Қазақстан Республикасында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 б.

1.Тарау. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің түсінігі және құрамы
1.1. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің түсінігі және құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6 б.
1.2. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді мемлекеттік басқару түсінігі және оны жүзеге асыратын органдар жүйесі...11 б.

2.Тарау. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығы
2.1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығының пайда болу негіздері мен жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21 б.
2.2. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығының түрлері .26 б.
2.3. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану құқығының түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30 б.

3.Тарау. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын бұзғаны үшін жауапкершілік
3.1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын бұзғаны үшін жауапкершіліктің түсінігі және негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ..35 б.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42 б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44 б.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫ КАФЕДРАСЫ

Б І Т І Р У Ж Ұ М Ы С Ы

“Қазақстан Республикасында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық
жағдайы”

Орындаған:
Бердикулов А.
5 курс
күндізгі
оқу
бөлімінің студенті
Ғылыми жетекшісі:
оқытушы., құқық магистры

Айгаринова Г.Т.

Жұмыс қорғауға жіберілді

______________2006 ж.

Кафедра меңгерушісі з.ғ.к., доцент

__________________Л.Қ.Еркінбаева

Алматы 2006
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 3 б.

1-Тарау. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы
жерлердің түсінігі және құрамы
1. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің
түсінігі және құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 б.
2. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді
мемлекеттік басқару түсінігі және оны жүзеге асыратын
органдар
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11 б.

2-Тарау. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық мақсатындағы
жерлерге меншік құқығы
1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығының пайда болу
негіздері мен жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 21 б.
2. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығының
түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26 б.
3. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану құқығының түсінігі
және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30 б.

3-Тарау. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын
бұзғаны үшін жауапкершілік
1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын бұзғаны
үшін жауапкершіліктің түсінігі және
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... 35 б.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42 б.

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
б.

Кіріспе

Бітіру жұмысын зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы
жерлерді ұтымды пайдалану және онда тиімді шаруашылық жүргізіп, сақтай
отырып кейінгі ұрпаққа қалдыру – басты мемлекеттік және қоғамдық мақсат
және әрбір азаматтың конституциялық борышы болып табылады.
Біздің мемлекетіміздің жер қорының құрамында өзінің көлемі,
экономикалық қызметі мен пайдалылығы бойынша үлкен маңызға ие болып
табылатын жерлер – бұл ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер болып
табылатындығы анық.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанынан кейінгі уақыттарда
жүргізілген экономикалық реформалар кезеңінде мемлекеттің аграрлық
саласында түбірлі және күрделі өзгерістер орын алды. Сонымен қатар жер
қатынастарының заңдық базасының да өзгергендігі белгілі. 1995 жыл 22-
желтоқсандағы “Жер туралы” Жарлық, 2001 жыл 24-қаңтардағы “Жер туралы” Заң,
2003 жыл 20 маусымдағы “Жер туралы” Кодекс сияқты бірқатар арнайы заң
актілері қабылданды.
Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының жер аумағы
272490,2 мың гектарды құрайды. Осылардың ішінде ауыл шаруашылық жерлері –
222513,6 мың гектарды құрайды. Соңғысының ішіне сәйкесінше ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерлер де кіреді, оның жалпы көлемі 90910,35 мың гектар. Ал
жер аумағының қалған бөлігін ауыл шаруашылық өндірісінің мақсатында
пайдаланылатын жердің басқа да санаттары құрайды[1].
Егер де 1990 жылдары ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер Қазақстан
Республикасы жер қорының 81,2 % құраса, 2000 жылдардың бас кезеңінде
олардың ара салмағы небәрі – 39,6 % құрады. Егер де осы жағдай өзінің
жалғасын ары қарай да тауып отыратын болса, онда біз жақын жылдары-ақ ауыл
шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлерге зәру болып қалуымыз мүмкін.
Кез келген қатынастарды реттеуде реттеудің құқықтық құралдарының
әсерінің өсуі кезінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің тиімді
пайдалану мен қорғауды ұйымдастырудағы да басты құрал құқықтық құрал болып
табылатындығы рас.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ауыл шаруашылық жерлерінің айналасында
сақталып отырған қазіргі кездегі жағдай мемлекеттің тек жер қорының
жағдайына ғана қауіп төндіріп қоймайды, ол сонымен қатар ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерлердің де жағдайына да – оларды пайдалану мен қорғау
жағдайларына да өзінің қауіптілігін көрсетеді.
Аталып өткен жағдайлар ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді қорғау
мен тиімді пайдалану проблемаларына қатысты зерттеулердің қажеттілігін
көрсетеді.
Соңғы жылдары экологиялық құқық пен жерді пайдалану құқықтары
саласында бірқатар еңбектер жазылған болатын және олардың мазмұндарынан біз
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мен қорғауға
байланысты проблемалардың шешудің құқықтық қорытындыларын көре аламыз. Осы
салада зерттеулерді жүргізіп жүрген авторлардың қатарына Б.Ж.Абдраимовты,
Ә.Е.Бектұрғановты, Д.Л.Байдельдиновты, Н.Б. Мухитдиновты жатқызуымызға
болады.
Дегенменен тұтастай алғанда жер пайдалануды құқықтық реттеуге
байланысты шешілмеген және зерттелмеген проблемалар жетерлік.
Қазақстан Республикасының Жер кодексін қабылдаумен байланысты ауыл
шаруашылық мақсатындағы жерлерге деген жеке меншік және басқа да
құқықтардың жүзеге асырылу тәжірибесін ғылыми тұрғыда зерттеу мұқтаждығы
пайда болды.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану мен қорғауды тиімді
ұйымдастыру жолдарын іздестіру жағдайында бұл тақырыпты зерттеуге деген
біздің де қызығушылығымыз оянды. Ұсынылып отырған жұмыс ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерлердің түсінігін, пайдалану мен олардың нарықтық қатынасқа
түсу жағдайында даму ерекшеліктерін кешенді түрдегі теориялық зерттеуге
бағытталады.
Біздің бұл зерттеуіміз мемлекетіміздің ғылыми жетістіктеріне сүйеніп
жазылды, олар Б.Ж.Абдраимовтың, И.Г.Архиповтың, А.Т.Ащеуловтың,
Ә.Е.Бектұрғановтың, А.С.Стамкуловтың, К.А.Шайкеновтың және тағы басқа жерді
пайдалану құқығын зерттеушілердің еңбектері.
Бұл авторлардың еңбектерінде түрлі аспектілерде қазіргі заманғы жер
қатынастарының мазмұны; жерге қатысты заңнаманың даму тенденциясы; жерге
меншік және басқа да құқықтардың институттарының даму проблемалары; жер
нарығын реттеудің құқықтық сауалдары; жерді пайдалану тәртібін бұзғандық
үшін белгіленетін жауапкершіліктің мазмұнын ашқан.
Жұмысты зерттеу мақсаты. Ұсынылып отырған жұмысты зерттеудің мақсаты
ретінде ауыл шаруашгылық мақсатындағы жерлерді қазіргі кездегі аграрлық жер
қатынастарының даму жағдайында ұтымды пайдалану мен оны қорғауды қамтамасыз
ету проблемаларын кешенді түрде зерттеуді атауға болады.
Жұмысты зертеудің мақсаты өз алдына келесідей міндеттердің шешілуін
анықтайды:
- ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлердің түсінін ашу,
олардың қазіргі кездегі жағдайын анықтау, оларға байланысты
қатынастардың даму ерекшеліктерін көрсету және осы түсініктерге
тиісінше ғылыми анықтама беру;
- нарықтық қатынастар жағдайында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің
айналымын реттейтін нормативтік негіздерге баға беру; ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын енгізудің және оның әрекет
етуінің ерекшеліктерінің мазмұнын ашу;
- ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану және қорғаумен
байланысты құқықбұзушылықтарға қатысты туындайтын құқықтық
жауапкершіліктердің мазмұнын ашып олардың тиімді жұмыс істеуі үшін
оларды жетілдірудің жолдарын ұсыну.
Осы жұмысымыздың құрылымына келер болсақ, жұмыс 3 тараудан және
олардың тиісінше бөлімдерінен тұрады. Жұмыстың 1-Тарауы “Қазақстан
Республикасындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің түсінігі және
құрамы” деп аталады. Бұл тарауда біз ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің
түсінігін, құрамын анықтаймыз, сонымен қатар ауыл шаруашылық мақсатындағы
жерлерді мемлекеттік реттеу түсінігі мен олардың ерекшеліктерін,
мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдардың қызмет ерекшеліктерін
көрсетеміз.
Зерттеу жұмысының 2-Тарауы “Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерлерге меншік құқығы” деген атауға ие. Аталған тарауда ауыл
шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығының пайда болу негіздері мен
жолдарын көрсетіп, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығының
түрлерін анықтаймыз. Сонымен қатар бұл тарауда біз ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерлерді пайдаланудың түсінігіне және олардың түрлеріне
қатысты ой қозғаймыз.
3-тарау “Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын
бұзғаны үшін жауапкершілік” деп аталады. Осы тұста біз осы санаттағы
жерлердің пайдалану тәртібін бұзғандық үшін белгіленетін жауапкершіліктерді
айқындаймыз және оларды тиімді түрде жетілдіру жолдарын ұсынамыз.

