Жалпақ құрттар типі



1. ҚҰРТТАР ТИПІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА. ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ
2. ЖҰМЫР ҚҰРТТАР
3. БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПІ

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Құрттар типіне жалпы сипаттама. Жалпақ құрттар типі 3
2. Жұмыр құрттар 5
3. Буылтық құрттар типі 7
Құрттар типіне жалпы сипаттама. Жалпақ құрттар типі
Құрттар - екі жақты симметриялы, үш қабатты, көп клеткалы жәндіктер.
Бұлардың денесін тері бұлшық етті қапшық қаптайды, әдетте созылыңқы келеді.
Эктодерма және эндодерма аралығында үшінші қабаты аралық қабат мезодерма
орналасады. Құрттарды зерттейтін зоология ғылымының саласын гельминтология
деп атайды.
Жалпақ құрттар типінің жалпы саны 15 мыңнан асады. Түрлері мынадай 4
класқа жіктеледі: кірпікшелі құрттар, бір ұрпақты сорғыш құрттар,
қатпаройысты құрттар (гидрокотилидтер) және таспа құрттар. Бұлардың
денесінде қуысы жоқ, бауыр жағы арқасына жабысып, денесі жалпақ пішінді
болғандықтан, бұлар жалпақ құрттар деп аталған. Жалпаққұрттар көпшілігінің
пішіні жапыраққа немесе таспаға ұқсас болады. Таспа тәрізді жалпақ
кұрттардың ішекқуыстылардан айырмашылығы - денесі екі қабаттан емес, үш
қабаттан тұрады. Ұрықтың дамуы кезінде эктодерма мен эндодерма аралығынан
аралық клеткалы қабат мезодерманың пайда болуы, әр түрлі мүшелер мен
мүшелер жүйесінің түзілуіне негіз болады. Дене жабыны цилиндр тәрізді
клеткалардан тұратын жабын ұлпасы эпителиймен қапталады. Эпителийдің
клеткаларында кірпікшелер болады. Мұндай қабатты еркін жүзетін жалпақ
құрттардың (мысалы, ақ планария) жабын клеткаларынан көреміз. Ал паразиттік
жолмен тіршілік ететін құрттардың (сорғыш құрттар, сиыр таспа құрты)
эпителий ұлпасының сыртынан тығыз, клеткасыз түзіліс сірқабық қаптайды.
Сірқабық қорғаныш қызметін атқарады.
Кірпікшелі құрттар суда кірпікшелерінің көмегімен еркін жүзеді. Дене
қимылының реттелуіне сыртқы қабаттағы сақиналы бұлшықет, аралық қабаттағы
қиғаш бұлшық ет және ішкі қабаттағы бірыңғай салалы бұлшық ет клеткаларының
қабаттары көмектеседі. Борпылдақ клеткаларға толы дене қуысында әр түрлі
ішкі мүшелер (ас қорыту, зәр шығару, жыныс мүшелері) орналасады.
Жалпақ құрттардың жүйке жүйесі дененің бас бөлігіндегі жүйке
түйіндерінен басталып, денені бойлай созылған екі жүйке бағанасына көлденең
байланысқан жүйке арқылы жалғасады. Кірпікшелі құрттарда сезім мүшелері
дами бастайды: құрылысы әр түрлі қарапайым көзшелері болады және сипап сезу
сезімталдығы арта түседі. Жалпақ құрттарда, ішекқуыстыларда жоқ жада
мүшелер жүйесі - зәр шығару жүйесі бар. Алайда олардың барлығында қан
тарату және тыныс алу мүшелері болған жоқ. Паразиттік жолмен тіршілік
ететін жалпақ құрттарда (сорғыш, таспа құрттар) көз дамымаған. Жалпақ
құрттардың ас қорыту мүшесі екі бөліктен құралады. Бір бөлігі - жұтқыншақ,
екіншісі - ішектің ортаңғы бөлігі, өйткені жалпақ құрттарда артқы ішек пен
аналь тесігі жоқ. Тіпті паразиттік жолмен қоректенетін кейбір жалпақ
құрттарда (таспа құрттар) ас қорыту жүйесі жойылып кеткен. Жалпақ құрттар -
қос жынысты (гермафродиттер) жәндіктер. Олардың жыныс жүйесінің құрылысы
өте күрделі, жыныстық жағынан жетілуге дейін бірқатар дернәсілдік
сатылардан өтіп, өзгеріспен дамуына тура келеді. Мысалы, ақ сұлама
жұмыртқадан дамып, піллә түзеді, бауырсорғыштың дернәсілдері жұмыртқадан
дамыған кезде әр түрлі пішінді болып, негізгі жүйеаралық иелерде дамиды.
