Дін және жастар тәрбиесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Имандылық . тәрбиенің түп тамыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Қазақ тәрбиесіндегі діннің алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.3 Атеистік қоғамның жастар тәрбиесіне ықпалы және оның салдары ... ... ... 21

II ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ДІННІҢ ОРНЫ
2.1 Діни ағымдардың жастар дүниетанымына кері әсері ... ... ... ... ... ... . 24
2.2 Ислам дініндегі жастар тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .29
2.3 Ұлттық идеология және дін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МЕТОДОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ

Орындаушы:
4-курс студенті
Б.К.Имашев

Ғылыми жетекші,
философия ғ.к.
А.Д.Құрманалиева

Норма бақылаушы
Ұ.К.Шұбаева

Қорғауға жіберілді
___________2007 ж.
Философия және ғылым методологиясы
кафедрасының
меңгерушісі,
Филос.ғ.д.профессор
Н.Ж.Байтенова

Алматы 2007 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Имандылық – тәрбиенің түп тамыры
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1.2 Қазақ тәрбиесіндегі діннің алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

1.3 Атеистік қоғамның жастар тәрбиесіне ықпалы және оның
салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

II ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ДІННІҢ ОРНЫ

2.1 Діни ағымдардың жастар дүниетанымына кері
әсері ... ... ... ... ... ... . 24

2.2 Ислам дініндегі жастар
тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

2.3 Ұлттық идеология және
дін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 56

