Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы саяси элитаның қызметі (ХХ ғ. алғашқы ширегі)



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Ақпан төңкерісіне дейінгі саяси элитаның қызметі
1.1 Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық мемлекеттілік мәселесі ... ... ...11
1.2 Ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасуы кезеңі ... ... ...20

2 Ақпан революциясынан кейін мемлекеттілікті қалпына келтірудегі саяси элитаның күресі
2.1 Уақытша үкімет және ұлттық мемлекеттілік мәселесі ... ... ... ..28
2.2 Алашорда үкіметі, Түркістан (Қоқан) автономиясы . мемлекеттілікті қалпына келтіру әрекеті ретінде ... ... ..35

3 Кеңес өкіметі тұсындағы ұлттық мемлекет мәселесі төңірегіндегі саяси элитаның қызметі
3.1 Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы және саяси элитаның ұлттық мемлекеттілік құру жолындағы күресі ... ... ... ... ... ... ...48
3.2 Ұлттық территорияны межелеу кезіндегі саяси элитаның қызметі ... ... ... ...55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
Пайдаланған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Тарих факультеті

Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы
саяси элитаның қызметі (ХХ ғ. алғашқы ширегі)

Орындаған:
4 курс студенті __________________ Досымбеков Ө.А.

Ғылыми жетекшісі:
т.ғ.к., доцент ________________ Хасанаева Л.М.

Қорғауға жіберілді:
кафедра меңгерушісі,
т.ғ.д., профессор
___ _________ 2007ж. ____________ Қаражан Қ.С.

Алматы 2007

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Ақпан төңкерісіне дейінгі саяси элитаның қызметі
1.1 Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық мемлекеттілік

мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...11
1.2 Ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасуы

кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .20

2 Ақпан революциясынан кейін мемлекеттілікті қалпына
келтірудегі саяси элитаның күресі
2.1 Уақытша үкімет және ұлттық мемлекеттілік мәселесі ... ... ... ..28
2.2 Алашорда үкіметі, Түркістан (Қоқан) автономиясы –
мемлекеттілікті қалпына келтіру әрекеті
ретінде ... ... ... ... ... ..35

3 Кеңес өкіметі тұсындағы ұлттық мемлекет мәселесі
төңірегіндегі саяси элитаның қызметі
3.1 Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы және саяси элитаның
ұлттық мемлекеттілік құру жолындағы
күресі ... ... ... ... ... ... ...48
3.2 Ұлттық территорияны межелеу кезіндегі саяси элитаның

қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .62

Пайдаланған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта өз тәуелсіздігін алған Қазақстанның әлемдік
қауымдастыққа кіріп, Елбасымыз – Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдауындағы
әлемдегі бәсекелестік қабілеті бойынша алдыңғы елу елдің қатарына кіру,
сондай-ақ БСҰ-ға кіру алдында, дүниежүзілік тарихи дамуымен байланысы оның
өткен тарихын жан-жақты үйрену мен зерттеудің қажеттілігін көрсетіп отыр.
Әсіресе, мұндай қажеттілік күрделі кезеңдерге байланысты Қазақстан
тарихының мұқият зерттелуі мен зерделенуін талап етуде, әрі заңды құбылыс
болып отырғаны белгілі. Кеңес дәуірінің тарихнамасы әкімшілік-әміршілдік
саясат салдарынан тарихи жағдайлар мен әлеуметтік жайларды теріс
түсіндіріп, ақиқатты айтпай, қисынсыз теория мен тұжырымдарға жол беріп
отырды. Тарихи процестерді шындыққа жанаспайтиын партиялық таптық тұрғыдан
көрсету, оны маркстік-лениндік әдістеме негізінде түсіндіру осы жүйенің
заңы мен тәртібіне саналды. Осының нәтижесінде Қазақстан тарихында көптеген
ақтаңдақтар пайда болды. Солардың бірі – саяси элитамыздың мемлекеттілік
алу жолындағы бастапқыда патшалық Ресеймен, сосын Ақпан төңкерісінен
кейінгі уақытта большевиктермен саяси күресі.
Тақырыптың өзектілігі. Сөз етіп отырған тақырыбымыз өте күрделі де
қиын мәселе және өзіндік орны ерекше оқиға.Егеменді ел атанып, әлем
жұртшылығы танып отырған Қазақстанның жер көлемін айтқанда өткен 20-
ғасырдың барысында қалыптасқандай, Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан
кең өлке деп атауға қалыптасып кеткен түсінік бар. Осы аталған аралықтың,
яғни Атырау мен Алтайдың қашықтығы 3000 шақырым болса, Республикамыздың
Батыс Сібір ойпатынан бастау алатын Солтүстігі мен Тянь-Шань тауларына арқа
тірейтін Оңтүстік өлкесіне дейінгі ара-қашықтық 2000 шақырымға жуықтайды.
Барша жер көлемі 2 миллион 700 мың шаршы шақырымды қамтитын кең байтақ
алқап сеңгір таулармен қоршалған, құс қанаты талып, тұлпар тұяғы қызатын
атақты Қызылқұм, Мойынқұм, бір шеті қамтылған Қарақұм сияқты құмды
аймақтар, селдір селеу мен жусан көмкерген кең құлашты жазық далалары,
еншімізге солтүстік-шығыс бөлігі тиген Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі
мен жер бетін тілгілеген есепсіз көп өзендерден тұратын су айдындары бар
өлке қазақ жері болып аталғалы қай заман.
Осы аталған кең өлкенің төсінде ежелгі заманнан қоныс теуіп келе
жатқан, әлемдік өркениетті дамытуға өзіндік сүбелі үлесін қосқан түркі
тілдес халықтардың бір тармағы әрі ең іргелісі қазақ халқы саналады. Тарихы
біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІІІ мың жылдықтан бастау алатын халқымыздың
барша тағдыры осы ұлы даламен тығыз байланысты сабақтас, салалас, аралас,
ортақ.
Осыншалықты үрдіс қимылдар мен әрекеттердің нәтижесінде озат ел
атанған Қазақстанның бүгінгі болмысы, келбеті мен келешегі бүкіл
дүниежүзінің назарына ілініп, олардың ықылас-ниеттерін аударып, жаһандану
үрдісіне ілігіп, еліміздің БСҰ-ға кіруге дайындығы жүріп жатқанда және
Елбасымыздың әлемдегі бәсекелестігі жоғары 50 елдің қатарына кіру міндеті
қойылғанда өткен тарихымыздың (бұл жерде – қазақ саяси элитасының
мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы күресі) жетістіктері мен
жеңістерін, және сондай-ақ соңғы ХХ ғасырда орын алып отырған зобалаңдар
мен қайғы-қасіреттерімізді зерттеп, ой таразысынан өткізіп, болашағымыздың
іргетасын қалауымыз қажет1. Ал бұған тағы да қайталап айтсақ, өткенді
оқып-танып қана қол жеткізе аламыз. Орыс тарихшысы В.О. Ключевскийдің
сөзімен айтсақ: Тарих бізді оқып-тоқымаған сабағымыз үшін жазалайды.
Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақстанды бодандыққа кіргізген патшалық
Ресей, жетпіс жылдан астам уысында ұстаған Кеңестік жүйе әлеуметтік-
экономикалық, мәдени-ағарту сияқты салаларда қазақ халқының үлкен
жетістіктерге жетуіне, білім алып, ғылымды меңгеруде сан түрлі жаңа
қырларынан көрінуіне игі ықпалын тигізсе, ата-бабадан келе жатқан салт-
саналарымызды ұстануға, тіл байлығымызды сақтап қана қоймай, дамытуға
кереғар әсер етті. Еліміздің өмірінде жүзеге асып жатқан бүгінгі бетбұрыс,
барлық салаларда қайта түлеп жаңару жайы сол бір көп жылдар бойы кеудемен
жаншыған басқару жүйесінің езгісінде болып, өткенімізді білу күңгірттеніп,
ұрпақтың бірсыпыра бөлігі мәңгүрттеніп, ана тілі мен дінінен, дәстүр-
салтынан айжырай бастаған, шала қазақтар дегендердің саны көбей түсіп келе
жатқан кезде ғана қолға алынды.
Мінеки осындай бетбұрыстың нәтижесінде қазақ халқының өз тарихына
деген ынтасы мен ықыласы, пейілі мен құштарлығы, құмарлығы арта түсу
үстінде. Білсек деген сұрақтарға дана қарттардың жадында қалған естеліктер
мен мұрағаттардың терең шыңырауларынан шым-шымдап шыға бастаған шындықтар
арқылы жауаптар табылуда. Он алтыншы жылына аяқ басқан тәуелсіздігіміздің
барысында қазақ болсақ, кім едік, өткенімізден ғибрат аларлық не
дүниелеріміз бар, келешекте не күтіп тұр деген сұрақтар ашық қойылуда.
Шындығына келсек, әсіресе соңғы жеті-сегіз жылда жоғарыда қойылған
сұрақтарға азды-көпті жауап беретін бірсыпыра басылымдар мен жарияланымдар,
мақалалар, ірілі-уақты кітаптар жарық көріп жатыр. Көптеген тарихи
мәселелер шындық тұрғысынан қайта қаралып, өздерінің лайықты бағаларына ие
болуда.
Осы тұрғыда қазіргі уақыттағы қазақ халқының ұлттық жаңғыру, дербес
мемлекет ретінде қалыптасуын және Қазақстан Республикасының дүние жүзілік
даму процесінде алатын орнын айқындауын, сондай-ақ оның өткен тарихын жан-
жақты оқып-үйрену мен зерттеудің қажеттілігі арта түсуде. Қазақстан
Республикасының халықаралық қауымдастық мойындаған ұлттық зайырлы және
құқықтық мемлекет дәрежесінде қалыптасуы, қазақ халқының ғасырлар бойындағы
отаршылдық пен тоталитарлық жүйеге қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресі,
ұлттық мемлекеттіке бағытталған күрес нәтижесінде болды.
Мемлекеттілік мәселесіндегі қиын да күрделі үрдістерді зерттеу
барысында халықтың өзін-өзі танып-білуі жүзеге асады. Тарихи шындықты
зерттеп, зерделеп жария ете отырып бұл істі жүзеге асыратын – ұлттық
зиялылар. Қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы бөлігі ХХ басындағы 1905 жылғы
бірінші орыс революциясы идеяларының және сол кездегі қазақ қоғамының
әлеуметтік-экономикалық ықпалымен, сонымен қатар мұсылмандық қозғалыстар
негізінде қалыптасты.
Зиялы қауым өкілдері қазақ елін отарлық езгіден құтқаруда, ұлт-азаттық
пен тәуелсіздік жолындағы күресте әрдайым көш бастаушысы болды.
Мемлекеттілік мәселесі – қазақ зиялыларының алға қойған басты мақсаттарының
бірі еді. Бұл мәселені шешуде қазақ зиялылары Ресей Думасын, патша
әкімшілік органдарын пайдаланды. Сондай-ақ олар халыққа елдің тәуелсіздігі
мен дербестігі туралы өз ой-пікірлерін жеткізуге күш салып, бұл үшін
Айқап журналына Қазақ, Дала уалаяты, Алаш, Сарыарқа, Қазақстан,
Бірлік туы газеттеріне мақалаларын жариялып отырды. Олардың бұл идеялары
із-түссіз кетпеді, оны қазіргі уақыттың өзі көрсетіп отыр.
ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамы балама (альтернативті) даму жолы
болды ма, жоқ әлде большевиктер ұсынған бағыт па еді деген сұраққа жауап
беру үшін қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі мен мемлекеттілік үшін
жүргізген күресін зерттеу қажет. Мұның өзі күрделі де көкейкесті мәселені
терең ұғынуға жетелейді.
ХХ ғасырдың басында мемлекеттілік үшін күрес жаңа қарқын алды және
оның сипаты да жаңаша болды. ХХ ғасыр басына дейін ұлттық мемлекеттілікті
қалпына келтіру әрекетін қазақ қоғамындағы басқарушы топ – сұлтан, би,
батырлар халықтың талабын ұғынып, іске асыруға күш салуынан көреміз.
Мысалы, Кенесары Қасымұлы бастаған халық қозғалысы осындай әрекеттің
көрінісі болды. Бірақ, бұл әрекеттер белгілі бір себептерге байланысты
сәтсіз аяқталып отырды.
ХХ ғ. басындағы мемлекеттілік үшін күрестің мәні мен мазмұны нақты
бағдарламалық сипат алды. Бұл жерде, біріншіден, қозғалыс басына ұлт
зиялылары келді. Олар азаттық идеологиясын жасау, саяси партия құру сияқты
күрделі мәселелерді қолға алды. Екіншіден, қазақ саяси элитасы бұл мақсатқа
жетудің түпкі жолдары мен құралдарын да қарастырды. Саяси элитаның түсінігі
бойынша мақсатқа жеткізер негізгі ішкі мәселені – ұлттық тұтастыққа жету
және жалпыұлттық сананы қалыптастыруды шешу керек еді.
Ресей империясындағы басқа да ұлттардың, соның ішінде мұсылман және
түркі халықтарының дербес мемлекет болуы жолындағы күресте күш біріктіру де
маңызды фактор болды. Дербес мемлекеттілік үшін күрес дәл осы тарихи
кезеңде ұлттық ауқымда ғана емес, сондай-ақ жалпыресейлік кеңістікте де
жаңа мақсаттагы сапаға көтерілгенін көреміз.
ХХ ғ. бас кезіндегі мемлекеттілік жолындағы күрес пен бүгінгі таңдағы
мемлекеттілік және тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы процестердің
арасында тікелей сабақтас байланысты аңғару қиын емес.
Қазақ саяси элитасының қоғамдық қызметінде мемлекеттілік үшін күрес
әдістері болды ма, жоқ әлде саяси топтардың патриоттық, ұлт-азаттық
жолындағы күресте қолданған өзге әдіс тәсіл жолдары болды ма? Осындай
сұрақтардың жауабын табу біз өмір сүріп отырған тарихи кезеңдегі алдымызда
тұрған міндеттерді тура түсіну мен пайымдау үшін қажет.
Зерттеу тақырыбының зерттелу деңгейі. Қарастырып отырған тақырыпты
қамтитын зерттеулерге ХХ ғ. бас тұсында шыққан еңбектердің ерекшелігі,