Паразит жалпақ құрттардың жыныстық ұрпақтары (алғашқы) негізгі иеде
мекендейді де, дернәсілдік ұрпақтары аралық (екінші) иеде мекендейді. Таспа
құрттардың өкілі сиыр таспа құртының аралық иесі сиырдың денесінде
жұмыртқадан дернәсілдің екі түріне ауысады: біріншісі - қармақшалы
дернәсіл, екіншісі - таспа құрттың көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан
басы бар кішкене көпіршігі - финна. Ересек таспа құрт негізгі (алғашқы)
иесі адам денесінде өмір сүреді. Жалпаққұрттар - суда, топырақта,
организмдер денесінің сыртында және ішінде паразиттік жолмен тіршілік
ететін омыртқасыз жануарлар. Бұлардың еркін тіршілік ететін түрлері ұсақ
шаяншалармен, құрттармен және суда мекендейтін ірі жануарлардың
қалдықтарымен қоректеніп, биосферадағы зат айналымды жүзеге асыруға
қатысады. Паразиттік жолмен тіршілік ететін жалпақ құрттар жануарлар мен
өсімдіктер организмінде әр түрлі аурулар туғызып, халық шаруашылығына
айтарлықтай зиян келтіреді. Сонымен бірге таспа құрттардың барлығы - әр
түрлі жануарлар мен адам өміріне зиянын тигізіп, ішегінде өмір сүретін
паразиттер - эндопаразиттер болып табылады. Организм денесінің сыртында
паразиттік жолмен тіршілік ететін жәндіктер эктопаразиттер деп аталады.
Жұмыр құрттар
Денесі буылтықтарға бөлінбеген, созылыңқы цилиндр пішінді немесе
ұршыққа ұқсас болып келеді, көлденең кесіндісі дөңгелек, денесі үш қабаттан
тұратын дара жынысты жәндіктер. Бұлардың денесінің ішкі қабырғасы мен
ішегінің аралығында ішкі мүшелер орналасатын ең алғашқы қуысты құрттар типі
деп аталады. Жұмыр құрттардың денесі екі жақты симметриялы, көпшілігі
паразиттік жолмен тіршілік етеді.
Денесі буылтықтарға бөлінбегендіктен, бұл типке жататын құрттар жұмыр
құрттар деп аталады. Дүние жүзінде жұмыр құрттардың 20 мыңға жуық түрі
тіршілік етеді. Олар бірнеше кластарға жіктеледі, біз мынадай кластардың
өкілдеріне сипаттама береміз:
1. жұмыр құрттар;
2. бауыркірпікшелі;
3. зымырақтар;
4. қылқұрттар;
5. тікен басты құрттар.
Жұмыр құрттар денесінде алғашқы қуыстың пайда болуымен ерекшеленді.
Қуысындағы сұйықтық сыртқы ортамен байланыспайды, онда ішкі мүшелер еркін
орналасып, біріне-бірі тәуелсіз жұмыс атқарады. Жұмыр құрт денесіндегі қуыс
пен сұйықтық денедегі барлық клеткалармен ұласып, газдың алмасуына да
қатысады. Жұмыр құрттың бұған дейінгі жәндіктерден тағы бір айырмашылығы -
аналь (артқы) тесігінің болуы, денені қаптайтын бөліктің үш қабаттан тұруы:
бірінші ең сыртқы қабат - сірқабық, екінші ортаңғы қабат - гиподерма (тері
астындағы қабат).
Сірқабық- өлі ұлпа, сондықтан организм денесінің өсуіне мүмкіндік
бермейді, өзі өспейді. Жұмыр құрттардың денесі өскен кезде, серпімді қалың
қабат - сірқабықты сыпырып тастайды да, сірқабық кейіннен жаңаланып қайта
пайда болады. Жұмыр құрттардың сірқабық тастауы түлеу деп аталады. Түлеу
жәндіктің уақытша өсуін қамтамасыз етеді, өйткені денесі өскенде құрт тағы
да түлей алады. Гиподерма (грекше гипо - астында, дерма - тері дегенді
білдіреді) қабаты сірқабықты астарлап жатады. Гиподерма астыңғы жағынан
бірыңғай салалы бұлшық ет қабатына қосылады, бұлшық ет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішекқуыстылар типі. Екіжақты симметриялы жануарлар бөлімі
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктер туралы
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктер
“Зоология” курсының кіріспесі
Оқушыларының құрттар жайлы білімдерін практикалық тұрғыда қарастыру
Жалпақ құрттар типі. Сорғыштар класы, Жалпы сипаттамасы, жіктелуі, практикалық маңызы
Жалпақ құрттар
Ішек құрттар немесе гельминттер
Ересек құрттың дене ұзындығы
Жалпақ құрттар типі. Таспа құрттар класы, сипаттамасы, жіктелуі, практикалық маңызы
Пәндер