Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқару әдістемесі және тәжірибесі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы
1.1 Коммерциялық банктердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Коммерциялық банкті басқару және оның функционалдық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операция. лары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2 Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқару әдістемесі және тәжірибесі
2.1 Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқару үдерісін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2. Коммерциялық банктің капитал құрылымының қалып. тасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.3. Екінші деңгейдегі банктердің ресурстарын активтерге орналастыру және олардың сапасын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

3 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары
3.1. Коммерциялық банктердің есепті ұйымдастырудың негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
3.2. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61.62

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы
1.1 Коммерциялық банктердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Коммерциялық банкті басқару және оның функционалдық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операция- лары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

2 Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқару әдістемесі және тәжірибесі
2.1 Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқару үдерісін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2. Коммерциялық банктің капитал құрылымының қалып- тасуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.3. Екінші деңгейдегі банктердің ресурстарын активтерге орналастыру және олардың сапасын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

3 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары
3.1. Коммерциялық банктердің есепті ұйымдастырудың негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
3.2. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61-62

Кіріспе

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан коммерциялық банк деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің коммерциялық деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді[1].
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсалғанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және бақылау жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.
Жалпы қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде коммерциялық банктердегі есепті ұйымдастыру ерекшеліктерінің тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтер мен пассивтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарынының болуын нақты дәлелдейді.
Коммерциялық банктің есепті ұйымдастыру ерекшеліктеріне бағытталған ғылыми жұмыстарға жасалған талдаудан, банктің өтімділігі мен табыстарын қамтамасыз етуде ең бастысы банк балансының құрылымын үйлесімді немесе теңгерімді басқаруға қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды. Өкінішке орай, коммерциялық банктің есепті ұйымдастырудың теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеулер белгілі ғалым-экономистердің еңбектерінде әр жақты көрініс тапқан. Сондықтан да, коммерциялық банктің есепті ұйымдастыру мен банктің активі және пассивін басқарудың теориялық және тұрғыдан жеткіліксіз мазмұны мен оның аз зерттелген әдістемелері, сондай-ақ оларды тиімді басқару тәжірибесіндегі орын алатын өзекті мәселелер бұл диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ҚР-ның екінші деңгейдегі банктерінің өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай банктің есепті ұйымдастыруды басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
коммерциялық банктің жіктелуі, құрылымы мен басқару теориялардың дамуын зерделей отырып, қазіргі заманға сай банктің қызметінің мазмұнын анықтау және жасау;
банктің активі мен пассивін кешенді басқару тетігінің және жүйесінің ұйымдастырушылық- ақпараттық негізін айқындау;
депозиттік қоржынды басқарудың банктің тұрақты пассивін қалыптастырудағы маңызын көрсету;
депозиттік емес ресурстарын қалыптасу көздерін талдау мен бағалаудың, банктің өтімділігі мен тұрақтылығына тигізер әсерін айқындау;
екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрылымы мен сапасын бағалай отырып, олардың қоржынындағы стандартты және жіктелетін активтердің шекті қатынасын айқындау;
банктердің несиелік саясатының шегінде жасалған көрсеткіштер көмегімен отандық коммерциялық банктердің несиелік қоржындарының сапасын бағалау әдістемесін жасау.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы
1.1 Коммерциялық банктердің жіктелуі

