріне жеке меншік
құқығының пайда болу негіздері 7
3. Жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығының объектілері 9
4. Жерге мемлекеттік меншік құқығының мазмұны 9
5. Жерге жеке меншік құқығының мазмұны 11
Қорытынды 13
Әдебиеттер: 14

Кіріспе

Жерге мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасында алғаш рет
Конституцияда КСРО құрамында болған кезде орнықтырылып, Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясында бекітілді.
Мемлекеттік меншік құқығы барлық жерлерді қазіргі кезгі және болашақ
ұрпақтардың мүддесі үшін жоспарлы және ұтымды түрде пайдалануға мүмкіндік
береді. Меншіктің бұл түрі ҚР жер кодексінің 5-бабында көзделген жер туралы
заңнаманың барлық міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бұл жөнінде
біз осы оқу құралының басында атап өткенбіз.
Жоғарыда аталғандай, Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке
меншік танылып, теңдей қорғалады.
Меншікті пайдалану қоғамның игілігіне қызмет етуі тиіс. Меншіктің
субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру
көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен анықталады. Мұндай
заң болып Қазақстан республикасының Жер кодексі және республиканың меншік
құқығы мен жер пайдалануға қатысты туындайтын қатынастарды реттейтін басқа
да заңдары табылады.

