Қазақстан дипломатиясының Орталық Азиядағы дипломатиясы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2.5

Тарау 1. Орталық Азия және жаңа геосаясат
1.1. Орталық Азия . география, экономика және ұлттық тарих. Мемлекеттер мүдделері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.11
1.2. Орталық Азиядағы саяси бастама және Қытай ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11. 46

Тарау 2. Қазақстан дипломатиясының Орталық Азиядағы дипломатиясы
2.1. Қазақстанның Орталық Азиядығы сыртқы саясатты реттеудегі дипломатиясы; шекара мәселесінің шешілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47.58
2.2. Қазақстан және «Шанхай ынтымақтстық ұйымы» ... ... ... ... ... ... ... .58. 79

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .80.81
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..82.84

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2-5
Тарау 1. Орталық Азия және жаңа геосаясат
1.1. Орталық Азия - география, экономика және ұлттық тарих. Мемлекеттер
мүдделері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-11
1.2. Орталық Азиядағы саяси бастама және
Қытай ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..11- 46

Тарау 2. Қазақстан дипломатиясының Орталық Азиядағы дипломатия

2.1. Қазақстанның Орталық Азиядығы сыртқы саясатты реттеудегі дипломатиясы;
шекара мәселесінің
шешілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47-58
2.2. Қазақстан және Шанхай ынтымақтстық
ұйымы ... ... ... ... ... ... ... . 58- 79
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..8 0-81
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 82-84

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі . 20-шы ғасырдың аяқ шені, дәлірек айтсақ,
90-шы жылдар жетпіс жыл бойы социалистік тәртіп орнатып келген Кеңес
Одағының республикалары үшін тарихи бетбұрысты кезең болды. Кеңес Одағы
ыдырағаннан кейін тәуелсіздік туын көтерген жас мемлекеттер халықаралық
қатынастардың субъектілері ретінде бүкіләлемдік сахнаға шығып, сыртқы
әлеммен, шет елдермен жоғары мемлекетаралық дәрежеде қатынастар орнату
мүмкіндігіне ие болды. Олар Біріккен Ұлттар ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік
пен ынтымақтастық ұйымы секілді беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып,
алыс-жақын шет мемлекеттермен ресми байланыстар орнатып, сан-саладағы
ынтымақтастықты дамыта бастады. Сөйтіп, жаңа кезеңге аяқ басқан Орталық
Азия өңірі геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі
мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл
ең алдымен өңірдің Еуропа мен Азияны біріктіретін қолайлы да тиімді
географиялық орналасуы мен жер қойнауының пайдалы қазбалар мен табиғи
ресурстарға бай болуымен шарттасқан. Орталық Азия мемлекеттерінің дамуы
үшін екі жақтан көршілес жатқан Қытай мен Ресей мемлекеттерімен қарым-
қатынас орнату өте маңызды. Зерттеудің өзектілігі, ең алдымен, Орталық Азия
елдерінің геосаяси жағдайымен тікелей байланысты. Қазақстан геосаяси
тұрғыдан алғанда, аймақтағы негізгі факторы десе де болады. Орталық Азия
елдерінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүкіләлемдік қауымдастыққа кіру
барысында ол мемлекеттердің шет елдермен байланысы мәселелері үлкен
өзектілікке ие болады.
Әлемде 97 халықаралық ұйым болса, Қазақстан олардың 64-не мүше,
Өзбекстан 25-не, Қырғызстан 21-не мүше. Қазақстанның өзін қазіргі таңда 117
мемлекет мойындаған, жүзден аса мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынастар
орнатылған, 40-қа жуық мемлекетте Қазақстанның елшіліктері мен өкілдіктері
жұмыс істейді, ал Қазақстанда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 56
дипломатиялық өкілдіктері қызмет жасайды[1].
Қазақстан республикасының ОА қатысты жүргізген сыртқы саясатын ашу
жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады. Ал өзара қарым-қатынастар дамуының
негізгі бағыттарын зерттеу, яғни саяси, қауіпсіздік, сауда-экономикалық
және мәдени салалардағы ынтымақтастыққа талдау жасау жұмыстың зерттеу пәні
болған.
Диплом зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың
негізгі мақсаты Қазақстанның тәуелсіз Орталық Азия елдерінде жүргізген
сыртқы саясатының негізгі бағыттарын жүйелі және комплексті түрде зерттеу
болып табылады. Осындай мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының алдына мынадай
мақсаттар қойылады:
• Интеграциялық үрдісті және ҚР сыртқы саясатын зерделеу
o Қазақстанның ОА сыртқы саяси бастамаларын талдау
• Қазақстанның Орталық Азиядығы сыртқы саясатты реттеудегі дипломатиясы;
шекара мәселесінің шешілуі.
• Қазақстан және Шанхай ынтымақтстық ұйымы негізгі аспектілерді
талдау .
Дипломдық жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі. ҚР мен Орталық Азия
елдері арасындағы 1990-шы жылдардағы байланыстар көптеген зерттеулерде орын
алған. Бүгінгі таңда Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттерінің сыртқы
саясаты кең аумақты саяси қызығу құралына айналды. Қазақстанның сыртқы
саясаты, оның ішінде Орталық Азияға қатысты саясаты мәселелері көптеген
зерттеушілердің еңбектеріне арқау болды.
Пайдаланылған еңбектер қатарында Қазақстан басшыларының еңбектерін
айтуға болады. Мысалы, Н.Назарбаевтың Қазақстанның егеменді мемлекет
ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы[23], Ғасырлар тоғысында[39],
Сындарлы он жыл[135] атты кітаптары еліміздің егемен ел ретінде ішкі және
сыртқы саясатын қалыптастырып, даму бағытын қарастырған. Оның ішінде
міндетті түрде шығыс көршіміз – Қытаймен сан-саладағы ынтымақтастық,
Қазақстанның бұл мемлекетпен өзара тиімді, достық, тату көршілік
байланыстарды дамытудың қажеттілігі баяндалады. Қазақстанның егемен ел
ретінде сыртқы саяси бағыттарын айқындауы, оның халықаралық қауымдастыққа
толыққанды мүше ретінде кіруі және Қазақстан-Қытай байланыстары мәселелерін
Қ.Тоқаевтың Под стягом независимости[218], Внешняя политика Казахстана в
условиях глобализации, Беласу атты еңбектерінен біле аламыз. Оларда
тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жүргізген сыртқы саясаты баяндалып,
сыртқы саясаттың бағыттары, кезеңдері және басым жақтары қарастырылған.
Соның ішінде Орталық Азия елдерінің Қытаймен байланысына жалпы шолу жасай
отырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстар қарастырылып, жекелеген
салаларына талдау жасалынған.
Қазақстан және Қытай, Қазақстан және ОА арасындағы байланыстар саяси
қайраткер, дипломат Қ.Сұлтановтың да зерттеу еңбектерінің негізін құрайды.
Ол өзінің зерттеулерінде Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты
байланыстың қалыптасуы мен дамуын, Қазақстан мен Қытайда жүргізілген
экономикалық реформаларға баға бере отырып, олардың болашағы жөнінде сөз
қозғайды. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара ынтымақтасты қарастыруға
бірқатар мақалалары арналса[217], Сұлтановтың Пробуждение гиганта,
Реформы в Казахстане и Китае атты кітаптары Қытайдың ашық есік саясаты
мен реформалар жүргізуі нәтижесінде қол жеткізген жетістіктеріне талдау
жасай отырып, Қазақстан мен Қытайдағы экономикалық реформалардың
ерекшеліктеріне, ортақ жақтарына баға беріледі.