Қазіргі коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
oo мемлекеттік;
oo акционерлік;
oo жеке;
oo пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
oo аралас (шетел капиталының қатысуымен).
2. Операцияларының түрлеріне қарай:
- әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең
көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
- халықаралық;
- мемлекетаралық;
- ұлттық;
- аймақтық;
4. Салалық белгісіне қарай:
- өнеркәсіптік банктер;
- сауда банктері;
- ауыл шаруашылық банктері;
- құрылыс банктері;
5. Филиалдар санына қарай:
- филиалсыз;
- көп филиалды.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.
Жай акцияның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар акцияның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатысушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді[3].
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200 - ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездей-соқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдары ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскелік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмай қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақша жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақаш қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін - Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы - бұл бас банктің берген құқықтары шегіде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі - депозит тартудан басқа бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк - жарғылық қордың 50% - нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Қазақстан бұрынғы КСРО - ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де сондай өз филиалдарын құрды (мысалыға, Казкоммерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк және т.б.)
Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің артықшылығы - олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.
Бірақ, жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан, оған облыстық басқармалар бағанса, ал соңғысына аудандағы бөлімшілер бағынышты болып келді.
Шетелде банк филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға мамандандырылған.
Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді[4].
Банктің ұйымдастырылуы құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір - екі бөлімшесі болатын болса, онда орталақтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліссіз болмауға тиіс.
Банктің ұйымдастырылуы құрылымы басты екі әдіспен анықталады - банктің басқарылуы құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.
Басқару органын тағайындаудың мақсаты - банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым - қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.
Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрінде шешуге құқығы бар.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) немесе оның торабының (филиалды немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам формасында құрылатындақтан да, оларды басқаруға акционерлері қатысады. Ондай формадағы банктің ең жоғарғы басқару органы банк акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен төрағасын сайлайды, банктің ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды. Яғни банктің стратегиялық міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысы жылына бір рет, жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей шақырылады.
Басқарма (банк кеңесі) - банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды. Басқарманың ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиенттерінің мүддесін қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.
Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк - күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.
Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитет құрылады: әкімшілік (ағымдағы сұрақтарды), есеп-қарыздық ( несие беру инвестициялау), ревизиялық (қаржылық жағдайын тексеру).
Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.
Банк қызметінің мерзімді тексеру. Басқарма мүшелері банктің операцияларына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде басқарма, бөлім жетекшілерінің есептерін тыңдайды және банк ісін талқылайды. Басқарма мүшелері өздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер туралы заңда бағынбағандары үшін жауапты.
Кеңес коммерциялық банктегі акционерлер жиналысының нұсқауына сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы болып табылады. Кеңес (басқарма) тәжірибелік операцияларға жетекшілік жасау және жүзеге асыру үшін банкті басқаратын құрылым құрады. Операцияларды басқару ресурстарды жинақтау қызметтеріне және оларды пайдалану тәсілдеріне бөлінуге негізделген.
Директорлар кеңесі іс - тәжірибелік операцияларды жүзеге асыру және басшылық ету үшін банкінің басқару құрылымын құрады. Өкілеттік көлемі мен өз бетіндік дәрежесі бойынша басқару құрылымы 3 деңгейден тұрады.
1. жоғарғы менеджерлер;
2. администраторлар;
3. қадағалау және ревизиялық функциялар берілген тұлғалар.
Жоғарғы менеджерлер - бөлімдер мен службалардың қызметтерін шоғырландырады, олардың бағдарламаларымен нақты мақсатын айқындайды, кеңес және олардың жұмыстарына бағасын береді. Олар өздерінің басты назарын банк жұмысының нәтижесіне аударды.
Администраторлар - бөлімше жетекшілері. Олардың басты мақсаты - өздерінің бөлімшелерінің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
