Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі тәуекелді басқару процесін талдау



КІРІСПЕ

1 ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ
1.1Тәуекелді басқару ұғымы және оның мәні
1.2 Қаржылық тәуекелдің жіктелуі

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ
2.1 Тәуекелді басқару процесстері және әдістері
2.2 Қазақстан Республикасында тәуекелді басқарудың негізгі әдістері
2.3 Қаржы жүйесіндегі тәуекел дәрежесін төмендету әдістері

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІНДЕГІ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ
3.1 Екінші деңгейлі бакнтерде тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру шаралары
3.2 «ТуранАлемБанк» Акционерлік Қоғамындағы тәуекелдерді басқару процесін талдау

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ
1.1Тәуекелді басқару ұғымы және оның
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қаржылық тәуекелдің жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ
2.1 Тәуекелді басқару процесстері және
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Қазақстан Республикасында тәуекелді басқарудың негізгі әдістері ... ..
2.3 Қаржы жүйесіндегі тәуекел дәрежесін төмендету
әдістері ... ... ... ... ... ..
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІНДЕГІ ТӘУЕКЕЛДІ
БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ
3.1 Екінші деңгейлі бакнтерде тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру
шаралары

3.2 ТуранАлемБанк Акционерлік Қоғамындағы тәуекелдерді
басқару процесін талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының негізгі объектісі – Қазақстан Республикасының екінші
деңгейлі банктерінде кездесетін тәуекелдер және олардың пайда болу
ықтималдығы.
Диплом жұмысын жазуда теориялық – методологиялық негіз ретінде шетел,
Ресей мен Қазақстанның алдыңғы қатарлы ғалым-экономистерінің қарыз
алушылардың несиелік қабілетін анықтау және оны бағалау әдістерінің
мәселелері туралы ғылыми еңбектері мен монографиялары, сонымен қатар
Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік құжаттары қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, қорытындыдан және
өзара байланысты үш ірі тараудан тұрады. Өз кезегінде әр бір тарау бірнеше
тараушалардан құралған. Диплом жұмысым 58 бет, 8 кесте және 7 суретті
құрайды, соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар бар.
Кіріспе бөлімінде диплом жұмысын таңдаудағы көздеген мақсатым,
тақырыптың өзектілігі, зерттеу объектісі және диплом жұмысының жалпы
құрылымы берілген.
Бірінші тарауда банктік тәуекелдерді басқарудың теориялық
аспектілеріне аса маңызды көңіл бөлінген. Мұнда тәуекелдің табиғаты, оның
банк тәжірибесінде алатын орны, пайда болу себептері және оларға әсер
ететін факторлар толығымен ашылған.
Ал екінші тарауда негізгі мәселе болып банктік тәуекелдерді басқару
қарастырылады. Қазақстандық банктердің тәжірибесінде несиелік тәуекел,
проценттік тәуекел, өтімділік тәуекелі және валюталық тәуекел жиі
кездесетін болғандықтан, бұл бөлімде негізінен осы аталып кеткен
тәуекелдерді басқаруға көп көңіл бөлінген. Сол сияқты, мұнда тәуекелдерді
есептеу, басқару әдістері мен бағалаудың тәсілдері берілген.
Үшінші тарауда тәуекелдерді басқарудың шетелдік және отандық
тәжірибесі көрсетіліп, солардың негізінде Қазақстандағы банктер үшін
тәуекелді басқарудың қолайлы әдісі анықталып, оны жетілдіру жолдары
ұсынылады.

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік
тәжірибеде көрсетіп отырғандай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық
жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар
соңы өндіріс дәрежесінен анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың
құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық
экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап,
экономикалық саясаттың ықпалы да тиімді жолдарын таңдай білуді талап
етеді. Осындай жағдайларда анықсыздықпен, күтпегендіктен, сенімсіздікпен
байланысты тәуекел ұғымы туындайды, тәуекел қауіп-қатер мүмкіндігі немесе
табысқа жетемін деген үмітпен жетістікке ұмтылу деп түсіндіріледі. Ал
тәуекелді басқару процесс ретінде белгісіздік деңгейін анықтауға, ұдай
өндіріс нәтижесіне әсер етуші факторларға байланысты шешім қабылдау мен
оны жүзеге асыруға, жоғары табыс деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.
Тәуекелді басқарудың басты міндеті нарықта кәсіпорынның дағдарыс
жағдайына тап болмауын қамтамасыз ету және сол кәсіпорынның уақытша
қиындықтарды жеңуіне септігін тигізу.
Тәуекелді басқару ұғымымен тұрақты, тиімді және өзіндік
ресурстарының негізінде ұлғаймалы ұдайы өндіріске бағытталған шаруашылық
түсіндіріледі.
Тәуекелді басқару менеджменттің қарапайым тәсілдермен формаларынан
ерекшеленеді. Бұл келесідей негізде түсіндіріледі:
– тәуекелді басқарудың мақсаты ұйымның кез-келген экономикалық,
саяси және елдегі өзгерістер жағдайындағы қаржы тұрақтылығын
қамтамасыз ету;