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыптың өзектілігі
Қазір егемендік алған елімізде мәдени рухани жұтаңшылық әлі де болса
халық сана сезіміне үлкен дағдарыс әкеліп, кері әсер етуде. Бұл құбылыстың
себебі неде? Осы сұрақ үлкен толғанысты, ойлауды, тиянақты тұжырым жасауды
талап етеді. Қазіргі қазақ зиялыларының пайымдауынша, мұндай тығырыққа
тірелуден адам санасының жете бермейтін жағдайында әрі қарай тұңғиыққа
батпау амалын көрсететін бір ғана жол бар. Ол халықтың идеялық, рухани
біліктілігін нығайту.
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бергі уақытында, өзінің тарихи
аренаға шығуында қаншама қиын-қыстау заманды басынан өткерді. Небір
қиянат пен зорлық-зомбылықтарға және зұлматтарға ұшыратқан қоғамдық-саяси,
мәдени әрекеттердің барлығы ұлт санасында сақталып қоғамдық өміріндегі
тіршілігінде, өмірге деген көзқарасында, ұғымында, болмысында,
дүниетанымында өзіндік із қалдырып, жадында сақталып, салт-санасын оятып,
ұлттық дәстүрінде, менталитетінде өшпес белгілерін қалдырды. Ұлттық
дәстүріміз ұзақ жылдар бойы ауызға алынбай қамауда келгенін ешкім жоққа
шығармаса керек. Өйіткені кеңес дәуірі кезіндегі саяси татаритарлық жүйе
үшін
әр ұлттың өзіндік Мені дүниетанымы сол қоғам үшін және оның жүргізіп
отырған саясаты мен идеологиясы үшін қарама-қарсылықтары көп болды. Ал
қазіргі Қазақстан сияқты жас мемлекет үшін өзіндік бет бейнесін, даму
стратегиясын анықтаудағы ұлттық менталитетіміздің, ұлттық салт-санамыздың,
дәстүріміздің, әдебиетіміз бен өнеріміздің жалпы мәдениетіміздің қалыптасуы
өте маңызды болып отыр.
Салт-дәстүрімізбен ұлттық тәрбиеміз, ұлттық мәдениетіміздің
қалыптасуының қайнар көзі десек артық емес, әрі ол қазақ халқының санасының
дүниетанымының қалыптасуына әсер еткен мәдени құндылықтарының негізі десек
қателеспейміз. Қазіргі ақпаратты заманда және постиндустриялды қоғамда
қандай мемлекет болмасын өзінің түп-тамырына бойлап өзіндік ұлттық идеясын
қалыптастырып, заманға сай құндылықтарын жаңғыртары анық. Ел басымыздың
ойы бойынша, ұлттық тәуелсіздік идеологиясы халқымызға тән болған ең ынтық
сезім және ділдік түсініктердің жинақталған көрінісі болуы керек. Дәстүрлі
мәдениетте, – дейді Г.К.Шалабаева, – адам локальді қоғамның өмір салтына
сәйкес келетін құндылықтар жүйесінде тәрбиеленеді. Дәстүрлі қоғам
ауқымындағы білімдермен қаруланған адам мәдени құндылықтарды құрарда және
сақтарда көптеген ұрпақтар жинақтаған тәжірибені қолданады. Сондықтан ол өз
этносы және уақыты үшін жетілген адам. Сондықтан дәстүрлі қоғамдағы адамға
өз мәдени құндылықтары қалқан да, іргетас та бола алады. Назарбаев Н.
Қазақстанның ХХI ғасырдағы басты даму жолын белгілеген Қазақстан 2030
атты стратегиялық бағдарламасында халқымыздың рухани жаңару процесінің
егемендікпен келген рухани бостандық ұлттық дүниетаным мен тарихтағы дербес
танымдардың қалыптасуы нәтежиесінде болғанын атайды. Кезінде Платон
мемлекетке сай адам тәрбиелеу мәселесін көтерген болатын. Сол ежелгі дүние
ойшылдарының әлеуметтік-саяси философиядағы өзекті мәселелердің бірі-адам
мен қоғам дүниесін түсіну немесе оны түсіндіру ғана емес, сондай-ақ
әлеуметтік тәртіпті жүргізудің тиімді, ұғымды тәсілдерін, ұстанымдарын табу
болғанын байқатады. Мәселен, Шығыс дәстүрінде қоғамдағы әлеуметтік-саяси
тіршілік көк Тәңірімен байланыстырылған тұтастығының құрамдас бөлігі
ретінде қарастырылған. Қоғамдық реттіліктің бұзылуы тұтас әлемдік
үйлесімділіктің бұзылуымен тең қойылған. Олай болса шығыстық дәстүрдің
жалғасы іспеттес болған қазақ даласының даналығында бұл жөнінде қандай ой
үрдістер болды? Қазақтың дәстүрлі қоғамында әлеуметтік-саяси мәселелердің
түп-тамырын немен, қандай құбылыстармен байланыстырды және оларды қалай
шешуге тырысты деген сұрақтар туады. Сайып келгенде бұл мәселелердің шешімі
ата-бабаларымыздың артына қалдырған мол мұрасына үңіліп, сол рухани
құндылықтарды бойымызға дарытсақ және оны келер ұрпақтың санасына сіңірсек
шешімін табар еді.
Зерттеліп отырған мәселенің өзектілігіне негіз болатын тағы бір фактор
– қазіргі халықтың әлеуметтік мінезіндегі қиғаш істер мен теріс көріністер.
Ерекше бұқаралық көңіл-күйдің, эмоцияның тым көтеріңкі болуы, тобырлық
сананың басымдылық танытуы. Өз ұлтымыздың ішіндегі ауызбірлік пен азаматтық
татулық, ұлттық тұтастық, қайырымдылық, тектілік, ұрпақ тәрбиесі сияқты
т.б. құндылықтардың құнын төмендетуде.Осының кейбір салдары ретінде
қазақтың бір-бірімен орынсыз айтысып, дауласуы, жағаласуға дейін баруы
бірліктің, ынтымақтастықтың әлсіреу тенденциясы бар екенін көрсетеді.
Сондықтан, бүгінгі өркениет ағымы ішкі Мені жоғары азаматқа зәру. Ондай
азаматты тәрбиелеудің бір көзі, біздің пікірімізше, ұлттық рухани мұраларда
жатыр. Сол сияқты қазіргі ғылым мен білімдегі олқылықтың бірі –
дүниетанымды қалыптастыратын рухани кеңістіктің адам баласының көне ата-
тектік танымдық өзектерінен ажырап, адасып қалғандығында. Осы орайда біз
аталмыш зерттеу жұмысымызда Қазақстан халқы үшін және ХХI ғасырға аяқ
басқан қазақ елі үшін өзінің төл рухани моральдық қағидаларын, әлеуметтік-
саяси ұстанымдарын қалыптастыруға бола ма? Егер ол болса қандай Ұлттық
бастауларға негізделуі тиіс дейтін сұрақтарға жауап іздеуге қадам
жасамақпыз. Ал осылардың және жоғары да көрсетілгендердің этностық
нұсқаларының көзі – ұлттық тәрбие, дәстүр және шешендік өнерде деуге
болады. Бүгінгі қазақ елінің ұлттық тәлім көзі де, тәлімгерінің де бірі –
шешендік сөз дәстүрі. Шешендік сөздердегі тұрақты акциологиялық
принциптерге адамның тағзым етуі неғұрлым берік болса қазақ халқының ішкі
руханияты соғұрлым жетіле түседі және елдік тұтастық нығаяды. Егер Сократқа
сүйенетін болсақ философияның міндеті – адамдарды өзін-өзі танып білуге