Үшінші деңгейдегі қызметкерлерге - қадағалаушылар жатады. Бұл қатардағы жұмысшыларға көмек көрсететін, күрделі және даулы сұрақтарды шешетін, нақты жағдайлар бойынша кеңес беретін, персоналды оқытумен айналысатын шағын маманданған топтар немесе бөлімшелерге басшылық ету тапсырылған неғұрлым мамандандырылған кәсіпқой мамандар.
Бақылаушы - бухгалтерлік және статистикалық бөлімінің жұмысын басқарады, жұмыстың жаңа тәсілдерін және есептің автоматтандырылуымен айналысады.
Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы, жетекшілердің құрамы, өкілеттіліктердің бөлінуі тағы сол сияқты факторларға байланысты және экономикалық біртұтастығымен анықталады. Банк құрылымын ұйымдастырудың ұтымдылығын талдау - жалпы банктегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың, оның коммерциялық қызметінің маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі белгілері - банктің орындайтын операциясының көлемі мен экономикалық мазмұны болып табылады. Банктік іс тәжірибеде банктік ұйымдастырушылық құрылымының 2 түрі бар: функционалдық және дивизионалдық[5].
Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы банк қызметінің жекелей бөліктерге бөлінуі, іс-әрекеттің немесе қызметінің оқшауланған саласының белгілі бір дәрежеде көрсетілуі, олардың жүзеге асырылуы банктердің алдына қойған мақсатына жетуге септігін тигізеді. Мұндай банк қызметтерінің оқшауланған салаларына, әдетте банк операцияларын басқару, маркетинг, бухгалтерлік есеп пен есеп беру және шаруашылық басқару, тағы басқалар жатқызылады. Бұл функционалдық блоктардың шешетін міндеттерінің көлеміне байланысты шағын бөлімше құрылуы мүмкін.
Дивизионалдық ұйымдастырушылық құрылымы үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайында, несиелік мекемелердің арасындағы бәсекелестіктің өсуі жағдайында қолданылады. Мұндай құрылымда банк бөлімшелері функционалдық белгілері бойынша бөлінбейді, ал банктердің ұсынатын өнімдерінің түрлеріне сәйкес тұтынушылардың топтары аймақтық белгісі бойынша бөлінеді. Бөлімшелер деген ұғымға әр түрлі құылымдық бірліктер - басқару бөлімдері, қызметтер, секторлар кіреді.
Банк өнімінің әр түрлі түрлерін көрсетуге бейімделген құрылымдар да, өз клиенттеріне қызметтің жеке түрлерін үлкен көлемде көрсететін банктер де жиі кездеседі.
Операциялардың нақты түрін көрсетуге маманданған бөлімшелердің жетекшілері жоғары білікті, осы салада үлкен тәжірибесі бар оның мамандары, оны жоғары бәсекелес қабілетті етеді. Өнімдерінің белгісі бойынша ұйымдастырылған банктер, осыған орай, қызмет көрсетудің сапасы әлемдік стандартқа жеткізуде, сонымен бірге банктің өнімдерінің жаңа түрлерін дамытуда қосымша артықшылықтарға ие.
Тұтынушылардың әр түрлі топтарына бейімделген құрылым. Мұндай принциптер бойынша құрылған банкткер өзінің басты назарын клиенттердің белгілі бір тобына бөледі, басқаша айтқанда белгілі бір тұтынушылардың сегментіне көңіл бөледі. Ірі банктердің құрылымында: корпарацияларға қызмет көрсету басқармасы, несиелендіру бөлімі, инвестициялық қызмет көрсету, трасталық операция; тиісті бөлімдері бар тұрғындарға қызмет көрсету басқармасы бар.
Аймақтық ұйымдастырушылық құрылымы. Банктер үлкен географиялық ауданды қамтып іс-әрекет еткен кезде, оның ұйымдастырушылық негізінде іс әрекет ететін бөлімдердің торабы арқылы құруды болжайтын, әр түрлі аумақтарда өз қызметін ұсынатын аймақтың ұйымдастырушылық құрылымы приципі жатуы мүмкін. Мұндай обылыс, аудан шегінде клиенттерге қызмет көрсетуге бағытталған құрылым жергілікті жағдайларға дұрысырақ білуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде республикада банк қызметтерінің сан алуан түрін көрсетуге, әртүрлі клиенттер топтарымен жұмыс жасауға, сонымен бірге, аймақтың жергілікті ерекшеліктеріне бейімделген коммерциялық банктердің дивизиондық құрылымы құрылған.
Банктің жалпы ұйымдастырушылық құрылымында бөлімдердің екі типін бөліп көрсетуге болады: желілік функцияларды орындайтын және штабтық функцияларды орындайтын бөлімдер.
Желілік бөлімдер тікелей операциондық жұмыспен айналысады: салымдық, несиелік, трасталық, бағалы қағаздарды сату сатып алу және т.б.
Штабтық бөлімдер - желілік бөлімдерге қызмет көрсетумен айналысады. Яғни, инфрақұрылымдық оның дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Бұл жоспарлау, кадрлар, заң, статистикалық бөлімдер. Банктің ұйымдастырушылық құрылымын, банк басқармасы және басқару бөлімдері құрайды, олар банк операцияларының жіктелуін есепке алады, сәйкестендіре отыра олардың функционалдық белгісі бойынша қалыптастырады. Коммерциялық банктер шаруашылық есепті ұйымдастыру, пайдалылық, өтімділік қызметтердің сан алуан түрлерін орындауына үлкен көңіл бөледі. Бұл үшін тиісті құрылымдық бөлімшелер құрылады.
Депозиттік операцияларды басқару банктің меншіктік капиталымен тартылған қаражаттарды есептеу және талдауым айналысады. Ол әдетте депозиттік операция, қор бөлімдерінен тұрады. Бұның біріншісі салымшылармен шарт жасасуымен, депозиттік қаражаттарды есептеу, талдаумен айналысады, екіншісі банктік меншіктік қаражаттарын есептеу және талдаумен айналысады.
Несиелік басқарма қарыз алушыларды несиелендіру сұрақтарымен айналысады. Ол әдетте тұрғындарды қысқа мерзімді несиелендіру, банк аралық операция және тағы басқа бөлімдерден тұрады[6].
Сонымен, банктің филиалдарын басқару филиалдардың қызметіне жетекшілік етумен, бақылаумен, банк филиалдарына іс-тәжірибелік әдістемелік көмек көрсетумен айналысады.
Есеп-кассалық операциялар басқармасы - клиенттерге шот ашумен, кассалық операцияларды және есеп айырысуды жүргізумен айналысады. Валюталық басқарма валютамен операцияларды жүргізуге арналған. Статистикалық және талдау бөлімі статистикалық ақпараттарды талдау, жинаумен және клиенттерге ақпараттық - анықтамалық қызмет көрсетумен айналысады.

