Ұзақ мерзімді активтер есебі және аудиті



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1 ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... 9
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2 Ұзақ мерзімді активтер аудитінің маңызы мен мәні ... ... ... ... ... .. 22

2«АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ» ШЖҚ МКК.НЫҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІНІҢ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... .
2.1 «Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№2 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК кәсіпорыны экономикалық сипаты, оның қаржылық жағдайы және есеп саясаты 29
2.2 Кәсіпорында негізгі құралдарының есебінің ұйымдастырылуы ... ... . 41
2.3 Кәсіпорынның материалдық емес активтерінің есебі. ... ... ... ... ... ... 46

3«АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ» ШЖҚ МКК.НЫҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ... ... ... ... .. 54
3.1 Ұзақ мерзімді активтерді аудиторлық тексеру бағдарламасы мен нәтижесі ... ... ... .54
3.2 Активтерді пайдаланудың тиімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
3.3 Ұзақ мерзімді активтер есебін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... 61

ҚОРЫТЫНДЫЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 67
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 69

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
1 ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
... ... ... ... ... ...
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің теориялық 9
негіздері ... ... ... ... ... ... . ...
1.2 Ұзақ мерзімді активтер аудитінің маңызы мен 22
мәні ... ... ... ... ... ..
2АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК
МЕКЕМЕСІНІҢ №2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ ШЖҚ МКК-НЫҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР
ЕСЕБІНІҢ
ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
... ... ... ... ... ... ... ... .. .. 29
2.1 Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік
мекемесінің №2 қалалық емханасы ШЖҚ МКК кәсіпорыны экономикалық
сипаты, оның қаржылық жағдайы және есеп саясаты
2.2 Кәсіпорында негізгі құралдарының есебінің 41
ұйымдастырылуы ... ... .
2.3 Кәсіпорынның материалдық емес активтерінің есебі. 46
... ... ... ... ... ...
3АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК
МЕКЕМЕСІНІҢ №2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ ШЖҚ МКК-НЫҢ Ұзақ мерзімді
активтерДІҢ аудиті және оЛАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН
ТАЛДАУ ... ... ... ... .. 54
3.1 Ұзақ мерзімді активтерді аудиторлық тексеру бағдарламасы мен
нәтижесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
3.2 Активтерді пайдаланудың тиімділігін 57
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Ұзақ мерзімді активтер есебін жетілдіру 61
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫЛАР 64
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 67
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69
... ... ... ... ... ... ... ..











КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Еліміздегі нарықтық қатынастарының тез
жылдамдықпен дамуы қаржылық - шаруашылық қызметіне жаңалық енгізіп
отыруды талап етеді, оның ішінде әсіресе ұзақ мерзімді активтер
амортизациясын есептеуде. Соңғы жылдары негізгі құралдардың
амортизациясын есептеуде нормативтік базалар маңызды өзгерді.
Ұзақ мерзімді активтер кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелерін
өтеу барысында қабілеттілігі жоғары, яғни тез арада өзінің құнын басқа
заттарға айырбастай (өзгерте) алатын мүліктер болып табылады. Кәсіпорындар
мен ұйымдар жұмыс жүргізу барысында ағымдағы активтерден басқа ұзақ
уақыт бойы пайдаланатын өндірістік және әкімшілік қызметі орындауға
арналған активтерді қажет етеді. Ал мұндай ұзақ мерзімді активтердің
қатарына негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді, ұзақ мерзімді
дебиторлық борыштарды және ұзақ мерзімді инвестицияларды жатқызуға
болады.
Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін
үздіксіз қамтамасыз етудің маңызды бөлігі - ұзақ мерзімді активтер болып
табылады. Өндіріс тиімділігін анықтауда ұзақ мерзімді активтердің түсуі мен
шығуы, олардың бағасы, негізгі әсер етуші факторлардың бірі болып табылады.
Сондықтан оның есебін дұрыс ұйымдастырмай, ішкі бақылауы мен аудитін дұрыс
жүзеге асырмай, қадағалау мүмкін емес.
Осы жұмыстың тақырыбын ала отырып, алға қойылған негізгі мақсат -
ұзақ мерзімді активтер есебінің және аудиттің жүргізу тәртіптері мен
әдістері, аудитті жүргізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көрсету,
жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Ұзақ мерзімді активтер оның амортизациясы мен тозуын есептеу бойынша
екіге бөлінеді: негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуы, материалдық
емес активтердің амортизациясы мен тозуы.
Негізгі құралдардың аудиті деп негізгі құралдардың түскендігі,
есептен шығарылуы, оған пайдалы қызмет мерзімі мен нақты құнының бағасы,
амортизация мен тозуын есептеу, ішкі бақылаудың тиімділігін пайдалануды
тексеру енеді.
Материалдық емес активтердің аудиті деп нақты ақшаның, оның қалыптасуын
және оның құжатта анық көрсетілуін тексеруді түсіндіреді, оған пайдалы
қызмет мерзімі мен нақты құнының бағасы, амортизацияны есептеу, шығудың
негізділігі, есепті ұйымдастыру және кәсіпорындағы талдау мен ішкі
бақылаудың тиімділігін пайдалануды тексеру енеді.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы Ұзақ мерзімді активтер есебі және аудиті
болғандықтан мен ұзақ мерзімді активтер есебінің жіктелуі олардың
есептелуі мен аудитына теориялық анықтама бере отырып Астана қаласының
денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесінің №2 қалалық емханасы
ШЖҚ МКК-ның негізгі құралдар мен материалдық емес активтерінің
есептелуін және оларға амортизация есептеуін ұйымдастыруды талқыладым.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндірістік үдерісінде ұзақ
уақыт бойы, яғни бір жылдан артық пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін
көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа
көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшерін шегінде
біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалды активтерді
айтады.
Ал материалдық емес активтер деп белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ
ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын бірақ қандайда
бір бағаға, құнға бағаланатын болағндықтан кәсіпорынға өнім өндіруде,
тауарларды сату, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе
әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни уақыт бойы қосымша табыс әкеліп
тұратын активтерді айтамыз.
Осы дипломдық жұмыстың өзектілігі өндірістің кез келген
өндірістік немесе коммерциялық түрін ашуда кәсіпорынға ұзақ мерзімді
активтер қажет және олардың өз есеп саясатын сәйкес айқындалады
амортизациясын есептеу қажеттілігі мен анықталады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында Астана қаласының денсаулық
сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесінің №2 қалалық емханасы ШЖҚ МКК-
ның материалдар кеңінен қолданылды. .
Өндіріс тиімділігін анықтауда ұзақ мерзімді активтердің түсуі мен
шығуы, олардың бағасы, негізгі әсер етуші факторлардың бірі болып табылады.
Сондықтан оның есебін дұрыс ұйымдастырмай, ішкі бақылауы мен аудитін дұрыс
жүзеге асырмай, қадағалау мүмкін емес.
Осы жұмыстың тақырыбын ала отырып, алға қойылған негізгі
міндеттері - ұзақ мерзімді активтердің есептелуіндегі аудиттің жүргізу
тәртіптері мен әдістері, аудитті жүргізудің кемшіліктері мен
артықшылықтарын көрсету, жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Негізгі құралдардың аудиті деп негізгі құралдардың түскендігі, есептен
шығарылуы, оған пайдалы қызмет мерзімі мен нақты құнының бағасы,
амортизация мен тозуын есептеу, ішкі бақылаудың тиімділігін пайдалануды
тексеру енеді.
Материалдық емес активтердің аудиті деп нақты ақшаның, оның
қалыптасуын және оның құжатта анық көрсетілуін тексеруді түсіндіреді, оған
пайдалы қызмет мерзімі мен нақты құнының бағасы, амортизацияны есептеу,
шығудың негізділігі, есепті ұйымдастыру және кәсіпорындағы талдау мен ішкі
бақылаудың тиімділігін пайдалануды тексеру енеді.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Негізгі құралдарды есептеу әдістерін көрсету, оның аудитін жүргізу;
- Материалдық емес активтерді есептеу, оның аудитін жүргізу;
Жалпы аудит саласын дамыту тұжырымдамасының міндеті Қазақстан
Республикасының экономикасында аудит жүйелерінің өздеріне тән функцияларды
одан әрі дәйекті түрде және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен
алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады.
Концепцияны іске асыру Қазақстан ұйымдарына халықаралық нарық
мүмкіндігін толық шамада кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді, осылайша ол
өзінің бәсекеге қабілеттілігін артады, бұл Қазақстанның ДСҰ-ға кіру
қарсаңында аса өзекті болып отыр.
Дипломдық жұмыстың алға қойған негiзгi мақсаты кәсiпорынның ұзақ
мерзімді активтердің емебін ашып көрсету және оның аудитін жүргізу мен
оның тиiмдiлiгiн арттыру шараларын көрсету болып табылады. Дипломдық
жұмысты орындау барысында экономикалық, статистикалық әдістер қолданылды.
Жұмыстың зерттеу объектiсiне Астана қаласында орналасқан Астана
қаласының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесінің №2 қалалық
емханасы ШЖҚ МКК-нің соңғы жалдардағы көрсеткiштерi алынды және оған
экономикалық, бухгалтерлiк талдау жасалынды.
Қойылған осы мақсаттарға жету үшін мына міндеттерді алдыға қойю
керек:
- негізгі құралдарды бағалау және жіктеудің мәнін қарастыру;
- негізгі құралдар қозғалысының теориялық аспектілерін оқу;
- ұзақ мерзімді активтердің есептелуін және тозу есебін және аудару
тәртібін қарау;
- ұзақ мерзіді активтердің ішіндегі негізгі құралдар мен
материалдық емес активтердің тәртібін оқу;
- Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік
мекемесінің №2 қалалық емханасы ШЖҚ МКК-нің ұзақ мерзімді активтерінің
есебі және аудиті;
- Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік
мекемесінің №2 қалалық емханасы ШЖҚ МКК-нің ұзақ мерзімді активтер есебін
жақсартуда шаралар қолдану.
Дипломдық жұмысты зерттеу объектісі. Астана қаласының денсаулық сақтау
басқармасы мемлекеттік мекемесінің №2 қалалық емханасы ШЖҚ МКК-нің ұзақ
мерзімді активтер есебі болып табылады.
Жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының заңшығару
актілері, Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті реглементтейтін
құжаттар, экономика және қаржы салаларындағы көрнекті авторлардың
еңбектері қолданылып олар пайдаланылған әдебиеттер тізімінде қарастырылды
Дипломдық жұмысты жазу барысында Астана қаласының денсаулық сақтау
басқармасы мемлекеттік мекемесінің №2 қалалық емханасы ШЖҚ МКК-нің соңғы
екі жылдық қаржылық есептілігі және ұзақ мерзімді активтерді талдайтын
құжаттары кеңінен қолданылды.
Сондықтан да Ұзақ мерзімді активтер есебi және аудитi тақырыбы бүгiнгi
күнi өзекті тақырып болып табылады. Сол себептен жоғарыда аталған
тақырыпты диплом жұмысын жазу үшiн таңдап алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе бөлім, негізгі үш бөлім,
қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Сонымен қатар жұмыс кестелер, суреттер және диограммалармен
кескінделген.

