Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

1 Бөлім. Қазақстанда шағын жинақталған мектептердің қалыптасуы (тарихи.теориялық аспектілері) ... ... ... ...5
2 Бөлім. Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері ... ... ... ...10
3 Бөлім. Шалғайдағы шағын жинақталған мектептерде музыкалық.тәрбие жұмыстарын жүргізудің мүмкіндіктері ... ... ...16
4 Бөлім. Ауылдық шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие беру түрлері ... ... ... .23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕ МУЗЫКАЛЫҚ
БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1 Бөлім. Қазақстанда шағын жинақталған мектептердің қалыптасуы (тарихи-
теориялық
аспектілері) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .5

2 Бөлім. Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік
жұмыстардың өзекті
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 10
3 Бөлім. Шалғайдағы шағын жинақталған мектептерде музыкалық-тәрбие
жұмыстарын жүргізудің
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

4 Бөлім. Ауылдық шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие беру
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..29

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі.Бүгінгі кезеңде республиканың қоғамдық-
саяси өміріндегі болып жатқан нәтижелі өзгерістер, оның өсіп-өркендеуі,
өркениетті елдер қатарынан орын алуы білім беру саласына да жаңа леп
әкеліп жатыр.Осыған байланысты орта мектептің білім беру саясатында жас
ұрпақты жаңа көзқараста оқыту мен тәрбиелеуіне көп көңіл бөлінеді. Осының
бәрі ауылдық мектептеріне, соның ішінде шағын жинақталған (комплектілі)
мектептеріне де байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында шағын жинақталған
мектептер туралы былай айтылған: шағын жинақталған мектеп сынып
жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысанасы
бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп.[1]
Еліміз егемендігін алғаннан кейінгі ұлтымыздың жаңа заманға қадам
басып, ұлттық сананың қайта жаңғыру сатысында тәуелсіз мемлекет болу
тарихынан бастап жеткен жетістіктер айтарлықтай. Соның ішінде, шағын
жинақталған мектептердің қосқан үлесі де жоқ емес. Көптеген халық
жанашырлары мен зиялылары осы ауылдық шағын жинақталған мектептерде білім
алып, тәрбиеленді. Аталмыш мектептердің тарихына үңілсек, шағын жинақталған
мектептер алғашында Қазақстан территориясындағы халықтың әркелкі
орналасуына байланысты алыс ауылдық жерлерде, уақытша қоныстанған елді
мекендерде ашыла бастаған.
Әлеуметтік-экономикалық жағдай, қала халқының күрт өсуі, миграция,
балалардың өмірге келуінің азаюы шағын комплектілі мектептердің санының
өсуіне әкелді. Бұл мектептер шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды
тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады.
Зерттеу жұмыстардың мәлеметтеріне қарағанда шағын жинақталған
мектептерде оқу-тәрбие үрдісі, стандартты орта мектептерімен
салыстырғанда, өзгеше жүреді. [2,3,4,] және т.б.
Себебі шағын жинақталған мектептерде жас ерекшелігіне қарамастан
бірнеше сынып оқушыларына бір мезгілде бір мұғалімнің сабақ жүргізуі
ерекшелігінің бірі болып саналады. Сондықтан да шағын жинақталған мектеп
деп аталады. Ауылдық шағын жинақталған мектептердегі мәселелердің бірі
музыкалық тәрбие жүргізу шарттары болып отыр.
Осы мәселенің жалғасы ретінде шағын жинақталған мектептерде жүргізіліп
жатқан музыкалық тәрбиесі қалай жүргізіледі деген сұрақ туады.
Зерттеу барысында байқағанымыз – бұл проблема Қазақстанда кәзірге
дейін зерттелмегендігін көрсетеді. Сондықтан біз курстық жұмысымызда шағын
жинақталған мектептерде музыкалық тәрбиесін жүргізу әдіс-тәсілдерін
қарауды көздеп отырмыз.
Шағын жинақталған мектеп оқушыларына музыкалық тәрбие жұмыстарын
жүргізудің қажеттілігі мен теориялық тұрғыда зерттеліп, ғылыми әдістемелік
жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі және аталмыш мәселенің
қоғам талабына сай қарастырылмауы арасында қарама – қайшылық орын алып
отырғандығы байқалады.
Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру мектептерінің 77%-ы
ауылда орналасқан болса, ал соның 65-% шағын жинақталған мектеп.
Қазақстандағы шағын жинақталған мектепте басты, көкейкесті мәселелері:
- шағын жинақталған мектептерде қазіргі заманға сай оқытуды қамтамасыз
ететін оқу-әдістемелік кешеннің болмауы;
- заман талабына сай қаржының бөлінбеуі;
- негативті тенденцияларға сәйкес, демографиялық дамудың күрт азаюы;
- ауыл мектептерінің азайып, сонымен қатар республикада шағын
жинақталған мектептер санының азаюы;
- музыкалық тәрбие әдістемесінің әлсіз болуы.
Ауылдық мектептерде тарихи аспектілердің, соның ішінде шағын
жинақталған мектептердің, дамуын шетел ғалымдары М. И. Зайкин, Н. В.
Горбунов, Т. Б. Френкель, Г. Б. Горнетов, В. Н. Яценко, Г. Ф. Суворова, Е.
Ивлиева, Т. В. Маркелова, Г. В. Невзорова және т.б. зерттеген. Қазақстанда
шағын жинақталған мектептердің жағдайын Р. Б. Ахмедова, Ә. Т. Өтебаева,
Г.Қ. Шұғаева, қарастырған.
Жоғарыда айтылғандардың бәрін де ескере отырып, шағын жинақталған
мектептерде қазіргі уақытта заман талабына сай музыкалық тәрбие беруді
қарауды көздеп отырмыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты: шағын жинақталған мектептерде музыкалық
тәрбие жұмыстарын жүргізуді теориялық негіздеп, оны тәжірибе жүзінде
зерттеу.
Зерттеу жұмысының нысаны:шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие
процесі.
Зерттеу жұмысының пәні:шағын жинақталған мектептерде музыкалық оқу-
тәрбие жұмыстары.
Зерттеу міндеттері:
1. Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарын
жүргізудің тарихи-теориялық аспектілерін қарау.
2. Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарын
жүргізудің мүмкіндіктерін айқындау.
3. Шағын жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие жұмыстарды
жүргізу туралы ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: егер шағын жинақталған мектептерде
музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізу теориялық жағынан дәлелдеп,
педагогикалық талдау жасалынып, тәжірибе арқылы тиімді шарттары ұсынылса,
онда оқушылардың бойында музыкалық қабілеттерінің дамуына, адамгершілік-
эстетикалық тәрбиесінің қалыптасуына нәтижелі мүмкіндіктер жасалынады.
Қорыта келе, мектепте тәрбиенің алар орны аса маңызды. Соның ішінде
өте кең, сан ұғымды қамтитын – музыка өнерінің берер тағылымы, тәрбиесін
айтып отырмыз. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, тілмен айтқызып
жеткізе алмайтын қиялы, нәзік сезімі. Музыка өзінің көркемдігі және
нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл-ойының, сана-сезімінің
кеңейіп, музыкалық тәрбие алу барысында оң мінез-құлықтардың қалыптасуына
әсерін тигізеді.
Аталған зерттеу тақырыбы шешілмеген проблемаларын қоғам мен ғылым
дамуының қазіргі бағыттарына сәйкес келетін, өзектілігі жоғары зерттеу
жұмысы болады деп есептеймін. Ұсынылатын әдістер музыкалық тәрбиенің шағын
жинақталған мектептерде қажетті орнын табады деген сенім білдіремін.

