Қазақстандағы валюталық реттеуді талдау



1.3. Әлемдiк валюталық жүйелердiң даму кезеңдерi

II тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ
2.1 Валюталық реттеудің қазіргі жағдайы және мәселелері
2.2 Қазақстандағы валюталық реттеу мен ырықтандыру механизміне талдау

III тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
1.3. Әлемдiк валюталық жүйелердiң даму кезеңдерi

Алғашқыда табиғи тұрғыдан ұлттық валюта-қаржылық қатынастар жүйесi
пайда болды, олар халықаралық құқық ережелерiне сай ұлттық заңмен
бекiтiлген. Ұлттық валюта-қаржылық қатынастар жүйесiнiң салыстырмалы
өзiндiк дербестiгiне және ұлттық шекаралардан шығуына қарамастан, ақша
жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып, ерекшелiктерi экономиканың қуаты мен
даму деңгейiмен және елдiң сыртқы экономикалық байланыстарымен
анықталатын.
Ұлттық валюта-қаржылық қатынастар жүйесi сыртқы экономикалық қызметтi
қамтамасыз ететiн ұлттық банктер арқылы әлемдiк валюта-қаржылық
қатынастар жүйесiмен тығыз байланысты болуы тиiс. Және де бұл байланыс
мемлекетаралық валюталық реттеуде және жетекшi елдердiң валюта-қаржы
қатынасы саясатын үйлестiруде өз-өзiнен айқындала түседi.
Алғашқы валюта-қаржылық қатынастар жүйесi ХIХ ғасырда өнеркәсiптiк
революциядан кейiн алтын монометализм негiзiнде алтынтиындық үлгi
(стандарт) түрiнде құрылып, 1867 ж. Париж конференциясында заңды түрде
тiркелген едi. Бұл жүйе алтынды әлемдiк ақшалардың жалғыз түрi деп
жариялады. Осы жағдайда ақша және валюта-қаржылық қатынастар жүйесi —
ұлттық және әлемдiк жүйелер бiрдей едi, тек әлемдiк деңгейге шыққан тиындар
салмағы бойынша төлемдер ретiнде қабылданатын.
Алтын үлгi өндiрiстi, сыртқы экономикалық байланыстарды, ақша
айналымын, төлем балансын, халықаралық есеп айырысуларды бей-берекет
реттеушi рөлiн атқарды.
Бұл үлгi дүниежүзiлiк бiрiншi соғысқа дейiн тиiмдi болған едi.
Бертiндеп алтын үлгiсi (алтынтиын түрiнде) тиiмсiз болғандықтан
жойылды. Өйткенi, бұл үлгiде өсiп келе жатқан шаруашылық байланыстар мен
реттемелi нарықтық экономика жағдайына төтеп бере алмады. Алтынтиын
үлгiсi ақша және валюта-қаржылық қатынастары жүйесi ретiндегi қызметiн
тоқтатты. Сөйтiп, алтынға және жетекшi елдердiң алтынына айналмалы валюта
негiзiнде алтын-девиз үлгiсi құрылды. Халықаралық есеп айырысуларға
арналған шетел валютасындағы төлем құралдары девиз деп аталды. Екiншi
әлемдiк валюталық жүйе 1922 жылы Генуэзде өткен халықаралық экономикалық
конференцияда мемлекетаралық келiсiммен заңды түрде бекiтiлген.
Бiрақ, 30-шы жылдары валюталық жүйесiне қатысты төрт көкейкестi
мәселе алдыға көлденең тартылды: Олар — экономикалық оқшаулық, тоқырау,
ұлтшылдық және тұрақсыздық. 30-шы жылдардағы әлемдiк дағдарысты шартты
түрде бес кезеңге бөлуге болады.
Бiрiншi кезеңiнде (1929-1930 жж.) аграрлық және отарлық елдер
валюталарының құнсыздануы орын алды, өйткенi осы елдерге шығарылатын
тауарлардың бағасы әкелiнетiн тауарлар бағасынан әлдеқайда (50-70%) төмен
болды. Валюталық қорлардың кемшiлiгiнен бұл елдер төлем теңгерiмiнiң
тапшылығын жоя алмады, осыдан олардың валюта курсы 25-54%-ке дейiн
төмендедi (Аргентина, Австралия, ал Мексикада — 80%-ке дейiн).
Екiншi кезеңде (1931ж.) әлемдiк валюталық жүйенiң әлсiз буыны Германия
мен Астрия болды, өйткенi бұл елдерде шетел капиталдарының ағып кетуi,
ресми алтын қорларының кем болуы және банктердiң банкротқа ұшыраулары орын
алды. Iс жүзiнде бұл елдерде алтын үлгiсi жойылды.
Үшiншi кезең 1931 жылдың күзiнде Ұлыбританияда алтын үлгiсiнiң
жойылуымен тұспа-тұс келдi. Бұның басты себебi төлем балансының нашарлауы
және экспорт пен көрiнбейтiн операциялардың күрт қысқаруына байланысты
елдегi ресми алтын қорларының азайып кетуi болды. Мұнымен бiр уақытта
Британдық ұлттар достастығы мен скандинав елдерiнiң валюталарының
девальвациясы өткiзiлген болатын. Девальвациядан Ұлыбританиядан
Ұлыбританияның экспорт шығарушылары ұтты. Өйткенi олар валюталық демпингтi
кеңiнен iске асырды.
Төртiншi кезеңде, экономикалық дағдарыс ерекше тоқырауға айналған
кезде 1935 ж. АҚШ-та да алтын үлгiсi жойылды.
Бұның негiзгi себебi көтерме сауда бағаларының 40%-ке, соның iшiнде
шикiзатқа — 55%-ке, бидайға — 75%-ке, бөлшек сауда бағаларының — 20%-ке
төмендеуi болатын. Бұл 10 мыңнан астам банктердi банкротқа ұшыратып, АҚШ-
тың ақша-несие жүйесiне керi әсерiн тигiздi де, доллардың алтынға
айырбасталуын жойды. 1934 жылдың қаңтар айында доллар алтынға қарағанда
40%-ке құнсызданып, 41%-ке девальвацияланды. Девальвация АҚШ экспортын
шамалы ынталандырды.
Бесiншi кезеңде валюталық дағдарыстың арасында басқаларға қарағанда
алтын үлгiсiн ұзағырақ ұстанған Франция түстi.
Экономикалық дағдарыс төлем балагсының әрекетсiздiгiне, мемлекеттiк
бюджет тапшылығына, алтынның бұл елден басқа елге ағылуына ұшыратты.
1936ж. Францияда да алтын үлгiсi жойылды, ал франк 25%-ке девальвацияланды.