1 ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗІ

1.1 Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері

Ұзақ мерзімді активтер – бұл компанияның ресурстары, оларды пайдаланудан
болатын экономикалық пайданы, ұзақ кезең ішіндегі алу көзделген және олар
сату үшін емес, кәсіпорын қызметінде пайдалану үшін алынады. Қысқа мерзімді
активтерден ұзақ мерзімді активтер өмірлік циклді ұстанады, бірақ қысқа
мерзімді активтердің бөлігі болып табылмайды.
Ұзақ мерзімді активтер мынадай категорияларға бөлінеді:
1. Материалдық активтер – физикалық субстанциясы бар. Ғимарат және
құралдар өндірілген және офистік құралдар амортизациясына жатады., демек
материалдық активтертердің құнын мерзім ішінде пайдаланған кезде бөлу. Жер
амортизацияға жатпайтын жалғыз материалдық актив болып табылады, себебі
оның пайдаланылуы шексіз.
2. Табиғи ресурстар пайдалы қазбаларды тапқандықтан, жерден айырмашылығы
бар. Табиғи ресурстар әлсіреуге негізделеді, себебі ресурстарды
пайдаланғанда тауысуы басталады.
3. Материалдық емес активтер - физикалық субстанцисы жоқ, бірақ
амортизацияға жатады. Материалдық емес активтердің құны пайда тапқанда
кезеңдерге бөлінеді. Материалдық емес активтерге авторлық құқық, сауда
маркалары, патенттер, франшизалар, ұйымдық шығындар мен істің деңгейі
жатады [1, 142 бет]
Ұзақ мерзімді активтерге сонымен қатар инвестициялар, капиталдық
салымдар және ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар жатады. Кәсіпорынның
шаруашылық жүргізу процесінде қолданылмайтын активтер ұзақ мерзімді
активтер категориясына жатады. Егер жерді пайдаланудың негізгі мақсаты
спекуляция болса, онда оны инвестиция ретінде қарастырғаны жөн. Егер жерді
қайта сату мақсатында пайдаланса, онда ол запас ретінде қарастырылады.
Қазіргі таңда ғимарат пайдаланылмаса, онда ол инвестиция ретінде
көрінеді. Комбайн көлікқұру зауытында запас ретінде көрінеді, ал есепті
кезеңді оны негізгі құрал ретінде қарастырады. Пайдаланылмаған жер мен
ғимарат, сонымен қатар материалдық емес актив гудвилл амортизацияға емес,
құнсыздануға жатады.
Осы жерде айта кету керек ұзақ мерзімді активтер ішіндегі
материалдық емес активтер мен негізгі құралдарға ғана амортизациялар
есептелуіне байланысты біз негізгі құралдар мен марериалдық емес
активтерге толығырақ тоқталып кетуді жөн көрдім
Жалпы негізгі құралдар дегеніміз – бұл материалдық өндіріс сферасында
және өндірілмейтін сферасында ұзақ мерзім кезінде жүргізілетін, жалға
беруге қолданылатын материалдық активтер.
Негізгі құралдардың маңызды сипаттамасына мыналар жатады:
1) олар қайта сату мақсатында емес, шаруашылық қызмет үрдісінде
пайдалану мақсатында алынады.
2) ұзақ кезең ішінде қолданылады және амортизацияланады
3) материалды түрде болатын физикалық дене
Құн түрлері:
Бастапқы құн – негізгі құралдарды алу немесе салу кезіндегі төленген
ақша қаражаттарының сомасы немесе олардың орнына берілген басқа активтердің
әділ құны.
Ажырату құны – активтің өзіндік құны немесе басқа сала, ликвидтік
құнды шешу.
Амортизация – экономикалық өмірдегі жүйелі және рационалдық құн
активтерді бөлу.
Құн қалдығы – көлемді көрсететін, амортизацияны шығарған кезде
және жиналған шығындардың құнсыздандырылғаннан кейін активтер мойындалады.
Пайдалы қолданыстағы есептік мерзім – мерзім кезеңімен сипатталатын
активтерді қолдану үшін экономикалық пайданы алу.
Құнды шығару – бұл қосымша шығын ету, қаржылық немесе салықтық шығынды
қоспағанда, активтердің шығуымен тікелей байланысты.
Әділ құн – бұл бір біріне тәуелсіз активтердің айырбасталу соммасы.
Құнсызданудан шығын – активтердің баланстық құны оны қайта қалпына
келтіретін құнды көтеретін көлем болып табылады.
Қайта қалпына келтіретін құн – активтің жоғарғы таза бағасы және пайдалы
құны болып табылады.
Бір біріне байланыссыз жіберу – белгілі бір бағытқа активтерді немесе
қызметтерді жіберу, мысалы басқа компанияның басшысына немесе басқа
компаниядан басшыға жіберілуі.
Ақшалық емес операциялар – үлкен емес қаржылық активтер мен
міндеттемелердің қатысуы немесе қатыспауындағы айырбас.
Негізгі құралдар есебінде төрт басты сұрақтар бар:
- Активтер табылғандағы бастапқы енгізетін сома
- Активтердің құны болашақ мерзімі бойынша бөлінетін тозу ставкасы
- Пайдаланғаннан кейін құнның өзгеруі және оның шоттағы көрінісі
- Активтердің шығарылуын енгізу [2, 36 бет].
16 ХҚЕС сәйкес актив тек мынадай жағдайда актив ретінде мойындалады:
- осы объектіге байланысты кәсіпорын болашақ экономикалық пайданы алу
мүмкіндігі бар;
- объектінің құны сенімді түрде өлшенуі мүмкін.
Көбіне, негізгі құралдар компанияның активінің заттық белгісін құрайды,
сондықтан да олар қаржы жағдайында мағынасы зор. Шығындарды актив негізінде
анықтауы кәсіпорынның жағдайын көрсетеді.
16 ХҚЕС Негізгі құралдар сәйкес актив сыртқы ортаны қорғау және
қауіпсіздік мақсатында қолданылады. Бұл жағдайда мұндай активтерді
пайдаланатын болашақ экономикалық пайда болуы мүмкін емес. Ал, егерде
оларды басқа активтер ретінде пайдаланса, болашақ экономикалық табыс әкелуі
мүмкін [3, 72 бет].
Кәсіпорынның негізгі құралдарының құрамындағы активтер қайта жұмыс
істейтін кәсіпорынның зиянды заттардан қорғануының ең басты мағынасы болып
табылады. Зиянды заттарды өндірістен тоқтату, бұл активтерді мойындауға шек
қояды.
Мойындаудың екінші шарты жеңіл жетілдіріледі, себебі айырбас
операциясында активтерді сатып алған кезде олардың құны көрсетіледі.
16 ХҚЕС Негізгі құралдар анықталуы бойынша негізгі құралдар объектісі,
бастапқы құн бойынша бағаланып актив ретінде мойындалуы тиіс.
Негізгі құралдар объектісінің бастапқы құнына кіретіндер:
- сатып алу бағасы саудалық жеңілдіктер және дисконттар есебінен импорт
және салықтар мен сатып алу бойынша төлеу;
- активтің жайғастыруға және демонтажға кеткен бастапқы бағасы және көлемді
қалпына келтіру, бұлар осы ағымдағы запасы болып табылады.
- қандай да бір тіке шығындар, олар активтерді жеткізумен және мақсатқа
бағытталған жұмыстың жағдайына қолдану;
Негізгі құралдардың бастапқы құнына кіретін тіке шығындар мынадай болуы
мүмкін:
- негізгі құралдар объектісін пайдаланғаны үшін, жұмысшыларға сыйақы
ретінде берілетін шығындар [5, 33 бет];
- әкелгені және жөнелткені үшін шығындар;
- алаң дайындау үшін шығындар;
