Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері мен құрылымдары



Жоспар:

1. Кіріспе
11. Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері мен құрылымдары.
2.1. Нарықтың мәні, атқаратын қызметі.
2.2. Нарық құрылымдары және олардың түрлерi.
111. Нарықтың экономикаға өтудің моделі мен әлсіздігі.
3.1. Нарықтың экономиканың иделдық моделі
3.2. Нарық экономикасының әлсіздігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Кіріспе
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдык өнімнің нақтылы қозғалысы сан мындаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардын, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылыгғның экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің "қан айналымы" жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы козғалысында рынок маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршендігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен рыноктардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы рынок мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориалық айтыстар толастамай келеді. Экономикалык әдебиеттер мен зерттеулерде "рынок" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла койған жоқ. Көпшілігі рыноктық катынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы рынокты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет "дәрі" деп те, немесе осы салада орын алып отырған олкылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтің керемет "күш" деп те дәріптеуде.
Рыноктың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістін үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады. Қоғамдык қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылығы кұрылымдары, өнімнің түрлері және баска да шаруашылық параметрі жоспарланады. Сөйтіп, өндіріс пен тұтыну процестерінің арасындағы байланыстар белгіленеді. Ал мұндай жоспарлы бағыт-бағдарлар мен тапсырмалар алдымен рынокта, сұраныс пен ұсыныс, кәсіпорындардың келісімдері арқылы алғашқы сынақтан өтеді. Сонымен қатар, рынок белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Өйткені ол өндірілген өнімнін оған жұмсалған енбектің қоғамдық қажеттілігін дәлелдейді. Рыноктың тағы бір маңызды қызметі өндіріс шығындарын азайту. Бұл қызметін
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Е.Адаспаев – «Экономика: байып пен бағдар».
2. Мухмедиев А.Б. Ұлттық қоғамдық саяси журнал // Ақиқат, Рыноктық экономикаға өтудің моделі. А. – 1999. – 5 / 6
3. Я. Әубәкіров, Экономикалық теория негіздері // Алматы – 1998ж.
4 . Сейткасымов Г.С., Ильясов А.А. Рыночная экономика, Алматы: Экономика, 1998 – 184с.
5. Жуков Е. Ф. Принципы рыночной экономики. – М.: Банки и биржы, ЮНИТИ, 1995 – 224с.
6. Семенкова Е. В. Операции в рыночной экономике. – М.: Переспектива, “ИНФРА-М”, 1997 – 328с.
7. Мейірбеков. А.Қ, Әлімбетов. К.Ә. - “Кәсіпорын экономикасы”. АЛМАТЫ, 2003
8. Бабақұлы. Б. - “Тәуелсіздік, нарық, экономика”. АЛМАТЫ, 1996

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе
11. Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері мен құрылымдары.
2.1. Нарықтың мәні, атқаратын қызметі.
2.2. Нарық құрылымдары және олардың түрлерi.
111. Нарықтың экономикаға өтудің моделі мен әлсіздігі.

3.1. Нарықтың экономиканың иделдық моделі

3.2. Нарық экономикасының әлсіздігі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Кіріспе

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдык өнімнің нақтылы қозғалысы сан
мындаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың,
салалардын, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық
шаруашылыгғның экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы
өндірістің "қан айналымы" жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы
козғалысында рынок маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршендігі
өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты,
дегенмен рыноктардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы
өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай
әсер етеді.
Жалпы рынок мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориалық айтыстар
толастамай келеді. Экономикалык әдебиеттер мен зерттеулерде "рынок" деген
терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла койған жоқ. Көпшілігі рыноктық
катынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, шуы көп
кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы рынокты экономиканы барлық ауруынан
тез жазатын керемет "дәрі" деп те, немесе осы салада орын алып отырған
олкылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтің керемет "күш" деп те дәріптеуде.
Рыноктың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың
арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістін үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады.