– тәуекелді басқарудағы басты негізі – алдын-ала даярланған
альтернативтік варианттардың негізінде сыртқы орта өзгерістеріне
жылдам түрде реакция беру;
– тәуекелді басқару негізінде кәсіпорынның барлық қызмет түрлеріне
сай тұрақты және жалғасымды инновациялық әрекет жүргізіп жатыр.
Бүгінгі таңда фирманың тиімді қызмет етуі үшін ішкі әрекеттерді ғана
емес, сыртқы ортаға қатысты мәселелерді де басқара білу қажет.
Тәуекел күрделі-динамикалық категория және сондықтан да оны барлық
қызмет түрлерінде бағалай білу керек. Қазіргі таңда ең алдымен қаржылық
тәуекелдермен байланысты экономикалық тәуекелдерге ерекше көңіл бөлу
қажет.
Нарықтық экономика жағдайында пайда табу мақсатын көздеген әрбір
ұйым алдымен тәуекел деңгейін бағалай білу қажет. Атқарылатын қызметтің
түріне қарай туындайтын тәуекелдің түрлері де әртүрлі болады. Бірақта
барлық тәуекел түрлеріне ортақ сипат анықсыздық, сәйкессіздік болып
табылады.
Сақтандыру – бұл белгілі сақтандыру жағдайы туындағанда шаруашылық
субъектілерін және де жеке азаматтарды өздері төлеген жарналарының
есебінен қорғау. Сақтандыру қызметі оқиға нәтижесінде туындаған
материалдық жоғалтуларды өтеумен байланысты.
Тәуекелді басқару кезінде математикалық күтім, дисперсия, варриация
коэффициенті қолданылады.
Тәуекел адам іс-әрекетінің кез-келген саласында көрініс табатын
объективті оқиға болып табылады. Ол кәсіпкерліктің барлық саласында
кездесетін көп аспектілі категория. Өзінің табиғаты бойынша тәуекел
жағымсыз оқиғаның болуымен сипатталады. Яғни, тәуекелге ұшырау барысында
кәсіпорын экономикалық немесе басқа да шығындарды шегеді.
Тақырыптың өзектілігі. Кез келген кәсіпкерлік іс тәуекелмен
байланысты, әсіресе банктер үшін тәуекелді басқарудың маңызы жоғары болып
келеді. Өйткені, банктер нарықтағы конъюнктуралық өзгерістерді бірден
қабылдайтын сегмент.
Нарықтық жағдайда банктік тәуекелдер жоғары деңгейде болады. Сондықтан
банктер қосымша капиталды қажет етеді. Банктік қызметтер тәуекелсіз жүруі
мүмкін емес, өйткені банктің кез-келген опрециясы тәуекелмен байланысты
болып келеді. Банк ісінің тарихында тәуекелдерді дұрыс басқармауына
байланысты көптеген банктердің банкроттыққа ұшырағанына көз жеткізуге
болады.
Диплом жұмысының мақсаты. Диплом жұмысын жазу барысында мен келесідей
мақсатқа жетуді көздедім. Банктік тәуекелдердің теориясына талдау жасай
отырып, олардың түрлерін, оларды бағалаудың әдістері мен тәсілдерін, сол
сияқты олардың Қазақстанның банктік жүйесінде қолданылу мен басқарылуының
теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді басқаруда шетелдік
тәжірибе мен отандық тәжірибені салыстыра отырып, коммерциялық банктер үшін
тәуекелді басқарудың жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты – банктік тәуекелдер аясында банктік
менеджменттің ең тиімді құралдары мен әдістерін ұсыну болып табылады. Және
осы мақсаттың жүзеге асуына байланысты тәуекелдердің пайда болу факторларын
анықтау, Қазақстанның бүгінгі экономикалық жағдайында тәуекелдерді басқару
әдісін анықтау, шетелдегі банктердің тәуекелдерді басқаруына талдау жасау,
отандық және шетелдегі банктік тәуекелдерді басқару тәжірибелерінің
негізінде біздің экономикаға қолайлы басқару әдістерін анықтау.
Бұл мақсатқа жету үшін келесідей тапсырмаларды қарастырып өттім:
- банктік тәуекелдердің табиғаты мен пайда болу алғышарттарын, олардың
теориялық негізін және басқарудың негізгі жолдарын зерттеу;
- шетел банктерінің тәжірибесінен банктік тәуекелдерді басқарудың
негізгі әдістерін анықтап, Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі
банктеріндегі олардың қолданылуына талдау жасау;
- Қазақстанның екінші деңгейлі бактерінің іс-әрекетінде кездесетін
тәуекелдердің түрлерін анықтап, оларға талдау жасау және оларды бағалау мен
басқару әдістерін анықтау.
Сонымен қатар аталған жұмыста Қазақстан экономикасында тәуекелдің
орнына сипаттама жасалған. Еліміздегі әлі де болса экономикалық
тұрақсыздықтың толықтай орын алмауы тәуекелдік жағдайдың сипатын
күрделендіре түседі. Қазақстанда тәуекелдің алдын-алуға бағытталған
сақтандыру қызметі де жеткілікті деңгейде қалыптаспай отыр. Сақтандыру
ұйымдары өмірді сақтандыру және тағы да басқа тәуекелділік деңгейі жоғары
қызметтерді жүзеге асыруға батылдық танытпай отыр. Бұған себеп еліміздегі
қаржы тұрақтылығының орын алмауы, сақтандыру ұйымдарындағы жарғылық капитал
көлемінің жеткіліксіздігі және негізгі себеп сақтандыру заңының әлі де
болса толық негізде қызмет көрсете алмауы. Отандық көптеген кәсіпорындар
үшін тәуекелді басқару күрделі мәселе болып отыр. Бұған себеп қажетті
мамандардың жеткіліксіздігі. Осыған орай тиісті білікті мамандарды даярлау
мәселелері туындайды.
Банк қызметтерін реттеу процесіндегі тәуекелділік басқару бірден-бір
негізгі және маңызды элементтері болуы тиіс. Банк тәуекелінің басқарылуын
жіберіліп қойылуына Қазақстандық банктердің тұрақтылығы мен пайдалылығы
тәуелді болып келеді.