1 Бөлім. Қазақстанда шағын жинақталған мектептердің қалыптасуы (тарихи-
теориялық аспектілері)

Еліміздегі шағын жинақталған мектептердегі білім және тәрбие берудің
әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін қарастыруды біз алдымен оның тарихи
даму үдерісін зерттеуден бастағанымыз жөн.
Әрбір саланың өз ерекшелігі мен тарихи даму кезеңдері болады. Сол көп
саланың бірі білім беру ошақтарының тарихи үрдісімен, оның ішінде шағын
жинақталған мектептердің әртүрлі уақыт аралығындағы сапалық және дәрежелік
даму кезеңдері мен қалыптасуын саралап қарастырсақ.
Қоғамда оқудың даму барысында шағын жинақталған мектептердің оқу
үрдісін, тәрбие ісін негізге ала отырып аса көрнекті ғалым-педагогтар,
әдіскерлер көптеген еңбектерін жазғанын тарихтан көре аламыз. Шағын
жинақталған мектептердің тарихына үңілмес бұрын, сол еңбектерді саралап
қарастырсақ. ТМД елдеріндегі салмақты монография авторларын атап өтер
болсақ: Ф.Ф. Королев [5], Е.Н. Медынский [6], И.О. Обидов [7], Ф.Г. Паначин
[8], З.И. Равкин [9], А.Ф. Эфировжәне т.б. [10] Оқу-тәрбие ісіне оқу
ошақтарының маңыздылығын, оның ішінде даму тарихына байланысты теориялық
және әдістемелік мағлұматтармен толықтыруда педагогика ғылымына ерекше үлес
қосып, орасан зор еңбек жасаған.
Жалпы мектептердің даму тарихын зерттеген ғалым-педагогтардан кейін
ауыл мектептерінің, соның ішінде шағын жинақталған мектептердің даму тарихы
мен жандандыру аспектілерін қозғап, зерттеу жұмыстарын жазған: Э.Г.
Костяшкин [11], П. Жильцов [12], А.Е. Кондратенков [13], Г.Ф. Суворова [14]
және т.б. Бұл еңбектерде ауыл мектептерінің тарихымен танысуға болады. Ал,
одақ көлемінде шағын жинақталған ауыл мектептері міселелерімен келесі
біршама ғалымдарды: В.А. Буравихин [15], Н.С. Жбанкова [16], А.П. Чалов
[17], Д.С. Ягофарова [18] және т.б. атауға болады.
Қазақстандық ғалымдардың зерттеулерін атап өтер болсақ, оқу ағарту
саласындағы шағын жинақталған мектептердің даму тарихы тақырыбында жазған
еңбектері аз емес. Сол авторлардың еңбектері мен диссертациялық жұмыстары
(А. Асқарбаев [19], Ш.К. Беркімбаева [20], Қ.Б. Сейталиев [21], және т.б.)
ғылыми тұжырымдама жасауда ерекше орын алады.
Ауылдық шағын жинақталған мектептердің мәселелерін зерттеген ғалымдар
К.Н. Мамырованы [22], А.Н. Сизоненконы [23], Н.М. атап өтуге және шағын
жинақталған мектептердегі педагогикалық басқару үрдісін басқару тақырыбында
- Г.З. Әділғазинов [24], ауылдық шағын жинақталған мектептердің
толымдылығы төңірегінде – З.А. Алдамжаров [25], негізгі тақырыбымыз тәрбие
тақырыбында,яғни мектеп-балабақша ауылдық комплексінде балаларды тәрбиелеу
жүйесін қарастырған А.М. Мұхамбетжанованы атап өтуге болады.
Шағын жинақталған мектептердің тарихы ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастау
алғанын ғылыми зерттеулер мен еңбектерден көреміз. Көптеген ғалымдардың
(А.И. Сембаев, Г.Ф. Суворов, Т. Тәжібаев, П.А. Жильцов, Г.П. Храпченков
және т.б.) еңбектері мен зерттеулеріне сүйене отырып, сол кездегі қазақ
халқының көптеген жерлерінде орыс-қазақ мектептері ашылып, көбейе түскен
еді. Бірнеше бөлімді бір мезгілде бір мұғалім оқытатын шағын жинақталған
мектептер болған.
Ерте ғасырларда Қазақстан аумағындағы шағын жинақталған мектептер
мұсылман мектептері мен медреселерден бастау алған десек қате болмас еді.
Жас ерекшелігі мен білім деңгейінің әртүрлілігіне қарамастан шәкірттер
жинақталған сыныптарда білім алған. Кейін бұл мектептер Қадім мектептері
деген атқа ие болады. ХХ ғасырдың басында білім алу ошағы деп аталатын
мектептер жинақталған мектептер түр-сипатына ие болған болатын. Осылайша
ауылдық аймақтарда шағын жинақталған бастауыш мектептер қалана бастады.
1916 жылы олардың саны 727-ге жетіп, ондағы оқушы саны 22414 болды. Ауыл
мектептері көшпелі ауылдармен бірге көшіп жүрді. Бұл білім берудің үлгі
жүйесін Ы.Алтынсарин басшылыққа жазған хаттарында қазақтардың тұрмыс-
тіршілігіне ыңғайлы, мектептердің көшпелі болуы қажет, жазда ауылдармен
бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн - деп дәлеледеп, іс жүзінде
орындалуына ықпалын тигізген болатын.
Негізінен, шағын жинақталған мектептердің пайда болуы К.Д. Ушинский,
Н.А. Корф, Н.Ф. Бунаков, Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметтерімен тікелей
байланысты. Бұл ағартушы, зерттеушілер балалардың білімді болып, дұрыс оқу-
тәрбие алуына жан ұшырып, білім беру дәрежесін дамыту мақсатында жұмыс
жасаған.
Атап өту керек, революцияға дейінгі орыс-қазақ мектептері 3-4 кластан
тұратын шағын жинақталған мектеп болды, онда бір мұғалім қызмет істейтін.
Сол кездің қиындығына қарамастан, осындай мектептерде тамаша мұғалімдер аз
