Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3

1 БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 6
1.1 Банк жүйесінің мәні және оның атқаратын қызметтері 6
1.2 Банк қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері 15

2 ҚАЗАҚСТАНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ 24
2.1 Қазақстан банк жүйесінің даму деңгейі және оның экономикалық бәсекелесіне ықпалы 24
2.2 ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктер өтімділігі мен валюта жүйесін реттеудегі рөлі 35
2.3 ҚР банктік қызметті мемлекеттік. құқықтық реттеуін талдау 47

ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
ҚОСЫМША

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 6
1.1 Банк жүйесінің мәні және оның атқаратын қызметтері 6
1.2 Банк қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері 15
2 ҚАЗАҚСТАНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ 24
2.1 Қазақстан банк жүйесінің даму деңгейі және оның 24
экономикалық бәсекелесіне ықпалы
2.2 ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктер өтімділігі мен 35
валюта жүйесін реттеудегі рөлі
2.3 ҚР банктік қызметті мемлекеттік- құқықтық реттеуін талдау 47
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Соңғы онжылдық біздің еліміз үшін өзгерістер дәуірі болды.
Елімізде көпкуладты нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған толық
ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Мұнда күшті де серпінді дамыған банк
секторын жасау маңызды рөл атқарады. Бұл кезең тарихта банк секторы
ішіндегі бүкіл қарым-қатынас жүйесін, яғни Ұлттық банк тарапынан басқару
және бақылау саясатын түбегейлі өзгерткен монобанктік жүйеден нарықтық
экономика талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы жаңа банк секторына
көшу, әмбебап банктер жүйесін қалыптастыру кезеңі болды.
Еліміз өз егемендігін алғаннан бері нарықтық қатынастар күннен-
күнге дамып келеді. Бірақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанмен,
оның өзін-өзі басқаруы мүмкін емес. Оған белгілі бір дәрежеде мемлекет
өзінің саясаттары арқылы әсер етіп отыруы керек. Мұндай саясаттарға
мемлекеттің ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттік) саясаты жатады.
Экономиканы ақшалай-несиелік реттеуді қаржы саласының басты секторы
банк жүйесі іске асырады. Банк жүйесі қазіргі заманғы экономикада екі
деңгейлі болып келеді, яғни мемлекеттің эмиссия саясатын іске асырушы
орталық банк (біздің елде Ұлттық банк) және екінші деңгейлі банктер.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервін
басқарады, коммерциялық банктердің арасындағы шот айырушы ретінде қызмет
атқарады, оларға міндетті резервтер талаптарын белгілейді. Орталық банк
ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын
жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын анықтайтын
және жүзеге асыратын органы болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-
несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның
төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын, бір
сөзбен айтқанда, экономикалық жағымсыз құбылыс болып табылатын инфляцияға
қарсы саясатты қамтамасыз етуді көздейді.
Қазіргі таңда нарықтық экономикада банктік жүйенің ролі ерекше.
Банктік жүйе–нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының
бірі. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен
тікелей байланыста болады.
Осылайша банктік жүйе елімізде қалыптасып, экономиканың тиімді
қызмет етуіне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлі саясаттары
арқылы экономиканы өтпелі кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет
алдық.
Қазір елімізде банк жүйесі егемендік алғаннан бері жүргізіліп келе
жатқан нарықтық инфрақұрылым ішінде ең тиімді қалыптасқан жүйе болып
отырғаны белгілі. Елбасымыз Қазақстан дамуының жаңа кезеңі атты
Жолдауында ішкі және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді
бағыттардың бірі– қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен
бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейін қалыптастырудағы осы банк жүйесінің
рөлін айқындайтын негізгі басымдықтарды атап өткен. Ол, ең алдымен, біздің
банктеріміздің жергілікті нарықтағы, өңірлік әрі халықаралық жобалардағы
бәсекелестік күреске әзір болуы керектігін басып айтты. Сондай-ақ, банк
жүйесі тарапынан экономиканың келешегі бар секторларына нарықтық тұрғыдан
тиімді қолдау көрсетуі үшін жағдай жасау және банктердің өңірлік
экономикалық жобаларға қатысуын күшейту және де екінші деңгейдегі қуатты
банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы жобалардың іске асырылуына тарту
туралы маңызды мәселені шешу керектігі айтылады. Бұлардың барлығы банк
жүйесінің экономикадағы, соның ішінде қаржы секторындағы басымдық рөлін
айқындап, оны одан әрі дамытып және мемлекет тарапынан реттеу керектігін
дәлелдей түседі. Міне, сондықтан, дипломдық жұмысымның тақырыбы Қазақстан
Республикасындағы банктік қызметті мемлекеттік-құқықтық реттеу.