Генуэздiк валюталық жүйесi дағдарысының кесiрiнен әлемдiк валюталық
жүйесi өзiнiң икемдiлiк пен тұрақтылығынан айырылды. Әлемдiк валюталық
жүйесi валюталық блоктарға бөлiндi. 1937ж. әлемдiк валюталық жүйе
қайтадан экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Алѕашқы рет мемлекетаралық
деңгейде АҚШ, Ұлыбритания, Франция арасында ақыл-кеңес кеңесi енгiзiлдi.
1944ж. Бреттон-Вудс қаласында (АҚШ) БҰҰ валюталық қатынастары туралы
конференциясы өттi. Бұл конференцияда экономикалық жүйенi қалпына келтiру
мәселесi талқыланды. Валюталық жүйесiне қатысты тиянақты ұсыныстар мен
түбегейлi бастамалар АҚШ пен Ұлыбритания экономистерi тарапынан жасалды.
Жүргiзiлген келiссөздердiң нәтижесiнде валюталар курсының жағдайы
анықталып, өтiмдiлiк және төлем баланстарының қысқа мерзiмдi қаржы
аспектiлерi үшiн жауап беретiн халықаралық валюта қоры (ХВҚ) және даму
саясаты мен ұзақ мерзiмдi несие берумен айналысатын халықаралық жаңғыру
және даму банкiсi (ХЖДБ) құрылған едi. Бiрақ та, алғашқы жылдары құрылған
қорлардың кемшiлiгiнен алға қойылған мақсаттар жүзеге аспады.
Валюталардың курстары қарым-қатынасы және айырбасталу қабiлетi
долларда көрсетiлген тiркелген валюта паритетi (тепе-теңдiгi) негiзiнде
iске асатын. 10%-тен жоғары девальвация тек халықаралық валюта қорының
рұқсатымен ғана жасалатын. Тiркелген валюта курстарының тәртiбi орнатылды.
АҚШ валюталық жүйесiнiң дағдарысы 60-шы жылдардың аяғында
Вьетнамдағы соғысқа ұштаса қабаттасты. Бұл кедейшiлiкке ұрыну американдық
қаржы саясатын шектен тыс құлдыратты (ақша көлемiне қатысты).
Келе-келе валюта-қаржы қатынастарында доллар өзiнiң басымдылығынан
айырылды. Батыс Еуропаның Америкаға экономикалық және валюталық
тәуекелдiлiгi жойылды. Валюталық нарықтарда доллармен қатар немiс
маркасы, швейцар франкiсi, жапон иенасы бәсекеге түстi. Серiктестiк пен
бақталастықтың үш орталығының құрылуымен АҚШ пен Жапониямен бақталасатын
Еуропа одағы (ЕО) түрндегi жаңа валюталық орталық пайда болды.
Бiраз уақыт жүйенi жұмыс күйiнде ұстауға поллиативтер, әсiресе арнаулы
өзара көмек құқығы (SDR) — қағаз алтын көмектестi. Көпшiлiк осындай және
осыған ұқсас құралдар тепе-теңдiк үшiн берiк негiз құрайды деп үмiттендi.
Мұндай құралдардың көмегiмен алтынға деген қосымша сұранысты алтынды
үнемдеудiң есебiнен қысқарту механизмi құрылған болатын.

