Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қалыстастыру есебі және талдау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.ТАРАУ Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты ... ... ... ... ..7
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі ... ..10
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

ІІ. ТАРАУ Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қалыстастыру есебі және талдау
2.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері. Табыстар мен шығыстар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2. Маржиналды табыс есебі және талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

ІІІ. ТАРАУ Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және пайданы бөлу ( ААҚ « Өзен мұнайгаз» негізінде) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
3.1. Кәсіпорынға жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
3.2. Баланс өтімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
3.3. ААҚ « Өзен мұнайгаз» қаржылық тұрақтылығын талдау ... ... ... ... ... ..51
3.4. Пайданы қалыптастыру және бөлуді талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .74

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.ТАРАУ Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен
әдістері
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың
мақсаты ... ... ... ... ..7
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық
негізі ... ..10
1.3. Қаржылық жағдайды талдау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

ІІ. ТАРАУ Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қалыстастыру есебі және
талдау
2.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың
міндеттері. Табыстар мен шығыстар
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..22
2.2. Маржиналды табыс есебі және
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .30

ІІІ. ТАРАУ Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және пайданы бөлу (
ААҚ Өзен мұнайгаз негізінде) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .35
3.1. Кәсіпорынға жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.37
3.2. Баланс өтімділігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...47
3.3. ААҚ Өзен мұнайгаз қаржылық тұрақтылығын
талдау ... ... ... ... ... ..51
3.4. Пайданы қалыптастыру және бөлуді
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...64

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...74
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .77

Кіріспе

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы жылдан жылға
дамып, нығайып келеді. Онымен бірге, шаруашылық процесті реттеудің
негізгі құралы ретінде бәсекелестік дамуда.
Қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайдағы әр шаруашылық
субъектілерінің қызметі оның қызмет ету нәтижесіне мүдделі нарықтық
қатынастар қатысушылардың кең ортаның назарында.
Кәсіпорынның қазіргі жағдайындағы өмір сүруін қамтамасыз ету
үшін басқару қызметкерлеріне ең біріншіден , өзінің кәсіпорынның
және потенциалды бәсекелестердің қаржылық жағдайын нақты бағалай
білулері қажет. Қаржылық жағдай кәсіпорынның экономикалық қызметінің
маңызды сипаттамасы. Ол бәсеке қаблеттілікті, іскер ынтымақтастықтағы
әлеуетін , қаржылық және өндірістік қатнастардағы кәсіпорынның өзінің
және оның серіктестіктерінің экономикалық мүдделері қаншалықты
кепілдікке алынғандығын бағалайды.Бірақ та нақты қаржылық жағдайды
анықтау мүмкіндігі кәсіпорынның табысты қызмет етуі үшін және
алдына қойылған мақсаттарына жету үшін жеткіліксіз.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі тек осы кәсіпорын
иелігіндегі қаржылық ресурстар мен капиталдың қозғалысын дұрыс
басқару ғана қамтамасыз ете алады.
Кәсіпорынның бәсеке қаблеттілігі тек осы кәсіпорын иелігіндегі
қаржылық ресурстар мен капиталдың қозғалысын дұрыс басқару ғана
қамтамасыз ете алады.
Нарықтық экономикада Қаржылық басқару және қаржылық
менеджмент ретінде белгілі алға қойылған міндеттемелерді шешуге
мүмкіндігін беретін жеке бағыт қалыптасты. Қаржылық менеджмент ғылым
ретінде күрделі құрылымға ие. Оның маңызы құрамдас

3

бөлігі болып, бухгалтерлік есеп мәліметтері мен шаруашылық
өмірдің келешек факторларын ықтимал бағалауына негізделетін
қаржылық талдау табылады. Бухгалтерлік есеп пен басқару арасындағы
байланыс айқын. Басқару - яғни шешім қабылдау. Басқару - көре
білу, үшін лайық ақпараттармен қамтамасыз етілуі қажет.
Осыған байланысты бухгалтерлік есепте басқару шешімдерін
қабылдау үшін алдағы аналитикалық есептеулердің ақпараттың негізі
болады. Қаншалықты ақпарат негізі әділ болса, соншалықты қаржылық
сипаттағы шешімдер де дәл болып келеді.
Қаржылық менеджмент бірнеше негізгі концепцияларға
негізделеді. Олар : ақша ресурстарының уақытша құндылығы, ақша
ағымдары, қаржылық тәуекелділік , капитал бағасы, тиімді нарық
және т.б
Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның
қаржылық жағдайын зерттеу , негізгі қаржылық және өндірістік
қызметтің негізгі мәселелерін табу, осының негізінде тәжіирбелік
ұсыныс беру және қорытынды жасау.
Қойылған мақсатқа сай негізгі міндеттемелерге келесілерді
кіргіземіз:
• кәсіпорынның мүлкінің сипаттамасы : негізгі және айналым
қаражаттарын және олардың айналуын қарастыру;
• кәсіпорынның қаражат көздерін: меншікті және қарыздық
қаражаттарын сипаттау;
• қаржылық тұрақтылықты бағалау;
• өтімділік коэффициенттерін есептеу;
• пайда және табыстылықты есептеу;
• қаржы шаруашылық қызметін жақсарту үшін шаралар өңдеу.
Жоғарыда келтірілген міндеттерді шешу үшін жылдық қаржылық
есептемесі қолданылады.

