Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәртіптері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘРТІП ФЕНОМЕНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕСІ
1.1 «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘРТІП» ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 РЕЖИМ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

2. ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТӘРТІПТЕР СИПАТТАМАЛАРЫ
2.1 ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРТТЫ ҰЙЫМЫ БЕЛГІЛЕЙТІН ҚАУІПСІЗДІК ТӘРТІБІ ... ... .23
2.2 ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ДАМЫП ОТЫРҒАН ҚАУІПСІЗДІК ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53

Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәртіптері
(диплом жұмысы)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘРТІП ФЕНОМЕНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕСІ

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘРТІП
ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 7

1.2 РЕЖИМ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ
ЕРЕЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..18

2. ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТӘРТІПТЕР СИПАТТАМАЛАРЫ

2.1 ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРТТЫ ҰЙЫМЫ БЕЛГІЛЕЙТІН ҚАУІПСІЗДІК
ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

2.2 ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ДАМЫП ОТЫРҒАН ҚАУІПСІЗДІК
ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .53

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Берілген дипломдық жұмыстың аты Орталық
Азиядағы қауіпсіздік тәртіптері. Автор осы тақырыпты таңдауының себебінің
бірі ретінде оның өзектілігі деп қарастырып отыр.Өйткені жұмыста
қарастырылып отырған қауіпсіздік мәселесі қазіргі заман әлемінің мәнді
сипаттамаларының бірі болып табылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі
әлемнің барлық мемлекеттері , оның ішінде Орталық Азия мемлекеттері үшін ең
өзекті мәселелерінің біріне айналды. Егер де ХХғ. 90- шы жылдарының басында
аймақтағы қауіпсіздікті тек сыртқы агрессиядан қорғанысты қамтамасыз ету
ретінде ғана түсінсе, қазіргі кезде қауіпсіздік ұғымының өзі кең
қарастырыла бастады. Қауіпсіздікті түсінуге, ұлттық және аймақтық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұстанымдар өзгерді. Өз алдына
ұлттық қауіпсіздікті қазіргі кезеңде аймақтық қауіпсіздіктен бөліп
қарастыруға болмайды. Өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бір мемлекет
басқа мемлекеттермен осы салада ынтамақтасуға мәжбүр.
Осы дипломдық жұмыста автор Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік
саласындағы интеграциялық үрдістерді қарастырады. Бұл жерде қауіпсіздікті
кең мағыналы терминге айналғанын айтып кеткен жөн. Оны негізгі бес салада
қарастыруға болады:
1. сыртқы қауіпсіздік;
2. экономикалық;
3. әлеуметтік-саяси;
4. экологиялық;
5. ақпараттық.
Өз алдына осы қауіпсіздік түрлері бір- бірімен өзара байланысты, яғни
оларды қамтамасыз ету үшін ең бастысы Ортаазиялық аймақтың, сонымен қатар
ұлы державалар – Ресей және Қытаймен шектесуі, екінші жағынан, Ауғанстанға
жақындық және осыдан туындайтын ланкестікпен, есірткі заттардың
транзитімен, заңсыз миграциямен күресу мәселелерін шешу үшін қауіпсіздік
саласында интеграциялануына әсер етіп отыр.
Мақсаты мен міндеттері. Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты – Орталық
Азия аймағындағы қалыптасқан қауіпсіздік жүйесін мен тәртіптерін сараптау.
Автор осы мақсатпен жалпы Орталық Азия аймағында қандай халықаралық
қауіпсіздік тәртіптері калыптасқан, олар ненің негізінде және қалайша
құрылған, қалай әрекет етіп отыр және т.б. сауалдарды зерттеп, құрылған
қауіпсіздік тәртіптерінің кейбіреулеріне тікелей сараптама жасауды мақсат
етіп отыр.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін берілген дипломдық жұмыста келесі
міндеттер қойылған:
• халықаралық тәртіп ұғымын ашып көрсету, оның ішінде тәртіп,
интеграция, қауіпсіздік тәртіп ұғымдарын түсіндіру, олардың өзара
қатынасын зерттеу;
• Тәртіп теориясы, оның ішінде халықаралық тәртіп теориясының көптеген
үлгілерін талдау, тәртіптің негізгі қағидалары мен ережелерін қазіргі
заманғы әлемде, әсіресе Орталық Азияда қолданылу үрдісін зерттеу;
• Ұжымдық Қауіпсіздік Шартты Ұйымы шеңберінде Орталық Азияда қалыптасқан
халықаралық тәртіпті талдау, оның оң және теріс жақтарын ашу, даму
перспективаларын алдын- ала белгілеу;
• Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы щеңберінде Орталық Азияда реттелетін
халықаралық қауіпсіздік тәртібін сараптау, оны Ұжымдық Қауіпсіздік
Шартты ұйымы шегіндегі қауіпсіздік тәртіппен салыстыру;
Деректемеге шолу. Бұл жұмысты жазу барысында деректеме ретінде
ортаазиялық мемлекеттер мен Ресей федерациясы, АҚШ пен ҚХР- сы арасында
қабылданған құжаттар пайдаланды. Құжаттарды шартты түрде екіге деңгейге
бөлуге болады.
Екіжақты келісім-шарттар мен декларациялар: Қазақстан мен Қытай
арасындағы бейбіт көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы келісім- шарт,
2002 жыл;[1] Ресей Федерациясы мен ҚХР- сы арасындағы бейбіт көршілік,
достық пен ынтымақтастық туралы келісім- шарт, 2003 жыл;[2] РФ мен АҚШ
арасындағы жаңа стратегиялық қатынастар туралы В.В.Путин мен Дж. Буш
Президенттерінің біріккен декларациясы, 2002 жыл;[3] В. Путин мен Х.
Дзиньтао қабылдаған РФ мен ҚХР – ның біріккен декларациясы, 2004 жыл.[4]
Көпжақты келісім- шарттар мен декларациялар: Қазақстан Республикасы,
Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясының стратегиялық серіктестік
туралы біріккен декларациясы, 2003 жыл;[5] Қазақстан Республикасы,
Қырғызстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы достық пен
ынтымақтастық туралы біріккен мәлімдемесі, 1998 жыл;[6] Ресей Федерациясы,
Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының бір- бірімен өзара
әрекеттесу мен сенімділікті нығайту туралы келісім, 2001 жыл[7] және т.б.
Бұл құжаттар ҚР Сыртқы істер Министрлігінің сәйкес бөлімінде жазбаша
түрде және электрондық түрде сақталуда.
Тарихнамаға шолу. Бүгінгі таңда Орталық Азияда көптеген ұлы
державалардың мүдделері қиылысады. Сондықтан бұл мәселеге байланысты
зерттеулер тек қана ортаазиялық мемлекеттерде ғана емес, сонымен қатар,
батыста да көп. Жұмыстардың басым бөлігі жалпы сипатқа ие және Орталық Азия
мемлекеттерінің потенциалды мүмкіндіктерін бағалауға және қандай да бір
мемлекеттің сол аймақтағы мүдделерін негіздеуге қатысты жазылған. Аймақтағы
мемлекеттердің интеграция деңгейі мен қауіпсіздігіне көп назар аударылған,
өйткені, бұл элементтер батыс елдері үшін Орталық Азияның ашылуына әсер
етуі мүмкін.
Зерттеудің бұл саласында автор И. А. Черныхтың Теория режимов
Теория интеграции: техника интерактивного обучения[8] атты еңбегін
қолданды. Бұл еңбек Орталық Азия аймағындағы интеграциялық үрдістерді, осы
үрдістің қауіпсіздік мәселелерімен байланысын және осы аймақ шегінде
қалыптасушы халықаралық қауіпсіздік тәртіптерін зерттейді. Халықаралық
қауіпсіздік тәртіптер мұнда әрекет ету бағыттары бойынша сарапталады,
оларға қатысты түрлі көзқарастар көрсетілген.
