Компьютерлік желілер. Принтерлер



Компьютерлік желілер
Сіздер дербес компьютердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінінен да хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде “Ethernet... 100.мегабитті технология...Желілік технологиялар...Интернеттегі женжал...Интражелілер...'' деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылар жиелілермен таныс емес, тек компьютер құрамы біледі деп есептейміз.
1 Компьютерлерді желілерге біріктіру.
Егер сіздердің тек бір ғана компьютеріңіз ғана болса, модеміңіз болмаса, онда компьютерлік жиелінің ерекшеліктерін түсіне қою қиын. “Қойы жоқтың қорамен ісі жоқ ” дегендей көптеген мүмкіндіктер қалтарыста қалады.
Бірақ сіздердің бінеше компьютеріңіз болып, олардың біріндегі мәлеметті екіншісінде беру керек болғанда желідік технология өте қажет.ақ. Желілік технологиялар қаржы мен уақытты үнемдеуге өте үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан компьютерлік желілерді пайдалану туралы қысқаша мағлұмат берейік.
Жергілікті желілер . бір.бірімен қатар орналасқан компьютердің біріктерін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта орналасқан әйтпесе қатар орналасқан компьютерлер). Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Ал компьютерлік ауқымды желіге келетін болсақ, онда олардың ара қашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрылықтарда орналасқан компьютерлерді бір.бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар. Әрине мұндай байланыстыру желісін шағын не орташа фирмалар жасай алмайды. Ауқымды желі құру үшін біраз қаражат керек, көптеген телефон каналдары, жер серіктері байланысу мүскіндіктері қажет.
Жергілікті желілерде компьютерлер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, айта берсек 100мегабитке де жетеді. Гигабиттік жылдамдықтың да аулы алыс емес . Ал, ауқымды желілер жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық мұндай жоғары емес, телефон каналдарын пайдалану кезіндегі оның жылдамдығы секундына 2400 . 57600 биттер аралығында болады.
Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл екуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады, сондықтан оларды мұқият оқып . үйренуге көңіл бөлген артық бола қоймас.
2 Принтерлер
Кез келген қызмет бабында мәтіндік құжаттарды қағазға жиі басуға тура келеді. “Қағазғсыз” технологияның күнбе.күн іске асып жатқанына

Компьютерлік желілер
Сіздер дербес компьютердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінінен да хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде "Ethernet... 100-мегабитті технология...Желілік технологиялар...Интернеттегі женжал...Интражелілер...'' деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылар жиелілермен таныс емес, тек компьютер құрамы біледі деп есептейміз.
1 Компьютерлерді желілерге біріктіру.
Егер сіздердің тек бір ғана компьютеріңіз ғана болса, модеміңіз болмаса, онда компьютерлік жиелінің ерекшеліктерін түсіне қою қиын. "Қойы жоқтың қорамен ісі жоқ " дегендей көптеген мүмкіндіктер қалтарыста қалады.
Бірақ сіздердің бінеше компьютеріңіз болып, олардың біріндегі мәлеметті екіншісінде беру керек болғанда желідік технология өте қажет-ақ. Желілік технологиялар қаржы мен уақытты үнемдеуге өте үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан компьютерлік желілерді пайдалану туралы қысқаша мағлұмат берейік.
Жергілікті желілер - бір-бірімен қатар орналасқан компьютердің біріктерін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта орналасқан әйтпесе қатар орналасқан компьютерлер). Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Ал компьютерлік ауқымды желіге келетін болсақ, онда олардың ара қашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрылықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар. Әрине мұндай байланыстыру желісін шағын не орташа фирмалар жасай алмайды. Ауқымды желі құру үшін біраз қаражат керек, көптеген телефон каналдары, жер серіктері байланысу мүскіндіктері қажет.
Жергілікті желілерде компьютерлер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, айта берсек 100мегабитке де жетеді. Гигабиттік жылдамдықтың да аулы алыс емес . Ал, ауқымды желілер жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық мұндай жоғары емес, телефон каналдарын пайдалану кезіндегі оның жылдамдығы секундына 2400 - 57600 биттер аралығында болады.
Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл екуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады, сондықтан оларды мұқият оқып - үйренуге көңіл бөлген артық бола қоймас.
2 Принтерлер
Кез келген қызмет бабында мәтіндік құжаттарды қағазға жиі басуға тура келеді. "Қағазғсыз" технологияның күнбе-күн іске асып жатқанына қарамастан, қағазға басылып жатқан мәліметтер көбеймесе, әзірге азайған жоқ. Егер мекемеңіздің абыройын биік ұстағыңыз келсе, сыртқа шығатын құжаттар сапалы лазерлік принтерде басылуы шарт. Тек ішкі қарапайым құжаттар үшін бірнеше жүз доллар тұратын арзан принтерді пайдалануға болады. Ал кей кезде түрлі түсті принтер деқажет болып қалады. Егер де бампагерлік қызметпен айналыспақ болсаңыз, онда қуатты, әрі қымбат лазерлік принтер алу керек, оның құны мың долларға жетіп артылады.

Принтер

Переключатель
¿
Ê
d
¿

¿
1 сурет Принтерді ауыстырып қосқыш арқылы компьютерлерге жалғау.
Әрине, әрбір компьютерге қосылатын қымбат лазерлік принтерлер ала беру кажет те емес шығар. Мұндай мүмкіндік кез келген фирмаларда бола бермейді де, сондықтан бір мекемеде әдетте бір, әрі кеткенде екі принтер ғана болады. Ал, бір принтерді бірнеше компьютерге бірден қалай жалғауға болар екен?
Мұның бірнеше тәсілі бар. Біріншіден, көп мүмкіндікті ауыстырып қосқыш теттік сатып алуға болады, ол бір жағынан принтерге, екінші жағынан бірнеше компьютерге бірдей жалғанады. Ал егер компьютерлер бірнеше қабаттарында орналасса, қымбат тұратын бір принтерді ортақтасса пайдалануда компьютерлік желінің артықшылығы айтпаса да түсінікті шығар. Бірнеше принтер сатып алудың орнына бір-ақ принтер алып, оны желі арқылы керек кезінде кез келген компьютерге ауыстырып қосқыш теттік арқылы жалғап, жұмыс өнімділігін төмендетпей пайдалану ыңғайлырақ емес пе?! Лазерлік притердің саның азайтудағы қаржының үнемделуін әркім өзі-ақ есептеп алады.
¿
¿

¿
¿
Ê
2 сурет Жергілікті желідегі принтерді пайдалану
3 Мәліметтер базасы
Көбінесе қарапайым мәліметтер базасы бір компьютердің дискінің бір немесе бірнеше файлында орналасады. Мұндай мәліметтерімен бір адам жұмыс істей береді. Ал егер мәліметтер базасы үлкен компания үшін құрылған болса ше? Ондайда бұл мәліметтерді бір мезетте екі-үш адам пайдалануына тура келеді. Ал ол компаниялардың филиалдары әр жерде және бір-бірінен қашық орналассаше? Мұндай да мәлеметтер базасын қажет еткендер уақтылы қалай пайдалана алады? Әрине мәліметтерді курьерлер арқылы жеткізіп отыруға ьолатын шығар, оны көзіңізге елестетіп көріңізші, оңай жұмыс деп айта қоймаспыз.
Сол компьютерлерді бір компьютерлік желіге біріктіріп мәліметтер базасын серверге (негізгі ЭЕМ) орналастыру керек. Желінің жұмыс станциялары зерделі терминал рөлін атқарып, қажетті мәліметтерді керек кезінде мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверден сұрап, оның дискінен алып отырады. Мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверге сұраныс тускен соң, керекті мәліметтер жұмыс станцияларына жіберіліп отырады. Мұндайда база орналасқан сервер құрамында дисплей мен пернелік тақта болғанымен, олар әдеттегідей жұмыс тәртібінде пайдаланылмайды. Серверлік компьютер әр жерде орналасқан ЭЕМ-дермен (яғни пайдаланатын адаммен) тек желілік байланыс арқылы ғана мәліметтер алмаса алады.
