Қазақстан Республикасы тұрғындарының жұмыспен қамту деңгейін және әлеуметтік жағдайын талдау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.тарау. Жұмыссыздық пен кедейшіліктің экономикалық мазмұны ... ... ... 6.27
1.1. Әлеуметтік әл.ауқаттың мәні, мағынасы және оны сипаттайтын көрсеткіштері ... 6
1.2. Жұмыссыздықтың түсінігі мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
1.3. Кедейшілік ұғымы және өлшемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2.тарау. Қазақстан Республикасы тұрғындарының жұмыспен қамту деңгейін және әлеуметтік жағдайын талдау ... ... 28 .51
2.1. Тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейін талдау және жұмыссыздық ... ... ... 28
2.2. Қазақстан Республикасында халықтың өмір сүру деңгейі және кедейшілік мәселесін шешу жолдары ... ... ... ... 34
2.3. Оңтүстік Қазақстан облысында халықтың жұмыспен қамтылуын талдау және жұмыссыздықты төмендету мәселері ... ... ... ... ... .. 39

3.тарау. Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жолдары ... ... 52.65
3.1. Әлеуметтік қорғау жүйесінің бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... . 52
3.2. Әлеуметтік қорғау саласының негізгі көрсеткіштерінің болжамы ... ... 55
3.3. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары ... ... .. 57

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 65
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3

1-тарау. Жұмыссыздық пен кедейшіліктің экономикалық
мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..6-27
1.1. Әлеуметтік әл-ауқаттың мәні, мағынасы және оны
сипаттайтын көрсеткіштері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6

1.2. Жұмыссыздықтың түсінігі мен түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9

1.3. Кедейшілік ұғымы және өлшемі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15

2-тарау. Қазақстан Республикасы тұрғындарының жұмыспен
қамту деңгейін және әлеуметтік жағдайын талдау ... ... 28 -51

2.1. Тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейін талдау және
жұмыссыздық
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 28

2.2. Қазақстан Республикасында халықтың өмір сүру деңгейі және
кедейшілік мәселесін шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34

2.3. Оңтүстік Қазақстан облысында халықтың жұмыспен
қамтылуын талдау және жұмыссыздықты
төмендету мәселері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39

3-тарау. Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік қорғау
жүйесін жетілдіру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52-65

3.1. Әлеуметтік қорғау жүйесінің бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... . 52

3.2. Әлеуметтік қорғау саласының негізгі көрсеткіштерінің
болжамы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 55

3.3. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдірудің
негізгі бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
57

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 65

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 67

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі: Елімізде Кедейлік және жұмыссыздық проблемасы
толастар емес, бұлар ең басты мәселелердің бірі болғандықтан 2006 жылы
Үкімет қаулысымен 2008-2010 жылдарға арналған кедейлік және жұмыссыздықпен
күрес бағдарламасын бекітті. Алға қойған мақсатқа жету үшін жұмысбастылық
және табысы аз азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің белсенді
саясаты іске асырылды.
Бағдарламаның басымды бағыттарының бірі қоғамдық – саяси тұрақтылық
және елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының негізінде ел халқының
өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. Бағдарламада кедейлік көлемін
қысқарту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, зейнетақы мөлшерін арттыру,
зейнетақы жүйесін жетілдіру көзделді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев 2008-2010 ауыл жылы
бағдарламасын бекітті. Яғни экономикалық даму ауылдан бастау алады.
Ауылдағы халықтарға барынша қолдау көрсету, әлеуметтік жағдайын жақсарту
мәселесі белсенді сипатқа ие болады. Ауылдағы жастарды жұмысқа тарту,
оларды жұмыспен қамтамасыз ету әлеуметтік экономикалық жақсаруға, сонымен
қоса артуына алып келеді.
Қазақстан Үкіметі кедейлікті азайту жөнінде міндеттеме қабылдады.
Мыңжылдық дамуының екі мақсатында, Қазақстан қазірдің өзінде қол жеткізіп
үлгерді, олар: жалпыға бірдей бастауыш білімі мен қамту және ер балалар мен
қыздар үшін білім алудың тең мүмкіндігімен қамтамасыз ету. Өзге екі мақсат
– күнкөріс минимумынан төмен табыстағы тұрғын халықтың үлесін сан жағынан
азайту мен қаупсіз ауыз суға қолдары жетпейтін жұртшылықтың үлесін кеміту –
дұрысы, 2015 жылға дейін орындалса керек.
Жұмыссыздық және Кедейлік мәселесінің маңыздылығын түсіне отырып,
Қазақстан Үкіметі әлеуметтік саланың дамуына көп назар аударуда: ол
денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау салаларында
қаржыландыру жүйесін жетілдіруге бағытталған орта мерзімді програмалар
дайындалуда.
Кедейлік дегеніміз – күрделі құбылыс, оның әлеуметтік-экономикалық
және мәдени психалогиялық терең тамырлары бар. Кендейлік уақытпен
кеңістікке қарай салыстырмалы. Кедейлікке баға берумен өлшеуді әр елдің
дамуындағы тарихи жағдайларды ескеру арқылы жүргізу керек.
Кедейліктің негізгі себептері жұмыссыздықпен төмен деңгейдегі жалақы
болып табылады. Рыноктағы жағдай жұмыспен қамту ауқымдарының артуы мен
табыстарының ұлғайуына қарамастан кедейлікті азайтуға ықпал етпейді. Есеп
деректері бойынша, 2006 жылы 17,7 пайыздан астам қызметкерлер төмен жалақы
алған, ол жалақы қызметкерлердің өздерінің де, олардың отбасылары туралы
баламалы тұрмыс деңгейін қамтамасыз етпеген, оның үстіне төмен ақы
төленетін қызметкерлер үлесі азды-көпті тұрақты күйде қалып отыр. Жалақының
сатып алушылық қабілеті экономикалық көпшілік секторларында төменнен
орташаға дейін құбылады. Тек қаржы және кен өндіру секторларында ғана
жалақының жоғары сатып алу қабілеті байқалады. Өздерін-өздері жұмыспен
қамтитын халықтың үлесі 36 пайызға дейін, яғни 2690 мың адамға ұлғайды.
Өздерін жұмыспен қамтитын халық санының едәуір өсуі даму саласындағы
жағдайды қиындатады, өйткені олар, қағида бойынша, төмен жалақы еншілейді
және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне көбірек мөлшерде енгізілуі керек.
Жұмыссыздық күрделі әлеуметтік-экономикалық проблема ретінде қалып
отыр. Жұмыссыздық деңгейін төмендеуіне қарамастан жастар мен әйелдер
арасындағы жұмыспен қамтылу, ауылдағы жұмыссыздық пен созылыңқы жұмыссыздық
зәру проблемалар қалпында қалды.
Дипломдық жұмысытың мақсаты мен міндеттері:
Тұрғындардың әлеуметтік экономикалық мәселелері өзгермелі, көп сипатты
болғандықтан әлеуметтік сфераның халықтың жұмысбастылығы, өмір деңгейі, әл-
ауқаты сияқты аса маңызды мәселелерге терең зерттеу және анықтау болып
табылады. Осы мақсатта мынадай міндет туындайды, яғни жұмыссыздық мәселесін
әлемдік дәрежедегі зерттеушілер еңбегін пайдалана отырып, белгілі бір
нәтижеге жеткізе білу. Бұған себеп экономикалық тұрақсыздық емес,
жұмысбастылықтың аздығы, халық арасында қылмыстың көптігі, жалақының
аздығы, инфляция деңгейінің әліде болса жоғары мәртебеге ие болуы және
парақорлықтың басылмауы.
Дипломдық жұмысытың құрылымы мен көлемі:
Дипломдық зерттеу кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыс 67 беттік компьютерлік терім
мәтінін құрай отырып, 10 кестені және 2 диаграмманы қамтиды.

1. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН КЕДЕЙШІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1. Әлеуметтік әл-ауқаттың мәні, мағынасы және оны
сипаттайтын көрсеткіштер

Әлеуметтік экономикалық саясат тұрғындардың әл-ауқатын реттеуге,
өмір сүру деңгейін реттеп бағалауға арналған. Әлеуметтік экономикалық әл-
ауқатты сипаттайтын көрсеткіштер:
- тұрғындардың жұмыспен қамтылуы;
- жұмыссыздық;
- кедейшілік;
- тұрғындардың табысы, жалақысы, зейнетақысы, ең аз күнкөріс шамасы,
жәрдемақы және т.б.
Әлеуметтік экономикалыиқ көрсеткіштердің әрқайсысына жеке тоқталып
өтетін болсақ;
Халықтың жұмыспен қамтылуы
Тұрғындардың жұмыспен қамтылған бөлігі, яғни басында жұмысы бар,
табысы бар, өзін-өзі қамтамасыз ететін тұрғындар.
Еңбек ресурстарына халықтың жұмыс істеуге қабілетті бөлігі жатады.
Еңбек ресурстарының қалыптасу бөлігін сипаттайтын негізгі құрамдас
бөліктері – бұл еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық. Еңбек
ресурстары өзіне экономикалық белсенді, өндірістен қол үзіп оқитын еңбек
істемейтін және іздемейтін еңбекке қабілетті адамдардың басқа сипаттарын
қосады.
Белсенді халықтар екіге бөлінеді, экономикалық тұрғыдан белсенді
және белсенді емес халық. Ал экономикада жұмыспен қамтылғандар жалданып
жұмыс істеуші және жалданбай жұмыс істеушілер болып бөлінеді.
Жұмыс күшінің жоғарғы ұтқырлығы (мобильділігі) еңбектің жаңа
формаларының дамуымен, жұмыскерлердің ірі және орта кәсіпорындардан шағын
бизнес саласына өтуімен, салааралық қайта бөлумен байланысты. Жаңа жұмыс
орындарын қалпына келтіру және қайта қалыптастыру соңғы жылдардағы басым
бағыттардың бірі болып табылады. Еңбек нарығындағы бүгінгі күндегі ең
маңызды мәселелер – ол халықтың жұмысы мен жұмыссыздығы. Еңбекке жарамды
жастағы халықты, жұмыспен қамту және оны экономика салаларында пайдалану
немесе іске асыру, бүгінгі нарықтық жағдайдың өзекті мәселелері.
Экономикадағы жұмыспен қамтылған тұрғындар өздерін - өздері
асыраушылар немесе өз қажеттілігін қанағаттандырушылар, әл – ауқатын
жақсартушылар, олар әр отбасында екі – үш адамды тамақпен, қажеттіліктермен
қамтамасыз ететіндер.
Жұмыссыздық
Жұмыссыздар олар республикамыздың ұлттық заңында қабылданған
белгілі бір жасқа жеткен, яғни 15 және одан асқан адамдар, қарастырылып
отырған кезде оларда жұмыс болмаған, жұмыспен қамтылу қызметінің көмегімен
және өз бетінше жұмыс іздегендер, табылған жағдайда дереу кірісуге әзір
адамдар. Жұмыссыздарға жатқызған кезде мына үш өлшем сақталуы тиіс:
1. 15 жас және одан асқан ересек адамдар;
2. жұмысы болмаған, бірақ жұмыс істеуге әзір адамдар;
3. жұмыспен қамту қызметінің көмегімен және өз бетінше жұмыс
іздеген және оны дереу істеуге дайын адамдар;
Ресми жұмыссыздық деңгейі – жұмыспен қамту қызметінде
тіркелген жұмыссыздар санының, есепті жылдың аяғындағы экономикалық
белсенді халық санына қатынасы.
Жәрдемақы алатын жұмыссыздар саны – жұмыссыздық жөніндегі
жәрдемақы жұмыспен қамтылу қызметінде тіркелген және жұмыссыздық мәртебесі
бар азаматтарға төленеді. Жұмыссыздар деп танылған адамдар ұсынылған
лайықты жұмыспен негізсіз бас тартқан, қайта тіркеудің тәртібін бұзған және
де т.б. жағдайларда жәрдемақы ала алмайды.
Кедейшіліктің өсуі, жұмыссыздыққа, қоғамның әлеуметтік жағына өз
әсерін тигізеді. Кедейшілік бірте – бірте қоғамның тұрақты сипатына айнала
отырып, әлеуметтік құрлымның тоқтауына, әлсіреуіне алып келіп соқтырады.
Тұрғындар дағдарыстық жағдайды әртүрлі қабырлдайды, өмірден өтуі,
жағдайдың нашарлауы т.б. Маңызды экономикалық және әлеуметтік проблемаларды
шешу үшін мемлекет басты кепіл болып есептеледі.
Жұмыссыздықтың өсуі, жұмыстылықтың қысқаруы, кедейшілік, жоқшылық
– қоғамдық өмірдің көрінісі, ол экономикалық әлеуметтік және саяси
салаларда өз орнын қалдырған және мүлдем жоғалмайтын із. Кедейлер болып
әртүрлі категориядағы адамдар саналады; әйелдер, балалар, жастар,
мүгедектер, зейнеткерлер, эмигранттар, босқындар тағы басқа кедейшіліктің
туындауы әртүрлі себептерге байланысты; жұмыстан айырылуына, кедейлікке,
төмен төленетін жалақы, дамыған елдердің кедейлігі және тағыда басқа.
Планетамыздағы 7,0 млрд. адамдардың 1,5 млрд. кедейшілікпен күресуде, яғни
кедей халық олардың көбісі жұмыссыздар немесе мүлдем жұмыс орнына
тіркелмегендер. (700 млн) – халық жұмыспен қамтылып, ауыр жұмыс істесе де
қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, өз шығыстарын жабуға мүмкіншілігі
жоқ. Кедейшіліктің күшеюі әлеуметтік - экономикалық жағдайлардың
тұрақсыздығынан, жұмыссыздық проблемасы әсіресе орта және жоғарғы оқу
орындарын бітірген жастар арасында өте қиынға түсуде, ауыр.
Кедейлікті өлшеудің бірнеше тәсілдері бар, олар: абсалютті, салыстырмалы
және субъективті тәсілдер. 2007 жылдағы адам дамуы туралы Баяндамада БҰҰ
даму Бағдарламасы кедейлікті адам дамуы көзқарасы тұрғысынан қарауды
ұсынды. Осы контексте табыс деңгейі, күнкөріс минимумы және сатып алу
қабілеті сияқты дәстүрлі көрсеткіштермен қатар адам дамуының көрсеткіштері
(болжамды өмір ұзақтығы, жұмыссыздық нәрестелердің шетінеуі мен аналар
өлімі және т.б.) қолданылады. Адам дамуының көрсеткіштері Мыңжылдық
дамуының барлық Мақсаттары мен міндеттерін қамтиды. Соған сәйкес, есепте
Қазақстандағы кедейлік өлшемі индикаторларының жаппай қамтитын тізбесін
пайдалану ұсынылады.