Сонымен қатар автор тәртіптер теориясы мен қауіпсіздік тәртіптерін
талдау үшін П.А. Цыганковтың Международные отношения: теории, конфликты,
организации[9] аты еңбекті қарастырды. Бұл еңбекте Ортаазиялық
аймағындағы қауіпсіздік мәселелер секторлар бойынша талданған. Мұнда
көбінесе аймақтың әскери қауіпсіздігіне көп көңіл бөлінген.
“Потенциальные столкновения и конфликты в контексте безопасности
Центральноазиатского региона”[10] атты Е.Абеннің, Р.Жоламанның, Е. Кариннің
және т.б. еңбектерінде шекаралық аймақтарда мүмкін болатын қақтығыстар және
елдер арасындағы қарым-қатынастардың күрделенуі туралы ойлар айтылады.
Авторлар қақтығыстарды болдыртпаудың бір мүмкін жолы ол осы аймақта
институтты халықаралық тәртіптерді құру қажетігі туралы ойлар келтірді.
Орталық Азиядағы әскери қауіпсіздік мәселелер Орталық Азия
мемлекеттерінің жетекші тұлғаларының кітаптарында, олардың сөз сөйлеулері
мен интервьюларында кең көрініс тапқан. Сараптама үшін Орталық Азия
мемлекеттерінің нормативті- құқықтық актілер, концепциялар мен доктриналар
өте маңызды.
Орталық Азиядағы зерттеушілердің әскери қауіпсіздікке арналған
еңбектерінің ішінде Бакаев(1999), Бондарец (1999), Бурнашев пен
Черных(2004), Дубовцев(2001, 2002) еңбектерін ерекше атап өту керек.
Сондай- ақ В.Е.Петровский, Д. Малышева,Б.К.Султанова ,З. Бжезинский Т.А.
Турсунбаев, Л.А. Фридман және т.б. көрнекті зерттеушілердің қауіпсіздік
мәселесін зерттеуге көп үлес қосқан.
Дипломдық жұмыс 1990-2005 жылдар аралығын қамтиды. Бұл жұмысты жазуда
мемлекеттердің өзара әрекеттерінің тарихи динамикасын зерттеу туралы
арнаулы мақсат қойылған жоқ. Диплом жұмысы шеңберінде Орталық Азия
аймағындағы қауіпсіздік мәселесі тәртіптер шегінде қарастырылған.
Бұл жұмыс төмендегідей деректер тобының ақпаратына сүйенеді:
Ортаазиялық мемлекеттер мен Ресей, Қытай, АҚШ арасындағы келісімдер мен
келісім-шарттар, статистикалық материалдар, Қазақстан Республикасының
сыртқы істер Министрлігінің күнбе-күнгі іс қағаздар құжаттары, шетелдік
және қазақстандық ақпараттық агенттіктердің хабарлаулары, сонымен
қатар,мемлекет басшылары мен сыртқы істер министрлерінің ресми
мәлімдемелері.
Газеттердің арасынан келесілерді атап кетуге болады: Казахстанская
правда, Analytic, Саясат, Вестник КазНу. Серия международные
отношения и международное право, Дипломатический вестник Международная
жизнь және т.б.
Жұмысты жазу барысында 1990-2005 жылдар аралығындағы мерзімді
басылымдар пайдаланылды.
Диплом жұмысында қолданылған ғылыми зерттеу тәсілдері.
• Диплом жұмысын орындауда жалпы ғылымда кеңінен тараған салыстыру
тәсілі қолданылды. Бұл тәсілдің Ортаазиялық аймақтың қауіпсіздік
мәселелерін зерттеуде өте құнды екені белгілі;
• сараптау тәсілі, әсіресе, ортаазиялық мемлекеттер стратегияларын
саралап, ғылыми негіздеуде өз көмегін тигізді;
• қадағалау тәсілі – ортаазиялық мемлекеттер арасындағы қарым-
қатынастардың даму барысын, сипатын зерттеудің ең қарапайым да, тиімді
тәсілі болды.
Диплом жұмысының құрылымы:
• Кіріспе;
• Екі тараудан және төрт бөлімшеден құралған негізгі бөлім;
• Қорытынды;
• Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘРТІП ФЕНОМЕНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕСІ

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘРТІП ҰҒЫМЫ

Қазіргі Орталық Азиядағы бұрынғы моноцентристік геосаяси құрылым КСРО-
ның ыдырауымен тарихқа кетіп, жаңа құрылған аймақ көптеген зерттеушілердің
пікірінше геосаяси плюрализация үрдісіне тап болды. Онда халықаралық
қатынастардың жүйесіжүйе асты жай дамып және күрделеніп отыр, бұл жерде ХҚ
тәжірибесіне дәстүрлі ұстанымдарының жойылу процестері жүріп отыр. Қазіргі
кезде халықаралық қатынастардың жағдайы қарқынды дамуда.
Аймақ шегінде мемлекеттер арасындағы қалыптасқан қатынастар жүйесі
өзгеше. Он бес жыл ОА жаңа тәуелсіз мемлекеттер ХҚ жүйесінде әлеуметтеніп
жаңа жағдайға бейімделуіне аз мерзім болып табылады. Әлемнің көптеген
мемлекеттері осы аймаққа, оның оқиғалары мен бастамашылықтарына ұстамды
сыртқысаяси концепцияны ұстанды. Өз алдына Ортаазиялық аймақ (ОАА)
қауіпсіздігімен тұрақтылығы сыртқы күштердің белсенді араласуына,
қалыптасқан қатынастарды институционализациялауға мұқтаж болды. 1992 жылдан
бастап аймақта қазіргі заманға дейін әрекет етіп отырған қауіпсіздіктің
түрлі механизмдері мен режимдерінің жаңа қалыптасуы басталады. Қауіпсіздік
пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан халықаралық институттар
және олардың келісім- шарттарына енетін халықаралық қауіпсіздік тәртіптері
аймақта біртіндеп күшейе бастады.
Халықаралық контекст шеңберінде ОА мемлекеттері үшін халықаралық
қауіпсіздік тәртіптері не береді? Халықаралық қауіпсіздік тәртіптерін
зерттеу Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мәнді
мәліметтер беруге тиімді нәтиже берер еді. Ең бастысы халықаралық
тәртіптерді қарастыруда олардың теориялық бастамаларын зерттеу қажет.
Халықаралық тәртіп қауіпсіздік теорияларын зерттеу ХХғ. 70- 80
жылдарынан бастау алады. Оның негіздерін халықаралық- саяси теориясының
либералды ағымының өкілдері салды. Олар халықаралық үрдістердің мәнді
субьектілері мен факторлары болып табылатын халықаралық ұйымдарды
түпкілікті зерттеді. Бұл жағдай халықаралық қауіпсіздік тәртіптерінің
негізінде жатқан ережелерді зертеуге итермеледі.
Халықаралық тәртіп мәселесіне саяси реализм мектебінің өкілдері де
көңіл бөле бастады. Халықаралық тәртіп зерттеушілер қатарына келесі
көрнекті батыс зерттеушілер жатады: Р. Аксерольд, С. Краснер, Р. Кохейн,
Ф.Краточвил, Дж. Миршаймер, Дж. Най, Дж. Рагги, А.Стейн,О. Янг және
басқалары.
Көптеген зерттеушілердің ойынша әдебиетте халықаралық тәртіптің
бірыңғай анықтамасы жоқ. 1975ж. Дж. Рагги алғаш рет халықаралық тәртіп
ұғымына анықтама берді: халықаралық тәртіп деп мемлекеттер тобымен
қабылданған өзара күту, ережелер, жоспарлар, ұйымдық және қаржы белгілеулер
жиытығын айтамыз.
Ресей зерттеушісі В.Е. Петровскийдің пікірінше халықаралық қауіпсіздік
тәртәптерін қалыптастыру мен дамытуда күш категориясы үлкен мәнге ие.