Сонымен қатар дипломдық жұмыстың тақырыбын ашуда Орталық Азияның басқа
республикалары басшыларының еңбектері де пайдаланылды. Олардың қатарында
Өзбекстан президенті И.Каримовтың О национальной государственности,
идеологии независисмости и правовой культуре[24], Түркменстан президенті
С.Ниязовтың Внешняя политика нейтрального Туркменистана[25] атты
кітаптары бар.
Қазақстанның жалпы сыртқы саяси бағыты мен оның Ресейге және Орталық
Азияға қатысты жүргізген саясатына талдау жасауға бірқатар Ресей
зерттеушілері мен ғалымдарының еңбектері арналған. Олардың ішінде
М.С.Капица, В.А.Корсун, А.Д.Воскресенский, В.А.Лузянин[10], С.Г.Свешников,
Ю.Песков [176] В.Лукин [134], В.Михеев [148], В.Кузнецов [149], Е.П.Бажанов
сияқты зерттеушілерді атауға болады. Белгілі ғалым халықаралық қатынастар
саласының зерттеушісі М.С.Капицаның КНР: три десятилетия-три политики
атты кітабы ҚХР құрылғаннан бастап 1970-ші жылдардың аяғына дейін жүргізген
сыртқы саяси бағытын зерттеген[5]. Қытай мен Орталық Азия арасындағы сауда-
экономикалық және транспорт саласындағы ынтымақтастық ресейлік ғалымдар
О.Резникованың [180], Ю.Юдановтың [186], И.Азовскийдің [237] мақалаларында
қарастырылған.

Зерттеудің деректік негізі. ҚР Орталық Азиядағы сыртқы саясатын
зерттеудің негізгі көздерін төмендегідей бес топқа бөлуге болады.
Зерттеу көздерінің бірінші тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар
Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы байланыстарды дамыту
барысында қол жеткізілген келісімдер, декларациялар, коммюникелер т.с.с.
Мысалы, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан, қырғыз Республикасымен және
РФ жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация
[51], Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі
арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы
ынтымақтастық туралы келісім [207]. Мұндай құжаттар аталмыш елдер
арасындағы байланыстарға жан-жақты талдау жасауға мүмкіндік беретін
деректер болып табылады. Жоғарыда аталған дипломатиялық құжаттарда
мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым жақтарын
көрсететін нақты да анық ақпарат беріледі.
Дипломдық жұмыстың зерттеу көздерінің екінші тобына ел басыларының,
сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің, елшілердің баяндамалары, өзара
сапарлар барысындағы сөйлеген сөздері және әртүрлі ақпарат құралдарына
берген сұхбаттары кіреді. Олар берілген жұмыстың теориялық-әдістемелік
негізін құрайды.
Зерттеу жұмысында қолданылатын деректердің үшінші тобын ҚР мен Орталық
Азия елдері арасындағы байланыстардың әртүрлі салаларын баяндап, талдау
жасаған Қазақстанның, Орталық Азияның басқа елдерінің, Ресейдің
шығыстанушы, саясатшы, тарихшы ғалымдардың зерттеулері мен монографиялары
құрайды. Олардың ішінде тек бүгінгі кезең емес, Қытай мен Орталық Азия
байланыстарының әртүрлі тарихи кезеңдерін зерттеген еңбектер де бар. Мұндай
еңбектерді пайдалана отырып, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы
байланыстарды бүгінгі таң көзқарасымен ғана емес, олардың тарихи түп-тамыры
арқылы бағалау мүмкін болады. Өйткені "өткенсіз болашақ жоқ" демекші,
бүгінгі күнгі мәселелерді зерттемес бұрын, алдымен тарихқа көз жүгірту
керек.
Ал төртінші топқа қазақ, орыс, тілдеріндегі отандық және шетелдік
мерзімді басылымдарда кездесетін алуан түрлі ақпарат құжаттары кіреді.
Ондай мәліметтер Қазақстанның Егемен Қазақстан, Казахстанская правда,
Жас Алаш, Түркістан, Деловая неделя, Панорама газеттерінде және
Дипломатия жаршысы, Ақиқат, Саясат, Казахстан-Спектр, Центральная
Азия и Кавказ, Казахстан: экономика и жизнь, Казахстан и современный
мир, Аналитическое обозрение, Континент журналдарында бар. Ал Ресейдің
Правда, Известия, Аргументы и факты, Независимая газета газеттері
мен Проблемы Дальнего Востока, Мировая экономика и международные
отношения, Азия и Африка сегодня, Нефть и газ, Железнодорожный
транспорт журналдары пайдаланылды. Қытайдың Жэньминь Жибао, ЧжунГо
Жибао, Бэйцзин ваньбао газеттері, Контимост, ЧжуньЯ яньцзю (Орталық
Азияны зерттеу), Гоцзи вэньти яньцзю (Халықаралық мәселелерді зерттеу),
ЧжунГо вайцзяо (Қытай дипломатиясы), Дун Оу ЧжунъЯ яньцзю (Шығыс Еуропа
мен Орталық Азияны зерттеу), журналдары зерттеу жұмысында ерекше орын алды.
Өзбекстанның Правда Востока, Народное слово газеттері, Қырғызстанның
Слово Кыргызстана, Вечерний Бишкек газеттері, ал Түркменстанның
Нейтральный Түркменистан газеті пайдаланылды. Сонымен бірге қосымша
материалдар ретінде цифрлар мен фактілер арқылы дәлелдеуге көмек беретін
статистикалық жинақтарды атауға болады.
Жоғарыда аталған деректердің барлық топтары дипломдық жұмыстың деректік
негізі болды. Деректерді оқып, пайдалану жұмыстың алдына қойған мәселелерді
мейлінше толық зерттеуге және жұмыстың мақсаттары міндеттерін ашуға
мүмкіндік бергені сөзсіз.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден,екі тараудан және пайдаланған
әдебиеттер тізіміне тұрады

Тарау 1. Орталық Азия және жаңа геосаясат

1.1. Орталық Азия - геграфия, экономика және ұлттық тарих. Мемлекеттер
мүдделері
Орталық Азия аймағы өзінің географиялық, экономикалық, ұлттық, тарихи,
мәдени және тағы басқа факторларының қызметіне сәйкес геосаяси және
геоэкономикалық жағынан өзіндік ерекшеліктерге ие аймақ болып табылады. Ең
алдымен ол географиялық жағынан батыстағы Европа мен шығыстағы Азияның,
солтүстіктегі Ресей мен оңтүстіктегі ислам әлемінің тоғысқан жерінде
орналасқан. Сондықтан да аймақтың стратегиялық маңызы өте зор. Екіншіден,
тікелей теңізге шыға алмайтын құрлық ортасындағы аймақ, әлемнің басқа
аймақтарына тек көрші мемлекеттер арқылы ғана шыға алады, сондықтан
көршілес елдермен байланыс орнатудың мәні қаншалықты зор екендігін айтпаса
да түсінікті. Үшіншіден аталмыш аймақ табиғи ресурстарға өте бай, оның
ішінде әсіресе табиғи газ, мұнай, түсті металдар және басқа да пайдалы
қазбалар көздері бар. Ауыл шаруашылығы саласында мақта, астық, көкөніс және
тағы басқа экономикалық дақылдарды дамытудағы жағдайы айтарлықтай жақсы,
сондықтан едәуір зор экономикалық потенциалға ие. Төртіншіден, ұлттық,
діни, мәдени жағынан алғанда бұл аймақ өзіне тән ерекшеліктерге ие, түркі
және ислам мәдениетімен дәстүрлі байланысы зор, оған қоса батыс пен шығыс
мәдениеттерінің қосылған ықпалы да бар.
