Компанияның рыноктық құнын анықтау және қаржылық жағдайын талдау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуы және олардың
қаржылық жағдайы
1.1 Кәсіпкерліктің Қазақстанда дамуы және заңдылық аспектілері ... ... ... ... ... .8
1.2 Компаниялардың қаржы ресурстарын қалыптастыру және кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асырудағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

2. Компанияның рыноктық құнын анықтау және қаржылық жағдайын талдау
2.1 Компанияның рыноктық құнын анықтау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
2.2 ЖШС "ИНФОРМСЕРВИС" компаниясының қаржылық жағдайын талдау
және нарықтық құнын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

3. Компанияның өтімділігін анықтау және оның қызметтерін оңтайландыру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...76

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуы және олардың
қаржылық жағдайы

1.1 Кәсіпкерліктің Қазақстанда дамуы және заңдылық аспектілері
... ... ... ... ... .8

1.2 Компаниялардың қаржы ресурстарын қалыптастыру және кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асырудағы ролі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.26

2. Компанияның рыноктық құнын анықтау және қаржылық жағдайын талдау

2.1 Компанияның рыноктық құнын анықтау әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

2.2 ЖШС "ИНФОРМСЕРВИС" компаниясының қаржылық жағдайын талдау
және нарықтық құнын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...47

3. Компанияның өтімділігін анықтау және оның қызметтерін оңтайландыру
шаралары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .74

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .76

Кіріспе
     
Тақырыптың өзектілігі.Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық
дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде
айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге
асырылды.
Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi
дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi
негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады.
Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың
қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн
жүйелi жағдайды қамтамасыз етуге тиiс.
Тиiсiнше мемлекеттiң аумақтық даму процестерiн реттеудегi мiндеттерi
өзгеруге тиiс.
Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын
экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн
қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық
субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға
және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi
экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi.
Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi iске асыру елдi дамытудың
геоэкономикалық және геосаяси факторларын ескеруге тиiс. Жаһандану мен
халықаралық бәсекелестiктiң күшеюi елдiң әлемдiк нарықтарға ұстанымдануының
тиiмдi стратегиясын тұжырымдауды талап етедi.
Өңiрлер мен iрi қалалар бәсекелiк стратегияны тұжырымдаумен, еңбек
бөлiнiсiнiң ұлттық қана емес, өңiрлiк және әлемдiк жүйесiнен де орын
iздеумен айналысуға тиiс.
Экономикалық кеңiстiктiк және халықты таратып орналастыруды
қалыптастыруды, кластерлердi қалыптастырумен өзара байланыстыра отырып
аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз етудi қоса алғанда, елдiң аумақтық
дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды және тиiстi мемлекеттiк,
салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеудiң немесе түзетудiң негiзi
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті даму арқылы жүзеге
асырылады.
Республикалық, өңiраралық және облыстық маңызы бар өндiрiстiк,
энергетикалық, инженерлiк, көлiк-коммуникациялық және әлеуметтiк
инфрақұрылымдарды үйлестiре дамытуға бағытталған мемлекеттiк
инвестициялардың (ұлттық компаниялардың қаражатын қоса алғанда) негiзгi
басымдықтарын айқындауға экономиканы бағыттау қажет.
Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік
тәжірибеде көрсетіп отырғандай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық
жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар
соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың
құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық
экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап,
экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап
етеді.
Қазақстан Республикасында нарық қатынасының дамуы жалпы қаржының,
сонымен қатар салалық қаржының рөлінің артуына ықпалын тигізді.
Кәсіпорынның қаржысы, оның түпкі жұмыс нәтижесін сипаттайтын негізгі
көрсеткішке айналды. Кәсіпорын қаржысының сандық және сапалық
көрсеткіштерінің параметрі, оның нарықтағы орнын және оның экономикалық
кеңістікте жұмыс атқару қабілеттігін көрсетеді. Еліміздің нарықтық
экономикаға өтуі қаржылық басқарудың жаңа тәсілдерін талап етті, басқару
жүйесінде жаңа әдістің – қаржы менеджментінің пайда болуына ықпал етті.
Нарықтық экономика кезінде кез келген кәсіпорынның жұмысын басқару
жүйесіндегі ең бір ауыр және жауапты бөлімнің бірі – қаржыны басқару.
Қаржыны басқару процесін жүргізу – кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайын
талдау және бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Компаниялар өз қызметін жүргізу барысында белгілі бір нәтижеге жетуді
көздейді, өзінің қаржылық жағдайын талдайды, алдына қойған мақсаттары мен
жоспарларын орындауға тырысады. Компаниялар шаруашылық қызметін жүргізу
барысында стратегиялар мен тактикалар қабылдайды, осы жоспарлардың
орындалуын кәсіпорын тек қаржылық жағдайды анықтау коэффициенттерін есептеп
қана көру мүмкіндігі бар. Нарықтық экономикады компаниялардың, бизнестің
құнын анықтау әсіресе дағдарыс кезінде актуалды деп есептеймін.
Дипломдық жұмысты жазу барысында мен өз алдыма мынандай мақсаттар мен
міндеттер қойдым:
- кәсіпкерліктің Қазақстанда дамуы және заңдылық аспектілерін
қарастыру;
- компаниялардың қаржы ресурстарын қалыптастыру және кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асырудағы ролін қарастыру;
- компанияның рыноктық құнын басқару жолдарын анықтау;
- компанияның рыноктық құнын анықтау әдістерін қарастыру;
Зерттеу обьектісі - ЖШС "ИНФОРМСЕРВИС" компаниясының қаржылық жағдайын
талдау және нарықтық құнын анықтау;
Зерттеу пәні - компанияның өтімділігін анықтау және оның қызметтерін
оңтайландыру шараларын анықтау.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Кәсіпорынның өндірілетін өнім және
өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды
факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ
кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады.
Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел
қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы
ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне
алады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік экономисттердің
статьялары, монографиялары және нормативтік заңдылық актілер қолданылды.

