Сатып алу – сату шартының жекеленген түрлері



Кіріспе

1. бөлім. Сатып алу. сату шартының жалпы ережелері.
1.1. Сатып алу. сату шартының жалпы ережелері.
1.2. Сатушы жіне сатып алушының құқықтары мен міндеттері.

2 . бөлім. Сатып алу . сату шартының жекеленген түрлері.
2.1. Бөлшектеп сатып алу. сату шарты
2.2. Тауар жеткізілім шарты
2.3 Келісім.шарт жасасу шарты
2.4. Энергиямен жабдықтау шарты
2.5. Кәсіпорынды сату шарты
2.6. Мемелекет мұқтажы үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
1– бөлім. Сатып алу- сату шартының жалпы ережелері.
1.1. Сатып алу- сату шартының жалпы ережелері.
1.2. Сатушы жіне сатып алушының құқықтары мен міндеттері.
2 – бөлім. Сатып алу – сату шартының жекеленген түрлері.
2.1. Бөлшектеп сатып алу- сату шарты
2.2. Тауар жеткізілім шарты
2.3 Келісім-шарт жасасу шарты
2.4. Энергиямен жабдықтау шарты
2.5. Кәсіпорынды сату шарты
2.6. Мемелекет мұқтажы үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Сатып алу- сату шартының мағынасы және қолдану өрісі кең, себебі сатып алу-
сату шарты азаматтық құқықта алатын орны ерекше. Ол бұрынғы заманнан дамып
келе жатыр. Қазіргі классикалық рим құқығының өзінде консенсуалды шарт
(empito – venditio) ретінде қалыптасқан. Осы шарт бойынша бір жақ, яғни
сатушы (venditor) екінші жақ, яғни сатып алушыға (empitor) мүлікті немесе
затты беруге міндеттенеді, ал екінші жақ сатып алуға және ол зат үшін
белгіленген бағасын (premium) сатышуға беруге немесе төлеуге міндеттенеді
1. Рим құқығында алдын ала жасалатын шарттар мәлім болған. Әсіресе
өндірілетін өнімді сату туралы шарттар. Осыған байланысты болашақта немесе
күтілімдегі заттарды сату туралы алдын ала шарттар жасалған. Сондай – ақ
тәнсіз заттар, яғни мүліктік құқықтар ( талап ету құқығы, жүзеге асыру
құқығы және тағы басқалары.)сатып алу- сату шартының пәні ретінде
қарастырылған.
Революцияға дейінгі ресей азаматтық құқығында сатып алу- сату шартының
пәні ретінде, тек жылжымалы мүліктер қарастырылған. Ал жылжымайтын
мүліктерді сатып алу- сату шартқа емес заңға жатқызылатын. Яғни жылжымайтын
мүлікті өз меншігіне көшіру құқығы акт ретінде қарастырылған және сатып
алушыға бекіністі шешу құқығы туралы құжаты берілетін. Кейін, бұл заңды заң
сыншылары бір ретке келтірді. Өйткені, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті
сатып алу – сату біркелкі, екі жақты келсілген шарт және бұл шартта
әрқашанда екі тұлға қатысады, яғни сатып алушы және сатушы.
Сатып алу- сату шарты басқа кейбір шарттарға қарағанда тектік ұғымда болып
табылады. Сатып алу – сату шартының мәні бойынша бір тұлға екінші тұлғаға
қандайда болмасын мүлікті меншікке беруге міндеттенеді, ал екінші тұлға бұл
мүлікті өз иелігіне алып және оның белгіленген төлем ақысын беруге
міндеттенеді. Кейбір шарттар сатып алу – сату шартының жекеленген түрлеріне
жатады: тауар жеткізілім шарты, бөлшектеп сатып алу – сату шарты, келісім –
шарт жасасу шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сату шарты және
мемлекет мұқтажы үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері жатады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін Ресей Федерациясының
Азаматтық Кодексімен салыстырғанда, олар ұқсас болып келеді, бірақ біздің
заңда жылжымайтын мүлікті сату туралы шарты қарастырылмаған. Ол келесідей
қарастырылады 2:
Жылжымайтын мүлікті сатып алу – сату шарты бойынша сатушы сатып алушыға
жер учаскесін, ғимаратты, құрылғыны, пәтерді немесе басқа да жылжымайтын
мүліктерді жеке меншікке беруге міндеттенеді.
Шарт жазбаша нысанда жасалады. Ол екі тараптың бір құжатта қол қоюымен
рәсімделінеді. Бұл тәртіпті орындамаған жағдайда мүлікті сату шарты
жасалмаған болып есептелінеді. Ресей Федерациясының 21 шілде 1997 жылы
шыққан Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы заңына сәйкес сатып алушының
жеке меншігіне жылжымайтын мүлік ауысқан жағдайда міндетті түрде тіркелуге
жатады. Мүлікті сату шартына байланысты , екі жақтың келісімімен мүліктің
жеке меншікке өткенімен, ол мемлекеттік тіркеуден өтпейінше, үшінші жақ бар
болса, онда үшінші жақпен қарым – қатынастарды бұзбайды. Егер бір жақ
жылжымайтын мүлікті жекешелендіру барысында мемлекеттік тіркеуден бас
тартса, сот екінші жақтың өтініші бойынша жеке меншіктегі мүлікті
мемлекттік тіркеуден өтуге тиіс туралы шешім шығарады.
Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру келесі заңды фактілердің жиынтығын
құрайды:
1.екі жақ жылжымайтын мүлікті сату шартын жазбаша және оны заңға сүйеніп
куәландыруы керек;
2.екі жақтың келісімімен – сатушыдан (жылжымайтын мүліктің иесі) сатып
алушыға жылжымайтын мүлікке ие болу құқығы мемлекеттік тіркеуден өткеннен
кейін ауысады.
Тек осы заңды фактілердің жиынтығын орындаған кезде сатушының жылжымайтын
мүлікке ие болу құқығы тоқтатылады, ал сатып алушының жылжымайтын мүлікке
ие болу құқығы пайда болады.
Ресей Федерациясының Азаматтық құқығында жылжымайтын мүлікті сату туралы
ережелер бекітілген. Шартта жылжымайтын мүліктің толық мағұлматтары, соның
ішінде орналасқан жері, жер учаскесінің көлемі көрсетілуі тиіс. Егер бұл
шартта көрсетілмесе, шарт жасалған болып танылмайды.
Шартта міндетті түрде жылжымайтын мүліктің бағасы көрсетілуі тиіс.
Жылжымайтын мүлікке ие болу құқығы сатушыдан сатып алушыға акт арқылы
немесе өзге құжаттарға екі жақтың қол қоюы арқылы өтеді. Егер шарт жасасып
отырған тұлғалардың біреуі берілген құжаттқа қол қоюдан бас тартса, шартта
көрсетілген міндеттерді орындаудан бас тартқаны болып есептелінеді.