Себебі осы тәртіптерде қатысушылар арасында өзара қатынастардың иерархиялық
құрылым көрініс тауып отыр. Мықты держава қатысатын халықаралық қауіпсіздік
тәртіптер басқа мемлекеттердің халыаралық қызметіне, сол себепті
халықаралық қатынастардың барлық жүйесіне мәнді әсер етеді. Кіші
мемлекеттер үшін бұл дилемма болып табылады, өйткені тәртіп шегінен тыс
оларға анархия қауіп төндірсе, тәртіп ішінде олар иерархиялық жүйеге
бағынулары тиіс. Яғни ұлы державалар қажеттілігінше әлсіз державаларға өз
еркін міндеттейді, осымен олар халыаралық қауіпсіздік тәртіптерінің
мазмұнын, параметрлері мен құрылымын белгілейді. Олар түрлі құралдар мен
тәсілдерді қолданады. В.Е. Петровский айтқандай тәртіптер шегінде бір
қатысушылар қауіпсіздікке қол жеткізсе, екіншілері автономияға қол
жеткізеді. Күштірек держава әлсіздеу мемлекеттер үшін қауіпсіздікті
қамтатамасыз етіп, шешім қабылдау автономиясвн ұлғайтады; әлсіз аймақтық
держава күшті державаның саяси бағытын ұстанып, орнына қауіпсіздік кепілін
алады.[11]
Қауіпсіздік тәртібі өзінің тікелей кодификациясының болмауына
байланысты өте әлсіз институт болып табылады. Халықаралық қауіпсіздік
тәртібіне қатысушы мемлекеттің қауіпсіздігінің тіпті кішкене өзгерісі оның
қызметінің бұзылуына әкеледі. Мысалы Өзбекстанның Ташкент келісімшартынан
шығуы бул топтың қауіпсіздік тәртібіне саяси және әскери зиянын тигізді.
Халықаралық тәртіптер ХҚ-дағы жағдайлардың анық болуына және оның
динамикасына жақсы әсерін тигізеді. Халықаралық зерттеуші Дж. Гольдштейннің
айтуы бойынша халықаралық тәртіптер әлемдік үкіметтің болмауына қарамастан
тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Мемлекеттер ұзақ уақыттық ынтымақтастықты
қамтамасыз ететін жағдайлар үшін жаңа тәртіптер орнатады немесе басқа
тәртіптерге қосылады.[12]
Басқа тәртіптерді зерттеуші Оран Янгтың теориясы бойынша халыаралық
тәртіптер қызығушы тараптардың басқару қызметімен қамтамасыз етілген
әлеуметтік институттар. Басқа да әлеуметтік институттар сияқты олар
ісәрекеттің үлгісі болып табылады. Олар шешім қабылдау процесінде
субъективтік-адамдық фактордың болуын көрсетеді. Халықаралық тәртіптер
қатысушы жақтардың алдын ала келіскен шарттарды бұзу қауіпін азайтады және
басқа келісімдердің кепілі болып табылады. О. Янгтың ойы бойынша тәртіптер
мемлекетпен немесе ол қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдармен
орнатылады және ол жеке компанияларға таратылады.
Халықаралық тәртіптер белгілі бір жақтардың бір мақсатта бірігіп
әрекет етуіне байланысты пайда болады. Оған мысал белгілі бір мемлекеттегі
қауым бола алады. Қауым азаматтардың келісімшарттарына және дауларды шешуге
күш қолдана негізделіп азаматтардың іс әрекеттерін шектейтін тәртіп
орнатады. Мемлекет ішіндегі қауымға қарағанда мемлекет тәуелсіз теңдік
принцип аренасында орналасқан.
Халықаралық тәртіптер ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
халықаралық институттың міндетті бөлігі болып табылады. Кейбір
зерттеушілердің ойлары бойынша халықаралық тәртіптің түсінігі халықаралық
институттың түсінігіне жол береді, соған байланысты мемлекеттердің
ынтымақтастығында ереже орнатудың мүмкіндігін кеңейтеді. Тәртіпті
зерттеудің басында көптеген даулы жағдайлар түсініктің алмасуына әкеліп
соқтырды. Тек халықаралық институт түсінігінің пайда болуы бұл
қиындықтарды шешуге көмектесті.
ОАА-та халықаралық қауіпсіздік тәртіптерінің түрлі модельдері бар.
Олардың басцм көпшілігі аймақтан тыс қатысушылардың бастамашылығымен
құрылып, ОА мемлекеттері олардыңң қатысушылары ғана болып табылады.
ОАА-та Ресей федерациясымен қатар АҚШ пен ҚХР қатысушылар болып
табылады. 11 қыркүйек оқиғаларынан кейін жоғары аталған мғемлекеттердің
ғаламдық және аймақтық, оның ішінде ОА- ғы қауіпсіздікке қатысты
ұстанымдары өзгерді. Аймақтағы ұлы державалардың бәсекелестігі стихиялық
түрде емес, келісілген түрде өтуде. Бұл тәртіптік сипаттаманың барын
көрсетіп отыр. Ресей аймақта ҚХР- мен не онсыз осы аймақта өзінің
мүмкіндіктерін тереңдетүге тырысуда. Біртарапты тәртіпте РФ ҚХР- ның кіші
серіктестігі болар еді, ал АҚШ- тың 2001ж. 11 қыркүйек оқиғасынан кейін
келуі екіншісін бейтараптауға мүмкіндік берді. З. Бжезинский былай деді:
РФ – ның Америкамен бәсекелесуі нәтижесіз болар еді, ал Қытаймен одақ
құру оған бағыну деген сөз.
АҚШ- тың аймақта көбінесе өзара әрекеттесудің екіжақты механизміне
мүдделі болып отыр. Олар тұрақтылыққа және Еуропа мен Еуразиядағғы істер
бойынша хатшы көмекшісі Е. Джонстың пікірінше АҚШ- тың Орталық Азиядағы
бірнеше стратегиялық мүдделері бар. Олар:
• қауіпсіздік, оған ланкестік пен есірткі заттардың заңсыз
айналымына қарсы куресу мен ЖҚҚ таратпауға көмектесу;
• энергетикалық мәселе, ол ғаламдық нарыққа каспий мұнай мен газын
жеткізуге қатысты;
• ішкі реформа, демократикалық және нарықтық- экономикалық
мәселелерге қатысты.
АҚШ- тың аймақтағы стратегиялық серіктестері ол Өзбекстан мен
Ауғанстан болып табылады. Біріншісімен Америка стратегиялық серіктестік
туралы келісім- шартқа қол қойған.
Дегенмен, осы аймақта АҚШ пен РФ арасында халықаралық қауіпсіздік
тәртіптің нақты шектері бар. Бұл РФ мен АҚШ арасындағы жаңа стратегиялық
қатынастар туралы Президент В.В. Путин мен Президент Дж. Буштың Біріккен
декларациясында көрініс тапты. Олай болса да, АҚШ пен РФ- ның ОАА бойынша
ұстанымдары толық келеседі деп айтуға болмайды. Мәселен З.Бжезинскийдың
ойынша ТМД-ны реинтеграциялау мцселесіне байланысты қарама- қайшы. РФ
Ауғанстанда ланкестік пен экстремизм ошақтарын жою бойынша АҚШ- тың
әрекеттерін қолдауда. РФ ОА мемлекеттерімен АҚШ- қа әскери және азаматтық
аэродромдарды беру туралы келіссөздерге қатысты. Бұл мәжбүрлі қадам болды,
сол себепті АҚШ- тың аймақта әскери- саяси болуы Ресейді мұнда позицияларын
нығайтуға итермеледі. Ресей 2003ж. Қант қ.(Қырғызстан) әскери аэродром
құрып, 2004ж. Тәжікстанмен екіжақты стратегиялық сипатта келісім- шарттар
мен келісімдер кешенін жасасты.
РФ мен ҚХР 2001ж. 16 шілде күні бейбіт көршілік, достық пен
ынтымақтастық туралы Келісім- шартта екіжақты ынтымақтастық механизмін
көрсеткен: Келісуші тараптар аймақтарда өзара түсінушілік, сенімділік пен
ынтымақтастық атмосферасын орнатуға, тұрақтылықты нығайтуға әсер етеді және
қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара әрекеттесудің
көпжақты механизмдеріне ат салысады. ҚХР-сы ОА-ға геоэкономикалық(мұнай
өнімдерін ең үлкен тұтынушылардың бірі ретінде) және геосаяси жағынан
мүдделі(болашақта ең мықты держава болу ретінде).
