Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Ақшаның түрлері мен ақшалық белгілер, олардың дамуы
1.1.Ақша айналысының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2.Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3.Ақша жүйесінің типтері мен қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

ІІ. Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы
2.1.Қазақстандағы ақша жүйесі мен ақша айланысының ерекшеліктері ... ... ... ..18
2.2.Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ІІІ. Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері
3.1.Ақша жүйесін жетілдірудің шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
3.2.Ақша жүйесін жетілдірудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Ақшаның түрлері мен ақшалық белгілер, олардың дамуы
1.1.Ақша айналысының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1.2.Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3.Ақша жүйесінің типтері мен
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...13

ІІ. Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы
2.1.Қазақстандағы ақша жүйесі мен ақша айланысының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2.Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ІІІ. Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері
3.1.Ақша жүйесін жетілдірудің шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..26 3.2.Ақша жүйесін
жетілдірудің
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..32

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі
ақша айналысын ұйымдастару ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің
өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 ж. 30 наурыздағы
Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің заң күші бар жарлығына байланысты ұйымдастырылған. Жарғы ақша
айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша
бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау
тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртібі қамтылады. 1, 3 б
Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет етуі
бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен орындалды.
Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк
туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы"
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей Жарлықтары
шықты.
1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан
Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік
қызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.Валюталық
бақылау орандары болып, Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі
саналады. Бақылау агенттері болып, заң бойынша, валюталық бақылау
қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар
жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.
Дүниежүзілік валютаның қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық
резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта
қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық
шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы
режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге
халықаралық валюталық қор (ХВҚ) еніп, оған мынандай міндеттер қойылады:
валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау,
валюта қайырымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Ақша – жүйе – ақша айналысының өзара қатынасын талқылау;
- ақша заңдарын қарастыру;
Ақшаның түрлері мен белгілерін, олардың дамуын қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің дамуын талдау;
- ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен даму мүмкіндіктерін
қарастыру;
- Қазақстан Республикасында ақша жүйесін ұйымдастыруды және ақша
айналысын ұйымдастыруды талдау;
- валюта – қаржы жүйесін сыртқы сауда мен валюта несиелік қатынастардың
халықаралық стандартына сәйкес қайта құру керек.
Республикада ұлттық валюта теңгені енгізу, тәуелсіз мемлекеттің
барлық атрибуттарын қалыптастырудың соңғы маңызы бар. Теңгені енгізуге
байланысты алда тұрған басты міндет – оның тұрақтылығы мен жоғары сатып
алу қабілетін қамтамасыз ету, оны болашақта валютаға айналдыру. Қазіргі
таңда, теңгені тауарлармен, алтын – алмас қорымен, валютамен қамтамасыз
ету, оны қажетті деңгейде ұстап отыру басты міндеттерінің бірі болып
табылады.
Зерттеу тақырыбының әдістемелік базасы ретінде Қазақстан Республикасы
Ұлттық банк туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар
жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар
енгізу туралы, 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы вексельдік
айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік қызмет сұрақтары бойынша
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" заңдары басшылыққа алынды.2, 5 б.
І. Ақшаның түрлері мен ақшалық белгілер, олдардың дамуы
1.1. Ақша айналысының сипаттамасы.
Ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын
бейнелейтін өте күрделі жүйе.
Тауарлық немесе тауарлық емес фирмада болатын өндірістік және жеке
тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы
сатылады. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны
қалыптасады әрі бөлінеді.
Сондай-ақ ақшаның көмегімен несие мен басқа қаржы ресурстары
қалыптасып, қайта бөлінеді және пайдаланылады. Бұл арада шаруашылық
жүргізуші органдар мен жекелеген кәсіпкерлер арасындағы, олардың мемлекет
арасындағы, шаруашылық жүргізуші субъектілер және олардың жұмыскерлері
арасындағы, халық пен мемлекеттің арасындағы, сондай-ақ жеке азаматтардың
арасындағы тікелей ақша қатынасында қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол
ақшалай формада есеп айырысулар болады. Бұл жағдайда есеп айырысудың қолма-
қол ақшасыз формасы мен қолма-қол ақша қозғалысы бір-бірімен өзара тығыз
әрекеттесіп, бірыңғай ақша айналымын құрайды. Сондықтан да барлық ақша
қызметтерінің олардың тауар айналысының процесіне қызмет етуі барысында,
өндірісті ұлғайту процесінде жалпы ұлттық өнімнің одан әрі және ұлттық
табыстың бұдан бұлай жиынтық құнын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу
барысында пайдаланылуы ақша айналымын қалыптастырады.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында, олар мен халықтың арасында,
жекелеген азаматтардың арасында тауарлар мен қызметтерді өткізу себебі
бойынша орын алатын ақшалай есеп айырысулар ақша айналымының көп бөлігін
құрайды.
