Ұлттық банк – ақша-кредит жүйесінің ортақ буыны, ақша айналымын реттеуші орган



Кіріспе ... ... ... ... ... ... 4

ТАРАУ 1. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РОЛІ
1.1. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму сатылары және қазіргі даму беталыстары ... ... ... ...7
1.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қызметінің құқықтық негіздері ... ... 17
1.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қазіргі күнгі құрылымы ... ... ...20

ТАРАУ 2. ҰЛТТЫҚ БАНК . АҚША.КРЕДИТ ЖҮЙЕСІНІҢ ОРТАҚ БУЫНЫ, АҚША АЙНАЛЫМЫН РЕТТЕУШІ ОРГАН
2.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің міндеттері, мақсаты ... ... 26
2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің екінші деңгейлі банктер өтімділігін реттеудегі ролі ... ...37
2.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша.кредит саясаты және оның 2006.2008 жылдарға арналған негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
2.4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің валюта және төлем жүйесін реттеудегі ролі ... ... ..57

ТАРАУ 3. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН АРАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
3.1. Халықаралық қаржылық ұйымдармен қарым.қатынастары ... ... ... ... ... ..61
3.2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі ынтымақтастық ... ... ...69

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .77

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..4

ТАРАУ 1. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН
ОРНЫ МЕН РОЛІ
1.1. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму сатылары және қазіргі
даму
беталыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қызметінің құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қазіргі күнгі
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

ТАРАУ 2. ҰЛТТЫҚ БАНК – АҚША-КРЕДИТ ЖҮЙЕСІНІҢ ОРТАҚ БУЫНЫ, АҚША АЙНАЛЫМЫН
РЕТТЕУШІ ОРГАН
2.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің міндеттері,
мақсаты ... ... 26
2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің екінші деңгейлі банктер
өтімділігін реттеудегі
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 37
2.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты және
оның 2006-2008 жылдарға арналған негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...48
2.4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің валюта және төлем жүйесін
реттеудегі
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .57

ТАРАУ 3. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН
АРАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
3.1. Халықаралық қаржылық ұйымдармен қарым-
қатынастары ... ... ... ... ... ..61
3.2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі
ынтымақтастық ... ... ...69

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .77

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .79

Жұмыста қолданылған қысқартулар

ҚР – Қазақстан Республикасы
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
КСРО – Кеңестік социалистік Республикалар Одағы
ЖІӨ - жиынтық ішкі өнім
БСҰ - Бүкіләлемдік сауда ұйымы
АҚ – акционерлік қоғам
ҚРҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
ЕурАзЭҚ – Еуразиялық-Азиялық Экономикалық Қауымдастық
ҚБЕО – Қазақстандық банктік есеп айрысу Орталығы
ХҚДБ - Халықаралық Қайтақұру және Даму Банкі
ХДА - Халықаралық даму ассоциациясы
ХҚК - Халықаралық қаржы корпорациясы
ИКХА - Инвестицияларға кепілдік беру бойынша көпжақты агенттік
ИДРХО - Инвестициялық дауларды реттеу бойынша халықаралық
орталық
AKҚаЖ - Ақпарат көлігінің қаржылық автоматтандырылған жүйесi
ЕКДБ - Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі
ИДБ - Ислам Даму Банкі
АДБ – Азия Даму Банкі
ЮСАИД - Экономика саласындағы Америка Халықаралық
Ынтымақтастығы Агенттігі
ОАЫжДБ - Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкі
МВК - Мемлекетаралық валюта комитеті
ТМД БХА - ТМД елдері Биржаларының Халықаралық ассоциациясы
БЭК - Бірыңғай экономикалық кеңістік
ШЫҰ - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