1-Тарау. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің
түсінігі және оны мемлекеттік реттеу

1. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің
түсінігі және құрамы
Жер – тұтастай алғандағы адамзат үшін қажетті және басты материалдық
ресурс болып табылады. Аталған бұл термин көп қырлы болып табылады және
бірнеше мағынада қолданылады:
1. Жер кең мағынада алғанда Жер шары ретінде түсініледі.
2. Жер адамның өмір сүретін ортасы және табиғи байлықтардан, жер
бедерінен, ландшафттардан құралатын Жер шарының қабаты ретінде.
3. Жер жер құқығының реттеу пәні ретінде. Бұл тұста біз жер деген
түсініктің астарынан табиғи ресурстарды, ауыл және орман шаруашылық
өндірістерінің басты өндіріс құралы, құрылыстар, құрылымдар және басқа
да объектілер салу үшін қажет болып табылатын кеңістіктің базис деген
мағыналарды көре аламыз.
“Табиғаттың бір бөлшегі бола отырып жер басқа да табиғи объектілер
секілді жердің құнарлылығы мен өнімділігі секілді ерекше биопотенциалға ие
болып табылады және бұл халықтың баға жетпес құндылығы”-деп Б.В.Ерофеев өз
еңбегінде[2] көрсетеді. Мүмкін сондықтан да болар жер құқығы барлық жер
пайдаланушылар мен жерге деген меншік құқығын иеленушілерге оларға берілген
жер учаскелерін тиімді және ұқыпты пайдалануға міндеттейді.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 97-бабы ауылшаруашылығы
мақсатындағы жерлерді ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе
осы мақсаттарға арналған жерлер ретінде бекітіп берген. Бұл жер
санаттарының ішіндегі ең негізгі жер санаты болып табылады. Оның басты
ерекшелігі болып жердің өндіріс шикізаттары мен адамдар мен жан-жануарларға
қажетті азықтардың басты құралы болып табылатындығында болып отыр.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер өздерінің асқан бір
маңыздылығына орай ерекше қорғалуды қажетсінеді. Осы аталған жерлердің
құқықтық режимін қарастырмас бұрын, “жердің құқықтық режимі” дегеннің өзі
не екендігін анықтап алу өте бір үлкен маңыздылыққа ие болып табылады.
Қарастырылып жатырған проблеманы толықтай ашу үшін “құқықтық режим”
түсінігінің мазмұнын ашу қажет болып табылады.
Бірақ құқықтық әдебиеттерге көз жүгіртсек, бұл түсінік анағұрлым жетік
реттелмеген, ал Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының
нормативтік актілеріне қарайтын болсақ, бұл түсінік мағынасы ашылмастан
пайдаланылады. Сондықтан да ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын
жерлердің құқықтық режимдерін анықтау кезінде оның элементтері мен
ерекшеліктерін бөліп қарастыру қажет.
Біріншіден, “режим” сөзінің астарында тұтастай алғандағы Қазақстан
Республикасының жерлері үшін, сонымен бірдей жекелеген жер санаттары үшін
де заң жүзінде бекітілген қоғамдық қатынастардың жүйесі деген мағына жатыр.