1.ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ

1.1. Тәуекелді басқару ұғымы және оның мәні

Тәуекел ұғымымен табиғат құбылыстарынан және қоғамдық түрлі
қызметтерден туындайтын жоғалту қаупі түсіндіріледі. Тәуекел – бұл тарихи
және экономикалық категория болып табылады. Тәуекелдің тарихи категория
ретіндегі мәні өркениеттіліктің ең төменгі сатысында адам санасындағы
өлімге деген қорқыныштың туындауымен байланысты. Ал экономикалық
категория ретінде болуы немесе болмауы мүмкін жағдайларды білдіреді.
Қаржы тәуекелділігімен байланысты жағдайлардың пайда болуында экономикалық
нәтиже үш түрлі болуы мүмкін: теріс (ұтылу, зиян, залал), нөлдік, оң (ұту,
тиімділік, пайда). Тәуекелдің ғылыми негізделген классификациясы әр
тәуекелдің жалпы жүйесіндегі орнын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір
автор тәуекел категориясын өз біліміне, ғылыми позициясына, әлемдік
көзқарастарға сай түсіндіргісі келеді. Мұндай әртүрліліктің себебі
келесідей негіздерге ие:
1.Тәуекел ұғымы экономикалық ғылымдарда ерте пайда болғанымен, бұл
термин салыстырмалы түрде жақын кезеңдерден бастап қана қолданыла
бастады.
2. Тәуекелді басқару теориясы экономикалық қызметтің сақтандыру,
инвестициялау және банк ісі секілді салаларында тереңінен қарастырылып,
сәйкесінше тәуекел жайлы әртүрлі ұсынымдар қалыптасты.
3. Тәуекел – күрделі, көп қырлы, сан алуан құбылыс. Бұл құбылыстың
мәнін толық анықтау шексіздікті ұғынумен және күрделі философиялық
проблеманы шешумен тең.
“Тәуекел” терминінің пайда болуы лингвистердің ойынша ridskon, ridsa
секілді грек сөздерімен байланысты. Бұл сөздердің мағынасы – жартас, құз.
Итальянша бұл терминге riskio – қауіп-қатер сөзі сәйкес келеді. Француз
тілінде risdoe сөзі тәуекел ету қаупі деген мағынаны білдіреді.
Вебстердің сөздігінде “тәуекел” ұғымы қауіп-қатер немесе зиян
мүмкіндігін білдіреді.
Ожегованың сөздігінде “тәуекел” қауіп-қатер мүмкіндігі немесе табысқа
жетемін деген үмітпен жетістікке ұмтылу деп түсіндіріледі. Тәуекел жайлы
лингвистикалық анықтама тек күнделікті қажеттілікке ғана жауап береді, ла
ғылыми мақсаттарда қолдануға қолайсыз. Уильям Ф. Шарптың ойынша “тәуекел
–бұл мерзім соңындағы инвестицияның құнымен байланысты анықсыздық”.
Анықсыздық жағдайы қажетті ақпараттардың толық немесе жарым-жартылай
болмауын білдіреді. Алайда тәуекел ситуациясы ақпараттың жеткілікті болуы
жағдайында да пайда болуы мүмкін, сондықтан тәуекелдің пайда болуының бір
факторы анықсыздық болып табылады.
Қаржылық менеджмент және қаржылық талдау бойынша “тәуекел – бұл
жоғалтуға итермелейтін ықтималдық жағдайдың құндық көрінісі”. Алайда
тәуекел тек жоғалтуды ғана емес, сонмен қатар қолайсыз жағдайлардың
туындау ықтималдылығының орнын толтвратын пайда алуды да меңзейді.
Кәсіпорын үшін тәуекел жағдайында қызмет ету қысқа мерзімдегі және ұзақ
мерзімдегі қосымша табыс алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Адам сенімсіздік жағдайында табысқа жету үшін бірнеше қадамдар
жасайды. Алайда сәтсіздік орын алса сол адам бедгілі бір мөлшердегі
материалдық және қаржылық ресурстарын жоғалтады. Осылайша, тәуекел – бұл
жетістікке жету үшін төленетін баға болып табылады.
Коммерциялық қызметке қатысты “тәуекел” ұғымының сан қырлы
варианттарын екі бағытқа топтастыруға болады. Бірінші бағыт – бұл
тәуекелді коммерцмялық қызметтің қаржылық нәтижесі тұрғысынан түсіндіру.
Тәуекел – бұл қолайсыз жағдайлардың туындау кезіндегі қауіп-қатер немесе
жоғалту мүмкіндігі. Екінші бағыт – зерттеушілердің тәуекелді
қытималдылықтар теориясы құралдарының көмегімен түсіндіруге бағытталған
талпыныстарын біріктіреді.
Бизнестегі басқару шешімдері тәуекел жағдайында қабылданады. Әрбір
іскер ұйым нарықтық қатынас жағдайында әрекет етіп, өз позицияын нығайту
үшін технологиялық жағдайларды, новаторлық идеяларды батыл түрде енгізу
қажет. Ал бұл әрекет өз кезегінде тәуекелмен тікелей байланысты.
П.Друкердің де айтуы бойынша: “Іскер кәсіпорын үшін ең бастысы тәуекел
қабылдауға негізделген кәсіпкерлік әрекет”.
Тәуекелдің келесідей функциялары бар:
1) инновациялық;
2) реттеушілік;
3) қорғаушылық;
4) аналитикалық (талдаулық).
Тәуекел инновациялық функцияны бизнесмен алдында тұрған мәселелерді
дәстүрлі емес жолмен шешуге деген ізденістерді ынталандыра отырып
атқарады. Халықаралық тәжірибеде инновациялық тәуекелдік шаруашылықтың
оң нәтижесі ретінде қалыптасты. Көптеген кәсіпорындар инновациялық –
экономикалық әрекеттердің негізінде жетістіктерге жетіп, бәсекелестік
қділеттерін арттыра түседі. Мұндағы инноациялық әрекеттер тәуекелмен
тікелей байланысты. Тәуекелдік шешімдер, шаруашылықтың тәуекелдік типі
кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін де, тұтастай қоғам үшін де ұтысқа қол
жеткізетін тиімді өндіріске алып келеді.
Реттеушілік функция қарама-қайшылық сипатқа ие және екі формада
жүзеге асады: конструктивті және деструктивтік. Тәуекел дәстүрлер емес
тәсілдермен мәнді нәтиже алуға бағытталған. Сонымен қатар болашақтағы
жаңашылдыққа кедергі болатын консерватизмге, догматизмге, сірескен
қасиеттерге және психологиялық тосқауылдарға ие болуы мүмкін.
Реттеушілік функция конструктивті формасының мәні мынада: тәуекелге
бара білу кәсіпкердің жетістікке жетуінің бір жолы болып табылады. Егер де
шешім жеткіліксіз ақпарат жағдайында қабылданса тәуекел авантюризм мен
субъективизмнің қалыптасуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұл жағдайда тәуекел
тұрақсыздандырғыш фактор қызмет ретінде қалыптасады. Сонымен тәуекел
“игілікті іс” болғанымен кез-келген шешім тәжірибеде жүзеге аспайды,
сондықтан қабылданатын шешім негізділік, өлшенген, ақылға сай сипатта болуы
керек.
Егер кәсіпкер үшін тәуекел табиғи жағдай болса, онда сәтсіздікке
шыдамдылықпен қарау керек. Осындай жағдайда қорғаушылық функция орын алады.
Бастамашыл, тәуекелді жағдай деп танитын кәсіпорын үшін сәтсіздік жағдайда
жазалауға жол бермейтін, анықтаушы, тәуекелге ынталандырушы әлеуметтік
қорғау, құқықтық, саяси және экономикалық кепілдік керек.
Тәуекелдің талдаушылық функциясы бизнесменнің шешім қабылдау
процесінде барлық альтернативтік мүмкіндіктерді талдай отырып,
пайдалылығы жоғары және тәуекел деңгейі төмен вариантты таңдайтындығына
байланысты. Тәуекелдік ситуация мазмұнына қарай альтернативтілігі әртүрлі
дәрежедегі күрделілікке ие және әртүрлі тәсілдермен шешіледі.
Тәуекел деңгейіне әсер етуші факторлар. Бизнес әрқашанда тауарға деген
сұраныс пен ұсыныс тұрақсыздығынан, ақша мен өндіріс факторларының
өзгерісінен, бизнес және коммерция жөніндегі білімнің жеткілісіздігінен
туындайтын экономикалық конъюнктураның анықсыздығымен байланысты.
Бәсекелестік пен тәуекел бір-бірімен тығыз байланысты критериялар.
Бәсекелес өндірушілер арасындағы сатып алушы үшін күрес өз өнімін несиеге
сатуға мәжбүр етеді. Бұл жағдайда ақша сомасының мерзімінде қайтарылмау
ықтималдығына байланысты тәуекел орын алады. Экспорттық-импорттық
сипаттағы коммерциялық операцияларды жүргізу әртүрлі валюта бірліктерін
қолдануды талап етеді. Мұндағы тәуекел валюта курстарының өзгеруімен
байланысты.

1-сурет. Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері
Банктің басқармасы тәуекелдің пайда болу көздеріне және пайда болу
себептеріне аса маңызды көңіл бөледі (1-сурет)2,36б. Тәуекелдің пайда
болуының үш көзін атап өтуге болады. Алғашқы екі түрі объективті сипатта,
яғни банктің іс-әрекеттеріне байланыссыз немесе тәуелсіз болады. Ал, үшінші
түрі субъективті сипатта болады, яғни банк қызметіне тәуелді болып келеді.
Тәуекел адам арқылы жүргізілгенімен субъективті сипатқа ие. Өйткені
кәсіпкердің өзі қалыптасқан ситуацияны бағалап, көптік альтернативалардан
таңдау жасайды. Тәуекелдің субъективтілігі төмендегідей ішкі факторлармен
байланысты:
1) даму стратегиясы;
2) қызмет принциптері;
3) ресурстар және оны пайдалану;
4) сапа және маркетингті қолдану.
Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез-келген аясында бірге болады
және оның қызметінің табыстылығы тәуекел мәселесін жақсы шешуіне
байланысты болады.
Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы
және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне тікелей байланысты емес немесе
берілген 1 клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатқызылады. Банкте
анықталған ақша-қаражаттары болғанда, ол жанама түрде сыртқы тәуекелдерді
алдын ала болжай алады және оларды өз уақытында басқара алады. Сыртқы
тәуекелдер саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, бәсекелестік, қаржылық
және басқадай факторлардан пайда болады.
Ішкі тәуекелдер банктің өз қызметінен клиенттердің қарыз алушылардың
немесе оның берілген контр серіктестер қызметіне байланысты. Олардың
деңгейіне банк басшыларының іскерлік белсенділігі, басқарудың тиімділігі
мен тактикасы және басқадай факторлар үлкен әсер етеді.