Валюталық дағдарыстан шығудың амалы 1971 жылдың 18 желтоқсанындағы
ондық топтың ымыралық Вашингтон келiсiмi (Смитсон институтындағы) болды.
Бұл жерде валюталық курстардың реттелуi жолға қойылды. Iс жүзiнде олар
долларға қатысты курспен тiркелдi, айырмашылығы — АҚШ-тың айырбас курсына
бағынды.
Алтын бағасы ресми түрде бекiтiлгенiмен (уницияға 35 доллардан 38
долларға көтерiлген), АҚШ валюталық интервенцияларға қатысқан жоқ едi.
Соның салдарынан олар доллардың артықшылық мәртебесiн сақтап қалды, басқа
сөзбен айтқанда халықаралық валюта жүйесi долларлық үлгiге (стандартқа)
негiзделдi.
Долларлық үлгiнiң артықшылығы алтын-валюталық үлгiнiң
тұрақсызданудырушы факторларынан дербес болуы едi. Ал, кемшiлiгi — жүйеде
доллардың басымдық ықпалының болуы және айырбастық жауапкершiлiк
механизмiнiң жоқ болуы.
1974-1975 жж. валюталық дағдарыс әлемдiк экономикалық дағдарыспен
ұштаса түстi, бұл 70-шi жылдардың аяғында жыл сайын 20%-ке дейiн валюталық
ара қатынастардың тербелiсiн күшейттi. Доллар курсының 70-шi жылдары
төмендеуi жыл бойы байқалды.
Түпкi ой бойынша, Ямайка валюта жүйесi Бреттон-Вудс жүйесiне
қарағанда төлем балансы мен валюта бағамдардың тұрақсыздығына икемдiрек
лайықтануы керек едi. Бiрақ, Ямайка жүйесi дүркiн-дүркiн дағдарысқа
ұшыраумен болды.
Арнайы өзара көмек кұкықтарына (СДР) байланысты бiрнеше мәселе
туындады: 1) шығару мен бөлу; 2) қамтамасыз ету; 3) курсты
анықтау тәсiлi; 4) АӨКҚ пайдалану аясы. АӨКҚ шығару сипаты икемсiз және
халықаралық есеп айырысулардың қажеттiлiгi.
Арнайы өзара көмек құқығы өз жүйесiнiң халықаралық валюта қоры және
басқа да бухгалтерлiк кiтаптардағы жазулар жолымен қолма-қол ақшасыз есеп
айырысулар түрiнде қолданылады. АӨКҚ есебi елге халықаралық валюта қоры
арқылы айналмалы валюталарды қарызға алуға мүмкiндiк бередi. АӨКҚ
эмиссиясы көлемi аз ғана едi, сондықтан олардың қосымша шығарылуы қажет
едi.
Осындай дағдарыстан шығу жолдары алғашқыда академиялық, кейiннен
билеушiлiк шеңберге шығып, көптеген комитеттерде талқыланды. Халықаралық
валюта қоры жиырманың комитетi 1972-1974 жылдары әлемдiк валюталық
жүйенi қайта құру жобасын ұсынды, бұл келiсiмге 1976 жылы Кингстоун
қаласында (Ямайка) халықаралық валюта қоры мүшелерi қол қойды.
Сөйтiп, құбылмалы валюта курстары жағдайында әлемдiк валюталық нарықты
қайта реттеуге оңтайлы болжамдар теориясының көрiнiс табуына алғы шарттар
туғызды. Бұл теория нарыққа қатысушылардың капитал қозғалысы
бағыттарындағы өзгерiстердi болжау мүмкiндiгiне негiзделген. Экономикалық
теория ашық нарықтар үшiн тепе-теңдiктiң бұзылу жағдайларына жол ашқанымен,
қаржы және валюта тәуекелдерiнiң дәрежесi үнемi құбылмалы болып, оларға
сәуегейлiк жасау қиынға түстi.
АӨКҚ (СДР) үлгiсi доллар үлгiсiне ұқсас. Жетекшi халықаралық төлем
және резервтiк құрал ретiнде долларға баламаның жоқтығынан валюталық
плюрализмге деген беталыстардың күшеюi байқалды. Алтын ресми түрде ақша
мiндетiн атқарудан қалды, соның өзiнде iс жүзiнде жаңартылған валюталық
тауар рөлiн сақтап қалды. Бұрынғы Бреттон-Вудс валюталық жүйеден шектеулi
аяда қолданылады. АӨКҚ тұжырымдамасы 90-шы жылдары өз мәнiсiнен айырылды,
және Ямайка валюталық жүйенiң осындай құрылымдық қағидасы өзгертiлдi.
Ямайка валюталық жүйесi халықаралық валюта қоры мүшелерiне валюталық
курс тәртiбiн таңдау құқығын бердi. Егер дамыған елдер құбылмалы валюта
курсын таңдауды ұнатса, дамушы елдер бiрнеше валюталық курстарды
қолданады. Көптеген жас мемлекеттiрдiң валюта курстары бұрынғыдай белгiлi
бiр валютаға тәуелдi, байланысты, әдетте, ол — АҚШ доллары. Өз ақша
бiрлiгiн анықтауда валюта қоржынын қолданатын дамушы елдердiң саны да
өстi. Ямайка келiсiмi дамушы елдер тобы үшiн өз бетiмен валюта саясатын
таңдау мүмкiндiгiн кеңейте түстi.
Сонымен, Ямайка валюталық жүйесiндегi болып жатқан құбылыстар оның
ары қарай даму қажеттiлiгi тудырады. Сондықтан да Еуропа одағы елдерi
өзiндiк халықаралық (аумақтық) валюта-қаржы қатынастар жүйесiн құрды.
70-шi жылдар аяғында экономикалық және валюталық одақты құру жолдары
iздестiрiле бастады. Ұзақ келiссөздердiң нәтижесiнде 1979 жылдың 13
наурызында Еуропалық валюта жүйесi құрылды. Оның мақсаты — экономикалық
бiрiктiрудi қамтамасыз ететiн долларлық үлгiдегi Ямайкалық валюталық
жүйеге қарама-қарсы өзiндiк валютасы бар еуропалық тұрақтылық аймағын құру,
жалпы нарықта доллардың өктемдiгiне жол бермеу.
Еуропалық валюта жүйесi ЭКЮ — еуропалық валюталық бiрлiкке
негiзделген. ЭКЮ — шартты құны Еуропалық одаққа 12 мемлекет валюталарынан
тұратын валюталық қоржын әдiсi бойынша анықталады. 1993 жылдың қыркүйек
айында Маастрихт келiсiм-шартқа сәйкес ЭКЮ құрамындағы валюталардың
абсолютты салмағы оқшауландырылды. Ал салыстырмалы салмағы валюталардың
бағамдарына қарай тербелiп тұрды.
Еуропалық валюта жүйесi нақты қорға тән активтер ретiнде алтынды
пайдаланды. Бiрiншiден, ЭКЮ шығарылымы iшiнара алтынмен қамтамасыз етiлген
едi.
Екiншiден, осы мақсатпен Еуропалық валюта жүйесi және Еуропа валюталық
ынтымақтастық қоры мүшелерiнiң ресми алтын қорларынан 20%-нiң бiрлесуiнiң
есебiнен құралған алтын қоры құрылды. Орталық банктер қорға, 2,66 мың
тоннадан алтын аударды. Жарналар жаңғыртылмалы үш айлық своп мәмiлесi
түрiнде алынды, ол елдердiң алтынға мүлiк құқығын сақтап қалуы үшiн
әдейi жасалды.
Үшiншiден, Еуропалық одақ елдерi алтын қорға беретiн мүшелiк жарна
сомасын анықтау үшiн және ЭКЮ шығарылуы мен қорлардың (резервтердiң)
көлемiн реттеу үшiн алтынның құны нарықтық бағаға бағындырылды.
Валюта бағамдарының тәртiбi еуропалық валюталық жылан түрiнде өзара
ауытқулардың бекiтiлген шектерiнде (2,25%-тен 15% дейiн) валюталардың
құбылмалық бiрлiгiне негiзделген.