Кіріспе

1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы тәуелсіз
республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды. Ол
еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық
реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам еді. Ұлттық ақша бірлігін
енгізу қазіргі кездегі отандық банк жүйесінде қол жеткен экономикалық
табыстардың негізін қалады.
Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық
жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге
оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді. Елдің экономикалық
жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша
жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық
тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды.
Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-
теңдігі.
Қазақстан макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін монетарлық
факторлардың арқасында тұрақтылыққа жетті. Ұлттық банктің қазіргі күні
жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты инфляцияның болжалды деңгейін ұстап
тұру үшін ақша-кредит саясаты шараларының тиімділігін арттыру, валюталық
реттеу мен бақылауды қамтамасыз ету, төлем жүйелерінің жоғары технологиялық
деңгейде жұмыс істеуі, тұтастай қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз
етуге жәрдемдесу сияқты міндеттерді шешуге бағдарланған. Осы міндеттерді
шешу мақсатында қабылданатын шаралардың ақша нарығының жай-күйіне әсер
етуін одан әрі күшейту, ақша-кредит саясатының әр түрлі құралдары бойынша
ставкаларды келісу жөніндегі жұмыс жалғастырылуда. Бұл ретте қаржы
нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің шамадан тыс
өтімділігін стерильдеудің негізгі құралдары екінші деңгейдегі банктердің
Ұлттық Банктегі қысқа мерзімді ноталары мен депозиттері болып қалады.
Қаржы секторының тұрақтылығы мен тұрлаулылығына қажетті жағдайлар
туғызу міндеті арнайы орган Қаржылық қадағалау агенттігіне жүктелгеннен
бері Ұлттық Банктің басты мақсаты – инфляцияны қалыпты деңгейде ұстап тұру
болып табылады. Осы орайда Ұлттық банкке елімізде бағаны тұрақтандыру
жөніндегі барлық өкілеттік берілді. Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын
дамыту саласында Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің негізгі күш-жігері инфляциялық
үдерістерді реттеудің тиімділігін арттыруға және қаржы секторын дамытудың
тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ұлттық банк экономиканың қызып кету қаупін бәсеңдету және соған
сәйкес экономикада инфляцияның ұлғайып кетуіне жол бермес үшін ақша-кредит
саясатын қатайта түсуді көздеуде. Оған 2001-2004 жылдары 6-7% шегінде
біршама тұрақты болған инфляция деңгейін 2005-2006 жылдары белгіленген
болжамды бағдарлар шегінде ұстап тұрудың мүмкін болмауы ықпал етті. Ұлттық
Банк деректеріне сүйенсек, жылдық инфляция 2006 жылы (2006 жылғы желтоқсан
мен 2005 жылғы желтоқсан аралығы) 8,4% (2005 жылы 7,5%) болды. Орташа
жылдық инфляция 2006 жылға арналған жоғары бағалар сценарийі бойынша (6,9-
8,5%) мақсатты болжамнан шамалы көтеріле отырып, 8,6% болды. 2007-жылы
инфляциялық дәліз 7,3- 8,3% құрайды деп болжануда. Инфляция өсімінің
түйінді факторларының ішінде банк жүйесінің жоғары өтімділігі, кірістердің
және халықтың тұтынуының өсуі, мемлекеттік бюджет шығыстарының едәуір
қарқынды өсуі, инфляция импорты байқалып отыр.
Осындай инфляциялық қысымның арту жағдайында елдегі іскерлік
белсенділіктің жоғары қарқынымен үйлесім жағдайында инфляцияны төмендетуге
қол жеткізу қажет, яғни Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын елдің
экономикалық өсімімен байланыстырып, экономикаға ақша ұсынуды теңдестіре
ұлғайтудың дәйекті саясатын жүргізуі тиіс. Бұл мақсатта Ұлттық Банк ақша-
кредит саясатының трансмиссиялық механизмін қолданады. Оның құрылымы
макроэкономикалық өзгерістер тізбегі арналарынан тұрады, атап айтқанда
пайыздық ставка, валюта бағдары, ең төменгі резервтік талап мөлшері, қысқа
мерзімдік құнды қағаздар шығару көлемі, ашық нарықтағы операциялар және
т.б. Бірақ бұл трансмиссиялық механизмге кіретін арналар жиынтығы мен оның
бұлжымас біртұтас құрылымы бар деген сөз емес. Қатып қалған заңның
болмайтыны секілді, экономиканы да нарық белгілейді. Соған қарай
трансмиссиялық механизмнің оны жағдайға қарай реттеп отыратын тағы да
бірнеше арналары жетерлік. Әрбір орталық банк ұлттық экономика
ерекшеліктерін есепке ала отырып, тек өзінің жеке арнаулы арнасын жасайды.
Ұлттық банк те инфляцияны ауыздықтау принциптеріне өтуге дайындық аясында
өз механизмін жасау үшін бірқатар жұмыстар жүргізуде. Ол механизм ақша-
кредит саясатының ұлттық экономикаға ықпалын сипаттауы тиіс.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы Ұлттық Банк
саясаты валюталық режимді  одан әрі ырықтандыруға, капитал қозғалысына
байланысты тәуекелдерді реттеуге қолданылатын жаңа тәсілдерді  әзірлеуге 
бағытталған. 2007 жылы Қазақстанда валюталық режімді ырықтандыру үдерісі
аяқталып, ұлттық валюта қызметінің жаңа кезеңі басталды. Өткен 2006 жылы
валюталық операцияларды жүргізуге шектеуді кейіннен алып тастау және ұлттық
валютаның толық конвертациялануы қағидатына көшу үшін жағдай қалыптастыру
жұмыстары жүргізілді. Осы орайда Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп, валюталар
себетіне, сыртқы активтердің оңтайлы құрылымына қатысты мәселеге талдау
жүргізіп, шешуі керек. Бұған қоса қалыптасқан жағдайға байланысты әрекет
етудің түрлі нұсқаларын жасай отырып, қаржы дағдарысы туралы ерте бастан
хабардар етудің жүйесі болғаны жөн.
Төлем жүйелері саласында төлем жүйелерінің тиімділігін және
қауіпсіздігін арттыру,  тәуекелдерді басқару және төлем жүйелерін 
қадағалаудың тиімді жүйесін құру бойынша  одан әрі шаралар қабылдануда.
Төлем жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қолдау мақсатында Ұлттық төлем
карточкалары жүйесін дамытуға және төлем жүйелеріне арналған жаңа Резервтік
орталық құруға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың
2007 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмыс
жалғастырылады. Бұл ретте Үкімет Қазақстанның ТМД мен Орталық Азияда қаржы
ағындарын тиімді қайта бөлуді қамтамасыз ететін өңірдің негізгі қаржы
орталығы ретінде қалыптасуы үшін барлық күш-жігерді жұмсайды.
Сонымен, макроэкономикалық жағдайды тұрақтандыруда Ұлттық Банктің ақша
нарығында жүзеге асыратын операциялары шешуші роль атқарады, өйткені олар
экономиканың қаржы тұрақтылығын камтамасыз ету мақсатында ақша айналысын
реттеуге бағытталған. Осы орайда дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі
ретінде таңдап алынған тақырыптың өзектілігі еш дау тудырмайды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасының
орталық банкі – Ұлттық Банк, зерттеу пәні – оның ақша-кредит жүйесіндегі
орны мен ролін анықтайтын оның жүргізетін операциялары.
Жұмыстың құрылымы дәстүрлі, кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан
тұрады. Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі негізделіп, Ұлттық
Банктің жүргізіп отырған ақша-кредит саясатының бүгінгі күнгі бағыттары
айқындалған. Жұмыстың бірінші бөлімінде қазақстандық банк секторының даму
эволюциясына шолу жасалып, оның бүгінгі жағдайы талқыланған. Сонымен қатар,
бұл бөлімде Ұлттық Банктің құрылымы мен оның қызметінің құқықтық негіздері
қарастырылған.
Екінші бөлімде Ұлттық Банктің елдің орталық банкі ретінде атқаратын
міндеттері мен функциялары толықтай талданып, оның ақша-кредит саясатын
жүргізу бағыттары, құралдары, ақша нарығындағы операциялары зерделенеді.
Үшінші бөлімде Ұлттық Банктің халықаралық қаржылық ұйымдармен және ТМД
шеңберіндегі ынтымақтастығы қарастырылады.
Қорытындыда дипломдық жұмыс тақырыбын талдау мен зерделеу нәтижесінде
жасалған қорытындылар мен тұжырымдар келтірілген.

ТАРАУ 1. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН
ОРНЫ МЕН РОЛІ

1.1. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму сатылары және
қазіргі даму беталыстары