үйрету болған. Біздің пікірімізше, шешендік сөз өнеріндегі әлеуметтік-
философиялық негіздерін анықтаудың мақсаты – сөздердің тәлімдік түп
негіздерін танып мойындау және сол арқылы қазақ елін бірлік пен ынтымаққа
шақырып өмір сүруге баулу. Өйткені әрбір жеке адамға да, бүкіл қоғамға да
рухани азық болатын құбылыстың бірі, менің ойымша, халық даналығы, халықтық
философия. Осы тұста халықтық философияның қайнар көзінің бірегейі болып
табылатын ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесі, халық даналығы, шешендік өнері,
әлеуметтік философия тұрғысынан алғанда адамның өзіне оның рухани дүниесіне
үңіледі, оған үміт артады, ширыққан әлеуметтік мәселелерді шешудің сара
жолдарын адамның өзінен іздейтіндігін айтқымыз келеді. Қазақ даласындағы
адамгершілік талаптар қоғамдық материалдық әрі рухани дамуының қажетті
шарты. Би-шешендер ұстанған адамгершілік нормалар әлеуметтік қатынаста
рухани өлшем, адамдардың өмір сүру ережесі, адам мен адам қарым-қатынас
мәдениетінің көрсеткіші, әлеуметтегі әр адамның өз орнын белгілеу және оны
білу үлгілерінің үрдісі қоғамдағы барлық трансформациялық көзқарастар
адамның дүниетанымындағы жылнамалық құбылыстармен бірге жүретін тұтас
процесс. Заман мен тарихи дәуірдің мән мазмұнын анықтауда субьектінің бүкіл
болмысын айқындау технологиясы басымдылықта болады. Заманды, дәстүрді,
тарихты жасайтын адам. Заман - әрі субьективті, әрі обьективті орта. Ол, ең
алдымен, адамдардың субьективті өзгерулерінен құралатын, содан соң ғана
субьектен бөлініп обьективтендірілетін кеңістік. Сондықтан заман мен
дәуірдің түзелуі адамның ішкі рухани дүниесінің түзелуінен бастау алатын
құбылыс.
Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтарға жіктелу үрдісі маркстік
методология аясына сыймайтын, тіпті оған кереғар принциптерге негізделген
феномен. Қоғамдағы атқаратын қызметіне, орны мен роліне үш жүздік
құрылымда, кәсіптік белгілер бойынша, демографиялық ерекшеліктерге қарай
туыстық қандастық жүйеге негізделген үш жұртқа бөліну үрдісі басым болды.
Осындай ұстанымдарға негізделген әлеуметтік топтар арасындағы қатынаста да
батыстық үлгіге ұқсамайтын өзінше этноментальды ұстанымдар мен өлшемдер,
нормалар болды.
Дала қоғамындағы әлеуметтік қатынас ұлттық этногенологиялық топтар
арасындағы әлеуметтік ынтымақ пен бірлікті би-шешендер бір типі көшпелі
өмір салтқа және оның табиғатпен тәуелді байланысына негіздей отырып
түсіндіреді. Қазақ би-шешен, ақын-жырауларының жарық дүниеге, адамзат
өміріне деген ерекше түсініктері, тектік тұтастық, жеті аталық байланыс,
адамға қатысты үш жұрттық қатынас, билер институты қазақ қоғамындағы
әлеуметтік этнотоғыстыру механизмдері болған. Қазақ данагөйлері ел
басшыларына тән қасиеттер тұрғысында ақылдылық, білімділік, әділдік,
адалдық, төзімділік, бірлікшілдік, кішіпейілділік, ұстамдылық,
кісілік сияқты тәрбиені ұрпақ бойындағы рухани құндылықтар жүйесін
көрсетеді. Дала ділмарлары хан мен қараша билік феноменін құрайтын қос
компонент екендігін мойындайды. Хан ел билігін ұстанатын саяси тұлға
ретінде қоғамның саяси өмірінің қажетті компонентіне айналса, ал халық
билік этносына немесе биліктің жүру кеңістігіне айналады. Олар бір-бірінсіз
өмір сүрмейтін құбылыс ретінде мойындалады.
Бұл жұмыста қол жеткізген методологиялық ұстындар мен теориялық
тұжырымдар отандық әлеуметтік философиялық ілімді этноәлеуметтік
негіздермен, нысаналармен кеңейте түседі және қазақ даналығы шығыстық
философия мәдениетінде алатын орнын анықтауға, дала ділмарлығындағы
этноәлеуметтік бағыт-бағдарлардың ХХI ғасырға аяқ басқан қоғамымыздағы
маңыздылығын тереңірек әрі нақтырақ тануға мүмкіндік туғызды. Бүгінгі адам
рухани дүниесіндегі басым қайшылықтарына халықтық әдеп нормалары мен
кеңестік дәуірден қалған жалаң рационалистік өлшемдер, кейінгі батыстан
алынған тек материалдық ұтыс мотивтеріне негізделген нормалар арасындағы
текетірестер жатқызылады; моральдық нормалардың өзіне тән құбылмалы
қасиеттері белгіленеді, осыған орай қазақтың ата-тектік әдеп жүйесінің
бірінші қоғамдағы маңыздылығы туралы тұжырым жасалынады. Қазақ шешен-билері
кісілік қасиеттерді адам бойындағы бір-біріне қайшы келетін ашу мен ақыл,
білімділік пен білімсіздік, жақсылық пен жамандық т.б. сол сияқты
категорияларды салыстыру арқылы көрсетеді. Адамзат қауымының ғасырлар бойғы
тарихы имандылық, ғибраттық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлттық тағылым ұрпақ
тәрбиесінің қыруар үлгілерін мұралыққа қалдырғаны бәрімізге белгілі. Сол
халық даналығы қорытқан қазына байлық, тәжірибені халық игілігіне жарату,
үлгі етіп ұсыну – мына біздің яғни өскелең жас ұрпақтың еншісінде.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінен және оны зерттеу
қажеттіліктері мен зерттелу деңгейлерінен дипломдық жұмыстың мақсаты мен
негізгі міндеттерін айқындау мүмкіндіктері туады.
Жұмыстың басты мақсаты – қазіргі замандық жастар тәрбисіндегі діннің
алатын орны мен мәніне дінтанулық негізде талдау жасау.
- қазақ даласындағы халықтық белгілерді көрсету және осы орайдағы ұлттық
діннің орнын сараптау.
- қазақтың ұлттық тәрбиесін сипаттайтын ұғымдардың мәнін ашып,
этнотәрбиедегі діни құндылықтарды зерттеу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Ұлттық тәлім-тәрбие оның ел мәдениетінің іргетасы ретіндегі маңызы,
қызметі Қазақстан Республикасы егемен ел ретіндегі қалыптаса бастаған
күннен бері отандық педагогика, этнопедагогика ғылым салалары аясында жан-
жақты қарастырылып келеді. Бұл мәселе педагогика саласымен тығыз байланыста
болатындықтан педагогтармен бірге дінтанушылардың, философтардың,
әлеуметтанушылардың және басқа да ғылым салаларының зертеу нысанасына
айналып отыр.