1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуы және олардың
қаржылық жағдайы

1.1 Кәсіпкерліктің Қазақстанда дамуы және заңдылық аспектілері

Негiзiнен кеңестiк кезеңнiң өзiнде қалыптасқан елдiң экономикалық
әлеуетiн орналастыру экономика құрылымының бұзылуы, iшкi экономикалық
кеңiстiктiң сақталып отырған ыдырауы салдарынан оны дербес экономикалық
жүйе ретiнде дамыту орнықтылығының қазiргi заманғы қажеттi талаптарына
жауап бермейдi.
Қазақстанның әлемдiк шаруашылық жүйесiне белсендi кiруi Қазақстанның
әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде тар мамандануымен, негiзгi әлемдiк
тауар нарықтарынан алыстығымен тежелiп отыр, бұл тұтастай елдiң де, және
оның жекелеген өңiрлерiнiң де сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ететiн
көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның дамымауымен тереңдей түседi.
Экономиканы нарық жағдайында дамыту елдiң жекелеген аумақтық-шаруашылық
жүйелерiнiң бәсекелiк артықшылықтарын да, сол сияқты нарыққа бейiмделудiң
әрқилы мүмкiндiктерiне байланысты олардың кемшiлiктерiн де анықтап бердi.
Бұл жекелеген өңiрлерде өндiрiстiң бiршама құлдырауына және тоқтап қалуына,
күйзелiске ұшыраған аудандар мен елдi мекендердiң пайда болуына алып келдi.
Нәтижесiнде өңiрлiк теңсiздiктер тереңдедi және табиғи көшi-қон ағымына
қарамастан, ел халқының бiр бөлiгi қазiргi уақытта экономикалық
перспективалы емес аумақтарда тұрады.
Бұрын қалыптасқан таратып орналастыру жүйесi өз тиiмдiлiгiн жоғалтты
және қазiргi уақытта қалыптасып жатқан елдi кеңiстiктi экономикалық
ұйымдастыруға сәйкес келмейдi. Бұрын минералдық-шикiзат кен орындарының
базасында салынған жекелеген шағын қалалар, кенттер, сондай-ақ қалыпты өмiр
сүру үшiн жарамсыз аумақтардағы және даму орталықтарынан шалғайдағы ауылдар
перспективасыз болып қалды.
Елдiң өндiрiстiк әлеуетi: өнеркәсiп пен аграрлық өндiрiстiң көп салалы
құрылымы, тиiстi өндiрiстiк қуаттардың болуы. Өнеркәсiптiң дамыған базалық
салалары - отын-энергетика және тау-кен-металлургия кешендерi. Елдiң бүкiл
аумағын қамтып жатқан көлiк-коммуникациялық инфрақұрылым желiсiнiң болуы.
Темiр жолдың және автомобиль жолдарының желiсi шектес елдерге шыға отырып,
барлық өңiрлер арасында тасымалдарды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстандық автомобиль жолдары мен темiр жол халықаралық көлiк
дәлiздерiнiң құрамына енгiзiлген.      
Қазіргі экономиканың негізгі кемшіліктері: негiзгi әлемдiк тауар
нарықтарынан алшақтық, теңiз (мұхит) қатынас жолдарына тiкелей шығудың
болмауы. Әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде елдiң тар мамандануы мен
көптеген өңiрлердiң бiржақты бейiнi, құрылымның бұзылуы мен экономиканың
сақталып отырған ыдырауы. Экономикада экспорттық шикiзатқа бағдарланған
оқшауланған секторлары және бәсекеге қабiлетi төмен қайта өңдеу өнеркәсiбi
бар, салалық, сол сияқты аумақтық аспектiде өзара әлсiз байланысқан
экономикасы бар екi қарама-қайшы құрылым қалыптасты.
Өнiмдiлiктi төмендететiн және аграрлық өндiрiстiң тәуекелдiлiгiн
ұлғайтатын факторлардың болуы, егiстiк сапасының салыстырмалы төмен болуы,
өнімдiлiгi аз жайылымдардың басым болуы. Елдiң жекелеген өңiрлерiнде су
ресурстарының тапшылығы, минералдық-шикiзат ресурстарының әркелкi бөлiнуi,
әлеуеттi бай қорлардың аз игерiлген және жұмыс iстеп тұрған өндiрушi
кәсiпорындардан шалғайдағы аудандарда шоғырлануы.
Әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерi желiсiнiң жеткiлiксiз даму деңгейi.
Ел өңiрлерi әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiмен әркелкi қамтамасыз
етiлген. Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде әлеуметтiк инфрақұрылым
объектiлерiне қолжетiмдiлiк жоқ немесе қиын. Халықтың табиғи және
миграциялық өсiм қарқыны жоғары iрi қалалар мен өңiрлерде әлеуметтiк
инфрақұрылымның даму қарқыны артта қалған.
Қазақстанның және оның одан әрi аумақтық дамуының перспективалары
дәстүрлi бәсекелiк артықшылықтарды пайдаланумен қатар, елдiң әлемдегi
ұстанымдануының жаңа парадигмасын тұжырымдай отырып, оның географиялық
жағдайын барынша пайдалану стратегиясын iске асыруға тiкелей байланысты
болуға тиiс.
Қазақстанның экономикалық жаһандану процесiне қосылуы бастапқы кезеңде
шикiзат ресурстарын негiзгi жеткiзушiлердiң бiрiнiң функцияларын iске асыра
отырып, уақыт өте келе әлемдiк экономикалық кiрiгу процесiнiң белсендi
қатысушысына айналуға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Орталық Азия өңiрiндегi тораптық елге, өңiрiшiлiк
экономикалық байланыстарды кiрiктiрушiге, капитал мен инвестициялар
тартудың, Орталық Азия нарығына бағдарланған өңiрлiк өндiрiстердi немесе
аса iрi әлемдiк компаниялардың филиалдарын орналастырудың, халықаралық
деңгейдегi қызмет көрсетулердiң орталығына айнала алады.
Перспективада Қазақстан маңызды байланыстырушы буынның, Еуропа, Азия -
Тынық мұхиты және Оңтүстiк Азия экономикалық жүйелерiнiң өзара iс-қимылының
трансконтиненталдық экономикалық көпiрiнiң функцияларын да орындай алады.