1.2 Коммерциялық банктерді басқару және оның функционалдық құрылымы

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсықдандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңес мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.
Банктің ұйымдастьрылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады - банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.
Басқару органын тағайындаудың мақсаты - банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы немесе оның торабының даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Басқарманың негізгі қызметтері:
1. Банктің стратегиялық мақсатын анықтау және оның саясатын жасау. Ірі банкте мекеменің мақсаты мен міндеттері және оған жетудегі нақты іс-әрекеттер бағдарламасы, түрде дайындалған арнайы меморандумда көрсетіледі. Ол мынадай жағдайларды қамтиды:
oo банк ресурстары бірінші кезекте қызмет көрсететін клиенттер категорияларына бағытталады;
oo алдағы кезеңде дамуға мүмкіндік беретін операцияларды;
oo банктің филиалдары мен өкілеттігін ашу туралы сұрақтар;
oo маркетинг әдістері және жаңа банктік несие мен қызметтерді тұтынушыларға ұсыныс;
oo өтімділікті қамтамасыз етудің озық әдістері;
oo банктің қызметкерлерінің мөлшері мен құрамы, олардың біліктілігін және тағы басқа арттыру бағдарламасы.
2. Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк-күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.
3. Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитеттер құрылады: әкімшілік, есеп-қарыздық, ревизиялық.
4. Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.
5. Банк қызметің мерзімді тексеру. Басқарма мүшелері банктің операцияларына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде басқарма, бөлім жетекшілерінің есептерін тыңдайды және банк ісін талқылайды. Акционерлік банктерді басқару құрылымы 1-ші суретте берілген.

Несиелік
комитет
Акционерлердің
жалпы
жиналысы
Ревизиялық
комиссия

Бақылау кеңесі

Басқарма

Басқарма
төрағасы

Төраға
орынбасарлары

Департаменттер,
бөлімдер

Басқару
бөлімдері
Қызметтер

Сурет 1. Коммерциялық банктің басқару құрылымы
Басқарма мүшелері өздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер туралы заңға бағынбағандары үшін жауапты.
Сонымен, кеңес коммерциялық банктегі акционерлер жиналысының нұсқауына сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы болып табылады.
Кеңес тәжірибелік операцияларға жетекшілік жасау және жүзеге асыру үшін банкті басқаратын құрылым құрады. Операцияларды басқару ресурстары жинақтау қызметтеріне және оларды пайдалану тәсілдеріне бөлінуге негізделген[7].
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктіңқызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Бпнктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.
Ұсақ банктерде саясаттың мақсаты туралы жазбаша меморандум жасалмайды. Филиалсыз банктер үшін саясаттың принципін құру, филиалы бар ірі банктерге қарағанда оңай болып келеді, себебі соңғыларында клиенттер үшін жергілікті жағдайларды ескеру ерекшеліктері орын алады.
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі: - банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
- банктің жарғылық капиталын өзгерту;
- банктің Кеңесін сайлау;
- банктің жылдық есебін бекіту;
- банктің табысын бөлу;
- банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.
Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынадай міндеттерді атқарады:
oo нормативтік актілерді бекітеді;
oo Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді бекітеді.
Келесі басқару органы - атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды. Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:
oo банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
oo банктің саясаттарын анықтау;
oo жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;
oo комитеттерді құру;
oo ссудалық жіне инвестициялық операцияларға бақылау жасау.
Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына мынадай міндеттер жүктеледі:
oo банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
oo барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
oo банктің мүлкіне жіне қаражаттарына ие болу;
oo банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
oo еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен келісімдер жасасу.
Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан бақылау жасасу орган болып табылады.
Несиелік комитет - бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы орган. Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды.
oo несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің
oo несие беру туралы шешім шығарады.
oo несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады.
oo несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды.
oo несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді.
oo несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді.
oo несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
oo берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
oo банктің несиелік стратегиясын жасайды;
oo несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
oo несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабынан жүргізеді.
Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі кіреді.
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі-экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар - бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушылар қарыз ұсынғанда, ал пассвтер, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер - несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімі бойынша - қысқа мерзімді(1жыл), орта мерзімді (1-ден 5 жылғам дейін) және ұзақ мерзімді(5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша - қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты - активтік және пассивтік қарыздық операциялар; несиелендіру мақсатына байланысты - негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздыр.
Сонымен, банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттеліп жасалған несиелік келісім шарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісім шарттың шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты сәтіне байланысты. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат болып табылады.