Кедейшілік дегеніміз – күрделі құбылыс, оның әлеуметтік –
экономикалық және мәдени – психалогиялық терең тамырлары бар. Кедейлік
уақытпен кеңістікке қарай салыстырмалы. Кедейлікке баға берумен өлшеуді әр
елдің дамуындағы тарихи жағдайларды ескеру арқылы жүргізу қажет.

Күнкөріс минимумы(8730 теңге) – кедейлікті азайту жөніндегі
мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құралы. Шын мәнінде әлемде ол
абсалюттік кедейліктің критерийі ретінде пайдаланылады да, кедейшілік
шегі аталады, ол адамның негізгі мұқтаждарын қанағаттандыруға жарамды ең
төменгі табыс деңгейі ұғымын білдіреді. Қазақстанда да күнкөріс минимумы
содай-ақ абсалютті кедейлік деңгейін өлшеу үшін қолданылады. Алайда
кедейлік экономикалық теңсіздікпен тығыз байланысты, міне, ол осы тұрғыда
қоғамның барлық жіктерінің һәл – ауқаты деңгейіндегі контексттен қаралуы
тиіс. Есепте Қазақстандағы кедейлікті азайту жөніндегі іс – шараларды тек
абсалютті кедейлік кешетіндерге ғана емес, сонымен қатар кедейлік
қауіпіндегі абсалютті кедейлікке түсуі мүмкін, тұрғын халықтың алдын алу
үшін де жұмылдыру ұсынылады. Қауіп аймағындағыларды анықтау үшін күнкөріс
минимумының екі өлшеміндегі шектікті пайдалану ұсынылады, өйткені ең
төменгі шекті пайдалану ұсынылу, ол ең төменгі деңгейден жоғары болатын
осындай табыс деңгейі лайықты тұрмыс деңгейі үшін қажет адамның дене және
ақыл – ой қабілеттерін демеуге мүмкіндік жасайды.

2. Жұмыссыздықтың түсінігі мен түрлері.

Экономикалық әл-әуқатты сипаттайтын көрсеткіш жұмыссыздықтың түрлері.

Жұмысшы күші мөлшерінің артуы, яғни еңбек ұсынысының жұмыс орны санынан
артуы жұмыссыздыққа алып келеді.

Жұмыссыздықтың негізгі түрлері:
1. Фрикциондық;
2. Құрылымдық;
3. Табиғи;
4. Циклдық;
Жаңа жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орнын ауыстыратын адамдарды,
яғни уақытша жұмыссыздық бұл - фрикционды жұмыссыздық.
Құрылымдық жұмыссыздық - экономика құрылымның өзгеруіне байланысты,
кәсіби – біліктілік сипаты бойынша еңбек күшіне сұраныс пен ұсыныстың сай
келмеген кездегі жұмыссыздық.
Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың қосындысы табиғи
жұмыссыздықты білдіреді.
Табиғи жұмыссыздықтың деңгейі мыналарға байланысты:
- жұмысшы күшінің құрамы;
- жұмыссыздық фактіге негізделген деңгейі;
- жалақы ставкасының номиналды болуы;
- жұмыссыздық бойынша пособия мөлшеріне енуі.
Экономиканың циклдық дамуы циклдық жұмыссыздықты тудырады.
Экономикалық өсу кезінде өндіріс көлемі артуы қосымша жұмысшы күшін
талап етеді, нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі қысқарады.
Әлеуметтік теңдік пен теңсіздік деңгейі жан басына шаққандағы табысы,
жалақы, зейнетақы мен өмір сүру деңгейі сияқты көптеген көрсеткіштермен
өлшенеді. Саясаттың әлеуметтік бағыттылығы деп жүргеніміз белгілі топтар
тарапынан туындайтын өзгермейтін және құбылмалы түсініктер мен мүдделердің
күрделі жүйесінің нысаны. Мемлекеттің қоғамдағы орны, ондағы қарым -
қатынастарды халықтық мүддеге орайластыра отырып құқықтық реттеу барысымен
айқындала түседі. Халықтың әлеуметтік экономикалық мәнінің төркіні оның
тұрмыс деңгейін көрсетуде жатыр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев (2008-2010 жж) өз еңбектерінде еліміздің
әлеуметтік экономикалық даму стартегиясын нақтылап өткен болатын. Айталық:
- ең алдымен еңбекке қабілетсіз және жағдайы нашар жіктерді
зейнеткерлерді, мүгедектерді, көп балалы отбасыларын оқушы жастарды
мемлекеттік қолдау және әлеуметтік жебеу жүйесін құру;
- ғылымға, мәдениетке, білім беруге және денсаулық сақтауға
мемлекеттік қолдау;
- жұмыссыздық жөнінде әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету;
- кедейліктің алдын алу;
- күнкөріс көздері болып табылатын әлеуметтік экономикалық
көрсеткіштерді көтеру.
Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының негізгі мақсаты
инфляцияның төменгі деңгейі кезінде тұрақты экономикалық өсуге өту,
инвестициялық ахуалды жақсарту, халықтың ахуалын көтеру, оларды жұмыспен
қамту болып табылады. Үкімет халықтың тұрмыс деңгейін одан әрі жақсарту,
келеңсіз демографиялық үрдістерді біртіндеп еңсеру мақсатымен әлеуметтік
саланы дамытуға ықпал жасауды күшейтеді.
Нарықтық экономикаға өткеннен кейін қоғамда диффенциация пайда болды,
табыстың әр түрлі деңгейіне ие болатын халықтың категориялары біртін -
біртін етек жайды. Өршіп келе жатқан әлеуметтік проблемалар Қазақстан
Республикасының 2007-2030 жылға дейін әлеуметтік экономикалық даму
стратегиясына сәйкес, әлеуметтік қорғау жүйесін бірте – бірте реформалауды
қарастыратын іс-шаралар кешенін жасау және оны іске асыруды талап етті.
Экономикалық белсенді халық - жұмыспен қамтылған халықты (белгілі бір
жастағы ересек, есепті кезеңде ақы төленетін жұмыста болған, өздігінен
жұмыспен қамтылған немесе жұмыс істеген, бірақ жалдамалы жұмыскерлер
болмаған халық) және жұмыссыз халықты (белгілі бір жастан үлкен адамдар,
олар есепті кезеңде жұмыссыз болған, жұмысты бастауға мүмкіндіктері
болмаған және жұмыс іздеген) қосқанда, ел халқының бір бөлігі (тауарлар мен
қызмет көрсетулерді өндіру үшін қол жететін еңбек ресурстары). Қазақстанда
жұмысшы күші 15 жастағы ересек адамдарды қосады.
Экономикалық белсенділік деңгейі тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін
мүмкіндікті елдегі жұмыс ресурстарын көрсетеді. Ол еңбекке қабілетті
(жарамды) халықтың жалпы санындағы экономикалық белсенді халықтың үлесі
ретінде өлшенеді (15 жастағылар және оданда жасы үлкендер).
Жұмыспен қамтылу азаматтардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
қажет табыс немесе кіріс әкелетін қызметі.
Толық қамтылу – жұмыс істегісі келгендердің барлығы жұмыспен
қамтамасыз етілген кездегі жұмыспен қамтылу деңгейі уақытша жұмыссыздықты
бастан кешіп жатқандар есепке алынбайды. Толық жұмыспен қамтылу кезінде
елдің барлық ресурстары әрекетке қосылған болып ұйғарылады. Өздігінен
қамтылу адамның сыйақысы тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісіне түсетін
алынатын пайдаға тікелей қатысты болатын жұмыс мұнда өз тұтынуы табыстың
бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Жұмыспен қатылу деңгейі экономикалық белсенді халықтан есептелген
пайыздардағы жұмыспен қамтылған халықтың үлесін көрсетеді.
Жұмыссыздық эканомикалық белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек
рыногында талап етілмеулерінен туындайтын әлеуметтік – экономикалық
құбылыс: адамдар жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегілері келетін,
бірақ жұмыс табылмайтын хал жағдай.
Жалпы жұмыссыздық – үш крийтериге қатар жауап беретін адам жұмыссыз
болып есептелетін кездегі жұмыссыздық. Олар;
а) істейтін жұмыс (табысты жұмыс жоқ)
б) белсенді түрде іздеп жүр
в) бегілі бір уақыт аралығында жұмысқа кірісуге даяр (қағида бойынша
екі аптаның ішінде)
Ресми жұмыссыздық – маусымдық ауытқуларға түзетусіз, мемлекеттік
органдарда тіркелген жұмыссыздарды жалпы саны. Осы көрсеткіштерде жасырын
бүркемелі жұмыссыздықтың ауқымдары көрсетілген жоқ.
Жасырын (бүркемелі) жұмыссыздық – жұмыс істегілері келетін бірақ
жұмыссыз ретінде тіркелуде, әдетте жәрдемақылы құқылы еместігінен пайдасыз
көретін жұмыссыздардың жалпы саны.
Созылынқы жұмыссыздық – 12 айға және одан ұзақ уақытқа созылатын
жұмыссыздық.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың
үлесін көрсетеді.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі - жұмыс күшінен пайыздық есептердегі
жұмыссыздар үлесі экономикалық белсенді халық денгейі жұмыспен қамтылу
мәселелері бойынша халықты ішінара тексеру негізінде есептеледі, тексеруді
ХЕҰ - әдіснамасын пайдалану арқылы ҚР статистика жөніндегі агенттігі
жүргізеді. Аптасына ең кемі 1 сағат жұмыс істеседе ол адам жұмыспен
қамтылған болып саналады.
Ресми тіркелетін жұмыссыздық деңгейі – эканомикалық белсенді халықтан
пайыздарға шаққандағы меммлекеттік жұмыспен қамту органдарында тіркелген
жұмыссыздар үлесі.
Жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы адамның қанша ай жұмыссыз жүрген
уақытын көрсетеді.
Жасқа қарай жұмыссыздық индикатор белгілі бір жас топтарына қарай
жұмыссыздарды бөлуді қамтиды. Қазақстанда осы индикатор сол жастағы
халықтың жалпы санындағы белгілі бір жастағы жұмыссыздардың үлесі ретінде
есептеледі.
Білім деңгейі бойынша жұмыссыздық индикатор білімінің түрлі деңгейлері
бойынша жұмыссыздарды бөлуді қарастырады. Қазақстанда осы индикатор сондай
білім деңгейдегі халықтың жалпы санындағы, белділі бір білім деңгейіндегі
жұмыссыздардың үлесі ретінде есептеледі.