Тақырыптың өзектілігі-әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі
көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне
көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтиже
береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық
банктің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асуының мүмкіндігін қарастыру.
Халқымыздың өсіп-өркендеуіне, экономикасының дамуына әсер ететін бірден-бір
фактор банк жүйесінің дамуы. Өйткені банктік жүйе-нарықтық экономиканың ең
маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Отандық экономиканы
реформалаудың қазіргі уақыт сатысында тиімді, нәтижелі және болашақ
бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады. Экономика басқару
процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын
көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде
көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы
фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады.
Зерттеу пәні-Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің екінші деңгейлі
банктерге әсер етудегі экономикалық қатынасын анықтау.
Зерттеу объектісі-Қазақстан Республикасының банктері, соның ішінде
Ұлттық банк.
Негізгі мақсаты-банк ұғымының мәнін және қалыптасу негіздерін
мазмұндап, еліміздегі олардың түрлері мен қызмет ету ерекшеліктерін
қарастыру. Сондай-ақ, банктік қызметтерді реттеу мен қадағалау әдістерін
және тұтас банк жүйесін жетілдіру жолдарын анықтау.
Мақсатқа сәйкес бітіру жұмысының міндеттері:
• Банк жүйесінің қалыптасу және даму мәселелерін ғылыми- теориялық
негіздеу;
• Банк түрлері және олардың қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру;
• Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктер өтімділігін реттеудегі рөлін
анықтау;
• Елімізде банктік қызметті мемлекет қаншалықты деңгейде реттейтінін
анықтау;
• Қазақстанда банк жүйесін жетілдірудің маңыздылығын айқындау.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде, банктің қаржы кәсіпорны ретіндегі мәні және
қалыптасу негіздері, олардың түрлері, қызмет ету ерекшеліктері сипатталады.
Екінші бөлімде, еліміздегі банктік жүйенің қалыптасуы және дамуы, Ұлттық
банктің экономикадағы рөлі мен жүргізетін саясаттарын және екінші денгейлі
банктер өтімділігін реттеудегі рөлі баяндалады. Сонымен қатар, дағдарыс
жағдайында банктік қызметтерді мемлекеттік реттеу мен қадағалау шараларының
қаншалықты деңгейде жүріп жатқаны қарастырылады.
Дипломдық жұмыста осы салаға қатысты отандық және шетелдік ғалым
экономистердің еңбектері мен ҚР президентінің жолдаулары, заң күші бар
жарлықтары, ҚР Банктер және банк қызметі туралы заңы, Қазақстан
Республикасының Ұлттық банк туралы заңы, ҚР Ұлтық банк пен екінші
денгейлі банктердің статистикалық деректері, нормативтік құжаттар мен
ережелер басшылыққа алынған.

1 БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Банк жүйесінің мәні және оның атқаратын қызметтері

Бірқатар ғалымдардың пікіріне қарағанда алғашқы банктер капитализм
дамуының мануфактуралық сатысында дүниеге келіп, кредиттік қатынастардың
кең ауқымды дамуына орай XIV-XV ғасырларда пайда болған.
Банк сөзі banko-деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас
столы дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер, сондай-ақ қалалар, жекелеген
тұлғалар шекіп шығаратын алуан түрлі монеталар арқылы жүргізілген. Банктер
пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің
ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдердің ақшаларына
айырбастауға маманданып отырған. Уакыт өте келе, айырбастаушылар бұл
салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу
үшін пайдалана бастайды.Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге
айналады [6, 6б].
ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы заңның 1- бабына
сәйкес, банк- осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктік қызмет- бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен
байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктің
негізгі операцияларына мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүрзізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау,
айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен
байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және
өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу;
-заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен
ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспонденттік- банктердің
тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу
операцияларын жүргізу [14, 2б].
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың
маңызды құрамдаc бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының
негізгі массасын шоғырландырады. Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер
мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-
бірін толықтыруы қажет, әдеттегінше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа
жүйеге енеді. Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар.
Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері
кездеседі: әр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік
инфрақұрылым, банктердің бірлестігі және т.б. Банк жүйесі құрамдық бөлік
ретінде үлкен жүйе-елдің несие жүйесіне кіреді. Ал, несие жүйесі елдің
экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де банктің қызметі мен дамуын
ұдайы өндірістік процесімен тығыз байланыстырып қарау қажет. Банктер мен
банк жүйесі өзінің нақты қызметінде бюджеттік-салықтық және басқа да
жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалық өмірді басқару мен
реттеудің жалпы тетігімен шектеліп, сабақтасады. Банк жүйесі белгілі бір
өзгешеліктер мен белгілерге ие. Банк жүйесінің белгілері:
1. Банк жүйесінің элементтері алғы шебін Орталық банк құрайтын нақты
бірліккке бағына отырып әрекеттеседі.Онда кездейсоқ элементтер болмайды.
2. Банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен, олардың өзара әрекетімен
анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің Орталық банкі белгілеген
қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән тетік жұмыс
істейді.
3. Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті. Оны біртұтас
ретінде және бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде көрсетуге
болады. Бұл оның жекелеген бөліктерінің қажет болған жағдайда бір-бірін
алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, Жинақ ақша
банкінің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай алады, ал
ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жинақ ақша жүйесіне сеніп тапсыруға
болады. Қандай да бір банк банкротқа ұшыраса да, банк жүйесі сақталып
қалады.
4. Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс
үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толығуы
мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы институттары пайда болады.
5. Банк жүйесі жабық тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығады. Олардың тек
өздеріне тән, осы жүйеге ғана арналған өз тәртібі, ережесі, нұсқауы бар
және банктің өз құпиялары болады.
6. Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі ұйымдастыратын жүйенің
сипатын ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету саясатын
экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарға қарай өзгертіп отырады.
Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше саясат ұстанады, экономиканың
тұрақты даму жағдайында басқа саясатты жүргізеді.
7. Банк жүйесі-басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет етеді
әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға бағынады [5,
45б].
Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелер де, сондай-ақ банк
инфрақұрылымын қалыптастыратын әрі несие институттарының өмірлік әрекетін
қамтамасыз ететін кейбір қосымша мекемелер де кіреді.
Банктік жүйе-нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі және несие жүйесінің негізгі буыны болып табылады.
Себебі, масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым бөлігі
банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, халықтың уақытша
бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға
айналдырады [7, 32б].
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрді және олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болды. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушылардың
экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретінде шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос
ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына
береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да
көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен
қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.

Депозиттер түрінде және Қарыздар,
келісім бойынша басқа
жолдармен берілетін жеке салымдар түрінде
ақша қаражаттары
берілетін ақша қаражаты

Тікелей инвестицияны, Нарықта акцияларды және
акцияларды, облигацияларды, басқа қаржы
құралдарын сату
өзге қаржы құралдарын сатып арқылы алынған ақша
алу арқылы берілетін ақша қаражаты
қаражаты

Сурет 1. Банктердің қаржы делдалдары ретіндегі ролі

1-суретте көрсетілгендей, қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша
капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы
маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып
табылады. Өз қызметінің үрдісінде олар ақша нарығында тауар болатын жаңа
талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау
арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ол қарызды беру арқылы
қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау
үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға
және соған қатысты қаржылық институттар қызметі қозғалысы орын ауыстыруды,
қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады [4, 36б].
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкке кең
өкілеттік беруі екінші деңгейлік банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде
экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік
саясатын жүргізеді. Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер
жалпы ақша қаражатының тобын құрайды және оларды жұмыс істеп тұратын
капиталға айналдырып, әр түрлі шарттарға несиеге деген шарттарды
қанағаттандыра алады. Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-
несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі
шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды мәнге ие.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналды және барлық
қаржылық капитал арқылы нақты экономиканы басқарады. Олар тек делдалдық
қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді.
Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономикалық негізгі түйіні
болып табылады [8, 56б].
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттары мен міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың
кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді
қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы
басқару органы ретіндегі негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын
көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде
көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни осы қозғаушы
фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп
түсінумен келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру
арқылы әсер етуге байланысты [11, 63б].
Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы,
экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр
түрлі несиелер мен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың
үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің
тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін
айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында
қайтармағаны үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес,
сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін
қорғайды.
Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық;
(экономикалық) салалық (министерстволар, компания, фирмалар) аумақтарды
(жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс
істейді.
Банктерде басқарудың басқа органында жоқ ағымдағы ақпараттар
болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілген клиенттердің негізгі қызметі
туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем
жасау, банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттардың болмауы тек объективті
ғана емес, сонымен бірге, осы шарт несиенің жұмысшының нашар екендігінің
күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Банктің мәліметтері
бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын қызметтерінің көптеген
маңызды факторлары туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын-ала көруге
мүмкіндік береді [10, 45б].