20-шы ғасырдың аяғы, дәлірек айтсақ, 90-шы жылдардың басы Орталық Азия
республикалары үшін ғана емес, сонымен бірге кезінде Кеңес Одағын құраған
республикалар үшін де тарихи бетбұрысты кезең болды. Социалистік тәртіп
орнатып келген дүниежүзінің ірі державасы Кеңес Одағы ыдырап, 70 жыл бойы
орталыққа бағынған республикалар тәуелсіз мемлекеттер статусына ие болды.
Әрине, алғашқы егемендік алған республикалар үшін жеке-дара мемлекет
ретінде өзінің ішкі және сыртқы саяси бағыттарын белгілеп, әрі қарай
өздігінше аяқ алып жүруі оңай іс емес екендігі айдан анық. Бірақ Орталық
Азия елдері халықаралық істерге белсене араласа отырып, халықаралық
ұйымдарға мүше болып, дүниежүзілік қоғамдастықтың тең құқықты мүшесіне
айналды. Бүгінде әлемнің көптеген мемлекеттері мен саяси, экономикалық
күштер назары осы аймаққа аударылған.
КСРО алып мемлекет ретінде тарих сахнасынан кеткен соң, оның орнында
қалған республикалар, оның ішінде Орталық Азия елдері де тәуелсіздіктерін
жариялап, егемен ел ретінде халықаралық қауымдастықтан өздеріне тиесілі
орындарын алуға тырысты. 1991 жылдың аяғында бірінен соң бірі әлемге
өздерінің тәуелсіздігі туралы жариялады. Осы жылдың желтоқсан айының
басында КСРО-ның іс жүзінде ыдырауы туралы Беловеж келісіміне қол қойылып,
айдың соңында Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының пайда болғаны
жөнінде келісім дүниеге келеді. Орталық Азия республикаларының
тәуелсіздігін алғашқылардың қатарында болып Түркия, Ресей, Қытай және АҚШ
мойындайды.
Тәуелсіздік алған бес мемлекеттің әлеуметтік-саяси жағдайы,
экономикалық дамуы бірдей деңгейде болды. Ал жеке-дара мемлекет ретінде
өмір сүре бастаған кезде Орталық Азия республикалары өзіндік даму жолын
таңдап, олардың әрқайсысының ұстанған саяси бағыты әртүрлі болды. Мысалы,
Түркменстан ешкімге қосылмайтын бейтараптық саясатты таңдап, оқшауланып
алды. Тәжікстанда мемлекет ішіндегі топаралық тартыстардың салдарынан 5
жылдан аса уақытқа созылған азамат соғысы басталып кетті. Қазақстан
көптармақты сыртқы саясатты ұстана отырып, әлем елдерімен тең құқықты
ынтымақтастықты дамытуға бет алды. Бірақ орталықтан басқарылған мемлекет
құрамында болып келген 5 республика үшін өзара шаруашылық байланыстардың
үзілуі салдарынан болған экономикалық дағдарыстан шығудың жолдарын да
іздестіру қажет болды. Дәл осындай жағдайда Орталық Азия елдерінің шикізат
пен табиғи ресурстарға бай болуы, олардың геосаяси жағдайы әлемдік
экономикалық қатынастарға кірігуіне мол мүмкіндіктер туғызды.
Кеңес Одағының құрамында болған кезде Орталық Азия елдерінің басқа да
одақтас республикалар сияқты шет мемлекеттермен байланыстары орталықпен
басқарылып, сыртқы саяси қайраткерлігі өте шектеулі болды. Ал тәуелсіздік
алғаннан соң сыртқы саясат жүргізу ісінде дербестікке қол жеткізіліп, алыс-
жақын шет елдермен жан-жақты ынтымақтастықты орната бастады. Көптеген
қолайлы факторларға сәйкес, әлемнің ірі мемлекеттерінің осы аймаққа деген
назары ерекше ауып, Орталық Азия аймағы әлемдік саясаттың белсенді
қатысушысына айналды. Бүгінгі таңда Орталық Азия АҚШ, Қытай, Ресей, Түркия,
Иран және Үндістан сияқты мемлекеттердің мүдделері қақтығысқан өңірге
айналған. 1990-шы жылдары бұл аймақта ірі мемлекеттер негізінен
экономикалық мүддені көздеген болса, 21-ші ғасырдың басынан бастап
экономикалық мүдде саяси мүддеге ауысқандай.
КСРО ыдырағаннан кейін Орталық Азия ұлы державалар ғана емес, сондай-ақ
орташа деңгейдегі аймақтық күш орталықтары қатысқан жаңа үлкен ойынның
сахнасына айналды. Егер 19 ғ.-20 ғ. басында негізгі ойыншылар Ресей және
Британ империялары болса, енді Ресей Федерациясы, АҚШ, Қытай, Түркия, Иран,
Үндістан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, сонымен қатар еуропалық мемлекеттер де
белгілі дәрежеде қатысады.
Ресей 1992-1993 жылдары Батыспен стратегиялық серіктестікті орнату
идеясын алға тарта отырып, өздерінің тәуелсіздіктерін жариялаған бұрынғы
кеңестік азиялық республикаларға деген назарын бәсеңдетті. 1994 жылдан
бастап Ресей аймақтағы өзінің бұрынғы ықпалын қайта қалпына келтіруге
тырысады. Ресей үшін басты мәселе Тәжікстандағы және тәжік-ауған
шекарасындағы ахуал болды. Ішкі мәселелердің өткірлігі мен экономикалық
мүмкіндіктерінің әлсіреуі Ресейге Орталық Азияда қалыптасқан вакуумды
толтыруға талпынған әлем елдерімен бәсекелесуге кедергі жасады. Орталық
Азиядағы екінші үлкен ойынның тағы бір ерекшелігі- аймаққа әскер емес
(Тәжікстанды санамағанда), инвестициялар әкеліне бастады. Яғни, инвесторлар
арасында табиғи ресурстарға қол жеткізу үшін, мұнай мен газ құбырларының
бағытын таңдауда, өтім базары үшін, жаңа тәуелсіз орталықазиялық
мемлекеттердің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық бағыттары үшін күрес
жүреді[6, с.36].
Ресейдің экономикалық мүдделерін қорғау- Мәскеудің Орталық Азиядағы
саясатының негізгі мақсаттарының бірі. Өз мүддесін қорғау мақсатында Ресей
өзі үшін анағұрлым маңызды болып табылатын елдерде, мысалы, Қазақстанда,
қатаң бақылауды сақтап отыр. Ресей үшін Қазақстан саяси жағынан да,
экономикалық жағынан да аса маңызды мемлекет болып саналады. Мұнда кеңестік
әскери және өнеркәсіптік нысандар- Байқоңыр ғарыш айлағы мен ядролық қаруды
сынау полигоны орналасқан. Қазақстан – бұрынғы КСРО аумағындағы Ресейден
кейінгі екінші ірі мұнай өндіруші. Оның энергетикалық ресурстары мен
тасымалдау құралдарына бақылау орнату Ресейге аса маңызды стратегиялық және
экономикалық мүмкіндіктер береді. Ресейде Өзбекстан мақтасының импортына
тәуелді ірі кәсіпорындар бар. Жалпы, экономикалық салада Ресей мен Орталық
Азия елдері арасындағы байланыс өте тығыз.
Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағында мыс, қорғасын және цинк өндіруде
көшбасшылық орын алған және оның негізгі тұтынушысы Ресей болған. Ресей
қара металлургиясы бүгінгі таңда да Қазақстан темір рудасының, марганецтің,
молибденнің және хромның, сирек кездесетін металдардың басты тұтынушысы
болып отыр. Қырғызстан металдық сүрмені өндірудің монополисі болған болса,
Түркменстан-құрамынан стронций шығарылатын целестин рудаларының, Өзбекстан-
мақта мен алтынның ірі жеткізушісі болған [6, . с.37].