Серпiндi дамып келе жатқан iрi қалалардың базасында тауар, қаржы,
технологиялық және мәдени алмасулардың еуразиялық жүйесiнде өзiне елдегi
экономикалық белсендiлiктi шоғырландыратын аса маңызды тораптарды
қалыптастыру мүмкiндiгi бар.
Трансконтиненталдық және басқа халықаралық магистралдарды одан әрi
дамыту iшкi экономикалық кiрiгудi күшейтуге ықпал ете алады, жаңа
минералдық-шикiзат ресурстарын игерудi, тасымалданатын жүктердi өңдеу
жөнiнде өндiрiстер құруды, көлiк жолдарын салуды және оның жұмыс iстеуiн
қамтамасыз етудi қоса алғанда, өңiрлер экономикасының дамуына әсер ете
алады.
Құрғақтағы маңызды сыртқы шекара және iргелес мемлекеттермен көлiк-
коммуникациялық байланыстың жеткiлiктi дамуы шекара маңындағы өңiрлердiң
экономикаларын көршiлес мемлекеттердiң сыйымдылығы жоғары өткiзу
нарықтарына бағдарлайды.
Негiзгi халықаралық транзиттiк дәлiздерден шалғай орналасқан шекара
маңындағы өңiрлер үшiн көршiлес елдермен сыртқы экономикалық байланысты
дамыту олардың негiзгi әлемдiк нарықтардан шалғайлығын өтейтiн болады.
Елдiң шекара маңындағы iрi қалалары мен аумақтарының серпiндi дамуы
оларға iргелес елдерден (Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы)
ресурстар мен жұмысқа қабiлеттi халықтың көшi-қон ағынын тартуға ықпал
етедi, бұл елдiң демографиялық және экономикалық әлеуетiне оң әсерiн
тигiзедi.
Серпiндi дамып келе жатқан қалалардың айналасынан мегаполистер мен
агломерациялар құру жоғары ұйымдастырылған урбанистiк өмiр сүру аймағын
құруға мүмкiндiк бередi.
Мыналар елдiң орнықты аумақтық дамуына кедергi болатын факторларға
айналуы мүмкiн:
      - өңiрлiк және әлемдiк еңбек бөлiнiсiнде елдiң тар, негiзiнен
шикiзаттық мамандануының, транзиттiк тәуелдiлiгi мен экономикалық
оқшаулануының нығаюы, тиiсiнше - елдiң даму қарқынының тұмшалануы мен
экономикалық артта қалуы;
      - бәсекеге қабiлеттiлiктiң төмендiгiнiң және өнеркәсiптiң дәстүрлi
салаларындағы өндiрiстiң тоқтап қалуының салдарынан бiраз аумақтардың
индустрияланбауы;
      - бiрiктiрушi көлiк-коммуникациялық желiнiң дамымауына, өңiрлiк
аумақтық-шаруашылық жүйелерi үшiн сыртқы тартылыстың әртүрлi бағыттылығына
(көптеген инфрақұрылымдық жобалар транзиттiк экономиканы қамтамасыз етуге
анағұрлым бағдарланған және елдiң экономикалық кеңiстіктiк кiрiгуiнiң
бiртұтастығын қамтамасыз етпейдi) байланысты елдiң ыдырау ықтималдығы;
      - кең ауқымды трансеуразиялық сауда-экономикалық және көлiк-
коммуникациялық дәлiздердi қалыптастыру бойынша өңiрдiң iргелес
мемлекеттерi тарапынан болатын, сондай-ақ елде халықаралық кiрiгудiң
өңiрлiк орталық қалаларын қалыптастыру бойынша көршiлес мемлекеттердiң iрi
қалалары тарапынан болатын бәсекелестiк;
      - елдiң шекара маңындағы өңiрлерiнде көршiлес мемлекеттердiң
экономикалары үстемдiгiнiң, ауыл тұрғындарының қалаға ағылуының күшеюi және
бiраз ауылдық аумақтардың депопуляциясы, демографиялық қысымның және елдiң
шекара маңындағы өңiрлерiне көршiлес мемлекеттерден санкцияланбаған көшi-
қонының күшеюi;
      - экологиялық ахуалдың нашарлауы, табиғатқа антропогендiк әсердiң
күшеюi салдарынан өмiр сүру ортасының тозуы және соның нәтижесiнде өмiр
сүруге және шаруашылық қызметке қолайлы аумақтардың азаюы.
Қазақстанның 50 дамыған бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосылуы
үшін "Қазақстан -2030" стратегиясы қабылданған. Осы стратегияның негізгі
мақсаты: өңiрлiк және әлемдiк экономикада бәсекеге қабiлеттi мамандануды
қалыптастыру, экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды
ұтымды кеңiстiктiк ұйымдастыру негiзiнде елдiң орнықты дамуын қамтамасыз
ету және халықтың тыныс-тiршiлiгi үшiн қолайлы жағдайлар жасау.
Стратегияны iске асырудың негiзгi бағыттары: алға қойылған елдi орнықты
және серпiндi дамытуды қамтамасыз ету мақсатына қол жеткiзу өңiрлiк және
әлемдiк экономикада ел мен оның өңiрлерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiкке
мамандануын, елдiң экономикалық әлеуетiн және халықты таратып орналастыруды
ұтымды кеңiстiктiк ұйымдастыруды қалыптастыру жөнiндегi өзара байланысты
мiндеттердi тиiмдi iске асыруға және соның негiзiнде елдiң барлық
аумақтарының теңгерiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының жұмыс iстеуiне
байланысты.
Осы негiзде ел өңiрлерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануы
қалыптастырылуға және елдi аумақтық-экономикалық ұйымдастырудың тиiмдi
моделi құрылуға, кәсiпкерлiк жандандырылуға тиiс.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, елдiң бәсекелiк артықшылықтарын
қалыптастыру және дамыту ел мен оның жекелеген аумақтарының:
• әлемдiк нарықта:
- минералдық шикiзаттың, астық өнiмдерi мен олардың өңделген өнiмдерiнiң
iрi өндiрушiсi әрi жеткiзушiсi;
- Еуропа, Азия - Тынық мұхиты және Оңтүстiк Азия экономикалық жүйелерi
өзара iс-қимылының трансконтиненталдық экономикалық көпiрi ретiнде.
• өңiрлiк нарықта:
- өңiрлiк нарыққа өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң iрi
жеткiзушiсi;
- өңiрдiң қазiргi заманғы сервис орталығы;
- өңiр инновацияларының орталығы ретiнде табысты ұстанымдануына
бағытталатын болады.
Қазақстанның мынадай салаларда инновациялық әзiрлемелердi әзiрлеуге
және сыртқы нарықтарға жылжытуға мүмкiндiгi бар:
      өнеркәсiптiк әзiрлемелер, минералдық шикiзатты кешендi пайдалану және
қайта өңдеу технологиялары;
      ауыл шаруашылығы саласындағы әзiрлемелер;
      химиялық және биологиялық технологиялар;
      экология және энергияның баламалы көздерi саласындағы әзiрлемелер;
      медициналық әзiрлемелер;
      ядролық технологиялар;
      ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар;
      ғарыштық зерттеулер;
      әскери-өнеркәсiптiк технологиялар.
Бизнестi аумақтық-экономикалық ұйымдастыру мен жүргiзудiң осы заманғы
моделдерiн енгiзу есебiнен ұлттық, өңiрлiк және әлемдiк экономикалық жүйеде
ел өңiрлерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру. Экономикалық субъектiлердiң
кең аясын экономикалық процестерге тарту, сол арқылы кәсiпкерлiктi дамытуды
ынталандыру.
Әлемдiк тәжiрибе елдiң экономикалық дамуы оның өңiрлерiн құрайтындардың
бәсекеге қабiлеттiлiгiне тiкелей байланысты екендiгiн көрсетедi.
Өңiрдiң бәсекеге қабiлеттiлiгi деп бүгiнгi таңда еңбек өнiмдiлiгiн
арттыру және капиталды ұтымды пайдалану, бизнестi тиiмдi аумақтық-
экономикалық ұйымдастыру, ұлттық, өңiрлiк және әлемдiк нарықтарға
кiрiктiрiлу есебiнен халықтың өмiр сүруiнiң жоғары және үнемi өсiп отыратын
деңгейiне қол жеткiзу қабiлеттiлiгi түсiндiрiледi.
Қазiргi уақытта әлемде аумақтарды экономикалық ұйымдастырудың екi
негiзгi моделi қалыптасқан - тiгiнен кiрiктiрiлген (орталықтандырылған)
және желiлiк.
Тiгiнен кiрiктiрiлген өңiрлер үшiн негiзгi жұмыс берушiлер ретiндегi,
жергiлiктi бюджеттердi толықтырудың негiзгi көзi және өңiрлерде
инфрақұрылым шаруашылығын қалыптастырудың негiзгi факторы болып табылатын
корпоративтiк құрылымдарға бiрiктiрiлген бiр немесе бiрнеше iрi жаппай
өнеркәсiп өндiрiстерiнiң үстемдiк етуi тән.
Қатаң орталықтану тән аумақты ұйымдастырудың тiгiнен кiрiктiрiлген