Алайда, ақша айналымы тауар айналымының ақшалай жағын ғана білдірмейді.
Ақшалай айналымның жиынтық көлемі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың
өткізген тауарлары мен қызмет бағаларының сомасынан әрдайым көп жоғары
болады. Мұны ақша қызметінің тауарлар мен қызметтерді сату және сатып
алумен ғана шектелмейтіндігімен түсіндіруге болады. Ақшаны шаруашылық
жүргізуші органдар жұмысшылар мен қызметкерлерді ынталандыру мақсатында
оларға еңбекақыны төлеу үшін пайдаланады. Ақша, сондай-ақ жәрдемақы,
зейнетақы, шәкіртақы, сақтандыру, айыппұл және т.б. төлемдер үшін
пайдаланылады. Жалпы ақша айналымының көп бөлігін - ұлттық табыстың
қалыптасуымен, бөлінуімен және қайта бөлінуімен байланысты жүзеге асатын
айналым құрайды. Ұлттық табыстың қалыптасу сатысында ақша айналымы
шаруашылық органдардың да, жеке азаматтардың да төлемдерін бейнелейді.
Тауарларды өндіру мен өткізу процесінде қалыптасатын шаруашылық органдардың
таза табысы пайда мен айналымнан салынатын салыққа бөлінеді. Мемлекеттік
бюджеттің табысана айыалымнан алынатын салық пен пайданың бір бөлігі толық
аударылады. Халық та өз табысының бір бөлігін мемлекеттік бюджеттің
табысына аударады.5, 121 б.
Ақша айналымының біршама бөлігі мемлекеттік бюджеттің табысын пайдалану
сатысында, яғни әлеуметтік қажеттіліктерді, экономиканы, мемлекетті,
капиталдық шығындарды және т.б. қаржыландыруда жүзеге асады.
Ақша айналымының бір бөлігіне банктің несиелік ресурстарын жұмылдыру
және оларды орналастыру (инвестицияны несиелеу) жатса, тағы бір бөлігіне
сақтандыру бойынша төлем, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және т.б.
төлемдері жатады.
Ақша айналымының жалпы көлеміне халықтың тұрғын үй, коммуналдық қызмет,
газ, электр энергиясы, жылу энергиясы, байланыс қызметі және кәсіпкерлердің
тұрмыстық қызметі, көлік және басқа да осындай қызмет түрлері үшін төлейтін
төлемдермен байланысты айналым да кіреді.
Осылайша, бүкіл ақша айналымы қолма-қол ақша айналымына және қолма-қол
ақшасыз айналымға бөлінеді, сондай-ақ, ол төменде келтірілген ретінде де
бөлінеді:
- тауарлық сипаттағы, яғни өнімдерді өндіру мен өткізу процесін
бейнелейтін ақша айналымы;
- еңбекақы төлеумен сақтандыру төлемдерін төлеумен,
коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу, халықтық, көліктік, тұрмыстық және
тағы басқа төлемдермен байланысты орын алатын тауарлық емес сипаттағы ақша
айналымы.
Сонымен, ақша айналымы төлем құралы және айналыс құралы қызметінде
төлемдердің ақша арқылы жүзеге асатын процесінде қалыптасатын
кәсіпорындардың, шаруашылық, мемлекеттік, жеке және кооперативтік
ұйымдардың, қаржы және несие мекемелерінің, халықтың қаражаттар жиынтығын
білдіреді. Қолма-қол ақшаның көмегімен және қолма-қол ақшасы есеп айырысу
тәртібімен жүзеге асырылатын жоғарыда аталған әрі әлі атала қоймаған барлық
ақшалай төлемдердің жиынтығы ақша айналымының мазмүнын қүрайды.
Экономика тиімді басқарылғанда ғана ақша айналымын дұрыс ұйымдастыруға
болады. Ақша айналымы экономикаға оң әсерін де, теріс әсерін де тигізуі
ықтимал. Шаруашылықты жүргізудің тәжірибесі мемлекеттің бірыңғай эмиссия,
несие, есеп айырысу орталығы болып табылатын банктің (ҚР Ұлттық банк) ақша
айналымын шоғырландырып басқаруының мақсатқа лайықтығын дәлелдеп берді. Ол
елдегі ақша айналымы мен ақша айналысына жауапты ұйым.