4

Олар : бухгалтерлік баланс ( № 1 форма ) ; табыстар мен шығындар
туралы есеп ( № 2 форма ); ақша қаражаттары туралы есеп ( № 3
форма).
Зерттеу объектісі Өзенмұнайгаз Ашық акционерлік Қоғамның
( ААҚ ) болып табылады. Талдау пәні - кәсіпорынның
қаржылық прцестері мен оның қызметінің соңғы өндірістік -
шаруашылық нәтижелері.
Берілген талдауды жүргізгенде келесі тәсілдер мен әдістер
қолданылады : көлденең талдау , тікелей талдау , коэффеценттер
талдауы , салыстырмалы талдау.
Берліген жұмыста Өзенмұнайгаз АҚ – ның қаржылық қызметіне
талдау жүргізіледі.
Кәсіпорынның екі жылдық жұмысын қамтиды , яғни 2005 және
2006 жылдар.
Дипломдық жұмыс кіріспеден , 3 тараудан , қорытындыдан ,
қолданылатын әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 тарауда кәсіпорынның қаржылық жағдайының қалыптасу есебін
талдау , оның ішінде қаржылық жағдайы , оны жүргізудегі әдіс -
тәсілдер пайдаланылатын негізгі ақпараттар сөз болады.
2 тарауда кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі
міндет табыс алу болып табылады. Сондықтан осы бөлімде табыстылық
көрсеткіштеріне тоқталдым.
Дипломдық жұмыстың көп бөлігін алған кәсіпорынның қаржылық
нәтижесі және оны талдау 3 тарауында , нақты кәсіпорынның ,
яғни Өзенмұнайгаз ААҚ – ның мәліметтерін ала отырып , баланс
құрылымындағы өзгерістерге талдау жүргізілді , баланс өтімділігін
анықтау , кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы , төлем
қаблеттілігінің

5

негізгі мәндері және оларды анықтау жолдары жөнінде
жазылған .

6
І . Тарау Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың

мазмұны мен әдістері
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.

Талдау – бұл азамат тарихының бүкіл практикалық және
ғылыми іс - әрекеті негізінде , сонау ежелгі заманнан бері қарай
қолданылып келе жатқан кең мағыналы ұғым. Талдау көбіне – көп ойлау
тәртібімен және сонымен қатар бір объектіні нақты бөлшектеуді
немесе айырып саралауды білдіреді. Талдауға қарама – қарсы әрекет
синтез болып табылады . Синтез және талдау көп жағдайда практикалық
немесе танымдық іс - әрекеттерді сай келісіп жатады . Зерттеліп
отырған қандай да болмасын объектінің өзіне тән құрылымдық
ерекшелігіне , танып білуге қолданылған әдіс – тәсілдердің
абстракциялану деңгейіне және оларды жүзеге асыру жолдарына қарай
талдау , жаратылыстану мен басқа да қоғамдық ғылымдардың зерттеу
синонимі есебінде түрлі нысанда болады.
Экономикалық талдау – объективті экономикалық заңдар мен
субъективті тәртіптегі факторлардың ықпал етуімен қоғамда болып
жатқан сан алуан экономикалық процестерді зерттеп , зерделеумен
байланысты арнайы ғылымдар жүйесі болып табылады.
Қаржылық талдаудың бір ерекшелігі : ол атқарылған
қызметтердің нәтижелерін анықтап , дәл бағалауға мүмкіндік береді.
Нарықтық экономиканың өзіне тән ерекше өзгешеліктерінің
нәтижесінде, экономикалық талдаудың тіптен өзге салада да әрекет
етуі туралы өзгеше түсінік болуы ықтимал.

7
Экономикалық теория

Статистика

Бұл жерде : БЕ – бухгалтерлік есеп , ҚТ – қаржылық талдау ; ШҚТ –
шаруашылық қызметті талдау.
Сурет. қаржылық талдау және оның экономикалық талдаудағы
орны.
Жоғарыда келтірілген сызбанұсқаның негізгі немесе басты
элементі болып , нақты әлеуметтік – экономикалық құрылымдағы
экономикалық заңдар мен қоғамдық дамудың іс – қимылдағы зерттеумен
байланысты болып келетін ғылым еңбегіндегі экономикалық теория
болып саналады.
Қаржылық талдау – шаруашылық қызметінің жалпы және толық
түріндегі талдауының белгілі бір бөлігі болып табылады. Ол өзара
тығыз байланысты негізгі екі бөлімнен тұрады:
- қаржылық талдау;
- басқарушылық талдау.
Шаруашылық қызметтің талдауының мысал түріндегі берілген
сызбанұсқасы төменде келтірілген :

8

Шаруашылық қызметін талдау

Сурет . Шаруашылық қызметін талдаудың негізгі бағыттары.
Талдаудың қаржылық және басқарушылық болып екіге бөлінуі
практикада бухгалтерлік есеп жүйесінің кәсіпорын деңгейіндегі
қаржылық ері басқарушылық есептеріне бөлінумен шартастырылады.
Сонымен қатар , тек қана жария есеп қисабы негізінде
жасалған қаржылық талдау сыртқы талдау болып саналады.
Талдаудың мына түрі инвесторлармен материалдық және қаржылай
ресурстармен жабдықтаушылар арқылы жарияланған есептемелердің
негізінде бақылаушы органдармен жүзеге асады.
Сыртқы талдаудың негізгі мақсаты – ең жоғары пайда мен
шығынды азайтуды қамтамасыз ететін тиімді қаржы жұмсау
мүмкіндіктерін орнату болып табылады.
Сыртқы талдаудың негізгі ерекшеліктері :
- кәсіпорын қызметі туралы ақпаратты пайдаланушы талдау
субъектілерінің санының көптігі ;

9
- талдау субъектілерінің маұсаттары мен мүдделерінің сан алуандығы;

- талдау міндеттерінің тек қана сыртқы есептемелерді қолдануындағы
шектеушілік;
- кәсіпорын қызметі туралы ақпаратты қолданушылар үшін, талдау
нәтижелерінің жоғары деңгейдегі ашықтығы.
Ішкі шаруашылыққа қаржылық талдау жүргізу барысында негізгі
ақпарат көздері есебінде қаржылық есеп – қисаптармен қатар басқа
шаруашылық субъектісінің қызметіне байланысты деректер қолданылады.
Олардың қатарына: бухгалтерлік есеп жүйесі туралы ; өндірістің
техникалық дайындығы жайында деректер ; нормативтік және жоспарлы
ақпараттарды жатқызуға болады.
Ішкі талдау кәсіпорынның қызметтері арқылы іске асырылады.
Мұнай талдаудың нәтижесінде алынған қорытынды көрсеткіштер
кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлауға , бақылауға және оның
болашағына болжам жасауға қолданылады.
Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық
жағдайының объективті де дәл бейнесін , яғни оның табыстары мен
шығындары , актив және пассив құрылымындағы өзгерістерін, дебиторлар
мен қарызгерлермен есеп айырысуының аз ғана шешуші параметірін алу.