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.
Бактердің және тауарлы-ақшалай қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан
қатарлас жүрді және олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық
шаруашылығы қызметінің барлық деңгейдегі басқарумен тікелей байланысты.
Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушылардың экономикалық мүдделерін
қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде
шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтың жинақтарын және шаруашылық
қызметтің үрдісінде босаған басқа да ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз
алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп-айрысу жүргізеді және
экономика үшін басқа да көптеген қызмет түрлерін көрсетеді, соның арқасында
өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Банктік жүйе – жалпы ақша-несиелік механизм аясында қызмет атқаратын
орталық банк пен басқа да несиелік институттар жиынтығы.
Қазіргі күні еліміздің банк жүйесі егемендік алғаннан бері жүргізіліп
келе жатқан нарықтық инфрақұрылым ішінде ең тиімді қалыптасқан жүйе болып
отырғаны белгілі. Тіпті, соңғы уақытта еліміздің банк жүйесінен ТМД елдері
тәжірибе алып та жүр.
Кеңес Үкіметі тұсында Қазақстанның өз банк жүйесі болмады, өйткені
республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары
мен бөлімшелері жұмыс істеді. Сол себепті де банк жүйесінің тарихы КСРО
тарихымен және революцияға дейінгі Ресейдің тарихымен тығыз байланыста
болды. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне мыналар кірді: Мемлекеттік банк,
акционерлік банктер, өзара несие қоғамы, қалалық банктер, ипотекалық несие
банкісі және басқа да несие мекемелері. КСРО-да банк реформасы 1987-1988
жылдары жүргізілді. Осы реформаның нәтижесінде КСРО мемлекеттік банкісінің
және КСРО құрылыс банкісінің және негізінде өнеркәсіп құрылысы банкісі,
аграрлық өнеркәсіп банкісі және әлеуметтік тұрғын үй банкісі құрылды. КСРО
мемлекеттік банкісінің құрамына кіретін жинақ касса жүйесінің негізінде
Жинақ ақша банкісі құрылды, ал сыртқы сауда банкісінің негізінде сыртқы
экономика банкісі құрылды. Осы тұста КСРО мемлекеттік банкісі кәсіпорындар
мен ұйымдарға кассалық тұрғыдан және несие - есеп айрысу сияқты қызмет
көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкісі болып жарияланды.
КСРО өнеркәсіп-құрылыс банкісіне несие саясатын жүргізу, несие
жүйесінің тиімділігін арттыру жүктеліп капитал салымдарының, сонымен бірге,
өнеркәсіптегі, құрылыстағы, көліктегі және байланыстағы, КСРО мемлекеттік
жабдықтаудағы есеп айрысуларды қаржыландыру мен несиелеу де оның міндетіне
кірді. Банк кәсіпорындардың және шаруашылықтың бірлескен салаларының есеп
айрысу қызметін аграрлық-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары үшін – КСРО
аграрлық өнеркәсіп банкісі, сауда мен әлеуметтік салалардағы кәсіпорындар
мен ұйымдар үшін – КСРО әлеуметтік тұрғын үй банкісі жүзеге асырса, ал
халыққа КСРО жинақ банкісі қызмет көрсетті. КСРО срытқы экономика банкісі
экспорттық және импорттық операциялар бойынша есеп айрысуды жүзеге асырды.
Тұтастай алғанда, банктерді мамандандыру туралы идея банк жұмысын
тығырыққа тіреді, ал монополиянудан арылмады, несие тетігіне түбегейлі
өзгеріс енгізе алмады, керісінше, үлкен кедергі келтіріп, елеулі шығынды
қажет ететін көп буынды болуымен сипатталды. КСРО Мемлекеттік банкісінің
ролі де көп төмендеп кетті – ол мамандандырылған банктердің жұмысына
елелулі ықпалын тигізе алмады.
Бұл жағдайдан шығудың бірден-бір дұрыс жолы мыналар болды: банк
реформасын жүргізу, банк жүйесін батыс үлгісіндегі екі деңгейлі ұйымға
көшіру. Банк құрылымын қайта құру үшін мемлекеттік банктің монополиясын
банк деполарына тарату қажет болды 1988 жылға дейін орталық, коммерциялық
және инвестициялық банктердің қызметін орындайтын КСРО мемлекеттік
банкісінің әмбебап несие мекемесеінен еш айырмашылығы болмады.
1990 жылдың желтоқсан айында ҚР егемендікке қол жеткізгеннен кейін
бірден нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын өзінің банк жүйесін
құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтар айында Қазақ КСР-ң банктер мен банктер
қызметі туралы Заң қабылданды. Оның мәні банк реформасының бастамасы
болудан көрінді. Осы заң қабылданғаннан кейін банк жүйесінің даму
эволюциясын негізгі 4 кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең (1988-1991жж.) – дайындалу кезеңі. Бұл кезеңде
республика тәуелсіздігін алғанға дейін Қазқстанның банк жүйесін құрған 6
салалық банктер (мемлекеттік банк, сыртқы экономикалық банк, өнеркәсіптік
құрылыс банк, несие-әлеуметтік банк, жинақ банк) қайта құрылды.
Екінші кезең (1992-1993жж.) жоғары инфляция жағдайында (1992 ж. – 1258
%, 1993ж. - 2500 %) сапалық өсуіне қарағанда сандық көлемінің өсуімен
сипатталды. Осы кезеңде кәсіпорындар алған табыстары шығындарынан аз болды.
Құрылып жатқа банк жүйесін оны басқару керектігін түсінбеді. Ұлттық Банк
лицензия процедурасына жұмсақ талаптар қойды, соның салдарынан банктер саны
күн санап өсті. Олардың саны 1993 жылы 200-ден асып кетті.
Кесте 1
ҚР екінші деңгейлі банктері санының динамикасы

Жыл Банктер саны
1993 204
1994 184
1995 130
1996 101
1997 82
1998 71
1999 55
2000 47
2001 44
2002 38
2003 36
2004 36
2005 35
2006 34