Ақша айналымы мынадай принциптердің негізінде ұйымдастырылады:
- барлық ұйымдар мен мекемелер, шаруашылық органдары өз ақшаларын
банктерде сақтауы керек;
- шаруашылық органдарының арасындағы ақшалай есеп айырысу, әдетте,
қолма-қол ақшасыз аударымдар мен өзара талаптарды шегеру жолымен жүзеге
асырылады;
- есеп айырысу құжаттары тек банктер мен байланыс органдары арқылы
өтетін төлемдер үшін пайдаланылады әрі олар айналыстың несие құралы бола
алмайды;
- төлемдер тек төлеушінің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Бұл
келісімшарт тәртіптерінің сақталуына тиімді бақылауды ұйымдастыруда маңызды
рөл атқарады.
Мынаны айрықша айта кету керек, ақша өзінің айналысында қолма-қол ақша
айналысынан қолма-қол ақшасыз айналысқа және осыған керісінше қолма-қол
ақшасыз айналыстан қолма-қол ақша айналысына ұдайы өтіп отырады. Мәселен,
банкке қолма-қол акшамен берілетін сауда ұйымдарының түсімі олардың есеп
айырысу шарттарында қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатқа айналады, олар
осылайша өз жабдықтаушыларына ақша сомасын аудара алады. Соңғысы
(жабдықтаушылар) өз шоттарына кеп түскен бұл ақша сомасын жұмысшылар мен
қызметкерлердің қолма-қол ақшасымен еңбекақысын төлеу үшін пайдаланады.
Ақша банк кассасынан шаруашылық органдардың кассасына, шаруашылық
органдардың кассаларынан халыққа, халықтан сауда-саттық, тұрмыстық,
көліктік кассаларға және мекемелерден банк кассасына түсіп, ұдайы ауыспалы
айналым жасап, қозғалыс үстінде болады. Мұның бәрі ақша айналымының
бірыңғай болатынын көрсетеді. Бірыңғай ақша қолма-қол ақшасыз есеп
айырысулар да және қолма-қол ақшамен есеп айырысуда пайдаланылады.
Ақша айналысы тек қолма-қол ақшаның қозғалысын ғана қамтиды, ал ақша
айналымына қолма-қол ақша қозғалысы да, қолма-қол ақшасыз айналымы да
кіреді. Ақша айналымы ақша айналысына қарағанда сыйымдылығы жоғары, яғни
мағынасы кең ұғым болды.
Осы бөлімнің аты Ақша айналысының сипаттамасы болғандықтан, бөлімді
қорыта келе, ақша айналысы туралы мынадай сипаттама беруге болады: ақша -
айналыс құралы, ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын
бейнелейтін өте күрделі жүйе. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша
өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.5, 251 б.

2. . Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері.
Ақша жүйесі - қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың
тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақша
жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай
формасы - ақшаның пайда болуымен байланысты. Ұлттық акша жүйесі ХV-ХVІІ
ғасырлардан қалыптаса бастады.
Ақша жүйесі өз эволюциясында ақша - тауар қатынасының даму деңгейіне
тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады. Әрбір
мемлекеттің өз акша жүйесі бар. Ол мынадай элементтерді қамтиды:

- ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;
- ақша бірліктерінің атауы;
- ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз
ету сипаты;
- ақша айналымын ақша-несие тұрғысынан реттеудің тетігі;
- ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың
тәртібі.
Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:
- ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі. Ол көбінесе
шаруашылық жүргізуші субъектілердің уэждемесіне (мотивация) негізделген
экономикалық әдістерге жүгінеді;
- тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі;
- ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері, ақша
айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда
инфляцияның дамуына жол бермеуі қажет;
- ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі. Бұл ақша эмиссиясының
несие операциялары негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді;
- эмиссияланған ақшаның қамтамасыз етілу принципі;
- Орталық банк тәуелсіздігінің принципі.
Ақша бірліктерінің атауы. Ақша бірлігі - барлық тауар бағаларын өлшеуге
және тұлғалауға қызмет ететін, заңмен бекітілген ақша белгісі. Орталық банк
монополиялық тұрғыдан эмиссиялайтын барлық ақша белгілері заңды төлем
құралы болып табылады, яғни бұл Қазақстан аумағында борыштарды өтеуге заң
бойынша міндетті түрде қабылданатын ақша белгілері:
Ақша бірлігі (ұлттық валюта) Қазақстан Республикасында 100 тиыннан
тұратын казақстандық теңге болып табылады.