Сатып алу – сату шартын ақша нарығында қарастыруға болады, ол
келесідей болып келеді:
Ақша нарығының қолда бар құралдарына қарай әрі қазақстандық қаржы
нарығының ерекшеліктерін ескере отырып, оның мынадай сегменттерін бөліп
көрсетуге болады 1:
Төлем карточкасы
нарығы

Қолма – қол ақша
(банкнот) нарығы
Ақша нарығы

Чектер нарығы

Вексельдер мен
борыштық
қолхаттар нарығы
Банк акцептлер
нарығы

Қазақстан Республикасы аумағында ақша нарығының қаржылық құралдарымен
мынадай операциялар айналымда қолданылады:
1)қолма – қол ақша (банкнот) табыстау;
2)чек беру;
3)вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау;
4)төлем карточкасын пайдалану;
5)борыштық қолхаттардың айналымы.
Ең алдымен айналысы түпкі қортындысында нарықтағы тауарлардың айналымын
жүзеге асыратын қолма – қол ақша қаражатының нарығы туралы айта кету керек.
Ол көрсетілген қызметтің төлемақысы ретінде алға шығады. Бүгінгі таңда
қолма – қол ақша айналысы шектелсе де Қазақстан халқы тауарлар мен
қызметтің төлемақыларын төлеу үшін (негізгі тағам өнімдерін сатып алғанда,
слесардың, сантехниктің және тағы басқа қызмет – ақыларын төлегенде),
сондай – ақ айырбастау пунктерінде валюта айырбастағанда, қарыз бергенде
және тағы басқа өолма – қол қаражатты пайдаланады.
Қолма –қол ақшамен төлеу заңды төлем құралы болып табылатын банкнот немесе
тиын түрінде жүзеге асырылады. Төлемнің бұл түрінде төлеуші басқа бір
тұлғаның алдында өз міндеттемесін орындау үшін бакнотты немесе тиынды нақты
табыстауды жүзеге асырады. Қолма – қол төлемді ақшалай міндеттемесі бар
тұлға тікелей немесе делдал арқылы орындай алады.
Чектермен есеп айырысу жол, есеп айырысу және басқа да чектердің чек
ұстаушыға өз шотынан белгілі бір соманы банктің төлеуін бұйыратын
төлеушінің жазбаша өкімнің көмегімен жүзеге асырылады. Әлемдік тәжірибеде
ақшалай және есеп айырысу чектері бөліп көрсетіледі.
Ақшалай чек қолма – қол ақшасын банкте ұстаушының төлемдері үшін, мысалы,
еңбекақы, шаруашылық қажеттіліктері, іссапар шығыстары және тағы басқа
қолданылады.
Есеп айырысу чегі қолма – қол ақшасыз есеп айырысуда қолданылады. Бұл –
нақты тұлғаға немесе чекті көрсеткенге (чекті ұстаушға) онда (чекте)
көрсетілген белгілі бір соманы банктің төлеуін әмір ететін ағымдағы шот
иесінің (чек берушінің) сөзсіз жазбаша бұйрығын қамтитын құжат. Есеп
айырысу чектері өтелген немесе өтелмеген болуы мүмкін. Чек берушінің чегін
банкте өтеу мыналар болуы мүмкін:
А)чек берушінің жеке шотқа депозитке салған қаражаты;
Б)чек беруінің тиісті шотындағы қаражат, алайда чекті беру барысында
онымен келісілген келісім бойынша банк кепілдік еткен сомадан артық болмауы
керек. Бұл жағдайда банк чек берушіге оның шотында қаражат уақытша болмай
қалған жағдайда өзінің (банктің) қаражат есебінен чекті төлеуге кепілдік
бере алады.
Чектермен қатар олардың санына қарамастан банк клиентке бір дана
сәйкестендіру карточкасын береді әрі әрбір берілген чек бойынша чек
берушіні сәйкестендіреді.
Чектен есеп айырысу мына сызба бойынша жүзеге асырылады:

сатушы
сатушы

Сатушы банкі (7)
Сатып алушының банкі 2,9

Суретте мыналар белгіленді:
1.сатып алушы өзіне қызмет ететін банкке чекті немесе депозитке салған
соммасына төлем тапсырмасын (кепілдемесін) алуға өтініш береді немесе
төлеміне банк кепілдік ететін чекті алуға екі дана өтініш береді.
2.сатып алушыға қызмет көрсететін банкте қаражат жеке шотта брондалып, чек
толтырылады, яғни банктің атауы, дербес шоттың нөмірі, чек берушінің аты –
жөні және чек сомасының лимиті қойылады.
3.сатып алушыға чек және чек карточкалары беріледі.
4.сатушы сатып алушыға жөнелтілген өнімдердің (орындалған жұмыстың,
көрсетілген қызметтің) құжаттарын көрсетеді.
5.сатып алушы сатуға чек береді.
6.сатушы чек тізілімі барысында сатып алушыға қызмет ететін банкке чекті
ұсынады.
7.сатушыға қызмет ететін банк сатып алушыға қызмет көрсетуші банкке төлем
чегін ұсынады.
8.сатушыға қызмет көрсетуші банкте сатушының шотына ақшалай қаражат
аударылады.
9.сатып алушыға қызмет көрсететін банк бұрын тағайындалған соманың
есебінен чек сомасын есептеп шығарады.
10.банктер клиенттеріне шоттарынан үзінді көшірме береді.
Сатып алу – сату шарты өміріміздің барлық тұрғысында және кең салада
қолданылады.

1.1. Сатып алу- сату шартының жалпы ережелері.

Сатып алу – сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші
тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел
басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды)
қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге
міндеттенеді 1.
Сатып алу – сату шартының бөлек түрлерін бөліп қарастыруға болады 2. Оған:
бөлшектеп сатып алу – сату, тауар жеткізілім, мемлекеттік қажеттіліктер
үшін тауар жеткізілімі, келісімшарт жасасу, энергиямен жабдықтау, кәсіп
орынды сату шарттары жатады. Бөлшектеп сатып алу – сату шарты азаматтардың
кәсіпкерлік қызметімен байланысты емес, жеке, үй – тұрмысында күнделікті
қызметімен байланысты болып келеді. Тауар жеткiзiлiмi шарты бойынша
кəсiпкер болып табылатын сатушы (тауар берушi) сатып алушыға өзi өндiретiн
немесе сатып алатын тауарларды кəсiпкерлiк қызметке немесе жеке өзiне,
отбасына, үй iшiне жəне сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге
мақсаттарға пайдалану үшiн келiсiлген мерзiмде немесе мерзiмдерде беруге
мiндеттенедi. Мемлекеттің мұқтажы үшін қажетті тауарларды жеткізу шарты
Қазақстан Республикасының тұтынушыларымен субьектілердің қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін жасалады.
Кез келген зат, соның ішінде ақша, құнды, бағалы қағаздар, мүліктік
құқықтар, жұмыстар және қызметтер, интеллектуалдық қызмет нәтижелері және
тағы басқалар сатып алу – сату шартының тауары болып келеді. Аталған
обьектілер азаматтық құқықта еркін иесіздендіріледі, егер айналымнан
алынбаса немесе шектелмесе 3.
Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу – сатуға, егер заң
актілерінде оларды сатып алу – сатудың арнаулы ережелері белгіленбесе,
Азаматтық кодекстің 25 тарауымен көзделеген ережелер қолданылады. Мүліктік
құқықтарды сатудың негізгі ерекшеліктері құқықтардың мазмұнымен мінезінің
салдарынан туындауы мүмкін. Сатып алу – сату шартының ең негізгі объектісі
болып ерекшелінетін кәсіп орынды сату. Кәсіп орынды сату шарттың өзгеше
түрін туғызады.
Ереже бойынша сатып алу – сату шартының барлық түрі Азаматтық кодекстің
406 баптан 444 бапқа дейін бекітілген және реттелген, ал сатып алу – сату
шартының бөлініп қарастырылған түрлерінің түсінігімен ерекшелігі Азаматтық
кодекстің 445 бабынан 500 бабына дейін белгіленген.
Жалпы ереже бойынша сатып алу – сату шартын жасағанда, шартта екі жақтың
міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі, шарттың атауы, мерзімі, тауарға
төленетін ақша мөлшері мен түрі көрсетіледі.
Сатып алу – сату шартының негізі болып: зат аты, бағасы, мерзімі, түрлері,
құны, саны, тауардың сақтылығы танылады.
Сатып алу-сату шарты бұл – мүлiктi ақылы берудi қамтамасыз ететiн
шарттардың бiр түрi. Əрекет етушi азаматтық-құқықтық нормалар оның бiрнеше
түрiн реттейдi, олардың əрқайсысының ерекшелiгi, олар қолданылатын
салалардың ерекшелiгiне байланысты. Қазiргi кезде оның түрлi қолданыс
табатынын айта кеткен жөн. Жеке кəсiпкерлер, жеке жəне мемлекеттiк
кəсiпкерлер арасындағы дəстүрлi тауар айырбастаумен қатар, олармен
мемлекеттiң мұқтажы үшiн тауар сатып алу да қамтамасыз етiледi. Əрбiр шарт
арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тəртiбiмен жəне өзге қырларымен
ерекшеленедi. Тауар жеткiзiлiмi шартында жəне сатып алу-сату шартының өзге
де түрлерiнде, егер бiз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерiмен
салыстыратын болсақ ерекшелiктер байқалады. Дегенмен, ол өзiнiң алуан
түрлiлiгiне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерiнiң
бiрi болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелерi ұзақ даму жолынан өткен
жəне олардың тек өмiрге сəйкес келетiндерi ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлiктi меншiкке беру шартқа
сияқты көзқарас дəстүрлi болып табылады. ҚР АК 270 бабының 3-шi тармағына
сəйкес зат үшiншi тұлға меншiгiне берiлу мүмкiншiлiгi жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының жəне республикалардың
Азаматтық заңдары негiздерiнiң 1991 жылы күшiне енгiзiлуiне байланысты
аталған шарт мүлiктi сатып алушы тарабының меншiгiне, толық шаруашылық
жүргiзуiне, оралымды басқаруына беретiн болып қарастырылады.
Мұндай шешiмдi екi тұрғыда қарастыруға болады.
Бiрiншiден, мемлекеттiк кəсiпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын
онда мемлекет аталған субъектiлердiң мүлiктi оның меншiгiне алуға келiсiмiн
берген шарт ретiнде бағалауға болады, осымен бiрге мемлекет аталған
субъектiлерде тиiстi заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу
мүмкiн. Екiншiден, аталған заттық құқықтар мемлекеттiк меншiкке
негiзделетiн заңды тұлғалар меншiк иелерi ретiнде мүлiктi сатып ала алуы
үшiн көлемi бойынша жеткiлiктi екенiн болжауға болады. Осы көзқарасты
қолдасақ, онда осындай мүмкiншiлiктер меншiк иесiнен басқа өзге де заттық
құқықтар иелерiнде, мысалы, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарушылар да бола
алатынын айта аламыз.
Осы екi көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгенiне
қарамастан оларды одан əрi негiздеу мемлекеттiк жəне оның құрған заңды
тұлғаларының қарым-қатынастарының тəжiрибелiк мəселелерiн шешуге
мүмкiншiлiк бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 406-бабына сəйкес: “Сатып
алу шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың
(сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына
беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға жəне
ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттi”. Мұндай
анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкiндiк бередi. Оған
азаматтар жəне заңды тұлғалардан басқа мемлекет жəне субъект ретiнде
əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiктер қатыса алады.
Мемлекеттiк кəсiпорын, қазыналық кəсiпорын, мемлекеттiк мекеме сатып алушы
болған уақытта мүлiк тиiсiнше олардың шаруашылық жүргiзуiне, жедел
басқаруына өтедi. Сонымен қатар, меншiк құқығы сатып алушы республикалық
немесе коммуналдық кəсiпорын болып келгенiне байланысты мемлекетте немесе
əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiкте пайда болады. Бұл мем-лекеттiк меншiк
нысанына негiзделген заңды тұлғалар тек шартты бөлiнiп шығарылады деген
пiкiрге əкелуi мүмкiн. Бiрақ бұл (заңды тұлға құру) мүлiктi бiрнеше
мақсатта оқшаулау үшiн маңызды. Кейде осы жеке меншiкке негiзделген заңды
тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса,
онда сатып алынған мүлiкке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.
Атап өтiлгендей, сатып алу-сату шарты мүлiктi беру бойынша барлық
қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткiзiлiмi,
келiсiмшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазiр сатып алу-сату шартының
түр түрлерi болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты,
кəсiпорынды сату шарты қарастырылған. Бiздiң заңнамада Ресей Федерациясының
Азаматтық кодексiнiң екiншi бөлiмiнде бекiтiлген қозғал-майтын мүлiктi
сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Бiздiң ойымызша, болашақта тауар
айналымының кеңеюiне байланысты бiздiң азаматтық заңнамада да айтылғандай
нормалар қажет болады. Ал, негiзiнен қандай да болсын сатып алу-сату
шартына ерекше бөлiмде 25-тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды.
Сатып алу-сату шартын меншiкке жеке сипаттармен анықталатын заттарды
беретiн шарт ретiнде бағалау (себебi тек жеке сипаттарымен анықталатын
заттар ғана меншiк құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады)
мүлiктi құқықтарды сату ерекшелiгiн ескерудi талап етедi.
Бағалы қағаздарды жəне валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер
заңнама оларды сатып алу-сату үшiн арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы
ережелер қолданылады. Сонымен бiрге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар
жеткiзiлiмiне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен
бiз жалпы ережелер мəнiн төмендетпеуiмiз керек, өйткенi осы-лардың
көмегiмен көптеген даулы жағдайлар шешiледi.
Шарттың өзiн сипаттауға көшейiк. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып
табылады. Ол, екi жақ барлық елеулi жағдайлар бойынша келiсiмге келген
сəттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады.
Шарттың жасалуы мен орындалуының бiр уақытпен сəйкес келуi (жасалған
сəтiнде орындалатын шарттың болуы) бұл ереженi өзгертпейдi.