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған:
мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары,
т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды
пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол
арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етеді. Қазақстанның нарықтық
экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті
жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің
ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда,
меншіктің аралас түрі негізінде кәсіпорындар құрылуда. Қоғамда белгілі бір
класқа ие комерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың
дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің ролі күшеюде. Олардың
жұмысында әміршіл- әкімшіл орнын- экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп
экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта түсті.
Бұл жағдайда экономикада инфляцияның төмендеуінде және олардың
нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендірудегі ролі
айрықша. Мұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты- несиелік механизмді
жетілдіру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртібін сақтау болып
табылады.
Мемлекеттік меншікке кәсіпорындарды жекешелендіруді қайта құруға
банктік жүйенің ролі маңызды. Сондықтан, банктік реформаның негізгі
мақсаттарының бірі- экономикалық жеке секторды құру және кәсіпорындарды
жекешелендіруде демеушілік көрсету болып табылады.
Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың ролін жоғарылату
және сауықтыру банктерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта
құруға қолғабыс етті. Сауықтыру банкінің ролі жекешелендіру бағдарламасының
негізгі мақсаты болып табылатын, тиісінше жекешеленген және көп шығынды
кәсіпорындарға корпоративті жетекшілікті күшейтуге қатысты арта түседі.
Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуын
қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол
шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырады [12, 39б].
Банк ісі- қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын
кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктердің экономикадағы
маңызының ерекше екендігін олардың жүргізетін 200-ден аса қызметтері мен
операцияларынан көруге болады.
Қандай жүйе болмасын оның өзінің формалары мен қызметтері болатыны
анық. Жалпы банктің атқаратын қызметтерін төмендегідей қарапайым жіктеуге
болады:
• Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына
айналдыру;
• Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы
қағаздармен операциялар жүргізу;
• Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлі шаруашылық субъектілерінің
төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы
клиенттеріне айырбас, ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
• Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентіне тек жинаған бос ақша
қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді,
вексельдерді шығарумен де несиелейді;
• Экономикалық және қаржылық ақпарат беріп отыру;
Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және
эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк-ол айналысқа ақша белгілейтін эмиссиялауға
(шығаруға) құқы бар, әдетте Орталық банк деп аталады. Біздің елде ол-
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің орталық
банкінің негізгі мақсаты-айналысқа ақша бірлігін шығару, қалған банктерге
ерекше тауар-ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие есеп, эмиссиялық
жұмысын басқару болып табылады.
Мемлекеттің басқа банктерінің барлығының да ақша белгілерін
шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық,
инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық
банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын
әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған
банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа
ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және
басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге
қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал
инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді
несиелейді.
Ипотекалық банктер- жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке
алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және
басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинайды [7,136б].
Бағанадан бергі банктік жүйеде басты банк деп айтып жүрген Орталық
банктің қызметтеріне тоқталсақ. Кез-келген орталық банктің міндеті- ұлттың
ақша өлшемінің төлем қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулылығын
қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін орталық банк негізінен мынадай
қызметтерді орындайды:
• Банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;
• Ақша-несиелік қатынастарды реттеу;
• Сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу;
• Банктердің банкісі болу және үкімет банкісі қызметі;
Орталық банктің ең алғашқы қызметі-ежелден қалыптасқан мемлекеттің
өкілі ретінде-заңды түрде банкнота шығару. Ол-елде төлем міндеттемелерін
өтейтін, халық қабылдаған жалпы ұлттық төлем құралы. Кейбір мемлекеттерде
орталық банк монополиялы түрде монеталар шығарады. Көп елдерде монетаны
қаржы министрлігі соғып, орталық банк оларды номиналымен сатып алады.
Сөйтіп, орталық банк сатып алған монеталарды өзі шығарған банкноталармен
қосып, айналымға түсіреді.
Орталық банктің эмиссиялық монополиясы оны банк жүйесінің эмиссиялы-
кассалық орталығына айналдырды. Себебі орталық банктің міндеттемелері кез-
келген коммерциялық банктің кассалық қоры болып табылады. Өйткені орталық
банктің басты клиенті-коммерциялық банктер, ал олар орталық банк пен
экономика салалары арасында делдал ретінде қызмет атқарады.
Орталық банктің ақша-несиелік реттеу қызметі. Экономиканы ақша және
несие айналымына әсер ету жолымен реттеу-мемлекеттің экономикалық
саясатының құрамдас элементі. Оның негізгі мақсаты-экономикалық өсудің
тұрақтылығы, инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі деңгейіне және төлем
балансының тепе-теңдігіне қол жеткізу болып табылады.