мәселенің негізгі мәнін ашып көрсететін жан-жақты талдау, деректерді
негізге алу тәсілдері жатады деп білеміз.
Біз қарастырып отырған тақырып бойынша В.Герьенің Первая русская
Государственная Дума. Политические воззрения и политика ее членов 2 -
деген еңбегі маңызды.
А.Байтұрсыновтың Революция және қазақтар атты мақаласында қазақ
мемлекеттілігін жаңғыртудағы Алашорда үкіметінің халықтық сипатын көрсете
отырып, болашақта құрылатын Кеңестік Қазақ мемлекетін де ұлттың өзін-өзі
басқару мәселесін және Одақтағы билік өз кезегінде аймақтағы билікпен
санасуының қажеттілігін көрсетеді3. Г.Сафаровтың Колониальная революция
(Опыт Туркестана) мен П. Алексеенковтың Кокандская автономия (Революция в
Туркестане) еңбектерін сараптап пайдаланудың объективті шындықты қайта
қалпына келтіруге септігін тигізері сөзсіз4.
Қазақ мемлекеттігін жаңғырту мәселесіне қатысты ресми тұрғыда таптық
және партиялық тұрғыдан зерттеу Ф. Голощекиннің Қазақстанның партия
ұйымын басқаруға келген уақытынан бастап күшейе түсті.
Осы кезеңнен бастап Алаш партиясы, Алашорда үкіметі Түркістан (Қоқан
автономиясы) мен жалпы қазақ саяси элитасының қызметтерін қаралайтын
еңбектер пайда бола бастады. Мұндай әрекеттердің басында әр уақытта Өлкелік
партия комитеті болғандығы мұрағат құжаттары растайды. Партиялық
тапсырыстармен республикалық мемлекеттік баспаның сол уақыттағы директоры
А.К. Богачев 1927 жылы Алашорда туралы Краткий исторический очерк о
национальном-буржуазном движений в Казахстане периода 1917-1919 гг. атты
кітапшасын жазып шығарды5. Бұл еңбек партияның идеологиялық тапсырысымен
жазылғандығына қарамастан, құжат материалдардың дерек ретінде
келтірілгенімен өз құндылығын осы күнге дейін жойған жоқ.
Белгілі қазақ қайраткерлері Т.Рысқұловтың Избранные труды,
С.Асфендияровтың Қазақстан тарихының очерктері, М.Тынышпаевтың История
казахского народа еңбектерімен қатар қазақ қоғамын зерттеуші тарихшылар
Е.К. Федоровтың (История Казахстана конца ХІХ и начала ХХ века) және М.
Вяткиннің (Очерки по истории Казахской ССР) еңбектерін атауға болады. Осы
уақытта Қазақ кеңес республикасының қалыптасуын тарихшылармен қатар
заңгерлер де зерттеді. М.С. Сапарғалиетің Возникновение Казахской
Советской государственности деген еңбегінде ұлт зиялыларының қазақ қоғамын
саясаттандырудағы іс-әрекеттерін Қазақстандағы Кеңес төңкерісінің
жеңістерімен салыстырмалы түрде көрсетті6.
Сондай-ақ 60-80 жылдары аралығындағы зерттеулер арасында М.С.
Бурабаевтың Становление социалистического сознания в Казахстане,
П.Пахмурныйдың Большевики Казахстана в революции 1905-1907 годов, Д.И.
Дулатованың Историография дореволюционного Казахстана (1871-1917 гг.), В.
Григорьевтың, И.Т. Тагировтың, С.Климовтың, Н.П. Ерошкиннің, А.Ш.
Туганбаевтың, С.З. Зимановтың, Г.Т.Таймановтың, С.Сартаевтың еңбектері
болды7. Бұл кезеңде жарық көрген еңбектердің ерекшелігі пролетариат пен
еңбекші бұқараның ұлт-апзаттық қозғалысындағы тізе қосуымен қатар
панисламизм, пантүкизм мәселесі де қарастырылды.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап ұлттық-мемлекеттілік
құрылымдардың трихи тәжірибесін зерттеу мәселесі күн тәртібіне өзекті
мәселе болып шықты. Қазақстандық ғалымдар қазақ мемлекеттігін жаңғырту
мәселесіне қатысты, яғни хандық билік жойылғаннан бастап, Алашорда үкіметі,
Түркістан (Қоқан) автономиясының ұлттық-мемлекеттілік құрылым ретіндегі
қызметін және ғасыр басындағы ұлт-зиялыларының тәуелсіздік жолындағы
қоғамдық-саяси қызметін талдап көрсететін іргелі зертеулер жасап, еңбектер
жазды. К.Нүрпейісов Алаш һәм Алашорда, М.Қойгелдиев Алаш қозғалысы,
Тарих тағлымы не дейдлі?, Мұстафа Шоқай және Тұтас Түркістан идеясы,
Ұлттық саяси элита, Т.Омарбеков 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті,
ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері, О. Қоңыратбаевтың
Тұрар Рысқұлов саяси және мемлекеттік қызметі, Қ.Атабаев Қазақ баспасөзі
Қазақстан тарихының дерек көзі(1870-1918), Д.Аманжолва Казахский
автономизм и Россия сияқты құнды еңбектерімен қатар заңгерлер С.Өзбеков
Арыстары алаштың, К.А. Жиренчин Политическое развитие Казахстана в ХІХ
начале ХХ веков, М. Құл-Мұхамед Ж.Ақпаев саясатшы, заңгер деген
еңбектері зерттеуді ұлттық мүдде тұрғысынан қарастырған8.
Тақырыптың деректік көзі. Жұмыстың жазылуы барысында төмендегідей
дерек көздері пайдаланылды: ХХ ғасырдың бас кезінде шыққан Қазақ, Бірлік
туы, Сарыарқа, Еңбекші қазақ, Ақ жол қазақ тіліндегі газеттер, орыс
тілді Новое время, Туркестанские ведомости, Трудовое знамя және
Жизнь нациоальностей басылымдары да қолданылды.
Диплом жұмысымыздың тақырыбын аша түсуге И.Гаспринскийдің, З.
Валидидің, Ә.Бөқейхановтың, Г. Исхакидің шығармалары мен Ә.Такенов пен М.
Қойгелдиев құрастыруымен шығарылған Мұстафа Шоқай. Мария Шоқай.
Естеліктер. атты еңбектер өз септігін тигізді9
Кеңес өкіметі тұсында жазылған қазақ мемлекеттілігі туралы еңбектер
тікелей ресми саясатқа тәуелді болды. Осы уақытта ұлт-азаттық қозғалысы,
ұлттық мемлекеттілік үшін күрескен қайраткерлерді қуғындау М.Х.
Сұлтанғалиевтің ісі деген саяси процестен кейін ресми сипат ала бастады.
И. Сталиннің ұғымындағы сұлтанғалиевшілдік - пантүркішілік,
панисламшылдық сияқты ұғымдармен үндес болды 10, 369 б..
Мұрағат материалдары арнайы зерттеулерден алынды, оларғды қолданғанда
сілтеме мәлімет алынған еңбектерге жасалынды11, 123б.
Хронологиялық шеңбері. ХІХ ғасырдағы хандық билік жойылғаннан кейін
мемлекетілік мәселесі бірнеше рет көтерілген. Оның ішінде, әсіресе ең
елеулісі Кенесары ханның он жыл бойы жүргізген күресін ерекше атап өтуге
болады. Осыдан кейінгі ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту мәселесі кеңінен
көтерілген уақыт ХХ ғасырдың бірінші ширегіне келеді. ХХ ғ. бас кезінде
қалыптасып үлгерген ұлттың саяси элитасының Мемлекеттік Думалардағы, 1905-
1907 жжірінші орыс революциясынан кейінгі уақытағы қызметінен бастап, Ақпан
төңкерісінен кейінгі Алашорда мен Түркістан (Қоқан) автономиясының тарихын
қоса, Кеңес үкіметі толығымен орнап, ҚазАССР-нің территориясы анықталып,
оның межеленуіаяқталғанға дейінгі кезеңді қамтимыз.
Жұмыстың құрылымы. Жоғарыда көрсетілген мақсат пен міндеттерді
орындап, тақырыпты анағұрлым толығырақ ашып көрсету үшін жұмыс құрылымын
төмендегідей алдық. Жұмысымыз кіріспе, үш тарау, қорытынды және әдебиет
тізімінен тұрады. Бірінші тарауда патшалық Ресей тұсындағы Бірінші және
Екінші Думадан бастап Ақпан төңкерісіне дейінгі саяси элитамыздың
мемлекеттілік жолындағы саяси күресі қарастылады. Ал екінші тарауда Ақпан
төңкерісінен бастап Кеңес өкіметі билікті толығымен өз қолына алған кезең
аралығында ұлттық саяси элитаның мемлекеттілікті жаңғырту жолындағы күресі
қарастырылады. Мұнда Алашорда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясы
мәселелері талқыланады. Үшінші тарауда Кеңес үкіметі нықтап орнаған
кезеңнен бастап Қазақстан территориясы межеленгенге дейінгі аралықтағы
саяси элитаның қызметі мен күресі ашып көрсетіледі. Қорытындыда жұмыстың
нәтижелері келтіріледі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысымыздың мақсаты – қазақ
саяси элитасының біз көрсетіп отырған кезеңде мемлекеттілік мәселесін
көтеріп, оған жету жолындағы қоғамдық-саяси қызметінің негізгі бағыттарын
осы тарихи кезеңдегі қалыптасқан тарихи, саяси, рухани өзгерістермен
байланыстыра отырып талдау.
ХХ ғасырдың басындағы Мемлекеттік Думадағы, Уақытша үкімет тұсындағы
және одан кейінгі Кеңес үкіметі тұсындағы саяси элитаның мемлекеттілікті
жаңғырту жолындағы күресі мен қызметтері, сондай-ақ Орталықтың Қазақстан
мен Орта Азия территориясын межелеу бағытындағы әрекеттерін айқындап
зерделеу жұмысымыздың бір көрінісі болып табылады.
Саяси элитаның алдында күрделі мәселелер тұрды. Қалыптасқан жаңа саяси
жағдайға лайық жаңа әдіс-тәсілдер, жаңа айла-амалдар қажет болды. Осы
кезеңнен бастап саяси элита елде жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық
қозғалысқа саналылық серпін беру мақсатында газет шығару, күреске шақырған
кітаптар бастырып тарату, қоғамдық саяси талаптар қойған петициялар
ұйымдастыру сияқты күрес құралдарын игере бастады.
Қазақ зиялыларының кеңестік дәуірге дейінгі және кеңестік дәуірдегі
қазақ қоғамының саяси дамуына байланысты қоғамды-саяси және мемлекеттілік
мәселесіне көзқарастарын ашып тыңғылықты таңдаудап, сараптаудың маңызы зор.
Осы жәйттерді ескере отырып, жұмысымызда төмендегідей міндеттер
қойылып отыр:
- тақырыпқа байланысты дерек көздерін айқындап, жинастыру және
талдау;
- саяси элитаның ХХ ғасыр басындағы қазақ мемлекеттілігін
жаңғырту жолындағы идеологиялық күресінің бағыттарын анықтау;
- қазақ саяси элитасының қазақ мемлекеттігін жаңғырту жолындағы
идеологиялық күресінің бағыттарын анықтау;
- Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және Қазан
төңкерісі кезіндегі қазақ саяси элитасының ұлттық
мемлекеттілікке қол жеткізу жолындағы жүргізген күрестерінің
бағыттарын анықтау;
- Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі Қазақ Республикасындағы саяси
басшылықтың, Түркістан Республикасы қайраткерлерінің ұлттық
тұтастыққа қол жеткізуге үндеген қызметтеріне талдау жасау;
- Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту жолындағы күрестің жеңіліс табуы
және ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру идеясының іске
аспау себептерін зерттеп анықтаудың маңызы зор.

1. АҚПАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ САЯСИ ЭЛИТАНЫҢ
ҚЫЗМЕТІ

1.1 Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық мемлекеттілік
мәселесі
XX ғасырдың басында түpкi және мұсылман халықтарының мұсылмандық
қозғалысы патша өкіметінің отарлық езгісіне қарсы ұлттық, мәдени және саяси
талаптарға негізделген демократиялық сипаттағы күрес болды. Бұл қозғалыстың
негізі түрікшілдік пен исламшылдық қорғанушылар идеологиясы болды.
Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуына Ресей империясының қол астында
отаршылдардық тепкісін көріп, тауқыметін тартқан туркі тілдес және өзге де
мұсылман халықтарының әлеуметтік-саяси жағдайы төзгісіз болуы ықпал етті
Патша өкіметінің отаршылдық саясаты, қоғамдық өмірдің барлық салаларын
орыстандыруға бағытталған әрекеті империядағы мұсылман халықтарының тұрмыс-
тіршілігін тығырыққа тipeп, дағдарысқа ұшыратты. Мұның өзі Ресей
мұсылмандарының наразылығын туғызып, азаттық жолындағы күреске жетеледі.
Ресей мұсылмандарының азаттық күpeci Ақпан революциясынан кейінгі
кезеңде мұсылмандық қозғалысқа ұласып ұлттык автономия құруды мақсат еткен
"унитарлық" және "федеративтік" ағымдарды күшейте түсті.
Ұлттық автономияға қол жеткізуді мақсат еткен "унитарлык" және
"федеративтік" ағымдардың пайда болуын жалпы XX ғасырдың бас кезіндегі
мұсылмандық қозгалыс тарихынан тыс қарастыру мүмкін емес. Ceбeбi бiз
қарастырып отырған мәселеніңд түп-тамыры Ресей мұсылмандық қозғалысымен
тығыз байланысты. Сондықтан да мәселені жан-жақты дәлелдеу үшін және оның
мәнін ашу мақсатында, XX ғасырдың бас кезіндегі мұсылман қозғалысымен
байланыстыра талдауды жөн көрдік.
Жалпы отаршылдық тауқметін, ұлттық eзгінi бастан кешipiп жатқан
мұсылман халықтары қозғалысының өpicтeyiнe 1905 жылы басталған орыс
революциясы ықпал етті. Осы кезеңде Ресей мұсылман халықтарының талап-
тілектерін тұжырымдап, олардың саяси әрекеттерін бip ортаға бағыттау үшін
жалпыресейлік мұсылман съезін өткізу мәселесі көтеріле бастады. Сөйтіп
бipiншi орыс революциясы тұсында үш мәрте жалпыресейлік деңгейдегі мұсылман
съезі өткізілді 12.
1905 жылдың соңына қарай мұсылман халықтарының саяси белсенділігін
арттыру мақсатында Орынборда, Семейде, Петропавлда, Қызылжарда, Астраханьде
мұсылмандык қоғамдар құрылды.
1905 жылғы 17 қазандағы патша өкіметінің манифесінен кейінгі ipi
оқиғалардың бipi түз халықтарын азаттық күреске "Автономистер одағының"
құрылуы құлшындыра түсті. Автономистер съезі "Бостандық манифесін"
жариялады 13.
Осы съезде М.Тынышпаев қазақ халқының атынан сөз сөйлеп отаршыл
үкметтің "біріншіден, қазақтардың тілін, салт-дәстүрін, діни сенімін, жалпы
ереже болмысын тағылық және айуандықпен жазалау және қуғындау арқылы оны
тәуелсіз ұлт ретінде жойып, бүтін өлкені орыстандырып жіберуді; екіншіден,
түрлі шаралар, нұсқаулар және ережелер арқылы қыргыздарды (қазақтарды)
құқықсыз, заңнан тыс тобырға айналдыруды, үшіншіден, оларды ата-мекен
жерінен айырып, нәрсіз шөлге ығыстырып, өлім халіне жеткізуді көздейтінін"-
дәлелдеп айта отырып, алдағы уақытта халыққа автономиялық дәрежеде болса да
еркіндік бepyiн талaп еткен еді.14
Бостандык, манифесінен кейінгі мерзімде мұсылман басылымдарын
көбейтіп, 1905-1906 жылдары 50-ден астам мерзімді баспасөз құралдары
жарияланып тұрды 15, 44б.. Олардың арасында әcipece А.Ибрагимов
жетекшілігімен 1905 жылдың желтоқсан айынан бастап шыға бастаған "Улфат"
және Ф.Каримовтың редакторлығымен "Вакыт" газеттері қазақ даласына танымал
бола бастады. "Улфат" газетінің беттерінде қазақ зиялыларының еңбектері
жарияланып тұрды.
Мәселен,
М.Тынышпаевтың автономистер съезінде сөйлеген cөзi және "Тар заман" атты
мақаласы, Ж.Сейдалиннің қазақтарды бірлесіп Құрылтай шақыруға арналған
үндеуі және т. б газет беттерінен көpiнic тапты 16,61б..
Мемлекеттік Думаға сайлау науқаны жақын қалуына байланысты
жалпыресейлік мұсылмандық қозғалысында мұсылман халықтарының қозғалыс
алдында мұсылман халықтарының сайлау кезіндегі тактикасын, олардың сол
кездегі саяси партияларға көзқарасын айқындау, жеке мұсылман партиясын құру
үшін дайындық мәселелері осы кезеңде өзекті мәселеге айналды. Осы мақсатқа
жету үшін кезекті жалпыресейлік мұсылман съезін шақыру міндеті қойылып,
"Улфат" газеті дайындық шараларын жүргізді.
Съезд 1906 жылы қаңтардың 15-23 аралығында Петербургте өтті. Съезде
қаралған басты мәселенің бipi мұсылман партиясын құру болды. Делегаттар
А.Ибрагимов пен А.Топчибаев әзірлеген партия бағдарламасы мен жарғысын
талқылауға көп уақыт бөлді. Олар мұсылман партиясының қалай аталу
қажетігіне де ерекше мән берді. Көпшіліктің ұсынысымен мұсылман партиясы
"Ресей мұсылмандарының одағы" деп аталатын болды. Әйтсе де мұндай партия
ғылыми әдебиеттерде "Иттифақ" ұйымы деген атаумен көпшілікке танымал 17,
3б..
Мұсылмандық қозғалыс өз қызметін бұдан кейнгі кезеңдерде де
жалғастырды. Әйтсе де оның қоғамдық-саяси әрекеті Ақпан революциясынан кейн
айтарлықтай мәнді де қарқынды бола түсті. Күшейе түскен ұлттық езгімен
қатар бipiнiшi дүниежүзілік соғыс ауыртпалықтары, сондай-ақ 1916 жылғы ұлт-
азаттық қозғалыс зардаптарын бастан кeшipiп жатқан Ресей мұсылмандары Ақпан
революциясы жеңісі үмітпен қарап, қуана қарсы алды.
Ақпан революциясының жеңісі ұлттық езгінің күш-қуатын әлсіретуге және
халықтық демократияның қалыптасуна мүмкіндік берді. Халықтың өзін-өзі
басқаруына алғышарттар жасады. Алайда Ақпан революциясының жеңісі қоғамдық
өмірдің барлық мәселелерін шeшiп бере алмады. Уақытша үкімет жер, соғыс,
қоныс аудару тәрізді мәселелерге келгенде "ұзын арқан кең тұсауға" салды.
Уақытша үкімет соғысты жеңіске жеткенше жалғастыра беру керек деген
желеумен оны шешуден бас тартты. Өзге де мәселелерді, соның ішінде
ұлттардың өзін-өзі басқаруын құрылтай жиналысының eншісінe қалдырды.
Осындай жағдайда ресейлік мұсылмандық қозғалыс өзі көздеген
мәселелерді өз мүддесіне сай шешуге ұмтылды. Ресей мұсылмандарының Уақытша
орталық бюросы Уақытша үкіметтің азаматтық келісім саясатын және құрылтай
жиналысы арқылы саяси-әлеуметтік мәселелерді бейбіт түрде шешуді жақтады.
Сондықтан да мәселелердің таптық тұрғыдағы қойылымына қарсы болып,
наразылық білдірді. Ceбeбi мұсылман халықтары ұшін ең басты мақсат орталық
тәуелділіктен құтылып, өзін-өзі басқаруға қол жеткізу болды. Осыған орай
таптық бағыт мұсылмандық қозгалыс үшін аса қажет болмады. Сонымен қатар
Ресей мұсылмандарының Уақытша орталық