Қоғамдык қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылығы кұрылымдары,
өнімнің түрлері және баска да шаруашылық параметрі жоспарланады. Сөйтіп,
өндіріс пен тұтыну процестерінің арасындағы байланыстар белгіленеді. Ал
мұндай жоспарлы бағыт-бағдарлар мен тапсырмалар алдымен рынокта, сұраныс
пен ұсыныс, кәсіпорындардың келісімдері арқылы алғашқы сынақтан өтеді.
Сонымен қатар, рынок белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды рөл
атқарады. Өйткені ол өндірілген өнімнін оған жұмсалған енбектің қоғамдық
қажеттілігін дәлелдейді. Рыноктың тағы бір маңызды қызметі өндіріс
шығындарын азайту. Бұл қызметін олбағаның қоғамдық кажетті еңбек шығындарын
накты сипаттауымен байланысты атқарады. Тек бағалар рыноктық өзгерістерді
әрдайым ескеретіндей икемді болулары керек.

11. Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері мен құрылымдары.
2.1. Нарықтың мәні, атқаратын қызметі.
Саяси экономикалық мағынада рынокты айырбас қатынасын білдіретін
экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде
ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен,
рынок тауарлы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың
заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Рынок — тауар мен ақша айналысы
қатынастарының жиынтығы.
Экономикалық дамудың объективті жағдайы рынокты және оның
категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т. б.) өмірге әкелді. Көп уакыт
бойы біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі
рыноктың дамуына тежеу салды. Соңгы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне
көшу рыноктық айырбаска кенңжол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық
қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі "батыстық модельдерді" қайталау емес.
Бұрынғы социалистік елдердегі рыноктық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық
механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988
жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына
көтерме сауданы енгізу арқылы рыноктың тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір
өндіріс әдісіндегі рынок меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл
жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да рынок өндірістің тиімділігі
мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей
бастады.
Соңғы уақытта, теориялык дискуссияларда рынок пен жоспар бір-біріне
орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлы ұйымдасқан
процесс) рынокты, оның икемділігін, экономиканың тиімділігін арттыруға
пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан рынок ұдайы өндірісті үйлесімді
дамытудың басты тұтқасы. Экономиканы рыноктық реттеу ұйымдасқан жоспарлы
шаруашылық механизмінің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет
ететінін естен шығармаған жөн. 1
Рыноктың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың
арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістін үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады.
Қоғамдык қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылығы кұрылымдары,
өнімнің түрлері және баска да шаруашылық параметрі жоспарланады. Сөйтіп,
өндіріс пен тұтыну процестерінің арасындағы байланыстар белгіленеді. Ал
мұндай жоспарлы бағыт-бағдарлар мен тапсырмалар алдымен рынокта, сұраныс
пен ұсыныс, кәсіпорындардың келісімдері арқылы алғашқы сынақтан өтеді.
Сонымен қатар, рынок белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды рөл
атқарады. Өйткені ол өндірілген өнімнін оған жұмсалған енбектің қоғамдық
қажеттілігін дәлелдейді. Рыноктың тағы бір маңызды қызметі өндіріс
шығындарын азайту. Бұл қызметін олбағаның қоғамдық кажетті еңбек шығындарын
накты сипаттауымен байланысты атқарады. Тек бағалар рыноктық өзгерістерді
әрдайым ескеретіндей икемді болулары керек.
Көп уакыт бойы біздің шаруашылығымыздың бұрынғы социалистік елдердегі
сияқты сәйкестілігі бұзылып, экономика тапшылык, жағдайында, болып келді.
Мұны ұдайы өндірістің заңдылығы деп түсінушілер [1]де аз болған жоқ.