Орталық Азиядағы үш негізгі ойыншы-Қытай, Ресей және АҚШ. Әрқайсысының
өзіндік мүддесі бар, оған қоса олардың үшеуі де бұл аймақтың тыныштығы мен
гүлденуіне мүдделі. Ал бұл өз кезегінде бірлесіп күш жұмсауды қажет ететін
радикалды исламды жеңген кезде ғана мүмкін болмақ. Сондықтан оларды
біріктіретін осы мақсаттар олардың мәмілеге келуін қажет етеді. Мұның өзі
үшеуінің ортақ мүддесі болып табылады.
Тәуелсіз мемлекеттер мәртебесіне ие болған шақта Орталық Азияның
әлемнің ірі мемлекеттерінің қызығушылығын тудырған басты нәрсе- ол өңірдің
табиғи ресурстарға бай болуы, әсіресе негізгі талас Каспий мұнайы болды.
Каспий мұнайын игеру мақсатында алғашқылардың бірі болып АҚШ-тың ірі мұнай
компанияларының өңірге келгені белгілі. Орталық Азиядағы жаңа үлкен
ойынға ірі державалардың қатысуының басты мақсаты дәл осы Каспий мұнайы
мен табиғи газ. Каспий теңізінің жағалауы бойымен және оның түбінде әлемнің
ірі көмірсутекті отынның игерілмеген қорлары бар. Мұнай қоры 243 млрд.
баррельге бағаланып отыр, ал олардың құны 4 трлн. АҚШ долларына жуық. АҚШ
энергетика министрлігінің болжамы бойынша, тек Әзірбайжан мен Қазақстанның
өзінде бұл қорлар 130 млрд. баррель құрауы мүмкін, бұл АҚШ қорларынан 3
еседен асып түседі екен. ЭксонМобил, ШевронТексако сияқты мұнай
алпауыттары жаңа өңдеу көздеріне қазірдің өзінде 30 млрд. долл. құйған. Бұл
аймақ Құрама Штаттардың ОПЕК-ке -мұнай экспорттаушы елдер ұйымына деген
тәуелділікті бәсеңдетуге мүмкіндік береді деп болжануда [8].
Аймақтағы ірі ойыншылар мұнай мен газды игеруде ғана емес, оны
тасымалдаудағы мұнай құбырларының бағыты үшін де күреседі. Ресей Солтүстік
Кавказдағы өз аумағы арқылы өтетін бағытты қаласа, Қытай Қазақстаннан шығыс
бағытқа қарай болғанын қалайды. Иран Парсы шығанағы арқылы өз құбыр жүйесін
ұсынса, Вашингтон, керісінше, Ресейдің де, Иранның да аумақтарынан тыс
өтетін бағыттарды қолдайды. Қалай болғанда да, тасымалдау жолдарына бақылау
орнатуда Ресей үшін артықшылықтар басым. Көптеген орталықазиялық құбырлар
Ресей аумағы арқылы өтеді. Бүгінгі таңда АҚШ-қа жеткізілетін мұнайдың 15
пайызға жуығы Ресей еншісінде екен. Ресейдің экономикалық даму және сауда
министрі Г.Грефтің сөзі бойынша, Ресей американдық рынокқа мұнай жеткізуде
араб елдерімен бәсекелесе алады [9].
Қытай да АҚШ-тан кейінгі екінші ірі мұнай импорттаушысы ретінде
аймақтың мұнай игеру ісінен шет қалған жоқ. Қытайдың мұнай-газ компаниясы
Қазақстанның бірқатар мұнай кеніштерін игерумен қатар, батыс Қазақстаннан
батыс Қытайға мұнай құбыры салынып бітті. Бұған дейін Қытайға мұнай темір
жол арқылы жеткізілген болса, ендігі кезекте мұнай айдау құбыр арқылы
жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі Қытай-қарқынды дамып келе жатқан мемлекет, күшті саяси орталық.
Бүгінде ол ғаламшардың ірі экономикалары тізімінде алтыншы орында болса,
сыртқы сауда көлемі бойынша төртінші орынды иеленген. 21-ші ғасырдың
ортасына қарай ҚХР алдыңғы қатарлы әлемдік держава болатынын түсіне отырып,
онымен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі мемлекеттер саны да барған сайын
артуда. Ресей мен Қытайдың ортақ көзқарасымен санаспай халықаралық
қатынастардың ешбір ойыншысы әрекет ете алмайды. Біріншіден, екі мемлекет
те БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, екеуі де аумақ, халық,
табиғи ресурстар, индустриалдық және ғылыми база, ядролық қару, Әлемдік
мұхит пен ғарышқа ғаламдық дәрежеде қатысу сияқты маңызды факторларға ие.
Екіншіден, өз мүдделерін қорғауда екі мемлекет принципті түрде халықаралық
ынтымақтылыққа, халықаралық құқыққа және БҰҰ-ның беделіне сүйенеді. Олар
үшін айнымас қағида ретінде халықаралық мәселелер мен қайшылықтарды шешуде
күштеу және біржақты қабылданатын әдістерді қолданбау қала бермек.[10,
с.62].
2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін АҚШ-тың Орталық Азиядағы әскери
қатысуы белсендірілді. Кенеттен Орталық Азия аймағы лаңкестікпен күрестің
шешуші алаңына айналды.
Лаңкестікпен күрес АҚШ-ты, Орталық Азия республикаларын, Ресей мен
Қытайды біріктірді. Ұлттық қауіпсіздік саласында бұл мемлекеттердің
әрқайсысы ислам бағытындағы лаңкестік ұйымдар тарапынан келген қауіппен
соқтығысты. Енді Ресей шешен сепаратистерінің Усама бен Ладенмен және Аль-
Каидамен байланысы туралы ешқандай кедергісіз айтса, Қытай Шыңжаңдағы
ұйғыр сепаратистерінің Аль-Каидамен және Талибан қозғалысымен
байланысын тапты. Ал Орталық Азия мемлкеттерінің басшылары үшін олардың
авторитарлық тәртібіне өте зор нұқсан келтіре алатын мұсылман
фундаменталистерімен күрестегі өз позицияларының нығаюы басымдық әкелді
[11, с.16].
Кеңес Одағының ыдырауымен Ресей өзінің бұрынғы әлеуетін жоғалтып алса
да, Орталық Азия елдерімен тарихи сабақтастығын алға тартып, олармен
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Шанхай
ынтымақтастық ұйымы, Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде өзара
байланыстарды дамытуда.
АҚШ-тың аймақта пайда болуы, оның Өзбекстан мен Қырғызстанда әскери
базаларды ашуы Ресейді Орталық Азиядағы ықпалын күшейтуге итермеледі. 1990
жылдардың аяғында Мәскеу Орталық Азияда өзінің қызметін белсендірді. 2003
жылдың мамыр айында Ұжымдық қауіпсіздік шартына жаңа құрылымдық өзгерістер
енгізу туралы шешім қабылданып, нәтижесінде Ресейдің Орталық Азиядағы
ықпалының күшеюіне септігін тигізген Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы
құрылады [12, с.69].
Ресейдің келесі стратегиялық қадамы- 2003 жылдың күзінде Қырғызстанда
әскери базасының ашылуы. Бұл Ресей мен Орталық Азияның бірқатар елдерінің
ресми Мәскеудің аймақтағы тікелей әскери қатысуын қолдайтынын көрсетті.