1.2 Қаржылық тәуекелдің жіктелуі

Қазақстанның банктік жүйесіндегі несиелік тәуекелдің жоғары дәрежесі
жеке айналым қорларының жеткіліксіздігі, төлемсіздігі, дебиторлық және
несиелік қарыздарға тән болатын көптеген кәсіпорындардың қаржылық
жағдайымен сипатталады.
Түрлі шаруашылық қызметтерде әрдайым шығындар болуының қауіп-қатері
болады. Осындай шығындар қауіп-қатері коммерциялық тәуекелділікті
білдіреді. Ал коммерциялық тәуекелділік болатын нәтижеге деген
сенімсіздікті, бұл нәтиже қызметінің анықталмағандығын білдіреді. Қаржы
тәуекелділігі коммерциялық тәуекелділіктің құрамды бөлігі. Олар қандай да
бір ақша қаражаттарын жоғалту немесе оларды толық ала алмаудың
ықтималдылығымен байланысты. Тәуекелділіктер екі түрге бөлінеді: таза және
спекулятивті. Таза тәуекелділіктер шығынға ұшырауды немесе нөлдік нәтиже
алуды білдіреді. Ал спекулятивті тәуекелділік оң және теріс нәтиже алу
ықтималдылығын білдіреді.
Қаржы тәуекелділігі – бұл спекулятивті тәуекелділік. Инвестор
капиталдың венчурлі салымын жасағанда оның екі ғана нәтижесі болатынын
біледі: пайда немесе шығын. Қаржы тәуекелділігінің ерекшелігі, қордың
бағалы қағаздарымен операция жүргізу, биржалық және қаржы-несие саласында
қандай да бір операцияларды жүргізу нәтижесінде нұсқан келтіру
ықтималдылығы, яғни осы табиғи операциялар нәтижесінде пайда болатын
тәуекелділік.
Түрлі шаруашылық қызметтерде әрдайым шығындар болуының қауіп қатері
бар. Осындай шығындардың қауіп-қатері коммерциялық тәуекелділікті
білдіреді. Коммерциялық тәуекелділік болатын нәтижеге деген сенімсіздікті,
бұл нәтиже қызметінің анықталмағандығын білдіреді. Ал қаржы тәуекелділігі
коммерциялық тәуекелділіктің құрамды бөлігі. Ол қандай да бір ақша
қаражаттарың жоғалту немесе оларды толық ала алмау ықтималдығымен
байланысты.
Тәуекел мәселесін зерттеушілердің барлығы оның классификациялау
әдістеріне келтіріледі.
Тәуекел классификациясы деп – қойылған мақсатқа жету үшін анықталған
белгілері бойынша нақты топтарға тәуекелділіктерді бөлу жүйесі.
Дамыған нарықпен салыстырғанда дамып келе жатқан нарықта үлкен табысты
алу көп жағдайларда, қаржы менеджерлерінің соқтығысып қалатын
тәуекелділіктерді болжамдау мен бағалау мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Тәуекелді басқаруға болады, яғни белгілі бір дәрежеде тәуекелді
жағдайдың пайда болуын болжамдау үшін түрлі әдістерді қолдануға және
тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдау. Және де әр тәуекелдің
өзіне сай тәуекелдерді басқарудың әдістер жүйесі бар.
Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылады. Сондықтан
тәуекелдің бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекел түрлерінің өзгеруіне себеп
болады. Осы себептерге байланысты банк үшін әр тәуекелдің түрін талдау,
оның басқа тәуекелдің түрлерімен байланысын анықтау қиынға соғады.
Осылайша банктік тәуекелдердің түрлерін жіктеу мақсатында тәуекелдерді
мына элементтер бойынша топтаймыз:
1. коммерциялық банктің түрі мен мамандану саласы;
2. банктік тәуекелдің пайда болу немесе ықпал ету аясы;
3. банк клиенттерінің құрамы;
4. тәуекелділікті есептеу әдістері;
5. банктік тәуекелдің деңгейі;
6. тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру;
7. тәуекелді есепке алу сипаты;
8. банктік тәуекелді басқару мүмкіндігі.
Коммерциялық банктердің түрлері немесе мамандану саласы. Қазіргі кезде
коммерциялық банктердің мамандану саласына байланысты үш түрін көрсетуге
болады: маманданған, салалық және әмбебап (2-сурет).
Маманданған банктердің қызметі белгілі бір қызметті көрсетумен
байланысты болып табылады. Банк ісінде қызмет көрсету саласына тән
тәуекелдердің түрі жиі кездеседі. Мысалы, инновациялық банктер жаңа
технологияларды несиелендірумен байланысты тәуекелдерге жиі кезігеді. Ал,
әмбебап банктерде тәуекелдің барлық түрлері жиі кездесуі мүмкін.

2-сурет. Коммерциялық банктердің мамандануына байланысты жіктелуі

Банктік тәуекелдердің пайда болу немесе ықпал ету аясы.
Банктік тәуекелдердің пайда болу немесе ықпал ету аясына сәйкес ішкі
және сыртқы деп екігі бөлінеді. Сыртқы тәуекелге банктің немесе клиенттің
іс-әрекеттеріне тәуелді емес тәуекел жатады. Сыртқы тәуекелдің деңгейіне
көп факторлар әсер етеді. Олар: саяси, экономикалық, демографиялық,
әлеуметтік, географиялық және тағы басқалары. Ішкі тәуекелге банктің және
оның клиенттерінің іс-әрекеттерімен байланысты пайда болатын тәуекелдерді
жатқызуға болады. Ішкі тәуекелдерге мыналар жатады: банк басқармасы іс-
әрекетінің белсенділігі, тиімді маркетингтік саясатты таңдауы және тағы
басқа факторлар. Сыртқы тәуекелге мемлекеттік тәуекел, валюталық тәуекел,
табиғи апаттар тәуекелі жатады, ал ішкі тәуекелдерге банк клиентінің
құрамы, банктік операциялардың сипаты және коммерциялық банктердің түрлері
жатқызылады (3-сурет).
Қаржы тәуекелділіктерін тиімді басқару мен бағалау процестерін
ұйымдастыру мақсаттары үшін, жалпы қаржы тәуекелділігінің классификациясына
көзқарас белгісі – шешім қабылдаушы тұлғаның қаржылық басқарушылық шешімін
қабылдау процесін қамтамасыз ету болып табылады.

3-сурет. Банктік тәуекелдердің ықпал ету аясы
Ал, қазақстандық экономистер ішкі және сыртқы тәуекелдерді жоғарыдағы
кестеге қарағанда біраз өзгеше топтастырған (4-сурет )2,96-99б.