Жастар жұмыссыздығы индикатор жеке төрт көрсеткіштен тұратын олардың
әр қайсысы жастар жұмыссыздығы проблемасының түрлі аспектілерін көрсетеді.
Төрт көрсеткішке кіретіндер:
а) жастар жұмыссыздығының деңгейі (жастар жұмыс күшінің жалпы
санындағы жұмыссыз жастардың үлесі).
б) жастар жұмыссыздығы деңгейінің ересек халық арасындағы жұмыссыздық
деңгейіне қатынасы.
в) жалпы жұмыссыздар санындағы жұмыссыз жастардың үлесі.
г) жалпы жастар санындағы жұмыссыздар үлесі.
Жастар термині астарындағы индикаторды есептеу кезінде 15-24 жастағы
халық ұсынылады.
Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңнан
11-бап. Жұмысқа қабылдауға рұқсат етілген жас
1. жеке еңбек шартын он алты жасқа жеткен адамдармен жасауға рұқсат
етіледі.
2. орта білім алған немесе жалпы білім беретін оқу мекемелерін
тастаған жағдайларда жеке еңбек шартын он бес жасқа толған адамдар
ата – аналарының немесе қамқоршыларының келісімі арқылы жасалады.
3. ата – ананың біреуінің (қамқоршысының) келісімі арқылы жеке еңбек
шартын оқудан бос уақытта, денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу
үдерісін бұзбайтын жұмыстарды орындау үшін он төрт жасқа толған
оқушылармен жасасуға болады.
4. ауыр дене жұмыстарымен зианды және қауіпті еңбек жағдайларында
бекітілген жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған адамдарды қабылдауға
рұқсат етілмейді.
45-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы
2. жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40
сағаттан аспауы тиіс.
46-бап. Жұмыскерлердің жеке санаттарына арналған
жұмыс уақытын қысқартылған ұзақтығы.
1. жұмыскерлердің жеке санаттары үшін жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы белгіленеді
1) он төрттен он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін аптасына 24
сағаттан аспайтын уақыт; он алтыдан он сегіз жасқа
дейінгілерді аптасына 36 сағаттан аспайтын уақыт.
2) ауыр дене жұмыстарын істейтін және зианды еңбек
жағдайларындағы жұмыстар мен шұғылданатын жұмыскерлер үшін
аптасына 36 сағаттан аспайтын уақыт.
47-бап. Бес күндік немесе күндік жұмыс аптасы және
күнделікті жұмыстың ұзақтығы.
Жұмыскерлер үшін екі күн демалыс берілетін бес күндік жұмыс аптасы
белгіленеді. Өндірістер сипаты мен жұмыс жағдағдайлары бойынша бес күндік
жұмыс аптасын енгізу пайдасыз болатын ұйымдарда бір күндік демалысы бар
алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді.
60-бап. Төлем жасалатын жыл сайынғы еңбек демалысы.
3. төлем жасалатын жыл сайынғы еңбек демалысы
жұмыскерлерге егер өзге нормативтік құқықтық актілер арқылы басқасы
көзделмесе, он сегіз күн тізбелік күннен кем емес ұзақтық беріледі.
71-бап. Жалақының мөлшері.
Жалақының мөлшерін жұмыс беруші өз бетінше белгілейді және ол ҚР
заңнамасы белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен аз болмауы тиіс.

1.3. Кедейшіліктің ұғымы және мөлшері
Кез келген мемлекеттің әлеуметтік даму, іске асырылатын экономикалық
даму үлгісіне тәуелсіз, белгілі бір себептерге қарай (экономикалық,
демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялық және т.б.) қоғамнан
тысқары қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша
сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге,
киінуге, бос уақыт өткізуге және т.б.) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға
шамалары келмейтіндер де жатады. Ондай адамдарды кедей деп те атайды.
Кедейшілік ұғымына және сараптауға қолданылатын дәстүрлі қалыптасқан
абсолютті және салыстырмалы тәсілдер ең алдымен адамның табыстарын немесе
оның тұтыну деңгейін қарайды. Адам егер организмнің физиологиялық
мұқтаждарынан туындайтын деңгейде өз қажеттіліктері мен ең төменгі
әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ете алмаса, онда мұндай тұрмыс
жағдайлары абсолютті кедейшілік деп атайды, салыстырмалы кедейшілік
кезінде қоғамда ең көп тараған стандарттарға сай өмір сүруге материалдық
мүмкіндіктері жоқ адамдарды жатқызады.