моделiнен айырмашылығы желiлiк өңiрлер бiрiн бiрi өзара алмастыра алатын
тауарлар мен қызмет көрсетулер өндiретiн жеке-дара кәсiпорындар желiсiн
бiлдiредi.
      Кәсiпорындардың өзара iс-қимылы ынтымақтастық және қосалқы
келiсiмшарттық қатынастар туралы келiсiмдер негiзiнде жүзеге асырылады.
Кәсiпорындардың бiр бөлiгi дайын өнiмдi нарыққа шығарады, қалғандарының
барлығы осы өндiрiске бастама жасаған кәсiпорындар тобының тапсырысы
бойынша операцияларды орындайды.
Тұтастай алғанда барлық кәсiпорындар кооперациялар мен өзара iс-қимыл
желiсiн - өңiрдiң жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiгiн бiрлесiп қамтамасыз
ететiн өзара байланысты компаниялар мен институттардың географиялық жағынан
тұйықталған жиынтығын бiлдiретiн кластердi құрады.
Қазақстан үшiн дамудың алдыңғы кезеңдерiнде аумақтарды ұйымдастырудың
тiгiнен кiрiктiрiлген моделi экономикалық жағынан ақталған болып табылды,
бұл өндiрiстiң технологиялық дәйектiлiгiне негiзделген болатын. Сонымен
қатар бүгiнде елдiң тiгiнен кiрiктiрiлген өңiрлерi әлемдiк экономикада
бәсекеге қабiлеттiлiгiмен ерекшеленбейдi, жаңа технологиялар мен
инновациялардың өндiрушiлерi болып табылмайды.
      Оларда негiзiнен құн жинақтау тiзбегiнiң бастапқы буынындағы
өндiрiстер орналасқан. Мұндай тiзбектiң ақырғы буындары өңiрлерден немесе
елден тысқары орналасады, сондықтан қаржы ағындары мен инновациялар
негiзiнен олардан тысқары шоғырланады. Бұл өңiрлердi өңiрлердi құраушы
тiгiнен кiрiктiрiлген iргелi компаниялардың жұмыс iстеп тұруына және нарық
конъюнктурасына тәуелдi етедi және тұтастай алғанда геоэкономикалық
иерархияда бағынысты жағдайға қояды.
Желiлiк модель ұлттық экономикаға үлкен тұрақтылықты қамтамасыз етедi,
өйткенi оның қозғалтқыш күшi, ең алдымен, шикiзат емес өңiрлердегi
экономикалық процестерге экономикалық субъектiлердiң неғұрлым кең аясын
тартуды қамтамасыз ететiн шағын және орта кәсiпорындар болады.
      Өңiрлiк кластерлердi құру желiлiк модельдiң пәрмендi тетiктерiнiң
бiрi болып табылады. Өңiрлiк кластерлер өңiрлер маманданатын қызмет
салаларының айналасында құрылатын болады және қазiргi бар әкiмшілік-
аумақтық бiрлiктердi қамтып қана қоймай, көршiлес аудандардың, облыстардың
шекараларын да қамтиды.      
Шикiзат секторының iрi кәсiпорындары үстемдiк ететiн өңiрлерде өңiрлiк
бәсекеге қабiлеттiлiктi арттырудың негiзгi бағыттары тiгiнен кiрiктiрiлген
компаниялардың анағұрлым жоғары қайта жасау өндiрiстерiн дамыту (шикiзатты
тереңдетiп қайта өңдеу базасында), аутсорсинг тетiктерiн құра және шағын
және орта кәсiпорындардың көмекшi, қызмет көрсетушi және қайта өңдеушi
блогын қалыптастыра отырып, iрi жобалардағы жергiлiктi құрауыштарды
күшейтудi дамыту, сондай-ақ қызмет көрсетушi және көмекшi кәсiпорындардың
күш-жiгерiн бiрiктiру есебiнен елдiң iрi жүйе құрайтын компанияларының
айналасындағы кластерлердi қалыптастыру болып табылады.
Өңiрлердiң даму стратегиясын әзiрлеудiң негiзiнде мынадай әдiснама
жатуға тиiс:
- өңiрлер ұстанымдануының геоэкономикалық ауқымы;
- бiрiншi кезекте өз мүмкiндiктерiн бағдарға алу (өзiн-өзi ұйымдастыру
мен iшкi ресурстарды жұмылдыру);
- өңiрлердiң өндiрiстiң дәстүрлi факторларын тиiмдi пайдалануға
ғана емес, инновациялық әлеует, бiлiктi жұмыс күшi, қазiргi заманғы
инфрақұрылым және институционалдық орта сияқты мамандандырылған факторларды
дамытуға да бағдарлануы;
- салалық және аумақтық кооперациялау әлеуетiн сату;
- қолайлы бизнес-ахуал жасау және экономикалық субъектiлердiң кең
аясын жалпы экономикалық даму процесiне тарту.
Құрылатын кластерлер мынадай сипаттамаларға жауап беруге тиiс:
бәсекелiк ортаның болуы және сонымен бiр уақытта кластерлерге қатысушылар
арасындағы кооперациялау, географиялық шоғырландырылуы, бiр қызмет түрiне
мамандануы (мысалы, туризм кластерi), қатысушылардың әртүрлi құрамы, ұзақ
мерзiмдiлiгi және инновацияларға ашықтығы.
Кластерлiк бастамаларды iске асырудағы мемлекеттiк органдардың, ең
алдымен, жергiлiктi атқарушы органдардың рөлi жәрдем көрсетуде немесе
мынадай жағдайлар жасауда болады:
- жеке меншiк сектор тарапынан бастама болмаған жағдайда "синтетикалық"
кластердi дамытуға бастамашылық ету (маркетингтiк зерттеулер жүргiзу,
кластердiң әлеуеттi қатысушылары арасында үндесу орнату және басқалар);
- бастамашылық кластерлерде - кластердiң әлеуеттi қатысушылары: 
өндiрушiлер, жеткiзушiлер, сервистiк компаниялар, ғылыми-зерттеу
институттары, жоғары оқу орындары, реттеушi органдар мен қаржы институттары
арасындағы өзара iс-қимылды қамтамасыз ететiн тиiмдi үйлестiрушi тетiктер
(мысалы, үйлестiру кеңестерi) құру;
- кластерлiк даму үшiн қамтамасыз етушi инфрақұрылымды қалыптастыру
және дамыту: өндiрiстiк және қойма үй-жайларын, кiреберiс жолдарын беру,
көлiк-логистикалық тораптар, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру орталықтарын
қалыптастыру; инженерлiк желiлерi бар жер учаскелерiн және кластерлердi
дамытуды қамтамасыз ететiн басқа да объектiлер беру;
- мыналарды: кластерге қатысушыларды қажеттi ақпаратпен (нарық,
заңнамалық база, перспективалық жобалар және басқалар туралы) қамтамасыз
ету үшiн ақпараттық жүйе құруға және оның жұмыс iстеуiне жәрдемдесудi;
конференциялар, мамандандырылған көрмелер, семинарлар, жарнамалық-
тұсаукесер iс-шараларын, кластерлерге әлеуеттi қатысушылардың шет елдерге
танысу сапарларын ұйымдастыруды және өткiзудi, брошюралар, каталогтар мен
басқа да материалдар шығаруды көздейтiн кластерлердi дамытуды ақпараттық
қамтамасыз етудi ұйымдастыру.
      Басқа кәсiпорындарға (шағын және орта бизнес субъектiлерiне) мердiгер
кәсiпорынның өзiнен жақсы орындай алатын бизнес-функцияларды немесе бизнес-
процестердiң бөлiктерiн берудi көздейтiн iрi шетелдiк және ұлттық
компаниялардың аутсорсингiн ынталандыру жөнiнде шаралар әзiрлеу және iске
асыру;
      Iрi шетелдiк компаниялар өз операцияларын жүргiзетiн салаларда
жергiлiктi құрамдас бөлiктердi күшейту, Қазақстанда жұмыс iстейтiн шетелдiк
компанияларға өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң жекелеген түрлерiн ұсыну
үшiн қазақстандық өндiрушiлер тартуды, оның iшiнде:
• олардың жергiлiктi компанияларды дамытуға салатын инвестицияларының
пайдалылығы үшiн жағдайлар жасай отырып, көмекшi, қызмет көрсететiн
және өңдеушi салаларда шетелдiк инвесторлармен бiрлескен
кәсiпорындар құру;
• халықаралық сапа стандарттарын, өндiрiстi ұйымдастыру мен басқарудың
озық әдiстерiн, оның iшiнде осы бөлiктегi шетелдiк компаниялардың
күш-жiгерiн көтермелей отырып, енгiзу жолымен шағын және орта
компаниялардың әлеуетiн арттыру;
• жоғары бiлiктi кадрлар даярлау, оның iшiнде осы жұмысқа мүдделi
шетелдiк инвесторларды тарта отырып даярлау;
• iрi компаниялар мен жергiлiктi жеткiзушiлер арасында белсендi және
тиiмдi ақпараттық алмасу үшiн жағдайлар жасау (ipi компаниялар үшiн
жергiлiктi мердiгерлер туралы, iрi ұлттық және халықаралық
компаниялар ұсынатын мүмкiндiктер туралы, сондай-ақ жергiлiктi
мердiгерлер үшiн жергiлiктi құрамдас бөлiктер жөнiндегi талаптар
туралы ақпарат) есебiнен тартуды көздейдi. (1, 18(
Кесте 1
Қазақстан Республикасы өңірлерінің қалыптасқан мамандануы