1. Жерге меншік құқығының түсінігі және оның түрлері

Қазақстан Республикасының Конституциясы меншік құқығы мәселесінде
меншікті пайдалану құқығын алғашқы орынға қояды, себебі, жерге мемлекеттік
меншік пен жеке меншік құқықтарының негізгі мазмұны болып қоғамның
игілігіне қызмет ететін жерді пайдалану құқығы табылады.
Шаруа (фермер) қожалықтары және тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісі
үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын енгізу осы
жер пайдалану түрінің субъектілерінің мүдделерімен және ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді ұтымды және тиімді пайдаланумен байланысты. Өйткені,
аталған мәселе жер туралы жаңа заңнаманың басты міндеті болып табылады.
Бұл жерлердегі жеке меншік құқығы осы құқық субъектілерінің топырақ
құнарлығын, жер айналымын арттыруға, экологиялық салауаттылықты қамтамасыз
етуге қатысты материалдық мүдделерін арттырады. Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлердегі жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектілері
экономикалық, әлеуметтік және экологиялық шараларды жүргізуде ауыл
шаруашылық органдарынан тәуелсіз болып келеді, соған қарамастан олар
Қазақстан Республикасының бүкіл халқының салауаттылығы үшін ауыл шаруашылық
өндірісінің тиімділігін арттыруда мемлекеттің көмегіне сүйене алады.
Қазақстан Республикасының ауылдың экономикасын, мәдениетін, тұрмысын
көтеруге және басқа да әлеуметтік, экономикалық мәселелерге қатысты
жүргізіп отырған шаралары арқылы бұған оңай көз жеткізуге болады.
Жер учаскесіне азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке
меншік құқығын орнықтыру — бұл объективтік қажеттілік. Бұл мыналармен
байланысты:
Біріншіден, орман және ауыл шаруашылығындағы жер учаскелері өндіріс
құралы ғана емес, сонымен қатар, орналасу жері, өндірістің және қоғам
мүшелері қызметінің базис-аумағы да болып табылады. Мүліктік сипаттағы
объектілер (тұрғын, бағбандық, саяжайлық, өндірістік үйлер, құрылыстар,
ғимараттар) мен жер құқығы қатынастарының (ғимараттың, құрылыстың жерін
пайдалану, оларды күту, сол жерлерде бағбандықпен және бақшалықпен
айналысу) арасында тығыз байланыс болады.
Екіншіден, жер учаскесіндегі меншік объектілерін пайдалану мен жер
учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану құқығының субъектісі болып тек
бір тұлға (жалға беруді есептемегенде) табылады. Тәжірибеде меншік
құқығының объектілері немесе жер учаскесі берілетін жағдайларда (сату-сатып
алуда, мұрагерлік жағдайында және т.б.) жоғарыда аталған екі объект те
бірге беріледі.
Сол себепті, жер туралы заңнама осы мәселелерді ескере отырып, ҚР Жер
кодексінің 23-бабында былай делінген, Қазақстан Республикасы азаматтарының
жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық
жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін,
сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды), олардың мақсатына сәйкес
қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік
емес, соның ішінде, тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және
олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер
учаскелері болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22-желтоқсандағы Жер
туралы заң күші бар Жарлығының 1-бабы (бұрын Негізгі терминдер және
анықтамалар деп аталған) жерге заттық құқықты көздеген. Бұл құқық меншік
құқығы, жер пайдалану құқығы, жеке меншіктегі жер учаскесін уақытша
пайдалану құқығы, сервитут және басқа да заттық құқықтар ретінде анықталды.
Бұл Жарлықтың 11-бөлімі Жерге меншік құқығы және басқа да заттық
құқықтар, 3-тарауы Жер учаскесі меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және
басқа да заттық құқықтардың объектісі ретінде, 5-тарауы Жерге меншік
құқығы деп аталды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24-қаңтардағы Жер туралы заңы
жерге заттық құқық анықтамасын бермеді. Бұл заңның 2-бөлімі Жерге меншік
құқығы, жер пайдалану құқығы және басқа да құқықтар, 3-тарауы Жерге
меншік құқығы, 4-тарауы Жер пайдалану құқығы деп аталды. Бұл заңның 5-
тарауында да (Жер учаскесі меншік құқығының, жер пайдалану құқығының және
басқа да құқықтардың объектісі ретінде) жерге заттық құқық түсінігі
болмады. Алайда, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20-маусымдағы жаңа
Жер кодексінің 2-бөлімі Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және
өзге де заттық құқықтар деп аталды, ал бұл бөлімнің тараулары мен
баптарында заттық құқықтың түсінігі, оның түрлері мен құқықтық жағдайы
талданбады.
Қазіргі кезде ҚР Жер кодексі бойынша, жер, жер учаскелері, жер
пайдалану құқығы, сервитут келесі негіздер бойынша заттық құқықтың
объектілері бола алмайды.
Жерге меншік құқығының түсінігі ҚР Жер кодексінің 3-бабында берілген.
Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскелері
Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте
де болуы мүмкін.
Жер, оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер және жануарлар дүниесі,
басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте болады.
Меншік құқығы үшін ҚР Конституциясының нормаларында жердің, оның
