Алтын Орданың қалалық орталығы - Сарайшық



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 АЛТЫН ОРДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ . САРАЙШЫҚ ... ...7
1.1 Сарайшық қалашығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Сарайшық қалашығы тұрғындарының шаруашылығы ... ... ... ... 10
1.3 XIII . XVI ғасырлардағы қаланың саяси, экономикалық өмірі...12

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих және құқық факультеті

ҚР тарихы кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Алтын Орданың қалалық орталығы - Сарайшық

Орындаған : 07101 тобының студенті Ибатов Е.М.
Тексерген: т.ғ.к., оқытушы Мұханғалиева Ж.Қ.

Орал - 2012ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 АЛТЫН ОРДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ - САРАЙШЫҚ ... ...7
1.1 Сарайшық қалашығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Сарайшық қалашығы тұрғындарының шаруашылығы ... ... ... ... 10
1.3 XIII - XVI ғасырлардағы қаланың саяси, экономикалық өмірі...12

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .15

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Алтын Орданың алғашқы хандары ел басқарған кезде (Бату мен Берке хан тұсында) оларға берілген құқықтар шектеулі болды. Яғни, басқа да көптеген моңғол ұлыстары секілді Жошы ұлысы да империя орталығы Қарақорымнан басқарылды. Бұл кезеңде Алтын Орда хандарының басқа елдермен келіссөз жүргізуге, елшілер қабылдауға құқығы болмады. Ұлыс ханын сайлау құқығы да тек Ұлы ханның құзырына жататын. Беркеден кейін Алтын Орда тағына Батудың немересі Мөңке отырды. Мөңке Темір ханның басқаруы кезінде (1266 - 1282) Алтын Орда іс жүзінде тәуелсіз болды, ол заңды түрде бекітілді, Оған Мөңке Темірдің атымен өрнектелген теңгелердің шығуы дәлел.
Мөңке Темір өкіметі Берке хан қолға алған жаңа қалалар құрылысын жүргізу саясатын әрі қарай жалғастырды. Қалалар тез бой көтерді: Олар Днестр бойындағы Ақкерман (Белгород - Днестровский), Орданың батыс жақ шетінде орналасқан, Дунай сағасындағы - Килия, Днепрдің сол жағалауындағы Тавань; Қырым; Бақшасарай маңындағы - Қырық - Ер; қазіргі Феодосия - кафа; қазіргі Судак - Солдай; қазіргі Азов аумағындағы Азак; Жайықтың оң жағасындағы - Сарайшық; Ертіс бойындағы, қазіргі Тобыл маңындағы - Искер және т.б. қалалар еді. Алтын Орданың астанасы - Сарайға ұдайы көңіл бөлініп отырды. Ол алғашқыда Бату сарайы, кейінірек Берке сарайы деп аталды. Мөңке Темір билігінің соңғы ширегі кезінде Сарай тек Алтын Ордадағы ғана емес, сондай - ақ, ортағасырлық Еуропадағы ірі қалалардың бірі саналды. Мәселен, XIII ғасырда Римде - 35 мың, XIV ғасырда - Парижде 58 мың, ал Сарайда XIV ғасырдың басында 100 мың тұрғын қоныстанып, тіршілік етті. [1, 120б.] Сондықтан өз кезінде аты жаһанға мәлім болған бұл тарихи ескерткіштердің зеерттеу жас ұрпақтың міндеті. Осы тұрғыда біз қарастырып отырған тақырыптың өзектілігі еш күмән тудырмайды.