I. Дін және жастар тәрбиесінің теориялық аспектілері

1.1 Имандылық – тәрбиенің түп тамыры

Имандылық тәрбие - ата-аналардың ұстаздардың балаларға белсенді
ықпалынан, тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан,
сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Адамның имандылық тәрбиесінің
дамуында ұрпақтан-ұрпаққа көшкен, дамыған толықтырылған, адамдардың
бірлесіп өмір сүру процесінде жасалған адамгершілік нормаларын игерудің
маңызы бар. Әр баланың жеке басының имандылық тәрбиеленуіне қамқорлық жасау
бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы.
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекетте
белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш, қадір-қасиет, адам
бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында
адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл
бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі,
қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы үлкендік пен кішілік, сыйластық,
әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың
маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған.
Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет
білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай
көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, бар адамгершілік
қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз
болған.
Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты көрген деп,
жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жол ойлайтын, әр
істе әділдік көрсететін адамдарды иманды деп атаған. Мұсылмандық
дүниетаным бойынша Имандылық иманнан пайда болады. Ал иман - жүректегі нұр,
нұрдың сыртқы болмысы, яғни Имандылық. Алла тағалаға иман еткен адамға
бітетін көркем мінез Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті - иман мен
Имандылық уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед Мен ең ғажап
көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім,- деуі арқылы әлемдегі тәлім-
тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, Имандылыққа
өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылык
үшін жаратқан, сондықтан: Алла мінезінен үлгі-өнеге алыңдар (Мұхаммед
пайғамбар), – деп уағыздалады. Имандылықтық негізін мұсылмандар Құранда деп
білген. Құран Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың мінезі жайлы
Хазіреті Айша: Оның мінезі - Құран, - деп жауап берген. Ізгі істер діни
ұғым бойынша Имандылық болып табылады. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда
имандылық - аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұсынылады.
Шәкәрім Құдайбердіұлының Иманым атты жинағында жаратылыс жұмбағы, Алла
мен адам қарым-қатынасы, иман жайлы жазған туындылары қамтылған. Ой бастауы
Құран Кәрімнен құйылар. Шәкәрімнің сыр сөздері бүгінгі қоғамның тынысымен
үндес екендігі даусыз. Қазақ қауымының ғана емес, жалпы адамзат баласының
рухани қазынасы үшін өлмес өсиет қалдырған Шәкәрім бабамыздың асыл
мағыналы сыр сөздерінің жылдар өткен сайын жаңғыратыны шындыққа айналып
отыр. Сондықтан да иманына қазақтың талапты жастарын таныс қылмақ үшін
Шәкәрім бұл жинағында:
Қырықтан соңғы қырымды,
Сынамақ болсаң түрімді,
Көрейін десең нұрымды,
Жи-дағы оқы жырымды, – немесе,
Қырықтан соңғы иманым,
Отыз жылдай жиғаным,
Көп ғалымның сөзінің
Ақылға алдым сыйғанын, – деген екен [53].
Ислам шариғатын ұстанумен молда болармын деген көзқарастан аулақ
болу керек. Дін - деген сенім. Жаратушы күш екеніне, Құран Кәрім мұсылман
қауымының Конституциясы екеніне сеніп, амал қылған дұрыс. Имандылыққа
қарама-қарсы жағымсыз сипат – имансыздық.
Қоғамның қуат тірегі - отбасы. Сол отбасының бекем болуы көбіне әйел
адамдарға байланысты. Алайда әйелдер хұқығы исламға дейін мүлдем адам
төзгісіз еді. Арабтар әйел затының ар-намысын қорлап, қыздарын тірідей
жерге көмді, сондай-ақ, әйелдер хұқығы тек арабтарда ғана емес, бүкіл
дүние жүзі халықтары арасында да мәз болмай, ар-намыстары тапталып жатты.
Үнділерде әйелдер мүлік қатарында қаралып, ерлерінің жеке меншігі
саналды. Сати заңы бойынша өлген ерімен бірге әйелі де өртенген. Мүндай
өлім қасиетті, еріне шын берілу тұрғысында саналғанымен кімнің өлгісі
келеді? Сөйтсе де оларды күштеп өртеп үстіне жесір қалған әйелдерге тұрмыс
кұруға тиым болды. Осындай тағылық заң тек XIX ғасырдың ортасында күшін
жойды.
Басқа елдерде, мысалы, Жапонияда әйелдерге көпшілік табынатын
орындарда табынуға тиым салынған. Қытайда да шіркеуге әйелдерді енгізбеген.
Рим Заңы бойынша әйел еріне басыбайлы болып өзіне тиісті дүние-мүлікке де
ие бола алмаған. Сол секілді өзіне бала да асырап ала алмаған.
Ислам діні ерлер мен әйелдерді теңестіріп, бірдей құқық берді. Әйелдер
еркін дем алып, өзінің қасиетті борышы аналық парыздарын еркін
атқаруға мумкіндік алды.
Тірідей қыздарын көметін тағылық қағиданы жойды. Кімде-кім үш қыз бала
тәрбиелеп өсірсе, ол жәннатқа кіреді деп есептейді. Мұндай көзқарас
әлбетте, әлемде тыныштық пен берекет, бақыт болып, ұрпақтың жалғасуына,
адамзаттың өсіп-өркендеуіне игі әсер етті. Құранда ерлер мен әйелдер тек
тең құқықты ғана емес, бірін-бірі толықтырып, кемелдендіріп отыратын
жаратылыстар. Иманды ерлер мен иманды әйелдер бірдей мейір-шапағатқа ие
болады. Ислам діні отбасының бұзылмауына ерекше мән береді, шаңырақ
шайқалмауын көздейді. Сондықтан шариғат заңында неке мәселесі ерекше орын
алады. Өйткені кішкентай сол отбасынан қоғам құрылады. Отбасы нық, әрі тату
болса, қоғамда да жайлы тұрмыс орнайды. Ер мен әйел адамзаттың ұрпақ
тарататын негізгі факторы. Олар бір-бірінсіз өмір сүретін болса, ұрпақ
жалғаспай, тоқырауға ұшырайды.
Жер бетіндегі тіршілік жоғалып, өшіп-сөнеді. Рухани тұрғыдан бұл екеуі
бір-бірінен ажырағысыз, туысқан. Ердің де өзіне тән тиісті міндеттері,
әйелдердің де өзіне тиісті міндеттері бар. Міне, осы тиісті міндеттерін
дұрыс бөліп атқарса, онда қуаныш та, өмір мәні де толық болады, – делінген
Құранда.
Исламның қағида-ережелері, қазақ халқының қағида-ережелерімен астарласып,
қабысып кеткен, әрі ұзақ жылдар бойы өмірде қолданылып келген. Өз ата
бабаларымыз екі етпей орындаған, әрі заңдарына айналдырған осынау кағида-
ережелерді есте ұстаған ләзім.
Жас ұрпаққа мұсылмандық қағидаларын таныстырып түсіндіру әрі парыз,
әрі сауабы мол іс. Міне, белгілі шығыстанушы М.Өсерұлының Мұсылмандық
қағидалары кітапшасында мұсылмандықтың қағида -ережелері қарапайым да
әсерлі түрде жан - жақты әңгімеленеді.
Ал, Құран хикаялары атты кітапта пайғамбарлар өмірбаянына, дін
тарихына байланысты сан алуан оқиғалар іріктеліп алынған. Адамның жеке
басының алғашқы қалыптасуында имандылық тәрбиенің маңызы зор. Имандылық
тәрбиенің өсуі бала бойында отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің
жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Ақын сөзімен айтқанда: Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі, -
десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұятты, иманды, ақыл-ойды,
адамгершілікті, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті
тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай
ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық,
жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі
болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара
сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-
бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына
айналары сөзсіз.