Құқықтық режимнің бірінші элементі болып жалпы және ерекше деп
бөлінетін оның объектісі танылады.
Жалпы құқықтық режимнің объектісі болып Қазақстан Республикасы
территориясының шегіндегі жерінің бүкіл құрамы танылады.
Ерекше құқықтық режим объектісі болып ауыл шаруашылық мақсатындағы
жерлер, босалқы жерлер, су қоры жерлері, орман қорының жерлері, өнеркәсіп,
көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа
арналған жер, елді мекен жерлері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері
танылады.
Жалпы және ерекше режим деп жерлерді бөлуге байланысты жердің белгілі
бір санатында оның мақсатына сай келмейтін басқа да алқаптардың болуы
мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің
аумағында ауыл шаруашылық сипатына жатпайтын жерлер де болуы мүмкіy
(мысалы, көлік, байланыс және т.б. жерлер), ал ауыл шаруашылығы сипатына
жатпайтын жерлерде – ауыл шаруашылығы жерлері орналасуы мүмкін[3].
Ресей жер құқығы теориясының көрнекті болып табылатын өкілдерінің бірі
Б.В.Ерофеевтің көзқарасы бойынша мұндай жағдайларда құқықтық реттеудің
ерекшелігі келесідей болуы тиіс: қарама-қарсы мақсатта пайдаланылатын
жерлердің үлесіне келетін жер алқаптарына сол алқаптың құқықтық режимі
таралады. Мысалы, ауыл шаруашылық пайдаланудағы жерлерге ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерлердің артықшылықтары таралмайды, себебі қала шеңберіндегі
ауыл шаруашылық алқаптары сол қаланың режиміне бағынады және де қаланың Бас
жоспарына сәйкес кез келген жағдайда қала құрылысы үшін пайдаланып кетуі
мүмкін.
Біздің ойымызша, құқықтық режимнің келесі объектісі ретінде жерді
пайдаланудың мемлекеттік реттеу тәртібін атау орынды болып табылады.
Құқықтық режимнің элементінің қатарына сонымен қатар мемлекеттің
бекіткен жер режимін сақтауға міндетті болып табылатын жер қатынастарының
субъектілерінің ортасын қосуға болады.
Құқықтық режимнің басты элементі болып осы режимнің өзін құқық
бұзушылықтардан сақтайтын шаралардың жүйесі танылады.
Сонымен, құқықтық режим дегеннің астарынан жердің заңмен бекітілген
оларды есепке алу, мониторинг, пайдалану және қорғаудың тәртібін түсінуіміз
керек.
Ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлердің құқықтық режиміне
келер болсақ, ол бірнеше элементтердің бірігуінен тұрады. Олардың бірі –
осы тәртіп таралатын құқықтық реттеу объектісі болып табылады. Ол,
әдеттегідей, жалпы, тектік және нақты болып бөлінеді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, біз жоғарыда атап кеткендей,
ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған
жерлер болып табылады.
Жердің мақсатына сәйкес пайдаланылуы ретінде осы санаттағы жерлердің
негізгі пайдаланылу мақсатын айтамыз. Осыған қарамастан, бұл санаттағы
жерлерге ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті болып табылатын құрылыстар
салуға жол беріледі (мысалы, өңдейтін өнеркәсіптер, шаруашылық
техникаларының қажетіне салынған гараждар және т.б.).
Жер алқаптары құқықтық реттеудің нақты объектісі болып табылады. Ол
дегеніміз тікелей мақсатына сәйкес пайдаланылатын жер учаскесін білдіреді.
Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің мақсатына
сәйкес қолданылуы туралы айта отырып, біз “нақты мақсатына сәйкес
пайдалану” деген терминді айналып өте алмаймыз. Оның астарынан біз жерді
шаруашылық пайдаланудың басқа нысандарына жол бермей отырып пайдалану деген
мағынаны түсінеміз. Бұндай жерлерде жоғарыда атағандай ауыл шаруашылық
объектілерін, құрылыстарын салуға жол берілмейді, себебі бұл жерлер ерекше
ауыл шаруашылығы өнімдерін егуге және олардың жаңа тұқымдарын алуға
арналған.
Ауыл шаруашылық жерлердің құрамына белгілі бір шаруашылық мақсаттарға
қолдануға болатын жерлер: жайылым, жайлау, шабындық және т.б. жерлер
кіреді. Осы аталғандардың барлығы ауыл шаруашылық жерлерінің маңызды
тұстарын көрсететіні анық.
Ары қарай айтар болсақ, ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын
жерлердің қатарына ауыл шаруашылық объектілері орналасқан жерлерді айтуға
болады. Олар: фермалардың, ферма қожалықтарының және тағы басқа ауыл
шаруашылық ұйымдарының шаруашылығын жүргізуге қажет болып табылатын жерлер.