Облыстардың Қазіргі мамандануы
атауы
Ақмола Көмір өнеркәсібі, құрамында алтыны бар кендерді өндіру,
машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта
өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, химия және фармацевтика өнеркәсібі,
құрылыс материалдарын өндіру, туризм
Ақтөбе Мұнай және газ өндіру, қара және түсті металлургия, химия
өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, жеңіл
өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, электр
энергетикасы
Алматы Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу, тамақ,
жеңіл, құрылыс материалдарын өндіру, ағаштан жасалған
бұйымдар өндіру, машина жасау, электр энергетикасы
Атырау Мұнай және газ өндіру, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу,
жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, электр
энергетикасы
Шығыс Көмір өнеркәсібі, түсті металл кендерін өндіру және қайта
Қазақстан өңдеу, машина жасау, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы
өнімін өндіру және қайта өңдеу, орман және ағаш өңдеу
өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, электр
энергетикасы, туризм
Жамбыл Құрамында алтыны бар кендерді өндіру, химия өнеркәсібі, газ
өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта
өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру
Батыс Мұнай-газ өндіру және газ өңдеу өнеркәсібі, машина жасау,
Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, ауыл
шаруашылығы өндірісі, ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс
материалдарын өндіру
Қарағанды Түсті және қара металлургия, көмір өнеркәсібі, машина жасау,
электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу,
құрылыс материалдарын өндіру, туризм
Қостанай Металл кендерін және асбест өндіру, ауыл шаруашылығы өнімін
өндіру және қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау,
электр энергетикасы
Қызылорда Мұнай және газ өндіру, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу,
жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру
Маңғыстау Мұнай мен газ өндіру және қайта өңдеу, электр энергетикасы,
ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, құрылыс материалдары
өнеркәсібі
Павлодар Мұнай өңдеу өнеркәсібі, көмір, қара және түсті металлургия,
машина жасау, электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы өнімін
қайта өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, туризм
Солтүстік Машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта
Қазақстан өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс
материалдарын өндіру
Оңтүстік Түсті металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, ауыл
Қазақстан шаруашылығы өнеркәсібі, электр энергетикасы, құрылыс
материалдарын өндіру, туризм
Астана қаласыӘкімшілік орталық, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, жеңіл
өнеркәсіп, машина жасау, электр энергетикасы
Алматы қаласыӘкімшілік, мәдени-білім, ғылыми және қаржылық орталық, жеңіл
өнеркәсіп