қойнауының, су көздерінің, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің табиғи
ресурс ретіндегі сипатының анықтамасы зор мәнге ие.
Жер — бұл адам мен қоғам үшін тек экономикалық қажеттілік емес, ол
табиғаттың басқа да объектілерімен байланысқа түсе отырып экологиялық мәнге
де ие болады. Жердің барлық табиғи ресурстарды біріктіре отырып, оларға
табиғи ортаны жасауы бекер емес. Бұл оның меншік объектісі ретіндегі,
сонымен қатар, пайдалану және қорғау объектісі, яғни, табиғи ресурс
ретіндегі құқықтық жағдайына әсер етеді.
Заңдармен жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі
мен қызметінің негізі ретінде сақтау және оны ұтымды әрі нысаналы пайдалану
қағидалары бекітілген. Ол үшін жерлерді экологиялық пайдаланудың маңызы
экономикалық пайдаланудан кем емес.
Жердің меншік объектісі ретіндегі ерекшелігі оның кеңістікте белгілі
бір шекарада шектелуінен, жылжымайтындығынан және табиғи жағдайлар мен
қоршаған ортаға тәуелділігінен байқалады.
Жерді пайдаланудың ерекшелігі ҚР жер қорының нысаналы мақсатын
анықтауда ескеріледі (ҚР ЖК 1-бабының 1-тармағы).
Алайда, ҚР 2003 жылғы 20-маусымдағы жаңа Жер кодексінде, жоғарыда атап
өткеніміздей, Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және өзге де
заттық құқықтар бөлімінде (2-бөлім), Жер учаскесі меншік құқығы, жер
пайдалану құқығы және басқа да заттық құқықтардың объектісі ретінде
тарауында (5-тарау) және Жер пайдалану құқығы тарауында (4-тарау) заттық
құқық түсінігі заңды негізсіз қолданылған. 4-тараудың 28-бабында былай
делінген: жер пайдалану құқығы заттық болып табылады. Осы Кодекске немесе
заттық құқықтың мәніне қайшы келмейтіндіктен, жер пайдалану құқығына меншік
құқығы туралы нормалар қолданылады.
Бұл жерде заңды талдауды қажет ететін екі мәселе бар, себебі, олар жер
құқығы нормаларын игеруде теориялық және тәжірибелік мәнге ие. Біріншісі,
бұл — жер пайдалану құқығына меншік құқығы нормаларының қолданылуы;
екіншісі — жер пайдалану құқығына меншік құқығы нормаларының қолданылуы Жер
кодексіне және заттық құқықтың табиғатына қайшы келмеуі.
Жерге орналастыру меншік нысанына тиесілігіне және оларда шаруашылық
жүргізу нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерлерде жүргізіледі.
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және
шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы
пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер
пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы
мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды
бағалау, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау
мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін
жер қорының сапалық және мөлшерлік жай-күйін базалық (бастапқы), жедел,
мерзімді байқау жүйесін білдіреді.
Жерге меншік нысандарына, жердің нысаналы мақсаты мен пайдаланылу
сипатына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық жері жер
мониторингінің объектісі болып табылады.
Жер кодексімен көзделген бұл шараларда да заттық құқық туралы мәселе
қозғалмаған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің түсіндірмесінде1
аталғандай, табиғи ресурстық құқық (соның ішінде, жер, су және орман
құқықтары) және экологиялық заңнама құқықтың дербес салаларына бөлініп
шықты. Олардың өздеріне тән құқықтық қатынастарды реттейтін нормалары мен
азаматтық заңнаманың арасында қайшылықтар болған жағдайда аталған құқық
салаларының нормалары жоғарғы заң күшіне ие болатын болды. Осылай,
азаматтық заңнама табиғи ресурстық және экологиялық құқықтың нормаларына
айрықша мән береді.
Сол себепті, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 28-бабының
нормалары ҚР Конституциясының жерге меншік құқығы туралы нормаларына, Жер
кодексінің өзіне және ҚР Азаматтық кодексінің 1-бабының нормаларына қайшы
келеді. Осыған сәйкес, ҚР Жер кодексінің 2-бөлімі мен 5-тарауының
атауларынан заттық құқық сөзін алып тастау қажет. Ал ҚР Жер кодексінің 28-
бабының мәтінін өзгертіп, былай көрсеткен жөн: Жер пайдалану құқығы — бұл
тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін мерзімсіз (тұрақты жер
пайдалану) немесе белгілі бір мерзімде (уақытша жер пайдалану), ақылы
немесе ақысыз негізде иелену және пайдалану құқығы. Бұл өзгерту ҚР Жер
кодексінің 12-бабының 30-тармағына сәйкес келеді. Жер кодексі 28-бабы
мәтінінің мұндай өзгерістері бұл Кодекстің басқа нормаларына ешбір өзгерту
әкелмейді. Себебі, ҚР Жер кодексінің 6-бабының 4-тармағына сәйкес, егер
Қазақстан Республикасының жер, орман, су заңдарында, жер қойнауы,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы,
қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарында өзгеше көзделмесе, жер учаскелерін
иелену, пайдалану және оларға билік ету, сондай-ақ олармен мәміле жасасу
бойынша мүліктік қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен
реттеледі.
ҚР Жер кодексінің аталған нормасында да заттық құқық түсінігі жоқ.
Жер туралы заңнама мен азаматтық заңнаманың жер учаскелерінің режиміне
қатысты байланысын төмендегі схемадан көресіздер (қосымша № 1).