Аймақтың мемлекеттері АҚШ пен басқа аймақтық державалармен екіжақты
және көпжақты қатынастардан барынша көп тиімділік алуға тырысуда. Орталық
Азия үшін тек бір мемлекетке приоритет беру мүмкін емес жағдай болып отыр.
В. Е Петровский Еуразиядағы кейбір халықаралық тәртіптер контексінде
халықаралық қауіпсіздік тәртіптер модельдерін беруде.
Аймақтағы халықаралық қауіпсіздік тәртіптер модельдерді келесі
халықаралық институттармен берілген:
1. БҰҰ;
2. Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық бойынша ұйым(ЕҚЫҰ);
3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы(ТМД);
4. Ұжцмдық қауіпсіздік бойынша Шартты Ұйым(ҰҚШҰ);
5. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы(ШЫҰ);
6. Еуро- Атлантикалық Серіктестік Кеңесі(ЕАСК) мен НАТО- ның
Бейбітшілік үшін Серіктестік бағдарламасы;
7. Азияда өзара іс- қимыл мен сенімділік шаралары бойынша
Кеңесу(АӨСШК);[13]
Берілген қауіпсіздік тәртіптері ОАА- та қауіпсіздікті қамтамасыз ету
бойынша көпформатты және көпдәрежелі саясатты құруда. Жоғары аталған барлық
халықаралық институттар аймақтағы қауіпсіздік тәртібінде өзара байланысты
және өзара толықтырушы элементтер болып табылады.
Жалпы, бұл жұмыста біз тек Ұжымдық Қауіпсіздік Шартты Ұйымы мен Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі қауіпсіздік тәртіптерін қарастырамыз.
Аймақтың барлық мемлекеттері ТМД интеграциялық алаңына кіреді. ТМД ұйым
ретінде КСРО шеңберінен шығуға, сол шеңберде интеграциялық алаңды сақтауға
мүмкіндік берді. Бұл ұйым мемлекеттердің толық ыдырауына жол бермеді. Әрине
ТМД- ның саяси салмағы жоқ, дегенмен көптеген келісілушіктер қауіпсіздік
мәселелері бойынша ұқсас саясатты жүргізүге мүмкіндік беріп отыр.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жеке механизмі ретінде ҰҚШҰ болып
отыр. Оған барлық ортаазиялық мемлекттер кіріп отыр. 1999ж. Одан Өзбекстан
шығып кетті. Бастапқы кезде ҰҚШҰ тұрақсыз Ауғанстан үшін ұстап тұрушы
фактор ретінде болып, кейіннен ұжымдық қауіпсіздік пен қорғанысты
қамтамасыз ету бойынша ұйым ретінде институцияланизацияланды. Қандай да бір
шекте ҰҚШҰ жоғары аталған мемлекеттер үшін халықаралық қауіпсіздіктің
кепіпі болып отыр. Алайда оның құрылуының басында кейбір қатысушылардың дау-
жанжалдары оны әлсіздеткен. ҰҚШҰ құрамына Тез әрект ету Ұжымдық күштер
кіріп отыр, олар РФ Қорғаныс Министрлігі 201- ші дивизиясы мен әүелік
компонентке негізделген.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жаңарған Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымын атап өту қажет. Осы ұйымның басында РФ мен ҚХР тұр, кейіннен олар
ұйымды еуразиялық континентте халықаралық құқыққа негізделген көпполярлы
әлем тәртібін орнатуға қажет негізгі факторлар- бейбітшілік, қауіпсіздік
пен ынтымақтастықты орнатушы ең маңызды құрал ретінде қарастыра бастайды.
Кейіннен 1996ж. Шанхай келісімдеріне Қазақстан, Қырғыстан мен Тәжікстан, ал
2001ж. Өзбекстан қосылады. Бастапқы кезде ШЫҰ сенімділік шаралары мен
қарулы күштерді өзара қысқарту мәселелермен шектелді. Кейіннен ұлттық
сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрес мәселелерімен айналысады. 2001ж.
ШЫҰ формальді түрде қалыптасты, 2002ж. оның Хартиясы мен Бішкек қ. Аймақтық
ланкестікке қарсы орталық туралы келісім қабылданды, 2003ж. Шанхай қ. ШЫҰ
Хатшылығы құрылып, РАТЦ Ташкентке көшірілді.
Сөйтіп шекаралық мәселелерден бастап саяси және экономикалық
мәселелерге көшкен ШЫҰ ҚХР- ның ОАМ мен РФ – мен тактикалық және
стратегиялық саясатты келістіруге тиімді құрал ретінде қызмет ете алады.
ШЫҰ үлгісіндегі тәртіп механимзмі кең перспективаларға ие.
“Халықаралық тәртiп” ұғымы 1970 жж. басында пайда болды. Әдебиетте
халықаралық тәртiбiнiң нақты анықтамасы жоқ, бiрақ келесi анықтамалары кең
таралған:
• халқаралық тәртiп-“қандайда бiр саланы реттеу мақсатымен
келiсiмен нормалар, ережелермен iс жүргiзулер ”
• (Эрист Хаас)
• Халықаралық тәртiп - “ережелер мен iс жүргiзулер, оған қоса
қызмет етудiң нақты бiр түрi үшiн нақты институттарды қабылдау
арқылы трансұлттық және үкiметаралық қатынастарды реттеу мен
бақылау” (Роберт Неохейн мен Джозеф Най)
• Халықаралық тәртiп – “қандай бiр қызмет ету салаларын реттеуге
мүдделi тұлғалардың әрекеттерiн белгiлейтiн әлеуметтiк
институттар” (Оран Янг)
• Халықаралық тәртiп қандай бiр салада акторлардың қағидалары,
нормалары, шешiмдердi қабылдау ережелерi мен iс жүргiзулерi және
олардың қалыптасқан әрекеттерi (Стефан Крайснер).[14]
Әрбiр тәртiптiң негiзiнде “қағидалар мен нормалар жиынтығы” бар өз
алдына қағидалар мен нормалар дегенiмiз халықаралық қатынастардың қандай да
iр кеңестiгiн не жүйесiн қалыптастыруға көмектесетiн ”бағыттар” болып
табылады. Қағидалар мен нормалар құрылымда құрастыратындықтан, олардың
өзгеруi өз алдына тәртiптiң iшiнде ережелер мен iс жүргiзулердi бөлiп
көрсетуге болады, алайда соңғылардың өзгеруi тәртiптiң өзгерiсi не әсер
етпейдi. Осылайша тәртiп iшiнде ережелер сақталынады, барлық ойнаушылар
бірыңғай ережелер бойынша әрекет етеді деген күтушіліктер құрылып отыр.
Қандай да бір тәртіпті құра алатын негізгі акторлар егеменді мемлекеттер
болып табылады. Олар шешімдерді қабылдау мен нақты тәжірибе негізінде
шаралар мен қабылдау мен нақты тәжірибе негізінде нормалар мен қағидаларды
инстуттайды. Тәртіптердің ықпалы тек мемлекеттік құрылымдарға ғана емес,
жеке компанияларға да (мәселен банктер, ЖШС әуекомпаниялар т.б.) әсер
етеді.[15]
Американ зерттеушісі К.Дойчтың коммуникациялық ұстанымы бойынша барлық
әлеуметтік үрдістер, оның ішінде ұлттар арасындағы қатынастар бірдей
заңдықтарға бағынады. К.Дойч коммуникациялық ұстанымының әдістемелік негізі
ол Н.Виннер мен Т.Парсонстың жұмыстарында жазылған кибернетика мен жүйелік
теория. К.Дойч үшін Н.Виннердің келесі идеясы негізгі болды: Әлеуметтік
ғылымның өмір сүруі әлеуметтік топты опломерация емес, ұйым ретінде
қарастыру мүмкіндіктеріне негізделген. Коммуникация ол ұйымды құратын
біріктіруші күш. Коммуникацияның өзі топқа бірге ойлануға, көруге және
әрекет етуге мүмкіндік береді, барлық әлеуметтану коммуникацияны түсінуді
талап етеді.[16]
Адамдар арасындағы коммуникациялар не достық, не жаушықты тудыра
алады, бұл олар қандай сезімдермен (позитивті, не негативті) есінде қалып
отырғанға байланысты. Н.Дойчтың схемасында саяси жүйелердің қандай уақытқа
дейін өмір сүретіні мынадай шарттарға байланысты: олар кіруші ақпаратты
сәйкес рәміздерге бөліп кодтауға, кодталған рәміздерді сақтауға, ең маңызды
ақпаратты бөлуге, қажетті жағдайда сақталған ақпаратты есіне түсіруге,
жүйеге кіріс ретінде бола алатын ақпаратты жинауға қаншалықты қабілетті
соған байланысты. Саяси бірліктердің пайда болуы әлеуметтік ұйымдардікі
тәрізді коммуникациялардың ағымына негізделген, мейлі ол осы бірліктердің
ішінде, не бірліктер мен сыртқы әлем арасында болсын.