Дерек көзі: htpp:www.nationalbank.kz
Екінші кезеңнің ерекшелігі сол, Қазақстан рубль зонасынан шығып,
өзінің ұлттық валютасы – теңгені енгізді. Теңге енгізілген сәттен бастап
Ұлттық Банктің қызметі ел экономикасының даму проблемаларын шешуге
бағытталды және Ұлттық Банктің функцияларын рыноктық экономикасы дамыған
елдердің орталық банктерінің функцияларына жақындату жөнінде бірізді
қадамдар жасалды.
Үшінші кезең (1994-2003жж) – банк жүйесінің дамуындағы ең ұзақ
созылған кезең. Бұл кезеңде Ұлттық Банк банктердің құрылу процедураларына
қойылатын талаптарды қатайтты. Инфляцияның төмендеуі (1995 жылы 60%-тен
2003 жылы -12 %-ке дейін) және экономиканың дамуына бағытталған ұзақты
саясат өз жемістерін бере бастады, банктерге деген сенімділік артты. Банк
жүйесінде тек бәсекеге төтеп бере алған банктер ғана қалды.
1994 жылы Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты реттеудің классикалық
үлгілерін ескере отырып жүзеге асырыла бастады, олардың бастылары мыналар:
берілетін кредиттердің көлемін, қайта қаржыландырудың ресми ставкасының
деңгейін реттеу, міндетті резервтердің нормасын белгілеу және валюта
рыногындағы операцияларды жүргізу. 1994 жылдың екінші жартысында алғаш рет
қайта қаржыландыру ставкасы нақты көріністе оң болды. Сонымен бірге
мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) рыногы қалыптасуының басталуы да 1994
жылға сәйкес келеді.
1995 жылы Қазақстан экономикасы дамуының негізгі және оң қорытындылары
ретінде экономикалық құлдыраудың қарқындарын баяулату және инфляция
деңгейін едәуір төмендету болғаны белгілі. Жылдың қорытындылары ақша-кредит
саясатының құралдары арқылы инфляцияның монетарлық негізін төмендете
отырып, оның деңгейіне әсер етуге болатындығын көрсетті. Осы жылдан бастап
директивалық кредиттерді беру тоқтатылды.
Экономиканы кредиттеу функциясы Ұлттық Банктен екінші деңгейдегі
банктерге ауысты, ал Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерді көп жағдайда
олардың өтімділігін қолдау мақсатында кредиттеуді жүзеге асыра отырып,
орталық банктерге тән ақша-кредит және валюталық реттеудің функцияларын
атқара бастады. Сондай-ақ Қазақстанда өз Банкнот фабрикасының ашылуы,
банкаралық валюта рыногының құрылуы мен қалыптасуы, сауда жүргізудің
электронды сауда жүйесіне (ЭСЖ) көшу осы жылдың маңызды оқиғасы болды.
1996 жылы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі даму жылдарында
бірінші рет ЖІӨ-нің өсуі байқалды, инфляция қарқыны және теңгенің айырбас
бағамының девальвациясы айтарлықтай төмендеді.
Қазақстанның 1996 жылғы шілдеде ХВҚ Келісімінің 8-бабы бойынша
міндеттемелер қабылдауы маңызды кезең болды, бұл ағымдағы операциялар
бойынша теңгенің айырбастылығын ресми түрде нығайтты және шектеулерден
еркін, көп жақты төлем жүйесіне көшуге мүмкіндік берді. Осы жылы Қазақстан
ТМД елдерінің ішінде бірінші рет Банк жүйесінің активтерді жіктеу,
менеджмент сапасы, бухгалтерлік есептің жаңа принциптері және есепшот
жоспары бөлігіне қатысты халықаралық стандарттарға көшу бағдарламасын
қабылдады. Осы кезеңге Қазақстан қор биржасында валюта фьючерстері бойынша
сауда-саттықтың басталуы жатады.
1997 жылы РЕПО және кері РЕПО операцияларының белсенді түрде жүргізіле
бастауы, биржаның операциялық практикасына СВОП-операцияларының енгізілуі
байқалды.
1998 жылы әлемдік қаржы рыноктарында дағдарыстық ҚРҰБылыстардың
шиеленісуі және Қазақстанның экспорт тауарлары конъюнктурасының нашарлауы
жағдайларында Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі міндеттері
қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, ұлттық валютаның тұрақтылығын
сақтау және банк жүйесін нығайту болды.
Ұлттық Банк елдің ішкі қаржы секторын қорғау үшін ақша-кредит саясатын
нығайтты. 1998 жылғы елеуді оқиғалардың бірі Ұлттық Банктің республикалық
бюджет тапшылығын тікелей кредиттеу практикасын тоқтатуы болды.
1999 жыл. Әлемдік қаржы дағдарысының әсері салдарынан сауда
әріптестері – елдері валюталарының құнсыздануы нәтижесінде төмендеген
қазақстандық экспорттың бәсекелестік позициясын қалпына келтіру үшін 1999
жылдың сәуір айында теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамының режимі
енгізілді. Осы уақытқа валюта рыногы еуросегментінің қалыптасуы, жеке
тұлғалардың мерзімді депозиттерін сақтандыру жүйесін қосу жатады.
2000 жыл. Ұлттық Банк ХВҚ алдында өзінің барлық міндеттемелерін
мерзімінен бұрын өтеді. “Қазақстан ипотекалық компаниясы” жабық акционерлік
қоғамы (ЖАҚ), Процессинг орталығы ЖАҚ құрылды, вексельдік қайта
қаржыландыру жүйесін ендіру басталды. 2000 жылдың қазанынан бастап
Қазақстанның Ұлттық Банкі мүшесі болып табылатын Сақтандыруды қадағалау
органдарының халықаралық ассоциациясының (IAIS) негізгі принциптері мен
стандарттарына сәйкес әзірленген “Сақтандыру қызметі туралы” Заң
қабылданды.
2001 жылы мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру
және арттыру, өндірістік инфрақұрылымды және өңдейтін өндірісті дамыту, ел
экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға қолдау көрсету
мақсатында Қазақстанның Даму Банкі құрылды. “Қазақстан Актуарлық орталығы”
ЖАҚ құрылды, оның негізгі бағыттарының бірі сақтандыру рыногы мен зейнетақы
қызметін көрсету рыногында актуарлық қызметті көрсетуге қолдау беру болып
табылады.
2002-2003 жылдары Ұлттық Банктің жүргізген ақша-кредит саясаты
шеңберінде оның ақша-кредит рыногінде жүргізетін негізгі операциялары
бойынша ресми ставкалары төмендетілді, соның нәтижесінде экономикадағы
банктік проценттік ставканың деңгейі төмендеп, экономикаға берілген несие
көлемі ұлғайды. Банктер қызметі одан әрі жетілдіріліп, олардың халықаралық
капитал рыногіне қатысу мүмкіндігін алу үшін және ондағы бәсекеге
қабілеттілігін арттыру мақсатында халықаралық стандарттарға жақындату
жұмыстары жүргізілді.
Төртінші кезең (2004 жылдан қазіргі кезге дейін) – банк жүйесі
халықаралық стандарттарға көшуге бет алды. Қазіргі республикалық банк
жүйесі екі деңгейден тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан
Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше
құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге
банктер төменгі (екінші) деңгейдегі банктер болып саналады.
2004 жылдан бастап банк қызметін қадағалау үшін арнайы құрылған
уәкілетті орган – Қаржы ұйымдары және қаржы рыногін мемлекеттік реттеу мен
қадағалау Агенттігіне жүктелді, оның басты міндеті - қаржы секторының
тұрақтылығы мен тұрлаулығына қажетті жағдайлар туғызу болып бекітілді. Осы
уақыттан бастап Ұлттық банк орталық банктің классикалық функцияларын атқара
бастады, оның ең басты мақсаты болып инфляцияны қалыпты деңгейде ұстап тұру
үшін жағдай қалыптастыру болып бекітілді.
2005-2006 жылдары Қазақстанның банктік секторы  тұрақты дамыды. Бұған 
қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура және Қазақстандағы
макроэкономикалық дамудың жоғары тұрақты қарқыны ықпал етті. Мұнайға деген
әлемдік жоғары бағалар және Қазақстан Республикасында мұнай өндірудің
ұлғаюы мұнай секторы кірістерінің күрт өсуіне әкелді, бұлардың бір бөлігі
әлеуметтік саланың кезек күттірмес қажеттіліктеріне және инфрақұрылымды
жетілдіруге бағытталды. Нәтижесінде халықтың өмір сүру деңгейі тез
жоғарылады.
Алдын ала бағалау бойынша 2006 жылы ЖІӨ-нің жылдық өсімі болжамды
мәннен 2,1 пайыздық пунктке арта түсіп, 2005 жылғы деңгейге қарағанда 10,6%-
ды құрады. Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2006 жылдың
қорытындылары бойынша 5083 АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2000 жылдан
бергі кезең ішінде үш еседен астам өсті; ал экономика осыдан алты жыл
бұрынғысынан екі есе дерлік үлкен болды (Қосымша 1). Бұл ретте мұнай
секторының үстеме кірістерінің едәуір бөлігі қазіргі кезде активтері 15,2
млрд.доллар (ЖІӨ-нің 17 пайызы) болып отырған Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорына бағытталды. Мұнай және мұнай емес секторлар кірістерінің 
динамикалы түрде түсуі бұрынғысынша айтарлықтай профицит байқалып отырған
бюджеттің нығаюына көмегін тигізді. Елдің сыртқы экономикалық қызметінің
көрсеткіштері де жоғары болып отыр; 2007 жылдың 15 ақпанына берілген
деректер бойынша Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы
бағамен 22,0 млрд. АҚШ долларын құрады, Ұлттық қордың ақшасын қосқанда
еліміздің халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 37,3 млрд.АҚШ долларын
құрады. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі 2007 жылдың
ақпанында ақша базасының 9,0%-ға (немесе 125,3 млрд.теңгеге) кеңеюіне
себепші болды.