4-сурет .Қазақстандық банктік тәуекелдер

Қаржы тәуекелділігімен байланысты жағдайлардың пайда болуында
экономикалық нәтиже үш түрлі болуы мүмкін: теріс (ұтылу, зиян, залал),
нөлдік, оң (ұту, тиімділік, пайда). Тәуекелдің ғылыми негізделген
классификациясы әр тәуекелдің жалпы жүйесіндегі орнын нақты анықтауға
мүмкіндік береді.
Тәуекелдерді тиімді басқару және бағалау процестерін ұйымдастыру
мақсатында, жалпы қаржы тәуекелділігінің табиғи дербес тәуекелділіктер
құрамдастары жалпы жағдайда, келесі негізгі белгілері бойынша
классификацияланады:
1. Қаржы тәуекелділіктері сипатталатын объектісі бойынша келесідей
классификациялануы мүмкін:
— Дербес қаржы операцияларының тәуекелділігі. Ол нақты бір қаржы
операциясына тән (мысалы, нақты бір акцияны сатып алу тәуекелі) қаржы
тәуекелділігінің барлық спектрін кешенді сипаттайды. Оған кіретіндер:
- қаржы операциясының тоқтатуынан табыстардың азаю тәуекелділігі;
- қаржы операциясының болжанбаған шығындар тәуекелділігі.
— Қаржы қызметінің алуан түрлерінің тәуекелі (мысалы, экономика
суъбектісінің инвестициялық немесе несиелік қызметінің тәуекелі). Оған
кіретіндер:
- апат нәтижесін немесе басқа да оқиғалардан қаржы қызметінің дербес
түрлеріне тоқтатуға байланысты табыстардың төмендеу тәуекелі
- қаржы қызметінің дербес түрлерінің болжанбаған шығындар тәуекелі
— Құрылымды қаржы – операциялық тәуекелділігі – тұрақты шығындардың
жалпы сомасында жоғары үлес салмағын келісетін, экономика субъектісінің
ағымдағы шығындарын тиімсіз қаржыландырудың анықталмағандық факторларымен
байланысты.
— Жалпыда экономика субъектісінің қаржылық қызмет тәуекелі – тұрақты және
айнымалы шығындардың қатынасымен, активтер құрамымен, капитал құрылымымен,
қызметінің ұйымдық – құқықтық нысанының өзгешелігімен анықталатын,
экономика субъектісінің қаржылық қызметіне тән түрлі тәуекелдер кешенін
сипаттайды. Оған кіретіндер:
- жалпыда қаржы қызметінің дербес түрлерін тоқтатумен байланысты
табыстардың төмендеу тәуекелі;
- жалпыда қаржы қызметінің болжанбаған шығындар тәуекелі.
2. Тәуекелдің көптеген түрлері, топтары, салалары, кластары, әсер ету
сипаты мен кешенді зерттеуі және де күнделі дәрежесі бойынша
экономиканың түрлі деңгейлернде қиын қарым-қатынаста болады. Ол
тәуекелділіктердің басқа факторларынан функционалды немесе
стохастикалық тәуекелді болады және біреуінде болатын өзгістер
басқасында да болуына әкеледі. Ол келесідей жіктеледі:
— Қарапайып қаржылық тәуекелділік – түйіспейтін оқиғалардың толық
тізбегімен анықталады және оны дербес кластарға, салаларға, топтарға және
түрлерге бөлу мүмкін емес, яғни олардың әрқайсысы басқа тәуекелділіктерден
тәуелсіз қаралады.
— Құрамды қаржы тәуекелділігі (күрделі) – түрлі кластар, салалар, топтар
және түрлер кешенін білдіреді. Болашақта көптеген түрлерге, тортарға,
типтерге жіктелетін инвестициялық тәуекелділік (мысалы, инвестициялық жоба
тәуекелділігі) күрделі қаржы тәуекелділігіне мысал бола алады.
— Портфельді қаржы тәуекелділігі – бұл бір функционалды қаржы құралдар
кешеніне тән және қоржында біріктірілген жиынтық тәуекелділікті сипаттайды.
Мысалы, экономика суъбектісін несиелік қоржын тәуекелділігі (депозитті,
инвестициялы және т.б.)
— Жеке қаржы тәуекелділігі – қаржылық қызмет процесінде қолданылатын
жеке қаржы құралдарына немесе экономика субъектісінің жеке қаржы
операцияларына тән тәуекелділік.
3. Пайда болу қайнар көздеріне байланысты қаржы тәуекелділіктері
келесідей бөлінеді: қаржы тәуекелділіктерін басқарудың теориясының
бастапқы шарттарының маңыздыларының бірі – жүйелі және жүйелі емес
болып бөлінеді.
Жүйелі нарық тәуекелділігі – қаржыландыру объектісі болатын
тауарлардың, облигациялардың, акция құнының, валюта бағамының, пайыз
қойылымының ауытқуы нәтижесінде капитал құнының жағымсыз өзгеру
ықтималдылығы.
Жүйелі нарық тәуекелділігі – анықталмағандықтын басқарылмайтын сыртқы
факторларына жатады және ол макроэкономикалық факторлар әсерінен қаржылық
басқа да нарықтардың дамуының коньюктуралық кезеңінің өзгеруімен немесе
мемлекеттік нарық экономикасының дамуының экономикалық циклі кезеңімен
шарттасқан. Жүйелі нарық тәуекелділігіне келесілер кіреді:
а) инфляциялық тәуекелділік – инфляциялық экономика жағдайында қаржы
тәуекелділігінің дербес тобына ерекшеленеді және бағаның өсуімен, ақша-
қаражаттарының құнсыздануымен бірге жүретін инфляцияның өсу нәтижесінде
экономика субъектісінің шегуі мүмкін шығындар ықтималдылығын сипаттайды.
Бұл тәуекелділік қазіргі жағдайда тұрақты сипатта және ол экономика
субъектісінің барлық қаржылық операцияларына ілесіп жүреді.
б) дефляциялық тәуекелділік – кәсіпкерліктің экономикалық жағдайының
нашарлауы мен баға дәрежесінің төмендеуі нәтижесінде ұшырауы мүмкін
шығындар ықтималдылығы.
в) пайыздық тәуекелділік – қаржы нарығында (депозиттік, несиелік)
пайыз қойылымдарының болжанбаған жағымсыз өзгеруі нәтижесінде қаржылық
шығындардың болу ықтималдылығы (қаржы активтер құнының жағымсыз өзгеруі).
Пайыз тәуекелділііне мынадай тәуекелділіктер жатады:
- пайыз қойылымының тәуекелділігі;
- пайыз қойылымының бағытталған тәуекелділігі;
- акциялар, сертификаттар және басқа да бағалы қағаздар бойынша
девиденттердің өзгеруімен байланысты инвестордың шегуі мүмкін шығындар
тәуекелділігі;
- облигациялар нарығында пайыз қойылымының өзгеруіне байланысты
инвестордың шегуі мүмкін шығындар.
д) валюта тәуекелділігі – сыртқы экономикалық қызмет атқаратын
(шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар импорттайтын) экономика
субъектілеріне тән. Халықаралық қаржы нарығында валюта бағамдардың қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді жағымсыз ауытқулары нәтижесінде валюталық
шығындармен шарттасылған, болжамданған табыстарды толық ала алмау және
актитер құнының жағымсыз өзгеру ықтималдылығын білдереді. Валюталық
тәуекелділіктерге кіретін тәуекелділіктер түрлері:
- валюта-айырбас операцияларының тәуекелділігі;
- трансферттік валюта тәуекелділігі;
- экономикалық валюта тәуекелділігі,
- валюта бағамының өзгеру ықтималдылығы;
- операциялық валюта тәуекелділігі.
Жүйелі емес қаржы тәуекелділігі (ішкі немесе спецификалы) – қаржы
қызметінің нақты объектісі мен экономиканың нақты субъектісінің барлық
қаржылық операциялар түрлерінен және қаржы қызметінен тәуелді, ол
басқарылатын ішкі тұрақсыздық факторларына қатысты ішкі қаржылық
тәуекелділіктердің жиынтық сипаттамасы.
Жүйелі емес тәуекелдердің пайда болу көздері келесідей фирма ішіндегі
факторлар байланысты:
1. Ұйымдастырушылық фактрлар (корпоративті құрылым; ұйымдастырушылық
құрылым; экономика субъектісінің стратегиясы);
2. Қаржылық факторлар (қаржы-инвестициялық ресурстарды және
активтердің құрылымының тиімділігі мен оңтайлылық дәрежесі;
қаржыландыру әдістері мен қайнар көздері; еңбек нәтижесі үшін
қызметкерлердің моральды және материалды сыйақы жүйесі; дебиторлық