1 кесте. Кейбір елдердегі абсолютті кедейшілік 2005 жыл

Ел Абсолюттік кедейшілік
деңгейі, (
Германия 11,5
Франция 12,0
Ұлыбритания 13,1
АҚШ 14,1
Ресей 27,3
Қазақстан 21,4
Қырғыстан 84,0

Одан басқа, кедейшілік адамдардың тұтынуға қажет деңгейі туралы
пікірлерінің негізінде бағалауы мүмкін, осындай жағдайда олар өздерін
кедеймін деп санамайды. Бұл жағдайда әңгіме субъективті кедейшілік туралы
қозғалады.
2007 жылы адам даму туралы БҰҰ ДБ баяндамасына кедейшілікті адам
әлеуетінің контексінде қарау ұсынылды, ол тұрғыдағы кедейшілік адам дамуы
үшін базалық мүмкіндіктердің болуымен және оның таңдау шектеулігімен
анықталады, олар: ұзақ, салауатты және баянды өмір сүруге, лайықты тұрмыс
деңгейін иеленуге, жеке қадір – қасиетін сезіміне қысым жасаусыз
еркіндіктен ләззат алуға, өзгелердің тарапынан сый құрметке бөленуге
шамалардың жоқтығы. Проблемаға адам даму көз қарасы тұрғысынан қарау
кедейшілікітің көп аспекті әлеуметтік құбылыс ретінде пайымдауға мүмкіндік
береді.

Әлемдегі кедейшіліктің кейбір фактілері:
- Әлемдегі 1,2 млн адам күніне 1 доллардан кем ақшаға күнелтеді, ал
2,8 млн адам күніне 2 долларға жетпейтін деңгейде тұрмыс кешеді.
- Планетадағы 790 млн - ға жуық адам шала тамақтанудан зардап шегеді.
- Дүние жүзіндегі 880 млн. адамның денсаулық сақтау қызмет
көрсетулеріне мүмкіндіктері жоқ, 2,6 млн. – ға жуық жұрт қалыпты
санитарлық жағдайларсыз тіршілік жасайды. Прогресстің ағымдағы
қарқындарына қарай 2015 жылға дейін төмен табысты халықтың 31
бөлігі 900 млн. адам қалыпты санитарлық жағдайларда тұруға қолдары
жетпейді.
- Оңтүстік Азияда 46 млн. балалар мекетепке бармайды. Болжам бойынша
бүкіл дүние жүзіндегі,12 жасқа дейінгі, 250 млн. бала жұмыс істеуге
мәжбүр. 340 млн.-ға жуық әйелдер 40 жасқа дейін өмір сүрмеулері
мүмкін. Дүние жүзіндегі ересек адамның төртеуінің біреуі сауатсыз,
солардың 32 әйелдер.
- 2006 жылы 48 млн. – нан астам адамдар, солардың көпшілігі кедей
тұрмыстылар, АИВ жұқтырған. АИВ ЖИТС ауруы ең көп тараған елдерде
нәрестелер шетінеуінің деңгейі 2015 жылға дейін 75% -ға, ал 5 жасқа
дейінгі балалар өлімі 100%-ға өсуі мүмкін.
- ЖИТС –пен ауыратын жетімдер саны 2006 жылғы 8,2 млн. – нан 2015 жылы
40 млн. –ға дейін ұлғаюы ықтимал. АИВЖИТС кеселі ең көп тараған
елдерде болжалды, орташа өмір ұзақтығының 2006 жылғы 10 жылға,
2024ж. 7 жасқа ұзаруы мүмкін[1].

Экономикалық теңсіздік пен кедейшілік өлшемі

Кедейшілік пен экономикалық теңсіздікке сан және сапа жөнінен баға
берудің мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын әзірлеу үшін
үлкен маңызы бар.

Табыс (кіріс) бойынша кедейшілікті өлшеу үшін пайдаланылатын ең көп
тараған көрсеткіштер – елдегі бүкіл халықтың ішіндегі кедей тұрмыстылар
үлесі, кедейшіліктің тереңділігімен өткірлігі.