1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық
негізі.
Кәсіпорынның қаржы жағдайының ақпараттық негізі – қаржы есептемесі
болып табылады.
Қаржы есептемесі – бұл өткен кезеңнің ішіндегі кәсіпорынның қаржы
– шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Ал есептеме жасау – бұл есептік қызметінің қорытындылаушы кезеңі
болып саналады. Есептеменің берілгендерін негізгі ала отырып,
кәсіпорын қызметін қорытындылайды және де ағымдағы, сонымен қатар,
келешекке арналған жоспарлаудың талданушының негізгі ақпараттық көзі
болып

10

табылады. Есеп берудің мемлекеттік маңызы өте зор. Оның деректерін
немесе берілгендерін салық және т.т. төлемдердің уақытылы да толық
бюджетке түсуін бақылау есебінде қолданылады.
Есептемеге қойылатын талап бұл – оның мәліметтерінің
акционерлер мен инвесторларға түсінікті болуы . Сонымен қатар ол
белгіленген уақыт аралығында жасалып болуға тиіс.
Кәсіпорын есебінің негізгі екі түрі бар. Олар : оперативті -
статистикалық және бухгалтерлік есеп.
Оперативті - статистикалық есеп ол бухгалтерлік және
оперативті - статистикалық есептің мәліметтерін қолдана отырып ,
кәсіпорынның өндірістік және қаржы қызметтерін бөліп қарастырды. Ал ,
бухгалтерлік есеп бастапқы құжаттармен есеп жобалары негізінде
дәлелденген синтетикалық және аналитикалық шоттар мәліметтеріне
сүйене отырып, кәсіпорынның өндірістік және қаржы жағдайын
сипаттамайды.
Жылдық есептеме : меншік иелерімен немесе құрылтай құжаттарына
сәйкесінше өкілетті органдар арқылы салық инспекциясына, жергілікті
қаржы басқармасына және мемлекеттік статистика басқармасына ұсынады.
Қарамағында , еншілес кәсіпорындары бар бас кәсіпорын
бухгалтерлік есебінен басқа да жиынтық есептемелер жасап ұсынады.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары мен қаржы жағдайы және оның
шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы жылдық бухгалтерлік есеп ,
кәсіпорын ішінде және сыртқы ақпарат алушыларға да ашық болып
келеді. Жария етілген есептің мұндай түрі, арнайы тексеру (
аудиторлық) ұйыммен немесе жеке тексеруші арқылы расталды.
Кәсіпорында заңды түрде салық төлеушілер болып табылатындықтан
орналасу аймағына байланысты салық органдары бюджетке төлейтін
төлемдердің барлық түрінен салық есептемесін ұсынуға міндетті.

11

1995. жылдың 26 желтоқсанында жарияланған № 2732 ҚР Президентінің заң
күші бар бухгалтерлік есеп туралы заңына сәйкес 1998
жылдан бастап, қаржылық есеп берулерге мыналар кіреді (
өзгертулер мен толықтырулар 2007 ж. 28 – ақпан. ) :
1. Бухгалтерлік баланс
2. Табыстар мен шығындар туралы есеп
3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
4. Меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп
5. Есеп жүргізу саясаты және түсіндерме жазба
Қаржы есептемесінде сондай – ақ түсіндерме жазба хат , қосымша
кестелер мен ақпараттар болады.
Онда шаруашылық субъектісінің есеп және есеп берудің қай
түріне бағытталғандығы және онда қаржылық есептілікті қолданушылардың
талап етулермен байланысты басқа да маңызды ақпараттар берулері
шарт.
Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп отырған отандың қаржылық
есептемелер негізінен халықаралық есеп стандарттарының талаптарына
сай жүргізілуде.
Қаржылық есеп берудің мақсаты - бухгалтерлік есепке алудың
стандартында көрсетілген бухгалтерлік баланс және қаржы
есептемелеріндегі негізгі ашылымдар бөлімінде анық көрсетілген. Бұл
бөлім қолданушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы, пайдалы
, маңызды және расталған ақпараттармен қатар , есепті кезеңдегі оның
қаржы жағдайындағы өзгерістермен толық хабардар етеді.
Нарықтық экономика жағдайында, қаржылық есеп беру шаруашылық
субъектісінің қызметі туралы қаржылық ақпараттың бір жүйеге
келтірілген негізгі көзі болып табылды. Сонымен қатар , түрлі ұйымдық
құқықтық нысандағы шаруашылық субъектілерінің байланыстырушы

12

құралы мен басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық
есептеудің ақпараттық негізі болып табылады. Қандай да болмасын
кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауды ақпаратпен қамтамасыз етудің
бірден - бір көзі - бухгалтерлік баланс болып табылады.
Бухгалтерлік баланс – бұл шаруашылық құралдармен олардың
құралу көздерін белгілі бір мерзімге ақшалай өлшемге топтастыруды
білдіреді.
Есепті мерзімдегі кәсіпорын иелігіндегі шаруашылық құралдары
және олардың орналасуы баланстың активінде көрсетіледі.
Баланс ақпараттарына сүйене отырып , сыртқы қолданушылар
осы кәсіпорынмен іс жүргізудің шарты мен орындылығын , өз
салымдарының мүмкін тәуекелділігін бағалауға сонымен қатар , осы
кәсіпорын акцияларын сатып алу және басқа да шешімдердің дұрыстығы
туралы өз шешімдерін қабылдай алады.
Баланста , негізінен қаржылық есеп берудің үш элементі
көрсетіледі. Олар :
1) активтер;
2) меншікті капитал;
3) міндеттемелер
Ал , қалған 2 элементі ,атап айтқанда табыстар мен шығындар ,
табыстар мен шығындар туралы есепте көрсетіледі.
Табыстар мен шығындар туралы есеп бұл табыстар мен шығындар
шоттарын жинақтап ашып көрсетудің негізгі нысаны болып табылады.
Ол кәсіпорынның бір жыл ішіндегі өз қызметінің іске асырылуы
кезіндегі барлық табыстары мен шығындарын салыстыруға және
баланспен салыстыруға және баланспен салыстырғанда кәсіпорынның қол
жеткізген жетістіктерін тұрақты түрде суреттеп қана қоймай ,
олардың мерзімімен байланысты капитал қозғалысын , яғни белгілі
бір кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесін көрсетеді. Сол
себепті де , балансқа қарағанда , бұл құжат талдаудың бір ақпарат
көзі болып табылады.