К.Дойч коммуникациялар мен саяси қоғамдастықтардың интеграциясы
арасындағы тәуелділікті зерттеді. Интеграция дәрежесінің негізгі көрсеткіші
ретінде ол қатысушы тараптар арасындағы алмасу көлемін бөліп көрсетеді.
Коммуникациялар теориясы халықаралық қоғамдастықтардың қалыптасу
үрдісіне ықпал ететін мынадай факторларды бөліп көрсетеді: мемлекеттер
арасындағы достық, сенімдігін, өзара толықтыру мен нақты жауап беруші
байланыстарға қабілеттілік. Алайда, бұл факторларды К.Дойч қосымша деп
қарастырады. Оның ойынша мемлекеттер арасындағы қатынастардың дамуы
қоғамдастықтың құрылуына әкеледі, егер әрбір мемлекет үшін пайда болатын
жауапкершілік пен ашылатын мүмкіндіктер қоғамдастықта теңестірілсе, оған
қоса интеграция үрдісінде ең маңызды фактор ол әр түрлі әлеуметтік
топтардың әрекеттері болып табылады.
К.Дойчтың пікірінше халық ол көптеген мәселелер бойынша коммуникация
мүмкіндіктерімен біріктірілген тұлғалар тобы болып табылады және де олардың
коммуникацияға әдеті бар.
Ол: Елдер дегеніміз коммуникациялық ағымдар мен көлік жүйелерімен
бірінен және аз қоныстанған не тіпті шөлді территориялармен бөлінген
халықтың жиынтығы, - деп пайымдайды. Халықтар бір-біріне өзара тәуелді
болған сайын интеграцияға ұшырайды. Интеграция деп К.Дойч қандай да бір
территорияда қоғамдастық сезіміне жету; халық арасындағы даулар мен
қарама-қайшылықтарды бейбіт шешуге сенімділігіне кепілдік беретін
институттар мен әдет-ғұрыптардың қалыптасуы деп түсінеді. Мұндай
қоғамдастықты ол қауіпсіздік қоғамдастығы деп атайды, яғни, қауіпсіздік
қоғамдастығы дегеніміз интеграцияға ұшыраған адамдар тобы.
Міне, осындай жолмен мемлекетаралық интеграция жүзеге асырылады.
Өзінің Халықаралық қатынастардың сараптамасы (1969 ж.) атты еңбегінде
К.Дойч барлық апаттар ұлттық мемлекеттердің әрекеттеріне байланысты пайда
болады. Осы жағдайдан шығу үшін тек бір жол ғана бар – ол халықаралық
дәрежеде интеграцияға әкелетін қауіпсіздік қоғамдастықтарын құру. Егер де
бүкіл әлем қауіпсіздік қоғамдастықтарына біріктірілген болса, К.Дойчтың
пікірінше соғыстар бірдей жойылар еді.
Өзінің концептуалды схемасын негіздеу үшін К.Дойч салыстыру зерттеулер
тәсілдерін пайдаланды. Оның сараптамасының объектісі Солтүстікатлантикалық
кеңістікте өтіп жатқан қазіргі заманғы үрдістер болып табылады, олар ұлттық
дәрежедегі интеграция мен дезинтеграцияның нақты тарихи мысалдарымен
салыстырылады: АҚШ-тың құрылуы, оның азаматық соғыс кезіндегі таралуы мен
қайта бірігуі; Шотландия мен Англияның бірігуі; ағылшын-ирланд одағының
дезинтеграциясы; Германияның бірігуі; Италияның бірігуі; Габсбургтер
империясының құрылуы; норвег-швед одағы; Швейцария конфедерациясы; Англия
мен Уэльстің бірігуі және орта ғасырларда Англияның құрылуы. Ұлттық
дәрежеде интеграциядезинтеграция үрдістерін зерттеу К.Дойчтың ойынша
халықаралық дәрежедегі сондай үрдістердің мәнін тереңірек түсінуге ықпал
етеді.
Жүйелер теориясына сүйеніп, К.Дойч интеграция дегеніміз бірліктер
арасындағы өзара қатынас, мұнда олар өзара тәуелді және бірге жүйелік
шығарады, соңғыларына олар жеке қол жеткізе алмас еді деп пайымдайды.
Саяси интеграцияны ол саяси тұлғалар не бірліктердің интеграциясы деп
санайды. Бұл саяси бірліктерге индивидтер, топтар, муниципалитеттер,
аймақтар мен елдер жатады. Олардың саяси тәртібіне қатысты К.Дойч көбінесе
акторлар арасындағы коммуникациялар дәрежесіне көңіл бөледі.
К.Дойчтың пікірінше, интеграцияның басты мақсаттары мыналар:
1. бейбітшілікті сақтау;
2. интеграциялаушы бірліктер үшін үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізу;
3. қандай да бір ерекше міндетті орындау;
Интеграция барысында бірінші мақсат не болмаса басқа жоғары
көрсетілген мақсаттар қойылып шешілуіне байланысты К.Дойч Қауіпсіздік
қоғамдастықтарының 2 түрін бөліп көрсетеді:
1. плюралистік;
2. амальгамирлік.
Амальгамирлік қоғамдастық шеңберінде екі немесе одан да көп тәуелсіз
болған саяси бірліктер ортақ унитарлы, не федералды үкіметі бар жаңа
үлкенірек бір бірлікті құрады (мәселен, АҚШ). плюралистік қоғамдастықта
бірліктер тәуелсіз болып қалады (мәселен, НАФТА шеңберіндегі АҚШ пен
Канада).
Солтүстік Америка мен Батыс Еуропадағы интеграциялық үрдістердің
сараптамасы К.Дойчқа интеграциялық екі түрі үшін қажетті шарттардың бар
екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Амальгамирлік интеграция
келесі шарттардың болуын талап етеді:
1. негізгі құндылықтардың өзара сәйкестілігі;
2. ерекше және баулаушы өмір сүру тәртібі;
3. саяси және әкімшілік мүмкіндіктер саласында біршама күшею;
4. бірқатар қатысушы бірліктер үшін ең жоғары экономикалық өсу және
әлсіз аймақтар топтастырылатын ядролық дамуы;
5. түрлі әлеуметтік страталар арасында географиялық жақын
территориялар арасында үздіксіз әлеуметтік коммуникациялар;
6. саяси элитаның кеңеюі;
7. коммуникациялар мен өзара әрекеттерінің көптілігі мен әр түрлігі;
8. саяси маңызды страталар арасында тұлғалардың мобильдігі.