Кедейшіліктің деңгейі немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі – табысы
немесе тұтынуы әдетте күнкөріс минимумына теңгерілетін елде белгіленген
(кедейшілік шегінен) төмен деңгейде күнелтетін адамдар үлесі. Кедейшілік
ауқымдарын сараптау үшін күнкөріс минимумын қолданудың екі қасиеті бар.
Біріншіден, күнкөріс минимумы адамға белгілі бір ең төменгі деңгейде қажет
тауарлар мен қызмет көрсетулерді тұтынумен анықталады, ол елдің дәстүрлері
мен климаттық жағдайларына сәйкес тамақ пен киімге қатысты ұлттық
ерекшеліктерді көрсетеді. Екіншіден, күнкөріс минимумын қолдану түрлері
елдер және уақыт бойынша адамдардың тұрмыс деңгейін салыстыруға мүмкіндік
жасайды. Қазақстанда, кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмыстық халықтың
үлесі күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың пайыздық
үлесімен анықталады, яғни олар ең аз тұтыну себетімен тауарлар мен қызмет
көрсетулерді сатып алуға мүмкіндіктері жоқ адамдар. Бұдан бөлек,
Қазақстанда азық - түлік кедейшілігінің деңгейі немесе азық-түлік себеті
деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесі есептелінеді. Елдегі кедейшілік
ауқымдарын сипаттай отырып, кедейшілік деңгейінің көрсеткіші соған
қарамастан кедей тұрмысты халықтың жағдайларындағы өзгерістерді (нашарлау
жақсару) көрсетпейді. Табыс бойынша кедейшілікке тереңдетілген сапалы
сипаттама беру үшін кедейшіліктің тереңдік және өткірлік индекстерін
қолданады.
Кедейшілік тереңдігі кедей адамның қаншалықты (кедей) екендігін
көрсетеді және кедей тұрмысты халықтың табыстары мен кедейшілік шегіне
Қазақстандағы күнкөріс минимумы сәйкес ең аз қажеттіліктегі табыстар
деңгейі арасындағы айырмашылықты білдіреді. Кедейшілік тереңдігі осылайша
кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығын сипаттайды. Кедей тұрмысты
халық табыстарының тапшылығы мен кедейшілік шегіне сәйкестігін табыстардың
қатынасы кедейшілік тереңдігінің индексін көрсетеді. Кедейшілік өткірлігі
қоғамдағы ең кедей адамның қаншалықты кедей екендігін көрсетеді, яғни
кедей тұрмысты халықтың арасындағы теңсіздікті сипаттайды. Кедейшілік
өткірлігінің индексі де салыстырмалы көрсеткіш болып табылады және ол
кедейшілік тереңдігі индексінің негізінде есептелінеді. Кедейшілік
тереңдігі мен өткірлігі индекстері белгілерінің ұлғаюы кедей тұрмысты
адамдардың жағдайларының нашарлауы туралы айғақтайды. Осы индекстерді
қолдану кедей тұрмыстылар табыстарының тапшылығынан арылу үшін қажет
қаржылай қаражаттардың көлемдерін белгілеуге мүмкіндік туғызады.
Кедейшіліктің өткірлік және тереңдік индекстері сондай-ақ ең кедей тұрмысты
халыққа мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмек жүйесін ұйымдастыру кезінде де
пайдаланулары мүмкін.
Кедейшілікті экономикалық даму деңгейі мен және қоғамның барлық
жіктерінің әл-ауқат деңгейімен өзара байланысты қарау қажет, яғни
қоғамдағы экономикалық теңсіздікпен сабақтастыру керек. Қоғамдағы
экономикалық теңсіздік онда салыстырмалы кедейшіліктің болуы туралы
айғақтайды бірақ абсолютті кедейшіліктің орын алуын міндетті түрде
білдірмейді. Қоғамдағы экономикалық теңсіздік деңгейіне ықпал ететін
факторларды бірнеше топқа бөлуге болады:
• Табыстар деңгейіндегі бойынша айырмашылықтар. Осы топқа жеке
меншік мөлшерлерінен болатын, сондай-ақ адамдардың әркелкі
санаттарының байлық жинаулары деңгейіне байланысты
айырмашылықтарды қосуға болады;
• Білім деңгейіндегі айырмашылықтар. Осы топқа сондай-ақ білімнің
деңгейі мен сапасына өзгерістерді, жеке жетістіктер және шығу
тегі мен сабақтасатын айырмашылықтарды қосады;
• Адамдардың жастарына қарай және физиологиялық айырмашылықтары,
сондай-ақ түрлі материалдық игіліктердің мүмкіндігі.
Осы фактордың ықпал етуімен қоғамның негізгі әлеуметтік жіктері
қалыптасып, олар материалдық молшылық пен тұтыну әрекеттеріне қарай
бөлінеді. Тұрмыс деңгейі бүкіл Ресейлік мамандар халықтың тұтыну жүйесін
әзірледі, жүйе әл-ауқат, тұрмыс деңгейіндегі белгілі бір критерийлерге
сүйене отырып, елдегі бүкіл тұрғын халықты нақты топтарға бөлуге мүмкіндік
жасайды. Осы жүйе негізгі үш әлеуметтік стандартты (нормативті) қамтиды,
олар: күнкөріс минимумы (КМ), ең төменгі тұтыну бюджеті (ТТБ) және жоғары
молшылық бюджеті (ЖМБ).
Күнкөріс минимумы (8730), бұрын айтылғандай, адамның абсолютті
кедейшілігінің жігін белгілейді және кедейшілікпен күрес жүргізудегі
мемлекет саясатымен байланысты маңызды әлеуметтік нормативтер болып
табылады. Қазақстанда күнкөріс минимумы ҚР Күнкөріс минимумы туралы
Заңымен белгіленеді және ол бір адамға ең төменгі тұтыну себеті құнының
шамасымен бірдей және де дамудың осы кезеңінде қоғам қабылдаған адамның ең
аз қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге қажет ең аз мөлшердегі
ақшалай табысты көрсетеді. Ең төменгі тұтыну себетінің құнына ең аз азық-
түлік себетінің құны мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет
көрсетулерге жұмсалатын шығындар кіреді. Ең аз азық-түлік себетінің құны
тамақ өнімдерін тұтыну нормаларын, облыстарда айдың ортасында қалыптасқан
орташа бағаларға көбейту арқылы ай сайын есептеліп отырады. Тамақ өнімдерін
тұтыну нормалары республика халқы үшін бірыңғай және оларды Қазақстанның
тамақ Академиясы әзірледі, академия энергетикалық құндылықты қамтамасыз ету
мен физиологиялық деңгейде негізгі тамақ заттарын тұтыну тұжырымдамасына
сүйенеді. Сонымен қатар, бағалар күнкөріс минимумының шамасына ықпал ететін
негізгі факторлар болып табылады, өйткені тамақ өнімдерін тұтыну нормалары
мен азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын шығыстар арасындағы ара-қатынас
біршама тұрақты шамалар.
Ең төменгі тұтыну бюджеті (ТТБ) адамдар тұтынуын қалпына келтіретін
деңгейді қамтамасыз ететін жоғары әлеуметтік санатттарды көрсетеді. Ең
төменгі тұтыну бюджеті күнкөріс минимумын екі мөлшеріне тең және ол
адамның дене және парасат күштерін қалпына келтіру, балалар мен
жасөспірімдердің әлеуметтік және дене дамуы, зейнеткерлердің белсенді
әлеуметтік және дене жай күйлерін демеу үшін қажет халықтың негізгі
материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру тиіс.
Жоғары молшылық бюджеті (ЖМБ) адамның физиологиялық және әлеуметтік
қажеттіліктерін толық және орынды негізделген қанағаттандыру мен
қамтамасыз етеін игіліктер мен қызмет көрсетулердің оңтайлы жиынтығының
болуын ұйғарады, ол сондай-ақ міндетті төлемдер мен алымдарға жұмсалатын
жұмыстарды, бюджеттің осы үлгісін ұстау үшін жинақ ақшалар жасауға қажет
шығыстарды қамтиды. Жоғары молшылық бюджеті адамның тұтынудың дамушы
деңгейін емдеуіне жағдай жасайды немесе басқаша айтқанда, адамның жаң-жақты
дамуын қамтамасыз ететін таңдау мүмкіндігін ұлғайтуды, ұзақ мерзімді және
салауатты өмір сүруді, білім алу мен лайықты тұрмыс құруды қосқандағы
игіліктерді пайдалану мүмкіндігі.
Тұтыну бюджеттерінің жүйесіне сүйене отырып, елдегі бүкіл халықты
шартты түрде 4 әлеуметтік жікке бөлуге болады. Кедей тұрмыстағылардан ең
жоғары қамтамасыздандарылған адамдарға дейін.

2 кесте. Қоғамның тұтыну бюджеттері жүйесіндегі
әлеуметтік жіктері
Әлеуметтік жік Критерий
Кедей тұрмыстылар Табыстары күнкөріс минимумынан
төмен ( КМ)
Төмен тұрмыстылар Табыстары күнкөріс минимумынан
жоғары, бірақ ең төменгі тұтыну
бюджетінен төмен (2 КМ)
Орташа тұрмыстылар Табыстары ең төменгі тұтыну
бюджетінен жоғары, бірақ жоғары
молшылық бюджетінен төмен (7 КМ)
Жоғары тұрмыстылар Табыстары жоғары молшылық
бюджетінен көп, тұтынудың дамушы
деңгейін қамтамасыз етеді

Қоғамдағы экономикалық теңсіздікті сараптау үшін табыстарды
шоғырландыру мен сараптау коэффициенттері кеңінен қолданылады. Қорлар
коэффициенті (табыстарды саралау коэффициенті) ең көп және ең аз
қамтамсыздандырылған халық топтарының табыстарын салыстыруға мүмкіндік
жасайды, ол ең жоғары және ең төмен тұрмысты халықтың 10%, 20% ақшалай
табыстарының белгілерінің арақатынасын көрсетеді. Оны төмендегі кестеден
көруге болады.
3 кесте. Кейбір елдердегі қорлардың коэффициенті 2006 жыл

Ел Қорлар коэффициенті
Қырғызстан 6,0
Хорватия 7,3
Болгария 9,9
Қазақстан 6,8
Ресей 14,0

Джини индексі 10%304-70,290 (табыстарды шоғырландыру коэффициенті)
қоғамдағы (адамдар мен үй шаруашылықтары арасында) ақшалай табыстардың
(тұтыну) жалпы қорын бөлудегі теңсіздікті бағалауға мүмкіндік туғызды.
Саралау коэффициенттерінен айырмасы бұл көрсеткіш халықтың ең көп және ең
аз қамтамасыз етілген топтарының ақшалай табыстарын салыстыру жолымен емес,
ал ақшалай табыстардың жиынтық көлемінде халық арасындағы жеке топтардың
меншігінде бар табыстардың үлесті салмақтары негізінде есептейді.
Табыстардың жалпы көлемі неғұрлым біркелкі бөлінген сайын соғұрлым Джини
индексі аз болады. (0-ге жақын) және керісінше, Джини индексінің шамасы
неғұрлым көп болса (1 -ге жақын) соғұрлым ұлттық табыстардың аз үлесі
халықтың кедей жіктеріне жиналады. Төмендегі кестеден көруге болады.