13

Қорыта келгенде , табыстар мен шығындар туралы есеп , белгілі бір
уақыт аралығындағы кәсіпорынның қаржы нәтижелеріне баға бере отырып
, кәсіпорын табысы не шығыны көп пе деген сұраққа дәл жауап
іздейді.
Қазіргі таңда ҚР – ның Ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есебі шаруашылық субъектісінің қаржылық есеп беруінің
жаңа нысаны болып табылады.
Ал қаржылық есептің халықаралық стандартына сәйкес (
ҚЕХС) Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп № 7 (
24.04.2005 ж) стандартында операциялық , инвестициялық және қаржылық
қызметтен алынатын , кезеңдегі ақша қаражаттарының түсуінің
жіктелуі және төлемдер жүргізілетін , ақша қаражаттарының және
ақша эквиваленттерінің мекемедегі қозғалысы туралы ақпаратты
қарастырады.
Ал ақша қаражаттарының келіп түсуі және төленуіндегі
қызмет түрлеріне анықтама берілген.
Операциялық қызмет – бұл мекеменің негізгі табыс әкелетін
қызметі , инвестициялық және қаржылық қызметтен айрықшаланатын ,
басқадай қызмет.
Инвестициялық қызмет - ақша қаражаттарының эквивалентіне
қатысты емес , ұзақ мерзімді активтерді және басқадай
инвестицияларды сатып алу және шығару.
Қаржылық қызмет – мекеме қарызына және меншікті капитал
құрамына және мөлшеріне өзгеріс әкелетін, қызмет.

14
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері
Қандай да болмасын ғылымның негізін , оның пәні мен әдіс
- тәсілдері құрайды .Берілген ғылым шеңберінде оқылатын талдаудың
пәні болып қаржы ресурстарымен олардың ағыны табылады. Қаржылық
талдаудың мазмұны мен негізгі мақсатты нұсқамасы қатарына – ұтымды
қаржы саясатының көмегімен, шаруашылық субъектінің тиімді жұмыс
істеуін жоғарлатудың мүмкіндіктерін табу және қаржы жағдайын
бағалау жазылады. Осындай мақсаттарға қол жеткізу, сол ғылымның
түрлі әдістерін қолданудың арқасында іске асырылады. Қаржы
талдаудың әдісі - бұл шаруашылықтың субъектісінің қаржы қызметін
зерттеудің танымдық – теориялық категориялары мен ғылыми
аппараттары және реттеудің қағидаларының жүйесі, яғни мақсат :
М = ( К, І, Р)
К – категориялар жүйесі;
І – ғылыми нұсқаулықтар;
Р – реттеуші қағидалар жүйесі
Алғашқы екі элемент әдістің статистикалық құрамды бөлігін ,
ал соңғы элемент оның қозғағышын сипаттайды. Қаржы талдаудың
категориялары – бұл сол ғылымның неғұрлым жалпы шешуші түсінігі
болып есептеледі. Бұлардың қатарына : фактор, үлгі , мөлшерлеме ,
пайыз , дисконт , опцион , ақыағымы , тіуекелділік , леверидж және т.б.
жатады. Қаржы талдаудың ғылыми нұсқаулығы дегеніміз – шаруашылық
субектісінің қаржы қызметтерін зерттеудегі жалпы және нақты ғылыми
әдістерінің жиынтығы. Ал , қаржы талдаудың қағидалары , оның
әдістеме мен әдіснамаларының тәртіптік жағын реттейді . Оған
жататындар : тәртіптік, кешенділік ; жүйелілік , орнын басушылық ,
объективтілік.
Кез – келген ғылым әдісінің элементінің қатарына , оның ғылыми
аппараты жатқызылады. Қазіргі таңда ғылым аппаратының түрлі ғылымдар
құрамына еніп , сіңісуі байқалып отырғандықтан , оның тек қана
өзіне тән әдіс тәсілдерін жеке , ерекшелеп көрсету мүмкін емес.
Сол себепті де , қаржылық талдау мен басқару салаларында да алғаш
түрлі экономикалық ғылымдар шеңберінде жасалған , сан алуан әдістер
қолданылуы да ықтимал.
Қазіргі уақытта қаржылық талдау тәжірибеде қаржылық есепті
оқып құрастырудың өзіндік ережелері бар. Олардың арасында ең алты
әдісін атап көрсетуге болады :
1) Көлденең талдау;
2) Тікелей талдау;
3) Трендтік талдау
4) Факторлық талдау;
5) Қаржы коэффициенттері әдісі.
Көлденең талдау – есептеменің әрбір позициясын алдағы кезеңмен
салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік
есептің түрлі баптарындағы абсолютті және қатысты ауытқуларды
анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей талдау – жалпы қорытындыға есептеменің әрбір
позициясының әсер етулерін табу арқылы қорытынды қаржылық
көрсеткіштер құрылымын анықтау . Баланс немесе оның жеке
бөлімшелері бойынша жалпылама қорытынды көрсеткіштерге жеке баптардың
үлес салмақтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Қөлденең және тікелей талдаулар негізінен бірін – бірі
толықтыратындықтан , бухгалтерлік есеп нысанының құрылымымен қатар,
оның жеке дара көрсеткіштерінің де қозғалысы сипатталған
кестелерді жиі ұшырастыруға болады.