Қайнар көзі: "Қазақстан -2030" стратегиясы

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет ҚР Азаматтық Кодексі және
2006 жылдың 31 қаңтарында қабылданған (2008.05.07 өзгерістер мен
толықтырулар енгізілген) "Жеке кәсіпкерлік туралы" ҚР Заңы негізінде
реттеледі.
Бұл Заңға сәйкес "жеке кәсіпкерлік - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің
меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың
тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық"
деп анықталған. Одан басқа "жеке кәсіпкерлік субъектілері - кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар", "жеке
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау - Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік
бастаманы іске асыру үшін жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, қолайлы
құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау жөніндегі
мемлекеттік шаралар кешені" деген категориялар анықталған.
Жеке кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген
негіздер бойынша ғана шектелуі мүмкін.
Жеке кәсіпкерлікті шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
мемлекеттің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы
мүмкін.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгi
мақсаты мен принциптерi:
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке
кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және жеке кәсіпкерлікке
әкімшілік етуді енгізу жолымен мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың
құқықтарын қорғау болып табылады.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері:
- жеке кәсіпкерлік еркіндігінің кепілдігі және оны қорғау мен қолдауды
қамтамасыз ету;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға барлық жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің теңдігі;
- жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне) қол
сұғылмауы мен оны қорғаудың кепілдігі;
- Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы;
- жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық
актілердің жобаларына сараптама жасауға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
қатысуы болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда
ғана құрыла алады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне;
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуы мүмкін.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан
аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын,
жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы
активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік
көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып
табылады.
Мыналарды:
- есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың
айналымымен байланысты қызметті;
- акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;
астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
- лотереялар өткізуді;
- ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;
- сертификаттау, метрология және сапаны басқару саласындағы қызметті;
- мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру,
қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті;
- радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;
- банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және
сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
- аудиторлық қызметті;
- бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара
кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла
алмайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерi
Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке
кәсіпкерліктің кез келген түрін жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбекті пайдалана
отырып, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен филиалдар мен
өкілдіктер құруға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда,
өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағасын дербес
белгілеуге;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өтеулі негізде қаражат (қарыз) беруге;