болған жоқ, осындай жағдайға қарамастан, оқытудың нәтижелері жоғары болды
деп п.ғ.д., профессор Г.М. Храпченковтың айтқанына қосыла отырып, шағын
жинақталған мектептерде музыкалық тәрбие беру музыка мұғалімі емес басқа
пән мұғалімдеріне жүктелетін болған. Кейіннен музыка мұғалімі дербес пән
мұғалімі ретінде қалыптасты.
1918 жылы мектеп құрылымын анықтайтын, оған негіз болатын Жалпыға
бірдей еңбек мектебі туралы Ереже, Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі
принциптері, Аз ұлттар мектебі жөнінде құжаттар жарық көрді. Бұл
құжаттар ағартушылық пен білім берудің саясатын, идеологиясын, типологиясын
және оның ұйымдастырушылық – педагогикалық құрылымын анықтады.
1920-1921 жылдары бұрынғы ауыл мектептері қалпына келтірілді және жаңа
мектептер ашылды. А.И. Сембаевтың зерттеулеріне қарағанда, осы кезеңде 1914-
1915 оқу жылымен салыстырғанда ауыл мектептерінің саны – 1760-тан 2170-ке,
ал ауылдық шағын жинақталған мектептер саны 5 есе көбейді. Ауылдағы
оқушылардың саны 2 есе өсті.
Еліміздегі шағын жинақталған мектептердің қалыптасуының цифрлық
дәлеледемелермен көрсетсек. Жыл санап шағын жинақталған мектептер саны өсе
бастады.
1924-1925 оқу жылында бұл мектептер қарқынды өсу сатысында болды. 1926
жылы 1545 ауылдық мектептері ашылса, 496 мектеп үйі салынған болатын.
Бастауыш мектептер саны 6592, оның 3751-қазақ тілінде, орталау мектеп 517,
оның 163-қазақ мектебі, орта мектептер 63, оның 6 ғана қазақ мектебі еді.
Ал, 1940-1941 оқу жылында бастауыш мектептер саны – 5314 (2801-қазақ),
орталау 1779 (746 қазақ), орта мектептер 701-ге (168 қазақ мектебі)
жетті.[26]
Қазақстан Білім және Ғылым Министрлігінің нормативті құжаттары бойынша
шағын жинақталған мектептер – бұл оқушылар саны 400-ден астам ғана бала
оқитын мектеп болып табылады. ауыл мектептерінің 40 пайыздан астамы осындай
мектептер деп айтсақ қате болмас еді. Осы мемлекеттік құжаттарға сүйене
отырып, статистикаға көз жүгіртсек.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің статистикалық
есебі бойынша 2001 жылы 8260 жалпы білім беретін мектептің 4229-ы, яғни
51,2% - шағын жинақталған мектеп, оның 4073 ауылда орналасқан және 2156-сы
(50,9%) қазақ тіліндегі мектептер. Бұл жалпы ауыл мектептерінің 96,3%
құрады. Оның ңшңнде бастауыш шағын жинақталған мектеп үлесіне – 28,5%,
негізгі шағын жинақталған мектеп – 24,2%, орта – 47,3%. Ал, қаладағы шағын
жинақталған мектеп саны 156, ол барлық мектептің 3,7%құрады.
Курстық жұмыс тақырыбы шағын жинақталған мектепте музыкалық тәрбие
жүргізу түрлері, яғни тәрбие мәселелеріне байланысты болғандықтан,
еңбектердің авторлары: М.Х. Балтабаев, К.К. Жампеисова , Ш. А. Жалғасова,
Л.К. Керимов, Р.М. Қоянбаев, Г.К. Нұрғалиева, Э.И. Шыныбекова және т.б.
2003-2004оқу жылының басында алынған статистикалық мәліметтерге сүйенер
болсақ, 8160 жалпы білім беретін мектептердің 4219-ы (барлық мектептің 52%)
шағын жинақталған мектептерді құрайды. Ал, ауылдық жерлерде 6182 жалпы
білім беретін мектептер орналасса, оның 4072-сі, яғни ауылдық мектеп
санының 147-сі ауылдық шағын жинақталған мектеп.
Шағын жинақталған мектептердің Қазақстанда қалыптасуының әлеуметтік-
саяси және педагогикалық алғышарттарына қысқаша тоқталып өтсек.
Қоғамның ырғақты дамуы үшін қажетті алғышарттар сан алуан. Оған
экономиканың ұйымдастырылуы, қоғамдық қатынастар, саяси құрылым,геосаяси
жағдай, демократия мен заңдылықтың сақталуы, табиғи-климаттық ерекшеліктер
бәрі тікелей әсер етеді. Осынау алғышарттар ішінде білімнің алар орны
ерекше. Білім экономикалық потенциалдық өсуіне, еңбек өнімділігін арттыруға
адамдардың, әсіресе жастардың ой-өрісін, ішкі дүниесін қалыптастыруға
пәрменді ықпалы бар шарт екені нақты есептеулермен де, теориялық
тұжырымдамалармен де әлденеше дәлеледенді.[27]Мектептердің ішіндегі бәләм
берудің дамуында едәуір үлесін қосып отырған ауылдық шағын жинақталған
мектептердің дамуына әсер еткен алғышарттарды бірнеше топқа бөліп қарастыра
аламыз. Тізбектеп айтатын болсақ: 1) қоғамдық-тарихи; 2) нормативтік-
құжаттық; 3) ғылыми-әдістемелік; 4) ұйымдастыру-педагогикалық; 5)
материалдық-техникалық және т.б. Қазақстандағы шағын жинақталған
мектептердің 1930-1960 жылдар аралығындағы қалыптасуы, дамуына осы
алғышарттар себепкер болған еді. Ол қоғамдық-тарихи алғышарттарына қысқаша
тоқталар болсақ, тарихи қомақты төңкерістер, саяси бағыттар экономикалық
жағынан кесірін тигізді. Ал, нормативтік-құжаттық алғышарттарға ХІХ
ғасырдың 60-жылдары Ресейде өткізілген мектеп реформаларына басты орында
балаларға бастауыш білім беру мәселелері болды. Қазақстанда және де басқа
ұлттық аймақтарда бұл мақсат аздық етіп, мұсылман діні мен мұсылмандардың