Зерттелу тарихы. Қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі - Сарайшық қаласы. Тарихшы ғалымдар оның пайда болуын XIII ғасырда, яғни Шыңғыс хан мен Батудың жасаған шапқыншылығымен байланыстырады. Әзірге белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер XIV ғасырдың алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы айтылады.[2, 82б.]
Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ - ғалымы, саяхатшысы Ибн-Батута. Ол өзінің саяхаттарының бірінде, 1334 жылы Үлкен Сарай қаласынан шығып (Сарай-Берке-Алтын Орданың астанасы), Азияға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөнінде ол, Біз Сарайшық қаласынан ат жеккен арбамен он күн жол жүріп, Сарайжүк қаласына жеттік. Бұл Ұлысу деп аталатын үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейінгі екінші жүзбелі көпір осында екен. Сарай - жүк монғолша кіші Сарай деген мағынаны білдіреді. Ол кезде Алтын Орда үлкен Сарай, Сарайшықты кіші Сарай деп атаған. Сарайшықты алғаш 1937 жылы Н.Арзютов деген орыс ғалымы зерттеген, ал 1950 жылы мұнда Әлкей Марғұлан экспедициясын бастап келеді. Кейінірек тарихшы Зейнолла Самашев та қазба жұмыстарын жүргізген. Ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Антоний Дженкинсон Сарайшықты көріп: Көлігімнің болмауына байланысты Сарайшықта жарты айдай тоқтап қалдым, сонда менің байқағаным, мұнда күніне 700-ге дейін керуен келеді екен. Қала үлкен сауданың орны екен, іздеген затыңның бәрі бар, қытайдың жібегі, парсының кілемі, арабтың арғымағы керек пе, бәрі де самсап тұр, - деген жазба қалдырған. Дүние жүзінің бәрін араладым. Мен көрген ірі әрі әдемі қалалардың ішінде Бағдаттан кейін орын алатыны - Сарайшық. Бағдаттағы сияқты мұнда да ханның сарайы бар екен, қайықтар мен көпір көрдім, төрт мешіт, өте көп қонақүйлер бар. Бірақ мені таңғалдырған ол емес, жер шарын шарлап жүргенде көрмеген бір қызықты көріп таң қалдым - мұнда су әрбір үйге өзі барады екен, - деп тамсанады араб жиһангезі ибн-Батута. Әрбір үйге өзі барады деп тұрғаны - ХІҮ ғасырда Сарайшықта қыштан жасалған су құбыры болған. Еуропа мен Азияның арасын жалғаған көрікті қала талай патшаның көз құрты болып, жермен-жексен етуге бұйрық берсе де, жеме-жемге келгенде жер жастандыруға көзі қимаған. Қылыш көтеріп қиратуға қимаған қаланың түбіне ақыры 1580 жылы біз жаулаған жерде мұндай қала болуға тиіс емес, - деп Иван Грозный жеткен. Өйткені өзінен бұрынғы патша Юрий Долгорукий Мәскеудегі Қызыл алаң мен Кремльді салдырғанда орыс сәулетшілері оны сән-салтанаты асқан Алтын Орда және Сарайшықтан көшіріп берген. Жер бетінде Мәскеуге ұқсайтын қаланы қалдырмаймыз, - деп әуелі Қазанды, сосын Сарайшықты құлатқан. Сөйтіп бес ғасыр өмір сүрген Сарайшық талқан болып, күлге айналады. Бір замандағы сәнді қала ғасыр жарым тонаудың астында қалған.