Трендтік талдау - есептеменің әрбір позициясын өткен
кезеңдермен салыстыра отырып , жеке кезеңдердің түрлі кездейсоқ
әсерлерімен жеке ерекшеліктерінен тазартылған көрсеткіштердің
негізгі қоөғалыс бағытын анықтайды. Осындай талдаудың көмегімен
көрсеткіштердің алдағы кезеңдегі мүмкіндіктері құрылып, сәйкесінше
келешекті болжауға арналған талдау жүргізіледі.
Нарықтық экономика жағдайында неғұрлым кең ауқымды
қолданылатын қаржылық талдаудың түрі - әр түрлі қаржылық
коэффициенттер әдісі.
Коэффециенттер есептеу кезінде кейбір шамаларды бірлік , ал
кейбіреуін сол бірлікке қатысты есебінде есептейтін қатысты
шамалар болып табылады. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланс
жеке баптарының арасындағы өзара байланысқа негізделеді. Олар
кәсіпорынның қаржы жағдайы факторының нәтижелі базасы болып
табылады және зерттеушіге беймәлім құбылыстарды ашуға
көмектесетін екі математикалық шамалырдың өзара байланысының
талдауы.
Салыстырмалы талдау – бұл фирманың , еншілес компаниялардың ,
цех бөлімшелерінің жеке көрсеткіштері бойынша , есептеменің
жиынтық көрсеткіштерінің ішкі шаруашылық талдауы және берліген
фирма көрсеткіштерін бәсекелестер көрсеткіштерімен , орта салалық
пен орташа жалпы экономикалық берілгендермен салыстыруды жүзеге
асыратын шаруашылық аралық талдау.
Факторлық талдау – зерттеудің детирминделген немесе
стохастикалық тәсілдер көмегімен нәтижелік көрсеткіштерге тәсілдер
көмегімен нәтижелік көрсеткіштерге жеке факторлардың ( себептердің)
әсерін анықтау.
Қаржылық есептемені тексеру кезінде аналитикалық процедура
жүргізу қойылған мақсатынан, сондай – ақ ақпаратты , уақыттық ,
әдістемелік , кадрлы және техникалық қамтамасыз етудің әртүрлі
факторларының тәуелді . Аудитордың аналитикалық жұмысының қисыны
оның ұйымыны екі модульді құрылым түрінде қсынады :
- қаржы жағдайын тереңдетіп ( нақтылы ) талдау.
Экспресс талдаудың мақсаты қаржы жағдайын көрнекті және жай
бағалау мен шаруашылық субъектісінің даму динамикасы болып табылады.
Мақсатқа сәйкес экспресс талдау үш кезеңде орындалады :
1) Дайындау
2) Қаржы есептемесін алдын – ала шолу;
3) Есептемені экономикалық оқу және талдау.
Бірінші кезең мақсаты – қаржылық есептемені мақсатқа сай талдау
туралы шешім қабылдау және оны оқуға дайындығына көз жеткізу.
Бірінші есеп есепте ұсынылған ақпараттың дұрыстығы және оның
нормативті құжаттармен сай келуі туралы аудитор бағасынан құралған
аудиторлық қорытындымен танысу жолы арқылы шешіледі.
Есептеменің оқуға дайындығын тексеру жауапкершілікті қажет
етеді және белгілі дәрежеде техникалық сипатты береді. Бұл кезде
формаларды және мәнді белгілері бойынша есептемеге көзбен шолу және
қарапайым шоттық тексеру жүргізіледі , қажетті барлық формалыры
мен қосалқы анықтауышы , реквизиттер мен қолы бар екендігі
анықталды , есептеме дұрыс және анық толтырылғаны тексерілді , фирма
көрсеткіштерінің дара үйлесімділігі және олар арасындағы негізгі
бақылау қатынасы тексерілді және т.б.
Екінші кезең мақсаты – баланстың түсіндірме хатымен танысу .
Бұл есеп кезінде жұмыс жағдайын бағалау , қызметтің негізгі
көрсеткіштерінің тенденцияларын анықтау үшін қажет , сондай – ақ
шаруашылық субъектінің мүліктік және қаржылық жағдайын сапалық
өзгерту кезінде қажет.
Түсіндірме хатта берілген кәсіпорынның қандай есеп
саясатының жүргізілгендігі туралы айтылады , кәсіпорының қаржы
жағдайына әсер ететін тәуекел және белгісіз жағдайлар ,
қаржылық есептемеде өз бейнесі жоқ әрбір ресурстар және
міндеттемелер туралы мәліметтері бар маңызды ақпараттарды ашып
көрсетеді . Негізінен түсіндірме хатта есепті жылда кәсіпорын
қызметінің шаруашылық және қаржылық нәтижесінде әсер ететін
негізгі факторлары , сонымен қатар кәсіпорынның қылдық
бухгалтерлік есеп пен таза пайданы бөлу нәтижесі бойынша шешім
баяндалады.
Түсіндірме хатта сондай – ақ кәсіпорын жұмысының бірнеше
жылға маңызды экономикалық және қаржылық көрсеткіштерінің
динамикасы туралы мәліметтер , экономикалық шараларды жүзеге
асыратын болашақ капитал салыстырмаларының бейнесі және жылдық
бухгалтерлік есепті қолданушыларды қызықтыратын басқа да ақпараттар
бар . Айталық, мысалы , осы түсіндірме хатта несиелік келісім
мен қарыз жағдайынан шыққан процент мөлшерлемесі несиені өтеу
мерзімі , кезекті төлеу және басқа да ерекшеліктері ашылып
көрсетілуі тиіс.
Түсіндірме хатпен танысудан кейін экспресс талдауда
маңызды үшінші кезеңге , яғни есепті экономикалық оқу және талдау
кезеңіне кірісу қажет. Оның мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын
және оның қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесін талдап қорыту,
бағалау . Бұндай талдау әртүрлі қолданушы мұқтаждығымен белгілі
дәрежеде нақтылау түрінде жүргізіледі . Сонымен объективті , әсіресе
субъективті факторлар әсерінен әр түрлі варианттары болады.
Эксперес талдаудың маңызды элементтерінің бірі жылдық
есеппен , әсіресе кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау және бағалау
үшін ақпаратты нысаны болып табылатын бухгалтерлік баланспен
жұмыс жасай білу.