Міне, бірге бұл шарттар қоғам көпшілігінің интеграциялаушы
қоғамдастықтың ұлттан жоғары институттарын қабылдап қолдауға талпынысы мен
қабілеттігін қалыптастырады.Алайда, К.Дойчтың пікірінше, қалыптасқан
амальгамирлік қоғамдастық әлсіз болуы мүмкін, ол келесі шарттардың
бірінің әсерінен дезинтеграцияға ұшырауы мүмкін:
1. экономикалық, саяси, әскери салаларда бүкіл қоғамдастық немесе оның
бір бөлігі үшін ауырлықтың өсуі;
2. азаматтық ассимиляция үрдісіне қарағанда әлеуметтік немесе саяси
белсенділігінің күрт өсуі мен қоғамдастықтың ортақ саяси
мәдениетінің қалыптасуы;
3. экономикалық, әлеуметтік, мәдени, лингвистикалық, этникалық
салалардың бірінде интеграциялық үрдісті алдына алатын
дифференциацияның күрт өсуі;
4. ағымдағы міндеттермен байланысты үкіметтер мен саяси-этникалық,
саяси және әкімшілік мүмкіндіктерінің мәнді әлсізденуі;
5. жаңа мүшелердің келуіне кедергі жасайтын және контр элиталар
рөлінің күшеюіне әкелетін саяси элитаның жабық сипаты;
6. қажетті реформаларды уақытында орындауда үкімет пен элитаның
К.Дойчтың пікірінше, плюралистік қауіпсіздік қоғамдастығының
қалыптасуында 3 мәнді шарттардың болуы қажет:
• интеграциялаушы бірліктерде саяси шешімдер қабылдайтын тұлғалардың
құндылықтардың сәйкестілігі;
• саяси шешімдер қабылдайтын тұлғалардың тәртібін өзара алдын ала
білу;
• интеграциялаушы бірліктер мен элиталардың бір-бірінің
мұқтаждықтарына дұрыс жауап беруге өзара қабілеттілігін;
Сөйтіп, плюралистік қоғамдастықты құру жеңілдірек, себебі оның құрылуы
интеграциялаушы бірліктердің саяси элиталарының тәртіптеріне және бір ғана
негізгі мақсат – бейбітшілікті сақтауды жүзеге асыруға ғана байланысты.
Оның құрылуы интеграциялаушы бірліктердің плюрализмін сақтайды.
Интеграция үрдісі бір немесе бірнеше жоғары дамыған саяси бірліктерден
тұратын ядроның айналасында басталады. К.Дойч түрлі елдердің өкілдері болып
табылатын жеке азаматтардың, саяси партиялар мен топтардың қатынасының
маңыздылығын атап көрсетеді. Алмасу бағдарламалары, туризм, сауда және
коммуникацияның басқа формалары өзара тәуелділіктің өсуіне, өзара
түсіністікке, яғни, бір-біріне сенбеу, қорқуды алдын алудың негізінің
қалыптасуына ықпал етеді.
К.Дойч халықаралық ұйымдардың рөлін бөліп көрсеткен жоқ, бірақ оның
жұмыстарын көріп, мынадай қорытындылар жасауға болады:
Біріншіден, плюралистік интеграция нәтижесінде үкіметаралық, не
үкіметаралық емес халықаралық ұйымдар пайда болуы мүмкін.
Екіншіден, халықаралық ұйымдар қоғамдар арасында коммуникациялардың
формалары бола алады, олар бір-бірін жақсырақ түсінуді, өзара әрекет етуді
қамтамасыз ете алады.
К.Дойч ұсынған саяси интеграцияның үлгісі әлеуметтік ассимиляция мен
саяси интеграция арасында байланыс өткізеді, бұл байланыс интеграция
үрдісінің қажетті шарты, әрі құрамдас бөлігі болып табылады. Интеграциялық
үрдіс оның концепциясына сүйенсек, табиғаты бойынша біржақты болып
табылмайды. Интеграция үшін қажетті шарттар бір мезетте емес, түрлі
комбинацияларда пайда бола алады. Интеграциялық үрдісті дезинтеграция
әрдайым үзе алады.
Секторлар бойынша қауіпсіздікті бөлу туралы ойлар қырғи-қабақ
соғысының соңғы он жылдығында пайда болды, себебі әскери-саяси күн
тәртібіне жаңа мәселелер енгізілді. Бузан қауіпсіздік сараптамасында сектор
идеясын былай деп тұжырымдады:
Жалпы айтқанда, әскери қауіпсіздік мемлекеттердің қарулы, шабуылды,
қорғаныс қабілеттіліктерінің екідеңгейлік өзара әрекеттесуін және бір-
бірінің ниеттерін қабылдауын белгілейді. Саяси қауіпсіздік дегеніміз
мемлекеттердің, заңды жүйелердің, идеологиялардың ұйымдастырушылық
тұрақтылығы болып табылады және соңғысы оларға легититимдікті береді.
Экономикалық қауіпсіздік мемлекеттік күш пен молшылық дәрежесін
сақтауа қажетті қорлар, қаржылар мен нарықтарға қол жеткізуге қатысты.
Әлеуметтік қауіпсіздік тіл, мәдениет және діннің дәстүрлі
құрылымдарының, сонымен қатар ұлттық бірдейлік пен әдет-ғұрыптардың
эволюциясы үшін тұрақтылық пен қажетті шарттарды жасауды білдіреді.
Инвайроментальдық қауіпсіздік адамның барлық басқа әрекеттері
туындайтын мәнді қолдаушы жүйе ретіндегі жергілікті және планетарлы
биосфераны қолдауды білдіреді.[17]
Бұл жұмыста Бузанның жұмысында тұжырымдалан секторларды қарастыру
тәсілдерінің бірі қабылданып отыр. Бұл тәсіл секторларды өзара
әрекеттесудің түрі ретінде қарастырады:
• әскери
• саяси
• экономикалық
• социетальді
• инвайроментальды
Секторларды енгізу өзара әрекеттесудің жеке құрылымдарын бөлу және
сараптау мақсаттары үшін тұтасты бөлуге арналған. Мұндай бөлудің міндеті ол
зерттеуді жүйелеу мен қарастырылатын объектілер санын қысқарту арқылы оны
жеңілдету болып табылады.
Осы тұрғыдан қарасақ, әскери сектор күштеу қатынастарымен, саяси
сектор билеуші мәртебесі, беделі және мойындау қатынастарымен, экономикалық
сектор сауда, өндіріс және қаржы қатынастарымен, социетальды сектор ұжымдық
бірдейлік қатынастармен, инвайроментальды сектор адам қызметі мен ғаламдық
биосфера арасындағы қатынастармен байланысты.
Берілген жұмыста автор Орталық Азия мемлекеттері қауіпсіздігінің
әскери секторын сараптаумен ғана шектеледі, басқа секторларға қысқаша
тоқталып өтеді. Бұл таңдау әскери қауіпсіздік мәселелерінің
секьюритизацияның дәстүрлі саласы бола отырып, саяси көсемдер тексілерінде,
әрі нормативтік-құқықтық құжаттарда нақты көрініс табуымен түсіндіріледі.

1.2 РЕЖИМ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қақтығысушы тараптар дау-жанжал пәнiне (территория, мүлiк т.б.)
құқықтын өзiнше дәлелдейдi. Сол себептi қақтығыста үшiншi тарап “арбитрдiң”
болуы қажет, осы арбитр қақтығыс жағдайында ортақ құқықтық тәртiп пен
нормаларды белгiеуi тиiс. Мiне қандай да бiр жағдайда халықаралық
қатынастардың акторларының тәртiбi және нормаларын қалыптастыру халықаралық
режимдер теориясы жүзеге асырады. Халықаралық қатынастардың экономика,
қауiпсiздiк, экология, әлеуметтiк қатынастар т.б. салалары т.б. салалары
үшiн нақты реттеушi механиздердiң болуы өте маңызды, себебi бұл салалар
мәселен, ядролық қаруды таратпау, әлемдiк мұхитты пайдалану және балық
қорларын қорғау, өндiрiс және азық-түлiктi бөлу т.б. мәселелрдi қамтиды.