Содан соң 2004 жылдың шілде айында Сочидегі В.Путин мен Э.Рахмоновтың
кездесуінде Ресей мен Тәжікстан арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту
туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, оның ішінде Ресейдің Тәжікстандағы
әскери қатысуы да бар. Оған қоса Мәскеу мен Ташкент арасындағы байланыстар
да қолайлы жағдайда дамыды, олардың жақындасуында ортақ қауіпсіздік
қатерлер мен бірлескен әскери жаттығулар негізгі рөл атқарады[12, с.69].
Орталық Азия аймағындағы ірі державалардың қатысуын қарастырғанда, НАТО-
ның да өңірге келгені туралы айтпасқа болмайды. Солтүстік Атлантикалық
альянс- Құрама Штаттардың негізгі әскери одақтасы болып табылады.
Ауғанстандағы антилаңкестік операцияда АҚШ НАТО-ның мемлекеттеріне арқа
сүйегені белгілі. Ресей мен Қытай НАТО-ның Орталық Азияға келуін қаламайды,
өйткені ол бұл екі алпауыттың аймақтағы ықпалын әлсіретуі мүмкін. НАТО мен
Орталық Азия республикалары арасындағы ынтымақтастық 1994 жылдан басталғаны
белгілі. Сол кезде Орталық Азияның Түркменстаннан басқа төрт республикасы
НАТО-ның Бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасының мүшелеріне айналды.

Орталық Азия мемлекеттерінің Бейбітшілік үшін серіктестік
бағдарламасына кіруі олардың Альянспен байланыстарына ресми мәртебе берді,
аймақтық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың тетігін қамтамасыз етті,
бірлескен қайраткерліктің негізін қалады. Стамбул саммитінде Альянс өзінің
стратегиялық маңызды аймақтар болып табылатын Орталық Азия мен Кавказдағы
серіктестермен ынтымақтастыққа аса назар аударуы қажет деген шешім
қабылданды. НАТО-да Бас хатшының Кавказ бен Орталық Азия бойынша арнайы
өкілі лауазымы, сонымен бірге осы аймақтардың әрқайсысының байланыс
офицерлері қызметтері бекітілді. Байланыс офицерлері қарым-қатынастарды
дамытуға ықпал етіп, ынтымақтастықты реттеу мен диалог жүргізу ісіне жауап
берулері тиіс [13, с.47].
Орталық Азия елдерімен саяси және экономикалық байланыстарды Түркия,
Иран, Үндістан, Пәкістан, Жапония, Еуропалық Одақ мемлекеттері де дамытуда.
Бірақ бұл аталған мемлекеттердің Орталық Азия аймағындағы қатысуында үш
алпауыт-АҚШ, Ресей, Қытайдың бәсекелестігі сияқты тайталас айтарлықтай
байқалмайды. Ынтымақтастығының басында өзінің діни дүниетанымын уағыздай
отырып, Орталық Азия елдеріне идеологиялық басым көрсеткісі келген Иран өз
мақсатын іске асыра алмады. Сөйтіп, өзара байланыстарды тек тиімділік
негізінде ғана құра бастады. Иран Орталық Азия үшін Парсы шығанағына
шығудың жолы болып табылады, бұл мақсат жүзеге асты да. 1996 жылы
Түркменстанның теміржол магистралін Ирандыкімен байланыстырған Мешхед-
Теджен-Серахс теміржол торабы салынып бітті.
Түркияның Орталық Азия республикаларымен этникалық, тілдік және мәдени
жақындығы оның алғашқылардың бірі болып аймақтың белсенді қатысушысына
айналдырды. Түркиямен бүгінгі таңда сан-саладағы ынтымақтастық дамуда. Ол
ең алдымен, сауда-экономикалық, транспорт, оқу-ағарту, туризм салаларында
көрінеді. Жалпы алғанда, Орталық Азия елдері тәуелсіздік алғаннан соң
әлемнің ірі державаларымен қатар, әлеуеті жағынан төмендеу мемлекеттермен
де жан-жақты байланыстарды дамытуда. Бүгінгі ғаламдасу заманының талаптары
да екіжақты және көпжақты, мемлекетаралық және аймақаралық байланыстарды
дамытуды, әлем елдері мен өңірлері арасындағы интеграциялық процестерді
алға бастыруды, ортақ қауіп-қатерлермен бірлесіп күресуді қажет етеді.
Әйтсе де ғаламдасудың талаптарына сай әрекет ету, ірі мемлекеттердің
аймақтағы белсенді қатысуына жол беріп, олардың әскери, саяси ықпалын
күшейту Орталық Азия елдерінің мемлекеттік мүддесіне, олардың егемендікті
нығайтудағы талпыныстарына нұқсан келтірмесе болғаны. Өйткені экономикалық
дамудың әлі де болса төменгі деңгейіндегі, қарулы күштері де әлсіз Орталық
Азия үшін халықаралық қатынастарда тек дәйекті де тиімді саясатты ұстанғаны
абзал.

1.2 Орталық Азиядағы саяси интеграция және Қытай
Қытай Халық Республикасы бүгінгі таңда ядролық қаруы бар дүниежүзінің
ең ірі мемлекеттерінің бірі. 2004 жылдың мәліметтері бойынша, ҚХР-дың
халық саны 1 млрд 300 млн.-ға жеткен [14].
Қытайдағы 70-ші жылдардың аяғынан жүргізіле бастаған экономикалық
реформалар мен ашық есік саясаты оның экономикасының жылдам дамуына әкелді.
Орталық Азия республикаларының осындай ірі мемлекетпен өзара қарым-
қатынастарды нығайтуға мүдделі болуы заңды да.
Қытай Халық Республикасы халықаралық қатынастарды жүзеге асыруда
негізгі критерий ретінде бейбіт қатар өмір сүрудің бес принципін басшылыққа
алады, бұл жөнінде Қытай Халық Республикасы Конституциясының кіріспесінде
айтылған, олар:
Өзара егемендік пен аумақтық біртұтастықты құрметтеу.
Өзара шабуыл жасамау.
Өзара ішкі істерге араласпау.
Теңдік пен өзара тиімділік.
Бейбіт қатар өмір сүру [15, 4 б.].
Алғаш рет аталмыш принциптерді 1953 жылдың желтоқсан айында Қытай
премьер-министрі Чжоу Эньлайдың үнді делегациясымен кездесуінде сөйлеген
сөзінде айтқан болатын. Тараптар қол қойған Қытай мен Үндістан арасындағы
бірлескен Декларацияда орын алған бейбіт қатар өмір сүру принциптері 1982
жылы Қытай Халық Республикасының Конституциясына енгізілді. Бүгінде олар
дүниежүзі елдерімен байланыстар орнатудағы ҚХР-дың негізгі ережелері болып
табылады [16, с.120].
Қытай мен Орталық Азия мемлекеттерінің саяси байланыстарды дамытудағы
саясаты және негізгі бағыттарын ашу үшін алдымен Қытайдың жалпы бүкіл әлем
мемлекеттерімен байланыстарын орнату барысындағы саясаты жөнінде айту
керек.
Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Цзян Цзэминь
ҚКП-нің 1997 жылдың 12-15 қыркүйек аралығында өткен 15-ші съезінде жасаған
саяси баяндамасында осы мәселеге аса назар аударған болатын. Съезде “Дэн
Сяопин теориясының туын биік көтеріп, Қытайға тән ерекшелігі бар
социализмді құру ісін 21-ші ғасырға бағыттау” атты тақырыпта жасаған
баяндамасында Қытай басшысы Қытайдың сыртқы саясатын төмендегіше
түйіндеген:
тәуелсіз дербес бейбіт сыртқы саясат жүргізу, Қытай халқы мен әлем
халықтарының мүддесін қорғай отырып барлық халықаралық істерді жүргізу.