Бiрақ Еуропалық одақ және Еуропалық валюта-қаржы қатынастар жүйесiнде
қиындықтар да, қайшылықтар да, шешiмi қиын мәселелер де аз емес едi.
Еуропалық валюта жүйесiнде төмендегiдей кемшiлiктер орын алды.
1. Жүйеде дүркiн-дүркiн валюталық курстардың ресми өзгеруi болып
тұрады. Әлсiз валюталар девальвацияланып, ал күштi валюталар
ревальвацияланады. Осылай, 1992 жылдың кљзiнде Еуропалық одақ кезектi
валюталық дағдарысқа ұшырады. Итальян лирасы мен фунт стерлингы
девальвацияланып, уақытша еуропалық валюталық жылан аймағынан шығуына
мәжбүр болды. 1993 жылы валюталық нарықта француз франкiсiне шабуыл
күшейдi.
2. Еуропалық валюта жүйесiнiң әлсiздiгi мүшелерiнiң экономикасындағы
аса iрi құрылымдық тепе-теңдiкпен, экономикалық даму деңгейлерi мен
қарқындарының әртүрлiгiмен, инфляциямен, төлем балансының тиiстi
жағдайымен шарттастырылған. Италия, Ирландия, Греция, Португалияның артта
қалған аудандары аумақтық саясат шеңберiнде құрылымдық мәселелердi шешу
үшiн қосымша демеу қоржынын (дотацияны) қажет етедi.
3. Экономикалық саясатты үйлестiрушiлер мүшелердiң өздерiнiң егемендiк
құқықтарын ұлт үстiндегi органдарға бергiсi келмедi.
4. Жеке меншiк ЭКЮ ресми ЭКЮ-мен шығарушы орталық өзара айырбаспен
байланыссыз болды.
5. 1985 жылдан өзара қарыздарды өтеу үшiн ЭКЮ қолдану құқығы 50%-тен
100%-ке дейiн кеңейтiлгенiне қарамастан, ЭКЮ шығарылымының Еуропалық одақ
елдерiнiң орталық банктерi арасындағы өзара операцияларына ықпалы аз едi.
6. Еуропалық валюта жүйесiнiң қызмет етуi сыртқы мәнбiр әсерлерiнен
қиындай түстi. Әлемдiк валюта жүйесiнiң және доллардың тұрақсыздығы
Еуропалық валюта жүйесiне керi әсерiн тигiздi. Доллар курсы төмендегенде
батысеуропалық валюталар жоғарлайды, ал доллар жоғарлағанда — әртүрлi
басқа валюталар төмендейдi. Бұл курстардың ара қатынастарын қайта
қарастыруды қажет етедi. Еуропалық валюта жүйесi доллардың әлi де
ықпалында, өйткенi Еурропалық одақта халықаралық есеп айырысулардың 60%
американ доллары бойынша жүргiзiледi.
80-шi жылдардың орта шенiнде жаңа жағдайлар пайда болып, экономикалық
өзара тәуелдiлiк пен мемлекетаралық реттеу күшейдi.
1991ж. Еуропалық одақ туралы Маастрихт келiсiм-шарты әзiрлендi, онда
Еуропалық одақтың 12 елi қол қойып, ол 1993 жылдың 1 қараша айында күшiне
ендi. Кешiрек Еуропалық одағына Австрия, Финляндя, Швеция қосылды.
Осы келiсiм-шартқа экономикалық және валюталық одақтасу үш кезеңде
жүзеге асырылады.
Бiрiншi кезең iшiнде (1990 жылдың 1 маусымынан 1993 жылдың 31
желтоқсанына дейiн) Еуропалық одақ туралы Маастрихт келiсiм-шартының
ережелерi күшiне ену үшiн қажеттi барлық дайындық шаралары өткiзiлдi.
Сонымен қатар евроны енгiзуге дайындық жүргiзiлдi.
Екiншi кезеңде (1994-1998 жж.) ұлттық экономикалық саясаттарды жүргiзу
кезiнде тығыз үйлестiрушiлiк, елдерде өздерiнiң ұлттық саясаттарын жүзеге
асыру кезiнде белгiлi шектеулердi енгiзу, сонымен қатар Еуропалық валюталық
институттар құру ұйғарылған едi. Ал Еуропалық валюталық институт Еуропалық
Орталық банктiң келешек үлгiсi болды.
Үшiншi кезең 1999 жылдың 1 қаңтарынан басталды. Бұл кезеңнiң басты
оқиғасы — жаңа бiрыңғай валютаның енгiзiлуi болды. Бұл шара одақ
мүшелерiнiң ұлттық валюталарын арнайы орнатылған курс бойынша ауыстыру
арқылы жүзеге асырылды.
Осы кезеңдегi еуроны енгiзу қолма-қол ақшасыз жүргiзiлдi. Ал
кейiнiрек — 2002 жылдың қаңтарынан бастап қолма-қол ақшалар жаңа үлгiдегi
банкноттарға ауыстырылды. Үшiншi кезеңнiң қағидалық жаңалығы (1999 жылдың
қаңтарынан бастап) одақ мүшелерiнiң ұлттық орталық банктердегi ақша-несие
және валюталық саясатты өткiзу өкiлеттiгiн Еуропалық одақ бердi. Аталмыш
банктер Орталық банктердiң Еуропалық жүйесiн құрды.
Макродеңгейдегi ұлттық экономиканың бiр-бiрiне сай маңызды мәселелерi
қарастырылды. Бiрыңай валютаның қызмет ету механизмiн тиiмдiрек пайдалану
үшiн экономикалық процестердi сәйкестендiрудi, қорлардың (ресурстардың)
еркiн қозғалысын және тағы басқаларын ұйғаратын оңтайлы валюталық
аймақты құру қажет. Дәл сондай жағдайда ғана бiрыңғай орталық банк арқылы
жүргiзiлетiн ақша-несиелiк саясат тиiмдiлiгi туралы және аймақтың барлық
аудандарының бiрдей экономикалық ықпалға баламалы қамтылуы туралы сөз
етуге болады.
Әрбiр валютаның артында тұрған аудандардың экономикалық
мүмкiндiктерiндегi айырмашылықтарды ескере отырып, мiндеттi орындаудан
күштiлердiң бас тартуы тай-таластық тудырды. Әрi сол тай-таластық
Еуропадағы валюталық жағдайдың тұрақсыздығын күшейттi.
Еуропада пайда болған iрi орталықтанудың барлық жаңалықтардың енуiне
себепшi болатынына анық көзiмiз жетiп отыр. Дегенмен, жаңа саяси және
экономикалық тәртiп бұрынғысынан өзгеше.
Әлемдегi валюталық жағдайға терең үңiлер болсақ, сiрә, басты валюталар
қоржынына өзгертулер енгiзiлуi мүмкiн. Еуро көптеген нарық салаларында
американ долларын артта қалдырып, халықаралық есеп айырысулардың сенiмдi
валютасына айналды. Қолайлы жағдай туындай қалса, еуро қаржы нарығының
операцияларында, сыртқы сауда ағындарын қамтамасыз етуде, алтын-валюталық
қорларды құруда маңызды роль атқарды.
Iс-әрекеттiң әртүрлi ауқымында еуроның ықпалы да әр түрлi
өзгерiстерге ұшырауы ықтимал. Еуро өз қызметiне енгенiмен, оның салдары
туралы сөз ету әлi ерте. Өйткенi жаңа механизмдерге бейiмделудi уақыт талап
етедi.
Шамамен, макродеңгейдегi толық тұрақты жағдайға тек ұзақ мерзiмде ғана
жетуге болады. Өйткенi, өте үлкен аумақтағы жаңа механизмдерге бейiмделу,
олардың сыртқы әлеммен өзара iс-әрекетiн орнықтыру, әрине, ұзақ мерзiмдi
қажет етедi.
Мүмкiн, осы процестердi ұзартуға әртүрлi саяси сипаттағы
тұрақсыздандырушы мәнбiрлер ықпал жасар.

Қазiргi әлемдiк валюта жүйесi ғасырдың төрттен бiр бөлiгiне де
жетер жетпес уақытта ғана құрылды. Бұл тарихи тұрғыдан өте аз уақыт,
сондықтан да жүйедегi көптеген кемшiлiктердiң бар болуын 1997-1998 жж.
әлемдiк дағдарыс дәлелдедi. Әсiресе, бұл Кеңес Одағының бұрынғы
республикаларының жабық кеңес қаржы жүйесiнiң дәстүрлерiне негiзделген
және жалпы әлемдiк бағдарлардан бөлек дамыған қаржылық жүйелерге қатысты
едi.

II тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ

1. Валюталық реттеудің қазіргі жағдайы және мәселелері

Валюта курсы тәртібінiң жағдайға орай бейiмделгiштiгi елдiң қайта құруды
жүргiзiп жатқан кезеңiнде валюталық және экономикалық саясатына
орайластырыла қолданылады. Ал ұлттық валюта курсының тәртібінiң бiрте-
бiрте өзгеруi өзiн толық ақтайды. Өйткенi, мұнда назарға тек елдiң
экономикасын айқындайтын макроэкономикалық мәнбір ғана емес, оның iшкi
мiндеттемелерi де алынады. Өзгерiс серпінінде әлемдiк валюта нарығы да
ескерiледi.
Қайта қаржыландыру кезінде халықтың жалақысын көтеру үшін валюталық
интервенциялар мен валюта курсын реттеудiң әлемдiк экономикадағы
жағымсыз салдарын болдырмау мақсатында Қазақстан республикасының Үкіметі
мен Ұлттық банк бiрлесіп 1999 жылдың 4 көкегiнде шешiм қабылдап,
баспасөзде Теңгенiң айрыбас курсының келешектегi саясаты туралы
мәлiмдеме жасады. Онда реттеулi валюталық бағамнан еркiн құбылмалы
валюталық бағамға қалай көшу қажеттігі туралы хабарландырылды.