күшіне қарсы күресуші бастауыш мектептерді құруды қажет еткен болатын.
Осы тұстағы мақсатын жүзеге асыруда, Қазақстанда В.В. Григорьев өзінің
жақтастарымен қазақтар арасындағы мұсылмандыққа қарсы күресті бастауыш
мектептен бастауды көздеп, саясатын іске асыруды қазақ балаларын оқытатын
орыс-қазақ бастауыш мектептерінен батаған болатын. [28]Алғышарттардың ең
маңыздыларының бірі – ғылыми-әдістемелік алғышарттар. Орыс-қазақ
мектептерінде пайда бола бастаған бастауыш мектеп оқушыларының басты
пәндері оры тілі мен қазақ тілі болғандықтан, оқулықтар шығару қажеттілігі
туа бастады. В.В. Григорьев орыс-қазақ бастауыш мектеп оқушыларына
оқулықтар шығаруды Шығыс халқының миссионері Н.И. Ильминскийге тапсырған
болатын. В.В. Григорьев оқулық орыс алфавиті негізінде болуы керек деген
мақсаттаН.И. Ильминскийге тапсырма бергенімен, ол оқулықтар орыс-қазақ
мектептері ашылуына шығарып үлгермеді.
Осы тұста қазақ балаларын оқулықпен қамтамасыз етуге қазақтың алғашқы
педагогы, тұңғыш ұстаз Ы. Алтынсариннің еңбегі орасан зор болды. Қазақ
жеріндегі мектепті ұйымдастырып, Кел, балалар, оқылық деген ұстаныммен
білім табалдырығына қадам аттатты.
Ы. Алтынсариннің сабақ бағдарламасы мынадай болды:
1) Аудармасын түсіндірумен орысша кітаптар оқу.
2) Әртүрлі пәндер бойынша орысша атауларын меңгеру.
3) Орысша әңгімелесу.
4) Грамматикалық талдау мен жеке фразалардың бірігуі мен келісім
ережелері.
5) Таза жазу.
6) Арифметика: қосу, алу, көбейту, бөлу.
7) Жер шары туралы кейбір мәліметтер.
8) Әлемнің бөлшектері және Европа мемлекеттерінің басты қалалары.
9) Қалалар туралы мәліметтер.
10) Татар тілі (жазу мен оқу).
Бұдан басқа Ыбырай Алтынсарин өзінің ұстаздық қызметінің бастамасында,
балаларға отанға деген патриоттық сезімді сіңіру, еңбекке сүйіспеншілік пен
эстетикалық тәрбиеге үлкен көңіл бөлді. [29] Біздің қозғап отырған
тақырыбымыз тәрбиеге байланысты болғандықтан Ы. Алтынсариннің еңбегін сөз
етпей кету қателік болар еді.
1919 жылы Білім беру жұмыстарына арналған материалдар атты басылым
шықты. Бұл бағдарламалық-әдістемелік материал барлық пәндерді қамтыды деп
айтуға болды. [30]
1920 жылы 8 қазанда Қазақ АССР Халық Ағарту комиссариаты оқулықтарды
қазақ тілінде құрастырудың өлшемдеріен қабылдауды ұсынды. [31]
Ұйымдастырушылық-педагогикалық алғышарттар мектептерді халыққа
жақындату мақсатында олар қыстаулар мен қышлақтар шоғырланған орындарда
ашылған. Енді басты мәселені іске асыру басталды. Ол ауыл жағдайында
баршаны оқытуды және болыс көлемінде мәдени орындар құруды іске асыру,
көшпелі аудандарда негізгі орталық жоғарғы типтегі мектептері мен
ауруханасы бар отырықшы ауылдарды көбейту. Бұл қазақ мектептерінің елеулі
дамуына және барлық мектеп жасындағы балаларды оқумен қамтуы үшін мңызды
тірек болды. Отырықшы ауылдарды құру қазақ мектептерінің санының өсуімен
қатар қазақ оқушыларының контингентінің өсуіне де әсер етті. [32]
Білім алу кезіндегі ортаның әсері де, жағдайының дұрыс жасалғаны да
әсерін тигізеді. Ол техникалық-материалдық жабдықталуы. Тағы бір
алғышарттардың бірі – осы техникалық-материалдық. Бұрынғы мектептерде
жағдай жасалмай, балалар еденде отырып, жертөлелерде сабақ өтетін болған.
Сынып жиһазы, оқу құралдарымен қамтамасыз етілмеген. Әйтсе де, оқушылар
білім жағынан өте мықты және сауатты бола білген.
1930 жылы Қазақстанға Россиядан 250 мәдени бригада оңтүстік, орталық,
батыс өңірлерінде сауатсыздықты жою үшін келіп мектеп ісін жобаға келтіруге
көмегін көрсетті. [33]
1931 жылы бастауыш білім берудің тәжірибесі оң нәтижелер беріп,
қалыптасудың бір кезеңі болды. Осы 1931 жылдың жазында бүкіл Қазақстан
бойынша жаппай бастауыш мектепті міндетті оқытылу жобасы іске асырылатыны
нақты белгілі болды. Кейбір мәліметтерге сүйене отырып, шағын жинақталған
мектептердің хронологиялық дамуын 3 кезеңге бөліп қарастырсақ:
1 – кезең 1930-1940 ж.ж. Осы жылдар аралығында бастауыш мектептерді
міндетті білім беру саясаты мықты қарқындап, одан әрі дамуы жүре бастады.
2 – кезең 1941-1945 ж.ж. аралығында жүрді. Ұлы Отан соғысының тұсындағы
шағын жинақталған мектептердің қиын кезеңге қарамастан сақталып, сонымен
бірге жылмалы мектептердің де жұмыс жасауы осы жылдардың ерекшеліктерінің
бірі болды.
3 – кезеңді 1946-1960 жылдар аралығын қамтиды. Осы жылдар аралығында
шағын жинақталған мектептер аясында көптеген жаңалықтар болды. Ол
өзгерістер соғыстан кейінгі білім беру ісінде үлкен жаңалық болды, Н.С.
Хрущевтың теріс саясатына байланысты шағын жинақталған мектептердің жабылуы
мен көптеген басқа да өзгерістерімен сипатталды.
Осы үш кезеңдердегі мектептердің, оның ішінде ауыл мектептерінің даму
динамикасын келесі кестеден[34] көруге болады:

Кесте1. 1930-1960 жылдар аралығындағы мектеп жүйесінің даму динамикасы

1930 1940 1950 1960
Жылдары
Мектеп
Барлық мектептер 3927 7790 9087 9592
оның ішінде ауылдық 3601 6967 7887 7899
Бастауыш мектеп 3747 5289 5971 5212
оның ішінде ауылдық 3516 4950 5399 4528
Толық емес орта 122 1770 2446 3054
оның ішінде ауылдық 73 1596 2111 2609
Орта мектеп 47 698 659 1310
оның ішінде ауылдық 11 419 376 758

Қазақстан Республикасында 1960 жылдан кейін мектептер қарқынды
қалыптасып, дами бастады. Мектептер қарқындап өсе бастады. Соғыс жылдарынан
кейінгі Отанына оралған қандастардың өз ауылдарына қоныстаныуына байланысты
шағын жинақталған мектептер көбейе түсті. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіз
мемлекет болып жарияланғаннан соң білім беру саласына көптеген өзгерістер
енгізді. Қазақстан Республикасы шағын жинақталған мектептердің мәселелерін
шешу үшін 2003-2005 жылдар Ауыл мектебі деген бағдарламасы қабылданып,
іске асырылды. Ауылдық мектептерге ден қойылып, мәселелерін шешу жолында
жұмыстар жасалынды.
Шағын жинақталған мектептер қалыптасып, саны арта келе өзекті мәселелер
көлемі де кеңейе түсті. Қоғамда білім беру мен тәрбие ісіне үлкен мән
беріле бастағандықтан, мектепке басты назар аудырылды. Білім ордалары
көбейіп, мектептің айнасы ұстаздарға да талап жоғарылады. Шағын жинақталған
мектептерді қаржыландыру мәселесі де өзекті тақырып болды. Мемлекет
мемлекет болып қалыптасқаннан кейін білім деңгейіне басты назар аударылып,
мектептердегі тәрбие жұмыстары көкейкесті мәселеге айналды. Осы өзекті
мәселелерді келесі параграфта қарастырамыз.