1.3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекете уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығаның экономикалық негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаршылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады[8].
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету.
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:
oo уақытша бос ақшалай құражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
oo экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
oo қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
oo инвестициялық қызметті;
oo клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операцияладың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: пассивтік операциялар - бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары, - делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретің операциларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды. Пассивтік операциялардың көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады. Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:
oo коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
oo банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
oo басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
oo депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тарту мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ - заемдық немесе тартылған ресурстар құралады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
oo банктің меншікті қаражаттары;
oo банктің тартылған қаражаттарығ.
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшкліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ы өтіледі. Шын мәнісінде, меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекарасы болады.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті құражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен меншікті қаражаты - бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады[9].
Банктің меншікті қаражаттары-банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар мен бөлінбеген пайда жиынтығы. Банктің меншікті қаражатына жататындар:
oo банктің жарғылық капиталы;
oo банктің резервтік капиталы;
oo қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;
oo сақтандыру резервтері;
oo бөлінбеген пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы - банктің заңды тұлға третінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Бағалы қағаз шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан құралады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады:
oo пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
oo акционерлік банк;
oo шетел капиталының қатысуымен.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор - банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты. Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Резевтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құрылуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша дивидендтер төленеді.
Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылады.
Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.
Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде, несиелік операциялардың 90%-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін қанағаттандырады. Олардың рөлі біршама жоғары тұрады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.
Банктердің ресурстарының жалпы сомасында тартылған қаражаттар үлесі олардың басым бөлігін құрайды[10].
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту тәсілдерінің болуы, тартылған қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Әлемдік банктің тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
I топ - депозиттер;
II топ - депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігіндепозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден - бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит - бұл клиенттердің банктегі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар - бұл банктің қарыз түрінде немесе меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктің ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтерінедеген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
oo талап етуіне дейінгі депозиттер;
oo мерзімді депозиттер;
oo жинақ салымдар;
oo бағалы қағаздар.
Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімдіоігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялар -дың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Мерзімдік салым депозиті - белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.
Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айып-пұл ретінде оған тқленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.
Тағы біркеңінен таралған салымның түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғары мөлшерде пайыз төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын өзара қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Банкаралық несие - бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері. Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады. Банкаралық несиенің бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт бір түндік және күндізгі заемдар.
Овернайт - банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие. Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей жағдайда бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.
Күндізгі заем - банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспондентік шотында уақытша қаражат жоқтығын немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.
Бұл аталған несиелер несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейіндегі банктер бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелерді бермейді.
Осындай жағдайда коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
oo депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
oo депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
oo депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
oo салым несиелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

2 Коммерциялық банктердің активі мен пассивін басқару әдістемесі және тәжірибесі
2.1 Коммерциялық банктердің активі мен пассивін басқару үдерісін ұйымдастыру

Қазіргі кезде банк активтерін басқару үш әдістемелік бағытқа негізделген. Біріншісі - коммерциялық банк өтімділігін сақтай алады, егер оның активтері қысқа мерзімге орналастырылып, сондай-ақ олар уақтылы қайтарылатын болса. Екіншісі - коммерциялық банк өтімді болуы мүмкін, егер ол өзінің активтерін қолма-қол ақшаларға өзге кредиторлар мен инвесторларға сата алса.Үшінші - коммерциялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк секторының қаржылық
Банк тұрақтылығы негізіндегі банк өтімділігі
Активті және пассивті шоттар
Банк өтімділігін басқаруда қолданылатын өтімділік коэффициенттері
Банк балансының активтердің құрылымын анықтау
«Казкоммерцбанк» АҚ-ның қаржылық экономикалық жағдайын талдау
Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайының теориялық негіздері
Банктік менеджмент
Екінші деңгейлі банктердің пайыздық тәуекелін басқару
Коммерциялық банктегі ақша қаражаттары
Пәндер