Бухгалтерлік баланс мәні жоғары болғандықтан қаржылық
жағдайы талдау балансты талдау деп аталады.
Балансты оқу – оның әрбір баптарының мазмұнын , бағалау
тәсілін білу , кәсіпорын қызметіндегі ролі , басқа баптармен
байланысы , кәсіпорын экономикасы үшін барлық өзгерістер
сипаттамасы :
• Кәсіпорын туралы айтарлықтай көлемде ақпарат алуға;
• Кәсіпорында жеке айналым қаражаттармен қамтамасыз ету
дәрежесін анықтауға;
• Айналым қаражатының мөлшері қандай бап үлесінен өзгергендігін
анықтауға ;
• Аналитикалық көрсеткіштер көмегімен кәсіпорынның қаржылық
жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Балансты оқуға келесілер кіреді :
• Зерттелетін кезең ішінде баланс валютасының өзгерісін
бағалау ;
• Баланс валютасының өсу қарқынын өндіріс көлемінің , өнім
өткізуінің , жиынтық және таза табыстың өсуі қарқынымен
салыстыру;
• Баланстың бөлімдері , топтары және баптары арасындағы негізгі
байланысты зерттеу;
• Баланстың жеке бөлімдерімен баптарының өзгеру сипаттамаларының
талдау.
Талдаудың берілген кезеңдегі кәсіпорын қызмет туралы алғашқы
түсінік қалыптасады, кәсіпорын мүлкінің құрамында және оның
көздеріндегі өзгерістер көрінеді , көрсеткіштер арасындағы өзара
байланыстылық кәсіпорын қаражатының бөлінуі дұрыстығы , оның
ағымдағы төлем қаблеттілігі және т.б. белгіленеді. Осы мақсатпен
баланстың актив және пассив бөлімінің қатнасын баланс
валютасындағы үлес салмағын анықтайды , баланстың негізгі бөлім.

Құрылымындағы ауытқу сомасын алдыңғы кезеңмен салыстыру бойныша
есептеледі.
Есепті оқу және талдай білу тек маманды бухгалтерлер үшін
емес, сондай – ақ менеджерлер , аналитиктер , кеңесшілер үшін де
табиғи және білгілі дәрежеде шарасыз қажеттілік болып отыр.

ІІ . Тарау Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қалыстастыру есебі
және талдау
2.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды

Талдаудың міндеттері. Табыстар мен шығыстар есебі

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызымет
етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табу мен анықталады .
Кәсіпорының табыстылығы обсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштермен сипатталады . Табыстылықтың обсолютті көрсеткіші –
бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы . Шетелдік арнаулы
әдебиеттерді табыстар ұғымы келесідей түрде анықталады.
Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының
өсуі , не болмаса пасивтердің азаюы түріндегі есепті кезендегі
экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады , бұл акционерлер
салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне
әкеледі( 15).
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы
Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар ҚР Президентінің 2732
Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13 – бабында былай делінген :
Табыстар – бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе
міндеттемелердің азаюы ( 11). Белгілі бір шығындар шығармай әдетте
қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай
кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді
шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық
нәтижелердің обсолютті көрсеткіштерінен тұрады , олар : өнімді (
жұмыс , қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі
қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы
қызыметтен алынатын табыс ; салық салынғаннан кейінгі дағдылы

қызметтен алынатын табыс : төтенше жағдайлардан алынған табыс ;
кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза
табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесі ,
жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны
кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына
жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне
жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені
табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы
туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз
білетіндей жоспарлы – дерективті экономика жағдайында оның ролі
төмендетілген болады. Табыс ( пайда ) табу кез келген кәсіпорынның
мақсаты функциясы ( қызметі ) ретінде төмендетіледі. Нарықтық
экономикаға көшумен табыс ( пайда) оның , яғни кәсіпорынның
қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш
мәселенің шешімін анықтайды : нені қалай және кім үшін өндіру
керек? Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты
болып қалыптасты , ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі
өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады . Бұл
принцип өнімді өндірудегі шағымдардың толық ақталуын және
кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып
табылады . Бұл принцип өнімді өндірудегі шағымдардың толық
ақталуын және кәсіпорынның өндірістік - техникалық базасының
кенеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және
күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын
білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген
қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар несиелермен ,
сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелермен
жабылуы мүмкін . Табыс есебінен , сондай – ақ кәсіпорынның бюджет
алдындағы, банктер мен басқа да

кәсіпорындары , ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады .
Сонымен , табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін
бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық
тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың
қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне
салынған салымдардың табыстылығын анықтайды.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол
атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы
әдебиеттерінде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде біріңғай
пікір жоқ . Оған 2 – ден 6 – ға дейін қызметті жатқызады .
Біздің ойымызша , ол тек екі қызмет атқарады :
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі ;
2) кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және
әлеуметтік даму көзі.
Функациялардың және олардың өзара шарттылығындағы
бірлігі , табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын
ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері
байланысатын элементі ретінде көрсетеді . Осыдан табысты құру
және бөлу ( тарату ) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді , оның
( тәжірибелік ) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің
тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс
көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алу үшін
келесідей негізгі шарттар қажет болады:
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде , өнім бағасы
еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол
сондай – ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның
төмендеуін ескеру қажет.