Сөйтіп, социализм тұсында сұраныс ұсыныстан әрдайым артық болуы керек деген
формула пайда болды. Рынок құрылымы өте күрделі. Мұның ең басты буыны —
өндіріс құрал-жабдықтары қозғалысы материалдық-техникалық жабдықтау түрінде
жүзеге асты. Материалдық-техникалық жабдықтау-орталықтан ресурстарды
жоспарлы түрде өндірушілер мем тұтынушыларға беліп отыру. Бұл баскарудың
әкімшілдік-әміршілдік түріне тән әдіс еді. Сырт қарағанда материалдық-
техникалық жабдықтау сатып алу, сату аркылы жүргізіледі, бірақ бұл формалды
түрде болып келді. Рыноктың ұдайы өндірістегі рөлі көтеру үшін өндірушілер
мен тұтынушылар арасында тікелей коммерциялық және аралық рөл атқаратын
көтерме базалар арасындағы қатынасты кеңінен дамытуды өмір талап етті.
Материалдық-техникалық ресурстарды орталықтан бөлуден өндіріс құрал-
жабдықтарын рынок арқылы сатуға көшу, еңбек ұжымдарынын өзін-өзі басқару
мен экономикалық дербестігін күшейтіп іскерлігін керсетуге жол ашты.
Көтерме сауданың бірінші көрінісі — өндірушілер мен тұтынушылардың
арасындағы келісім шарт түріндегі байланыстар. Олар өзара өнім өндірудің
көлемдерін, онық сапасын және жабдықтау жағдайларын анықтайды. Көтерме
сауда шаруашылық есептегі базалар мен магазиндер арқылы да ұйымдастырылады.
Өндіріс кұрал-жабдықтарын көтерме сауда арқылы сату алдын ала экономикалық
және ұйымдастыру алғы шарттарын қажет етеді. Әңгіме сұраныс пен үсыныстың
арақатынасын ескертетім бағалар жүйесіне, нақтылы шаруашылық есепке көшу,
дамыған инфраструктурасын жасау (қоймалар мен базалар, транспорттык қызмет
көрсету және т. б.). Тек шаруашылық коммерциялық есепті нығайту арқылы
ресурстарды үнемдейтін экономикалық тұтқаларды жасағга болады. Көтерме
сауда рыногына көшудің басты жағдайына ресурстар мен қажеттіліктін
сәйкестілігін сақтау да жатады.
Жалпы тауар айналысы ақша айналысымен тығыз байланысты. Сондықтан
өндіріс кұрал-жабдықтары рыногының дамуы, кәсіпорындардың коммерциялық
сауда кызметінің кеңеюі ақша ресурстарының қарыз қорын және бағалы
ақшалардың жеке рыногының құрылуын, олардың қозгалысының икемділігін
жарастыруды талап етеді. Сөйтіп, рыноктың құрамында бағалы ақшалардың
облигациялар мен акциялардың коммерциялық айналымы орын алуы мүмкін. Әзірге
бұрынғы социалистік елдерде мемлекеттік облигациялар механизмі жолға
қойылған. Венгрия мен Қытайда сонымен қатар акциялар рыногы да орын алуда.
Рыноктық дамыған форма биржалардың ұйымдасуын талап етері сөзсіз.
Болашақта нақты жүйенің қалануына ұлттық ақшаның телем қабілетінің,
айналым кызметінің өсуіне карай теңгенің белгіленген курсқа сәйкес шетелдік
вальюталарға еркін айырбастау рыногының да құрылуы объективті құбылыс. 2
Өндіріс құрал-жабдықтары айналысының ерекше бір формасы, ауыл
шаруашылық өнімдерін сатып алу. Қазіргі кезеңде агроөнеркәсіптік
бірлестіктер жоспарлы сатып алу көлемін мемлекеттік заказ ретінде аудандық
а[2]гроөнеркәсіп бірлестіктеріне жібереді. Жекелеген шаруашылықтарға сатып
алу заказдары берілмейді, оның көлемі белгіленген баға бойынша келісім шарт
негізінде анықталады.