Сатып алу-сату шарты – ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды
талап етедi. Бiрқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық
тепе-теңi болып келмейдi, бiрақ шартта кiрiптарлықпен жасалған мəмiле
көрiнiс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөнiндегi мiндеттi
нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мiнезiн (тепе-тең айырбас
ретiндегi) ескеру кəмелетке толмаған немесе əрекетке қабiлетсiз тұлғалардың
құқықтарын қорғау негiзiнде болуы тиiс. Сонымен бiрге, бұл мемлекеттiк
мүлiктiк мүдделердi неше түрлi алаяқтықтардан қорғау үшiн де қажет.
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесiнен ауытқу да
болуы мүмкiн (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар).
Аталған мəмiлелер өзiнiң заңдық табиғаты бойынша шартты мəмiлелер бола
алады. Мысалы, егер сауда кəсiпорны мыңыншы сатып алушыға iрi жеңiлдiк
жасаймын деп жарияласа (мəмiле осы жөнiндегi шартпен жасалса).
Бiр бiрiне қарсы бағытталған екi тараптың субъективтiк құқықтары мен
мiндеттерi сатып алу-сату шартын өзара шарт ретiнде сипаттауға мүмкiндiк
бередi. Əңгiме шарттың мəнiн құратын құқықтары мен мiндеттерi туралы
болады. Құқықтар мен мiндеттердiң көмекшi мөлшерi екi жақтыңтан ауытқу
болуы да мүмкiн.
Сатып алу-сату мүлiк иесiнiң (басқа құқық иеленушiнiң) өзгеруiне
(ауысуына) əкеледi. Көрсетiлген белгiлер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше
мазмұны аталған шарттың мүлiк жалдау (аренда), мердiгерлiк, сыйға тарту
жəне басқа да шарттардан елеулi түрде ерекшеленетiнi туралы қорытынды
жасауға мүмкiншiлiк бередi. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы нормалар
жалпы мəндi де иемденедi. Мысалы, олар мердiгерлiк қатынастарды реттеуде де
есепке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын мердiгер оның
сатушы рөлiнде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберiнде
сатып алу-сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болуы мүмкiн.
Басқа да құқықтық қатынастарда сияқты, сатып алу-сату шартының элементтерi
болып бiздiң көзқарасымыз бойынша да субъект, объект жəне мазмұн болып
табылады. Шарттар элементiнде “оның тараптары, нысанасы, бағасы өтеулi
шарттар да, мерзiмi, нысаны мен мазмұны, яғни екi жақтың құқықтары мен
мiндеттерi жатады” деген И.В. Елисеев жəне басқа да автор-лардың пiкiрiне
өзiмiздiң келiспеушiлiгiмiздi бiлдiремiз. Мұндай көзқарас азаматтық
құқықтың неғұрлым тұрақты теориялық ережесiне терiс ықпал етедi, түсiнiктiң
шынайы мəнiн жоғалтуға əкеледi.
Сатып алу-сату қатынасын 3 мəнде белгiлеуге болады.
Бiрiншiден, бұл — сатып алу-сатудың экономикалық қатынасы.
Екiншiден, бұл — адамдардың ой елегiнен өткен жəне құқық нормаларымен
бекiтiлген субъективтiк идеологиялық қатынас. Ең соңында, сатып алу-сату
шарты бұл — азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеуден
тəуелсiз тұрмыс етiп айырбастық материалдық қатынас ретiнде аталған
құқықтық реттеудiң арқасында (көмегiмен) құқықтық нысанға ие болады. Ол
нысан — құқықтық қатынас нысаны.
Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгiлi бiр əрекетiн азаматтық-құқықтық
шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен мiндеттерiн бекiтуге мүмкiндiк
беретiн заң техникасының тəсiлдерi болып келедi.
Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субъектiлерiне жəне заңдық,
шарттық талаптарға сəйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексiнiң 152-бабында бекiтiлген мəмiле нысаны туралы жалпы
ережелер қолданымды болып келедi.
Жүз айлық есептiк көрсеткiштен жоғары сомаға, сонымен бiрге кəсiпкерлiк
қызметтi қалыптастыру барысында жасалатын мəмiлелер, жасалған кезде
орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысан да жасалуы қажет. Қазақстан
Республикасы Президентiнiң “Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен
жасалатын мəмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы” заң күшi бар Жарлығына
сəйкес, жылжымайтын мүлiктi сатып алу-сату шарттары мемлекеттiк тiркеуге
жатады. Азаматтық кодекстiң 494-бабы кəсiпорынның сатып алу-сату шартының
бiр құжатты құру жолымен, екi жақтың қол қоюымен жазбаша түрде жасалуын,
оған: инвентаризация актiсiн, бухгалтерлiк балансты, кəсiпорынның құны мен
құрамы туралы тəуелсiз аудитор қорытындысының мiндеттi тiркелуiн
қарастырады. Олар басқа да қозғалмайтын мүлiктi сату бойынша, шарттар
сияқты мемлекеттiк тiркеуге жатады жəне мемлекеттiк тiркеу кезеңiнен
жасалған деп есептеледi.
Сатып алу-сату шартының субъектiлерi ретiнде азаматтық құқық субъектiлерi,
яғни жеке тұлға, заңды тұлға, əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiктер, мемлекет
əрекет ете алады. Сатып алу-сатудың қандай шарты жасалатынына қарап
кəсiпкерлiк немесе кəсiпкерлiк емес, бөлшек сатып алу-сату шарты немесе
мемлекеттiк кəсiпорындар мүлкiн жекешелендiру, олардың қатысу-шылар құрамы
да өзгередi. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелiгi сатып
алу-сату шарттарының жекелеген түрлерi бойынша төменде қарастырылатын
болады. Мұнда тек барынша маңызды (қағиданы) жағдайларды атап өтемiз.
Арнайы құқықтық қабiлеттi иемденетiн заңды тұлғалар сатып алу-сату бойынша
қатынасқа тек арнайы (жарғылық) құқықтық қабiлеттiлiк шеңберiнде қатыса
алады, яғни бұл жерде əңгiме қандай да бiр оның жалпы шеңберi туралы
жүрмейдi, құқықтық қабiлеттiлiк көлемi əрбiр жекелеген құқықтық қатынаста
нақтылануы қажет. Мысалы, шаруашылық жүргiзу құқығында мүлкi бар
мемлекеттiк кəсiпорын, оның негiзгi құралдарына жататын мүлiктi, сонымен
бiрге акцияларын сатуға құқығы жоқ. (2002 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан
Республикасының “Мемлекеттiк мүлiк ережелерi бойынша Қазақстан
Республикасының заң актiлерiне кейбiр қосымшалар мен өзгерiстер енгiзу
туралы” Заңының редакциясындағы Азаматтық кодекстiң 200-бабының 2-шi
тармағы. Егер мемлекеттiк келiсiмшартқа отыруына қысқаша тоқталсақ,
мыналарды атауға болады. Заңды түрде мемлекеттiң құқық қабiлеттiлiгi
шектелмеген, бiрақ, олармен жасалатын шарттардың мiнезi, мазмұны мемлекет
атқаратын экономикалық жəне басқа да функциялармен (қызметтермен)
анықталады.