рабочие станции Сервер СУБД
¿¿¿ Ë
3 сурет Жұмыс станциялары
Терминал (енгізу шығару құрылғысы) рөлінде компьютер тұрғандықтан север қорларын көптеген жұмыстардан босатып. Мәліметтерді қосымша өндеуді терминалдарда орындауға мүмкіндік бар. Бұлай мәлімет өңдеү тәсілі терминалдар саны көбейген сайын бүкіл жүйенің жұмыс өнімділігін арттыруға үлкен себебін тигізеді.
Егер жұмыс станцияның операциялық жүйесі ретінде Windows пайдаланылса, кез келген адам мәліметтер базасынан сұрайтын мәліметін Winword мәтінді форматында немесе Excel электрондық кестесі форматында көрсете алады. Алынған мәліметтік құжаттарды форматтап алған соң, лазерлік принтерде (әрине желіге жалғанған болуы тиіс) әдейіліп қағазға басып алуға болады. Мұның бәрін тек экран мен пернеліктен тұратын жеке пайдаланылатын компьютерде іске асыру мүмкін емес.
Сонымен дербес компьютер желісі әрбір қызмет кеңсесінде бүкіл ұжым пайдаланатын мәліметтер базасын ұйымдастыра алады. Егер компьютерлер бір-бірімен байланыспаған болса, онда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алмаймыз.
Магниттік дискілердің жылдан жылға арзандауына қарамастан, оның көлемі ешқашан да толық жеткілікті деп айтуға болмайды. Егер бірнеше қызметкергекөлемі бір файлдағы мәліметтер қажет болып қалса, ол файлды желімен жұмыс істеу барысында барлық компьютерге көшіру қажет емес. Жергілікті желіге қосылған ЭЕМ-дер ішінен олардың бірін (немесе бір екуін)
Файл - сервер үшін пайдалануға болады, әдетте ондай компьютердің дискісінің көлемі үлкен болуы тиіс (жүздеген Мб, тіпті ондаған Гб-қа жетуі мүмкін). Мұндай дискінің кез келген жұмыс станциясындағы компьютер өз дискісіндей пайдалана береді.
Егер көпшілікке керекті мәліметтер файл-сервер дискісіне жазылса, онда желідегі барлық жұмыс станциялары (немесе администратор рұқсатына байланысты олардың белгілі бір тобы ғана) сол мәліметтермен жұмыс атқара алады. Осындай тәсілмен файл - сервер дискісін пайдалану әрбір адамға қосымша тағы бір-екі диск сатып алған сияқты болады, мұндайда мәліметтердің сыртқы ЭЕМ-нен алынғанын адам байқамайды да.
Файл - сервердің сыртқы жады ретінде компакт-дискіні оқитын құрылғыны немесе мәліметтерді қайта жаза алатын магниттік-оптикалық дискілерді пайдалануға да болады. Компакт-дискіден мәліметтер алу құрылғысы арзан тұрады, сол себепті қазіргі кезде ол әрбір жұмыс станциясында бар. Бірақ мұны да тек файл-серверге ғана орналастырып, әрбір станция біраз қаржы үнемдей алады. Ал, магниттік-оптикалық дискі немесе жоғары көлемді (бірнеше Гб) қатты дискілер біршама қымбат тұрады, сондықтан оларды файл - серверге орналастырған ыңғайлы екенін белгілі шығар. Сонымен көлемді мәліметтер көпшілікке керек болғанда, оны ортақтаса пайдаланудың ең тиімді түрі - компьютерлерді жергілікті желімен байланыстыру. Компьютерлер желіге қосылмаған болса, онда мәліметтерді бұрынғыша дискеттер арқылы көшіруге тура келеді.
Екі компьютерді бір-бірімен байланыстырудың тағы бір тәсілі - мәліметтерді тізбекті түрде жеткізу порты арқылы оларды кабельмен (сыммен) біріктіру. Бірақ мұндай байланыс өте жәй жұмыс істейді және оның басқа да кемшіліктері бар.
Енді сізге өз дискіңізден басқа компьютер дискісіне 100 дискет және қанша уақыт болады десеңізші?! Ал, компьютер желісі бар болса, онда мұндай мәліметтер файл - сервер дискісіне бір рет көшіріледі де, әрі қарай әркім сол дискіден мәліметтерді керек кезінде ала береді немесе керектілерін сол файл - серверден желі арқылы өз дискісіне оңай көшіріп алуына болады.