Ұлттық банк жобалағанындай, алғашқы екi күнде (5 және 6 көкек,
1999 ж) валюта рыногiндегi теңгенiң еркiн құбылмалы айрыбас курсы
тәртiбiнде айрыбас курсының жаңа саясатының мәнiн түсiнбегендіктен және
дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етілмегендіктен халық қатты абыржыды. Оған
нақты нарық доллардың сату курсын дереу көтерiп жiберумен жауап
бердi. Алматы бойынша ол 130-150 теңге шегiнде толқыса, жекелеген
аймақтарда АҚШ-тың 1 долларының бағасы 200 теңгеге жеттi.
Көптеген айрыбас орындары әлiптiң артын бағып, жұмыс iстемедi.
Ресейдегi оқиғалардың ықпал етуiмен көптеген адамдар АҚШ долларын
соншалық көтерiңкi бағамен таласа сатып алды. Бiрнеше күннен кейiн
бағам 113-116 теңге деңгейiнде тұрақтап тұрып қалды. Үкiмет пен
Ұлттық банк тарапынан еркін құбылмалы айырбас бағамы ЕҚАБ (СПОК)
тәртiбiне көшудiң салдарын жұмсарту үшiн төмендегiдей шаралар
қабылданды:
➢ демпинг жағдайларын қоспағанда, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанға
қатысты импортқа бұрындары енгiзiлген шектеулердi алып тастау;
➢ банктердiң жеке тұлғалары — салымшыларға егер депозиттер 9 ай
бойы алынбаған жағдайда, теңгелiк депозиттердi АҚШ-тың долларын
88,3 теңге курсы бойынша 100 проценттiк конвертациялау мүмкiндiгi
берiлдi. Заңды тұлғалар үшiн олардың депозиттерi 6 ай бойы
сақталса, 30 проценттiк теңгелiк депозиттердi конвертациялау
мүмкiндiгi берiлдi;
➢ жинақтаушы зейнеткерлiк қорларға өздерiнiң теңгелiк мемлекеттiк
бағалы қағаздар портфелiн 5 жылдық валюталық мемлекеттiк бағалы
қағаздарға ерiктi түрде конвертациялау мүмкiндiгi берiлдi;
➢ 1999 жылдың III тоқсанынан бастап шын мәнiндегi инфляция деңгейi
жоспарланғандағыдан асқан кезде бюджеттiк кiрiс шегiнде
бюджеттен алатын табысы төмен халық тобының табыс шығынының орнын
толтыру қарастырылды;
➢ екiншi деңгейдегi банктерге қойылатын резервтiк талап 10%-тен 5%-ке
дейiн уақытша төмендетiлдi, сондай-ақ басқа да заңдық ережелер
жұмсартылды;
➢ кәсiпорындар тарапынан уақытша 50%-тiк экспорттық валюталық
түсiмдi мiндеттi түрде сату енгiзiлдi;
➢ экспорттық-импорттық, кедендiк - банктiк бақылау талаптарының
орындалуын қадағалау күшейтiлдi.
Теңгенiң еркiн құбылмалы курсын енiзудiң салдары тұтыну
бағасының өсуiне алып келдi, бұл, жалпы, заңды да едi. Оның шарықтау
шыңы 1999 жылдың 7-8 көкегiне сай келдi, сосын баға бiраз
тұрақтанып, төмендеу барлық салаларда жүрдi. Статистика жөнiндегi
Агенттiктiң ресми мәлiметтерi бойынша, 1999 жылың 13-i мен 20 көкегi
аралығындағы тұтыну бағасының индексi 100%-тi құраған. Бағаны
төмендету үшiн әртүрлi шаралар қарастырылды. Мәселен, Батыс
Қазақстан облысында бiр қап ұнның бағасы барлық сатушыларда бiр
мезгiлде 980 теңгеден 1400 теңгеге жоғарылап кеттi. Сауда ықпалын
ұлғайту жүргiзiлдi. Нарыққа iрi жабдықтаушы - бiр элеватор
тартылды, ол ұнның бiр қабын 935 теңгеден сата бастады. Соның
нәтижесiнде бiр қап ұнның бағасы 935-950 теңге шегiнде тұрақтанды.
Уақытша бағаның тұрақтануы ҚР Үкiметi тарапынан 9 көкекте шығарылған
Коммуналдық қызмет саласындағы монополист – кәсiпорындардың қызметтерiнiң
бағасы мен тарифтерiн мемлекеттiк реттеу бойынша қосымша шаралар
туралы қауылысы айтарлықтай ықпал еттi.
Осы қаулыға сәйкес жылу энергиясын өндiру мен қамтамасыз ету,
газбен, электрмен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi, темiржол
жолдарын пайдаланумен айналысушы субъектiлердi, нарықтарда үстем
қызметке ие және оның бағасы мен тарифтерiн негiзсiз көтеруді
мемлекеттiк реттеу қолға алынды.
Электр энергиясы мен газды ҚР-сының шегiнен тыс жерден сатып алатын
және қазақстандық тауар өндiрушiлерден баламалы жабдықтау алуға
мүмкiндiгi жоқ ақмайтарды электр энергиясымен және газбен қамтамасыз
ету тоқтап қалмауын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Монополияға қарсы
агенттiгi тұтынушылар үшiн орташа биржалық бағамның қозғалысын негiзге
ала отырып, газ бен электр энергиясының тарифтерiн ай сайын анықтап
отырудың ерекше тәртiбiн белгiледi. Облыс пен қала әкiмдерiне 1999
жылдың 1 көкегiне дейiн белгiленген коммуналдық қызметтiң тұтыну
нормасын көтеруге, келiсiмшарттар жасауға және тұтынушыларға баға
туралы шетелдiк валюта немесе шартты бiрлiк түрiнде мәлiмет беруге
тыйым салынды.
Теңгенiң девальвациялануы зейнетақы жинағының нақты бағасында
көрiнiс таппады. 1999 жылдың 1 көкегiндегi жағдай бойынша 70%, яғни
жекеменшiк жинақтаушы кадрлардың активтерiнiң басым бөлiгi бағалы
қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссияның деректерi бойынша доллармен
белгіленген және Үкiметтiң халықаралық кепiлдiгiне ие (естерiңiзге
салайық, бiр кездерi қорлар осы қағаздарды сатып алуға мәжбүрленген
едi, өйткенi батыс банктерi оларды екiншi қайтара нарыққа шығарған
болатын) еурооблигациялар қағаздарға орналастырылған зейнетақы
қорларының активтерi арнаулы валюталық мемлекеттiк облигацияларға 5
жыл мерзiмге жылдық пайдасы валютамен 6,14%-тi құрайтын айналымға
конверсияланды. Арнаулы валюталық мемлекеттiк облигациялардың (АВМЕКАМ-
5) айналымы 1999 жылдың 12 көкегiнен бастап құжатсыз түрге ие олар
“депо” есепшотына тiркеп жазу жолымен орналастырылып, айналымға
түседi.
Ең көп зардапты әдеттегiдей, халық шектi. Өйткенi девальвация
инфляцияның туындауына түрткi болды, ал ол 1999 жылы нақты ағымдағы
табыстарды, еңбекақы мен зейнетақыны 20% азайтты.
Қазақстанның iшкi нарығында импорттық тауарлардың бұрынғы
долларлық бағасы көп санды теңгемен қайта есептелетiндiктен, олардың
қымбаттауы пайда болды, ал ол теориялық тұрғыдан алғанда, импорттың
азаюына және сауданың өзiнiң теңгерімін оңтайландыруға жағдай жасауы
тиiс. Сондықтан 1999 жылғы теңгенiң девальвациялануы елдiң экспорттық
салаларына жағымды болса керек-тi. Шын мәнiнде бұл импортталатын аралық
тауарлардың қымбаттауына орай iске аспады, соның салдарынан шикiзат
өнiмдерiнің бәсекелестiк қабiлетi төмендедi. Басқаша айтсақ, теңгенiң
девальвациялануы нәтижесiнде импортты құрайтындар қымбаттай бастады,
ал бұл уақытта iшкi мәнбірлер есебiнен өзiндiк құнның арзандауы
байқалмады, өйткенi көптеген экспортқа бейiмделген кәсiпорындарда
еңбекақы шетелдiк валютамен төлендi (немесе соған теңестiрiлдi).
Осылайша, тәжiрибе өзiне тән ерекшелiгi бар қазақстандық
жағдайда девальвация соңынан импорт айтарлықтай азайғанымен,
экспорттың артқаны байқалмады.
Мұнымен қатар, шикiзат әлемдiк нарықта жоғары бағаланатындығы
себептi, алыпсатарлық ойындар да жоқ емес. Батыстық серiктер де
шикiзатты өңдеудiң жоғары кезеңдерiн Қазақстан аудиториясы шегiнде
дамытуға ынталылық бiлдiруде.
Жоғарыда айтып өткендерге экспорттық несиелердi өтеу мен алтын-
валюталық қорларды толықтыру мүмкiндiгi тәуелдi екендiгiн қосып
қойған жөн. Сол себептi мемлекет экспорттау өндiрiстерiне, соның
iшiнде валюталық-қаржылық қатынастарды жетiлдiру мен экспорттық
тауарлардың бәсекелестiк қабiлетiн көтеру есебiнен қолдау жасау үшiн
барлық қорларды пайдалану қажет. Теңгенiң девальвациялануы толық
көлемде күтiлген тиiмдiлiктi бермегенiмен, бәрiбiр оның жағымды жақтары
болғанын әсте естен шығармаған абзал.
Импортты қысқарту отандық тауарларға деген сұранысты арттырды, ал
бұл жағдай iшкi нарықта жұмыс iстейтiн отандық тауар өндiрушiлердiң
қаржы жағдайына оң септiгiн тигiздi. Доллар қымбат болғандықтан,
экспортерлер бюджетпен және тағы да басқа iшкi несие берушелермен
құнсызданған ұлттық валюта арқылы есеп айырысып, өздерiнiң қаржы
жағдайларын едәуiр нығайтып алды. Дәстүрлi экспортың тауарларға
әлемдiк баға өскен кезде доллармен есептегендегi өндiрiс шығындары,
әсiресе, еңбекақы бойынша азайды.
Жағымсыз жақтары (олар жайлы бiз жоғарыда естерiңiзге салғанбыз):
сыртқы қарыз мәселесiнiң ушығуы (бұл мемлекеттiк қарызға да, жеке
меншiк мiндеттемелерiне де қатысты); өндiрiстiк импорттың қымбаттауы
қазақстандық экономиканың нақты саласының инвестициялық мүмкiндiгiн
төмендеттi; тұтынушылық импортының қымбаттауы мен төмендеуi ҚР
халықтарының тұрмыс-тiршiлiк деңгейiне өте жағымсыз қырынан әсер еттi.
Көрiп отырғанымыздай, экономика мен қаржыны сауықтырудың тиiмдi
құралы ретiндегi девальвацияның рөлi соншалықты дау-дамайсыз емес.
Сыртқы қарыздарды өтеу кезiнде билiк теңге курсының
тұрақтануына, тiптi, оның өсуiне мүдделi болады. Бұл олардың теңгеге
шаққандағы ақша сомаларын да еш төмендетпейді. әрине, мұндай мақсатқа
жету үшiн қазақстандық қор биржаларында долларға деген сұранысты
арттыруға жол берудiң қажетi жоқ. Мемлекеттiк бағалы қағаздар
нарығына салу үшiн өтiмдi құралдарды пайдаланса болғаны.
Ұлттық валютаның курсын тұрақтандыруға мемлекеттiң мүдделiлiгiн
күшейтетiн фактор инвесторлар үшiн тиiмдi, ал эмитент, яғни мемлекет
үшiн тиiмсiз болып табылады. Бюджет тапшылығын өтеуге пайдаланылатын
iшкi қарыз, негiзiнен, теңгемен есептелуi тиiс. Жазғы кезеңде,
әдетте, iскерлiк белсендiлiгi басылған шақта Ұлттық банкке доллардың
төмен курсын ұстап тұру онша қиынға түспейдi, себебi валюталық
нарықтағы алыпсатарлықтың шабуылы тым күшейе қоймайды. Iскерлiк
белсендiлiк, инфляция және девальвация шыңы (белесi) байқалатын
күзгі доллар курсының ауытқуы мүлде басқаша болмақ.
1999 жылы, мысалы, доллар курсының тамыздағы 132 теңгеден
қыркүйекте 143 теңгеге дейiн секiруi болып өттi. Ал қаржы нарықтарында
инфляциялық өсу басым болған жоқ. Көптеген инвесторлар ақшаларын
теңгемен ұстауды тып-тыныш жалғастыра бердi. Осылайша, экономикалық
дағдарысқа ұшырауы мен бюджет жүйесiнiң тұрақсыздығы жағдайларында
елдiң Ұлттық банкi үнемi валюталық нарыққа килiгуге мәжбүр
(негiзiнен, ақша көлемі мен валюталық интервенцияның өсуiн тежеу
жолымен).
2000-2001 жылдары ұлттық валютаның тұрақты курсын ұстап тұру үшiн
керемет қолайлы жағдай қалыптасты, ол, негiзiнен, қазақстандық жетекшi
экспорттық тауарларға деген әлемдiк нарықтың баға коньюктурасынан
көрiнiс тапты. Қазақстан экономикасының 2000 жылғы өсуiнiң көрсеткiшi
(9,6%) ТМД елдерiндегi ең жақсыларының бiрi болып табылады.
Ұлттық валютаның шектен тыс күшеюiн болдырмау мақсатымен Ұлттық
банк iшкi нарықтағы долларды сатып алу көлемiн арттырды және ақша
көлемін қысқа мерзiмдi ноталармен зарарсыздандырды. 2000 жылы банк
ноталармен шамамен 250 млн. долларды байлады.
Ұлттық валютаның девальвациялану деңгейi едәуiр төмендеді,
сондай-ақ, доллар курсы да бюджетте қарастырылған көрсеткiштен бiраз
төмен болды. Инфляциялық өсу қарқыны ұлттық валютаның
девальвациялануы деңгейiнен асып түстi. 1999 жылы ол 8,6-дан 13,6%-ке
дейiн көтерiлгенiне қарамастан, Қазақстанда экономиканың монетизациялық
деңгейi төмендеп, қымбат ақша саясаты жүргiзiлді.
Сарапшылардың есептеулерi бойынша, экономика ЖIӨ-ның ақша
қаражатымен қамтамасыздандырылу деңгейi 35-50%-тi құрағанда ғана дұрыс
өмiр сүре алады.
Әлемдiк бағаның тұрақсыздығына Қазақстанның тәуелдiлiгiн неғұрлым
азайту үшiн Шевронмен жасалған келiсiмнен келiп түскен (660 млн. АҚШ
доллары) қаражаттан Ұлттық Қор құрылды. Ұзақмерзiмдiк жоспарда
Ұлттық Қор өзiнше экономиканы шетел валютасының ауқымды тасқынынан,
соның салдары ретiнде экономиканың қызып кетуiнен қорғау қызметiн
атқармақ.
Елдегi экономикалық жағдайдың жақсаруы мен оның әрi қарай
дамуына қатысты жасалған қолайлы болжамдар Қазақстанның экономикалық
саясатына инвесторлардың сенiмiнiң айтарлықтай артуына ықпал еттi.
2000 жылы инвестицияның көлемi 29%-ке өстi, нақтылап айтсақ, ол 99
млрд. теңгенi құрады.
Дегенмен, дамыған елдердiң монетизациясының орташа деңгейi 20-22%
деңгейiнен артпайды. Жапонияда бұл көрсеткiш 15%-ке жетедi, бұны,
сiрә халықтың қор жинауға бейiмдiлiгiнiң жоғарлылығымен, сондай-ақ
тауарлар мен қызметтерге деген бағаның көтерiңкiлiгiмен түсiндiруге
болатын секiлдi. Жапония — әлемдегi ең қымбат елдердiң бiрi.
М.Т.Оспановтың зерттеу жүргізудегі пайымдауына қарағанда, Қазақстанның
экономикасын жандандыру үшiн 16-18% деңгейiндегi монетизация қажет.
Қазақстанның банкноты — теңгені айырбастау 1993 жылғы 15 қарашада
басталып, 20 қарашада сәттi аяқталды. Сөйтiп, айналымнан 1991-1997 жылдары
жасалынған рубль банкноттары алынып тасталды. Оның сомасының жалпы көлемi
950,6 млрд. рубль болды.
Өзiнiң ұлттық валютасы болуы Қазақстанда ұлттық банк пен үкiметке
өзiнiң экономикалық, ақша-несие және валюталық саясатын қалыптастыруға
мүмкiндiк ашты.
Инфляциялық жағдаяттар теңгенiң құнсыздануын жеделдете түстi. 1993
жылғы 18 қарашадан 21 желтоқсанға дейiнгi аралықта теңгенiң девальвациясы,
долларға шаққандағы құны 4,7-ден 6,31-ге дейiн өсіп, 1993 жылғы
желтоқсандағы инфляциялық процестi айқындады.
Орталық банктiң коммерциялық банктерге несие беру қарқыны қысқартылды.
Орталық банктiң қаржымен қамту мөлшерлемесі 1993 жылғы қыркүйек-қазанда -
170% болса, 1993 жылғы 12 желтоқсанда - 240 % көтерiлдi. Ал, 1994 жылғы
қаңтарда ол өзiнiң ең жоғарғы шегiне жетiп, 270% болды.
Тәуелсiздiк алып, ұлттық валюта енгiзгеннен кейiн Қазақстанда өз
алтын валюта қорын қалыптастыру процесi басталды.