Ата мен ана - бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата-асқар тау,
Ана - бауырдағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ – деп, ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша
құбылысына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.
Әке әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы,
қамқоршысы. Адамның адамшылдылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады (Абай).
Отбасы – адам баласының алатын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп
дүниеге келген сәттен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.
Сондықтанда отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті мектебі.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің, Анасына қарап, қызын ал, -
деп халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген.
Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш,
адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Тәрбие басы әдептілік деп білген
ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе
үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар,
балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп
қойған. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі - әйел. Әйелдің
бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға
деген сүйіспеншілігімен, камқорлығымен, ана жанын қас-
кабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де
өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату-
сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек.
Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын
анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі
әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының
сөзі, іс-қимылы, қас-кабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар
балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс
көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала -
шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың, оның үстіне, олардың жанына
кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.
Бұл жағынан аналардың балаларға: әкеңмен ақылдас, әкең біледі,
әкеңнің айтқанын істе т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы
қандай ғанибет! Атақты Абай эпопеясында халқымыздың осыған орайлас
қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. ...Семей
қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар
шөкірт бала - Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді.
Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: Әй балам, анда әкеңдер түр, әкеңе
барып, сәлем бер! - дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп
алғанын түсінген жас Абай кілт бурылып, ортасында әкесі Құнанбай бар
шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі. Белгілі жазушы
Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар
ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да
келтіріп отырғаны анық.
Ата-ананың бір-бірінің кадір-қасиетін осылайша ардақтап, беделін
өсіруі, араларында өкпе-наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада,
екеу ара шешіп отыруы - шынайы инабаттылық, әдептілік. Сайып келгенде,
қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында отбасының
маңызы орасан зор. Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне
қатысты әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз
орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ,
демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек!
Ата-ана қадірін білмеген – халық қадірін білмес (Ғ.Мұстафин).
Қазақ халқы – басқа халықтар сияқты өзінің тарихымен, әдет-ғұрьп, салт-
дәстүрлерінің ерекшелігімен, өркениетті мәдениетімен, рухани байлығымен
көзге түскен ұлы халықтың бірі. Мәдениеті артта қалған, орыс халқының
арқасында жетіліп-жетісті деген кертартпа сөз күні бүгінге дейін сөзге
тиек болды. Ал, шын мәнісінде өзіміздің көзіміз көріп отырғандай, тағдыр
тәлкегіне түскен, соған қарамастан өзінің бар байлығын сап алтындай сақтап,
бірақ оны сыртқа шығара алмай, егемендік күнін алғалы бері уыстап ұрпағына
шашу қылып шашуда. Сол алтын қазынаны болашақ ұрпақтың дұрыс пайдаланып,
іске асыруына үлкен көмек, күш керек. Өйткені, салт-дәстүр, әдет-ғұрып,
есіресе тіліміз шұбарланып жойылуға бара-бар кезеңнен алып шығу үлкен,
өзекті, кеиелі іс. Бала тәрбиесінде біріншіден ана тілін толық меңгеріп,
әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің тозығы мен озығын таныстырып, жақсысын алып,
баланың бойына сіңіру заман талабы. Әсіресе, ізгі дәстүрімізбен ұрпағымызды
адалдық пен адамгершілікке, қайырымдылыққа, мейірімділікке, парасаттылыққа,
бір сөзбен айтқанда имандылыққа, тәлім-тәрбиенің нағыз биігіне баулыймыз.
Жастарды қазақи, әдепті мінезге баулуымыз қажет-ақ. Сол себепті біз
имандылық тәрбиесін жеке алып, оның мазмұнын ашуға бел байладық. Имандылық
тәрбиесі-әлеуметтік топтардың, жаңа ұрпағымыздың моральдық-аламгершілік
қасиеттерін, сенімі мен сезімін, дағдылары мен әдеттерін, мінез-құлықтарын
қалыптастыру мөселесін қарастырады. Жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеудің
негізі адамзаттың ішкі дүниесі мен сезімінің, санасының жетілуі, сол
халықтық өзіндік ерекшелігіне байланысты, рухани байлығы болып табылатынын
ескерген жөн.
Әрине, тәрбие мәселесінде сөз қозғаған данышпан-даналар көп-ақ. Оларды
қазіргі күні айтып та, жазып та жүр. Біздің мақсатымыз солардың бәрін
қайталау емес, имандылық тәрбиесіне байланысты осы даналарымыздың айтқан
қағидаларына тоқталып өту. Ал, жалпы имандылықтың түп қазығы Кұран, Хадис,
Құран әліппесі, Иманшарт, Ғылымхал, Шариғат т.б. сияқты иманның жүрегі
іспеттес кітаптардан қарастырып отырмыз.
Иманның бір бұтағы – бата десек, қателеспейміз. Жаңбыр мен жер
көгерер, батамен ел көгерер – дегендей бата нағыз еліне, халқына, ұрпағына
тірек білдіретін иманды сөздің жиынтығы. Бата беру бірінші ауылдың
ақсақалдарына, үлкен қарияларына тиесілі, екінші сыйлы қонаққа тиесілі.
Бата екі түрлі болады: Ақ бата, және Теріс бата; онын екіншісі – жаман, ол
бір ашу-ызадан туындап, дұшпандық істегендерге берілетін бата. Қазақтын ең
жаман қарғысы немесе бағасы: өзің білме, білгеннің тілін алма – деп,
назылық білдіргенінде. Бір ауыз сөзбен, қаншалықты философиялық ой берген.
Өзің білмесең білгеннің тілін алмасаң, одан асқан мәңгүрттік болмас. Халық
ұрпағын ең бірінші осы мәңгүрттіктен сақтандыруға тырысқан. Теріс бата
алудан кімде болса аулақ болуға тырыскан. Әрбір ата-ана біреуге жаманшылық
істеме, карғысына калма! Қарғыс емес алғысқа ие бол! – деп ескертулер жасап
отырған.
Ал, ақ бата кеңінен қолданылатын бата. Бұл бата - кімге берілетін болса
да, жүректі жарып шыққан даналық сөздермен, ақ тілекпен суреттеледі. Қандай
жағдайда берілмесін ол адамды кісілікке, имандылыққа, мейірімділікке
тәрбиелейді. Солардың ішінен біреуін айтып кетсем артық балмас. Дүниеге
келген нәрестеге берілетін бата:
Нәрестенің бауы берік болсын, Әке-шешесіне серік болсын! Азамат болып
ержетсін, Ақсақал болып төрлетсін, Азамат болып көрікті, Ғұмыры ұзын
берікті, Қолқанаты көп болып, Артынан ерте берсін серікті, Азамат
болсын ардақты, Мінезі болсын салмақты, Өнері болсын жан-жақты. Осы
айтқанның бәрі келсін, Алла берсін зор бақты, Аллау әкбар!
Келін берсең, келісті болсын. Келешегі өрісті болсын. Құда берсең,
жолдасыңдай болсын, Құдағи берсең, сырласыңдай болсын. Ата-баба
жолынан кім ассын, Құдалық мың жылға ұлассын. Екі жастың бақытын
берсін, Екі жақ қызықшылығын көрсін! Әумин!