қарыздар құрылымы);
3. Экономика қызметімен байланысты факторлар (қызмет түрі, офистер,
қоймалар, өндіріс құралдарының орналасуы; ғылыми-зерттеу жұмыстары;
қорлар саны мен орналасуы);
4. Экономика субъектісіне экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен
байланысты факторлар (қаржы жағдайының экономикалық тұрақтылық пен
қауіпсіздік дәрежесі; қауіпсіздік ұйымы; информациялық жүйелер).
4. Болуы мүмкін қаржылық салдары бойынша тәуекелділік келесідей
бөлінеді:
— Таза қаржы тәуекелділігі – анықталмағандылық факторларымен байланысты
және оның сандық қатыста пайда болуы қаржы қызметі нәтижесінде нөлдік
ақырлы немесе негативті ауытқудың болу мүмкіндігін білдіреді. Оның пайда
болу нәтижесінде экономика субъектісі экономикалық шығындарға ұшырайды және
ол осы қызмет барысында бір рет қана көрінеді, оның дұрыс емес
альтернативті басқарушылық шешім қабылдау жағдайындағы көрінісі қаржы
қызметінің тоқтауын білдіреді. Бұл тәуекелділікке кіретін тәуекелділік
түрлері:
- табиғи (су алу, жер сілкінісі, өрт, боран, эпидемия және т.б.);
- экологиялық (қоршаған ортаның ластануымен байланысты);
- саяси (мемлекет қызметінің және елдегі саяси жағдаймен байланысты);
- транспортты (автокөлікпен, сумен, теміржолмен, ұшақпен және т.б.
транспорттар көмегімен жүктерді тасымалдаумен байланысты);
- коммерциялық (қаржылық-шаруашылық қызмет процесінде шығындар болуы
қорқынышы).
— Алынбай қалған пайда тәуекелділігі – болжанбаған қаржылық
операцияларды, шараларды объективті және субъективті себептердің пайда
болуына байланысты орындамау нәтижесінде, экономика субъектісі күткен
табысты толық ала алмауы түрінде жанама қаржы шығындардың пайда болу
ықтималдылығы қандай да бір шараларды, операцияларды жүргізбеу нәтижесінде
жанама қаржылық шығындардың пайда болу тәуекелділігі. Мысалы, несие
рейтингін төмендету кезінде экономика субъектісі қажетті несие ала алмайды
және қаржылық мвереджтің оң нәтижесін қолдана алмайды.
— Спекулятивті қаржы тәуекелділігі тұрақсыздық факторларымен байланысты
және оның сандық қатынасты пайда болуы, қаржылық қызметтің ақырлы
нәтижесінің күтілетін мәннен көп немесе аз ауытқуын білдіреді. Ол қаржылық
қызмет нәтижесінде бірнеше рет болуы мүмкін (оның тоқтап қалуына себеп
болмай-ақ). Көбінесе бұл тәуекелділіктерге спекулятивті қаржы-инвестициялық
операциялары үшін сипатта қаржылық тәуекелділіктер жатады.
5. Қайталану дәрежесі мен уақытында пайда болу сипаты бойынша қаржылық
тәуекелділік келесідей жіктеледі:
— Мерзімді қаржы тәуекелділігі – тұрақсыздық фаторымен байланысты, оның
пайда болу уақыты б-шығыс шектелген және экономика субъектісінің қаржы
қаржы қызметі немесе қаржы операциясын жүргізудің дербес кезеңінде ғана
соқтығысатын тәуекелдерді білдіреді. Мерзімді қаржы тәуекелділіктердің екі
топқа бөлуге болады: ұзақ мерзімді және қысқар мерзімді. Қаржы
тәуекелділігінің қысқа мерзімді тобына белгілі ақырлы уақыт кесіндісінде
пайда болуы мүмкін қаржы тәуекелділігі жатады. Ұзақ мерзімді
тәуекелділіктердің қызмет ету мерзімін нақты бағалау қиын.
— Пермоненттік (тұрақты) қаржы тәуекелділік анықталмағандылық
факторларымен байланысты, оның пайда болуы қаржылық қызметті немесе
қаржылық операцияларды орындаудың барлық кезеңі үшін сипатты және мерзімі
бойынша тұрақты және үздіксіз болады. Ол экономика дамуының нақты
кезеңіндегі экономиканың нақты сомасында берілген шекарада экономика
субъектісінің қызметіне үздіксіз қауіп төндіретін тәуекелді білдіреді.
6.Қаржы шығындарының дәрежесі бойынша : мүмкін болатын қаржы
шығындарының көлемі, жүргізілетін қаржы операциялар сипатымен, оларда
қолданылған активтер көлемімен және сәйкес қаржы тәуекелділігінде
табыстардың ауытқуы амплитудасының масималды деңдейінде анықталады.
— Қолайлы деңгейдің қаржы тәуекелділігі – жапыда экономика субъектісінің
қаржылық қызметінен немесе инвестициялық жобаларды, қаржылық операцияларды
жүргізуден түсетін пайданы толық немесе жартылай жоғалту ықтималдығы.
— Сын деңгейдің қаржы тәуекелділігі - қаржы қызметінің түрлерін немесе
нақты қаржылық келісім шарт жасауда өндірістік шығындар көлеміндегі
шығындар ықтималдылық және жүргізілетін қаржы операциялары бойынша жалпы
табыстың есептік сомасынан аспайтын шығындары бар қарж тәуекелдерді
сипаттайды. Оған кіретіндер:
- Бірінші дәрежедегі сын деңгейінің қаржы тәуекелділігі – экономика
субъектісімен жасалған материалдық шығындарды қайтаруда нөлдік жалпы
табысты алу ықтималдылығы;
- Екінші дәрежедегі сын деңгейінің қаржы тәуекелділігі – толық шығындар
көлемінде қаржы активтерін жоғалту ықтималдығы , яғни жоспарланған
пайданы жоғалту ықтималы және экономика субъектісіне шығындарды басқа
көздер есебінен қайтаруға тура келеді.
— Статикалық қаржы тәуекелі – экономика субъектісінің мүліктік жағдайын
толық немесе жартылай жоғалту түріндегі қаржылық шығындар ықтималдылығы мен
ішкі және сыртқы ортаның көптеген факторларының болжанбаған өзгерістері мен
экономика субъектісіне түзетуге келмейтін зиян келтіру нәтижесінде қарыз
капиталын жоғалту;
— Динамикалық қаржы тәуекелі – сыртқы орта факторлары әсерінен және де
адекватты емес басқарушылық шешімдер нәтижесінде қарастырылатын объектілер
құнының болжанбаған өзгерістерінің пайда болу ықтималдылығы. Статикалық
тәуекелділік таза анықталмағандыққа сәйкес келеді, ал динамикалық
тәуекелділік – спекулятивті анықталмағандыққа сәйкес келеді.
7. Болжамдау мүмкіндігіне байланысты қаржы тәуекелділігі келесідей
классификацияланады:
- Болжамдалатын қаржы тәуекелі – анықталмаған факторларымен байланысты
және оның пайда болуы бәсекелестіктің дамуын болжайтын
инвестициялық, қаржылық және тағы да басқа нарықтардың дамуының
коньюктуралық кезеңдерінің ауысымы мен экономиканың циклдік дамуының
салдары болып табылады.
- Болжамданбайтын қаржы тәуекелі – анықталмағандық факторларымен
байланысты және олардың пайда болуы көріністің толық
болжамданбағандығымен ерекшеленеді және оларды осы немесе басқа
себептерге байланысты осы кезеңде анықтау мүмкін емес.
Болжамданбайтын тәуекелділікке мысал ретінде :
1. Жалпы экономикалық тәуекелділік (өндірістік нормативтер, экспорт-
импорт, қоршаған ортаны қорау, материалдық-техникалық
қамсыздандыру ортасында мемлекеттік реттеудің күтпеген
(жоспарланбаған) шаралары).
2. Саяси-әлеуметтік тәуекелділіктер (саяси тұрақсыздық, жағымсыз
әлеуметтік-саяси өзгерістер тәуекелі);
3. Қылмыстық тәуекелділік
4. Техника-технологиялық тәуекелділік
5. Оқиға тәуекелі
8. Басқарушылық дәрежесі бойынша – осы жіктеулердің 4 және 7
белгілеріне сәйкес қаржы тәуекелділіктерін келесідей жіктейміз:
- Басқарылатын қаржы тәуекелі;
- Басқарылмайтын қаржы тәуекелі;
9. Сақтандыру мүмкіндігі бойынша қаржы тәуекелі келесідей жіктеледі:
- Сақтандырылатын қаржы тәуекелі – экономика субъектісінің мүліктік
мүддесін сақтандыруды қамтамасыз етуі мүмкін негізгі қаржы