бюросы большевиктер партиясының саясаты мен идеологиясын
қолдамады. Жергілікті жерлерде болып жатқан жұмысшы және солдат
депутаттары кеңестеріне де оң қабақ таныта алмады.
Уақытша үкіметтің Қазақстандағы ұлттық тipeгi 1917 жылғы наурыз айынан
құрыла бастаған қазақ және мұсылман комитеттері болды. Қазақ комитеттерін
құруға қазақ зиялылары белсенді әрекет eттi. Облыстық және уездік қазақ
комитеттері Уақытша үкіметтің саяси жүйесінде қазақ елінің ұлттық мүддесін
көздеу мақсатында құрылды 18.
Ақпан революциясынан кейін 1917 жылы cәyip айында Түркістан өлкесінде
ipi қоғамдық-саяси ұйым "Шуро-и-ислам" құрылды. Ұйымгға өзбек халкының
көрнекті қайраткері М.К. Абдурашидханов жетекшілік етті 19, 282б.. "Шуро-
и-ислам" ұйымы өлке мұсылмандарының мүддесіне орай Уақытша үкіметті қолдап,
үкімет орындарына мұсылмандардан өкіл енгізуді мақсат етті. Сонымен қатар
аталмыш ұйым мыналарды жүзеге асыруды көздегсн еді: " Kaзipгi кездегі
алдыңғы қатарлы қоғамдық-саяси көзқарастарды мұсылмандарға насихаттау;
Ортақ мақсат үшін мұсылмандарды бipiктipy; Ескі бил1к өкілдерін жаңа
өкілдермен ауыстыруды ұйымдастыруда тұрғындаға кемектесу; Болуы мүмкін
ұлтаралық шиеленістің алдын алу жәе арандатушылыққ қарсы күрес; Өлкедегі
барлық ұлттар мен олардың ұйымдарымен байланыс орнату, сондай-ақ
мұсылмандардың негізгі мақсатымен оларды таныстыру"20, 27б.
1917 жылдың көктемінен қазақ қоғамында айтарлықтай саяси оқиғалар
болып өтті. Қазақ зиялылары бүкілресейлік Құрылтай жиналысына әзірлік
жүргізу, шешімін күткен бірқатар мәселелерді жалпыұлттык деңгейге көтеріп,
саяси сипат беру міндетін қойды. Осындай міндеттердің бipi, түрлі деңгейде
жиналыстар, съездер өткізу болды. Осы мақсатта облыстық деңгейдегі съездер
1917 жылдың cәyip-мамыр айларында Орынборда, Оралда, Семейде, Жетісуда,
Омбыда өткізілді. Облыстық қазақ съездері күн тәртібіне жер, дін, соғысқа
көзқарас, бұрынғы чиновниктерді орнынан алу, Уақытша үкіметтің жергілікті
билік органдарын құру, Ресейдің болашақ мемлекттік құрылысы және т.б
мәселелер қойылып, бұлар жөнінде қарарлар қабылданды. Мемлекеттік құрылыс
мәселесінде қазақ съездері Ресейдің демократиялық федеративтік республика
болуын жақтады.
Облыстық қазақ съездері 1917 жылы 1 мамырда басталатын
жалпыресейлік мұсылман съезіне де назар аударды. Торғай, Орал,
Ақмола облыстық съездерінің күн тәртібінде жалпыресейлік мұсылман съезі
арнайы мәселе ретінде қаралып, оған делегаттар сайланды.21, 136б.
Жалпыресейлік мұсылман съезі 1917 жылы 7-10 cәyip аралығында Орынбор
қаласында өткен мұсылмандар мәжілісінде де қаралган еді. Осы мұсылман
мәжилісіні қатысқан қазақ өкілдері де Торғай облыстық қазақ съезінің
делегаттары болатын. Мәжіліске қатысқан қазақ өкілдерінің ішінде
Ә.Бөкейханов, А.Байтурсынов, У.Таналиев, С.Қадырбаев және тағы басқалар
болды22.
Мәжілісте басты мәселе ретінде мемлекеттік құрылыс мәселесі қаралды.
Мәжіліс депутаттары бірауыздан Ресейдің федеративтік демократиялық
республика болуын қалайтындықтарын білдірді.
1917 жылдың 16-22 cәyip аралығында Ташкентте Түркістан мұсылмандарының
съезі болды. Мемлекеттік мәселе төңірегінде съезд өкілдері Ресейдің
федеративтік республика болғандығын қалайтын өлке халықтарының пiкipiн
ерекше атап өтті. Әйтсе де мұсылмандық қозғалыста мемлекеттік құрылыс
мәселесі жөнінде зиялылардың көзқарастары түрліше болды.
Мұсылман халықтарының ұлттық қозғалысында дербес саяси дамуда
автономияга қол жеткізу мәселесі кең қанат жайды. Осы мәселе төңірегінде
екі түрлі ағым бой көрсетті: оның бipi унитарлық, eкiншici федеративтік.
Бipiншi ағымды қолданушылар орталықтанған біртұтас үкімет билігі бар Ресей
республикасының шеңберіндегі мәдени ұлттық автономия құру идеясын ұстанды.
Екіншілері федеративтік
негіздегі
Ресей республикасының құрамындағы территориялық автономияны жақтады 23,
15б..
Мәдени-ұлттық автономияны жақтаушылар, яғни унитаристер мұсылмандардың
территориялық автономия алу мүмкіндігін жоққа шығарды. Дегенмен шет
аймақтарға қарағанда iшкi Ресейдегі мұсылмандардың шашыраңқы және
территориялық жағынан қолайсыз орналасуына байланысты оны жүзеге асыру
мүмкін емес деген көзқараста болды. Осындай көзқарас танытушылардың бipi
Ресей мұсылмандарының Уақытша орталык бюросының төрағасы А.Салихов еді,
Оның пiкipiншe Ресей мұсылмандарының тұтастығын, бірлігін сақтап қалатын
бipдeн-бip құрылым мәдени-ұлттық автономия. Өйткені территориялық автономия
мұсылман халықтарын жақындатудан гөpi оларды бip-бipiнeн алшақтата
түседі24, 111б.. Осылайша мұсылмандық қозғалыста автономия алу
мәселесінде мұсылман жұртшылығының алдында автономияға байланысты нақты
тиімді құрылымды таңдап алу міндетін қойды.
Ресей мұсылмандарының Уақытша орталық бюросы және жер-жерлерде ұлттық
қоғамдық-саяси ұйымдарының құрылуы, мұсылман халықтары өкілдерінің
мемлекеттік құрылысқа қатынасуы, елдің саяси өмipiнe араласуы тәрізді
әрекеттері шет аймақтардағы тұрғындардың сана-сезімінің оянуына қозғау
салып, олардың арасында да күрескерлік әрекеттер жандана бастағандығы
байқалады. Жергілікті жерлерде өткізілген мұсылман халықтарының съездері
мен мәжілістері де осының бip көpiнici және дәлелі бола алады. Осындай жаңа
cepпілікe ие болған мұсылмандық қозғалыс орталықтанған билік пен орталық
езгінің түбірімен жойылуына, Ресейдің демократиялық республика болып
құрылуына шеткері аймақтар халықтары да сырт қалмай, атсалысып белсене
қатысуға үндейді.
Сонымен бipre Ресейде қалыптасқан жаңа саяси жағдайдағы