Соңғысы, жердің бұл санатында сонымен қатар жыра, балшықты жерлер
сияқты жерлердің болуы да әбден мүмкін. Бұндай жерлердің құнарлылықтарын
арттыру қажет, мемлекет ол жерлерді өнімді жер қатарынан шығарып алмас үшін
бірқатар іс-шаралар жасайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жердің
басқа санаттарына өтіп кетпесі үшін жасалатын іс-шаралардың маңыздылығы күн
өткен сайын артуда.
Жерді өнімді жер қылатын құрамы – ерекше құрылыс типіне ие жердің
беткі қабаты болып табылады. Жердің беткі қабаттарының құрамында құнарлы
заттардың (мысалы, гумус және т.б.) болуына қатысты олардың құнарлылығы да
өзгеріп отырады. Сәйкесінше, құнарлылығына байланысты ол жерлердің сапасы,
өнімділігі, сонымен қатар бағасы түрлі болатындығы рас. Жердің сапалық
бағасы жөніндегі мәліметтер жер кадастрында орын алады.
Жер қабатының өнімділігіне байланысты ауыл шаруашылық мақсатындағы
жерлерден:
- аймақтағы деңгейден кадастрлық бағамы бойынша жоғары дәрежелі жерлер;
- сол аймақтағы ерекше құнды жерлер.
Мұндай жерлерге ерекше құқытық режим бекітіледі.
Өкінішке орай Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайға сәйкес
жылдан жылға ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің көлемі қысқаруда. Бір
уақытта бұзылуға ұшыраған жерлердің шеңбері кеңеюде. Сондықтан да осы ауыл
шаруашылық жерлерінің сақталуын бақылау, оны шаруашылық пайдаланудың
тәртіптерін сақтау, жер қабатының құнарлылығын арттыру бойынша жұмыстар
жүргізу, жер заңнамасын қатаң сақтауды қадағалау ерекше маңызға ие болып
отыр[4].
Ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлердің құқықтық
жағдайына тоқталып кетейік. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге қатысты
бекітілген құқықтық режимнің негізгі мақсаты ауыл шаруашылық айналымынын
осы жердің шығып кетуіне жол бермеу, оны анағұрлым тиімді түрде шаруашылық
мақсатта пайдалана отырып, оның өнімділігін арттыру және көлемін ұлғайту
болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2003 жыл 20-шілдеде қабылданған Жер
кодексінің анықтайтын ең басты қағидасы: жер кадастрының берген
мәліметтеріне сәйкес ауыл шаруашылығына жарамды деп танылған жерлер ең
біріншіден ауыл шаруашылығының пайдаланылуына берілуге жатады (бұл жерде
уәкілетті жергілікті мемлекеттік органдардың пайдалануға, жалға, өмірбойлық
иеленуіне, меншігіне беруге байланысты сөз қозғалып отыр).
Жер қорын басқарудағы мемлекеттің негізгі ерекше құқығы болып оларды
пайдалануға байланысты мақсаттары бойынша санаттарға жіктеу табылады. Бұл
қоғамға, ең біріншіден, жерді бір санаттан екінші санатқа ауып кетпеуіне
жағдай жасайды, екіншіден, олардың мақсатты түрде пайдалануына, тиімді
пайдаланылуына бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Жерлерді санаттарға бөліп қарастыру олардың мақсаттарына сай
пайдаланылуы үшін қажет болып табылады. Жерлердің мақсатты пайдаланылуы
дегеніміз – жерді оның санатына сәйкес нақты бір мақсаттар үшін құқықпен
реттелген және оларды пайдаланудың режимі оны пайдалану ережесімен,
азаматтық айналымға енумен, қорғалуымен, есепке алынумен және
мониторингімен анықталады.
Жердің мақсаты мен режимі жерге орналастыру және қалақұрылыс
құжаттарымен анықталады және өзгеріссіз болып табылмайды – олар жүйелі
түрде мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен
қарастырылып отырады.
Жер санаттары атқарушы билік органдарының қаулыларында, жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының жер учаскелерін беру немесе жерді
пайдаланудың ерекше құқықтық режимдерін бекіту туралы шешімдерінде,
куәліктерде, шарттарда және жерге құқықты куәландыратын басқа да
құжаттарда; мемлекеттік жер кадастры құжаттамаларында; жерді және
жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу құжаттамаларында көрсетіледі.
Жердің әр түріне қатысты жердің санатын айқындайтын, оны бір санаттан
екіншісіне ауыстыратын құзыретті орган қарастырылады. Жерді бір санаттан
екіншісіне ауыстырудың ведомстволық бағыныстылығын жою мәміле мен актілерді
жарамсыз деп тануға, жерді мемлекеттік тіркеуден бас тартуға негіз болып
табылады[5].
Жер санаттарының арасындағы біздің еліміздің экономикалық даму
жағдайын тікелей әсер ететіні ол – ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
болып табылады.
Ауыл шаруашылық өндірісте басты құрал ретінде қолданылатын жерлер
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер деп танылады. Ауыл шаруашылық өндіріс
мақсатында берілетін жерлер аумағы жылдан-жылға жүз мыңдаған гектарларға
азаюда, ал бұл өз кезегінде дабыл қағуға, елдің экологиялық және өндірістік
саласындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мәжбүр етеді[6].
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 97-бабының 2-бөліміне сәйкес
ауыл шаруашылық мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылық жолдары мен ауыл
шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары,
коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен
ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр
және ауыл шауашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар)
жатқызылады.
Заң шығарушы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің
табиғи құрылымына және экономикалық мақсаттылығына сәйкес оларды бірнеше
түрге бөлуді көздегендігін айту керек. Ауыл шаруашылығы алқаптарына
егістіктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егілген жер, шабындықтар мен
жайылымдар жатады. Ауыл шаруашылығы алқаптарының бұл құрамындағы жерлердің
арасынан сонымен қатар сол аймақ үшін ерекше құнды болып табылатын жерлер
және де ғылыми-зерттеу мекемелерінің, оқу орындарының тәжірибе жүргізу
жерлерін де бөліп қарастыруға болады.
Ауыл шаруашылық алқаптарына жер заңнамасында берілген түсініктерге
тоқталып кетейік. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 97-бабының 4-
бөлімінде осы түсініктер бекітілген.
Егістік – жүйелі түрде өңделетін және көп жылдық шөптердің егістігін
қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне пайдаланылатын жер
учаскелері, сондай-ақ сүрі жер. Алдын ала егілетін дақылдардың егістігі
орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлі жақсарту
мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелері, сондай-
ақ басқа бақтардың егіске пайдаланылатын қатар аралығы егістікке жатпайды.
Тыңайған жер – бұрын егістік құрамында болған және күзден бастап бір жылдан
аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар айдауға
әзірленбеген жер учаскесі.
Көп жылдық екпелер – жеміс-жидек, техникалық және дәрі-дәрмек
өнімдерінің түсімін алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендіруге арналып
қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелеріне пайдаланылатын жер
учаскелері.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдар – шөп егу арқылы жаңадан отайған
шабындық және жайылым учаскелері.
Суландырылған жайылымдар – тиісті мал басын сапасы ойдағыдай сумен
қамтамасыз ете алатын су көздері (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару
және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегінді құдықтар) бар жайылымдар.