Ұдайы өндіріс процесінде тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету
рыногының маңызы да зор. Тек осының негізінде өндірісті ұлғайту мен
тауарлардың сапасын жақсарту бағдарламалары жүзеге асырылады. Осы
проблеманың маңыздылығын былай анықтауға болар еді. Егер біз рынокты алуан
түрлі тауарлармен және көрсетілетін қызмет түрлерімен толықтыра алмасақ
беліс қатынастарын жетілдіру жөніндегі барлық күш-жігерлеріміздің
тиімділігі шамалы болып шығады, ал халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі
міндетіміз орындалмай калады. Халық тұтынатын тауарлар ендіру мен қызмет
көрсету саласын дамытудың кешенді бағдарламасы міне осыған бағытталуы
қажет. Қазіргі кезеңдегі тұтыну тауарлары рыногының ерекше белгісі —
тұтынушылар сұранысын жақсы өтеу барысында өндірушілер арасында конкурс пен
жарыс өткізу. Мұнда көтерме сауда жәрмеңкелерін жиі өткізудің маңызы зор.
Әсіресе ТМД елдерінің, аймақтардың арасында осындай жақсы тауарлар сату
шарысын ұйымдастыру өндірушілер үшін үлкен сын болар еді. Бұл болашақта
халықаралық экономикалық қатынасқа кәсіпорындардың өз еркімен қатынасуына
да үлкен әсер етері сөзсіз.
Көптеген елдердің тауар айналымында ауыл шаруашылығы мен баска
кооператив өнімдері, өздерінің қосалқы шаруашылығында өндірген өнімдерді
еткізетін рынок көрнекті орын алуда. Экономикалық реформа барысынада
колхоздар жоспардан тыс 30 процентке дейінгі жоспарлы өнімді қалаларға
апарып келісім бағалармен сатуға құқылы.
Рынокты сапалы жақсы тауарлармен толтыру мен қызмет көрсетуді
жақсарту, біздің әлеуметтік саясатымыздың басты міндеті. Ең бастысы
реттелетін әлеуметтік рынокты дамыту, алыпсатарлармен күрестегі жеңістің,
"көлеңкелі экономиканы" жоюдың алғы шарттары.
ТМД елдерінің ұлтгық рыноктары бір-бірімен тығыз байланыста. Олар
дүниежүзілік рынокпен де қарым-қатынасты ұлғайтуда. Бұл катынастарды
дамытудың материалдық негізі ол елдер арасындағы еңбек бөлінісін тереңдету,
тікелей тауар айырбасы мен сату қызметтерін кеңейту. Тауар айналысы мен
рынок "сатушы мен сатып алушылардың" арасындағы қатынастың көріну формасы
болғанымен, олар шын мәнінде өндіріс пен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың
қайшылықтарын нақты көрсетеді.
Сұраныс пен ұсыныс — халықтың тауарларға деген төлем қабілеті бар
сұранысы (сатып алу қабілеті) мен ол тауарларды ұсынудың (сатуға шығарудың)
арасындағы қатынас. Тауарды сатып өткізу процесі қалыпты жүзеге асып тұруы
үшін сатуга шығарылатын тауар мен халықтың төлем қабілеті бар ұсынысы сай
келуге тиіс. Алайда өмірде дәл осылай бола бермейді. Өйткені, сұраныс
қоғамның барлық қажеттерін көрсетпейді, ол тек ақша қаржысымен қамтамасыз
етілген өндіріс құрал-жабдықтарымен тұтыну заттарына деген сұранысты
қанағаттандыруды қамтиды. Сұраныс сияқты, ұсыныс та елдегі өнім өндірудің
бүкіл келемін сипаттайды. Мысалы ол тауар айналысы саласынан тыс өндірістік
және жеке тұтынуға түсетін өнімдерді өндіру резервтері мен көлемін
қамтымайды. Халық тұтынатын тауарларға сұраныс пен ұсыныс арасындағы
сәйкестік тұтыну заттарының көлеміне, қорлану қорын ұтымды пайдаланып,
өндірістін тиімділігін арттырумен тікелей байланысты. Сұраныс пен ұсыныстың
арақатынасына қоғамдық өндірістің екі бөлімінің — өндіріс құрал-жабдықтары