- орнату және жинау үшін шығындар;
- активтің жұмысын тексеру үшін шығындар.
Негізгі құралдардың бастапқы құнына кірмейтін шығындар:
- жаңа тауарлар мен қызмет көрсетулер енгізгені үшін шығындар;
- жаңа технологиялық немесе өндірістік құралдардың ашылуына кеткен
шығындар;
- жаңа орында шаруашылық жүргізуге кеткен шығындар немесе персоналды
дайындауға және оқытуға кеткен шығындар;
- әкімшілік және басқа да шығындар.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады.
Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін
дүрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік
және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге
асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды
(ғимараттар, құрал –
жабдықтар, өткізгіш қондырғылар) [6, 68 бет]. Негізгі өндірістік
құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші-қор
қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы
өндірілетін заттай немесе акшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар — тұтынуға арналған құрал-
жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық
шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы
өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып
бөлінеді.
Меншікті дегеніміз — субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс
табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа
субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып
саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші
"Жалға алынған негізгі құралдар" баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу
мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген
бағамен сатып алуына болады.
Пайдалану сипатына қарай негізгі кұралдар жұмыс істеп тұрған, істемей
тұрған (тоқтатылып қойған) жөне кор ретінде тұрған болып бөлінеді.
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар
болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар — бұл жұмысы тоқтатылған немесе
басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-
жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды
жоспарлы түрде олардың корлар бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған
объектілер есептеледі.
Заттық кұрамына қарай негізгі қүралдар мүліктік және мүліктік емес болып
бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге
болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады [7, 77 бет].
Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары
(ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар
(жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған
негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
жер — субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік
құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі
берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;
үйлер -халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге
жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-
құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
ғимараттар — еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір кызметтерді
орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс
объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы).
Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
өткізгіш тетіктер (қондырғылар) — электр, жылу немесе механикалық
энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар,
құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу
қондырғыларының желісі
немесе генератор клеммаларынан бөлу кондырғыларына дейін, қабылдау
подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік
объекті бола алады;
машиналар мен жабдықтар — күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы
машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен
лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің
бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті
заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментгі коса алғанда, мүліктік объект!
болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;
күш беретін машиналар және жабдықтар — жылу және электр энергиясын
өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни
қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен
өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану
двигательдері, электрлік двигательдер).
жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек
затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар,
аппараттар және кұрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш
кесетін аралар);
елшеу және реттеу приборлары, қоңдырғылар және лабораториялық жабдықтар
- өлшеуге, ендірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен
қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен
аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар);
есептеу техникасы — процестерді жылдамдату және автоматтандыруға
арналған машиналар, кондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және
басқа есептеу машиналары);
басқадай машиналар мен жабдықтар — машиналар, аппараттар және басқа
кұрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт
сөндіргіш машиналар);
көлік құралдары — адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс
құралдары (автомобиль, темір жол және су келігінің қозғалмалы құрамы, жегін
көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын
коса алғанда мүліктік объект болып табылады;
құрал-сайман — қол еңбегінің механикаландырылған немесе
механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу
үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек
құралдары). Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана
мүліктік объект болып табылады;
өндірістік мүлік және соған жататын заттар — өндірістік операцияларды
орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті
корғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды
сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар.
Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар
заттарда мүліктік объекті бола алады;
шаруашылық мүлік — кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары
(орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект- мүліктік
объекті бола алады;
жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал — ат, өгіз, түйе және басқа
жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі қара мал;
асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар,
еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір
ересек мал мүліктік объект болып табылады;
көп жылдық өсімдіктер — қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс
және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза
плантациялары, есімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер).
Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған)
өсімдіктерден болек есепке алынады;
жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) — ауыл
шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер
қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар
(жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін ендеу, егіс даласын
тастардан тазарту);
басқа да негізгі қүралдар — кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да
салымдар.
Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу
және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны — негізгі құралды сатып алуға немесе салуға
кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен
алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген,
баж салығы т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға
қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады [8, 68
бет].
Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы — актіде
көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге
берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген
қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі
үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан
түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;
құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып
алынған машиналар мен қурал-жабдықтар бойынша — сатып алу құны, тасымалдау,
соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал-
жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т.б. тексеру мақсатымен өткізілетін
сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар м ен құрал-жабдықтарды құрастыру
кезінде олардың бұзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса
есептегендегі жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие арқылы сатып алынған
болса, ондатөленген проценттер ағымдағы шығыстар болып табылады да
объектінің бастапқы құнына қосылады;
үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезінде: құрылыс
материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің
жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі,
сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу
кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде
берілген кредиттер бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға
жұмсалатын шығыстар, жобалық-сметалық құжаттардың құны, т.б. — құрылыс
бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады;
жерді, уйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде
өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің
бастапкы құның шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану
мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі
шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер
ғана арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштары т.б. бұзуға
(түбірімен жұлып алуға) жатады, демек құнға шектеулер қолданылмайды, ал жер
сатып алынған объектіге жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты
жұмсалған шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында алынған құндылықтарды
сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы құны
есептелінеді;
мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша — объектіні
тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-жабдықтарды
сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші
тарапынан төленген болса;
құрылтайшылардың жарғылык, капиталына салынған негізгі құралдар —
өздерінің келісілген бағасы бойынша;
субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі
құралдар бойынша — сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша,
жеткізу және сатып алынған объектілердің (алушының құрал- жабдыктарды
орналастыруға кеткен шығындарын коса есептегенде) тозу сомасын қоса
есептелген баска да сатып алуға байланысты жұмсалған шығыстар;
тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша — кұжаттарда
көрсетілген кұны алынады (құрал-жабдықтарды жеткізіп беру, орналастыруға
кеткен шығындарын коса есептегенде);
айырбас операциясы нәтижесінде алынған объектілердің - бастапқы кұны
негізгі құралдардың алынған ағымдағы кұны бойынша анықталады, ал ол негізгі
құралдардың берілген ағымдағы құнынатүзетулердің көмегімен алынған
(берілген) ақша қаражаттарының сомасына тең болады. Айырбастауға бір
мақсатқа пайдаланылатын объектілер де әртүрлі мақсатқа арналған объектілер
де жатады. Мысалы, бір-біріне ұқсас негізгі кұралдар: тракторды жүк
автомобиліне айырбастау кезінде алынған объект, сатылған объектінің құны
бойынша бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай салынған
(түскен) соммасы ескеріледі;
жас малдарды негізгі табынға аударған кезде — малдарды өсірудің нақты
өзіндік құны;
негізгі табынды қалыптастыру үшін алынған ересек малдар бойынша —
жеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегенде сатып алуға шыққан шығындар
және сатып алуға байланысты басқа да шықкан шығындар;
жас өсімдіктер бойынша —өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге
дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен (алынған өнімнің
пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейінгі) нақты шығындар;
толық төленген және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша
— олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген кұны;
жерді жақсартуга жұмсалған күрделі шығындар бойынша — жүргізілген жұмыс
бойынша шыққан нақты шығындар [9, 162 бет].
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған
күрделі салымдар немесе негізгі кұралдардың жарым-жартылай жойылуы,
объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса,
онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе
ұзартылуы мүмкін.
Ағымды құн —бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық
бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн — бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде
көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың
бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құны — бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын
тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара айырбастауына
мүмкіндік беретін құн.
Жою құны — тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою
кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің,
металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн - негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою
құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық
жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің
шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:
Негізгі құралдардың есебі 2410-ші "Негізгі құралдар" бөлімшесінің
мынадай мүліктік активтік шоттарында жүргізіледі.
Сонымен бірге, 2416-шы "Аяқталмаған құрылыс" шотында аяқталмаған күрделі
салымдар, көпжылдық өсімдіктерді өсіруге кеткен шығындар, жас малдарды
өсіруге және бордақылауға кеткен шығындар есептелінеді.
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді,
құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан;
өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға
ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге еткеннен; басқа
субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз (тегін) алынған негізгі құралдардың
келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан (келісімді құнын
толық төлегеннен кейін); жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп
түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен
рәсімделеді.
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі негізгі
құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген
заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс
жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі
құрал-жабдықтардың бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне орын
ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан (қордан) пайдалануға
берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде
(жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуды, сыйларды) оларды негізгі
құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің
өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір
данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-
тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның,
жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл
объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде
қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге
қатысты техникалық құжаттама коса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас
бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар
бекітеді [10, 145 бет]..
Алыс-беріс (орын ауыстыру) актісінде, міндетті реквизиттермен қоса,
комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету
мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті дербес анықтай алады, яғни ол
негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да
көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылық
жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны
қабьшдау комиссиясы көп жағдайда көзбен (визуально) анықтайды, не болмаса
бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ке дейінгі сомасы алынады.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін
актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының
және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға
тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және
қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.
Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы
жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші дана
негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі —
есеп-айырысу төлем құжаттарына тіркеледі), үшінші дана негізгі құралдарды
қабылдаушы адамғаберіледі. Негізгі қуралдардыц алыс-беріс (орнын ауыстыру)
актісі құрылуы керек.
Субъектінің материалдық жауапты адамын бекітілген негізгі құралдардың
барлығы бөлімдер (цехтар) бойынша негізгі құралдардың мүліктік
тізімдемелеріне енгізіледі. Тізімдер материалдық жауапты адамдарда
сақталады және жедел мақсаттар үшін қолданылады. Негізгі құралдардың құны
туралы тізімдердегі және мүліктік карточкалардағы мәліметтер сәйкес келуі
керек. Пайдалану (қолданылатын) орны бойынша негізгі құралдардың есебі
мүліктік карточкалардың бухгалтер идеядан жазылып (көшіріліп) алынған
екінші данасы бойынша жүргізіледі. Бухгалтерияның карточкаларындағы
мәліметтер негізгі құралдар қолданылатын жердегі мәліметтермен бірдей
болулары керек.
Уақытша әкелінген және әкетілетін негізгі құралдардың есебі.
Қолданыстағы заңға сәйкес шетелдік инвесторлар, басқа да заңды тұлғалар
өндіріс процесінің белгілі бір уақыт мерзімінде пайдалану үшін Қазақстан
Республикасының территориясына өндіріс құрал-жабдықтарын мен басқа да
негізгі құралдарын уақытша әкелуге құқылы. Бұл негізгі құралдар
өзгертілмеген күйінде өз иесіне қайтарылады, тек табиғи тозуынан басқасы.
Республикаға әкелінбейтін негізгі құралдардың категорияларын Қазақстан
Республикасы Министрлер кабинеті анықтайды. Негізгі құралдарды әкелуге
кедендік органдар рұхсат береді. Әкелу мерзімі әкелу мақсатымен белгіленеді
және ол әдеттегідей екі жылдан аспауы тиіс.
Негізгі құралдардың Республикаға әкелінетін мүліктері толықтай немесе
ішінара кеден салығынан босатылуы мүмкін [11 277 бет].
Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының субъектісі кедендік территория
шегінен тысқары шетелдерде өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін негізгі
қорларын алып кетуіне құқылы.
Әкелінген және әкетілетін негізгі құралдардың есебі келесі: (2412-2415)
"Уақытша әкетілген негізгі құралдар" қосалқы шоттарында
жүргізілуі мүмкін.
Уақытша әкелінген негізгі кұралдарды есепке алған кезде
Дт 2410-3, 2410-3, 2410-4 Уақытша әкелінетін негізгі құралдар
Кт, 3390 Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек
Уақытша әкелінген негізгі құралдарды пайдалану процесінде олар бойынша
белгіленген тәртіп бойынша олардың амортизациясы есептелінеді. Бұл жағдайда