Кесте 2
Қазақстан Республикасының халықаралық резервтері және ақша базасы

Ағымдағы Тұрақты
бағалармен бағалармен*
Таза халықаралық резервтер, 22 011,0 21 938,9
млн.доллар., оның ішінде:
Алтын-валюта қорының таза активтері 20 530,9 20 530,9
Алтын 1 480,1 1 408,1
Ақша базасы, млрд.тг. 1 516,3 1 516,3
Тар ақша базасы**, млрд.тг. 1 348,4 1 348,4
Екінші деңгейлі банктердің Ұлттық 167,9 167,9
Банктегі мерзімді депозиттері,
млрд.тг.
KZTUSD (кезең аяғында) 123,92 127,00
Алтынның бағасы (1 троялық унцияға 668,25 635,70
USD-мен)

* теңгенің АҚШ долларына бағамы және алтынның бағасы 2006 жылдың
аяғындағы жағдай бойынша көрсетілген
** екінші деңгейлі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозитеттерін
ескермегендегі ақша базасы
Дерек көзі: htpp:www.nationalbank.kz
Қазақстандық банк жүйесінің, соның ішінде Ұлттық Банктің соңғы
жылдардағы даму тенденцияларын 2 және 3 қосымшаларда берілген монетарлық
көрсеткіштер динамикасы сипаттайды.
Бүгінде отандық банк секторы – жекеменшік сектор мен мемлекеттің
ынтымақтастығынан құрылған халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істеуге
ұмтылуға және өңірлік әрі әлемдік рыноктарда бәсекеге қабілетті сектор.
2006 жылдың қорытындысы бойынша, банк жүйесінің жиынтық жеке қаржысы 2003
жылдан бері 5,6 есе өсіп, қазіргі кезде жеті миллиард АҚШ долларын құрады.
Осы кезең ішінде банктердің активтері 5,7 еседен астам ұлғайып, 51,7
миллиард АҚШ долларын құрады. Екінші деңгейдегі банктер активтерінің ішкі
жалпы өнімге қатынасының көрсеткіші 75,4 пайызды құрайды, бұл Шығыс Еуропа
елдерінің деңгейіне сәйкес келеді. Қаржы рыногының басқа көрсеткіштері
бойынша да Қазақстан осы елдердің деңгейіне жақындап келеді. Қаржы ұйымдары
халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына көшірілді. Депозиттерді
сақтандырушылардың халықаралық ұйымының ұсыныстарын ескере отырып, екінші
деңгейдегі банктерге салынған депозиттерді міндетті кепілдендіру туралы
заңнама жетілдірілді. Ипотекалық кредиттерді кепілдендіру қоры мен алғашқы
кредиттік бюро құрылды.