2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын
анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
3. Табысты бөлу ( тарату ) механизмі белсенді роль атқаруы
керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруды
ынталандырушы фактор болуы тиіс.
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы
тұтқаларының ( амортизациялық аударымдар , қаржылық санкциялар,
салық салу , акциздер , жал төлемі , дивиденттер , пайыздық
мөлшерлемелер, арнайы қорлар , салымдар , пай ( жарна ) төлемдері ,
инвестициялар , есеп айырысу нысандары, несие түрлері , валюта
және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы
шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес , экономикалық
тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік табыс
кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы
бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін . Сәйкесінше бұл
соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей
болмайды . Сондықтан да алынатын табысыт нақты бағалау үшін
кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық
деңгейін көрсететін рентабірліктің әр түрлі көрсеткіштері
жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты
жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан
әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы
көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.
Табыстылықтың көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар
жатады :

- табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын
бағалау ;\
- таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
- табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және
тенденцияларын зерттеу ;
- табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын
зерттеу ;
- табыстың өсу резервтерін анықтау ;
- кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып , табысты
тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
- табыстылықтың ( рентабельділіктің ) әр түрлі коэффеценттерін
және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс
жылдық жиынтық табысты құрайды және ол № 5 БЕС - на
сәйкес стандартқа сай есептелінеді. Табыс сондай – ақ тауарлы
- материалдық қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен ,
кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан
, роялтилардан және дивидендтерден алынуы мүмкін.
Табыс дайын өнімдерден , сатып алынған тауарлардан
және көрсеткен қызметтерден алынады ; олардың сатылу құны
тараптар аясында жасалған келісім – шартта анықталады . Ал
мәиеліден шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан
жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып , олардың құндарын
өлшейді . Сатып алушылардан алған активтер үшін төлеген
сомасын сату құны деп атайды . Сату құнын анықтаған кезде ,
тараптар өздерінің келісім – шартында бухгалтерлік есептің
мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі : есептеу , шындық ,
алаламау , яғни екі жақты да бірдей көру, сақытық жасау
және т.б. Тауарды сатқаннан табыс келесі жағдайды сақтаған
кезде танылады: табыс сомасын үлкен

деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та
мәмілеге қатысқан жағдайда, сатушы қандай соманы сұрап
отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген
жағдайда : мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және
соны субъектінің алу ықтималдылығы бар болуы мүмкін. Ал бұл
сатушының сатқан тауары үшін келісім - шарт көрсетілген (
айтылған) соманы сатып алушының төлейтіні туралы сенімін
білдіреді.
Келісім – шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік
құқығы болып табылады , бұл әдетте берілген кезден басталады
, ал егер сатушы меншік иесі құқығын және міндеттемесін
сақтаған болса , онда сатылған болып табылмайды және табыс
танылмайды ; мәміле бойынша күтілген шығын үлкен нолдік
деңгейдегі бағалауды қажет етеді.
Көрсеткен қызметтен және орындаған жұмыстан алынған
табыстар , мына жағдайларды қоспағанда , тауарды сатқаннан
алынатын табыс ретінде танылады :
- есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен
деңгейдегі дәлдәкпен анықталса;
- мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстары да ,
мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі
дәлдікпен бағаланса.
Субъект барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады ,
ол мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне ,
күтілетін компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты
мәселелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге
келген жағдайда қол жеткізеді.
Мәміленің сипатына қарап оның аяқталу кезеңінің
анықталған кезде мына әдістердің бірін пайдаланылады :

- белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған
шығындардың пайыздық қатынасы ;
- белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған
қызметтің пайыздық қатынасы;
- орындаған жұмысты талдау.
Аралық негізінде жасалған төлемдер, яғни сатып
алушылардан алынған аванстар, табыс болып танылмайды.
Қызмет көрсетуден , яғни мәміленің нәтижесінде үлкен
деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған
жағдайда, табыс жұмсалған шығын мөлшерінде танылады , яғни ол
сол шығыстың орнын жабады.
Негізгі қызметтен ( әрекет ететін) түскен табыстың
есебі.
Негізгі қызметтен түскен табыстардың есебі 70 -
бөлімшесінің Негізгі қызметтен түскен табыстар шотында
ұйымдастырылалы . Бұл топқа мына төмендегі синтетикалық , әрі
пассивтік шоттар жатады :
701 – Дайын өнімді ( жұмыстарды , қызметтерді ) сатудан
түскен табыс шоты. Бұл шотта өнімді сатудан, орындаған
жұмыстан және сыртқа көрсетілген қызметтерден түсетін
табыстар көрсетіледі. Аталған шотты өнімді , жұмыстарды және
қызметтерді жасайтын материалдық өндіріс саласындағы
кәсіпорындар пайдаланылады . Есепті кезең бойы 701 – шоттың
кредитінде дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан
түскен табыс сомалары жинақталады. Мысалға ол 2005 жылы -
31707212 теңгені құраса, 2006 жылы - 42671117 теңгені құраған .
Осы табыстаардан өнімді өндірілген кезде пайда болған
шығындарды алып тастап , жалпы табысты табамыз . Ол 2005 жылы
- 20136642 теңге , ал 2006 жылы - 23364159 теңге
Негізгі емес қызметтен ( әрекет етуден) түскен табыстын
есебі.
Негізгі емес қызметтен түскен табыстың есебін үшін
шоттардың