1.2 Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді
мемлекеттік реттеу түсінігі және оны жүзеге асыратын органдар жүйесі

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың меншігіне, шаруашылық жүргізуіне
немесе пайдаланылуына берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер солардың
қызметінің нәтижесінде бір құқықтық режимнен екінші бір құқықтық режимге
өтіп кетуі мүмкін. Мысалы, егер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншік
иесі сол жерде құс фермасы шаруашылығымен айналысуды жөн деп тапса, ол сол
жерде өрт қауіпсіздігінің сақталуына, ауаның, жердің бүлінбеуіне толықтай
жауапкершілікті көтереді, ал жер учаскесі болса, ерекше құқықтық режимге ие
болады. Жерлерді бір режимнен екінші бір режимге ауыстыру жерлерді алу және
беру құзыретіне ие болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
қызметінің шеңберіне кіреді.
Бұл бөлімде біз ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің
құқықтық режимінің екінші элементі болып табылатын ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерлерді мемлекеттік реттейтін арнайы құзыретті органдар
туралы сөз қозғайтын боламыз.
Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлерді қорғау, жердің
бұзылуын болдырмау, жерге орналастыру және де жердің жағдайын анықтап отыру
– жер заңнамасымен қатар мемлекеттің алдына қойған міндеттері болып
табылады. Аталып отырған міндеттердің барлығының жүзеге асырылуын ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік реттеу деген жалғыз
түсінікпен ғана анықтауға болады.
Біздің анықтауымыз бойынша, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді
мемлекеттік реттеу – жердің сапалық жағдайын сақтап қалуға, олардың
негізсіз және заңсыз шаруашылық және нарықтық айналымын болдырмауға және
олардың рационалды түрде пайдаланылуларын қамтамасыз етуге бағытталған
құқықтық, ұйымдастырушылық, саяси, экономикалық және өзге де шаралардың
жүйесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі жерді қорғауға, оның тиімді
пайдаланылуына байланысты мемлекеттің реттеу функцияларын көздейтін арнайы
бөлімді қарастырады (Жер кодексінің 4-бөлімі). Жер кодексінің бұл бөлімі
жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру, мониторинг және жер
кадастры мәселелерін қамтиды және реттейді.
Жер кодексінің бұл бөліміне көз жүгірте отырып, жерлерді, соның
ішінде сонымен қатар ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді мемлекеттік
реттеудің мазмұнын және оның алдына қойған мақсаттарын анықтап алуға
болады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік реттеу алдына
келесідей міндеттерді қояды:
• жерлердің бұзылуына, деградацияға ұшырауына және шаруашылық
қызметтің басқа да жағымсыз салдарының орын алуына тосқауыл болу,
экологиялық қауіпсіз өндіріс технологияларын пайдалана отырып,
мелиоративті және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;
• бұзылуға және деградацияға ұшыраған жерлердің жақсаруын және
қалпына келуін қамтамасыз ету;
• жерді дұрыс пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге
ендіру;
• мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды
адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын,
Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтау және жою,
азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына
келтiру, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жер
кадастры мен жерге орналастыру iсiнiң дұрыс жүргiзiлуiн және жердi
ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын
қамтамасыз ету;
• қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтiру
жөнiндегi шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау,
белгiлi бiр жерде жер учаскелерiн бөлiп беру мен шекарасын
белгiлеу, жер учаскесiне меншiк құқығына және жер пайдалану
құқығына құжаттар жасауды ұйымдастыру;
• жердi түгендеу iсiн жүргiзу, пайдаланылмай жатқан, ұтымды
пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай
отырған жердi анықтау;
• ауыл шаруашылық жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер
учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен
шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың
есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы
мәлiметтердің жүйесін қалыптастырады;
• ауыл шаруашылығы жері саласында орын алып жатқан өзгерiстердi
уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрi дамуын болжау және керi
әсерi бар процестердi болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнiнде
ұсыныстар әзiрлеуді ұйымдастыру және де көптеген басқа да салалық
міндеттерді өз алдына міндет ретінде қояды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік реттеу мен
қорғаудың мазмұны мен деңгейі жер құқығының бірқатар негізгі қағидаларымен
айқындалады. Олардың қатарына жерді табиғи ресурс, халық өмірінің негізі
ретінде сақтау; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қорғау және ұтымды
пайдалану; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің басымдығы; жерді
пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау және тағы
басқа осы сияқты қағидаларды жатқызуға болады.
Нарықтық қатынас, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік
құқығының енгізілуі және оның әрекет ету жағдайында ауыл шаруашылық
жерлерін реттеуде мемлекеттің аграрлық сектор субъектілерінің әрекетіне
араласуы өте өзекті болып табылады.
Мемлекеттік реттеу бір жағынан, жер иелері мен пайдаланушылардың
құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуына кепілдік беруі тиіс, екінші
жағынан, жер қатынастарында жалпы ұлттық мүддені қамтамасыз етуі тиіс.
Аталып отырған функцияларды жүзеге асыру ауыл шаруашылығындағы жерлерін
мемлекеттік реттеудің басты міндеттері болып табылады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік реттеудің
ұйымдастырушылық-құқықтық негізі болып белгілі бір функцияларға ие
мемлекеттік органдардың жүйесі табылады. Реттейтін және қарастыратын
сауалдарының қатарына және шеңберіне қарай мемлекеттік органдарды жалпы
құзыретті және арнайы құзыретті мемлекеттік органдар деп бөлу жер құқығы
доктринасында қалыптасқан.
Жер кодексінде мемлекеттік органдардың құзыреті мәселесіне жайдан
жай көңіл бөлмегендігі белгілі. Ауыл шаруашылығы жерлері саласындағы жалпы
және негізгі сауалдарды қарастыру Қазақстан Республикасының Үкіметінің
құзыретіне кіреді. Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелген
функцияларды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қатысты ішінара атап
кететін болсақ, олар келесідей:
1) мемлекеттің жер қорын қорғау мен пайдалану саласындағы мемлекеттік
саясатты айқындау;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану, сақтау және
оның құнарлылығын арттыруға байланысты мемлекеттік бағдарламаны жасап
шығару;
3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен
кеңейтуге, халықаралық міндеттемелерді орындау мен жерді қорғаныс және
қауіпсіздік қажеттері үшін пайдалануға байланысты жағдайларда барлық
санаттағы жерден жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде
сатып алу арқылы алып қою.
Үкіметтің көрсетіліп отырған бұл құзыреті Жер кодексінде бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметі құзыретінің ішіндегі ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге қатысы бар құзыреттер болып табылады.
Жер заңнамасына сәйкес жер саласындағы арнайы орган болып -
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігі
табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 15-қаңтарындағы №
1776 Қаулысымен бекітілген Жер ресурстарын басқару жөніндегі Қазақстан
Республикасының Агенттігі туралы Ережеге сәйкес, арнайы құзырлы ауыл
шаруашылығы жерлерін мемлекеттік реттеу бойынша бұл органның және оның
жергілікті жерлердегі бөлімшелерінің құзыретіне келесі мәселелер кіреді:
1) жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия мен
картография саласында біркелкі мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) жер реформаларын жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, оны
ғылыми, кадрлық және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады,
жерге орналастыру, геодезия мен картографияға байланысты іс-шараларды