Қазақстандағы алтын валюта қорын қалыптастыру процесiнiң бастапқы
кезiнде өндiрiс пен алтынды қайта өңдеу үшiн белгiлi бiр шикiзат базасы
қажет болды. Ұлттық банк 1997 жылғы қазанға дейiн экспорт шығарушыларынан
алынған қаржының есебiнен өзiнiң валюталық қорын қалыптастырып, экспорт
шығарушыларына оның түсiмiнiң 50%-iн сатуды мiндеттедi. Алайда, валюталық
қорды толықтырудың негiзгi арнасы Ұлттық банктың iшкi валюталық сауда-
саттығы болып табылады.
Ұлттық банктың табыс түсiретiн өзге көздерi ерiктi айырбасталған
валюта болды. Бұл қаржы министрлiгiнен, әсiресе, несие түрiнде тiкелей
сатып алынды. Ал несиелiк қаржы Халықаралық валюта қорынан және Халықаралық
жаңғыру және даму банкісінен, өзге халықаралық валюталық қаржылық ұйымдар
мен шетелдiк мемлекеттерден алынды. Сөйтіп, қаржы несие алушыларға несие
берушілердің белгiлi бiр талаптарын орындаған жағдайда ғана берілді.
1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасында әлемдiк экономикаға
белсене қатысуына орай тұңғыш институтциялық инвесторлар мен қор нарығының
дамуы пайда болды. Соның iшiнде жалпы халықаралық қор құрылымындағы бағалы
қағаз сауда-саттығының үлесi мол болды. Еркiн айырбасталатын валютада
бағалы қағаздан түскен пайда оның үштен бiр бөлігін құрады.
Алтын валюта қорын басқару барысында қазiргi әлемдiк аренадағы
жағдайды ескерiп отыру ұзақ мерзiмдi үрдiске айналатынға ұқсайды.
Қазақстан үшiн де ТМД-ның өзге елдерi сияқты халықаралық басқару
мәселелерi әлемдiк қаржының тұрақсыздығын мойындатты.
Жұмсалатын халықаралық қаржы үш түрлi жағдайда қолданылады, ол
жұмсалатын қаржы қорының қалыптасу құралы болып табылады. Сондай-ақ,
халықаралық төлем құралы (негiзiнен төлем балансының тапшылығын жабу үшiн)
және валюталық интервенцияның құралы болады, әрі ол айырбас курсiндегi
ақша бiрлiгiнiң ауытқуларын шектеу құралы болып табылады.
Жұмсалатын халықаралық қаржы мемлекеттiк резерв құралдарының 4 негiзгi
бөліктерін қамтиды:
□ монетарлық алтын;
□ шетелдiк валюталар;
□ Халықаралық валюта қордағы резерв позициясы;
□ Арнаулы өзара қарыз құқықтары (СДР).
Валюталық және қаржылық саудадағы өзгерiстердiң молаюы көптеген
елдерде әралуан өзекжарды мәселелер туындатып, мұның өзi халықаралық
жұмсалатын қаржыны реттеуге жол ашты. Ресми алтын валюта қорын басқарудың
шегi монетарлық билiкте бiрнеше факторлармен айқындалады, олардың iшiнен
мыналарды бөлiп айтуға болады:
• мемлекеттiк валюта қорының жеткiлiктiлiгi;
• оның құрылымдарының тиiмдiлiгi;
• валюталық жұмыстар бойынша трансакциялық шығындарының мөлшерi;
• валюталық және несиелiк тәуекел бойынша шектелушiлiк және қаржы
жұмсаушылық мәнбірлер.
Елдiң алтын валюта қорының жеткiлiктiлігін айқындау белгiсi ретiнде
Халықаралық валюта қор ұсынысына сәйкес, мемлекеттiң жалпы қоры мен сыртқы
сауда көрсеткiштерiнiң орташа деңгейiнiң сәйкестiгiн қолданады.