Өзіміз көріп отырғандай бата беру бір өнер, оны тыңдап, өнеге-өсиет
үйрену бір ғажап. Сол сияқты, қыз балаға беретін бата, ер балаға беретін
бата болады. Көптен кездесетін ас қайырғанда беретін бата, оның да түр-түрі
бар, соның бірін айтып өтелік:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болып мерейің!
Ықыласпен қол жайсаң, Ақ тілекпен төгейін. Дастарқаның тоқ болсын! Бақ
даулет берсін бастарыңа, Ғасыр берсін жастарыңа! Ата-бабам қолдасын, Еш
жамандық болмасын! Әумын!
– бұл жастарға берілетін батаның қысқа түрі. Бұдан да басқа, наурыз
батасы, жарапазан батасы, және сақтық батасы болады.
Жастар тәрбиесінде, оларды жамандықтан сақтандыруда, атап айтқанда:
жалқаулықтан, бұзақылықтан, кесірліктен, ұрлықтан, т.б. арашалап, имандылық
қасиеттің жақсы рухын ұялатуға халқымыздың көне, асыл мұрадарының бірі бата
беру, ақ тілектің де орны ерекше екенін ұмытпағанымыз жөн.
Әрине жаман бол деп тәрбиелейтін халық жоқ, бірақ ол тәрбиеде бата
сияқты керемет өсиет айта білетін халық кемде кем. Өзіміз көріп отырғандай
бата ұйқасын тауып, өлең сөзбен, даналық өсиеттерден құралатын және адамның
барлық тұрмыс-салтына байланысты әр түрлі ойда айтатын дана халық – қазақ
халқы. Ұлттық дәстүрлер – Ата-бабамыздан бізге жеткен, өткені мен
бүгінгінін байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.
Сондықтан оған үйретуде, тәрбиелеуде аса көңіл бөлген. Бұл аталған
қасиеттің бәрін біз, имандылықтың бойынан таба аламыз. Ұлт мәдениеті мен
қатар ұлтаралық татулық мәдениеті қатар жүреді. Зерттеуші – социолог Кеңес
Биекенов Ұлтаралық татулық мәдениеті дегенге, білімділігі мен
мәдениеттілігіне қоса, әр басқа ұлттың адамымен ортақ тіл таба білуі де
жатады. Соңдықтан ұлтаралық татулық мәдениеттілікті көрсетудегі
міндеттерміздің бірі адамда интеллигенттілікті тәрбиелеу болып есептеледі.
Интеллегенттік деген ол басқа адамды түсіну қабілеттілігі, басқаның
кайғысына ортақ бола білу деген сөз деп дұрыс пікір айтқан. Ұлтаралық
татулық мәдениетіне тағы бір қосатын нәрсе, ол бір ұлттың екінші ұлтты
сыйлауы. Әр ұлттың тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін
сыйлау әрқашанда дұрыс деп ойлаймын.