мен тұтыну заттары өндірісінің өсу қарқыны әсерлі ықпал етеді. 3[3]
Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіне халықтың ақшалай табысы мен еңбек
өнімділігінің өсу қаркынының арақатынасы да ықпал егеді. Осы арақатынасты
реттеуде баға да манызды рөл атқарады. Егер, жекелеген тауарлар ұсынысы
сұраныстан асып кетсе, мемлекет бөлшек сауда бағасын кемітеді, осының
салдарынан рынок сыйымдылығы артып, тауарлар тез еткізіледі. Ал егер ұсыныс
сұраныстан артга қалса, мемлекет ең алдымен тұтыну заттарын өндіруді
ұлғайту шараларын қолданады, тек кейбір жағдайда ғана, осындай тауарларды
едәуір ұлғайту мүмкіндігі болмаган сәтте мемлекет бұл тауарға деген сұраныс
пен ұсынысты бір-біріне сәйкестендіру мақсатымен бағаны көтеруге мәжбүр
болады. Бірақ мұндай жағдайларда бір тауардың бөлшек сауда бағасын кетеру,
әдетте, басқа тауарлардың бағасын кемітумен толықтырылады. Халық тұтынатын
тауарлар бойынша рыноктық тепе-теңдікті орнатудың және оны бірқалыпты
сақтаудың қажетті алғы шарты халықтың сұранысын үнемі зерттеп есепке алу
болып табылады. Рыноктық тепе-теңдік халық шаруашылығының үйлесімді
дамуының бір белгісі. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің бұзылуы
экономиканың сәйкестілігінің бұзылып, өндірістің дамуына, әлеуметтік
мәселелерді шешуді қиындатады.
Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы тек бағаларды өсіріп
қоймайды. Ұсыныстың сұраныстан өне бойы артта қалуы рыноктың қалыпты
жұмысын бұзып, экономикалық айналымды бүркемелеп, өндірістің құрылымына да
әсер етеді. Нәтижесінде өнімді жаңартып отыру баяулап, ғылыми-техникалық
прогресс тежеліп, тауарлармен қызмет көрсетудің сапасы нашарлап,
экономиканың финанстық тұрактылығы бұзылады. Мұндай жағымсыз құбылыстарға
орын бермеу үшін рынокты оның заңдары негізінде басқара отырып, оны
экономиканы реттеу механизміне енгізу керек. Жалпы сұраныс пен ұсынысты
реттеу — рынокты басқарудың басты қызметі, шаруашылық механизмінің құрамды
бөлігі. Мұндай реттеу әр түрлі әдістермен, мысалы тікелей (айталық
мемлекеттік заказдарды стратегиядық, әлеуметтік маңыздылығы басым өнімдерге
беру) және жанама жолмен (бағалар, финанс-кредит тұтқалары, салық, реклама
және т. б.) жүргізіледі. Соңғы уақытта рынокты реттеп, сұраныс пен ұсынысты
үйлестіру мақсатымен маркетинг жүйесі енгізілуде.
Қазіргі кезеңдегі рынокты реттеудің бір ерекшелігі орталық
экономикалық органдар сұраныс пен үұыныстың макропропорцияларын реттеуді,
өз жауапкершілігіне алып отыр. Ал микропропорцияларды, яғни кейбір тауар
түрлерін қызмет көрсетуді нақтылы тұтынушылар мен жабдыктаушылардың
арақатынасын реттеуге кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге тұтас алғанда
еңбекшілерге кең құқықтар берілген. 4[4]
Еңбек рыногы өндірістің тиімділігін өсіруге, ғылыми-техникалық
прогресті жеделдетуге осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі
кетеруге көмектеседі. Еңбек рыногы жұмыс орны мен кәсіпті (профессияны)
таңдауға, өмір салтын қалыптастыруға, адамның экономикалық тәуелсіздігін
қамтамасыз етуге жол ашады. Еңбек рыногы асқан жауапкершілікті,
жинакылыкты, тәртіпті кажет етеді. Мемлекет әр адамға нақтылы жұмыс орнын
дайындау міндетінен арылады, сонымен әр адам өзіне лайықты еңбек орнын
тандап алуға ерікті.