гегемонизмге қарсы тұру, әлемдегі бейбітшілікті сақтау. Даулы
мәселелерді бейбіт жолмен шешуді ұстану, ешқандай сылтаумен басқа
мемлекеттің ішкі ісіне араласуға қарсы күресу.
бейбіт қатар өмір сүрудің бес принципін басшылыққа ала отырып, БҰҰ
Уставының негізгі мақсаттары мен принциптері негізінде әділ де тиімді жаңа
халықаралық саяси тәртіп орнату.
әлемнің көптүрлілігін құрметтеу. Барлық мемлекеттер өзінің қоғамдық
құрылысын, даму стратегиясын және өмір салтын таңдауға құқылы. Әр
мемлекеттің істерін сол елдің өз халқы басқарады [17].
Жалпы, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азияның шығыстағы
алпауыт мемлекет- Қытаймен байланыстары және Қытайдың осы аймаққа деген
ұстанымы көптеген әлем ғалымдарының ізденісіне арқау болған өзекті
тақырыпқа айналған. АҚШ зерттеушісі Р.Мунро Қытай мен Орталық Азия
арасындағы байланыстарға арнайы зерттеу жасаған. Оның пікірінше, осы
байланыстар Еуразияда болып жатқан екі ірі тарихи процестің ықпалында тұр:
ресейлік және кеңес коммунистік империясының құлауы; Қытайдың экономикалық
және әскери қуатының жылдам өсуі. Орталық Азиядағы Қытай саясатының
эволюциясын қадағалай отырып, Мунро алғашқы кездегі оның пассивті сипатқа
ие болғандығын, оның негізгі міндеті Кеңестік Орта Азиядан Қытай
Түркістанына ауып кетуі мүмкін тұрақсыздықты тоқтату болғандығын атап
көрсетеді [18, с.70].
Американдық авторлар Ч.Анделенд пен Н.Платт Қытай мен Орталық Азия
елдері арасындағы байланыстардың негізі ретінде экономикалық факторды
атайды. Олардың айтуынша, Қытай орталықазиялық ойынға өзі үшін тарихтан
мұра болып қалған қолайсыз жағдайда кірді. Байланыстарға үш элемент тән
болды: 1) Қытай алдындағы үрейді қалдырған ондаған жылдарға созылған қытай-
кеңес текетіресі; 2) Орталық Азия шекарасына жақын жерде ядролық қаруды
сынау саясаты; 3) Қытайдың ШҰАА-дағы пантүркистік және ислам сепаратизміне
қатысты қаупі [18, с.67].
Орыс ғалымы С.Г.Лузяниннің пікірінше де, Қытай Орталық Азия өңірінде
алғашқы кезеңде ұстамды да сақ саясатты жүргізе отырып, өңір мемлекеттеріне
бірдей көзқарасты ұстанған. Әйтсе де, саяси және экономикалық өмір шындығы,
атап айтқанда, өңірдегі ислам фундаментализмінің қаупі, қытай арнайы
қызметтерінің көрші елдердегі әріптестерімен ұйғыр сепаратизмі, Тибет,
басқа да бөлінген ұлттар мәсәлелері бойынша ортақ саясат пен оперативті
әрекеттерді үйлестірудің қажеттілігі, өзара сауда қатынастарын жөндеу
Қытайды өңір мемлекеттерімен байланыстарды белсендіруге мәжбүр етті.
Сөйтіп, ислам лаңкестігі қаупі төніп тұрған жағдайда сондай басым
мемлекеттердің қатарына, ең алдымен, Қытаймен ортақ шекарамен және ұлттық
қауіпсіздік сақтау сияқты ортақ мәселелермен байланысқан үш республика
(Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан) кірді. Оған қоса зерттеуші Қытайдың
бұл өңірдегі рөлінің біртіндеп арта беретінін, бірақ өңірдің жекелеген
елдеріне деген таңдау саясатының сақталып қалатынын айтады. Мұндай тәсіл
Қазақстан мен Түркменстанға қатысты сауда-экономикалық саясатты жандандыру
арқылы жүзеге аспақ. Ал бұл өз кезегінде өңір елдерінің орасан зор
ресурстық және технологиялық әлеуетін пайдалана отырып, оларды қытай
рыногына біржола байлап қоймақ [19, с.333].
Жалпы, Қытайдың Орталық Азия бағытында жүргізіліп отырған сыртқы
саясатын нақтылай түсер болсақ, 1994 жылдың 19 сәуірінде Қытай үкіметінің
премьері Ли Пэн Ташкентте сөйлеген сөзінен анық көруге болады. Ли Пэн
Қытайдың Орталық Азиядағы сыртқы саясатын төрт бапқа бөле отырып, былай
деген болатын: тату көршілік, достық пен бейбіт қатар өмір сүру
принциптерін ұстану. Қазір Қытай халқы бар күш-жігерін мемлекет құрылысына
жұмсауда, ол үшін ұзақ мерзімді, тұрақты, бейбіт халықаралық жағдай қажет,
әсіресе қолайлы қоршаған орта қажет. Қытай дүниежүзінде, оның ішінде
Орталық Азия аймағында ешқашан жеке басының пайдасын асыруға талпынбайды
және өзінің әсер ету аясын орнатпайды. Әлемде қандай жағдай болмасын,
Қытайдың осы бағыты өзгермейтіндігіне сіздерді сендіргім келеді.
өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, ортақ гүлденуге үлес қосу. Сауда-
экономикалық ынтымақтастықты дамыту өзара байланыстардың негізі болып
табылады. Бұл орайда бізде өте жақсы бастама бар.
әрбір халықтың таңдауын құрметтеу, басқа мемлекеттің ішкі ісіне
араласпау. Дүниежүзі көптүрлі, Орталық Азия республикаларының әрқайсысының
жалпы саяси жағдайы әртүрлі, әлемде барлық елдердің ешқашан жалпыға ортақ
саяси даму формасы болған емес және болмайды да.
тәуелсіздік пен егемендікті құрметтеу, аймақтық тұрақтылықты сақтауға
тырысу. Біз Орталық Азияның барлық республикаларының аймағында мемлекет
тәуелсіздігін, егемендігін сақтауда, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты
орнатуға, әр елдің достығы мен ынтымақтастығын нығайтуға жасалған барлық
талпыныстарын қолдаймыз [20].
Дүниежүзі елдерімен қарым-қатынастар орнатуда Қытай келеңсіз
құбылыстарды болдырмау мақсатымен жоғарыда аталып өткен бейбіт қатар өмір
сүру принциптерінен басқа тағы да ерекше шарттар қояды.
1949 жылдың 1-ші қазанында Қытай Халық Республикасын жариялаған күні
Қытай үкіметі: " Аталмыш үкімет ҚХР-дың барлық халықтарының атынан өкілдік
ететін бір ғана заңды үкімет болып табылады. Аталмыш үкімет теңдік, өзара
тиімділік және өзара аумақтық егемендікті құрметтеу принциптерін сақтауға
дайындық білдірген кез-келген мемлекетпен дипломатиялық байланыстар
орнатады",-деді.
Әлемде бір ғана Қытай бар. Тайвань провинциясы ҚХР аумағының ажырамас
бөлігі болып табылады. ҚХР-мен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатқан кез-
келген мемлекеттің үкіметі ашық түрде Тайвань әкімшілігімен қандай болмасын
ресми байланыстардың тоқтатылғаны жөнінде мәлімдеп, ҚХР үкіметінің Қытайдың
бір ғана заңды үкіметі екендігін мойындауы керек [21, с.111].