Теңге мен алтын немесе басқа да құнды металдар арасында ресми
арақатынас белгілейді.
Ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету
сипаты. Барлық төлем түрлеріне олардың көрсетулі құны бойынша міндетті
түрде қабылданатын, банкнот пен тиыннан тұратын айналымдағы мемлекеттің
ақша белгілері. Ақша белгілерін шығаруды олардың айналымын ұйымдастыруды
және айналымнан алуды Орталық банк қолма-қол ақшасыз балама алу арқылы
банкнот пен монетаны сату түрінде тек бір өзі ғана жүзеге асырады.
ҚР Ұлттық банк банкноттары мен тиындары Ұлттық банктің сөзсіз (даусыз)
міндеттемелері болып табылады әрі оның барлық активтерімен қамтамасыз
етіледі. Ұлттық банк алтын-валюталық активтердің мөлшерлері туралы
хабарламаларды бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялап отырады.
Ақша түрлері. Заңды төлем құралдары: қағаз жэне несие ақшалар - ақшаның
түрлеріне жатады.
Ақша-несие айналымының тетігі - ақша-несиелік реттеу (тікелей және
жанама) құралдарының, ақша-несие тұрғысынан реттеуші органдардың құқықтары
мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.
Ақша-несие саясатының негізгі құралдарына мыналар жатады:
- ҚР Ұлттық банктің банктерге несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің
деңгейлері;
- Ұлттық банкте депозиттелген ең аз шамадағы міндетті резервтердің
нормативі;
- мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу бойынша
ашық нарықтағы операциялары;
- банктерге несиелер;
- валюта нарығындағы интервенция;
- айрықша жағдайларға жекелеген түрлердің несиелік операциялардың
деңгейі мен мөлшеріне тікелей сандық шектеулерді қою;
- ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме.
Ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.
Валюта бағамы - бұл басқа елдің ақша бірлігінде бейнеленген бір елдің ақша
бірлігінің бағасы. Валюталарды шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі
Валюталық реттеу туралы ҚР заңында белгіленген. Валюта бағамы баға
белгілеудің негізінде анықталады. Валютаның ресми және еркін (нарықтық)
баға белгілеулері бөліп көрсетіледі. Қазақстанда көбінесе қоржынға
кіретін басқа шетелдік валюта қоржыны негізінде баға белгілеу тәсілі
пайдаланылады.
Ақша функциясы келесі элементтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. ҚР- ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан
құралған 1 теңге болып табылды.
Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста
қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып
олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын
банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі
болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.
Эмиссия тәртібі. Қолма – қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын
ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма – қолсыз ақша
эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге
асырады.
Ақша реформасына мемлекеттік билігі мен ақша жүйесінің толық немесе
ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің екіншісіне немесе ақшаның жаңа
түріне ауыстырылуы жатады. Кеңес Одағы тұсында үш рет-1922-24, 1947,1960 ж.
ақша реформасы болды. Жаңа экономикалық саясат кезінде червонецтер
шығарылды. Ол алтынның 78,24 үлесінің бір мысқалына (7,74234 г), яғни ескі
он сомдық шақаға тең болды. Сонымен қатар кұны 1, 3, 5 сомдық қазыналық
билеттер, 1 сомдық, 50, 25, 15, 10 тиындық күміс және 1, 2, 3, 5 тиындық
қара шақалар шығарылды. 1947 ж. айналыстағы ақшаның 10 сомы жаңа ақшаның 1
сомына айырбасталды. Сөйтіп айналыстағы артық ақша жойылды. Ал 1960 ж. 1,
3, 5, 10, 25, 50, 100 сомдық ақша билеттері және 1,2, 3, 5, 10, 15, 20
тиындар, сондай-ақ 50 тиындық және 1 сомдық күміс ақша шығарылды. 1961
жылдың 1 каңтарынан бастап, сомның алтын бағамы таза алтынның 0,222168 г-
нан 0,987412 г-на дейін арттырылды, яғни Американың 1 доллары жаңа ақшаның
90 тиынына тең болды. Қазақстанда ақша реформасы 1993 ж. жүзеге асырылып,
ұлттық ақша — теңге айналысқа енгізілді. 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 500,
1000, 2000 теңгелік билеттер шыға-рылды.

3. . Ақша жүйесінің типтері мен қызметтері.
Ақша жүйесі ұдайы даму үстінде болатындықтан ақша жүйесінің түрлері
өзгеріп отырады. Ақша жүйесінің түрлері ақшалардың қандай формада қызмет
атқаратынына қарай қалыптасады: тауар ретінде немесе құн белгісі ретінде
ме? Ақша жүйесін құру формаларындағы принциптік айырмашылықтардың түп-
төркіні металдық айналым жүйесінде және несие мен қағаз ақшаларының айналым
жүйесінде жатыр.