Республика ғылым академиясының 1950 жылы Батыс Қазақстанға жүргізген археологиялық экспедициясының қорытындысы негізінде белгілі археологтар С.П. Толстов пен Г.И. Пацевич Сарайшықтағы XI ғасырдағы араб тарихшылары еңбектерінде аталатын, орта ғасырда өмір сүрген Саксин қаласының орнында бой көтеріп, жаңа атауға ие болған қала. Саксин X-XI ғасырларында Хорезм тұтқындарының көмегімен сауда жолының бойынша салынған еді дейді де Сарайшықтың өмір сүру дәуірін шартты түрде үш кезеңге бөледі:
1.X-XI ғасырларда қала іргесінің қаланып бой көтеруі.
2.XIII-XIV ғасырларда Алтын Орда өмір сүрген кезеңдегі Еуропаны, Орта Азия, Қазақстанда, монғолдар және Қытаймен жалғастырған ірі сауда орталығы болуы, яғнғи қаланың гүлденіп, өркендеу дәуірі.
3.XV-XVI ғасырлар Ноғай ордасының орталығы болуы, қазақстар шабуылын күйреп, қирауы.
Қазақ археологиясының атасы Әлкей Марғұлан өзінің 1950 жылы жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде қала XII ғасырда салынған деп еш бұлтаңсыз дәл айтады.
Бұл пікірді, соңғы жылдары қала орнында қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген Республикалық археология институтының ғалымдары дәлелдеп отыр.
Тарихи - мемориалдық кешен құрылысы 1999 жылы 2 мамыр күні басталып, сол жылы 3 қыркүйекте ашылу салтанаты болды. Құрылыс бүкілхалықтық құрылыс болып саналды. Құрылыс жұмысына жергілікті халық түгелге жуық қатынасып, облыс, аудан әкімшілігі құрылыс жұмысына тікелей араласып, басшылық жасады. Кешен құрамына:
1. Хандар Пантеоны кіреді. Архитекторы, сол кездегі облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетов.
Бұның биіктігі 17 метр, 8 қабырғалы. Қабырғалар арасына Сарайшықта жерленген жеті ханға арналып құлпытастар қойылған. Бұл құлпытастарға, қара мраморға жазылған хандардың аттары мен хандық құрған жылдары жазылған. Бұл хандар:
1.Мөңке темір (1266-1282ж.ж)
2.Тоқтағу (Тоқты) (1291-1312ж.ж.)
3.Жәнібек (1343-1353 ж.ж.)
4.Әмір Оқас (14 -1447ж.ж)
5.Қасым Хан (1511-1518 ж.ж)
6. Ших Мамай (1549-1554 ж.ж)
7.Жүсіп Хан ( 1549-1554 ж.ж)
2. Мешіт. Мешіттің ұзындығы 13 метр, ені 6 метр 50см. Мешіттің іші толықтай жасақталып Михраб, Мінбарлар қойылған. Мешіт ішінде Құран, тағы басқа діни кітаптар қойылған.
Әрбір жұма намазы өтіледі. Келушілер әуелі мешіт үйіне кіріп Құран оқытып, дұға етеді. Мешітке азан шақырылатын техникалық құралдар қойылған.
3.Мұражай.Мұражай ішіне Сарайшық қазбасынан шыққан тарихи жәдігерлер қойылған. 14 ғасырдағы Сарайшық қаласының макеті жасақталған.
Музейдегі естелік кітабына жазып қалдырған қоғам қайраткерлері, ғалымдар, өнер шеберлері, шет ел азаматтары мен қарапайым халықтың ой-пікірінің түрін оқуға болады.[3]
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Тақырып бойынша мынадай міндеттер мақсат етіліп қойылады:
* Сарайшық қалашығының тарихын анықтау;
* Сарайшық қалашығының тұрғындарының шаруашылығы мен қолөнерінің дамуын жан - жақты зерттеу;
* XIII - XVI ғасырлардағы қаланың саяси, экономикалық өміріне сипаттама беру.