1.2 Қазақ тәрбиесіндегі діннің алатын орны

Өткеннің бәріне топырақ шаштырған, адамның таным-түсінігін тоздырған
заманды халық бастан кешті. Ол заманда халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты
ұстану ескіліктің қалдығы болып саналып, дінге сену, тіпті, қылмыс
дәрежесінде есептелінді. Осындай еткенімізге жиіркене тәрбиелеудің
нәтижесінде жастарымыз азды-көпті алған біліміне мастанып, өзінің түп-
тамырын, шыққан тегін, ұлттық ерекшелігін ұмытып, тек өз халқына емес,
басқа да елдерге теріс көзқарас қалыптасып, етек алды. Айта берсе,
жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде жіберілген өкінішті қателіктер көп-ақ болды.
Енді осы жіберілген олқылықтардың орнын толтырып есімізді жинайтын кез
келді.
Әр ұлт өзінің дүниетанымын, тілі, діні, ауыз әдебиеті, өнері арқылы
білдірген. Халықтың дүниетанымын, рухани мұрасын біз өмір сүру
тәсілдерінен, діни нанымынан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен, бір сөзбен
айтқанда өткен өмірінен, тарихынан іздегеніміз жөн. Белгілі жазушы
Ғ.Мүсірепов Өткенді білмей, келешекті білу мүмкін емес. Бұрынғының нарқын
білгендер, бүгінгінің парқын ұғады – деп айтқанындай, халқымыздың бұрыннан
қалыптасқан әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүріне, діни нанымдарына жастар
тәрбиесін дұрыс жүргізу үшін мүмкікдігінше қанық болғанымыз дұрыс. Қай
халық болмасын оның руханилығын - діни нанымы арқылы көріп, байқауға
болады. Дінді жоққа шығарамыз деп, өзіміздің салт-дәстүр, әдет-ғұрып, төл
мәдениетімізді, қазақшылығымызды жоғалтып ала жаздадық. Ерте кездегі араб
тіліндегі құнды кітаптар жойылып, жазба мәдениетіміздің тамырына балта
шаптық, сөйтіп, қоғамдық, рухани байлығымызға үлкен зиян келтірдік. Дінді
ауызға алмаумен қатар, имандылық тәрбие мәселелері азып-тозды деуге болады.
Қазіргі кезде қолымыз жеткен жетістікті тез арада пайдаланып, төл
мәдениетімізді, рухани байлығымызды жетілдіруге жұмыла кіріскеніміз жөн.
Ақселеу Сейдімбеков айтқандай: ...атом реакторлары мен компьютерлер адам
құдіретіне қолқанат болған заманда, діндар - боламыз, деп қорқудың негізі
болмайды. Шыныменде, дінге объективті түрде баға беріп, керекті жағын бала
тәрбиесіне пайдалану әлі де болса кеш емес. Ал, бұл үшін, халқымыздың жазба
мәдениетіне көз жібергеніміз, атап айтқанда Құран, Хадис, Ғылымхал т.б.
кітаптарды пайдаланғанымыз жөн-ақ. Жастарды имандылыққа тәрбиелеуде, бұл
еңбектердің алатын орны ерекше деуге болады.
Қазақ халқы - басқа халықтар сияқты өзінің тарихымен, әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлерінің ерекшелігімен, өркениетті мәдениетімен, рухани байлығымен
көзге түскен ұлы халықтың бірі. Мәдениеті артта қалған, орыс халқының
арқасында жетіліп-жетісті деген кертартпа сөз күні бүгінге дейін сөзге
тиек болды. Ал, шын мәнісінде өзіміздің көзіміз көріп отырғандай, тағдыр
тәлкегіне түскен, соған қарамастан өзінің бар байлығын сап алтындай сақтап,
бірақ оны сыртқа шығара алмай, егемендік күнін алғалы бері уыстап ұрпағына
шашу қылып шығуда. Сол алтын қазынаны болашақ ұрпақтың дұрыс пайдаланып,
жүзеге асыруына үлкен күш керек. Өйткені, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, әсіресе
тіліміз шұбарланып жойылуға бара-бар кезеңнен алып шығу үлкен, өзекті,
келелі іс.
Бала тәрбиесінде біріншіден ана тілін толық менгертіп, әдет-ғұрып,
салт-дәстүріміздің тозығы мен озығын таныстырып, жақсысын алып, баланың
бойына сіңіру заман талабы. Әсіресе, ізгі дәстүрімізбен ұрпағымызды адалдық
пен адамгершілікке, қайырымдылыққа, мейіріміділікке, парасаттылыққа, бір
сөзбен айтқанда имандылыққа үндеу, қазақтың тәлім-тәрбиесінің мақсаты мен
мәні: Жастарды қазақи, адепті мінезге баулуымыз қажет-ақ. Сол себепті біз
имандылық тәрбиесін жеке алып, оның мазмұнын ашуға тырысайық. Имандылық
тәрбиесі - әлеуметтік топтардың, жаңа ұрпағы яғни моральдық-адамгершілік
қасиеттерін, сенімі мен сезімін, дағдылары мен әдеттерін, мінез-құлықтарын
қалыптастыру мәселесін қарастырады. Жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеудің
негізі адамзаттың ішкі дүниесі мен сезімінің, санасының жетілуі, сол
халықтың өзіндік ерекшелігіне байланысты, рухани байлығы болып табылатынын
ескерген жөн.
Өмірде адам баласы тұтынатын, өзінің өмір бойы азығы болатын асыл екі
қазынасы бар. Оның біріншісі - Материалдық байлық (тән азығы) болса,
екіншісі - рухани байлық (жан азығы). Жан азығы адам баласының жан қуатын
арттырады. Жан азығының негізі – Иман (сенім). Иман – Ислам дінінің
тұтқасы. Дін – өте күрделі құбылыс. Ол әлем, адам, құдай, Алла туралы ғана
айтылған көзқарас емес, сонымен бірге калыптасқан әдет-ғұрыптар, рәсімдер,
дәстүрлер, коғамдық өмірдің кұрамдас белігіне кіретін заң, мораль, құқық
кодексі деуге болады.
Ислам дінінің уағыздары тек бір ұлтқа немесе мұсылман халықтарына ғана
емес, бүкіл адамзат баласына арналған. Сонымеи бірге Құранның өзінде
айтылғандай Дінде зорлау жоқ деп Бақара сүресінің, (демек 2-ші сүре) 256
аятында (2-256); айтып өткен [42. 42 б ]. Бұл сүреден біз, дінге зорлап
сендіру жоқ, оған әркім өзінің ойы, білімі, сенімі, ақылымен илануы керек
деген түсінікті көреміз. Ислам діні, азғындықты баса көрсетіп оның
салдарынан өмірге, тіршілікке зиян келетінін айта отырып, туралық, әділдік
істеген дұрыс деп көрсетті. Біздің де айтайын деп отырғанымыз, Құран арқылы
жастарды тек дінге жүгіндіру, бағындыру, сана-сезімін, дүниетанымын діни
түрғыдан қалыптастыру емес, жастарға халықтық тәрбиенің құрамына енген
өмірге керекті тәрбиелік мәні бар қағидаларды дұрыс жүзеге асыру арқылы
тәрбиелеу. Ол - білім, көркем мінез-құлық, ақыл, адамгершілік, имандылық,
достық, бейбітшілік т.б. қасиеттерді қалыптастыратын дін. Бұны Бақара
сүресінің 251-і аятында жазылған Алла Тағала адам баласының бірін-бірі
арқылы қорғамаса, жер жүзі бұзылар еді. Алла, бүкіл әлемге кеңшілік иесі.
деген сөзінен көреміз [42. 41 б]. Өзіміз көріп отырғандай, бұл сүреде
күнделікті ата-ананың бір-біріне қайырымды болыңдар, деп айтатын ақылының
төркіні жатыр. Осы сүренің 263-і аятында: Көркем сөз және
кешірімділік, артынан бұлдану, кейіту ызаласқан садақадан жақсы деп
ескерткен; Біреуге жақсылық жасасаң оған бұлданба, кейіме, шын
жүрегіңмен жаса, сөз сөйлегенде әдепті бол, сонымен бірге адамдар бір-
біріне кешірімді болғаны дұрыс деп уағыздаған [45.44 б].
Құран кәрім Алланың Мұхаммед Пайғамбар арқылы бүкіл адамзатқа
түсірілген кітабы. Әрине, діни түсінікке толы бұл кітаптан, адамзаттың өмір
сүруіне қажетті өсиет, насихаттар берілген ереже, уағыздарды көруге болады.
Исдам дінін зерттеуші ғалым Меһмет Соймен ...Ислам діні... ең соңғы, ақыл,
білім, мінез-құлық, бейбітшілік және ереже діні, ...сенім бойынша өмір
сүру діні... дейді. Осы ойды белгілі тарихшы, профессор С. Б. Дорженов:
Бұл дін жалған куәгер болуға, екі жүзді болуға, алдау-арбауға мүлдем
қарсы. Сонымен қоса өтірік айтпауға, ұрлық жасамауға, темекі тартпауға, ата-
ананы қадірлеуге, арақ ішпеуге, денені таза ұстауға, орынсыз дүние-мүлік
шашпауға, өлген адамды қадірлеп-қастерлеп қоюға шақырады деп жалғастырады
[21.95 б].
Тілі басқа болғанымен, діні бір мұсылман халықтарының алғашқы заң
кодексі, ереже тәртібі жазылған жазба ескерткіші – Құран. Құран өлікке
немесе қабір басында ғана оқылатын аяттар жинақталған кітап деген түсінік
көп тараған, бірақ, ол қате. Тірі жүрген адамдарға оқытылатын бір ереже
және заң кітабы деп түсіндірген Құран Кәрімнің түсініктемесінде. Расында
да, өсиет, уағыздарға толы, үлкен тәрбиелік мәні бар, аса құнды жазба
ескерткіш тірі адамға керек сусындайтын қайнар бұлақ емес пе? Құран араб
тілінен аударғанда оқу деген мағынаны білдіреді. Аты айтып тұрғандай