“Халықаралық тәртiп” ұғымы 1970 жж. басында пайда болды. Әдебиетте
халықаралық тәртiбiнiң нақты анықтамасы жоқ, бiрақ келесi анықтамалары кең
таралған:
• халқаралық тәртiп-“қандайда бiр саланы реттеу мақсатымен
келiсiмен нормалар, ережелермен iс жүргiзулер ”
• (Эрист Хаас)
• Халықаралық тәртiп - “ережелер мен iс жүргiзулер, оған қоса
қызмет етудiң нақты бiр түрi үшiн нақты институттарды қабылдау
арқылы трансұлттық және үкiметаралық қатынастарды реттеу мен
бақылау” (Роберт Неохейн мен Джозеф Най)
• Халықаралық тәртiп – “қандай бiр қызмет ету салаларын реттеуге
мүдделi тұлғалардың әрекеттерiн белгiлейтiн әлеуметтiк
институттар” (Оран Янг)
• Халықаралық тәртiп қандай бiр салада акторлардың қағидалары,
нормалары, шешiмдердi қабылдау ережелерi мен iс жүргiзулерi және
олардың қалыптасын әрекеттерi айналасында(Стефан Крайснер);
Әрбiр тәртiптiң негiзiнде “қағидалар мен нормалар жиынтығы” бар өз
алдына қағидалар мен нормалар дегенiмiз халықаралық қатынастардың қандай да
iр кеңестiгiн не жүйесiн қалыптастыруға көмектесетiн ”бағыттар” болып
табылады. Халықаралық тәртіп қауіпсіздік теорияларын зерттеу ХХғ. 70- 80
жылдарынан бастау алады. Оның негіздерін халықаралық- саяси теориясының
либералды ағымының өкілдері салды. Олар халықаралық үрдістердің мәнді
субьектілері мен факторлары болып табылатын халықаралық ұйымдарды
түпкілікті зерттеді. Бұл жағдай халықаралық қауіпсіздік тәртіптерінің
негізінде жатқан ережелерді зертеуге итермеледі.
Халықаралық тәртіп мәселесіне саяси реализм мектебінің өкілдері де
көңіл бөле бастады. Халықаралық тәртіп зерттеушілер қатарына келесі
көрнекті батыс зерттеушілер жатады: Р. Аксерольд, С. Краснер, Р. Кохейн,
Ф.Краточвил, Дж. Миршаймер, Дж. Най, Дж. Рагги, А.Стейн,О. Янг және
басқалары.
Көптеген зерттеушілердің ойынша әдебиетте халықаралық тәртіптің
бірыңғай анықтамасы жоқ. 1975ж. Дж. Рагги алғаш рет халықаралық тәртіп
ұғымына анықтама берді: халықаралық тәртіп деп мемлекеттер тобымен
қабылданған өзара күту, ережелер, жоспарлар, ұйымдық және қаржы белгілеулер
жиытығын айтамыз.
Қағидалар мен нормалар құрылымда құрастыратындықтан, олардың өзгеруi өз
алдына тәртiптiң iшiнде ережелер мен iс жүргiзулердi бөлiп көрсетуге
болады, алайда соңғылардың өзгеруi тәртiптiң өзгерiсi не әсер етпейдi.
Осылайша тәртiп iшiнде ережелер сақталынады, барлық ойнаушылар бірыңғай
ережелер бойынша әрекет етеді деген күтушіліктер құрылып отыр. Қандай да
бір тәртіпті құра алатын негізгі акторлар егеменді мемлекеттер болып
табылады. Олар шешімдерді қабылдау мен нақты тәжірибе негізінде шаралар мен
қабылдау мен нақты тәжірибе негізінде нормалар мен қағидаларды инстуттайды.
Тәртіптердің ықпалы тек мемлекеттік құрылымдарға ғана емес, жеке
компанияларға да (мәселен банктер, ЖШС әуекомпаниялар т.б.) әсер етеді.[18]
1) Акторлардың өзара қатынастары екі жақты және көпжақты негізде құрыла
алады, оған сәйкес екіжақты мен көпжақты тәртіптер құрылуы мүмкін. Мәселен
КСРО мен АҚШ ашық ғарышта ядролық қаруды пайдалану мәселелеріне қатысты
тәртіпті (екіжақты тәртіп) құрды.
Скандинавияда экологиялық таза өнімді пайдалану бойынша аймақтық тәртіп
бар, ол бойынша қатысушы елдер экологиялық таза, органикалық өнімді ерекше
марнілеуге міндетті.
2) Тәртіптер территориялық қағида бойынша құрыла алады:
• бүкіләлемдік тәртіп;
• аймақтық тәртіп;
• субаймақтық тәртіп.
3) Тәртіптер қызмет ету бойынша құрыла алады:
• экологиялық тәртіп;
• көліктік тәртіп;
• экономикалық тәртіп;
• қауіпсіздік саласындағы тәртіп;
• денсаулық сақтау саласындағы тәртіп;
• адам құқықтары саласындағы тәртіп және т.б.
Халықаралық тәртіп түрде белгіленуі (бреттон – Вудс ГААТ) не жүйесі
белгіленбеуі мүмкін.
Тәртiптердiң қандай да бiр институционалдық құрлымы болуы не болмауы
мүмкiн, оған сәйкес олар халықаралық ұйымдар түрiнде өмiр сүруiне
сүрмеуi мүмкiн. Халықаралық тәртiптер институттарды құруды көздеп
отыратын халықаралық келiсiмдарге негiзделе алады. Дегенмен, халықаралық
ұйымдардың мақсаттарымен мiндеттерi әдетте. Кендеу болып табылады.
Бұдан басқа тәртiптер Құрлымы белсендiрек болып, өзгерiстерге тез
ұшырайды. Осыған қарамастан халықаралық ұйым тәртiп шеңберiнде әрекет етiп
оны қолдау үшiн құрылуы мүмкiн. Мiне асы жағдайда ең алдымен қандай да
бiр келiсiмдерге қол қойылып олардың шеңберiнде қандай да бiр ұйымды
құруға мүмкiндiк пайда болады
Жалпы айтқанда, халықаралық тәртiптер қоғамдықтастар болып табылады,
олардың мүшелерi қандай да бiр құндылықтарда тарату мен бекiту арқылы өз
мүделерiн жүзеге асыруға ұмытылады Халықаралық қатынастардың экономика,
қауiпсiздiк, экология, әлеуметтiк қатынастар т.б. салалары т.б. салалары
үшiн нақты реттеушi механиздердiң болуы өте маңызды, себебi бұл салалар
мәселен, ядролық қаруды таратпау, әлемдiк мұхитты пайдалану және балық
қорларын қорғау, өндiрiс және азық-түлiктi бөлу т.б. мәселелрдi қамтиды.
Тәртiптер теориясының нұсқауларының бiрi Артур Стейннiң концепциясы
болып табылады. Оның концепциясы халықаралық тәртiптi құрудың шарттары мен
механизмi көрсетедi. Көпшiлiк тәрiздi А. Стейннiң ойынша халықаралық
қатынастар табиғаты бойынша анархиялықболып табылады Оның пiкiрiнше
халықаралық қатынастар дегенiмiз егемендi мемлекеттердiң өзара әрекеттерi,
мемлекеттердiң өзiн-өзi сақтау мқсаты бар және осы мақсатқа қол жеткiзу
үшiн өз күшiне сенiп оны қолдануға дайын болу керек.
“Кәдiмгi” халықаралық қатынастар мемлекеттердiң тәуелсiз әрекет етуiн
бiлдiредi. Бұл жерде мемлекеттердiң өзара әрекеттесуiнiң қандайда бiр
нәтижесi мүдделерiмен белгiленiп отырады және қақтығыстан бастар
ынтымастыққа дейiн өзгеруi мүмкiн. А.Стейннiң пiкiрiнше мемлекеттердiң
әрекет етулерi шешiмдердi қабылдаудың байланыссыз және тәуелсiз тәсiлдермен
белгiленiп отырғанша, халақаралық тәртiптiң бар деп айтуға болмайды.
Мәселен қару-жарақ жарысында қарсылушы тарартардың шешiмдерi мен
әрекеттерi. Өзара белгiленiп отырады, оны тәртiп деп алға алмаймыз. А.