Орталық банктің сыртқы экономикалық қызметі–ол орталық банктің
мемлекеттік валюталық саясаты жүргізілетін және валюталық бақылау органы
болуы. Ол- ұлттық валютаның айырбастау курсын анықтау және оны реттеу;
елдегі және одан тыс жерлердегі валюталық құндылықтардың қозғалысын
қадағалау: болжамдарды жасауға қатысу және төлем балансын құрастыруды
ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Орталық банк дүниежүзілік қарыз капиталы
нарығы мен алтын нарығына қатысу үшін халықаралық келісімдерді дайындауға,
сонымен бірге, халықаралық және аймақтық валюта-несие ұйымдарында өз елінің
өкілі болып қатысады.
Орталық банктің банктердің банкісі қызметі–ол орталық банктің
кәсіпорындарға және халыққа тура қызмет көрсетпеуі, яғни орталық банктің
негізгі клиенті коммерциялық банктер болуы. Бұл оның коммерциялық
банктерден айырмашылығы. Орталық банк коммерциялық банктердің кассалық
қорларын жинақтау және сақтау қызметін атқарады. Бұл қорлар банктік
міндетті резерв қорлары деп аталады. Орталық банк банктердің депозиттері
бойынша міндеттемелерінің ең аз резервтеріне арақатынасын, яғни міндетті
резервтердің нормасын бекітеді.
Коммерциялық банктердің кассалық резервтерін сақтауға қабылдаумен
қатар орталық банк оларға несиелік көмек көрсетеді. Оның несие үшін
проценттік төлем мөлшері нарықтық мөлшерден анағұрлым жоғары болады,
сондықтан орталық банктің несиесін басқа несие алу мүмкіндігі болмаған
ақырғы жағдайда ғана алады.
Орталық банк банктердің банкісі ретінде елдің төлем жүйесінің басты
реттеуші органы қызметін атқарады. Ол банкаралық есеп айырысуды
ұйымдастыру, есептеу жүйесін реттеу және үйлестіру жұмыстарын жүргізіп,
банк жүйесінің есеп айырысу орталығы болып табылады.
Орталық банктер қадағалау мен бақылауды негізінен мынадай бағытта
жүргізеді:
• Банктік қызмет түрлеріне лицензия беру;
• Кейбір операция түрлерін жүргізуге;
• Банктер берген қаржылық есепті тексеру және талдау;
• Клиенттерді ревизиялау (тексеру);
• Міндетті резервтердің нормативті және экономикалық нормативтердің жүйесін
белгілеу, сонымен бірге олардың орындалуын тексеру.
Орталық банктің үкімет банкісі қызметі. Үкіметтің банкирі ретінде
орталық банк оның әрі кассирі, әрі несие берушісі, әрі қаржылық кеңесшісі.
Орталық банкте үкімет пен мемлекеттік органдардың есепшоттары айтылған.
Орталық банк мемлекетті несиелеумен, мемлекеттік заемдарды орналастыру және
оларды өтеу мәселелері бойынша, нарықтық жағдайларға байланысты мемлекеттік
бағалы қағаздарды және оның табысты уақытын таңдау жөнінде кеңес берумен,
мемлекеттік борышты басқарумен шұғылданады.Қорыта айтқанда, орталық банктің
атқаратын қызметтері бірімен-бірі тығыз байланысты [4, 158б].
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте
зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет
етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін
шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептеу,
бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және
басқа да көптеген қаржылық қызметтер көрсетеді.
Коммерциялық банктер-нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі
буыны. Олардың міндеті-ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз
қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты
несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық
шаруашылық қызмет атқарады. Енді коммерциялық банктермен кеңірек танысу
үшін олардың қызметтерін айтып өтейік:
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметі–банктердің ежелден
атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процент түрінде табыс
түссе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз
қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік
қажеттіліктерге жұмсалуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі–несие беруде
делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей
несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынылатын капитал
көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналысынан босау
мерзімінің қарыздарға қажет мерзіммен сай келмеуі. Коммерциялық банктер
қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы
кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әр түрлі секторларына
беріліп, өндірістің көбеюін қамтамасыз етеді.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты
экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан банктің келесі қызметі-
шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізудің ролі зор.
Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз
жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа ақша
қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.
Коммерциялық банктердің ерекше қызметі-құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту
немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік
қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі жолмен: клиенттің банкке ақша
салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі.