28
Бас жоспардың Негізгі емес қызметтен түскен табыстың
есебін деп аталатын бөлімшесі арналған және оған келесі
пассивтік күрделі шоттар жатады . 721 – шоты материалдық емес
активтерді сатудан түскен табыс материалдық емес
активтерді сатудан келген табыстарды жинақтауға арналған.
722 – шоты . Негізгі құралдары сатудан түскен
табыс негізгі құралдарды сатудан түскен табыстарын
жинақтауға арналған.
723 – шоты . Бағалы қағаздарды сатудан түскен
табыс бағалы қағаздарды сатудан алынған табыстар туралы
ақпаратты жинақтауға арналған.
724 – Акция бойынша дивиденттер және пайыздар
түріндегі табыстар шоты ұзақ мерзімді жалға берілген
қарыздарды , сатып алынған бағалы қағаздарды , пайыз түріндегі
алынған табыстарды , акция бойынша алынған дивиденттерді
есептеуге арналған .
725 – Бағам айырмашылығын түскен табыс шоты
айырбасталатын конверттелетін шетелдік валюталарына
шаққандағы теңге бағамының өзегірсі кезінде пайда болатын
бағамдық айырманы есепке алуға арналған.
726 – Атқарушы үкімет органдарының субсидиялары
шоты үкімет органдарының алынған субсидиялардың сомалары
туралы ақпараттың есебін есепке алады.
727 – Басқа да шоты кәсіпорынның негізгі емес
қызметінен түскен табыстарды есепке алуға арналған . Атап
айтқанда , бұл шотта табыстардың мынадай түрлері көрініс
табады :
- негізгі құралдарды түгендеу кезінде анықталған
негізгі құралдардың есепке алынбаған тауарлардың есепке
алынбағандары ;

29

- түгендеу кезінде анықталған материалдың , дайын
өнімдердің және алынған тауарлардың есепке алынбағандары ;
- түгендеу кезінде анықталған ақша қаражатының есепке
алынбағандары ;
- қысқа мерзімді қаржылық инвестицияның ағымдағы
құнының өзгеруінің нәтижесінде алынған табыстары .

2.2 Маржиналды табыс есебі және талдау

Нарықтық экономикаға өту өндіріс шығындарын есепке
алуды ұйымдастыруды қайта қарауды және оның прогрессивті
әдістерін ендіруді талап етеді. Осы мақсатта ҚР
бухгалтерлік есеп теориясы мен практикасы үшін нарықтық
экономикасы дамыған елдерге шығындарды есепке алуды директ
– костинг жүйесі бойынша ұйымдастыру тәжірибесі көңіл
аудартады . Директ - костинг жүйесінде Шығындарды
тұрақты және айнымалы деп бөлу – директ – костинг жүйесінің
бірнеше белгісі, - деп біздің ғалым , профессор
С.С.Сатыбалдин тұжырымдайды.
Айнымалы шығындарға өндіріс көлемінің өзгеруіне
байланысты өзгеретін тікелей шығындар жатады : шикізат және
негізгі материалдар , техникалық мақсаттарға жұмсалатын
отын және бірге жабдықтарды күту және пайдалану
шығындары және т.б.
Тұрақты шығындарға әкімшілік , басқарушылық ,
коммерциялық және шаруашылық шығындары жатады . Тұрақты
шығындар кезеңдік шығындар болып есептеледі және бұйымдар
арасында бөлінбейді , олар тура нәтижелерге жатқызылады.
Айнымалы шығындар тұрақты шығындармен салыстырғанда
күшейтілген бақылауды талап етеді . Тұрақты шығындардың
мөлшері тұрақты болып қалады және өндіріс көлемінде
пропорциональды

30
өзгермейді , мысалы , жал төлемі , несиені пайдалану үшін
пайыздар негізгі құралдарға есептелген амортизация ,
кәсіпорын басшысының жалақысының кейбір түрлері және
басқа да шығындар.
Тұрақты шығындар бірдей сомамен есептелінеді . Оларға
кәсіпорын және оның бөлімшелері бойынша смета
есептелінеді . Ескерілген ауытқулар ( үнемдеу немесе артық
шығындалу ) негізінде кәсіпорынның шаруашылық нәтижесіне әр
бөлімшенің салымын анықтауға болады . Айнымалы шығындарға
қарағанда, тұрақты шығындар, жоғарыда аталғандай өндіріс
көлемінің өзгеруіне тәуелді емес . Сондықтан оларды
азайтудың басты резерві өндіріс көлемінің өсуінде жатыр .
Шығарылған өнім көлемі қаншалықты көп болса, өнім
бірлігіне тұрақты шығындар соншалықты аз келеді.
Шығындарды тұрақты және айнымалы деп бөлу
қысқартылған ( толық емес, шектеулі ) өзіндік құнды есептеу
мақсатында жүргізіледі . Оны есепке алу және жоспарлауға тек
айнымалы шығындар ғана қосылады , яғни , директ - костинг
жүйесі кезінде өнімнің толық өзіндік құны калькуляциялау
әдісі қолданылмайды . Біздің елімізде бухгалтерлік есептің
Қазақстандық стандартына көшпес бұрын , толық өзіндік құнды
есептеу және калькуляциялау жүйесі кеңінен , ал директ –
костинг жүйесі іс жүзінде қолданылмайды.
Бухгалтерлік есептің № 3 Табыстар мен шығындар
туралы есеп стандартының мазмұны ҚР – да шығындарды
есептеуде ұйымдастыру директ – костинг жүйесі бойынша
жүргізуі керек екендігі куәландырылады . Бұл есепте тұрақты
шығындар, өндірістік өзіндік құны жатқызылмайтын және
кәсіпорынның жалпы табысынан алынып тасталатын кезең
шығындарына жатқызылады . Жыл бойы бұл шығындар субъектінің
қаржы –

шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебінің шоттарының
Үлгі жоспарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау және олардың әкімшілік-құқтық мәртебесі
«Байсерке-Агро» ЖШС-ның өндірістік–қаржылық қызметі
«Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің өндірістік – қаржылық қызметі
Қаржылық есеп беру элементтері
«Финансовый консалтинг Е&K» ЖШС-нің өндірістік – қаржылық қызметі
Мекеменің өндірістік және ұйымдастырушылық құрылы
Кәсіпорында қаржы ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау, қаржының құралу көздерін, төлемдік қабілеттілігімен, қаржылық тұрақтылығын талдау
Шығыс ақша қаражаты Шығыс ақша қаражаты
«AV ENERGY» ЖШС-нің өндірістік – қаржылық қызметі
Кәсіпорынның кірісіне талдау жүргізу
Пәндер