Сурет 1. Қазақстандық банк секторының экономикадағы ролі

Банк жүйесі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының белсенді
тұтқасына айналып қоймай, бұқара халықтың да өмір-тұрмысына батыл енді.
Банк қызметі түрлерінің көбеюі, олардың тұтынушылардың төлем қабілетіне
сәйкестендірілуі, өзара бәсекелестік банк қызметінің жаңа деңгейге
көтерілгенін көрсетеді.
Халықаралық сарапшылар Қазақстанның банк жүйесін ТМД аумағы бойынша
көшбасшы деп таниды. Банктердің жиынтық меншік капиталының баламасы шамамен
1,4 миллиард АҚШ долларына, жиынтық активтері 10,5 миллиард АҚШ долларына
жетті. Банк активтерінің 60 пайызы экономикаға кредиттер түрінде
орналастырылады. 2003 жылдан бастап барлық банктер қаржылық есеп берудің
халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ банктік жұмыс
жүйесіне Базель келісімінің талаптарын енгізуді қолға ала бастады. Банк
өнімдері, банк қызметінің түрлері Еуропада да, Қазақстанда да бірдей. Батыс
банктерінің Қазақстанға енуі қазақстандық банктер үшін бәсекелестікті
күшейтеді.
Қазіргі күні еліміздің қаржы секторында несиелендірудің үш деңгейлі
жүйесі дамып келеді. Қор рыногының, оның ішінде ішкі институционалдық
инвесторларды дамыту және инвестициялау мүмкіндіктерін кеңейту,
инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту, корпоративтік
басқаруды жақсартуға арналған ынталандыруды көтеру жөніндегі құқықтық
негіздері жетілдіріліп отыр. Инвестициялық үлестік қорлар құрылып,
Секьюритилендіру туралы Заң қабылданды. Еуропалық одақтың стандарттарын
енгізе отырып және бақылаудың халықаралық стандарттарын одан әрі енгізу
үшін қаржы ұйымдарының қызметін, тәуекелдерді басқару, топтасқан бақылау
жүйесін заңи реттеу бөлігінде нормативтік-құқықтық кесімдер қабылданды.
Елімізде банк секторын реформалау табысты жүзеге асырылды. Алдағы
міндет – банк жүйесін тұрақты дамытып, дағдарыстық жағдайларға жол бермеу.
Қазіргі кезде қазақстандық банктер өз капиталдарын сыртқы рынокқа шығаруға
және тартымдылық жағдайда займдар тартуға мүмкіндіктері бар. Олардың
ресурстық базаларының артуы экономиканы несиелеу бойынша қызметін белсенді
жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Отандық банктер халықаралық операциялар,
әсіресе ТМД аумағында жұмыс істеуге ынта таныта бастады. Бірақ, бұл
мәселеде қаржы жүйесінде тәуекелділік жүйесінің өсіп отырғанын айта кеткен
жөн. Егер олар басқара білмесе, оның соңы қаржы дағдарысына соқтыруы
мүмкін.
Осыған қатысты бірқатар факторларға назар аудару қажет. Біріншіден,
несие берудің шектен тыс жоғары қарқынмен өсіп бара жатқандығы жағымсыз
салдарға ұрындыруы мүмкін. Мысалы, 2004 жылы экономиканы несиелеу 52
пайызға өскен болса, 2005 жылы – 75 пайызға, ал 2006 жылы несиелеу – 50
пайызға өскен. Жалпылай алғанда, жыл ішінде экономикалық өсім 10 пайыздан
асты. Несиелеудің өсуі қарыз портфелінің сапасын нашарлатады. 2005 жылы
банктердің күдікті және сенімсіз міндеттемелерінің көлемі 61 пайызға, ал
2006 жылы 47 пайызға артқан. Олардың қарыз портфеліндегі үлесі 2006 жылдың
соңында 40 пайызды құрады, ал үмітсіз несиелер - несиелік портфельдің 2,4
пайызын құрады (Қосымша 4). Несиені қайтару проблемалары тап қазір емес,
кейінірек туындай бастауы мүмкін. Сондықтан банктер қарыз портфелінің
сапасына назар аударулары маңызды.
Екіншіден, банктердің қарыз портфелі қажетінше әртараптандырылмаған.
Несиелер негізінен тауар өндірісі экономиканың экспортталмайтын
секторындағы немесе қызмет көрсету жобалары үшін беріліп келеді. Бұлар -
құрылыс пен сауда салалары. Бұл ҚРҰБылыс жалпылай алғанда, экономикаға,
сондай-ақ банк секторындағы жағдайға да әсер етуі мүмкін.
Үшіншіден, банктер халықаралық рынокта байланыстар жасауға мүмкіндік
алып отыр, бүгінде соны белсенді пайдаланып келеді. Тек өткен жылдың ішінде
резидент еместерден тартқан займдарының көлемі 62 пайызға артты. Банктердің
сыртқы рынокқа орналастырған қарыздық құнды қағаздарының көлемі үш есеге
өскен. Бірқатар банктер өздерінің бизнестерін өзге елдерде дамыта бастады.
Өткен жылы резидент еместердің займдары 50 пайызға, ал осы жылдың тоғыз
айында 72 пайызға өсті. Жалпы сыртқы қарыз 2005 жылы 9,4 млрд. АҚШ
долларына ұлғайып, 41,5 млрд. долларға жетті. Соның ішінде банк секторының
сыртқы қарызы былтырғы жылы екі есе ұлғайып, 13,9 млрд. долларды немесе ЖІӨ-
нің 25 пайызын дерлік құрады.
Алайда, банк секторының халықаралық рыноктен орасан зор қаржы
ресурстарын тарту есебінен өтімділігінің шектен тыс болуы, кірістердің және
халықтың тұтынуының өсуі, мемлекеттік бюджет шығыстарының едәуір қарқынды
өсуі айналымдағы ақша массасының ұлғаюына, сәйкесінше, инфляцияның артуына
түрткі болды. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2006 жылы инфляцияның жылдық
көрсеткіші 8,6 пайызды құрады, жекелеген айларда, атап айтқанда, мамыр
айында ол 9%-ға жетті. Бұл жоғары көрсеткіш, оның одан ары өспеуіне
кепілдік жоқ. Сондықтан, Ұлттық банкке елімізде бағаны тұрақтандыру
жөніндегі барлық өкілеттік берілді. Ол сол өкілеттікті пайдалануы тиіс.
Сондай-ақ Үкімет бағаның өсуіне жол бермеудің кешенді шараларын дайындауы
керек.