Стейннiң пiкiрiнше барлық мемлекеттер шешiмдердi тәуелсiз шешуден бас
тартып, ұғымдық ( келiсiмен) әрекеттер тиiмдiрек болатын жағдайлар бар деп
пайымдайды. Себебi келiсiп әрекет ету зиянды нәтижелердi болдырмауға көп
мүмкiндiк берiп отырады.
Яғни, тәртiп тараптар ортақ мүделер үшiн өзара әрекеттесiп
шешiмдердi бiрiгiп қабылдаған жағдайда қалыптасады. Стейннің пiкiрiнше
халықаралық қатынастар дегенiмiз егемендi мемлекеттердiң өзара әрекеттерi,
мемлекеттердiң өзiн-өзi сақтау мқсаты бар және осы мақсатқа қол жеткiзу
үшiн өз күшiне сенiп оны қолдануға дайын болу керекБасқа тәртіптерді
зерттеуші Оран Янгтың теориясы бойынша халыаралық тәртіптер қызығушы
тараптардың басқару қызметімен қамтамасыз етілген әлеуметтік институттар.
Басқа да әлеуметтік институттар сияқты олар ісәрекеттің үлгісі болып
табылады. Олар шешім қабылдау процесінде субъективтік-адамдық фактордың
болуын көрсетеді. Халықаралық тәртіптер қатысушы жақтардың алдын ала
келіскен шарттарды бұзу қауіпін азайтады және басқа келісімдердің кепілі
болып табылады. О. Янгтың ойы бойынша тәртіптер мемлекетпен немесе ол
қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдармен орнатылады және ол жеке
компанияларға таратылады.[19]
Халықаралық тәртіптер белгілі бір жақтардың бір мақсатта бірігіп әрекет
етуіне байланысты пайда болады. Оған мысал белгілі бір мемлекеттегі қауым
бола алады. Қауым азаматтардың келісімшарттарына және дауларды шешуге күш
қолдана негізделіп азаматтардың іс әрекеттерін шектейтін тәртіп орнатады.
“Кәдiмгi” халықаралық қатынастар мемлекеттердiң тәуелсiз әрекет етуiн
бiлдiредi. Бұл жерде мемлекеттердiң өзара әрекеттесуiнiң қандайда бiр
нәтижесi мүдделерiмен белгiленiп отырады және қақтығыстан бастар
ынтымастыққа дейiн өзгеруi мүмкiн. А.Стейннiң пiкiрiнше мемлекеттердiң
әрекет етулерi шешiмдердi қабылдаудың байланыссыз және тәуелсiз тәсiлдермен
белгiленiп отырғанша, халақаралық тәртiптiң бар деп айтуға болмайды.
Тәртiптер анархиялық халықаралық жүйе жағдайында мемлекеттерге
ынтымақтасуға көмектеседi. Мұнда айтып керек тәртiптер мемлекеттердiң
ынтымақтастық нәтижесiнде пайда табуға қатысты дәстүрлi көздеулерiн
жоймай, керiсiнше жаңа тиiмдiрек мүмкiндiктер құрады. Бұдан басқа,
тәртiптер халықаралық аренада күштерiң әрекет етуi ара-қатынасын бекiтiп
отырады. Мәселен, ядролық қаруды таратпау тәртiбi Status guo-ны сақтауға
жиi ядролық державалардың санын кенейтпеуге бағыттылған. ХХІ ғасырдың
қауіпті тудырды – кең көлемді экномикалық не экномикалық зиян келтіретін,
жаппай қыруды тудыратын ең алдыңғы қатарлы технолгияларды, қаруларды
терристік мақсаттарда пайдалану қауіпті. Қазіргі кезде осы технологияларға
жаппай қыру қарулары – ядролық, химиялық ие биологиялық құралдар,
эносфераға, ақпараттық кеңістікке, адамның санасына әсер ететін құралдар
жатады. Террористтер жаппай қыру қаруын тікелей, не болмаса
мемлекеттермен саудаласу үшін қолдануы мүмкін.[20]
Осыған байланысты мемлекетіміз жаппай құру қаруды тартумен күресуде
қауіпсіздік бойынша бастамашылыққа қатысушы мемлекеттермен ынтымақтасу
шегінде нақты шараларды өткізуді ұсынып отыр.
Қазіргі кездегі экономикалық, гуманитарлық байланыстарды
либерализациялау халықаралық тасымалдар мен сауданың дамуы есірткі
бизнесенің мүмкіндіктерінің кеңейтті.[21]
ҰҚКҰ–ы үшін есріткі заттардың контрабандасы, оның ішінде Ауғаныстаннан
келетін героин мен апиынның есірткі нарвғының басты қайнар көзі болып
табылады. Есріткі заттардың өндірісі осы елде өнеркәсіп негізінде әрекет
етеді. Осы өндірістен түсетін үлкен пайда оның ұйымдастырушыларына
қандайда болмасын шығындар, оның ішінде адам шытындарын жасауға мүмкіндігі
беріп отыр.
Ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастықтар біздің елдер арқылы Азиядан
Еуропаға есірткі заттардың кең көлемді транзиттінің тұрақты жолдарын
өткізді. Наркобизнес саласында әрекет ететін қылмыс топтары жоғары
ұйымдастырумен, номерациялау құрылымдарға белсенді қатысуымен Құқық қорғау
органдарға жемқорлықпен айналысатын адамдардың қылмыс саласында кең
байланыстардың болуымен ерекшеленеді.
Есірткі заттардың айналымын қойдырту үшін Құзырлы органдар
басшылыраның коорперациялық кеңесінің қызметін белсендіру қажет. Екі жол
бұрын Канал - 2004 операциясы оны ұйымның қабілеттілігін көрсетті.
Қазақстанның ұстанымына сәйкес, ұйымның тен қорғаныс бағыты болуы тиіс,
ол қауіпсіздік сал саласында басқа халықаралық ұйымдармен ынтамақтасуға
ашық және дайын тұруы тиіс. Қазіргі кезде ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік
ацмақтың ұйымдарының глобальді жүйесіне енді. БҰҰ – ан басқа Азиядағы
өзара ынтымақтасу мен сенімділік шаралары бойынша кеңесу (АӨСШК)
Еуропадағы қауіпсіздік пен кеңесу бойынша ұйымы (ЕҚЫҰ) Шанхай ынтымақтасу,
ұйымы (ШЫҰ) тәрізді элементтер мен өзара әрекеттесу мәнді мәселе болып
табылады. НАТО мен өзара әрекеттесуді ерекше атап айтуға болады, ол қазіргі
кезде толық күшімен дамымай отыр. Біздің мемлекетіміз көптеген мәселелерді
бұрынғысына екі жақты түрде бейбітшілік күнін серіктестік пен Ресей-НАТО
Кеңесі шеңберінде шешіп отырады. Дегенмен НАТО-ның өзі өзгерісіне ұшырап,
қазіргі кезде бізге қарсы бағытталған ұйым емес, жалпы қауіпсіздік бойынша
ұйымға айналады. . Мемлекет басшылары саяси мәлімдеме қабылдады, онда
олар әлемдегі қазіргі заманғы әскери – саяси ахуалға келісілген ұжымдық
баға берген, интеграциялық үрдістерді дамыту бойынша ұйымының қадамдарын
талқылауы, әлемдік пен аймақтық саясаттың қазіргі бір қатар мәселелер
бойынша ортақ ұстанымдарын құрастырды. Сессияда бірақатар мәнді құжаттар
қабылданды, оның ішінде САШҰ – мен диалог пен қарым – қатынастардың негізгі
бағыттары туралы қажет.

2. ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық қауіпсіздік және орталық азия мемлекеттері халықаралық қатынастар жүйесінде
Егемен қазақстанның сыртқы саясаты
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиясы
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Аймақтық қауіпсіздік мәселелері
Көші-қон мәселесі
Тұңғыш Президенттің қысқаша өмірбаяны
Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы саяси қатынастары
АҚШ-тың Оңтүстік Шығыс Азиядағы саясаты
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Қытайдың сыртқы саясаты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Пәндер