0.1 Сарайшық қалашығы
Сарайшық қалашығы 100 га көлемі бар, XIII-XVI ғғ. жатады. Жайық өзенінің оң жақ жағалауында, Атырау қаласынан 55 шақырым жерде орналасқан. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде Сарайшықтан Шығыс пен Батыстың ортағасырлық өркениетті орталықтармен сауда-экономикалық және мәдени байланысы туралы ақпарат беретін және Алтын Орда дәуірінің қалалық мәдениетінің бай материалдары табылды. Хан қоғамдық құрлысының архитектуралық орналасуының кезеңдеріне зерттеу жүргізілді.
Зерттеу барысында ханның салу ерекшеліктері анықталды. Сонымен бірге, өткен маусымда бес құрылыс кезеңін анықтауға мүмкіндік алынды. Археологиялық зерттеу барысында қалашықта нумизматикалық материалдардан басқа қалалықтардың көптеген күнделікті қолданыс заттары табылды: қыштан жасалған заттар (құман, құмшы, шығыр, құмыралар, көзелер, шырақтар, түбектер, кесе, пияла ) өсімдіктер мен зооморфты өрнектер және түрлі араб шрифтімен, сонымен бірге, трапезундық және қырым амфораларыныњ бөлшектері, қытай фарфорынан жасалған табақтың бөліктерімен безендірілген. Қазбалар барысында көптеген сүйектен, темір мен қоладан жасалған бұйымдар кездеседі. Одан басқа, ортағасырлық моншаның қалдығы табылып, зерттелді.
Әбілғазы Бахадұр-ханның (ХVІІғ.) Сарайшықтағы негізін Батухан (Билік құрған уақыты 1221-1256 ж.ж.) салған деген тарихи пікірмен келісуге болады. Көптеген көпестер мен саяхатшылардың осынау жолдардың бағыт бағдарлары туралы, тауарлардың сипаты мен бағасы және қатынас тәсілі туралы жазбалары мен хикаялары бізге дейін жетіп жатыр. Сарайдан Сарайшыққа, одан әрі Үргеншікке дейінгі сауда жолының соқпақтарында құдықтар болды және керуен-сарайлар қызмет етті. ХІІ-ХІV ғ.ғ. осы жол Шығысты Батыспен негізгі жалғастырушы болды.
Сарайшықта салтанатты сәулетті сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер және басқа да ғаламат ғимараттар салынған. Оларды атақты сәулет өнері мектептерінен өткен дарынды шеберлер тұрғызған қаланың өте тамаша жобаланып салынған түзу де кең көшелері мен алаңдары болған. Қаланың келбетінен шығыстың әсері айрықша байқалды. Керуен саудасынан келетін түсім, әскери олжа, жергілікті халық төлейтін салық және аса мол арзан еңбек күшінің есебінен Сарайшық қаласы тез өсті.[4]
Қаланың Еуропа мен Азияның түйісіндегі керуен жолында, тиімді географиялық орынға орналасуы оның жедел өркендеуіне және көп ұзамай бүкіл қағанаттың ең басты саяси, сауда экономикалық, мәдени орталықтарының біріне айналуына септігін тигізеді. Берке және оның бауыры Тоқай - Темір хандардың 1263 жылы жаңа дін - исламды қабылдауы, ал кейіннен Рузби хан тұсында исламның ресми мемлекеттік дінге айналуы Сарайшықты Ұлық Ұлыстың (Алтын Орданың) діни - идеологиялық орталығына айналдырады.
Деректерге қарағанда Сарайшықта Жәнібек (1341 - 1357ж.ж.), Бердібек (1357 - 1359 ж.ж.) сынды Алтын Орда хандарының таққа отыру салтанатты рәсімі өткізілген. Онда Мәңгі - Темір (1266 - 1281 ж.ж.), Тоқтағу (Тоқай, 1290 - 1312 ж.ж.) Жәнібек, Бердібек сынды ұлы хандар, қазақтың ең ұлы ханы Қасым, ноғайдың билері, бектері мен мырзалары және басқа да тарихи тұлғалар жерленген.
Алтын Орда ыдыраған соң Сарайшық Маңғыт Ордасының, кейіннен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сарайшықта билік еткен хандарды анықтау
Ноғай Ордасының қалыптасуы
Батыс Қазақстанның ортағасырлық қалалары
Қала мәдениеті тарихын оқыту
Қазақстанның ХІҮ-ХҮ ғғ. экономикасы
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы туралы мағлұматтар
Алтын Орда мемлекетінің қалалары
Қазан хандығының құрылуы
Түргеш монеталарын зерттеу мәселесі
Ұлы жібек жолы және оның тарихи маңызы
Пәндер