мұсылмандық қозгалыста империя мұсылмандарының
талап-тілектерін тұжырымдап, ic-әрекеттерін бip арнаға түcipyre басты назар
аударылды.
Мұсылмандық қозғалыс Уақытша үкімет шеңберінде мемлекеттік құрылым,
оқу-ағарту, мәдениет т.б. мәселелерді нақтыландырып, жүйелеу мақсатында
Уақытша орталық бюроның ұйымдастыруымен 1917 жылдың 1-11 мамыр аралығында
жалпыресейл1к мұсылман съезін өткізді. Съезге 800-ден астам делегат
қатысты. Олардың арасында Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов, К.Тоғысов,
А.Теміров, Р.Әлібеков, М.Жұмабаев, У.Танашев сияқты қазақ зиялылары болды
25.
Съезде жер, дін, әйел, оқу-ағарту, жергілікті басқару мәселелерімен
қатар Ресейдің мемлекеттік құрылымы туралы мәселе де қаралды. Сонымен қатар
съездің сегіз секциясында даулы мәселелер күн тәртібіне қойылды. Әcipece,
мемлекеттік түpi қандай болуы керек жайында үлкен талас-тартыс болып,
уақыттың көбін алды 26. Съезде Уақытша Петроградта болып тұрган Ресей
мұсылмандарының бюросының төрағасы Ахметбек Салихов бip баяндама, Кавказ-
Әзербайжан өкілімен Бек Расулзада бip баяндама даярлап алып келіп, талқыға
салды. А.Салихов ұсынған мемлекеттік түpi – демократиялық, ынталықтанбаған,
парламенттік, унитарлық республика, яғни мемлекет билігі халықтың өз
қолында болып, бүтін Ресейдегі жұрт бөлінбей тұтас тұру. Бек Расул Зада
ұсынган мемлекеттік түpi – демократиялық фeдepaтивтiк республика, яғни әр
жұрт өз тiзгiнін өзі алып, өз icтepiн өздері бітіріп, бөлектеніп, жалғыз-ақ
мемлекетке ортақ icкe қатынасып тұру болды 27.
Баяндамашылардың ұсынған идеялары нeгiзiндe съездегі өкілдер eкiгe
бөлініп, екі түpлi позиция қалыптасты. Бip жағы – унитаристер, екінші жағы
– федералистер. Съезде делегаттар аталған мәселеге орай Ресейдің 30 млн.
мұсылмандарының федеративтік негіздегі демократиялық республиканы
жақтайтындықтарын білдірді. Алайда делегаттардың басым бөлігі Ресей
мұсылмандарының Уақытша орталық бюросының төрағасы А.Салиховтың пiкipiн
бөлicтi. А.Салихов мұсылман съезіне дейінгі мемлекеттік құрылыс хақындағы
көзқарасынан бұлтартпады. А.Салихов өз пікірін ортаға сала отырып,
федералистер көзқарастарының бұрыстығына көз жеткізуге тырысты. Уақытша
орталық бюроның төрағасы осы тұрғысындағы пайымдауын былайша көpceттi:
"Федерация аламыз деп тұрган халық – қазақ, сарт, Кавказ Һэм басқалар.
Tiптi надан, оларда неше түpлi завод-фабрика жоқ. Оны шығарарлық оқымысты
жұрт емес. Ғылым, бiлiм, өнерден бос, құр алақан. Осындай караңғы халыққа
федерация берсек, байлар, хан тұқымы-ақсуйектер, бектер халык билігін
қолына алып, баяғы Николайдың заманында істелген icтepдi өз тұқымына
icтeйдi" 28.
Мұның өзi унитарлық ағымды ұстанушылардың пікірінше Ресей Федеративтік
нeгiздeгi мемлекеттік құрылым болса, онда жер мәселесі ұлттық мүдде
тұрғысында шешілу мүмкіндігінен айырылады. Сондай-ақ мұсылман жұмысшылары
жaлпыpeceйлiк игіліктерді пайдалануы тиіс, мұның өзі мемлекет үшін де, оның
тұрғындары үшін басты мәceлeлepдiң бірінен саналады. Унитаристердің
пiкipiншe территориялық федерализм мұсылмандардың бытырап кетуіне жағдай
жасайды. Сонымен қатар саяси күштердің әлcipeyiнe, әйелдер және ұлт
мәceлeлepiнiң шешілуіне кepi ықпалын тигізеді. Ceбeбi федеративік құрылым
бip мемлекетте бipнешe автономияның пайда болуына негіз қалайды. Ал мұның
өзі жүз мыңдаған мұсылмандардың орыс жерінде қалып, ақыры орыстанып кeтyiнe
әкeлiп соғады.
Съезде мәceлeнiң осы жағына үлкен мән берген Faббac Ысқақов: "Мұсылман
жұртында әйел еркекпен тең ұсталмайды. Билiктi алған соң, орыс законы
арқылы жаңа ғана құкық алып келе жатқан әйeлдepiмiз бұрынғыдай epiкciз
болып қалады... қазақ арасында мұсылманшылық аса зорайып кетуге қарсылық
қылып, орысша тәрбие алып жүрген қазақтар Һәм солар, татар ғылым, білім
мәнеріне жақындатпай, орыс ғылым мәнеріне уйір қылуға тырысады. Олар баяғы
Ы.Алтынсарин секілді миссионер (елді басқа дінге аударғы) жолын қуаттайды.
Әcipece, қазақ халқын бұл жоғарыда айтылган күйде тасталмай, татар, турік,
мусылман қылып, бip мұсылман туын жасап, сол тудың астына кipгiзy керек,
қазақтарға бөлінеміз деу жарамайды", - деп баса көрсетіп, өз көзқарасын
дәлелдеуге тырысады 29.
Съезде унитаристер өз пікірлерін дәлелдей түсіп, "Ресей мұсылмандарына
бipiгy керек. Ресей мұсылмандары үшін тарихтың артқан міндетіңін орындайтын
заман жетті. Аяқтарын ислам мәдениетіне тipeп, ислам мәдениетін бұрынғы
қалпына түсіріп, өсіріп, бастарына батыс мәдениетін сіңіріп, екеуін бipiн-
бipiнe таныстырып қосатын peтi келді. Орыстың закон шығаратын орындарына
мұсылман болып бipiгin, бip тудың астында ic қылса, бүтін Ресейдің тізгіні
мұсылмандардың қолында қалады"30-деп өзгелердің көзін федеративтік
құрылымның залалдығына жеткізуге бар күш жігерлерін салды. Съезде
федералистердің көзқарастары салмақты, пікірлерінің