2 Бөлім. Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік
жұмыстардың өзекті мәселелері

Өскелең ұрпақ бойында көркем мінез-құлық беру арқылы тәрбиелеу ата-
бабамыздың мақсат-мұраты болып табылған. Ал көне дәуірдің ұлы ойшылдары
Демокрит, Платон, Сократ, Аристотель, шығыстың ұлы ғұламалары Әл-Фараби,
Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи еңбектерінде тәрбиелік жұмыстарды жүргізу
мәселелеріне тереңірек көңіл бөлінген.
Қазақтың ағартушы-педагогтары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,
М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов және
т.б. жас ұрпақ бойында мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу мәселесіне аса көп
көңіл бөлінген. [35]
Осы тұста шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың, оның
ішінде музыкалық тәрбие жұмыстарының дұрыс жолға салынып жүргізілуі басты
назариядағы өзекті бола тұра, қосалқы көкейкесті мәселелерді де тыс
қалдырмау қажеттілігі туындайды:
-шағын жинақталған мектептерде қазіргі заманға сай оқытуды қамтамасыз
ететін оқу-әдістемелік кешеннің болмауы;
- заманның талабына сай қаржының бөлінбегендігінен, шағын жинақталған
мектептердегі кітапхана қорының нашар болуы, инновациялық технологиялардың
ақсауы;
- кадрлардың тапшы болу себебінен шағын жинақталған мектептер
мұғалімдерді таңдап алмай, келген мұғалімдердің жұмысқа қабылдануы;
- музыка сабағы 5-7 сағаттан аспайды, ал мұндай сағатқа жұмыс жасауға
мамандардың келіспей, көрші мектептің мұғалімі қосымша ретінде келуі;
- мәдениет үйлерінің аз болып, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының да аз
жүргізілуі шағын жинақталған мектептердегі жоспарланған тәрбиелік іс-
әрекеттерді жүзеге асыру қиындығы;
- ауыл балалары мен олардың отбасыларының әлеуметтік жағынан қорғалмауы
және ең бастысы музыкалық тәрбие беруінің нашарлығы.
Шағын жинақталған мектептердің проблемалары тек Қазақстанда ғана емес,
сондай-ақ Батыс Еуропа, Австралия, АҚШ, Канада, Қытай, Жапония, Ресей,
Өзбекстан және т.б. елдерде де өзекті болып табылады.
Біздің елімізде дешағын жинақталған мектептер туралы мәселелер өте
көкейкесті болып табылады.
Қазақстан Республикасында шағын жинақталған мектептерді дамытудың 2010-
2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында көптеген мәселер көрсетілген. Соның
ішінде ең біріншіден жалпы мәселелерді атағымыз келеді:
1. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;
2. Кадрлық қамтамасыз ету;
3. Нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау;
4.Материалдық-техникалық жағдай.
Осы негізгі мәселелерді тарқатып көрсететін болсақ:
1. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру:
- аз толтырылған сыныптарда оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің артық
болуы;
- гипербақылауға және нәтижесінде білім алушының мазасыздануына алып
келетін педагогикалық процестің нәтижелерін бағалаудың тиімсіз жүйесі;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды нашар пайдалану;
- білім алушылар санының аздығына байланысты сапалы бейінді оқытуды
ұйымдастыру мүмкіндігінің жоқтығы;
- қосымша білім беру ұйымдарының және мәдени орталықтардың жоқтығы.
2 Кадрлық қамтамасыз ету:
- педагогтердің, пән оқытушыларының толық оқу жүктемесімен қамтамасыз
етілмеуіне, басқа мамандық иелерінің пәндерді жүргізуіне себепші болатын
жоғары оқу орындарында, арнаулы оқу орындарында мұғалімдерді даярлаудағы
мамандандырудың бір бейінділігі;
- педагогтерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін
арттырудың арнайы білім беру бағдарламаларының жоқтығына негізделген шағын
жинақталған мектеп жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың
ерекшеліктеріне мұғалімдердің дайындықсыздығы;
- шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің бірнеше пән бойынша сабаққа
дайындалу және біріктірілген сынып-комплектілеріндегі білім беру процесінің
тиімділігін қамтамасыз ету үшін жұмсалатын уақыттары мен интеллектуалдық
ресурстарына сай еңбекақы төлеу, ынталандыру және қолдаудың болмауына
байланысты педагогтер ынтасының төмендігі.
3 Нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау:
- шағын жинақталған мектептердің қызметін реттейтін нормативтік-
құқықтық базаның жетілмегендігі;
- шағын жинақталған мектептерге арналған үлгілік оқу жоспарының
жоқтығы;
- шағын жинақталған мектептің оқу жоспарының вариативті және жеке
компоненті бойынша білім беру оқу бағдарламаларының жоқтығы;
- мұғалім үшін қазақстандық білімді дамытудың үрдістері мен
перспективаларын есепке алатын қазіргі заманғы педагогикалық және
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде шағын жинақталған мектеп
жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың құралдары мен әдістемелік
ұсынымдамаларының жоқтығы.
4 Материалдық-техникалық жағдайы:
- шағын жинақталған мектептердің жартысынан көбінің ыңғайластырылған
ғимараттарға орналасуы;
- 90 мектептің апаттық жағдайы;
- 786 мектеп ғимаратының күрделі жөндеуге қажеттілігі;
- арнайы оқу зертханалары мен шығармашылық шеберханалардың, қазіргі
заманғы жиһаздардың, техникалық құралдардың, спорт залдарының, оқу залы бар
электронды кітапханалардың жоқтығы.948 мектепте асхана, 822 мектепте спорт
залы жоқ; медициналық кабинеттердің жабдықтары қазіргі заманғы талаптарға
сәйкес келмейді;
- телекоммуникациялардың ескірген инфрақұрылымы; кең жолақты Интернетке
10,3% шағын жинақталған мектеп қосылған, 44% шағын жинақталған мектептер
интерактивті жабдықтармен жарақтандырылған, 1130 негізгі және орта шағын
жинақталған мектептерде физика, 1410 химия, 1576 биология, 85 информатика
кабинеті жоқ.
Осылайша, шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы білім алуына
және табысты әлеуметтенуіне мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету
мәселелерін шешу; шағын жинақталған мектептерді дамытудың концептуалды,
нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін
қалыптастыру; олардың инфрақұрылымы мен ресурстық қамтамасыз етілуін
жаңғырту Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-
2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі мен
қажеттілігіне негізделеді.[36]
Шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын жақсарту мүмкіндігі
шағын мектепмоделінің жаңа түрін ұйымдастыруды, оның басқа мекемелермен
қатынасын жақсартудың жолдарын іздестірумен тікелей байланысты болмақ.
Сондықтан, кешенді мәселелерді шешудің жалғыз жолы мектептің ауылшаруашылық
өндірісімен, ауылдың әлеуметтік-мәдени өмірімен, елді мекеннің табиғи
ортасымен интеграциялануы басты рөл атқарады. [37]
Ауылдық шалғайда орналасқан елді мекендердегі шағын жинақталған
мектептерде тәрбиелік жұмыстардың қарқынды дамуына тұлғаның отбасы татулығы
мен ортасы үлкен әсерін тигізеді. Оның ішінде музыкалық тәрбиеге тоқталып,
анықтама беріп өтсек. С.И. Жайназарованың тұжырымы бойынша, музыкалық
тәрбие дегеніміз – музыкалық өнердің ықпалы арқылы баланың жеке басын
қалыптастыру – музыкалық ынтасын, қажеттерін, қабілетін, музыкаға
эстетикалық көқарасын қалыптастыру деген сөз. Білім алушының тәрбиесінеата-
анасының, ата-әжелерінің, аға-әпкелерінің, сонымен қатар денсаулық сақтау
жүйесі, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі, полиция және тәртіп сақтау
сақшылары жүйесі, әскери жүйелер де әсерін тигізбей тұрмайды. (Кесте 2.
Отбасы татулығы)