Жеке тұлғалардың сатып алу-сату шарттарын жасасу мүмкiншiлiгiне олардың
құқық-əрекет қабiлеттiктерiнiң көлемi əсер етедi. Мысалы, əрекет
қабiлеттiлiгi шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мəмiлелердi жасай
алады, ал басқа мəмiлелердi жасауға олар өзiнiң қамқоршысының келiсiмi
болғанда ғана құқылы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 27-бап, I-
тармақ). Егер жүйелi түрде жүзеге асырылатын сауда-саттық қызметi туралы
айтатын болсақ, онда жеке тұлға тек жеке кəсiпкер мəртебесiне иемденген соң
ғана оны жүргiзе алатынын ескерту керек немесе бұл қызмет коммерциялық
заңды тұлғамен жүргiзiлуi мүмкiн. Негiзiнен: “Құқықтық қатынас субъектiлерi
болып, жеке басымен жəне мүлкiмен оқшауланған, құқықтарға ие болатын жəне
мiндеттердi көтеретiн тұлғалар табылады” Қазақстан Республикасының
Азаматтық құқығы басқа мемлекеттердiң азаматтық құқығы сияқты құқықтық
қатынастарда жеке тұлғалар қауымдастықтарының (жай серiктестiктердiң)
қатысуын да қарастырады, дегенмен бұл келтiрiлген анықтаманың дұрыстығына
əсерiн тигiзбейдi.
Сатып алу-сату шартының нысанасы (объектiсi).
Мүліктік құқықтар мысалы, патентік, соның ішінде материалдық емес құқықтар
шарттың объектісі бола алады.
Құқықтық қатынастың объектiсiн материалды (заттық), заңды, идеологиялық
қылып бөлу толық мөлшерде азаматтық-құқықтық шарттар үшiн де жарамды болып
табылады.
Сатып алу-сату шарты өзiнiң ерекше нысанасына (затына), заңды жəне
идеологиялық объектiлерiне иемденедi.
Қазiргi жағдайда олардың əрқайсысының мəнi бiрдей. Дегенмен, қазiргi
өндiрiстiң өсуi, тауарлардың алуан түрлiлiгi жəне оларды пайдалану
мақсаттарының кеңеюi, сатып алынатын тауардың сатып алу-сату затына
талаптардың жоғарылауына əкеледi, əсiресе, егер тауар кейбiр ерекше
мақсаттарға арналса. Келiсiмшарт нормаларында олардың барынша анық
бекiтiлмеуi жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындағы қателiкке əкелуi
мүмкiн. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын
өнiмнiң сапасы, қауiпсiздiгi бойынша талаптарды бекiте отырып, тұтынушы
жағдайын барынша “күшейтуге” əрекет етедi.
Заттар сатып алу-сату шарты нысанасының барынша кең тараған түрi болып
табылады. Кез-келген зат тектiк немесе жеке сипаттар арқылы анықталған,
жылжитын жəне жылжымайтын тауар болуы мүмкiн.
Тектiк заттарға келсек, олар қалған тауарлық массадан жекеленуi қажет
екенiн айта аламыз, сөйтiп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға
теңестiрiледi жəне осындай түрiнде сатып алу-сату шартының нысанасы бола
алады. Егер əңгiме жекеленбеген тектiк тауарды сату жөнiнде болса, онда
сатып алу-сату шартының нысанасы болып зат емес, мүлiктiк құқық келедi.
Осындай жағдай сатып алу-сату шартының нысанасы “болашақ заттар” болып
келгенде де орын алады.
Тауар əлi өндiрiлмеген немесе тауар табиғатта мүлдем жоқ. Батыс Еуропа
елдерiнiң сауда құқығы жүйесiндегi бұған қатысты үш түрлi көзқарас бар:
бiрiншiден, кез-келген жағдайда сатушы шартта көрсетiлген нысананы табыс
етудi қамтамасыз етуге мiндеттi (ол табиғатта бар болғанмен теңестiрiледi),
егер шарттың орындалмауы дүлей күштер салдарынан болғанын дəлелдей алмаса,
ол шартты бұзушы болып саналады; екiншi көзқарас бойынша, егер тауар
сатушының əрекетiне байланыссыз себептер бойынша өз қалыптасуына
иемденбесе, шарт “нысананың болмауы” салдарынан тоқтатылады, ең соңында,
егер сатып алушы өзiне белгiлi себептермен тауардың қалай болса да
жеткiзiлгенiне үмiттенетiн болса, онда шарт нысанасы тауар емес “сатып
алушының үмiтi” болып табылады.
Жоғарыдағы мысалдар нысана ерекшеленуiнiң негiзгi мəнiн көрсету үшiн
келтiрiлiп отыр: шарт нысанасының сипаттамалары ең алдымен, шарт
орындалмауының, сатып алу-сату шарттары тиiстi орындалмауының тəуекелi
үлесуiне, екi жақтың құқықтары мен мiндеттерiне əсер етедi. Нысана
ерекшелiгi сонымен бiрге сатып алу-сатуды жүзеге асыру тəртiбiне де əсер
етедi, мысалы, шетелдiк сатып алу-сату Қазақстан Республикасының “Валюталық
реттеу туралы” Заңына жəне оның орындалуы үшiн қабылданған заңға тəуелдi
нормативтiк актiлерге сəйкес жүргiзiлетiн болады.
Бағалы қағаздар айналымы Қазақстан Республикасының “Бағалы қағаздар рыногы
туралы”; “Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мəмiлелердi тiркеу
туралы” Заңдармен, сонымен бiрге, заңға тəуелдi нормативтiк актiлермен
реттеледi. Азаматтық айналымда шектелген заттарды сатып алу-сату жекелеген
заң актiлерi бекiткен ережелердi сақтаумен жүргi-зiледi, мысалы, Қазақстан
Республикасының “Қарудың жекелеген түрлерiнiң айналымы үшiн мемлекеттiк
бақылаутуралы” Заңымен ж.б.
Күшiнде болып келетiн ҚР Азаматтық кодексi 406 бабының 4-шi тармағында
мүлiктiк құқықтар сатып алу-сату шартының нысанасы болып келуiне қатысты
жалпы мəндегi норма бекiтiлген. Мүлiктiк құқықтарды беруге қатысты
мəмiлелер кең таралуды иемденедi, оларға тауар биржаларында жасалған, жеке-
леп алғанда оларға биржалық тауарлар жеткiзiлiмi шартына немесе биржалық
тауарлар қатынасындағы мiндеттер мен құқықтарды болашақта өткiзу,
құқықтарды сату шарттары жатады. (Қазақстан Республикасы Президентiнiң
“Тауар биржалары туралы” заң күшi бар Жарлығының 5 бабының 1-шi тармағы.
Патенттiк құқықтарды беруде нысанасы мүлiктiк құқық болып келетiн сатып алу-
сату шарттары жасалуына əкеледi.
Шарт заты (нысанасы) туралы келiсiм сатып алу-сату шартының бiр ғана
елеулi жағдайы болып табылады.
Егер шарт тауарлардың атауын жəне санын айқындауға мүмкiндiк берсе,
нысанаға қатысты жағдай келiсiлген деп есептеледi. (407-бап 3-шi тармақ).