Дт 2416, 7110(Өңімдерді сату мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар),
7210(Әкімшілік шығыстар), 8310(Көмекші өндірістер).
Кт 2420 -Негізгі құралдардың тозуы"
Уақытша әкелінген негізгі құралдар қайтарылған кезде мынадай шоттар
корреспонденциясы жасалынады:
уақытша әкелінген негізгі құралдардың бастапқы Дт 3390 "Басқада
кредиторлық берешек және есептеулер" Кт 2410" Негізгіқұралдар"
шоттарының (241023-241053) бөлімше шоттары
есептелінген тозу сомасына:

Дт 2420 "Негізгі құралдардың тозуы" бөлімше
Кт 2410 "Негізгі құралдар" бөлімшесі
Негізгі құралдардың әкетілуі 2410-ші "Негізгі құралдар" (24103-24104
шоттары) бөлімшесінің дебетінде және тап осы бөлімшесінің (24102-24105
шоттары), 1-ші "Меншікті негізгі құралдар" қосалқы шотының кредитінде
көрсетіледі. Уақытша әкетілген негізгі құралдар осыған керісінше жазбалар
арқылы көрсетіледі.
Қолданыстағы нормалар бойынша есептелген тозудың сомасына 7470-ші
"Негізгі емес қызмет бойынша басқа да шығыстар" шоты дебеттеліп, 2420
"Негізгі құралдардың тозуы" шотының 2400 "Уақытша әкетілген негізгі
құралдардың тозуы" деген қосалқы шоты кредиттеледі. Негізгі құралдарды
әкелгеннен кейін 2420 шотының, 4-ші субшотындағы сомасы дебеттеліп және 131-
2420 шотының, 1-ші "Меншікті құралдардың тозуы" қосалқы шоты кредиттеледі
[12, 9 бет].
Егер шаруашылық жүргізуші субъект шетел компаниясының құрылымдық
бөлімшесі болып табылмаса әкелінген негізгі құрал баланстан тыс шотта
есепке алынады. Жалға алынған негізгі құралдар корреспонденциясы 3 кестеде
көрсетілген.
Ұзақ мерзімді активтердің келесі бір негізгі түрі – материалдық емес
актив (МЕА) болып табылады.
МЕА деп табиғи болмысы жоқ өндіріске немесе тауарларды
сатып өткізу операцияларына, өкімшілік мақсаттарға ұзақ уақыт (1
жылдан артық) пайдаланылатын және басқа субъектіге жалға беруге
арналғандығын айқындауға болатын, ұйым бақылау жүргізе алатын,
сондай-ақ пайдаланған ұйым келешекте табыс күтетін ақшалай емес
активтерді айтады [13, 244 бет].
Бухгалтерлік есептің 38-ші МЕА-дің есебі стандартына сәйкес МЕА осы
анықтамаға және төмендегі талаптарға сай келгенде ғана актив ретінде
танылады, яғни есепке алынады:
1. Егер ұйымның келешекте тікелей осы объектіге
байланысты экономикалық пайда табуының ықтималдылығы жоғары болса.
2. Егер актив құны дұрыс анықталса.
МЕА-дің түрлері:
3. авторлық құқық-ғылыми туындыны, әдеби музыкалық шығарманы басуға,
шығаруға, орындауға, пайдалануға құқық береді;
4. патент - оны иеленушіге заңмен белгіленген мерзім ішінде онім ондіруге
немесе сатып откізуге құқық береді;
5. өндірістік үлгілерге беретін құқық-өнімнің сыртқы түрін анықтайтын
көркемдік және консультациялық шешімдерді қолдануға ерекше құқық береді;
6. тауар белгілері-белгілі , бір ұйымның өндірісті-өнімдерін немесе
көрсететін
қызметтерін басқа ұйымдардағы біртекті тауар мен қызметтерден айыру үшін
қолданылатын белгілер;
7. лицензиялық келісім-патент иесі өзінің лицензиясымен қандай да бір
өнімді сатып өткізуге ерекше құқығы үшін лицензия беруіне байланысты
жасалынатын келісім-шарт;
8. гудвилл-фирма бағасы. фирманың іскерлік репутациясы. ол жұмыс істеп
тұрған кәсіпорынды тұтас немесе оның құрылымдық бөлімшелерін сатып алғанда
пайда болады. әдетте мұндай кәсіпорындар активтердің баланстық
құнымен емес нарықтық құнымен сатылып алынады.
-ұйымдастыру шығындары-субъектінің құрылуына байланысты
(мемлекеттік тіркеуден өткенге дейінгі) шығындар. Ұйымдастыру
шығындарын тіркеуден өту үшін қажетті құжаттарды дайындауға
шығындар, құжатарды дайындау жөне тіркеуден өткізу кезіндегі
кеңесші қызметің шығындары, мемлекеттік тіркеуден өту үшін
шығындар жатады. Бухгалтерлік есептің 38 стандартына сәйкес МЕА-ді бағалау
түрлері белгіленген және негізгі құралдарды бағалау түрлеріне ұқсас болып
келеді [14, 27 бет].
Материалдық емес активтер есебі типтік шоттар тізбегінің 2700
Материалдық емес активтер бөлімшесінде:
2710 – Гудвилл
2720-Гудвиллдың құнсыздануы
2730-Басқа да материалдық емес активтер
2740-Басқа да материалдық емес активтердің амортизациясы мен құнсыздануы
шоттарында жүргізіледі.
Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің балансында бастапқы
құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтерды бастапқы құны
бойынша анықталады:
- құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылық
қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынатын материалдық емес
активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
- заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін, сый ретінде алынған
материалдық емес сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
- басқа шаруашылық субъектілерінде, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке
адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып
алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы
сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.
Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы
әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы
құнын анықтаудың ерекшеліктері бар [15, 122 бет]. Бұған мысал ретінде соңғы
уақыттарда акционерлік кәсіпорындар мен жекешелендірілген шаруашылық
субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген Ноу-Хау деген
ұғымды келтіруге болады.
Ноу-Хоу- деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында
субъектіге табыс беретін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды,
құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан
ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады.
(2730)-шотта. Лицензиялық келісімдер - дегеніміз белгілі бір субъектінің
немесе заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші
субъектіге немесе заңды тұлғаға беруі болып табылады.
(2730)-шотта материалдық емес активтердің Лицензиялық келісімдер -
деп аталатын түрі есептелінеді. Лцензиялық келісімдер-дегеніміз бір
субъектінің немесе заңды тұлғанаң бір тауарды өндіру немесе сату құқын
екінші бір субъектіге немесе заңды тұлғаға беруі болып табылады.
(2730)-шотта материалдық емес активтердің Бағдарламамен жабдықтау -
деп аталатын түрі есептеледі. Шаруашылық субъектісінің Програмамен
жабдықтау -деп субъектінің алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарына қатысты
табыс әкелетін ақпараттар мен мәліметтерді айтады.
Шаруашылық субъектісінде материалдық емес активтердің Патен-деп
аталатын түрі есептелінеді. Патент-дегеніміз жеке адамның немесе топтың,
сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан адамға,топқа немесе заңды тұлғаға жаңалығын
өз пайдасына қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады.