№ 1 қосымша

Жер туралы заңнама мен азаматтық заңнаманың жер учаскелерінің режиміне
қатысты байланысына қатысты схема

Жер туралы заңнаманың нормалары Азаматтық заңнаманың нормалары
мыналарды қарастырады: қарастырады немесе қарастырмайды:
1) нысаналы мақсат (ҚР ЖК 1-бабы)1) нысаналы мақсатты
қарастырмайды
2) нысаналы мақсатты мемлекет 2) заттардың нысаналы мақсаты
анықтайды (ҚР ЖК 1-бабы) мемлекетпен анықталмайды
3) мемлекеттік басқару жүзеге 3) жеке меншік иелеріне тиесілі
асырылады (ҚР ЖК 13-19 баптары) заттар мемлекетпен басқарылмайды
4) жер учаскелерін ұтымды және 4) заттың нысаналы және ұтымды
нысаналы пайдалануға және де пайдалануына мемлекеттік бақылау
қорғауға мемлекеттік бақылау жүзеге асырылмайды
жүзеге асырылады (ҚР ЖК
18-тарауы)
5) мемлекеттік органдар жер 5) заттардың жер мониторингіне
учаскесінің мониторингін жүзеге ұқсас мониторингі жүргізілмейді
асырады (ҚР ЖК 159-бабы)
6) мемлекеттік жер кадастры 6) заттар табиғи объект ретінде
жүргізіледі (ҚР ЖК 152-бабы) кадастрға жатпайды
7) табысталған жер учаскелері 7) азаматтық заңнама заттың,
қатаң нормаланып отырады (ҚР ЖК мүліктің нормасын, санын, көлемін
50-бабы) анықтамайды
8) жер учаскелері меншік құқығы 8) азаматтық заңнама бойынша адам
мен жер пайдалану құқығының жасаған заттар табиғат объектісі
объектісі бола тұра табиғи ресурсжәне оны қорғау объектісі бола
ретінде қорғау объектісі алмайды. Оларға жер туралы және
түріндегі қасиетін де жоғалтпайдыэкологиялық заңдармен реттелетін
(ҚР ЖК 18-тарауы) табиғи ресурстарды қалпына
келтіру мен өндіру, соның ішінде,
жер учаскелерінің құнарлығын
қалпына келтіру туралы
нормалардың қатысы жоқ
9) жер учаскелерінің меншік 9) азаматтық заңнама меншік
иелері мен жер пайдаланушылардың иелерінің заттық құқықтың
құқықтары мен міндеттеріне объектілеріне мұндай құқықтары
иелену, пайдалану және билік ету мен міндеттерін көздемейді
ғана емес, жер учаскелерін
табиғат және қоршаған ортаның
объектісі ретінде антропогендік
әсер етуден қорғауы да кіреді (ҚР
ЖК 140-бабы)
10) мемлекет заңнамада көзделген 10) азаматтық заңнамада мұндай
жағдайларда жер учаскелерін нормалар жоқ
мемлекеттік қажеттіктер үшін алып
қоюы мүмкін (ҚР ЖК 84-бабы)
11) жер учаскесі меншік иесінің 11) азаматтық құқықта заттың
немесе жер пайдаланушының жер құқықтық режимі заңнамада
учаскесін және сервитутты белгіленген тәртіппен емес, осы
пайдаланудың нысаналы мақсаты мензаттың меншік иесімен анықталады
режимін және нормативтік құқықтық
актілер негізінде белгіленген
басқа да пайдалану талаптарын өз
бетінше өзгертуге болмайды (ҚР ЖК
65-бабының 4-тармағы)

Бұл схемадан көрініп тұрғандай, жеке меншікке немесе жер пайдалануға
берілетін жер учаскелерінің құқықтық режимі тек жер туралы заңнамамен
қарастырылған, азаматтық заңнамада осыған ұқсас нормалар жоқ. Егер жер
учаскелерінің аталған құқықтық режимдерінің түрлерін заттық құқықтың
нормалары ретінде азаматтық заңнамаға енгізетін болсақ, бұл азаматтық
құқықпен реттелетін заттық құқықтың табиғатына кайшы келетін еді.
Қазақстан Республикасындағы жерге меншік ҚР жер заңдарының
міндеттеріне, нарық жағдайындағы экономиканың даму шарттарына жауап береді.
Қазақстан Республикасындағы жерге меншіктің, ҚР Конституциясы мен Жер
кодексінде аталғандай, екі түрі бар: мемлекеттік және жеке меншік.
Мемлекеттік меншік — бұл Қазақстан Республикасы аумағының шегін
қамтитын және оның меншігі болып танылған жерлер.
Жер учаскесіне жеке меншік құқығы — азаматтардың және мемлекеттік емес
заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін осы Кодексте белгіленген
негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету
құқығы (ҚР ЖК 12-бабының 32-тармағы).