4 кесте. Кейбір елдердегі Джини коэффициенті, 2006 жыл

Ел
Джини коэффициенті

Чехия
0,273

Қазақстан
0,304

Румыния
0,388

Молдова
0,391

Ресей
0,398

Украина
0,452

Қырғызстан
0,512

Бұдан бөлек, халықтың тұтыну бюджеттерінің жүйесі халықтың сатып алу
қабілеті табыстарының көрсеткішін енгізеді. Осы индикатор халықтың күнкөріс
минимумының орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының
арақатынасы ретінде есептеледі (Қазақстанда тұтынуға пайдаланылған орта
есеппен жан басына шаққандағы табыстар есептеуге қолданылады), ол осы
табыстарға сатып алуға болатын күнкөріс минимумына кіретін тауарлар мен
қызмет көрсетулер жиынтығының санын анықтауға мүмкіндік жасайды. Адамдар
табыстарын сатып алу қабілетінің көрсеткіші елдегі экономикалық
теңсіздіктің сипаттамасы болып табылады.
Кедейшілік дегеніміз адамның қал жағдайы ол лайықты тұрмыс деңгейі мен
азаматтық мәдени эканомикалық саяси және әлеуметтік өзге құқықтарды
пайдалану үшін қажет ресурстарға мүмкіндіктерге таңдауға қауіпсіздік пен
күш қуатқа қатысты орнықты немесе созылмалы шектеулерді сипаттайды.
Абсолюттік тәсіл кезінде объективті белгіленген абсалютті минимумнан
төмен табыстағы адамдар кедей тұрмыстылар болып есептелінеді басқаша
айтқанда кедейшіліктің абсалюттік тұжырымдамасы адамның негізгі
қажеттіліктерінің ең қысқа тізбесін (мәселен ең аз азық-түлік себеті немесе
күнкөріс минимумы және осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін талап
етілетін ресурстардың мөлшерін белгілеуге негізделеді. Атап айтқанда тамақ
өнімдеріндегі қажеттіліктерді белгілеу үшін қажетті калорианы белоктарды,
майлар мен угливоттарды тұтынудың физиалогиялық нормаларын пайдаланады.
Салыстырмалы тәсіл кезінде әл – ауқат көрсеткіштерін аз
қажеттіліктермен емес, ал түрлі елдегі материалдық қамтамасыздықтың басым
деңгейі мен салыстырады. Басқаша айтқанда қоғамның өзгеше мүшелерімен
салыстырғанда табысы аз адамдар кедей тұрмыстыларға жатады. Практикада
кедейшіліктің салыстырмалы шегі үй шаруашылықтарының орташа немесе
медианалық табысының шамасы бойынша пайыздық қатынаста белгіленеді.
Субъективті тәсіл адамдардың өз материалдық жағдайларына өздерінің
субъективті баға берулеріне негізделеді және адамдардың өздерін кедеймін
деп есептей ме және қалыпты тұрмыс үшін алатын табыстары жете ме деген
сұраққа өздерінің жауап берулеріне мүмкіндік туғызады. Бұл мағынада аталмыш
тұжырымдама адамның еркіндігі мен қадір қасиеті қағидалары мен және лайықты
тұрмыс деңгейін құруға берілетін құқықтары мен тығыз байланысты, олар –
дұрыс тамақтануға, медициналық қызмет көрсетулерге білім алуға және
қоғамның өзге де әлеуметтік және эканомикалық жетістіктеріне берілетін
құқықтары. Кедейшілікті өлшеудің субъективті әдісі кедейшілікті сапалық
талдау үшін оны сан бойынша бағалар мен қатар жиі қолданылады.
Кедей тұрмысты халықтың үлесі, немесе жан басылық есеп жүргізудің
коэффицинті
Жан басылық есеп жүргізудің коэффицинтімен тұлғаланылатын кедейшілік
деңгейін күнкөріс минимумынан төмен табыстағы халықтың үлесін көрсетеді.
Бұл көрсеткіш кедейшіліктің тереңдігін немесе өткірлігін есепке алмайды,
сондықтанда ол кедей тұрмысты халықтың нашарлап бара жатқан жағдайына мән
бермейді.
Кедейшілік тереңдігі кедей тұрмысты адамның қаншалықты кедей екендігін
көрсетеді және кедейшіліктің белгіленген шегіне қатысты кедей тұрмысты
халықтың жиынтық табыс тұтынуының орташа тапшылығына кескіндейді.
Қазақстанда ол күнкөріс минимумы. Егер халықтың кедей тұрмысты топтарының
табыстарының орташа мөлшері кедейшілік шегінен көп төмен болса онда
кедейшілік терең болып есептелінеді. (Қазақстан үшін күнкөріс минимумынан
төмен).
Кедейшілік өткірлігі
Кедейшілік өткірлігі қоғамдағы ең кедей адамның қаншалықты кедей
екендігін сипаттайды, яғни кедей тұрмысты бұқара халық арасындағы
теңсіздікті көрсетеді. Кедейшілік өткірлігі кедейшілік тереңдігін қосымша
ситпаттамасы ретінде қаралады, ол үшін кедейшілік тереңдігі мен жан басылық
есеп жүргізу үшін коэфицинтінің дәрежелері өзгеріссіз қалулары шарт.
Кедейшілік өткірлігінің дәрежесі неғұрлым жоғары болса кедейшілік
проблемасы соғұрлым күрделі.
Азық – түлік себетінің құны
Азық – түлік себетінің құны Қазақстанда калорияалар жиынтығымен
тұлғаланған базалық азық – түлік жинақтамасын анықтау мақсаттарында
есептелінеді. Азық – түлік себеті күніне бір адамға 2900 калориядағы тұтыну
деңгейін құрайтын атауларды мазмұндайды, ДДҰ стандарттарына сәйкес келеді.
Азық –түлік себеті сондай – ақ жергілікті азық – түлік дәстүрлерін және
жергілікті рыноктағы тауарлар мүмкіндігін ескереді.
Адам дамуының индексі
Адам дамыуының идексі құрама көрсеткіштерден тұрады, ол 1990 жылғы
адам дамуы туралы Баяндамада бірінші рет ұсынылып, есептелінді. Бірнеше
әлеуметтік көрсеткіштерді біріктіретін (туған кездегі өмір ұзақтығы,
халықтың жан басына шаққандағы білім және табыс деңгейі) АДИ түрлі елдердің
даму деңгейлерін салыстыру үшін пайдалы статистикалық құрал болып қызмет
атқара алады.
Күнкөріс минимумы
Күнкөріс минимумы адамның тіршілік әрекетін жүргізу үшін қажет,
нарықтық бағалар бойынша тауарлар мен қызмет көрсетулердің құндық бағасын
көрсетеді. Қазақстандағы күнкөріс минимумы тұтыну себетіне кіретін тауарлар
мен қызмет көрсетулерге пропорционал кірістердің (шығыстардың) объективті
белгіленген деңгейі.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1. Тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейін талдау
және жұмыссыздық
Қазақстан егемендік алғаннан кейін экономикада нарықтық қатынастардың
қалыптасуы еңбек нарығы құрлымының өзгеруімен бірге жүрді. Жұмыс күшінің
әрекет етуінің жаңа шарттары анықталды, жұмыс күшіне сұраныстың сандық және
сапалық сипаты өзгерді. Еңбек нарығын реформалау мемлекетпен басқарылатын
жұмысбастылық және жалақы төлеу жүйесін, осы факторлардағы сұраныс пен
ұсыныстардың нарықтық күштерін анықтайтын алмастыруды көздейді.
Жұмыссыздықтың пайда болу себептеріне тоқталып кететін болсақ,
Біріншіден жұмыссыздықтың денгейі төмен болуы мемлекет дамуының
көрсеткіштері, жаңа жұмыс орындарының көбеюі және тағыда басқа. Бұл жерде
жұмыссыздардың ақша табу көздері жоғалады. Мемлекеттік емес жұмыс орындары
тұрақты емес, олар кездейсоқ жағдайда болады, олар әлеуметтік қамтамасыз
етуге, әлеуметтік көмекке жауап бермейді. Екіншіден екі жақты табыс көзіне
әсер ететін факторлаға байланысты.
Нарықтық қатынастар қалыптасуы және дамуы кезеңінде ел
экономикасындағы құрлымдық өзгерістер жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың
тепе – теңдігінің бұзылуымен жұмыссыздықтың өсуімен бірге жүреді. Қазақстан
Республикасының Үкіметі жұмыссыздарды азайту мақсатында іс – шаралар
қолдануда. Соңғы жылдары экономиканың нақты секторындағы өндірістің өсуіне
байланысты жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр, бұл жұмыс бастылықтың өсуіне
және жұмыссыздықтың кемуіне алып келеді.
Қазақстан Республикасы халқының жұмыссыздығы және жұмыспен қамтылу
деңгейін талдап қарасақ, 2006 желтоқсанында 15 және одан жоғары жастағы
экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны (бағалау бойынша) 8033,6 мың
адамды құрады. Экономикада жұмыспен қамтылғандар саны – 7419,9 мың адам
немесе өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 152,2 адамға көп,
жұмыссыздар тиісінше, 618,7 мың адам немесе 22,6 мың адамға кем.
Жұмыссыздық денгейі 7,7% анықталды.
2006 жылы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 8,0 млн. адамды
құрады және өткен жылмен салыстырғанда 127,4 адамға немесе 1,6% -ға өсті.
Бұл мәліметтен байқайтынымыз ел экономикасының біртін – біртін жақсаруы
байқалады. Елде экономикалық тұрақтылық және жұмысбастылық дәрежесі өз
мүмкіншілігін жақсартуда.
Экономикада жұмыспен қамтылған адамдар саны 2006 жылы 7,4 млн. Адамнан
асып түсті, бұл 2005 жылға қарағанда 153,9 мың адамға немесе 2,1% - ға көп.
Жұмыспен қамтылғандар құрамында негізгі үлесті (64,9%) жалдамалы
қызметкерлер, ал өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 35,1% құрайды.
2006 жұмыссыздар (табысты жұмысы болмаған, оны белсенді түрде іздеген
және оған кірісуге дайын болған 15 және оданда жоғары жастағылар) саны
618,7 мың адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,4% азайған.
Жұмыссыздық денгейі 7,7% (2000 жылы-12,8%) қалыптасты.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министірлігінің деректері бойынша жұмысқа орналастыруы мәселелері жөніндегі
өкілетті органдарда 2006 жылы 204,7 мың адам, 2007 ж. Қаңтарда – 11,9 мың
адам, ауыл тұрғындарына тиісінше, 39,5 мың адам тіркелді.
Жұмыспен қамту органдарына жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар
саны 2006 жылдың желтоқсанының соңына 77,3 мың адамды құрады, бұл өткен
айға қарағанда 2,2 мың адамға (2,9%) және 2006 жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда 15,3 мың адамға (2,4%) аз. Желтоқсанда экономикалық тұрғыдан
белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,9% құрады. 2007 жылдың
желтоқсанына тіркелгендер санында жұмыссыздар – 50,9 мың адам - әйелдер,
олардың үштен бірі ауыл тұрғындары (29,4 мың). Өткен аймен салыстырғанда
олардың саны 0,6 мың адамға немесе 1,0% кеміген.
5 кесте. 2006 жылдың төртінші тоқсанындағы еңбек рыногының
негізгі индикаторлары (халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу материалдары
бойынша)