Ұйымдастыру шығындары- деп аталатын материалдық емес активтердің түрі
бос шоттар кестенің (2730)-шотында есептелінеді. Ұйымдастыру шығындарына
-шаруашылық субъектісін жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни
субъектіні тіркеуден және оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген
төлемдер, банктерден есеп айрысу немесе валюталық, басқадай шоттар ашу үшін
жұмсалған, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқа да жұмсалған
шығындар жатады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бугалтерлік есеп шоттары бас
жоспарының (2710)-шотында материалдық емес активтердің Гудвилл-деп
аталатын түрі есептеледі. Материалдық емес активтердің бұл түрін кейде
Фирма бағасы- деп атайды Гудвилл немесе Фирма бағасы-материалдық емес
активтер шотында есептелініп және сонымен қатар бір шаруашылық субьъектісі
екінші бір шаруашылық субъектісін толығымен, түгелдей сатып алған кезде
ғана пайда болады.

МЕА-дің амортизациясын есептеу есебі.
Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтер өздерінің
пайдалануы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер
тозғанға дейін, яғни субъектіде пайдаланылған уақыт аралығында пайда әкелуі
қажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда шаруашылық
субъектісі табыс таппайтын болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті
де болмайды және бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай
шығындар жиынтығы субъектінің зияны болып табылады.

Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтерді пайдалану
барысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын,яғни оның пайдалану
мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырады. Яғни, материалдық емес
ативтердіңқұнына амортизациялық аударым есептеліп отырады. Амортизациялық
аударым мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың
пайдалану мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтер пайдалану
мерзімі субъетінің қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер
материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік
болмаған жағдайда,амортизациялық аударым он жылға есептелінеді. Бірақ ол
субъектінің қызмет атқару уақытынан аспауы керек.

Материалдық емес активтерге өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе
қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік
мақсатта пайдаланылатын табиғи болмысы жоқ бірегейлендірілген монетарлық
емес активтер жатады. МЕА-ң есебі. Бухгалтерлік есептің 38-ші ХҚЕС- на
сәйкес есепке алынады. Біз келесі бөлімде ұзақ мерзімді активтердің
аудитына теориялық түсінік береміз.

1.2 Ұзақ мерзімді активтер аудитінің маңызы мен мәні

Біз бұл бөлімде ұзақ мерзімді активтердің аудитінің жүргізілуімен
тексерілуіне теориялық тұрғыдан дәлелдемелер бере отырып, ұзақ мерзімді
активтердің түрлеріне аудиттің жүргізілуін жекелеп қарастырдық.
Жалпы алғанда аудитор ұзақ мерзімді активтерге тексеріс жүргізу
барысында баланыстың екінші бөлімінде орналасқан ұзақ мерзімді активтердің
қандай түрлері бар екенін олпрдың есептелуін және шығарылуын толықтай
тексере отырып анықтайды.
Ұзақ мерзімді активтерді аудиторлық тексерудiң негiзгi мақсаты
бухгалтерлiк есептiң дұрыс жүргiзiлуiн және есеп беруді дұрыс
ұйымдастырылуын бақылау болып табылады. Есеп берудi, есеп регистрларын және
алғашәы құжаттарды тексеру келесiдей кезек бойынша жұргiзiледi:
Ұзақ мерзімді активтерді тексеру барысында аудитор алдымен мыналарды
ескеруi қажет:
- топтамлық есептiң (сентетикалық) жазуларының бас кiтап және
бухгалтерлiк баланс мәлiметтермен сәйкестiлiгi;
- ұзақ мерзімді активтердің қолда бары қозғалысының бухгалтерлiк
балансқа дұрыс жазылуы;
- ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы және тозуы бойынша жиынтық
талдамалық есептiң жұргiзiлетiндiгi, сондай-ақ жиындық талдамалық
есеп мәлiметтерiнiң бас кiтап және бухгалтерлiк баланс
мәлiметтерiмен сәйкестiлiгi.
- ұзақ мерзімді активтердің есебi бойынша екi жақты жазулардың дұрыс
жазылғандығы;
- ұзақ мерзімді активтер есебiнiң баланстан тыс шоттарда есептелiнiп
жүргiзiлетiндiгi.
Кәсiпорында шаруашылық ұйымдарында ұзақ мерзімді активтерді аудиторлық
тексеру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Қысқа мерзімді инвестициялардың құндарының төмендеуі
РПК Бектау ЖШС
«Metrocom Service» ЖШС
«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
JPK Corporation ЖШС
Ұзақ мерзімді активтердің есебі
«Шенгел и К» ЖШС
Активтердің рентабелділігі Таза табыс активтердің жалпы орташа құны
Кайс Астана ЖШС ұйымының жалпы сипаттамасы, қаржылық талдау
Пәндер