ұтымды болуына орай оларды жақтаушылардың басым түсіп
жатқандығын байқаған унитаристер жеңілп қалмау әрекетіне кешті. Осы
мақсатта "қазақ, сарт, кавказдарға федерация болуға жібермеу керек. Олар
бөлінсе Ресей қолында Еділ бойындағы татарлар қалмақшы және қазақ пен
Түркістан жақтарында бос жер көп, олар бөлінсе жерімен бөліседі. Онда бізге
пайда жоқ – егер де бөлінбей қалса, онда жері жоқ татарлар қазақ жерін
Түркістан жеріне көшіп барып, жерін алады",31 - деп, мәселенің өзегін
жермен, жер үшін күреспен байланыстыра көрсетеді. Сөйтіп, федерация болу
жер мәселесінде ұтымды бола алмайды деп санайды. Территориялық федерализм
еркіндікті кеңінен пайдалануға әзip емес калың бұқараны қанайтын үстем тап
өкілдеріне ғана қажет дейді. Сондықтан А.Салихов "Ресей мұсылмандарының
мәдени-ұлттық автономиясы арқылы құқылы институт деп танылуы керек"-деген
ұсыныс жасады 32.
Съезде Ресейдің федеративтік негіздегі демократиялық республика болуын
жақтап М.Расул-Заде, Ж.Досмухамедов, Р.Ходжаев сөз алады. Ақыры,
мемлекеттік құрылыс мәселесін дауысқа салған А.Салиховтың ұсынысы өтпей
қалды. Оны 271 делегат қолдағанымен 490 дауыс қарсы берді. Сөйтіп, съезд
тек белгілі территориясы жоқтарға ұлттық-мәдени автономия берілсін, ал
негізінен барлық мұсылмандарда ұлттық-территориялық автономия болсын деген
шешім қабылдады 33.
Мұсылмандық қозғалыста ұлттық автономияға байланысты унитарлық және
федеративтік негіздегі мемелекеттік құрылымдарды құру мәселесімен қатар осы
кезеңде қазақ автономиясын жариялау туралы мәселе өзекті болды. Қазақ
автономиясы жайында мәселе 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынборда өткен
жалпықазақ съезінде арнайы қаралды. Бipiншi жалпыказақ съезі "Ресей
федеративтік республика болсын, қазақ облыстары қоныс-ұлт жігіне қарамай
облостной автономия алуы тиіс" т.б. деген маңызды қаулылар қабылдап, шешім
шығарды. Сонымен бipre 1917 жылдың тамыз айында Киевте өтетін федералистер
съезіне Ә.Бөкейханов, Ж.Досмұхамедов, У.Танашев қазақ елі атынан өкіл болып
баратын болғандықтан депутаттыққа сайланды 34, 55-57б..
Ұлттық автономия мәселесі 1917 жылы 8-15 қыркүйекте Киев қаласында
өткен федералистер съезінде қаралды35. Съезд жұмысына Бүкілресейлік
мұсылмандар кеңесінің елшісі ретінде Ж. Досмухамедов қатысты. Бұл съезде
мәселе өз шешімін таба алмады36, 114б..
Осылайша Уақытша үкімет билігі кезінде мұсылмандық қозғалыстағы ұлттық
автономияға байланысты мемлекеттілік құрылымдар туралы идеялар орын
алғанымен қоғамда ол өз шешімін таба алмады. Уакытша үкімет мұндай мәселені
шешуге құлық таныта коймады әpi орын алған унитарлык және федералистік
ағымдардың идеяларын іс-жүзіне асыруға мүдделі болмады. Ұлттық мәселені
шиеленістірмеу мақсатында мұндай күрделi саяси icтi құрылтай жиналысының
құзырлығына қалдырды.
Әйтсе де аймақтағы саяси жағдай қазан төңкерісінің жеңісінен соң күрт
өзгерді. Большевиктер өкімет басына келгеннен кейін ұлт аймақтарын өз
ыңғайына тарту үшін "Ресей халықтары праволарының декларациясы", "Ресей мен
Шығыстың бүкіл мұсылман еңбекшілеріне" деген үндеуін жариялады. Аталған
құжаттар негізінде кеңес өкіметі "бұдан былай сіздердің нанымдарыңыз бен
әдет ғұрыптарыңыз, сіздердің ұлттық және мәдени мекемелеріңіз epiктi және
қол сұғылмайтын болып жарияланады. Өздеріңіздің ұлттык, өмірлеріңізді еркін
және бөгетсіз құра беріңіздер. Сіздердің бұған құқықтарыңыз бар",- 37,
270б. деп салтанатты түрде бүкіл әлемге паш етіп, уәде eттi.
Әйтсе де уақыт өте келе мұндай уәделердің шеті көрініп, "бұлыңғыр
сағымдай" алыстай берді. Шет аймақтар халықтары үшін бостандық, теңдік,
әpбip халықтың өзін-өзі билеу құқығы кеңес өкіметі тарапынан берілген уәде
түрінде қалды. Қағаз жүзінде жазылған үндеу-декларациялар ic-жүзінде
асырылмай, сол күйінде қалды. Шет аймақтарды жекелеген ұлттардың өздері
емес бірорталықтанган билік басындағылар басқарды. "Кеңес өкіметінің
алғашқы айларынан-ақ Қазақстанда да, Түркістанда да билікті европалық
нәсілден шыққандар өз қолдарына алды. Бұл жергілікті жерде ел басқаруға
қабылетті азаматтар жоқтығынан емес, оларға сенімсіздік көрсетуінен орын
алған еді" 38, 270б..
Осылайша ұлт саясатында таптық негізді басшылыққа алған кеңес өкіметі
мен большевиктер партиясы мұсылман халықтарының қозғалысының ұйымдарының
талап-тілектерін ескерусіз қалдырды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі көп
ұзамай өз қызметін тоқтатты. Кеңестің атқару комитеті құрамында болған
қазақ өкілі Ж.Досмұхамедов Алашорда үкіметінің құрамына алынды. Оның мұндай
өкілеттігін 1917 жылы желтоқсанда Орынборда өткен екінші қазақ съезі
бекітті.
Дегенмен де Ресей мұсылман халықтары өзінің шешілмей келе жатқан
мемлекеттік құрылым, жер мәселелерін Құрылтай жиналысында түпкілікті шешуге
үміттенді. Әйтсе де мұсылман жұртшылығының Құрылтайдан күткен үміті
ақталмады. Ce6e6i кеңес өкіметі 1918 жылы 5 каңтарда Құрылтай жиналысын
күшпен таратып жіберді. Осындай жағдайға байланысты Ә. Бөкейханов былай деп
жазды: "Большевик Николай аяғын құшты. Құрылтай өзі Ресей мемлекетіне
негізгі закон шығарып, мемлекет көшін түзетіп, жұртка пайдалы бітім қылып,
жақсы сапарға жұрт тілегін тартпақ еді. Бұл мақсаттың бepi 5 каңтардағы
пулемет оғымен, құйын соққан күлдей ұшты. Ақылды, ұлт пайдасын демагогия,
қараңғылыкқ басты" 39.
Кеңес өкіметі өзінің билігі орнаған жерлерде мұсылман жұртшылығының
саяси құрылымдарын жоюға кipicтi. Түркістан, Башқұрт автономиялары
таратылып, жойылды. Мұсылман қозғалысының мемлекеттілік мәселелерге
байланысты идеялары тұншықтырылды. Ал мусылман халықтарының
азаттығы жолындағы күресте көзге түсіп, танымал болған зиялыларды кеңестік
билік қуғын-сүргінге түсіріп, жазықсыз жазаның құрбандары етті. З.Валиди,
М.Шоқай тәрізді қайраткерлер шет елдерге кетуге мәжбүр болды. Ұлттық
автономияға байланысты "унитарлық" және "федералистік" ағымдардың
бастамалары өркениетке қол созған ұлттардың идеясы түрінде тарихта ғана
қалды.
Кеңес өкіметі Ресейдегі барлық ұлттар мен халықтарды өзінің
"бастыбітімі" негізінде бip орталықтан ғана басқаратын мемлекет құрамына
кіргізді. Әйтсе де ғасыр басындағы Ресейде орын алған мұсылмандық қозғалыс
"бұратана" халықтардың қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік із қалдырды.
Бұл қозғалысқа атсалысқан қайраткерлер отарлық бұғауға қарамастан
ұлттық бостандық үшін күреске жұмыла кipiciп, пәрменді әрекет етуге
талпынды. Сөйтіп шeткepi аймақтардың саяси күштеріне ұйтқы бола
алатындықтарын, осы өлкедегі халықтардың құқығын қорғай алатындықтарын іс-
жузінде дәлелдеуге қабілетті екендіктер1н көрсетті.