Қытай саясаттанушысы Чэнь Цзэхуа өзінің 21-ші ғасырдағы Қытай сыртқы
саясатының стратегиясы атты еңбегінде елдің сыртқы саяси стратегиясының
негізгі үш бағытын бөлген:
1. Қытай мен басқа державалар арасындағы байланыстарды үйлестіру,
басқа державалармен шиеленістерді жұмсарту.
2. Қытайдың көрші мемлекеттермен байланыстарды белсенді түрде
реттеу.
3. Қытай қаупі туралы лақап сөзді жою, жаңа әлемдік қырғиқабақ
соғыстың тууын болдырмау [22, с.26].
Орталық Азия елдері де егемен мемлекет ретінде өздерінің ішкі және
сыртқы саяси бағыттарын айқындап, шет елдермен жан-жақты ынтымақтастықты
жүзеге асыра бастады. Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымын сөз еткенде,
президент Н.Назарбаевтың Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы
мен дамуының стратегиясы атты еңбегіне жүгінуге болады: Біз ең алдымен өз
саясатымыздың бейбітшіл бағытын жариялаймыз және дүние жүзінің бір де бір
мемлекетіне аумақтық дәмегөйлік білдірмейтінімізді мәлімдейміз. Өз
жауапкершілігімізді ұғынып және кез келген әскери жанжал алапат зардаптарға
соқтыратынын түсіне отырып:
- Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым мақсаттары ретінде
бейбітшіліктің сақталуын танимыз;
- саяси, экономикалық және өзге мақсаттарға жету құралы ретіндегі
соғыстан немесе соғыс күштерімен қауіп төндіруден бас тартамыз;
- қалыптасқан шекараларды бұзбау, басқа мемлекеттердің ішкі
істеріне араласпау принциптерін ұстанамыз [23, 25 б.];
Сонымен қатар мемлекетіміздің сыртқы саяси тұжырымдамасында есепке алу
мен геоэкономикалық факторларға аса мән берілген: Ашық теңізге тікелей
шығу мүмкіндігінің болмауы, коммуникативтік құралдардан қашық болу
республиканың халықаралық экономикалық байланыстарға қатысуын қиындатады.
Сондықтан шектес мемлекеттермен, ең алдымен біз үшін дүниежүзілік
коммуникацияларға қақпа болып отырған Ресеймен және Қытаймен толық
сенімділік принципінде өзара тиімді, достық қарым-қатынас орнатудың ерекше
мәні бар. Сонымен бірге біз, әрине, халықаралық әділеттік пен серіктестік
негізінде басқа елдердің бәрімен кеңінен байланыс жасауды дамыту үшін іс-
қимыл жасаймыз [23, 22 б.]. Сөйтіп, Қазақстан жоғарыда аталған қағидаларды
басшылыққа ала отырып, сыртқы саясатта көптармақты бағытты таңдап, әлем
елдерімен, халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастықты жүзеге асыра
бастады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстандағы қалыптасқан саяси
жағдай шет елдерде жоғары бағаланып, мемлекетіміздің халықаралық беделі
барған сайын өсті. Тәуелсіз Қазақстанның көп ұзамай-ақ БҰҰ-ның мүшелігіне
қабылданып, Еуропа мен Азиядағы саяси-экономикалық ұйымдардың құрамына енуі
де соның бір кепілі. 1992 жылдың өзінде-ақ Қазақстан президенті
Н.Ә.Назарбаев Ресей, АҚШ, Үндістан, Франция сияқты мемлекеттерде ресми
сапармен болып, нәтижесінде мынадай құжаттарға қол қойылды: ҚР мен РФ
арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт, ҚР мен АҚШ
үкіметтері арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум, сауда
байланыстары туралы келісім және т.б. Аталмыш құжаттар тәуелсіздік, теңдік,
ынтымақтастық, өзара тиімді бейбіт қатар өмір сүру принциптеріне құрылған.
Республика тәуелсіздігі мен оның аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету,
аймақтық және дүниежүзілік қауіпсіздікті нығайту, соғыс-жанжалдарға жол
бергізбей, тиянақты бейбітшілікті орнату Қазақстан сыртқы саясатының
қазіргі негізгі талаптары болып табылады.
Өзбекстан Республикасы Орталық Азия өңіріндегі халық саны жағынан (25
млн.) ең ірі мемлекет болып табылады. Кеңес Одағының ыдырауымен өз
тәуелсіздігін жариялаған Өзбекстан да өзіндік даму жолын таңдап, мемлекет
тәуелсіздігін баянды ету мақсатында елдің ішкі және сыртқы саясатын
белгілеген. Сыртқы саяси және сыртқы экономикалық байланыстарды
қалыптастыру негізінде Өзбекстан өз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында-ақ
жасаған мынадай негізгі принциптерді ұстанады:
біріншіден, өзара мүдделілікті ескере отырып, ұлттық-мемлекеттік
мүддені алғашқы орынға қою;
екіншіден, тең құқықтық пен өзара тиімділік, басқа мемлекеттердің ішкі
ісіне араласпау;
үшіншіден, идеологиялық көзқарастың алшақтығына қарамастан
ынтымақтастық үшін ашық болу, жалпы адами құндылықтарды ұстану және
бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
төртіншіден, халықаралық құқық қағидаларының мемлекет ішіндегіден
басым тұруы;
бесіншіден, сыртқы байланыстарды екіжақты және көпжақты келісімдер
негізінде дамыту [24, с.439];
Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан-ақ Тәжікстанның ішкі саяси жағдайы
тұрақсызданып, өз биліктерін орнатқысы келген саяси партиялар мен олардың
басшылары арасындағы өзара қақтығыстар өршелене түсті. Нәтижесінде азамат
соғысына ұласқан қақтығыс тек Тәжікстанның өзінің ғана емес, бүкіл Орталық
Азия аймағының қауіпсіздігіне нұқсан келтірген факторға айналды. Оған қоса
дәл осы жағдай Тәжікстанның Қытаймен өзара байланыстар дамуының төмен
деңгейін көрсетуінің себебі болды.
Түркменстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін елдің сыртқы саясатына
өзіндік ерекшеліктер тән болды. Айнымас бейтараптыққа негізделген елдің
сыртқы саяси бағытын белгілеуді ұсынған Түркменстан президенті С.Ниязов
болатын. Түркменстанның 1995 жылы 27 желтоқсанда қабылданған
Конституциясының бірінші бабында былай делінген: Түркменстан заң жүзінде
айнымас бейтарап статусына ие. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеяның 1995
жылғы 12 желтоқсандағы Түркменстанның айнымас бейтараптығы атты
қарарында: 1. Түркменстан жариялаған айнымас бейтарап статусын мойындайды
және қолдайды. 2. БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді Түркменстанның тәуелсіздігін,
егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтей отырып, оның осы статусын
қадірлеуге және қолдауға шақырады. Әлемдік қауымдастық мойындаған
Түркменстанның бейтараптығы оның ішкі және сыртқы саясатының негізі болып
табылады [25, с.172].
Біріккен Ұлттар Ұйымы Түркменстанның бейтараптығын мойындаған соң,
Қосылмау қозғалысына қатысады, бірақ ТМД-ның, Орталық Азияның интеграциялық
ынтымақтастығына қосылмайды. Әйтсе де, Түркменстан өзара тиімділік
негізінде Қытаймен екіжақты байланыстарды дамытуға мүдделілік танытуда.
Сонымен, Қытайдың сыртқы саясатының негізі әлем елдерімен өзара
қақтығыстарды болдырмау, бейбітшілікті сақтау, көрші мемлекеттермен өзара
ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Ал Орталық Азия республикалары да өз
кезегінде Қытаймен сан-саладағы ынтымақтастықты дамытуға ынталы.