Еңбек рыногы туралы сөз болғанда жұмысқа тарту теориясында жаңа
көзқарас пайда болғанын атау керек. Кеңестік қоғамтану, экономикалық
әдебиеттерде ондаған жылдар бойы капализм жағдайында жұмыссыздар болмайды,
бұл социализмнің капитализммен салыстырғандағы белгілі бір артықшылығы
деген қағида берік орын алып келді. Қоғамдық пікір де осы тұрғыдан
қалыптасқан еді. Елімізде рыноктық шаруашылық системасына көшуге орай
экономикалық теория алдында бірсыпыра жаңа сұрақтар қойғаны туралы жоғарыда
сөз болды. Сол сұрақтардың бірі еңбек рыногы және жұртшылықты енбекке тарту
мәселесі. Шындығында, 1989 жылдан бері әдебиет бетінде, түрлі ғылыми-
өндірістік конференцияларда, жиналыстарда айтылған пікірлерді негізінен екі
топқа бөлуге болады. Бір топ біздің елде еңбек рыногы болуға тиіс емес
десе, екіншілері еңбек рыногы бар, бірақ ол тежелген, ерекше рынок дегенді
айтып жүр. Әрине, кеңестік, дәстүрлік саяси экономия теңдік, әділеттілік
пен казіргі ілгері дамыған елдердегі жалақы, еңбекке тарту, оған
ынталандырумен байланыстырғысы келеді. Онымен бірге жаңа көзқарас еңбек
проблемаларын зерттегенде экономикалық және әлеуметтік саясат, еңбектің
сипаты мен мәні, оның тиімділігі, әділеттілігі туралы мәселені қамтуды
қажет етеді.
Еңбек рыногының құрамдас белігі жұмысшы күшінің сипатына да анықтама
беру керек. Сонғы мезгілге дейін кеңестік экономикалық ой-пікірде жұмыс
күші біздің елімізде тауар емес, оның себебі жұмысшылар өз мемлекетінің,
коғамның қожасы болды, қанаушы үстем таптар жойылды, сондықтан жұмысшы өз
еңбегін өзіне сата алмайды деген түсінік кең орын алды. Осы қағиданың дұрыс
еместігін өмір тәжірибесі дәлелдеп берді. Себебі жоғарыда аталған топшылау
шындыққа жатпады. Керісінше, жұмысшылар өндіріс құрал-жабдықтары мен
өндірісті баскарудан тыс қалды, олардың еңбекке деген белсенділігі де
кеміді. Осыған орай теорияда және практикада жұмысшы күшін қайта даярлау,
ұдайы ендіру, оның нақтылы құнын анықтау мәселесі жете зерттелмеді. Осы
жағдай кеңес елінде жұмыс орны мен жұмыс күшінің өте арзан болғанын
анықтайтын себеп. Кеңес елінде де теориялық қағидалар қаншама теріс
болғанымен еңбек рыногы болды, бірақ та ол ашық түрде шаруашылық
механизмінің құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқара алмады. Жұмысшылар бір
кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға, түрлі мекемелерге жиі ауысып жүрді.
Техникалық жабдықталуы, еңбек жағдайы және жалақысы жоғары кәсіпорындарды
жұмысшылардың іздейтіні ақиқат. Осыған орай экономикадағы қолайсыз
жағдайдың бірі жұмысшылардын жиі ауысуы болды. Мәселен бұрынғы Одақ бойышпа
80-жылдары бір жылда 20 миллиондай адам еңбек орнын ауыстыратын. Осындай
кұбылыс Казақстан жағдайында да орын алды.
Қазіргі экономикалық теориядағы жаңа кезқарас бойынша жұмыс күші
тауар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері мен құрылымдары жайлы
Нарықтың мәні, түрлері
Рынок - тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жүйесі
Нарық, оның қызметтері және қызмет ету қағидалары
Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымның қалыптасу мәселесі
Нарықтың экономикада қажеттігі, мәні, өту жолдары
Нарықтың пайда болу шарттары
Қазіргі нарық шаруашылық байланыстары мен экономикалық қатынастардың күрделі жемісі
Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістері
Пәндер