ілім, білімге итеріп тұрған Құран 114 сүрден тұрады. Ал сүрелер аяттардан
тұрады. Шығыстанушы, ғалым Ә. Дербісалиев, аййа (көпше түрі айа-т) –
керемет, құбылыс немесе көрініс – деген мағына береді деп
түсіндірген. Ал, Л. 3. Рүстемов, айат – белгі, ғажайып, құранның
өлең сөзі – дегенді білдіреді деп көрсеткен. Құран сүрелерінің барлығы
оқырман қауымды, адамзат баласын тек жақсылыққа, ілімге, білімге шақырады,
Сөзіміз дәлелді болу үшін Құран сүрелеріне ден қоялық. Бақара сүресінің 48-
ші аятында: Біреу үшін ешкім араша түсе алмайтын, ешкімнің қайырымы қабыл
болмайтын, ешкімнің бодауы етілмейтін және оларға жәрдем болмайтын күннен
қорқыңдар [43. 8б]. Мағынасына терең үңіле қарасақ, қалайша керемет,
орынды айтылған. Бір ауыз сөзбен, ғұлама тарихты, тәрбиені ашып тұр.
Адамдар бір-біріне жәрдемдеспесе, қарайласпаса, бірі-біріне кайырымды,
мейірімді, ақ пейілді болмаса, адам баласының басына қатер төнетінін айта
келіп, қиямет күні болатынын есте ұстап, содан қорқыңдар деп ескертеді.
Құран Кәрімде адамның жанына қас қылуға, шын рухани құқықтарына шабуыл
жасауға тыйым салынған. Мысалы: Біреудің намысына, абыройына,
адамгершілігіне дақ түсіретін бейнеде ойнау, мазақтау, сондай-ақ біреуді
қорлау, ғайбаттау, жала жабу, күншілдік істеу, өсек айтуға тұжырымды түрде
тыйым салынсын – деп, жаман іске қарсылық керсеткен [42. 125 б].
Әрине, Құран сияқты өте күрделі шығарманы оқып түсіну, оңай шаруа емес.
Өйткені сөзі астарлы тарихқа толы, жатқан шежіре. Оны түсіндіріп, оқытып,
таныстыру біздердің, атап айтқанда днтанушылардың, педагогтардың,
тарихшылар, филологтар мен философтарың т.б. мамандардың міндеті. Құранның
тәрбиеге байланысты сүрелеріне тоқтала кетейік. Құран, ең тура жолға
бастайды, деп көрсетеді Исра (9) сүресінде. Аманатқа сенімділіқ және
зиянкестік туралы Ниса (58) сүресінде: Адамдар арасында билік айтқанда
әділ болу, аманатты мойнына қарыз қылмай иесіне қайтару туралы айтылса,
Әнфал (27) сүресінде иманды адамдарға: Өздеріңе аманат еткендерге, біле
тұрып, қиянат етпеңдер, – деп ескертеді [43.74б].
Халқымыздың Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ, шешіп беретін
билерге жоғары баға беру үшін; төркіні Құран сөзінде көрініп тұр, Мүминун
(8) сүресінде: Олар (мүминдер) аманаттарын берген уәделерін қорғаушылар
[43. 292 б]. ал, Мағарыж (32) сүресінде: ...берген уәделеріне қиянат
кылмайды, – деп, мұсылман дініне сенуші адамдар уәдеге берік, адал екеніне
тоқталады, сонымен қатар жақсылар мен жамандар туралы: Бақара сүресінің
(200,202, 204, 207); Ынфйттар сүресінің (13-14); Ләйіл (5-12); Бәийна (6-8)
аяттарында айтылады [43]. Ар сақтау тұрады, Фурқан (68) сүресінде:
Мұсылман тиым салған істерді істемейді, нақақ қан төкпейді, зина
жасамайды делінген [43. 31 б]. Осы сүренің 67-ші аятында: қаражат
жұмсағанда ысырап етпейді, сараңдық та жасамайды, өз жөнімен ғана
жұмсайды, – деп мұсылман дінін қабылдағандар жамандыққа бармайды, әр ісін
ақылмен ойлап, сенімімен сезіп, сараптап істейді дейді. Сонымен қатар әке-
шешеге құрмет етуге бағыну туралы, Исра (23-25), Ғанкабут (8), Лұқман (14,
15); Ахқаф (І5); Бала тәрбиесі туралы: Бақара (223), Каһф (45), Әнфал (28),
Таһа (123), Тағабүн (14, І5), Тахрим (6) сүрелерінде айтылады. Осылайша
Алла тағала жеке-жеке сүрелер мен аяттарда адамгершілік, имандылық,
инабаттылық т.б. мәселелерді жіктеп, талдап көрсеткен.
Қасиетті Құран Кәрім кітабында, адам баласын қорлататын да, бақытқа
бастайтын да нәпсі делінген. Атаққұмарлық, мансапқорлық, өркөкіректік,
өзін басқадан жоғары санау - нәпсінің түп төркіні дейді. Біз Құранға тек
діни уағыз ретінде қарамауымыз керек, адамгершілікке, имандылыққа,
инабаттылыққа, еңбекке, тәрбиелейтін таптырмас жазба ескерткіш ретінде
қарағанымыз жөн. Бұл тұрғыда, белді ғалым, Құранды зерттеуші Саййд Муджтаба
Мусави Ларйдің Мұсылмандар үшін Құранның кереметтігі - діни сенімінде, ал
зерттеуші ғалымдар үшін ғылыми тұлға мен коғамды басқарудың ғылыми мазмұны
мен мүмкіндігін және дүние танымды ескеретін қабылдау өрістілігі Құранға
тән, (орысшадан аударған Б. Ж.) деген ойы Құранның уақытша ғана қолданатын
құрал емес, жалпы адамзаттың, өмір бойғы азығы екенін дәлелдей түседі [49
91 б]. Құран терең зерттеуді талап ететін жазба ескерткіш. Оның қозғаған
ар міселесіне дұрыстап мән беріп, тәрбиелік мәселелерін жеке-жеке
қарастырып, зерттеп-зерделеуіміз заман талабы. Әсіресе, тәрбие меселесінде
Құранның алатын орны ерекше екеніне еш күмән жоқ. Қазақ халқының әдет-
ғұрып, салт-дәстүрлерін зерттеуде Құран ең алғашқы дерек болып табылады.
Құранның өмір сүргеніне XIV ғасырдан астам уақыт өтіпті, осыған қарамастан
ол өз құндылығын жоғалтпаған, керісінше арта түсуде. Өйткені Құран белгілі
бір кезеңге ғана немесе аз ғана топқа арналған өсиет, ереже емес, ол мәңгі
жасайтын мұсылман халқының бәрі бірдей мойындайтын заңы, жазба мұрасы.
Құран жолы - білім, ғылым, тәрбие жолы екеніне оны оқып,
мазмұнына қанық болған адам еш күмән келтірмейді. Құранның білімге
ең тура жолға бастайтынын біз төмендегі келтірілген сүре аяттарынан
көреміз. Зүмар (9,10) сүресінде: Білгендер мен білмегендер тең бе? - де,
шын мәнінде ақыл йелері ғана үміт ала алады [42. 459 б]. Сонымен қатар
Жақсылық істегендерге жақсылық, бар деп, тек ақылды адамдар білімді,
білгір болатынын айта отырып, тіршілікте жақсылық істеуге адамгершілік
ізгі қасиеттерді адам бойына сіңіруге шақырады. Н. Өсерұлы Құранның
мақсаты: ерте заманда арабтар арасыңда тараған пұтқа табынушылықты
түбірімен қопарып жоқ ету, олардың имандылық қасиеттерін оятып, жақсы
жақтарын, заңдары әдет-ғұрыптарын, жораларын қалыптастыру,
сол секілді яһудейлердің дініне қарсы тұру, Алла тағаланың сүйген
құлдарын адастырмай тура жолға салу еді - дейді [62. 6 б].
Ислам дінінің уағыздары мен ереже, тәртіптері жазылған Құран жолы
ақиқат жолы, адам баласын жамандықтан құтқаратын тура жол, дүние жүзінде ең
ықпалды, қадірлі өсиет, білім жолы. Тағы да Құран сүрелерінен мысал
келтірелік: Әй иман келтіргендер. Сендерге жиналыста: Орын беріңдер
делінсе ашылыңдар. Алла да сендерге кеңшілік етеді. Ал және Тарқаңдар
делінсе, дереу тарқандар. Алла (Т) сендерден сондай иман келтіргендердің,
ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді деп, тәрбиенің тілалғыштық сияқты,
жақсы қасиетін берік көреміз. [42. 543 б]. Сондай-ақ Мұхаммед Пайғамбарға
жіберген алғашқы аят Ғалақ (1-5) сүресінде оқу аса ардақты деп
келтірілген. Кұранның адам баласын дұрыс жолға бастайтынын Ғылымхалда былай
көрсеткен. Құран Кәрім адам баласы қаншалык дамысада, заттық рухани бүкіл
мұң-мұқтаждарына жеткілікті Құран: бір сәуле, нұр, білім және туралы
құлағын деп [53. І5 б]. Сонымен қатар Дініміз, тіршілік өмір сүру және
белсенді түрде дұрыс істеу діні дей отырып, Құранның және діннің дұрыс
жолға бастайтынын анықтай түседі [53.23 б].
Құраннан кейінгі қасиетті кітап - Мұхаммед Пайғамбардың даналық
сөздерінің жиынтығы - Хадистер, бұл кітапта да, мұсылманшылыққа,
имандылыққа, білімге, адамгершілікке, инабаттылыққа шақыратын ережелер
жинақталған. Әсіресе, имандылыққа үлкен мән беріліп, адамзат баласын
дұрысты бұрыстан ажыратып, караңғылықтан құтқарылатын, көркем мінез-құлыққа
тәрбиелейтін иманды адам болуға шақырады. Хадистар алғашқы кезде ауызша
тараған, кейіннен көптеп жазба ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІНИ СЕНІМ
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрлердің маңызы
Жастардың діни ұстанымы және дінге көзқарасы
Діни тәрбие
Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу
Фрейдтің фрейдизм теориясының дамуы
Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы
Мәдениет және ұлтаралық қатынастардың әлеуметтануы. Жастар және дін
Ислам діні тарихы
Пәндер