тәуекелдері (жүйелік және жүйелік емес)
- Сақтандырылмайтын қаржы тәуекелі – сақтандыру компаниялары
сақтандырғысы келмейтін және қаржы нарығындағы сәйкес келетін
сақтандыру тауарларына деген ұсынысы
Қаржы нарығында сәйкес келетін сақтандыру тауарларына деген ұсыныстың
жоқ болуымен байланысты және сақтандыру компанияларының сақтандырғысы
келмеуімен байланысты тәуекелділіктер.
Бірақ та сақтандырылмайтын тәуекелдер қосымша пайданың потенциялды
көздері болып табылады. Сақтандырылмайтын тәуекел нәтижесінде болған
шығындар экономика субъектісінің өз қаражатынан қайтарылады.
Тәуекелді басқару ұйымының тиімділігі көп жағдайда тәуекел
классификациясымен анықталады. Тәуекел классификациясы – қойылған мақсатқа
жету үшін, белгілері бойынша тәуекелді нақты топтарға жіктеу.
Нәтижесіне байланысты тәуекелді екі үлкен топқа бөлуге болады: таза
және спекулятивті.
Таза тәуекел дегеніміз – нөлдік немесе теріс нәтижені алу. Оған
келесілер жатады: табиғи , экологиялық, саяси, транспорттық және
коммерциялық тәуекелдер бөлігі (мүлікті, өндірісті).
Спекулятивті тәуекелде оң және теріс нәтиже болады. Бұған коммерциялық
тәуекелдің бөлігі болатын қаржылық тәуекелдер жатады.
Тәуекелдің пайда болуының негізгі мәселелеріне байланысты олар
келесідей категорияларға бөлінеді: табиғи, экологиялық, саяси,
транспортты, коммерциялық.
Табиғи тәуекелге – су алу, жер сілкінісі, өрт, боран, эпидемия және
тағы басқалары жатады.
Экологиялық тәуекелге – қоршаған ортаны ластауымен байланысты пайда
болған тәуекелдер жатады.
Саяси тәуекелге – бұл мемлекет қызметінің және елдегі саяси жағдаймен
байланысты. Оған келесілер жатады:
– эмбаргоны енгізу, өндірістер мен тауарларды тәргілеу, мемлекет
меншігіне айналдыру, елдегі ішкі саяси жағдайдың шиеленісуі, революция,
әскери іс-әрекеттер нәтижесінде шаруашылық қызметті жүргізе алмау;
– кездейсоқ жағдайлардың пайда болуына байланысты (көтеріліс, соғыс
және тағы басқа) белгілі бір мерзімге сыртқы төлемдерді кейінге қалдыру;
– салық заңдылықтарының тиімсіз өзгеруі;
– төлем валютасына ұлттық валюта конверсиясын шектеу немесе тиім
салу. Бұл жағдайда экспортерлар алдындағы міндет ұлттық валютада орындалуы
мүмкін.
Транспортты тәуекелділік – автокөлікпен, сумен, теміржолмен, ұшақпен
және тағы басқа транспорттар көмегімен жүктерді тасымалдаумен байланысты
тәуекелділіктер.
Коммерциялық тәуекелділік – қаржылық-шаруашылық қызмет процесінде
шығындар болуының қорқынышы. Олар коммерциялық елісім шарттардың
нәтижесінің анықталмағандығын білдіреді.
Құрылымдық белгісі бойынша коммерциялық тәуекелділік мүлікті,
өндірісті, сауда - саттық, қаржылық болып бөлінеді.
Мүліктік тәуекелділік – бұл техникалық және технологиялық жүйелердің
шиеленісі, немқұрайдылық, диверсия, ұрлау нәтижесінде кәсіпкердің мүлігін
жоғалту ықтималдылығымен байланысты тәуекелділік.
Өндірістік тәуекелділік – ол негізгі және айналым қорларының
зақымдануына және түрлі факторлардың әсерінен өндірістің тоқтоп қалуынан
пайда болатын шығындармен байланысты тәуекелділік.
Сауда – саттық тәуекелділігі тауарды жеткізьеу, тауарды транспорттау
кезінде төлемнен бас тарту, төлемдерді кешіктіру нәтижесінде пайда болатын
шығындармен байланысты тәуекел.
Қаржылық тәуекелділіктер қаржылық ресурстарды жоғалту ықтималдылығымен
байланысты. Қаржылық тәуекелділіктер екі түрге жіктеледі: ақшаны сатып алу
қабілетімен байланысты тәуекелділік және капитал салымына (инвестициялық
тәуекелділік) байланысты тәуекелділік.
Ақшаны сатып алу қабілеттілігіне байланысты тәуекелділікке
тәуекелділіктің келесідей түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық
тәуекелділіктер,валюталық тәуекелділіктер,өтемпаздылық тәуекелділіктері.
Инфляция дегеніміз ақшаның құнсыздануы,яғни бағаның өсуі. Дефляция –
инфляцияға кері процесс, бағаның төмендеуімен сипатталады және сәйкесінше
ақшаның сатып алу құнының өсуі.
Инфляциялық тәуекел – бұл нақты сатып алу қабілеті жағынан қарағанда,
инфляцияның өсу қарқынында алынатын ақшалай түсімдер тезірек құнсызданады.
Мұндай жағдайлар кәсіпкерге нақты шығындар әкеледі.
Дефляциялық тәуекел дегеніміз – бұл дефляцияның өсу қарқынында
түсімдердің төмендеуі, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайының нашарлауы
және баға деңгейінің түсу тәуекелділігі.
Валюта тәуекелділігі - сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да
валюталық операциялар жүргізуде, бір шет ел валютасының бағамы басқа ел
валютасына қатысты өзгеруіне байланысты пайда болатын валюталық шығындар
тәуекелі.
Өтемпаздылық тәуекелі – тұтыну құны мен сапа бағасының өзгеруінен,
бағалы қағаздарды не басқа да тауарларды өткізуде пайда болуы мүмкін
шығындарға байланысты тәуекелділік.
Инвестициялық тәуекелділіктер келесідей тәуекелділік түрлерінен
тұрады: алынбай қалған пайда тәуекелділігі, табысты төмендету
тәуекелділігі, тікелей қаржы шығындар тәуекелділігі.
Алынбай қалған пайда тәуекелділігі – қандай да бір мерекені (мысалы,
сақтандыру, хеджирлеу, инвестициялау) жүргізбеу нәтижесінде жанама қаржылық
зиянның пайда болу тәуекелділігі.
Табысты төмендету тәуекелділігі – салымдар мен несиелер бойынша
портфельді инвестицияларда дивиденттер мен пайыздар көлемінің азаю
нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Портфельді инвестиция бағалы қағаздар мен
басқа да активтерді иеленуді білдіреді және инвестициялық портфельді
құрумен байланысты. Портфель термині италияның “portofoglio” сөзінен
шыққан, инвесторда бар бағалы қағаздар жиынтығы дегенді білдіреді. Табысты
төмендету тәуекелділігінің келесідей түрлері бар: пайыздық және несиелік
тәуекелділіктер.
Пайыздық тәуекелділіктерге берілген несие қойылымдарынан, келтірілген
қаражаттар бойынша төленетін, пайыз қойылымдарының өсу нәтижесінде
селингті компаниялармен (selling – сату), инвестициялық институттармен,
несиелік ұйымдармен, коммерциялық банктер шығындарының тәуекелділігі
жатады. Пайыздық тәуекелге тағы да сертификаттар, облигациялар және басқа
да бағалы қағаздар бойынша нарықта пайыз қойылымдарының, акциялар бойынша
дивиденттердің өзгеруінен инвесторларға келетін шығындар тәуекелі.
Несие тәуекелділігі дегеніміз - несие алушының несие берушіге
негізгі қарызы мен тиісті пайыздарын төлемеу қаупі. Несие тәуекелділігі
тікелей қаржылық шығындар тәуекелділігінің бір түрі бола алады.
Тікелей қаржылық шығындар тәуекелінің келесідей түрлері бар:
биржалық, селективті, банкротқа ұшырау және несиелі тәуекелділіктер.
Биржалық тәуекелділік – биржалық келісімдерден болатын шығындар
тәуекелділіктері. Бұл тәуеклділікке брокерлік фирманың коммисионды
сыйақысын төлемеу тәуекелділіктері жатады.
Селективті тәуекелділік (лат.seletio – таңдау) – бұл капитал салымының
түрлерін, инвестициялау үшін бағалы қағаздар түрін дұрыс таңдамау тәуекелі
және инвестициялық портфель құруда басқа да бағалы қағаздармен салыстыру
тәуекелі.