Коммерциялық банктер акция мен облигация түріндегі бағалы
қағаздарды шығарып және орналастыру эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет
атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі
бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен
тығыз байланысты жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында
кәсіпорындар акция мен облигация шығарады.
Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметін де
атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айрылғандардың
мүлкін уақытша басқару; ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін
басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару және т.б. қызметтер
көрсету болып табылады. Ал компанияларға көрсететін қызметтері: банктің
облигациялар бойынша кепілші болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және
трансферттерді тіркеу үшін өкіл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының
қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарады.
Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинақтауы банктердің клиенттеріне
кеңес беру қызметіне мүмкіндік туғызады. Банктер төмендегідей кеңес береді:
шот ашу; есеп-несиелік және кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және
тауар нарықтарында операциялар жүргізуге дейін нұсқау береді.
Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің
арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін
іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет
көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз
орнын нығайту олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп,
қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сонымен, банктердің экономикадағы
ролі күннен-күнге артуда [13, 115б].

1.2 Банк қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Банк қызметі дегеніміз-банк операцияларын жүзеге асыру болып
табылады. Банк операциялары және өз клиенттеріне көрсетілген басқа да
қызметтер банк өнімдері деп аталады. Банк операциялары және көрсетілген
қызметтер ақшалай түрде жүзеге асырылып, коммерциялық және өндірістік
сипатқа ие болады. Банк қызметін банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-
әрекеттерді орындауы деп сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің
негізінде қандай да бір сұранысты қанағаттандыру қажеттілігі жатады [4,
153б].
ҚР Банктер және банк қызметі туралы Заңының 30-бабы бойынша
мынадай операциялар жатады:
1) депозиттердi қабылдау, заңды тұлғалардың банктiк шоттарын ашу және
жүргiзу;
2) депозиттердi қабылдау, жеке тұлғалардың банктiк шоттарын ашу және
жүргiзу;
3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу;
4) банктердiң жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және
жүргiзуi жатады, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған бағалы
металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны
көрсетiледi;
5) кассалық операциялар: банктердiң және Ұлттық почта операторының қолма-
қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, орауды
және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруi;
6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемi мен
аударымы бойынша тапсырмаларын орындау;
7) есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерi мен
өзге де борышкерлiк мiндеттемелерiн есепке алу (дисконт);
8) банктiк заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды ұстаушы
ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокерге және (немесе)
дилерге немесе агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы
холдингтiң еншiлес ұйымдарына төлемдiлiк, мерзiмдiлiк және
қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру; V053870
9) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
10) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
11) төлем құжаттарын (вексельдердi қоспағанда) инкассоға қабылдау;
12) аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша мiндеттемелердi
орындау;
13) банктердiң ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлдiктерiн беруi;
V085231
14) банктердiң үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк
кепiлдемелерiн және өзге де мiндеттемелердi беру [14, 5б].
Тiзiп көрсетiлген банк операциялары Ұлттық Банк белгiлеген тәртiпте
электрондық тәсiлмен жүзеге асырылуы мүмкiн.
Банктердің осы операцияларын топтастыра келіп, оларды келесідей
негізгі функцияларға бөліп көрсетуге болады:
- депозиттік операциялар;
- экономиканы және халықты несиелендіру активті операциялар;
- қолма- қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру мен жүргізу;
- инвестициялық әрекеттер;
- өзге де клиенттерге қаржылық қызметтер.
Банк өз қызметін банк операцияларын жүргізудің жалпы жағдайларын
белгілейтін ережелер мен ішкі ережелер болғанда ғана жүргізе алады.
Ережелерде мына төмендегі деректер мен процедуралар болуға тиіс:
• қабылданатын депозиттер мен берiлетiн несиелердiң шектi сомасы мен
мерзiмi;
• депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы ставкасының шектiк мөлшерi;
• депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы төлеудiң шарттары;
• банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
• банк операцияларын жүргiзу ставкалары мен тарифтерi;
• банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың
жауапкершiлiгi;
• ислам банкiнiң және оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, ислам
банкiнiң банк операцияларын жүргiзу талаптары және солармен байланысты
тәуекелдер;
• банк директорларының кеңесi банк операцияларын жүргiзудiң жалпы
шарттарына енгiзу қажет деп есептейтiн басқа шарттар, талаптар мен
шектеулер.
Банкiнiң iшкi ережелерi:
• банк бөлiмшелерiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
• iшкi аудит қызметiнiң, несие комитетi мен басқа да тұрақты жұмыс
iстейтiн
органдар қызметiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
• құрылымдық бөлiмшелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн;
• банкiнiң атынан және оның есебiнен мәмiле жасаған кездегi лауазымды
адамдар мен банк қызметкерлерiнiң өкiлеттiгiн белгiлеуге тиiс.