Энономикалық Халықтың Жұмыспен қамтылған
белсенді халық, экономикалық халық, адам
адам белсен-
ділігінің
деңгейі, %-бен

Барлығы, мыңөтініш
адам білдіргенд
ердің
жалпы
санына
%-бен

2006 ж 75,1 0,9 204,7 77,4
Қаңтар 103,6 1,3 10,1 36,0
Ақпан 113,7 1,4 15,0 43,7
Наурыз 111,2 1,4 19,4 87,9
Сәуір 113,4 1,4 16,8 61,8
Мамыр 108,7 1,4 16,9 82,5
Маусым 100,1 1,3 23,8 108,2
Шілде 99,0 1,2 15,6 74,4
Тамыз 96,3 1,2 16,3 84,2
Қыркүйек 88,9 1,1 22,2 101,6
Қазан 86,9 1,1 16,5 84,1
Қараша 81,5 1,0 17,4 100,8
Желтоқсан 75,1 0,9 14,7 130,2
2007 ж
Қаңтар 77,3 1,0 11,9 60,0

2006 жылдың қаңтар – желтоқсанында 204,7 мың адам (2005 жылдың тиісті
кезеңімен салыстырғанда 4% артық) жұмыспен қамтамасыз етілген. Өткен жылдың
желтоқсанында жұмыс іздегендердің санынан 58,9%, ауылды жерде – 70,8%
жұмыспен қамтамасыз етілген.
2006 жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша (ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министірлігінің деректеріне сәйкес) әртүрлі себептермен
толықтай 348 (2006 жылдың желтоқсанының басында – 149 кәсіпорын), ішінара –
309 (287) кәсіорын жұмысын тоқтатқан, ішінара толық емес жұмыс уақыты
тәртіптемесімен – 93 кәсіпорын (101) жұмыс істеген. Бір ай ішінде шарасыз
демалыста болған қызметкерлер саны 22,7 мың адамды құрады.

Жұмыспен жалданып қамтылу 2007 жылдың қаңтарында жалдамалы
қызматкерлер саны (бағалау бойынша) 4681,4 мың адамды құрады, бұл өткен
жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,2 мың адамға артық. Оның ішінде
мемлекеттік және мемлекетік емес ұйымдарда жұмыс істегені 82,5%, жеке
тұлғаларда – 11,4%, шаруа (фермер) қожалықтарда – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл-селодағы әлеуметтік жұмыс
Ұзынкөл ауылы халықының жынысы бойынша динамикасы
Жұмыспен қамту мен жұмыссыздық
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың жағдайы
Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі
Еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты
Қазақстанда халықты жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік-саяси жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы туралы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ КЕДЕЙЛЕРДІ ӨЛШЕУДІҢ, САНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ
Алматы облысының 2003-2005 жылдарға арналған кедейшілікті төмендету жөніндегі бағдарламасы
Пәндер