Сатып алу-сату шартының бағасы дегенiмiз, оны алуға сатып алушының немесе
онымен көрсетiлген үшiншi тұлғаның құқығы бар, қарсылай ақша түрiндегi
қанағаттандыру. Ол Қазақстан Республикасының Азаматтық ко-дексiнiң 383-
бабының 1-шi тармағында бекiтiлген шарт бойынша бағаны қалыптастыру
бостандығына негiзделедi. Тарифтер, баға белгiлеу, ставкалар жəне т.б.
заңдық актiлерде қарастырылған жағдайларда уəкiлдi мемлекеттiк органдармен
орнатылады. Орталықтандырылған тəртiпте орнатылған баға белгiлеу,
тарифтерден кəсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң өздерi қойған бағаны,
тарифтерiн ажырату қажет.
Монополистiк қызмет субъектiлерiмен өткiзiлетiн тауарларға баға
орталықтандырылған тəртiппен қойылады. Мысалы: Қазақстан Республикасының
аумағында табиғи монополияны реттеу бойынша Қазақстан Республикасы Агенттiк
төрағасының 1999 жылдың 25 тамызында бекiтiлген “Мемлекеттiк
кəсiпорындармен монопольдi қалыптасатын қызметтерге бағаны реттеу Ережесi”
сонымен бiрге, 1998 жылдың 14 тамызында қабылданған Қазақстан
Республикасының бəсекенi қорғау жəне табиғи монополия субъектiлерiнiң
қызметтерi мен жұмыстарына баға (тарифтер) енгiзу, бекiту, қарастыру, ұсыну
тəртiбi туралы нұсқау қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң
“Мемлекеттiк кəсiпорындар туралы” заң күшi бар Жарлығының 40 бабының 1-шi
тармағы қазыналық кəсiпорындар мен өткiзiлетiн тауар бағалары өкiлеттi
органмен қойылатынын қарастырады.
Жарлықтың аталған бабының екiншi бөлiгi 1999 жылдың 4 қазанындағы
“Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Мемлекеттiк кəсiпорын туралы” заң
күшi бар Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы” Қазақстан Республикасы
заңының редакциясында қазыналық кəсiпорындар мен монополиялық өндiрiлетiн
тауарларға бағаны мемлекеттiк реттеудi қарастырады.
1999 жылдың 23 қазанындағы “Алкогольдi өнiмдерге минимальдi бағаны
қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен
алкогольдi өнiмге ең төменгi шектегi ба-ға қойылған.
Басым көпшiлiк жағдайларда баға шартпен қарастырылады. Егер шарттың бағасы
өзiнде нақты келiсiлмесе жəне оның жағдайларымен анықталмаса, онда бұл
шарттың жарамдылығына əсер етпейдi. Мұндай жағдайда тауар бағасы бойынша
əдетте қолданылатын талаптар есепке алынады, басқаша айтқанда, негiз
ретiнде тауардың нарықтық құны алынады. Баға тауар сал-мағына байланысты
қойылса, егер шартта басқаша қарастырылса, ол таза салмақ бойынша
анықталады.
Бұл сатып алушы үшiн қолайлы ереже, əсiресе ыдыстың салмағы үлкен немесе
тауар қымбат болса жəне салмақтың кiшiгiрiм өзгеруi (көбеюi) тауардың
елеулi қымбаттауына əкелсе.
Егер шарт тауар бағасы оны негiздейтiн көрсеткiшке байланысты өзгертiлуге
жататынын қарастырса, бiрақ бағаны қайта қарау тəсiлi анықталмаса, баға
шартты жасасу кезеңiндегi жəне тауарды беру бойынша мiндеттi орындау
уақытындағы көрсеткiштердiң өзара қатысуымен анықталады. Яғни тауарды оны
өткiзу кезеңiнде өз құны көтерiлуi немесе төмендеуiне қарай шарт бойынша
оның бағасы тиiстi дəрежеде көтерiлуi немесе төмендеуi қажет. Бiздiң
көзқарасымыз бойынша, осы, Азаматтық кодекстiң 438-бабының 3-тармағында
бекiтiлген ережелерде анықсыздық бар. Тауар бағасы шартты жасасқан кездегi
көрсеткiштердiң жəне шарт бойынша ұсынылатын тауарларды сақтандыру, тиеу,
буып-түю, сатып алу, өндiру кезiнде қалыптасатын олардың өзiндiк құны
(шығындар) қатысуының негiзiнде анықталуы керек. Осымен бiрге Азаматтық
кодексте сатушының мерзiмдi өткiзiп алуынан сатып алушының мүдделерiн
қорғауға арналған норма да жетiк емес деп табуға болады. Ол тек тауар құнын
(бағасын) төмендетудi қарастыруы қажет, бiрақ 438-баптың 3-шi тармағымен
мəселе былайша шешiлмеген. Сатып алу бағасын төлеудiң мерзiмiн сатып алушы
өткiзiп алса, онда ол үшiн баға тек көтерiлу бағытында өзгеруi қажет.
Өкiнiшке орай бұл да Азаматтық кодексте көрiнiс таппаған. Құқықтық қаты-
настар (шарттар) мазмұнын қарайық. Ол екi мəнде түсiндiрiлетiнiн айтқан
жөн. Бiрiншiден, құқықтық қатынастар мазмұны бұл – құқықтық реттелетiн
қоғамдық қатынас. Сонымен бiрге мазмұн деп екi жақтың құқықтары мен
мiндеттерiн (заңды мазмұнды) қарастырады.
В. А. Тархов мынадай мысал келтiредi: бiр субъект екiншiсiне қандай да бiр
затты сатады жəне олардың арасында материалды экономикалық қатынас
қалыптасады, сатып алушы ақша төлеп қажеттi затты алады, баламалы айырбас
жүредi. Айырбасқа қатысушылар шарттан қандай құқықтар мен мiндеттер
шығатынын ойламауына болады. Бiз осымен келiсе алмаймыз. Ақырында заңдық
мазмұн меншiк құқығына иемденудiң жалпы заңдық мақсатымен анықталады.
Шартқа қатысушылардың түсiнiгi меншiктi иемденудiң экономикалық мақсатымен
ғана шектеледi деп болжауартық боларедi, мұндайға қазiргi өмiрдiң өзi де
мүмкiндiк бермейдi. Теориялық тұрғыда болса, онда сатып алу-сату шартының
экономикалық жəне заңдық мазмұндарын ажыратуға талпыну мүмкiн. Бiрiншiсi-
заңдық мазмұн, ол құқықтар мен мiндеттердiң жеткiлiктi үлкен жиынтық
элементтерiнен құралады. Кейбiр құқықтар шарт негiзiн қалайды, ал өзгелерi
қосымша (көмектесу) мəнге ие бола алады. Құқықтық қатынастар мазмұнын оның
қатысушыларының жүрiс-тұрысы құрайды дегендi толығымен дұрыс деп тануға
болмайды. Аталған жағдайда құқықтық қатынас пен оның мазмұнын құрайтын
қоғамдық қатынастар түсiнiгiн араластырып алу орын алады. “Нысан (құқықтық
қатынас) өзiнiң мазмұнына тараптардың құқықтары мен мiндеттерiнен, ал
мазмұн (реттелетiн қатынас) өз қатысушыларының
əрекеттерiнен, олардың қызметтерiнен қалыптасатын өз мазмұнын иемденедi”.