Орталық Азия мен Қытай арасындағы байланыстар дамуының қайнар көзі
сонау тарих қойнауынан басталатыны белгілі. Тәуелсіз орталықазиялық елдер
үшін Қытаймен өзара қарым-қатынастарды дамыту өте маңызды. Өйткені Қытай
аймақтың шығыстағы көршісі және Азияның ірі де әлеуеті зор алып мемлекеті
болып табылады. Қытайдың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі болуы, 20-
жылдық экономикалық реформалардың нәтижесінде жоғары экономикалық дамуға
жетуі, демографиялық қуаттылығы, Орталық Азиямен 3300 шақырымдық ортақ
шекарасының болуы республикамыздың бұл алып мемлекетпен тиісті деңгейде
байланыстар орнатудың маңыздылығын айқындайды. Қытайдағы қазақ, қырғыз,
тәжік ұлттарының өмір сүруі де екіжақты байланыстарды дамытудың
маңыздылығын артыра түседі.
Кеңес Одағы ыдырамай тұрып, Қазақстан және Орталық Азияның басқа да
республикаларының шет елдермен жеке мемлекет ретінде байланыстар орнату
мүмкіндігі болмағаны белгілі. Әйтсе де, Қазақ КСР-інің көршілес жатқан
Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданымен байланыстары белгілі дәрежеде дамыды.
1988 жылдың маусым айындағы Кеңес Одағы мен Қытай арасындағы жергілікті
сауданы дамыту туралы келісіміне сәйкес, Қытайдың провинциялары,
автономиялы аудандары тікелей КСРО республикаларымен сауда-экономикалық
байланыстарды дамытуға бет алды. Сөйтіп, 1989 жылы Шыңжаң мен Қазақ КСР-і
арасында сауда ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды. 1990 жылдың шілде
айында Қазақ КСР-інің үкімет делегациясы Шыңжаңға сапар жасап, Үрімші мен
Алматыда ҚХР ШҰАА мен Қаз КСР-інің экспорттық тауарлар үлгісі бөлімін ашу
туралы келісімге және ШҰАА мен Қаз КСР-і арасындағы Алашанькоу-Достық
шекаралық темір жол өткелін тиімді пайдалану туралы келісімге қол қойды
[26]. Ал осы сапарға жауап ретінде осы жылдың қараша айында ҚХР ШҰАА
үкіметінің төрағасы Т.Дауамат бастаған үкімет делегациясы Алматыға сапар
жасады. Келіссөздер нәтижесінде Қазақ КСР-і мен ШҰАА арасындағы
экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту туралы
келісімге қол қойылды [27].
Қазақстан 1990-шы жылдардың басынан-ақ Қытайдың негізгі Орталық-азиялық
серіктесіне айналды. Тәуелсіздікке қол жеткізген соң Қазақстан
дипломатиясының алдында Қытай секілді ірі державамен жаңа байланыстар
орнату міндеті тұрды. Жаңа байланыстар деп отырғанымыз, екі мемлекет те
тарих сахнасында алғаш рет тең құқықтық мемлекетаралық қатынастарға түскен
болатын. Қазақстанның сыртқы саясаты әуел бастан-ақ Қытаймен тұрақты, тату
көршілік байланыстар құру қажеттігіне келіп сайды, бұл өз кезегінде жас
мемлекет қауіпсіздігінің кепілі ретінде қарастырылды. Өзара егес және өзара
сенімсіздік Қазақстанның стратегиялық мүддесіне қайшы келді. Өйткені оған
өркениетті мемлекеттердің бүкіләлемдік қоғамдастығына кіру және
экономикадағы құрылымдық қайта құру жұмыстарын жүргізу сияқты маңызды
мәселелерді шешу керек болды.
1991 жылдың шілде айындағы Н. Назарбаевтың ҚХР-ға сапары және сол сапар
барысында қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел арасындағы саяси және сауда-
экономикалық байланыстардың дамуына жол салған бастама болды. Шілденің 9-ы
мен 16-сы аралығында Қазақ КСР Президенті, Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы Н.Назарбаевтың басқаруымен республикамыздың
мемлкеттік делегациясы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданы халықтық үкіметінің
шақыруы бойынша Қытай Халық Республикасында ресми сапармен болды. Сапардың
барысында Н.Назарбаев Қытай коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бас
хатшысы Цзян Цзэминьмен кездесіп, достық әңгіме өткізді. Достық пен тату
көршілікті нығайту біздің екі елдің мүдделеріне ғана емес, сондай-ақ
Азияда, бүкіл дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және
нығайту ісіне қызмет ететіндігі атап өтілді. Қазақстан делегациясы Қытайда
болған жеті күннің ішінде тек елдің орталық бөлігінде ғана емес, сондай-ақ
ҚХР-дың шығысы мен оңтүстігінде де болды. Қытайдың оңтүстіктегі Гуандун
провинциясында қазақстандықтар Қытай Халық Республикасындағы алғашқы арнайы
Шэньчжэнь экономикалық аймағымен танысты.
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданында делегация Үрімшінің бірқатар
кәсіпорындарында болып, Іле-Қазақ автономиялы облысы еңбеккерлерінің
өмірімен танысты. Үрімшіде халықық үкіметтің төрағасы Т.Дауамат бастаған
ШҰАА делегациясымен келіссөздердің ақтық кезеңі өткізілді. Оның
қорытындылары бойынша төрт маңызды құжатқа: Қазақ КСР-і мен ҚХР-дың ШҰАА-
ның арасындағы ынтымақтастықты дамытудың принциптері мен негізгі бағыттары
туралы келісімге, үкіметтік сауда келісімі мен халықаралық туризмді дамыту
үшін шекарадағы Достық-Алашанькоу темір жол өткелін тиімді пайдалану туралы
келісімге, келіссөздердің қорытындылары бойынша Қазақ КСР-і мен ҚХР-дың
ШҰАА үкіметтерінің арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығы
мәселелері жөніндегі протоколға қол қойылды [28].
Осы бастаманың жалғасы Орталық Азия республикалары енді ғана егемен ел
бола салысымен 1991 жылдың желтоқсан айында ҚХР-дың сыртқы сауда министрі
Ли Ланьцин мен сыртқы істер министрінің орынбасары Тянь Цзинпэй бастаған
үкімет делегациясының Өзбекстанға, Қазақстанға, Тәжікстанға, Қырғызстанға
және Түркменстанға танысу сапары болды. Бұл сапардың мақсаты Орталық
Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттерімен екіжақты сауда-экономикалық келісім
мен дипломатиялық байланыстарды орнату туралы коммюникеге қол қоюға
дайындалу еді. Сөйтіп, 1992 жылы қаңтардың 2-сінде Өзбекстанмен, 3-інде
Қазақстанмен, 4-інде Тәжікстанмен, 5-інде Қырғызстанмен, 6-сында
Түркменстанмен дипломатиялық байланыстар орнады. Тараптар қол қойған
дипломатиялық қарым-қатынастарды орнату туралы коммюникеде тараптардың
достық байланыстарды дамыту бейбіт қатар өмір сүрудің бес принципі
негізінде жүргізілетіндігі айқындалған. Орталық Азия елдері Қытай Халық
Республикасы Үкіметі Қытайдың бір ғана заңды үкіметі болып табылатындығын
және Тайвань Қытай аумағының ажырамас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корея Республикасының пандемия кезіндегі қоғамдық дипломатияның үздік үлгісі
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясатының басымды бағыттары
Испан-американ соғыстары
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құрылымы
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
Бисмарктың саяси қызметінің басталуы
Үндістандағы дипломатиялық қызмет
Халықаралық қатынастар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасы және сыртқы саясаты
Пәндер