ұйымдастырады;
3) белгіленген тәртіпте жер мониторингін және мемлекеттік жер кадастрын
жүргізуді ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасы жерлерінің жағдайы туралы мәліметтердің
банкін құрады және оны жүргізеді;
5) жерлерді зоналауды ұйымдастырады;
6) белгіленген тәртіпте жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына
мемлекеттік бақылауды жүргізеді;
7) жерге орналастыруды ұйымдастырады.
Агенттіктің және оның территориялық бөлімшелерінің құзыреттерінің
көрсетілген тізімі жер қатынастарын реттеу саласындағы оның үлкен
мүмкіндіктері мен құқықтарының бар екендігін куәландырады.
Жалпы құзыретті жер қатынастары саласындағы органдардың қатарына,
жергілікті өзін-өзі басқару органдарын жатқызу әбден дұрыс болып табылады.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабының мазмұнына сәйкес,
жергілікті өкілді органдардың тиісті аумақтарда жер қатынастарын реттеу
саласындағы құзыреттеріне мыналар кіреді:
1) басқа да табиғат қорғау iс-шаралары кешенiнде жердi ұтымды
пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi
аймақтық бағдарламаларды бекiту;
2) ауылдық (селолық) атқарушы органдардың қарамағына берiлген ауыл
шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер шаруашылық
орналастыру жоспарларын бекiту;
3) жергiлiктi бюджеттер құрамында жер ресурстарын қорғау және
топырақ құнарлылығын арттыру жөнiндегi шығыстарды бекiту;
4) жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының жер
ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуының жай-күйi туралы есептерiн
тыңдау;
5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген құзыретi
шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасындағы шекараны белгiлеу туралы
шешiмдер қабылдау;
6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде олардың құзыретiне
жатқызылған өзге де мәселелер.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер саласындағы мемлекеттік реттеуді
жүзеге асырушы ведомствоастылық мемлекеттік органдарды айтатын болсақ,
олардың қатарына бірнеше органдарды тізуге болады. Бұл Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Жерлерді қорғау мен пайдалануға мемлекеттік
бақылауды жүзеге асырудың Ережесін бекіткен 2003 жылдың 29-қыркүйегіндегі №
990 Қаулысында көрініс алған. Оған сәйкес жерлерді басқару мен қорғау
саласындағы мемлекеттік бақылауды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық
уәкілетті орган (Жер ресурстарын басқару жөніндегі Қазақстан
Республикасының Агенттігі) және де басқа да құзыретті мемлекеттік органдар
өздеріне берілген өкілеттік шегінде жүзеге асырады делінген. Өзге
мемлекеттік органдардың қатарына келесідей орталық мемлекеттік органдарды
жатқызуымызға болады:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік орган (Қазақстан
Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі);
2) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мемлекеттік орган
(Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі Комитеті);
3) ауыл шаруашылығы саласындағы өкілетті орган (Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі);
4) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы құзыретті орган
(Құрылыс ісі жөніндегі комитет).
Бізбен көрсетіліп кеткен органдар – жер қатынастарын мемлекеттік
реттеу жүйесіндегі негізгі буындардың қатарына жатады. Оларға
(кейбіреулеріне ішінара) жер ресурстарын басқару және жерлерді ұтымды
пайдалануды бақылау функциялары жүктелген.
Мемлекеттің мемлекеттік реттеу қызметі туралы айта отырып, оның Жер
кодексінің 4-бөлімінде анықталып кеткен, мемлекеттік органдардың жүзеге
асыратын қызметтері туралы айтып кетуді жөн санап отырмыз. Олар: жерді
қорғау; мемлекеттік бақылау; жерге орналастыру; мониторинг және жер
кадастры.
Жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері Жер кодексінің 139-бабымен
анықталып кеткен. Жердi қорғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi
қорғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман
шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ
топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық,
ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесiн
қамтиды.
Жерді қорғаудың мақсаттары болып:
1) өндiрiстiң экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру және
орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да iс-шараларды жүргiзу
арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз
зардаптарын болдырмау;
2) тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi
қамтамасыз ету;
4) жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу
болып табылады.
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың өз алдына қойған
міндеттері Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 144-бабымен анықталады.
Оған сәйкес, Мемлекеттiк бақылаудың мiндеттерi мемлекеттiк органдардың,
жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы
жер заңдарының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын
анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын
қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жер
кадастры мен жерге орналастыру iсiнiң дұрыс жүргiзiлуiн және жердi ұтымды
пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден
тұрады.
Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдарға Жер кодексі:
1) Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi
бас мемлекеттiк инспекторын;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау
жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларды;
3) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларды
жатқызады.
Мемлекеттің ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын
және қорғалуын бақылауға алу жүйесі жер мониторингін және жер кадастрын
қамтиды.
Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу мен оның анықтаған
мәліметттерін пайдалану ережесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19-
қыркүйек 2003 жылғы № 956 Қаулысымен бекітілген Жер мониторингін жүргізу
және оның мәліметтерін пайдалану туралы Ережесі анықтайды.
Аталған Ережеге сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің
мониторингі тұтастай алғанда қоршаған ортаны қорғау мониторингінің құрамдас
бөлігі болып табылады. Жер мониторингі Қазақстан Республикасының 159-бабына
сәйкес, болып жатқан өзгерістерді уақытылы анықтау, оларды бағалау, одан
әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен оның
зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер
қорының сапалық және мөлшерлік жай-күйін базалық, жедел мерзімді байқау
жүйесін білдіреді.
Осы мақсаттарды жүзеге асырудың өзі мемлекеттің жерді Қазақстан
Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау және оны
тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қағидаларын жүзеге асыруы бойынша өз
міндетін атқаруы болып табылады дейді Қазақстан Республикасы Жер құқығы
теориясының көрнекті өкілі Ә.Е.Бектұрғанов.[7] Бұл ретте жер мониторнгі мен
жер кадастрының атқаратын қызметі жер пайдалану мен жер қорғау
мәселелерінің жүзеге асыру мехмнизмдері деуге болады. Оның үстіне бұл
саладағы жер құқық қатынастары жердің мүліктік құқық объектісін реттеуді
мақсат етіп қоймайды. Себебі бұл қатынастар жер ресурстарының табиғи
болмысын немесе қасиетін анықтап, экономика саласында пайдаланатын немесе
пайдаланылмайтын, адамның өмірі мен денсаулығына жағымды немесе жағымсыз
екендігін анықтап береді.
Жер мониторингін жүргізу мен оның мәліметтерін пайдалану туралы
Ережеге сәйкес, осы зерттеу жұмысымызда зерттеліп отырған ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерлер жер мониторингінің объектісі болып табылады. Бұған
дәлел Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 159-бабының 3-тармағы. Оның
мазмұнына сәйкес жерге меншік нысандарына, жердің нысаналы мақсаты мен
пайдаланылу сипатына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық жері жер
мониторингінің объектісі болып табылады. Кез келген жер санатының құқықтық
тәртібі, ведомстволық бағыныстылығы, пайдалану мерзімі, пайдалану мақсаты,
сипаты жер мониторингін жүргізуге әсерін тигізе де алмайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік реттеу аясында
жүргізілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің мониторингі жер қатынастары
саласында өз алдына келесідей міндеттерді қояды:
1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің жай-күйінің өзгерістерін
анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және кері әсері бар процестерді
бодырмау мен зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыруды, жерді
пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік
басқарудың өзге де функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету болып
табылады.
Сонымен, жер мониторингі – бақылауды, іздестіруді, түсірілімдерді,
тексерулерді (қайта тексерулер мен түзеулер) орындау, жердің жай-күйіне
талдау жасау мен баға беру ісін жүргізу, жердің құнарлылығына антропогендік
ықпал етуді реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, белгілі бір кезеңде
жердің сапалық жағдайын болжаудың жай-күйі жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
Жер мониторингін ұйымдастыру және жүзеге асыру жер ресурстарын басқару
жөніндегі орталық атқарушы органға және оның жергілікті жерлердегі
органдарына тапсырылған.
Жер мониторингі мүдделі министріліктердің, мемлекеттік комитеттер мен
ведомстволардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және
жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті әзірлеген бірыңғай
әдістеме және бағдарлама бойынша жүргізіледі, олар жердің жай-күйін жедел
және жүйелі бақылау, іздестірулер, тексерулер немесе картаға түсіру
жөніндегі жұмыстар мен байланыстылардың барлығы үшін міндетті болып
табылады.
Бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, жерді тақырыптық
картаға түсіруді және оның жай-күйін бақылауды жүзеге асыратын
кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, кооператорлар мен жеке тұлғалар
аталған жұмыстар бойынша материалдардың көшірмесін жердің сандық және
сапалық жай-күйі туралы мәліметтер жер мониторингі мен мемлекеттік жер
кадастры жөніндегі баяндамаға енгізу үшін тиісті жер қатынастары және жерге
орналастыру жөніндегі комитетке тегін береді.
Жер мониторингі бірыңғай классификаторды, кодтарды, бірліктер жүйесін,
мәліметтердің сатандартты форматын және қалыптық техникалық базасы,
координаттар мен биіктердің мемлекеттік жүйесін қолдануға негізделген әр
алуан мәліметтердің сыйысу принципін сақтау арқылы жүргізіледі[8]. Оның
барысында жер мониторингін техникалық қамтамасыз ету Қазақстан
Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі
мемлекеттік комитетінің органдарындағы ақпаратты жинау, қорыту, талдау және
сақтау құралдары бар және Қазақстан Республикасы табиғи орта мониторингінің
басқа да автоматтандырылған жүйелерімен бірлесетін автоматтандырылған
жүйелерімен бірлесетін автоматтандырылған ақпарат жүйесі жүзезе асырады.
Ендігі кезекте тоқталатынымыз жер кадастры.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 20-қыркүйегінде бекіткен
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту
туралы Ережесіне сәйкес жер және оның жекелеген учаскелері туралы
ақпаратпен жеке, заңды тұлғаларды және де мемлекеттік органдарды қамтамасыз
ету мақсатында республикада мемлекеттік жер кадастры жүргізіледі.
В.В.Петров табиғи ресурстардың кадастрын табиғи ресурстардың құрамы
мен санының, табиғат пайдаланушылардың құрамы мен санаттарын сипаттайтын
экономикалық, экологиялық, ұйымдастыру мен техникалық көрсеткіштердің
жиынтығы деп тұжырымдаған.[9]
В.В.Петровтың аталған зерттеу жұмысының мазмұнына көз жүгіртер
болсақ, ол жер кадастрын мемлекеттік басқарудың құралы ретінде қарап, жерді
тиімді пайдалану мен қорғауға ғылыми негізделген шешімдерді қабылдауды
қамтамасыз етеді деп көрсетеді.
Осы келтірілген анықтамамен біз жалпы келісе отырып, жер кадастрының
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабында көрсетілген нақты
мазмұнын ашып кетейік. Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы
жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері,
нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы
туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрылқ
құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып
табылады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субъектілер
туралы ақпарат та енгізіледі.
Ал Ресей жер құқығы теориясының көрнекті өкілдерінің бірі болып
табылатын Б.В.Ерофеев: мемлекеттік жер кадастры жергілікті атқарушы
органдар мүдделі заңды тұлғалар мен азаматтарды жер туралы керекті
мәліметтермен қамтамасыз етеді, соның арқасында жерді ұтымды пайдалану және
қорғау, жер қатынастарын реттеу, жерге орналастыру, жерге төленетін
ағымдардың мөлшері негізделеді, шаруашылық жұмыстың қорытындысы бағаланады
деп көрсетеді.[10]
Біздің ойымызша, аталып кеткен авторлардың пікірлері жалпы дұрыс.
Б.В.Ерофеевтің де ойымен толықтай келісуге болады және ол тіптен оны
анағұрлым жіктеп көрсеткен. Біздің пайымдауымызша, жер кадастры жер
заңдарының міндеттерінен туындайды. Оның ерекшелігі жердің табиғи және
экономикалық бағасын ғылыми мәліметтерге сүйеніп белгілейді, болжамдайды,
бағалайды.
2003 жылдың 20-қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасында мемлекеттік
жер кадастрын жүргізу туралы Ережеге сәйкес, мемлекеттік жер кадастры
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық жерінің табиғи және шаруашылық
жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері
мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке
алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің жүйесі
болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты
субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің осы мазмұндас 152-бабының 1-
тармағынан мынаны байқауға болады:
1) жердің табиғи объектілік жағдайы;
2) жердің шаруашылықтардағы (жерге меншік иелері және пайдаланушылардағы
жағдайы);
3) жерлердің географиялық орналасқан орны, көлемі мен шекарасы;
4) жер учаскелерінің бағалануы;
5) жердің басқа да хал-жағдайлары туралы мәліметтер.
Кадастрдың деректері ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді
пайдалануды жоспарлау және қорғау кезінде, жерге орналастыруды жүргізу,
шаруашылық қызметтерді бағалау және ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді
пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асыру кезінде
негіз болып табылады және жермен мәміле жасау кезінде, жер үшін төлемдердің
мөлшерін айқындау кезінде, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргізу
кезінде де пайдаланылуы мүмкін.
Жер кадастры кадастрлардың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі
болып табылады. Кадастр – үнемі жаңарып отыратын Қазақстан Республикасының
жер ресурстарын пайдаланудың және күзетудің жағдайы туралы мәліметтердің
жүйелендірілген жиынтығын білдіреді.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын органдар мен
лауазымды адамдар кадастрлық құжаттамаға енгізілген мәліметтердің дұрыс
болуын қамтамасыз етуге міндетті. Жер кадастрының мәліметтері баршаға ашық
болып табылады және мүдделі тұлғаларға ақылы негізде беріледі.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейді. Бұл Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 7-
бөлімінде бекітілген.
Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды жер
ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен оның аумақтық
органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан
Республикасының мемлекеттік кадастрлық жүйесінің құрамдас бөлігі болып
табылады және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
өздеріне қатысты алғанда мемлекеттік басқару органы болып табылатын,
мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүзеге асырады.
Мемлекеттік жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды
жоспарлау кезінде, жерге орналастыруды жүргізу, шаруашылық қызметті бағалау
және жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да іс-шараларды жүзеге
асыру кезінде, сондай-ақ жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін
қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргізу, жер үшін төлем
мөлшерін айқындау, жылжымайтын мүлік құрамындағы жер учаскелерінің құнын
және табиғи ресурстар құрамындағы жердің құнын есепке алу үшін негіз болып
табылады.