Төртінші – Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кірудегі
қаржы секторының дайындығы. Еліміздің бұл ұйымға ұмтылу перспективасы қаржы
саласында бәсекеге қабілеттілікті аса қажет етеді. Әрбір банк, әр қаржы
ұйымының өз даму стратегиясы болғаны жөн. Капиталды басқарудың, менеджмент
сапасын көтерудің озық үлгідегі шетелдік тәжірибесін қолдану тиімді.
Дегенмен, соңғы жылдары екінші деңгейлі банктердің бірқатары банкротқа
ұшырап, республиканың барлық банк секторы тоқырауға бағыт алады деген
шетелдік сарапшылардың пікірі бар. Ондай пікір көбіне банктердің сыртқы
қарыздарының көптігімен, ал несиені қайтарудың аздығымен байланыстырылуда.
Банктердің сырттан займ алу көлемінің артуы да аландаушылық тудырады.
Мәліметтерге жүгінсек, 2005 жылы мемлекеттік органдар 2 миллиард 936
миллион доллар займ алған. Биылғы жылы бұл сома 8 миллиард 317 миллион
долларды құрап отыр. Бір жылдың ішінде ол үш еседен астамға көбейген.
Қазіргі жағдай бойынша қаржы секторының сырттан алған займдары мұнай-газ
саласынан түскен табыстан да асып отыр.
Жоғарыда атап өткендей, банк секторының дамуы көбінесе ел
экономикасының жағдайымен белгіленеді. Осы орайда республиканың БСҰ-ға
мүшелікке енуінің қазақстандық экономикаға әсері және оның нәтижесі банк
секторларына қандай ықпал жасайтыны үлкен проблема тудыруы мүмкін.
Қазақстанға шетелдік банктердің келуі кейбір жағдайларда оңды да болмақ. Ол
біздің елге деген сенімнің жоғарылығын айшықтап, инвестициялық және
іскерлік ахуалдарға жайлылық әкеледі. Сонымен бірге республика алдында
экономикаға әлемдік қаржы рыноктарынан инвестиция тарту мүмкіндіктерінің
аумағы кеңейеді. Бірақ бұл ресурстар халықаралық бәсеке мен саяси факторлар
ықпалымен елден оп-оңай шығарылып әкетілуі де мүмкін. Олай болған күнде
ұлттық экономиканың тұрақтылығына қауіп төніп, экономикалық дағдарысқа алып
бару ықтималдығы жоғары. Халықаралық ақша массасының қозғалысына есікті
айқара ашу, әсіресе, қысқа мерзімді, жеткілікті капиталы жоқ немесе қаржы
жүйесін реттеу дұрыс емес елдер үшін аса қауіпті. Шындығында да,
оңтүстіказиялық және латынамерикалық елдердің тәжірибесіне сүйенсек, М2
ақша массасындағы және ЖІӨ-дегі дағдарыс алдындағы жағдайда “қысқа”
шетелдік инвестициялар үлесі көп болып, тартылған қысқа мерзімді несие
сомалары елдің алтын-валюта қорымен деңгейлес немесе жоғары болғанын
көрсетеді. Ал Қазақстан жағдайына келетін болсақ, банк секторы сыртқы
қарыздарының сын көтермейтін жағдайға жеткені туралы пікірлер бар. Сыртқы
қарыз көлемінің өсуі мен екінші деңгейлі банктердің несие портфельдерінің
сапасының төмендігі отандық банк секторының дамуына кедергі жасайды.
Екіншіден, банк дағдарысы қазақстандық экономиканың құрылымдық бұзылуына
алып барады. Тікелей тартылған шетелдік инвестицияның басым бөлігі шикізат
өнеркәсібіне, оның ішінде мұнай-газ секторына салынып жатқаны белгілі.
Қаржыландыру көздері негізінен, елімізде жұмыс жасап жатқан трансұлттық
компаниялардың өз қаржысы есебінен жүзеге асырылып жатыр. Олармен
байланысты өндірістер де соның есебінен қаржыландырылады. Бұдан келіп
шығатын қорытынды – отандық ірі компаниялар екінші деңгейлі банктердің
көмегіне жүгінбейді. Негізгі қаржы ағыны ұйымның өз ішімен шектеліп қалады.
Бұл несие ресурстарын ғана тарылтып қоймайды, ол капиталдың салааралық
құйылуына да тежеу салып, экономиканы әртараптандыруға тұсау болмақ. Ірі
компанияларды басқа секторларға инвестиция салуға тарту еш нәтиже бере
қойған жоқ. Өндіруші компаниялардың өңдеу салаларды қаржыландыру көлемінің
ұлғайғанына қарамастан, жалпы, қаржыландырудағы үлесі мардымсыз. Тек
жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларға инвестиция салу көлемі өсіп
келеді. Екінші деңгейдегі банктерді өндіру секторын несиелеуден шығару және
өңдеуші саланың дамымай отыруы, олардың жинақты инвестицияға
трансформациялау құралы рөлін атқара алмауына апарып соқтырды. Үшіншіден,
біздің банктер шетелдік банктермен салыстырғанда, өте шағын болып табылады.
Мысалы, Ресейдегі ең үлкен банк – Сбербанктің өзі әлемде 232-орынды
иемденеді. Оның активтері 8 миллард доллар. Бұл қазақстандағы барлық
банктердің көрсеткіштерін қосқанның өзінде де тым жоғары. Осы орайда
қазақстандық банктердің елге шетелдік банктерді жіберген кезде бәсекеге
төтеп беруі қиынға соғуы мүмкін. Әрине, шетелдік банктердің елге келуін
ырықтандыру банк секторын капиталдандыруды көтеруге, банк қызметінің
сапасын жақсартуға, жаңа технологияларды ендіруге өте жақсы әсер етуі тиіс.
Бірақ мұндай шара, егер біздің Ұлттық банк жүйесі дамыған және өзінің
ресурстық базасы қуатты болып, шетелдік банктермен бәсекеге тең қалыпта
түсетін болса ғана өзін-өзі ақтайды.
Осы және тағы да басқа банк секторының алдында тұрған проблемалар 2006
жылы өткен Қазақстан Қаржыгерлерінің VI Конгресінде коммерциялық банктер
мен билік органдарының өкілдерінің талқысына салынды. Қаржы, соның ішінде
банк секторының, одан ары дамуы мемлекеттік билік тарапынан қатаң бақылауға
алынатындығы айқындалды. Оның негізгі бағыттары 2007-2009 жылдарға арналған
отандық қаржы секторының даму концепциясында көрініс тапты.