ҚР Банктер және банк қызметі туралы заңына сәйкес Қазақстан
Республикасында банктік қызметті ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1. Банк ашуға рұқсат алу;
2. Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.
Заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді
және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
• рұқсат алу үшін беретін өтініші;
• құрылтайшылық шарт (түп нұсқа);
• банктің жарғысы (түп нұсқа);
• банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
• құрылтайшылар туралы мәліметтер;
• құрылтайшылардың соңғы екі есептілік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды
тұлғалар үшін);
• құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
• егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР- ның резиденті болмаса,
ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау
органынан жазбаша келісім қажет;
• егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк
ретінде қайта құрылса, онда: оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы
есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы
туралы аудиторлық қорытынды;
• банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер;
• жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті
органымен бекітілуі тиіс);
• жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі( банктің
өкілетті органымен бекітілуі тиіс);
• жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің
өкілетті органымен бекітілуі тиіс);
• жаңадан құрылатын банктің бизнес- жоспары, оның ішінде болу керек: банк
қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп
айырысу балансы), бастапқы қаржылық үш жылға арналған пайда және зиян
туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек
ресурстарын қалыптастыру жоспары;
• тапсырылған бизнес- жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы
құрылтайшылардың есебі;
• нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге
құзіретінің барлығын растайтын құжаты;
• басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер.
Банк қызмет ұйымдастыру үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі
кеткенде алты ай мерзім ішінде өкілетті органда қаралады.
Екінші кезеңде, жаңадан құрылатын банк Қаржылық қадағалау агенттігі
рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде ҚР Әділет министрлігінде банк
мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылық қадағалау агенттігінің банк
ашуға берген рұқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық
құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде, банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық
қадағалау агенттігінен лицензия алады. Ұлттық Банк немесе уәкiлеттi орган
лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктердiң
жүзеге асыруына рұқсат берiлген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы
[6, 75б].
      Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу
тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. Лицензия алу
үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды
орындауға тиіс:
• өтiнiштi;
• барлық ұйымдастырушылық-техникалық iс-шараларды орындағаны туралы, оның
iшiнде уәкiлеттi органның және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң талаптарына сәйкес келетiн үй-жайдың, жабдықтың және
бухгалтерлiк есептi және бас бухгалтерлiк кiтапты автоматтандыру
жөнiндегi бағдарламалық қамтамасыз етудiң дайындығы туралы, сондай-ақ
Ұлттық Банк талаптарына сай келетiн автоматтандырылған банк жүйесiнiң бар
екенi жөнiнде куәландыратын құжаттарды табыс етуге және тиiстi
бiлiктiлiгi бар персоналды жалдауға;
• жарғының нотариат куәландырған көшiрмесiн және өтiнiш берушiнiң заңды
тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
• салық төлеушi куәлiгiнiң және статистикалық карточканың көшiрмесiн;
• жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның
бюджетке төленгенiн растайтын құжатты;
• банктiң директорлар кеңесi бекiткен iшкi аудит қызметi туралы ереженi;
• банктiң директорлар кеңесi бекiткен кредит комитетi туралы ереженi;
• штат кестесiн (қызметкерлердiң тегiн, атын және бар болса әкесiнiң атын
көрсете отырып);
• банктiң бағдарламалық техникалық құралдарының уәкiлеттi органның және
Қазақстан Республикасының кредиттiк бюро туралы заңнамасының талаптарына
сәйкес келуiн растайтын құжаттарды;
• ең төмен мөлшерi уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң нормативтiк
құқықтық актiлерiнде белгiленген жарғылық капиталдың төленгенiн растайтын
құжаттардың көшiрмелерiн табыс етуге тиiс.
      Жұмыс iстеп тұрған банк қосымша банк қызметтерін жүргiзуге лицензия
алу үшiн біріншіден, қосымша банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн
өтiнiш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай iшiнде пруденциялық
нормативтердiң орындалуын қамтамасыз етуге; екіншіден, тәуекелдердi басқару
және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуы бөлiгiнде уәкiлеттi орган белгiлеген
талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге; үшіншіден банк операцияларының
қосымша түрлерiн жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ереженi табыс етуге тиiс.

Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру жөнiндегi өтiнiштi
уәкiлеттi орган немесе Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарына сәйкес келетiн құжаттар табыс етiлген күннен бастап отыз жұмыс
күнi iшiнде қарауға тиiс.
Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын
жүргiзуге лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi. Банк операцияларын
жүргiзуге берiлген лицензия үшiншi адамдарға берiлмеуге тиiс. Банк
операцияларының барлық түрлерi оны жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей
көрсетiлген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Банк операцияларын
жүргiзуге лицензия беру жөнiндегi шешiмдi уәкiлеттi органның немесе Ұлттық
Банктiң ресми басылымдарында жариялайды. Банк операцияларын жүргiзуге
берiлген лицензияның тиiстi дәрежеде куәландырылған көшiрмесi банк
клиенттерi көруiне оңтайлы жерге орналастырылуы тиiс.
Уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық
актiлерiнде банктер мен жекелеген қызмет түрлерiне лицензия алуға
байланысты банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдарға қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн.
Банктер банк операцияларымен қатар, уәкiлеттi органның лицензиясы
болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
      1) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күмiс, платина,
платина тобына жататын металдар) құйма күйiнде, тазартылған қымбат бағалы
металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу,
сақтау және сату;
      2) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлiк бұйымдарды
сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
     3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдердi инкассоға
қабылдау, төлемшiлердiң вексельдердi төлеуi жөнiнде қызметтер көрсету,
сондай-ақ делдалдық тәртiбiмен домицилденген вексельдердi, вексельдер
акцептiн төлеу;
      4) лизинг қызметiн жүзеге асыру;
      5) өзiнiң бағалы қағаздарын (акцияларды қоспағанда) шығару;
      6) факторингтiк операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi)
сатып алушыдан төлемсiз тәуекел етiп қабылдай отырып, төлем жүргiзудi талап
ету құқығын алу;
      7) форфейтингтiк операциялар (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды,
қызметтердi) сатып алушының қарыз мiндеттемесiн сатушыға айналым түспейтiн
жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;
      8) сенiмгерлiк операциялар: сенiмгердiң мүддесiне және тапсырмасы
бойынша ақшаларды, ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы
металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;
      9) сейфтiк операциялар: сейфтiк жәшiктердi, шкафтарды және бөлмелердi
жалға берудi қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы
қағаздарды, клиенттердiң құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша
қызметтер [12,97б].
Банкiлер жүргiзетiн қызметке қойылатын жалпы талаптар:
      1. Банкiлер банк қызметiн операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарын
белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға
құқылы.
      2. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережелерiн
банк директорларының кеңесi бекiтуге және оларда мынадай мәлiметтер мен
рәсiмдер болуға тиiс: қабылданатын депозиттер мен берiлетiн несиелердiң
шектi сомасы мен мерзiмi; депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы
ставкасының шектiк мөлшерi; депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы төлеудiң
шарттары; банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар; банк
операцияларын жүргiзу ставкалары мен тарифтерi; банк пен оның клиентiнiң
құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi; банк директорларының
кеңесi банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарына енгiзу қажет деп
есептейтiн басқа шарттар, талаптар мен шектеулер.
Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары ашық ақпарат болып
табылады және ол коммерциялық немесе банк құпиясының мәнi бола алмайды. Бұл
қалып заңға сәйкес банк құпиясына не қолданылып жүрген заңдарға сәйкес
коммерциялық құпия санатына жатқызылған нақты банк операциясын жүргiзу
шарттарына қолданылмайды. Банкiлер клиенттiң бiрiншi талап етуi бойынша
банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттар туралы ережесiн беруге
мiндеттi. Банкiлердiң клиентке банк операциясын жүргiзуге байланысты
ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат беруден бас тартуға құқығы жоқ [11, 82б].
Сонымен қатар, ҚР- ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге
асыру барысында филиалдары, өкілдіктері, жинақ-кассаларын, сондай-ақ
еншілес банктерін аша алады.
Банктің филиалы- филиал туралы ережеде немесе лицензияда
көрсетілетін банктік операцияларды жүсеге асыруға құқылы және өзінің дербес
бухггалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Қаржылық
қадағалау агенттігінің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды
тапсырады:
- филиал ашуға рұқсат алу өтініші;
- банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
- бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы
мәліметтер.
Банктің өкілдігі-банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни
банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан
жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық
бөлімшесі. Банк өкілдігі де Қаржылық қадағалау агенттігінің келісімімен
ашылады.
Еншілес банк-жарғылық капиталдың елу пайыздан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
ҚР қаржы нарығының дамуы
Несиенің қажеттілігінің экономикалық мәні
Коммерциялық банктердің экономикадағы қызметі және операциялары
Сыртық экономикалық банкі
Пәндер