Жергілікті желі мәтіндік мәліметтерді жұмыс станциялары арасында жылдам тарата алады. Ол үшін тізімнен керек адамды тауып, мәтінді пернелерде теріп, сұхбат терезесіндегі ОК пернесін басу жеткілікті. Егер сол станция іске қосылып тұрса, жіберілген мәтін экранға бірден шығып , оған қоса мәліметтер келгендігін білдіретін дыбыс та естіледі.
Мұнан гөрі ыңғайлылау элетрондық почтаны пайдалану жатады. Оның кәдімгі почта қызметі сияқты: хатты жазып, конвертке салып, адресін толтырып, оны почта жәшігіне салу керек. Одан арғысы почта қызметкерлеріне байланысты. Электрондық почта да осыған ұқсас - хат мәтінін теріп, оны файлға жазасыз. Одан кейін арнаулы почта программасын іске қосып, оған хат адресі мен файлдың атын енгізесіз. Программа желі арқылы хатыңызды бара жеріне дереу жеткізеді (әрине, онда айрықша " Электрондық адрес"болуы тиіс, онда жергілікті желідегі тәрізді компьютер аты немесе компьютер иесінің идентификаторы көрсетіледі).
Желідегі бір компьтер почталық сервер рөлін атқарады. Ол хаттарды қабылдап, оларды адресаттар " почта жәшігіне"салады немесе әркімнің сұрауы бойынша келген хат беріледі және де қабылдап алынған почта басқа желілерге жөнелтіледі.
Техникалық бүге-шігесін айтпай-ақ, мұндай элетрондық байланыстың әрбір хат иесіне оған тиесілі почтаны , ол кезекті демалыста жүрсе де, жеткізе алатынын айтқан жөн. Ол демалыстан жұмысқа шығып, компьютерін іске қосқанда, өзіне хат келіп күтіп жатқаны жөнінде бірден хабардар болады.
Әртүрлі компьютерлер мен жергілікті желілерді телефон арқылы ьайланыстыра отырып, элетрондық почтаның жер шарының кез келген нүктесіне жіберүге болады.
Бұған қоса әрбір компьютер ортақтастырылған факс-модемді өзінікі тәрізді пайдалана алады, бірақ мұндай кезде желіге қосылған барлық станциялар факстарын бір-ақ телефон каналы арқылы жіберіп отырады. Факс-модем қымбат тұрмағанымен желілік байланыс телефон каналын үнемді пайдалануды қамтамасыз ететін ерекше аспап екеніне көз жеткізесіз.
Жергілікті желілерді пайдаланудың жаңа түрі - бейнелік конференция өткізу жаңада ғана пайда болып кеңінен таралуда. Өз бейнелерін көрсете отырып, конференцияға қатысу үшін әрбір компьютер иесі бейнекамера және дыбыстық адаптармен жабдықталуы тиіс. Арнаулы программалар адам бейнесі мен дыбысты жұмыс станциялары арасында оңай таратады. Компьютерлік бейне конференциялар арқылы алыста отырып-ақ, мәжіліске қатысу мүмкіндігін аласыз, дегенмен әзірше бұл арзанға түсе қоймайды.
Міне, компьютерлерді желіге байланыстырудың осындай мүмкіндіктері бар, бірақ желімен істеу үшін мынадай екі сұраққа жауап беру қажет, олар: компьютерді қалай байланыстырамыз және ол қанша тұрады?
Компьютерлік желілер және оның ұғымы, түрлері
Қазіргі уақытта компьютерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті компьютерлік желідегі ақпараттық қорғау ұйымы
Жергілікті желінің түрлері
Компьютерлік желілер. Желілік қосымшаларды қолдану
Компьютерлік желілер, клиент-сервер технологиясы
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Желілік программалық құралдар
Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану
Дербес компьютерлердің желілері
КОМПЬЮТЕРДІ ЖЕЛІГЕ ҚОСУ ЕРЕЖЕСІ
Компьютерлік желілер негізі
Пәндер