2. Жерге мемлекеттік меншік құқығының және жер учаскелеріне жеке меншік
құқығының пайда болу негіздері

Жоғарыда аталып кеткендей, жерге жеке меншік құқығы Қазақстан
Республикасы Конституциясында және 2003 жылғы 20-маусымдағы Жер кодексінде
бекітілген. Бұл құқық меншік иесінің ҚР Жер кодексінде көзделген
құқықтарының барлығын жүзеге асырудың заңды негізі болып табылады.
Жер учаскесіне меншік құқығы мына жолдар арқылы туындайды:
меншік құқығын табыстау;
меншік құқығын беру;
меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық (мұраға қалдыру, заңды
тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) тәртібі бойынша ауысуы.
Меншік құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесінің
нысаналы мақсаты ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.
Жер учаскесіне меншік құқығы келесі негіздерде туындайды:
мемлекеттік органдар актілер негізінде;
азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздерде (ҚР
ЖК 22-бабы).
Азаматтар мен заңды тұлғаларда тиісті жер учаскесіне қатысты сәйкес
құқықтардың туындауының негізі болып табылатын құжаттар ҚР ЖК 12-бабының 33-
тармағында құқық белгілейтін деп аталған. Құқық белгілейтін құжаттарға
атқарушы органдардың жер учаскесіне құқықты табыстау туралы құқықтық
актілері, сату-сатып алу шарттары (айырбас, сыйға тарту және жер учаскесін
беру туралы басқа да мәмілелер) және сот органдарының жер учаскесіне меншік
құқығын, жер пайдалану құқығын және жерге қатысты басқа да құқықтарды тануы
туралы шешімдері жатады. Құқық белгілейтін құжаттардың негізінде жер
ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар (ҚР ЖК 14-бабында
көзделген) жер учаскесінің өзіндік сипатын көрсететін құқық куәландыратын
құжаттарды бекітеді. Құқық куәландыратын құжаттарға жер учаскесіне жеке
меншік құқығы актісі, тұрақты жер пайдалану құқығы актісі және уақытша жер
пайдалану құқығы актісі жатады (ҚР ЖК 12-бабының 33-34 тармақтары).
Қазақстан Республикасы жерге меншік иесінің құқықтары жерге меншік
құқығының аталған мазмұнымен шектелмейді. Сонымен қатар, Қазақстан
Республикасында мемлекет жерге рента құқығын иеленіп, мемлекеттік билік
арқылы бүкіл мемлекет аумағында жердің иелік ету, пайдалану және билік ету
тәртібін бекітеді.
Егер де мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану және билік ету ҚР Жер
кодексімен реттелетін болса, ал жерге қатысты ренталық қатынастар ҚР Жер
кодексімен қоса ҚР 2001 жылғы 12-маусымдағы Салықтар және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңымен (Салық кодексі)
реттеледі.
Меншік пен жер пайдаланудың нысанына қарамастан жерді иеленудің,
пайдаланудың және билік етудің жалпы ережелерін мемлекет, ҚР Жер кодексі
және басқа да заң шығарушы актілер, соның ішінде, Жер құқығының қайнар
көздері тарауында аталған ҚР заң шығарушы актілері анықтайды.
Мемлекеттің мұндай жалпы өкілеттіктерін мемлекеттің жер қорын басқару,
соның ішінде, ҚР жер қорын мемлекеттік реттеу өкілеттіктерінің қатарынан
қарастыруға болады.
ҚР Жер кодексінің 27-бабына сәйкес, мемлекеттік меншік құқығын жүзеге
асыру мынаны білдіреді: мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскелері:
жеке меншікке сатылуы немесе ақысыз берілуі;
тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берілуі;
Жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
ҚР жерге жеке меншік құқығы
Жерге меншік құқығының жалпы сипаттамасы
Жерге меншік құқығының субъектілері
Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру
Жерге жеке меншік құқығы және оны пайдалану
Ресей Федерациясындағы жерге жеке меншік пен жер пайдалану құқығының жалпы сипаттамасы
Меншік құқығының түсінігі
Қазақстан Республикасындағы жерлерге меншік қатынастарын құқықтық реттеу
Пәндер