Металдық айналымға ақша жүйесінің биметаллизм және монометаллизм деп
аталатын екі түрлері тән.
Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:
- металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін атқарады,
ал несие ақшалар металға айырбасталады;
- несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастамайтын
банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылды және қазынаға айналды.
Металдық айналысқа қатысты аталып өткен екі ақша жүйесі -
биметаллизм және монометаллизмге тән.
Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады. Ақша жүйесі - ол
тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген біртұтас
ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI - XVII ғғ. капиталистік өндіріс
әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген
элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің
және тауар-ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.
Ақша жүйесінің типі: ақша - ерекше тауар ретінде жүруіне, яғни жалпыға
ортақ эквивалент болуына немесе ақша - құн өлшемі қызметін
атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша
жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі:
Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша
айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие
ақшалары металға айырбасталады; несне ақшалары және қағаз ақша айналысы,
бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата
ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.
Биметаллизм – бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент ролін
заңды түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде
соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды:
- параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас
металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді;
- қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынас мемлекет анықтады;
- ақсақ валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі болып қалыптасты.
Ақша ретінде екі металдың қолданылуы жалпыға ортақ эквивалент
табағатына қарама – қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті қатынасты
белгілеуде қиындықтар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралық реттеу
нәтижесіз болды. Күмістің құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар
айналыстан қазынаға кете бастады.
Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл (не алтын,
не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизмі алғаш рет
Ұлыбританияда 1816 ж, Германияда – 1871-1873 жж., АҚШ – та – 1900 ж.
белгіленді. Күміс монометаллизм Ресейде 1834 – 1852 жж., Үндістанда 1852 –
1893 жж. қолданылды.
Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын
монометаллизмі үш түрге бөлінді:
Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның
ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу құны
бойынша айырбасталуы және т.б. тән.
Алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгізілді. Мұнда
банкноталар заңмен бекітілген сомманы (Ұлыбританияда – 1700 фунт стерлинг,
Францияда 215 мың франктың құны 12 кг массасындағы стандарт құймаларына
айырбасталды).
Алтын девиз стандарты – Германияда, Австралияда, Данияда,
Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел
валютасына (девизіне) айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір
елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері
арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен
туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және
экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Қазіргі экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс құралы;
3. төлем құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы;
5. дүниежүзілік ақша.
1. Ақша құн өлшемі және баға масштабы. Құнның өлшем қызметі тауар
өндірісі жағдайындағы туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының
өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал
қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола
алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды
құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады.
Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды
көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы
орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін
орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін
тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма – қол ақшаның болуы қажет емес,
себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның
көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
2. Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде
тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің
тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл
кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі
бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды
сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа
нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен
кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға
қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып
отырады және сату – сатып алу процесіне қызмет етеді.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері
мыналар:
- тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы;
- оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма - қол) ақшалар орындайды,
- ақшаның бұл қызметінде тауарлардыт айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша
белгілері орындайды.12, 233 б.
3. Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты.
Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы
тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Егер тауар мен ақшаның
қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін
сатып алынған немес керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы
қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес,
сонымен бірге қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшадай
төлемдерді төмендегідей етіп топтатуға болады:
- тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
- еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
- банктік қарыз, мемлекет және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;
- сақтандыру міндеттемелері;
- әкімшілік – сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақшалар төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары
бар. Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе
несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
4. Ақша қорлану және қор жинау құралы. Ақшаның төлем және айналыс
құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның
қорлануының қажеттігі Т- А- Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т
айрылуымен байланысты.
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана
бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып,
олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретінде түсе
алады. Шынында да бұл елдегі ақша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вексельдің түрлері және вексель айналысы
Қаржы және ақша нарығы
Вексельдің экономикалық мәні, түрлері және вексельдің қолданылуы
Вексель айналысы және оның Қазақстандағы даму болашағы
Несиелік ақшалар және оның түрлері
Ақшалардың қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Қазақстан Республикасында вексель айналысы дамуындағы коммерциялық банктердің ролі
Несие ақшалар және олардың экономикалық маңызы
Ақша жүйесі, түсінігі және элементтері туралы ақпарат
Ақша массасы және ақша базасы
Пәндер