6 Кесте.
1991-2000 жж. Қазақстан Республикасы өтпелi экономикасының
трансформациясының негiзгi бағыттары

1. ТМД шеңберiнде жаңа экономикалық
байланыстардың үзiлуi мен
1991ж. орнатылуы.
2.Экономикалық тәуелсіздіктің
эволюциялық кеңеюi.
3. Бағаның ырықтандырылуы және
сыртқы сауда.
1992ж. 1. Кiшi жекешелендiру.
2. Министрлiк салаларының холдингке
айналуы.
3.Халықаралық қаржы және
экономикалық одақтарға кiру.
4. Антимонополиялық реттеу.
1993ж. 1.Сыртқы техникалық және қаржылық
көмекке тарту процесiнiң
өрiстеуi.
2. Ұлттық ақша бiрлiгiнiң
енгiзiлуi.
1994 1.Индикативтiк жоспарлаудың,
валюталық реттеудiң
енгiзiлуi, қатаң қаржылық несиелiк
саясатқа көшу.
2.Тұрақты алтын валюта қорын
қалыптастыру.
3. Қор нарығын қалыптастыру.
4. Валюта айырбастау негiзiн
нығайту
1995ж. 1.Кедендiк одаққа кiру.
2. Салықты қайта құру, кедендiк
тәртіп, селектив өндiрiстiк саясат,
кәсiпорынды басқаруға құқық
институттарын енгiзу.
1996-2000жж. 1.Санация және кәсiпорындардың
банкроттығы, құнды қағаздар
саудасын қалыптастыру және т.б.
2.Экономиканы институттық реттеу
процесiн аяқтау, экономиканы
басқарудың тiкелей және жанама
тетiктерін теңдестiру,
инвестициялық өсiмнiң
ынталандырушы секторларының
белсендiлiгiн арттыру және т.б.

Ұлттық шаруашылықты қауіпсіздендіру мағынасында капиталдардың ағылуы
көкейкесті мәселелердің біріне айналуда.
Капиталдың ағылуы, егер қаржылық капиталдың трансұлттық қозғалыс
шеңберінде заңдылық нормаларды сақтаған кезде, прогрессивті экономикалық-
саяси құбылыс болып табылады. Кейінгі жылдары бұл мәселе кең етек жаюда.
Бір елдің ішінде нарықтық экономика тиімді компанияладың гүлденуін
және тиімсіз компанияладың құлдырауын білдіреді. Ал әлемдік экономика
деңгейінде тиімсіз экономикалардың құлдырауын, яғни елдердің. Сондықтан да
капиталдардың еркін нарықтың дамуын дамыған елдер қолдайды, өйткені бұл аз
дамыған елдерден капиталдарды тартуға мүмкіндік туғызады. Табиғи ресурстары
өңделмеген аз дамыған елдерден ұлттық капиталдардың ірі бөлігін шығару
шикізаттар мен энергия құатын арзанға сатып алуға мүмкіндік береді.
Әдетте, капиталдың қозғалуының келесідей әдістер қолданылады:
• әлемдік бағалармен салыстырғанда шикізат бағасын төмендетіп көрсету
жолымен экспорттық түсімді жасыру;
• жалған импорттық мәмілелер;
• шетелдегі бақылау астындағы заңды тұлғалар алдында жалған қарыз
құру;
• нарықтық құнынан төмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық реттеу механизмі және оны жетілдіру
Валюталық реттеуді либерализациялаудың әлемдік тәжірибесі
Валюталық операцияларды классификациялау
Қазақстан Республикасының валюта нарығы
«Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу»
Валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзара әсері
Ақша нарығы мен валюталық биржалардың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын талдау
Пәндер