6) өзінің құқықтық қабілеті шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге
асыруға;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға;
8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері арқылы
сарапшылық кеңестердің жұмысына қатысуға;
9) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау
органдарына және мемлекеттік органдарға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
құқықтарын бұзуға кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту мәселелері бойынша
жүгінуге;
10) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге;
11) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік
құқықтық актілердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына септігін
тигізетін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды мемлекеттік
органдардың қарауына енгізуге құқылы.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың
құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;
2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес
лицензиялануға жататын жеке кәсіпкерлік түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар
алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
Азаматтық Кодекс бойынша заңды тұлға құру және оның қызмет ету
ерекшеліктері қарастырылады.
Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi
бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан
мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды
жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды
тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға
тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн
(коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және
алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым)
ұйым заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын,
шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив
нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық
бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни
бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы
мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық
мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. Коммерциялық емес ұйым
болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды
тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.
Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады. Заңды тұлға Азаматтық Кодекстiң,
заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары
мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне байланысты
мiндеттердi Азаматтық Кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкiн. Мемлекеттiк
кәсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары
болуы және заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған
кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi
атқаруы мүмкiн.
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге
асырушы заңды тұлғалар үшiн басқа қызметпен айналысу мүмкiндiгi болмауы
немесе шектелуi мүмкiн.
Заңды тұлға тiзбесi заң актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет
түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады.
Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны
тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет
болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай
лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның
қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен
жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң
есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекеме) құқық
қабiлеттiлiгi Азаматтық Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де
заң актiлерiмен белгiленедi.
Заңды тұлғаның оқшау мүлкiне қатысты оның құрылтайшыларының
(қатысушыларының) мiндеттемелiк және заттық құқықтары болуы мүмкiн.
Мүлкiне өз қатысушылары (құрылтайшылары) мiндеттемелiк құқықтарын
сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк
қоғам мен кооперативтер жатады.
Мүлкiне өз құрылтайшылары меншiк құқығын немесе өзге де заттық құқығын
сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзушi құқығында немесе
оралымды басқару құқығында мүлкi бар ұйымдар жатады.
Мүлкiне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүлiктiк құқықтарын
сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бiрлестiктер, қоғамдық қорлар және
дiни бiрлестiктер жатады.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған өзге ұйымдық-құқықтық
нысандардағы заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде айқындалады.
Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс
iстейтiн өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзiне
мiндеттер қабылдайды. Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе
сайлану тәртiбi және олардың өкiлеттiгi заңдар мен құрылтай құжаттарында
белгiленедi. Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк
беретiн өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және
ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша
мағлұматты қамтуы мүмкiн. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында
көрсетiледi. Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль
қалыптарына қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi
қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың
есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың
есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға
тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi
бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне
енгiзiледi.
Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға
өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi
жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.
Коммерциялық емес ұйым мен мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтай
құжаттарында заңды тұлға қызметiнiң мәнi мен мақсаты белгiленуге тиiс.
Шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғамы мен өндiрiстiк
кооперативтiң құрылтай құжаттарында олардың қызметiнiң мәнi мен мақсаттары
көзделуi мүмкiн.
Құрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар) заңды тұлға құруға
мiндеттенедi, оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет тәртiбiн, оның меншiгiне
(оралымды басқаруына) өз мүлкiн беру және оның қызметiне қатысу ережелерiн
белгiлейдi. Егер осы Кодексте немесе заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi
туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шартта құрылтайшылар арасында
таза табысты бөлудiң, заңды тұлға қызметiн басқарудың, оның құрамынан
құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тәртiбi де белгiленедi және оның
жарғысы бекiтiледi.
Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзу немесе оның
құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттiк
тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн
желеу етiп тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк тiркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тiркеуден
жалтарғаны үшiн сотқа шағым берiлуi мүмкiн.
Заңды тұлға мынадай жағдайларда:
1) жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған;
2) атауы өзгергенде;
3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың құрамы өзгергенде
(шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы
қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi
жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы
жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге
тиiс.
Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер
заңды тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табылады. Құрылтай
құжаттарына басқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген ретте заңды тұлға
бұл туралы тiркеушi органды бiр айлық мерзiмде хабардар етедi.
Арнайы қаржы компанияларынан, құрылтайшы қаржыландыратын мекемелерден,
мемлекеттiк мекемелерден және қазыналық кәсiпорындардан басқа заңды
тұлғалар өз мiндеттемелерi бойынша өздерiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап
бередi.
Мекеме мiндеттемелер бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Олар
жеткiлiксiз болған жағдайда мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның
құрылтайшысы жауапты болады.
Мемлекеттiк мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен
жауап бередi. Мемлекеттiк мекеме ақша жеткiлiксiз болған жағдайда оның
мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе тиiстi
жергiлiктi атқарушы орган жауапты болады.
Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi
ақшамен жауап бередi. Қазыналық кәсiпорында ақша жеткiлiксiз болған
жағдайда оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметi немесе
тиiстi әкiмшiлiк аумақтық бiрлiк субсидиарлық жауаптылықта болады. Шарттық
мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк мемлекеттiк кәсiпорын туралы заң
актiлерiнде белгiленген тәртiппен туындайды.
Мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелер
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуге тиіс.
Мемлекеттік мекемелер жасасатын, бюджет қаражатын жұмсау көзделмейтін
азаматтық-құқықтық мәмілелер тіркелуге жатпайды. Мемлекеттік мекемелердің
азаматтық-құқықтық мәмілелеріне ақы олар тіркелгеннен кейін төленуге
жатады.
Арнайы қаржы компаниясы өз міндеттемелері бойынша Қазақстан
Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен
жауап береді.
Заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) немесе оның мүлкiнiң меншiк
иесi оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал заңды тұлға заңды
тұлғаның құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкiнiң меншiк
иесiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы Кодексте, өзге заң
актiлерiнде не заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көзделген жағдайлар
қосылмайды.
Егер заңды тұлғаның банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының)
немесе оның мүлкiнiң меншiк иесiнiң iс-әрекетiнен туындаған болса, заңды
тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) немесе
оның мүлкiнiң меншiк иесi несие берушiлер алдында субсидиарлық
жауапкершiлiкте болады.
Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту)
оның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның,
құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның
құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органның шешiмi бойынша, не заң
құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешiмi бойынша
жүргiзiледi. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.
Заңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын, арнайы қаржы компаниясын қайта құру зейнетақымен қамсыздандыру,
сақтандыру қызметі және секьюритилендіру туралы заңнамада көзделген
ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының
акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле
отырып жүзеге асырылады.
Соттың шешiмi бойынша заңды тұлға:
1) банкрот болған;
2) заңды тұлғаны құру кезiнде заңдардың түзетуге келмейтiн сипатта
бұзылуына жол берiлуiне байланысты оны тiркеу жарамсыз деп танылған;
3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетiн қызмет үнемi
жүзеге асырылған;
4) тиiстi рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметтi, не заң құжаттарында
тыйым салынған қызметтi жүзеге асырған, не қызметiн заңдарды бiрнеше рет
немесе өрескел бұза отырып жүргiзген жағдайларда, соның iшiнде заңда
белгiленген табыс ету мерзiмiнен кейiн бiр жыл өткен соң корпорациялық
табыс салығы туралы (жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерiмдер туралы)
декларация немесе оңайлатылған декларация табыс етпеген, заңды тұлға
орналасқан жерi бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай ақ
заңды тұлға бiр жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар
(қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған;
5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкiн.
Заңды тұлғаны тарату туралы сот шешiмiмен заңды тұлғаны таратуды жүзеге
асыру жөнiндегi мiндеттер оның мүлкiн меншiктенушiге, меншiк иесi уәкiлдiк
берген органға, заңды тұлғаны таратуға оның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк
берiлген органға, не сот тағайындаған басқа органға (тұлғаға) жүктелуi
мүмкiн.
Заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiне тиiстi жазба жасалғаннан кейiн
заңды тұлғаның таратылуы аяқталады, ал заңды тұлғаның өмiр сүруi тоқтатылды
деп есептеледi.
Заңды тұлға таратылған кезде оның несие берушiлерiнiң талаптары (
1) бірінші кезекте - жалақыдан және (немесе) өзге де кірістен ұсталған
алименттерді төлеу жөніндегі талаптар, сондай-ақ таратылатын заңды тұлға
өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін алдында жауаптылықта
болатын азаматтардың талаптары тиісті мерзімдік төлемдерді капиталға
айналдыру жолымен қанағаттандырылады;
2) екінші кезекте - банкроттық мәселелерін реттейтін заң актісіне
сәйкес талаптар сомасының бір бөлігі бесінші кезекте қанағаттандырылатын
жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдардың
еңбегіне ақы төлеу және өтем төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорына әлеуметтік аударымдар бойынша, еңбекақыдан ұсталатын міндетті
зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық
шарттар бойынша сыйақы төлеу жөнінде есеп айырысулар жүргізіледі;
3) үшінші кезекте - кредиторлардың таратылатын банкроттың кепілмен
қамтамасыз етілген мүлкінің міндеттемелері жөніндегі талаптары,
кредиторлардың-ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету
құқықтары кепілімен (ипотекалық куәлік кепілін қоса алғанда) қамтамасыз
етілген ипотекалық облигацияларды, сондай-ақ аталған облигацияларды
ұстаушыларда оларға меншік құқығы туындаған немесе мәмілелер бойынша не
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер
бойынша оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бағалы қағаздарын ұстаушылардың талаптарын қоспағанда, қамтамасыз ету
сомасы шегінде қанағаттандырылады;
4) төртінші кезекте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер жөніндегі берешек өтеледі;
5) бесiншi кезекте - заң құжаттарына сәйкес басқа да несие берушiлермен
есеп айырысылады.
Әр кезектiң талаптары оның алдындағы кезек талаптары толық
қанағаттандырылып болғаннан кейiн қанағаттандырылады.
Таратылған заңды тұлғаның мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда, егер заңда
өзгеше белгiленбесе, ол несие берушiлер арасында тиiстi кезекпен
қанағаттандырылуға жататын талаптардың сомаларына қарай бөлiнедi.
Тарату комиссиясы несие берушiнiң талаптарын қанағаттандырудан бас
тартқан не оларды қараудан жалтарған жағдайда, несие берушi заңды тұлғаның
тарату балансы бекiтiлгенге дейiн тарату комиссиясына талап қойып сотқа
жүгiнуге құқылы. Соттың шешiмi бойынша несие берушiнiң талаптары таратылған
заңды тұлғаның қалған мүлкi есебiнен қанағаттандырылуы мүмкiн.
Заңды тұлғаның несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн
қалған мүлкi, егер заңдарда немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында
өзгеше көзделмесе, оның бұл мүлiкке заттық құқықтары бар немесе заңды тұлға
жөнiнде мiндеттемелiк құқықтары бар меншiк иесiне немесе құрылтайшыларына
(қатысушыларына) берiледi.
Таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң жеткiлiксiз болуына байланысты несие
берушiлердiң қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекiткенге
дейiн мәлiмделмеген талаптары өтелген деп есептеледi.
Егер несие берушi талап қойып сотқа жүгiнбесе, несие берушiлердiң
тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да, сот шешiмiмен несие берушiге
қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледi.
Банкроттық - борышкердiң соттың шешiмiмен танылған оны таратуға негiз
болып табылатын дәрменсiздiгi.
Борышкердiң - жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның ақшалай
мiндеттемелер бойынша несие берушiлердiң талаптарын толық көлемде
қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен
еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп айырыса алмауы, салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорына әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын
төлеуді қамтамасыз ете алмайтын қабiлетсiздiгi сот белгілеген оның
дәрменсiздiгi деп түсiнiледi.
Банкроттық ерiктi түрде немесе мәжбүр ету тәртiбiмен танылуы мүмкiн.
Банкроттықты ерiктi түрде тану борышкердiң сотқа берген өтiнiшi
негiзiнде жүзеге асырылады.
Мәжбүр ету тәртiбiмен банкрот деп тану несие берушiнiң, ал заң
актiлерiнде көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiш беруi
негiзiнде жүзеге асырылады.
Төлем қабiлетi жоқ борышкерге оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның капиталын қалыптастырудың негізгі қағидалары
Компания капиталы
Кәсіпорынның айналым капиталының мазмұнының теориялық аспектілері
Компания капиталының құрылымы мен құны
Корпорация қаржыларын ұйымдастыру
Компанияның ақша қаражаттарын басқару туралы
Акционерлік қоғамның қаржысы
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Бизнесті бағалау
Интеллектуалдық капитал
Пәндер