Дегенмен, сатып алу-сату шарттарында экономикалық мазмұнмен жанама
байланысты иемденетiн қатысушылардың айырықша заңды жүрiс-тұрысы
(əрекеттерi) барлығын мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына оферта (шарт
жасасу туралы бір немесе бірнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол
жеткілікті дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған
жағдайда(акцепт) өзін сонымен байланысты деп есептеу жөніндегі ниетін
көрсетсе, оферта деп танылады) мен акцептi (оферта жолданған жақтың оны
қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады), келiспеушiлiктi реттеудi,
жедел шараларды қолдануды жəне басқа да əрекеттердi жатқызуға болады.
Шарт мазмұнына қатысты жалпы көзқарастар осындай.
Осыдан əрi, бiз оны сатып алушы мен сатушының құқықтары мен мiндеттерi
күйiнде жекелеп талдауға көшемiз.

1.2. Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері.

Азаматтық кодекстің 406 бабына сәйкес мүлікке ие болу құқығы бір тараптан
екінші тарапқа сатып алу – сату шарты бойынша ауысады. Сатушының
мiндеттерi. Сатушы сатып алушыға шартпен белгiленген тауарды беруге
мiндеттi. Мұнда негiзгi талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы,
сапасы, саны (көлемi). Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы
нормалармен шарттың елеулi жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш
талапты да сатып алу-сату шарттары бойынша мiндеттi деп тануға болады.
Əрбiр жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлемiне) қатысты
талаптар өзгерiп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерiмен емес,
тiкелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкiн.
Тауардың саны. Сатып алушыға берiлуге тиiс тауар саны шартта тиiстi өлшем
бiрлiктерiне сəйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды
анықтау үшiн қажет алғашқы өлшемнiң бағасы бекiтiлуге тиiс. Тауарлардың
саны туралы талап оны айқындау тəртiбiн шартта белгiлеу жолымен келiсiлуi
мүмкiн. Мысалы, тауардың (сұйық заттар) саны шартты орындау кезiнде сатып
алушы ыдысының (қоймасының) шектi сиым-дылығымен бекiтiлсе.
Егер сатушы шарт талаптарын бұза отырып, сатып алушыға тауар санын шартта
белгіленгенінен кемірек берсе, сатып алушы, егер шартта өзгеше көз-
делмесе, не тауардың жетіспейтін санын беруді талап етуге, не берілген
тауардан және оған ақы төлеуден бас тартуға, ал егер ақысы төленіп қойған
болса, оған төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы. Сатушы
сатып алушыға тауарды шартта көрсетілгенінен артық мөлшерде берген жағдайда
сатып алушы бұл туралы сатушыға Азаматтық Кодекстің 436 – бабының 1 –
тармағында көзделген тәртіппен хабарлауға міндетті. Егер сатып алушыдан
хабар алынғаннан кейін қисынды мерзімде сатушы тиісті тауарға билік етпесе,
шартта өзгеше көзделмегендіктен, сатып алушы бүкіл тауарды қабылдауға
құқылы. Сатып алушы тауарды шартта белгіленгенінен артық мөлшерде
қабылдаған жағдайда тиісті тауарға ақы, егер тараптардың келісімінде өзгеше
баға белгіленбесе, шартқа сәйкес қабылданған тауар үшін белгіленген баға
бойынша төленеді.
Тауардың сапасы. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сəйкес келетiн тауар
беруге мiндеттi. Шартта тауардың сапасы туралы талаптар болмаған жағдайда
сатушы сатып алушыға әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға
жарамды тауар беруге міндетті. Егер сатушы шарт жасасу кезінде сатып
алушыға тауарды сатып алудың нақты мақсаттары туралы хабарламаған болса,
сатушы сатып алушыға осы мақсаттарға сәйкес пайдалануға жарамды тауар
беруге міндетті
Егер кəсiпкерлiк сатып алу-сату шарттарын қарастырсақ, сатылатын
заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тiкелей сирек белгiленедi.
Осыған байланысты, сапа туралы талап бiрнеше жағдайларда шартты талқылау
(оның мəнiсiн ашу) негiзiнде анықталады. Тауардың сапасын анықтаудың үшiншi
амалы – сапаға қатысты құқықтық болжам (презумпцияны) қолдану. Шартта сатып
алушыға, əдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар
беруге мiндеттi.
Келтiрiлген талапты тауарлардың сапасына азаматтық заңнама нормаларының
тiкелей əсер етуi ретiнде бағалауға болады. Сонымен қатар, осыған ұқсас
жағдайларда объективтiк құқық нормалары субъективтiк шарттық қатынастардың
ерекшелiгiне бейiмделiп субъективтiк жағдай сипатына ие болады. Егер
тараптардың арасында тауардың сапасы келiсiлмесе де, бiрақ сатып алушы
сатып алудың нақты мақсаттарын көрсетсе, сатушының тиiстi сапалы затты беру
мiндетi өзгеше болып келедi. Осындай жағдайда сатушы сатып алушыға белгiлi
болып келетiн мақсатта пайдалануға жарамды тауарды беруге мiндеттi.
Егер заңдарда немесе шартта тауардың сапасын тексеру көзделсе, ол соларда
белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Мемлекеттік
стандарттарда, стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарда
тауарлардың сапасын тексеруге міндетті талаптар белгіленген жағдайларда
сапаны тексеру оларда келтірілген нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Егер Азаматтық кодексте белгіленген тәртіппен тауар сапасын тексеру
талаптары көзделмесе, тауар сапасын тексеру іскерлік айналым дағдыларына
немесе әдетте шарт бойынша берілуге тиіс тауарды тексеру жағдайларына
қолданылатын өзге де талаптарға сәйкес жүргізілуге тиіс.
Тұрақты нарықты экономикасы бар елдер соттарының тəжiрибесi осындай
жағдайларда сатушының жеке басына жəне сатып алушының жеке басына назар
аударады. Егер сатушы болып кəсiпкерлiк қызметпен айналысатын (белгiлi бiр
саладағы маман) субъект болса, тауар сапасының талап етiлетiн мақсатқа
сəйкес болуын қамтамасыз етуге мiндеттi, Егер де сатып алушы-ның
бiлiктiлiгiнiң дəрежесi əлдеқайда жоғары болса, онда осы мəселе басқаша
шешiледi. Мысалы: өндiрiстiк кəсiпорын (қазiргi заманның ұйымдастыру -
құқықтық нысанында мұрагер өндiрiстiк тағайындалуы бар мұрагерден сатып
алғалы тұр. Мұрагер болса оның техникалық қасиеттерiн мүлдем бiлмейдi.
Осындай жағдайда сатып алушы тауарды сатып алам деп шешiм қабылдайтын
болса, онда тауардың тиiстi сапасы бар деп есептелуi керек, бiрақ тауарды
мақсатына сəйкес пайдалануға мүмкiншiлiк бермейтiн жасырын кемiстiктерге
қатысты наразылық ұсыну құқығы сақталуы керек.