Кесте 2. Отбасы татулығы бағдарламасы. [38]

Жалпы білім беретін мектептер жүйесі қоғамда орын алып отырған
әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, миграциялық фактор өзгерістеріне
аса сезімтал келеді.
Бүгінгі күні жалпы білім беретін мектептер саны бойынша (634) үшінші
орында, ал оқушылар контингенті бойынша 90,2 мың баламен 114 мектебінде
86,7 мың оқушысы бар Маңғыстау облысынан озып республика бойынша ең соңғы
орынның алдында тұрғандығымыз жалпы білім беретін мектептер жүйесінің
тиімсіз орналасуы салдарынан болып отыр деп Т.Т. Әбілмәжінов шағын
жинақталған мектеп: мәселелері және оны шешу жолдары атты мақаласында
шағын жинақталған мектептердің тиімсіз орналасуы да даму жолында көштің
кері жүруіне әсерін тигізеді.[39]
Шағын жинақталған мектептердегі үлкен кедергілердің бірі – профильді
оқыту (үйрену). Сыныптағы оқушылар санының аздығынан оқушыларды бұл жүйеде
оқыту мүмкін болмай тұр. Централизм үлестiрiлу демократиялық қағидасына
сәйкес, көпшілігі математиканы таңдады, сол себепті бір оқушы гуманитарлық
саланы оқығысы келсе де математиканы оқуға мәжбүр болады. Білім алу жолында
жеке бағдарлану мен жеке қағидаларды іске асыруға мүмкіндік бермейді.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы сапалы білім алуға құқылы. Елімізде
білімнің қарқынды дамуына сәйкес нарықтық заманда, бәсекеге қабілетті тұлға
болып қалыптасу үшін профильді оқыту жүйесі өте қажет екені белгілі. [40]
Елімізді білімді елдер қатарынан көру мақсатында мектептерді, соның ішінде
шағын жинақталған мектептердің профильді оқыту жүйесін қарастыру
қажет.Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу үшін алғашқы
алғышарттардың бірі тәрбиемен жұмыс жасау болып табылады.
Бұл мәселенің шешімін табу мақсатында ұсынылатын әдіс, ол профильді
оқыту жүйесіне ену үшін қалалық және ауылдық шағын жинақталған мектептерде
бірдей жағдай туғызуы қажет. Шағын жинақталған мектептерде оқушыларға
тапсырма беру барысында ауыл өміріне байланысты берілуі тиіс. Себебі,
оқушыларға тапсырма мазмұны таныс және бала өмірімен байланысты болады. Осы
жағдайда оқушы бойында қызығушылық пен белсенділік тәрбиесі қатар жүретін
әдіс болып табылады. Оқушыға тапсырманы берумен қатар шағын жинақталған
мектептерде тапсырманы талап ету ережелерін қатар сақтау керек.