1.2 Ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасуы
кезеңі
XX ғасырдың бас кезінде :Ресейдегі самодержавиелік билік
нығая түскенімен ол өзіне қоғамдағы демократиялық және радикалдық күштер
тарапынан, әсіресе ұйымдаскан оппозиция тарапынан ашық сынға түсе бастады.
Европадағы саяси ахуал Ресей империясында либералдық және революциялық
қозғалыстардың пайда болуына ықпал eттi. Патша өкіметіне қарсы оппозициялық
негіздегі саяси күштер бipiгiп, ел билігіне идеялық балама топтар құрыла
бастады. Олар негізінен саяси партиялар турінде пайда болды.
Осы кезеңде құрылған оппозициялық партиялардың бағдарламаларынан
абсолютті монархияның саяси жүйесіне демократиялық институттарды енгізу,
самодержавиелік билікті конститутциялық тәсілдермен тежеу, саяси билікті
төңкеріс жасау арқылы құлату сияқты көзқарастар көpiнic тапты. XX ғасырдың
басында либерализм мен консерватизм идеяларын ұштастырған Бейбіт жолмен
жаңару партиясы, мемлекеттік мәселесінде парламенттік басқару жүйесін
енгізуді ұсынды. Оларды қолдаған либералдық негіздегі "Конститутциялық
демократиялық (кадеттер) партиясы" саяси билікке тіпті төңкеріс жасау
арқылы қол жеткізіп, демократиялық жолмен социалистік жүйені орнатуды
енгізуді ұсынады бағдарламалық мағынада насихаттады. Большевиктер партиясы,
социалистік талаптармен қатар демократиялық институтардың Ресей
мемлекетілік ерекшеліктеріне сай болуын жақтаған социалист-революционерлер
партиясы (эсерлер) құрылды.
Қазақстанның Ресей бодандығына етуіне байланысты хандық билік
жойылып, қазақ қоғамының өмipi әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге ұшырап,
аймақ капитаистік қатынастар ауқымына тартылды. Алайда империя отарындағы
Қазақстанның орталықтан шалғай орналасуы, көшпелі өмip салты қазақ халқын
Ресейдегі саяси өмірден алыс етіп, саяси белсенділік танытуға кедергі
келтірді. Әйтседе Ресей қалаларында білім алып, орыстың алдыңғы қатарлы
мәдениеті мен саяси ықпалын сезінген қазақ зиялылары кейбір оппозициялық
партиялардың ықпалымен Қазақстанда саяси ой-пікірді дамытып, демократиялық
идеяларды насихаттай бастады. Қазақ

зиялыларының саяси көзқарастарының қалыптасуына әcipece кадеттер
партиясының әcepi болды.
Кадеттер партиясының өзі қазақ зиялылары тарапынан қолдау тапты. Қазақ
зиялылары кадет партиясының құрамына еніп мүшелікке eніп, бағдарламасын
мойындады. Қазақ зиялыларының рухани жетекшісі Әлихан Бөкейханов 1906 жылы
кадеттер партиясының Орталық комитетіне мүше болып сайланды. Осыған қатысты
С.Асфендияров былай деп жазды: "Қазақтың буржуазиялық интелигенттері
орыстың буржуазиялық интеллигенттерімен (кадеттермен) одақ болды.
Ә.Бөкейханов кадет партиясының кіндік (орталық) комитеттің мүшeci болды. I,
II Мемлекет Думаларына қазақ атынан депутат болып сайланған Ә.Бөкейханұлы,
М.Тынышбайұлы, А.Бірімжанұлы, Б.Қаратайұлы, А.Қалменұлы т.б кадеттер
басқарған прогрессивтік блокқа кірді. Партиясыз "мұсылман фракциясы" деген
де болды 40, 97б..
Кадет партиясының бағдарламасында парламенттік басқару жүйесінің
негізгі идея ретінде көpiнic табуы қазақ зиялыларын өзіне тартты. Қазақ
оқығандары парламенттік басқаруға үміт артып, оның болашағын қазақ
мемлекеттігі идеясымен байланыстырды. Осы мақсатта 1905 жылы желтоқсанда
Ә.Бөкейханов басшылығымен Орал қаласында кадет партиясының казак
қоғамындағы филиалы құрылды.
Осы тарихи оқиға жайында зерттеуші В.Григорьев мынандай пiкip айтады:
"Баяғы бipiншi орыс революциясының қызған шағында-ақ Оралда бас қосқан
Ә.Бөкейханов, Б.Сыртанов, Ж.Сейдалин және басқа да интеллигенция өкілдері
өздерінің ресейлік пікірлестерінің көмегімен ұлттық буржуазияны, ауыл-
аймақтың игі жақсылары мен зиялы қауымын жедел түрде елдің саяси өміріне
араластыруды, қазақ қоғамының капитализмге қарай шапшаң дамуына бағытталған
шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін партия құрып алуды көздеді.
Кадеттер партиясының орталық комитеті бірқатар себептерге байланысты Ә.
Бөкейханов пен оның төңірегіндегілердің ынтасын қолдай қойған жоқ. Алайда
Ә.Бөкейхановтың белсендігіе тәнті болғандар оны кадеттер партиясының 1906
жылғы екінші съезіне шақырды41.
Кадеттер партиясының идеясын ұстанған қазақ зиялылары Ресейде
парламенттік, конститутциялық жолмен мемлекет арқылы болашақта
республикалық мәртебесі бар ұлттық автономияға қол жеткізуді көздеді.
Алайда бұл мәселе тек идея түрінде қалып қойды. Ceбeбi 1917 жылдан бастап
кадет партиясының басшылары Ресейдің мемлекеттік тұтастығын сақтау
мақсатында біртұтас теңдік және мәдени автономия ғана беруді ұсынды. Мұндай
ұсыныс кадет партиясының шет аймақтардағы қолдаушыларына ұнамады. Партияның
Қазақстандағы филиалының мүшелері мәдени автономияға үзілді-кесілді қарсы
шықты. Ә.Бөкейханов кадет партиясының автономия, жер мәселелеріне
байланысты бағдарлмалары мен піклеріне наразылық білдіріп, оның құрамынан
шығып кетті. Өз ойын Ә.Бөкейханов осыған орай "Мен кадет партиясынан неге
шықтым?" деген мақаласында мұны былай түсіндірді: "Кадет партиясы жер
адамға мeншiктi болып берілсе жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып
алса, башқұрдша көршi мұжыққа сатып, бipaз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға
келеді. Кадет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасу кезеңі
Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі (XVIII – XIX ғғ.)
Ташкент қаласының қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани өміріндегі маңызы (хіх ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегі)
Қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру мәселесінің көтерілуі
Смағұл Садуақасов – ұлттық элитаның көрнекті өкілі
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
Отаршылдық кезеңіндегі қазақ халқы руханилығының даму ерекшеліктер
Пәндер