1.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қызметінің құқықтық
негіздері

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының
орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің
жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк ҚР-ң орталық банкі
ретінде басқа елдердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы
ұйымдарымен қатынаста ҚР-ң мүддесін қорғайды. Ұлттық Банк – бұл эмиссиялық,
резервтік, кассалық және есеп айрысу орталығы, заңдылықпен белгіленген
шекте норма шығару және бақылау жүргізу құқығына ие, банктердің банкі
ролін атқарады, сондай-ақ ақша-несие және валюта саясатын жүргізетін бірден-
бір ұйым.
Ол "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан
Республикасының Заңында белгiленген шекте республика Президентiне есеп
бередi, өз қызметiнде Конституцияны, "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi
туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының
басқа да нормативтiк құқықтық және заңнама актiлерiн, Қазақстан
Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы жасасқан
халықаралық шарттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N
1271 Жарлығымен бекітілген Ереженi басшылыққа алады.
Ұлттық Банктің міндеттері, қызметінің қағидаттары, құқықтық мәртебесі
және өкілеттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңда
айқындалады.
Ұлттық Банк Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын
басшылыққа ала отырып, өз қызметiн Үкiметпен үйлестiредi және онымен
тұрақты консультациялар өткiзiп отырады, сондай-ақ, Үкiметтiң экономикалық
саясатын ескере отырып, егер ол өзiнiң негiзгi функцияларын орындауы мен
ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы келмейтiн болса, оны жүзеге
асыруға жәрдемдеседi.
Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн
Ұлттық Банк өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша республика аумағындағы
барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң, басқа да заңды және жеке тұлғалардың
орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады. Сонымен
қатар, өзінің құзыреті шегінде банк қызметінің жекелеген мәселелері бойынша
реттеуді және қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеуі
үшін жалпы жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызады. Ұлттық банктің мұндай
реттеу және қадағалау функциялары ақша-кредит саясатының тұрақтылығын ұстап
тұруға, банктер кредиторларының, олардың салымшыларының және клиенттерінің
мүддесін қорғауға бағытталған.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен
және коммерциялық банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде
және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда республика мүддесін білдіреді. Өзінің
міндеттерін орындау кезінде ол пайда алу мақсатын басшылыққа алмайды,
қызметі бойынша республика Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге
асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.
Ұлттық Банк заңдылыққа сәйкес келесі функцияларды, өкілеттіктерді және
құқықтарды жүзеге асырады:
• айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу арқылы бағалы қағаздарды
эмиссиялайды, республика аумағында банкноттар мен монеталардың жалғыз
эмитенті болып табылады;
• Үкіметпен келісе отырып, оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге
қатысады және Ұлттық Банктің мемлекеттік борышына қызмет көрсетеді;
• банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
• банктің, қаржы кеңесшісінің, Үкімет агентінің функциясын жүзеге
асырады;
• төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырады;
• Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды,
өкілеттіктерді және құқықтарды жүзеге асырады.
Қолданыстағы заңдылыққа сай, Ұлттық Банк елдің мемлекеттік ақша-кредит
саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады.
Ақша-кредит саясатын жүзеге асыру үшін ол заңдылықпен анықталған келесідей
негізгі құралдарды пайдаланады:
• ресми қайта қаржыландыру ставкасы;
• ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы
ставкаларының деңгейлері;
• ең аз міндетті резервтердің нормативтері;
• ерекше жағдайларда операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейіне және
көлеміне қойылатын тікелей сандық шектеулерді белгілеу.
Ұлттық Банк қызметінің құқықтық негіздері республиканың қолданыстағы
заңнамасына негізделеді. Оған сәйкес Банк төмендегі функцияларды,
өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады:
• өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға жағдай жасайтын және
(немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын
ұйымдарды құруға және оның қызметiне қатысады;
• екінші деңгейлі банктердің жиынтық балансын және өз балансын жасайды
және тұрақты түрде жариялайды;
• елдiң есептiк төлем балансын, халықаралық инвестициялық позицияны және
жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем балансының қысқа
мерзімді, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжамдық бағалауын
әзiрлеуге қатысады, валюталық операцияларды тiркеудi, мемлекеттік
кепілдіктері жоқ мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың
мониторингін және республика аумағында қызметін жүзеге асыратын
резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін (валюта
мониторингін) жүзеге асырады;
• мемлекеттiң ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;
• статистика жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша
оның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша төлем балансы, сыртқы борыш,
ақша-кредит және қаржы статистикасы жөніндегі статистикалық есептiлiк
тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмiн белгiлейдi және оны жинауды
жүзеге асырады;
• мемлекеттiк органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және
қайта даярлауға қатысады;
• мемлекеттiк органдардан, қаржылық және өзге де ұйымдардан, сондай-ақ
олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) өз функцияларын орындау үшiн
статистикалық есеп және қажет болған жағдайда өзге де қосымша ақпарат
сұратуға және алуға құқылы;
• Ұлттық Банк пен Үкiмет немесе басқа да заңды тұлғалар арасында
жасалатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттардың негiзiнде активтердi
сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады;
• вексельдердің бірінші сыныпты эмитенттерінің өтеу мерзімі бір жылдан
аспайтын коммерциялық вексельдерін қайта есепке алады;
• депозиттер қабылдайды, ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асырады,
бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға
қабылдайды;
• қажет болған жағдайда республика аумағында және одан тыс жерлерде
банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
• сыртқы борышты басқарудың мемлекеттiк саясатына сәйкес банктер үшiн
сыртқы заемдарды тарту көлемiне шектеулер енгiзедi;
• қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын ескере отырып Ұлттық
Банк үшін бухгалтерлік есеп саясатын және әдістерін айқындайды;
• банктердi, заңды және жеке тұлғаларды шарт жасау жағдайында қажеттi
талдау, баспа және ақпарат материалдарымен қамтамасыз етедi, банк iсiн
ұйымдастыруға консультациялық және iс жүзiнде көмек бередi және басқа
да қызметтер көрсетедi;
• ақылы негiзде банк операцияларын жүргiзедi және басқа да қызметтер
көрсетедi, оның iшiнде ҚР Ұлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдарды
басқару жөнiнде қызметтер көрсетедi.
• кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп санайтын депозиттiк
сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
• туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
• чектер жазады және вексельдер бередi;
• республика аумағында шығарылатын немесе әкелiнетiн вексель қағазының
қорғалу дәрежесіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағаздарына
техникалық талаптарды бекiтедi.
Ұлттық Банк капиталы және резервтері жарғылық және резервтiк
капиталдардан, қайта бағалау шоттарынан, арнайы провизиялардан
(резервтерден), сондай-ақ жалпы провизиялардан (резервтерден) тұрады.
Банктiк активтер бойынша жасалған жалпы провизиялар (резервтер) сомасына
және алтынвалюта активтерiн қайта бағалаудан iске асырылған кiрiс сомасына
азайтылған оның қаржы жылындағы бөлiнбеген таза кiрiсi белгiлі мөлшерде
жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды ұлғайтуға жiберiледi.
Бөлiнбеген таза кiрiстiң қалған бөлiгi Президент Ұлттық Банктің жылдық
есебiн бекiткеннен кейiн мемлекеттiк бюджетке аударылады.
Заңмен бекітілген мөлшерлеме бойынша, Ұлттық Банктің жарғылық капиталы
мемлекетке тиесiлi және бөлiнбеген таза кiрiстен шегерiмдер арқылы кемiнде
20 миллиард қазақстандық теңге мөлшерiнде түзiледi.
Резервтік капитал жарғылық капиталдан кем емес мөлшерде қалыптасады,
бөлiнбеген таза кiрiс есебiнен толықтырылады және Ұлттық Банк Басқармасы
белгілеген тәртiппен жүргiзiлетiн операциялар бойынша шығасыны өтеу мен
шығындардың орнын толтыруға ғана арналады. Егер резервтiк капиталдың
мөлшерi жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда барлық бөлiнбеген
таза кiрiс Банк басқаруында қалады және жарғылық капитал мөлшерiне жеткенге
дейiн резервтiк капиталды толықтыруға жiберiледi. Қаржы жылындағы
шығындарды өтеу үшiн резервтiк капитал қаражаты жеткiлiксiз болған кезде
орны жабылмаған шығын мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен толық көлемде
өтеледi.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Заңына сәйкес Ұлттық
банкке мемлекеттің алтын-валюта активтерiн ұлттық валютаның тұрақтылығын
және айырбасталымдылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының
мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру мақсатында қажетті деңгейде
ұстап тұру міндеті жүктеледі. Сәйкесінше, Ұлттық Банк алтын-валюта
активтерiнiң құрылымын және оларды орналастыруды айқындайды.
Алтын-валюта активтерi мыналардан тұрады:
1) тазартылған алтын;
2) Қазақстан Ұлттық Банкiнде сақталатын валюта құндылықтары;
3) шетел валютасындағы жай және аударым вексельдерi;
4) шетел үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және
кепiлдiк берген бағалы қағаздар;
5) осындай активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз еткен
жағдайда шетел валютасымен деноминацияланған басқа да сыртқы активтер.

1.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қазіргі күнгі құрылымы

Қазақстанның Ұлттық Банкi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық
нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң дербес балансы бар, өзiнiң
филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрлесiп тiкелей бағыну
схемасындағы бiртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды. Заңнама
актiлерiне сәйкес, ол Қазақстан Республикасында және одан тыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие жүйесінің түсінігі
Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері
Ақша айналымын болжамдық жоспарлау
Сыртық экономикалық банкі
Қаржылық нарықты мемлекеттік реттеудің тәсілдері
Нарық жағдайындағы қаржы жүйесі
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ РӨЛІ МЕН ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Банк филиалдары мен өкілдіктері
Ақша айналысы мен айналымының түсінігі
Пәндер