3 Бөлім. Шалғайдағы шағын жинақталған мектептерде музыкалық-тәрбие
жұмыстарын жүргізудің мүмкіндіктері

Шалғайдағы шағын жинақталған мектептердің басты ерекшеліктері, ол
сыныптағы оқушылар санының аздығынан бірнеше сынып оқушыларының
біріктіріліп оқу-тәрбиесін алуы, сол жинақталған сыныптарда бір мұғалімнің
сабақ жүргізуі, осыған орай ұстаздар санының шағындығы, екі (үш, төрт)
сыныптағы сабақтың бір мезгілде өткізілуі, оқушылар санының өзгеріп, ауысып
отыруы және сабақ кестесі мен оқытуды жоспарлау жүйесінің өзгешелігі мен
тұрақсызданып тұруы.
Сыныптағы балалар санының аз болуы балалар үшін де қиындық әкеледі.
Өйткені, әрбір оқушы үнемі жауап беруші рөлінде болады.
Зерттеу нәтижелеріне қарағанда бір оқушыдан бір оқу күнінде 28-ден 35 ретке
дейін сабақ сұралады екен. Бұл әрине, бастауыш сынып оқушысы үшін өте ауыр
жүктеме. оқушыдан осылайша күнде сабақ сұрау балаға эмоционалдық,
психологиялық және жалпы интелектуалдық даму жағынан да кері әсер етеді
деген А.И. Залғаринованың[41] пікіріне қосыла отырып, оқушы мұғалімнің жиі
сабақ сұрағаннан кейін оқытушы мен оқушы арасындағы сыйластығы, оқытушының
оқушыға көзқарасы төмендей түседі. Оқушылардан сабақты күнде сұрамау керек
деген әдіске қосылуға да, қосылмауға да болады. өйткені, музыка сабағы өте
қызықты өтетін болғандықтан, бала жалықпайды. Оқушыға музыкалық тәрбие
беруде оқытудың принциптерін қатаң сақтап, балалардың қызығушылығын
арттырып сабақ жүргізу керек. Ол үшін сабақта дидактикалық ойындар, өзіндік
жұмыстар, ой қозғаулар, нота сауатын үйрету, музыка тыңдату, музыка
ырғағына сай әр түрлі қимылдар жасату, музыка жанрын ажырата білу басты
міндеттері болып табылуы керек. Музыкалық тәрбие жүргізу мәселесінқарастыру
өзекті, әрі осы уақытқа дейін арнайы қарастырылып жатқан тың мәселелердің
бірі.
Жалпы музыкалық білім беру арқылы шағын жинақталған мектеп оқушыларымен
музыкалық тәрбие жүргізу үрдісі тиімді болуы үшін:
-мектеп оқушыларына музыкалық тәбиенің ғылыми –педагогикалық және
әдістемелік негіздерін анықтап беру;
- мектеп оқушыларын музыка өнері негізінде музыкалық тәрбиенің тиімді
көрсеткіштері мен деңгейлерін ұсыну;
- оқу тәрбие үрдісінде мектеп оқушыларына музыка өнері арқылы музыкалық-
педагогикалық шарттарын белгілеп беру;
- музыкалық тәрбие мазмұны құрылып, тәжірибелік-педагогиалық
тексерістен өткізіліп, ғылыми -әдістемелік ұсыныстар берілуі керек. Сонда
ғана шағын жинақталған мектеп оқушыларана музыкалық тәрбие жүргізу
нәтижелілігі арта түседі.
Тәрбие ісі адамзаттың бүкіл даму тарихымен қатар жүріп келеді. Тәрбие –
бір ұрпақтың өмір сүру тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс. Осы
үрдіс арқыы дамытады және адамның дамуына басшылық жасалады.Қазақ халқы
бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған. Тіпті жазу-сызу
мәдениеті қалыптаспаған дәуірдің өзінде де ұшы-қиырсыз жазира байтақ дала
тұрғындары өздерінің тарихында жас буынға тәлім-тәрбие берудің бай
тәжірибесін жинақтап, өзіндік ерекшеліктерімен бала тәрбиесіне өте үлкен
жауапкершілікпен қарайды.
Бүгінгі заман талабы – еліміздегі болып жатқан саяси экономикалық,
ғылыми-техникалық, мәдени өзгерістерге байлансты жас өспірімдердің
тәрбиесіне жаңа тұрғыда қарауды талап етіп отыр.Қазіргі кездегі тәрбиенің
басты мақсаты ұлттық сана-сезімі оянған, мәдениетті, рухани ойлау дәрежесі
биік , шығармашылықпен қызмет атқара алатын, қоршаған табиғи ортаға,
әлеуметтік ортаға икемде, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру болып
табылады.
Тәрбие қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз
ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды
қасиеттерін дамыту болып табылады.Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды
мінезін және сенімін тәрбиелеу мұғалімнің мақсатқа бағытталған іс-
әрекетіне байланысты.
Тәрбиенің негізгі міндеті – қоғамның қажетті талаптарының әрбір баланың
борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына
айналдыру[42] деп С.И. Жайназарова тұжырымдайды. Сол сияқты қоғамда өз
орнын табу мақсатында мектеп пен тәрбиенің бір-бірімен егіз екені айқын
нәрсе. Ал, білім беру ісіндегі ұлттық тәрбиенің орны ерекше. Осы ұлттық
тәрбие ауылдық, соның ішінде шағын жинақталған мектептерде қалыптасады.
Музыкалық тәрбиенің ішінде салт-дәстүр де, рухани байлық та, ұлттық
құндылық, адамгершілік қасиеттер де бар. Яғни, ұрпағымызға ұлттық тәрбие
беру қажет. Осы мәселе жөнінде М. Жұмабаев: Әрбір ұлттің балаға тәрбие
беру туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан
бері сыналып, көп қолданып келе жатқан жол болғандықтан әрбір тәрбиеші, сөз
жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті және әрбір ұлттың баласы өз
ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеші
баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті деп ой түйеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың көкейкесті мәселелері
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары
Шағын комплектілі мектепте математиканы оқытудағы өзбетінше жұмыстың түрлері
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметінің ерекшілігі
Ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметі
Біріккен сабақ
Дидактиканы оқытудың жеке заңдылықтары
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Пәндер