Тауарды үлгiсi бойынша жəне (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда,
сатушы сатып алушыға үлгi немесе сипаттамасына сəйкес келетiн тауарды
беруге мiндеттi. Тауардың кейбiр қасиеттерi (көрсеткiштерi) бейнелеумен
қамтылмаса, онда сатушының мiндетi жоғары көрсетiлген тəртiптерге сəйкес
анықталуы қажет. Бiздiң көзқарасымыз бойынша, бейнелеудiң өзi белгiлi бiр
талаптарға сəйкес болуы керек. Тым жалпы бейнелеудi қарастырып, сатушы iс
жүзiнде өзiн тиiстi сапалы тауар беру бойынша мiндетiнен босата алады.
Егер сатылатын тауардың сапасына заң актiлерiнде белгiленген тəртiпке
сəйкес, мiндеттi талаптар көзделсе, кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын
сатушы сатып алушыға осы мiндеттi талаптарға сəйкес келетiн тауар беруге
мiндеттi. (Олар стандартпен, техникалық жағдайлармен қарастырылған).
Тауардың сапасына қойылатын мiндеттi талаптар Қазақстан Республикасының
“Сертификациялау туралы” Заңымен жəне Қазақстан Республикасы “Стандарттау
туралы” Заңымен жəне заңға тəуелдi норма-тивтiк актiлермен анықталады.
Егер шарт пен тауардың сапасына көтерiңкi талаптар қойылса, сатушы сатып
алушыға соларға сəйкес тауарды беруге мiндеттi. Алдын - ала соларды айтып,
сатушы тауарды кемшiлiктерiмен бере алады. Сатушы сатып алушыға беруге
мiндеттi тауарлар берген кезде айтылып кеткен талаптардың бiрiне сəйкес
болуы керек.
Ақылға сиымды мерзiм шеңберiнде ол, əдетте пайдаланылатын мақсаттарда
пайдалануға жарамды болуы керек.
Сатушы тауарды жарамдылық мерзiмдерi шегiнде пайдалануға мүмкiн болатындай
қылып беруi керек. Жарамдылық мерзiмдерi заңдармен, мемлекеттiк
стандарттардың мiндеттi талаптарымен немесе өзге мiндеттi тəртiптермен,
өндiрушiнiң өзiмен орнатылады. Жарамдылық мерзiмдерi өтiп кеткен соң тауар
мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналады. Осымен бiрге қызмет ету
мерзiмi деген түсiнiк қолданылады, оның тұты-нылмайтын тауарларды мақсаты
бойынша пайдалану шектерiне қатысы бар, ал жарамдылық мерзiмi деген ұғым
тағамдарға, дəрiлiк заттарға жəне сол сияқты қолданылады.
Шартпен гарантиялық мерзiмдер орындалуы мүмкiн. Бұл мерзiмдер тауарды
əдеттегi немесе өзге мақсаты бойынша қолданымды мүмкiн уақыт кезеңдерiн
белгiлейдi. Өзiнiң табиғаты бойынша олардың жоғарыда көрсетiлген
мерзiмдермен ортақтығы бар, бiрақ гарантиялық мерзiмдер оларға толығынан
тепе - тең болып келмейдi.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында гарантиялы мерзiмдерге
бұрынғы заңдардағы сияқты мəн берiлмейдi. Азаматтық кодекстiң 425-бабына
сəйкес, қазiр гарантиялық мерзiм шарттың өзiмен анықталуы керек. Ал, егер
де ол шартпен қарастырылмаса, онда Азаматтық кодекстiң 430-бабының 2-шi
тармағына сəйкес, егер өзгеше заң актiлерiмен немесе шартпен бекiтiлмесе,
тауар сатып алушыға ұсынылған күннен бастап екi жыл көлемiнде ұсынылуы
мүмкiн. Тауар сатып алушының жəне сатушының құқықтары мен мiндеттерi.
Қазiргi заманда сатып алушының мүддесiн қорғайтын бiрiншi кезекте осы
норма, ал шартпен белгiленген кепiлдiк мерзiм емес.
Тауар сапасына кепiлдiк, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның барлық
құрамдас бөлiктерiнде де (жинақтаушы бұйымдарына) қолданылады. Егер шартта
өзгеше көзделмесе, жинақтаушы бұйымға берiлген кепiлдiк мерзiмi негiзгi
бұйымға берiлген кепiлдiк мерзiмге тең болып есептеледi.
Сатушы тауарды қай кезде сатып алса немесе ол тауар қай кезде шығарылса,
соған қарамастан кепiлдiк мерзiмi тауар сатып алушыға берiлген кезден
есептеле бастайды. Егер сатушыға байланысты болып келетiн себептер бойынша
сатып алушы тауарды пайдалану мүмкiншiлiгiнен айырылса, онда мерзiмi сатушы
аталған себептердi жайғағанға дейiн өз ағымын бастамайды. Мысалы, сатушы
шартқа сəйкес тауарды жинақтаған жоқ (айта кететiн болсақ, сатып алу - сату
қатынастарына бұл жағдайда мер-дiгерлiк туралы нормалар да қолданымды болып
келедi). Тауар (жинақтаушы бұйым) ауыстырылғанда кепiлдiк мерзiмi өз ағымын
жаңадан бастайды.
Сондай-ақ, тауарды берген жағдайда, тауарды түр-түрiмен, жинақтылығымен
жəне жиынтығымен, үшiншi тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру, тауарды
салатын ыдыс жəне оны буып-түю сатушының мiндетi болып табылады.
Тауарлардың түр-түрi. Егер сатып алу – сату шарты бойынша түрлеріне,
үлгілеріне, мөлшеріне, түстері мен өзге де белгілеріне (түр – түрі) қарай
белгіленген тауарлар берілуге тиіс болса, сатушы сатып алушыға тауарларды
тараптар келіскен түр – түрі бойынша беруге міндетті.
Сатушы шартта көзделген тауарлардың түр – түрін шартқа сәйкес келмейтін
етіп берген кезде сатып алушы оларды қабылдаудан және ақы төлеуден бас
тартуға, ал егер оларға ақы төленіп қойған болса, төленген ақша сомасын
қайтаруды талап етуге құқылы. Егер сатушы сатып алушыға түр – түрі туралы
шарттың талаптарын бұза отырып тауарлар берсе сатып алушы өз қалауы
бойынша:
1) түр – түрі туралы шарттың талаптарына сәйкес келетін тауарды қабылдап,
қалған тауарлардан бас тартуға;
2) берілген барлық тауарлардан бас тартуға;
3) түр – түрі туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынды жалдау шартының заңды негіздері
Кәсіпорын азаматтық құқықтың объектісі
Сатып алу - сату шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері
Мүлік жалдау шартының элементтері
Сатып алу шарты
Жүктердің түрлері.Тасымалдау шарттары
Лизинг институның жалпы сипаттамасы
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Рим жеке құқындағы міндеттеме және шарт туралы ілім
Жалға берушінің және жалға алушының міндеттері
Пәндер