Банкротқа ұшырау тәуекелділігі – кәсіпкердің өз капиталын толық
жоғалтуы, оның өзіне алынған міндеттеріне сену қабілетсіздігі, капитал
салымының дұрыс емес таңдауы нәтижесінде пайда болатын қауіп-қатерді
білдіреді.

Тәуекелді басқару кезінде математикалық күтім, дисперсия, варриация
коэффициенті қолданылады.
Тәуекелді мен табыс бір бағытта өзгереді, қаншалықты табыс жоғары
болса, соншалықты тәуекелде жоғары болады.
Кездейсоқ шаманың орташа мәні немесе математикалық күтімі. Е дискретті
кездейсоқ шаманың орташа мәні деп – оның мәндерінің ықтималдылықтарына
көбейткендегі сомма:

Көрсеткіштің маңызды сипаттары:
1) С тұрақты көбейтіндіні математикалық күтім алдына шығарады:

2) Екі кездейсоқ шама қосындысының математикалық күтімі олардың
математикалық күтімдер қосындысына тең:

3) С тұрақты шаманың математикалық күтімі С өзіне тең:

4) Тәуелсіз кездейсоқ шамалардың көбейтіндісінің математикалық күтімі
олардың математикалық күтімдер көбейтіндісіне тең:

Оқиғалардың бірдей ықтималдылығында кездейсоқ шаманың математикалық
күтімі арифметикалық орташа түрінде есептеледі:

Математикалық күтім – кездейсоқ шаманың маңызды сипаттамасы, өйткені
оның ықтималдылығы үлестірудің орталығы қызметін атқарады.
Дисперсия деп сәйкес ықтималдылықпен өлшенген кездейсоқ шамадан орташа
мәнді алғандағы кадраттар соммасына тең:

Маңызды сипаттамалары:
1) Тұрақты шама дисперсиясы нөлге тең:

2) С тұрақты мәні үшін

Кездейсоқ шаманың шашырау өлшемі ретінде стандарттық ауытқуды қолдану
ыңғайлы, формуласы:

Қаншалықты стандарттық ауытқу аз болса, соншалықты ықтималдылықты
үлестіру аралығы жақын және тәуекелі аз болады.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ
2.1 Тәуекелді басқару процесстері және әдістері
Тәуекелді басқаруға болады, яғни белгілі бір дәрежеде тәуекелді
жағдайдың пайда болуын болжамдау үшін түрлі әдістерді қолдануға және
тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдау. Және де әр тәуекелдің
өзіне сай тәуекелдерді басқарудың әдістер жүйесі бар.
Қаржы тәуекелділіктерін тиімді басқару мен бағалау процестерін
ұйымдастыру мақсаттары үшін, жалпы қаржы тәуекелділігінің классификациясына
көзқарас белгісі – шешім қабылдаушы тұлғаның қаржылық басқарушылық шешімін
қабылдау процесін қамтамасыз ету болып табылады.
Бағалы қағаздар қоржынын оңтайландыру. Есептің қойылымы: банк үлестік
жарна қоры, КУАПФ ( зейнетақы қорының активтерін басқару жөніндегі
компания), сақтандыру компаниясы, инвестициялық компаниялар клиенттің
(инвестордың) бағалы қағаздар қоржынын құрады және оларды басқарады.
Банк клиентінің инвестициялық капиталы бао болады және сол капиталдан,
қаражаттарды жоғалтудың аз тәуекелінде максималды пайда алғысы келеді.
Банктің қоржынды менеджері клиентті көзқарасының дұрыс еместігіне
сендіргісі келеді. Қаржы нарығының теориясы мен тәжірибесі – бұл
критериидің қарама-қайшы екендігін және пайданы өсіру қалауы әрдайым
тәуекелдің өсуімен бірге жүретінін дәлелдедеі. Қоржынды менеджер клиенттің
оңтайлы акциялар қоржынын құруға міндетті, яғни аз тәуекелде жаман емес
пайда алу мағынасында.
Проблемалық жүйеге келесі обьектілер мен көрсеткіштер кіреді:
1.Инвестордың қаржы көлемі;
2.Инвестор мақсаты;
3.Тәуекел және табыс сипаттамаларымен нарықтық активтерді сатып
алудың мүмкін ассортименті;
4.Қоржынды теориясын және оның қолданбалы.
Жұмыс мақсаты:
1. Оңтайлы бағалы қағаздар қоржынын құрудың компьютерлік әдістемесін
меңгеру;
2. EXCEL-дің кестелік процессорында “Поиск решения ” программасы
көмегімен жобаларды оңтайландырудың тәжірибесін алу;
I. Математикалық модель.
Инвестор қоржынның жоғары табысына мүдделі. Шарптың бір индексті
моделінде қоржын табысы келесі формуламен анықталады:

Мұнда,
- қоржын табысы,%.
- қауіп-қатерсіз активтер саны,%.
- нарық табыстылығы,%.
- қоржын Бетасы – қоржынның нарықтық, жүйелік тәуекел
көрсеткіші.

Мұнда,
- қоржындағы i-ші актив үлесі;
- i-ші акцияның саны;
- қоржын тізіміндегі қағаз нөмірі;
- қоржындағы қағаздар саны.
Қоржын тәуекелі қоржынның табыс дисперсиясы арқылы анықталады.

мұнда,
- қоржынның табыс дисперсиясы;
- нарықтың табыс дисперсиясы;
- i-ші қағаздың табыс дисперсиясы.
Қауіп-қатерсіз активтер табысы, нарық табысы, нарық табысының
дисперсиясы, әр акцияның Бетасы, әр акцияның қалдық дисперсиясы қоржын
сипатын есептеулің бастапқы мәліметтері болады.
Берілген лабораториялық жұмыс үшін, акцияны бағалаудың жетекші факторы
ретінде, нарық сипаттамасы – АҚШ-тың 500 жетекші компанияларының таңдауымен
нарық сипаттамасын бағалайтын, 500 Standard & Foor’s фирмасының нарық
индексімен анықталған.
Қоржындағы акциялар үлесі қоржынды талдаудың бастапқы деректері болады.
Бірақ қоржынды қалыптастыруда акциялар үлесі компьютерлік бағдарламамен
немесе қолмен енгізіледі және ол ізделінетін көрсеткіш болып табылады.
Қоржынды оңтайландыру есептері:
1. Шектелген тәуекелде қоржын табысын барынша көбейту:

Мұнда,
- инвестордың үлес немесе пайыз түрінде берілген, қоржын
тәуекелінің шектеуі.
2. Қоржынның табыс дәрежесінің берілген шектеуінде тәуекелді барынша
азайту:

мұнда,
- үлес немесе пайыз түрінде, қоржынның табыс деңгейіне
инвестордың берген шектеуі.
II. Кестелік модель.
Бағалы қағаздар қоржынын құрудың кестелік мысалы кесте түрінде
көрсетіледі. Есептелетін басьапқы мәліметтер кестеде пунктілі қоршаумен
қоршалған. “Поиск решения” программасы үшін модельдер нұсқалары мен
ізделінетін көрсеткіштер жаппай қалың қоршаумен қоршалған.
Excel электронды кестесінің үстіңгі жолында колонкалар аттары берілген
А,В,С,...Бірінші колонкада жол нөмірлері.
Нарықты сипаттайтын бастапқы көрсеткіштер 6-ші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердегі тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру және тәукелді бағалау әдістері
Банктің депозиттік операциялары және оның ҚР дамуы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттік саясаттың даму болашағы және өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік нарығын талдау
Банктің депозиттік қызметі туралы ақпарат
Депозиттік операциялар туралы
Коммерциялық банктердегі депозиттік операциялар
Қаржылық менеджментте тәуекелді анықтау және талдау
Депозит
Несиелік процесс және несиелеу принциптері
Пәндер