2-Тарау. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге
меншік құқығы

2.1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге меншік құқығының пайда болу
негіздері мен жолдары

Қазақстан Республикасы Президентінің 22 желтоқсан 1995 жылғы Заң күші
бар Жарлығы жер қатынастарының одан әрі қарай дамуының сапалы түрдегі жаңа
кезеңін бастап бергендігі сөзсіз. Оның Қазақстан Республикасында әрекет
етуі жер қатынастарының өзгеруіне, жер реформасының одан әрі қарай дамуына
алып келді. Бұл Жарлық жерді нарықтық қатынас айналымына енгізді.
Жер саласындағы қайта құрулардың орын алған кезінде жер ресурстарының
қайта бөлінуі көрініс тапты. Мемлекеттік жер қорының көпшілік бөлігі
мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға – жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың
жеке меншігіне немесе жер пайдалану құқығына өтті.
Ауыл шаруашылық жер телімдерін тауар ретінде белгілейтін құқықтық
негіз жерді тұрақты пайдалану институты болды, ал ол өз кезегінде жерге
жеке меншік институтының сипатына жақын болды. Тұрақты жер пайдалану
құқығындағы жерлер азаматтық-құқықтық мәмілелердің объектісі болып танылды.
Олардың құқықтық режимдерінің ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, олардың
нарықтағы айналымдарының ережелері бекітілді[11].
Бұл нормалар өздерінің әрекет етуі тұсында ауыл шаруашылық жерлерін
қайта бөлісу процесінде өте маңызды рөлді атқарды десек те болады және
осылардың арқасында аграрлық секторда шаруашылықтың жаңа түрлері белең
алды. Дегенменен, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді мемлекеттік
меншіктен жеке меншікке айналдыру процесінде кемшіл тұстар да баршылық
болды: барлық субъектілердің өздерінің жер үлестерін және басқа да
жылжымайтын мүліктерін алуға мүмкіншіліктері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының жер және өзге заңдары бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы жер нарығының құқықтық табиғатын қарастыру
Батыс Қазақстан облысы жерлерінің жағдайы және жер ресурстарын пайдалану
Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайына жалпы сипаттама беру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Шаруашылық аралық жерге орналастыру принциптері
Аграрлық кәсіпкерлікті құқықтық реттеу
ЖЕРГЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Пәндер